9 акпан pdf 2015ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№17 (18051), Сейсенбі, 10 ақпан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

АҚОРДА

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫН ҰДАЙЫ ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Орыс филологиясы» кафедрасы ұйымдастырған «Қазақстан: бір ел, бір отбасы» атты фестиваль мұндағы түрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің татулығын көрсетті. Аталған кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Мыңайдарова мұндағы мақсат этносаралық келісім мен төзімділіктің қазақстандық моделін насихаттау екендігін айтады. Достық сахнасына кезегімен шыққан қазақ, өзбек, дүнген, кәріс, поляк, неміс, украин өкілдерінен құралған топтар өздерінің салт-дәстүрлерімен таныстырып, халық әндері мен билерін орындады, ұлттық тағамдарын ұсынды. Фестиваль «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқталды. =БАЙЗАҚ Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссия отырысында өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және еңбеккерлерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері бойынша аудан әкімі, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында маңызды құжатқа қол қойылды. Меморандум «Талап», «Достық» , «Түймекент», «Бапыш-Сейсенбай», «Нұр и К», «Үлгілі-2005», «Ынтымақ-2004» шаруа қожалықтары мен «Жамбыл құс», «Керамик Шағал», «Әулиеата Феникс» сынды жеке шаруашылық серіктестер арасында жасалды. =ЖУАЛЫ

Елбасы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесу барысында Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, сондай-ақ, заманауи әскери техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери-техникалық ықпалдастықты одан әрі дамыту, әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. * * * Н.Назарбаев ертең Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.11 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады.

ТАУАР МОЛ, БАҒА АРЗАН ОБЛЫС ӘКІМІ К.КӨКІРЕКБАЕВ КОММУНАЛДЫҚ ДҮКЕНДЕР МЕН БАЗАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында облыста бірқатар ісшаралар жүзеге асырылып жатыр. Ау д а н д а р д ы а з ы қ т ы қ т а у а р тиелген автокеруен аралап жүрсе, Тараз қаласында коммуналдық дүңгіршектер халыққа қызмет етіп

ЖАМБЫЛ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТУ ТІККЕН ӨҢІР ОБЛЫСТА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ӨТЕДІ? «Еліміз үшін Тараз қаласының маңызы зор, – деп атап өткен болатын жуырда өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев. - Осы өлкеде бұрынғы заманда Талас пен Шу өзендерінің арасында Керей және Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрған». Ұлттық мерейтойды атап өтуге және оған дайындыққа 22,7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған. Таразда бұл мақсатқа, алдын ала болжам бойынша, 13,4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінбек. «Көне Тараз» жобасына ғана шамамен 6 млрд. теңге жұмсалмақ. Ақпан айында жас ақындардың республикалық мүшәйрасы өтеді. Мамыр айында қолөнер шеберлерінің облыстық «Қолөнер - халық қазынасы» көрме-жәрмеңкесі, «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» экспедициясы өтеді. Облыстық драма театрда Қ.Ысқақ пен Ш. Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасы сахналанады. Облыс орталығында «Хан күреңі» киіз үйлер қалашығы пайда болмақ. Қыркүйек айында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылым, республикалық ақындар айтысы, «Қазақ хандығының құрылуы және тарихы» кітабының таныстырылымы өтеді.

ГА

ШЫЛЫҒЫ З ШАРУА

Сондай-ақ, Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі ашылады. «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесі, бәске ҚР Президентінің сыйлығы қойылатын қазақша күрес бойынша «Еуразия барысы» халықаралық турнирі мен ұлттық спорт бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Қыркүйек айында Қытайдың Сиань қаласынан Ұлы Жібек жолының бойымен келе жатқан керуен экспедициясына қатысушылармен кездесу өтеді. Қараша айында Таразда «Текті сөздің төресі терме» республикалық терме байқауы болады. «Ақ жол-Ақпарат».

тұр. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы базар бағасынан анағұрлым арзандығымен ерекшеленеді. Мысалы, мұндағы қой етінің килограмы 950 теңге болса, сиыр еті 1000 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, қанттың килограмы – 149, макарон өнімдері – 125, күріш – 180, картоп – 65, сәбіз 55 және нан 40 теңгеден.

(Жалғасы 3-бетте).

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

КӨКТЕМДЕ – КӨЛ, ЖАЗДА – ШӨЛ НЕМЕСЕ СУ ҚОЙМАЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».

Күннің күрт жылынып кетуіне байланысты су тасқынының алдын алу мәселесі алғашқы кезекке қойылды. Көктемде сел басу қаупі туындаса, жазда бір тамшы су алтыннан қымбат. Бұл қарама-қайшылықты неге тиімді пайдаланып, шаруашылықтардың қажетіне жаратпасқа? Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында өңір басшысы Кәрім Нәсбекұлы осындай ұсыныс айтты. Аппарат отырысында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов көктемгі су тасқыны мен селге қарсы шаралар және су нысандарының ахуалы туралы баяндама жасады. – Бүгінде облыста 117 су қоймасы мен су бөгеті бар. Олардың бесеуі республикалық, жетеуі жеке меншікте, 105-і коммуналдық меншікте. Коммуналдық меншіктегілердің жартысы басқармаға қарасты «Жамбыл

су қоймалары» мекемесінің, қалғаны ауылдық округтердің иелігінде. Бұл су қоймаларындағы жинақталған су қорының есебін жүргізу, техникалық жағдайын қадағалау тұрақты назарға алынған. Соңғы төрт жылда коммуналдық меншіктегі 42 су қоймасы мен су бөгеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл 11-іне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі уақытта су қоймалары мен су бөгеттерінде жиналған судың көлемі 65-70 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жүргізілген зерттеу жұмыстары жеке иеліктегі жеті су қоймасының төртеуіне жөндеу жұмыстары қажет екендігін көрсеткен. Олар: Талас ауданындағы «Ақтөбе», «Шұқырәуіт», Жамбыл ауданындағы «Қайрақбай», Шу ау д а н ы н д а ғ ы « Қ а й ы ң д ы » с у қоймалары. Олардың иелеріне жөндеу жұмыстарының қажеттігі, оған шамасы келмесе коммуналдық меншікке өз еріктерімен өткізуге болатыны түсіндірілген, – деді басқарма басшысы С.Қойбақов. – Ауа райы мәліметтері ақпан

айының үшінші онкүндігінде 1922 градусқа дейін жылитындығын көрсетуде. Сондықтан облыстағы барлық су қоймаларының жағдайы тексерілуі тиіс. Өткен жылы Қордай ауданында су жетіспей қиын жағдай болған. Неге су қоймаларындағы судың деңгейін көтермейміз? Мысалы, Қақпатас су қоймасы он миллион текше метрге есептелген. Оның апатты су тастағышын көтеріп, он бес миллионға дейін су жинауға болады. Мұны облыс бойынша барлық су қоймаларында қарап шығу керек. Осылай су жинап алсақ, құрғақшылықта судан қысылмаймыз. Әр ауылдың басында су қоймасы бар. Барлығы құрғақшылық кезінде соғылып, кейін жауын-шашын, қар мол түскендіктен қараусыз қалған. «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген сөз бар. Енді барлық су қоймаларын тиімді пайдаланайық, – деген облыс әкімі аталған басқарма басшысы мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

=ҚОРДАЙ Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Қордайдағы 2038 шекаралық әскери бөлімі аудандағы отыз шақты соғыс ардагерін және оларға теңестірілген азаматтарды өз қамқорлығына алды. Осы күндері әскери дәрігер Нұрбек Алденеев бастаған медицина қызметкерлері әр майдангердің үйіне барып, олардың қан қысымын өлшеп, денсаулық жағдайын сұрап біліп, қажетінше дәрігерлік көмек көрсетуде. Мұндай тексерулер тоқсан сайын жүргізілмек. =Т. РЫСҚҰЛОВ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылымын жүргізу бағыты бойынша Көкдөнен ауылдық округінің «Қайқы», «Сүйінбай қажы», «Алтын тау» шаруа қожалықтарының тау етегіндегі нысандарына дейін 10 шақырымдық электр желісін жүргізуге 34,8 миллион теңге бөлінген еді. Қазіргі таңда осы жұмыстар толығымен аяқталып, іске қосылу үстінде. =ШУ Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен №10 кәсіптік колледждің ұйымдастыруымен теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған семинар өтті. Семинарға прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер бөлімі өкілдері және аудандық ішкі саясат,білім бөлімінің мамандары, имамдар, арнаулы орта білім беру мекемелерінің басшылары мен білімгерлері қатысты. Семинар барысында құқық қорғау органдары мен аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері жастарға теріс ағымдарға заң тұрғысынан ақпараттар беріп, адасудан сақ болуға шақырды.

Хан қарашасыз болмас, Дау арашасыз болмас.

Халық мақалы.

(Жалғасы 2-бетте).

ТАБИҒАТ ТЕРЕЗЕСІ

: К ӨКЕ Й К Е СТ І М Ә С Е Л Е

КӨМІР ТИІМДІ МЕ, СЫНЫҢ ШУ ҚАЛА АРЫ ТҰРҒЫНД ҮЙЛЕРІНЕ УГЕ ГАЗ КІРГІЗ ЕС М АСЫҒАР Е

Өткен демалыс күндері облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласындағы осындай бірқатар дүкендер мен базарларды аралады. Мақсат – халыққа жасалып жатқан жағдайды өз көзімен көріп, мүмкіндік болса, одан ары жақсартуға қол ұшын беру.

Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 шаруа қожалығы 130,3 миллион теңге несие алып, 711 сиыр, 41 бұқа алды. Ал «Алтын асық» бағдарламасы аясында 1 шаруа қожалығы 5,1 миллион теңгеге 230 саулық, 8 қошқар, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 40,6 миллион теңгеге 139 бие, 15 айғыр сатып алды.

ГАЗ ТИІМДІ МЕ? ҚОРДАЙ АУДАНЫНАН ШУ АУДАНЫНА ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДАҒЫ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛҒАЛЫ АУЫЛДА КӨМІР ЖАҒЫП, КҮЛ ШЫҒАРАТЫН АҒАЙЫННЫҢ МАШАҚАТЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ. ТҰРҒЫНДАР ҮШІН БАЯҒЫ КҮЛ ШЫҒАРАТЫН СОЛ КҮНДЕР АРТТА ҚАЛДЫ. ҚАЛАҒА ГАЗ ТАРТЫЛЫП, КӨПШІЛІГІ ҮЙІНЕ КІРГІЗІП, БИЫЛҒЫ ҚЫСТА ҚОЛЫН ЖЫЛЫ СУҒА САЛЫП ОТЫР. БІРАҚ, КӨГІЛДІР ОТЫНДЫ КІРГІЗЕ АЛМАЙ, ӘЛІ ДЕ БОЛСА КӨМІР ЖАҒЫП ОТЫРҒАН ОТБАСЫЛАР БАР ЕКЕНІН КӨРІП-БІЛІП ЖҮРМІЗ. ШУ ҚАЛАСЫН ГАЗДАНДЫРУ ҮШІН ОБЛЫС ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТТЫ. КӨШЕ, АУЛАЛАРҒА ДЕЙІН ҚҰБЫР ЖҮРГІЗДІ. ЕНДІГІ ЖЕРДЕ БҰЛ БАҒЫТТАҒЫ ШАРУАНЫҢ ШАТҚАЯҚТАП ТҰРУЫ ТҮСІНІКСІЗ. СҰРАҚ КӨП. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗДЕРІНІҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ МА ЕКЕН? ӘЛДЕ КӨГІЛДІР ОТЫННАН КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ ТӨМЕН БЕ? МҮМКІН ҚАТТЫ ОТЫН МЕН КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ АРА-ЖІГІН АЖЫРАТА АЛМАЙ ЖҮРГЕН БОЛАР? АЛ ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ МҮДДЕЛІ МЕКЕМЕ МАМАНДАРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР МА? МІНЕ, ОСЫНДАЙ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРМЕН АУДАНДАҒЫ БІРНЕШЕ БАСШЫ АЗАМАТТАРҒА АРНАЙЫ ЖОЛЫҒЫП, МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІНЕ ЗЕР САЛЫП КӨРДІК. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).

КИІКТЕР ҚАЙТА ОРАЛДЫ 1993-94 жыл. Қатты қыс. Сол қатты қыста еліміз өтпелі кезеңді бастан өткеріп жатқандықтан жабайы жанжануарларға биотехникалық шаралар жүргізіп қамқорлыққа алуға мүмкіндігі болмай көптеген аң, құстар шығынға ұшырап, қайсыбір тұяқты жануарлардың жойылуға шақ қалғаны шындық. Соның бірі жұрт «ен даланың еркесі» деп ардақ тұтатын киіктер болатын. Біздің өңірде «Бетпақдала таралымы» деп аталатын киіктер, ауылға жақын елді мекендердің маңының өзінде жүз мыңдап өретін, дүниежүзіндегі киіктердің ең үлкен табыны боп саналатын. Өкінішке қарай, сол Бетпақдаланың берекесі мен сәні боп саналатын киіктерді 199697 жылдан бастап көруге зар болдық. Шындықты жасыруға болмайды. Сол тұстағы біздің өңірдегі киіктердің «жойылуға» шақ қалуының тағы бір себебі – 60-80 мыңдап мал өсіретін совхоз, колхоздар тарап, ол совхоздардағы жүздеген жұмысшылар күн көру үшін «мүйіз» саудасына жаппай ден қойды. Мұндай лажсыз тірлікке ресми орындар баға беріп, одан шығудың жолын қарастыру керек еді. Олай болмады. Әйтпесе, қазақ халқының табиғатқа соншалықты қатыгез бола қалуы мүмкін емес. «Жез киік» деп әнге қосқан киік те жұртымызға әлі де қымбат... Иә, еліміз ес жиып, өтпелі кезеңнен өткен соң, арнайы бағдарламалар қабылданып, Үкімет қыруар қаржы бөліп, Мойынқұмнан халықаралық ұйым бөлімшесі ашылды. Халықаралық ұйымдар белсенді іс-қимыл жасап, жергілікті орындар нақты шаралар қабылдағандықтан, киіктер саны тез өсіп, көбейді. «Аңдасай» мемлекеттік қаумалы «Құрман

шейіт» «Төкен» аймағынан соңғы жылдағы ақбөкендер үйірлері кездесіп, көпті қуантса, енді, міне, биылғы қыста Ұланбел елді мекенімен батысқа қарай «Көкашық», «Қызыл ауыз» тұстарында ақбөкендердің көптеген табындарының бар екендігі анықталып отыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, олардың қатты аяз бен қар қалыңдауына байланысты, елді мекен арқылы жылы құмға өту ниеттерінің бар екендігі байқалды. Бұл да бүгінгі қазақ жеріндегі толағай табыс, бірлік-берекенің жемісі екені даусыз! Осы орайда қалың жұртшылықтан өтінеріміз, қар қалыңдап, аяз қысса, ақбөкендердің елді мекендерге жақындауы мүмкін. Сондықтан, табиғатты қашаннан жанына жақын балаған жұртшылығымыз, оған тонның ішкі бауындай ауыл адамдары, саналы жастар даламызға қайта оралған қасиетті жануарлар – киіктердің емін-еркін өсіп-өнуіне, қыстан қысылмай шығуына әрқашан қамқор болуын өтінеміз. Киік атумен айналысатын кейбір санасыз броконьерлер жасаған істер болса, табиғат достары жергілікті әкімдік, құқық қорғау органдары, жастар ұйымы, қорықшыорманшыларға (телефондары 87013010491, 87713328154, 8726422443) хабарласып, сыйақы ала алатынын айтқымыз келеді. Жапар САТЫЛҒАНОВ, «Андасай» мемлекеттік зоологиялық қаумалының меңгерушісі. Мойынқұм ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.