43 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

web: www.adiletgazeti.kz

№43 (246) = 6 қараша = Жұма = 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

ЕЛБАСЫНЫҢ ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРЫ

Ұлы Жібек жолының Қазақстансыз қайта жаңғыруы екіталай. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен экономикалық белдеу жобасы өзара сабақтас. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы бұрынғы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Яо Пэйшэн (1999-2003 жж.) BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

Ұлы Жібек жолының Қазақстансыз қайта жаңғыруы қиын

Мемлекет басшысы Париж қаласына барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Президенті Ф.Олландпен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар іскер жəне саяси топ өкілдерімен келіссөздер өткізу, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жəне ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысу шаралары қарастырылған.

Мемлекет басшысы француз экономисі Жак Атталимен кездесті. Кездесу барысында жаһандық нарықтардағы ахуал, əлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сондай-ақ қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы – Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды. Тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жаңғыртулар перспективасына да арнайы тоқталды. Елбасы «Aubert&Duval» компаниясының президенті Жорж Дювальмен жəне Өскемен титан-магний комбинатының президенті Əсем Мамытовамен кездесті. Кездесуде металлургия саласындағы ынтымақтастық мəселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы екі кəсіпорынның бірлескен жұмысы елді индустрияландыру бағдарламасының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияның машина жəне аспаптар жасауға арналған титан-магний өнімдері өндірісін кеңейту жөніндегі жұмыстарының есебін тыңдады.

Елбасының «Total» компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен кездесу сəті

Қазақстан Президенті «Total» компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен кездесті. Кездесу барысында көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның Қазақстанда белсенді əрі ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқанына, соның нəтижесінде сын-

дарлы ынтымақтастық бойынша қомақты тəжірибе жинақталғанына назар аударды. П.Пуянне өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қашаған кенішін игеру жəне еліміздегі өзге де инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы Peugeot Citroёn компаниясы басқармасының төрағасы Карлос Тавареспен кездесті. Кездесуде компания-

ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫМАЛ УНИВЕРСИТЕТ

Бүгінде жер-жерлерде əкімдердің есебі деген дəстүрге айналған. Іргелі оқу ордасы басшысының есебі дегенді де еститін күнге жетіппіз. Өзіне сенімді болмаса мұндай батылдыққа екінің бірі тəуекел ете қоймайды. Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бəтташұлы Сыдықов 2014-2015 жылғы қызмет нəтижелері туралы Ғылыми кеңес мүшелері, білім алушылар, жұмыс берушілер, қоғам жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында ашық есеп берді.

ның Қазақстан автоөндірушілермен ынтымақтастығының перспективалары, еліміздегі қызметі жəне оның аясын кеңейту мəселелері талқыланды. К.Таварес Елбасыға қазақстандық серіктестерімен екі жыл ішіндегі бірлескен жұмысы, дайын өнім шығару өндірісі жəне оны көрші елдердің нарығына экспорттау жоспары туралы айтып берді. Akorda.kz

«Соңғы жылдар ішінде бірқатар алып жобалар өмірге жолдама алды. Екі мемлекет бірлесіп, Алтынкөл-Қорғас теміржол өткелі, Бозой-Шымкент, Ляньюньган логистикалық терминалы, калий тыңайтқыштары өндірісі іске қосылды. Тауар айналымы да артып, алыс-беріс күшейді. Аграрлық салада қолға алынған қадамдар да ықпалдастыққа жаңа серпін берді. Өткен жылдың желтоқсан айында қос мемлекеттің үкімет басшылары агроөнеркəсіптік кешендегі ынтымақтастықты нығайту туралы маңызды құжатты мақұлдады. Бағзы уақыттарда біз тек қуатты игеруде өзара күш-жігерімізді біріктірдік. Енді барлық салада алыс-беріс нығайып, бірлескен жобалар да қолға алынады», дейді Яо Пэйшэн. Оның пайымдауынша, Еуропа мен Азия тоғысындағы Қазақстанның географиялық жайғасуы өте тиімді. Еуразиялық құрлықтағы «ірі пошта стансасына» айналуға қажетті алғышарттардың барлығы бар. Себебі, шығыста əлемдегі алып экономика орналасса, батыста тұтыну нарықтарының құлашы кең Шығыс Еуропа, Батыс Азия мемлекеттері қанат жайған. «Ұлы Жібек жолының Қазақстансыз қайта жаңғыруы екіталай. Керісінше, оның арқасында түрлі салалардағы өзара іс-əрекет кеңейеді. Меніңше, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен экономикалық белдеу жобасы өзара сабақтас. Сəйкесінше, олардың түйісуі əбден ықтимал. Бұл сіздер жəне біздер үшін маңызды оқиғаға айналады. Себебі Орталық Азияда əлі де инфрақұрылымның ахуалы көңіл көншітпейді», - деген пікірде ол. «Мемлекеттік қызметке төменгі лауазымдардан бастап қабылдау керек деген бастаманы қолдаймын. Мəселен, Қытайдағы жағдайға тоқталсам, қазірде біздің елде қызметкерлер төменгі лауазымнан бірден жоғары қызметке көтеріле алмайды. Кезінде «мəдени революция» жылдарында зауытта жұмыс істеген əйел Қытай мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары креслосына жайғасқан еді. Мұндай адамдарды ол кезде «тікұшақтағы кадрлар» деп атады. Ақыр соңында бұл адамдар үлкен жетістікке жеткен жоқ», - деп түйіндеді Яо Пэйшэн сөз соңын. Айымгүл ƏБІЛЕВА

ЖАҚСЫ АДАМ – ЕЛ ЫРЫСЫ

немесе уақыттан оза жұмыс істеп отырған ректордың есебі көпшілік көңілінен шықты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың есептік баяндамасы алдағы 2016 жылы 23 мамырда биік деңгейде аталынып өтетін ЕҰУ-дың 20-жылдығы қарсаңында ж а р и я ет і л у і о н ы ң м а ң ы з ы н арттыра түседі. Өйткені бүгінде университет - халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны, жетекші білім жəне ғылым орталығы, мемлекетіміздің зияткер элитасын қалыптастыру ордасы болып табылады. 2014-2015 оқу жылы университет үшін табысты жыл болды, Халықаралық жəне ұлттық рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. ЕҰУ - əлемнің жетекші 50 жас дамушы жоғары оқу орындарының қатарына кірген ТМДдағы жалғыз оқу орны. QS World University Rankings рейтингінің қорытындысы бойынша ЕҰУ 32 орынды иеленді. Жоғары оқу орындары веб-сайттарының «Webometrics» əлемдік рейтингінде 2014 жылдың қорытындысымен Қазақстан бойынша үздік болып танылды. Тəуелсіз аккредиттеу жəне рейтинг агенттігі өткізетін 2014 жылғы бакалавриат білім бағдарламаларын саралау нəтижелері бойынша ЕҰУ - көшбасшылық орында. 2014 жылы өнім сапасы саласындағы жетістіктері мен басқарудың тиімді жоғары əдістері үшін ТМД Экономикалық кеңесінің «Қызмет көрсету» номинациясы сыйлығын алуы да маңызды оқиға деп білеміз. «Эксперт РА» халықаралық рейтинг агенттігінің мəліметтеріне сəйкес, ЕҰУ – ТМД жоғары оқу орындарының арасында D-рейтингі класы деңгейінде. (Жалғасы 4-бетте).

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Ерлан АЙТАХАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Сындарлы тіл саясатының жемістері «Ұлысымның ұйытқысы Оңтүстік» дегенді жиі ауызға аламыз. Шындығында да солай. Ұлттық салт-дəстүрлеріміздің жақсы сақталып, ұлттық тіліміздің өсіпөркендеуіне үлкен үлес қосып келе жатқан аймақтардың бірегейі де осы өлке. Кейінгі жылдары «Оңтүстік Қазақстан қазақша сөйлемей, Қазақстан қазақша сөйлемейді» дегенді де естіп жүрміз. Бұл сөзде шындық жоқ емес, біздіңше. Қабылданғанына 25 жылдан асқан тіл туралы заңымыздың облыста қалай орындалып жатқанын білу үшін Ерлан Қуанышұлы АЙТАХАНОВҚА бірнеше сауал қойған едік. - Облыста іс қағаздарын жүргізу қай деңгейде? Алдағы перспектива қандай? - Алғаш «Тіл туралы» заң 1989 жылы қабылданғаны көпшілікке белгілі. Содан бері жиырма бес жылдан аса уақыт өтті. 1989 жылмен салыстыратын болсақ, көп нəрсеге тəубе деуге болады. Қазақ тілі дамып, жаңарып келеді. Бүгінде қазақ тілі ғылым салаларына да енгізіліп, тіліміздің қолданыс аясы кеңеюде. Ұлтымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тілге деген шынайы бетбұрыс 1993-1994 жылдары басталды. Бірте-бірте өңірімізде мемлекеттік тілді жəне басқа тілдерді дамыту мен қолдануды жақсартуға бағытталған жұмыс жүйелі жүргізіле бастады. (Жалғасы 5-бетте).

Адам баласын алға жетелейтін асыл арман мен ұлы мұрат болса, сол биік тұғырдан көріне білген перзент – нағыз бақытты жан. Кемеңгер Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» демекші, аспан елінен атамекенін сағынып, аңсап келген қандасымыз Жасан Зекейұлының алдына қойған ең биік асыл арманы – өз ұлтының, қазақ елінің мерейін көтеріп, қызмет ету болатын. «Ердің атын еңбек шығарады» демекші, Жасан тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында кездескен қиындық атаулыдан қаймыққан жоқ, қыран құстың қанаты дауылға қарсы ұшқанда қатая, шыңдала түспей ме. Елін сүйген азаматты кездескен кедергілер жасыта алған жоқ, керісінше, жігерлендіре, қайраттандыра түсті. (Жалғасы 7-бетте).

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Жасыл желек» мекемесі жəне Мақтаарал аудандық тұрғын-үй к омм уналдық шаруашылық бөлімі мекемесімен келісім-шарт негізінде 1 млн. тг қаржы бөлінді. Алдағы уақытта қала тазалығы үшін аудан əкімі əр айда 4,5 млн. тг. қаржыны бөліп тұруға тиісті мекеме

«Əділет» ұлттық апталық газетінің 23 қазан 2015 жылы №41 (244) шыққан кезекті санындағы «Жетісайды күл-қоқыс басып барады» атты Алмас Ақылбектің мақаласына: Мақтаарал ауданы бойынша күл-қоқыс тазалаумен айналысатын бір ғана «Жасыл желек» МКК-ны болатын, 2015 жылдың 29

«ЖЕТІСАЙДЫ КЇЛ-ЌОЌЫС БАСЫП БАРАДЫ» қыркүйектен бастап аукцион арқылы сатылымға қойылып жеке меншікке өтті, сол уақыт аралығында 1 айға жуық Жетісай қаласында тазалық жұмыстарына қаржы қарастырылмай, тазалау жұмыстары жүргізілмей ақсап қалғаны рас. Алайда аудан əкімі Ж.Бейсенбаевтың қатаң ескертуінің нəтижесінде қала əкімі тарапынан тазалық ісшаралары ұйымдастырылып, бүгінгі таңда қаладағы күл-қоқыстарды тазалау жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда. Қаланың мөлтек аудандары тұрғындарымен, жеке меншікке өткен

жасыл желек мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып тазалық жөнінде

басшыларына тапсырма берді. Қала əкімі Б.Базарбаев

РЕДАКЦИЯДАН. Айтары жоқ, жақсы жауап. Іскер басшылар осындай болуы керек қой. Кеше шашылып, үйіліп жатқан төбетөбе күл-қоқыс бүгін жоқ. Бір-екі күннің ішінде қордаланып қалған күл-қоқысты жинайтын адамдар да, тасымалдайтын көлік те табылған... Ал газет бұл мәселені көтермегенде ше? Демек жауапта тек қана «газет сынынан қорытынды шығарылды» деген бір ауыз сөз жетпей тұр. Мейлі ғой. Көпшілік риза болса, одан өзге бізге не керек! Бірақ шындығында жағдай біз ойлағаннан да, қала әкімінің айтқан әңгімесінен де басқаша болып шықты. 3-бетте

Ұлыбритания халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.