ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№168 (18025), Сейсенбі, 9 желтоқсан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫҢ, ЕГЕМЕНДІК – ЕЛДІГІҢ
ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ ЕЛБАСЫН УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
l БАЙЗАҚ
Аудан орталығындағы Сарыкемер мектебінде «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атты аудандық байқау өтті. Оған 9 жұп қатысып, өнерлерін ортаға салды. Олар «Таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең», «Сән үлгісі», «Егер сіз...» аталымдары бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша Ғ. Мұратбаев мектепгимназиясының намысын қорғаған А. Жақсығұлова мен Ж. Нұрмаханұлы бірінші орынды жеңіп алып, «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атанды. Екінші орынды Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінен А. Туйжаргенова мен А. Күзекеев жұбы, үшінші орынды Түймекент ауылдық округінен келген Ж. Байтұрсынов пен Э. Мансурдың жұбы иеленді. цl ЖАМБЫЛ
Ауданның мал дәрігерлері Мойынқұм өңіріндегі мал қыстатып отырған малшыларды аралап қайтты. Олар онда төрт түліктің жағдайымен танысып, қажетті малдәрігерлік ем-дом көрсетті. Қаракемер, Қызылқайнар округтерінің мал дәрігерлері Исақ Байытханов пен Құдайберген Сегізбаевтың еңбегіне малшылар дән риза. l ҚОРДАЙ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУҒА КЕЛДІ. БҮГІН АТАЛҒАН ОҚУ ОРНЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТУДЕ. Шара барысында Президент университет базасында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың көрмесін тамашалап, әр жобаға қатысты сұрақтар қойды. Университет ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов Мемлекет басшысын оқу орнының жетістіктері мен университет қабырғасында жүзеге асырылып келе жатқан медициналықбиологиялық инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды. Айта кету керек, аталған кластер бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік принцип негізінде жобаларды жүзеге асыруға 500 млн. АҚШ доллары шамасында қаржы тартылуда. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында білімге негізделген экономикаға баса назар аударған. Бұл жерде университеттер шешуші рөл атқару керек. Осы бағытта қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жемісті жұмыс жасап келеді. Оқу орнында инновациялық бағыттағы алғашқы қадам ретінде Оңтүстік Кореялық әріптестермен бірге медициналық диагностикалық орталықтың ашылуын айтуға болады. Жобаға 1,2 млрд. теңге инвестиция салынды. Университет базасында және бір жоба «Инжиниринг пен ғылыми қамтымды технологиялар» инновациялық кластерін құру «Алатау» арнайы экономикалық аймағымен бірге жүзеге асырылмақ. Технопарк пен бизнесинкубатор, ҒЗИ зертханалық корпустарының, студенттер жатақханасының құрылысына 9,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫН ИГЕРУ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».
ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛДАУ КӨП Кеше облыс әкімі аппаратының кеңесінде облыс экономикасы үшін маңызды рөл атқаратын түйінді мәселелер қаралды. Алдымен Елбасыдан бастап, ел болып қолдау білдіріп жатқан қолжетімді баспана туралы әңгіме бұл жолы тағы қайталанды. Облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев жасаған хабарламада негізінен облыс бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының іске асырылуы баяндалды. Жалпы, осы аталған бағдарлама бойынша облыста 2020 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 2805,5 мың
шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілу жоспарланып, ол мақсатқа бюджет есебінен 78,4 миллиард теңге жоспарланыпты. Дегенмен, бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында тұрғын үй алуға облыс бойынша 12 мыңнан аса адам кезекте тұрса, Тараз қаласы бойынша 8 мыңнан аса адам кезегін күтіп жүр. Қалғандары аудандарда кезекте. Ал, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекке тұрғандар саны облыс бойынша 84 мың адамды құраса, оның 60 мыңнан астамы тараздықтар. Бұл тұрғын үй құрылысы саласында әлі де болса атқарылар жұмыс шаш- етектен екендігін көрсетеді. Дегенмен, «2012-2013 жылдары пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің динамикасына қарасақ, облыс әр кезеңде жоспарды 100 пайызға орындап отырған. 2014 жылы 256,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсыру жоспарланып, он айдың қорытындысы бойынша 218,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың есепті
кезеңімен салыстырғанда 103,0 пайызды құрап отыр», – дейді басқарма басшысы Р.Байтелиев. Пайдалануға беріліп жатқан үйлердің ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» үлесі аз. Бұл жөнінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аталған банктің облыстық филиалының директоры Қайрат Орынбаевқа банк талаптарына әлі де болса жеңілдіктер енгізу керектігін ұсынды. Себебі, көпшілік жамбылдықтың банкке ай сайынғы берешегі алатын жалақыларына ауыр тиіп жатқан көрінеді. «Мен кез-келген ұсыныстарыңызды қолдауға дайынмын» деген филиал директоры біздегі салынып жатқан үйлердің өзге аймақтармен салыстырғанда тым аз екендігін жасырмады. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент сынды қалаларда банкте тұрғындар кезекте тұрса, Тараздағы филиал көбіне бос тұрады екен. (Жалғасы 2-бетте).
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ
ГУЗАЛИЯ «НҰР ОТАНҒА» ҚАБЫЛДАНДЫ Соңғы екі апта аралығында «Нұр Отан» партиясының қатарына 1000-нан астам отандасымыз қабылданды. Солардың қатарында даңқты жерлесіміз, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 2-курс студенті, биылғы жазда Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпазы Гузалия Гафуроваға партиялық билетті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өзі тапсырды. – Бүгін, міне салтанатты жағдайда «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдандым. Шын мәнінде қуанып тұрмын. Партия қатарына қабылдану бұл әрине үлкен жауапкершілік және зор мақтаныш. Ең бастысы еліміздегі ең іргелі саяси құрылым өзінің төңірегіне жастарды ғана емес, Отанымыздың ертеңіне алаңдайтын азаматтарды топтастыруда. Алдағы уақытта өз Отанымның нағыз патриоты ретінде еліміздің өсіпөркендеуіне сүбелі үлесімді қоса беретін боламын, – деп атап өтті Г.Гафурова. «Ақ жол»-Ақпарат».
Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
Аудан әкімі Қайрат Досаев ережесіз жекпежектен жуырда Сингапурде өткен турнирде қарсыласын бірінші раундта сұлатып салған Игорь Свирид пен Түркияда панкратионнан әлем чемпионы атанған Қазбек Сағынды қабылдап, жерлестері атынан сый-сияпат көрсетті. Қарасу ауылындағы Пушкин атындағы мектепті 2004 жылы бітірген Игорь содан бері осы спорт түрімен айналысады. 84 келі салмақтағы оның биылғы көктемде Шешенстанның астанасы Грозный қаласында «Grand Prix Berkut» атты аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдегі зор жеңісін жерлестері тамашалаған болатын. l МОЙЫНҚҰМ
Биназар, Бірлік ауылдық округтерінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға әкімдік есебінен көмір түсіріп беру қолға алынды. Күні бүгінге Бірлік ауылында 23, Биназар ауылында 11 отбасыға 44 тонна тегін көмір түсіріліп берілді. Қысқы аяздан қысылмай шығатынына қуанған ауыл тұрғындары дән риза. l Т. РЫСҚҰЛОВ
Луговой ауылындағы әскери қалашықтан 20 орындық монша ашылып, пайдалануға берілді. Он екі мыңға тарта тұрғыны бар кенттің тұрғындары енді аптасына төрт рет осы әлеуметтік орынға келетін болады. Монша үйін жергілікті кәсіпкер Болысбек Райқұлов өз қаражатына салдырды. l САРЫСУ
Ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюды үйлестіру, төтенше оқиғаларға жол бермеу, дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында «Қыс – 2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Сценарий бойынша Жаңатас қаласындағы орталық қазандықта болған төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға жедел кіріскен жауынгерлер, басқа да сала қызметкерлері магистральдық су сорғысын шұғыл қалпына келтіріп, «тілсіз жауды» дер кезінде ауыздықтады. Оқиға орнынан адамдарды алып шықты.
М ӘЛЕ ДЕ
Міне, азамат!
ЖОМАРТ ҚЫТАЙ
ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ
Халық мақалы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ
«АҚ ЖОЛҒА» ЖАЗЫЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН! Тыныс СЕЙДУАНОВ, зейнеткер, Талас ауданының Құрметті азаматы. Облыстық «Ақ жол» газетінің жарты ғасырға жуық уақыттан бергі оқырманымын. Сонау бір жылдары «Еңбек туы» деп аталған тұста газетті Ғайса Сармурзин, содан кейін ұзақ жыл бойы Баттал Жаңабаев басқарды. Сол тұста газет облысымыздың бет-бейнесін, тіршілік-тынысын көрсетуде аз еңбектенген жоқ. Баттал ағаның өзі де ысылған, тәжірибелі журналист еді, талай кадрларды «ұстаханасынан» шыңдап шығарғанын да білемін. Соның бірі – белгілі журналист, қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосын. Арғынбай ағаның тұсында өткір
проблемалық мәселелер жиі көтерілді. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары қуаңшылық қайталанып, Киров су қоймасының салынуымен су тапшылығы сезілгенде алғаш дабыл қаққан да осы облыстық газет еді. Содан кейін де газет басшылығы танымдық дүниеге ден қойып, оқырмандардың ойынан шығып тұрды. Қалай дегенде де ақпараттың молдығы мен сан түрлілігінен, түрленуінен қазіргі «Ақ жол» газетінің айдарынан жел есе бастады деп ойлаймын. Оны облыс оқырмандары байқап, мойындап та қойды. Бұрыннан қалыптасқан қасаң жүйеден арылып, ең өзекті мәселелерді оқырманға жеткізу газеттің басты мұратына айналғанына қуаныштымын. «Ана жерде анау өтті, мына жерде мынау өтті» деген ресми
хабарлардың өзін тілшілердің қан жүгірте жазуы да қуантарлық. Әсіресе, тарихитанымдық, ашық әңгімеге шақыру, өндірістің өзегіне ұмтылу, ауылдың хал-ахуалын нақты суреттеу соңғы кезде анық сезіліп отыр. Оқырманға керегі – жалаң ақпарат емес, жанды мақала. Оқиғаның ақ-қарасын ажырата білу. Ол – тілшіден терең білімділікті қажет ететін бірден-бір талап. «Ақ жол» қай жағынан да түлеп, түрленіп, оқырман асыға күтетін басылымға айналды. Оны асыға күтіп отыратын болдық. Сіз де асыға күтіңіз, ол үшін 2015 жылға газетке жазылыңыз, өкінбейсіз. Қаратау қаласы.
Қытай кәсіпкері Сюн Шуихуа туған ауылында тұратын отбасыларға түгел үй салып берді. Қазір оның ауылындағы бұрынғы ескі ағаш үйлер мен лай-батпақ боп жататын жаман жолдар жоқ. Оның орнына мынандай (суретте) ғажайып үйлер пайда болған. Кезінде кедей отбасынан шыққан, қалтасында бір тиыны да жоқ баланың жүрегі қалталы кәсіпкер боп кеткен кезде де ауылдастарын ұмытпапты. Тіпті, ол табысы төмен зейнеткерлерге үш мезгіл ыстық тамақ бергізуді де ескеріпті. Бүгінде жап-жаңа аппартаменттерге көшіп кеп, қоныстанған 72 отбасы жетілген жерлестерінің арқасында әп-әдемі өмір сүріп жатыр. Ал елуден енді асқан бай қытайыңыз болса жаңа ауылды салуға 6 миллион доллардан астам қаржы жұмсапты. Сюн сері қыруар ақшаны металлургия саласынан тапқан. «Ақ жол-Ақпарат».