№37 (197) = 17 қазан = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Елбасы «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитінің пленарлық сессиясына қатысты Мемлекет басшысы «Қаржылық жəне экономикалық ынтымақтастықты Еуропа мен Азияның кеңейіп келе жатқан өзара байланыстары арқылы дамыту» тақырыбына арналған пленарлық сессияда сөз сөйледі. Қазақстан Президенті қазіргі қауіптер мен сын-қатерлерге лайықты жауап іздеу міндеті Еуропа мен Азия мемлекеттерін біріктірілген күн тəртібін қарастыруға мəжбүрлеп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысты еңсерудің ең тиімді жолы ретінде Еуразиялық өңірдің ықпалдастық əлеуетін ашуды атады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы құрлықтағы ынтымақтастықтың болашағына қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Қазақстан Президентінің пікірінше, халықаралық ынтымақтастықтың парадигмасын өзгерту қажет, бұл протекционистік кедергілерді жою мəселесінде нақты ісəрекеттерге көшуді, нарықтарды ашып, өзара сауданы ұлғайтуды білдіреді.
Мемлекет басшысы тағы бір бағыт ретінде жаһандық қаржы архитектурасының трансформациясын, қаржы секторындағы теңгерімсіздікті еңсеруді, халықаралық капитал қозғалысын реттеудің тиімді моделін əзірлеуді атады. Қазақстан Президенті жаңа қаржылық дəнекер көпірлердің қажеттігін айтты жəне бұл орайда өңірлік қаржы орталығы – Алматы-
ның үлкен əлеуетке ие екенін атап өтті. Тұтас өңірді дамытудың тағы бір негізгі шарты көлік-транзит инфрақұрылымын нығайту, соның ішінде Еуропаның Азияға қысқа əрі қауіпсіз жолын қамтамасыз ететін Ұлы Жібек жолын жаңғырту болып саналады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев заманауи технология-
лар мен энергетикалық ресурстарға қолжетімділіктің маңыздылығына назар аударды. Қазақстан Еуропа мен Азия үшін тұрақты түрде энергетикалық ресурстар жеткізуші ретінде энергетикалық бағдарларды одан əрі əртараптандыруды күшейтуге күш салуда. Өңірдің орнықты дамуы үшін Еуразиялық Экономикалық Одақ негізгі буынына айналатын жалпықұрылықтық инфрақұрылым қалыптастыру басым маңызға ие болып саналады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Азия мен Еуропаға бір-бірін қайта тани түсу, өзара ықпалдастықтың мүлде жаңа негізін қалау қажет болып отырғанын атап өтті. Экономика жəне қаржы саласындағы халықаралық əрекеттерді үйлестірудің платформасына Қазақстан ұсынған «G-GLOBAL» бастамасы айналуы мүмкін. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан «Азия-Еуропа» форумының толыққанды мүшесі ретінде диалог пен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты көмек көрсетуге əзір екенін айтты. Akorda.kz
«ЌАРА ЌАЙСЫ, ХАН ЌАЙСЫ, ЕЛДІ ОЙЛАЄАН ЖАН ЌАЙСЫ» Тəуелсіз еліміз сатылап, сан соқпақтан өтіп, бүгінгі жаһандық беделі биік күнге жүзі жарқырап жеткен болса, оны егемен мемлекеттің сан саласын түлетіп, дамытқан биік тұлғалы азаматтардың жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен іскерлігінің жемісі деу керек. Соның ішінде Қазақстанды зайырлы, құқықтық мемлекет ету жолында жан аямай тер төккен білікті заңгерлеріміздің көпшілігі əлі күнге сот саласында жемісті еңбек етіп келеді. Міне, сондай сот жүйесін жетілдіруге сүбелі үлес қосқан жандардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шəріпов сынды ел ағаларының этно-демографиялық жағдайы өте күрделі өңірде халықтың заңды мүдделері мен құқықтарының сақталуына, олардың еркін өмір сүріп, еңбек етуіне жағдай жасап отырғаны – қара қылды қақ жарар əділдігі мен адалдығының арқасы. Алайда...
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2013 жылдың 20 қарашасында өткен Қазақстан судьяларының VІ съезінде: «Қазақта «билік айту оңай, біліп айту қиын» деген сөз бар. Əділ қазылық ету – кез-келген судьяның қасиетті па-
рызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би адал, əділ болуы керек. Қазы – халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған əділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмəн келтірмейді», - дей келіп, «жeкeлeгeн судьялардың кəсіби біліктілігінің төмeндігі, моральдық-этикалық бeйнeсінің нашарлығы қазақстандық сот жүйeсіндeгі кeмшіліктің бірі» eкeнін eскeрткен еді. Расында, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» демекші, біліксіздігінен бе, əлде тəжірибесіздігінен бе, болмаса қу құлқынның қамымен бе, əйтеуір, дұрыс жолдан бұра тартып, халықтың сот билігіне деген сенім-құрметіне селкеу түсіріп жүрген судьялар арагідік болса да кездесіп қалатынын жасырып, жаба тоқуға болмас. Редакциямызға Кентау қаласының тұрғыны Айгерім Тлеуова телефон шалды. Тұтқаның ар жағындағы дауыстан оның шарасыз халде екенін бірден аңғардық. Өзін таныстырып болған соң, ол: «Отбасымызға тиесілі заттарымыздың барлығын əлдебіреулер ұрлап кеткен еді. Құзырлы органдар оларды кімнің қолды еткенін тапқанымен, Түркістан қалалық сотының судьясы кінəлілерді сот залынан кінəсіз етіп, ақтап шығарды. Ұрлыққа қатысы бар деп танылған адамдардың «кінəсі дəлелденбеуіне» байланысты олар енді бостандықта жүр. Бұл қалай болғаны? Енді əділдік іздеп барар жер, басар тауым қалмады. Осы жайдың ақ-қарасын ажыратып беріңіздерші», деді абыржулы дауыспен. Түркістанның алар
А. Тлеуова
немесе судья Мыңжановтың үкімі сақшыларды сан соқтырды ма?
Осындай ілкімді істердің қатарына Түркістан қаласы прокурорының жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мəселелері жөніндегі қоғамдық кеңес жұмысын айтуға болады. Қала прокуроры Артықбек Пашаевтың өзі төрағалық ететін кеңестің құрамында қалалық «Нұр Отан» партиясы, «Ақсақалдар алқасы», «ҰОС жəне еңбек ардагерлері кеңесінің» өкілдері жəне облыстық жəне қалалық мəслихат депутаттары, журналистер мен өзге де сала мамандары бар. Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты – қоғамдағы түрлі қылмыстар мен келеңсіз жағдайлардың орын алуының алдын алу. Осы тұрғыда қаламызда қоғамдық кеңестің нəтижелі жұмысының жарқын көрінісі болып табылатын бірқатар жемісті жетістіктерін ерекше атап өтейік. Қазіргі таңда көңілдері жарасқан екі жас отау құрып, шаңырақ көтерсе, шат-шады-
Жақында Шымкент қаласында «Мəңгілік ел – ұлттық идеямыздың түпқазығы» атты «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға арналған саясаттанушылардың республикалық конференциясы өткен болатын. Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған басқосуды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали ашып, Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ұлтты ұйыстырып, еліміздің əрі қарай дамуына жоспар жасап бергенін айтты. Ал осы жиынға қатысқан белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин «Мəңгілік ел» идеясының өзектілігін ерекше тоқталды. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың əр жылдардағы Жолдауларының тақырыптарын тілге тиек етіп, олардың əрқайсысының стратегиялық мақсаттарын тарқатып берді.
Ерлан ҚАРИН, саясаттанушы:
«МЕМЛЕКЕТШІЛДІК – АДАМНЫҢ САНАСЫНДА ЖƏНЕ ЖҮРЕГІНДЕ» - АҚШ, Ресей сынды алып империялардың басшыларының жолдауларын алып қарасаңыз, қысқа мерзімге арналған ішкі, сыртқы саясатындағы мəселелері баспасөз баянына ұқсайды. Ал біздің мемлекет басшысының жолдауы стратегиялық маңызы бар дүние. Елбасы стратегиялық бастамаларды көтерді. Тұжырымдамалық тақырыптарды ұсынды. Жолдау ғана емес үндеу деп айтуға болады. Дала империясын құрған ата-бабаларымыз мəңгілік ел болуды аңсайтындарын тасқа қашап жазып кеткен. Геосаяси жағдай тым күрделеніп отырған шақта ұлтты ұйыстыра білу асқан көрегенділік. Жуырда ғана Ресей президенті «Русский мир», Түркия президенті «Жаңа Түркия концепсиясын» ұсынды. Ал Елбасы «Мəңгілік елді» олардан əлдеқайда бұрын ұсынған болатын. Олардан бұрын ұсынуы – алдағыны алдын ала болжай білуінде. Елбасының саясатын түсіндірген кезде, көп нəрсені нақты бір мысалдармен жеткізу керек деп ойлаймын. Біз Орталық Азияда барлық көршілерімізбен шекара мəселесін тиянақты түрде даусыз шешіп алған елміз. Елбасының қарым-қатынастарды түзу өнерінің арқасында біз оны нақты түрде шешіп алдық. Мұны неге айтып отырмын? Мысалы, Қырғызстан, Тəжікстан мен Өзбекстанды қараңыз. Биыл бұл елдердің арасында шекара бойында алты қақтығыс
орын алды. Баяғыдай күрекпен бір-біріне қарсы шығатын жəй қақтығыс емес, қарумен өткен қақтығыс орын алуда. Шекарада тəжік пен қырғыздың əскерлері автоматтың оғы аздай, енді бір-бірін минометпен атқылап жатыр. Себебі, шекараның 500 шақырымдық жері əлі анықталмаған. Біз мемлекетті құрдық. Мемлекеттілікті нығайттық, енді мемлекетшілдікті нығайту керек. Мемлекетшілдік – адамның санасында жəне жүрегінде. Мысалы, Ауғанстанға, Сирияға кетіп жатқан жастар жихад идеясымен кетіп жатыр. Олар үшін ұлт, мемлекет жоқ. Олардың түсінігі басқа. Олар біздің өмір сүріп жүрген құндылықтарымызды мойындамайды. Əрине, бұл бізді алаңдатуы тиіс. Қазақ пен дінді қарсы қоятындар бар. Біреулер ұлтты діннен жоғары десе, енді біреулер дінді ұлттан жоғары санайды. Меніңше, қазақ үшін дін мен ұлттың деңгейі бірдей. Өйткені, қазақы сипатты сақтап қалудың қамалы, қорғаны ол - мұсылманшылдығы. Маған Астанадағы Қазақ елі алаңы ұнайды. Ортасында əпəдемі болып Қазақ елі монументі тұр. Көкке ұмтылып тұрған самұрық құсы айбын береді. Бір жағында Тəуелсіздік сарайы, екінші жағында Əзірет Сұлтан мешіті жəне
Бейбітшілік пен келісім сарайы бар. Елбасының саяси көзқарасының символдары осында деп ойлаймын. Қазақ елі монументі, тəуелсіздік, мешітіміз – қазақ мемлекеті болашағының негізі міне, осы құндылықтарында. Тəуелсіздікке деген берік ұғымында, имандылығында. БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА: Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды. Президент Жарлығымен 1993 жылы маусымда құрылған институттың негізгі міндеті - Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің ғылымиталдаушылық қызметін қамсыздандыру. Қазан айының 16-сы күні ҚР Президенті Əкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин институт ұжымына жаңа директорды таныстырды. Республикалық «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы Ерлан Тынымбайұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, толағай табыс тілейді.
Т. Рысқұлов пен С. Қожановтың туғанына 120 жыл
ОЛАР «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ТАРИХЫН ҚҰРДЫ орны алабөтен, еліміздегі ерекше мекен екенін біз əу бастан-ақ айтып та, жазып та жүрміз. Сондықтан да киелі кенттегі кез-келген келеңсіздікті жоюға өз ықпалымызды тигізу біз үшін азаматтық міндет іспетті. Əдетте «ұсталмаған ұры емес» деп жатады. Бірақ, бұл ретте жағдай басқаша. Құзырлы органдар ұрыны анықтап, айып таққанымен, судьялардың кінəлілерді сот залынан ақтап шығаруы бізді де таңқалдырып, əрі-сəрі күйге түсірді. Сондықтан, мəселенің мəн-жайын анықтау үшін Түркістан қаласына жол тарттық. (Жалғасы 11-бетте).
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – ОРТАҚ ІСТІҢ ӨРКЕН ЖАЮЫНА ЖОЛ АШУДА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дəстүрлі Жолдауының бірінде саяси модернизациялаудың негізгі бағыттарының бірі ретінде азаматтық қоғамдық институттарды дамытуды атап өтіп, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы тығыз байланыс арқылы қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуге ықпал етуді қадап айтқан. Осы бағытта бүгінде барлық өңірлерде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен жүзеге асатын қоғамдағы əлеуметтік мəселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық істер, мəдени шаралар, кездесулер мен өзге де игілікті мақсаттағы ісшаралардың саны өсуде.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ «АСТАНА ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ОҢ БАҒА БЕРДІ
ман қуанышқа кенелген ата-ана кең, зəулім сарайда той өткізеді. Халқымыз қазынаға теңеген тойдың болғаны жақсы, əрине. Бірақ сол той алдындағы жастардың сайрандауы, яғни, солардың тілімен айтқанда «гулянканың» көп шатақ шығаратыны жасырын емес. Маңызы жоқ, мəнсіз бұл жастар серуені көбіне-көп жолдағы көлік қозғалыстарына кері əсерін тигізіп жатады. Онда темір тұлпар тізгіндегендер жастық албыртпен, қызды-қыздымен көлік жылдамдығын шамадан тыс асырып, қарсы бағытқа шығып, басып озу ережелерін бұзып, жол қиылыстарынан жəне жаяу жүргіншілер жолынан заңсыз өтіп, тіпті көлікті масаң күйде басқарып, түрлі тəртіпсіздікке жол береді. Мұның соңы көп ретте орны толмас өкінішті жағдайларға апарып соқтырады. (Жалғасы 2-бетте).
Бүгін Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Ақ жол» жəне Алаш ардақтылары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді. Есімдері елге танымал тарихшылар, ғалымдар, қоғам жəне мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, іргелі басылым редакторлары бас қосатын бұл басқосуда тарихы тереңде жатқан қарашаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығы да аталып өтеді. Айтулы іс-шара ОҚО Ішкі саясат басқармасының жəне «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Қарашаңырақ баспасөзінің мерейтойымен қатар қазақ халқының ардақты азаматтары Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығының бірге аталып өтуінің мəнісін облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали былай деп түсіндіреді: – Базбір тарихшылардың еңбектерінде осы Алаштың біртуар қос ұлдарының пікірлері бір-біріне қарсыкереғар болған деген сөздер көп бой көрсетеді. Бұл жайында талай жерлерде көптеген болжам-пікірлер де ортаға түсті. Ал шынтуайтында бұл қате. Екі алаш ардақтылары қанқұйлы 1937-1938 жылдардағы қырғында ату жазасына ұшырап, сталиндік зұлматтың құрбандары болғаны бір төбе болса, екеуінің сол кездердегі «Ақ жол» қазіргі «Оңтүстік Қазақстан» газетін алғаш жарыққа шығаруы бір төбе. Иə, «Ақ жолды» жарыққа шығару осы қос қайраткердің еселі еңбегі екені өкінішке орай көп жерлерде айтылып, ескеріле бермейді. Кезінде бірі осы басылымды шығару туралы шешім қабылдаса, бірі бас редактор болғаны назарға алына бермейді. Бұдан қос қайраткердің қазақ халқының келешегін кемелдендіру жолында ойлары бір арнаға түсіп, осы жолда тынбай еңбек етіп, тер төккенін аңғару қиын емес. Яғни, олар мақсат-мүдделес болған. Егерде олардың өмірлік ұстанымдары мен бағытбағдары қарама-қайшы болса, осыдан 90 жыл бұрын қазіргі қарашаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің дүниеге келуіне себепкер болмас еді. Жалпы
олардың ұлт болып ұйысу жолында бір бағытта жұмыс істегеніне сеніміміз мол. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған конференцияда осы мəселелер кеңінен сөз болады. «Ақ жол жəне Алаш ардақтылары» атты ғылымитеориялық конференцияда т.ғ.д Мəмбет Қойгелді «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ қоғамында газетжурнал шығару дəстүрі: «Ақжол» - «Оңтүстік Қазақстан» басылымдарының мысалында» атты баяндама, т.ғ.д Ордалы Қоңыратбаев «Тұрар Рысқұловтың түркішілдік идеясының алаштық мəн-мазмұны», ф.ғ.д Амантай Шəріп «Сұлтанбек Қожановтың Алаш ардақтыларымен идеялық бірлігі» тақырыбында баяндама жасайды. Сонымен қатар Л. Гумилев атындағы ЕҰУнің «Журналистика жəне саясаттану» факультетінің деканы Қайрат Сақпен, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы «Ақ жол» газеті туралы құнды деректерді көпшілікпен бөліседі. Конференцияға мүдделес болған қос қайраткердің туған-туыстары да арнайы шақырылып отыр. «Əділет» - ақпарат».
Елордада 22-23 қазан күндері «ЭКСПО-2017" көрмесіне халықаралық қатысушылардың басқосуы өтеді
¦ÄIËÅÒ
Жарыста Қазақ елінен қатысқан балалардың №37 (197) туындылары өзгесінен ерекшеленіп тұрды 17.10.2014 жыл
ЕЛ ТЫНЫСЫ
ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі неліктен биыл теңге девальвациясы болмайтынын түсіндірді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов «Facebook» əлеуметтік желісіндегі парақшасында ұлттық теңгеміздің девальвациясы туралы пікірін білдірді. «Теңге бағамына əсер ететін екі басты фактор бар - ресейлік рубльдің долларға шаққандағы бағамы жəне мұнай бағасы. Рубль бағамына қатысты ойымызды бұрын білдіргенбіз. Қысқаша атап өтер болсақ, қазір Ресейдегі инфляция қарқыны бағамның төмендеу қарқынынан озып немесе кем дегенде, олар тең болатын жағдай қалыптасып отыр. Яғни, ресейлік тауарлардың арзандауы болмайды, бұл біздің импорттың ұлғаюына негіз жоқ дегенді білдіреді. Қаңтар-тамыз аралығында Ресейден əкелінетін импорттың 22,3%-ға төмендеуі бұл сөзімізге дəлел. Осы қарқын сақталатын болса, Қазақстанның Ресеймен сауда-саттығында теріс сальдо 2013 жылғы $12,7 млрд.-тан $9,7 млрд.-қа дейін төмендейді. Бұл үрдіс жалғаса берсе, Ұлттық банк рубльдің диапазонын 4,5-5,5 теңгеден 3,5-4,5 теңгеге дейін түсіріп, оны ұлттық валютамыздың бағамына əсер етуші негізгі фактор ретінде есептен шығарып тастай алады. Басқаша айтар болсақ, келесі қатерлі деңгей - $1 үшін 52 рубль болмақ.
Осылайша, мұнай бағасы ғана қалып отыр. Бұл əлдеқайда күрделі əрі салмақты фактор болып табылады. Мұнай бағасы болжам беру қиын факторлардың бірі. Бірде-бір сарапшы алдағы үш айда баға қандай деңгейде болатынын дөп басып айта алмайды. Одан гөрі ұзақ мерзім туралы айтпаса да түсінікті. Алайда келесі «қатерлі деңгейге» - барреліне $80 - қазан айында жетуіміз мүмкін. Бұл бірқатар ресейлік сарапшылардың теңге девальвациясы туралы болжам жасауына сылтау болғаны жасырын емес. Шын мəнісінде, девальвация туралы шешім басқа жағдайда қабылданады. Біріншіден, баррель үшін $80 - алғашқы «қатерлі деңгей». Ол кезде девальвация емес, «бюджеттің пессимистік нұсқасы» іске қосылады. Бұл деңгей бюджетте есепке алынған, демек артық қобалжу болмайды. Сонымен қатар, бұл орташа жылдық баға екенін ұмытпағанымыз жөн. Яғни осыған дейінгі жоғары бағамен сатылған мұнайдың артық ақшасы кейінгі төмен бағаның шығындарын жабуға мүмкіндік береді. Екіншіден, келесі «қатерлі деңгей» - 1 баррельге $60. Бұл деңгейде ЖІӨ, яғни экономика, өсімі нөлге тең болады, ал төлемдік баланс ақсай бастайды. Үшіншіден, негативті жағдай үш айға созылуы тиіс. Экономикалық реакция
жүйелері бірнеше ай бойы ахуалдың тұрақтылығын бақылайды. Əйтпесе, баға төмендегенде бірден шешім қабылданса, кейін баға қайта көтеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім жасамай, жағдайға сараптама жасалады. Мұнай бағасының құлдырауына не қарсы тұра алатынын қарап көрейік. Біріншіден, бұл мұнай бағасына ОРЕС елдері бюджеттерінің тəуелділік деңгейі. Мұнайдың ағымдағы (барреліне 84 доллар) бағасы кезінде Оман мен Катардан басқа ОПЕК-тің барлық мүшелерінде бюджет тапшылығы қалыптасады. Аталған қос мемлекетте тапшылық мұнай бағасы барреліне 70 доллардан төмен баға болған кезде басталады. Екіншіден, өндіру мен сұраныс өсімінің серпілісіне себепкер болған АҚШ-тағы қатпарлы мұнайдың өзіндік құны барреліне 80 долларға жуықты құрайды. Үшіншіден, АҚШ таяу уақытта сандық жұмсарту бағдарламасының келесі кезеңін іске қосуы мүмкін, немесе басқаша айтқанда, экономиканы қолдау үшін тағы да ақша басып шығарады, бұл мұнай бағасының өсу жолына қайта келуіне мəжбүрлейді. Ішкі факторларға да тоқталсақ. Біріншіден, желтоқсанда валюта ағыны қозғалысы тұрғысынан экспортшылар
валюта сатуды бастайды, ал импортшылар қысымды əлсіретеді, өйткені олар валютаға сұранысты қазанқарашада ұлғайтатыны белгілі. Екіншіден, ағымдағы жылы жаңа девальвация туралы бірнеше рет сыбыс жүрді, тұтастай алғанда, валютаға сұраныс төмендеді. Тіпті мұндай сұраныс қалған күннің өзінде, ол Ұлттық банктің резервіне айтарлықтай жүктеме келтірмейтін көлемде ғана. Үшіншіден, мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін түскен жағдайдың өзінде де девальвация келесі жылға көшіріледі. Бір жағынан, биыл бұл бағаға жету үшін жылдың аяғына дейін аз уақыт қалды, екінші жағынан билікке ағымдағы жылы девальвацияны қайталау мүлдем тиімсіз. Мұндай жағдай барлық қаржы жүйесі тұрақтылығына кері əсер етеді (əлеуметтік наразылық туындауы мүмкін). Басқаша айтқанда, егер 60 доллар бағасы бір ай ішінде тұрып, кейіннен қайта өссе, онда девальвация жасамауға нақты мүмкіндік ретінде қарастырылатын болады. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, жылдың аяғына дейін теңге девальвациясы болмайды деп сенімді түрде айтуға болады. Ал келесі тоқсан немесе жыртыжылдыққа болжамды желтоқсан айында ғана беруге болады. ҚазАқпарат.
БАСТЫ БАҚЫТ – КӨЛЕҢКЕ ТҮСПЕГЕН БАЛАЛЫҚ
Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүретінін халқымыз əуел баста өсиет етіп қалдырған. Тек бірлігі жарасқан елдің озып, жер ананың бесігінде ұйқысы мен күлкісі бұзылмай тербеледі. Осындай мамыражай қалыпта күн кешу үшін əрине, дұрыс құрылған бағыт, нысанадан ауытқымайтын қалып керек. Еліміздің ұстанған саясаты да осы. Таңдауымыздың теріс болмағанына күн санап көзіміз жетіп келеді. Достастық пен бауырмалдық біздің жұртқа жат мінез емес. Керісінше, бірге жасасып келе жатқан қағидасы. Егемендік алғалы еліміз кешегі Кеңес құрамында бірге болған елдерден қол үзіп, теріс айналып кеткен жоқ. Жақын тартып жаңа бастамаларға бірге жетуді ұсынды. Сол сəттерден бері тығыз қарым қатынаста Қазақ елімен бірге келе жатқан мемлекет - Беларусь. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 16 қыркүйегінен бастау алып, əлі күнге тұрақты түрде жалғасып келеді. Тек саяси-экономикалық көзқарастарын ғана дамытып қоймай жан жақты араласудың арнаулы шарттарын да жасасқан. Ол байланыс өнер, білім, мəдениет салаларын қатар қамтиды. Осы сабақтастықтың дəлелі «Əлемдегі балалардың достығы» (Дружат дети на планете) атты ІV халықаралық сурет байқауы. Беларусь Республикасының білім министрлігі аталған елдің сырты істер министрлігінің қолдауымен өткізіліп отырған бұл шараның ауқымы кең, қамтыған аумағы зор. Бұл шығармашылықты талап ететін сайысқа біздің елден бөлек əлемнің өзге Əзірбайжан, Армения, Болгария, Венгрия, Босния жəне Герцеговина, Индонезия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, БАƏ, Польша, Ресей, Румыния, Сирия, Сербия, Тəжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбе-
кстан, Украина, Шри-Ланка, Эстония сынды ұзын саны 26 мемлекеттен 31 мың жас талапкер бағын сынаған болатын. «Көркем сурет» жəне «Графика» атты қос аталым, төрт жас ерекшелігіне қарай топтасқан талантты бүлшіндер барынша қазыларды тамсандырар туындыларын ұсынды. Сайыс қорытындысы бойынша 24 жеңімпаз анықталып, І, ІІ, ІІІ дəрежелі дипломдармен жəне арнайы медальдармен марапатталды. Бұдан бөлек үздік деп танылған 500 жұмысқа арнайы дипломдар табыс етілді. Жеңіске жетіп халықаралық сайыста «Көркем сурет» аталымы бойынша І дəрежелі диплом мен медальға ие
болғандардың қатарында Павлодар қаласындағы №1 балалардың шығармашылық мектебінің шəкірті Николай Секержинский де бар. Сонымен қатар, арнайы дипломмен еліміздің əр өңірінде өсіп келе жатқан 41 бүлдіршін марапатталды. Осындай қуанышты рəсімді атқарған Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті елшісінің жұбайы Юлия Ничкасова ханым «мұндай шараның халықаралық дəрежеде өтуі ұлттар мен ұлыстар, елдердің арасындағы достастықты одан əрі нығайта түсіп, шығармашылықты жанына серік еткен жастардың жігерін жанып, болашағын бағдарлауға қосар үлесі зор. Жарыста Қазақ елінен қатысқан балалардың туындылары өзгесінен ерекшеленіп тұрды. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Шуағын шашқан алтын күннің астынан барша жанға орын табылуы, ешкімнің шеттетілмей бауырмал болып, бірге жасасуы шынайы ізгі ниеттердің көрінісін көз алдыма келтіреді. Балалар біздің болашағымыз. Елдеріміздің үкілеген үміті, ақталар сенімі. Өмірді тек кіршіксіз пəк сезіммен қабылдайтын бүлшіндердің əр таңы арайлы болуы аса маңызды. Сондықтан біздің мемлекеттеріміз мəңгілік татулық пен келісімнің ақ жолын таңдады. Көршілес республикалар тату болса, атар таңға деген сенімнің оты əрбір азаматтың көкейіне ұялайды» - деп өз пікірін білдірді. Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күйің жоқ. Бұл бүгінде əлемдік қатынастардың талабын айқындап тұрған аксиома іспетті. Бірліктің туын құлатпай ұстап, əлемге достықтың дəнін сеуіп отырған мемлекетіміздің əлем алдында ажары ашық, мерейі үстем. Өзге елдермен тығыз қарым қатынаста болудың өзі болашақ қазақстандық ұрпақтың өрелі де өрісті болып өсуіне жасалып жатқан ізгі қадамдар. Осыны түйсініп, ой қорыта алсақ болғаны. Айбек АЙДАРХАНҰЛЫ.
ЌОЄАМДЫЌ КЕЅЕС – ОРТАЌ ІСТІЅ ҐРКЕН ЖАЮЫНА ЖОЛ АШУДА (Соңы. Басы 1-бетте). Осыны басты назарға алған қоғамдық кеңес мүшелері халық арасында көліктерінде шетелдің даңғаза-шулы əуенін барынша қатты қойып, ел назарын өздеріне аударып, артық ас та төк ысырапшылдыққа ұрындыратын «гулянка-
ны» өткізудің бос əурешілік екенін өнегелі өсиеттері, тағылымды əңгімелерімен терең түсіндірді. Соның нəтижесінде əлгіндей серуендердің қатары едəуір азайып келеді. Өскелең ұрпақ өмір жолдарында түзу жолдан тайып, қия баспауы, олардың жаман əдеттерге бой алдырмауы мен
НҰРСҰЛТАН -
УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ Қазақстан инженерліпедагогикалық Халықтар достығы университеті «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығының 2курс студенті Нұрсұлтан Ахметұлы Тұрсынқұлов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Жазғы Азия ойындарында ушу-саньдадан қола жүлдені иеленіп қайтты. Қазақстан кубогының 2 дүркін чемпионы, Өзбекстан Республикасында өткен халықаралық турнирдің Əмір Темір
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
кубогын иеленген жəне Қарағанды қаласында арнайы əскерилер арасында өткен жарыста жеңімпаз атанған Нұрсұлтан жоғары оқу орнының мақтанышы, үздік студент. Талай бəсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүрген Нұрсұлтанға алдағы уақытта да алар асуларың көп болсын, еліміздің мақтанышына айнала бер демекпіз! Қазақстан инженерліпедагогикалық Халықтар достығы университетінің ұжымы.
тəрбиесі қиын тентектерді тезге келтіру, яғни, жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың алдын алуға қоғамдық кеңес мүшелері көп екпін беруде. Осы мақсатта тəрбиелік мəні бар басқосулар мен ісшаралар көптеп ұйымдастырылды. Соның негізінде тəртібі қиын жəне əлеуметтік жағынан əлсіз келетін отбасылардан шыққан балалардың тізімі түзілді. Сөйтіп ондағы əрбір баланы халық қалаулыларының қамқорлығына алуы қолға алынды. Өз кезегінде бұл олардың аға буын өкілдерінің үмітін ақтап, баянды болашақтарын қалыптастыруына апаратын даңғыл жол болары белгілі. Қоғамдық кеңес мүшелері мұндай сабақ болар сауапты істі одан əрі қарай жалғастыруды азаматтық міндет деп қабылдайды. Қоғамдық кеңеске мүше азаматтардың барлығы дерлік «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға тұрақты қатысуды дəстүрге айналдырған. Онда аймақтағы шешімін күткен көптеген күрмеулі мəселелер ортаға салынып, өзекті мəселенің өзегін тарқатудың
жолдары қаралады. Мұндай қоғамдық қабылдауға сенім артқан тұрғындар саны да күн сайын артып отыр. Осы ретте бізді қала прокуроры Артықбек Ашықұлының қоғамдық жұмыстарға бел шеше, білек сыбана кірісуі көңілімізге қуаныш ұялатып, жүрегімізге жылылық сыйлағанын бөле-жарып айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Бүгінгі қазақ қауымының басты мақсаты – Мəңгілік ел болып қалу. Ал осы игі мақсатқа қол жеткізуде біздің басты құндылығымыз – бірлігіміз бен ынтымағымызды көздің қарашығындай сақтау екенін терең түсінуіміз керек. Ал қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауда осындай қоғамдық кеңестердің келелі жұмысы көп көмегін тигізетінін білген абзал. Жарылқасын ƏЗІРЕТБЕРГЕНҰЛЫ, Нəліхан ШОТАЕВ, Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ, Шора ИСМОЛДАЕВ, «Ақсақалдар алқасы» жəне «ҰОС жəне еңбек ардагерлері кеңесінің» мүшелері.
2
Ел жаңалықтары Еліміздің мәдениеті мен тарихын танытатын мобильдік қосымша жасалды Алматыда Қазақстанның бай мəдениеті мен тарихын, көркем табиғатын танытуға арналған Color of Great Steppe мобильдік қосымшасының таныстырылымы өтті. Мобильдік қосымшаны «Scribe Wizard» сандық басылымымен бірлесе отырып, «Алдоңғар» мəдениетті дамыту қоғамдық қоры дайындаған. Бұл серия аясында фотографиялардан құралған 4 альбом жарыққа шықты. Қосымша Атырау, Жамбыл, Алматы жəне Қарағанды облысының табиғаты, тарихы мен этнографиясы бейнеленген мыңнан астам фотографиядан тұрады. Авторлар қазір Оңтүстік Қазақтан жəне Шығыс Қазақстан аймағы бойынша осындай альбом дайындап жатыр. Бұған қоса Павлодар жəне Қызылорда облысында түсіру жұмыстары аяқталуда. Жоба жетекшісі Борис Чердабаев біз мұның барлығын болашақ ұрпаққа жеткізумен қатар барша əлемге танытуымыз қажет деп санайды. Жобада эксклюзивті фотоматериалдар қолданылған. Маусымдық экспедиция ұйымдастырған қазақстандық фотографтар Николай Постников пен Олег Белялов əр альбом бойынша бір жылдай жұмыс істепті.
Париж орталығында қазақ этноауылы ашылады 31 қазан мен 3 қараша аралығында Париж қаласында Астана күндері өтеді. Елорданың мəдениет, білім жəне қала құрылысы мамандары Франция астанасына жұмыс сапарымен барады. Астана қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауқымды іс-шара аясында «Пале Рояль» алаңында бірегей жоба – қазақ этноауылы көпшілік назарына ұсынылады. Онда ата-бабамыздың мəдениеті мен көшпенділердің тұрмысы көрсетілмек. Бұл жерде көшпенділер өркениетімен танысып, өткеніміздің атмосферасын сезінуге болады. Париж алаңында шығыс базары ашылады. Жəрмеңкеде киіз үйлердің ішінде əшекейлер, былғары мен ағаштан жасалған бұйымдар, қолөнершілеріміз өз қолымен жасаған кəдесыйлар сатылады. Этноауылды аралау үшін қос бағананың ортасына тартылған теріге ұқсатылған арнайы ерекше карта-сызба əзірленеді. Сонымен қатар, өз қолыңмен киіз үй немесе құмыра жасауға, зергердің шеберлік сыныптарына қатысуға болады. «Шеберлер ауылы» киіз үйі көпшілікті өзінің функционалдылығымен, жабдықтардың əдемілігімен тəнті етпек. Сахна төрінде Астана солистері мен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салады: халық əншілері, солистер-аспапшылар, фольклорлық-этнографиялық жəне би ансамбльдері. Сахна жанына дəстүрлі алтыбақан орнатылады. Ал ортаға ту мен тұмарлардың айналасына диаметрі 9 метр жəне биіктігі 5 метрлік Ақ орда киіз үйі тігіледі.
Қазақ тiлiнiң қолданыс аясы кеңейiп келе жатыр Қазақ тiлiнiң қолданыс аясы кеңейiп келе жатыр. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Парламент Сенатының депутаты Сəрсенбай Еңсегенов хабарлады. «Осы сұхбаттағы өзектi мəселенiң бiрi – əрине, тiл мəселесi. Соның iшiнде мемлекеттiк тiлдiң, қазақ тiлiнiң мəртебесi жөнiнде Президент ой қозғады. Бұл бағытта Елбасы салиқалы саясат жүргiзiп келе жатқанын бiз жақсы бiлемiз. Бүгiнгi күнi мемлекеттiң тарапынан мемлекеттiк тiлдi қолдауға қатысты арнайы жоспар қабылданып, оған ел бюджетiнен қаржы бөлiнiп, жоспарлы жұмыстар жүргiзiлiп жатқанын сiз бен біз жақсы бiлеміз», - дедi С.Еңсегенов. Оның айтуынша, қазақ тiлi Конституциялық тұрғыда мемлекеттiк тiл мəртебесiне ие болып, барлық мемлекеттiк ұйымдарда, қаржы, өмiрдiң басқа да саласында айналымға енiп, терең, жан-жақты қолданылып жатыр.
Қазақтың Шәкәрімін түріктер де танитын болды Халықаралық Түркі академиясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың түрік тілінде жарық көрген «Şakarim» (Шəкəрім) атты кітабының тұсаукесері өтті. Танымдық-ғұмырбаяндық жанрдағы аталмыш кітап Анкара қаласындағы «Bengu» (Мəңгі) баспасынан шыққан. Оның тұсаукесеріне Қазақстан мен Түркияның ғалымдары, зиялылары мен мемлекет жəне қоғам қайраткерлері қатысты. Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жарық көрген еңбек – Шəкəрімді түрік оқырмандарымен қауыштырып отырған тұңғыш кітап. Көптеген ғалымдар Түріктің əйгілі ақыны Юнус Эмре мен Шəкəрім поэзиясында бірқатар сабақтастықтардың бар екенін айтады. Яғни, бұл кітап түрік оқырмандары үшін де маңызы жоғары рухани дүниелердің біріне айналары сөзсіз. Кітапта автор Шəкəрім Құдайбердіұлының ғұмыры мен қазақ руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегін жаңаша саралап, көптеген көмескі деректерді айқындай түскен. Тұсаукесер рəсімінде былтыр Түркі əлемінің мəдени астанасы болған Ескішеһирдің əкімі, Ескішеһир 2013 Түркі дүниесінің мəдени астанасы Агенттігінің Басқару Кеңесінің Төрағасы Гүнгөр Азим Туна туыс екі ел басшыларының бауырластыққа негізделген саясаты ынтымақтастықты тіптен нығайта түскеніне тоқталып, «рухани салада мұндай салиқалы дүниенің түрікшеге аударылуы ауыз толтырып айтарлық зор жетістік» деп бағалады. Сонымен қатар ол Ескишехир қаласының мұндай игі істерді жалғастыра беретінін атап өтті.
Қазақтар киіз үй жинаудан қырғыздардың алдын орап, рекорд жаңартты Қазақтар киіз үй жинаудан қырғыздардың алдын орап (17 минут), көшпенділердің көне баспанасын 14 минутта көтеріп шықты. Жаңа рекорд Алматыда өткен «Той-Қазан2014» ұлттық ас фестивалінде орнатылды. Ұйымдастырушылардың мəліметтері бойынша, киіз үй жинауда шу шықпай тұрмады. Шаңырақтың көзіне уық кигізіп, оны керегеге байлағысы келгендердің қарасы көп болған. Бірақ ол мүмкіндікке ниет білдіргеннің бəрі ие бола алмады. «Бір қарағанда оңай көрінгенмен, киіз үй жинауды жеңіл шаруа деп айтуға келмес. Біріншіден, оны бір-бірімен келісіп отырып тұрғызу керек, екіншіден, уықты керегеге мықтап бекітпесе, əп-сəтте шаңырақ ортаға құлар еді. Бұл істің шеберлері байқау қатысушыларына өз көмектерін беріп жатты. Себебі, байқаудың мақсаты киіз үй жинау ғана емес, оны жылдам жүзеге асырып, бұған дейін орнатылған рекордты жаңарту болды», - дейді фестиваль ұйымдастырушылары. Киіз үй жинау бойынша үздік рекорд – 17 минут – Қырғызстанда өткен 2014 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойынында тіркелді. Оған дейінгі рекорд – 1 сағат 12 минут – моңғолдарға тиесілі еді. Bnews.kz.
¦ÄIËÅÒ
ҚАЛА ТЫНЫСЫ
Əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының №37 (197) бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде 17.10.2014 жыл
3
ПАСПОРТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ШЫМКЕНТТЕ МӘРМӘР ЖАСАП ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Шымкентте құйылмалы мəрмəр жасап шығару бойынша жаңа инновациялық жоба іске қосылды. Өткен жылы «Шымкент инновация» ЖШС «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін байқау өткізген болатын. Нəтижесінде кəсіпкер Серік Дəрібаев өз жобасын жүзеге асыруға 6 миллион теңге грант ұтып алған еді. Бүгінгі таңда инновациялық жоба иегері құйылмалы мəрмəр ұнтақтарынан құрылыс жұмыстарына, декорацияға қажетті көптеген бұйымдар дайындап шығаруда. Серік Дəрібаев цехта күніне орташа есеппен 10-12 метр жасанды мəрмəр шығарылатынын айтады. Қазіргі таңда мұндай өнімдерге тапсырысты Оңтүстік өңірінің тұтынушыларынан бөлек, Қызылорда жане Тараз қалаларының тұрғындары да беріп жатқанын жеткізді. «Өндірістік цехта итальяндық патент бойынша түркиялық шебер – бір технолог жəне 7 жұмысшы еңбек етуде. Келісімшарт бойынша түрік азаматы 1 жылдың ішінде жасанды мəрмəр жасау технологиясын өз мамандарымызға үйрететін болады», - дейді кəсіпкер. Айта кету керек, жасанды мəрмəр жасауға кететін шикізаттың 60 пайызы еліміздегі шикізат. Кəсіпкер алдағы уақытта шекаралас мемлекеттердің нарығына кіруді жоспарлауда. bag.kz
Шымкент қаласы аумағында 7213 сауда дүкендері, 948 қоғамдық тамақтандыру орындары, 1178 халыққа қызмет көрсету орындары жəне 35 базар жұмыс жасайды. Аталған сауда нысандарында 30370 адам жұмыспен қамтылған. Шымкент қаласы бойынша 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 153 558,1 млн.теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырмалы көрсеткіші 23,9% артқан. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 314 539,3 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4% артқан. Сауда қызметін реттеу туралы 12.04.2004ж Қазақстан Республикасының №544 Заңының 27 бабына сəйкес, көшпелі сауда тиісті аумақта жоқ тауарларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін, не осы аумақта сауда объектілері болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Ал, қала аумағында сауда нысандары жеткілікті атап айтқанда 7213 астам дүкендермен 35 базар жұмыс жасайды. Белгіленбеген сауда орындарын жою бойынша да жұмыстар атқарылуда. Мəселен, Шымкент қаласы аумағында ретсіз сауда орындарын жою мақсатында қала əкімінің 2011 жылғы 27
мамырдағы №266 өкімімен 3 жұмысшы топ құрылған, жұмысшы топ құрамына құзырлы мекеме өкілдері енгізіліп, ретсіз сауда орындарын жою іс-шара жоспарына сəйкес тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Бірінші қажетті, азықтүлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг жəне талдау жасау жөнінде құрылған штаб жанынан 3 жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ мүшелерімен əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жəне жанар-жағар май өнімдерін бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін өзі басқару» Заңына жəне Қазақстан Республикасының ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың 2014 жылғы 21 тамыздағы №17-5 хаттамалық тапсырмасына сəйкес, Шымкент қаласының əкімінің өкімімен Шымкент қаласы аумағында базарларға паспорттау жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топ мүшелерімен жалпы саны 33 сауда қатарымен базарларға паспорттау жұмыстары жүргізілді. Паспорттау барысында қала базарларында жеке кəсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар, жалпы сауда базарлары есепке алынды. Солардың ішінде:
«Орталық Қырғы базар» жауапкершілігі шектеулі серіктестік те бар. Оның орналасқан мекені - Шымкент қаласындағы Төле би көшесі №9. Қалаға жататын осынау əмбебап базардың құрылтайшысы С.Ш.Ұзақбаев. Мұнда сауда қатарлары мен бірге сауда дүңгіршектері де аз емес. Дүйсенбі күнгі санитарлық тазалық шарасымен демалатын сауда орны аптаның басқа күндері толық жұмыс атқарып, қала халқын күнделікті тұтыну тауарларымен қамтамасыз етеді. Шымкент қаласына қарайтын тағы бір базар «Самал Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Аумауытов 143-ке орналасқан бұл сауда орнының құрылтайшысы Н.К.Балабиев. Бұл да автотұрағы бар əмбебап
базар. 50-ден астам сөресі, 800-ден астам сауда дүңгіршектері бар. Орталық «Қырғы базар» сияқты бұл да заңды түрде тіркеуден өткен. Жоғарыда тілге тиек еткен жұмысшы топ тарапынан паспорттау жұмыстары жүргізілуде. Қала аймағына қарайтын үлкен сауда орындарының бірі – Темірлан даңғылына орналасқан «AVTO HOUSE LIMITED» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Оның құрылтайшылары Е.Ж.Метербеков пен Г.К.Алиевтер екен. Мұнда да 600-ден астам сауда сөрелері мен 70 сауда дүңгіршегі бар. Қаладан тыстау жерге қоныс тепкен кешенді сауда қатарының кадастрлық нөмірі 19309205004. Əмбебап сауда орны болған соң, əрине, жұртқа ұсынатын тауарлары да мол болары даусыз. Осы жəне басқа да сауда қатарларымен базарларға паспорттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық нəрсенің заңды болғаны дұрыс, төлқұжаты жоқ нысандар мен ғимараттар, мекемелер есімі жоқ адам сынды күйге ұшырайды. Сондықтан заман талабына сай құжаттау істері жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыс əлі тағы жалғасын табатыны даусыз. Осыған орай, Шымкент қаласы аумағындағы барлық сауда орындарының тиісті құжаттары талапқа сай болуы шарт.
САЌТАНБАСАЅ САРЫП САРСАЅЄА САЛАДЫ
МАЛ БАСЫН АСЫЛДАНДЫРУ – ӨНІМДІ МОЛАЙТАДЫ «Келешекте урбанистік аймаққа айналатын Шымкентте ауыл шаруашылығы саласын дамыту аса маңызды болмайды». Халық арасында осы мағыналас сөздерді жиі естіп жатамыз. Əрине бұл жаңсақ пікір. Сөз басын мал-жанның амандығын сұраудан бастайтын қазақ халқы қай жерде жүрсе де ата-бабадан мирас болып келе жатқан осы бір игі істі еш тастамайтыны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дəстүрлі саламыз. Азық түлікке деген қажеттілік арта береді... Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бəсеке өсе беретін болады» деп, баса айтқан болатын. Бүгінде Шымкенттегі мал санын өсіру мамандардың межелі мақсаттарының бірі. Елбасы тапсырмасы аясында малды асылдандыру, оның өнімін молайту жұмыстары жер жерлерде қолға алынып келеді. Соның негізінде қолдағы малды асылдандыруға ерекше көңіл бөлініп, қолдан ұрықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мысалы, осы жылдың 9 айында Шымкентте қолдан ұрықтандыру бойынша орындалғаны 3192 бас мал санын құрап отыр. Жалпы мал басын асылдандыру – өнімді молайтады.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша қолдан ұрықтандыратын 2 бекет бар. Олар Ақтас жəне Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан. Сондайақ, Сайрам ауданынан қосылған, атап айтсақ, Ақтас, Өтеміс, Қайнарбұлақ, Таскен елдімекендеріндегі 4 қолдан ұрықтандыру бекеттерін қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алдағы уақытта қолдан ұрықтандыру жұмыстарының құлашын кеңге жаю үшін қолдан ұрықтандыратын 7 бекеттің құрылысы жүріп жатыр. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 20878,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл нысандар ағымдағы жылдың қазан айында қолданысқа берілетін болады. Өз кезегінде бұл бекеттер Мəртөбек, Тұрдыабад, Бадам-1, Базарқақпа, Қарабастау, Жаңаталап, Сайрам елдімекендерінде орналасқанын айта өтейік. Қолдан ұрықтандыру кезінде малдарды бірдейлендірудің маңызы зор екені бесенеден белгілі. Ол малдарды есептеу, бір-бірінен ажырату үшін салынатын шартты белгі. Малдарды бірдейлендіру, яғни, ен салу табындағы малды ата-тегі мен өнімділігі бойынша сұрыптау мен жұп тандау арқылы тұқымын асылдандыру кезінде аса қажет. Сонымен қатар, салынған таңба арқылы адамдар оларды өзге малдармен араласқанда тез танып, ажыратуына, жоғалғанда жылдам табуына көп көмегін тигізіп жатады. Ағымдағы жылдың 9 айында Шымкентте 12268 ірі қара малға ен салынса, 22400 уақ мал, 336 жылқы бірдейлендірілді.
Сарып үй жəне жабайы жануарлармен құстардың жұқпалы ауруы. Оның қоздырушысы бруцелл бактериясы болып табылады. Ол суыққа өте төзімді, ал ыстыққа шыдас бере алмайтын бактерия. Аталған ауру өте тез тарайды, адамдарға да аз уақыт ішінде жұғатындығымен қауіпті болып табылады. Сондықтан да ол адам мен малдың жұқпалы ауруы болып табылады. Бруцелл бактериялары бұғы, жылқы, қой, сиырда тұяқ, бақай, сирақ буындарын, шошқа, бұзау, құстарда ауыз қуыстарын зақымдайды. Əдетте бұл ауру уақ малдарға көп ауыз салады. Ірі қара мен уақ малдардан сарып ауруын жұқтырған адамның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, ол қатты қалтырап, бойын жалпы əлсіздік билейді. Науқастың басы ауырып, сіркесі су көтермейтін мазасыз халге ұшырайды. Буыны мен бұлшық еттері қақсайды. Жүйке мен қантамырлар жүйесі жұмысына да кері əсерін тигізетін сарып ауруы адамның тірек қимыл жүйесін бұзып, психикасын жаман қырынан өзгертуі мүмкін. Дер кезінде ем қабылдамаса науқас еңбекке жарамсыз болып қалуы кəдік. Осындау қауіп қатер туғызатын сарып ауруының алдын алу мақсатында Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімі жыл басынан бері сарып (бруцеллез) жұқпалы ауруына малдарды тексеруден өткізген. Соның
нəтижесінде қала аумағы бойынша 24 ірі қара мал мен 241 бас уақ мал сарып ауруына оң нəтиже берген. Соған сəйкес 19 ірі қара мал «Ақмал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы санитарлық мал сою бекетінде сойылып, мал иелеріне облыстық қазынадан 990066 теңге көлемінде өтемақы берілді. Ал сарып ауруына тексеру барысында оң нəтиже берген уақ малдардың 222-сі «Беккари» биотермиялық шұңқырында залалсыздандырылды. Олардың 2-уі қолайсыз ауа райы салдарынан өлген болса, қалғаны алдағы уақытта жойылатын болады. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы келтірген бұл мəліметте ірі қара малдардың ветеринариялықсанитарлық талаптарға сай сойылғаны көрсетіледі. Алғаш 1986 жылы ағылшын дəрігері Д.Брюс тапқан сарып ауруына шалдыққан малдың терісі қызарып, температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Ауру асқынғанда мал терісінің астына сасық ірің жиналап, тұяғы түседі, сирақ сіңірінің зақымдануы да болады. Бруцеллдер малдың ішек-қарын жолдарына өтіп, нəжіспен сыртқа шығады да лас қора, жайылым, суат арқылы сау малға беріледі. Зақымданған теріге жəне кілегей қабатына бактерия түссе, алғашында теріні зақымдап, кейіннен ішкі ағзаларын, атап айтсақ, бауыр, бүйрек, өкпе,
жүрек, миды жарақаттайды. Сонымен қатар, едені сыз əрі лас қоралар аурудың тез тарауына көп септігін тигізеді. Сарып ауруымен ауыратын малдардың өнімінде бруцелл бактериялары бірнеше уақыт бойы сақталады. Мəселен, сүтті қайнатқанда жəне пастерлегенде бруцеллдер бір мезетте немесе бірнеше минуттарда, ал тура түскен күн сəулесінен бірнеше минуттан үш төрт сағат аралығында өліп жойылса, топырақта үш, суда жəне тоңазытылған етте бес ай көлемінде, сиыр сүтінде 45 күн, тұздалған қой терісінде екі ай, мал жүнінде төрт айдан астам уақыт тіршілік етеді. Сарыппен ауырған мал іш тастайды жəне шуы түспейді. Ал індет малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың қағанағы, лас төсеніш, құрал-жабдық, т.б. арқылы айналаға тез тарайды. Сарып адамға көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен жұғады. Малды күтіп баптаушылар мен ет комбинаттарында қызмет ететін жұмысшылардың да осы ауруды жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан да ондай қызметкерлер өз денсаулығы үшін жиі-жиі дəрігерге тексерілуі қажет. Бетті дайындаған А. ƏЛАЙДАРҚЫЗЫ.
¦ÄIËÅÒ
Шымкент қаласында «Даму» Кəсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ №37 (197) кəсіпкерлерді қолдау бойынша жұмыстар атқаруда 17.10.2014 жыл
АЙМАҚ
ШЫМКЕНТ ЌАЛАСЫНДА 367 ҐНЕРКƏСІП ОРЫНЫ ЖЎМЫС АТЌАРУДА 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында Шымкент қаласының өнеркəсіп кəсіпорындарында қолданыстағы бағамен 152 837 млн. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,8 % құрады (01.09.2013ж. – 136 331,6 млн. теңге). Ағымдағы жылдың 26 наурыздағы ОҚО əкімінің орынбасары, ОҚО Кəсіпкерлік индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы жəне Шымкент қаласы əкімінің үш жақты келісіміне сəйкес, биылғы жылы өнеркəсіп саласын алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты индекстің көлемі 104,6 пайызға жеткізу жоспарланған. Республикалық индустриаландыру картасына «Шымкент мұнай зауытын жаңғырту жəне қайта құру» жобасы енген. «ПетроҚазақстан Ойл продактс» ЖШС мен 2011-2016 ж.ж. бұл жобаны іске асыру мерзімімен жұмыстар атқарылуда. Жобаның мақсаты – жылына 6 млн. тонна жанар-жағармай мен дизель отын өндірісін Еуро – 4,5 стандартына сəйкес келтіріп, өндіру. Жоба 2 кезеңге бөлінген. 1-ші кезең бойынша жылына 4000 тонна өндіретін күкірт жəне дизель отынын сумен тазарту жұмыстары жүргізілуде, іске қосу мерзімі – 2014 жыл. Шикізат өнімін сумен тазарту бойынша жұмыстарды 2014 жылы бастап, 2015 жылы аяқтау көзделіп отыр. 2-ші кезеңнің жұмыстарын 2014 жылдың IV тоқсанында бастап, 2016 жылы аяқтау жоспарланған. Шымкент қаласында 367 кəсіпорындар жұмыс атқаруда, соның ішінде ірі жəне орта – 64, кіші – 257, қосалқы – 46 кəсіпорын жергілікті тұрғындардың қажетін өтеу жолында жемісті еңбек етіп жүр. Өңдеу өнеркəсібінің саласында 3 257 мың адам жұмыс жасайды. Шымкентте «Петро Казахстан Ойл продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ», ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алтын Дəн» ЖШС, «Рахат – Шымкент» ЖШС жəне т.б. ірі кəсіпорындары бар. Мониторинг жасау нəтижесінде 24 жобаның ішінде 2014 жылы инвестиция көлемі – 22646,5 млн. теңгені құрайтын 16 жоба іске асу барысында 1512 жұмыс орындары ашылу жоспарланып отыр. 2015 жылға арналған ауыспалы 6 жобалардың инвестиция көлемі – 4 060 миллион теңгені құрап, 248 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. 2 жоба – 2016 жылға ауыспалы түрде өтуде. 2016 жылға ауыспалы 2 жобалардың инвестиция көлемі – 23 927,9 милион теңге болмақ. Жұмыс орынымен – 920 адам қамтамасыз етіледі. Ол жобаларға «Шымкентцемент» АҚ – цемент зауытын жаңғырту (9 090,9 млн. теңге, 270 жұмыс орны) жəне «ЮТЕКС KZ» АҚ – «Оңтүстік» ЕЭА орналасқан тоқыма өнеркəсібі (14 837 млн. теңге, 650 жұмыс орны) кіреді. Шағын жəне орта кəсіпкерлік төңірегінде əңгіме өрбітетін болсақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне Шымкент қаласында жалпы тіркелген бизнес субъектілерінің саны 83 416 бірлік, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Оның ішінде заңды тұлғалар – 16 079 бірлік, немесе 19,2 пайызды, шаруа қожалықтар – 3 159 бірлік, немесе 3,8 пайызды, жеке кəсіпкерлер – 64 178 бірлік, немесе 76,9 пайызды құрады. Ал, белсенді жұмыс жасап жатқан субъектілер 38,6 пайызға кеміп, 32 251 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 3 345 бірлік, немесе 10,2 пайызға кеміген (2013 ж. қаңтартамыз – 3036 бірлік), шаруа қожалықтары – 98 бірлік, немесе 46,8 пайызға кеміген (2013ж.қаңтармаусым – 184 бірлік), жеке кəсіпкерлер – 27 140 бірлік, немесе 39,6 пайызға төмендеген (2013 ж. қаңтар-маусым – 44 960 бірлік). Белсенді шағын жəне орта субъектілерінің саны төмендеген. Себебі, салық басқармасының ақпараты бойынша 3 жылдан аса есеп тапсырмаған тіркелген жеке кəсіпкерлер салық базасынан алынып тасталған. Сонымен қатар, бірқатар кəсіпорындардың жұмысы маусымдыққа байланысты өнім шығармауда. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-
инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010-2013 жылдары инвестиция көлемі 39,3 млрд теңгені құрайтын 36 жоба іске асырылып, 3 257 жұмыс орны ашылды. Ал, 2014 аймақтық индустриаландыру картасына Шымкент қаласы бойынша жалпы құны 54 612,60 млн. теңгені құрайтын 24 инвестициялық жоба енген, 2827 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Соның ішінде инвестиция көлемі 18,6 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба Сайрам ауданынан өтті, 945-жаңа жұмыс орны ашылады. Сайрам ауданының бюджеті есебінен, «Тассай» елді мекенінде 89,0 га жер телімінде жаңа индустриалды аймақ құру бойынша техникалық – экономикалық негіздемесі əзірленген, ТЭН «МемСараптама» РМК-да сараптамада қаралуда. Қазіргі таңда индустриалды аймақтардың нақты жоспарлау жобасы əзірленіп, инфрақұрылым құрылысына ЖСҚ, ТЭН мемлекеттік сараптамадан өткен соң əзірленеді. «Теке су» елді мекені жанында 95,0 га жер телімінде де жаңа индустриалды аймақ құру жоспарлануда. Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын қайта құруға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 4,9 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 39 инвестициялық жобаны инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ (ПСД) əзірлену үстінде. Жалпы құны 919 млн теңге құрайтын жаңа қосалқы станция құрылысына 2014 жылы «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 397,8 млн теңге бөлінді. Өңірлік индустриаландыру картасына жаңа 4 жоба енгізу бойынша ұсыныс берілген: 1. «Голд Алюминиум» ЖШС (алюминий профиль өндірісі, құны 1 173,0 млн.теңге, жұмыс орыны – 186 адам); 2. «МТС-Толеген» ЖШС (темірбетон өнімдерін өндіру, құны 300,0 млн.теңге, 64 жұмыс орыны); 3. Арман Юг Групп" ЖШС
ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУҒА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА 4,9 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ Көрсеткіш
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
Жобаның саны, бірлік Инвестиция көлемі Жұмыс орны Өнеркəсіп көлемі
8
10
13
6 869
2 789
4 222
811
505
996
7 470 (5,7% қаланың өңдеуші өнеркəсібіндегі үлесі, облыс бойынша үлесі – 2,9%)
10 200 (6,8% қаланың өңдеуші өнеркəсібіндегі үлесі, облыс бойынша үлесі – 3,3%)
(сауда-логистикалық орталығы, құны 2600,0 млн.теңге, 70 жұмыс орыны); 4. «Темиршиков" ЖК (Наубахана құрылысы, құны 114,0 млн.теңге, жұмыс орыны – 70 адам). Соның ішінде «Голд Алюминиум» ЖШС жəне «МТСТолеген» ЖШС-нің 2 жобалары 2014 жылдың аяғына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ қала бюджеті есебінен «Жұлдыз» елді мекені жанында 76,2 га жер көлемінде индустриалды аймақтың техникалық – экономикалық негіздемесі əзірленіп, «Мемсараптама» РМК-на сараптама алуға өткізілді. Шымкент қаласы əкімінің қаулысымен 76,2 га жер телімі 10 жылға резервке қойылып, индустриалды аймақ құру туралы қаулы қабылданған. Қаулы негізінде СЖТ дайындалып, жобадағы қажетті нысандарды инженерлік желілерге жəне коммуникацияларға қосылу үшін техникалық шарттар алынды. Олар: «Оңтүстік» АЭА мекемесімен су, кəріз, электр жүйелеріне, «Қазақтелеком» АҚ-ң телефон желісі, «Қазтрансгаз» АҚ-ң газ жүйесіне алдын-ала техникалық шарттар түзіліп қол қойылды. 76,2 га жер теліміне М 1*500 масштабта топтүсірілім түсірілді. Жер теліміне дозиметриялық бақылау жұмыстарына 2 млн. 432 мың теңге бөлініп, 1 млн. 400 мың теңгеге жеке кəсіпкер «Нұрлан» жеңімпаз атанып дозиметриялық бақылау жұмыстары жүргізілді. Доземитриялық хаттамалық қорытынды Енбекші аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына жолданды. Индустриялық аймаққа ТЭН əзірлеу үшін конкурс жариялап 6 млн. 850 мың теңгеге «Строй-ПроектСервис» ЖШС жеңімпаз атанды. Қазіргі таңға «Мемсараптама» РМКмен мемлекеттік сараптама жұмыстары жүргізілуде. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілердің де атқаратын рөлдері орасан. Мəселен, 2014 жылы 1-ші қыркүйекке дейін 16 079 заңды тұлғалар тіркелген болса, солардың жұмыс істеп тұрғаны – 3 345. Шаруа қожалықтарының 3 159-ы тіркелген, жұмыс істеп тұрғаны 1766. Жеке кəсіпкерлерден 64 178-і тіркелген, соның 27140-ы жұмыс істеп тұр.
12 100 (7% қаланың өңдеуші өнеркəсібіндегі үлесі, облыс бойынша үлесі – 3,4%)
Жұмыс істеп тұрған субъектілер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалар 10,2, шаруа қожалықтары 1,6, ал жеке кəсіпкерлер 78,8, барлығы болып 83,6 пайызды құрайды. Тіркелгендердің ішінде белсенді жұмыс істейтіндердің үлесіне келсек, ретімен алғанда 20,8, 55,9, 42,2 пайызға тең. Енді қаржы мəселесіне келсек, қаржысыз атқарылатын шаруа болмайды, əрине. Осыған орай, 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында шағын жəне орта кəсіпкерлерге екінші деңгейлі банктермен 20 145,0 млн. теңгеге несие берілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,9 пайызға артқан. (01.09.2013ж. – 17 528,0 млн. теңге). 2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 57 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне жалпы құны 19 600,3 млн. теңгеге 62 жоба қаржыландырылды. Яғни жоспардың орындалуы 108,7 пайызды құрады. Соның ішінде: – Бірінші бағыты – несиенің пайыздық мөлшерін субсидиялау – 44 жоба жалпы 14,1 млрд. теңгеге; банктегі несиелерді кепілдендіру – 3 жоба – 35,6 млн. теңгеге; өндірістік инфрақұрылымды дамыту – 1 жоба жалпы құны – 9 150,0 млн. теңгеге; гранттар – 7 жоба жалпы құны – 37,3 млн. теңгеге. – Үшінші бағыты– экспортқа бағытталған банктегі несиелерді субсидиялау – 2 жоба жалпы құны – 2 525,8 млн. теңгеге. Кəсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетілсе, олардың істері ілгерілеп, жұмыстары алға басатыны анық. Сондықтан үнемі қолдап, қуаттап отыру керек. Мəселен, Шымкент қаласында «Даму» Кəсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның ОҚО филиалымен бірлесе кəсіпкерлерді қолдау бойынша жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың 23-24 сəуірінде жəне 12-13 маусым күндері «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының аясында «Кəсіпкерліктің экспресс курсы» семинар-тренинг өткізілді. Сертификаттарды алған кəсіпкерлердің саны – 70 адам. «СТ-КZ» сертификатын (қазақстандық мазмұн) 302
Барлығы 31
2014 жоспар 15
2015 жоспар 19
Барлығы 65
13 880 2 312
6 639
26 270
866
3 229
46 789 6 407
29 770
кəсіпорындар алды. 2014 жылға «СТ-КZ» сертификаттарын алу жоспары – 76 кəсіпорын, нақты сертификат алғаны – 50 кəсіпорын, жоспар 65,8 пайызға орындалған. Шымкент қаласында орналасқан сауда-логистикалық орталығын кəсіпкерлер қауымына жарнамалау мақсатында 2014 жылы 18 сəуірде «Шымкент ƏКК» ҰҚ АҚ жəне ОҚО кəсіпкерлік жəне индустриалды-инновациялық басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған Көрме орталығында «Оңтүстік Қазақстан облысы жобалар жəрмеңкесі» өтті. Осы форумның негізгі мақсаты – шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мақсатында инвестиция тарту жұмыстарын жақсарту жəне жалғастыру. Көрмеге қаланың жəне облыстағы ірі кəсіпорындар, кəсіпкерлер, «Инновация» ЖШС, «Максимум» АИО», «Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС қатысқан. Жоғарыда аталған көрмеде Шымкент қаласы саудалогистикалық орталығы жобасы туралы стенд қойылып, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кəсіпкерлерге презентациясы жасалды. 2014 жылы 10-шы сəуірде қалалық жер комиссиясының отырысында «Шымкент ƏКК» ҰҚ АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту есебінде 72,0 га жер берілді. «Kazakhstan Logistics Group» ЖШС-не 8,0 га жəне «Зерде» ҒӨБ» ЖШС-не 3,5 жер телімі ұсынылды, қалған 6 га жер телімге инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, кəсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кəсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету үшін келесі жұмыстар атқарылуда: Кəсіпкерлік бөлімінің op.gov.kz сайтында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақыру, мемлекет тарапынан көрсетілетін жəне берілетін жеңілдіктер жөнінде ақпараттар жариялануда. Сонымен қатар, шағын жəне орта кəсіпорындардың өсу қарқынын дамыту үшін, кəсіпорындарды бір-бірімен ұштастыру мақсатында koldau.gov.kz сайты құрылған. Осы сайт, қалалық кəсіпорындардың бірыңғай электрондық базасын құру мақсатында жасалды. Бүгінгі таңға, заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сəйкес, Шымкент қаласы кəсіпорындары өзара іс-қимылдарын, халықпен жəне бизнеспен қарымқатынасын жүргізе алады. Қосымша, БАҚ арқылы «Қазақстан Республикасын 2010 – 2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдықинновациялық даму, «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік2020», «Экспортер– 2020», «Инвестор-2020» бағдарламалары аясында кəсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды пайдалану туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Рахым ҚАРЖАУБАЙ.
4
СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық қоғамымызға дендеп еніп бара жатқан індет. Осынау індеттің тамырына балта шабу мақсатында біздің ел бұрыңғы Одақ республикалары ішінде ең алғаш болып жемқорлық туралы заң шығарған мемлекет. Адамдардың құқығын, бостандығын қорғайтын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп келеді. Өйткені жегіқұрттың жетегінде жүретін арам пиғылды адамдардың қулығына құрық бойламайды. Əртүрлі айла-шарғыға барып, басқа да тəсілдерді меңгеріп алған. Соған орай бұл қылмыстың тарихын тереңнен тартып, оны зерделеп зерттеп, жемқорлықпен күресу үшін заңды да ыңғайластырған жөн. Сыбайлас жемқорлық тамыр-таныстықтан бастау алып, көз қысты, бармақ басты секілді пара алушылыққа жетелейді. Қызмет бабын немесе лауазымын пайдалана отырып біреулерге тиісті нəрсені екінші біреулерге жеңілдікпен заңсыз түрде беріп жіберу, сол атқарған қызметі үшін «сыйақы» алу сияқты арамдықтарды арандатады. Өзінің ісін тындырып алу жолында сантүрлі амалайланы жүзеге асырған адамдар тарапынан кейбірде мемлекеттік қызметкерлерінің өзін осындай қылмысқа итермелейтін фактілер де болып жатады. «Дəніккеннен құныққан жаманның» кебімен ол қызметкер жиіжиі заң бұзушылыққа барып, адамгершілік бағытынан адасып, қызметтік этиканы да естен шығарып, жауапкершілік жүгіне жүрдім-бардым қарап, жемқорлықтың желігіне дендеп еніп кетуі ықтимал. Сыбайластық сан соқтыратын құбылыс екенін, «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» болатыны сынды, оның да ғұмыры қысқа екенін, сол үшін əділ жазаға тартылатынын дер кезінде түсінбегендіктің кесірінен бұндай тамыр-таныстық жалғасын тауып кете барады. Ол ұсталып, қолға түсіп, кінəсі анықталып, əділ жазаға тартыламын дегенше талай нəрсені талан-таражға салып жіберуі əбден мүмкін. Сондықтан оның алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатында бұл құбылыспен көп болып, бірлесе, жұмылған жұдырықтай ұйымдасқан түрде, жариялылықпен күрескен абзал. Сонда ғана аталмыш індеттің ініне су құйылып, тамырына балта шабылады, айлакерліктен құралған жемқорлықтың желкесі қиылады. Əйтпегенде ол адамзатты арандатып, қоғамымызға іріткі салып, көпшілік мүлкін мүжи түседі. Қай жерде болмасын ұйымдастырылып жатқан немесе болып өткен осындай ісқимылдан хабары бар кез-келген қазақстандық азамат ол жайында тиісті органдарды құлаққағыс етуі шарт. Тағы айтарымыз, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін көптеген іс-шаралар атқарып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, оған тиісті адамдарды шақырып, сұхбат жүргізіп, пікірлерін алып, тұрғындар ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені бұл баршамызға бірдей міндет. Бұл жолда ешкім де шет қалмауы керек. Мөлдір КЕУЕНОВА, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық саясат жəне бұқаралық ақпарат құралдарына мониторингі секторының меңгерушісі.
¦ÄIËÅÒ
Төрт жыл ішінде талай медициналық нысандар №37 (197) мен білім ордалары ел игілігіне тапсырылды 17.10.2014 жыл
БІЛІМ
сабақтарынан өткен дəрістері аудан көлемінде таратылған істəжірибелердің бірегейі болып саналады. Білікті ұстаздардан тəлім-тəрбие алған шəкірттердің де табысы мол екен. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында 20112012 оқу жылдары Сапарқұл Ақерке - 119, Алиқұлова Айгүл 118, Ұзақбай Жасұлан - 116 жоғары балл жинаған. 2012-2013 оқу жылдарында Құлажан Айдана əрі «Үздік аттестат» иегері болса, əрі «Алтын белгіні» кеудесіне таққан. Сол жылы Жолдас Гүлзат та «Алтын белгі» иегері атанды. Ал, 2013-2014 оқу жылдары Мадина Шажалиева 121 балл жинаса, Тұрмахан Данагүл, Пірімбет Айбек жəне Күзербай Нұргүл есімді үш оқушы бірдей «Алтын белгіге» ие болып, мектеп абыройын асырды. - Бұл көрсеткішті жоғарылату жолында ұстаздарымыз əлі талай тер төгіп, еңбек етері даусыз дейді №7 мектептің басшысы
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданында 2010 жылы бір білім ордасы салынып бітіп, пайдалануға берілген болатын. Бұл мектеп Президентіміздің халыққа арнаған «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауындағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша дүниеге келген. Ленгер қаласының «Самал» мөлтек ауданында іргетасы құйылған нысанның сметалық құны 1 498139 609 теңге еді. Сол қаржы толық игеріліп, нəтижесінде 1200 орындық №7 жалпы орта мектебі қазіргі таңда оқушыларды білім нəрімен сусындатып жүр. 2009 жылдан бері талай нысанның тұсауын кесуге ықпал еткен бағдарлама негізінде аудан көлемінде көптеген жаңалықтар жүзеге асып, əйгілі Жолдаулар аясында тиісті мекемелер өмір есігін ашты. Осы жарқын істердің басы-қасында Төлеби ауданының əкімі, елдің асыл азаматтарының бірі Əуелхан Тұрғымбеков жүрді. Президентіміздің баянды бағдарламасы негізінде басталған жəне аяқталған құрылыс ғимараттары аз емес. Əсіресе білім мен медицина саласына тиісті мекемелерге көптеп көңіл бөлінгені баршаға аян. 2009 жылы ауданда 4 білім беру нысандарын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 109,8 млн. теңге бөлінді. Білім беру саласында 3 нысанның құрылысына 1 277,6 млн. теңге бағытталған. Оның ішінде: 2 нысанға республикалық бюджеттен - 1260,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен бір нысанға 16,8 млн. теңге қаралып, нəтижесінде бір нысан іске қосылды. 2010 жылы ауданда республикалық бюджет есебінен 107,5 млн. теңгеге 3 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді. Білім беру саласына 8 нысанның құрылысына жалпы 2 200 млн. теңге бағытталған. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 1 нысанның құрылысына - 254,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 7 нысанның құрылысына - 1 946,0 млн. теңге бөлініп, нəтижесінде 6 нысан тапсырылды. Бұл аз шаруа емес. Сондай-ақ 2010 жылы денсаулық сақтау саласына да көңіл аударылып, облыстық бюджеттен 5 нысанның құрылысына 134,1 млн. теңге қарастырылып, іске қосылған. 2011 жылғы аталмыш ісəрекеттер тағы да жалғасын тауып, облыстық бюджеттің есебінен аудандағы 4 білім беру нысандарына 107,0 млн. теңге күрделі жөндеу жұмыстары үшін бөлінді. Сол білім беру саласына облыстық бюджеттен 6 нысанның құрылысына 423,9 млн. теңге қарастырылды. Сондай-ақ, ауданда 1 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен 61,3 млн. теңге қарастырылған болатын. Тағы да осы саладағы 3 нысанның құрылысына 135,9 млн. теңге қарастырылып, іске қосылды. 2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейінгі медицина мен білім саласындағы жұмыстарға кеткен шығындарды облыс тікелей өз мойнына алды. Ал Төле би ауданының басшысы аудандағы 7 білім беру нысандарын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 308,1 млн. ал бір нысанның құрылысына 52,6 млн. теңге бөлінуіне сондай-ақ аудандағы 2 денсаулық сақтау нысанына
5
БІЛІМНІҢ ТЕҢІЗІНДЕ ЖҮЗІП ЖҮРГЕН...
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен 33,6 млн., ал 4 нысанның құрылысы үшін 121,8 млн. теңге қарастырылуына ықпал жасады. 2013 жылдың еншісіне 3 білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмысы жəне 3 нысанның құрылысы тиген еді. Оларға облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Алғашқы үшеуіне 178 млн., ал соңғы үшеуіне 838 млн. теңге аударылды. Медицина саласы да құралақан қалған жоқ. Сол жылы 2 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 201 млн., ал 4 нысанның құрылысына деп 2 млрд. 1 млн. теңге облыстық бюджеттен қарастырылды. Ағымдағы жылы 3 білім беру нысандарын күрделі жөндеу үшін 157 млн. ал 3 нысанның құрылысына 1441,0 млн. теңге облыстық бюджет есебінен қарастырылды. Сондай-ақ аудандағы 3 денсаулық сақтау
нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 58,7 млн. теңге бөлініп, 4 нысанның құрылысына 2 млрд. 404 млн. теңге республикалық бюджеттен қарастырылды. Жоғары жаққа жалтақтап құр отыруды ар санаған аудан əкімі Ə.Тұрғымбековтың ұсынысына орай əрқайсысы 100 орындық 5 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оған аудандық бюджеттен 600 млн. теңге қаражат ажыратылды. Төрт жыл арасында көптеген шаруалар атқарылып, қыруар қаржы бөлінген. Бірақ адамзаттың денсаулығы мен оның білімді болуы бірінші орында тұрады. Сондықтан да əлі талай осындай нысандар бой көтеріп, ел игілігіне беріледі. Əйтсе де басталған істі қадағалап, оның сапалы түрде аяқталуын бақылап, тіпті қабылдау комиссиясының жүйелі болуына да септігін тигізіп жүретін бір азамат болуы керек. Сонда ғана қолға алған іс уақытында аяқталып, жұрт игілігіне сапалы
түрде тапсырылатыны ақиқат. Аудан басшысының тікелей қамқорлығы мен мұрындық болуы арқасында төрт жыл ішінде талай медициналық нысандар мен білім ордалары ел игілігіне тапсырылды. Сондай мектептердің бірі біз жоғарыда тілге тиек еткен білім ордасы еді. Оның құрылыс жұмысын «СК Строй-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, уақытпен санаспай жұмыс істеп, берілген объектіні өз мерзімінде аяқтап шықты. Содан бері де төрт жыл зымырап өте шықты. Бүгінгі күнде 715 оқушыны бауырына сиғызып отырған осынау білім ордасының директоры Зайділлə Темірбековтың айтуынша, мектептің жалпы ауданы 22 868 шаршы метр, оның 18 066 шаршы метрі пайдалы аудан екен.
Осыншалықты көлемді алып жатқан ғимарат жаңа үлгіде соғылған. Ол 1 оқу ғимаратынан тұрады. Ішіне бейнебақылау құрылғылары орнатылған. Директор айтса айтқандай-ақ екен, шынында да мектеп заманауи үлгіде сапалы əрі берік етіп соғылған. Барлық жағдай қарастырылған. Айналасы темір қоршаумен қоршалған. Қабырғасы пеноблок, төбесі черепицамен жабылған. Жылу жүйесі автономды, газбен жылытылады. Су жүйесі мектептің ішінде. Қысты күндері балалар салқындап қалмауы үшін сақтық шаралары жасалынып, іште 1 əжетхана орналасқан, сыртта да біреуі бар. Канализациясы орталықтандырылған. 2014-2015 жаңа оқу жылында 32 сынып-комплектісінде 816 оқушы білім алады. 125 бүлдіршін шағын орталықта тəрбиеленеді.
Оқу-тəрбие процесі І ауысымда ұйымдастырылған. Əйгілі бағдарлама аясында салынған мектептердің өзгелерден көп артықшылықтарының бірі де осы. Яғни шəкірттер бір ауысыммен оқиды. Олар білім алатын осынау алтын ұя жарық əрі кең. Бір оқушыға есептегендегі пайдалы аудан 25,3 шаршы метр болады. Барлық құрал-саймандармен жабдықталған 63 оқу кабинеттері зертханаларымен бар. Атап айтсақ, 1 өзін-өзі тану, 8 лингофон, АƏД кабинеті, 2 мəжіліс залы, оның кішісі - 125, ал үлкені - 850 орындық. 360 орындық асхана, 4 компьютерлік кабинеттерге 215 компьютер орнатылған. 2 мультимедия лингофондық кабинет, 4 интерактивті тақта, 1 музыка кабинеті, пəндік əдістемелік бөлмелер мен кітапхана жұмыс істейді. Кітапханада 21099 кітап қоры бар, оның
ішінде оқулық - 16665 болса, қосымша əдебиет - 4434, ал жаңартылған оқу əдебиеті 8463 бірлікті құрайды. 2 спорт залы, ұлдарды жəне қыздарды еңбекке баулуға арналған 4 шеберхана, сондай-ақ 2 спорт кешені, 1 тіс емдеу, 2 дəрігерлік, психология жəне ойын кабинеттері оқушылардың игілігіне қызмет етеді. Мұнда 70-ке жуық ұстаз жас ұрпақты тəрбиелеп, оларға сапалы білім беру жолында еңбек етіп жүр. Олардың 62-і жоғары білімді, арнаулы орта білімі барлары - 8, жоғары санаттысы да - 8, ал, І санаттағы ұстаздар саны 16, ІІ санаттысы - 24. 13 мұғалім деңгейлік курстан өткен. Оның алтауы бірінші, жетеуі үшінші деңгейлі. Үлгілі ұстаздар ішінде Ақмарал Нұрқамытова, Лаура Булекбаева, Нируфар Исмайлова, Ақтолқын Жолдасова жəне Мөлдір Түгеловалардың пəн
Зайділлə Аралбайұлы. - Əрине, мұғалімдердің білімділігі оқушыларға жақсы əсер етіп, олардың ынта-жігерлерін арттырады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Жамбыл Орынбаев, Гүлдана Айдубекова, Бибігүл Назарова жəне тəрбие ісі жөнідегі орынбасарлары Ақмарал Нұрқамытова мен Айсұлу Үмбетовалар, тағы басқа да тəжірибелі оқытушылар ұстаздық етуден жалықпай келе жатқан жандар. Сондықтан да шəкірттеріміз əлі талай биік асуларды бағындыратынына сенімдіміз. Өйткені өте тəжірибелі ұстаздар арамызда көп. Мəселен, бізде ҚР «Білім беру ісінің үздігі», тіпті ҚР Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының доценті атағы мен «Жыл үздігі» номинациясы иегері бар. Мектеп басшысы Зайділлə Темірбековтың педагогикалық өтілі 38 жыл болса, соның 13 жылын директорлық лауазымында өткізген. Мектептің көрсеткіші жақсы. ҰБТ нəтижесі бойынша жалпы білім сапасы 61,1 пайызды құрайды. 2010 жылы 30 тамызда ашылған мектепте төрт жыл арасында жүзеге асқан жаңалықтар шынында да таңдай қағарлықтай. Ал төрт күз алдын болып өткен тұсаукесер рəсімі көп мұғалімдердің əлі де есінде екен. Ашылу рəсімінде жаңа мектептің ұстаздары мен шəкірттерін құттықтау үшін облыстық білім беру департаментінен, аудандық əкімшілік пен оқу бөлімдерінің қызметкерлері келген. Жергілікті билік өкілдері де қатысып, жаңа ғимараттың іске қосылуына орай тұрғындардың қуанышына ортақтасқан. Көптен күткен білім ордасының тұсаукесер мерекесінде сөзге шығып, тəтті тілектерін білдіргендер аз болмаған көрінеді. Ал, «СК Строй-Юг» мердігерлік компаниясының басшысы қалыптасқан дəстүрге сай жаңа нысанның символикалық кілтін мектеп директорына салтанатты жағдайда табыстаған. Бұл 2010 жылы жүзеге асқан айтулы оқиға еді. Содан бері де мінеки төрт күздің жүзі болыпты. Мектептің жағдайы əлі де сол жап-жаңа күйінде. Тіпті уақыт өткен сайын əсемдене түскен. Демек құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі адал болғаны. Өз жұмысына жауапкершілікпен қараған компания соғып берген мектептегі шəкірттер барлық оқу жылдарында білімнің теңізінде жүзіп, өздері оқып жүрген мектептің, қала берді аудан мен облыстың осы саладағы көрсеткішін жоғарылатып, атақтарын аспандата бергей! Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ. ОҚО, Төлеби ауданы.
ДЕНСАУЛЫҚ
¦ÄIËÅÒ
Денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін №37 (197) арттыруына бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған 17.10.2014 жыл
6
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА МҮМКІНДІК МОЛ Жергілікті медицина мекемелерінің жұмысы кейінгі жылдары жандана түскені аңғарылады. Бұл – ең алдымен ел экономикасының көтеріліп, əлеуметтік салаға, халықтың денсаулығына көңіл аудара бастаған мемлекеттік оң саясаттың нəтижесі. Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы аудандық емханасы бой көтеріп, 2009 жылдың 6 қазанында қолданысқа берілген болатын. Ордабасы емханасы қаладан шеткерірек орналасқанымен заманауи жетістіктерден құралақан қалып отырған жайы жоқ. Бүгінгі таңда халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында 52 емдеу сауықтыру мекемелері жұмыс істейді. 1 аудандық емхана, 4 ауылдық емханалары, 8 дəрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік акушерлік бекет, 18 медициналық пунктпен қамтамасыз етілген. Осыдан-ақ аудан тұрғындарының медициналық мекемелері мен ақ желеңді абзал жандармен қаншалықты қамтамасыз етілгенін аңғаруға болады. Мамандармен қамтылу жағынан аудан көлеміндегі емдеу орындары бойынша тұрғындарға барлығы 139 жоғары білімді дəрігер қызмет көрсетеді. Дəрігерлердің барлық санаты – 55, оның ішінде жоғары санаттылары – 11 дəрігер болса, 1ші санаттылары – 26, ал 2-ші санаттылары – 18 дəрігер. Сондайақ, орта буын медицина қызметкерлерінің саны – 489. Орта буын мамандарының барлық санаттылары – 260, оның ішінде жоғары санаттылары – 224, 1-ші санаттылары – 24, ал екінші санаттылары – 12 дəрігер. Жыл басынан 28 дəрігер мерзіміне қарай Шымкент қаласында 21, Алматыда 7-уі өз білімдерін жетілдірді. Ауылды жерлерде дəрігерлерді тұрақтандыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының нəтижесінде аудан бойынша 23 жоғары санаты дəрігер, 24 орта буынды медицина қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының жолдамасына сəйкес, жұмысқа орналасып, бірнеше жылға келісім-
шартқа тұрып, жұмыс атқаруда. Жұмысқа орналасқан барлық жас маманға Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2007 жылғы 19-ы шілдесіндегі №34/383Ш санды «ОҚО ауылдық жеріне жіберілген медицина қызметкерлерін əлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» шешіміне сəйкес біржолғы материалдық көмек төленді. Бағдарламамен келген жас мамандар ауыл шаруашылығы бөлімінен 1 пайыздық несие ала алады. Сондай-ақ, ОҚО əкімдігінің 2010 жылғы 27 мамырдағы №197 қаулысымен аудан əкімшілігі тарапынан біржолғы жəрдемақы төленеді. Олардың барлығына да аталған шешімнің «Келісім-шарт негізінде коммуналдық қызмет түрлеріне аталған шығындардың өтемін төлеу» туралы 2-бөлігіне сəйкес, ай сайын 10 000 көлемінде жəрдемақы төленіп келеді. Осындай мысалдың өзі ел болашағы жастарымыздың өз мамандықтары бойынша бірден жұмысқа араласып, біліктіліктерін арттырып келе жатқанын аңғартады. Мемлекеттің қамқорлығын сезінген олар еліміздің нағыз патриоты боларына ешқандай шүбə жоқ. Дəрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отыруына бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Осы деректерденақ бұл мəселеге қатысты қаражаттың жыл өткен сайын көлемі өсіп келе жатқанын білу қиын емес. Бүгінде Ордабасы ауданының халық саны жыл санап артып келеді. Барлық тұрғындар саны 2013 жылы 114200 еді, бұл көрсеткіш биыл 116800 болды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 40988, ал 2013 – жылы 38832 болған. Демек едəуір артқан.
Елдің саны артқан сайын, халыққа қызмет көрсететін орындардың да тапшылығы байқала түсетіні белгілі. Əсіресе денсаулық сақтау саласында анық байқалып қалып жатады. Аталмыш емхана бір ауысымда 500-ге тарта адамды қабылдай алады. Емхананың іші толықтай жаңа құрал-жабдықтармен жарақталған. Атап айтқанда 3 дана дефибрилятор, 1 дана тредмил системасы, 1 дана функционалды диагностикалау жүгіру тренажерымен – Т200 компьютерімен, 1 дана ЭКГ мен АҚ тəулік мониторингтеу, 1 дана УЗИ аппараты датчик көрсеткіштерімен, 2 дана жаңа үлгідегі «IVECO» жедел жəрдем автокөлігі, 1 дана рентген аппараты «ПроСкан» сияқты тағы да басқа жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, күндізгі стационар да адамдарды қабылдауға дайын. Күніне 55-ке тарта адам осы стационардан дертіне шипа таба алады. Мемлекет тарапынан дəрідəрмектерге де дер кезінде тиісті қаражат бөлініп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылдың 24 тамызындағы №446 бұйрығына сəйкес «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін жəне жеңілдікпен қамтамассыз етуге арналған дəрілік заттар жəне медициналық мақсаттағы жасанды тамақпен қамтамасыз ету» бұйрығына сəйкес 9 -айға қамтылған көрсеткіштер жылдық қаржының барлығының 69,58% құрап отыр. Бұл ем-дом шараларын оңтайлы жүргізуге, аурудың асқынуына жол бермеуге, тіпті аурудың алдын алуға мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Сондай-ақ емхана дəрігерлерінің науқастарды қабылдауы 2013 жылы – 364104
болса, ал 2014 жылы – 359222 емделушілерді қабылдаған. Профилактикалық тексеруден 2013 жылы – 27421 адамды өткізсе, 2014 жылы – бұл көрсеткіш 42522 болып өскен. Арнайы медицина қызметкерлері өз міндеттері бойынша үйді аралау жұмыстарын жүргізгенде денсаулықты нығайтуды ұштастыру мақсатында əртүрлі тақырыптарда үгіт насихат
адам жылына бір рет толық медициналық тексеруден өтуге міндетті – дейді бас дəрігер Назира Абжапарова. Бүгінгі таңда аймақтық терапевттерге жəне аймақтық мейірбикелерге «Д» есепте тұратын қатерлі ісік ауруларының алдын алуды қатаң қадағалауға, қатерлі ісікке қырағылықты күшейтуге түсіндіру жұмыстарын
жүргізуінің салдарынан заманауи талапқа сай қазіргі кезде аурудың алдын алу негізінде адамдар өздері көп нəрсені түсініп, дəрігерге уақытылы тексерулерінің арқасында, дəрігерлердің қабылдауы артуда. Сонғы кездері бірінші рет қатерлі ісік (өспелер) ауруға шалдыққандар саны 2013 жылы – 98 адам – 87,0% көрсеткіш болса, 2014 жылы – 79 адам – 68,3% болған. Бұл 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші. Яғни 18,7% көрсеткішке төмендеген. 5 жылға дейінгі өмір сүру ұзақтығы – 2013 жылы 169,39 болса, ал 2014 жылы – 182 адам – 41,3% көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 2,3% көрсеткішке өскен. - Алдын ала тексеруден өтуге кейбір адамдар айтарлықтай назар аудармайды, біздің көңілімізден шықпайтыны да осы. Мұндай қадамды өз денсаулығы үшін жасап отырғанын түсіне бермейтіндер аз емес. Ауырып ем іздегенше, оның алдын алған жақсы емес пе?! Тексеру арнайы тізім бойынша жасалады. Қызметкерлер алдын ала тұрғындардың үйлеріне телефон шалып, келетін уақытын айтады. Міне, медицина жағынан осындай қадам жасалып тұрғанда, неге оны пайдаланбасқа?! Денсаулық – басты байлық. Сондықтан да əрбір
уақытылы жүргізу міндеттелген. Дəл қазір елімізде үдеп тұрған дерттің бірі туберкулез ауруы. Бұл ауруға Ордабасы ауданы бойынша бірінші рет дертке шалдыққандар саны 2013 жылы – 67 адам – 59,5% көрсеткіш болса, 2014 жылы – 56 адам – 48,5% санды көрсеткен. Бұл 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші. Яғни 11% көрсеткішке төмендеген. Жедел ішек аурулары бойынша айтатын болсақ, өткен жылдармен салыстырғанда едəуір төмендеп келеді. Қайтыс болу фактісі де 2013 жылы – 454 адам – 4,0% болса, 2014 жылы – 435 адам – 3,8% көрсеткішті көрсеткен. Демек халық санына шаққанда 0,2 көрсеткішке төмендеген. Яғни халық денсаулығы үшін медицина қызметкерлерінің тынбай еңбек етіп келе жатқанының айғағы деп айтуға болады. Емхана дəрігерлерінің көпшілігі ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тəжірибелі мамандар. Дəрігерлер бұл емхананы бүгінгі күннің талаптарына толығымен жауап беретін медициналық мекеме деп есептейді. Емхананың «бет бейнесі» болып, саналатын тіркеу бөлімінің іргесі де қалыптасқан. Мұнда таңғы сағат 8.00-ден қарбалас басталады. Содан кешкі 17.00-ге дейін адам үзілмейді. Тіркеу бөлімінде жұмыс
жасайтын медициналық қызметкерлер де ала таңнан қара кешке дейін дамыл таппайды. Бірі науқастың құжаттарын іздеп əуре болып жатса, енді бірі емханаға алғаш келген адамды тіркеп, науқасқа амбулаториялық карта ашып беріп жатады. Тағы бірі келушілерді дəрігердің қабылдауына жазып, əбігерге түседі. Оның үстіне бір тыным таппайтын телефон қоңыраулары жəне бар. Емхананың тіркеу бөлімінде жұмыс жасайтын Құралай Утегешова мен Мақпал Копбаеваларға жұмыстарының қиын екенін айтқанымызда: «Халқымыз үшін аянбай еңбек етуге əзірміз!» деп бір сөзбен жеткізді. Емханаға келуші науқастардан пікір алуға тырыстық. Ордабасы ауданының Қарақұм елді мекенінен келген Лəззат Тоғайбекова өз сөзінде: – Невропатолог дəрігеріне көрінуге келіп, жаңа емхананың кең, əрі медицина жабдықтарының жаңа, жақсы білетін медицина мамандарының бар екенін емделушілерден білдім, енді бұдан кейін де қалаға барып əуре болмастан өз ауданымыздағы емханаға келіп көрінемін – деді. Жоспарға сай, 2014 жылы облыстық бюджет есебінен денсаулық сақтау нысандарына, атап айтқанда, салынатын жаңа құрылыстар «Ордабасы», «Ақбұлақ», «Көкбұлақ» фельдшерлік акушерлік пунктерінің құрлыстары үшін қаржы бөлінген. Республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен 2014-2015 жылдар аралығында медицина мекемелерінде бірнеше салынатын құрылыс нысандары бой көтермек. Атап айтқанда Қажымұқан, Шұбар елді мекендерінде дəрігерлік емхана, Ынталы, Көлтоған, Сарыарық елді мекендерінде фельдшерлік акушерлік бекеттер, Кемер мен Тың елді мекендерде медициналық бекеттер бой көтермек. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында: «2015 жылға қарай 350 дəрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт жəне емхана салынатын болады» деп, атап айтқан болатын. Елбасының сөзіне сүйене отырып, салиқалы саясаттың арқасында халық игілігіне қызмет көрсететін осындай нысандар əлі де болса облысымызда бой көтере беретініне кəміл сенеміз. Ақжібек МҰСТАФИНА.
БƏЙДІБЕКТЕГІ БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР Ел Үкіметінің қаулысымен аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта жəне тұрғындар саны 10 мыңнан аспаған жағдайда барлық стационарлар жабылып, дəрігерлік амбулатория болуға тиісті болғанымен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бəйдібек ауданының географиялық жəне климаттық жағдайының қиындығына байланысты облыс басшыларының түсіністікпен қарау есебінен аудан көлемінде бүгінге дейін 7 аурухана стационарымен жұмыс атқарып келеді. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің жəне Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ықпал етуімен Бəйдібек ауданында бірнеше емдеу мекемелерінің құрылысы жүргізілді. Сөйтіп медицина саласында ауқымды істер атқарылған. Қазіргі таңда халыққа медициналық көмек көрсететін жетпіске жуық емдеу сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде аудандық аурухана, аудандық емхана, дəрігерлік амбулатория, туберкулезге қарсы диспансер, аудандық санитарлық эпидемологиялық қадағалау бөлімі, эпидзертхана жəне ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік тірек, медициналық тірек, мемлекеттік емес стоматологиялық емхана, тағы басқалары бар. Облыс орталығынан едəуір шетке орналасқан аудан үшін мұндай жетістіктер
сондағы жергілікті билік өкілдерінің жақсы іс-əрекетінің айғағы іспетті. 2010 жылдан бүгінге дейін Алғабас ауыл округі орталығы Шақпақ елді мекенінен аурухана, Таңатар елді мекенінен 60 төсек-орынмен туберкулезге қарсы диспансер, Амансай, Қостұра, Кеңестөбе, Екпінді елді мекендерінде дəрігерлік-амбулаторияның жаңа құрылыстары жəне Сарқырама, Жоғарғы Боралдай, Сарыбұлақ, Жолғабас, Қайнарбұлақ елді мекендерінен фельдшерлік-акушерлік тірек ғимараттары типті үлгіде тапсырылды. Одан кейінгі жылы Кеңес-одақ жəне Жиенқұм елді мекендерінде ФАТ, Ақтас елді мекенінде дəрігерлік-амбулаторияның құрылысы аяқталып, іске қосылды. Осы жоғарыда типті үлгіде берілген емдеу орындарының барлығы соңғы
үлгідегі озық медициналық құралжабдықтармен қамтамасыз етілген. Аудандық емханаға 2011 жылы медициналық құрал-жабдық жəне санитарлық автокөлік алуға 56 млн. 139,3 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 21 млн. 222 мың 090 теңге қаржыға толық медициналық құралжабдықтармен жарақтандырылған санитарлық автокөлік, стоматологиялық қондырғы, биохимиялық анализатор, офтальмологиялық лампа, авто-рефкератометр, электрокардиограф жəне компьютерлер мен тоңазытқыштар алынды. Одан басқа республикалық бюджеттен 16 млн. 063 мың теңгеге тредмил жүйесі, УЗИ аппараты жəне холестерин мен глюкозаға арналған құрылғылар алынған. 2012 жылы 11 млн. 160 мың 985 теңгеге дефибриллятор монитор,
электрокардиограф, тонометр FT-1000 жəне 15 дана компьютер алынса, биыл жергілікті бюджеттен 13 млн. 684 теңгеге 3 санитарлық автокөлік, 1 деффбрилятор, 1 су моншасы жəне 20 компьютер мен республикалық бюджеттен 31 млн. теңгеге рентген құрылғысы алынса, 19 млн. 100 мың теңгеге ремобильді автомобиль алыну жоспарланды. Сондай-ақ Бəйдібек ауданында тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында дəрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, бүгінгі уақыт талабына сай маман болуына үнемі назар аударылып келеді. Еліміздің денсаулық сақтау саласы мамандарының дер кезінде біліктілігін арттырып отыруына бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Мəселен, 2010 жылы 400 мың, 2011 жылы 1 млн. 800 мың, 2012 жылы 2 млн. 372 мың теңге бөлінсе, 2013 жылға 2 млн. 861 мың теңге қарастырылған. Осы деректерден-ақ бұл мəселеге қатысты қаражаттың жыл өткен сайын артып келе жатқаны белгілі болып отыр. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде үш медициналық орын мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілді. Атап айтқанда Жамбыл ауыл округіндегі Жүзімдік елді мекеніне салынған медициналық пункт құрылысына 32 миллион 582 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Сондай-ақ Алғабас ауыл округіне қарасты Таңатар елді мекеніндегі медициналық пунктке 37 миллион 613 мың
теңге қаралған. Осы екі құрылысты да қолға алған «Бəйтерек-2006» ЖШС мердігерлік компаниясы тиісті қаржыларды түгел игеріп, ел игілігіне əлгі нысандарды табыс етті. Ал «Төтенше жағдайлар жəне өрттен қорғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арқасында əлгі Алғабас ауылдық округіндегі Таңатар елді мекеніне «Бəйдібек аудандық туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесінің сыртқы қоршау жəне аймақтандыру құрылысы да ойдағыдай аяқталды. Оған 23 204 мың теңге қаржы аударылған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сəйкес «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін жəне жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дəрілік заттар жəне медициналық мақсаттағы жасанды тамақпен қамтамасыз ету» бұйрығына сəйкес мемлекет тарапынан дəрідəрмектерге де дер кезінде тиісті қаражат бөлініп отыр. Бұл ем-дом шараларын оңтайлы жүргізуге, аурудың асқынуына жол бермеуге, тіпті аурудың алдын алуға мүмкіндік тудырары сөзсіз. Осындай артықшылықтар мен жеңілдіктердің нəтижесінде жергілікті медицина мекемелерінің жұмысы кейінгі жылдары жандана түскен. Бұл, əрине, ел экономикасының көтеріліп, əлеуметтік салаға, халықтың денсаулығына көңіл аудара бастаған мемлекеттік оң саясаттың нəтижесі. А. БАЙЖАУҚАР.
Сатылымға түскен нысандар халықтық IPO №37 (197) жəне қор нарығындағы «IPO» арқылы сатылады 17.10.2014 жыл
НАУҚАН
¦ÄIËÅÒ
Руслан Дəленов
шара кезеңінде бірінші жекешелендіру кезеңіндегідей мүлікті түгелдей беретін нар тəуекелге бармады. Өндірісте өз қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген, талай орталарда мойындалған компанияларды бəсекелестік ортаға ұсынғанмен, ол жерде де қандай да бір келеңсіздіктер орын алуы мүмкін екенін, теріс жағдайлардың болуын ескеріп, нысандарды жекеменшікке жай бере салу емес, оларды жаңа активтермен біртіндеп ауыстыруды басты міндет деп санады. Сонымен қатар жекеменшікке ұсынылып, сатылған нысандағы жұмыс күшін, яғни, штат санын қысқартуға да жол бермеу қаралған. Мемлекеттің жекешелендірудің осы екінші кезеңінде əлеуметтің əлауқатын нашарлатуға жол бермейтін тұстарға көп мəн бергені халықты қуантып отыр. Өйткені 1990 жылдары белең алған жекешелендіру кезеңінде көп кемшіліктер болғаны белгілі. Мысалы, Шымкенттегі троллейбус паркі жекенің қолына өтіп кеткен еді. Жұмысы бір жүйеге түскен,
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ Қазақстан Республикасының президенті Н. Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке бірқатар тапсырмалар берген еді. Елбасы: «Үкімет «СамұрықҚазына» қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кəсіпорындар тізімін анықтауы керек. Тура осындай жұмысты қалған мемлекеттік секторларда да жүргізу қажет. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 20142016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануы тиіс» деген болатын. Соның негізінде Үкімет тиісті тапсырмаларды орындап, жекешелендірудің 20142016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Стратегиялық маңызға ие бұл жұмыс басталып кетті. Бүгінде елімізде жекешелендіруге ұсынылған нысандардың 43-і сатылды. Бұл көрсеткіш қыркүйек айының басындағы
жағдай бойынша таратылып отыр. Ал биылғы жоспар бойынша əлі жүздеген нысандарды жекенің қолына ұсыну қажет. Бұл туралы еліміздің Қаржы министрлігінің вице-министрі Руслан Дəленов былай дейді: – Биыл жекешелендіру кестесіне сəйкес 295 нысанды сату жоспарланған болатын. Бірақ олардың саны қазіргі таңда 305-ке дейін көбейіп отыр. Бұл кешенді шара қолға алынғаннан бастап əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар бойынша 18 нысан, коммуналдық меншік бойынша 17 нысан, холдингтер бойынша 8, республикалық меншік бойынша 1 нысан сатылған. Бүгінге дейінгі жалпы сатылым сомасы 1,3 млрд. теңгені құрап отыр. Жекенің қолына өткен нысандардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «Техникалық инспекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Қазылатын жерді анықтап, оған қатысты келісім-шартты рəсімдейтін серіктестіктің 51 пайызы жеке тұлғаның қолына өтсе, қалған 49 пайызы мемлекет үлесінде қалды. Яғни, басыбайлы, түгелтұтасымен берілмеді. Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі Үкіметтің басты назарға алған тұсы да осы. Мемлекет осы ауқымды
талай жандардың діттеген жерлеріне жетуіне, барыс-келісіне өте қолайлы, əрі жол ақы бағасыда тұрғындарға өте тиімді, экологиялық жағынан таза қалаішілік бағытта жүретін троллейбустердің көп ұзамай-ақ жұмыстары тұралап, ақыр аяғында құрдымға кеткен болатын. Бүгінде бір кездері Шымкент қаласында троллейбустар жүргенін білмейтіндер де бар. Жекешелендірудің екінші кезеңі басталған тұста көп халықтың көкейінде «түтіні түзу шығып тұрған мекемелер құрдымға кетпес пе екен?» деген алаңдаушылық сезім көп болды. Бірақ, əлгіндей қырларын естіп білген соң ондай күмəн сейілді. Осы жылы Оңтүстікте «Техникалық инспекция» ЖШС-нен бөлек тағы 5 коммуналдық меншіктегі ұйымды сату жоспарланған. Сатылымға түскен нысандар халықтық IPO жəне қор нарығындағы «IPO» арқылы сатылады. Сонымен қатар тікелей аукционға шығарылады. Жекешелендірудің екінші кезеңінде нысандардың бірден жекенің қолына өтпей, алдымен тек белгілі бір уақыт көлеміне ғана басқаруға тапсыруы оның шынайы əрі əділ өтетіндігін аңғартса керек.
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның құны 2,6 млрд. теңгелік үш компаниясы сатылды ҚР Қаржы министрлігінің электронды алаңында өткізілген кезекті саудада «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ құрамында болған 3 компания сатылды, деп хабарлады «СамұрықҚазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінен.
«Электронды байқау əдісімен өткізілген саудаға ҚТЖ құрамындағы 7 компания шығарылған болатын. Тіркелген қатысушылардың болмауы себепті «БАС Балқаш 2004» ЖШС, «Біржан-Атырау» ЖШС, «Ғасыр-Маңғыстау» ЖШС, «АҚ берен» ЖШС-ін сату бойынша электронды сауда «өткізілмеген» деп танылды. Бұл уақытта «Ертіс Сервис» ЖШС, «МАК-Екібастұз» ЖШС, «Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС
жалпы құны 2,6 млрд. теңгеге сатылды»,- деп хабарлады «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Серікбек Елшібеков. Жекелей алғанда «Ертіс Сервис» ЖШС 703 млн. теңгеге сатылды. Бұл оның сатуға шығарылған бастапқы құнынан
15% жоғары. Ал «ҚазығұртОңтүстік» ЖШС бастапқы бағасынан 1,6 есеге қымбаттап, 960,5 млн. теңгеге сатылды. «МАК-Екібастұз» ЖШС құны бастапқы сауда бағасынан 3,6 есеге қымбаттап, 1,02 млрд. теңгеге сатылды. «Ертіс Сервис» ЖШС сатып алуға - 4, «Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС-ін сатып алуға - 7, ал «МАКЕкібастұз» серіктестігін сатып алуға 6 инвестор ниет білдірді. Мүдделі инвесторлардың
саудаласып, сатуға шығарылған серіктестік бағасын ұлғайтуы аталған активтерге деген қызығушылықтың жоғары болғандығын аңғартады. Сатылған компаниялар бойынша тиісті келісім-шарттар 2 ай ішінде толық тəмамдалады деп күтілуде. Сауда өткізілмеген
деп танылған активтер таяу 10 күннің ішінде қайтадан сатуға шығарылады. «Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС мен «Ертіс сервис» ЖШС мұнай өнімдерін тасымалдайтын теміржол цистерналарын сапарға даярлаумен айналысады. Ал «МАКЕкібастұз» ЖШС қызметтіктехникалық вагондарды күрделі жөндеуден өткізіп, дизельдік жəне электр пойыздарын жөндеп, оларға техникалық
қызмет көрсетумен шұғылданған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын əзірлегені белгілі. Қор құрамындағы 106 актив пен нысанды, соның ішінде 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жекеменшік сектордың қолына тапсыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру ел экономикасындағы мемлекет қатысуын азайтып, іске жекеменшік секторды молынан тарту арқылы оны барынша нығайтуға бағдарланған. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы бұған дейін жалпы құны 836 млн. теңгені құрайтын 6 компанияны сатқан болатын. Таяу уақытта сатылатын барлық компаниялар мен оларды сатуға шығару шарттары туралы толымды ақпарат Қордың ресми сайтында, «Жекешелендіру» айдарына орналастырылған. Сондай-ақ бұл мəліметтерді Жекешелендіру бағдарламасының операторы болып табылатын «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС сайтынан таба аласыздар. Сондай-ақ, жекешелендірілетін əр актив жайлы толымды ақпаратты + 7 (7172) 55 22 66 нөмерін теріп, call-орталықтан да білуге болады.
7
Мүлікті заңдастыру бойынша жалпы сомасы 34,6 млрд. теңгеге төрт мыңның үстінде өтініш түсті
Сомасы 1 323,0 млн. теңгеге заңды тұлғаларға қатысу үлесін заңдастыру үшін 16 өтініш түсті. Қазіргі сəтте сомасы 1 923,1 млн. теңгеге 212 нысан заңдастырылды. 2014 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша, салық органдарына ҚР тыс жерлерде орналасқан мүлікті заңдастыруға өтініш келіп түскен жоқ. Мүлікті заңдастыруға келіп түскен өтініштердің саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр (1039 жəне 1012). Мүлікті заңдастыруға Азаматтардың белсенділігі келіп түскен жағынан үшінші орында Ақтөбе өтініштердің саны облысы тұр (373 өтініш). 90 Азаматтардың белсенділігі 373 бойынша соңғы орында 1039 əдеттегідей Маңғыстау облысы 61 акция басталғаннан бастап, заңдастыруға небəрі 21 өтініш 85 түскен. 190 2014 жылғы 10 қазандағы 44 жағдай бойынша ҚР Ұлттық 176 банктің есеп деректеріне 34 сүйенсек, екінші деңгейлі 286 банктерде жалпы сомасы 1 699,3 21 млн. теңге ақша заңдастыру үшін 67 12 жинақ есепшоты ашылды, 136 оның ішінде ақша заңдастырғаны 97 үшін бюджетке 37,2 млн. теңге 1012 төлей отырып, жинақ шотынан 336 372 млн. теңге алынды.
ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға жалпы сомасы 34 635, 5 млн. теңгеге мүлікті заңдастыруға 4 047 өтініш келіп түсті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен. Олардың ішінде сомасы 33 312,5 млн. теңгеге 4 866 жылжымайтын мүлік нысаны заңдастырылатын болды. Өңір
Ақмола облысы Ақтөбе облысы Алматы облысы Атырау облысы ШҚО Жамбыл облысы БҚО Қарағанды облысы Қызылорда облысы Қостанай облысы Маңғыстау облысы Павлодар облысы СҚО ОҚО Алматы қ. Астана қ.
МҮЛІКТІ ЖАРИЯЛАУ ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында өз мүліктерін жариялау бойынша тиісті мекеме жанынан құрылған комиссияларға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 15 қазанға дейінгі аралықта 102 азамат өтініш білдірген. Жария етуге ұсынылған өтініштердің 88-і тұрғын үй бойынша, 12 коммерциялық нысандар, 2-і көлік жай болып табылады. Олардың жалпы құны 495 493,0 теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы мəліметті Оңтүстік Қазақстан облысы Салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді əкімшіліктендіру жəне уəкілетті органдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Əшім Ахаев мəлімдеп отыр. Сондай ақ, ол аудандар бойынша келіп түскен өтініштердің 35-і Сарыағаштан, 17-сі Бəйдібектен, 2-і Сайрамнан, 1-і Отырардан екенін, ал Шымкент қаласы бойынша атқарушы органға өз мүлкін жариялау үшін 33 тұрғын, Арыс
қаласында 8, Кентауда 2, Түркістанда 3 адам өтініш білдіргенін айтып өтті. Оңтүстік Қазақстан облысында мүлікті жария ету науқаны өзге өңірлермен салыстырғанда баяу əрі сылбыр өтіп жатыр. Осыған орай ОҚО салық департаменті еліміздің «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті тұрғындар арасында шекаралас мемлекеттерде орналасқан мүліктерін жария етуді кеңінен насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс əсіресе облыстың Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Мақтарал жəне Сарыағаш аудандарында қарқынды жүргізілетін болады. Дайындаған: Б. МЫРЗА. Қосымша мəліметтер ғаламтордан алынды.
¦ÄIËÅÒ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Үкімет пен Ұлттық Банкке биылғы жылы атқарылатын нақты тапсырмаларды бере отырып, «Үкімет «СамұрықҚазына» қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кəсіпорындар тізімін анықтауы керек… Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Осылайша, Елбасы тапсырмасына сəйкес елімізде жекешелендірудің екінші толқыны басталып та кетті.
Еуропалық клубтардың бір маусымдағы табысы №37 (197) миллиард еуроның жартысына жетуде 17.10.2014 жыл
8
таланттардың арасынан іздемей, қомақты қаржы жұмсалатынына қарамастан шетелден шақыртқанды құп көреді. Клуб басшылары легионерлерге қойылған шектеуді де оңай айналып өтуде. Шетелден келген футболшыларға Қазақстан азаматтығына алып бере қояды. Соның салдарынан өзіміздің жігіттеріміз ойнай алмай, жастарымызға да өздерін көрсетуге мүмкіндіктер кеми түскен. Ал клуб жекеменшікке өткен жағдайда, қазақ футболының ұтары көп болар
ҚАЗАҚ КЛУБЫ ДА ТАБЫС ТАБУҒА ҚАУҚАРЛЫ
Жекешелендірудің екінші толқыны экономикадағы мемлекеттік қатысуды тоқтатуға жəне жеке бизнестің дамуы үшін жағдайлар жасауға арналған. Бəсекелес ортада барынша пайда алуға мүдделі жеке кəсіптің қызмет ету аймағын кеңейтетін жəне олардың сапасын арттыратын болады. Оларды күтіп ұстауға едəуір шығыстарды талап ететін нысандарды жекеменшікке беру бюджеттегі жүктемені төмендетеді. Осындай шаралар нəтижесінде масылдық көңіл-күй тұтасымен жоғалуы тиіс жəне бизнес пен ел азаматтары бəсекеге қабілетті болуы керек. Ал енді Жекешелендірудің кəсіпкерлер мен акционерлер үшін қандай пайдасы тиеді? Бұл ретте мемлекеттік органдардың қарамағындағы мемлекеттік кəсіпорындар мемлекеттік тапсырысты алады. Бұл мемлекеттік органдармен байланысты емес жеке бизнес пен мемлекеттік кəсіпорындардың арасында бəсекені тудырады. Мемлекет жекешелендіруге берілетін компаниялардың акционері болып табыла отырып, бəсекелі ортада өз қатысуын қысқартады. Жаңа акционерлер біріншіден, дайын бизнесті алады, екіншіден оны дамыту үшін бастамашылық танытудың зор мүмкіндігіне ие болады. Соған сəйкес, Қазақстан футболындағы бəсекелестікті арттыру мақсатында еліміздегі кəсіпқой клубтар да саудаға шығарылды. Соның ішінде – «Ордабасы» кəсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы да бар. Бүгінде Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» командасы Оңтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түсіп жүр.
ФУТБОЛ КЛУБЫ ҚАНДАЙ ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ? Жалпы, футбол клубы табыс əкеле ала ма, соған тоқталсақ. Футбол табыс əкелмесе ресейлік қалталы азамат Роман Абрамович қомақты қаржы жұмсап, лондондық «Челсиді» сатып алар ма еді?! Иə, əлемдегі №1 спорт түріне баланатын футбол қазіргі таңда бизнес көзіне айналған. Ол спорт қана емес, миллиондаған адамның табысы. Футболдан тек ойыншылар ғана пайда таппайды, сонымен қатар, клуб президенттері, бапкерлер, букмекерлік кеңселер, тіпті қарапайым жанкүйерлер де осы ойын түрінен пайда көре алады. Əсіресе, бұл бизнес еуропалық клубтарда жақсы жолға қойылған. Мысалы, Германия Бундеслигасында бəсекелестік жоғары. Мұндағы мюнхендік «Бавария» 2012/13 маусымында 432,8 миллион еуро табыс тапқан. Тіпті, 2011/12 маусымындағы табысынан 100 миллион артық түскен. Яғни, бір маусымның өзінде табысты осындай соммаға арттыруға мүмкіндік бар деген сөз. Неміс клубы бұл табыстың басым бөлігіне Чемпиондар лигасында жəне ішкі турнирде сəтті өнер көрсетудің арқасында ие болған. Еуропалық клубтар негізінен 3 түрлі табыс көзінен пайда табады. Біріншісі, еуротурнирлерде сəтті өнер көрсеткені үшін UEFA (еуропалық футбол қауымдастықтар одағы) бөлетін сыйақы (Бұл одаққа Қазақстан футбол федерациясы да кіреді) жəне демеушілер есебінен түсетін қаржы. Екіншісі, жанкүйерлерге сатылған билеттен түсетін табыс. Үшіншісі, телекомпаниялар ұйымдастыратын тікелей көрсетілімдердің арқасында түсетін пайда. Испанияның командалары да əлемдегі ең бай клубтар
қатарында. Жоғарыда аталған маусымда «Реал» 520,9 миллион еуро табыс тапқан. Чемпиондар лигасындағы ойыны үшін мадридтік ұжым 50 миллион еуро олжалаған. Телевидениеден түскен қаржы 140 миллион еуроны құраған. Ал клуб футболшыларының киіміндегі «Emirate» жазуы үшін бір маусымға демеуші əуе компаниясы 25 миллион еуро төлеген. Сондай-ақ жанкүйерлерден түсетін қаржы да аз емес. «Реалдың» «Сантьяго Бернабеу» стадионына 85,3 мың адам сыяды. Билеттің құны орналасқан жағдайына байланысты 70 пен 340 еуро аралығында. Команданың барлық ойынында ине шаншар орын болмайтынын ескерсек, өтпей қалған билет бола бермейді. Нəтижесінде əр билеттің құнын орташа баға 200 еуродан есептесек, бір ойында клубқа қосымша 17 миллион 60 мың еуродан түседі деген сөз. Міне, осылайша футбол бизнесін дұрыс жолға қоя білген еуропалық клубтардың бір маусымда табатын табысы миллиард еуроның жартысына жетіп жатыр. Алысқа бармай-ақ, бұл бизнес түрі аса дами қоймаған көршіміз Ресейден де мысал іздеуге болады. Көршілеріміздің чемпионатындағы ортаңқол команданың бірі саналатын «Кубань» клубы 2013 жылы 49 миллион еуро табыс тапқан. Яғни, бұл табысқа біздің ұжымдардың жақын жылдары-ақ жете алатынын аңғартады.
мысалға келтірген мақтаулы еді деп ойлаймыз. «ОРДАБАСЫНЫҢ» «Шахтерді» сырт алаңда 2:3 Біріншіден, клубқа жұмсалатын ҚАЗІРГІ ҚАУҚАРЫ есебімен жеңіп кетті. Қазіргі ел қаржының əр тиыны тиімді жұмсачемпионы «Ақтөбемен» бірдей 24 лар еді. Клуб қожайыны команданы ҚАНДАЙ? ұпай жинаған шымкенттік клуб жаттықтыру үшін бапкерді алыстан Қазақстан Премьер-лигасында турнир кестесінің төртінші сатысыіздемей-ақ, өзіміздің маманды құп өнер көрсететін «Ордабасы» на орналасқан. Алда ойналатын 4 көрері анық. Өйткені, біздің бапкеркомандасы биылғы маусымда тəуір тур бар екенін ескерсек, командалердің біліктілігі өзгелерден кем нəтиже көрсетіп келеді. Жоғарыда ның жүлделі орыннан көрінуге емес екенін кезінде «Ордабасымүмкіндігі бар екені де даусыз. ны» жаттықтырған Шайзидин Турнир кестесінде көш бастап келе Кенжебаев бірнеше рет дəлелжатқан «Қайратты» Алматыда деген. Шетелден шақырылған жеңіп кеткен. Тур кестесіндегі мамандар үмітті ақтамай, клуб 2000 жылы «Томирис» жəне көршісі «Ақтөбені» өз алаңында қиын жағдайда қалған кезде «Жігер» командаларының бірігуі 1:0 есебімен тізе бүктірген. Яғни, тізгінді қолға алған Кенжебаарқылы «Достық» клубы пайда шымкенттік ұжымды бəсекеге ев тығырықтан шығар болды. Ол 2003 жылдан бастап қабілетті деуге толық негіз бар. жолды таба білген. «Ордабасы» атауына ие болған. Сондай-ақ, Шымкент Осындай жергілікті талантты футболшыға бай. «Ордабасы» футбол клубы 2011 жылғы ойыншылардың шамаБұған «Ордабасы» сапында Қазақстан кубогының иегері. 2012 жылғы шарқын жақсы білетін өз негізінен жергілікті мамандарымызға сенім Қазақстан суперкубогының жеңімпазы. ойыншылардың өнер білдірсек, ұтылмайтыны«Томирис» Қазақстан чемпионатында 1998 көрсететіндігі дəлел бола мызға сенім мол. Оның жылдан бастап өнер көрсеткен. Əуелі алады. Қазақстанда əр үстіне, алыстан келген «Синтез» аталған команда жыл өткен соң ойында 5-6 төл шəкірті өнер маман қомақты қаржы «Томирис» болып өзгерген. Ал «Жігер» көрсететін басқа клуб жоқ. Бұл сұрайды. Оған қазақтың 1960 жылдан бастап Кеңес Одағының шымкенттік клубтың басты футболының өскені емес, чемпионатына қатысқан. 1992 артықшылығы. Яғни, аға өзінің қалтасы мен оңай жылдан бастап Қазақстан буынның орнын басатын талантты келетін нəтиже маңыздырақ. жастар жетерлік. чемпионатында өнер Екіншіден, өз командамызда
Біздің анықтама:
көрсеткен.
P.S. Cарапшылардың пікірінше, көп жағдайда нысандар мен ұйымдарды басқаруда жеке сектор мемлекетке қарағанда əлдеқайда табысты нəтижелерге қол жеткізетін көрінеді. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деп қазақ тегін айтпаған. Сондай-ақ, «Өкіметтің дүниесін аяйсың ба?» деген Кеңес одағы тұсындағы пиғылдан арылмағандар да баршылық. Алайда, мемлекеттің ісіне самарқау қарағандардың өзінің шаруасына келгенде жанын салатыны белгілі. Жекеге меншікті үлестірудегі көзделген мақсаттың бірі - осы. Жекеге тапсыру арқылы ол іске жауапкершілікті арттыру. Оның үстіне, табыстың тиімді көзін тапқысы келетіндер жаңа жағдайға тезірек бейімделіп, жаңа технологияларды да уақтылы енгізуге қабілетті болатыны анық. Нəтижесінде, жекешелендіру мемлекет үшін де, жеке секторға да тиімді болмақ.
ҚАЗАҚ КЛУБЫ ТАБЫС ТАБУҒА ҚАУҚАРЛЫ МА? 2013 жылғы маусым Қазақстан футболы үшін сəтті болды. UEFA-ға енгелі бері алғаш рет қазақ клубы еуротурнирдің топтық кезеңіне өтті. Бұл – Қарағандының «Шахтері» болатын. Кеншілер қаласының ұжымы елімізде өткен ойында Шотландияның «Селтигін» 2:0 есебімен жеңіп, сенсация жасағаны бар. Осылайша, қазақстандық ұжымда да азулы командаға лайықты қарсылық көрсетерлік қауқары бар екеніне көз жеткізді. Сол маусымда «Шахтер» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнағаны жəне Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып, екі кездесуде тең түскені үшін UEFA-дан барлығы 3,6 миллион еуро көлемінде сыйақы алды. Бұл топтық кезеңге өткенімен, жеңіске жете алмаған клубтың табысы. Егер кеншілер топтық кезеңдегі қарсыластарын жеңген жағдайда табыстары арта түсер еді. Ал Еуропа лигасында емес, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткенде, бұл сомма бірнеше есеге арта түсер еді. Яғни, қарағандылықтардың жетістігін қайталаған немесе одан да жақсы нəтижеге қол жеткізген қазақ клубтары да олжасыз қалмайды.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕН ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫ НЕ ҰТАДЫ? Қазақ футболының дамуына кері əсерін тигізіп жүрген үлкен мəселе бар. Ол – Премьер-лига командаларының сапында сырттан келген ойыншылардың (легионер) көп болуы. Клуб тізгінін қолға алған бапкерлер көп жағдайда футболшыны өзіміздің жас
Қыс айларында өтілетін оқужаттығу жиындарына да «Ордабасы» көп шығындалмайды. Еліміздің басқа өңірлеріндегі командалар əдетте дайындықты Түркияда өткізеді. Ал күз, қыс айларында да ауа райы жылы болғандықтан «Ордабасы» оқужаттығу жиынын Шымқалада өткізе алады. Тым салқындаған жағдайда көрші Өзбекстанда дайындықтарын пысықтауына мүмкіндіктері бар. Бұл артықшылықтар клубты сатып алғысы келетін кəсіпкерді қызықтыратыны анық. Қалай болғанда да, клубтар халық қазынасына тəуелді болмай, өз шығынын ақтап қана қоймай, табыс та табуы тиіс. Егер команда көз сүйсінтер ойын өрнегін көрсетіп, қалың жанкүйерді қызықтыра алса, стадионға қазіргідей 3-4 мың ғана көрермен жиналмайтыны анық. Клуб жақсы нəтижеге жетіп жатса, ойынды тамашалағысы келетін жанкүйердің қатары да артып, демеушілік жасағысы келетін компаниялардың табылары даусыз. Əрине, еңбектің жемісі 1-2 жылда көрінбеуі де ықтимал. Бірақ, дұрыс жолға қоя білсе, клубтың болашақта бірнеше миллиондап табыс түсіреріне сенім мол. Мирас ƏСЕМ.
өзіміздің жігіттер доп теуіп қана қоймай, жастардың көптеп келуіне мүмкіндік ашылады. Жоғарыда айтқандай, сырттан келген ойыншы да қалтасы мен оңай келетін нəтижеге көбірек мəн береді. Əрине, командаға пайдасы тиетін ойыншы болса, əңгіме басқа. Ал дəл қазір қазақстандық клубта доп теуіп жүрген көптеген легионерлердің біздің ойыншылардан асып-тасып жатқан ештеңесі жоқ. Сондықтан қаржыны тиімді жұмсағысы келетін клуб қожайынының таңдауы ел намысы мен жергілікті команда үшін барын салып ойнайтын қазақтың жігіттеріне түсері анық. Сонда клубтың қаржысы сыртқа кетпейді əрі командада ойнау мүмкіндігіне ие болу үшін ұмтылған жастардың арасында да бəсекелестік артады. Ал бəсекелестік бар жерде сапаның да болатыны белгілі. Нəтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасында осындай ортадан ысылып шыққан үздіктер доп тебуге мүмкіндік алып, ел абыройын қазақтың намысты жігіттері қорғар еді.
Құралбек ОРДАБАЕВ, ардагер футболшы: – Бұл бастаманы қолдаймын. Клубты сатып алған азамат клубқа өз баласындай қарайтын болады. Аз шығын шығаруға тырысады. Қазіргі кездегідей ақша оңды-солды шашылмайды. Əйтпесе, əкімшілік ақшаны бөлудей-ақ бөледі. Бірақ соны дұрыс пайдаланбайды. Егер жекеменшікке өтетін болса, қожайын кімді шақыру керегін білетін болады. Барлығын есептеп жасайды. Кəсіпкер болғанымен, ол кісінің қасында міндетті түрде футбол мамандары жұмыс істейді. Сондай-ақ кəсіпкерге де көмектесу керек. Клубты сатып алғысы келетін азаматқа салықтық жеңілдік жасау қажет.
Берік ОМАРБЕКОВ, «Ордабасы» клубының президенті: – Премьер-лигада ойнайтын əрбір команданың мақсаты – ел чемпионы атанып, Еуропа лигасында өнер көрсету екені белгілі. Осы бағытта бар күш- жігерін жұмсап келе жатқан «Ордабасы» командасының да негізгі межесі – ел чемпионатында қандай да бір медалға ие болу. Ол үшін команданың мүмкіндігі де, бапкерлердің біліктілігі де толық жетеді. Команда сапында өнер көрсететін футболшылардың шеберлігі мен физикалық дəрежесі де осыған лайық. Біздің команданың бюджеті чемпионаттағы көп командалардан кейін болғанымен нəтиже көрсету жағынан алдыңғы лектен көрініп келеді. Оған дəлел ретінде команданың алғашқы айналымда мықты алты команданың қатарына енгенін айтуға болады. Соңғы кездесуде бас бапкер Саулюс Ширмялистің шəкірттері Қызылорда қаласында «Қайсарды» 0-1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Команданың ендігі мақсаты – алдағы ойындарды да осылай нəтижелі өткізу. Клубтың жекеменшікке өтуі оның болашағына жақсы əсер етуі ықтимал. Өйткені, əлемдегі дамушы футбол клубтарының басым бөлігі жекелеген тұлғалардың иелігінде. Ал біздегі жағдай басқа. Жекешелендірудің жаңа толқыны енді басталғандықтан болар, осы салада табыс тапқысы келетін кəсіпкерлер байқала қойған жоқ.
«Ақ жол» басылымы Алаш зиялыларының №37 (197) топтасқан жері Тəшкенттен Шымкентке көшірілген 17.10.2014 жыл
МЕРЕЙ
¦ÄIËÅÒ
9
ҚАЗАҚСТАН
«Ақ жол» – ОЅТЇСТІК БАСПАСҐЗІНІЅ БАСТАУЫ Осы жылы атап өтілетін мерейтойлардың қатарында, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығы да бар. Тамырын тереңнен алатын, тынысы кең басылымның өз кезегінде халық көңілінен қалтарыста қалмай, айрықша атап өтілуі кісі құптарлық игі бастама. «Оңтүстік Қазақстан» газеті өзінің қара шаңырағы санайтын «Ақ жол» газетінде Н.Төреқұлов, С.Қожанов, С.Асфендияров, Ə.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Болғанбаев, Х.Досмұхамедов, Қ.Қожықов, Қ.Кемеңгеров, М.Əуезов, С.Өтегенов, И.Тоқтыбаев, Қ.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Ə.Жүсіпов секілді қазақтың ұлтжанды зиялы қауым өкілдері өз мақалаларын жариялап, əдебиет пен баспасөздің түрлі жанрларына қалам тартты. Олардың мақалалары газеттің танымдық жəне көркемдік деңгейін жоғары көтерді. «Ақ жол» газетінің бастапқы нөмірлерінің бірінде (1920 жыл, 18 желтоқсан, сенбі, 4-саны) атақты Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының перзенті Əмин Жүсіптің «Ақ жолға» атты өлеңі басылды. Онда: Сен «Ақ жол» халқыңа, Жолаушы боп баратын. Бар оқушы қалпыңа, Ояу көзбен қарайтын. Көр, арала, сен қара, Қазақ-қырғыз даласын. Еділ-Жайық, Сырдария, Ойлы, қырлы саласын, - деп келетін өлең жолдары арқылы «Ақ жолға» ақ жол тіледі. Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың 2030 жылдары Ташкент қаласы Түркістан өлкесіндегі экономикалық жəне мəдени жағынан ең бір жоғары дəрежеде дамыған орталыққа айналды. Орынбор қаласындағы қазақ зиялылары негізінен Сəкеннің маңына топтанып «пролетарлық бағыт» жолына түскен болса, ал Ташкентте шоғырланған қазақ зиялыларының көрнекті қайраткерлері мен өкілдері «Ақ жол» газеті мен «Шолпан» журналының төңірегіне жиналып, өздерінің ұлттықдемократиялық бағыттағы шығармашылығымен айналысты жəне өлкедегі ұлт мүддесіне қатысты істерге бастамашыл болып, оны ел арасына жеткізуде елеулі ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізеді. Сол кезеңде қазақ тілінде білім алу мəселесінің түйіні шешілмеген жайттар жеткілікті болғандықтан, оны қазақ зиялыларының баспасөз арқылы дер кезінде көтеріп отырғандығына көз жеткіземіз. Сол уақытта «Ақ жол» газеті «Қазақ ақындары» айдарымен Мағжан Жұмабаевқа да арнайы мақала арнаған. «Ақ жол» газеті мен Оңтүстік Қазақстан газетінің рухани тамырластығын сол 1920 жылдың өзінде оңтүстік өңірі, соның ішінде Шымкент жайынан жазылған көптеген мақалалардан байқауға болады. Кеңестер атынан жөнді-жөнсіз салық салып, онсыз да шаруасы шатқаяқтап, шаңырағы шайқалған қазақ-қарғыз жұртының берекесін алғандардың құйтырқы орынсыз ісəрекетін айыптау да жиі кездесіп отырады. Айталық, 1920 жылғы 24 желтоқсандағы 6-санында елдің жайы жазылған Шымкент үйезіндегі «шошқа салығы» атты мақала да соның айқын дəлелі. Асанқұл Диханбаев есімді азаматтың «Ақ жол» 1922 жылғы 9 мамыр, №170) «Отаршылық обыршылық əлі қалған жоқ» (Шымкент үйезі Қаракөл болысында) атты мақаласында: «Қазақ елінің ортасында көп жерлерде мал-мүлкінен беріп «сен тимесең мен тимен бадырақ көз» деп, басын қорғап «я құдай тыныштық бер» деп отырған елдер көп болса керек. Олай дейтінім, өзім көрген оқиғаларға қарап, қазаққырғыз халқының қай бір жерінде болса да халі осындай ғой деп ойлаймын... деп жазады. Осының өзіақ, «Ақ жол» газетінде қазақ қалам қайраткерлері жəне олардың
еңбектеріне қатысты зерттеуді қажет ететін мұндай тақырыптар жүздеп, мыңдап кезігеді. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де Алаштың «Ақ жол» ұранының жалауын жықпай, халықтың көзі, құлағы болып келе жатқан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің қазақ баспасөзінде алар орны ерекше. Алайда, өзінің бастауын Алаш қайраткерлері шығарған «Ақ жол» газетіне сабақтастыра, заңды жалғасы ретінде қарайтын «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тарихына байланысты, бүгінде көпшілік біле бермейтін сандық жаңылыс бар. «Ақ жол» газеті 1920 жылы 7 желтоқсанда Түркістан республикасының Орталық басқарма комитеті жəне коммунистік партиясының Орталық комитетінің газеті ретінде Ташкентте аптасына үш реттен, төте араб жазуымен жарық көрген. 1925 жылы 29 мамырда И.Сталин Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік «Ақ жол» газетінің саяси бағытына байланысты арнайы хат жолдайды. Осы хаттан кейін, «Ақ жол» басылымы əдебиет пен мəдениеттің қайнаған ортасы, Алаш зиялыларының топтасқан жері Тəшкенттен алыстатылып, редакция Шымкентке көшіріледі. Ендеше, өзін «Ақ жолдың» жалғасы санайтын «Оңтүстік Қазақстан» газеті шыға бастаған күнін 1920 жылдан өрбітсе, биыл желтоқсанда 94 жыл болады. «Ақ жол» газеті жабылған 1926 жылдан бастап есептесек, 88 жыл болмақ.
баспасөз» атты мақаласында (61бет): «Ақ жол» газеті Түркістан орталық партия комитетінің тілі ретінде 1924 жылдың 26 қарашасына дейін шығып тұрды» деп жазады. Филология ғылымдарының докторы Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызының «Қазақ өңірлік журналистикасының тарихын зерттеудің теориялық жəне тəжірибелік мəселелері» атты мақаласында да осы деректі жаңсақ пайдаланады. 2004 жылғы бір мақалада: «1924 жылдың 26 қарашасында бұрынғы Түркістан Республикасы Орталық партия комитеті мен Орталық Атқару комитетінің органы ретінде шығып тұрған «Ақ жол» газеті Қызылорда қаласында сол кезде шығып тұрған «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетімен қосылды» (ОҚ. 2004. 27 қаңтар), – десе, 1994 жылы газеттің сол кездегі бас редакторы К. Үкібаев: «1925 жылы республика астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Осыған орай «Ақ жол» газеті Қызылорда қаласында шыға бастаған «Еңбекші қазақ» газетімен қосылады» [28], – дейді, яғни екі материалда 1924, 1925 деген екі түрлі мерзім көрсетілген. Газет қызметкерлері: «Міне, бүгінгі «Оңтүстік Қазақстан» газеті осылайша алғаш «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Ленин жолы» аталып, бертініректе қазіргі атауына ие болды», – деп «Еңбекші қазақты» (қазіргі «Егемен Қазақстан») «Оңтүстік Қазақстанның» тарихи атауларына қосып алған. Осы орайда ғалым Т. Қожакеевтің «Ақ жол» өзінің шығуын тоқтатты», – деген дерегі дұрыс». Назгүл Тұрсынбайқызы бұл жерде Т. Қожакеевтің «шығып тұрдысын» «тоқтатты» деп алады. Ал біздегі «Ақ жол» газетінің қолда бар сандарына қарасақ, басылым бұл жылдары тоқтамақ түгіл, ең бір кемеліне келген тұсы болған. Алаш баспасөзін зерттеп жүрген ғалымдарымыз бен зиялыларымыздың бұл жердегі ортақ қателігі Түркістан орталық партия комитетінің тілі ретінде шығып тұрған «Ақ жол» газетінің 1925 жылы 19
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында редакцияның шығармашылық тобы облысымыздың аудан, қалаларындағы еңбек ұжымдарында, ірі кəсіпорындар мен оқу орындарында болып, өз оқырмандарымен кездесулер өткізді, газеттің жүріп өткен жолымен, бүгінгі тыныс-тіршілігімен, алда атқарылатын жұмыстарымен таныстырды, көпшілікпен пікір алмасты. Редакцияның халыққа берген есебі іспетті болған бұл басқосулардың бəрінде де қаламдары облыс баспасөзінің қарашаңырағында ұшталып, шыңдалған, бүгінде елге танымал, Қазақстанның Құрметті журналисті Байдулла Қонысбек пен халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері жазушы Мархабат Байғұт ағаларымыз құрметті қонақ ретінде қатысып, газет тарихымен бірге өрілген өркендеу, шығармашылық шарықтау жолдары жайлы тағылымды əңгімелер айтты, кейінгі жастарға аталы сөздерін арнады. Сонымен бірге бұл кездесулер «Оңтүстік» майталмандарының екеуара жарасымды əзіл əңгімелері арқылы да айырықша сипат алды.
Баға «Оңтүстіктің» 90 жылдығына байланысты аудан оқырмандарымен кездесудің алғашқысы Жетісай қаласында өтеді. Сонда аудан əкімі Серік Тұрбеков көпшілікпен өткен алғашқы екі басқосуда да Байдулла ағаны көтермелеп: «Байекеңнің бергенінен берері көп» дегенді қайталай беріпті. Үшінші басқосуда сөз алған Мархабат аға: – Серік ініміз «Байекеңнің бергенінен берері көп» деп қайтақайта айтып жатыр. Бұған мен қосылмаймын, қарсымын. Брежневтің жасына жақындаған қарияның қайдан бергенінен берері көп болады? Одан да бергенін бағалап алайық, ендігі берері шамалы шығар, - деп жұртты күлдіріпті.
Телефон
Тағы бір ескеретін дүние, «Ақ жол» газетіне нақтылы редактор болған адамдар: С. Қожанов, Қ. Құлетов. С.Оспанов, С. Аспандияров, С. Садуақасов, И.Тоқтыбаев, Н. Төреқұлов, Тоқжігіт Байқасқаұлы, М.Қайыпназар қатарлы белгілі тұлғалар. № 271-305 сандарын Түркістандағы жазушылар ұйымы шығарады. Мұны айтып отырған себебіміз, «Ақ жол» газеті туралы айтылған жерде əркім өз жанынан қосып, аузына түскен Алаш қайраткерлерін атай салады. «Ақ жол» ұзақ жылдар жабық тақырып күйінде келгендіктен бе, əлде басылым туралы мəліметтердің тапшылығынан ба, «Ақ жол» газетінің Шымкенттке көшірілген уақытымен, жабылған жылы туралы деректер осы саланы зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдарымыздың еңбегінде де түрліше көрсетіледі. Қазақ баспасөзі тарихынан жазылған Т. Қожакеевтің (Алматы «Қазақстан» 1991 жыл) «Жыл құстары» атты кітабының бірінші тарауындағы «Республикалық
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
шілдедегі 577-санынан бастап, Сырдария атқару жəне партия комитетінің атынан Шымкент қаласына көшірілгені. Біздің мұражайда газеттің 1926 жылдың наурыз айындағы 613-саны бар. 2400 таралыммен М.Қайыпназарұлының редакторлығымен шыққан. Онан ары тағы жалғасы болды ма, жоқ па, ол жағы анық емес. «Оңтүстік Қазақстан» сынды іргелі, ірі басылымның тарихын таратқанда, «Ақ жол» сынды Алаш баспасөзімен сабақтастыра айту əрине, орынды, заңды. Өйткені, екеуі де Оңтүстік өңірінен шықты. Өзегін оңтүстік өлкеден алды. Барлық санына осы өңірдің жай-күйін арқау етті. Сол үшін де айтулы екі газеттің тарихи тамырластығын тілге тиек етпес бұрын жоғарыда айтып өткен жəйттерді бір жүйелеп алсақ артық болмас еді. Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, ақын, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры.
«Оңтүстік» оқырмандарымен Шардара қаласында өткен кездесуде негізгі баяндама оқылып болғаннан кейінгі алғашқы сөз əдеттегіше Байдулла Қонысбек ағаға беріледі. Байекең мінбеге көтеріліп сөзін енді бастай бергенде қалта телефоны шыр ете қалыпты. Қоңырау шалған үйдегі жеңгей Құттықыз екен, «Үйдегі апаларың ғой. Иə, иə, мақұл!» деп түсіндірген Байекең телефонды сөндіріп, сөзін бастап кетіпті. Мұндай сəттерді қалт жібермейтін Мархабат аға сөз кезегі өзіне тигенде мінбеден Байекеңе бұрылып: – Бұл кісі сөзге шыққанда не айту керек екенін жеңгеміз үйретіп отырады, – депті. – Жаңа да солай болды, өздеріңіз көрдіңіздер. Бірақ Байекең жеңгеміздің айтқанын ұмытып қалды да, əр нəрсенің басын бір шалып, 17 минут сөйледі, кеше Жетісайда 16 минут сөйлеп еді, - депті.
Бұрмалау Төлеби ауданы оқырмандарымен өткен кездесуде сөз алған Байдулла аға əңгімесінің басын əзілмен бастап: – Барлық жерде менің атым бірінші аталушы еді, бұл жолы Мархабаттан кейін аталдым, қанша дегенмен осы ауданда
Байдулла мен Мархабат таныстары мен туыстары көбірекау, – депті. Сонда Махаң: – Байекеңнің ескертпесі дұрыс секілді. Ол кісі 1941 жылы туып, соғысты бастаған, мен 1945 жылы туып, соғысты аяқтаған ұрпақпын. Байекең туылған 1 қыркүйекте мектептерде алғашқы қоңырау соғылса, мен туылған 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады. Сондықтан ол кісінің есімі əр кез менен бұрын аталуы керек, еркелеп айтқан назын дұрыс қабылдаңыздар! – депті.
Өкпе «Оңтүстік Қазақстанның» 90 жылдығына байланысты барлық аудандар мен қалаларда өткізілген кездесулерге қатысқан Мархабат ағамыз Алматыға іссапарға шығуына байланысты Бəйдібек ауданындағы кездесуге қатыса алмай қалады. Осыған байланысты Байдулла аға Махаңа: «Басқа басқа, менің туған ауданымда өткен кездесуге қатыспағаныңа наразымын» деп өкпесін білдіріпті. Сонда Махаң: – Көп жерде өткен кездесулерде тосыннан əлденені айтып аяқтан шалып қала ма деп менен жасқанып жүрдіңіз. Туған ауданыңызда есіліп, емін-еркін көсіліп, шешіліп сөйлесінші деп əдейі бармай қалдым! – деген екен.
Ашырқану Мархабат пен Байдулла аға екеуінің əзілі осылайша əдемі жарасады. Əсіресе Махаң Байекеңнің əр сөзінен ойламаған жерден ілік тауып, бір шымшып өтуге құмар. Дастарқан басында қатар отырған бір тұста Байекең кесе толы қымызды сіміріп салды да: – Қышқыл екен! – деді қабағын шытыңқырап. – Арақ ішкенде шімірікпейтін Байекеңнің қымыз ішкенде ашырқанғаны несі? – депті Махаң.
Арман Кезінде облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде ұзақ жыл жауапты хатшы болып, кейін «Қазақстан-Шымкент» телерадио компаниясын 15 жыл басқарған Байдулла Қонысбек ағамыздың 70 жылдық мерейтойының бастамасы туып-өскен мекені Бəйдібек ауданында атап өтіледі. Аудан əкімі Райымбек Жолдас бастаған ұйымдастыру тобы шараны жақсы жүргізіп, Байекеңе үлкен құрмет көрсетіледі. Салтанатты басқосуда Байекеңнің шығармашылық өсу жолымен қоса сəби шағында екі əкеден қамқорлық көріп, екі ананы емгені де айтылады. Ресми бөлім аяқталып, жұрт сыртқа шыққан сəтте Бəйдібек ауданының Құрметті азаматы, ел Президентінің жеке қабылдауында болып, кеудесіне «Құрмет» орденін тағып қайтқан қаржы саласынының ардагері Бейсенбек
Игісінұлы атамыз: – Бəйділдə інім, екі атадан тел өрдің, екі ананы тел емдің, облыста екі бірдей БАҚ мекемесін басқардың, арман жоқ сенде! – дегенде жандарында тұрған Мархабат ағамыз: – Дат, тақсыр, арманы бар! – депті. – Ол қандай арман? – депті ақсақал. – Екі атадан тел өрді, екі ананы тел емді, облыста екі бірдей БАҚ мекемесін басқарды, бірақ екі қатын ала алмады, – дегенде жұрт ду күлген екен. Бұл əңгіме Байекеңнің үйіндегі жеңгеміз Құттықыздың да құлағына жетсе керек, «Евразия» мейрамханасында өткен үлкен тойда өзіне салқын қабақ таныта қарағанын сезген Махаң тойды бастарда: – Екі қатын ала алмаған ағамыздың төрт əйелге татитын Құттықыздай келіншегі бар! – деп кінəсін жуып-шайған екен.
Той ашқанда Журналист Талғат Орманов келін түсіріп, ұлан-асыр той жасады.Тойды ашқалы тұрған Байекеңнен Махаң: «Жас келін қандай екен?» деп сұрайды. «Аппақ, əдемі екен, аршыған жұмыртқадай» дейді Байекең. Сөз Махаңа тиеді. «Мына журналистердің төбе биі, той ашқан ақсақал Байекең маған қазір «жас келін аппақ, əдемі екен, аршыған жұмыртқадай» деді. Дұрыс аталар жас келінге тік қарамайды, ағайындар. Мен əлі қараған жоқпын», – дейді. Байекең өзінің аңғалдығын кешірек аңғарып: «Мейлі, осыныкі жөн дейік, бірақ кейін үйлеріне барғанда келін маған шайды дұрыстап құяды, ал Мархабат құр қалады», – депті.
«Шаңбасты» мен «Жынбасты» Редакцияда жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын Наурыз мерекесінде бас қосқан ардагер журналистер өткенді еске түсіріп, қызықты əңгіме өрбітті. – Мен бірінші орынбасар боп жүргенде мұнда əр аптаның соңында «Шаңбасты» деген отырыс болып тұрушы еді, – дейді Байдулла аға өзі осында жұмыс істеген кезді еске алып. – Əр аптадағы дастарқан шығынын кезекпен көтеретінбіз. Намысқа тырысып, бір-бірімізден асып түсу үшін барымызды салып бағушы едік. – Əйелдердің гəбі сияқты нəрсе екен ғой, – дейді Мархабат аға мырс етіп. – Е, жоқ-ə, оған əйелдер араласпайтын! – деді Байекең. – Араласпағаны дұрыс екен, əйтпесе ол басқосу «Шаңбасты» емес, «Жынбасты» болар еді ғой, – деді Махаң. Слам НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ.
Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін №37 (197) алғаш таныған ел - Түркия мемлекеті 17.10.2014 жыл
ӨҢІР
¦ÄIËÅÒ
10
ОРДАБАСЫДА ҮШ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
БАУЫРЛАС ЕЛДЕР БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ Жақында облыс əкімі Асқар Мырзахметов Түркия Республикасы Эскишехир провинциясының губернаторы Гюнгор Азим Туна мырза бастаған ресми делегация өкілдерімен кездесті. Облыс əкімі Асқар Исабекұлы Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін алғаш таныған ел Түркия мемлекеті екендігін айта отырып, осы жылдар ішінде қос ел арасындағы қарымқатынас қарқын алғандығын мəлімдеді. Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің басшылары көне шаһар – Түркістанда жоғары деңгейде кездесу өткізгендігін, сол кезде жасалған келісімдерге сəйкес үлкен жобалар қолға алынып, іске асып жатқандығын хабарлады. Облыс əкімдігінің ұйытқы болуымен биыл оңтүстікқазақстандық бизнес өкілдері Түркияға сапар шегіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымын өткізгендігінің, нəтижесінде бірнеше жобалар бойынша бірлесе жұмыс атқару жөнінде келісімдерге қол жеткізгендігін айтып өтті. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылатын Қазақстан үшін Ресей
мен Беларусь елдерінің ауқымды нарығы ашық екендігін мəлімдеп, осы нарықтағы сұранысқа ие тауарларды түркиялық кəсіпкерлермен бірлесе шығаруға мүмкіндік мол екендігіне назар аударды. Нақтылы жоспарлар бойынша пəрменді жұмыстар атқаруға облыс əкімдігі дайын екендігін жеткізді. Түркиялық делегация жетекшісі Гюнгор Азим Туна екі бауырлас ел арасындағы байланыстар жыл өткен сайын нығайып келе жатқандығын айтып, елімізге жасап отырған осы сапары аясында Эскишехир əкімшілігі мен Шымкент қаласы əкімдігі арасында «Бауырлас қала» хаттамасына қол қойылғандығын мəлімдеді. Оңтүстік Қазақстанда кəсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқандығына тоқталып, Эскишехир кəсіпкерлерін Шымкентке арнайы келіп, осы өңірдің ивестициялық мүмкіндіктерімен терең танысуына ықпал ететінін хабарлады. Экономикалық байланыстардан бөлек білім, ғылым саласындағы əріптестік пен мəдени байланыстарды да нығайтуға шақырды.
Қазанның 15-і күні Ордабасы ауданында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 3 жаңа балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді. Ордабасы ауданының əкімі С.Сапарбаев бастаған аудан басшылары мен зиялылары алдымен Қажымұқан ауылдық округінде пайдалануға берілген «Балбөбек» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. 120 орынға арналған бұл мектепке дейінгі ұйымды облыстық қазына есебінен «Асар» ЖШС-гі жүргізді. Қос қабатты ғимаратта тəрбиеленушілер үшін барлық жағдайлар жасалған, балғындардың логикалық ой қабілетін дамытуға бағытталған ойын залдары, дене шынықтыру жəне медициналық көмек көрсету бөлмелері жабдықталған. Ал аудан ортылығы Темірлан ауылында «Шырайлым» балабақшасы іске қосылды. Жеке кəсіпкер Зəуре
Ізтілеудің жеке қаржысы есебінен салынған бұл балабақша 140 баланы қабылдау мүмкіндігіне ие. Қазіргі таңда мұнда 34 адам жұмыспен қамтылып отыр. Мектепке дейінгі бұл ұйымда
балғындардың жатын бөлмелері, ойын жəне дене шынықтыру залдары талапқа сай жабдықталған. Аудандағы халқы көп қоныстанған Бадам елді мекенінде 100 орынға
арналған «Раяна» балабақшасы пайдалануға берілді. Жергілікті тұрғындар санатындағы 26 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған бұл балабақша да мемлекет пен жеке кəсіпкерлік əріптестігі аясында ашылып отыр. Мектепке дейінгі бұл ұйым балаларға арналған заманауи ойыншықтармен қамтылған. Осы балабақшалардың ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Самат Сапарбаев бүгінгі таңда ауданда 14 мемлекеттік, 15 жеке меншік, барлығы 29 балабақша ашылғандығын айтып, оларда 4071 бүлдіршін қамтылғандығына тоқталды. Сонымен қатар 19 мектептің жанынан ашылған шағын орталықтарда 850 бүлдіршін тəрбиеленуде. «Ауданымызда мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылуы 65,2 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін қосымша 3 балабақша мен 3 мектеп жанынан шағын орталық ашылады»,-деп мəлімдеді аудан басшысы. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі.
КІМДІ КІМ БОПСАЛАП ЖЇР немесе ЖЕКЕ КӘСІПКЕР-ЖЕСІР ӘЙЕЛ ЗАҢҒА БАҒЫНБАУЫ КЕРЕК ПЕ? Үстіміздегі жылдың 9 қазаны күні КТК телеарнасының жаңалықтарынан «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорықмұражайы» РММ-не қарасты асхана төңірегінде туындаған мəселелерге қатысты хабар берілді. 2-3 минуттық хабарда мəселенің ақ-қарасын ашып көрсетіп, түсіндіру де, көрерменге оны түсіну де оңай емес. Ал одан 12 күн алдын «Namys.kz» жəне «Serke.org» сайттарында «Ясауи кесенесінің басшысы кəсіпкер əйелді бопсалап жүр» деген тақырыппен сол КТК тілшілерін шақырып, елді шуылдатып жүрген жеке кəсіпкер Е.Махамбетованың ел ағаларына арнаған, шындыққа еш жанаспайтын, ешқандай дəлелдəйексіз жазыла салған арызы, жаласы жарияланды. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген «ұстанымдағы» арам ойлы адамдардың қоғамдық пікірді шатастырмауы үшін мəселенің мəнжайын нақты дəлелдермен ашып көрсетуді жөн көрдім. Ал мəселенің шындығы мынау: Жеке кəсіпкер Есенкүл Махамбетова 2010 жылдан бастап, 5 жылға жуық уақыттан бері «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РММ-не қарасты асхана ғимаратын жалға алып, жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының талаптарына сəйкес, кез келген мемлекеттік мекеменің жалға берілетін нысаны, сол мекеменің келісімі негізінде аумақтық мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің бұйрығымен бір жылға ғана жалға беріледі. Жалға беруші аумақтық мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті болып табылады жəне келісім-шарт та осы департаментпен жасалады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 46 бұйрығының жəне № 65 Тұрғын емес жайды жалдау келісім-шартының негізінде Түркістан қаласы, Тəуке хан даңғылы, №70 мекенжайында орналасқан «Əзірет Сұлтан»
Е.Махамбетова. Сурет КТК сайтынан алынды
мемлекеттік тарихи-мəдени қорықмұражайы» РММ-нің ғимаратынан жалпы алаңы 85 шаршы метр тұрғын емес жай тағы да жеке кəсіпкер Махамбетова Есенкүл Мақсұтханқызына жалға берілген болатын. Келісім-шарт талаптары бойынша жалдаушы «қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға» (10 бап, 3 тармақ), «объектіні тиісінше тəртіпте ұстауға, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін əрекеттерді жасамауға (10 бап, 4 тармақ) жəне «жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға» (10 бап, 7 тармақ) міндетті деп көрсетілген. Алайда жеке кəсіпкер Е. Махамбетова өз міндеттемелерін орындамай, келісімшарт талаптарын өрескел бұзуға жол берді. Атап айтқанда: 1. «Жалдаушы», яғни жеке кəсіпкер Е.Махамбетова объектіні «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РММ қызметкерлерін ғана тамақтандыру мақсатында жалға алып, жалдау ақысын жеңілдікпен (8501 /сегіз мың бес жүз бір/ теңге) ғана төлеп келе жатқандығына қарамастан, бірінші кезекте зияратшылар мен туристерге қызмет көрсетуді жолға қойып отыр. Мұндай жағдайда ол жалдау ақысын
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
бірнеше есе артық төлеуге тиіс болатын. Алайда Е.Махамбетова алдау арқылы мемлекет қаржысын қалтаға басып келеді. 2. Қазақстан Республикасының заңдары мен келісім-шарт талаптарын аяққа таптап, жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіге жапсарластырып қосымша құрылыс салып, объектіні айтарлықтай өзгеріске ұшыратты. 3. Жалға алған 85 шаршы метр жайдан бөлек, жалпы көлемі 100 шаршы метрден астам бастырманы рұқсатсыз пайдаланып, оны жыңғылмен қоршап алған жəне сол арқылы ғимараттың сəулетіне нұқсан келтірді. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РММ тарапынан жасалған ескертулерге қарамастан «Жалдаушы», яғни жеке кəсіпкер Е.Махамбетова заңсыз əрекеттерін тоқтатпады. Содан соң біз осы мəселелерді атап көрсетіп, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің басшысы М.Р.Сəбденовке өтініш жазып, жеке кəсіпкер Е.Махамбетовамен жасалған келісім шартты мерзімінен бұрын бұзып, жалға берілген объектіні «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РММ-не қайтаруды сұрадық. Өтінішіміз қанағаттандырылып, департаменттің 2014 жылғы 16 шілдедегі №142 бұйрығымен жеке кəсіпкер Е.Махамбетовамен
жасалған келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылып, күші жойылды. Осы бұйрық біздің қолымызға тиген күні, яғни үстіміздегі жылдың 24 шілдесінде Е.Махамбетоваға бұйрықтың көшірмесін тіркей отырып, арнайы хабарлама хат жазып, асхана ғимаратын босатып, бастапқы қалпында қорық-мұражайға қайтару қажеттігін хабарладық. Міне, содан бері үш айға жуық уақыт өтсе де ол мемлекеттік мекеме ғимаратын босатып бермей, заңсыз кəсібін жалғастырып келеді. Осы аралықта маған салмаған адамы қалған жоқ. Онысынан түк шықпаған соң түрлі өсек-аяң таратты, қоқан-лоққы жасады. Енді міне, маған жала жауып, жан-жаққа арыз жазуға кірісіпті. Е.Махамбетова «4 балалы жесір əйелмін» депті. Иə, жесір əйел екені рас. Бірақ жесір болғанымен жерде жатқан жан емес. Басқаларын айтпағанның өзінде балаларының бəрі жетілген. Бір сөзбен айтқанда, жесір əйелге де заң ортақ емес пе? Сөзімнің дəлелі ретінде мынаны айтсам да болады. Жоғарыда айтып өткенімдей жесір əйел-жеке кəсіпкер Е.Махамбетова жалға алған 85 шаршы метр жайдан бөлек, жалпы көлемі 100 шаршы метрден астам бастырманы басып алып, оны жыңғылмен қоршап, одан бөлек мекеменің гүл егетін жерлерін таптап, тағы да 100 шаршы метрден астам жерге тапшан, шатырлар құрып қойған. Гүл егілуге тиісті 40-50 шаршы метр жерге қазан-ошақтары мен кəуап пісіретін мангалын, шай қайнататын титандарын қойып тастаған. Осылайша Е.Махамбетова жалға алған 85 шаршы метр жайдан бөлек тағы да 250-300 шаршы метрдей жерді басып алып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ол жерлерде жұмыс жүргізуіне мүмкіндік бермей отыр. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің бұйрығымен келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылғандығына қарамастан, Е.Махамбетова жалға алған ғимарат тұрмақ, заңсыз пайдаланып жүрген жерлерін де босатып бермей қасарысуда.
Ғимаратты босатуды талап етіп мекеменің жауапты қызметкерлері барса немесе тапсырмаға сəйкес сол маңда жұмыс жүргізуге жұмысшылар барса Е.Махамбетова заңсыз əрекеттерге барып, туғантуысқандарын жинап, сес көрсетіп, шу шығарады. Екі жарым айдан бергі жағдай осы. Мұны аз десеңіз түрлі деңгейдегі адамдар хабарласып, «Махамбетоваға тиіскеніңді қоймасаң сені де жайыңа қоймаймыз» дегендей сес көрсетеді. Міне, кімді кім бопсалап жүргендігі осыдан-ақ анық көрініп тұрған жоқ па? Ел ағаларына жазған арызында Е.Махамбетова асхананың жарығын қиып тастағандығымызды айтып , «2 ай бойы мотор қосып жұмыс істеп жатырмыз. Күніне 2 мың теңгеге бензин құямын, оған жалғыз 1 тоңазытқышты қосамыз. Тоңазытқышта тұрған 70 келі ет, 5 келі сары май, 100 литр қымыз бен 150 литр қымыран сасып кетті. Себебі, бізде 28 шілдеден бері жарық жоқ. Менің асханамнан кесененің жұмысшылары да тамақтанады. Олар не ішіп жесе де барлығы 150 теңге ғана. Жаз бойы 15 адам тамақтанып тұрды. Қыс мезгілінде 5-6 адам ғана қалады... Ал мен болсам заңды түрде салығымды төлеп, 15 жанұяны жұмыспен қамтамасыз етіп отыр едім» депті. Сөз түсінетін адамға Е.Махамбетованың заңсыз əрекеттері оның осы өз сөздеріненақ белгілі болып тұр ғой. Біріншіден, жеке кəсіпкер Е.Махамбетова асхана ғимаратын «Əзірет Сұлтан» қорық мұражайының ұжымын ғана тамақтандырамын деп өте төменгі бағамен жалға алған. Ал қорық мұражай ұжымында дəл қазір 120 адам жұмыс істейді. Бұл ұжымның барынша ықшамдалғаны. Өткен жылдары 160 адамға дейін жұмыс істеген болатын. Осынша адамның 15-і ғана жаз айларында, 5-6-сы ғана қыс мезгілінде Е.Махамбетованың асханасынан тамақтаныпты. Көріп отырғандарыңыздай бұл жеке кəсіпкердің өз сөзі. Ал сонда қорық-
мұражайдың қалған адамдары түстігін қайдан ішіп жүр? Өз асханамыздың тамағы нашар ма? Жоқ, əлде түскі үзіліс уақытында асханада орын болмай ма? Біз ол жағын қазбаламай-ақ қояйық. Бірақ, қорық-мұражайдың өз аумағында ұжымы үшін арнайы жұмыс істейтін асхана тұрғанда, ұжым мүшелерінің 90 пайызы одан безіп, алыстағы асханаларды жағалап жүрсе, мұны қалай түсінуге болады? Екіншіден, егер ол қорықмұражайдың 15 адамына ғана өзі айтқандай 150 теңгеден тамақ беріп отырса, оның таза табысы моторға бензин құйып отырған 2 мың теңгесін де жаппас еді. Үшіншіден, күніне 15 адамға ғана тамақ беретін асханамен қалайша 15 жанұяны жұмыспен қамтамасыз етеді? Əлде Е.Махамбетова қол астындағыларға еңбекақы бермей ме? Төртіншіден, «Тоңазытқышта тұрған 70 келі ет, 5 келі сары май, 100 литр қымыз бен 150 литр қымыран сасып кетті» дейді. 150 теңгеден 15 адамды ғана тамақтандырып отырған асханаға осынша ет пен қымыз-қымыранның не қажеті бар? Айта берсек жеке кəсіпкердің арызында оның өзінің кім екендігін дəлелдейтін мысалдар баршылық. Бірақ, осының өзі-ақ жеке кəсіпкержесір əйел Е.Махамбетованың «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РММ-не қарасты асхананы «мұражай қызметкерлеріне ғана тамақ беремін» деп алдап, жеңілдікпен жалға алып, ал шын мəнісінде Қазақстан Республикасының заң талаптарын да, келісім-шарт талаптарын да белден басып, мемлекеттік мекеменің асханасын үлкен заңсыз сауда орталығына айналдырғандығына жеткілікті дəлел болмай ма? Əлде жесір əйелжеке кəсіпкер заңға бағынбауы керек пе? М. САДЫҚБЕКОВ, «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РММ-нің директоры.
(Соңы. Басы 1-бетте). Келген бойда біз редакцияға қоңырау шалған Айгерім Тлеуованың өзімен кездесіп, тілдестік. – «Жау алыстан келмейді» деп атабабамыз дөп басып айтқан екен, - деген ол сөзін əрмен қарай сабақтады. – 2012 жылдың күзінде күйеуіме өзінің бірге жұмыс істеген таныстары Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиев «бізді ұрып-соқты» деп жала жауып, содан үстінен іс қозғалып, жолдасым қамауға алынған болатын. Басымызға қара бұлт үйірілген бұл уақыт 2012 жылдың қара күзі еді. Біздің 5 баламыз бар. Солардың ертеңгі күнін ойлап, отағасы екеуміз Кентау қаласынан саяжайлық жер алып қойғанбыз. Қаншама жыл бойы отандасқан күйеуімнің басына түскен ауыр жағдай маған да оңай
автокөлігінің иесі С.Асадов өзін Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиевтердің жалдамағанын, жалдаған адамның жай ғана С.Абдалиевке ұқсайтынын, тергеу барысында көзі ауырып жүргендіктен, қол қоятын қағаздарды оқымағанын айтыпты. Ал заттарды көлікке тиеген жалдамалы жұмысшы К.Кужумов та басы ауыратындықтан, сол Жібек-жолы көшесіндегі үйдегі заттарды артуға басқа азаматтардың жалдағанын айтқан. Сондайақ, ауыр темір заттарды артуға жалданған көтергіш кранның иесі А.Бекарыстанов та сотта өзінің ол күні Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиевті көрмегенін айтады. Осылайша тергеу барысында өз қолдарымен түсініктеме жазып, күдіктілердің кінəсін дəлелдеп берген куəлердің барлығы сот отырысында бастапқы сөздерінен тайқып
«Қазы – халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған əділ болса, №37 (197) даугерлер төреліктің дұрыстығына күмəн келтірмейді» 17.10.2014 жыл
А.Анетова сол күні қайынжұртына бару үшін Шəуілдірге баратын көлікті күтіп тұрғанында біреулердің мен айтқан заттарды артып жатқанын байқапты. Менің өтінішіммен əлгі əйел сотқа келіп, бұл жөнінде куəлік те берді. Бірақ, судья оның бұл куəлігін есепке алмай тастады. Өйткені біз құда-жекжат болып шықтық. А.Анетова менің келінімнің сіңлісі болып шықты. «Сұрай келсең, қасыңдағы қатының қарын бөле шығады» деген осы. Бірақ, осы уақытқа дейін мен мұндай туысқандығымыз барын білмеппін. Өйткені, кезінде əке-шешесінің дəм-тұзы жараспаған соң, А.Анетова əкесінің қолында қалады да, менің келінім анасымен кетеді. Содан бері аралас-құраластықтары болмаған. Енді, міне, бір жоқ бір жоқты тауып отыр. Бірақ, сол сəтке дейін мен мұны білген де жоқпын. Егер білсем, сол сəтте-ақ
А. Тлеуова
¦ÄIËÅÒ
ЗАҢ басқа ЗАМАН басқа
«ЌАРА ЌАЙСЫ, ХАН ЌАЙСЫ, ЕЛДІ ОЙЛАЄАН ЖАН ЌАЙСЫ»
11
шағымданады. Апелляциялық алқа істі қайта қарап, 2014 жылдың 22 сəуірінде Е.Мыңжановтың Б. Байдулланың қылмыстық ісіне қатысты шығарған үкімін өзгертіп, айыпталушыға 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Сонымен қатар облыстық соттың апелляциялық алқасы өз қаулысында «Прокурордың апелляциялық наразылығындағы сот Б. Байдулланың жеке басы жəне қылмыстық сипаты мен қоғамдық қауіптілік дəрежесін ескермеді деген уəжі негізді, өйткені ҚК-нің 10 бабына сай ауыр қылмыс санатына жататын əрекет жасаған. ҚР Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» нормативтік қаулының 2 бөлімінде соттардың назары қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық болып жасаған, коррупциялық қылмыстар жасағаны үшін кінəлі болып танылған, сондай-ақ бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларын міндетті түрде талқылап, қолдану керектігіне аударылады.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
шыға келеді. Олардың «жүрекжарды» сөздеріне судья да илана кетеді. Əдетте адам баласының бір жері ауырса, өзін жайсыз сезініп, ешнəрсеге зауқы болмай, екі қолды бос қойып, бір сəт тынығатыны немесе ем-дом алатыны белгілі. «Күйсіз көңіл шаппайды» демекші, ондайда бір іске қолың бармай, мазаң қашатыны анық. Ал К.Кужумовтың басы, С.Асадовтың көзі ауырса да жұмыс істегені жəне оған қабілетті болғаны, ал əртүрлі түсініктер бергенде денсаулығы кері əсер бере қалғандарына судьяның еш күмəн туғызбағаны бізді таң қалдырып отыр. Тағы бір түсініксізі, тергеу барысында күдікті С.Абдалиев қамауға алынғанымен, онымен «табақтас» болған Т.Ешмурзаев қолхат беріп, бостандықта жүрген. Осы мүмкіндігін пайдаланып, кейбір қызыл жағалылардың «тілін» тапқанға да ұқсайды. Бұлай деуімізге К.Кужумовқа тергеуші Ж. Қошқаровтың: «беттестіру кезінде Ешмурзаев Тимурды көрмегеніңді айтасың», - деп қорқытып, қоқан-лоққы жасағаны, бұл жайында К.Кужумовтың Түркістан қалалық прокурорына арыздануы себеп болып отыр. Міне, сондықтан да болар К. Кужумов содан аз уақыт өтпей-ақ Түркістан қалалық заң кеңесінің адвокаты К. Муханбековке берген түсініктемесінде Т. Ешмурзаевты мүлдем танымайтынын түсіндіреді. Осыдан-ақ шикіліктің қайда жатқаны беп-белгілі емес пе? Осылай көрінеу көзге əділетсіздіктің құрбаны болып отырған А.Тлеуова: – Сот мені Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиевке күйеуімді абақтыға қаматқаны үшін бас араздығыма бола негізсіз айып тағып отыр деп есептейді. Бірақ, сот отырысына дейінгі тергеу кезінде ұрлықы затты тиеуге жалданған барлық көлік иелері мен жұмысшылардың жауаптары бір жерден шығып тұрса, мен кімді кінəлауым керек еді? Əрі бұл тергеуді мен өз бетімше жүргізгем жоқ, құзырлы орындар жүргізді ғой. Керісінше, əлгі екі күдіктінің күйеуімді абақтыға қаматқандағы бастапқы ойлары да осы заттарды қолды ету болған ба деп ойлаймын. Əйтпесе жылдар бойы мұрты кертілмей тұрған жəне əр учаскеде жатқан заттардың бір мезгілде жəне тұп-тура күйеуім жоқта ұрлануын басқаша қалай түсіндіруге болады? Айтпақшы, сол Түркістандағы заттарымызды жүк көлігімен артып жатқандарын А.Анетова есімді əйел де көріпті. Мұны мен кездейсоқ біліп қалдым. Пенде болған соң, басыңа қиындық түскенде молда-тəуіптерге барып, медет тілеп, оқытылатының болады ғой. Сондай күндердің бірінде кезекте тұрған А.Анетова есімді келіншекпен сөзіміз жараса кеткен соң, оған басымдағы жағдайды түгел айтып, Түркістан қаласындағы Шəуілдірге шыға беріс маңдағы үйімізден бағалы заттарымызды ұры-қарылар алып кеткенін баяндадым. Бар ойым – бейтаныс жанға болса да ішімдегі шерімді тарқатып, бір жеңілдеп қалу болатын. Сөйтсем, жаңағы
оның туысым екенін айтар едім. Мен біреулер сияқты «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» етпеймін. Қалай болғанда да, судья Е.Мыңжановтың төрағалығымен өткен сот отырысы біржақты, күдік туғызатын жайларды елеп-екшемей, əділетсіз өтті деп есептеймін. Сонда имандай сенген қара қылды қақ жарар əділетті сот өкілдерінің өзі осылай адам тағдырына салғырт-салақ қараса, өздерінің жазаланбайтынына сенімі арта түсетін қылмыскер біткен басымызға əңгіртаяқ ойнатпай ма? Үміт артар ешкімі қалмаса, қара халық қайтіп еркін өмір сүре алады? Дəлелін тауып тұрған істің əділ шешімін шығару үшін енді кімге баруым керек? - дейді шарқ ұрып. Расында, сұрақтары мен көп нүктелері көп жағдай. Түркістан қалалық сотының төрағасы Е.Мыңжановтың өз міндетін атқаруда бұлайша біржақтылық танытуы бізді де қатты таңқалдырып отыр. Барлық дəлел-дəйектері табылып жатса да, сотталушыларды ақтап шығаруы еш ақылға сыймайды. Əрине, судьяға ақыл айту, оның қызметіне қандай да бір баға беру біздің құзыретімізге жатпайды. Судья тек заңға сүйенеді. Əр əрекетін заңның баптарына негіздейді. Бірақ, олар да екі аяқты, жұмыр басты пенде ғой. Демек, олардың да ақылға емес, сезімге иек артып, мүлт кетуі ғажап емес. Кейде қара басының қамын ойлап, бұралаң-бұлтарысы көп заңды өз мүддесіне пайдаланып жіберу де əккі заңгерлерге түк емес. Бұлай деп тікелей айып тағуға бізде негіз жоқ. Дегенмен, қалалық прокуратураның бұлтартпас айғақтарын тіркеп тұрып, алдарына өңгеріп əкеліп берген күдіктілердің айыбын дəлелдей алмаса да, тым болмаса күдікті ретінде қалдырып, оларға қатысты тергеуді қайта жалғастырмай, сот залынан еркіндікке жібере салуы, расында, күдік туғызады. Ал сот үкімі, шынтуайтына келгенде, оның дұрыстығына екі жақтың да көзін жеткізіп, екі тарапты да қанағаттандыруы тиіс.
қыз өсіп, ұлттың тамырына балта шабылады. Ондай олқылықтар кейде сот өкілдерінің бір ғана салғырт-салақ жұмысының кесірінен болуы да ғажап емес. Қылмыс əлемінде бір жазылмаған заң, бұзылмайтын қағида бар. Яғни, кез-келген қылмыс ерте ме, кеш пе, өзге қылмыстың арқасында ашылады екен. Демек, егер Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиев расымен де нағыз кінəлі болса, күндердің күнінде олар сот төрағасы Мыңжановтың «мейірімін» ақтамай, тағы да сұғанақ қолдарын былғап, қылмысқа баруы ғажап емес. Ол қылмыстары бұрынғыдай «уақ-түйек» емес, мемлекет пен қоғамға аса үлкен көлемде зиян тигізуі ғажап емес. Сонда дейміз-ау оларды кезінде ақтап шығарған судья ел бетіне қалай қарайды? Бүгінде бірқатар түркістандықтар «Сот қауіпті ме, қылмыскер қауіпті ме?» дегенді жиі айтатын болып жүр. Күні түсіп, алдына баруы оп-оңай болып қалған қазіргі заманда сот билігіне қарсы ашық сын айтып, тісін батыра алмайтын қара халық осылай тасадан тісін шықырлатпағанда қайтсін?! Айтпақшы, көзі қарақты жандардың есінде болса, биылғы жылдың тамыз айының соңында Қарағанды облысы Шет ауданының аумағында жол-көлік апаты орын алып, онда көліктегі үш адам оқиға орнында бірден жантəсілім еткен болатын. Олардың барлығы да Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне қарасты Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қырағы қызметкерлері еді. Олар жазадан қашып жүрген қауіпті қылмыскерді құрықтау үшін Астана қаласына арнайы іссапармен барған екен. Сапарлары сəтсіз болып, Шымкентке өз жеке көліктерімен қайтып келе жатқандарында қайғылы жағдайға душар болған. Орны толмас осы қазалы оқиға судья Е.Мыңжановтың есімін елге əжептеуір танытып-ақ тастады. Түсініктірек болуы үшін əңгімемізден əрі бастайық. Судья Е. Мыңжанов ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлімімен жəне 251-
Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды
соқпады. Осы жағдайдан есім кіресілішығасылы болып жүрген күндердің бірінде мен Кентаудағы саяжайымызда жəне Қарнақтағы жеке май құю бекетіміздің ауласында тұрған үлкен сыйымдықтағы темір ыдыстарымыздың жоғалғанын байқадым. Содан бірден Кентау қалалық Ішкі істер басқармасына заттарымның қолды болғаны туралы арыз түсірдім. Арада аз уақыт өтпей-ақ аталған құзырлы органның қызметкерлері шақырып алып: «Сіз Қарнақтағы жер учаскеңізден ұрланған заттарыңызды түстеп тани аласыз ба?» деді. Мен танитындығымды айтқан соң, олар Түркістандағы темір қабылдайтын «ДУИТ» ЖШС-не алып келді. Жоғалған заттарымның бірқатары сол жерден табылды. Содан отбасымызға тиесілі ыдыстарды артып алып кетіп бара жатқанымда сары түсті ыдысты да көзім шалды. Кезінде қайын атамыздың атына тіркелген Түркістандағы үйімізге құрылыс кезінде су алуға, сонымен қатар, шайға, кірқоңымызды жууға пайдаланып, əжетке жарату үшін су құйып, пайдаланамыз деп дəл осындай үлкен ыдысты сатып алғанымыз есіме түсті. Осы сəтте: «Оны да қолды етті ме екен?» деген ой санама сап ете қалды. Бей-жай күй кештім де, «мүмкін сəйкестік шығар» деп, өз-өзімді бастым. Содан ертеңіне қайын атамыздың үйіне келіп қарасам, сол сары түсті ыдысымыз шынында жоқ болып шықты. Тек ол ыдыс қана емес, жер учаскемізді қорған жасап, қоршау үшін сатып алып қойған темірлер, жүк көліктерінің бөлшектері, генератор, қайрау станогы, сүргілеу станогы, т.б темір бұйымдардың барлығы ізім-ғайым жоғалған. Сонда бір емес, екі-үш жеріміздегі заттарымыздың барлығының дерлік күйеуім қамалған соң қолды болуы жай ғана сəйкестік емес. Бұл əдейі, біздің сырымызға қанық кісілердің қолымен жасалған іс екені айдан-анық. Ал менің басты күдіктеніп отырған адамдарым – күйеуіме жала жапқан таныстары Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиев. Оларға да кінəні нақақтан-нақақ, еш негізсіз артып отырғаным жоқ. Бір күні маған Қанат есімді танысымыз: «Əпке, сіздің Түркістандағы жеріңіздегі сары ыдысты осы жерге Саид Асадов деген Камаз жүргізушісі алып келген», - деді. Ал Қанат кезінде күйеуіммен бірге жұмыс істеген. Сол С.Асадовты тауып, сұрастырған соң, ол арқылы ыдысты жүк көлігіне артатын кезде жалдамалы жұмысшы ретінде жанында К.Кужумовтың та жүргенін білдік. Ал С.Асадов өзінің жүк көлігін Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиев есімді азаматтардың жалдағанын айтады. Сонымен қатар, Кентаудағы темір-терсектерді өзінің жүк көлігіне артқан жүргізуші де оны Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиевтің жалдағанын растайды. Бұл менің оларға деген күдігімді одан сайын қоюлатып жіберді. Олар мұның барлығын тергеу кезінде тиісті мекемелерге түсініктеме жазу арқылы растап берді. Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасы істі осындай дəлелді дəйектермен сотқа өткізсе де, судьяның неге əділетсіз шешім шығарғанын түсіне алар емеспін. Осылай деген А.Тлеуова қылмыстың бетін ашар деп үміт артқан құқық қорғаушылардың бұл істі бірнеше рет тоқтамға алып, оны екі жыл бойына созбалаңдыққа салып келе жатқанының астарында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың ықпалы жоқ па екен деген күдігін де жасырмады. Түркістан қалалық прокуратурасы бұл іске қатысты бұлтартпас айғақтардың толықтығын алға тартқанына қарамастан, сот төрағасының Т.Ешмурзаев пен С.Абдалиевті «сүттен ақ, судан таза» етіп шығарып, босатып жібере салуына көңілі толмаған арызданушы бұл іске облыстық соттың араласуын сұрайды. А.Тлеуованың айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында бірқатар түсініксіз жағдайлар орын алған. Айталық, сот тергеуі кезінде осыған дейін басқаша түсінік берген Камаз
Е. Мыңжанов
немесе судья Мыңжановтың үкімі сақшыларды сан соқтырды ма?
Бүгінде қай елді алып қарасаңыз да, қоғамға қауіпті заңсыз əрекеттерді – ұрлық, қарлық, адам тонау, зорлау, кісі өлтіру қылмыстарын жасап, шалт қадамға барғандардың басынан сипамайды. Тіпті сонау ағайынгершілігі мен қазақылығының қаймағы бұзылмаған көне заманда да халқымыз «Жеті жарғының» көмегімен елдегі телісі мен тентегін тыйып отырған, ешкімді жазасыз қалдырмаған. Өйткені, бүгін жаның ашып, қателігін кешірсең, ертең тағы да бармақ тістеп қалмасыңа сенім жоқ. «Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды» деген. Бүгін жекенің малын ұрлаған ертең мемлекеттің қазынасына қол салады. Жазасыздық адамды алшаң бастырып, өзі сияқты қылмыскер топтардың қатарын арттыруға алып келеді. Қылмыстың артуы халықты қорқынышта ұстап, ертеңге деген үмітін аяқасты етеді, намыссыз ұл, имансыз
бабының 1-бөлімімен айыпталған Б. Байдуллаға қатысты 2014 жылдың 6 наурызында шығарған үкімінде оның қылмысы толық дəлелденсе де, судья оған 4 жыл шартты жаза мерзімін тағайындап, еркіндікке қоя береді. Сондай-ақ ол өз үкімінде сотталушыны «бұрын сотты болмаған» деп көрсетіп, бұрын сотты болғанын көрсетпейді. Ал шын мəнінде аталған істі сотқа жолдаған прокуратура оның бұрын да сот жауапкершілігіне тартылғанын анықтап, ол туралы құжаттарды қоса тіркеген. Ал, төраға неге екені белгісіз, бұл деректі бүкпелейді. Яғни жасырады. Бірақ, қылмыскердің қолындағы кісенді тезірек шешу үшін осындай заңсыздыққа барған «жаны нəзік» судьяның бұл үкіміне Түркістан қалалық прокуратурасы наразылық білдіріп, облыстық соттың апелляциялық алқасына
Осы нормативтік қаулының 16 бөлімінде соттардың есте тұтқаны жөн: адамның бірнеше қылмыс жасауы – əсіресе қасақана жасауы, əдетте, айыпкердің қоғам үшін аса қауіпті екенін көрсетеді. Сот алқасы бірінші сатыдағы сот Б. Байдулланың жеке басына жете мəн бермей, кінəлі деп танылған қылмыстың санкциясында жазаның баламалы түрі көзделген деп бас бостандығынан шектеу жазасын негізсіз тағайындаған» деп көрсетеді. Облыстық соттың бұл үкімінің дұрыс тағайындалғанын ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы да мақұлдап, қорғаушы Г.Мыңбаеваның сотталушы Б.Байдуллаға қатысты қадағалау өндірісін қайта қарау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартады. Алайда Бауыржан Байдуллаға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалғанда, ол соттан бой тасалап, қашып үлгереді. Осыдан кейін оған іздеу жарияланады. Көп өтпей құзырлы органға Б.Байдулланың Астана қаласына жол тартқаны туралы ақпарат келіп түседі. Осы хабарды алысымен ОҚО ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері – А.Атемқұлов (4 баласы бар), Н.Орынбекұлы (1985 ж туылған 1 баласы бар) жəне Н. Жайнақов (1985 ж. туылған бойдақ) Астанаға қарай жол тартады. Бірақ, оның соңы қайғылы қазамен аяқталады. Егер де судья Е. Мыңжанов 06.03.2014ж күнгі Б. Байдуллаға қатысты қылмыстық істі қарау барысында əділ үкім шығарғанда төрт баланың əкесі А.Атемқұловтың, əлі орда бұзар отызға да жетпеген, бір баласының қызығына тоймаған Н.Орынбекұлының жəне артына із қалдырып та үлгермей, асыл арманын өзімен бірге арқалап кеткен Н.Жайнақовтың отбасылары қайғы жұтып, қара жамылпас па еді?! Кім білсін?... Айдың-күннің аманында үш бірдей арыстай азаматтарымыздан айрылмас па едік. Бұл аз десеңіз, «естімеген елде көп» дегендей, биылғы жылы Түркістан қалалық сотының қарауына келіп түскен Д.Бейсенбекова, Б.Диханбаева жəне Д.Соколовқа қатысты қылмыстық істердің түпнұсқа құжаттарының түбегейлі жоғалып кетуі де ойымызды біраз сан-саққа жүгіртті. Бірақ облыстық соттың өздері жүргізген тергеу ісі бұл істе судьяны ақтап, сот хатшысын жауапты болғанын мəлімдейді. Бірақ, бəрібір, көңілде бір түйткіл бар. Бұл жауапсыздық па, əлде... Судьяның дардай аты мəртебе көріп, айтқанға жақсы. Бірақ, оған артылатын жауапкершіліктің жүгін көтеру екінің біріне қол емес. Римдіктердің «Судьяларға деген құрметті жоғалту мемлекетті жояды» деген нақыл сөзі бар. Сот билігін жүзеге асыратын судья тəртіптің ең биік өлшемдерін бекітіп, сот беделіне кір келтіретін кез-келген əрекеттерден аулақ болуға тиіс. Бүгінгі таңда Т. Ешмурзаев пен С. Абдалиевке қатысты Түркістан қалалық сотының шығарған үкіміне қалалық прокуратура апелляциялық наразылық əзірлеуде. Демек, бұл істің соңғы нүктесі əлі қойылған жоқ деген сөз. Бəлкім, білікті заңгер, сақа судья Н.Шəріпов басқарып отырған облыстық соттың қара қылды қақ жарған əділ судьялары мəселенің көлеңкесі мен күнгейін анық ажыратып, тайраңдаған кінəлілерге тиісті шара көреді деген үмітіміз бар. Егер апелляциялық сот судья Е.Мыңжановтың үкімін тағы да бұзып, немесе өзгертіп, басқаша шешім қабылдаса, оның əділ төреші ретіндегі беделінің тағы бір сатыға төмендерін түсінер ме екен? Бұл сауалдың жауабы алдағы уақыттың еншісінде. Дегенмен, əділдік іздеп, шырылдап жүрген А.Тлеуованың арызын тыңдап отырып, Елбасының: «Қазы – халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған əділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмəн келтірмейді», - деген сөзі қайта-қайта ойға орала береді. С. СҰЛТАН.
Еліміздің ардақты ұлдары Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев, Н.Назарбаев №37 (197) Ажар жеңгесінің ақ дастарханынан дəм татқан... 17.10.2014 жыл
ЕСТЕЛІК Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың. (Қазақтың халық мəтелі). Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Сəбетбек Еркінбайұлы ағаны бұрын да сырттай жақсы танушы едім. 2011 жылдың ақпан айларының ортасында Сəкең ұялы телефонынан ойламаған жерден қоңырау шалды. – Шырағым, мен Сəбетбек ағаң боламын. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы «Р Күрті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорымын. Егер уақытың болса, бүгін сағат 11-лерде жолығып кетсем деп едім, бір шаруам бар еді, – деді Сəкең шаруасын айтып. – Олай болса, күтейін – дедім келісімімді беріп. Көп ұзамай-ақ Сəбетбек аға екеуміз менің кабинетімде сөйлесіп отырдық. Тұла бойынан ерекше бір жылылық есіп тұратын ел ағасы қоңыр үнімен мені бірден өзіне баурап алды. Өмірден көргені мен түйгені мол қарияның жасы жетпістен асса да тың, сергек көрінеді. Текті азамат тереңнен ойлап, шешен сөйлейді екен. Еңбек жолын қарапайым есепшіден бастаған, өмірдің ащысы мен тұщысын көрген, үлкен бақытын еңбектен тауып, ел азаматы атанған білікті басшы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, «Парасат» орденінің иегері Сəбетбек Еркінбайұлының өнегелі өмір жолдарына бір адамдай қанықпын. – Доқтырхан інім, амандық болса, биыл «Күрті» қой совхозының құрылғанына 50 жыл толғалы отыр. Шаруашылықтың тарихы, қол жеткен жетістіктері мен табыстары, ортақ іске үлес қосқан шаруашылық басшылары, мамандары, қарапайым еңбек адамдары туралы бір кітап жазсам деген ойым бар. Күрті өңірі – есімдерін бүкіл қазақ халқы қастерлейтін Күрті, Құртқа əулиелердің, Өтеген, Қазыбек батырлардың табаны тиген қасиетті жер. Жоғарыда есімдері аталған тұлғалар болашақ туындыдан орын алып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан да, қаламы қарымды қаламгер ретінде өзіңе арнайы келіп отырмын. Біз қанша дегенмен шаруаның адамымыз, мен жазған дүниелердің біраз мұртын бастырып, өңдеп-түзетіп дегендей, көмектесіп жібермесең болмайын деп тұр. Келген шаруасын айтқан Сəкең сəл үнсіз қалды. Шынымды айтсам, жұмысым басымнан асып жатыр, жылдың аяғына дейін мемлекеттік тапсырыспен жазылып жатқан екі кітабымды аяқтауым керек. Оның үстіне екі деректі фильмді аяқтап, эфирге тапсыру міндеті күтіп тұр. Бірақ, маған сеніп, үлкен үміт артып келген ел сыйлайтын азаматтың мəселесін қайтару дұрыс еместігін іштей түсініп, келісімімді бердім. Келесі аптаның сəрсенбі сəтті күні қолға алған жұмысымызды бастайтын болып, уəделі уақытта Қарасай ауданы, Абай ауылындағы Сəбетбек ағаның қара шаңырағына келдім. Шаңырақ иесі қағаз бетіне түсірген дүниелерін, құжаттар мен фотосуреттерді дайындап, мені күтіп отыр екен. Екеуміз үш сағаттай бас алмастан жұмыс жасадық. Төргі бөлмедегі шашылып жатқан құжаттарды реттеп отырғанымызда, ішке орта бойлыдан сəл биіктеу, аққұба өңді, жылы жүзді əйел кірді. Мен орнымнан тұрып, үлкен кісімен сəлемдестім. – Амансың ба, айналайын, Доқтырхан інім?! Қош келіпсің! – деп бейтаныс ана мені көптен білетін жандай ерекше ілтипат білдіріп жатыр. Қос жанарынан мейірімділік пен ізгіліктің нұры төгіліп тұрған жан сонан соң Сəкеңе бұрылды: – Отағасы, түскі шай дайын болып қалды. Доқтырхан бауырыңды дастархан басына шақыр. Мен Сəбетбек ағаның құдай қосқан қосағы, жан жары Рахима апамен осылайша танысқан едім. «Ақыл арымас, алтын шірімес» дейді халық даналығы. Кейде жақсы адаммен бір сағат отырып əңгіме-дүкен құрғанның өзі бір жылға татиды. Рахима апай Сəкең екеуміздің алаңсыз жұмыс жасайтынымызды ойлайтын болу керек, босқа мазамызды алмайды. Байқаймын, үйдің шаруасынан қолы қалт етіп босай қалса, қолынан кітап түспейді. Көбінесе, дастархан үстінде ғана əңгімелесіп қаламыз. Көп оқып, өмірден көп тоқығаны бірден байқалады, аузынан шыққан əрбір сөзі асыл маржандай. Бүгінде бір əулеттің анасына айналған Рахима ананың балалары мен немерелерінің тəлім-тəрбиесіне айрықша мəн беретіні айтпаса да аңғарылады. Бір байқағаным: кең жүректі, мейірманды ана келіндерін туған қыздарындай еркелете біледі екен, келіндері де «апа, апа» деп құрақтай ұшып тұр. Міне, татулық, сыйластық деген осы. Қандай жарасымдылық десеңші! Айнала ырыс пен береке, ізгілік болып тұнып тұр. Қолға алған шаруамыз орта тұсқа ауғанда Сəбетбек ағам маған жүрек жарды бір сырын айтты. – Шырағым, қолың қалт етіп босай қалса, маған шауып келесің. Екі-үш айдың ішінде Рахима екеуміздің туған бауырымыздай болып кеттің. Амандық болса, қолға алған кітабымыз да шығып, жарық көретін күн жақын. Сөз реті келгенде айтайын дегенім, сенімен кездестіруге себепші болған Рахима апаңа шексіз ризамын. Көп сөйлей қоймайтын Рахима апай «иə, солай болған» дегендей маған жылы ұшырай қарап қойды. 2009 жылы туған елінің гүлденуіне бүкіл саналы өмірін арнаған білікті басшы, ауыл шаруашылық саласының үлкен ұйымдастырушысы Мүсімхан
4Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Сəбетбек Еркінбайұлы жəне оның жұбайы Рахима Тілеубердинова.
берекесі бола білді. Дүниеге үш ұл, бір қыз əкеліп, қара шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөледі. Рахима апамыз есімі бүкіл Жетісу өңіріне бе-делді Смағұл Шабдарбаевтың жесірі Ажар жеңге-сін өзіне жақын тартып, ерекше жақсы көруші еді. Еліміздің көрнекті, ардақты ұлдары Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев, Н.Назарбаев Ажар жеңгесінің ақ дастарханынан дəм татып, батасын алғанын ауыл тұрғындары осы күнге дейін жыр етіп айтады. Ажардай текті жерден шыққан жеңгесінің бойындағы асыл қасиеттер жұғысты болып, Сəбетбек ағамыз бен Рахима жеңгеміздің қара шаңырағындағы ақ дастарханнан қазақтың небір игі жақсылары дəм татып, ақ баталарын берді. 1992 жылы ұлдары Адысжан үйленіп, үлкен той жасағанда, айтулы қуанышқа қазақтың заңғар перзенті Дінмұхаммед Қонаев арнайы келіп, өмірге бірге қадам жасап, шаңырақ көтеріп отырған Адысжан мен Лəззатқа ақ батасын берді. Димекеңдей қайталанбас аяулы пер-
Тырналар қайтып барады Қисықов ағамыз жетпіс жасқа толып, ел ардақтысы туралы «Ел үмітін ер ақтар» атты кітап жаздым. Сəбетбек пен Мүсімхан екеуі жас кездерінен жолдасжора болып, бір-бірімен етене жақын араласып кеткен жандар. Сəкең Күрті ауданындағы «Күрті» қой совхозын дүркіретіп басқарып тұрса, Мүсекең Жамбыл ауданындағы «Рославль» совхозын талай-талай биіктерге жетеледі. Мүсімхан ағаның 70 жылдық торқалы тойы Алматы қаласындағы салтанатты мейрамханалардың бірінде өтіп, төрден орын алған құрметті қонақтардың арасында Сəбетбек аға мен оның жұбайы Рахима апайымыз да болды. Ел есінде қалар осы басқосуда Сəбетбек досына өзі тура-лы жазылған кітапты сыйға тартады. Рахима апа-мыз сонау алыстап кеткен 1960 жылдары Қазақ қыздарының қара шаңырағы – Қыздар педагогикалық институтын бітірген білікті маман. Жаста-йынан қазақтың жырқиссаларын тыңдап өсіп, көркем əдебиетпен сусындап есейген Рахиманың қолынан өмір бойы газет-журнал, кітап түс-пейді. Апамыз мен жазған «Ел үмітін ер ақтар» атты кітапты мұқият оқып шығып, ұнатыпты. – Сəке, құдай қаласа, 2011 жылы өзің директор болған «Күрті» совхозына 50 жыл толады, – дейді Рахима апамыз бірде шай үстінде əңгіме қозғап. – Шаруашылықтың тарихы, қол жеткен табыстары, ерен еңбек иелері туралы бір тұщымды дүние жазсам деп, талаптанып жүргеніңді жақсы білемін. Өмірден көргенің мен түйгенің көп болғанымен, кітап жазу оңай шаруа емес, оның қыры мен сырын жақсы білетін қаламгер өте қажет. Мен Мүсімхан замандасың туралы жазған кітапты оқып шықтым. Туындының авторы, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек ауыл шаруашылығының ұңғылшұңғылын, ауылдың өмірін, адамдардың психологиясын жақсы біледі екен. Сондықтан да кітап тартымды, шынайы болып шығыпты. Ең бастысы – адамдардың жан-дүниесін жан-жақты аша білген, еңбектің құдіретін паш ете білген. Сол жазушыны өзіңе редактор етіп алсаң, көп нəрсе ұтқан болар едің. Құдай қосқан жарының ақыл-кеңесіне құлақ асқан Сəбетбек ағамыз Мүсімхан Қисықов туралы жазылған кітапты оқып шығып, ұнатып, мені іздеуге шығады. Əкем марқұм: «Шырағым, дүниеде ештеңе де кездейсоқ болмайды. Мына өмірдегі барлық жақсылық, ізгілік атаулы бір Жаратқан иеміздің қалауымен жасалады» деп отырушы еді. Аллатағаланың нұрлы шапағаты болар, мен өмірімде көп жақсы адамдармен кездестім, солардың қам-қорлығын, жақсылығын көрдім, олармен туғанымдай болып, араласып-құраласып кеттім. Ардақты аға Сəбетбек, асыл ана Рахима да мен үшін аса қымбатты жандар. Мен жүректері ізгілікке толы жандармен кездескен сəттерімді, шын көңілден ақтарыла əңгімелескен кездерімді зердеме мəңгі сақтап қаламын. Бір жас жігіт егде тартып, қартайған данышпан ақсақалдан: «Ата, қанша жасқа келдіңіз?» деп сұрапты. – Мен мың жыл жасаған адаммын, – депті сонда қария. – Ата, бұл мүмкін емес, – дейді жас жігіт таңқалып – адамның 100 жыл өмір сүруі мүмкін, ал, мың жыл жасадым дегенді сізден бірінші рет естіп отырмын. – Шырағым, сен мені дұрыс түсінбедің, – депті сонда данышпан – көп өмір сүреді деген қарғаның өзі ары кеткенде 300 жыл жасайды екен. Ал, мен адаммын ғой. Мен мына өмірімде өзің сияқты жаны ізгілікке, жақсылыққа, парасаттылыққа толы мың адаммен кездесіп, сұхбат құрып, жаным бір жадырап қалды. Осындай бір кездесуімді бір жылға балаймын, шырағым. Сол данышпан айтпақшы, мен де Сəбетбек аға мен Рахима анаммен кездескен сəттерімді бір-бір жылға балаймын. Сəбетбек Еркінбайұлы ағамен бір жылға жуық бірігіп жұмыс атқардым. Үлкен сыйластық пен рухани жақындықтың жемісі болар, 2011 жылы Алматы қаласындағы «Тоғанай» баспасынан «Күрті – бақыт мекені» атты көлемді кітап жарық көрді. Сəкең бұл еңбегінде Күрті өңірінің тарихы, «Күрті» совхозының
Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
жағасындағы құрақ. Сəбетбек аға туған анасы – Құлпыны қалай сыйласа, ұлқыздары-ның анасы – Рахиманы да өмір бойы сыйлап, құрметтеп өтті. Парасатты жан өзінің «Күрті – бақыт мекені» атты кітабында: «Əрбір ата-ананың үлкен арманы ұлын – ұяға, қызын – қияға ұшыру емес пе?! Жəмила мен Құлпы анамның көптен күтіп жүрген қуанышы келін түсіру еді. 1961 жылы «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді» демекші, Алла-тағала үйдегі жұбайым Рахиманы кезіктірді. Ол кезде Рахима ақылына көркі жарасқан уылжыған жап-жас қыз. Болашақ қалыңдығым Қазақ қыздар педагогикалық институтының студенті. Болашақ қайын атам Күртібай мен қайын енем Бүбіш те көрегенді, өскен-өнген жандар болып шықты. Көп ұзамай-ақ, үлкен кісілер ақ батасын беріп, Рахима екеуміз тұрмыс құрып, сəрсенбінің сəтінде шаңырақ көтердік. Тойымызды жасап, бізге ағылтегіл тілек айтылды, бата берілді. Қолдарын жылы суға малыған қос
Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА
жарты ғасыр ішінде қол жеткен жемістері мен табыстары, оған лайықты үлес қосқан басшылары, қарапайым еңбек адамдары, олардың елі, халқы үшін жасаған жасампаз істері туралы тебірене қалам тербеді. Өмірден көргені мен түйгені мол парасатты азамат Отанға деген үлкен сүйіспеншілік, еңбек, оның адам баласына əкелетін бақыты мен қуанышы, жарық дүниеге əкелген ата-анаға деген құрметі, адалдық, адамгершілік, татулық пен сыйластық, ізгілік, жақсылық туралы тереңінен философиялық ой толғады. Саналы ғұмырын ауылдың гүлденуіне арнаған ұлағатты басшы ауыл шаруашылығының бүгінгі таңдағы өзекті проблемаларын көтеріп, оны дұрыс шешудің жолдарын тілге тиек етті. Менің алдымда бір жапырақ қағаз жатыр. Ол бірімізге бауыр, бірімізге қимас дос-құрдас, енді бірімізге төрт ұйқысын төрт бөлген ана, енді бірімізге адал жар атанған естен кетпес бір аяулы жан Рахима Күртібайқызы Тілеубердинованың өмірбаяны. Былай қарасаң, қарапайым ғана адамның кəдімгі өмірбаяны. Бірақ, оған үңіле білген, түсіне білген жан бұл өмірбаяннан үлкен парасаттылықты, ізгілікті, мейірмандылықты ұққан болар еді. Рахима Күртібайқызы Тілеубердинова 1941 жылы 3 наурыз күні Қарасай ауданы, Жыңғылды теміржол станциясында дүниеге келді. Əкесі Күртібай, анасы Бүбіш қарапайым еңбек адамдары. Күртібай ақсақал 50 жылдан астам теміржол саласында абыройлы еңбек етті. Ата-анасының қолында тəлім-тəрбие алған Рахима қазіргі Қазыбек-бек бекетіндегі бастауыш мектепте оқып білім алды. Талапты қыз Алматыдағы теміржолшылардың балаларына арналған орта мектепте білім алуын жалғастырып, үздік оқушылардың қатарында болды. Оған көптеген мақтау граммоталары куəгер. Мектепті жақсы бітірген Рахима Қазақтың қыздар педагогикалық институтына түсіп, жоғарғы білім алды. Еңбек жолын Қаскелең астық совхозының №2-ші бөлімшесіндегі мектептен бастап, бастауыш сыныптарға ұстаздық етті. 1964 жылдан 1986 жылға дейін «Күрті» қой совхозының кадрлар бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шықты. 1961 жылы Сəбетбек Еркінбайұлымен тұрмыс құрып, үлкен əулеттің жас келіні болып
4Сəбетбек жəне Рахима ұл-қыздары жəне немерелерімен бірге. анамның да қуанышында шек жоқ. Рахима біздің шаңыраққа құтты келін болып келді», – деп тебірене жазды. Қазақтың біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өзіне өте жақын туыс екенін Сəбетбек ағамыз бала кезінен жақсы білуші еді. Сəкең Димаш ағаның əкесі Меңдіахметтің қазіргі 28 панфиловшылар паркінің маңындағы дəмханаға қымыз алдырып, өзі қатарлас қариялармен əңгіме-дүкен жасап отырғандарын бала кезінде талай рет өз көзімен көрді. Сəбетбек ағаның əкесі Еркінбайдың туған інісі Смағұл көкесі сонда жиі баратын. Сəкең шауып ойнап жүрген ойын баласы болса да бір аңғарғаны: үлкен кісілер қымызды үлкен талғаммен ішетін. Кілең игі-жақсыларға бір-екі əйел ғана қымыз əкелетін еді. Жылы жүзді Меңдіахмет өз заманының көзі ашық азаматы ретінде тарих, шежіреден алуан-алуан əңгіме шертетін. Елге сыйлы ағасының сабырлы да, салмақты үні осы күнге дейін Сəкеңнің есінде сақталып қалыпты. Дінмұхаммед Қонаев «Өтті дəурен осылай» атты кітабында: ...«Сонда да болса, төрт еңбек ардагеріне айрықша тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Олар Нұрмолда Алдабергенов, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев, Смағұл Шабдарбаев. Шынымды айтайын, бұл төрт кісіні халқымыздың төрт бəйтерегіндей
4Қазақтың мемлекеттік қыздар институтының студенті Рахима Тілеубердинова (бірінші қатарда оң жақта екінші) бір топ құрбыларымен бірге. 1960 жыл. түсіп, сол əулеттің анасы, сыйлы əжесі атанды. Дүниеге 3 ұл, 1 қыз əкеліп, тəрбиелеп өсіріп, жоғарғы білім алуларына, өмірден өз орындарын табуға аналық қамқорлық көрсетті. Келін түсіріп, қыз ұзатып, құда-жекжат атанды. Ұлқыздарынан немере сүйіп, үлкен қуаныш пен бақытқа ие болды. Өзінің ақжарқын мінезімен, кең дастарханымен, ақ пейілімен ағайын-туысқа, құда-жекжатқа, жора-жолдастарына сыйлы болды, есімі есте қалды. 73 жасында 2013 жылы желтоқсанның 16-сы күні бұл дүниеден бақилыққа озып, отбасы, құда-жекжаты, ел-жұрты қимастықпен қайтпас сапарға шығарып алды... Қасиетті құранда: «Ең бірінші жақсылығыңды анаңа жаса» деп үш рет қайталанып айтылады. Иə, ата – асқар тау, ана – баурыңдағы бұлақ, бала –
көремін. Ол кісілердің елінің шетіне аяқ іліктірсем соқпай өтпеймін, сəлем бермей кетпеймін. Қай-қайсымен əңгімелесу – жан семіртіп, рухыңды биіктете түсетін. Бір-біріне ұқсамайтын тұлғалар, бірақ, бірін-бірі толықтырып тұратын, қазақ деген халықтың ақсақсалдары қандай болды дегенде, осы төртеуін атар едім. Қарапайым, бірақ кісілігі жоғары, мінезге бай еді. Даналықты сырттан іздеп, өз асылдарымызды бағалай білмейміз. Еңбек деген ұлы мектептің төрт арысы осылар» деп тебірене қалам тартты. Рахима осындай текті, қасиетті əулетке келін болып түсті. Құлпы, Жəмила енелерінен, Ақжар жеңгесінен тəлім-тəрбие алып, ел мақтайтын, үлгі ететін игі жанды, дастарханы ешқашан да жиналмайтын, қонағы үзілмейтін келінге айналды, бір үлкен əулеттің ырысы мен
Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы) Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)
Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
зенттің құрметіне Рахима апай ырым етіп, немересінің есімін Димаш қойып еді. Ананың ең үлкен арманы – Димаштың үйленіп, шаңырақ көтеруін көру еді... Əттең, ол арманына жетпей кетті. Дегенмен, асыл ананың арманы жоқ. Ұлқыздары Адысжан, Ержан, Асқар, Гүлжан өмірден өз орындарын тауып, ұлы Абай айтпақшы, дүниеге қажетті кірпіш болып қаланды. Перзенттерінен Сəкең екеуі оннан астам немере сүйді. Бəрі де жасыл құрақтай жайқалып өсіп келеді. 2013 жылдың желтоқсан айында бүйрегіме ота жасатып, ауруханада жатқан болатынмын. 19 желтоқсан күні ота жасатқан жерім ауырып, көпке дейін дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Таң ата түс көрдім. Абай ауылындағы Сəбетбек ағаның үйіне барған екенмін деймін. Жайшылықта үйде отыратын Рахима апай жүргізуші екеумізді үйдің алдында қарсы алды. Бір таңғалғаным: үйдің алды жап-жарық, күн ашық болып тұрды да, небəрі он метрдегідей жердегі мешіттің айналасын қап-қара тұман басып тұрды. – Шырақтарым, сендер үйге бара беріңдер, ме-нің мешітте бір шаруам бар еді, қазір келемін, – деп Рахима апай қара тұманның ішіне кіріп кетті. Таңертең өзімнен-өзім мазасызданып, Сəбетбек ағама телефон соқтым. Амандасып, хал-жағдайларын сұрап жатырмын. Ағамның дауысы біртүрлі бəсеңкі. – Доқтырхан, қарағым, – деді Сəкең сəл үнсіздіктен соң – Рахима апаңнан айырылып қалдық... Біреу басымнан балғамен соғып жібергендей болып, иегім кемсеңдеп кетті. Бір үлкен əулеттің аяулы анасына айналып кеткен Рахима анамыздың қабіріне топырақ салудың реті келмеді. Ауру-ханадан соң Сəкеңнің үйіне барып, көңіл айтып, құран бағыштап қайттым. Жаны жəннатта жатқыр Рахима анамыздың мына жалған дүниеден өткеніне бір жыл толу қарсаңында Сəбетбек ағамыздың бүкіл үрім-бұтағы, жақын туысқандары Райымбек ауылындағы Ыстылардың бейітіне қойылған Рахима ананың басына барып, тізе бүгіп, құран бағыштады. Ниет қабыл болып, мен де бұл игі шараға қатыстым. Рахима Күртібайқызына Күртінің қоңыр гранит тасынан əдемі кесене қойылыпты. Қырдың биігінде жатқан ана бейітіне гүл шоқтарын қойып, құран оқып, асыл жанның асыл қасиеттерін есімізге алдық. Іргелес жатқан Смағұл ағамыздың, Ақжар, Құлпы, Жəмила аналарымыздың құлпытастарына арнайы барып, құран бағыштап, тағзым еттік. Осы басқосуда Сəбетбек аға мен Рахима апайдың ұлдары Адысжан, Асқар, қызы Гүлжан мен келіндері Лəззат, Айсұлу жəне қайын інісі Аманкелді мен оның жұбайы Гүлнармен жақынырақ таныстым. – Анамды өмір бойы құрметтеп, сыйлап өстім. Бірақ, ана парызын толық өтеу ешкімнің қолынан келе бермейді. Осындайда «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген мақалды жиі есіме аламын. Анамды қатты сағынып жүрмін, – дейді ардақты ананың үлкен ұлы Адысжан мұңайып. – Анашым біздің ғана емес, бүкіл бір əулеттің анасы еді, – дейді қызы Гүлжан қос жанары мөлт-мөлт етіп. – Дүниедегі
12
ең жақын адамымды есіме алғанда мен қазақтың ұлы аналары Домалақ ананы, Тұмар ананы, Айғаным ананы есіме аламын. Анатайым қасиетті жандардың сарқытын ішпесе де, есімдерін қастерлеп өтті, өз өмірінің құс жолы санады, үлгіөнеге етті. Бізге кішкентайымыздан бастап, ізгілікті, кісілікті үйретті, үлкенді сыйлай білуге, біреудің ала жібін аттамай, адал болуға, елді, жерді сүюге, ана тілін, салт-дəстүрімізді қастерлеуге баулыды. – Мейірімінде шек жоқ осы асыл жанды мен ешқашан да ене деп атаған жоқпын, апа дедім, туған анамдай жақсы көрдім. Ол кісі де мені туған қызындай аялай білді. 1992 жылы Адысжан екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылып, Күрті ауылына келін болып түстім. Алматыда туып, осы үлкен қалада өсіп, ақ саусақ болып өскен маған оңай тиген жоқ. Келін болып түсіп, не істерімді білмей қиналып отырғанымда, Рахима анашым жаныма келіп отырды, маған ерекше мейіріммен, жылылық сезіммен қарады. – Сен менің тұңғыш келінімсің, бірақ сені туған қызымдай көремін. Босқа абыржыма, бəрі де дұрыс болады, – деп маңдайымнан сүйді. Атаның ақ батасы, ананың ақ пейілі, құдай қосқан қосағыңның шынайы сезімі болса, бəрін де жеңеді екенсің. Мен екі жылда бəрін де үйрендім: бие де саудым, құрт та қайнаттым, ет жайғауды да біліп алдым. Екі жылдың ішінде нағыз ауыл келіншегі болып шыға келдім. Өткен күндерді есіме түсірсем, анашым маған өмірінде бір қабақ шытпапты, білмегенім, түсінбегенім болса, айналайын деп, аналық мейірімін төгіп, бəрін де үйретуші еді. Мен үшін ең бір ардақты жанды осы күнге дейін өлді дегенге сенбеймін. Алтыным деп үйге кіріп келе жатқандай болады, – дейді тұңғыш келіні Лəззат жүректегі сағынышын ақтарып. Осы кеште Сəбетбек ағамыздың қарашаңырағында Рахима ана туралы сағынышқа толы көп əңгіме айтылды, жүрек тебірентер сыр ақтарылды. Ана тəрбиесін көріп, инабатты болып өскен перзенттердің əрбір сөзінен сағыныш лебі есіп, жанарларынан анаға деген үлкен сүйіспеншілік пен балалық махаббатты, шексіз сый мен құрметті көріп, менің де жаным тебіренді. Иə, бəрімізді дүниеге əкелген, түнгі ұйқысын төрт бөлген ананың орны бөлек қой. Туған анасына пайғамбар да, патша да, небір ұлылар да бас иген. Өйткені, ана – өмірдің бұлағы. Ол адамзаттың мəңгі айтылатын əні, мəңгі жазылатын жыры, дүниедегі баға жетпес ең асылы болып қала бермек. Рахимадай текті ананы еске түсіруге арнаған мақаламды осы жолдармен аяқтауға да болар еді, жұмыс кабинетімде оңаша отырып, соңғы сөйлемдерді ақ қағаз бетіне түсіріп жатқанда, үшінші қабаттағы үлкен терезенің алдына екі ақ кептер қонып, біраз гуілдесіп отырды да, маған моншақтай-моншақтай көздерімен қарап, пыр-пыр етіп ұша жөнелісті. Кептерлер қайтып келіп, терезенің алдына қонар деген үмітпен бір сағаттай күтіп отырдым. Бірақ, олар оралмады. Мен осы сəтте Рахима ананы есіме алдым. Пыр етіп ұшып кеткен қос кептер, анамыздың рухы шығар деп ойладым. Көңілім алай-дүлей болып, тұла бойымды бір мұң мен сағыныш басып, мына жалған дүниден еш қызық көрмей, небəрі 53 жасында дүниеден озған туған анам Күлханды есіме алып, жүрегім сыздап қоя берді. Қағаздарымды жинастырып, көшеге шықтым. Демалыс күні болғандықтан, көшеде адамдар қатары сирек, жайшылықта кептелістен көз ашпайтын жеңіл машиналар да онша көп емес. Қалай байқамағанмын, Алматыға күз жеңешем де келіп қалыпты. Күні кеше ғана айналасын күйдіріп, апшысын қуырған күннің ыстық аптабы райынан қайтып, қоңыр жел еседі. Көше бойындағы тал-теректердің жапырақтары үзіліп, сирей бастапты. Көңілім бір түрлі құлазып, үйге барғым келмеді. Жүргізуші Генадин екеуміз Медеу жаққа тарттық. Осындай сəттерде тау табиғатын көріп, тастан-тасқа секіріп ағып жатқан, таудың мінезі тентек өзенінің жағасында біраз отырсам, көңілімнің сергитіні бар. Медеуге де күз келіпті, айнала сап-сары болып, сағынышқа тұнып тұр. Асқақ Алатаудың биігінен төмен қарай құлдилап ағып жатқан өзеннің жағасында отырып, еркін тыныс алғандай болдым, сарқырап аққан өзеннің ерекше бір қасиеті бар, көңілім кəдімгідей сергіп қалды. Жан жадыратар осы бір сəтімді тырналардың қиқулаған дауысы бұзып жіберді. Кешкі аспанға қарадым, тырналар тізбектеліп, жылы жаққа ұшып барады екен. Сонау алыстап кеткен балалық кезімнен бергі жүрек шымырлатар осы көрініске қарап тұрып, күні кеше ғана арамызда жүрген Тұманбай ақынның, Тұмаш ағамның: Құстар, құстар сызылтып əн салады, Сол əнімен тербетеді даланы. Ал, адамдар күліп бастап өмірін, Кетерінде жылай да алмай қалады, – деген жыр жолдары тіліме орала берді. Қала жаққа қайтып келе жатып, жұмыс кабинетімнің терезесіне қонақтаған екі ақ кептерді тағы есіме алдым. Мүмкін сол екі кептер мені қолдап, қорғап, желепжебеп жүрген туған анам Құлхан мен Рахима апайдың аруақты рухтары болар. Кім біледі, біз əлі де білмейтін тылсым жайлар көп қой... Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК, жазушы, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты.
Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2769.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады