"Ақ Жол" газеті PDF нұсқа №68-69 Сейсенбі,13 мамыр,2014 жыл

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №68-69 (17925-17926), Сейсенбі, 13 мамыр, 2014 жыл

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

l ТАРАЗ Жер кадастрі ғылыми өндірістік орталығы РМК Жамбыл облыстық филиалының ұжымы мекеменің Талас аудандық бөлімшесінің маманы Ерубай Әбілдашевті құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Рәсімдік салтанат үстінде мекеме басшысы Нұржан Артаев сала ардагерін жерге орналастыру жүйесіндегі көп жылдық ерен еңбегі және жер қатынастарының дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттап, тиісінше сый-сияпат жасады. l ЖУАЛЫ №16 «Жуалы» колледжінде «Ер – елдің есінде» атты мерекелік кеш өтті. Бұл шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Елеш Үсенбаев пен Анна Попова, 91678 әскери бөлімінің офицерлері мен барлау тобының сарбаздары қатысты. Колледж ауласында осы білім ордасының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Айдар Болбырақов білімгерлерді сапқа тұрғызып, колледж директорына рапорт берді. Осыдан кейін мемлекеттік Әнұран орындалып, мемлекеттік Ту көтерілді. l Т. РЫСҚҰЛОВ Мэльс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Әнім сенсің туған жер» атты жергілікті сазгерлер әндерінің байқауы болып өтті. Оған Мұқан Төлебаев атындағы саз мектебінің ұстаздары ұйытқы болды. Байқау барысында Мэльс Өзбеков, Жаңбыршы Үсейінов, Нұрлан Байгөзов, Дүйсен Бықыбаев, Нәзипа Құлбаева сынды жергілікті сазгерлердің әндері орындалды. Байқау қорытындысында бас жүлдені Жамбыл орта мектебінен келген Ұлдана Еркебек жеңіп алды. Сондай-ақ Әлихан Елнұр, Байсейіт Ермахан, Жанерке Төленбекова сынды жас әншілер болашағынан зор үміт күттіретінін байқатты. l ҚОРДАЙ Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Қамқорлық» үкіметтік емес ұйымы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған «Біз бір-бірімізге керекпіз» атты сауық кешін өткізді. l САРЫСУ Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек 9 мамыр – Жеңіс мерекесінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабылбек Шәменов, Михаил Авдеев, Қасымбек Қалқаман, Бекбембет Жанәділов, Адамбай Баймаханов, Самбек Егешов, Қабыл Ибіжановтың отбасыларына барып, Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ардагерлердің хал-жағдайымен танысып, сый-сияпат жасады.

Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол». ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ЗОР КҮШПЕН, ОРАСАН ШЫҒЫНМЕН ЖЕТКЕНІ АҚИҚАТ. ОДАҚ ҚҰРАМЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІ ДЕ АУЫР ЖАҒДАЙДЫ БАСТАН КЕШТІ. ҚАРУ ҰСТАУҒА ЖАРАМДЫ БАР АЗАМАТ МАЙДАНҒА АТТАНЫП, ҚАЛАДА, АУЫЛ-АЙМАҚТА БҰҒАНАСЫ ҚАТПАҒАН БАЛАДАН ЕҢКЕЙГЕН КӘРІГЕ ДЕЙІН КҮН-ТҮН ДЕМЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ.

ӘН ҚАНАТЫНДА

Адамзатқа алапат ажал оғын сепкен сол соғыстың Жеңіспен аяқталғанына биыл 69 жыл толды. Осы Ұлы Жеңіс мерекесі өңірімізде кең ауқымда аталып өтті. Атаулы күнге орай, облыс көлемінде соғыс және тыл ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді. 9 мамырда таңертең облыстық, қалалық мекемелер өкілдері, соғыс ардагерлері, көпшілік қауым Таразда орнатылған батырларымыз Б. Момышұлы, А. Сухамбаев ескерткіштеріне, «Мәңгілік алау» мемориалына, «Жеңіс» саябағындағы стеллаға, «Қарасу» мөлтек ауданындағы және Қант зауыты кентіндегі обелискіге гүл шоқтарын қойып, жеңісті жақындатқан жауынгерлер рухына тағзым етті. «Атшабар» скверіндегі «Даңқ» обелискісіне облыс

әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған топ салтанатты түрде гүл себеттерін қойды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батыр-жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қою рәсіміне облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов қатысты. Орталық «Достық» алаңындағы мерекелік шараға жиылған жұртшылық қанқұйлы соғыстың кенеттен басталып, ел басына күн туған сәтті, жас сарбаздардың майданға аттанып, жаумен айқаста жан алып, жан беріскен ерліктерін паш еткен театрландырылған қойылымды көру арқылы тарих қойнауына кеткен сол бір ауыр заманды көз алдарынан өткізді. Жеңіс күніне арналған салтанатты шараны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев құттықтау сөзбен ашты. – Жеңіс күні – қасиетті де қас¬терлі мереке. Бұл күн – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бұл адамзат тарихына алтын әріппен жазылған Ұлы Жеңіс күні. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен қаһармандықтың символы, Отанға деген адалдық пен патриотизмнің өлшемі.Бұл Жеңіс – елдің ортақ Жеңісі! Жеңіс күні біз Отан үшін отқа түсіп, Ұлы Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқан арыстарымызды еске аламыз. Олардың рухына тағзым етеміз. Жыл өткен сайын кешегі сұрапыл соғыстың дүрбелеңі алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен сол

«Қазақ елі болмаса, қадірімді кім білген?!.» ұлттық опера өнерінің жарық жұлдызы Майра Мұхамедқызы ел-жұртына жүрекжарды алғысын әсем әнімен осылайша әуелетті

ӘРБІР ӘНІН БАР ЖАН-ТӘНІН САЛА, АҒЫНАН ЖАРЫЛА, ҚАРА ТЕРГЕ МАЛЫНА ШЫРҚАҒАНДА ЖАНАРЫ НҰРЛАНА, ШАБЫТТАНА, СЕЗІМГЕ ШЕКСІЗ БЕРІЛЕ ЖАРҚЫЛДАП ШЫҒА КЕЛЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ МАЙРАСЫН КІМ БІЛМЕЙДІ? ТАЛАЙ ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРЫП, ҚАЗАҚТЫҢ ӨНЕРІ МЕН ӘНІН КҮЛЛІ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТІП ЖҮРГЕН ӨНЕР ИЕСІНІҢ ТУҒАН ЕЛГЕ ТАБАН ТІРЕГЕНІНЕ БИЫЛ 20 ЖЫЛДЫҢ ЖҮЗІ БОЛЫПТЫ. (Жалғасы 6-бетте)

бір сұрапыл жылдар халық жадында мәңгілік сақталып қалмақ. Соғыс әрбір отбасына үлкен қайғы-қасірет әкелді, жүректерге жазылмас жара салды. Ел тағдыры, жер тағдыры таразы басына түскен сын сағатта сол кездері бар-жоғы 400 мыңдай халқы бар бір ғана облысымыздың өзінен майданға 120 мың адам аттанды. Соның ішінде 32 мың азаматымыз ерлікпен қаза тапқан. Бірақ, олардың рухы мәңгі өлмейді. Есімдері – ел жадында. Бүгінде елге аман оралғандардың қатары сиреп барады. Бұл соғыста біздің қайсар мінезді жауынгерлеріміз батырлықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көрсеткені тарихи шындық. Майданда ерен ерлік көрсеткен 20 жамбылдық Кеңес Одағының Батыры атанды. Алтауы «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің елдігі мен ердің ерлігі еш уақытта ұмытылмайды. Бүгінгі күні арамызда жүрген соғыс және тыл ардагерлерінің самайларында Ұлы Жеңістің ерлік іздері жатыр. Біз жеңімпаздардың ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Сіздердің ерліктеріңіз, құрметті ардагерлер, бірліктеріңіз, отансүйгіш қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық. Өшпес өнеге, өлмес мұра, үлкен ұлағат деп есептеймін. Сондықтан да сіздерге басымызды иеміз. Бейбіт өмір тарту еткен ардагер ата-апаларымызға

қанша құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Тек қан майданда ғана емес, тылда да тынымсыз еңбек еткен қайратты да қайсар алдыңғы толқын ағаларға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз. Жеңімпаз әкелеріміздің жалындаған жігері, өршіл рухы болмағанда, біз мұндай мемлекетті құра алмас едік. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің жемісі, – деп облыс басшысы Кәрім Нәсбекұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, жалпы көпшілік қауымды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, баршасына зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі. «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты барлау ротасының ұрыс әдістері, әскери техниканы меңгеру шеберлігі көпшілік алдында көрсетілді. Олар Қазақстан эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлының қатысуымен ұсынылған мерекелік концертті тамашалады. Бұдан кейін «Сәтті» мейрамханасында ардагерлерге арналған мерекелік дастарқан жайылды. Кешке қарай облыстық филармония әншілері мен «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы да халық көңілінен шықты. Жеңіс күні облыстың барлық аудандарында да лайықты аталып өтті. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ҚАН МАЙДАННЫҢ ЖҮРЕКТЕ ЖАРАСЫ БАР

Батыр -елдің сәулеті, Балқұрақ - көлдің сәулеті. Халық мақалы.

НАЗАРДАҒЫ

НЫСАН

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БИЫЛҒЫ 90-ШЫ КӨКТЕМІН ҚАРСЫ АЛЫП ОТЫРҒАН ЖҰМАНАЛЫ ПАЗЕЛЬБАЕВТЫҢ ОТБАСЫНДА БОЛЫП, МАЙДАНГЕРДІ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Волхов, Ленинград, Смоленск бағыттарындағы майданда от кешкен батырдың ерен ерлігі өлшеусіз. Кейінірек Минск, Кишинев қалаларында, Украина, Эстония, Латвиядағы шайқастарға қатыса жүріп, бірнеше рет жарақат та алады. Осынау ел мен жер тағдыры сынға түскен ауыр күндерде, сондай-ақ бейбіт өмірде де ерлік пен ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақсақал: – Мен ол кезде 18-де едім. Отан үшін отқа түсуден тайсалмадық. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген. Қаншама мәрте ажал оғынан аман қалдым. Оққа ұшқан қаруластарымыздың мәйітінен аттап өтуге де мәжбүр болдық. Бірақ, ол кезде ойланып жатуға уақыт жоқ еді. Тек жаудың бетін қайтарып, олардың табанына жерімізді бастырмауды ғана білдік. Бүгінгі ұрпақ, келер ұрпақ бұл нәубетті көрмесе екен,- деді көзіндегі жасын іркіп тұрып. «Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Минскіні азат еткені үшін» деп басталатын отызға жуық ордендер мен медальдардың, құрметті марапаттардың иесі соғыс аяқталғаннан кейін 25 жыл ішкі істер органдарында басшылық қызметтер атқарыпты. Зейнетке шыққаннан соң да, Тараз қаласындағы №1 қарттар үйін он жылдай басқарған. Бар саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған ақсақал бүгінде немере, шөберелерінің қызығын көріп отыр. * * * Тараз қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Роза Карякина бүгінде 86 жасқа аяқ басты. Жеңіс мерекесінің құрметіне майдангер әжейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков арнайы құттықтап келді. Мерекелік тілегін арнап, гүл шоқтары мен түрлі түсті теледидарды тарту етті. Қарт ананы әңгімеге тартып, хал-жағдайын сұрады. Тіл-көзіміз тасқа, майдангер әжей әлі де ширақ. Өткен күндер тізбегі санасында сол қалпы сақталған. Ресейдің Тамбов облысында өмірге келген ол Воронеж қаласындағы мектепте оқиды. 1942 жылы сондағы госпитальда санитар болып еңбек жолын бастап, оған қосымша медбикелер курсында дәріс алады. Алған білімі мен жинаған тәжірибесінің арқасында Р. Карякина майданда жараланған қаншама жауынгерге көмек қолын созды. 1945 жылдан №275 ұшқыштар бөлімінің құрамында ұрыс қимылдарына қатысып, Днепропетровск, Одесса, Будапешт қалаларын жаудан тазартуға аянбай үлес қосты. Міне, осылайша ерліктің ерен үлгісін көрсеткен бойжеткен 1948 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушысы Григорий Карякинмен отау құрып, қасиетті қазақ жеріне көшіп келді. Одан жаман болған жоқ. Үш ұл-қыз тәрбиелеп, немере, шөбере сүйді. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолында Қордай, Байзақ аудандарында, Жаңатас қаласында есепші болып қызмет етті.

– Өмірлік жарым Григорий Карякин 1978 жылы дүниеден озды. Жалындап тұрған жастық шағымызда шаңырақ көтеріп, осында келген едік. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігінің арқасында Қазақстанға бауыр басып кеттік. Ана жылдары Ресейге, өзімнің туып-өскен жеріме қонаққа бардым. Шынымды айтсам, жергілікті тұрғындар салқындау көрінді. Ал, бізде қалай? Бәрі де бір үйдің баласындай татутәтті тұрып жатыр. Үлкенге құрмет көрсету дәстүрі жақсы сақталған. Еліміз күннен- күнге өсіп өркендеуде. Бейбітшілік бесігінде тербелген елімізде әрдайым тыныштық болса екен деп тілеймін, – деді Р. Карякина. * * * Осы күні Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Кудашкиннің үйі де шаттыққа кенелді. Майдангерді құттықтап келген облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов облыс басшылығының атынан түрлі түсті теледидарды сыйға тартты. Бұрынғы Семей облысының Алексеевка ауылында өмірге келген М. Кудашкин соғыс басталардан бұрын Меркі қант зауытында слесарь болып жұмыс істепті. 1943 жылы әскерге шақырылған ол Краснодаравиация мектебінде дайындықтан өткен. Сөйтіп көп ұзамай-ақ екінші Украина майданында атойлап ұрысқа кірген. Соғыс жылдарында Варшава, Будапешт, Вена қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. Ал, Жеңісті Одер өзенінің жанында орналасқан Бреслау қаласында қарсы алыпты. Соғыстан кейін де Австрияда әскери қызметін жалғастырып, 1950 жылы елге оралған. Бейбіт күнде автокомбинатта оқытушы болып еңбекке етене араласып, құрметті зейнетке шыққан қарт әлі де тың. Гүлжан РАХМАН, Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

НАТРИЙ ЦИАНИДІ. ОЛ ҚАНДАЙ ӨНІМ? ының

лас зауыт н а қ у ата н жаңа н жақы р а Қ сіне р кү е е г р р е і көт й о б ӨНДІРІССІЗ ӨЛКЕНІҢ ӨРКЕН ЖАЮЫ МҮМКІН ЕМЕС. ОҒАН КЕШЕГІ КЕҢЕС ОДАҒЫ КЕЗІНДЕГІ ФОСФОР ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НАҚТЫ ДӘЛЕЛ. ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕ ФОСФОР ӨНДІРІСІ ҚҰЛДЫРАУДЫ БАСТАН КЕШІРДІ. БІРАҚ ҚАРАТАУДЫҢ КЕН БАЙЛЫҒЫНА ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДЕН БАСТАП КІМ КӨЗ ТІКПЕДІ ДЕЙСІҢ. КӘДІМГІ ТАУДЫҢ ТАСЫНАН НЕБІР ЗАТТЫҢ АЛЫНАТЫНЫН АТАМ ҚАЗАҚ БІЛДІ ДЕЙСІЗ БЕ? БІРАҚ «БАЙЖАН ҰСТА КӨСЕГЕНІҢ КӨК ЖОНЫНАН ҚОРҒАСЫН АЛЫП, АТТЫҢ ЕР-ТҰРМАН ӘБЗЕЛДЕРІН, ҚҰРАЛ-САЙМАН ЖАСАП ЕЛДІ ҚАРЫҚ ҚЫЛЫПТЫ, НҰРМАХАНБЕТ ДИІРМЕНШІ ҚАРА ТАСТЫҢ ҚҰДІРЕТІ БАРЛЫҒЫН БІЛІПТІ» ДЕГЕНДІ КӘРІҚҰЛАҚ, КӨНЕКӨЗ ҚАРТТАРДАН ЕСТІГЕНІМІЗ БАР. НЕ КЕРЕК, КЕШЕГІ ҚАРАТАУ МЕН ЖАҢАТАС ФОСФОР ӨНДІРУДЕН ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛЕНДІ. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.