Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№44 (247) = 13 қараша = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Болгария мен Түркия «ЭКСПО-2017» көрмесіне қызығушылық танытты
ЕЛБАСЫНЫҢ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ надий Головкин, Гузаль Манюрова жəне т.б.) жетістіктері көрсетілген. Белгілі спортшылардың жаттығулары мен жеңістері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жаттығу кадрларымен алмасып отырады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын жəне спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды. Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген жəне кортқа жүйелі түрде шығып тұра-
Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebookтағы парақшасына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысумен видеоролик жариялады.
ды. Айта кетерлігі, теннисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдердің көшбасшылары ойнайды. Өз кезінде Мемлекет басшысының лайықты əріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев матчтарға жиі қатысып, өзінің тамаша бабында екенін көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған теннисшілерге шеберлік дəрісін де өткізіп тұрады. Оған қоса, Қазақстанда жыл сайын ел Президентінің кубогы үшін теннис турнирі
өтеді. Президенттің тағы бір əуес ісі – гольф. Мемлекет басшысы өзге де белгілі əлемдік саясаткерлер жəне бизнесмендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлерге де жиі қатысады. Өзінің айтуынша, Мемлекет басшысы алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында жəне басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады. Inform.kz
Президент баспасөз қызметі мен Da Gudda Jazz тобының бірлескен бейнеролигі 2013 жылы түсірілген. Видеода Қазақстанның танымал спортшыларының (Серік Сəпиев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова, Ген-
Қазақстан Президентінің атына жаңа үйге қоныстанған азаматтардан алғысқа толы хаттар келіп түсті. Авторлар өздеріне ең бір қиын сəттерде көрсетілген көмектің маңыздылығын атап өткен.
Қарағандылықтар Елбасыға алғыс айтты
«Сол кезде, осыдан алты ай бұрын, біздің көпшілігіміз шын мəнінде баспанасыз қалдық. Жылдар бойы жинағанымызды, тірнектеп жүріп салған үй-жайымызды əп-сəтте лай басып, мүлде жарамсыз болып қалды. Көпшілігіміздің қолымызда шиеттей бала-шаға, қарттар бар еді», – делінген хатта. Тұрғындар осындай жағдайда Мемлекет басшысы өздерін назарынан тыс қалдырмай, қол ұшын созғанын атап өткен. «Біз ақшалай өтемақы алдық. Баспанасыз қалғандарды жатақханаларға, жалдамалы пəтерлерге орналастырды. Еліміздің барлық тарапынан жедел көмек ретінде дəрі-дəрмек, жылы киім, азық-түлік келе бастады. Сосын əкімдік қызметкерлері келіп, Сіздің тапсырмаңызбен біз үшін жаңа үйлер салынатынын айтқанда, жүрегімізді зор қуаныш кернеді», – деп жазады авторлар. Сонымен қатар олар орындауға бөлінген мерзімнің қысқа болуы себепті тапсырманы жүзеге асыру мəселесіне қатысты алаңдағандарын да айтқан. «Бірақ бүгін, бұрынғымыздан əлдеқайда жақсы, жаңа, жылы əрі жайлы үйде отырып, алдағы суықта қайтеміз деген қорқыныштан арылған кезде алаңдаушылығымыз бекер болғанын түсіндік. Тағдырымызға Өзіңіз тікелей араласқан кезде күмəндануымыз негізсіз еді. Сіз өзіңіз үшін азаматтардың аман-саулығынан асқан маңызды міндет жоқ екенін тағы да дəлелдедіңіз», – делінген хатта. * * * Қарағанды облысы биыл көктемгі тасқын судан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі болды. Табиғи апат салдарынан 449 үй тұруға жарамсыз деп танылып, 2017 отбасы зардап шекті. Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оларға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, өтемақылар уақтылы төленді, ал 5 мамырда жаңа үйлер құрылысы басталды.
Тәттімбет пен Құрманғазының бірге түскен суреті табылды Шертпе күйдің шебері Тəттімбет Қазанғапұлының Құрманғазы Сағырбайұлымен түскен көне суреті табылды. Тарихи жəдігер осы уақытқа дейін күйшінің Омбы қаласына қоныстанған санаулы ұрпақтарының бірінде сақталып келген. Бұл туралы Омбы қаласында тұратын күйшінің бесінші ұрпағы, 66 жастағы Молдабек Зікіршин айтты. Тарихи сурет туралы Молдабек Зікіршин ұзақ уақыттан бері ешкімге айтпаған. Ол суретті атасы Зікірші өмірден өтер алдында аманаттап, əкесі Төремұратқа жоғалтып алмауын қатты тапсырған. Оның атасы Зікірші Қазанғапов 1948 жылы Семей қаласында сүзек сырқатымен өмірден өткен. Қазір бұл
суретті елге жеткізіп, ұлттық музейге тапсыру үшін дəулескер күйшінің ұрпақтарымен келісім жүргізіліп жатыр. Суретте қилы заманда қуғын көріп, Арқадағы Тəттімбет Қазанғапұлын сағалап келген Құрманғазы Сағырбайұлы бейнеленген. Көне суреттің түсірілгеніне бір жарым ғасырға жуық уақыт болса да, ұқыпты сақталыпты. Сонымен қатар, Молдабек Зікіршин Тəттімбет күйшінің Қарқаралы уезінің аға сұлтаны Құнанбай Өскенбайұлына Кенесары Қасымұлына көмек беруге атсалысу туралы 1849 жылы жазған тарихи хатын сақтап келіпті. Аға Сұлтанға жазылған қос парақ хат уезді билеген биге дер кезінде жетпей қалып, Тəттімбеттің өзіне қайтып келген. Төте жазумен жазылған көне хатта Кенесары ханға көмек
Композитор, жазушы, өнер зерттеушісі, суретші Илья Жақановтың бүкіл саналы ғұмыры халқына қызмет етумен өтіп келеді. Оның «Әселім – әнім», «Даниярдың әні», «Еділ мен Жайық», т.б. да тамаша әндері, «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты бірегей кітаптары, сондай-ақ халық композиторлары туралы зерттеу еңбектері қазақ өнерінің алтын қорына қосылған дүниелер. Адам өмірінің айтулы бір биігі саналатын сексенінші асуға аяқ басып отырған ағамыздың қаламы әлі де қарымды. Соңғы кезде зерттеп жазған туындыларының бірі «Зәуреш» деп аталады. Қалың жұртшылыққа әлі де толықтай жете қоймаған осы еңбекті жариялауды жөн көрдік. Алдағы уақытта «Әділет» ұлттық апталығы біртуар композитордың таңдамалы еңбектерін оқырман назарына ұсынуды жалғастыратын болады.
Илья Жақановтың
бірегей туындысы 7-бетте
көрсетуден бөлек, малдың жазғы жайылымының тарылып бара жатқандығы мен Қарқаралының төңірегіне орыстардың жаппай қоныстануына наразылық білдірген елдің мұңы айтылған. Алдағы күнде бұл қос жəдігер елге жеткізіліп, Астанадағы ұлттық мұражайға жайғасады. Қазір еліміздің зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қымбат қазынаны елге алдыру мəселесі туралы бейресми келіссөздер жүргізіліп жатыр. Себебі, мұндай қымбат қазынаны Омбы қаласындағы Орта Азия мұражайы сатып алуға ниет білдіріп отыр. Осыдан 9 жыл бұрын Абылай хан мен Қазыбек бидің шапаны, сондай-ақ, Бөгенбай батырдың сынған семсер қылышы олардың ұрпақтарынан мемлекет иелегіне қабылдан-
ған еді. Ол уақытта мұндай игі іске қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Əбіш Кекілбаев сынды ел ағалары жұмылдырылған-тын. Қазіргі таңда, аталған абыз ақсақалдардың алыс жолға шығуға денсаулығы сыр беруіне байланысты академик Тұрсын Жұртбай, ақын Жүрсін Ерман жəне айтыскер ақын Аманжол Əлтаев сынды елдің игі жақсылары жұмылдырылып отыр. Тəттімбет Қазанғапұлы – (1815-1862) Қарқаралы уезі, Түндікті болысында туып, сол жерде өмірден өткен. Қазақтың күйшікомпозиторы, домбырашы, шертпе күйдің шебері, орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Bnews.kz
Уәлихан ҚАЙНАЗАРОВ, Сайрам ауданының әкімі:
Қазақ тілі – ұлтаралық қатынас тілінің міндетін атқарып келеді Ауданның əлеуметтікэкономикалық жағдайы облысымыздың өркендеуіне сəйкес жылдан жылға жақсарып келеді. Атқарылып жатқан жұмыстар Елбасының жыл сайынғы Жолдауы, еліміздің стратегиялық жəне өңірдің «Даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл Қазақстан тарихында ерекше жыл болды. Қазақтың бірігіп, хандық құрғанына 550 жыл толды. Елдің бірлігі мен ынтымағына айтарлықтай үлес қосып жатқан Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын атап өттік. Конституциямыздың да дəл осындай атаулы күнін бар сəн-салтанатымен қарсы алдық. Қысқасы, елдің бүгініне ғана емес, ертеңіне де алаңдайтын Елбасымыздың сарабдал саясатының нəтижесі болар, бүгінде халықтың əл-ауқаты артып, экономикалық даму көрсеткішіміз көш ілгері дамыды.
4-бетте
Қазақ қызы Халисаның портреті. 1870 ж. Фото. Анри Мозер қорынан. Берн тарихи музейі
Қазақ дәстүрін дәріптеген Швейцария азаматы Анри Мозер жинақтаған қазақ жәдігерлері елімізге қайтуда
Жаңа жылдан бастап дəрігерлер мен ұстаздардың жалақысы 29%-ға дейін өседі