Пдф 2015ж 1 кантар

Page 1

АСҚАҚТАЙ БЕР, АТА ЗАҢЫ ЕЛІМНІҢ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№106-107 (18140-18141), Сенбі, 29 тамыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ЖЫР-ШАШУ

Асқақтаттың Отанымның жүрегін М е м л е ке т б а с ш ы с ы Қ а з а қ с т а н Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» атты х а л ы қ а р а л ы қ ғ ы л ы м и - т ə ж і р и б ел і к конференцияға қатысты. Ко н ф е р е н ц и я ж ұ м ы с ы н а Ү к і м ет мүшелері, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттары, Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері, беделді халықаралық ұйымдар делегациялары, сондай-ақ 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық жəне шетелдік танымал заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты. Елбасы конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Азаттықтың арайынан бақ дарып, Ата Заңым қара қылды қақ жарып. Ана тілдің мəртебесін көтерді, Армандаған ел үміті ақталып. Бар халықты қуанышқа кенелтті, Түрлі ұлттың терезесін теңелтті. Əнұраны, Елтаңбасы, Туы бар, Туған жерге өзімізді еге етті.

Қымбатты отандастар! Қадірлі конференцияға қатысушылар! Баршаңызды мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! 30 тамыз – Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған ұлы бетбұрыс күні. Біз осыдан 20 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымызды қабылдадық. Ескі мен жаңа тоқайласқан алмағайып кезеңде халқымыз барша əлемге бірлігі мен дана лығын көрс етті. Жаңа Қазақстанның заманның талаптарына сай келетін Негізгі Заңының мəтінін бекітті. «Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын Ата Заңымыз бойына еліміздің ең басты құндылықтарын түгел сыйғыза білді.

Əділетті үкім айтып əр дауда, Ақиқаттың ақ сұңқары самғауда. Төле, Əйтеке, Қазыбектің мұратын, Нұрсұлтанның нұрлы жолы жалғауда. «Қасқа жол» мен «Ескі жолдар» сəн құрып, «Жеті жарғы» жетті бізге жаңғырып. Халықпенен бірге жасап келеді, Ай мен күндей аспандағы мəңгілік. Ата Заңым – шамшырағым, тірегім, Асқақтаттың Отанымның жүрегін. Аялай бер, əлпештей бер саяңда, Алтын бесік Қазақстан – ұлы Елім!!! Шырын МАМАСЕРІКОВА, ақын.

(Жалғасы 2-бетте).

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ АТА ЗАҢЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ, АТА ЗАҢЫМЫЗ ҒҰМЫРЛЫ БОЛСЫН! ОБЛЫС ӘКІМІ К.КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Қымбатты жерлестер! Сіздерді елдігіміз бен өрлігіміздің мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Т ə у е л с і з Қ а з а қ с т а н н ы ң Ко н с т и т у ц и я с ы – тəуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің тірегі. Ол қоғамдағы демократиялық үрдістер мен ұлттық рухани құндылықтардың нығаюына жол ашып, əр адамның жəне мемлекет негізі саналатын отбасының əлеуметтік жағдайының жақсаруына негіз қалады. Ата Заңымыздың арқасында мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық бағыты анықталып, Қарулы Күштері мен мемлекеттік құрылымның жаңа сипаттағы қағидалары бекітілді. Экономикалық жəне əлеуметтіксаяси өмірінің өркендеуінің барлық алғышарттары жасалды. Ең бастысы, негізгі Заң өміршеңдігін көрсетті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуының кепілі болды. Өйткені, еліміздің Бас құжаты – мемлекетіміздің бүгіні мен жасампаз болашағының айнасы. Биік белестерді бағындырған Отанымыздың осы жылдары қол жеткізген барлық жетістіктері – ел Конституциясының жəне оның негізінде қабылданған заңнамалардың нақты нəтижесі. Қазақ елінде берік орныққан этносаралық жəне дінаралық татулық пен бірлік, ынтымақ пен достық – Конституциялық құрылымның айшықты айғағы. Ата Заңымыздың аясында əлем елдерімен сындарлы сыртқы саясатымыз қалыптасты. Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаев «Конституция біздің тəуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті жəне бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу», деп айрықша атап көрсетті. Қасиетті Жамбыл жұртшылығы да өркениеттiлiк пен гуманистік ұстанымдарды ұстанған елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары саналатын Ата Заңымыздың болашағына берiк сенiммен қарайды. Қымбатты жамбылдықтар! Барша облыс тұрғындарын Ұлт Конституциясының 20 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңіз сау, өмірлеріңіз бейбіт, ел игілігіне арналған еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін! Ата Заңымыздың мерейі мəңгі асқақ болсын! Тəуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын!

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬ ТАБЫС ЕТТІ

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Тəуелсіз еліміздің бас құжаты саналатын Ата Заңымыздың қабылданғанына жиырма жыл толуына орай Тараз қаласындағы Баласағұн орталық концерт залында салтанатты жиын өтті. Жаңаша сипатта безендірілген сахна төріне алдымен еліміздің көк байрағы көтерілді. Мұнан соң облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев Конституцияның жиырма жылдық мерейтойымен жиналған қауымды құттықтады. «Конституция күні – еліміздегі ең ұлық мерекелердің бірі. Осы күні демократиялық еліміздің заманауи талаптардың барлық критерийлеріне жауап беретін басты құжатымыз Ата Заңымыз бекітілді. Еліміз осыдан жиырма жыл бұрын біртұтас құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде өзін əлемге танытты. Халықтың көңілінен шығып, жүрек төрінен орын тапқан Ата Заңымызға да мінекей, жиырма жыл толып отыр.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

(Жалғасы 2-бетте).

БІЛІМ КҮНІ 1 ҚЫРКҮЙЕК –

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Енді бірер күннен соң жарқын жаз бітіп, алтын күз басталады. 1 қыркүйек – Білім күнінде облысымыздағы барлығы 449 мектеп 197 мыңнан астам оқушыны қабылдауға сақадай-сай əзір тұр. Жалпы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тəрбие беруде мұғалімдердің білімді де білікті болуымен бірге, мектептің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен озық о қ у т ех н ол о г и я л а р ы м е н жеткілікті қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Бұл іс облысымызда басты назарда ұсталынуда. Өңірде қазірдің өзінде бірқатар білім

нысандарының қ ұ р ы л ы с ы қанатын кеңге жайып отыр. Бұл мақсатқа былтыр 10,2 миллиард, ал биыл 7,4 миллиард теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның ішінде құрылысы аяқталған бір мектеп жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілсе, ал 2 балабақша, 2 шағын орталық жəне сегіз мектептің дəл 1 қыркүйек күні бүлдіршіндер мен оқушыларды қабылдауға толықтай мүмкіндігі болады деп күтіліп отыр. (Жалғасы 6-бетте).

Конституция күні қарсаңында облыс ə к і м і К ə р і м К ө к і р е кб а е в Ме м л е ке т басшысы Н. Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған бір топ азаматтарға «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. – Ке з - к е л г е н м е м л е к е т т і ң , е л д і ң тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, əлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Осыдан жиырма жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дəуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тəуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, əлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер – демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бəрі Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылуда, – дей келе, Кəрім Нəсбекұлы жиналғандарды мəртебелі мерекемен құттықтап, өңіріміздің өсіп өркендеуіне ерекше үлес қосып жүрген азаматтарға мерейтойлық медальдарды табыстады. Марапатталғандар қатарында еңбек ардагерлері, жеке кəсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері жəне мемлекеттік қызметкерлер б а р . « Қ а з а қ с т а н Р е с п у бл и к а с ы н ы ң Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медальдің иегері атанған қаламгер Арғынбай Б е кб о с ы н : « О бл ы с б а с ш ы с ы К ə р і м Көкірекбаевтың қолынан Елбасымыздың Жарлығына сəйкес мерейтойлық медальді алу мүмкіндігіне ие болдық. Мен ғана емес, бірталай азаматтар осындай марапатқа б ө л е н і п от ы р . Б ұ л – ə л бе т т е , О т а н алдындағы еңбектің елеп-ескерілгені. Барлық қазақстандықтарды, жамбылдықтарды мерейлі мерекемен құттықтаймын» деді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.