ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№41 (18075), Бейсенбі, 9 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ЖУАЛЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНАР КҮН ЖАҚЫН Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Облысымыздың әлеуметтікэкономикалық дамуына Жуалы ауданының да қосып жатқан өзіндік үлесі бар. Мұнда өзге аудандарға қарағанда өндіріс көлемі аз, негізі аграрлық сектор басымдыққа ие. Сондықтан да аграрлы аудан атанып жүрген Жуалы жері дәнді-дақылдар егуден үнемі алда. Әсіресе, облыс тұрғындарының картопқа деген сұранысының басым бөлігін қанағаттандырып отырған осы жуалылық шаруашылықтар. Мал санын арттырып, асылдандыру бағытындағы «Сыбаға», «Алтын асық» сынды салалық бағдарламаларды іске асыруда да тәуір нәтижелерге қол жеткізуде. Табиғаты қаталдау болса да шөбі шүйгін, топырағы құнарлы өңірде кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс с ап а р ы м е н б ол ы п қ а й т т ы . Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында су шаруашылығы жүйе сі нысандарын өндіріс о р ы н д а р ы м е н б і л і м бе ру мекемелері нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты. Ауданның қазіргі тыныстіршілігімен танысу ауданның Жамбыл ауданымен шекаралас аумағында орналасқан «Дарбаза» су қоймасынан басталды. «Жамбыл су қоймалары» МККға қарасты бұл қойма сонау 1976 жылы салынған. Сыйымдылығы 3 миллион текше метрлік көлемге жобаланған су қоймасында дәл қазір 2,3 миллион текше метрге жуық тіршілік көзіне баланған «байлық» жиналған. Су деңгейінің бөгетке қауіп төндіруіне байланысты 2010 жылы қойманың апатты су жіберу жүйесі тағы да төмендетілген е ке н . С од а н қ ау і п т і ң бе т і сейілгенімен, жақында болған жойқын жел тағы біраз әбігерге с алс а керек. Оған нығайту мақсатында тасталған құмға тола қапшықтар куә. Мұндағы жағдайды баяндаған басқарма басшылары мен аудан әкіміне Кәрім Нәсбекұлы бөгетті тағы да нығайтуды тапсырды. Бұл
И ГІЛІК К Ө З
қойманы пайдалану мақсаты шаруашылықтарды суландыру болғанымен, етектегі ауылдар ауыз толтырып айтарлықтай дала кәсібімен айналысып отырған жоқ. Дегенмен аудан әкімі Батырбек Құлекеев облыс басшысына болашақт а бұл су қоймасының қажеттілігі арт атынын айтып, етектегі ауылдарда егін шаруашылығын дамытуға уәде берді. Аймақ басшысы К.Көкірекбаев 1962 жылы пайдалануға берілген, бүгінде талай шаруашылықтың кәдесіне жарап отырған «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы жағдайымен де танысты. Сырт көзге көлге бергісіз көлемде көрінетін «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында бүгінде 139 миллион
І – И ННОВАЦИ
текше метр су жиналған. Жобалық көлемі 158 миллион текше метр су жинауға қауқарлы қойманың су жіберу құрылғылары ақаусыз жұмыс істеп тұр. Одан кейінгі бет алған жаңа нысан ұзындығы 23 шақырымдық «Көксай» каналының бастау алар тау қуысындағы «Ақсай» өндірістік бөлімшесі болды. 1964 жылдан бері таудан су жеткізіп келген каналды жаңа деуіміздің де өзіндік себебі бар. Мемлекеттік шекараны демаркациялаған кезде жарты бөлігі көрші қырғыз жерінде қалып қойған каналға еліміз толық иелік ете алмай, көрші елмен біраз қиындықтар туындаған болатын. Мәселе Елбасына жетіп, ақыры каналды өз жеріміздегі жаңа арнамен
жіберу үшін республикалық бюджеттен 5,8 миллиард теңге бөлініп, былтыр темір-бетонды канал құрылысы қысқа мерзімде аяқталып, пайдалануға берілген. Енді жуалылық шаруалар жаңа су жүйесінің арқасында 2500 гектар егіс алқабын кедергісіз суландыра алатын болды. Ке л е с і н ы с а н ғ а б а р а рд а жолай облыс әкімі «ТерісАщыбұлақтың» жағасында орналасқан №91678 әскери б ө л і м і н е ат б а с ы н б ұ рд ы . Онда оған бөлімнің алдына қойылған әскери міндеттер мен жауынгерлердің дайындығы жайлы әскери бөлім командирінің м і н д е т і н ат қ а ру ш ы Е р ж а н Сарбаев баяндап, қару-жарақтар мен әскери құралдармен
ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗЕДІ
Егістік суының қадірін қордайлық дихандар өздерінің көпжылғы ащы тәжірибелерінен жақсы біледі. Шу өзенінің басында отырған айыр қалпақты ағайындар суару маусымы сайын шөміштен қысып бұларды өзара қырқыстырып қоятыны аздай, кей жылдары ала жаздай аспаннан нәр тамбай қинайтыны және бар. Міне, сондықтан да соңғы жылдары ауданда ылғал үнемдеудің жаңа технологиясын игеруден қаражат аямай, бұған барынша ден қоюшы агроқұрылымдардың қатары артып келеді. Егер өткен жылы барлығы мың гектардай жерде тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсілдері қолданылған болса, биыл оның көлемі арта түспекші. Мәселен, «Қақпатас-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір өзі – 258, ал шаруа қожалықтарынан «Самғау» – 250, «Нұр» – 120, «Ұмтыл» – 94, «Мерей» – 90, «Қазақстан–2030» – 70, «Шэнхо» – 61 гектар
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
алқапта көктемгі егіс жұмыстарымен бір мезгілде алқаптарды тамшылатып суару жабдықтарын қоса орнатуда. «Самғау» шаруа қожалығының ылғал үнемдеу технологиясына бет бұрғанына үшінші жылға айналып барады. Былтыр тамшылатып суару әдісі қолданылған 35 гектар пияз, 20 гектар қытай бұршағы, 200 гектардан аса дәндік және сүрлемдік жүгері егістігінен әдеттегіге қарағанда бір жарым-екі еседен жоғары өнім алынған болатын. Ауданда өткен облыстық «Егінжай күні» семинарында осы шаруашылықтың да арамшөптен таза әрі өнімі бітік алқаптары үлгі ретінде көрсетілген еді. Биыл бұл қожалық пияз егісінің көлемін 45 гектарға арттырыпты. – Біз ылғал үнемдеу технологиясын израильдік АІК компаниясының қолдауымен сол елдің жабдықтарымен игеріп жатырмыз, – дейді қожалық басшысы Евгений Трубников. – Үшінші жыл қатарынан компанияның өкілдері келісім-шарт негізінде жабдықтарды орнатудан бастап, барлық жұмыс үдерістеріне
бас-көз болып, біздің мамандарды үйретумен келеді. Қазір де агроном В. Дяченко, инженер А.Новохатский бізбен бірге жұмыс басында жүр. Ал директордың орынбасары Н. Коржанның өзі ұдайы хабарласып, жағдайды жіті қадағалап тұрады. Алайда, тамшылатып суаруға да су жетпей жататыны бар. Су қоры тез таусылып қалатындықтан сорап іркілістермен жұмыс істейді. Соның кесірінен былтыр шаруа қожалығы пияздың әр гектарынан орта есеппен күткендегі 90 орнына 75 тоннадан, дәндік жүгеріден 120 орнына 85 центнерден өнім алды. Ал су жеткілікті болған жекелеген учаскелерде күткендегіден де көп өнім алынған. Демек, суды мейлінше тиімді пайдаланудың, негізсіз ысырапқа жол бермеудің мүмкін болған шараларын қолдану қажет. Биыл сол мақсатта егіс басында жылғаның суын жинақтайтын бетондалған бассейн жасау қолға алыныпты. Шаруа қожалығының барлық суармалы егіс көлемі 400 гектардан сәл асады. Су жетіспеушілігінен біртіндеп оны түгел ылғал үнемдеу жүйесіне көшіруге тура келеді.
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Алтай Қартабаевтың ұрпақтары әке рухына бағыштап ас берді. Онда Т.Төребеков, М.Қатаев, Б.Имашов, Л.Накарякова, Н.Врублевская сынды ардагерлер сөз алып, естеліктер айтты. Марқұмның қоғамға сіңірген еңбегін, биік адамгершілік қасиеттерін сөз етті. Ас соңынан майдангердің ұрпақтары орталық мешітке 200 мың теңге, №1 мүгедектер және қарттар үйіне 200 мың теңге қайырымдылық көмек жасап, облыстық Ардагерлер үйіне 200 мың теңге демеушілік көрсетті. =ЖУАЛЫ Таразда Б.Момышұлы ипподромында көкпар мен аударыспақтан өткен облыстық ашық біріншілікте ауданның жас көкпаршылары бірінші орынды жеңіп алды. Жас көкпаршы Бейбарыс Маратұлы «Үздік көкпаршы» атағын иеленді. Енді олар алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өтетін үлкен додада бақ сынайтын болады. =МЕРКІ Жамбыл ауылдық округінде 280 орындық балабақшаның құрылысы қызу жүруде. Жоба құны – 591 миллион 705 мың теңге. Құрылысқа кәсіби құрылысшылармен қатар ауылдың жұмыссыз азаматтары қамтылған. Жаңа балабақша алдағы қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. =САРЫСУ Көріктендіру мен көгеріштендіру айлығы аясында Тоғызкент ауылдық округінің жұртшылығы сенбілікке шығып, көшелерді, атыз-арықты қоқыстан тазалап, ағаштарды әктеп-сөктеді. Науқанға 200-ден аса адам қатысып, 5 тонна күл-қоқысты сыртқа шығарды. Сондайақ көшелердегі билбордтар жаңартылды. Сенбілікте мектеп, емхана және балабақша ұжымы белсенділік танытты. =ШУ Аудан әкімдігі және «Жастар» орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Төле би ауылындағы Сары Хасенов атындағы саябақта «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» атты акция өткізді. Мектеп ұжымдары дайындаған флеш-моб та көрсетілді. Кеш түрлі спорттық ойындар ойнаумен жалғасын тапты. Кіші футбол, арқан тартыс, жүгіруден тартысты бәсеке өтті. Жеңіске жеткен жеңімпаздар түрлі сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталды.
Тегі жаманды тең көрме, Төріңе шығады. Тілеуі жаманды ес көрме, Төбеңе шығады.
(Жалғасы 4-бетте).
Я
ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
т а н ы с т ы р д ы . О бл ы с ә к і м і алдында арнайы жаттықтырылған атты жауынгерлер өз саптық дайындықтарын көрсетті. Кәрім Көкірекбаев еліміздегі ең ірі күн электр стансасы ретінде ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылғалы отырған «Бурное Солар-1» күн электр стансасының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сондайақ, баламалы энергия көздерін пайда ланатын бұл ныс ан Орталық Азиядағы қуаттылығы 50 мегаватт болатын алғашқы күн электр стансасы болып табылады. Құрылыс жұмыстарына Еуропадан мамандар тартылып, «Samruk Kazyna — United Green» бірлескен кәсіпорны да құрылған.
Мұнда жалпы саны 192 мың энергия өндіретін күн панельдері орнатылатын болады. Жалпы құны 23,5 миллиард теңгені құрап отырған нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан бөлек, британдық инвестор «United Green» компаниясы жыл соңына дейін стансаның қуатын 100 мегаватқа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін инвесторларға қосымша жер учаскесі берілген. Жалпы, станса өз кезегінде 30 000 ауланы жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Инвестор компания өкілімен болған әңгіме барысында облыс басшысы жоба құрылысына жоғары баға беріп, элект р ст анс асының еліміздің баламалы энергетика индуст риясына үлкен үле с қосатынын айтып өтті. Облыс әкімінің келгенін сәтті пайдаланғысы келген «Гамбург» ЖШС директоры Егор Кох өзінің алдағы жоспарларымен бөлісіп, аймақ басшысынан көмек беруін де сұрады. Себебі, ол Нұрлыкент ауылында орналасқан шаруашылық нысанынан 800 бас сиырға негізделген жаңа тауарлы сүт кешенін ашпақшы екен. Ол үшін серіктестікке шамамен 600 миллион теңге көлемінде инвестиция қажет. Егер бұл кешен салынса, мұнда мал төлдету залы мен 300 бұзау сиятын сарай да орналаспақ. Жауап т ы и н с п е кто рд ы ң хаттамасына түскен бұл ұсыныс та алдағы уақытта қаралатын болды. Бүгінде серіктестікке 424 миллион теңге қаржылық қолдау көрсетілген. Одан бөлек, бұл кәсіпкер жаңбырлатып суғару жүйе сімен де егін шаруашылығын дамытпақшы. Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Абдалы Нұралиевтің айтуынша, былтыр Жуалы ауданы бірдебір гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын орналастырмаған. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын «Гамбургте» қазір 2500 гектар жер бар.
Шу ауданы
Талас ауданы
Халық мақалы. Айтпақшы, Евгений Трубниковтің иелігінде тағы бір «Нөсер» шаруа қожалығы да бар. Егістіктері қатар орналасқан. Онда биыл 167 гектар дәндік жүгері тамшылатып суару, ал отыз гектар қант қызылшасы қолмен суару әдісімен өсірілмекші. Басшысы бір адам болғасын бұл екі агроқұрылым өзара септесіп, бір-біріне техникамен көмектесіп отырады. – Ауд а н бо й ын ш а к ө к т е м г і д а л а жұмыстарына литрі 80 теңгелік жеңілдетілген бағамен 1340 тонна жанармай бөлінген. Оны жеткізіп беруші оператор «Элемир» ЖШС өз міндетін мүлтіксіз атқаруда, – дейді егіс басына келген аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов, – сондай-ақ, барлығы 5770 тонна минералдық тыңайтқышқа тапсырыс берілген. Оның 4050 тоннасы – аммиак селитрасы, 1720 тоннасы – аммофос. Бұл жерде ескеретін бір жай, тамшылатып суаруда тыңайтқыш жерге сумен бірге берілетіндіктен, түтік ішінде тұнып, клапандарын бітеп қалмайтын сүзілген тыңайтқыш қолданылуы керек болады. Сондықтан, «ҚазАзот» АҚ-ға осындай 1200 тонна тыңайтқышты арнайы әзірлеуге қосымша тапсырыс берілді.
ҚО
Й
, ҚО ДАП З О Қ
У РАДА Ш
АСА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРАТӨБЕ, ЕСПЕ, АҚСАЙ, ҚОСҚЫЗЫЛ КӨКТЕУЛЕРІНДЕГІ ОТАР-ОТАР МАЛ КӨЗГЕ СҮЙІНІШ, КӨҢІЛГЕ ДЕМЕУ. МЫСАЛЫ, ҮШАРАЛ АУЫЛЫНА ҚАРАСТЫ БУРАБАЙ МАҢЫНДА 4 ОТАР САУЛЫҚ ТӨЛДЕТІЛУДЕ. ОНЫҢ ЕКЕУІ «МЫРЗАТАЙ» ШАРУА
Қордай ауданы.
ҚОЖАЛЫҒЫНА ҚАРАЙДЫ.
ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРУДЕ ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ МАХМЕТҒАЛИ САРЫБЕКОВПЕН СҰХБАТ – Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 26 ақпандағы №5/262 қаулысымен сайлауды өткізу мен оның дайындық жұмыстарын жүргізу жөніндегі күнтізбелік жоспары бекітілген болатын. Қазіргі таңда барлық аудандар мен Тараз қаласы осы жоспар бойынша рет-ретімен дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді. Жалпы төтесінен туындаған мәселе болған жоқ. Себебі, облыс көлемінде қалыптасқан сайлау комиссияларының мүшелері тәжірибелі мамандар. – Облыс көлемінде қанша аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясы бар? Олардың сапалық құрамы турасында айтып берсеңіз.
ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 26 СӘУІРІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ОБЛЫСТАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ? ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ МАХМЕТҒАЛИ САРЫБЕКОВПЕН ӘҢГІМЕМІЗДІҢ ӘЛҚИССАСЫ ОСЫ САУАЛДЫҢ АЯСЫНДА ӨРБІДІ. – Облыс көлемінде 12 аумақтық және 461 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған. Олардың құрамдары өткен жылдың сәуір айында өткізілген тиісті мәслихаттардың сессиясында қаралып,
бекітілген болатын. Нәтижесінде, 8 саяси партиялар мен 22 қоғамдық бірлестіктер тарапынан ұсынылған азаматтар сайлау комиссияларының мүшелері болып
сайланды. Оның пайыздық үлесі саяси партиялардан – 84 пайыз, қоғамдық бірлестіктерден 16 пайызды құрады. Биылғы жылы олардың құрамына бірнеше өзгерістер енгізілгенін айту ләзім. Оның басты себебі, тұрақты мекенжайларының немесе жұмыстарының ауысуына байланысты болып отыр. Өзгертілген комиссиялар құрамдары биылғы жылдың 3 наурызы күні, барлық аудандық және қалалық газеттерде жарияланды. – Cайлау учаскелері толыққанды жұмысқа кірісуі үшін қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етілді ме? (Жалғасы 4-бетте).
ҚЫР ТӨСІНДЕ ҚОЗЫЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». Сәуір айының басынан екі отардағы саулықтар төлдей бастады. – Баяғыдағыдай міндеттеме жоқ, – дейді шаруа қожалығының малшысы Оспан Жуасбеков. – Оның үстіне қазақы қой, негізінен, жалқыдан төлдейді. Сондықтан қозылары ірі, төзімді келеді. Малшы аз уақыт ішінде жүзге тарта саулықтың төлдегенінен хабардар етті. Өлім-жітімі жоқ, шетінен аяқтаныпты. Шаруа қожалығы малшыға айына 70-80 мың теңге мен бір бас сойыс
малын төлейді, ал сақпаншының алар айлығы – 40-45 мың теңге. Сақпаншы Сұлтан Сактаев – мал бағудың қыр-сырын меңгерген азамат. – Мен қару-жарақ, әшекей бұйымдар жасайтын әулеттің баласымын. Бірақ маған салт атқа мініп далада жүріп, қой баққан ұнайды, – дейді ол. Сонымен, көктеудегі қой төлдеу науқаны басталып кетті. Ақсайдың төсі қой мен қозыға толып, «Жайлаудың сәні – төлімен» деген сөз ақиқатқа айналсын! Үшарал ауылы, Талас ауданы.