ҚҰТТЫ БОЛСЫН 70 ЖЫЛЫ ЖЕҢІСТІҢ, ТЕК ТЫНЫШТЫҚ ӘЛДИЛЕСІН ЖЕР ҮСТІН! АСТАНАДАҒЫ «ҚАЗАҚ ЕЛІ» АЛАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІНЕ ЖӘНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ШЕРУ БОЛДЫ.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№56-57 (18090-18091), Сенбі, 9 мамыр, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЖЕҢІС ШЕРУІ
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ҰЛЫ ДОСТЫҚ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИННІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ ОСЫНЫ АЙҒАҚТАДЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ШАҚЫРУЫМЕН АСТАНАҒА ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ.
ӘСКЕРІМІЗ – АЙБЫНЫМЫЗ Іс-шара барысында Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы парад автокөлігімен әскери қызметшілер сапын аралап, парадтық есептоптарға амандасты. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды және әскери шеруге
қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен, алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. – Екі мерекенің қатар келуінің символдық мәні бар. Бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздар мен Отан қорғаушыларымыздың бүгінгі буынының әскери дәстүрлерінің
сабақтастығын білдіреді. Майдандағы әскери ерлік пен тылдағы қажырлы еңбек Жеңістің басты негізіне айналды. Біздің халқымыз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы Ұлы Жеңіске өшпес үлес қосты.
БЕЙБІТ ӨМІРІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН! ОБЛЫС ӘКІМІ К.Н.КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
(Жалғасы 2-бетте).
Қытай Төрағасы Республ ика мызда өткен президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келг ен бірінші шетелдік мемлекет басшысы болып отыр. Бұл жан-жақты стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, екі елдің
ЕРЛ
ІК –
ЕЛ ГЕ
, ҰР МҰРА
өзара қарым-қатынасын саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа сатысына шығаруға мүмкіндік беретіндігін де атап өткен жөн. (Жалғасы 2-бетте).
ПАҚҚ А Ұ Р
АН
ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ
Жүк ауырын нар көтереді, Ел ауырын ер көтереді. Халық мақалы.
Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын! Жеңіс мерекесі – туған жерді, Отанды шынайы қастерлеуді паш еткен ең ұлық күн, халқымыздың батырлығы мен қайсар рухының белгісі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс халықтың жадында және ел тарихында айрықша орын алады. Өзінің қайғы-қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды. Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды, біз бұл Жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Аға ұрпақтың төзімділігі мен табандылығы, қаһармандығы мен қайсарлығы болмаса бүгінгі азат та тәуелсіз күнге қол жеткізбеген болар едік. Ел басына күн туған шақта майданға көп ұлтты республикамыздан 1 миллион 200 мың жауынгер, оның ішінде, жетпіс мыңға жуық жерлесіміз Отан қорғауға аттанды. Соның жартысынан көбі соғыстан қайтып оралмады. 20 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры, 7 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, біз арамызда жүрген ардагерлерге қазіргі тіршілігіміз бен ертеңгі болашағымыз үшін қарыздармыз. Кешегі майдан даласындағы ерлігімен қоса бейбіт күндегі ерен еңбегімен де жас өркенді патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүрген ардагерлеріміздің қатары жылдан-жылға сиреп барады. Бүгін облысымызда 232 соғыс ардагері тұрады. Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын! Мереке құтты болсын!
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Баһадүр бабалардан мирас болып қалған байтақ мекен қасиетті Отанымызды бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері кірпік қақпай күзетуде. Тәуелсіз елдің сарбаздары құрлықта да, әуеде де, теңізде де азаматтық борыштарына адалдық танытып, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Міне, сондықтан да Отан қорғаушыларға жүктелген жауапкершілікпен қатар оларға деген елдің құрметі де ерекше. Оларға деген ыстық ықылас Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында
Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиында да айрықша аңғарылып тұрды. Бұл күні мәдениет сарайының кең залында ине шаншыр орын болған ж о қ . О м ы р ау ы о р д е н - м е д а л ь ғ а толы майдангерлер мен парадтық үлгіде киінген әскерилер бірін-бірі құттықтап, белгіленген орындарға жайғасып жатты. Сағат тілі 10.00ді соққанда залға Мемлекеттік Ту салтанатты түрде кіргізіліп, Әнұран шырқалды. Мұнан соң облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев сахна төріне көтеріліп, құттықтау сөз сөйледі. (Жалғасы 2-бетте).