"Ақ жол" газеті PDF нұсқа №70-71 Бейсенбі, 15 мамыр 2014 жыл

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №70-71 (17927-17928), Бейсенбі, 15 мамыр, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

l

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

КҮШЕНГЕН ЖЕҢБЕЙДІ, КҮШІ КӨП ЖЕҢЕДІ Қорғаныс министрі облыста болды

Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол».

КЕШЕ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ СЕРІК АХМЕТОВ ОБЛЫСЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП, «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ. Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ ЛУГОВОЙ БЕКЕТІНДЕ С. АХМЕТОВ ДЕРБЕС МОТОАТҚЫШТАР ЖӘНЕ ТАНК БАТАЛЬОНДАРЫМЕН ТАНЫСЫП, ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ Б. МОМЫШҰЛЫ КЕНТІНДЕ ШОҒЫРЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРДЕН-БІР ДЕРБЕС ТАУ-ЕГЕРІ ПОЛКЫНДА БОЛДЫ.

l ТАРАЗ Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында арнайы іс-шаралар жоспарына сай орыс жазушысы К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісіне 85 жыл толуы аталып өтті. Кітапхана жанынан құрылған «Жас талант» драма үйірмесінің мүшелері оқырмандарға аталмыш ертегі желісі бойынша сахналық қойылым ұсынды. Оның қоюшыұйымдастырушысы Зәуре Сабыралиева. Бұл күнгі іс-шара шын мәніндегі кітап мерекесіне айналды.

l МЕРКІ Таяуда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Меркі ауданы №18 Ақкөз Қосанов атындағы орта мектепте «Жаратылыстану білім мазмұнын экологияландыруда жергілікті материалды қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында республикалық экологиялық семинар-практикум өткізілді. Оған республикалық «Гүлстан» ғылыми-танымдық журналы, «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі, Оңтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық орталық және облыстың барлық аудандарынан мамандар қатысты.

l ТАЛАС

Министр облыс орталығында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасына, дербес тау-атқыштары құрамасына және гарнизондық әскери госпиталіне атбасын бұрды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде болған қорғаныс ведомствосының басшысы әскерге шақыру науқаны барысымен танысып, жастарды сапалы іріктеу туралы нақты тапсырмалар қойды. Министр Серік Нығметұлы аталған департаменттің облыстық жинақтау пунктіндегі қызметтік кабинеттерді, әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша жинақтау пунктін, әскерге шақырылушылардың казармасын, асханасын, кәсіби-психологиялық іріктеу сыныбын, медициналық комиссия бөлмелерін аралап көрді. Осында әскерге шақырылушылармен кездесіп, олардың Отан қорғауда азаматтық борыштарын мінсіз атқаруларына тілек білдірді. С. Ахметов Тараз гарнизонындағы бөлім командирлерімен болған кеңесте Мемлекет басшысы назар аударып отырған еліміздің оңтүстігінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жүктеген міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, әскерлердің даярлық сапасы мен әскери қызметшілердің машығын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған тапсырмаларды табысты орындау үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалғанын атап өтті. Қарулы Күштерді дамытуға, әскерлерді жарақтандыру мен әскери инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға жұмсалатын қаражат жыл сайын артып келеді. С. Ахметов әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жоғары деңгейде ұстап тұрудың, кәсіби және жауынгерлік даярлық сапасын арттырудың, жоғары әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтіп, өңірлік қолбасшылық басшылығына шалғайдағы бөлімдер мен бөлімшелерге, әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысына айрықша көңіл бөлу туралы тапсырма берді. Қорғаныс министрі: «Аудандағы әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілетінің артуы осындай жұмыстардың нәтижесіне байланысты»,– деді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақов барлық кездесулерде министрмен бірге жүрді.

Ойық ауылындағы «Қойшыбай» шаруа қожалығы көктемгі қам-қарекет жұмысын бастап кетті. Олар Бөрібай каналы бойындағы 35 гектар алқабына ерте пісетін торлама қауынның алуан түрін егіп тастады. Диқандар сонымен қатар қарбыз егу үшін жерін дайындап, ылғалдандырып жатыр.

l Т. РЫСҚҰЛОВ Луговой елді мекенінде он екі мыңға тарта халық тұрады. Қазірдің өзінде 3040 түтіні бар ауылдың 220 тұрғыны үйіне газ кіргізіп те алды. Жыл аяғына дейін «Таразгаз» және «ҚазТрансГазАймақ» 1500-ден аса аулаға газ кіргізбекші. «Көгілдір отын» алған Әбіқұлов, Әденұлы, Т.Рысқұлов, Шәймерден, Жантелі батыр, Әбдікерім және Теміржолшы көшелерінің тұрғын халқы экологиялық жағынан таза отын кіргізіп алып, қуаныштары қойнына сыймай отыр. Енді, Максим Горький атындағы мектепке газ тарту үшін құжат әзірленуде. l САРЫСУ «Санжар мен Қайсар» балалар фильміндегі Нұрбектің рөлін ойнаған балғын актер, жас өнерпаз Алматы қаласындағы А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Жасұлан Көпберген Жаңатас қаласындағы аула клубы тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Кездесуде ол балаларға арналған кино туындылары, өзі сомдаған рөлдері жайлы әңгімелеп, қатар-құрбыларына өнер әлемі туралы сыр шертті.

а у ы з сө з р і Б

«ҚАСИЕТ»

деген сөздің қасиетін кетіріп алмайық

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Қ

азіргі кезде «қасиет» деген сөзді қалай болса солай қолдану әдетке айналып бара жатыр. «Қасиет» деген сөз, меніңше, жақсылыққа байланысты айтылады. Бірақ оны алады да «адам бойындағы жаман қасиеттер» деп қолданады. «Жаман әдеттер» деуге болмай ма? Одан кейін «орай» деген сөз де дұрыс қолданылмай жүр. Қазақта «орайын тауып», «орайы келіп» деген сөз бар. Ал енді біреулер: «өкінішке орай» дейді. «Өкінішке қарай» деуге болмай ма?

l КӘСІПКЕРЛЕР МӘЖІЛІСІ l

КӘСІПТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

НӘСІПТІҢ ӨЗІН ТАБАДЫ

Ел күйінгенде күйінген батыр, Ел сүйінгенде сүйінген батыр Ерегісте мыңға татыр. Халық мақалы.

Облыста 300-ден астам ірі және орта бизнес субъектілері, 20 мың жеке кәсіпкер және 15359 шаруа қожалығы бар Амангелді ӘБІЛ, Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

Бақтыгүл ӘБДІБАЙҚЫЗЫ.

Кеше облыстық кәсіпкерлер палатасының бірінші конференциясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Құрбанова, облыстық құқық қорғау, басқарма басшылары, қаржы институттарының жетекшілері мен өкілдері, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдарының жетекшілері, өңірге белгілі кәсіпкерлер қатысты. Облыстық кәсіпкерлер палатасының алғашқы ұйымдастырып отырған алқалы басқосуы алдында М. Үркімбаев атындағы Жастар сарайының алаңындағы «Кәсіпкерлер аллеясына» конференцияға қатысушылар тал көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің демеушілігімен жасалған параплан «Жастар авиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің болашақ ұшқыштарына салтанатты түрде тапсырылды. Конференцияда алғашқы сөзді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Г. Құрбанова алып, ел кәсіпкерлерінің ұйытқысына айналған іргелі құрылымның тыныс-тіршілігі жайлы кеңінен хабардар етті. 15 жылдан бері Үкіметпен бірлесе жұмыс істеп келе жатқан ұлттық палатаның республика бойынша 16 өңірлік палатасы құрылып, барлық облыстың аудандарынан филиалдары ашылыпты. Шағын және орта бизнес саласына бөлінген қаржының көбіне облыс орталығында қалып, аудандарға жете бермейтініне назар аударып, ендігі жерде осындай мәселелермен өңірлерде ашылған осы құрылымдар айналысатынын жеткізді. Дегенмен, ол бірқатар өңірлерде, оның ішінде Жамбыл облысында кәсіпкерлерге нақты қамқорлық жасалып жатқанын да атап көрсетті.

Байзақ ауданы, Түймекент ауылы.

МАРАПАТТАУ Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімдерімен көп жылғы жемісті еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Талас инвестмент компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Бақтияр Әбілқайырұлы АЛДАШОВ, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясы №3 бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі Мақұлбек Ахметұлы АХМЕТОВ, зейнеткер Аманқұл Көпенұлы НЫСАНБАЕВ облыстың Құрмет грамотасымен марапатталды.

(Жалғасы 2-бетте).

l «ҚАЗАҚСТАН – 2050»: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖЕТІ КҮН ЖАУҒАН ЖАҢБЫРДАН

ЖЕЛІП ӨТКЕН СУ АРТЫҚ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ САЛАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЛЕУЛІ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ. АУДАНДА 2013 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА 12,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ. МҰНЫҢ ӨЗІ 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЕДӘУІР АРТЫҚ. КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ЕГІНШІЛЕР НАРЫҚТА ӨТІМДІ ДАҚЫЛДАР МЕН БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІН КӨПТЕП ӨСІРУГЕ КҮШ САЛУДА. ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ КӨКТЕМІНДЕ ТАПСЫРМАДАҒЫ 5700 ГЕКТАР ОРНЫНА, 5759 ГЕКТАР АЛҚАПҚА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ТҰҚЫМЫ СЕБІЛДІ. ҮРМЕ БҰРШАҚ – 52, ҚОНАҚ ЖҮГЕРІ 52 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛЫП, ТАПСЫРМА ТОЛЫҚ ОРЫНДАЛДЫ. БАЙЗАҚТЫҚТАР СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ЕҢСЕРУ МАҚСАТЫНДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТӘСІЛІН КЕҢІНЕН ҚОЛДАНУДА. АУДАНДА ОСЫ ӘДІСПЕН 2012 ЖЫЛЫ 95 ГЕКТАР АЛҚАП ЫЛҒАЛДАНДЫРЫЛСА, ӨТКЕН ЖЫЛЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ 193 ГЕКТАРДЫ ҚҰРАДЫ. ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫ ОНЫ 400 ГЕКТАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ.

Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». «Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық». Сейсенбі күні сәске түсте Байзақ ауданындағы алқапқа жеттік. Көктемгі егіс-дала жұмыстары толық аяқталыпты. Дихандар, енді, арықпен су жетелеп, бітік өнімнің қам-қарекетіне кіріскен. – Ауданда 56760 гектар егістік бар, оның суармалысы – 27620. Оны игерумен бүгінде 2764 шаруа қожалығы айналысуда. Меморандумға сәйкес 2014 жылдың өнімі үшін күздік тұқымы 6500 гектар алқапқа орналастырылды. Олар жақсы «қыстап» шықты. Егіншілеріміз дәнді және майлы дақыл, картоп, көкөніс және бақша дақылдарының тұқымын себу жөніндегі тапсырманы барлық түрінен асыра орындады, – дейді Байзақ ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков. Агроқұрылымдар осы мерзімде арпаны – 5811 (тапсырма – 4900), картопты – 605 (тапсырма – 600), көкөністі – 4915 (тапсырма – 4900), көпжылдық шөпті – 4565 (тапсырма – 4200) және 1900 гектар егіске жүгері тұқымын сеуіп, белгіленген тапсырманы асыра орындаған. Болашақ өнімге берік негіз қалаудағы Түймекент, Жалғызтөбе және Бурыл ауылдық округтері диқандарының жақсы істері айрықша атап өтуге тұрарлық. Ынтымақ ауылдық округінің аумағындағы «Ынтымақ-2004» шаруа қожалығы дәнді, майлы д а қ ы л д а р ж ә н е к ө п ж ы л д ы қ ш ө п ө с і ру м е н

шұғылданады. Қожалық үстіміздегі жылдың өнімі үшін өткен жылдың күзінде 300 гектар алқапқа күздік бидай тұқымын сепкен. Көктемде жаздық арпа – 400, мақсары – 250 және көпжылдық шөп 20 гектар алқапқа орналастырылған. Бұған қоса 80 гектар көпжылдық шөп алқабы бар. Жиырма адамға жұмыс тауып беріп отырған агроқұрылым жыл сайын орта есеппен 20 миллион теңгенің егіншілік өнімін өндіреді. Бұл істе мол тәжірибесі бар ынтымақтықтар көктемгі егіс науқанын қысқа мерзімде бітірген. – Мамыр айының басында күннің күрт ысуы, одан кейін солтүстік шығыстан ызғырық желдің үздіксіз соғуы егіннің өсуіне үлкен кедергі келтіруде. Сондықтан да ауыл іргесіндегі Ынтымақ бөгеніндегі қыс және көктем айларында жиналған 300 текше метр суды дәнді дақыл егістіктеріне бағыттаудамыз. Қолда бар мүмкіндікті барынша ұтымды пайдаланып, 50 гектарға жуық алқапты ылғалдандыру көзделуде, – дейді «Ынтымақ-2004» шаруа қожалығының жетекшісі Еркін Сандыбаев. Үстіміздегі жылғы ауа райының аса қолайсыздығы өзгелер сияқты байзақтықтарды да үлкен сынақтан өткізуде. Аудан диқандары ағын судың әр литрін тиімді пайдаланып, оны егіс алқаптарына бағыттағаны көңілге қуаныш ұялатты. Бірқатар егіншілер дәнді дақылмен қатар көкөніс алқаптарын суаруға да кірісіп кетіпті. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН. Байзақ ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.