Пдф 26 тамыз

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №122 (17979), Сейсенбі, 26 тамыз, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ

МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУ ҮШІН БАРЛЫҒЫН ЖАСАП ЖАТЫРМЫЗ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРУ – ОЛ ДҰРЫС ТАҢДАУ Сұхбат барысында Елбасы осылай деп мәлім етті. «Егер де шығарған өнімдерімізді, тауарларымызды біреу сатып алмайтын болса, ол сол күйінде қоймада қалады. Осыдан кейін зауыт тоқтап, жұмысшылардың барлығы жұмыстан босатылады. Жақын көршілермен экономикалық қарым-қатынас жасау маңдайымызға біткен. Мүмкіндігіміз осы және біздің басқа амалымыз жоқ. Сондықтан саяси емес, экономикалық одақ құру – ол дұрыс таңдау. Мен бұған зерттеген түрде, білген түрде шын көңіліммен барып отырмын. Біз Ресеймен және Қытаймен сауда-саттық жасамасақ болмайды. Сонымен қатар Беларусьпен, Украинамен, оңтүстіктегі ағайындармен де әрине, сауда жасағанымыз жөн. Кейбіреулерде «Ресей бізді басып алады» деген үрей бар. Бірақ олай емес. Мысалы, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің президенттері жиналып, талқылау жүргізген кезде біреуі қарсы болса, онда ешқандай мәселе шешілмейді. Егер де екеуінің шешімі маған жақпайтын болса, мен қарсылық танытамын және осы орайда олар шешім жасай алмайды. Сондықтан барлығының құқығы бірдей», – деді Президент. Мемлекет басшысы бұл тұрғыда келісімге сәйкес, Қазақстан келіспейтін мәселелер туындаса, еліміз одақтан шығып кетуге құқығы бар екендігін де қадап айтты. «Егер де Тәуелсіздікке нұқсан келтірілсе, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта да болмайды. Атабабамыздың қанымен, терімен келген Тәуелсіздікті біз біріншіден, ешкімге бере алмаймыз, екіншіден, қасық қанымыз қалғанша оны қорғауымыз керек», – деді Н.Назарбаев. Осы орайда Президент тығыз сауда жасайтын екі ел бір-бірінің тыныштығы мен бейбітшілігін қолдайтындығын, саясатына кіріспейтіндігін және жанжалдаспайтындығын атап өтті. «Сондықтан бұл жерде ешқандай да қорқатын, жасқанатын жағдай жоқ. Оның барлығын мен қарап отырмын. Қазақстанның Тәуелсіздігін қызғыштай қорғап жүрген қазақтың бірі мен ғой. Осы орайда елдің болашағына қарап отырған адаммын. Сондықтан бұған түсіністікпен қарау керек. Жай бос сөзді қою қажет!», – деп түйді Елбасы. САНКЦИЯЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕРДІҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСЫ ЖОҚ Әңгіме аясында Елбасы Дүниежүзілік Cауда Ұйымына кіру мәселесіне қатысты пікірін де ортаға салды. «Ресей мен Украина арасында осындай ахуал болады деп кім ойлаған? Әрине, біздің

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНЕ САПАРЫ АЯСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА АЛҒАШ САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҒАСЫРЛЫҚ ЖОБА РЕТІНДЕ ТАНЫЛҒАН «ЖЕЗҚАЗҒАН-БЕЙНЕУ» МЕН «АРҚАЛЫҚ-ШҰБАРКӨЛ» ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БІРҚАТАР ТЕЛІМДЕРІН ІСКЕ ҚОСА ОТЫРЫП, «ХАБАР» АГЕНТТІГІНІҢ ЖУРНАЛИСІ РИНАТ ДУМАНҰЛЫМЕН СҰХБАТ ҚҰРДЫ. ЕЛБАСЫ ЕМЕН-ЖАРҚЫН ӘҢГІМЕ БАРЫСЫНДА РУХАНИЯТТАН БАСТАП, САЯСИЭКОНОМИКА ТАҚЫРЫБЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ ДЕ ОЙ ҚОЗҒАП, АЛАШТЫ АЛАҢДАТҚАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАЙЫНДА ОЙЫН АШЫҚ БІЛДІРДІ.

экономикалық одаққа оның кері салдары тиеді. Себебі, Батыс тарапы Ресейге санкция жасап жатыр. Санкцияны жеке адамдарға жасағаны бір жөн, ал қаржы жүйесіне, экономиканың кейбір секторына енгізіліп отырған шектеулер Ресейдің экономикасын төмендетеді. Олардағы зауыттардың жұмысы нашарлап, біздің тауарлар мен шикізатты алатын мүмкіншіліктері азаяды. Осы жерде біз қиыншылық көруіміз мүмкін», – деді Елбасы. Сонымен қатар Президент Ресей тарапының тұтынатын тауарларды алмау жайындағы санкцияларын пайдаланып, Ресейге Қазақстан көбірек азық-түлік өнімдерін шығарып, көкөніс және басқа да өнімдерді эскпорттауы қажет екенін қадап айтты. Бұл тұрғыда еліміздің фермерлері осы мүмкіндіктен пайда табуы керек екенін жеткізді. «Жалпы, олардың жасап отырған санкциялық кедергілерінің тікелей Қазақстанға ешбір қатысы жоқ. Құдай бұйырса, биыл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселесін шешеміз. Еуроодақпен бұрынғы келіссөздерімізді одан ары қарай жалғастырып, жаңа келісімдерге қол қоямыз деп отырмыз және оны да шешеміз», – деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы Украина мен Ресей ахуалы өзара келісіммен аяқталатынын, уақыт барлығын орнына алып келетінін атап өтті. «Қазақстанның болашағы жарқын. Ешбір елге біз жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы бізге жау емес. Дегенмен, біз өзіміздің қауіпсіздігімізді, Қарулы Күштерімізді, ішіміз бен сыртымызды жиып, сақ отыратын болуымыз керек. Менің арманым мен ойым – Қазақстан мәңгілік болсын деймін. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны тастадым. Мәңгілік Ел болу үшін барлығын жасап жатырмыз», – деді Президент.

ҰЛЫТАУ ҰЛЫ МЕКЕН БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕДІ Елбасы сұхбатында қазақ этносының бесігі

НАЗАРДАҒЫ НЫСАН

– Ұлытауды туристер үшін тартымды аймаққа айналдыруға болатынын айтты. Президент Ұлытау өңірін киелі жер деп атады. Оның айтуынша, барлық заманда жаз кезінде даланың әр түкпіріндегі қазақтар Ұлытауды жайлайтын болған. Осында шаңырақ көтеріп, той тойлаған. «Рулар араласқан. Сондықтан, біздің кең даламызда диалект деген жоқ. Ұлытаудың халық үшін мәні зор», – деді Назарбаев. Ол Қытайда оңтүстіктегі халықтың Бейжің тұрғындарының тілін түсінбейтінін мысалға келтірді. Мемлекет басшысы жастардың тарихты меңгеруінің маңызын атап өтті. Назарбаевтың айтуынша, Ұлытау аймағы кезінде Қазақстанның болашақ астанасын салуға арналған орындардың бірі ретінде қарастырылды. «Бұл – қазақ халқының нағыз орталығы. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде қазіргі көзқараспен қарағанда, ештеңе жоқ. Жол жоқ, су жоқ, әуежай жоқ, ештеңе жоқ. Құрылыс салуға мол қаржы қажет. Сондықтан ол ел астанасын салуға қолайсыз орын болды. Бірақ ол – киелі жер, сондай болып қала бермек. Темір жол мен автокөлік жолдары салынатын болады. Келешекте бұл жер туризм орталығына, ата-баба әруағына тағзым ететін орынға айналады», – деді Президент. Еске сала кетейік, жуырда ғалымдар Ұлытау өңірін қайта зерттеген болатын. Экспедицияны Қазақстан ұлттық география қоғамы ұйымдастырды. Оның мүшелері аймақтың туристік әлеуетін бағалады. Келешекте бұл өлкеде ұлттық саябақ салу жоспарланып отыр.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫН СЫНАДЫ «Біз қазір халықаралық әмбебап сөздерді қазақ тіліне аударып жүрміз. Мәселен, «пианино» сөзін «күйсандық» деп аудардық. Мағыналары келмейді

бір-біріне. Тағы бір мысал, «композитор» сөзі. Оны біз «сазгер» деп жүрміз. «Саз» деген мұнда басқа мағынаны береді. Не үшін бұлай болды? Біз орыс тілінен құтылуымыз керек деп арабтың немесе түріктің сөздерін пайдаланып жүрміз. Осылайша тілді де құртамыз. Біз қайта өз тілімізді халықаралық терминдермен байыта түсуіміз қажет. Мұның ешқандай жаман жағы жоқ, одан қорықпау керек» деді Мемлекет басшысы сұхбат барысында. Елбасы қазақ тіліне ешқандай қауіптің төніп тұрмағанын айтып, тіліміздің дамып, байып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, әлемде бар 6000 тілдің жыл сайын 10 пайызы жойылып отыратынын сөз еткен Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтарға ағылшын тілін де жақсы меңгеру керектігін айтты. «Әлем халқының 70 пайызы ағылшын тілінде сөйлейді. Өйткені, бұл ғылымның, медицинаның, мәдениеттің, БАҚ-тың тілі. Әрине, ағылшын тілінсіз өмір сүре беруге болады. Бірақ, білімнің біразынан шет қаласың. Бұл тілді білмесек біз болашақтағы дамуымызға өзіміз кедергі боламыз» деді Елбасы өз сөзінде.

ИСЛАМ ДІНІН ҚҰРМЕТТЕУІМІЗ КЕРЕК «Біз тәуелсіздік жылдарында дінімізді қайтарып келе жатырмыз. Қазір қарап отырсаң, қазақтың еш уақытта дінінен айырылмағандығын көруге болады», – деді Елбасы. ҚР Президентінің атап өтуінше, бүгінде біздің ғана дініміз жақсы деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болуда. Дін үшін бір мұсылман діні ішінде сүннит пен шиитке бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар да бар. Бір діннің ішінде соғысып жатқан католиктер де жеткілікті. Сондықтан да дін мәселесінде барынша абай болуымыз керек. «Дінге бас ұрып жүрген кезде біз діннің жаман жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіретін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен дін орнатып, мемлекеттік дін жасаймыз дегендер бар. Мемлекет басшысының атап өтуінше, имандылыққа баулу, Отанын қорғау, Құранның қасиеттерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бауырмалшыл болу, үлкенді сыйлау, елді бірлікке ш а қ ы ру д е ге н с ы н д ы м ә с ел ел е р м е н д і н д і өркендететін болса, онда діннің мемлекетке үлкен пайдасы, қамқорлығы болады. «Міне, осындай өзіміздің мұсылман дінін, ислам дінін құрметтеуіміз керек», – деді Елбасы. Интернет материалдары бойынша дайындаған Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

l ТАРАЗ Облыстық әділет департаментінде “Қазақстан Респуликасындағы бағалау қызметі туралы” Заңының жобасын талқылау мақсатында семинаркеңес өтті. Семинар-кеңес жұмысына Әділет министрлігі Заңнама институтының, республикалық бағалаушылар және нотариалдық палаталардың, облыстық, Тараз қалалық соттарының, барлық екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар басқосуға Қырғыз Республикасы бағалау палатасының да өкілдері арнайы шақырылды. Семинар-кеңес барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа заң жобасына байланысты ұсыныстарымен бөлісті.

l БАЙЗАҚ Аудандық прокуратурада облыс прокурорының орынбасары Айдос Майлыбаев аудан азаматтарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген бір топ ауыл азаматтары өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды. Шешімін күткен кейбір мәселелер бойынша аудандық прокуратураға тапсырмалар жүктелді.

l ЖАМБЫЛ Аудандық «Жастар орталығында» аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған аудан мектептерінің 29 ұстазын құрметті демалысқа шығарып салу жиыны өтті. Салтанатты жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Р. Әбішева, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Е. Тәжібаев ардагер ұстаздарды құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

l ЖУАЛЫ Жетітөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы болып өтті. Сайлауға аудандық мәслихат депутаттары түгел қатысып, дауыс берді. Басым дауыспен осы округ әкімі аппаратының бас маманы Бектархан Сүлейманов округ әкімі болып сайланды.

l МОЙЫНҚҰМ Аудандық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде аудан әкімі Болат Мәдікенов алғаш рет мұғалімдерге ерекше сый-сияпат жасады. Білім беру мекемелерінің өткен оқу жылында үздік шыққан бес ұстазына жүз мың және он мұғалімге елу мың теңгенің сертификатын табыс етті. Ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбек етіп жүрген тағы бір топ мұғалім аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың грамотасымен марапатталды.

l ҚОРДАЙ Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде бірнеше мәрте қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Өткен сенбіде мешіт жамағаттары, кәсіпкерлер, Бауырхан, Үсенұлы базарларының, «Элемир» ЖШС, бірқатар шаруа қожалықтарының, мектептер мен балабақшалардың ұжымдары жетімдерге және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына мектеп формасы, күртеше, аяқ киімдер және оқу құрал-жабдықтары түрінде сыйлықтар тарту етті.

l САРЫСУ Аудан әкімдігінің ветеринарлық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жаңа техникалармен толық қамтамасыз етілді. Олардың ішінде ауру малдарды өртейтін үш қондырғы да бар. Әр ауылда еңбек ететін ветеринар-мамандарға түгел дерлік «Нива» жеңіл автокөлігі әперіліп отыр.

l ТАЛАС

ТУРИЗМ – ҚОМАҚТЫ ТАБЫС КӨЗІ

Қаратау қаласында бұзылған көпқабатты тұрғын үйлердің орнын тегістеп, тазалау үшін «Казфосфат» ЖШСның Қаратау тау-кен кешені (директоры М. Сәрсенов) мен «Қаратау жолдары» ЖШС (басшысы Қ. Жолдасов) техника бөліп, тазалау жұмыстарымен айналысуда. Оларға кәсіпкер М. Сегізбаев 2 тонна жанар-жағар май бөліп, демеушілік көрсетуде.

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

» І Г Е Т К Е «БӘЙТЕР ША Қ А Б А Л БА ҚҰРЫЛЫСЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БІТІРЕМІЗ

«Балапан» бағдарламасы аясында елімізде, оның ішінде облысымызда көптеген балабақшалар салынып, бүлдіршіндер игілігіне берілуде. Солардың бірі – Тараздағы «Бәйтерек» шағын ауданындағы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға құрылысы жүргізіліп жатқан 280 орындық балабақша. Нысанның жобалық-сметалық құны – 457 миллион теңге. Ол келесі жылдың қыркүйек айында іске қосылуы тиіс. Үстіміздегі жылға 180 миллион теңге бөлінген. Құрылысты Арман Еділбаев басқаратын облыстағы әлеуетті әрі ірі «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Әлеуметтік нысандар салуға маманданған құрылысшыларымыз қазірге дейін 130 миллион теңгенің құрылыс құрастыру жұмысын игерді. Осы мерзімде ғимараттың іргетасы қаланып, екінші қабатының қабырғасы көтерілді. Біз биыл нысанның шатырын жабамыз. Өз қаржымызға сылақ жүргізіп, есік-терезесін орнатамыз. Нысанды келесі жылы мерзімінен бір ай бұрын пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Құрылыс алаңында 60 адам таңертеңгі сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін бел шешпей еңбек етуде. Қуатты 12 техника қол жұмысын жеңілдетіп, кестеден оза жұмыс істеуге мүмкіндік беруде. Ғимарат салуға қажетті материалдың 30 пайызы – есік-терезе, олардың жақтауларына қажетті бетон блоктарды, бордюр және поребриктер өзімізде жасалады. Асфальт пен бетон кәсіпорын ауласында өндіріледі. Мұның өзі құрылысқа жұмсалатын шығынды азайтуға, табыспен жұмыс істеуге игі ықпалын тигізуде. Қазақстандық үлес 100 пайызды құрайды. Құрылысшылардың барлығы – жергілікті азаматтар. Орташа айлық жалақы 80 мың теңге. Нысан басында асхана жұмыс істейді. Құрылысшылар күнделікті түсте кәсіпорын есебінен тегін тамақтанады. Олар арнайы жұмыс киімімен қамтылған. Техникалық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінген. Авторлық және техникалық қадағалаулардың тұрақты жүргізілуіне байланысты ақауларға жол берілмеуде. Алдияр БАЛМАҒАНБЕТОВ, «Арайстроймаркет» ЖШС бас инженері. Тараз қаласы.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Облысымызда туризмді дамытуға қолайлы алғышарттар қалыптасқан. Соның ішінде өңірдегі тарихи нысандардың көптігін әрі табиғатының көркемдігін айтсақ та жеткілікті. Десек те, аймаққа шетел туристерін тарту былай тұрсын, ішкі туризмді дамыту ісі дұрыс жолға қойылмай келеді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде осы мәселе және өңіріміздегі көші-қон ахуалы қаралды.

ІШКІ ТУРИЗМ – ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Досан Рымтаевтың айтуынша, есепті кезеңде Жамбыл жеріне резидент емес келушілердің саны 87,5 пайызға, резидент

келушілердің саны 10,7 пайызға өскен. Аймақта туристерге ұсынылатын бағдарламалардың спектрлерін кеңейту мақсатында туризм нысандарын мониторингілеу жұмыстары жүргізіліп, 20-дан астам жаңа маршруттар әзірленіп, іске қосу үшін туристік серіктестіктерге ұсынымдар беріліпті. Әйткенмен, бұл ішкі туризмді дамытуға серпін бере алмай отырған сыңайлы. Туристік фирмалар өкілдері мұның себебін жергілікті тұрғындардың аз құлақтандырылуымен байланыстырады. Осыған байланысты көпшілікке Әулиеата өңірінің ерекшеліктерін таныстыру, өлкетану туризмінің танымдылығын арттыру мақсатында аталмыш басқарма бастама көтеріп, көптеген іс-шаралар өткізген екен. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясы, «Живая струна» фестивалі, «Астана – Менің Отанымның ел ордасы» екі күндік тур, «Алтын Керуен» серіктестерімен бірге саяхат, «Ақыртас жұмбағы» байқауын ұйымдастырыпты. Сонымен қатар, келушілерді облыстың көрікті де көрнекті мекендері туралы алты тілде ақпараттандырып отыратын интернет портал ашу жұмыстары да қолға алынған екен. (Жалғасы 2-бетте).

КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП

Өзін-өзі білген ер бақытты, Өзін-өзі билеген ел бақытты. Халық мақалы.

АУЫЛДЫҢ

! й а ы з ы бал қым

Ауданда Абай атты ауыл бар. Төле биден қозыкөш жерде орналасқан бұл ауылды шулықтар қымызды ауыл деп атайды. Олай дейтіні бұл ауылда ала жаздай бие сауып, қымыз дайындайтындардың қатары артып келеді. Қазіргідей аптап ыстықта бал татыған сары қымызды сіміріп алып, алаңсыз демалғанға не жетсін?! Атамыздың асы болған қымызға жетер сусын бар ма? О сы ау ылд ың тұ рғын ы Ш ыңғыс Тілепберген де үйірлі жылқы бағып, қымыз дайындауды кәсіп етіп келеді. Ауыл төріндегі ауласы атшаптырым үйде сөре толы құрт та бұл үйдің берекесін арттырып тұрғандай. Ауылда тұрған әр қазақ осылай жылқы сауып, құрт-майын өзі дайынап отырса, береке емес пе? Бал қымыздан дәм тата отырып, отағасынан шаруаның мән-жайын сұрастырдық. – Бұл күнде қымыз көп қой. Бірақ, оны баптап дайындаудың оңай еңбек емес екенін білсе ғой. Таңның атысынан, күннің батысына дейін бір тынбайтын бұл тірліктің салмағы үйдегі жеңгеңе түседі.

Күніне 40-50 литр қымыз дайындаймыз. Бір адамға аз шаруа емес. Ата кәсіпті қолға алған соң, оған немқұрайды қарауға болмайды. Қымыздың қадірін білетін үлкен ата-апаларымыз ауылда бар. Бағасын сол кісілер беріп жатады. Егер қымызың көк шалап болса, оны іздеп келіп ішпес еді. Құдайға шүкір, менің қымызымды нашар дегенді әл-әзір естігенім жоқ, – деді Шыңғыс аға ағынан жарылып. Өсіп-өнген шаңырақ қымызға қарық. Артығын той-думан өткізетін ауылдастары сатып алады. Бұл ауылға шипалы сусынға күні бұрын тапсырыс беріп, арысы Тараз, берісі Шудан келетіндердің қатары мол-ақ. Мұны абайлықтар мақтаныш көреді. Жөнақ қой. Ауылдың аты осындай игі істермен шығып жатса, қане! Жәмила АҚБЕРГЕН, тілші. Шу ауданы. Суреттерді түсірген Петр НОРКИН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.