СІЗ не дейсіз? Ќатерлі ісікке ќарсы ќауќар ќалай? Атала қалса, сырқаттанушының үрейін алып, зəресін ұшыратын осы аса ауыр дертке шалдығушылар саны жыл сайын ұлғаймаса азаймай отырғаны анық. Мəселен, Қарағанды облысында 18 мыңнан астам адам онкологиялық аурулар бойынша есепке алынған. Қауіпті кеселге қарсы күрес қалай ұйымдастырылып отыр? «Егемен Қазақстанның» аймақтағы тілшісі Айқын Несіпбай облыстық онкологиялық диспансер директорының орынбасары Татьяна Хайтидиге: – Сіз не дейсіз? – Алдымен айтып өткенде, аталған аурудың алдын алу, емдеумен шұғылданатын біздің онкологиялық диспансер кезінде Кеңес Одағындағы белді орталық саналса , бүгінде де жылдар бойы жинақталған іс-тəжірибеге лайық қызмет көрсетіп келеді. Ең қатерлі науқас болып тұрған оның түрлерін анықтап, ем қолдану қашанғыдай оңайлыққа соқпай отыр деуіме болады. Əйт кен мен, қазіргі медицина жетістігі, жаңа арнаулы құрал-қондырғылар, мамандар біліктілігі бетін қайтаруға мүмкіндік береді. Əсіресе, бастапқы сатысында дерттің дендеп кетпеуіне тосқауыл қою мүмкіндігі молайып отыр. Соңғы жылдарда өкінішке қарай, онкологиялық ауру түрлері ұлғайды. Соның ішінде тері рагі жиі ұшырасады. Асқазан, бауыр, бүйрек, өкпе, тоқ ішек, сүт бездері ісіктерінің де пайда болуы аз емес. Бұрын бұлар көбіне егде тартқан адамдарға жабысушы еді, енді орта жəне одан да жастардың арасында жиі кездесуде. Облыс бойынша былтыр 3342 адам қатерлі ісік белгілерімен тіркелсе, мұның өзі алдындағы жылдан көптеу. Иə, не істеліп жатыр, не істелу қажет дегенге тоқталсақ, онкологиялық ауруларды емдеуде қолданатын əдістердің 90 пайызын əріптестерім жүзеге асыра алады дер едім. Шетелдерде біліктілік тереңдетіп отыратын олардың біразы міндеттеріне жетік. Бізді алаңдатарлық жайдың бірі соны үлгідегі медициналық жабдықтардың əлі де толықтай қамтамасыз етіле қоймауы болып тұр. Онколог дəрігерлерге зəрулік бар. Сондай-ақ, бұдан 30-40 жыл бұрын салынған ғимарат ескірді əрі тарлық етуге айналды. 350 орындық аурухана да сондай күйде. Дəрігерлерге қаралуға кезекке тұрушыларды қабылдау, емдеу кабинеттері жетіспейді. Осы орайда, қиындық скринингтік тексерулер жүргізу кезінде аса білінеді. Қатерлі ісікке қарсы күресті күшейтуге қазір барлық мүмкіндіктер баршылығына , талап та жоғары екендігіне разымыз. Сөз ретінде аймақтық он кологиялық ғылыми-зерттеу институтын құру ойластырылуы керектігін атап айтар едім. Ол медицинадағы өткір мəселені шеше білуді жетілдіруге ұйытқы болар еді. Аймақтағы экологиялық жағдай мен басқа түрлі себептерге байланысты бұл дерттің жиірек ұшыраса бастауы Жезқазған өңірінде бөлек онкологиялық аурухана салу қарастырылуы қажеттігін айқын сездіріп отыр. ҚАРАҒАНДЫ.
№71 (28010) 20 АҚПАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Конституция – діни сенім бостандыєыныѕ кепілі
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуге Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин, Президент Əкімшілігінің Бас шысы Кəрім Мəсімов, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шəріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров, сондай-ақ облыстардағы өкіл имамдар қатысты. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу еліміздің барлық мұсылмандары үшін елеулі оқиғамен тұспа-тұс келгенін атап өтті. – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа төрағасы сайланды. Ержан Маямеров əлемдегі ең танымал ислам оқу орындарының бірі – Египеттегі əлАзһар университетін бітірген. Тəжірибесі жеткілікті, ол діни басқарманың аймақтық құрылымын басқарған. Баршаңыз бірлесіп жемісті еңбек ететіндеріңізге сенемін, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ислам халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып табылатынын атап көрсетті. – Тəуелсіздігімізбен бірге ата дінімізді қайта оралттық. Діни басқарма 2228 мешіттің басын қосып, мұсылмандарды ұйыстырушы орталыққа айналды. Халқымызды ортақ рухани құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне топтастыруға ұйытқы болды. Бүгінде қоғам, əсіресе, жастар дінге бет бұруда. Исламды ұстануды сəнге айналдырмау керектігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу керек, – деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Діни басқарма алдында тұрған бірқатар міндеттерге назар аударды жəне Діни басқарма мен мемлекеттік органдар арасындағы рухани-ағартушылық сондайақ, əлеуметтік саладағы ынтымақтастықты нығайта түсуге жете көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
– Дін істері агенттігі құрылды. Оның көмегімен діни конфессиялар толғағы жеткен мəселелерді мемлекетпен бірге шешуге тиіс. Агенттіктің өзі діни ахуалға мониторинг жасау жөнінде жұмыс жүргізеді, бірақ бұл ретте мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды. Алайда, Конституцияны, заңдарды сақтауда, елдің бірлігін нығайтуда мəселе туындап жатса, онда бұл жерде ешқандай бөлінушілік болмауы керек. Баршаңыз білесіздер, бүгінде əртүрлі діни ағымдар пайда болды. Мешіт қызметшілері түрлі теріс ағымдардың қандай екенін, ал исламдағы дəстүрлі бағыттың қайсы екенін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, əсіресе, жастармен жұмыс жүргізе білулері керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы шариғат заңдары аясында Діни басқарманың қоғамдағы өзекті мəселелерге қатысты пəтуалар шыға рып отыруды қолға алуы қажеттігін атап өтті. – Еліміздегі дəстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқар масы.
Діни қатынастарды реттейтін жақында қабылданған Заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи бағытының орны мен рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл – өте дұрыс. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сон дық тан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Консти ту ция кепілдік береді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа басшылығын өзге діни бірлестіктермен бірлесе отырып, өзара түсіністік, тағаттылық жəне діни төзімділік дəстүрлерін нығайтуға шақырды. Бұған қоса, этносаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды одан əрі жалғастыру қажеттігін атап көрсетті. – Діни басқарма өкілдері тек дін саласында ғана емес, өзге салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс. Өздеріңіз білесіздер, ел халқына таяудағы Жолдауда біз 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын айқындадық. Бұл – кеңестік кезеңнен
Тасќынєа тас-тїйін дайындыќ ќажет Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында өңірлердің көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына əзірлігі талқыланды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Отырыста Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко еліміздің алдағы су тасқыны қаупіне дайындығы барысын баяндады. «Су тасқыны қаупін анықтау үшін қалыптасқан жағдайды талдаудан өткіздік. Биыл Ақ мо ла, Қостанай, Қарағанды облыстарында
АҚПАРАТТАР аєыны Шығыс Қазақстан көктемгі қардың еруі қарсаңында Үкіметтен көмек сұрады. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, аймақтағы 97 гидротехникалық құрылғының 37-сі толық жөндеуді қажет етеді. Қазір бұл өңірде қардың қоры нормадан 2-2,7 есеге асып отыр. Жазықтағы қардың биіктігі 70-120 см., ал тауларда 2,5-3 метрге жуықтап қалған көрінеді. Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы шараларға 31 млн. теңге қарастырылды. Осыған орай мұнда 165 тонна жанаржағармай, 60 мың қап, 335 текше метр тастар, 1 мың тонна инертті материалдар əзірленді. Төрт жарғыштар бригадасын, қажеттілігіне қарай тікұшақты тарту жоспарланған. Астанада 99 жерасты жəне жерүсті өтпе жолын салу қажет. Елорданың жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы жаяу жүргіншілерге арналған 26 жерасты жолының жоспарын
қардың қалыңдығы көп жылдық орташа мөлшерден 20-дан 50 пайызға жоғары», деді В.Божко. Аса қауіпті жағдай Алматы жəне Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы жəне кейбір жазық аймақтарда қалыптасқан, ол жердегі қар көлемі біржарым жылдық норманы құрайды. Сонымен қатар, қар қалың жауғандықтан Өскемен қаласында төтенше жағдай режімі
жарияланған. Бұған қоса Көксу, Лепсі, Бұқтырма, Об, Тобыл, Торғай, Нұра-Шағалы, Нұра, Кеңгір, Ше рубай-Нұра, Сырасу өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін деп болжануда. Министрдің айтуынша, су тасқынының басты факторы қардың көп түсуінен бөлек, температуралық ауытқу, сонымен қатар аумақтар мен қалалардың дайын болмауы, өзен арнасының, су өткізу жəне гидротехникалық құрылыстардың арық-канал жүйелерінің ластануы болып табылады. В.Божко су тасқынына сапалы дайындықты қамтамасыз ету
дерегі де бар. Оның мөлшері 299 мың 110 теңгені құрайды. Жамбыл облысында қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзған мыңнан астам жүргізуші тоқтатылды. Операцияны өткізу күндері жол полицейлері облыс аумағында жол қозғалысы ережелерінің 1 153 бұзушылығын анықтады. Олардың арасында көлікті мас күйінде жүргізудің – 22, жылдамдықты асырудың – 288, жолдың қарсы бетіне шығудың 17 фактісі бар. Қазақстан аймақтарының жастар орталықтары бірыңғай республикалық кеңес құрады. Бүгін Павлодар қаласында Астана, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Өскемен жəне Шымкент аймақтық жастар орталықтарының бірінші республикалық кездесуі өтеді. Жастар өкілдері онда жоғарыдағы мəселені талқылайды. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
–––––––––––––––––
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Таєайындау
үшін Елбасының тапсырмасымен бірқатар облыстардың осы іс-шараларға бюджетті көбейтуді қолға алғанын да атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес облыстық мəслихаттар тасқынға қарсы ісшараларға арналған бюджетті үстіміздегі жылы 5,4 млрд.-тан 14 млрд. теңгеге дейін ұлғайтқан. Оның ішінде, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайларға бюджетті – 19, Астана қаласы – 15, Қостанай – 11, Оңтүстік Қазақстан 5 есеге көбейткен. (Соңы 3-бетте).
Бїгінгі нґмірде: əзірледі. «Болашақта қаржы бөлінсе, қалада жалпы саны 99 жерасты жəне жерүсті жолын салу қажет», делінген баспасөз хабарламасында. Солтүстік өңірлерде ақпан-наурыз айларында қалың қар жаууы ықтимал. Бұл туралы кеше селекторлық тəртіптегі Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мəлім етті. «Бұл ретте БҚО-ның төтенше жағдайларға арналған бюджеттік бабындағы қажеттілік – 19, Астана қаласында – 15, Қостанай облысында – 11, ОҚО-да 5 есеге өсті. Бұдан бөлек Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары өздерінің бюджетінен қосымша қаржы бөлмеді. Бұл тасқынға уақытылы əсер ету шаралары тиімділігін төмендетуі мүмкін», деді ол. Қызылорда облысында соңғы аптада 103 қылмыс тіркеліп, тəулік ішінде оның 56-сы ашылды. Бұлардың арасында бір мекеме бастығының 2011 жылдың қыркүйегінен бері өз қызметкеріне жалақысын бермеген
белгілі жай жоспарлау ғана емес, мемлекет дамуының негізгі бағыттарын, нақты мақсаттарға жетудің жолдарын жəне біздің болашақты қалай көре білетінімізді аңдататын ұзақ мерзімді құжат. Бұл орайда, дін қайраткерлері жұртшылыққа еліміздің игілігі үшін одан əрі жұмыс жүргізу қажеттігін ұғындырғаны жөн, – деді Қазақстан Президенті. Өз сөздерінде Ержан Маямеров пен діни басқарма өкілдері ұлтаралық жəне дінаралық татулықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ елдегі рухани бірлік пен келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы басшылығына атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдіріп, кездесуге қатысушылардың ел мүддесі жолындағы істеріне табыс тіледі.
Айќын да жарќын баєдарлама 2-бет
Логистика мен іскерлік хабы – Ўлы Жібек жолыныѕ жалєасы 4-бет
Абылай: кґне шындыќќа жаѕа кґзќарас 5-бет
Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Ысқақұлы Омаров Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Ақылшыұлы Күзетов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.
Бас мїфти сайланды Кеше Назарбаев орталығында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VII құрылтайы өтті. Құрылтай Астана қаласындағы «Əзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Еркебұлан Байғабыловтың қасиетті Құран аяттарын оқуымен ашылып, елдің амандығы мен берекетті тіршілігін тілеген дұғамен жалғасты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Мұнан соң шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі хазірет құрылтайдың күн тəртібімен таныстырып, оның осыдан бірнеше күн бұрын өткізілген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқасында қаралып, бекітілгенін мəлім етті. Ол бойынша Қазақстан мұсылмандары құрылтайы делегаттары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасының жəне Ақылдастар алқасы мен Ғұламалар кеңесінің, Қазақстан қа жылар қауымдастығының ел халқына арнаған үндеуін қабылдау, Бас мүфти мен ҚМДБ басшылығын сайлау, тексеру, мандат комиссияларының құрамын бекіту сынды мəселелер енгізіліпті. Құрылтай жұмысына қатысқан Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шəріп делегаттар алдында сөз сөйлеп, онда былтырғы
жылы Қазақстан мұсылмандарының өз тарихында бірінші рет жаңадан қабылданған «Дін туралы» Заңның баптарына сəйкес «Республикалық діни ислам бірлестігі» болып құрылғанын қанағаттанарлық сезіммен атап өтті. Қазіргі күні, деді ол, еліміздегі кез келген мешіт Қа зақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып саналады, осыған қол жеткізілді. Құрылтайдың күн тəртібіндегі маңыз ды мəселе – Қа зақстан мұсылмандарының діни басшысы кім болады деген сауал-тын. Ол жөнінде Астанадағы «Əзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлының ұсынысы қолдау тапты. Қайрат Жолдыбайұлы Бас мүфтилікке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы Ержан Маямеровтің кандидатурасын ұсынды. (Соңы 3-бетте).