9 тамыз 2016ж пдф

Page 1

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

ak-jol-taraz@rambler.ru

№92 (18286), Сейсенбі, 9 тамыз, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДА

ИРАНДЫҚТАР БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ НИЕТТІ

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Иран Ислам Республикасынан келген инвесторларды қабылдап, еркін сұхбат құрды. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке және бірқатар басқарма басшылары қатысты. Өңір басшысы сөзінің басында шетелдіктерге облыс туралы жан-жақты мәлімет берді. – Құрметті қонақтар, сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Елімізге, оның ішінде Жамбыл өңіріне қош келдіңіздер. Сіздерге ең алдымен облыс туралы мағлұмат беріп өтейін. Біздің облыс еліміздің онтүстігінде орналасқан. Облыс аумағы 144,2 мың шаршы метрді құрайды. Өңірде 1 миллион 100 мың халық тұрады. Облыс негізінен ауыл шаруашылығы және өндіріспен айналысады. Атап айтсақ, бидай, арпа, жүгері, мақсары, қызылша және баубақша өсіруге ден қойғанбыз. Әсіресе, кейінгі кездері қызылша өсірудің маңызы артуда. Қазіргі т аңда облысымызда екі ірі қант зауыты жұмыс жасайды. Оларды шикізатпен толықтай қамту – бүгінгі күндегі басты мәселелеріміздің бірі. Кеңес ке з е ң і н д е о бл ы с ы м ы зд а ғ ы барлық аудан жаппай қызылша

егумен айналысып, аталған зауыттарға қажетті шикізат мөлшерін жеткізіп отыратын. Алайда, ол жұмыстар кейінгі жылдары айтарлықтай бәсеңдеп, қант қызылшасымен айналысушылардың саны күрт кеміп кетті. Бұл тұрғыдағы жұмыстарды қазір қайта қолға алудамыз. Бүгінгі таңда облысқа керекті қант құрағы мұхиттың арғы бетіндегі Куба мемлекетінен

тасымалдануда. Ал біз сол өнімді өзімізде өндірсек, әлдеқайда тиімдірек болар еді. Сондай-ақ, т ағы бір айт а кететін жайт, интенсивті алма бағын өсіруді қолға алудамыз. Меркі ауданында осы тұрғыдағы жұмыстармен айналысуға ирандықтар ниет білдіріп, мәнжаймен танысып кеткен болатын. Осы және өзге де мәселелер бойынша бірлесе жұмыс жасауға

ынталымыз. Сонымен қатар, биылғы жылы жауын-шашынның мол түсуіне байланысты, егініміз бітік шықты. Әр гектардан 23 центнер өнім алып жатырмыз. Сол дәнді дақылдарымызды өздеріңізбен бірлесе отырып, сіздердің елдеріңізге экспорттасақ дейміз, – деді Кәрім Көкірекбаев. Сонымен қат ар, Кәрім Нәсбекұлы осыдан 3-4 жыл бұрын ирандықтар облысымыздан ет

бағытындағы қойларды сатып әкетіп тұрғанын айтып, алдағы уақытта сол орайда жұмыстарды қайта жандандырып, сұраныс болса, ет экспорттауға ниетті екендігін жеткізді. Ол ғана еме с, өңіріміздегі химия саласы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға да тоқталған облыс басшысы шетелдіктерге облыстың барлық өнеркәсіп орындарымен танысып шығуды ұсынды. Бұдан соң сөз алған Иран Ислам Республикасынан келген топтың жетекшісі, Жұмысшылар партиясының төрағасы Камали Хоссейн ізгі ниетпен қарсы алған жамбылдықтарға алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді. – Құрметті әкім мырза және ж а м б ы л д ы қ т а р , б ұ й ы рт с а , о сы іссапарымыз алдағы ауқымды әрі игілікті бірлескен жұмыстарымыздың бастауы болады деп үміттенеміз. Ол жұмыстар екі елге де тиімді, екі тарапқа да пайдалы болады деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз – Қазақстанда бірнеше сала бойынша жұмыстар жүргізу де сек, оның негізгісі өзіңіз айтып отырған егіншілік саласы екенін атап өткеніміз жөн. Біз кешелі бері Жамбыл және Меркі аудандарында болып қайттық. (Жалғасы 2-бетте).

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ДІНИ АХУАЛ ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

ШЫҰ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСАДЫ Жуырда ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Рашид Алимовке ЭКСПО – 2017 ШЫҰ-ның халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шақыру хатын табыстады. Р.Алимов ШЫҰ-ның ЭКСПО – 2017 көрмесіне қатысуға барынша ынталы екенін мәлімдеді. Ол әлемдік қауымдастық үшін көрменің таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті екенін айта келе, хатшылық жасыл технология саласында жаңа идеяларын таныстыруға әзір екенін жеткізді. ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандо сов ЭКСПО – 2017 көрме сіне ұ й ы м н ы ң а т ы н а н ко м и с с а р болып тағайындалды. Енді ол ШЫҰ-ның ЭКСПО-дағы б а рл ы қ ұ й ы м д а с т ы ру жұмыстарымен айналысатын болады. «Ақ жол-Ақпарат».

Дін – кез-келген мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының, қоғамдық-саяси ахуалының басты өлшеуіш құралдарының бірі екені анық. Діни тұрақтылық – бүгінгі күні әрбір қазақстандықтың тыныш өмір сүруінің бірден-бір себебі. Қазіргі таңда шартарапты шарпыған діни экстремизм мен терроризмнен келген зардаптарды адамзат баласы шегіп отыр. Осындай теріс пиғылды түрлі ағымдар мен топтарды жою жолындағы күрестің оң нәтижелері де жоқ емес. Соның ішінде Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан жасалған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы облысымызда да бірқатар игі істер атқарылуда. Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың

төраға лығымен өткен ке зекті аппарат мәжілісінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров баян етті. Діни ахуалды баяндаған ол облыста мемлекеттік тіркеуден өткен 11 конфессиядан тұратын 323 діни бірлестік пен филиал қызмет атқарып жатқанын айтты. Оның 278-і мешіттер болса, қалғаны христиан діни бірлестіктері мен филиалдарына тиесілі. Аталған мешіттердің 260-сында бұйрықпен бекітілген имамдар қызмет атқарады. Ал 21 мешіт имамдарсыз жұмыстарын жалғастыруда. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда азайғанын айтқан басқарма басшысы өткен жылы 18 мешітке имамдар жұмысқа орналасқанын алға тартты. Сондай-ақ, ол үнемі жастарды имандылыққа баулу

жолында семинар-тренингілер, кезде сулер өткізіліп, дәрістер оқылып тұратынын жеткізді. Жа н г е л д і Жа й л ау ұ л ы н ы ң айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағында 8 азамат миссионерлiк қызметті жүзеге асыруда екен. Оның 1-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан, 7-еуі шетелдіктер. Атап айтар болсақ, 4-еуі Корея Ре спубликасынан, ү ш еу і Ге рм а н и я , И т а л и я м е н Египетке тиесілі. Осы уақытқа дейін аталған азаматтар тарапынан заң бұзушылық деректері орын алмаған. Египеттен келген азамат «Һибатулла Тарази» медресесінде араб тілінен сабақ берсе, қалған миссионерлер шіркеулерде діни қызметпен айналысады. Олардың діни қызметтері басқарманың тұрақты бақылауына алынған. (Жалғасы 3-бетте).

ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ

ТЕХНИКАСЫ БАРДЫҢ ТІРЛІГІ ӨНІМДІ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Байзақтық Бөгенбай Битабаров б а с қ а р ат ы н « Д о с т ы қ - 9 9 » ш а р у а қожалығы тұрақты жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл шаруашылықтағы жұмыстың нәтижесі биыл да жаман емес. Қожалық былтыр күзде 212 гектар алқапқа күздік бидай, биыл көктемде 440 гектарға жаздық арпа еккен екен. 50 гектар жоңышқасы және бар. Бидайдың әр гектарынан 35 центнерден, арпаның әр гектарынан 24 центнерден өнім жинаған ұжым басшысының көңілі көтеріңкі. Бидайды дер кезінде қамбаға құйып алыпты. Арпаның да жиынтеріні аяқталып келеді. Шаруашылық 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, маусымдық жұмыстар кезінде тағы отыз адамды еңбекке араластырып отыр. (Жалғасы 3-бетте).

ГРАНТ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНАДЫ БИЫЛ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТ СЫНАҒЫН ТАП­ СЫРҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ӨЗ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРЫП, ГРАНТ ИЕЛЕРІН АНЫҚТАДЫ. ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАР АСЫҒА КҮТІП ОТЫРҒАН ОСЫ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕРІ «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ АЛДАҒЫ САНДАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.

ЫШТАРЫ

АН МЕМЛЕКЕТ МАҚТ

ЕЛ СЕНІМІН АҚТАҒАН ЕРСІҢ, ЕЛДОС! ЖАМБЫЛДЫҚ ДЗЮДОШЫ ЕЛДОС СМЕТОВ РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». ТӨРТ ЖЫЛ БОЙЫ АСЫҒА КҮТКЕН РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНІҢ ӨЗІНДЕ АЛАШ ЖҰРТЫ МЕДАЛЬ СЫҢҒЫРЫН ЕСТІГІСІ КЕЛГЕН БОЛАТЫН. ОҒАН НЕГІЗ ДЕ ЖОҚ ЕМЕС. АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ЖАРЫС ЖОЛЫНА ДЗЮДОШЫЛАР ШЫҒАДЫ. ЖАПОН КҮРЕСІН ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН САҢЛАҚТАРЫМЫЗДЫҢ ЖОЛЫНА ҮМІТПЕН ҚАРАЙТЫНДАЙ-АҚ ЖӨНІМІЗ БАР. АСХАТ ЖІТКЕЕВ БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНДА КҮМІСПЕН КҮПТЕЛГЕН СОҢ 60 КЕЛІ САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫРАП ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАМПОЗ ЕЛДОС СМЕТОВ ШЫҚҚАН-ДЫ. ТАЛАЙ МӘРТЕБЕЛІ ДОДАЛАРДА ҚАТАРЫНАН ОЗА ШАУЫП, БӘЙГЕ АЛЫП ЖҮРГЕН САҢЛАҚ СОҢҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ МЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АТОЙ САЛЫП, ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН ЖЕЛПІНТІП ТЕ ТАСТАҒАН. ҚАЗАҚ ОҒЛАНДАРЫ АРАСЫНАН ТҰҢҒЫШ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАҒЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЕЛДОСТЫҢ АРМАНЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕСІ ЕДІ. «МЕН ҚАНДАЙ ЖАРЫСҚА ҚАТЫССАМ ДА, ТЕК ҚАНА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНУ ҮШІН КҮРЕСЕМІН. ЧЕМПИОН АТАНЫП, ЕЛІМНІҢ БАЙРАҒЫН БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕТУ КЕРЕК ДЕГЕН ОЙ ӘРҚАШАН САНАМДА ТҰРАДЫ», – ДЕЙТІН ЕЛДОС БАТЫРҒА БІЗ ДЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІК. ТАТАМИ ТӨРІНДЕ ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫРАП ЖҮРГЕН ЖІГІТТІҢ ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙТЫНЫНА СЕНДІК. СОЛАЙ БОЛДЫ ДА.

(Жалғасы 6-бетте).

Ер жігіт бір күнде бір кісілік, Бір күнде мың кісілік. ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.