Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№48 (251) = 14 желтоқсан = Дүйсенбі = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Н. НАЗАРБАЕВ – «ЖЫЛ АДАМЫ»
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Халықаралық қатынас» аталымы бойынша «Жыл адамы2015» сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рəсімі Мəскеудегі Құтқарушы Христ шіркеуінде өтті.
Ұйымдастырушылардың, яғни Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев əлемдік саясаттағы үздік жетістігі жəне Еуразиялық экономикалық одақты нығайтудағы үлесі үшін бұл сыйлыққа лайық деп танылды. Еске салайық, 2012 жəне 2014 жылы да Қазақстан Көшбасшысы осы атаққа ие болған еді. Сондай-ақ осы жылғы лауреаттар арасында РФ Президенті В. Путин, БР Президенті А. Лукашенко, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Куба Президенті Р. Кастро, Татарстанның Тұңғыш Президенті М. Шаймиев, Мəскеу жəне бүкіл Ресей Патриархы Кирилл, академик Л. Бокерия, кинорежиссер Н. Михалков, т.б. бар. Қазақпарат
ÍАР АР ТҰЛҒА ТҰЛҒА
Оңдасынов есімі бала шағымыздан құлағымызға сіңіп, жадымызда сақталып қалған. Оның не қызмет атқаратынын нақты білмесек те, аты ел аузынан түспегендіктен «дөкейлердің» бірі шығар деп ойлайтынбыз. Бертін келе оның алаш ардақтыларының бірі, Қазақстанның, оның ішінде Атырау, Маңғыстау өңірлерінің өсіп-өркендеуіне орасан зор еңбек сіңірген ірі мемлекет жəне қоғам қайраткері екендігін білдік. Оның есімі көпшілікке лингвист-ғалым ретінде де əйгілі. Нұртас Дəндібайұлы Оңдасынов 1904 жылдың 13 қазанында шырайлы Оңтүстік Қазақстан өңірінде, оның киелі Түркістан маңындағы Үшқайың (қазіргі Нұртас ауылы) ауылында дүниеге келген. Бастапқы-
да Ташкенттің орман техникумын бітіріп, сосын Ортаазиялық жер суландыру институтында білім алғаннан кейін Қостанай, Қызылорда, Əулиеата, Шымкент қалаларында мамандығына сай əртүрлі басшы əкімшілік-шаруашылық қызметтер атқарды. Өзінің сауаттылығын, іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін таныта білген жас басшы 1938 жылдың басында Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалып, бірнеше айдан кейін Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы қызметіне ауысады. Ол республика Үкіметін 1938 жылдың 17 шілдесінен 1951 жылдың қыркүйегіне дейін, яғни 13 жыл басқарды. 4-бетте
Бекайдар ТУЛЕГЕНОВ:
«НЕЗАВИСИМОСТЬ –
высшая ценность Казахстана»
Накануне главного праздника казахстанцев – Дня независимости – в гостях у редакции национального еженедельника «Адилет» побывал первый заместитель председателя Шымкентского городского филиала партии «Нур Отан», председатель депутатской партийной фракции по борьбе с коррупцией Бекайдар Тулегенов. Естественно, что мы не могли упустить возможность поговорить с интересным собеседником. Тем более в ожидании столь знаменательной даты. Стр. 6
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы... Əбіш Кекілбаев дүние салды... Ол жазушының жазушысы, қаламгердің қаламгері, суреткердің суреткері еді. Мен білетін, біз білетін, халық білетін Əбіш «жазушы» деген құрметті де қасиетті, кең мағыналы, ауқымды сөздің аясына сыймайтын алып тұлға десек, артық айтқандық емес. Өйткені оның кемеңгерлігі, қайраткерлігі, ұлтжандылығы мен халықшылдығы əрқашан жазушылық, ақындық, сыншылық, тарихшы-ғалымдық, журналистік, шешендік талантымен қоса жүрді. Ерен еңбеккерлігі жəне бар. Қарап отырсақ, өмір бойы өндіре, оқырмандарын, жұртын тұшындыра, тамсандыра жазатын Əбіш ағамыз мемлекеттік қызметтен, қоғамдық жұмыстан бір күн де, бір сəт те қол үзбепті. Не деген күш-қуат, қайрат-жігер! Не деген шалқар білімділік! Не деген биіктік пен тереңдік! Ол кісі пікір айтпаған, сəуле-нұр түсірмеген, шындығы мен ақиқатына алғаш жол салмаған, сірə,
тарихи, мəдени, əдеби мəселе жоқ сияқты. Елімізде ол тыңдаушысын ұйыта, иландыра, баурай сөз сөйлемеген биік мінбе болмаған еді. Не бір ұлы жиындарда көсіле сөйлеп тұратыны елдің есінде. Газеттер, радио, телеарналар да осынау кемеңгер қаламгердің, қажырлы мемлекетшіл қайраткердің мақалаларын, баяндамаларын, ой-пікірлерін оқырман, тыңдарман, көрермендеріне жарыса ұсынатын. Əбіш Кекілбаевты қай салаға, қай тақырыпқа, қай мəселеге салсаң да тосылуды білмейтін. Кешегі, тəуелсіздік алдындағы күрделі кезеңде де, егемендік алғаннан кейінгі өсу-өркендеу, шын мəніндегі мемлекет құру жылдарында да ол ылғи ылдидан түссе төске озып, ұлы көштің алдыңғы сапында жүрді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты да, Парламент Мəжілісінің депутаты да болды. 8-бетте
16 желтоқсан -
Айтыс өнері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
Баянды бақыт тілеймін! Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн - біздің Отанымыздың əрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 24 жыл бұрын орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Тəуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тəуелсіздікке ұмтылыс қашан да кедергі мен күреске толы болғаны əмбеге аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Тарихтан алар тəлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Əлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде тəуелсіз ел атану тек биік мəртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз. Тəуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды. Елбасымыз – дүниежүзілік саяси ауқымдағы тұлғалардың бірі. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан қатардағы елден аймақтағы көшбасшы мемлекетке айналды. Өзгелермен терезесі тең сөйлесетін зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық. Осы егемендігіміздің арқасында Қазақстан халықаралық ареналарда зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы Еліміз бүкілəлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл Қазақстанның экономикалық қуатын жаһандық танудың айқын көрінісі екені сөзсіз. Желтоқсанның екпінімен келген Тəуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сəбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан көз жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тəуелсіздікті біз əрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл біздің азаматтық парызымыз. Отанымыздың мемлекеттілігін нығайтудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңызды Тəуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Барша шаңырақ баянды бақ-дəулетке кенеліп, елімізде ынтымақ салтанат құрып, ырысымыз ортаймасын! Шералы ҚАНЫБЕКОВ, ОҚО мəслихатының депутаты.
Отанымыз гүлдене берсін! Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел тарихы үшін жиырма төрт жыл қас қағым сəт. Дегенмен жас мемлекеттің жетістіктері айқын жəне біз оларды мақтан етеміз. Талай мемлекеттер қаржылық дағдарыстың құрсауында қалып, экономикалық машақатқа тап болып жатқан биылғы жылдың өзінде Қазақстан қиындықтарды абыроймен жеңіп келеді. Елбасы жəне Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар жəне мемлекеттің тұрақты экономикасы əлемді жайлаған қаржылық қиындықтарды азайтуға мүмкіндік ашты. Біздің Президентіміз дағдарыстан кейінгі даму бағыттарын айқындап берді. Оның саяси беделі, сындарлы саясаты, заманауи шешімдері мен болашаққа жұмыс істеу қабілеті ел дамуының алғышарты мен қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі болып отыр. Мереке қарсаңында өнеркəсіпте жəне көлік саласында, құрылыс пен энергетикада, ауыл шаруашылығында, байланыс пен қызмет көрсетуде еңбек етіп жүргендердің кəсіби жұмыстарын атап өткен абзал. Əлеуметтік сала қызметкерлері – дəрігерлерге, мұғалімдерге, мəдениет, спорт, əлеуметтік қорғау салаларындағы азаматтарға алғысымыз шексіз. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің алдында да маңызды міндеттер тұр. Сіздердің қиын да, абыройлы еңбектеріңізді құрметтейміз. Азаматтық қоғам өкілдеріне, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, діни конфессиялардың басшыларына үлкен алғыс айтамыз. Тəуелсіздік жылдары қалыптасқан сындарлы сұхбаттың арқасында біз бірлесе отырып, көптеген түйткілді мəселелерді шешудеміз. Жастарға, өскелең ұрпаққа, тəуелсіздік құрдастарына батыл да, жалынды ойлары мен жобаларын іске асыруда сəттілік тілейміз. Барлық оңтүстікқазақстандықтарды Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз берекелі, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Бағлан БАТЫРШАЕВ, ОҚО мəслихатының депутаты.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Тəуелсіздік… Осы бір құлаққа жағымды, жүрекке жұмсақ, қадірлі сөздің астарында қандай терең мағына жатыр десеңші?! Елім, жерім деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей, қасық қаны қалғанша күресіп, тілерсектен қан кеше жүріп талай шайқастарды басынан өткерген есіл ерлеріміздің ежелден аңсағаны осы Ел Егемендігі еді. Жалпы, Тəуелсіздік атты қадірлі де қастерлі ұғымды – Алла тағаланың қазақ халқына нəсіп еткен несібесі, ата-бабаларымыздың бізге табыстаған аманаты деп білуіміз қажет. Бүгінде бүтін ұлт ретінде тарих сахнасынан жоғалып кете жаздаған өткен күннен сабақ алып, кешегі мен бүгінімізді саралап, жоққа – сабыр, барға – қанағат еткеніміз абзал. Тəуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болсын десек, ел тірегі болар жастарымызды имандылыққа ұйытып, олардың отаншылдық сезімін оятуға ат салысайық. Биыл қазақ халқының дербес ел ретінде əлем картасынан орын алғанына аттай 24 жыл толып отыр. Аз уақыт емес, əрине. «Он үшінде отау иесі» дейтін атам қазақ үшін 24 жыл – нағыз күш-жігері асып, қажыр-қайраты тасыған жас. Ал сол қазіргі Тəуелсіз Қазақстанды осы жастағы атпал азаматпен салыстырсақ, «қандай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткердік?», «алдымыздағы жарқын болашақтан не күтеміз?» деген сұрақтар туары сөзсіз. Дүбірлі мереке қарсаңында, Елбасымыздың жүргізген сындарлы саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай десек, артық айтқандық емес. Осы ретте дамып келе жатқан экономикамызды, халқымыздың əл-ауқатын, ауыл шаруашылығы саласындағы, өндіріс пен өнеркəсіптегі, өнер-білімдегі, спорт пен денсаулық, қаржы саласындағы, өркениет пен мəдениеттегі, рухани саладағы жетістіктерімізді мақтан тұтып, Алла тағалаға мың да бір шүкір айтамыз. Алған бетімізден қайтпай, алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін біздің, яғни келешек ұрпақ – жас буынның алдында бағындырар биік асулар мен белестер тұр. «Аман елдің аты шығады» демекші, Отанымызда əрдайым бейбітшілік пен тыныштық болғанда ғана, біз қол созған биік шыңдарға жете аламыз. Олай болса, жас Отанымыз – Тəуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеп, қарыштап даму жолына өз үлесімізді қоса білейік. Сөз соңында баршаңызды төл мерекеміз – Тəуелсіздіктің 24 жылдық мерекесімен құттықтап, елімізге бейбіт өмір мен тыныштық тілеймін. Алла тағала Тəуелсіз жас Отанымыз – Қазақстанның іргесін берік етіп, көк жүзінде қыран құстай қалықтап самғай беруді жазсын демекпін. Төреайым СҰЛТАНОВА, Шымкент қалалық мəслихатының депутаты.
Баршаңызға жақсылығын ала келсін! Мемлекеттігіміздің мəйегі, дербестігіміздің дəйегі болған Тəуелсіздіктің арқасында еліміз толайым табыстарға қол жеткізді. Артқа тастаған 24 жыл Қазақстан тарихының жарқын беттеріне айналды. Экономикалық өсу, саяси тұрақтылық Отанымыздың гүлдене түсуіне негіз болуда. Береке-бiрлiк, бейбiт тiрлiк қалыптастырған мемлекет ретінде əлемге танылдық. Осының бəрі Республикамыздағы жүргізіліп отырған саясаттың нақтылығы мен барша қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысын дұрыс таңдай білгендігінің жемісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев пен Қазақстанға əлемнің беделді елдері құрметпен қарайтын үрдіс қалыптасты. Халықаралық мінберлерге жол ашылды. Қазақстанның адамзатқа ортақ бастамалары БҰҰ қолдауына ие болып, үніміз дүние жүзіне тарап жатыр. Əлемдік құрметке ие ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізуге қол жеткізу – мемлекет беделінің айғағы. Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму динамикасының халықаралық қоғамдастықта мойындалуының көрінісі. Ардақты əлеумет! Тəуелсіздік мереке сі баршаңыздың отбасыларыңызға береке, қуаныш, жақсылығын ала келсін! Мұрат ТӨЛТЕБАЕВ, ОҚО мəслихатының депутаты.
55 мемлекет ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатынын растады