Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№42 (245) = 30 қазан = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕЛШІЛЕРДЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ Елбасыға Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренциу Христеа, Польша Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Мачей Ланг, Түркияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Невзат Уянык, Венгрияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Андраш Барани, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Доан Тхи Хиен Суан сенім грамоталарын тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды біздің елдегі қызметтерінің басталуымен құттықтады, сондай-ақ олардың Қазақстанға мазмұнды əрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде келгенін айтты. Қазақстан халқы жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті. Бұл – қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуында зор рөл атқарған елдік құрылым. Ерте заманда бұл Ұлы даладан Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек жолының бір бөлігі өтіп жатқан. Қазақстан сол дəстүрді жаңғырта отырып өз дам уының жаңа белесіне көтерілді. Елімізде «Нұрлы» жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оның мақсаты – Қазақстанның көлік-транзиттік əлеуетін барынша арттыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті индустриялықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруға, халықаралық «ЭКСПО2017» көрмесін өткізу дайындығы мен Бес институционалдық реформаға қатысты мəселелерге тоқталып өтті.
Осы бастаманың бəрі тиімді ынтымақтастық үшін жаңа п е р с п е к т и ва л а р ғ а м ү м к і н д і к береді, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев күн тəртібіндегі сыртқы саясат мəселелеріне тоқталды. Бір ай бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы а ш ы лғ а н ы белг і лі . О н да ғ ы дебаттар адамзат дамуының жаңа парадигмасын əзірлеудің аса қажеттігін дəлелдеп берді. Біз «Жаһандық Стратегиялық Б а с та м а – 2 0 4 5 » ж о с п а р ы н ұсынамыз. Оның мəнісі – соғыстар мен қақтығыстардың себептеріне жол бермейтін стратегия жасау, – деді Қазақстан Президенті. М емлек ет басшысы XXI ғ а с ы рд а а д а м з а т т ы ң ба с т ы
мақсаты ядролық қарусыз əлемді орнықтыру болуға тиіс екенін, сол үшін Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Ядролық қарудан ада əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынатынын айтты. Қазіргі уақытта терроризм мəселесі өте өзекті болып тұрғаны атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Ислам радикализмі мен бейбітсүйгіш ислам ұғымдарының ара-жігін ажыратудың маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты біздің ел «Ислам терроризмге қарсы» атты форум өткізу туралы идея ұсынып отыр. Қазақстан Президенті Еуропалық Одақ Қазақстанның əлемдегі басты сауда жəне инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Елдің жалпы тауар айналымы
мен шетелдік инвестиция көлемінің жартысына ж уығы Еуроодаққа тиесілі. Менің Брюссельге былтырғы қазан айындағы сапарым кезінде біз Кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім жөніндегі, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары туралы келіссөздерді аяқтадық. Осы тарихи құжатқа қол қою үшін Еуроодақ басшылығының Астанаға ресми сапармен келуін күтеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халқын ортақ тарих мен мəдениет байланыстыратынын айтты. Екі елдің саяси, экономикалық ж ə н е м ə д е н и - г у м а н и т а рл ы қ байланыстары стратегиялық
серіктестік аясында дамып келеді. Біз Премьер-министр В.Орбанның биылғы сапарының қорытындысын жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев арада жоғары деңгейдегі өзара сенімді диалог орнағанын айта келіп, Қазақстанның Польша Республикасымен өзара тиімді ынтымақта с т ы қ т ы д а м ы т у ғ а м ү д д ел і екеніне назар аударды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 70-ші сессиясы аясында Президент А.Дудамен к езд е с т і к . С а уд а - э к о н о м и к а байланыстары жанданып, өзара тауар айналымы ұлғаяды деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті еліміздің Вьетнам Социалистік Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз беріп отырғанын айтты. Біз Вьетнам бизнесінің Қазақстан нарығына қатысу аясын кеңейтуге мүдделіміз. Тоқыма өндірісі, жиһаз жасау, халық т ұ т ы н ат ы н т а у а рл а р ө н д і р у саласында бірлескен өндірістер ашуға əзірміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бауырлас Т ү р к и я Ре с п у бл и к а с ы м е н ынтымақтастықты Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі ретінде атады. Қазақстанда түрік компаниялары табысты жұмыс жүргізуде. Экономиканың шикізаттық емес секторларындағы ынтымақтастық аясын кеңейте түсу маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Р ə с і м с о ң ы н д а Қ аз а қ с та н П р ез и д е н т і ел ш і л е р ге ж а ң а қызметтерінің жемісті болуына тілектестік білдірді. Akorda.kz
Оралда бейбіт кезеңде екі мәрте батыр атағын алған – Николай Сайынұлы Майдановтың ескерткіші ашылды 28 қазанда, Тəуелсіздік сарайында «Astana Invest 2015» бірінші күні шеңберінде қазақстандық-эмираттық бизнес-форумы өтті.
«Astana Invest 2015» бизнес-форумы
Форум алаңы Қазақстан мен Біріккен Араб Əмірліктері шағын жəне орта бизнесінің 100-ге жуық уəкілдерін жинады. Форум жұмысына Қазақстан тарапынан Астана қаласы Əкімінің орынбасары Нұрəлі Əлиев, «Продкорпорация» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Рахмет Байнаков жəне т.б. қатысты. Абу-Даби делегациясының құрамына Абу-Даби саудаөнеркəсіп палатасының Президенті, «Arabtec» құрылыс компаниясы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мухаммед ар – Румейси, «Aldar Properties PJSC» компаниясы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Абубакр Седдик аль-Хури, сондай-ақ БАƏ ҚР елшісі Сухейль Матар аль-Кетби кірді. Бизнес-форумның ашылуы ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың жəне БАƏ шейх Президенті Халиф бен Заида Аль Нахаянның суреттері кескінделген пошта маркаларын көрсету рəсімінен басталды. Бұдан əрі Астана қаласы Əкімінің орынбасары Нұрəлі Əлиев өз сөзінде əмірлік қонақтарымен сəлемдесті жəне инвестициялық қызмет үшін Астана мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Нұрəлі Əлиев баса айтқандай: «Біздің астанамызды шетелдік капиталға арналған жеңілдіктер мен пұрсаттылықтың бүтіндей жүйесі, шетелдік инвестицияларды қолдау мен қорғаудың нақты жүйесі ерекшелейді. Шетелдік инвесторлардың барлық мүдделері заңнамамен қорғалған». Сондай-ақ, ол Астана «жайлы инвестициялық жағдайды жəне экономикаға шетелдің инвестициялар ағымын бұдан əрі қалыптастыруда» мүдделі екенін қосып айтты. Шетелдік қонақтарға арналған бағдарлама шеңберінде Астананың Индустриалдық парк нысандары бойынша инвестициялық тур ұйымдастырылды. Қазақстандық-эмираттық бизнес-форум екі елдің экономикалық мүдделерін біріктіруге жəне өзара тиімді серіктестікті нығайтуға арналған. Бизнес-форум қазақстандық кəсіпкерлеге Араб Əмірліктерінен келген əріптестерімен тəжірибе жəне бизнес-идеялармен алмасудың тамаша мүмкіндігін ұсынды.
Шымкент:
жарқын келешекпен қауыштырар көшелер
Төреайым СҰЛТАНОВА, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:
Патриоттық бұл өз Отанына деген сүйіспеншілік
КҐНЕ ОТЫРАР ЖАСАРЫП БАРАДЫ. ЖАС ОТЫРАР КЕМЕЛДЕНЕ ТҮСТІ (Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Бейбіт АТАМҚҰЛОВТЫҢ сөзінен) Иə, бүгінгі Отырар – жаңарған, өркендеген Отырар. Аудандағы өзгерістерге қарап таңданбайтындар аз. Бүгін барша отырарлықтар ауданның құрылуының 80 жылдығын
атап өту қарсаңында өткен тарихын тағы бір зерделеп, жеткен жетістіктерін дəріптеп, зор қуанышпен айта алады! Мұның бəрі Тəуелсіздігіміздің, Елбасымыздың дана саясатының арқасында мүмкін болған рух азаттығының нəрлі жемісі деп білеміз. (Жалғасы 3-бетте).
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның төрт қаласын еліміздің төрт қақпасы, төрт мегаполисі ретінде дамыту туралы идеясын нақты жүзеге асыра бастады. Соңғы бір-екі жылда Шымкент қаласы бұрын көршілес Сайрам, Ордабасы аудандарына қарап келген ауылдарды өзіне қосып алу есебінен көлемі-аумағы жағынан күрт өсіп, тұрғындар саны 1 миллионға жақындап
қалды. Жалпы бүгінгі облыс орталығын осыдан 40-50 жыл бұрынғы күйімен, деңгейімен салыстыру қиын. Шымқала əсіресе еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылда қатты өсті. Жай қала ретінде ғана өзгерген жоқ, мазмұны да, ұлттық құрамы да тəуелсіз мемлекеттің нышан-сипаттарын анық көрсететіндей бейне-болмысқа ие болды. (Жалғасы 4-бетте).
Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Иə, «Отандық патриотизм - бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мəселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық жəне азаматтық сезімдер, өз еліңнің саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени саладағы жетістіктерін мақтан ету - бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне келіп сыяды. (Жалғасы 2-бетте).
Елбасы құрылыс сапасын жоғарылатуға бағытталған заңға қол қойды