9 aqpan PDF 2019 j

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

АҺАН Д

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу Сар С ар а ры ыс ысу ы су су ауданы ауд а ау уд у дан аны а ны н ы

Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм а ау ауд уд у да ан н ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№15 (18665), Senbі, 9 aqpan, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

НДА ЖАҺА

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ИТАЛИЯ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Римдегі «Чампино» әуежайының аумағында екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері жатқан екі бомба табылды. Әрбіреуінің салмағы 150 келідей. Жарылғыш заттар ұшақтардың тұрағында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде анықталды.

РЕСЕЙ Мәскеудің Домодедово әуежайында жолаушылар ұшағы жарық бағанасына соғылды. Алдын ала деректерге сүйенсек, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Апат себептері тексеріліп жатыр.

БРАЗИЛИЯ Рио-де-Жанейро қаласының билік өкілдері табиғат апатынан 6 адам қаза тапқанын хабарлайды. Осыған орай шаһарда 3 күндік қаралы күн жарияланды. Толассыз жауған жауын мен соққан дауылдан кеңселер мен тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келген.

ПЕРУ Елде нөсер жауыннан өзендер арнасынан асып, елді мекендерді су басты. Перуде табиғат апатынан 10 адам қаза тауып, 14 тұрғын жарақат алды. Бір жарым мың үй мен 20-дан астам көпір бүлінген.

ЕУРОПА Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада соңғы 10 жылда қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлім етті. Бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен үш есе, 2017 жылғыдан 15 есе артық.

Өткен жылы облыс орталығы Тараз қаласының келбетін айшықтайтын көптеген жобалар қолға алынып, жүзеге асырылды. Шаһар шырайын арттыратын жұмыстардың нәтижесін барша тұрғындар сезіне білді. Басқа бастамаларды айтпағанда, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» және Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтарына, «Үшбұлақ» каналының жағалауына жүргізілген абаттандыру жұмыстары тарихи Таразды барынша түлете түскені сөзсіз. Қала келбетін көркейте түсетін мұндай ауқымды жобалар биыл да өз жалғасын таппақ.

Облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен қала кеңесінде ағымдағы жылы атқарылатын жоспарлы жұмыстардың барысы пысықталды. Басқосуда алғашқы б ол ы п с ө з а л ғ а н « С ə ул е т т і к б ю р о » мекемесінің директоры Арман Абдешов «Шахристан» мəдени-тарихи орталығының

Ө

эскиздік жобасы, «Мамыр» саябағын қайта құру, «Жастар аллеясының» құрылысын талқылау секілді жобалардың жоспарына тереңірек тоқталды. Айта кету керек, 200 гектардан астам аумақты алып жатқан Шахристан кешенінің келбеті жаңа кейіпке енеді. Онда алдағы

уақытта көркем сурет галереясы, музей, көрме жəне руханият орталығы, арбат, қолөнер шеберханасы, мейрамхана, сонымен қатар амфитеатр жəне көлемді сағат стеласы сияқты бірнеше нысан бой көтермек. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды асқан мұқияттылықпен қарап, орталық маңында қонақтар үшін барлық жайлы жағдай жасалу керектігін баса айтты. Оның ішінде, сол аумақтағы көлік қозғалысы, ғимараттардың эскиздік үлгісі, көшелердің тұйықталар тұстарын реттеу жəне тағы басқа мəселелер назарға алынды. Сондай-ақ «Атшабар» аумағы мен «Мамыр» саябағының қайта жаңғырту шараларының да жобасы сараланды.

Жиында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына аттракциондар орнату, Үшбұлақ жағалауындағы абаттандыру жұмыстарының жалғасы, Тараз қаласындағы көшелер қиылысындағы бағдаршамдар мен жол белгілерінің орналасу тəртібі, «Қазақ хандығы» монументінің айналасындағы жер мəселелері де жан-жақты қаралып, талқыланды. Асқар Исабекұлы бұл жобалар бойынша қажетті құжаттарды тезірек реттеу үшін тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар Шахристан аумағындағы құрылыс жұмыстарын уақыт созбай бастау керектігін айтты. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.

Алаш ардағы

ДІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ ҢІР

ТАРАЗ

ДА БЫЛ ЖАМ

«Сәуле» ЖШС кондитерлік фабрика құрылысының екінші кезеңін іске қосты. Жобаның құны 850 миллион теңгені құрайды. Фабрика бүгінгі таңда 70 адамды жұмыспен қамтып отыр.

ЖУАЛЫ Ауданда өсімдік майын шығаратын төрт цех жұмыс істеп тұр. Жеке кәсіпкер «Исмаилова Г.» – 20 тонна, «Ақтөбе» АТК – 17 тонна, «И.Сүлейменов» жеке кәсіпкерлігі 2 тонна және «Агроазықтүлікнанменжабдықтау» ЖШС 91 тонна май өндіріп, нарыққа шығарды.

МЕРКІ Ауданда сүт және ет бағытында жұмыс істейтін 10 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Олар өткен жылы 2557 тонна ет, 1793 тонна сүт өндірген. Ет бағытындағы кооперативтер Үкіметтен 80 миллион 420 мың, сүт өндірушілер 4 миллион 285,7 мың теңге субсидия алды.

Т.РЫСҚҰЛОВ «Құрылыс ТЭД» ЖШС аудан орталығынан «7-20-25» бағдарламасы аясында 80 пәтерлік 2 көп қабатты тұрғын үй құрылысын салуды жоспарлап отыр.

ҚОРДАЙ Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Алматы-Тараз» автожолының 217 шақырымында «В» санатты (Тараз бағыты) және «С» санаты (Алматы бағыты) 2 жол сервистік кешенінің құрылысы жүргізілуде.

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

МЕРКІНІҢ ЕТІ ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ Ақылжан МАМЫТ Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Меркі ауданында бұл бағытта елеулі игілікті шаралар жүзеге асырылуда. Өткен жылы ауданда 13200 тонна ет өндіріліп, оның бір бөлігі, яғни 120 тонна қой, 135,9 тонна мүйізді ірі қара еті экспортқа жіберілген. Бұл 2017 жылғыдан – 49,9 жəне 135,5 тоннаға артық. Бүгінде ауданның мал бордақылау алаңдарында бір мезгілде 5 мыңнан астам өгізше бордақылануда. Ортақ табысқа Ақарал ауылдық округі аумағындағы «Медеу» шаруа қожалығы өзіндік үлесін қосып келеді. Қожалық егін жəне мал өнімдерін өндірумен шұғылданады. Сауытбек Ешетов агроқұрылымды 1997 жылы құрған болатын. Алғашқы кезде қарамағындағы 305 гектар егістіктің бір бөлігіне жоңышқа, қалғанына дəнді дақылдар өсірді. Бұған қоса 40 гектар жайылымдық жері бар. «Медеу» біраз жылдардан кейін аяғына тұрған соң Сауытбек Ақарал ауылдық округі аумағындағы бұрынғы тауарлы сүт фермасының қора-жайларын сатып алды. Оның біреуін жөндеуден өткізіп, өгізшелерді бордақылауға бейімдеді. Бүгінде мұнда бір мезгілде 200 мүйізді ірі қара семіртіледі. Базардан сатып алынған, жасы 1,5 жылдық, салмағы 120-150 килограмм аралығындағы бұқашықтар осында 6-10 айға дейін бағылады. Салмағы 280-300 килограмға жеткен кезде етке өткізіледі. Өткен жылы қожалық аудандағы «Ақтоған» ауыл шаруашылығы кооперативіне 400 мал өткізген. Олар сойып, етті Алматыға өткереді. Қазір қорада 105 өгізше семіртілуде. Таяуда олардың қатары тағы 95 ірі қарамен толықтырылады. «Медеу» жем мен шөпті өздерінде өндіреді. Өткен жылы 20 мың түк пішен, 400 тонна жем əзірленген. Бұл – қолдағы малға күзге дейін жетеді. Мұның өзі шығындарды азайтып, кірісті көбейтуде. Агроқұрылымда тұрақты 7 адам жұмыс істейді. Олардың əрқайсысы ай сайын 100 мың теңгеден жалақы алады. Жылына 10 миллионнан астам теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Қажетті техникамен толық қамтылған. 2018 жылы екі «МТЗ-80» маркалы доңғалақты трактор сатып алған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында олардың жарты құнын мемлекет жауып берген. Сауытбек келешекте екінші қораны жөндеп, онда 500 қой семірткісі келеді. Басқа да жоспары көп. «Істің басы – ниет» демекші, олардың да орындалар кезі алыс емес. Меркі ауданы.

БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ, ОЙ, БӘЛЕ-АЙ! МЫНА АДАМДАР НЕГЕ ЖАТЫР ТОЙЛАМАЙ?! БАНКЕТ ЖАСАП БЕРЕР ЕДІМ ӨЗІМ-АҚ, ТӘҢІРДІҢ БІР ЖАРЫТПАЙ-АҚ ҚОЙҒАНЫ-АЙ.

ХАЛҚЫМ, СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢДІ БІЛЕМ ДЕП, БОСҚА ӨМІРІМ ӨТТІ МЕ ЕКЕН ӘУРЕМЕН?!

Еңбек шаһар түзетеді, Еріншектік елді жүдетеді.

АЙТАМЫН ДЕП ҚУАНЫШЫҢ, МҰҢЫҢДЫ, БАСҚА АРНАҒА БҰРДЫМ БА ӘЛДЕ ЖЫРЫМДЫ?! МЕН, БӘРІБІР, ӨЗІҢМЕНЕН БІР БОЛАМ, ӨЗЕГІНЕ ТЕПСЕҢ-ДАҒЫ ҰЛЫҢДЫ.

МЫНА ДҮНИЕ НЕГЕ ЖАТЫР ҮНДЕМЕЙ?! АЛАУЛАТЫП ТОЙДЫҢ ШОҒЫН ҮРЛЕМЕЙ. ҚҰШАҚ-ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ЛАҚТЫРЫП, «МЫНАУ – ШАПАН, МЫНАУ – АТЫҢ, МІН», – ДЕМЕЙ. ...ТОЙЛАНБАСА ТОЙЛАНБАСЫН, HE ЕТЕЙІН. ТОЙ КӨРМЕЙ-АҚ, СЫЙ КӨРМЕЙ-АҚ ӨТЕЙІН. ҚАЛАМЫМДЫ БЕРШІ МАҒАН, БӘЙБІШЕ, МЫНА ЖҰРТҚА ЖАҚПАДЫ МА ӘЛДЕНЕМ?! БОЛАШАҚҚА АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕЙІН... БЕКЕР ӨМІР СҮРГЕНМІН БЕ, ӘЛДЕ МЕН? (Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев туралы топтамаларды 6-8-беттерден оқисыздар).

ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ

ДЕПУТАТ ЕЛ ІШІНДЕ

ШУДЫҢ БОЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР КӨП Ерғали ҚАРТАЙҒАН Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мəжілісінің депут аты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Бақытжан Ертаев Шу қаласына да атбасын бұрып, «Тоғай» шағын ауданында б о й к ө т е р і п ж ат қ а н 3 0 0 орындық мектептің құрылыс жұмыст арымен т анысты. Бұған дейін Халық Қаһарманы Тараз қаласы мен Қордай жəне Жуалы аудандарын аралап, тұрғындармен кездескен еді. Ат а л м ы ш н ы с а н ғ а жауапты «Құрылыс ТЭД» жауапкершілігі шектеулі с е р і кт е с т і г і н і ң у ч а с ке бастығы Амангелді Жұмағалиевтың айтуынша, қазіргі кезде мұнда 10-нан аса техника мен 60 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. «Өткен жылы

аталмыш мектептің құрылысына 424 миллион теңге бөлініп, толық игерілді. Ал биылға 800 миллион теңге қарастырылып отыр. Бəрі жоспарға сай. Күннің суытуына байланысты қазір нысанның ішкі құрастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сəтін салса, тамыз айында толық аяқталады», – дейді ол. Екі қабатты мектеп

ғимаратында төрт бірдей оқу блоктары, спорт зал, 90 орындық акт залы, медициналық пункт жəне 104 адамға арналған асхана орналасқан. Сонымен бірге білім ошағының алаңында кіші футболға арналған стадион да салынбақ. Бүгінгі таңда мұнда 70-ке жуық құрылысшы жұмыс істеп жатса, оның 20 пайызы жергілікті тұрғындар. Құрылыс

жұмыстарымен танысқан Бақытжан Ертайұлы мердігер компанияға жұмысты сапалы жүргізуге баса мəн беру керектігін ескертті. Бұдан кейін халық қалаулысы қалалық емханаға барып, емді бақылайтын жəне серологиялық бөлімдерді аралады. Бас дəрігер Баян Билалованың айтуынша, бірқатар мамандар жетіспейтін көрінеді. Қазіргі кезде мұндағы мамандар 67 пайызды ғана құрап отыр. Тұтастай алғанда 1 8 м а м а н қ а ж е т. Ауд а н д а өтетін бос жұмыс орындарына арналған жəрмеңкелерге үнемі қатысқанымен, кадр тапшылығы əлі де өткір күйінде қалып отыр. Сонымен қатар Б.Ертаев Ауған соғысында қаза болған азаматтарға арналған ескерткішке барып, боздақтардың рухына тағзым етті. Одан кейін аудандық к і т ап ха н а д а о қ у ш ы л а рм е н кездесіп, əңгімелесті. Шу ауданы.

АН

«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!

Ғ

асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.