45 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

web: www.adiletgazeti.kz

№45 (248) = 20 қараша = Жұма = 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬ Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста биылғы 10 айдағы əлеуметтік-экономикалық даму, индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ транформациялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу қорытындылары қарастырылды. Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайда оған бейімделуге жəне əрі қарай дамуға қажетті мүмкіндіктерді табу маңызды екенін атап өтті. – Бүгінде мемлекеттік шығыстар 1,5 триллион теңгеге қысқарды жəне ол ауыртпалықсыз жасалды. Бюджеттің кіріс бөлігіндегі қиындықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан əлеуметтік кепілдіктер уақтылы орындалуда. Бұл өте маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Пар-ламент «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында бірлескен ауқымды жұмыс атқарғанын, нəтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық

Тәуелсіздік жылдары 960 мың адам Қазақстан азаматтығын алды

– Əлемде Қазақстанда бизнес жүргізуге деген зор қызығушылық бар. Менің жыл басынан бері мемлекет басшыларымен өткен кездесулерімнің барысында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония сияқты экономикалық жағынан қуатты елдердің инвесторларымен жалпы құны шамамен 46 млрд. доллар болатын 130 келісімге қол қойылды. Осы уағдаластықтарды жүзеге асыру бізге əлемдік нарықта сұраныс бар тауарлар өндіруге, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан Үкімет пен əкімдер осы келісімдерді жүзеге асыруға кірісіп, қатаң мониторинг жасауы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық заңнаманы жетілдіру, инвестициялық субсидиялар мен салық артықшылықтарын енгізу, шетелдік жұмыс күшін əкелу үдерісін жеңілдету, визасыз кіру қарастырылған елдер тізімін ұлғайту сияқты шаралар қағаз жүзінде қалып қоймауы тиістігін айтты. Мемлекет басшысы сондай-ақ кəсіпкерлікті қолдау жəне бөлінген қаражатты сапалы игеру жөніндегі жұмыстарды тиімді жүргізу қажеттігіне де назар аударды. Елбасы «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің құрылымы оның шағын əрі тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін межеге дейін оңтайландырылуы керектігін айтты. – Қазіргі сəтте қорда «айналмалы

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорын трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, 2016 жылғы 1 сəуірге дейін басқарудың жаңа моделі мен құрылымына көшуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазақстан Президенті сондай-ақ бүгін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзінің вето қойғанын, ол жетілдірілу үшін Парламентке қайтарылғанын айтты. Мемлекет басшысы елде қабылдануы тиіс мейлінше нақты шаралар биылғы жыл соңына дейін Қазақстан халқына арналған Жолдауда жария етілетінін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев күрделі жағдайда да Үкімет пен өңірлердің əкімдері экономикалық өсімді ынталандыру, жұмыспен қамту жəне халықтың кірістерін қолдау үшін резервтер қарастыруы тиістігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Президенті бағаны ұстап тұру іскерлік ахуалды нашарлата отырып, бизнеске қысым жасау тетігіне айналмауға тиістігіне назар аударды. – Бағаның дəлелді түрде арттырылуы мен пайда табу мақсатында өсірілуін айқын ажырату қажет. Тауардың шынайы нарықтық бағасы болуға тиіс. Аса қажетті тауарларға қатысты алыпсатарлыққа жол бермеген жөн. Барлық өңірдегі ахуалды қадағалап отыру керек. Ең алдымен, бұл үшін жеке жауапкершілік

есіктер» қағидаты бойынша мемлекеттік органдардан «Самұрық-Қазынаға» жəне кері бағыттағы ротация үрдісі байқалып отыр. Шетелдік тəжірибеде топменеджерлар жетістіктері мен бизнес құрылымдарында жұмыс машығы жеткілікті кəсіпқойлар арасынан іріктеледі. Ал бізде қорға ұлттық компаниялардағы жоғары лауазымдарға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адамдар қабылданады. Сосын ол адамдар активтерді, компанияларды мемлекеттік қызметте əкімдікті, департаментті немесе бөлімді басқарғандай əдістермен басқарады. Қордың 6 басқарма мүшесінің 5-еуі бұрын бизнесте бір күн де жұмыс істеп көрмеген, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Қазақстан Президенті маңызды орындарға халықаралық компанияларда табысты тəжірибелері бар кəсіпқойларды тартқан жөн екенін айтты.

əкімдер мен Үкімет мүшелерінің мойнында болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы барлық бағыт бойынша нəтижелі жұмыс талап етілетінін айтты. – Біздер үшін істеріміздің ар жағында нақты нəтижелер, нақты пайда жəне қоғамның игіліктері тұратын жаңа кезеңі басталды. Үкіметтің əр мүшесі мен əрбір еңбеккердің қызметі осылай бағаланатын болады. Іс-қимылды, реформалардың жəне еліміздің экономикасының жаңа формаға көшуінің мезгілі келді, – деді Қазақстан Президенті. Жиын барысында сондай-ақ ұлттық экономика министрі Е.Досаев, инвестициялар жəне даму министрі Ə.Исекешев, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев жəне Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев баяндама жасады. Akorda.kz

Жеке жауапкершілік әкімдер мен Үкімет мүшелерінің мойнында болады

институционалдық реформаларды жүзеге асырудың заңнамалық негізі қамтамасыз еті-летінін айтты. Мемлекет басшысы əлемдік экономика өсімінің баяулауы негізгі шикізат тауарларына сұраныс пен бағаның төмендеуі жағдайында, сондай-ақ теңгенің еркін айналым бағамына көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі жəне жедел шаралар қабылдау қажеттігі туындайтынына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті дағдарыс өзінің теріс салдарларымен бірге отандық экономиканы қайта құрылымдау үшін, оның бəсекелік қабілетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне тоқталды. – Өзінің бəсекеге қабілетін көрсеткен күшті компаниялар ғана қалатын уақыт келді. Қалғандары кетуі тиіс, олардың орнына заманауи менеджмент, жаңа маркетингтік стратегия, жаңа мамандар əкелетін жаңа басқарушылар келеді. Бұл үдерістердің айқын регламенттелуі жəне ашық заңнамалық негізі болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент оңалту жəне банкроттық туралы заңна-

маға меншік иесін ауыстыру жəне кредитордан қорғау тетіктерін жақсартатын түзетулер қабылдағанын айтты. Елбасы жекешелендірудің екінші «толқынының» қарқыны жеткіліксіз екеніне тоқталды. – Менің тапсырмам бойынша Үкімет мемлекетсіздендіру жəне жекешелендіру амалдарын түбегейлі қайта қарады, олар бүгінде Парламентте қаралып жатқан жаңа заң жобасында көрініс тапты. Үкіметке ұлттық холдингтер мен республикалық меншіктегі мейлінше ірі 65 кəсіпорынды, сондай-ақ «СамұрықҚазына» қорының 182 еншілес кəсіпорнын қамтитын жекешелендіру нысандарының басымдылығы бар тізбесін бекітуді жəне оны дереу жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Бұл ретте нысандарды жекешелендіруге беріп қана қоймай, олардың сатылым алдындағы дайындығын қамтамасыз ету керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті жария ету, заңдастыру аясындағы көрсеткіштің көлемі жеткіліксіз екеніне назар аударды. Науқан жарияланғалы бері небəрі 388,5 млрд. теңгенің мүлігі жария етілген.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетжекеменшік серіктестігінің түрлі формалары экономиканың барлық саласында қолданылып, инфрақұрылымды, соның ішінде əлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуы тиістігін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл орайда халыққа мемлекет-жекеменшік серіктестігінің негізгі қағидаттарын түсіндірудің қажеттілігін жəне соның аясында шетелдік инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту керектігін айтты. Елбасы елде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жəне «Нұрлы жол» бағдарламалары өнеркəсіпті жəне инфрақұрылымды дамытуға зор ықпал ететінін атап өтті. – Инвестициялық белсенділік пен сұраныс төмендеуде, ал бəсеке тек күшейіп келеді. Сондықтан индустриялықинновациялық бағдарламаны жандандыру барысында өнімділік пен тиімді-

лікті арттыруға, өнімділігі аз салаларды қолдаудан бас тартып, алдымен экспортқа бағытталған перспективасы барын ғана таңдауға ден қойған жөн, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы өткен жылдары көптеген индустриялық жобалар іске қосылғанын айтты. – Алайда, солардың көпшілігі қазіргі жағдайда бəсекеге қабілетсіз болып, мемлекеттік қолдаудың есебінен ғана тұр. Осының бəрі сан қуалаудың салдары. Өңір басшылары кім көп құрылыс салады деген жарыс ұйымдастырды. Енді бұл кəсіпорындар жұмыс орындарын қысқартатынын мəлімдеп, Үкіметтен көмек сұрап жүгіріп жүр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті соңғы уақыттары біздің елмен ынтымақтасқысы келетін əлемнің жүзден астам ірі компаниялары басшыларымен кездескенін айтты.

VIII Media Құрылтайда қазақстандық БАҚ сапасы талқылануда

Шенеуніктер кірістері мен шығындарын жариялап отыруға міндеттеледі Шенеуніктерге пайда мен шығындарын жариялау міндеттеледі. Бұл туралы ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетаралық кеңесінің отырысында ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. «Президент автономды, кəсіби мемлекеттік аппаратты құруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді, экономиканың индустриаландыру мен əртараптандыруды, қоғам алдында есеп беретін ашық Үкіметті құруды тапсырды. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында біздің елде жемқорлықты мониторингілеу, жемқорлық тəуекелдерін талдау шараларын енгізетін «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа заң қабылданды. Қаржылық бақылау шаралары күшейтілді. Егер бұрындары мемлекеттік лауазымды тұл-

ғалар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері тек өздерінің пайда көздерін жариялап келген болса, енді декларацияда шығындарын да көрсетуі міндеттелетін болады. Кіріс пен шығындарын «А» корпусының саяси жəне əкімшілік қызметкерлері жоғары лауазымды тұлғалар, Парламент депутаттары, судьялар, квазимемлекеттік сектордың басқарушы тұлғалары көрсетулері шарт. Мұндай мəліметтер міндетті түрде жарияланып отыруы тиіс», - деп атап өтті ол. Inform.kz

Алматыда VIII Media Құрылтай өз жұмысын бастап кетті. Биыл конференция «Өзгеретін уақыт пен өзгерістер заманы» атты тақырып аясында сөз қозғайды.

Конференцияға қатысушылар бүгінге дейін қалыптасқан қазақстандық БАҚ нарығындағы жағдайды талқылайды. Мерзімді басылым мен интернеттегі ақпараттық қызметтің айырмашылығы, жылтыр қағазды БАҚ-тың жағдайы, жарнама мəселесі сынды тақырыпта пікір таластырылмақ. Қатысушылар арасында қазақстандық БАҚ, аймақтық жəне республикалық телеарна, газет-журнал, ақпараттық агенттіктер мен порталдар, салалы ассоциациялар, жарнама агенттіктері, сараптама жəне ғылыми жүйелер, халықаралық жəне қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарының жетекшілері мен ұйымдастырушылары болады. «VIII Media Құрылтайды

Туризм – экономиканы дамытудың негізгі көздерінің бірі. Елімізде туризм саласын дамыту үшін қажеттіліктің барлығы бар. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі туристік əлеуеті жоғары, мəдени-тарихи құндылықтарға бай өлкелердің бірі. Бүгін біз аймағымыздағы туризмнің дамуы турасында облыстық кəсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму жəне туризм басқармасы басшысының орынбасары А.Абихановпен тілдескен едік.

ң і т к і т с ү Оңт ы т а ғ и б та туризмнің дамуына қолайлы е 8-бетт

ұйымдастыру бізге тек қуаныш сыйлайды. Себебі, бұл жер медиа-нарықтағы маңызы зор, һəм өзекті мəселелерді ортаға салып, жан-жақты талқыланатын орынға айналды. Қазіргі экономикалық жағдайға байланысты БАҚ стратегиясының өзгеруі жайлы ой қозғағымыз келеді. Еліміздегі əр өзгеріске БАҚ-тың əрқашан өзіндік көзқарасы болуы керек», - дейді Қазақстан баспасөз клубының президенті Əсел Қарауылова. Биылғы конференцияның тақырыбы «Өзгеретін уақыт пен өзгерістер заманы» деп аталады. Қатысушылардың барлығы жаңа табыстар мен жаңа белестерге жету үшін жаңа серпіліс, яғни өзгеріс керек екендігін жақсы сезінеді. Bnews.kz

Қайрат ӘБДУӘЛИЕВ, Түлкібас ауданының әкімі

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР

рет-ретімен шешімін тауып келеді Елбасы Н.Назарбаевтың əлеуметтік саладағы салиқалы саясатының негізгі мақсаты – халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту. Биылғы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары да ел əлеуетінің жақсаруы мен тыныштығын көздейді. Бүгін біз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында аталған Жоспардың насихатталуы мен ауданның бүгінгі əлеуметтік хал-ахуалына тоқталамыз. Назарларыңызға аудан əкімі Қайрат Əбдуəлиевпен болған сұхбатты ұсынамыз.

3-бетте

Қазақтың қызы Гүлжан Молдажанова Ресейдегі үздік 25 компания басшыларының қатарында


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.