46 47 2014

Page 1

Жаңа ңызбен! ы жылдар №46-47 (205) = 26 желтоқсан = Жұма = 2014 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

ЖАЋАНДЫЌ ДАЄДАРЫС КЕЗЕЅІ – МАСЫЛДАРДЫЅ УАЌЫТЫ ЕМЕС Телекөпір барысында елдің барлық өңірлерімен 30-ға тарта байланыс жүзеге асты, жұмыс істеп тұрған кəсіпорындар таныстырылып, Индустрияландыру картасындағы ірі жобалар іске қосылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде индустрияландырудың жүйелі қайтарымы бола бастағанын атап өтті. – Біздің жұмсаған шығыстарымыз əлден-ақ ел бюджетіне триллиондаған теңге түрінде қайтып жатыр. Шын мəнісінде, өндірістік жəне əлеуметтік-еңбек қатынастарының ХХІ ғасыр сұранысына сай жаңа үлгісі қалыптасуда. Біз бүкіл экономиканың құрылымын өзгерту бағытында батыл қадам жасадық. Қазақстандағы əртараптандыру сөз жүзінде емес, іс жүзінде басталды. Біз өңдеуші өнеркəсіп көлемінің өсу қарқынының дəстүрлі өндіруші салаларға қарағанда əлдеқайда жоғары болуына қол жеткіздік, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама қорытындыларының сандық көрсеткіштеріне тоқталды. – Тау-кен өндіру саласының ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. 5 жылда бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлде жаңа 400 өнім түрі игерілді. Өңдеуші сектор Қазақстан Тəуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайызын дерлік бірінші бесжылдықта алды. Барлығы 770-тен астам жаңа кəсіпорын іске қосылды. Жұмысшылары жоғары білікті, еңбекақысы лайықты, мүлде жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінде өнеркəсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті отандық экономика жаһандық дағдарыстың күрделі жағдайында тиімділік көрсеткенін айтты. – Өңдеуші өнеркəсіпте еңбек өнімділігі 60 пайызға жуық өсті. Əрбір еңбеккер жылына орта есеппен 20 мың долларға артық өнім өндіретін болды. Экономикамыздың энергия ауқымдылығы 19 пайызға дерлік төмендеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Республикада жаңа сала қалыптасып, заманауи инфрақұрылым жасалды, бұл жалпы индустрияға серпін береді. – Қазақстанға əлемнің ірі индустрия-

лық алпауыттары – Airbus, General Electric, Alstom, Eurocopter, Toyota, Ssang Yong, LG жəне басқалары келді. Қазақстанның титаны қазірдің өзінде еуропалық Airbus авиақұрастырушы концерні сұранысының 15 пайызын өтеуі – айтарлықтай көрсеткіш. Сонымен қатар, индустрияландырудың инфрақұрылымдық базасы едəуір ұлғайды. 4 мың шақырымға жуық автокөлік жолы жəне 1700 шақырым теміржол қайта жөнделді немесе салынды. Соңғы бірнеше жыл көлемінде əлемнің ешбір жерінде осыншама ұзақ көлік коммуникациялары салынған жоқ, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бірінші өнеркəсіптік бесжылдықты табысты жүзеге асыру жаңа деңгейдегі міндеттерді шешуді қажет еткенін, соның барысында тəжірибе жинақталғанын айрықша атап өтті. – Бəрі бірдей іске асып жатпағанын да білемін. Өзім де министрлерді, əкімдерді, ұлттық компанияларды талай рет сынға алдым. Бірақ «жеңіл болады» деп те ешкім уəде берген жоқ. Əлемдік тəжірибе табысты индустрияландыру белгілі бір уақыт алатын ауыр үрдіс екенін көрсетіп отыр. Бұл үшін жаңа кадрлар, жаңа мамандықтар қажет, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев барлық азаматтардың əсіресе қазіргідей жағдайда экономиканы дамытуға еңбегімен үлес қосуы маңызды екендігін айтты. – Жаһандық дағдарыс кезеңі – масылдардың уақыты емес. Біз – еңбек еліміз. Біздің міндетіміз халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып саналады. Мен еңбегімен дараланған жұмысшылар мен шаруаларға ғана арналған, үш дəрежеден тұратын арнайы еңбек даңқы орденін тағайындауға шешім қабылдадым. Оның үш дəрежесін алған адамның мəртебесі Еңбек еріне теңесетін болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев ең дамыған 30 елдің қатарына ұмтылушы мемлекет ретінде Қазақстанға əлеуметтік сын-қатерлерге төтеп беру керек болатынын атап өтті. – Қазақстан экономикасының өсімін 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету үшін жыл сайын шамамен 100 мың жұмыс орнын құру керек. Өңдеуші индустрия жоғары кəсіби қызметтің 80 пайызын тұтынады. Индустриялық сектордағы бір жұмыс орны іс жүзінде қызмет көрсету секторындағы 3-тен 5-ке дейін жұмыс

орнын құрады. Сол себепті индустрияландыру бағдарламасы арқылы жыл сайын 30 мыңнан 50 мыңға дейін сапалы жұмыс орны құрылуы тиіс. Сонымен қатар, экономикалық өсім дегеніміз жұмыс орындарының өнімділігін көтеру болып саналады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің атап өткеніндей, еліміз жаһандық экономика кезігіп отырған қиындықтарға қарамастан, 2015 жылға өсіммен қадам басады. – Бірнеше күннен кейін индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталады. Соған орай, Үкімет инноваторларды мемлекеттің қалай көтермелей алатынын қарастырғаны жөн. Оларды оқыту керек, нəтижесі жемісті болады. Бəлкім, лайықты инновация əзірлегендерге арнайы мемлекеттік сыйлық тағайындап, марапаттау арқылы үлгі ету керек шығар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы экономика саласында өршіл міндеттерді жүзеге асыруға ұмтылған жөн екенін айтты. – 2020 жылға қарай жоғары технологиялық өнім үлесі ІЖӨ-нің 1,5 пайызынан 5 пайызына дейін өсуі тиіс. Кəсіби, ғылыми жəне техникалық қызметтер секторы бүгінгі 8-ден 20 пайызға дейінгі өсімді қамтамасыз етуі қажет, ең бастысы – ол жекеменшік сектордағы инновацияны дамыту есебінен жасалғаны жөн. Бұл міндеттерге жету жолындағы негізгі тұғыр Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» ғылыми паркі мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев республикада жаңа өңдеуші кəсіпорындар құру қажеттігіне, оған шетелдік капиталдың қатыстырылу жайына тоқталды. – Сірə, бізге жаңа мұнай өңдеу зауытын жəне мұнай-газ саласының бірнеше ірі кəсіпорнын салу қажет болар. Қымбатқа түсетіндігіне қарамастан, олар химия өнімінің барлық бағытын қамтып, газдан дəрі-дəрмекке, киімнен полиэтиленге дейінгінің бəрін шығарады. Сондай-ақ Қазақстанда бүкіл əлемге қажет кабель өнімінің толық циклін қамтитын жаңа мыс қорыту комбинатын салуға тырысу керек. Жалпы алғанда шаруа көп, индустрия осы жолмен жүруге тиіс. Үкімет алдына қоятын міндетім – жаңа 5 өңдеу зауытын салу үшін Қазақстанға ең кемі 5 ірі трансұлттық корпорацияны тарту, – деді Мемлекет басшысы.

ТАЄЫ ДА ЌОС ЌУАНЫШ Газетіміздің жылжабар нөмірінде біз Хан апаның тағы да қос қуанышқа кенелгенін сүйіншілей мəлімдегіміз келеді. Қолынан киелі қаламы мен қағазы түспейтін ардақты ақын апамызға жылқы жылы жағымды жаңалықтарға толы болды. Бұған дейін Ханбибі Есенқарқызының ғасырға жуық терең тарихы бар, қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың редакторлығымен Ташкент қаласынан шыққан «Ақ жол» газетін кітап етіп шығарғаны белгілі. Он томдық жинақтан тұратын ол еңбекті жарыққа шығаруда Хан апа көп қажыр қайрат жұмсады. Кітапты басып шығаруда өзі басшылық ететін ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкерлері де бір кісідей жұмыс істеді. «Ақжолдағы» дүниелерді кітапқа қазақ тілінде түсіру үшін ол араб əліпбиінен кирилли-

цаға транскрипцияланып, оның барлығы дерлік компьютерде қайта теріліп басылды. Біле білгенге бұл – үлкен күш. Ал, газеттің əр нөмірін алу үшін түрлі мұрағаттармен байланысқа шығып, жұмыс істеудің өзі көп табандылықты талап ететіні түсінікті. Міне, осындай маңдай термен келген 10 томдық жинақтың дүниеге келуіне облыстық мəдениет басқармасы да облыстық əкімдік те қолдау танытпаған. Бірқатар қайырымдылық жұмыстарын жұрт алдында кеуде кере мəлімдейтін депутаттар да бұл жұмысқа келгенде кіжініп қалады. Бұл Есенқарақызының көңіліне аз да болса кірбің ұялатты. Бас-аяғы 30 томды құрайтын «Ақжолдың» əлі толық басылмағаны да көңілін күпті етті. Бастаған ісін аяғына дейін апаруды əдетке айналдырған оған жинақтың əлі бірнеше томының жарық көрмегені маза бермеді. «Ер жолдасы – тəуекел». Осы аптада ол нар тəуекелге бел буып мəдениет

Министрі Арыстанбек Мұхамедияұлының қабылдауында болады. Өзімен бірге «Ақжол» еңбектерін қолтықтай кіреді. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын министр ақынның келешек ұрпаққа мол рухани байлық беретін бұл жинақты шығару үлкен тағылым екенін баса айтып, ақынның еңбегін бөле-жара бағалап рахметін жаудырады. Сондайақ, басталған істің жалғасын одан əрі табуы керектігін, «Ақ жол» газетіндегі құндылықтарды кітап етіп шығаруды енді мемлекет өз мойнына алатынын айтады. Сөйтіп əр жылы 10 томнан шығуды жоспарлайтынын шегелеп жеткізеді. Министрдің осындай уəдесін алып келген Х.Есенқарақызы: – «Кітап – мол байлық». Ал «Ақ жол» өскелең ұрпаққа келешекте көп көмегін тигізеді. Яғни ол болашақ жастарға қызмет ететін рухани мол азық. Бірақ бұны терең түсініп қолдау танытқан азаматтар жоқтың қасы болды. Дегенмен біз оған еңсемізді түсірмедік. Мұражай-

Қазақстан Президенті бүгінде жалпыұлттық жəне жергілікті деңгейде нақты инфрақұрылымдық даму нысандары айқындалып, тиісті қаражат бөлінгенін атап өтті. – Əрбір жауапты министр мен вицепремьердің, аумақ əкімінің, мердігер компания басшысының жұмыс күні құрылыс жұмыстарының жəне қаражатты тиімді пайдаланудың инспекциясын жасаудан басталуы тиіс. Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі барлық кеңестерді шенеуніктердің жылы кабинетінде емес, құрылыс алаңдарында өткізу қажет. Тек сонда ғана нəтиже болады жəне қазақстандықтардың билікке сенімі артады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Қазақстан Президенті «Алтын сапа» жəне «Парыз» ұлттық байқауларының барлық қатысушыларын құттықтап, олар патриотизмнің арта түскенін, Қазақстан бизнесінің табысын, келешегі бар екенін көрсетіп отырғанын атап өтті. – Бұл – елдің үдемелі экономикалық өсімін нақты компаниялар мен бизнесмендердің үлесін бағалау арқылы дəл көрсетіп беретін барометр, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев отандық кəсіпорындар өз жұмысы, индустрияландыруға қатысуы арқылы ел экономикасының да, əлеуметтік саласының да нығаюына үлес қосып отырғанына тоқталды. – Тек «Парыз» жүлдесі байқауына қатысушылардың өзі жалпы сомасы 152 миллиард теңге болатын 440 əлеуметтік жобаны іске асырды. «Алтын сапа» жүлдесі тағайындалған күннен бергі небəрі 9 жылда байқауға қатысушылардың жалпы саны 6 есе өсті. Бүгінде ұлттық байқаулардың барлық жеңімпаздары мен қатысушылары, жаңа кəсіпорындардың құрылысшылары мен еңбек ұжымдары – нағыз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының алғашқы қарлығаштары, – деді Мемлекет басшысы. Іс-шара аясында Мемлекет басшысы «Парыз» байқауының бас жүлдесін «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ға тапсырды. Бұдан бөлек, «Алтын сапа» байқауының «2014 жылдың өндірістегі үздік инновациялары» арнаулы жүлдесіне Шығыс Қазақстан облысындағы «ПОСУК Титаниум» ЖШС, «2014 жылдың үздік индустриялық жобасы» жүлдесіне «Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» ЖШС ие болды. Akorda.kz.

Қарапайымдылықты сақтаған Сапарбаев 5-ÁÅÒÒÅ

ТҮРКСОЙ халықаралық мəдениет ұйымының

«Əділет» ұлттық апталығына АЛҒЫСХАТЫ

Халқына жаны ашитын қайраткер өрге шығатын жол сілтейді 5-ÁÅÒÒÅ

Жазушының жауынгерлік наградасы 2-ÁÅÒÒÅ ға келіп түскен тиын-тебендерді жинап теріп, кітапты өзіміз жарыққа шығардық. Шаршағанымызды да жасырмаймын. Иə, кітаптың алғашқы 10 томы «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында жалаңаш энтузиазммен шығарылған. А.Байтұрсынов «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» деген. Бұл дүниелер келер ұрпаққа ағарту һəм білім сыйлайды. Ол дүниелерден алар сабақ, түйер түйін көп-ақ. Соның пайдасын жас ұрпақ көріп жатса еңбегіміздің бағаланып, өнгені дер едім. Кітапты шығарудағы басты мақсатым міне осы, – деді. Халқына қалтқысыз қызмет етуден жалықпайтын Хан апа бүгін «Жылдың ең үздік жазушысы» номинациясымен марапатталады. Оның қаламынан туған лирикалық өлеңдері мен прозалық кітаптары əрдайым қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленеді. Ендеше бұл марапат кітаптары қолдан-қолға түспей оқылатын халық еркесі Есенқарақызына берілген лайықты құрмет деп білеміз. Тағы да қос қуанышыңыз құтты болғай! «Əділет-ақпарат».

Құрметті Қуанышбек Тасболатұлы! Халықаралық түркі мəдениетінің ұйымы ТҮРКСОЙ бас хатшылығы атынан Сізге зор ілтипатымды білдіре отырып, ТҮРКСОЙ ұйымының халықаралық беделінің артуына көрсеткен ақпараттық жəне достық қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. 21 қараша 2014 жылы Қазанда өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің (Мəдениет министрлігінің) шешімі бойынша 2015 жыл – «Түркі əлемінің мəдени астанасы Мары» жылы, атақты хакас хайжысы «Семен Қадышев жылы» жəне түріктің атақты драматург-жазушысы «Халдун Танер жылы» болып бекітілгенін, «Түрквижн» əн байқауы түгел түркінің өнерін паш ететін ТҮРКСОЙ-дың сəтті жобасы екендігін, сондай-ақ, келесі үш жылдық кезеңге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы болып қайта сайланғанымды ақпараттық құрал арқылы елімізді құлағдар еттіңіз. Жыл сайын Түркияда өтетін опера күндері жалғасын табуда. Соңғы жылдары Мұқан Төлебаевтың «БіржанСара» туындысы түрік көрермендерінің сүйікті операсына айналды. Қазақстанның бірнеше аймақтарында облыстық мəдениет басқармаларымен бірге жыл сайын фольклорлық əн-жыр фестивальдері ұйымдастырылды. Əдебиет пен мəдениет өкілдеріне арналған шығармашылық кештер мен жиындар өтеді. Қысқасы, мəдениет, əдебиет жəне өнер саласы бойынша қазақтың төл туындылары мен шығармалары, тұлғалары мен атқарылған іс-шаралары түркі əлеміне паш етіледі. Осы сияқты ақпараттардан халқымыз қалыс қалған жоқ. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Мəлік Отарбаев арқылы аталмыш іс-шаралар атқарыла береді. Келе жатқан Тəуелсіздік мерекесімен Сізді құттықтаймын! Еліміздің дамуына жасаған қызметіңіз, қосқан үлесіңіз əрқашан жемісті болуын тілеймін! Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының атынан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге жəне ұжымыңызға зор ілтипатымды білдіремін. Құрметпен, Д. ҚАСЕЙІНОВ, ТҮРКСОЙ бас хатшысы. ТҮРКСОЙ / 2014-5-812

МҰСА АБИБУЛЛАЕВ АЙ ҚАРАП ЖҮР МЕ? Абибуллаевтар отбасыларының өзара соттасулары туралы мақалалар топтамасын газетіміздің алдағы сандарынан оқитын боласыздар! Абибуллаевтанушы Жебе Шаянның зерттеулері

Жаңа жылда 4 млн қазақстандықтың зейнетақысы мен жəрдемақысы артады


Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады

ЕЛ ТЫНЫСЫ

¦ÄIËÅÒ

ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫТҚАН ТҰСАУКЕСЕР Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханасында айтулы оқиға болды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің бастамасымен 2012-2014 жылдарға арналған «Ғылыми қазына» атты бағдарлама аясында М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты былтырғы жылға дейін «Классикалық зерттеулер» сериясының 1-23 томдарын жəне «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша «Абай» мен «Жамбыл» кітаптарын жарыққа шығарған болатын. Үстіміздегі жылы аталған оқу орны «Классикалық зерттеулер» сериясының жалғасы ретінде 24-34 томдарды жəне Ұлы дала тұлғалары сериясы бойынша «Əбілхан Қастеев», «Құрманғазы» жəне «Күлəш» атты ғылыми-зерттеу кітаптарының тұсаукесері өткізілді. Аталған шараны институттың директоры, филология ғылымдарының докторы, қазақ ғылымының талантты ұйымдастырушыларының бірі Уəлихан Қалижанов кіріспе сөзбен ашып, алқалы жиынды жүргізіп отырды. Бұл жолғы «Классикалық зерттеулер» сериясының «Фольклор туралы зерттеулер» атты 24 томына М.Ғабдуллиннің қазақ фольклорына қатысты танымал ғылыми еңбектері еніпті. Танымал ғалымның қазақ фольклорының сан-саласына жасаған осы уақытқа дейін жарияланған жəне жарық көрмеген еңбектеріне ғылыми талдау жасалыпты. «Қазақтың жыраулық мұрасы» атты 25-томына көрнекті əдебиет зерттеушілері С.Сейфуллин,

Ə.Дербісəлин, Қ.Сыдиықұлы жəне М.Мағауиннің XVXVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы мен оның белгілі өкілдерінің шығармашылығына қатысты ғылыми еңбектері топтастырылыпты. Жинаққа енген ғалымдардың зерттеулерінде Ноғайлы жəне Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей жырау сынды жыр жүйріктерінің асыл мұрасы əдеби-тарихи, салыстырмалы, көркемдік жəне мəтіндік қырларындағы ерекшеліктер нысанға алынған. Жинаққа Əнуар Дербісəлин, Қабиболла Сыдиықұлы, Мұхтар Мағауин сынды ғалымдар жайында нақтылы мағлұматтар берілген. Кітапта зерттеушілер өмірбаяны ықшамдалып беріліп, барлық зерттеулері атап көрсетілген. Сонымен қатар, аталып отырған əрбір авторға жеке-жеке түсініктемелер беріліпті. Жыраулар поэзиясы жайындағы сүбелі еңбектердің іріктеліп терілген мəтініндегі кездескен жер-су атаулары, тарихи тұлғалар, көне шығармалар мен жинақта кездесетін тарихи-əдеби шығармалар, кітапта аты аталатын авторлар туралы мəлімет, мəтінде кездесетін тарихи тұлғалар мен кейіпкерлер сонымен қатар кездесетін мемлекет, хандық рутайпа атаулары жəне əдеби терминдерге қысқаша анықтамалық сипатта ғылыми қосымшалар жазылыпты. «Казахская культура и этнография в Российской библиографии ХІХ-ХХ вв.» атты 26-томда ХХ ғасырда жəне кеңестік кезеңге дейін жарық көрген бірнеше библиографиялық көрсеткіш қамтылған. Көрсеткіштерге енген библиографиялық мəліметтерде қазіргі таңда да ғалымдар мен жалпы оқырман қауым үшін маңызын жоймаған Қазақстан туралы

құнды деректер келтірілген. Қазақ халқының рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы ХVІІІ ғасырда басталады, ал шын мəнінде орыс жəне Еуропа, шығыс саяхатшылары мен тарихшыларының қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде ол тура орта ғасырлардан, ХV-ХVІ ғасырларда-ақ жазыла бастағаны белгілі. Бұл көрсеткішке осындай негізінен ғылыми мақсатта жазылған əдебиеттер мен түрлі кеңсе, мұрағат жазбалары, сондай-ақ əдеби, көркем шығармалар жинақталған. Кітаптағы материал библиографиялық басылымдардың жариялануына қарай хронологиялық тəртіп бойынша берілді. Библиографиялық сипаттамаларда түпнұсқалардың стилистикасы мен орфографиясы барынша толық сақталды. Аталған серияның «Русский фольклор и литературные связи России и Казахстана» атты 27томына филология ғылымдарының докторы, сыншы, жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі М.И.Фетисовтың «Ресей мен Қазақстанның əдеби байланыстары» (ХІХ ғ. 30-50 жж.) монографиясы жəне Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор М.М.Багизбаеваның бірқатар мақалалары, кітап алғысөздері мен жетісу өңірі казактарының орыс фольклоры үлгілерінің мəтіндері енді. Олардың ХХ ғасырдың екінші жартысында шыққан зерттеулері туралы отандық филолог ғалымдардың оң пікірлері мен жоғары бағалары бірқатар қазақстандық газет, журналдарда жарық көрген. Олар қазақстандық кітапхана жүйесінің қорларын толтырды. (Жалғасы 9-бетте).

Тәуелсіздік күнін атап өтті Тəуелсіздік күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде салтанатты жиын өтті. Əдеттегідей күзет қызметі сақшыларының саптық шеруімен басталатын іс-шараның мақсаты айқын. Тəуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін айта отырып, оны сақтап қалудың маңыздылығын түсіндіру. Мекеме басшысының орынбасары полиция подполковнигі Ж.Пиртаев жиынға жиналған жеке құрамды еліміздің айтулы мерекесі Тəуелсіздік күнімен құттықтап лебізін білдірді. Сондай-ақ, шара барысында егемендік тақырыбында арнайы

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК НАГРАДАСЫ Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы əскерде жүргенде 1969 жылы Даманск оқиғасына қатысқан, ардагер. Жуырда оған Даманск оқиғасының 45 жылдығына орай арнайы белгіленген медальді Қазақстандағы Ресей елшілігі табыс етті. Бұл медальді Ресейдегі қоғамдық наградалармен наградтау жөніндегі комиссия бекітіп, куəлігіне армия генералы В.Ф. Ермаков қол қойған. Құрмет орденді ардагер жазушы отыздан астам кітабы шыққан, жас ұрпақты тəрбиелеуге, оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тəрбиелеуге ерекше еңбек сіңіріп келеді. Бауыржан Момышұлының туған күніне орай жылма-жыл арнайы шара өткізеді. Қазақ елі мен жері үшін күрескен батырлар мен тарихи тұлғалар жайлы мағлұматтар жинап, зерттеп жазып, бүгінгі ұрпаққа игі істері мен ерліктерін үлгі етуде. Əкесі – Қапалбек Егізбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, үш рет жараланған, соғыстың алғашқы күнінен соңғы Жеңіске дейін қолынан қаруы түспеген, керзі етігімен Мəскеуден Варшаваға дейін соғысқан еді. Елбасы Жарлығымен Даманск оқиғасына қатысқандар Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Даманск оқиғасына қатысқан ардагер жауынгерлер бірнеше əскери-патриоттық кештер мен шаралар өткізіп, оқушы-студенттермен кездесулер өткізбекші. С. ƏШІМОВА

дайындалған баяндама оқылып, мемлекетіміздің қалыптасу, даму жолдары айтылған бейнероликтер көрсетілді. Содан кейін, ел игілігі бағытында елеулі еңбек етіп жүрген мекеме басшысы полиция полковнигі Қ.Тілеубердиевтың адал жəне мінсіз қызметімен көзге түскен қызметкерлерге мерекеге орай марапаттау бұйрықтары оқылып алғыстар жарияланды. Іс-шараға ішкі істер органдарында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерде арнайы шақырылды. Сақшыларды мерейлі мерекесімен құттықтаған олар өздерінің ақ тілектерін айтты. Салтанатты ісшара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. «Əділет-ақпарат».

Оңтүстікте Президент шыршасы өтті Кеше Шымкенттегі «Оңтүстік Цирк» ғимаратында «Біз – мəңгілік ел боламыз!» тақырыбы аясында ҚР Президентінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Салтанатты шараға қатысқан облыс əкімі Асқар Мырзахметов балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады. Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, Алпамыс батыр, Қобыланды батыр жайлы шығармалар мен сиқырлы математика кітабы, түрлі тəттілер сыйға табысталды. Сонымен қатар халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті. Мерекелік шара барысында 2014 жылғы 2 желтоқсанда Теміртау қаласында өткен Президенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі II орынды иеленген оңтүстікқазақстандық екі оқушы (Кентау қаласындағы «Дарын» мектебінің оқушысы Асия Хузяхметова мен Шардара қаласындағы №3 «Дарын» мектебінің оқушысы Асылхан Нұрғали) арнайы марапатталды. Екі күн бұрын Президенттік шыршаға арнайы аудан, қалалардан келген оқушылар дарынды балаларға арналған №1 мектеп-интернатқа орналастырылып, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады. 2014 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылары толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Халықаралық жəне республикалық олимпиадалар мен

ғылыми жобалар байқауында, спорт пен өнер сайыстарында облыстың 700 оқушысы жеңімпаз атанды. 436 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері атанса, биылғы республикалық пəн олимпиадасында І орынды жəне «Үздік олимпиадалық команда-2014» атағын жеңіп алды. Мектеп жəне колледж оқушылары арасындағы VІІ жазғы республикалық спартакиадада І орынды иеленіп, облыс мерейін өсірді. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі

дербес шотта өсімпұл есептелмейді. Алым сомасының бюджетке есептелуі алым төленгенін растау болып табылады.Мүлікті жария етуге құжаттарды жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге, оның ішінде алым төлеуге төлем құжатын басқа аумақтық бөлімшеге табыс еткен кезде, жария ету субъектісі қате төленген соманы есепке жатқызуға өтінішті құжаттар табыс етілген аумақтық бөлімшеге табыс етеді. Бұл ретте жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімше нақты алым төлеу орны бойынша аумақтық бөлімшеге жария ету субъектісінің өтінішін жəне төлем құжатының көшірмесін қоса төленген алым сомасын есепке жатқызуға жазбаша сұрау салу жібереді.Нақты алым төлеу орны бойынша аумақтық бөлімше алынған құжаттардың негізінде бір жұмыс күні ішінде жария ету субъектісінің тұрғылықты орны бойынша аумақтық бөлімшеге алымның төленген сомасын есепке жатқызуға төлем құжатын ресімдейді.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тəртіппен, қазынашылық органының ақпараты мен есептілігінің деректері бойынша төленген алым сомасы дербес шотта болған кезде алымды төлеу орны бойынша аумақтық бөлімшесіне табыс етілген алым сомаларын бюджеттен қайтаруға өтініш негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте алым сомасын қайтаруға өтініш: - жария ету субъектісіне мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар, соның ішінде осы Нұсқаулықтың 11тармағында көрсетілген себептерді жою аумақтық бөлімшелер мүлікті жария етуден бас тартқан жағдайларда беріледі. Түскен алым сомаларын бюджеттен қайтару аумақтық бөлімшеге өтініш берілген кезде жүргізіледі. Алымның түскен сомаларын бюджеттен қайтаруға өтініште мынадай мəліметтер көрсетілуі тиіс: 1) жария ету субъектісінің аты-жөні; 2) жария ету субъектісінің ЖСН-і; 3) жария ету субъектісінің

мекенжайы; 4) қайтарылуға жататын сома; 5) жария ету субъектісінің банктік шотының нөмірі жəне банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, сондай-ақ олардың деректемелері; 6) жеке куəліктің немесе паспорттың нөмірі, берілген күні жəне кім берген. Қайтаруға өтінішке алымның бюджетке төленгені туралы төлем құжатты қоса берілуі тиіс. Алымды жария ету субъектісіне қайтару қайтару туралы өтінішті берген күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі. Қайтару туралы өтініштің негізінде аумақтық бөлімшелер қазынашылық органдарына алымның түскен сомаларын бюджеттен қайтару бойынша төлем құжатын береді. С. АЛДАБЕРГЕНОВ, ОҚО, Шымкент қаласы, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары

2

«Ата салтым асыл мұрам, ардағым» Газетімізде жарық көріп келетін «Ата салтым - асыл мұрам, ардағым» атты этнографиялық жинағынан үзінділерді елімізге белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы жүргізіп отырады. Ендеше, ұлттық салт-дəстүрлерімізді берік сақтап, аялайық ағайын! Соғым басы Қыс тойы болып алғашқы рет қар жауып аяз түскен сəтте басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін-бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады. Сыбаға Сыйлы адамға тартылар табақта міндетті түрде мүшелі ет болады. Ол «сыбаға» деп аталады. Қойдың басы, ірі малдың шекесі, жылқының бұғана қабырғалары, жамбас т.б. мал мүшелері сыбағалы тағам қатарына жатады. Сүйінші Халқымызда біреу екінші адамға жақсы хабар жеткізіп қуантса, сүйінші кəдесін алатын салт бар. Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп қолын еш қақпаған. Сірге мөлдіретер Күзде қазан айында бие ағытылады. Осы кезде ауыл адамдарын жинап, ең соңғы қымызды береді. Бұл күнді қазақта сірге мөлдіретер дейді. Бүкіл ауылда сірге мөлдіретерді бір үй ғана өткізбейді, кезек-кезегімен бүкіл ауыл болып өткізеді. Сабан той Ұлттық салт-дəстүрдің ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың ынтымақтық, еңбексүйгіш елдің тағы бір қырын көрсететін еңбек мерекесі əрі той. Егін бітік шығып, қырманнан қызылдап, оны төкпей-шашпай, суыққа ұрынбай мезгілінде жинап алған ел күзде «сабан той» өткізеді. «Сабан той» –мереке əрі егіншілердің еңбек қортындысы десе де болады. Тойбастар Тойбастар дəстүрінің негізгі мақсаты-той жасаушы шаңырақ иелерінің, құда құдағилардың ерекшеліктерін дəріптеп, қонақтарға жеткізу. Мұны орындайтын адам халықтың əдет-ғұрып салтын, өлеңжырлардың сан алуан үлгілерін жақсы білетін ақын-жыршы болуы тиіс. Тойбастар негізінде əртүрлі құттықтау, мадақтау, бата, ақыл-кеңес, таныстыру сыңайындағы өлеңдерден тұрады. Шашу Көбінесе жақсы тілектің айғағы түрінде көрінетін сұлу да көңілді дəстүр.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі мүлiктi жария ету өткізу жөнінде МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ҮШІН АЛЫМДЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ Алым Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiкті, эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздарды, шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін (бұдан əрі – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі мүлiкті) жария ету кезінде алынады. Алым мүлікті жария етуге құжаттарды табыс еткенге дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі мүлiктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді. Төленген алым сомалары бюджетті орындау бойынша уəкілетті органның (бұдан əрі – қазынашылық органы) төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің жеке сəйкестендіру нөмірі бойынша түскен алым сомалары туралы ақпараты мен есептілігі негізінде жария ету субъектісінің дербес шотының «Есептелді» жəне «Төленді» бағанында көрсетіледі. Бұл ретте алымның төленбеген сомаларына

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

Шөміш қағу Көкек айында, əлібетте күн жыли бастайды. Сол кезде күн күркіреп, көкте найзағай жарқыл салады. Мұндайда ел-жұрт еңсе көтеріп, жадырай серпілісіп: «күн күркіреді, көк дүркіреді», - десіп жатады. Осыған орай жасалатын ырымды «шөміш қағу» деп атаған. Үйдің босағасына, маңдайшасына табалдырығына шөмішті тигізіп: -Құдайым Жарылқа, Береке мол болсын, Ынтымақ артсын, Адалдық болсын, Амандық болсын, Ырызық көп болсын, Уайым жоқ болсын! - десіп игі тілекпен тірлікке тəубə еткен. Үме Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып» бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Əсіресе, қысқы мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, əрі жиналып алынады. Үмеұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды. Ұйқыашар Той мереке (Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан «ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған. Уызқағанақ Көктемгі мал төлдету науқанының, əсіресе, қой қоздайтын кездің қатқабат қарбаласы көп. Қойдың арқасынан күн өтеді, аузы көкке тиеді. Өрісте қағанағын жайып, төлдеп қалатын қойлар өз алдына əр түрлі қамқорлықты қажет етіп жатады.

ДҮНИЕДЕН ӨТУ, ЖЕРЛЕУ, АС БЕРУ Өсиет Белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тəсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туысқандарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дəстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс. Арыздасу Қазақ арасында қалыптасқан көне салттардың бірі- арыздасу. Арыздасуды кей өңірлерде «бақұлдасу» деп те атайды. Арыздасу- өлім алдындағы не өмірден өтіп бара жатқан ғаріптің кейінгі туғантуыстарымен, бала –шағаларымен, дос-жарандарымен ақырғы рет тілдесіп, қайыр-қош айтысуы. Арыздасу барысында ақырғы дем алдындағы адам ел-жұртымен кешірім сұрасады, ұрпағына, жарына соңғы өсиетін айтады. Иман айту Иман айту-немесе иман үйіру деп те айтылады. Науқастанып жан тəсілім алдында жатқан адам өз иманын өзі айтып, тілін кəлимаға келтіреді. Егер ол өзі айтуға шамасы келмесе күзетте отырған адам да айтуға болады. Дəстүрімізде ауыр науқасты күзететін ғұрып бар. Күзетубеті бері қарамайтын науқастың жанында жанашыр адамы, туысы, молда дем салып отырады. Мұндай сəтте науқас жақындарымен арыздасып, кешу сұрап, өсиетін айтады. Адамның жан тəсілім етер шағын соңғы демін «ант-мезгіл»-дейді. Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек, Мен де пенде амалсыз көнсем керек. Қызығы зор қайран дос, қайран тату, Сендер өлдің мен-дағы өлсем керек (Абай) Имансу «Жұрт аяғын ауырлайды» деп, күтушілер əл үстінде жатқан жаңға бөтен кісіні кіргізбей оңаша ұстап отырған кезде көбінше науқас адамның басын көтеріп, көңілі өсіп, тілге келіп, тіптен ас-су ішіп, жүріп тұратын да кезі болады. Өмір шамы сөнер адамның бұлайша соңғы қуатын танытатын шолақ шағы – «бой жасау» немесе «бой жазу» делінеді. Естірту Ата-анасы, баласы немесе жақынжуығы қайтыс болған жағдайда оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам əлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жолжөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялық, философиялық, классикалық үлгілері бар. Мысалы «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ғана қолданылады. Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады. Көңіл айту Жақын адамы қайтыс болғанда оның туған-туысқандары мен таныстары, іліктері қазалы үйге əдейі барып бата жасап, көңіл айтады. Көңіл айтудың мəні-мұңды адамды жұбату, сергіту, «өлгеннің артынан өлмек жоқ» деп уайымға берілмеу жанашырлық ақыл-кеңестерін айтып қайрат береді. Жақын-жуық немесе білетін адамдар қайтыс болғанда кісі орнына əдейі барып көңіл айтпаса, ол үлкен мін əрі ұят. Көңіл айта білу де –көргенділік. Жоқтау Жоқтау-аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дəстүрі, жыры, зарлы өлең. Жоқтауды сол адамның əйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған.Жоқтау тəрбиелік үлгі-өнегесі бар, мəдениеттілік пен адамды бағалаудың жəне оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан. Жоқтау-азалы, қайғылы,зарлы үнмен жырланады. Көрісу Ет жақын туыс-туғандары, атааналары, басқа да сыйлас іліктері қайтыс болған адамдарға артта қалған жақын-жуықтары мен ағайындары (əйелдері) келіп марқұмның жақсы істері мен арманыны айтып жылайды. «Көрісу» деген осы. Олар мұндайда «мені апа деп кім айтар», «көз қырын салатын еді» деген сияқты арман сөздерін айтады. Көрісуші адамдар үй сыртынан жылап келеді. Мұны «дауыс»-дейді. Еліміздің оңтүстік жағында еркектер де дауыс салып кіреді, ал орталық жақтарда əйелдер ғана дауыс қылып келеді. (Жалғасы бар).


Қазақ əр жылдан толайым табыстар мен игі жақсылықтар күтеді

ЛЕБІЗ

¦ÄIËÅÒ

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

3

БІЛІМ - ІЛГЕРІЛЕУДІҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

ЕЛБАСЫ ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІ ЕСЕЛЕТТІ Желтоқсанның 21-і күні Елбасы отандық жетекші телеарналардың өкілдерімен жүздесіп, сұхбат берді. Н.Назарбаев халық пен билікті байланыстырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатын көптеген көрермен көк жəшік алдында тапжылмай отырып тамашалады. Қаржылық дағдарыс қыспағында қалып қоймас үшін алдын-ала қолға алынған шаруалардың мəні мен маңыздылығы, Қазақстанның төрткүл дүниедегі ерекшелігі мен алар орны, жүзеге асып жатқан жобалардың жемісі, терроризм, экстремизмнің қаупі мен оны жоюдың тетіктері, ішкі жəне сыртқы саясат, əлеумет, мəдениет, спорт тақырыбы қамтылған бұл сұхбат ертеңге деген сенімді еселей түсті.

Лəззат НҰРПЕЙІСОВА, экономист: - Мен Президентіміздің əр жолдауын, əр сұхбатын үзбей бақылап отырамын. Бойындағы сарабдалдығы, салмақтылығы мен жүзіндегі отты ұшқыны барлығы да Қазақстанымыздың игілігі үшін жасап жатқан еңбектерімен үйлесіп, шынайы болып тұрады. Қазір «дағдарыстың екінші толқыны», «девальвация», «Украинадағы қақтығыстар» сонымен қатар «Еуразиялық одаққа Қазақстанның қосылуы» - міне, осы жаңалықтарға ел тұрғындарының құлағы түрік. Күнделікті өмірде аталған тақырыптар төңірегінде халық арасында ой қозғалып, көңілдеріне бір үміт, бір күдік ұялайтыны рас. Президентіміздің өткен аптадағы журналисттермен сұхбаты маған ерекше əсер берді. Жоғарыда аталған үміт пен күдік ұялаған көңілдер кешегі сұхбаттан соң жайланған болар. Иə, кешегі жиналыс көк экранның бергі жағында отырған халықты шаршататын қисапсыз есептер, түсініксіз цифрлармен мезі қылып, берекесін алған жоқ. Қайта ел ағасы ақылшы болып, халықты ынтымақ пен бірлікке, жемісті еңбек етуге шақырды. Қазақстандықтардың кемел келешекке деген үмітін маздатты. Қандай жағдай болмасын, өзінің көреген саясатының арқасында болатынын біліп, сараптап, соған қарсы алдын ала нақты шешім шығаруды өз мойнына жүктелген міндет екенін баса айтты. Жүзінде абыржу, толқу сезімі білінбеді, қайта əн салып, денсаулықты күтудің қарапайым формуласымен бөлісті. Бүгінде бес жасар баладан кім боласың деп сұрай қалсаң, «Назарбаев» деп жауап қатады. Əрине, мұның барлығы да ел тыныштығын қамтамасыз етіп, халықтың экономикалық, əлеуметтік мəселелерін шешуде ұтымды жобалар жасап, барлығын да жүзеге асырып келе жатқан Елбасының халық арасындағы мəртебесінің көрінісі.

Жанат ЖЕКСЕН, заңгер: - Кешегі аптадағы Президентіміздің журналистердің сұрағына берген жауаптары соңғы уақыттарда ушығып тұрған түрлі пікір таластарға уайымдаудың негізі жоқ екенін дəлелдей түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақ елінің бағына туған ұл. Ол халқымыз тəуелсіздік алып, тəй-тəй жүрген қадамынан бүгінге дейін ұтымды бағдарламалары мен салиқалы сараптауларының арқасында Республикамызды бүкіл əлемге мойындатып келеді. Сондай-ақ, Қазақстан халқын құрдымға жібермей қаншама қиындықтарға мойымай, сантүрлі белестерден талапшылдығы мен тапқырлығының арқасында басқарып келе жатқан білікті басшы. Əлемде көптеген мемлекеттер əлеуметтік проблемаларға, жұмыссыздыққа тап болып отыр, ал Елбасының бағдарламалары бізді осы мəселелерден құтқаруда. Еліміз белгіленген межелердің барлығын табысты еңсеріп келеді. Ынтымақ пен бірлік болса алмайтын асу жоқ. Маған тарихшы ретінде, Елбасымыздың Ұлытаудағы ұлы толғанысы жағымды əсер берді. Жақсы ақпараттарға қанықтым. Ер Жəнібектің 550 жылдығын атап өту халқымыздың өз діңгегін танып, ортақ идеяның ортасында бірігіп, кешегі мен бүгінгіні сабақтастыруға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Айта кетерлік тағы бір жəйт Президенттің тарихымызды одан ары зерттеп зерделеудің маңыздылығын атап өткендігі. Иə, бүгінгі ұрпақты ұлтжанды етіп тəрбиелеуде ұлттық тарихымыздың берері көп. Дайындаған Мақпал РЫСБЕК.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Қазіргі таңда еліміз инновациялық индустриялануға тұрақты бет түзеп келеді. Н.Ə.Назарбаевтың үдемелі индустриялық даму жөніндегі идеялары табысты іске асырылып, мемлекеттік саясаттың таңдаған басымдығы дұрыс екенін растап отыр. Барлық өңірлерде жаңа кəсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Соған орай еліміздің жалпы ішкі өнімі де өсіп келеді. Қазақстанда экономиканың серпінді дамуы жоғары білім саласында түбегейлі өзгерістерге алып келді. Тəуелсіздік жылдарында кадрлар дайындаудың заманауи моделін құруға жəне қазақстандықтардың зияткерлік дамуының мүлдем жаңа міндеттерінің негізін қалауға қол жеткізілді. Қазіргі таңда біз ғылым, білім мен өндірісті біртұтас тетікке біріктірген инновациялық экономиканың туындап келе жатқанына куə болып отырмыз. Қоғамда ғылым мен білімнің үстемдігі қалыптасып, зияткерлік əлеует еліміздің əл-ауқатының негізіне айналып келеді. Біздің қоғамымыздағы барлық игі өзгерістерді, болашаққа деген үмітімізді ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Елбасының сара саясатының арқасында еліміз бүкіл əлемге танымал болды. Қазақстан индустриялық-инновациялық дамудың маңызды айналымына ие бола отырып, ауқымды модернизациялау кезеңіне қадам басып келеді. Мемлекетіміздің ғаламдық ауқымда қол жеткізген табыстары мен жетістіктеріне толы қазіргі тарихы уақыттың бұлжымас қадамынан басып озып, Елбасының барлық ойларының іске асып келе жатқанын растап отыр. Елбасының стратегиялық жобасы Назарбаев Университеті өз айналасында ерекше зияткерлік орта қалыптасатын ғылым мен білімнің тиімді ықпалдасуының көрнекі үлгісіне айналды. Оның заманауи

білім трансфертін жинақтау мен қамтамасыз ету қабілеті үйренуге жəне тəжірибе алмасуға негіз болып табылады. Бұл бизнесті университеттермен ықпалдастыру, инновациялық ілгерілеуге бет түзеген зерттеуші жоғары оқу орындарын қалыптастыруға жəне олардың ғылым жетістіктерін практикаға шынайы ендіру бойынша үлкен өзгерістердің бастауы болып келеді. Еліміздің он үздік университетіне ИИД МБ-2 үшін жаңа білім бағдарламалары бойынша кадрлар дайындау міндеті сеніп тапсырылды. Осы мақсатта 10 миллиард теңге бөлінді. Ғылым еліміздің бəсекеге қабілеттілігінің шешуші факторына айналып келеді. 2020 жылға қарай ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 2 пайызына жетеді. Бұл дегеніміз – ілгерілеу атаулының аса жоғары қарқыны. Бұндай көрсеткішке əлі күнге ТМД елдерінің бірде-бірі жеткен жоқ. Демек, Қазақстан ғалымдарының болашағаы жарқын болмақ! Қазіргі күнде біздің университеттер ұлттық деңгейде бəсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми ізденісті ынталандыра отырып, инновацяларды бизнес-ортаға ендіру арқылы халықаралық аренаға да шығып келеді. Жуырда ғана QS WorldUniversityRankings жарияланған «Дамыған Еуропа жəне Орталық Азия 2014/2015» атты үздік университеттердің жаңа рейтингі осыған дəлел болмақ. Əлемнің 30 елінің арасында Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны үздік-100 рейтингіне кірді. Жоғары білім саласы еліміздің қазіргі экономикалық дамуының алғашқы кезектегі басымдығы болып табылады, өйткені атап айтқанда, жоғары білімнің сапасы жаһандану жағдайында еліміздің ұзақ мерзімді даму басымдығы болып табылады. «Ұлттың бəсекеге қабілеттігі алғашқы кезекте білімділік деңгейімен анықталады.

ҚОЙ ЖЫЛЫНДА ҚҰТ КӨП БОЛСЫН!

Ескі жылды артқа тастап, жаңа жылды құшақ жая қарсы алудамыз. Өткенге салауат айтқан қазақтың ақкөңіл, кей пейілі үшін Жаратушымыз жақсылығын аяған емес. Өтіп бара жатқан жылқы жылы өте жайлы болып, жайдары күндер көп болды. Ең бастысы Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының қаржы комитетіне мүше болды. Əлеуметтің əлеуетін арттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар сəтті жалғасын тауып, мектеп пен ауруханалар жер жерлерде ашылды. Жол инфрақұрылымының дамуы да жылқы жылында қарқын алды. Мемлекет мерейін асырып, маңызды келіссөздерге қол қойылған керім кездесулерде көп болды. Иə, жылқы жылы жайлы болды. Біздің қазақ Тышқан жылы – тыныштық, Сиыр жылы – сыйлық, Барыс жылы – бiрлiк, Қоян жылы – қамбалы, Ұлу жылы – үлгiлi, Жылан жылы – жайлы, Жылқы жылы – жұтсыз, Қой жылы – құтты, Мешiн жылы – мерейлi, Тауық жылы – табысты, Ит жылы – игiлiк, Доңыз жылы – дүниелi жыл деп əр жылдан толайым табыстар мен игі жақсылықтар күткен. Ендеше келер күннен де мол ырыздық пен несібе күтеміз. Жаңа жылды шат-шадыман қуанышпен, мықты қажыр-қайрат пен таза, тың ойлармен қарсы алайық ағайын. Жаңа жыл əр шаңыраққа шаттық əкелсін. Қой жылы құтты болсын! Момбек ҚОЗЫБАҚОВ, Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетінің президенті, профессор.

МОЛ ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕЙМІН! Құрметті жерлестер! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2014 жыл біз үшін берекелі де мерекелі болды. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт - береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі - қуатты, көңіл – күйіңіздің қошы əрдайым бабында, ал бақытыңыз баянды болғай. Алдағы жыл сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сəттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбек етіп жүрген барлық қазақстандықтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Мəди БИГАЛИЕВ, ОҚО мəслихатының депутаты.

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған ел құрдымға кетеді»,- деп Елбасымыз өз жолдауларында талай рет атап өтті. Сондықтан мемлекет мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін тұрақты ұлғайтып келеді. Жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясат əлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың мүдделерін қорғау үшін квота түріндегі белгілі бір тетіктерді қарастырып келеді. Олардың қатарына ауыл жастары (квота - 30%), жетімдер (квота - 1%), мүгедектер (квота - 0,5%), оралмандар (квота - 2%) кіреді. Зияткерлік мектептер базасында əлемдік тəжірибеге сəйкес мұғалімдердің жаңа бағдарламалар бойынша үш айлық дайындықтан өтетін педагогикалық шеберлік орталықтары құрылуда. Мұғалімдер жаңа мемлекеттің азаматын тəрбиелеп келеді, сондықтан білімге құмарлық, бүкіл жаңа, прогрестік, креативті жағдайларға тұрақты қызығушылық қазіргі педагог сипатының маңызды қасиетіне айналуы тиіс. Қазіргі таңда қоғамда еліміздің бəсекелестік позициялары, оның экономикалық қауіпсіздігі, халықтың өмір сүру сапасы тікелей ғылыми-білім беру жүйесінің тиімді технологияларын, инновациялық тетіктерін қолданумен байланысты. Атап айтқанда, ғалымдардың ғылыми ізденіс нəтижелері, жаңа білім бағдарламаларын іске асыру, олардың ғылыми құрамдас бөлімін күшейту бүкіл қазақстандық білім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жоғары оқу орындары министрліктер мен ұлттық компаниялардың тапсырыстары бойынша ірі бағдарламалар мен жобалардың əзірлеушілері болып табылады. Химиялық технологиялар, құрылыс, тоқыма жəне тамақ өнеркəсібі, аграрлық сектор, педагогика мен мəдениет сияқты маңызды салалардағы озық ғылыми

мектептерді біріктіре отырып, университеттер ғылыми-технологиялық ілгерілеудің орталықтарына айналып келеді. Жоғары сапа стандарттарына бейінділік, ғылым мен техниканың жаңа салаларындағы ғалымдардың идеялары, университеттердің белсенді халықаралық қызметі олардың заманауи білім беретін білім, ғылыми зерттеу жəне мəдени орталық ретіндегі мəртебесін нығайта түсті. Біздерді түбегейлі өзгерістерді іске асыруға, көп ішінен дара озып шығуға пəрменді шаралар қолдануға бағдарлай отырып, əлем келбеті қарқынды өзгеріп келеді. Президент елімізде озық елдермен тең болуға жəне қазақстандықтардың жоғары өмір сүру деңгейіне қол жеткізуге қажеттінің бəрі бар деп бірнеше рет атап өтті. Бұған жоғары білікті мамандар, жаңа білімді жинақтау жəне инновациялық технологиялар арқылы ғана қол жеткізуге болады. Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ, М.Əуезов атындағы ОҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі.

ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРЫМЫЗ КӨҢІЛ ТОҒАЙТАДЫ

Жылқы жылы оқу орнымыз үшін толайым табыстарға толы болды. Ең бастысы ол Аймақтық əлеуметтікинновациялық университеті Академиялық инновациялық институты кезекті мемлекеттік аттестаттаудан ойдағы нəтижемен өтті. Оқу орнымыздың вице-президенті, п.ғ.д., профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы Англяда шəкірт тəрбиелеудегі білім жетілдіру жолындағы арнайы бір айлық курстан өтіп келді. Осы жетілдіру жұмысы бойынша институтымыздың профессоры Серік Шабайұлы Тлеубаев Прага қаласында, х.ғ.к., доцент Жылысбаева Аққоңыр Испания, Кипр, Англия елдерінде болып, өз білімдерін тереңдетіп қайтты. Сонымен қатар Ж.К.Оңалбек пен С.Ш.Тлеубаев ҚР Білім жəне Ғылым министрлігі тағайындаған «Үздік оқытушы -2014» білім грантының иегерлері атанды. Студенттеріміз де біршама биіктерден көрінді. Талантты шəкіртіміз Арман Оспанов «Ережесіз жекпе-жек тен» бір жыл ішінде Ресей мен Жапонияда өткен əлем біріншілігінен жүлделі бірінші орынды жеңіп қайтты. Бірінші курс студенті Айдархан Нұрдəулет «Қол күресінен» Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Жеткен жетістіктеріміз аз емес, бағындырарымыз мол. Жаңа жылда əрбір шаңыраққа табыс пен береке тілейміз! Ермахан ҚЫСТАУБАЕВ, Академиялық инновациялық институт директоры, т.ғ.к., доцент.

АЙГҮЛ МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ

Жылдағы дəстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында əр өңірдің өзінің жыл үздіктері белгіленіп, олар салтанатты түрде марапатталады. Бүгін Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының жаңа ғимаратында мəдениет жəне руханият, білім, денсаулық сақтау, туризм жəне спорт, құрылыс, көлік, мұрағат жəне əлеумет саласы бойынша жыл үздіктері белгілі болмақ. Өз кезегінде «Əділет» ұлттық апталығы ұжымы ҚР Журналистер одағы ОҚО филиалының төрайымы, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова «Жылдың ең үздік журналисі» номинациясына лайық жан деп есептейтінімізді айта кетейік. Əрине, бұл біздің құзырымыздағы іс емес. Бұл жəй ілтипат қана. Журналистиканың қыры мен сырын жетік меңгерген кəнігі маман, белгілі журналист Айгүл Қапбарқызы көп орталарда кəсіби шеберлігімен, ұйымдастырушылық пен басқарушылық қасиеттерімен мойындалып келеді. Сондай-ақ ол кезінде белгілі қаламгер Ж.Тұяқбаев негізін қалаған басылымның беделін қайта өсіруде сүбелі үлес қосып келеді. Оның журналистикадағы жемісті жұмыстары «ҚазақстанШымкент» телеарнасы мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде танылады. Онда ол қоғамдағы келеңсіздіктерді ашып айтып, халықтың тұрмысы, жанайқайы мен мəдениеті тұрғысындағы тақырыпта көп қалам тербейді. Өткір тақырыпта тың дүниелер жазатын оның мақалалары əрдайым оқырман көңілінен шығады. Сондай-ақ ол əріптестерінің арасында қоғамдық өмірдің қашанғы жұлыны – саясат тақырыбында мықты қалам тербейтін қасиетімен де ерекшеленеді. «Əділет-ақпарат».

АЙШЫҚТЫ АЙМАҢДАЙ ЖЫЛ БОЛҒАЙ! Санаулы күннен кейін жылқы жылы да тарих қойнауына енеді. Бұл жыл игі жақсылықтарға толы болды. Жалпы еліміз əр жылды артқа тастап, тарихын қалыңдатқан сайын биік белестерден өтіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бұл біз үшін жұрт қызыға əрі қызғана қарайтын үлкен бақ. Елбасы жуырда журналистермен болған жүздесуінде «Кейде мен 23 жылда қандай қиын кездерді бастан өткізгенімізді еске аламын. Кеңес Одағы күйреді, дүкен сөрелер босап қалды. Жалақы мен зейнетақы кешіктіріліп берілді. Үйден машинамен шыққанымда тура асфальт үстінде əжейлер отыратын. Əр жолы көліктен шығып, солармен жарты сағаттай əңгімелесетін едім. Ел ішінде мыңдаған сапар болып, мыңдаған митинг өтіп жатты. Өз Үкіметіміз, өз полициямыз, ішкі əскеріміз, армиямыз, мектептеріміз, Конституциямыз болған жоқ. Соның барлығын өзіміз жасап, өзге елдердің конституцияларын зерттеп, Қазақстанға лайық нұсқаларын таңдау керек болды»-деп өткенді еске алды. Иə, жетістікке қол жеткізуде еліміз түрлі қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Мұның барлығы өткен күннің еншісінде қала бермек. Лайым еліміздің келешегі айшықты аймаңдай жылдарға толы болғай! Жаңа жыл əр отбасына бақыт, шаттық, береке мен бірлік əкелсін. Қасымыздан əрдайым игі жайсаңдар табыла берсін! Əнуарбек МАЙМАҚОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бас дəрігері.


ШОЛУ

¦ÄIËÅÒ

Өтіп бара жатқан жылқы жылы да тарих бедерінде қалды. Бұл елімізге құт береке əкелген жыл болды. Əлемдік дағдарыстың салқын лебіне елең етпестен, Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында əрбір қазақстандық болашаққа үлкен сеніммен қарап келеді. Əрине, өмір болған соң, сəтін салмаған сəтсіздіктеріміз де жоқ емес. Дегенмен, берекелі де мерекелі істеріміз молынан болғандықтан, «əттегенайларымыз» қыр астында қалып қояды. Қазақ əрдайым өткенге салауат айтып, келешегінен жарқын күндер күткен. Осыған орай қалыптасқан дəстүрге сəйкес, өтіп бара жатқан жылды қорытындылап өткенді жөн көрдік. Жалпы ескі жыл ел есінде қандай оқиғалармен есте қалмақ? Түйіп-түйіп айтатын тұстарымыз қайсы?

Елбасы Н. Назарбаевтың қараша айындағы №46-47 (205) жолдауы халықтың зор қызығушылығын туғызды 26.12.2014 жыл ондағы партия ұйымының жетекшісі болғанға дейінгі өмірі қамтылған. Жасыратыны жоқ, елімізде сыбайлас жемқорлық індеті жиі қылаң береді. Əкім-қаралар ар-ұятты жиып қойып, қазына қаржысын жымқыруды əдетке айналдырды. Мысалы, Қарағанды облысының экс əкімі Бауыржан Əбдішев, қала əкімі Мейрам Смағұлов қамауға алынды. Тіпті «шортандар» – генарал Н.Жоламанов тергеу изоляторында отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Өміряев сотталып тынды. Оңтүстік Қазақстан

4

қабілеті зор, халқына шынайы берілген адал азамат. Ə дегеннен-ақ, оралмандарға ерекше жағдайлар жасай бастағанымен көзге түсті. Əлі талай парасат биігінен көріне беретініне сеніміміз мол. Елордадағы ауыс-түйіс мұнымен де шектелген жоқ. Елбасының жарлығымен, Гүлшара Əбдіхалықова Мемлекеттік хатшы орынтағына жайғасты. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі, Президент кеңесшісі, Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Гүлшара ханым ел тарихында бұдан былай мемлекеттік хатшылық қызметке тағайындалған тұңғыш əйел болып қала береді. 2014 жылдың шығармашылық саласындағы қуаныштары да аз емес. Биыл «Қазақ əдебиеті» газетінің

еліміздегі химия ғылымының өзекті салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Ол Химия ғылымдары институтына ұзақ жылдар бойы басшылық қызметті абыройлы атқарады. Лайықты ізбасарлар тəрбиеледі. Сонымен қатар, іргелі зерттеулері үшін Мемлекеттік сыйлыққа жəне өзге де марапаттарға ие болды. Тамыз айында мемлекеттік рəмізіміз – көк байрағымыздың авторы, белгілі өнер қайраткері, суретші Шəкен Ниязбеков дүние салды. Көгімізде желбіреген көк байрағымыз көзге түскенде алғашқы сəттен еліміздің мемлекеттік Туының авторы Шəкен Ниязбеков есімізге оралары анық. Көгілдір түсті тік бұрышты

Порошенконың шақыруымен ресми сапарда болды. Украина мен Ресейді ымыраға шақырды. Н. Назарбаев Порошенконы адам өліп, соғыс жүріп жатқанына қарамастан Жоғарғы Рада (парламент – ред.) сайлауын өткізіп, үкімет құрғанымен құттықтады жəне бұл оқиғаны украин президентінің «үлкен жеңісі» деп санайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол Минск келісімін де «Порошенконың еңбегі» деп сипаттады. Елбасы Донбастағы дағдарысты бейбіт жолмен шешуге шақырып, «Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын мəлімдеп, Ресейді де, Украинаны да елдің аумақтық тұтастығын сақтай отырып, тығырықтан шығудың жолын іздеу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Бұл ресми сапар – 2014 жылдың ең айтулы оқиғаларының бірінен саналады. Н. Назарбаевтың Ресейде «Жыл адамы» атануы өтіп бара жатқан жылдың есте қалар оқиғаларының бірі болды. Бұл сыйлықты 1993 жылы Орыс биографиялық институты мен экономикалық стратегия институты ресейлік федеральдық телеарналардың жəне ақпарат құралдарының қолдауымен тағайындаған болатын.

шыққанына 80 жыл толды. Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетіне де 95 жыл толып, оқырман мерейлі мерекені кеңінен атап өтті. Облысымыздың қара шаңырағы «Оңтүстік Қазақстан» газеті өзінің 90 жылдығын тойлап, «Оңтүстік Қазақстан» кітабын жарыққа шығарды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ара» журналы қайта жарыққа шықты. Бүгінде ол «Айқын» газетіне қосымша ретінде айына екі реттен жарық көріп, оқырмандарын қуантып келеді. 2014 жылдың сəтсіздіктері мен қайғылы оқиғаларын да еске алсақ. Жерлесіміз, кəсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов америкалық Бернард Хопкинстен ұтылып, WBA тұжырымы бойынша əлем чемпионы атағынан айырылды. «Аттан ауып түскен ақырет емес, тақтан ауып түскен тақсырет емес». Өз кезегінде біз Бейбітке тауының шағылмауын тілеп, сəті түссе əлі талай асуларды бағындыратынын айтқымыз келеді. Қазекем «аман ердің аты шығар» деп дəл айтқан. Ең бастысы елдің ортасында жүрсің. Ендеше, іске сəт! «Өмір бар жерде өлім бар». Сұм ажал бұл жылы талай таланттарды алып, қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Қаңтардың 23-і күні Қазақстан халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынова 75 жасқа қараған шағында мəңгілік мекеніне кетті... Ақпан айында белгілі ғалым, академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы Сайым Балмұханов та бақилық болды. Ол Қазақстанның медицина саласындағы онкологиялық қызметтің қалыптасып, дамуына үлес қосқан. Наурыз айында 67 жасқа қараған шағында Қазақ КСР жəне КСРО халық əртісі, атақты балет əртісі Рамазан Бапов дүние салды. Р.Бапов ұзақ жылдар бойы Қазақстан балет сахнасындағы ең жарқын жəне талантты бишілердің бірі болды. Тума талант иесінің шығармашылық жолы

Ұйымдастырушылар Н. Назарбаевқа бұл марапат Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрудағы еңбегіне байланысты берілгенін баса мəлімдеді. Үстіміздегі жылдың тағы бір жаңалығы – саясат сахнасында біраз уақыттан бері көрінбей кеткен, тіпті ұмытыла бастаған Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалуы еді. Кезінде Павлодар облысын басқарған, премьер-министр, Қорғаныс министрі сияқты лауазымды қызметтер атқарған Д. Ахметов 2009-шы жылғы қорғаныс саласындағы жемқорлық дауынан соң саясат сахнасынан жымжылас жоғалып кетіп еді. Саясаткерлер əрқилы болжамдар айтты. Ал, шығыс өңірін бес жыл тапжылмай басқарып, халықтың алғысы, ыстық ықыласына бөленген Бердібек Сапарбаев керісінше, елордаға оралды. Облыс халқы оны қимастықпен шығарып салды. Елімізде халықтың қимастығын тудырып, ақ батасын арқалап кеткен дəл осы Б. Сапарбаевтай əкімдер болмаған да шығар, сірə... Өйткені ол іскер басшы, ұйымдастырушылық

– шеберліктің биіктігіне ұшқырлықпен шығудың үлгісіндей болып қала бермек. Оның сахнадағы əрбір қимылы жоғары кəсіби шеберліктің, əуезділіктің, сахналық көріктіліктің айқын көрінісі. Сəуір айында қазақтың белгілі ақыны, əдебиет сыншысы, Жазушылар одағының мүшесі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Əмірхан Балқыбек 45 жасқа қараған шағында өмірден озды. Өмірге құштарлығы мол жазушы 1995-2000 жылдарында «Парасат» журналында, «Жас Алаш», «Ана тілі» газеттерінде тілші, 2000-2004 жылдары «Қазақ əдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза», «Сынған сəуленің шағылысуы» жыр жинақтарының авторы. 1997, 1998 жылдардағы ҚР Президенті стипендиясының иегері. Биылғы мамырда қазақ халқы ардақты ұлы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым Болат Жұбановты да ақтық сапарға шығарып салды. Академиктің

кездеменің ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран, ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлар бейнеленген. Күн өсіп өркендеу мен дамудың, қырын құс еркіндік пен кеңдіктің белгісін білдіреді. Байрақтың біріңғай көк түс болып таңдалуының да өзіндік сыры бар. Ол төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi. Қазақ əрдайым тілек айтқанда «Аспаның ашық болғай» деп лебіз танытады. Яғни көк аспан əркез бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Адам бойына үлкен рух берер ту авторының есімі ел есінде мəңгі сақталатын болады. Қыркүйек айында қазақ əдебиетінің көрнекті қаламгері, қазақтың қоңыр домбырасын шебер орындайтын, кинодраматург Таласбек Əсемқұлов та келместің кемесіне мініп, ортамыздан мəңгілік кетті. Оның «Атайы», «Кəрі ат», «Арылу» сияқты əңгімелері, «Шымдан» повесі жəне музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген. Сонымен қатар «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондайақ республикалық баспасөзде қазақ жəне орыс тілінде түрлі əдебиет, мəдениет тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген. Қазанда ұзаққа созылған науқасынан 80 жасқа қараған шағында белгілі жазушы Қалихан Ысқақ қайтыс болды. Қ. Ысқақ – ХХ ғасырдың орта шенінен басталған қазақ əдебиетінің алтын дəуірінің ұшар басында тұрған қаламгер. Жазушының шығармаларындағы құнарлы тіл, қуатты ой, замана бейнесі, адамдардың терең психологиясы мен портреті мың сан оқырманның жан-дүниесінде төңкеріс жасап, талай өскелең ұрпаққа рухани тəлім берді. Қаламгердің ізін басып əдебиетке келген жас жазушылар осы Қалихан Ысқақ прозасын бағдар етті. Сөйтіп, қазақ прозасындағы «Қалихан мектебі» қалыптасты. Қарашада Кеңес Одағының екі дүркін батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдинов пен театр сыншысы, өнер қайраткері Əшірбек Сығай дүние салды. Қазақтың бұл қос арысының орны ерекше. Т.Бигелдинов – Авиация генерал – майоры, Кеңес одағының екі мəрте батыры, «Барыс орденінің иегері болса, Ə.Сығай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, театртанушы. Əшірбек Сығай 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында өмірге келген. «Іңкəр шақ», «Сыр сандық», «Сахнаға сапар» атты бірнеше кітаптардың авторы. Кентау жəне Түркістан қалаларының Құрметті азаматы. Театр сыншысы соңғы жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық Өнер университетінде қызмет етті. Осындай арыстарымыздың пəниден бақиға озуы – барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші марқұмдардың өзі дүниеден өтсе де, артына қалдырған мол мұрасы, ғылыми еңбектері өлмек емес. Сөз соңын жақсы жаңалықпен түйіндесек. Жуырда, қазақстандық əнші Жанар Дұғалова, Татарстан еліндегі Қазан қаласында өткен «Turkvision – 2014» музыкалық байқауының ақтық сынында топ жарып, 1-орынды иеленді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан дарында қызымыз миллиондаған көрермен тамашалаған өнер бəйгесінде дара шығып, қазақ елінің абыройын тағы бір асқақтатып, мерейін өсіре түсті. Ескі жыл есіркеп, төрімізге жаңа қой жылы еніп келеді. Қашанда барға қанағат айтқан қазақ, бұл жолы да келер жылдың жарқын болатынына үміт артады.

халықаралық нормаларды сақтай отырып, тек саяси жолмен, келіссөздер арқылы ғана шешуге болатынын айтып өтті. Биыл Украина халқы үшін өте ауыр да, қиын, тағдырлы жыл болғаны анық. Қырым аймағы Ресейге өтті... Сепаратистермен қиян-кескілескен ұрыстарда мыңдаған əскер мен бейбіт халық қаза тапты. Бауырлас елдердің жауласуының ақыры осындай зор адам шығындарына əкеліп соқтырды. Міне, осынау шешуші сəтте Елбасы Н. Назарбаев Киевте Украинаның президенті

ЕСКІ ЖЫЛ НЕСІМЕН ЕЛ ЕСІНДЕ ЌАЛМАЌ? облысында да ауыл-аудан əкімдері жемқорлықтың шырмауына шатылып, Сарыағаш, Ордабасы ауданы əкімдерінің орынбасарлары Серік Асханбеков пен Б. Құрманбеков түрмеге тоғытылды. «Шаш ал десе, бас алатын» құқық қорғау органының кейбір қызметкерлерінің жазықсыз «құрбаны» болған шенеуніктер де болды. Мəселен, Павлодар облысының бұрынғы əкімі Ерлан Арынға əртүрлі жала жабылды. Бүгінде ол толық ақталып шықпаса Биылғы жаһандық деңгейдегі жаңалық – мұнай бағасының күрт құлдырауы болды. Ал «қара алтын» құнының əлемдік нарықтағы бағасының түсуі импортқа тəуелді кейбір елдер үшін көзайым жаңалыққа айналды. Бюджетті осы шикізаттан түсетін табыспен толтырып отырған елдерде бұл бас ауыртар, балтыр сыздатар мəселеге айналды. Соның бірі – Ресей Федерациясы. Қазақстанды да бұл жəйт бей-жай қалдырмады. Айталық, мұнай бағасының арзандауына қатысты Үкімет бюджеттің кейбір бөліктерін қайтадан май шаммен қарап, елепекшеуге мəжбүр болды. Яғни, мұнайдан түсетін кіріс көлемінің азаюы біраз жоспарға түзету енгізуге ықпалын тигізді. Ағымдағы жылы валюталық саясат мəселесі назардан түспеді. Ақпан айындағы теңгенің долларға шаққандағы бағамына түзету енгізу елді біршама дүрліктіргені əлі есімізде. 2014 жылдың 11 ақпанында ҚР Ұлттық банкі ішкі жəне сыртқы факторларды ескере келе, теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін кемітуден, теңгенің айырбас бағамын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Нəтижесінде АҚШ долларының бағамы 150 теңгеден босатылып, 185 теңгеге бір-ақ жетті. Тіпті девальвацияның алғашқы күніндегі қарбаласта доллар құны шарықтап кейбір жерлерде алыпсатарлықтың салдарынан 215 теңгеге дейін артқаны да жасырын емес. Дəл осы жылы Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының қаржы комитетіне мүше болды. Қаржы комитеті – Дүниежүзілік кеден ұйымының маңызды органдарының бірі. Оған мүше болу кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ. Өйткені, ұйымға мүше 179 елден бұл комитетке тек 17 мемлекет қана өкілдік ете алады. Біздің ел мұндай мəртебеге бұған дейін екі рет ие болған. Енді алдағы екі жылда да Қазақстан халықаралық ұйымның қаржы есебін дайындауға жəне ұйым қаражатының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында қалып» талантараж түспеуін қадағалауға атсалысатын болады. Осы жылдың ең маңызды əлеуметтік-экономикалық оқиғасы «Жезқазған-Бейнеу» жəне «АрқалықШұбаркөл» темір жолының бір мезетте пайдалануға берілгені болды. Осыған байланысты 22 тамыз күні ұйымдастырылған шараға Елбасы Н.Назарбаев арнайы қатысып, екі теміржол желісіндегі қозғалысты ашып берген болатын. Сонда Елбасы: «Бүгін біз екі жаңа теміржол магистральдарын ашып отырмыз. Мұндай оқиға біздің тарихымызда болған жоқ. «Жезқазған-Бейнеу» жəне «АрқалықШұбаркөл» жолдарының жұмысы бірнеше өңірдің, бүкіл республиканың өміріне ұзақ жылдар бойы жəне алдағы ондаған жылдарға қызмет етеді», – деді. Жылқы жылында жалпақ жұртты қорқынышқа бөлеген жұмбақ жəйттер де орын алды. Ол Ақмола облысы Калачи елді-мекеніндегі тұрғындардың тəуліктеп ұйқыға кетіп «ұйқышылдық ауруына» шалдығуы еді. Бірнеше уақытқа созылған бұл аурудың нақты себебін мамандар əлі дөп басып айтып алмай отыр. Кеңес

дəуірі кезінде Калачиде уран кені өндірілген. Ондағы ағайынның ай күннің аманында осы ауруға шалдығуына соның салқыны тиген деген деректер көп айтылады. Соған байланысты Үкімет аталған елдімекендегі радиациялық фонды өлшеуді жəне тұрғындарды тексеруден өқкізуді тапсырды. Нəтижесінде мамандар: «Калачиликтердің ұйқышылдық ауруына ұшырауына радциациялық фонның қатысы жоқ екенін нық сеніммен айтуға болады» дегенді алға тартты. «Əрекет түбі – берекет». Бірақ, тиісті мамандар қанша əрекеттенсе де Калачидағы бұл жағдай əлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр (11-бетте толығырақ). Əрине, жылдың ең басты оқиғасы – Елбасы Н. Назарбаевтың қараша айындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы халықтың зор қызығушылығын туғызды. Жолдауды жұрт жүрекпен қабылдап, тебіреніспен талқылады. Мұның жөні де бар. Өйткені, жолдауда болашаққа бастар жолдың сан тарау бұрылыстары мен атқарылар алғы шарттары анық та, айқын көрсетілді. Жас жанұяларды баспанамен қамтамасыз ету мəселесін шешудің жаңа жобасы – жастардың жігеріне жігер қосты. Елбасы жолдауын былай аяқтады: «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл əлемге үлгі. Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын жəне халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің əлеуетін əлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сəтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!». Бұл барлық қазақстандықтардың еңсе тіктеп, өздеріне бір міндетті жүктеп, ел дамуына елеусіз үлес қосуға зор ықпал етті. Жыл парағында алтын əріптермен жазылған тағы бір айтулы оқиға – Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы түсірілген «Елбасы жолы» атты киноэпопеясының төртінші бөлімі – «Тығырықтан жол тапқан» («Разрывая замкнутый круг») фильмі ұлттық прокатқа шықты. Фильмді қазақстандықтар қызыға тамашалап, ерекше əсерге бөленді. Оның себебі де бар. Жаңа туындыда Н.Назарбаевтың Днепродзержинскідегі оқуынан кейінгі өмірі мен үлкен саясаттағы алғашқы қадамдары түсіріледі. Фильмде жас Сұлтанның Қарағанды металлургиялық комбинатына қатардағы жұмысшы ретінде қызметке қабылданған кезінен

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

да, шартты жазаға сотталғаны баршамызға аян. 2014 жылдың дақпыртты оқиғасы – «Бергей Рысқалиевтің ісі» болды. Оның айналасындағы жемқорлар жаппай жазаланды. Бірақ Б. Рысқалиев «айран ішкен құтыладының керін киіп» əлі күнге дейін бостандықта жүр. Құзырлы орган өкілдеріне оны қолға түсіру мүмкін болмай отыр. Жегі құртқа баланған осы жемқорлық – еліміздің ертеңіне көлеңке түсіріп қана қоймай, болашағымызға балта шабатын қауіпті індет болғандықтан, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен үнемі ымырасыз күресіп келеді. Соның айғағы – үстіміздегі жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын» жасау мақсатында «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес Мəжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаты Нұрлан Əбдіровтің басшылығымен жұмыс тобын құрды. Бұл бағдарлама да еліміздің елеулі оқиғаларының қатарынан орын алды. Айтулы оқиғалардың бірі – Елбасымыздың Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты қабылдап, айыр қалпақты ағайындылар елінің басшысын «Достық» орденімен марапаттауы болды. Ал, қашанда «қисайып» қалатын, анау-мынау халықаралық шараларға қатысуға ықылас таныта қоймайтын Өзбекстан президенті И. Каримов та биыл қазақ еліне ресми сапармен келіп, терроризмге жəне экстремизмге қарсы күресте ынтымақтастықты жандандыру туралы шешім қабылдауға қатысты. Мемлекет басшылары кез-келген даудамайды, қайшылықтар мен алауыздықты БҰҰ Жарғысында бекітілген қағидалар мен

С. АЙТЫМБЕТОВ, Ж. МҰСТАФИНА.


БОЛМЫС

¦ÄIËÅÒ

Бұл құнды еңбек құқық қорғау органының əрбір №46-47 (205) қызметкеріне таптырмас көмекші құрал болады 26.12.2014 жыл

ХАЛҚЫНА ЖАНЫ АШИТЫН ҚАЙРАТКЕР

5

ӨРГЕ ШЫҒАТЫН ЖОЛ СІЛТЕЙДІ

Қарапайымдылықты сақтаған

САПАРБАЕВ «Əкім бол – халқыңа жақын бол». Осы талаптың үдесінен кез-келген əкім шыға бермейді. Неге?.... Өйткені адамдардың басы-бойы, бес саусағы тең келе бермейтіні сияқты, пікірлері мен өзіндік ұстанымдары санқилы болады. Олар қолға алған істі бірі жөн деп қолдау көрсетсе, енді бірі «бос əурешілік» деп қиғылық танытады.

Бірақ Бердібек Машбекұлына келгенде көп халық оның əрбір ісінен игілік күтеді. Қашан көрсең қарапайымдылық пен салмақтылықты сақтап жүретін оның өзіне жүктелген іске білек сыбана, бел шеше кірісіп кеткенін көріп таңдай қағасың. Тиянақтылығы да көп адамды таң қалдырады. Тіпті елдің дамуына еңбек ету үшін жаралған азамат па деп қаласың. Бойындағы осы бір жақұт қасиетін Елбасы білетіндей көрінеді. Себебі, Президент оған ылғи да күрмеуі қиын мəселелері жетіп артылатын жұмысты сеніп тапсырады. Мəселен, 1995-1999 жж. Қызылорда, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстарының əкімі, 20022004 жылдары ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, 2004-2006 жылдары қаржы вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы, 2007-2009 жылдары ҚР экономика жəне бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі, 20092014 жж. ШҚО-ның əкімі болды. Қоңыр күз қараша айының басында вицепремьер орынтағына отырды. Тізбектеліп көрсетілген қызметтерге мемлекет басшысының оған деген сенімі үлкен екенін жыл сайын оған жүктелген қызметтердің күрделене түсуінен аңғаруға болады.

Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысын бес жыл уақыт шамасында басқарды. Осы жылдарда ол өңірдің əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартты. Облыста кəсіпкерлік ісі кең құлаш жайды. Кəсіпкерлерге деген қолдаудың артуына көп ұйытқылық танытты. Ағымдағы жылдың өзінде аталған облыста шағын жəне орта бизнес бағытындағы 200-ден астам кəсіпорын ашылды. Құрылыс қарқын алып, аймақтың ажарын ашатын ғимараттар, спорт кешендері мен ел

көптен күткен əйдік театр бой көтерді. Əлеуметтің əлеуетін көтеру үшін түрлі тың бастамаларды жүзеге асырды. Қылмыстарды күзеу үшін де құзырлы орган өкілдерімен бірлесіп, жоспарласып, қолдан келер көмегін аямады. Есесіне аймақта қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Жетістіктерін жеткізе берсең жетерлік. Премьер орынбасары болып тағайындалмас бұрын ол өңірдің экологиясы мен қаладан іргеде орналасқан кейбір ауылдардың инфрақұрылымын реттеу жұмыстарын бастап кеткен еді. Енді ол жұмыстарды жаңа əкім Д.Ахметов жемісті жалғасын тапқызады деген үміт артамыз. Жалпы Сапарбаевтың атын естігенде ел оны жылы қабақпен қабылдайды. Көпшілігі тіпті күллі қауым оған өте іскер, ізденімпаз деп баға береді. Осы жылдың 11 қарашасында вице-премьер орынтағына отырғанда оның жауапкершілігі атан түйеге жүк болардай тым ауыр бұл қызметке кірісуіне көптеген жұрт əжептеуір қуанып қалды. Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр Қазақстандағы əр өңірдің елі мен жеріне етене таныс, бірқатар аймақтың қыры мен сырын да жақсы түсіне білетін Сапарбаев халықтың бүгінгі жетістіктері мен жетпей жатқан тұстарында бағамдай алады. Қашанда халықтың игілігі үшін еңбек ететін ол бар қажыр-қайратын

ел тұрғындарының тұрмысын одан əрі түзетуге бағыттайтыны сөзсіз. «Ерлік білекпен емес, жүректен» деген. Ол мұндай құрметке «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүріп қол жеткізген жоқ. Халық қамының көңілдегідей, ал ертеңгі күнінің келісті болуы үшін жар құлағы жастыққа тимей еңбек етуді азаматтық міндет екенін терең түсініп, сол жолда күшін сарқа жұмсауының арқасында ие болды. Б. МЫРЗА.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматыдағы «Зерде» баспасынан «Президент жəне құқықтық реформа» атты кең көлемді кітап жарық көрді. Елбасының құқық қорғау саласын дамытып, өркендетудегі қажырлы еңбегі мен тынымсыз қызметін көрсетуді мақсат еткен бұл тақырыптық құжатты жинақтың жарыққа шығуына еңбек сіңіріп, жобаға жетекшілік жасаған елімізге танымал заңгер, ҚР еңбек сіңірген заңгері, сот саласының ардагері, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев. Заң саласының майталман білгірі Тұрғараев Бекет 1947 жылы 5-ші маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Талдыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Арман қуып, Алматыға аттанып, 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін бітірді. Ол қазіргі атақ-абыройына бірден қол жеткізе қойған жоқ. Өмірдің өз заңы бар. Ол əуелі еңбек жолын Шымкент облыстық сотында тəлімгер болып бастады. Мамандығына деген сүйіспеншілік, жастық жігер пен қайрат оны алғашқы өсу, өрлеу баспалдақтарына іліндірді. Соның бір дəлелі – 1975 жылдың қазан айында облыстық соттың мүшелігіне, ал, 1987 жылы Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық халық сотының төрағалығына сайланды. Адал еңбек, озық тəжірибе ұмыт қалмады. Еңбегі ескеріліп, Бекет Тұрғараұлына 1989 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген заңгері» деген құрметті атағы берілді. Кеңес дəуірінде мұндай салиқалы атақ екінің біріне беріле бермейтін-ді. Көп ұзамай, 1992 жылы 16-шы қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Шымкент облыстық сотының төрағасы болып сайланды. Төраға кезінде республикада тұңғыш рет салалық газет ұйымдастырды. Атағы алысқа шауып, оңтүстік жұртшылығының ыстық ықыласына бөленді. Облыстық газет беттерінде жақсының шарапаты туралы мақалалар жиі жарияланатын болды. Өзі жақсы көретін, қарындасындай болып кеткен марқұм Анар Аспанмен тонның ішкі бауындай араласып, өткір де өзекті сұхбаттарын жариялатып жатты. 1996 жылдың ақпаны мен 1997 жылдың қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының бастығы болып қызметі жоғарылады. Кейін Қазақстан Республикасы Əділет Министрлігінің Соттар қызметін ұйымдастыру департамантінің директоры болып қызмет атқарды. Қайда жүрсе де əділдікті ту еткен Бекет Тұрғараев 1999 жылдың 16-шы қарашасында Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалғанын білеміз. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, республикамыздың «Құрметті судьясы», «Алтын барыс» төс белгісімен жəне бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған жерлесіміздің аталмыш кітаптың жарық көруіне мұрындық болғанын зор қуанышпен атап айтқымыз келеді. Енді осынау тарихи құжат, сүбелі кітап жайлы əңгіме өрбітсек дейміз. ХХ ғасырдың аяқ тұсында қазақ халқына тарихи мүмкіндік туып ата-бабаларымыздың арманы болған тəуелсіздікке қол жеткіздік. Батыр бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ұлан-ғайыр жер ұрпағына бұйырды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен өткен жиырмадан астам жыл ішінде демократиялық қағидаттарға ден қойған, өзіндік саяси-əлеуметтік жүйесі, нарықтық экономикасы бар халқының ынтымағы мен дінаралық түсіністігі жарасқан тəуелсіз мемлекет орнады. Бүгінде Қазақстанды Əлемдік қауымдастық дербес мемлекет ретінде танып қана қоймай, жаһандық маңызға ие ауқымды үдерістердің белсенді қатысушысы ретінде біледі. Мұндай əлем мойындаған, саяси жағынан тұрақты, экономикасы бəсекеге қабілетті, демократиялық ұстанымдарға бағыт алған мемлекет орнатып, Елбасымыздың тікелей жетекшілігімен еліміздегі саяси жүйені мемлекеттік құқықтық жағынан негіздеу мақсатында құқықтық реформа батыл түрде жүргізіліп, сот, прокуратура жəне ішкі істер органдары туралы халықаралық нормаларға сай келетін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, қаулылар қабылданып, жарлықтар шығарылды. «Əділдік – əкімдіктен де күшті» деп айтқан Жүсіп Баласағұн бабамыздың қанатты сөзі бүгінгі қоғамның басты ұранының біріне айналуға тиіс. Өйткені, жыл өткен сайын құқықтық реформаны дамыту, сот, прокуратура жəне полиция органдарының кəсіптік деңгейін өсіру, олардың материалдық базасын нығайту, əлеуметтік жағдайды жақсарту, сондай-ақ, құзырет пен жауапкершілікті арттыру бағытында мемлекет тарапынан барлық жағдай мен мүмкіндік жасалуда. Соңғы үш-төрт жылдың көлемінде құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет жүйесінде бірқатар маңызды реформалар жүргізіліп, жұмыс тиімділігі арттырылды. Міндеттер айқындалды. Бірінің қызметін екіншісінің қайталауы жойылды. Қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілді. Тəуелсіздік алғаннан бері ел судьяларының алты съезі өтсе, оның бесеуіне өзі қатысқан Елбасымыз Н. Назарбаев сот төрелігін нығайтудағы аса

маңызды жайттарға тоқталып, кезек күттірмейтін келелі міндеттер мен тапсырмаларды белгілеп берген болатын. «Сот төрелігінің əділдігі мен жедел, əрі толық орындалуы – кез келген елдің кемел болмысының көрінісі. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз – дəл осындай қоғам құру» деп судьялар қауымдастығының 2013 жылғы қарашада өткен VI съезінде сөйлеген Нұрсұлтан Əбішұлы мақсатты айқындап берген-ді. Елбасымыздың «Халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейді», деген сөзінде терең мəн-мағына бар. Елімізді экономикалық тұрғыда дамытуда, сот саласын реформалауға ерекше мəн беруінің арқасында көптеген жетістікке қол жеткіздік. Атап айтқанда, қазіргі экономикалық, банктік, əлеуметтік, тағы басқа салалардағы қол жеткен табысымыз, уақытылы өткізілген құқықтық реформа болмаса осындай деңгейге көтерілуі мүмкін емес еді. Ал жақында ғана жарық көрген «Президент жəне құқықтық реформа» жинағында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тəуелсіз Қазақстанның құқықтық реформасын жүргізудегі бастамашылық жəне жетекшілік рөлі, оны дамытуға қосқан қомақты үлесі жан-жақты қамтылған. Сондай-ақ мұнда Мемлекет басшысы таңдаған құқықтық саясат пен реформаның аясында қабылданған тұжырымдамалары, сот, прокуратура жəне ішкі істер, əділет органдары, қаржы полициясы туралы заңдары енген.

– Біздің халықтың құқықтық сана мен мəдениетінің бастауы – 1511-1523 жж. билік құрған Қасымханның қасқа жолы мен 1598-1628 жж. хандық құрған Есімханның ескі жолында, 16801717 жж. Əз Тəукенің «Жеті Жарғысында» жатыр. Тамырын қара қылды қақ жарған Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің кесім-шешімдері мен «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдірген шешендік сөздерінен тартып, нəрін солардан алады... Тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданып, оның 11 баптан тұратын 16-тарауы соттарға 3 баптан тұратын 17-тарауы прокуратураға арналды. Қатысып куə болғандардың айтуынша екінші Ата заңның, яғни, 1995 жылғы Конституцияның мəтінін даярлауда Президентіміздің еңбегі мен қосқан үлесі зор болған. Жұмыс барысында Нұрсұлтан Əбішұлы 20-дан астам дамыған елдің конституцияларын мұқият қарап шығып, комиссиялық жұмысшы топқа қажетті тұстарын ескерту жөнінде ұсыныс жасаған. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін заңгер мамандардың бағалауынша Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциясы əлемдік талап пен өлшемдерге сай келеді, – дейді жобаға жетекшілік жасаған Бекет Тұрғараев жинақта жарық көрген алғысөзінде. Мазмұнына тоқталар болсақ, «Президент жəне құқықтық реформа» кітабы 10 бөлімнен тұрады. «Елбасы жəне мемлекеттік рəміздер» деп аталатын жинақтың бірінші бөлімінде Тұңғыш Президент туралы Заң тармақтары, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Əнұран тəрізді құжаттар қамтылған. Екінші бөлім «Ата Заң – мемлекеттің басты құжаты» аталыпты. Оған 2015 жылы 20 жылдығы аталып өтетін Ата Заңымыз жəне Конституциялық

Кеңес туралы Заң, 1993 жылғы Конституция енген. «Идеядан – жобаға, жобадан – іске» деп аталған үшінші бөлімде Президенттің 1992-2002 жылдар аралығындағы депутаттар алдында, өзге де алқалы жиындар мен кеңестерде, форумдарда, құқықтық саланы дамытуға қатысты сөйлеген сөздері жинақталған. Отанымызды өркендету жолындағы стратегиялардан тұратын төртінші бөлім «Стратегия – ұзақмерзімдік бағдарлама» деп аталса, құқықтық саладағы реформаның мемлекеттік бағдарламасы, құқықтық саясат тұжырымдамасы, 2010-2020 жылдарға арналған жоспар-жоба жинақталған бесінші бөлім «Құқықтық реформа – қоғамдық дамудың бірден-бір кепілі» деген атауға ие болған. Онда Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы жəне 2010-2020 ж. дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы орын алған. «Сот – биліктің бір тармағы» аталған алтыншы бөлімде Жоғары сот кеңесі туралы, Сот жүйесі жəне Судьялардың мəртебесі, Алқабилер туралы заңдар топталған. Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер, Əділет органдары, Қаржы полициясы, Құқық қорғау қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Нотариат, Адвокаттық туралы заңдар «Прокуратурадан – адвокатураға дейін» деген атауға ие болған жетінші бөлімде. Мемлекет басшысының 2003-2014 жылдар аралығында əртүрлі биік мінбелерден құқықтық реформаларды жүргізу мен осы саланы одан əрі дамытуға қатысты сөйлеген сөздері «Жобаның жалғасы, саясаттың сабақтастығы» деген сегізінші бөлімде берілсе, «Жолдау – ел дамуының бағыт-бағдары» атты тоғызыншы бөлім Елбасының 1996-2014 жж. аралығындағы Қазақстан халқына Жолдауларынан үзінділер жинақталған. Соңғы оныншы бөлім «Съезд – судьялар қауымдастығының жоғарғы органы» аталып, онда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 19962013 жылдар ішінде отандық судьялардың съезінде сөйлеген сөздері енген. Жинақты белгілі журналист Əшірбек Амангелді құрастырып, дайындаса, кітаптың əдемі безендірілуіне көркемдеуші редактор, тəжірибелі суретші-дизайнер Нұргелді Есенаманов үлес қосқан. Мамандардың айтуынша, Ата Заңнан бастап, құқық реформасына қатысты заңдар, тұжырымдамалар, жобалармен бірге əр алуан аталы сөздерді қамтыған бұл кітап қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қос тілде жарық көрген жинақ сот пен прокуратура, полиция қызметкерлері, заңгерлер, құқықтанушы ғалымдар, магистранттар мен студенттердің де пайдалы көмекші құралына айналмақ. Заң саласында ширек ғасырға жуық уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ қоғамдық мəдени жұмыстардан еш қол үзбеген Бекет Тұрғараевтың бұл құнды еңбегі құқық қорғау органының əрбір қызметкеріне таптырмас көмекші құрал болады. Ондағы дүниелер заң саласы қызметкерлерінің шеберін шыңдап, тəжірибесін арттыра түсуге жол ашады. Бүгінде 2000 данамен жарыққа шыққан бұл кітап оқырмандарын тауып үлгерді. Жинақты белгілі журналист Əшірбек Амангелді құрастырып, дайындаса, кітаптың əдемі безендірілуіне көркемдеуші редактор, тəжірибелі суретшідизайнер Нұргелді Есенаманов үлес қосқан. Мамандардың айтуынша, Ата Заңнан бастап, құқық реформасына қатысты заңдар, тұжырымдамалар, жобалармен бірге əр алуан аталы сөздерді қамтыған бұл кітап қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қос тілде жарық көрген жинақ сот пен прокуратура, полиция қызметкерлері, заңгерлер, құқықтанушы ғалымдар, магистранттар мен студенттердің де пайдалы көмекші құралына айналмақ. Мирас ƏСЕМ.


¦ÄIËÅÒ

АЙТПАЙЫН ДЕСЕҢ...

Үкімет тұрғын үй салудың тың тетіктерін əзірлеп жатқан көрінеді

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

6

Жаңа жылда жаңа тұрғын үй бағдарламасы жарылқар ма екен? Тұрғын үй төңірегіндегі түйткілдерге жұртшылықтың құлағы қашан да түрік. Баспанасыз жүргендердің баршасы бүгінгі биліктен бірдеңе дəмететіні де сөзсіз. Соның ішінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жақында жариялаған Жолдауында Үкіметке жүктеген тапсырмасы көпшілік жұрттың көңіліне үміт ұялатты. Атқарушы билік қолжетімділікті қамтитын бағдарламаны жыл соңына дейін қабылдамақ. Алайда, тұрғын үй қатынастарында қордаланған мəселені бір ғана бағдарлама аясымен шешу еш мүмкін еместігі тағы белгілі. Бұған Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында да көз жетті. Бұған дейін Мəжілістің мақұлдауынан өткен заң жобасында тұрғын үй қатынастары саласында бірқатар жаңалықтар қамтылған екен. Мəселен, құжатта мемлекеттік тұрғын үй алуға үміткер адамдардың тобын анықтау мақсатында «бюджеттік ұйымдар» деген ұғым енгізіліпті. «Бүгінгі күні бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жатқызылатын адамдар тобы еліміздің қандай да бір заңнамалық актісінде анықталмаған. Ал баспанаға кезекте тұрғандардың тізімін жыл сайын түгендеу кезінде жергілікті атқарушы органдар бюджеттік қызметкер екенін растайтын құжаттарды талап етеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың көрсетілген санатқа жататынын үш күн ішінде растауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, «бюджеттік ұйымдар» ұғымы мемлекеттік тұрғын үй қорының баспанамен қамтылуға үміткер болуға құқылы адамдар тобын анықтау мақсатында енгізіліп отыр», - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Сосын, заң жобасында қолданыстағы заңнама нормалары арасындағы коллизияларды жою мақсатында саяси қуғынсүргін құрбандарына өтеусіз жекешелендіру құқығын беру, бейбіт уақытта əскери қызмет міндетін атқару кезінде қаза тапқан əскерилердің отбасы мүшелеріне мемелкеттік тұрғын үй қорынан баспананы өтеусіз беру секілді жаңа нормалар қамтылған. Жəне бір жағымды мəселе – көп балалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алғанға дейін олардың кезегін сақтау, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жəне соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды əлеуметтік қорғау, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалардың тұрғын үйге сөзсіз құқығын сақтай отырып, олардың арасында пəтерлер бөлу үшін ең кемі жиырма пайыздық квота бекіту туралы ұсыныстар қабылданған. ҮШЕМДЕР ОТБАСЫНА ҮЙ КЕЗЕКСІЗ БЕРІЛУІ КЕРЕК ЕДІ Заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов баспана мəселесіне қатысты үш маңызды ұсыныс жасаған еді. «Біріншіден, заң жобасының 1-бабы, 2тармағы 25-тармақшасында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жегілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан берілуі мүмкін болатын республика

азаматтарын есепке қою үшін ол азаматтың облыстың маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда жəне астанада кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі деп көрсетілген. Мүмкін мұндай шектеулер ерекше мəртебеге ие Астана мен Алматы қалаларына дұрыс шығар, ал басқа қалаларға оның не қатысы бар», - дейді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының білім алуы, емделуі мен жұмыс істеуі, ең бастысы, сапалы өмір сүрулері үшін ауылдан қалаға көшуі заңды құбылыс. Алайда, олардың баспана алуға қалада тұрғаннан кейінгі үш жыл өткеннен соң ғана есептелуі азаматтық құқыққа қол сұғу, кемсітумен теңдей болады. Бұл тіпті Ата заңымызға да қайшы қағидат екен. «Тұрғын үй алу кезегіне қолдан осылайша кедергі жасау мəселені шешпейді. Одан да тұрғын үймен қамтудың нақты жолдарын ойластырған абзал. Мəселен, жер телімдерін тездетіп беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, қолжетімді тұрғын үй құрылысына қаржыны арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстар мардымсыз. Бүгінгі таңда жер телімдерін алу кезегінде 1 млн.-нан астам адам тұр», - дейді сенатор. Екіншіден, сенатор «Алтын алқа» иегерлері, Батыр аналардың бірінші кезектен қағылуына да қынжылыс білдіреді. Айта кетерлігі, құжатта Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жəне соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды əлеуметтік қорғау, жетім балалардың, атааналарының қамқорлығынан айырылған балалардың тұрғын үйге сөзсіз құқығы қамтылған. «Осы бірінші кезектегі үй алушылардың қатарына көп балалы Батыр аналарды қосуды да ұсынамын. 7-8 сəбиге əлемнің жарығын сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, оларды бағып-қағуда еліміздің өркендеуіне еңбек ететін, тəуелсіздігімізді қорғайтын азаматтарды дүниеге келтіріп, оларды тəрбиелеуден артық маңызды қызмет те, жұмыс та, құндылықтар да жоқ шығар деп есептеймін», - деді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. Үшінші ұсыныс ретінде сенатор үшемдер мəселесін көтерді. Депутаттың сөзіне қарағанда, елімізде жыл сайын 40-50 отбасында үшемдер дүниеге келеді, ал оларды дүниеге əкелген ата-аналарға өңір басшыларының қамқорлығымен қалталы азаматтар есебінен пəтерлер беріледі, жəрдем жасалады. «Алайда, халқымыздың санын көбейтуге ерекше үлес қосып отырған, дүниеге үшем əкелу бақытын иеленген ата-аналарға заңды түрде қамқорлық жасалып, баспана беріліп жатқан жоқ. Сəбилі болған жас отбасыларға бірінші кезекте баспананың керектігі бəрімізге белгілі. Қазіргі заманда үшем емес, бір баланы бағып-қағудың өзі оңай емес. Ал үш сəбиге жарық дүние сыйлап, оны бағып-қағып отырған ата-анаға мемлекет тарапынан қандай қамқорлық жасалса да жарасады. Сондықтан да, заң жобасында «үшем жəне одан да көп баланы дүниеге əкелген атааналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезектен тыс тұрғын үй алу құқы болады» деген норманы ұсынамын», - деді Қуаныш Айтаханұлы. Бұл бірінші оқылымда көтерілген мəселе болатын. Алайда, екінші оқылымда талқылау барысында заң жобасын əзірлеген Ұлттық экономика министрлігі өзекті саналатын осы үш ұсыныстың біреуін ғана қабылдап, қалған екеуін ішінара ғана қолдаған. Соның ішінде үшемдерге кезексіз пəтер беру мəселесі толық шешімін таппаған күйі қалып отыр. Нақтылап айтсақ,

Үкімет мемлекеттік шығынды арттырады дегенді желеу етіп норманы қабылдамай тастаған. Есесіне, атқарушы билік үшемдерге кезексіз үй беру мəселесін жергілікті əкімдерге құқық беру арқылы шешуді ұсынады. Яғни, ондай үшемді дүниеге əкелу бақытына ие болған аналарды ынталандыру облыстық бюджеттің мүмкіндігіне қарай ғана жүзеге асуы ықтимал. «Үшемдерге қатысты нормаға Үкімет теріс қорытынды беріп, норма қабылданбады. Сонда олар желеу еткен шығын болатын бюджет қаржысы 500-600 млн. теңге екен. Керек болса одан да аз болуы мүмкін. Үкімет өз жауабында бұл мəселені жергілікті атқарушы органдарға, үшем жəне одан да көп бала туған аналарды көтермелеу құқығы жолыменен, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай шешкісі келеді. Мүмкіндігі шеңберінде! Заңмен емес! Шындығында, жергілікті атқарушы органдар қазірдің өзінде бұл мəселені өз мүмкіндігі шеңберінде əртүрлі жолмен шешіп жатыр. Бірақ олардың бұл шаруасы бəрібір заңсыз. Енді біздің бар-жоғы өтінішіміз жергілікті əкімдерге үшемдерді үймен кезексіз қамтудың заңды жолын табу еді. Əкімдердің заңды жолмен осыны шешуге құқығы бар деген норма ғана керек еді бізге. Алайда, өзіміздің туған Үкіметіміз бұл мəселені қолдауға шамасы келмеді. Өте өкінішті», - деп қынжылыс білдіреді Қуаныш Айтаханұлы. Сонымен қатар, сенатор жақында «31-арна» телеарнасынан Алматы қаласы Алатау ауданында тұратын үшем туған ананың сұхбатын көргенін жеткізді. Айтуынша, үшем туған алматылық ана темір вагонда тұрып жатыр. Баспана-вагон от жақса тез қызып, тез суиды. Үшемнің үшеуі де дұрыс жағдай болмағандықтан аурушаң бола бастаған. Отағасы күндік нəпақа ғана таба алады. Ал үшемдер анасы зар жылайды. «Сосын арна тілшісі бұл үшемнің мəселесін қалай шешесіздер, деп аудан əкімдігінің қызметкерін сұхбатқа тартады. Ал ол жауапты қызметкер: «Бұл мəселені шешуге əбден болады, бірақ оның бəрі заңды болуы керек. Бізде заң жоқ, егер Парламент заң қабылдаса, ешқандай проблема болмас еді», - деп отыр. Сонда айналып келгенде осыған кінəлі болып отырмыз. Мен бұны түсінбеймін», - деді Қуаныш Айтаханұлы. Дегенмен, депутат бұл мəселені шешуге əбден болатынын, сондықтан да алдағы уақытта Үкіметтен үміт үзбейтінін алға тартты. Бақсақ, Үкімет өкілдері «алдағы уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы заңға өзгеріс енгізіп, осы мəселені қамтып əкелеміз» деп уəде берген тəрізді. Əріптесінің үшемдер туралы мəселесін сенатор Ертарғын Естаев та қолдады. Ол да үшемдердің мəселесін қаражатқа тіреу қисынсыз екенін алға тартады. Оның айтуынша, ресми ақпаратқа қарағанда Қазақстанда «Алтын алқа» жəрдемақысын алатындар саны 74 мың əйел ғана. Ал статистика бойынша 2013 жылы үшем тапқан аналар 50 болса, 2014 жылы үшемді дүниеге əкелген отбасы саны 43. «Үшем бұл адамдардың жоспарынан болатын құбылыс емес, табиғаттың сыйы, Құдайдың Жарылқауы. Егер біз үшем тапқандарға үш бөлмелі ипотекалық пəтерлерді пайызымен беретін болсақ, соның өзінде 300-350 миллион теңге ғана шығындаймыз. Ары кетсе 500-600 млн. теңге. Сондықтан да, заң жобасын түзетумен Мəжіліске қайтарып жатқандықтан, əлі де оны қайта қарауға мүмкіндігіміз бар», - деп түйіндейді Ертарғын Естаев.

Шындығында, атқарушы билік үшін жыл сайын бюджеттен миллиардтаған қаржылар игерілмей жатқанда үшем туған аналарға кезексіз пəтер беру үшін жарты миллиард теңге табу қиынға соққан тəрізді. Дегенмен, депутаттардың көпшілігі уағдаластық бойынша алдағы уақытта атқарушы билік үлкен қадам жасайды деген сенімде қалып отыр. ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРАТЫН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мəселесіне тоқталып, баспана құрылысы бағдарламасын қайта қарауды тапсырған болатын. «Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген əдістер бар. Елімізде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған. Енді баспанаға басқа қырынан қарау керек. Мемлекет əлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кабальді (кіріптарлық) пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеуге қауқарсыз жəне проблемалар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дəулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін жəне баспанаға зəру азаматтарға жасап жатырмыз», - деді Елбасы. Осыған орай, Үкімет тұрғын үй салудың тың тетіктерін əзірлеп жатқан көрінеді. Сөйтіп, қолжетімді баспанаға қатысты бағдарлама 2015 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатыны айтылып жатыр. Бұл ретте жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарға инженерлік желілер тарту жəне құрылысты жобалауға бюджеттен 35 млрд. теңге қаралыпты. Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үй құрылысы үшін «Бəйтерек» холдингіне 0,1 пайыздық ставкамен 30 жылға 145 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қазіргі күні салынып біткен дайын үйлер де жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы үлестіріліп, берілуі мүмкін. «Қазіргі уақытта барлығын да ең бірінші кезекте тұрғын үй құрылысы мəселесі алаңдатуда. Пəтерлер қалай бөлінеді, қандай мерзімге, сатып алсаң қанша, жалға алсаң қанша

болады, қалалар бойынша қанша қаржы бөлінеді деген мəселелерді білгілері келеді. Бұл мəселелерге орай Үкімет Қазақстанның құрылысшылары қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеуде. Біз оларға дайын үйлері бар болса, онда осы бағдарлама бойынша сатуды ұсынамыз. Əрине, бағасы сəйкес келетін болса. Біз Алматы мен Астанаға шаршы метріне 185 мың теңге (салу құны, ал сату құны шамамен 200 мың теңге шамасында белгіленуі мүмкін), ал облыстарға шамамен шаршы метріне 150 мың теңге болатын баға ұсынып отырмыз. Бұған қоса, инфрақұрылымын аяқтаймыз ғой. Егер, бұл ұсыныс олардың көңілінен шығатын болса, онда біз дайын үйлерді сатып алуға келісеміз. Мұндай жағдайда келер жылдың соңына дейін күтпей, келесі жылдың басынан бұл пəтерлерді тарата бастаймыз», - дейді Бақытжан Сағынтаев. Оның айтуына қарағанда, жалға беру құны əртүрлі, соның ішінде Алматы мен Астанада сəл қымбатырақ – ай сайынғы жалдау құны 56 мың теңге төңірегінде болады. Аймақтар үшін бұл баға 40 мың теңге көлемінде көзделіп отыр. Екі жағдайда да үй жалға алған адамның меншігіне өтеді. Ал меншікке өтпейтін жалға берілетін үйлер одан да арзан болады. Дегенмен, «Қолжетімді баспана» бағдарламасы халықтың барлық жігіне бірдей қамтылмайтыны тағы анық. Ең біріншіден, баспана алу құқығы əкімдіктерде есепте тұрғандарға ұсынылады. Сосын жас отбасыларға да жеңілдіктер қарастырылатынға ұқсайды. Бұл үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында жас отбасылардың жалдамалы баспана алу талаптары өзгертіледі. Мəселен, егер бүгінгі күні жас отбасыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы арқылы 29 жас белгіленген болса, жаңа бағдарлама бұл межені 35 жасқа дейін арттыруды қарастырады. Айтпақшы, баспанасыз жүрген санаттың бірі – журналистер, қаламгерлер қауымы. Əлбетте, олардың да бағдарламаның түрлі санаты бойынша қатысып (мəселен, жас отбасылар, тағысын тағы), өз бақтарын сынауға мүмкіндіктері баршылық. Дегенмен, баспасөздің қарапайым өкілдерінің басым көпшілігі баспаналы болу бақытына бірден ие бола алмайтыны да белгілі. Осы мəселені алға тартып, сенатор Нұрлан Оразалин де Үкіметке құлаққағыс жағасан болатын. «Біріншіден, «Қолжетімді баспана» бағдарламасына негізінен бюджеттік мекеме қызметкерлері ғана кіреді. Ал қоғамдық ұйымдарда қызмет ететін, мемлекетімізге пайдалы еңбек етіп жатқан азаматтарымыз қаншама? Олардың барлығы бірдей бағдарлама бойынша қолжетімді баспанаға құқығы болмай жатады. Екіншіден, журналистер, қаламгерлер, өнер адамдары дəл осы кедергіден ақаулық көріп жүр. Журналистер қауымының басым бөлігі үйсізкүйсіз», - деді депутат Н. Оразалин. Депутаттың пайымынша, идеологиялық тұрғыдан алғанда, қолына қалам ұстаған журналистер қауымын, мемлекеттік ақпарат құралдарының қаламгерлерін баспанамен қамту бүгін шешілмесе, келешекте де шешімін таппауы мүмкін. «Ал бұның өзі еліміздегі идеологиялық арнаның əлсіреуіне, оның ойдағыдай жұмыс жасамауына əкеп соғуы ықтимал. Біз өзіміздің журналистеріміздің сөзі орнықты болуы үшін оларға мемлекет тарапынан қамқорлық жасап отыруымыз керек», - деді Нұрлан Оразалин. Қасым ТОҚТАРОВ, bnews.kz.

Қалғансырдағы айтылмай қалған қандай сыр?

Жағрафия картасын ашып қарасақ Сарыағаш ауданы таусылып, Шардара ауданы бастала берген жерде, өзіміздің Жамбыл ауылдық округіне қарасты 100 шақты отбасынан құралған Қалғансыр деген кішкене ауыл тұр. Қалғансыр ауылы – ауданымыздың орталығы Сарыағаш қаласынан 150 шақырым шалғайда жатыр да, ал көрші ауданның орталығы Шардара қаласына бар-жоғы 15-ақ шақырым қашықтықта орналасқан. Сол себепті Қалғансыр ауылы келесі жылы Шардара ауданына өтіп кетуі де мүмкін. Ол алдағы уақыттың еншісінде. Қалғансыр əзірше Сарыағаш ауданына қарайтындықтан ондағы проблема да əзірше біздікі. Сондықтан бүгінгі тақырыпқа арқау болып отырған мəселе ол – Қалғансыр ауылындағы №133-ші С.Сейфуллин атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп, дəлірек айтсақ сол мектеппен 30 жылға жуық білгенін істеп, əбден титықтатып бітірген Ынтықбай Сахов деген директоры. Енді «... айтылмай қалған сыр» – демекші, осы Ынтықбай Саховтың Қалғансырдағы мектепті табандатқан 30 жыл басқаруының сырына келейік. Ынтықбай Саховтың Қалғансырдағы мектепті сонша ұзақ басқаруының сыры оның біліктілігі асып, білімі тасып бара жатқанынан емес екенін ауданымыздың оқу бөліміндегілердің барлығы дерлік жақсы біледі, бірақ «аш құлақтан, тыныш құлақ» деп, лажы болса ол тақырыпқа əңгіме қозғамауға тырысады. Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарайтын 146 мектеп директорларының ішінде тура Ынтықбайға ұқсап бір мектепті 30 жыл басқарғаны жоқ-ау! Меніңше бір мектепті 30 жыл бойы тапжылмай басқарудың 2ақ себебі бар сияқты. Біріншісі директорымыз, білім-біліктілігіне бүкіл елді тəнті етіп, ауылындағылар да, білім саласындағылар да одан айрылғысы келмейтіндей əр жылы керемет нəтиже көрсетіп жатса, иə! Ал екіншісі, директорымызға ешқандай нəтиже көрсетудің қажеті жоқ, тек қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай желеп-жебеп жүретін «мықты шатыры» болса болғаны. Сонда ғана, бір мектепті 30 жыл десең 30 жыл, 40 жыл десең 40 жыл, 50 жыл десең 50 жыл басқара беруі мүмкін! Білім саласынан зейнеткерлікке шыққандардың айтуы бойынша Қалғансырдағы мектеп директоры Ынтықбайды сол «совет дəуірінде» де сала басшылары тұрғызып қойып ұрысып жатады екен, егер сол рас болса Ынтықбайдың бірінші себепке тартпайтыны анық. Ал екінші себепке, яғни Ынтықбайдың «мықты шатыры»

туралы, бүкіл аудан жұрты қанық! Сексенге келіп селкілдеп жүрсе де ауданымыздың білім бөліміне жарты ғасырға жуық ықпалын аямай жүргізіп келе жатқан бір «крутой шалымыз» бар. Білгіштеріміз Ынтықбай сол «крутой шалдың» өкіл баласы болып алған дейді. Өкіл баласының салдарынан орта ғасырлық деңгейден еш көтерілмей жатқан Қалғансырдағы мектеп пен сол мектептен сапасыз білім алған түлектеріміздің жыл сайын қара тобыр қазақтың санын көбейтіп жатқанына жаны күйзелудің орнына, «шатыр шалдың» өзі көрінбей ғана өкіл баласын қалайда сол мектепте директор етіп қалдыруға ат салысып жатқаны, адамның еріксіз жиіркеніш сезімін тудырады екен. Ол «шатыр шалдың» кім екенін, егер əрине осы мақала арқылы өзін танып, қазіргі жастардың тілімен айтқанда «əңгіме» айтып жатса, алдағы бір сандарымызда бет пердесін ашып тұрып айта жатармыз. Бұл жолы тек, «шатыр шалдың» арқасында Ынтықбайдың Қалғансыр ауылындағы мектептің ыңыршағын табандатқан 30 жыл бойы айналдырып келе жатқанымен ғана шектелейік. Кім біледі, мүмкін осы мақаладан кейін, əлгі «шатыр шалдың» жүрегінде қазақ халқының болашағына деген кішкене де болса жанашырлық сезім оянып, Қалғансырдағы мектептен өкіл баласын өзі-ақ қуып шығар?! Ынтықбай Сахов Қалғансырдағы мектепке директор болып, сонау 1986-

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

шы жылдары тағайындалған екен. Ол уақытта Қалғансыр ауылы Өзбекстанның Шыназ ауданына қарайтын. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі 1993 жылдары Қалғансыр ауылы Қазақстанға қайтарылып, Келес ауданына өтеді де мектебі сол ауданның білім бөліміне кіреді. Ол кезде Келес əлі Сарыағаштың құрамына кіре қоймаған. Ынтықбай байқап қараса Келестің білім бөлімінде, ол кезде əлі шал бола қоймаған, əлгі «крутойдың» «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болып, ысқырығы жер жарып тұрады! Қалғансырдағы мектебін 30 жыл бойы білгенінше билегеніне қарағанда, Ынтықбай ынтықтығын ысқырықтың егесіне сол кезде-ақ дұрыстап танытқан болса керек! Ауданымызда Қалғансыр деген ауыл бар екенін, ондағы Ынтықбайдың кім екенін, былтыр біздің «СарыағашƏділет» қоғамдық ұйымымызға Ынтықбайдың ықпалымен мектептен қуылған Қуаныш Мамаев деген мұғалім жігіттің бізден жəрдем сұрап келгендегі айтып берген əңгімесінен естіп білдік. Сөйттік те Ынтықбай Сахов туралы мəлімет жинай бастадық. Аудандық білім бөлімінің көрсеткішіне сай, Қалғансырдағы №133-ші С.Сейфуллин атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп Ынтықбай басқарған 30 жылдың ішінде ешқашан алға шықпапты. Кешірім өтінем, Сарыағаш ауданының білім бөлімін Ынтықбайға ұқсап ұзақ жыл басқарған бір сұмның жалған ақпары бойынша Сарыағашымыз ойламаған жерден Қазақстан бойынша алдыңғы орынға шығып кеткен 2006 жылы Қалғансырдағы Ынтықбайдың мектебі де

бір рет алға шыққан екен! Одан кейін тек артта! Мектепке мұғалімдер біліктілік емес, сасық рушылдық трайбализм негізінде қабылданатын көрінеді. Мұғалімдердің басым көпшілігі оқу орнын сырттай бітірген, өңшең Ынтықбайдың айтқанынан шықпайтын рулас ағайындары мен туыстары. Іштерінде білімі 5 кластық болса да жалған дипломмен мұғалім болып жүргендер де бар көрінеді, ол туралы қазіргі таңда қаржы полициясының орнына ашылған қудалау органы айналысып жатыр. Жылдағы ҰБТ нəтижесі бойынша Қалғансырдағы №133 мектеп ауданымыздағы 146 мектептің ең соңғыларының қатарында өзінің тұрақты орнын тапқан. «Қалғансырда балалар оқуды қойған» – дейді əлгі дүмше мұғалімдер. Қалғансырда оқуды балалар емес қойған, Қалғансырда балаларды оқыту мүлдем қойылған. Оқу орнын сырттай бітірген ылғи дүмшелер өздері қоқ етпей тұрып, балаларды білімге қайтіп қызықтырмақ?! Мектептің жағдайына келсек адам шошиды. Шаңы аспанға көтерілген едендері сықырлап шіруге айналған. Алқа-салқасы шыққан парталардың əбден тозығы жеткен. Жазда қоссаң жақсы істейтін жылу жүйесі, қақаған қыста істен шығады. Ал жылу жүйесіне бөлінген мемлекеттің қыруар қаржысының қайда жоғалып кеткені аспандағы Құдайға, сосын жердегі Ынтықбайға ғана аян. Ахуалы ат қорамен бірдей мектептің мұғалімдерінің сиқы анау болса, əрине, балалар сабаққа барғаннан гөрі мақта теруге кетеді. Мақта теруге кеткен оқушыға баға болса да қойылмайды. Баға қойылмағаннан кейін журналдың керегі не? Былтыр күзде Қалғансырдағы мектепті тексеріп барған аудандық прокуратура қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына баға қоятын журналдарды таппай кетіпті. Бізден жəрдем сұрап келген Қуаныш Мамаевтың мүддесін қорғап Абайдағы №2-ші аудандық сотына да бардық, сөйтіп Ынтықбайды да көрдік. Недара Мамаевты қорғап келдің деп Ынтықбай сот үстінде маған, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты деп сен өзің кімсің, қайдан шықтың?» – дейді шүйліге. Тауып айттым дегендегісі ғой сонда?! Осындай сөз айтып тұрған мектеп басшысының мəдениетінің, интеллигенттігінің, білімінің қай деңгейде екенін пайымдап отырған шығарсыз. Сот біздің мүшеміз Мамаев Қуаныштың талап-арызын ішінара қанағаттандырып берді. Қалғансырға жетісімен Ынтықбай Мамаев Қуанышқа жүгіртектері арқылы

облыстық қаржы полициясы бастығының ба, əлде облыстық прокурордың ба бірінші орынбасары болып істейтін, руы десе ішкен асын жерге қоятын өзінің бір рулас ағайыны бар екенін, соның ықпалымен облыстық соттың апелляциялық алқасында əлгі шешімді міндетті түрде бұздыратынын айтып мақтаныпты. Қазақта «жындының сандырағы келеді» – деген сөз бар емес пе, облыстық апелляциялық сот сатысында Ынтықбайдың айтқаны келіп, шешім бұзылып кетті. «Ойпырмай, ə» – дедік те, қазақ деген атымыз бар ғой, дереу облыстағы таныстарымыз арқылы құқық қорғау орган басшыларының бірінші орынбасарларының руларын сұрастыра бастадық. Облыстық прокурорымыздың бірінші орынбасары шынымен де Ынтықбайдың руынан болып шықты. Өзі Шардараныкі көрінеді. Ал Шардара Ынтықбайдың ауылы Қалғансырдың дəл жанында екенін айтқам. Егер қаңқу болмаса, ол еліміздің Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевпен бірге оқыпты. Шардарада қандай прокурор болып істегені белгісіз, əйтеуір бірден облыс прокурорының орынбасары болып шыға келген дейді ғой! Ынтықбайды қолдап, желеп-жебеп жүрген «шатыр шал» ма, əлде облыстағы рулас прокурор ма, ол жағы бізге əзірше құпия. Бірақ «суға салсаң батпайтын, отқа салса жанбайтын» Ынтықбайдың артында біз білмейтін бір күш тұрғанына дəлел келтіре кетейін. Мысалы, былтыр маусымда өткен ҰБТ нəтижесі бойынша ауданымыздағы 146 мектептің ең соңғы 10 шақты мектеп директорларының өз қызмет орындарына сəйкестігін шешу үшін облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің өзі хаттамалық тапсырма берген. Сол тізімде тұрақты тұрған Ынтықбай мызғымай əлі отыр. Сосын қазан айында КТК телеарнасы келіп, Қалғансырдағы мектептің қирап жатқанын, оқушыларының оқу уақытында беймарал мақта теріп жүргенін түсіріп алып, бүкіл Қазақстанға паш етті. Ал Ынтықбай қозғалмай əлі отыр! Қараша айында аудандық прокуратура Қалғансырдағы мектепке білек сыбана кірісіп, көптеген заңсыздықтарды анықтап, директоры Ынтықбайдың жəне орынбасарларының атқарып отырған қызмет орындарына сəйкестігін шешуге ұсыныс жасайды. Ынтықбай сол Ынтықбай. Енді биыл «СарыағашƏділет» қоғамдық ұйымы мүшелерінің көтеруімен облыстық қаржы полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, біраз

мектептердегі заңбұзушылықтарды анықтаған кезде, Ынтықбайдың да сыбайластыққа барғаны анықталып шыға келген. Шайтан болып кетпесе енді босайтын шығар деген едік, Ынтықбай қатаң сөгіспен құтылды да кетті. Артынша биылғы ҰБТ өтіп, «Ынтықбайдың мектебі» тағы соңғы 10 мектептің тізіміндегі тұрақты орнына қонжиды. Тағы да сол мектептердің директорларының атқарып отырған қызмет орындарына сəйкес еместігі туралы мəселе көтерілді. Ынтықбай, бірақ, нық отыр! Өйтіп көтерілгенше көтерілмей-ақ қоймай ма? Жазда облыстық қаржы департаментінің бастығы генерал С.Ерімбетовтің жеке қабылдауында болғанымда құрамында Қалғансырдағы №133 С.Сейфуллин мектебі де бар Сарыағаштағы 5 мектептің директорларын атқарып отырған қызметтерінен босату жөнінде ұсыныс жасағанын айтқан. Бірақ, Ынтықбайды ешкім босатқан жоқ. Жаз айының соңында сыбайластық қылмысы үшін Абайдағы №140-шы мектептің директоры Жəнібек Абдрайымов сотталды да, ал енді Абдрайымовпен бірге сыбайласқан Ынтықбай судан таза, сүттен ақ болып, тағы құтылып кетті! Жаз өтіп күз келді. Жаңа оқу жылы басталғанда шалғайда жатқан Қалғансыр ауылындағы мектептің жағдайын біліп қайтпақшы болып келген ауданымыздың «Сəт» телеарнасының журналистері не оқушыларды, не директор Ынтықбайды таппай аңырып тұрғандарында, бір бөлмеден жарқынжарқын шығып жатқан дауыстарды естіп, есігін ашып қараса Ынтықбайдың əйелі Рыскүл Сейдазимова бастаған 10 шақты мұғалім дастарханды жасап тастап, гуілдетіп туған күн тойлап отыр екен. Камераларын қосып тұрған журналистерді көре сала апыл-ғұпыл арақтарды тықпақшы болған «тойшыл қауым» мен дүмшелердің ішіндегі есі əлі дұрыстау біреуінің шатты-бұтты берген сұхбатын бүкіл аудан халқы көріп тамашалады. Білім ордасында сабақ уақытында ұстаздардың арақ ішіп, той тойлауы бұл барып тұрған надандық емес пе? Ұлы Абайдың қалай аталатыны есімде жоқ, мына бір өлеңінің шумағы есіме түсіп тұрғанын қарашы, Надан қуанар, арсаңдар, Таңырқап тұра қалсаңдар. Татымды ештеме болмас, Адамсып босқа талтаңдар. Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда. Ісі жоқ теріс пе, оң ба? – деген екен. Міне, құрметті оқырман, Қалғансырдағы айтылмай қалған сыр осы. Амангелді БАТЫРБЕКОВ, «Сарыағаш-ƏДІЛЕТ» қоғамдық бірлестік төрағасы.


¦ÄIËÅÒ

РУХАНИЯТ

(Жалғасы. Басы өткен сандарда). Ата əңгімесін төтесінен кіріспесіз бастап жіберді. – Қандай халық болсын оның жер жағдайы мен тұрмыс-тіршілігі сол халықтың болмысына, мінез-құлық жаратылысына өз таңбасын салып, санасына сіңетіні белгілі. Алла тағала қазақ халқын бірін-бірі сағынысып жүрсін, бірінің қадіріне бірі жетсін деп əдейі ұланбайтақ жер беріп, сол керіліп жатқан кең жерге ала бұлттан тамған тамшыдай қазақтарды сирек шашып жіберген секілді. Бəлкім, содан да болар, ата-бабаларымыз кісі көрсе, қуаныпты. Танысын-танымасын ұшырасқан адамға сəлем беріп, жөн сұрасып, əп-сəтте кедергісіз шүйіркелесіп, ұршықтай үйіріліп кетеді екен. Əрине, тоқтаусыз алға жылжитын өмір өзгеріссіз болмайды. Халықтың əдетғұрыптары, үдіріс-дағдылары заман өзгерісіне бейімделіп отырады. Бірақ ежелден келе жатқан ұлттық қасиеттер, ұлттық белгілер жоғалса, онда жеке атауға ие болатын халық ретінде күні бітер еді. Ол – қасірет. Ол – соры қайнап, сормаңдай болған халық. Ешкімнің басына ондай күнді туғызбасын. Қазақ халқы – өзінің қат-қабат тарихында небір нəубетті асулардан асып, басынан талай зобалаңды кешірген, мұңы қордаланған шерлі халық. Сонда да өзіне тəн ұлттық қалпын шамасы жеткенше сақтап келеді. Соның бірі – адамға үйірсектігі. Күні бүгінге дейін ауылды жерлерде бейтаныс адамдардың өзі бірбірімен амандасып, «жол болсын» айтып жатады. Ал құжынаған халқы бар қалалы жерде кездескеннің бəріне сəлем беру мүмкін емес, – деп ата үндемей қалды да, темекі шеге бастады. ...Кейде қалада жүріп-ақ көзіне көзің тура түскен адамға үндемей өте шықсаң өзіңненөзің біртүрлі қысылып, ыңғайсызданып қалатын кезің болады. Егер танымасаң да, жанарың тіке ұшырасқан кісіге сəлемдессең, əлдеқалай көңілің сергіп, бір жақсылық жасағандай жағымды сезімде боласың. Өзгелерді білмеймін, өзіме солай көрінеді. Меніңше, сол сезім ертеде өткен бабалардан қалған қанымызда бар қасиет болса керек. Бір жағынан, бала кезіңде құлаққа құйылып, көкейге түйілген тəрбиенің де əсері үлкен бе деймін. Анам Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистеріндегі сəлем жайлы айтылған өсиетті қайталаудан жалықпайтын. Хадисте «Сəлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі. Біріңменбірің сəлемдесіп жүріңдер. Мұсылмандар бірінің қасынан бірі өтіп бара жатып та сəлемдескендері жөн. Сəлем беруші сəлем алушының есіне сəлемді салғаны үшін бір дəреже артық сауапқа ие болады. Байқаусызда біреу сəлеміңді алмай қалса, бəрбір сенің сəлеміңді одан гөрі жақсырақ періштелер алады» делінген екен... – Əй, балам, қалғып отырсың ба? – Атаның дауысы шыққанда елең етіп, басымды көтердім. – Жоға-а-а, əңгіменің жалғасын күтіп, жай төмен қарап отырмын, – дедім. – Онда ары қарай тыңдағын. Қазақ – тым туысқаншыл, бауырмал халық. Жеті атаға дейін бауыр-туыс, ағайын, одан əрі жекжатжұрағат болып, жалғаса береді. Иен далада кездескен екі қазақ амандасып-есендесіп, ататек сұраса келе міндетті түрде бір кіндік араласын тауып алады. «Оу, баяғыда бəленбай деген атамыз сіздің елден сүйек тістеген, сол əжеміздің төркіндері екенсіз ғой, ойбай-ау, нағашы екенсіз ғой» деп айдаладан жиен табыла кетеді. Қазақ – мияның тамырындай ілігі қабат-қабат халық. Əлгі «сұрай келе қатыны қарын бөле шығыпты» дейтіні сондықтан ғой. Кейде əзіл-шынын араластырып «екі қазақ кездесе қалса, ет асым амандасады» дейтін сөздің астарында жайық көңіл, жарқын мінез халқымыздың дарқан ниеті көрінеді. Қазақтың ұлттық бітім-болмысының бір үлгісі сол егжей-тегжейлі сəлемдесіп, жөн сұрасып, туысқаны мен жекжатын тауып алатын бауырмашыл, жұрағатшыл, көпшілдігінде жатқан жоқ па?! – деп жанжағына желпіне қарады. Əлденеге көңілі толғанда осылай айдынданып қалатын əдеті. Ата көп күткізбей əңгіме сарайының есігін тағы ашты. – Алысты жақындатып, жатты туыс етіп, жағасы – жайлау, төбесі қыстау болып жүретін кеңқолтық қазекемнің аяқ астынан тарылатын да кезі бар. «Көңілі бір атым насыбайдан қалатын» ақ пейіл ата-бабаларымыз дұрыстап сəлем бермегенде, берген сəлемді елеп алмағанда көңіліне дық түсіп, кейде оның аяғы қышқыл өкпеге, тіпті өшпенділікке айналған жағдайлар да болған екен. Біздің Əулиеата жақта ел ішіндегі кəріқұлақ əңгімешіл қариялардың айтуынша, Сыпатай батыр мен алты алашқа аты əйгілі Кенесары сұлтанның арасындағы салқындық сəлем алмаудан ушыққан деседі. Сыпатай батыр Кенесарыға қолын ұсынып, сəлем бергенде айбыны аспандап тұрған сұлтан қамшысының ұшын немқұрайды ұстата салған көрінеді. Əрине, ешқайсысымыз бұл жағдайдың басы-қасында болғамыз жоқ. Аңыздың аты – аңыз, мүмкін сұлтан мен батырдың арасындағы кикілжіңнің басқа себептері де болуы мүмкін. Əйтсе де, қазақ халқының сəлемдесуге ерекше мəн беріп, оның астарына салмақ сала қарағаны даусыз. «Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің, өркөкірек болғаннан ұлылыққа жетпейсің» дейді екен даналар сөзі. Енді мен саған сəлемнің ең жолы үлкенін айтып берейін. Ол – шаңырақ сəлемі. Кісі үйіне келген адам үйде біреу болсын-болмасын амандасып кіреді. Үй иелерімен сыртта ұшырасып, есік алдында есен-саулық сұрасып алса да, табалдырықты аттай бере сол үйдің шаңырағына, отының басына сəлем береді. Қазақ халқы шаңырақты, табалдырықты жəне бесікті қасиетті санайды. Үй табалдырықтан басталады, шаңырақпен еңсе көтереді, бесікпен ұрпағы өседі. Əркімнің от жаққан, ұрпақ өсірген үйі – өзіне құтхана. Сондықтан келген адамның кісі үйін сыйлауы шаңыраққа

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Зейнеп АХМЕТОВА

«Аурудың емі – саудың сəлемі» шықса, сол жерден табыла кететін адам. Қолына ілінгенін жейді, аузына түскенін қылғиды, қалғанын жымқырады. Үй-үйден тамақ аңдып, толымды дастарқан іздейтін сұғанақ қонақ. Міне, қасиетіңнен айналайын Төле би жарықтық қазақтың қонақтарын осылай жіліктепті, – деп мүштегін алып, темекіге қол созды. ...Біздің үйге де қонақ көп келеді. Барлығы атаны іздеп, арнайы келеді. Келетін жөндері бар ғой. Ата – Ай мен Күн секілді көпке ортақ жан. Ай мен Күннің мейірім-шапағаты, арайшуағы барша жанға ортақ болғанымен жердегі пенделер сан алуан. Əркімнің өмір дейтін ұлы көшке ілесуі əртүрлі. Тіршіліктегі басып өтетін сүрлеу-соқпағы да əрқалай. Біреу тойып жүреді, біреу тоңып жүреді, енді біреу – озып, біреу азып жүреді дегендей, осындай бір-біріне ұқсамайтын адамдар атаға келіп жатады. Келулері бірдей болғанымен, кетулері бөлек. Бəзбіреулері қандай қамалға тірелерін білмей келіп, шығар есікті таба алмай қалатын да

үнмен. – Құтты болсын! Көрдің бе, еңбектің қасиетін! Рақаттанып жаның жай тауып тұр. Ертең автор естігенде сенен бетер қуанады, разы болып, алғысын айтады, – деп ата баласын қолпаштап жатыр. – «Бір серкешке екі ер талтаңдайды» деген секілді, – деп Бəкең жымиды. – Не? Қайталап айтшы! – деді ата жұлып алғандай. Алматының қақ ортасында туып-өсіп, орысша оқыған баласының аузынан күнде айтыла бермейтін таза қазақы сөз тіркесін естігеніне таңғалғандай. Орысша сөйлегенде, орысша жазғанда суда жүзген балықтай із түсірмей кететін Бəкеңнің қазақшаға келгенде сүрінетін тұстары бар еді. – «Бір серкешке екі ер талтаңдайды», – деп Бəкең қайталады да, – мен бұл сөзді апамнан – Зейнептің мамасынан естігенмін. Оның мəнісін апам маған тəптіштеп түсіндірген болатын. Ертеде бір жолаушы тұманды күні

Áàáàëàð àìàíàòû сəлем беруден басталады. Алда-жалда сəлем бермей кіріп келуді қазақтар тексіздік көреді. Қайсыбір арғы жағын апырып, бергі жағын жапырып жүретін əңгүдік, кісілігі аз пенде болмаса, былайғы қазақ жұрты дəстүрден аттамаған. Рас, пиғылы арам жау немесе əдейі бəле іздеген бүйені қисық, бас араздығы барлар сəлемсіз кіруі мүмкін. Ерте кезде болжаусыз келіп қалған құдайы қонақ кісі үйіне баса-көктеп кірмейтін. Ат үстінде тұрып «кім бар-ау» деп, «тілдес», «сөйлес» деп үй сыртынан дыбыс беріп, есік алдында адам тұрғанын білдірген. «Сыйласаң сыйысымды боларсың» демекші, бұл да – өзгенің үйін қадірлеуі, шаңырағын құрметтеуі. Үй иелері аса бір пейілі тар, қуырылған қу шөміш сараң болмаса, сырттан үн естілген соң, кешікпей далаға шығады. Осыған орай Айдабол шешеннің: Сырттан келген мейманды, Сəлем беріп, қол алсаң, Бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз», – деп түс беріп, Шылбырына оралсаң, Екінші еткен құрметің. Есік ашып енгізіп, Көрпе төсеп, құп алсаң, Үшінші еткен қызметің, – деп айтқаны бар. Қазақ əдептен аспай, кісі шаңырағын сыйлай білетін адамнан сəлемін де, ықылас-пейілін де аямаған. Бұл – ғасырдан ғасыр асып келе жатқан дала этикасы. Осы қонаққа байланысты ырымдарды білесің бе? – деп өз бағытын өзгерте салды. Сілтідей тынып, қаннен-қаперсіз бейқам отырғанда төбемнен түскендей қойылған сұраққа сасып қалдым. Жылдам жауап қайтаруға жадыма жарытымды ештеңе түсе қоймай, бөгеле бердім. Тыңдаушыдан лезде жауап берушіге ауыса салу оңай дейсіз бе?! – Қонаққа «қонақкəде» айтқызады, – дедім. Аузыма алғаш түскені осы болды. – Ол ырым емес. «Қонақкəде» – дəстүр, – деді ата сөзін шегелеп. Мен ойша «ырым, ырым» деп кібіртіктеп барып, сөзімді əрең бастадым. – Қонаққа ас əкелгенде үй иесі тамақтың дəмін алдымен өзі татады. Ас дəмді əрі адал дегенді білдіргені. Қонаққа кетік немесе сызат түскен ақауы бар ыдыспен ас бермейді. Ол – жақтырмағандық, жартыкеш көңіл бөлу болып саналады, – дедім. Осымен құтылып кетем бе десем, ата менен көзін алмай, «бар білгенің осы ма» дегендей сұраулы жүзбен тікірейіп қарап отыр. – Қонақ бірдеңе жеп аузы шайнаңдап үйге кірмейді. Ол басқа жақтан тойып келдім дегендей, келген үйін менсінбегендей көрінеді. Керісінше, қонақтың қайтар кезде бір түйір ірімшік пе, құрт па, мейіз бе, жеп, аузы қимылдап шыққаны жөн дейді. Дəм тартып, тағы жүздесуге жазсын дегені екен əрі үйден құрауыз шықпау керектігін меңзегені, – дедім. Атада үн жоқ. Тұтқиылдан тосын сауал қойып, ес жиғызбай есеңгіретіп тастайды да, осылай үнсіз бақылайды. Онсыз да бірдеңені қисайтып алам ба деп жүретін жазған басым атаның отты жанарынан жасқанып, өлермендікпен тағы сөйледім. – Келген қонақты сырттан қарсы алып, үй иесі есікті өзі ашады. Қонақты алдымен кіргізіп, соңынан үй егесі кіреді. Ал қонақ кетерінде есікті қонаққа ашқызады. Үй иесі есік ашса, қонағын қуғандай, қонағынан құтылуға асыққандай көрінеді дейді... Мипаздап, сүзгіден өткізіп, майдалап сөйлеуге шама қайда?! Алажаулы егіндей селдір-селдір болса да, ойыма түскенді əупірімдеп айтып шыққаныма да шүкір! – Ы-ы-ым, – деген үн шықты ата жақтан. Қоштағаны ма, жаратпағаны ма – ажырату қиын. Енді не болар екенді ойлап үлгергенімше сөзді өзі демдеп əкетті. Мені жайыма қалдырғанына қуанып, əңгімеге құлақ түрдім. – Қонақтың да түр-түрі болады. Қазақтың қонағын Төле би бабамыз төртке бөліпті. Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ. Арнайы қонақ – ат арылтып шалғайдан арнайы келетін бауыр-туыс, нағашы-жиен, құда-жекжат, қимас дос, сырлас жолдас секілді көңілі жақындар мен елге қадірлі ақын-жырау, күйші-жыршылар. Міне, бұлар – сыйлы қонақтар. Құдайы қонақ – жолаушылап жүріп, кездейсоқ ат басын тіреген қонақ. Үй иесі оны бұрын көрмеген. Танымайды. Бірақ «қырықтың бірі – қыдыр» деп есігіне келген соң, құрмет көрсетеді. Бұл – сауап болатын қонақ. Қыдырма қонақ – ауылауылды аралап, екі езуі көпіріп, бір жердің сөзін екінші жерге жеткізіп, ет жеп, қымыз ішу үшін сабылып жүретін сандалбай, далбаса қонақ. Қылғыма қонақ – қайсы үйдің түтіні

кездері болады. Осыдан бірнеше күн бұрын үйімізге сіріңке қара сыйдиған бір жігіт келді. Алдынан есік ашып енгізіп, амандасып қарсы алдым. Есендіктен соң ол өзін біздің елге, яғни атаның руына жиендігі барын бірден ескертіп үлгерді. Өзі қозыдайтын қойдай мекіреніп сөйлейді екен. «Жиенмін» деп еркінси ме, əлде мінезі солай ма – қимыл-қозғалысында бір кердеңдік бар. Басын шалқақ ұстап, кеудесін кеңге салып, айналасына тəкаппарлана қарайды. Арық адамның шіренгені қызық көрінеді екен. Содан атаға барып бір жігіттің өзін іздеп келіп тұрғанын хабарладым. Ата «келсін» дегендей басын изеп, жөн ыңғай танытты. Қонақты атаның бөлмесіне оздырып жібердім де, бері келіп, шай қойдым. Əдетте, атадан айбынбайтын адам кемдекем Атаның алдына сотқар – монтиып, мықты именіп, қойдан қоңыр, қозыдан жуас болып келуші еді. Мына жігіттің екпіні бөлекше, арындап тұр. Мүмкін батылдық үшін ептеп бірдеңе ұрттап алды ма екен?! Тілім жазықты, ондайлар да ұшырасады. Біраздан соң үйді көтеріп əкетердей атаның қаһарлы дауысы естілді. Не болып қалды деп аяғым-аяғыма жұқпай, атаны бөлмесіне таяғанымда: – Өсекті өсекшілер жеткізеді! Есі дұрыс еркек өсек тасымайды! Пошел вон, дурак! – деген зілді сөздерді естідім. Қазулы тұрған орға өздігінен құлағысы келген адам болмаса, мұндайда көзге түспей, аулақ кеткен жөн. Кері бұрылып, құйын қуған қаңбақтай асүйден бір-ақ шықтым. Іле-шала əлгіндегі тəкаппарлығынан жұрдай болып, салы суға кеткендей иіні түсіп, «жиен» жігіт бері келді. Не бүлдіргенін қайдам, аспан мен жер көзіне көрінбей, зəресі кеткені анық. Тікелей сөз естіген бұл байқұс түгілі менің де жүрегім атша тулап, тізем дірілдеп тұр. Өзін аяп кетттім бе: «Шай ішіңіз», – дедім. «Мынаның есі дұрыс па» дегендей аларып бір қарады да, сыртқы есікке беттеп еді... Көңілсіздеу көріністі шарлап кеткен ойым атаның дауысынан серпіліп шыға келді. – «Қонақ атаңнан үлкен» дейді біздің қазақ. Құдайға шүкір, бұл үйден де кісі аяғы үзілмейді. Қазір осы үйдің майлық-сулығы өзіңсің. Момышұлын іздеп келген адамнан «кімсің» деп сұрамағын. Есік көзінде кісіні тұрғызып қоймай, «үйге кіріңіз» де. Үйге кірген соң, «төрге шығыңыз» де. Кісі үйіне келген адам қанша асығыс болса да, тізе бүгуі керек. Қазақ салты солай. Асып-төкпе ас бермесең де, қуыс үйден құр шығармағын. Тым болмаса, нан ауыз тигіз. Менің кімді қалай шығарып салатыныма көңіл бөлмегін. Халықтың ежелгі салтынан аттамай, келіндік жолыңды жасай бергін, – деді. Таңғалмай көріңіз! Өзі қуып шығады, маған «құрметте» дейді. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген секілді сөз бе бұл? Бір жағынан, көңілім қоңылтақсып, жасып қалдым. Олай дейтінім, ақ пен қараны түс тоқтатып түсінгеннен бері жаңағы ата айтқан қазақ жолы көзге қанық, бойға əбден сіңген шаруалар ғой. Оны əлімше орындап та жүргендеймін. Сонда деймін-ау, істегенімнің бəрі елекке құйған судай, баянсыз болғаны ма? Мүмкін бір шалағайлық жіберген шығармын, кім білсін, аңдамай қалып, жөн-жобаны белден басып кеттім бе екен?! – Əй, балам, мен сені жөн білмейді деп отырғам жоқ қой, – деді ата. Апыр-ау, ойымдағы өңіме жазылып қала ма, бір емес, екі емес, ылғи осылай сырым əшкереленеді. Атаның көрместі көріп, білместі біліп қоятыны, көкейіңде тұрған көлденең ойды жобаламай, төбесінен дөп басатын байқағыштығы маған құпия əрі сол сескендіреді. – Жалпы, келін болу қиын, – деп тағы бір тұтқиыл сөзді үстемеледі. – Оның ішінде қазаққа келін болу оңай емес. Ал қазақтың ішінде мен секілді атақ-шатағы көп қыңыр адамға келін бо-о-о-лу... – деп көзін аударыптөңкеріп, екі қолын екі жаққа жайды да, – понятно тебе? – деп дауысы көтеріліп кетті. – Понятно мне, – дегеннің менің аузымнан қалай шыққанын байқамай қалдым. Ата қарқылдап күліп жіберді. Мен əдетте үйде ешқашан орысша сөйлемеймін, былайынша да ағып тұрғаным шамалы. «Құрттың атын малта қойғандай» орысша жауап қатқаным атаға қызық естілсе керек. – Кіруге бола ма? Өздерің көңілдісіңдер ғой, – деп осы арада Бəкең бөлмеге бас сұқты. Жүзі өте жайдары көрінді. – Кіргін, – деді ата. – Бүгін сен де жас қоғадай майысып, қыздай сызылып, сыпайы болып тұрсың ғой. – Аударманы бітірдім, – деді баласы көңілді

адасып, аты да, өзі де əбден қалжырап келе жатып, шағын ауылға кезігеді. Үй таңдайтындай шамасы жоқ, ауылдың шетіндегі жұпыны үйге ат басын тірейді. Үй иелері қалжырап тұрған жолаушыны қабылдайды. Отағасының маңырамадан жеті-сегіз ешкісі бар екен. Бір серкешіне қонаққа бата жасатып, қонағасы беріп, қондырып аттандырады. Қонақ кеткен соң үй иесі аспанға қарап, қолын жайып: – О, хақ тағала! Шаңырағыма мейман жібергеніңе тəубе! Бір азаматтың алдында жерге қарамай, марқа болмаса да, серкеш сойып, бұйырған несібесін алдына тартқаныма шүкір, шүкір! – деп Жаратушыға да, өзіне де разы болып, көңілі көлдей шалқыпты. «Тəңір жарылқасынды» қайта-қайта айтып, қоштасып аттанған жолаушы ауылына аманесен жетіпті. Келген соң ауылдастарына: «Жол азабын көріп, тарығып келе жатқанымда құдайым мені кісі қадірін білетін үйге кез келтірді. Сүйегіме дейін су өтіп, малмандай болған мені ат үстінен қайтармай, үйіне түсірді. Серкеш сойып күтіп, есімді жиғызды. Жасаған жақсылық берсін сол шаңыраққа!» – деп көңілі көк аспанға шыға мақтаныпты. Сөйтіп, бір серкеш екі ерді талтаңдатыпты, – деп Бəкең жатқа білетін əңгімесін айтып шықты. Ата пейілденіп рақаттана күлді. Осылай мейірленіп күлгенде көзге көрінбейтін сиқырлы сəулелер үйге толып кеткендей, айнала көріктеніп сала береді. Алды қатты, өңі сұсты көрінетін атам жарқ етіп жадырап күлгенде қалтқысы жоқ жас баладан аумай қалады. – Тек қазақтың жаратылысына жарасып тұрған қасиет қой бұл! – деп ата ұшатын қырандай қомданып, екі иығы көтеріліп кетті. – Құдайдың құдіреті, əлгінде біз қонақ туралы сөйлеп отырғанбыз. Сенің серкешің соның жалғасындай ұласа кетті. Жоққа жүйрік жетпейді, бар болса, берген жақсы. «Жасырғаның жоғалар, бергенің оралар», – деп отырушы еді əжем марқұм. Ол кісі: «Берген үйде береке бар. «Берекем» деген – періштенің аты. Бермейтін үйде біте бар, «біте» деген – шайтанның аты. Пиғылы түзу адал адамның бергенінің есесін Алла өзі толтырады. Кіргеннің берекесін періштелер қорғап тұрады. Пейілден ортаймаңдар, мұқтажға қол созудан танбаңдар», – деп отырушы еді рахметлік. Айналып келгенде мұның бəрі – халқымыздың даралығы мен дарқандығы. Солай ма, Баха? Ата көңілі түскенде баласын осылай еркелете атап, жарылқап қоятын. – Солайы солай ғой, папа. Бірақ «төрге шығыңыз, төрге шығыңыз» деп жүріп, қонағы қожайын болып, өзі табалдырықтан ары сырғып қалған да сол қазақ емес пе? «Мына сөзді, шынымен, осы айтып отыр ма» дегендей ата баласына қадала қарады. Жаңа ғана жазыла сөйлеп, жадырап отырған атаның жүзі күреңітіп, маңдайындағы əжімдер бұрынғыдан да тереңдеп кеткендей көрінді. Сыздап тұрған бітеу жараның аузын тырналағандай көкірегін қарс айыра терең бір күрсінді де: – «Кезек – екі, Тəңір – бір, есең бүгін кетсе, ертең қайтады» деген бабаларым. Қанша қожайын болып қоқаңдағанымен шындық көзге бір шұқиды. Жердің – өз иесі, елдің өз киесі бар. «Көп асқанға – бір апат, кесірліге – кесапат», астамшылық аспаннан құлатпай қоймайды. Жамбасы жерге соғылғанда кірме екені есіне бір түсер. Дүние – дөңгелек, өзгеге істегенің алдыңнан еселеніп шығады. Ол – жаратылыс-тіршіліктің қағидасы. Тек қазаққа құдай ынтымақ-бірлік, намыс берсін де! Доклад окончен! Мен демалам. Кетіңдер! – деп ата бізден тезірек құтылғысы келгендей қолын сермеп, есікті нұсқады. Атаның көңіл күйі неге күрт бұзылды, əңгіме неге жылдам үзілді, ол жағын саралап жатпай, бүгінгі естігенімді күнделікке түсірдім. Ол 1973 жылы қарашаның он тоғызы, дүйсенбінің түні болатын. ...Осы əңгімеден бері талай таң атып, талай күн батыпты, талай су жерге сіңіпті. Ойың түгілі түсіңе кірмеген ғаламат өзгерістер өмірге келіпті. Ата-бабаларымыз армандаған, армандап қана қоймай, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, білектің күшімен қорғаған тəуелсіздікке, еркіндікке қолымыз жетті. Лайым ұзағынан болып, түбінің қайырын бергей! Менің бүгінде қайран қалатыным – атаның сөзі. Қонақ пен үй иесі туралы қарапайым əңгімеден өрби келіп, астарланып, құламастай көрінген алып мемлекеттің, құрыштай берік деген қоғамдық құрылыстың су аяғы құрдымға кетерін сол кезде қалай болжаған? Көзге шұқымай қоймайтын шындықтың бір келерін қандай құдірет аузына салған? Бүйрек түбінде бұғып жатқан ол сыр атамен бірге кетті.

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

7

* * * Ата жайдан-жай əңгіме бастамайды. Ал бастаған екен, ол тақырыпты мəресіне жеткізіп, тиянақтамай қоймайды. Телефонның бейсауат сылдыры себеп болған сəлем жайлы əңгіменің шетіне əлі шықпағаны анық. Оның ары қарай жалғасарына күмəнсізбін. Тек сары ала таңнан басталатын, бітпейтін, көзге көрінбейтін күйбеңнен жайбарақат отырып, əңгіме тыңдауға мұрша қайда?! Келімді-кетімді кісі бар, дайындайтын ас-суың бар, арасында дүкенге жүгіресің, ата мен Бəкеңнің редакцияларға, Жазушылар одағына апарып беретін, алып келетін жұмыстары да менің меншігімде дегендей, əйтеуір, күндіз тыным жоқ. Дамыл болатын, тыныштық құшағына оранған шапағатты түнді күтетінім сондықтан болар. Кешкі астан соң қазан-ошақ басындағы шаруаларымды реттеп бері шық-қанда Бəкеңнің атаның бөлмесі жаққа бара жатқанын көзім шалып қалды. Үлесімнен құр қалардай артынан үкідей ұштым. Бірақ есік алдына ентелеп жеткеніммен кілт тоқтадым. Тоқтаған себебім, кейде атаға кіріп барсаң, «мен сені шақырғам жоқ» деп қайтарып жібереді. Мен кез келгенге бұртиятын соншалықты өкпелегіш емеспін, бірақ та атаның əлгіндей қабылдауынан кейін ұнжырғам түсіп, бөлбірепсөлбіреп қалатын кемістігім бар. Қазір де жұбайымның артынан ербиіп əншейін бара салуға именшектедім. Өткенде Бəкеңнің соңынан ілесе кіргенімде баласына қарап «нөкеріңді ертіп неғып жүрсің» дегенде бөлмеден ытқып шыққанымды қалай ұмытайын?! Бəкең секілді құйқам қалың емес, сыртқа білдірмеймін дегенмен əсершілдігім опоңай əлсіздікке ауыса салады. Бұл – менің осал жерім. Соңынан опық жеп, өкінетін тұсым да – осы. «Қорықпас келін қой басынан қорқады» дегендей, көбінесе атадан қорқуға өзімді алдын ала дайындайтын сияқтымын. Сөз еститініме, бір нəрсені қисай-татыныма сеніп алаңдап жүрем де, атаның дауысы қаттырақ шықса, қарадай зəрем ұшып, жаным жаһаннамға бір барып қайтады. Əйтеуір, жаным шүберекке түюлі жүреді. Аса сезімтал, ерекше түйсікті ата менің болымсызға болбырап, жібім босап шыға келетін кемістігімді аңғарған-дықтан əдейі тарпаң мінезін жиі көрсете ме деп те қалам. Пышақ та өздігінен жүзделмейді, оны бабына келтіріп өткірлейтін асыл қайрақ қой. Мынау қызылжасыл көз тартып құбылған жалғанда адамдар арасында əділеттен қиянаты басым, мейірімнен гөрі қатыгездігі көбірек екенін жете білгендіктен, өз басынан оны көп өткізгендіктен мені жасық болмасын дейтін шығар. Тарпылмаған киіздей бос болмасын, жақсының да, жаманның да аяғының астында басылып жататын төсеніштей көнтері көнбіс болмасын деп сəт сайын қайрап, жанып шыңдайтын секілді. Оқта-текте шөлдетіп барып, қайнардың мөлдір суын бергендей көтермелеп те жібереді. Кеше «осы үйдің майлық-сулығысың» деп атақ-дəреже беріп, көмпитіп тастағанда əуеленіп-ақ қалғанмын. Жіп суырғандай ойымды суыртпақтай келе əкелі-балалы екеуінің қасына қаймықпай баратын сылтау тапқандаймын. Кешкі ас ішілгелі бері едəуір уақыт өтті. Ата шайды тамақтың соңынан кем дегенде жарты не бір сағат уақыт салып барып ішеді. Сол мерзім таяды, ата шөлдейтіндей уақыт болды. Шай жабдығын тездетіп жасап алып бара қояйын деп, өзімше ішкі есебімді түгендеп, іске кірісіп кеттім. Мен шай əкелгенде: – Қайырымды тірлік жасаған екенсің, – деп жатыр екен баласына. Бəкеңнің кешегі аяқтаған аудармасын айтқаны шығар деп болжамдап едім, сөз төркіні мүлде басқа болып шықты. – Пенде шіркін асығын күнде алшы түсірсе де, басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Ауырмайтын адам жоқ. «Аурудың емі – саудың сəлемі» дейді. Ең бір сауабы үлкен сəлем – сырқат адамның қолын алып сəлемдесіп, көңілін сұрау. Жаны мен тəні бірдей қиналып, «əлдеқалай болам» деп көңілі күпті, жүрегі қаяу тартып жатқан кісіге жылыжылы сөз айтып, рухын көтеру ауру адамның көңіліне – медет, бойына қуат береді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп тегін айтылмаған. Сол ауру адам, Алла емін салып жазылып кетсе, сенен жəрдем көргендей кездескен жерде ықыласы ерекше болады да жүреді. Неге десең, жайшылықтағы сəлемнен науқас кездегі сəлемнің орыны өзгеше, жөні бөлек сезіледі. Жаман айтпай жақсы жоқ, бұл дүниедегі татар дəмі таусылып, қазаны төңкерілсе, тірі кезінде сəлем беріп, көңілін сұрап тұрғаның үшін, тірлігінің соңғы күндерінде тілдесіп қалғаның үшін өзіңе риза боласың. «Əттеген-ай, сонда неге бармадым» деп өкініштің уыты жүрегіңді езбейді, – деді ата. Енді түсіндім, бағана Бəкең ауырып қалған жолдасының көңілін сұрап келген еді. – Ну-у, папа, төндіріп жібердің ғой. Оның науқасы қатты емес, жай ауру. Сырқаттанғанның бəрі өле берсе, Жер шарында адам қалмас еді ғой, – деді баласы. – Əңгіменің өзегін қуаламай отырсың, – деді ата. – Біріншіден, нақ сенің жолдасың туралы айтып отырғаным жоқ. Ауырып жазылған жан – олжа, аман-есен аяғынан тұрып кетсін! Екіншіден, адам ауыр науқастан кете ме, жеңіл-желпі сырқаттан кете ме, жоқ, қыңқ етпей қисая сала ма – бəрі бір құдайдың қолында. Сопылар «адам – əрі жол, əрі жолаушы» дейді. Кез келген адамның жетістік əрі қателіктерімен өзі басып өтер өмір жолы бар. Ол – соның жолы, яғни адамның өзі – жол. Сонымен бірге отырсаң да, тұрсаң да, ұйықтап жатсаң да, сен бұл пəниге уақытша келген жолаушысың. Бəріміздің баратын, тоқтайтын межеміз – бір. Сондықтан өлетін-өлмейтін кезін пенде білмейді. Бұл бір Аллаға аян. Ал, үшіншіден, біздің əңгімеміздің негізгі арқауы «сəлем берген – саулық береді» деген мəселе болатын. (Жалғасы бар).


ƏДЕБИЕТ

¦ÄIËÅÒ

М.Х.Дулати шығармашылық мұраларын зерттеу ісі 1999 жылы ұлы ғұламаның 500 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту кезінде жақсы қолға алынып, дулатитану саласында едəуір ілгерілеу басталған еді. Содан бергі аралықтағы жылдарда ғалым мұрасы əр қырынан, əр түрлі ғылым салалары өкілдері тарапынан зерттеле бастады. Арнайы зерттеу еңбектері де жарық көрді, алайда, іргелі зерттеу еңбектері əлі жазыла қойған жоқ. Сонымен қатар, ғылыми құндылығы түкке тұрғысыз, «антинаучный» еңбектер де жазылып, дулатитанудың тұнығын лайлаушылық фактілері де орын алуда. Кейбір жалған ғалым атын шығару үшін Дулати мұрасын қарақан басының бас пайдасына пайдаланып кетуде. Дулатитануда фальсификацияға жол беріліп келе жатқанына да көз жұма қарай алмаймыз.

Одан əрі «Түркі халықтарының ортақ əдебиеті (?) б.з.дейінгі V- VI ғасырлар аралығында Афрасиабтың өліміне байланысты жоқтау өлеңдерінен басталады» деген сөлекет сөйлемді тағы да оқисыз. Ортақ əдебиет, ортақ мəдениет, ешуақытта болған емес, сондай-ақ, ортақ ғалым да, ортақ тарих деген ұғым да жоқ, Жеменей жоқ нəрсені қайдан аласың? Керісінше, əлдебір мұраға қатысты болса, онда бəрімізге ортақ деуге болар. Осы жоқтауды Жеменей «М.Қашғари ел аузынан

Əдебиеттану ғылымы «ерінбеген етікші болады» дегеннің ісі емес ішіне тықпаланған ниеті түзу емес пиғылының көрінісінен басқа дəнеңе де емес. Пайғамбарды аударманың негізін салды деген пікірді қайдан алған десеңізші? Жеменей тіпті пайғамбарды əдебиеттанушы етіп көрсетуден тайынбайды! Ол түрік, араб, парсы үштігі деген де ешкім қолданбайтын ұғымды жаңалық етіп тықпалайды. Мұндай үштік өмірде болмаған, қате нəрсе, ал мəдени ауыс-түйістің орны бөлек. Жеменей ислам өркениеті туралы жазамын деп, ойын «тисе терекке, тимесе бұтаққа»

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

сөйлей ме? Қарапайым түсініктің өзін өңін теріс айналдырып, қарабайырландырып іркестіркестендіріп жіберетіні сонша – мынаған дауа жоқ екен дейсің! Тіл білімі өз алдына үлкен ғылым саласы, ол саланы Жеменей мына түрімен ұлты қазақ болса да ешуақытта игере алмасы мəлім. Сондықтан өзің білмегенге қол артудың – өзі нағыз жөнсіздік болып шығады. Жеменей «Тарих-и Рашидиден» 80-дей қазақ сөзін келтіреді. Соның ішінде 1-кітаптан 34

Дулатитанудағы дімкестіктер Мырза Мұхаммед Хайдар туралы, əсіресе, шығыс ғалымдары көп жазды, оның «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегін олар өз зерттеулерінде молынан пайдаланды. Ал ол еңбектерді оқу үшін тіл білу, парсы тілін игеру қажет, бірақ, ондай мамандар, дулатитану саласында, тапшы болып отыр. Осындай жағдайды пайдаланып Дулатиға байланысты шетел ғалымдарының еңбектерін көшіріп, «өз зерттеу еңбегі» ретінде ұсынып келе жатқан контрабандалық іс-əрекеттерге де тосқауыл қоя алмай келеміз. Біреудің еңбегін көшіріп алып кітап етіп жариялау сияқты өріс алып кеткен алаяқтық əрекеттермен күресетін, идеологиямен айналысатын ресми орган болмағандықтан қазақтың мəтелінде айтылғандай «құзғын қарға əулие ағаштың басына отырып саңғытқысы келеді» дегеннің керін көріп отырмыз. Көріп көзіміз жеткен нəрсеге азаматтық пікірімізді білдіруді парыз деп санаймыз. Биыл ұлы ғұламаның туғанына 515 жыл толды. Осы айтулы датаға орай М.Х.Дулатидің «Тирих-и Рашиди» атты еңбегінің ташкенттік жəне душанбелік қолжазбалар негізінде дайындалған парсы тіліндегі нұсқасы жарық көрді. Екіншісі, И.Жеменей мен А.Жеменейдің «Тарих-и Рашиди энциклопедиялық туынды» деген 125 беттік кітабы басылып шыққан. Аты айқайлап, мен мұндалап, жұрттың қолынан келмегенді біз атқарып тастадық дегендей жарнамасы ықтырып тастарлықтай қампиып көрінеді екен. Біраз дүниені көтеріп, бұл еңбекте оқырмандарға тың нəрселер ұсынған шығар деп ойлап едік, оқып шыққанда көңіліміз су сепкендей басылды да қалды, зілзалаға, дүлей дауылға ұшырағандай есеңгіреген халге тап болдық. Кітаптың аты затына сай емес, керісінше қайшы болып шыққан екен. Кітаптың ғылыми кеңесшісі – М.Мырзахметов, баспаға дайындаған дінтанушы А.Жеменей деп көрсетіліпті. М.Мырзахметов осы жобаның жетекшісі. Бірақ, оқырман үмітін ақтар, сенімнен шығар еңбек ете алмаған. Оны кітаптың аннотациясынан-ақ байқайсыз: бірінші сөйлемін оқығанда-ақ омақаса сүрініп құлайсыз, автор: «Тарих-и Рашиди» еңбегінің көп қырлы екендігіне қатысты(?) энциклопедиялық туынды (?) ретінде қарастырады» деп əрі қарай қолжазба еңбекте (?) осы шығарманың үш саласын (?) қамтиды: тіл, əдебиет, тарих, деп нені зерттегені туралы дұрыс түсінік берудің орнына адам түсініп, ажыратып ала алмайтын қойыртпаққа айналдырады. Үш абзацтан тұратын андатпада 10-ға жуық былдыр батпаққа батырар қате жіберген. Аннотациясын оқи алмай аңырып дал боласыз. Кітапты одан əрі оқыған сайын батпаққа бата түсесіз. Себебі, «Тарих-и Рашиди» үш салаға: тіл, əдебиет, тарих етіп жіктеп оның энциклопедиялық еңбек екенін қалай дəлелдемексің! Мəселенің қойылысы, зерттеу методологиясының өзі қате, қате болғанда да өрескел, сорақы қате. Тіл туралы не айтты дегенге келсек, Жеменей «Тарих-и Рашидиде» 100 дей түркі сөзі бар дейді. (Дұрысы қазақ сөзі емес пе?) Сол сөздерді тізіп (оның өзі де кейбіреуі ортақ сөздер) түсініктеме бермек болады, ал əдебиетке қатысты ешнəрсенің мəн жайын қамтып баяндай алмаған екен, «Тарих-и Рашидидің» табиғатын ашып беру түгілі маңайына да жолай алмай, мүлдем шалғайда қалған, шалағай шимай шатпақтар. Жеменей айтып отырған үшінші саласы – тарих. Ал Жеменейдің «Тарих-и Рашидидің» тарихи қырын ашпақ болған əрекеті де қаракетсіз жағдайда қалған, бұл нағыз схематизм. Əмір Темір, Захараддин Бабыр, Хұмаюн, Акбар шаһ, Жаһангир, Сефафи (Сəфи емес) династиясы туралы Дулати шығармашылығына қабыспайтын, өмірбаяндық көшірме материалдар. Тіпті қатысы шамалы парсы патшаларын да кітаптың көлемін ұлғайту үшін күштеп кіргізген. Ал материалдардың жазылу деңгейі сын

8

ған үшінші саласы тарих деп тоқталып кеткен едік. Шын мəнінде ол тарих емес, тарихи тұлғалар, олардың қысқаша өмірбаяндары. Бұл тараушадағы материалдар таза компилятивті мақалалар, «Тарих-и Рашидимен» байланыстырыла қарастырылмаған, оған автордың шама-шарқы да жетпеген. Кітаптың көлемін ұлғайту мақсатында тоғытылған талғамсыз жазылған шикі нəрселер. Тіл, əдебиет, тарих деп жіктеп көрсетіп зерттеу жүргізуді мақсат еткен автордың еңбегінен толымды жауап ала алмадық, оның үш тақырыбы да сол өлі күйінде қалған, ал зерттеу дейтін зерттеуі «Тарих-и Рашидидің» энциклопедиялық туынды екенін дəлелдемек түгілі, тақырыптың маңайына да жолай алмай қалған, содан бұл еңбек мазмұны дімкес, тілі

немесе сапасы сан соқтырған еңбек

көтермейді, түсініксіз сөйлемдер, бұлдыр пікір, теріс пайымдардан басыңыз айналады. Жеменей көтеріп отырған үш сала «Тарих-и Рашидидің» энциклопедиялық туынды екенін дəлелдеп бере алмаған, өйткені зерттеу нысанасы қате. Жеменей не əдебиетші, не тарихшы, не дінтанушы емес, себебі, базалық білімі жоқ, оның үстіне қазақ тіліндегі сөздік қоры өте жұтаң, сөйлем құрауға оралымсыз, оның өзі сөзді енді-енді құрауды үйреніп жүрген 3-4 жасар баланың кейпін елестетеді. Сондай мүшкіл халін біле тұра, өз мүмкіндігінен асып түскісі, өз бойынан биік секіргісі келетіні кісіні қайран қалдырады! Кітап «Ортағасырлық ислам мəдениетіне кіріспе» деген мақаламен басталады. Бұл өте үлкен тақырып, араб мəдениеті жəне тарихымен тереңірек айналысып, өмірі осы саланы зерттеуге арнаған ғалым болмаса, қызығушылық пиғылда жүрген, əуесқой мəдениеттанушы оның мəн-маңызын ашып бере алады деп айту қиын. Жеменей күрделі тақырыпқа жүрексінбей барыпты. Сонда нені айтқан дейсіз ғой. Бірінші сөйлемін оқиықшы: «Ислам əлемінде VII-XV (?) ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтар (?) мен əдеби туындылар (?) əлем мəдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт (?) берді» деп, іркес-тіркес, ой нақтылығы жетіспейтін, адамды кері итеріп тастайтын сөлекет сөйлемдермен басталады. Нақтылық жоқ жерде ол қандай ғылыми жаңалықтар, ол қандай əдеби туындылар, ол қандай бағыт деген сұрақтар туындамай ма? Одан əрі «Түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты» дейді. Сонда түркі өркениеті деген ұғым қайда, біз неге бəрін ислам өркениетінің шекпеніне сүйрей береміз? Түркілерді Жеменей ислам өркениетін дамытты дейді де «Сол себепті исламдық ғылым мен əдебиетін тану – түркі дүниесі үшін бүгінгі заманның өзекті мəселесі» деген өзі де түсініп болмаған тұжырым жасайды. Түркілер өркениетті дамытса, ол исламдық емес, түркілердің мəдениеті болады. Ал əбден зерттелініп бағасы берілген VIIІ- ІХ ғасырлардағы ислам өркениеті бүгінгі таңда біз үшін қалайша өзекті мəселе бола алады? Жеменей ислам өркениеті деген не, соның басын ашып алуы керек, ал оны жасай алмаған. Алғашқы сөйлемінен шатасқан Жеменей, одан əрі шала оймен, шалағай пайымының шылғауына шырмалып, «Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Əзербайжан, Кипр мемлекетімен бірге Татарстан, Алтай, Саха тағы басқаларының ислам дамуына (?) қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған еңбектері (?) болып саналады», – деп бір түйіндемек болған. Осы жерде Алтай, Саха, Тувалықтарға ислам діні таралмай қалғандығын да ұмытып, бұл республикаларды исламды дамытушы етіп «тың» бұрын-соңды ешкім есітіп білмеген пікір айтады.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

жинаған төрттік топтамасы» (?) ретінде «Диуани-и луғат ит-түрік» атты кітабына енеді». Осы «төрттік» (?) түркітектес халықтарының көркем əдебиетінің бастауы» деп қате теориялық тұжырым жасайды. Жеменей өлең сөздің құрылысының теориясынан бейхабарлығын көрсетіп қана қоймай, өзі танып білмеген мəселе туралы жаңсақ пікірін тықпалай түседі: «Төрттік» деген не нəрсе десек, төрт тағанды айтпақ болғаны екен. «Парсы тілді ақындар түркі төрттігінің» формасын (?) алып, өздеріне тəн өзіндік өлшемімен төрттіктер (?) жырлай бастады» деген сөлі жоқ, мəнсіз мəтінді тіпті оқи алмай қиналасың. Бір беттің өзінде он алтыдан астам өрескел қате кеткен, стиль туралы айтуға да болмайды. Сонда бұл қандай ғылыми дүние болмақ, ислам мəдениетіне қатысты ой қайда қалған? Есі дұрыс тұжырым жоқ, түйін жоқ сөлекет сөйлемдер тіркесінен басқа ештеңені де оқи алмай қиналасың. Өркениет туралы тұрпайы пайым, жадағай ой, тұлдыр пікірлер – тізбегі болған да шыққан. Бір беттің өзінде де құрттай быжынаған өрескел қате өріп жүр, «мынауымыз қалай болар екен?» деген ғылыми кеңесшінің де, авторлардың да қаперлеріне ешнəрсе кірмеген. Тіпті, ғылымды исламдық ғылым деген соң не деуге болады?! Дүниеде ағылшындық, орыстық, үнділік деп жіктелетін ғылымды кім есітіпті! Əлемде есітіп білмеген осындай қойыртпақтарды оқығанда жағаңды ұстайсың. «Сапалы мазмұндағы тақырыптар», «араб, парсы, түркі мəдениеттердің тоғысы» сияқты құлақ естімеген сөздерді шұбырта берген. Жүйе деген мүлде жоқ. Жеменейдің Мұхаммед пайғамбарымыз туралы өрескел, бас бұзып, көз шығарар қателікке саналы түрде барғанын оқығанда мұсылман баласының жаны түршігеді. Ойлап таппайтын, «жер астынан жік шығаратын, екі құлағын тік шығаратын» сұмдыққа барып, соған оқырманды иландырмақ болады. Шалағай ғалымсымақ: «Мұхаммед (с.ғ.с) Алла тарапынан пайғамбарлыққа тағайындалған (?) соң, игі істерінің бірі аударма саласына ерекше көңіл бөлгендігі». Есі дұрыс дінтанушы пайғамбарлыққа тағайындалды деп жаза ма, бұл пайғамбарлықты лауазымдыққа айналдыру болып табылмай ма? Алланың Мұхамедті пайғамбарлыққа тағайындағандығы туралы жарлығы, бəлкім, Ислам Жеменейдің архивінде сақтаулы тұрған да шығар. Пайғамбарды мəдениет уəзіріндей грек, иран, үнді елдеріндегі шығармаларды араб тіліне аударуды бұйырды деп езеурейді. «Пайғамбар іргесін қалаған аударма «жалғасын тапты» деп одан əрі көк езуге салынады. Алланың жердегі елшісі пайғамбарымыздың миссиясын Жеменейдің білмейтіндігі кісіні таң қалдырады. Пайғамбарымызға қатысты мұндай жөнсіз қате, теріс тұжырым жасау нағыз сорақылық, нағыз масқаралық, бұл біздің надандығымыз болып табылмай ма? Бұл пайғамбардың тарихи орны мен рөлін бұрмалап жүргендердің мəтін

барып ұлытқан. Түркі өркениеті деген ұғымның мүлде айтылмайтындығына қайран қаласың! Ислам мəдениеті туралы Жеменейдің айтқан пайымдары керісінше, мəдениетсіздіктің шектен шыққан көрінісіне айналған. Бас-аяғы 7-8 беттік материалда тұнып тұрған қатеден көз алмайсың, кітап беті ойпікір қателігінен, теріс тұжырымдардан, ми қатпа сөздерден аяқ алып жүргісіз. Жеменей дінтанудан мүлдем алыс, оның мəнін түсіне алмайтынын көрсетіп берген. Жеменейдің ойлау, пайымдау деңгейі қандай болса, оның жазған мына шимай-шатпағы дəл соның айқын, боямасыз көрінісі болған да шыққан. Ол өзінің кісі күлерлік сандыраққа ұрынып отырғанын байқамай ма, əлде жұртты алжасқан деп санай ма? ХХІ ғасырда əлем баспасөз бетінде мынадай сауатсыз кітап шығарып, ғалым деген атты жамылып жүрген біздегі пенделердей, шығыстанушы «шарлатандар» жоқ та шығар. Ислам өркениетіне қатысты Дулати туралы тіс жарып ештеңе айта алмағаны өкінерлік іс. Еш болмаса өзгелердің пікірін, тиісінше, жеткізіп бере алмауы өкінішті! «Тарих-и Рашидидің» қолжазба нұсқалары мен аудармалары туралы» тақырыпшада Ə.Дербісəлінің «М.Х.Дулати. Библиографиялық көрсеткіш» атты еңбегіндегі деректер жартылай келтіріліпті, сипаттама деңгейінде жазылған, талдау жоқ. Бұл тараушадағы стильдік ала құлалық, қате тіркестерден көз сүрінеді, оларға тоқталып, уақыт алғымыз келмейді. Осы еңбекке қабыспайтын «Текстологияның мəні мен маңызы» деген тараушада да автор текстология жөнінде, оның теориясы туралы өте үстірт пайымдайды. Текстология «шындық пен жалғандықты» ажыратады деуі көңілге қонбайды. Текстологияның міндетін терең түсінбей тестологиялық жұмыс жүргізе алмайсың. Текстолог болу үшін нағыз ғалым болу шарт, тілді терең білетін ғалым болу қажет, сонда ғана бұл салада өнімді еңбек етуге болады. Өзіңнің базалық білімің болмаса, ғылыми ойлауың қалыптаса қоймаса, онда қандай текстолог туралы сөз болуы мүмкін. «Тарих-и Рашидидегі» қазақ мəдениеті мен тіліне қатысты сөздер» деген тараушада да материалды беруде жүйелілік мүлде жоқ, бірді айтып, бірге көшіп кете берген. Мұнда да ешбір ғылыми негізі жоқ ағат, қате пікір өріп жүр. «Еңбекте қазақ сөздерін айқындауда екі мəселеге жете көңіл бөлген жөн, біріншіден түркі-шағатай (?) тілінде оғыз жəне қыпшақ диалектісінің қолданылуы, ол тілдің бүкіл түркілерге ортақ тіл (?) болуына себеп болды (?)». Бұл нағыз теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да алып қарағанда негізсіз долбар. Түркі – шағатай деген тіл бар ма? Шағатай тілі дегеніміздің өзі көне түркі тілі емес пе! Ал оғыз да, қыпшақ та тегі түркілер, парсылар емес, олардың диалектісінің негізінде түркі тілі пайда болды деп айту – ғылымда əлі ешкім айта қоймаған «жаңалық». Жеменейдің «ортақ түркі тілі» дегені де еш жерде жоқ нəрсе, ортақ орыс тілі, ортақ араб, ортақ парсы тілі деп

сөз, екінші кітаптан 30-дан аса сөзді теріп, өзінше сөздік жасап, аудармасын беруге тырысады. Бірақ сөзді тізу бар да, оны ғылыми тұрғыдан жанжақты талдау бар. Ал Жеменей талдауға келгенде тайқып кетеді, жеңіл нəрсемен алдауратады. «Қазақ» сөздеріне орай зерттеулер» деген мақалада автор: «Қазақ сөзін бірде этникалық ұғымында, кейде лексикалық мағынасында (?) пайдаланып келген... Тілдің ерекшелігі – тартымдылығы қуатты (?) сөзде ... əр тілде сөздің ұғымдық аясы, түйсік кеңістігі (?) əртүрлі. Сол үшін əрбір халықтың тілінде өзіне тəн ерекшелік, артықшылық, тартымдылық пен кеңістігі (?) болады» деп шала «теориялық» тұжырым жасауға əрекеттенгендей, бірақ, онысынан да ешнəрсе шықпаған. Тіл мəселесінде екі ағаштың арасында адасып, дал болған «шығыстанушы» одан кейінгі баяндауларында да осы өзіне ғана түсінікті сарынмен тарта береді. Лексикалық мағынада қолданылмайтынын, керісінше лексикалық мағына деп айтылатынымен де жұмысы жоқ. Дулатидің «қазақ» этнониміне қатысты пікірлерін талдап, таразылап берудің орнына тағы да мəнсіздікке ұрынады. Тіпті онысымен қоймай, кітаптың 54-бетінде Дулатиға күмəн келтіретінін қайтерсің! «Моғол мен қазақ арасында достық пен бейбітшілік болған. Бірақ, Рашид сұлтан оны жойды», деп берген мəліметтерге күмəнмен қарауға тура келеді» дегенін оқыған кезде, керісінше И.Жеменейдің өзінің əрбір сөзінің жазылуына, тұтастай кітабының мазмұнына толықтай күмəнмен қарауға мəжбүрміз дегіміз келеді. Себебі, ғылымилықтан жұрдай бұл еңбек күлдібадам дүние, күл-көмеш нəрсе болып шыққан! Біз мына түрімізбен қайда бара жатырмыз? Ғылымның өзегіне құрт түсіріп алған жоқпыз ба осы?! «Тарих-и Рашиди еңбегінде кездесетін түркі өлеңдерінің қазақ тіліндегі аудармасы» тараушасында «Тарих-и Рашидидің» 1-кітабынан 18 жол түркі өлеңін аударып беріпті. Түркі тіліндегі өлең үзіктерін аудару бұл енді парсы тіліндегі өлеңдерден əлдеқайда жеңіл болуға тиіс еді, амал не, өзіміздің түп тілімізден де нашар шыққан. Жеменей сөздің мағынасын, əуезін, интонациясын, экспрессивтіэмоционалдық мəнін терең сезіне алмайды. Содан түркі тіліндегі өлеңнің өзі мағынасы түпнұсқадан алшақтап, тіпті кісі түсініп болмас формаға түскен. Бірде-бір өлең шумақтарының мазмұнының жолмажол дұрыс аударылмағаны өкініштіақ! Екінші кітаптан түрік тіліндегі 24 жол өлеңді аударыпты. Бұл өлеңдердің де аудармасы мүлдем мағынасынан айырылып, жапырағы желге ұшқан ағаш бұтағындай сыйдиып қалған. «Дүние жима дүниенің көптеген қасіреті бар, Көңіл елін жаула көрші қандай мол дүниесі бар». «Дүние тұрғыны бұл дүниеден опа көрмегей (?), Не бақыт, ол ерікті (?) бұл дүниемен іс болмағай». Аударма ісі –шығармашылық жұмыс, ол екінің бірінің ығына бейімделіп, илеуіне көне бермейді. Оның үстіне көркем аударма – аудармашы бойында талант болмаса, көркемдік ойлау, шығармашылық қиял, ең бастысы бай тілі болмаса, онда өлі дүниеге айналып кетеді. Жеменей өз тілімізге жақын түркі тіліндегі өлеңдерді қиыстырып, жеңіл оқылатын, мағынасын түсінікті етіп жеткізіп аудара алмай əлекке түскен, əйтеуір аударды деген аты ғана, өлең мəн-мағынасынан айырылып қалған. Өлеңнің поэзиялық сипаты сезілмейді, мүлдем көмескіленген. Жоғарыда Жеменейдің қарастыр-

өте қасаң ғана емес, жұтаң, ғылыми мəні түкке де тұрғысыз күлдібадам – халтура болып шыққан. Əлемге əйгілі тұлға туралы еңбекті ғылыми кеңесші – үстірт қана оқып, сыртына қарап, жақсы екен деп шалағай, шикі дүниеге жол болсынын айтқан. Ал Жеменей болса, бұған дейін талай дүниелерді шығардық деп өзінің жазғанына нық сенімді болған. Нəтижесі «сенген қойым сен болсаң»... болып шыққан ғой! И.Жеменей З.Бабырдың атақты «Бабырнамасының» Б.Қожабеков ағамыздың аударғанына көңілі толмай, түркі тілін менен артық кім біледі деп аударып жатқанын білдік. Сол аударманың бір бетін оқырман хабардар бола берсін деген оймен осы кітапқа енгізіпті. Жеменей ұлы жазушы, ақын, мемлекет қайраткері Бабырдың еңбегін былай тəржімалайды: «Тəңірі Тағаланың (?) қалауымен, жаратылыс төресінің (?) шарапатымен, шадиярдың пəк талабымен (?) сейсенбі күні рамазан айының бесінде, жыл санаудың сегіз жүз тоқсан тоғызында (1494) Фарғана уалаятында он екі жаста патша болдым. Фарғана уалаяты бесінші ықылым (климат) қатарына жатады. Егістіктермен гүлденген (?) сызықта (?) орналасқан... Мұнда жануарлары, құстары көп болады, қырғауылы өте семіз. Əңгімелерге қарағанда (?) бір қырғауылды ішек-қарнымен бірге (?) төрт кісі жеп тауыса алмайды.... Сөйлеу мен жазу тілі бірдей болған (?)... Ə.Науаидың шығармалары барлық жерге тарап, көптің тіліне айналған (?)». Классикалық шығарманы аударғандағы сиқы осы, еш болмаса, Ұлы жаратушының атын дұрыстап жаза алмау деген не сұмдық! Қазақ Тəңірі тағала демейді. Алла Тағала деген, Құдайды жаратылыс төресі деп ешуақытта қолданбаған, төре деп Шыңғыс хан ұрпақтарын айтқан, Алланы төренің деңгейіне дейін төмендетіп жазатындай не көрінді!.. Алламен ойнау ма бұл, қалай түсініп, ұғуға болады. Қырғауылды ішекқарнымен бірге жейтіндей, құстың ит те жемейтін ішек-қарны емге дəру ме екен? Жеменей қарапайым сөйлемдерді жансыз, қан-сөлсіз, шырайын кетіріп қаусап тұрғандай етіп жеткізуден қанша тыраштанса да асып кете алмапты. Аударма өнерінен мүлдем алыс адам, аударма ісі Жеменейге қол емес. Соның айқын мысалы – оның өз аудармасы. Ренжісе, пікірімізді ашық жазып отырған бізге емес, өзінің қабілетсіздігіне ренжуге тиіс, сол əділ болады. Екі-үш абзацты дұрыстап аудара алмаған Жеменейдің осыдан кейін «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен тікелей қазақ тіліне аудардым деп айтуға қалай аузы барады десеңші! Біз ешкімге тыйым салмаймыз, алайда Дулати, Бабыр сияқты ұлы тұлғалар туралы күлді-көмеш, күлдібадам, милау мəтінді, сақау тілде ми қатыртпақ сөйлемдермен кітап жазғаннан, бұрынғыдай иранның шырынын қайта сатуды бастасаң, қоғамға сол пайдалы дейміз. Əдебиеттану ғылымы «ерінбеген етікші болады» дегеннің ісі емес. Бетімен кетушілікке, өзімбілушілікке, оқырманды шатастыруға тыйым салынуға тиіс деп білеміз. Ал Жеменейдің М.Мырзахметов кеңесшілігімен дайындап, парсы тілінде жарық көрген М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашидиі» де осындай сəтсіздікке ұшыраған. Маман иранист текстологтар бұл еңбекті оқып, əр бетіндегі 70-тен аса қатені көріп қатты түңілді. «Өз пікірімізді жазып береміз, кітапты таралымнан алып тастау керек» деп достық пейілін білдірді, «халықты алдамайық» деді. Мұхтар ҚАЗЫБЕК, М.Х.Дулати қоғамдық қорының директоры, дулатитанушы, жазушы.


Жылқы жылы біздің саңлақтар үшін жаман болған жоқ

ЖЫЛ ЖЕМІСІ

¦ÄIËÅÒ

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

ТҰЛҒАЛАРДЫ ТАНЫТҚАН ТҰСАУКЕСЕР (Соңы. Басы 2-бетте). «Классикалық зерттеулер» сериясының 28-томы «Абай жəне əдеби мұра» деп аталады. Кезекті томға көрнекті əдебиеттанушығалымдар, филология ғылымының докторы, Мұратбек Бөжеевтің «Замана кейіпкерлері» атты ғылыми еңбегі жəне Қазақстан ҒА мүшекорреспонденті, филология ғылымының докторы, профессор Ы.Т.Дүйсенбаевтың «Ғасырлар сыры» атты зерттеулер жинағы мен Қазақстан ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымының докторы Ə.Ж.Дербісəлиннің «Дəстүр мен жалғастық» атты монографиясы еніп отыр. «М.Əуезов шығармаларының көркемдік поэтикасы» атты 29-томға Айқын Нұрқатовтың «Мұхтар Əуезов», Рымғали Нұрғалидың «Əуезов жəне Алаш» атты кітаптары енді. Томға 1 баспа табақ көлемінде алғысөз (Д.Қонаев) жəне 1 баспа табақ көлемінде түсініктемелер жазылды (Р.Əбдіғұлов, К.Рахымжанов). Томға берілген көлемге орай монографиялардың бірер тараулары қысқартылды. Алғысөзде Айқын Нұрқатов пен Рымғали Нұрғалидың қысқаша шығармашылық өмірбаяны беріліп, ғылыми жұмыстарына шолу жасалып, томға берілген екі монография арнайы талданды. Түсініктемелерде аталған монографиялардың басылымдық жолын көрсетіп, қажетті жерлерге түсініктемелер берілді. Т.Нұртазин, М.Қаратаев, Х.Əдібаев еңбектерінен тұратын 30-том «Заман жəне əдебиет» деп аталады. Кітапқа Т.Нұртазиннің «Бейімбет Майлин творчествосы» (ІІІ,V тараулары), М.Қаратаевтың таңдамалы зерттеулері («Қазақ поэзиясының Құлагері», «Əлемге əйгілі эпопея», «Сын атасы – Виссарион», «Сын шын болсын, шын сын болсын», «Қырық жылда», «Поэзиядағы дəстүр мен жаңашыл-

дық»), Х.Əдібаевтың «Талант. Талғам. Тағдыр» монографиясының V,VІ тараулары енгізілді. «Классикалық зерттеулер» сериясы бойынша шыққан «Драматургия туралы зерттеулер» 31-томына С.Ордалиевтің 1964 жылы «Қазақ драматургиясының очеркі» атты кітабынан төрт тарауы енгізілді. Сейділда Ордалиевтің «Қазақ драматургиясының очеркі» атты қазақ драматургиясының тарихын зерттеуге арналған монографиясы тұңғыш рет 1964 жылы жарық көрді (Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. – 275 б.). М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтында орындалған жұмыстың жалпы редакциясын басқарған – Ə.Тəжібаев. Еңбекте 1917-1960 жылдар аралығындағы қазақ драматургиясының бастыбасты шығармалары идеялық мазмұны мен жанрлық ерекшеліктері жағынан зерттелген. Мұнда қазақ драматургиясының ертелі-кейінді жазылған ірілі-ұсақты шығармалары толық қамтылмағандықтан, «Қазақ драматургиясының очеркі» деп аталған. «Ұлт зиялылары қазақ музыкасы туралы» атты кітап «Классикалық зерттеулер» сериясының 32-томы болып табылады. Қазақ руханияттылығында Алаш зиялыларын ұлт музыкасының өмірдегі мəні мен сəні, көркемдігі, мазмұны, эстетикалық маңызы, оның адамның жан дүниесіндегі орны мен əсері, жүрек сырын ашатұғын құдіреті жəне т.б. киелі қасиеті көп ойландырып, толғандырған. Сондықтан музыка туралы (оның ішінде əсіресе əн жəне күй жанрлары) оқымыстылардың, қаламгерлердің шабыты мен ізденістерінен туған көптеген мақалалар мен очерктер жазылған болатын. Олардың авторлары Шоқан мен Ахаңнан басқа – Қ.Жұбанов пен А.Жұбанов, М.Əуезов, С.Торайғыров, Ə.Марғұлан, Ғ.Мүсірепов, А.Əл-

Машани, Л.Хамиди, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, жəне т.б. Аты аталған өнер жəне əдебиеттің көрнекті өкілдерінің шығармашылығында музыкаға қатысты көптеген күрделі мəселелер жан-жақты қарастырылған – оның адамға деген əсері, шығу тарихы, көркемдік сипаты, ұлттық колориті, ішкі құрылысы, оның орындалуы, кешегісі мен қазіргі болмысы жəне өзге де өзекті проблемалар орын алған. «Избранные труды по театроведению» атты 33-томға Л.П.Сарынова, Л.И.Богатенкова, О.В.ВсеволодскаяГолушкевич, Д.Əбіровтың еңбектері енді. Кітап XX ғасырдың 70-90 жылдарындағы Қазақстанның кəсіби театртанушылық ойларынан, осы салада еңбектенген зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен құралды. Еліміздегі ұлттық, орыс жəне балалар театрларының режиссурасы, актерлық шеберлігі, репертуарлық мəселесі, ұлттық би өнері мен классикалық балет өнерінің төңірегіндегі келелі

мəселелері, қазақ би өнерінің тууы мен дамуына деген авторлардың өзіндік пікірлері осы томда қамтылады. Кітапқа республиканың белгілі театр сыншылары мен ғалымдарының жазған зерттеулері мен монографиялық еңбектерінен жекелеген тараулары іріктеп енгізілді. Олар: Л.П.Сарынованың «Қазақстанның балет өнері», Л.И.Богатенкованың «Қазақтың заманауи сахналық өнері», «Театр: ізденістер мен үміттер», «Адамды естіп ұғыну», О.В.ВсеволодскаяГолушкевичтің «Бақсы ойыны», сондай-ақ, Д.Т.Əбіровтың «Қазақ биінің тарихы». «Əдебиеттану жəне əдеби сын» атты 34-томға 1960-1990 жылдардағы əдеби сыншылар: М.Дүйсеновтің «Əдебиеттің мазмұны мен формасы жайында», «Əдеби форманың кейбір мəселелері»; Т.Тоқбергеновтің «Тарлан ашқан талант», «Əдеби сынға əділет керек», «Көкірегі көктем жыр»; А.Сүлейменовтің «Түр туралы бірер сөз», «Тағы да «Дала сыры» туралы», «Елең-алаңдағы дүбір», «Тəкеннің

шаңқаңбоздары», «Əбіштің қоңыр даласы», «Өлшеніп өнер тартылса», «Болмыспен бетпе-бет»; С.Əшімбаевтің «Əдебиет жəне мораль», «Парызға лайық парасатты сөз», «Азаматтық позиция – айқындаушы күш», «Азаматтық формуласы»; З.Серікқалиұлының «Сын жəне жауапкершілік», «Роман жəне біз», «Ойлы досқа айтар сөз»; С.Жұмабектің «М.Əуезов пен А.Сүлейменовке тəн көркемдік танымдар», «Жұлдызы нұрлы суреткер», «Стиль. Ізденіс», «Титан талант тұрлаулы өнер»; Б.Майтановтың «Төлқұжаты таланттың», «М.Əуезов жəне қазіргі проза тілі», «Көгілдір əлем, кең дүние», «Сыншының беделі» атты кəсіби биік деңгейлі зерттеулері енгізілді. «Ұлы дала тұлғалары» сериясының «Құрманғазы» атты томын дайындауға өнертану докторы, С.Күзембай, өнертану кандидаты Б.Тұрмағамбетова мен З.Қасымова қатысты. Серияның келесі «Күлəш» атты томында көзінің тірісінде «Қазақ Бұлбұлы» атанған Күлəш Байсейітова-

9

ның ғұмырнамалық жəне шығармашылық келбеті, сахнада сомдаған образдарының көркемдік қырлары зерделенді. 2014 жылы «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша «Ə.Қастеев» томын дайындау барысында Ұлттық кітапханада, Орталық ғылыми кітапханада, Ə.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының кітапханасында, Қазақстанның мемлекеттік мұрағатында ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылды. Кітапқа Əбілхан Қастеевтің шығармашылығы туралы əр жылдарда жазылған естеліктерден үзінділер кірген. Қазіргі суретшілердің де айтары назардан тыс қалмаған. Айғақтардың молдығы қазақ кескіндеме өнерінің атасы атанған суретші шығармашылығы туралы, өміріндегі қызықты сəттері жинақталған жазбалармен дəлелденеді. «Ғылыми қазына» бағдарлама аясында шыққан «Классикалық зерттеулер» жəне «Ұлы дала тұлғалары» сериялары қазақ əдебиеті тарихы мен теориясына, өнерге қатысты озық ойлы зерттеулерді тəуелсіздік дəуіріндегі ұлттық таным тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік берді. Кітаптар «Əдебиет əлемі» баспасынан шығыпты. Тұсаукесер барысында Ұлттық Ғылым академиясының академиктері Серік Қирабаев, Сейіт Қасқабасов, Əділ Ахметов, Ғарифолла Есім, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Алдан Смайыл, Оразгүл Асанғазы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, белгілі қаламгерлер Əнес Сарай, Несіпбек Айтұлы, Қажығали Мұханбетқалиұлы жəне тағы басқа белгілі жазушылар мен ғалымдар сөз сөйлеп, институт шығарған басылымдарға жоғары баға берді. Балауса АМАНТАЙҚЫЗЫ. Астана қаласы.

ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР Міне, санаулы күннен кейін жылқы жылымен қоштасып, қой жылын қарсы аламыз. Жаңа жылдағы жаңалықтарды уақыты келгенде жариялармыз. Ал қазір тарих қойнауына енгелі тұрған 2014 жылдағы Қазақ елінің спорттағы жеткен жетістіктеріне кезек берсек. «Жылдың үздік боксшысы» деп саңлақтарымыздың бірін екіншісінен бөле жарғымыз келмеді. Бізге қазақ спорты үшін аянбай тер төгіп жүрген жерлестеріміздің бəрі үздік. Жылдың қорытындысын жарыстың өту кестесіне қарай тізбектегенді жөн көріп отырмыз.

АҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕ БҰЙЫРДЫ Ресейдің Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарына елімізден 52 спортшы аттанған болатын. Жанкүйерлер жүлде күткен шаңғышы Алексей Полторанин мен конькиші Денис Кузин өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Бəлкім, бабында болмаған шығар. Есесіне, мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен жарады. Алғашқы жаттығуын сəтсіз орындағанымен, екінші күні керемет өнер көрсетіп, қола жүлдені қоржынға салды. Жалғыз қоланың өзі 88 ел қатысқан жарыстан 26-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Бұл бəсекеге араласқан қазақтың қызжігіттері де жетістіктерін жаңалағанын айта кетуге тиіспіз. Шорт трекшілер – Абзал Əжғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Аслан Дауымов алғаш рет ақтық сынға өтіп, бестікке енген қандастарымыз атанды. Сондай-ақ фристайлдың акробатика жаттығуында Жанбота Алдабергенова алтыншы орынға ие болды. Бұған дейін бұл жаттығу түрінен біздің елдің спортшылары алтылыққа енген емес еді.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ Тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында ІІ Жазғы жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Бұл додада барлығы 8 медаль (3 алтын, 1 күміс, 4 қола) еншілеген жерлестеріміз жалпы есепте 21-орынға тұрақтады. Төрт жыл бұрын Сингапурде өткен жасөспірімдердің алғашқы Олимпиадасында біздің спортшылар 6 медальмен (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) 24орыннан көрінген. Бас жүлдені қоржынға салған спортшылар өзіміздің қаракөздер екенін ерекше айта кеткен жөн. Боксшы Абылайхан Жүсіпов, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев алтыннан алқа тағынған болатын.

САРЫ ҚҰРЛЫҚТАҒЫ РЕКОРДЫМЫЗ ЖАҢАРДЫ Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль (28 алтын, 23 күміс, 33 қола) олжалады. Осылайша, біздің спортшылар Сары құрлықтың басты бəсекесіндегі жетістігін жаңартты. Бұған дейін жерлестеріміз жазғы Азиадада 28 бірдей бас жүлдені қоржынға салып көрмеген-ді. Алтынды негізінен жұдырықты жігіттеріміз бен байдарка жəне

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

каноэ спорт түрі бойынша қайықпен жарысқан спортшыларымыз еншіледі. Сондай-ақ жүзуден Дмитрий Баландиннің жалғыз өзі 3 рет алтыннан алқа тағынды.

АЛМАТЫДА АЛЫПТАР АЙҚАСТЫ Ауыр атлетикадан Алатау бөктерінде жақында ғана өткен Əлем чемпионаты жайында кеңінен жазғанбыз. Өзі де қайтақайта жазуға тұрарлық жарыс болды. Алыптардың айқасынан алған əсеріміз əлі сейіле қойған жоқ. Əуелі жеңіл салмақта қарсылас шақ келтірмей жүрген Зүлфия Чиншанло бас жүлдені қоржынға салды. Оның алтын алатынына күмəніміз де болған жоқ. Өйткені, екі бірдей рекордты жаңартқан отандасымыз басты қарсыластарынан əлдеқайда озып кеткен болатын. Қазақ қыздарының арасында алғаш рет күміс жүлдеге қол жеткізген ауыр атлет – Жазира Жаппарқұл. Жазираның алтын алуға да шамасы жететін. Тек, қателікке бой алдырып, барлық мүмкіндігін толық пайдалана алмай қалды, əттең. Дегенмен, мұның өзі жаман жетістік емес. Ал алтын алқаны мойнына алдағы жылдарда ілетініне күмəніміз жоқ. Жасыратыны жоқ, Жасұлан Қыдырбаевтың алтыны жанкүйер үшін тосынсый болды. Қарсыластарға қысым көрсету арқылы өзінің командаласы əрі бəсекелесі Владимир Седовқа жол ашу үшін жүргендей көрінген. Алайда, ең соңғы мүмкіндігінде барлығынан озуға кепіл бола алатын салмақты бағындырып, бас жүлдеге ие болды. Седов күмісті қанағат тұтты. Илья Ильиннің өзі бір тақырып болуға лайықты өнер көрсетті. Түр-тұлғасы өте салмақты. Жарысқа қатысу үшін емес, нақ бір суретке түсіп, көңіл көтеріп қайту үшін келгендей сабырлы қалпынан танбайды. Мына жақта миллиондаған жанкүйері күйіп-пісіп,

«көтере алмай қалмаса екен» деп тілеп отыр. Ал ол болса саспайды. Жүзінен «сендер шамаларың жеткенді көтересіңдер, мен қалаған салмақты бағындырамын» деген сенімділік байқалады. Иə, Илья қалаған салмағын көтерді. Бірінші өзбекстандық Руслан Нуриддинов рекордты бұзып (239 келі) қуанды. Оның соңын ала ресейлік Давид Беджанян 240 келіні еңсеріп, жаңа рекордты жаңартқанына шаттанды. Ең соңында шыққан Ильин 242 келіні оңай көтеріп, қарсыластарының қуанышын су сепкендей басты. Осылайша, Олимпиадада екі рет топ жарған жерлесіміз Əлем чемпионатындағы төртінші алтынын олжалады.

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАТТЫ 2013 жылы елімізде өткен Əлем чемпионатында 4, ал Азия біріншілігінде 7 алтын олжалаған боксшыларымыз бұл кездейсоқ келген жетістік емес екенін дəлелдеп келеді. Данияр Елеусінов бастаған жігіттердің жоғарыда жазып өткен Азия ойындарының ақтық сынына 7-сі өтіп, оның алтауы алтын алған болатын. Биыл тұсауын кескен AIBA Pro Boxing атты Олимпиадаға жолдама беретін жобаға 5 боксшымыз қатысуға тиіс болатын. Əділбек Ниязымбетов жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмай қалды. 60 келіде сынға түсіп жүрген Берік Əбдірахманов 3 кездесу өткізіп, бəрінде де жеңіске жетті. Ал Біржан Жақыпов, Ілияс Сүлейменов, Антон Пинчук екі реттен жеңіске жетті. Бұл бəсекенің ақтық сыны 2015 жылдың қаңтарында өтетін болғандықтан, нəтижесі қалай боларын айта алмаймыз. Оңтүстік Кореяның Жежу қаласында өткен бокстан қыздар арасындағы Əлем чемпионатында алғаш рет қазақтың қызы

алтыннан алқа тағынды. 48 келіде өнер көрсеткен Назым Қызайбай қарсылас шыдатпады. Ал Лəззат Күнгейбаева күміспен күптелді. Жаман жетістік емес. Қыздарымыз Ресей, АҚШ, Қытай сынды алыптардан кейінгі төртінші орынды иеленді. Қуанарлығы сол, кəсіпқой бокста да жерлестеріміздің қатары артып келеді. Көрсетіп жатқан нəтижелері де көңіл қуантарлық. 2014 жылы өткізген 3 кездесуде де қарсыластарын нокаутпен жеңген Геннадий Головкин Қазақстанның ғана емес, Əлемнің үздік боксшысы атануда. Бүгінде кəсіпқой бокстың отаны – АҚШ болып отырғаны өтірік емес. Ал жылдың үздігін анықтау үшін америкалық БАҚ-тың жүргізген сауалнамасында Геннадий Головкин көш бастап тұр. Жерлесіміз сауалнамаға қатысқандардың 75 пайыз дауысына ие болған. Екінші орында келе жатқан украиналық Владимир Кличко 9 пайыз ғана дауыс жинаған. Осыдан-ақ отандасымыздың беделі қаншалықты екенін аңғару қиын емес. WBA жəне IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Əлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылдың 21 ақпан күні Монакода британдық Мартин Мюррейге қарсы өткізеді. Биыл америкалық Бернард Хопкинске есе жіберген Бейбіт Шүменов чемпиондық атағынан айрылып қалған еді. Содан кейін бірінші ауыр салмаққа ауысқан жерлесіміз жақында алғашқы жекпе-жегін өткізіп үлгерді. Желтоқсанның 13-і күні тағы америкалық Бобби Томасты уақытынан бұрын жеңді. Осы жеңістің арқасында ол бірінші ауыр салмақтағы үздік боксшылардың тізімінде 18-орынға көтерілді. Екі жылдың ішінде 18 кездесу өткізіп үлгерген Қанат Ислам барлық қарсыластарынан басым түсті. Бірінші орта салмақта сынға түсіп жүрген саңлағымыз əлі мықтылармен қолғап түйістіре қойған жоқ. 2015 жылы əлемдік бокста орны бар қарсыластармен жұдырықтасуды жоспарлауда. Бүгінде «Астана» президенттік клубымен келісімшарт жасаудың қамымен жүр. Егер екі жақ келісімге келіп жатса, жаңа жылда қандасымыз жекпе-жегін Алматыда ұйымдастыруы да ықтимал. Бірінші ауыр салмақтағы IBO Intercontinental чемпионы Иса Ақбербаев жақында ғана Мəскеуде беларустық Игорь Караваевпен кездескен болатын. Жекпе-жек 1-минуттың 23секундында тоқтатылды. Жерлесіміз қарсыласын сұлатып түсірген болатын. Ал ол жарысты жалғастыруға жарамады. Бұл Ақбербаевтың 14-ші жеңісі. Жеңіл салмақта бақ сынап жүрген Жанат Жақиянов та жақсы нəтиже көрсетіп келеді. Қараша айында соңғы кездесуін өткізген қандасымыз филиппиндік Роберто Лерионы нокаутқа жіберген болатын. Бүгінде Жақиянов Бүкілəлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингінің үздік бестігіне енген. Кəсіпқой бокста 25 кездесу өткізген Жанат 24-інде жеңіске жетіп, бір рет сəтсіздікке ұшыраған. Кездесуінің 17-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Еуропа чемпионы атанған оның еншісінде WBC Eurasia Pacific Boxing Council титулы да бар. Бірінші орта салмақтағы WBA Fedecentro белбеуінің иегері Жанхош Тұраров

болашағынан үлкен үміт күтетін боксшылардың бірі. 24 жастағы жерлесіміз 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында басымдық танытқан. Жоғарыдағы ағаларының жасына жеткенше бұл жігіт талай жеңістерімен қуантады деген сенім бар. Сондай-ақ Роман Жайлауов (13 жеңіс) пен Бақтияр Эюбов (5 жеңіс) аянбай тер төксе, чемпиондық атаққа аз уақытта қол созатындарын дəлелдеп үлгерді. Ал кəсіпқой бокстағы қадамын биыл жасап, 3 жекпе-жектен өткізген Бекман Сойлыбаев пен Елдос Сарқұлов кəсіпқой бостағы өз жолдарын салуда. Яғни, болашақта қазақ жанкүйерлері жерлестерінің жекпе-жектерін сарғайып күтпей, бокс кештеріне қарқ болады деген сөз.

ЖЕҢІССІЗ-АҚ ЖАНКҮЙЕР ЖИНАҒАНДАР БАР Қазақ спортына еңбек сіңіріп жүрген жігіттеріміздің қатарында Нұрмахан Тінəлиев (грек-рим күресі), Елдос Сметов (дзюдо), Нұрсұлтан Мамаев, Бауыржан Исламхан (футбол) бар. Олар өздері сынға түсіп жүрген спорт түрінің көшбасшылары. Сондай-ақ, Қазақстанды əлемге танытып жүрген аруларымыз да аз емес. Рейтингте жүздің арғы жағында жүріп, бір жылдың ішінде 33-орынға бір-ақ шыққан теннисші Зарина Дияс та жылдың үздігі. Ақ Олимпиадаға жақсы көрсеткішке қол жеткізген Юлия Галышева да үздіктер қатарында. Жеңіссіз-ақ қалың жанкүйерге ие болған спортшыларымыз бар. Волейболшы қызымыз Сабина Алтынбекова үлкен биікті бағындырмаса да, бір жылдың ішінде əлемге танымал қазақ қыздарының қатарына еніп үлгерді. 2014 жылдың шілде айында Тайпей елінде волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өткен. Сол сəттен бастап Сабина Голливуд жұлдыздарының біріне айналып шыға келгендей. Қарапайым да, сыпайы қазақ қызының сұлулығына ғашық болғандарда есеп жоқ. Көзбен көргісі келгені жарысқа келіп, мүмкіндігі болмағандары қаракөзімізді көгілдір экраннан, интернеттен іздеп əлек болды. Жергілікті басылымдар қазақ қызына бірнеше бетін арнады. Алтынбекова аз уақытта Азияға ғана емес, əлемге таныла бастады. Ағылшынның атақты «Huffington Post», «Independet» газеттері, АҚШ-тың «Yahoo», «Los Angeles Times», «Fox Sports» вебпорталдары да ақпарат іздеп, білгендерін жазып жатты. Сұлуымыздың танымалдығын табыс көзіне айналдырғысы келгендер де табылды. Сəн үлгісін көрсететін модельдік агенттіктер, спорттық киім тігетін компаниялар қазақ қызына қолқа салды. Ал Алтынбекованың əп-сəтте жұлдызға айналуына себепкер болған Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореяда кеңінен танымал болған мультфильмнің басты кейіпкеріне қатты ұқсастығы екен. Міне, 2014 жылы айтуға тұрарлық Қазақстан спортында болған жайттар осы деп білеміз. Жылқы жылы біздің саңлақтар үшін жаман болған жоқ. Келе жатқан қой жылы барша Қазақ елі үшін той жылы болсын деген тілегіміз бар! Спортта да, өмірде де жеңісіміз мол болсын! Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.


Қазақстандық киноиндустрия əлемі өркен жайып келеді

ТӨЛ ТУЫНДЫ

¦ÄIËÅÒ

Кеңес дəуірінде сериал көрмеген қазаққа Мексиканың телехикаясы таңсық болып, «Жəй ғана Марияны» көру үшін бүкіл жұмысын тастап, көк жəшікке телмірген заман-ай! Бала-шағадан, шал-шауқаның да сериал үшін ұрысып, сол үшін бет жыртысып, ол аз дегендей, қорадағы қойларын ұры алып кетсе де сезбеген қазақ қой бұл.

шығарсыз, кей шаңырақта бірін-бірі сыйлаудан қалған, «ə» десе, «мə» деп шыға келетін, бірінің-сөзін бірі көтере алмайтын, бірінің қуанышына бірі ортақтаса білмейтін, тіпті жат бауырланып кеткен ағайындылардың да бар екенін несіне жасырамыз? Қара шаңырақтың тұңғышы Əлішердің рөлін сомдаған талантты актер Азамат Сатыбалдыға жақсылап қол соғуға

қалыпты. Сол сүйіктісіне уақыт тапқанда, əкесіне уақыт тапшы. Өмірде мұндай жағдайлар бар ғой. Сенесіз бе? Əрине, сенесіз, Ал, туған бауыры Дəулетпен кездескенде ше? (Əділ Ахметов сомдайды). Дəулет өзі жалға алған демалыс аймағын жөндеуге, жаңа нысандар салуға ақша сұрау үшін, ақылдасу үшін ағасына келген эпизодтар ше? Құдайым-ай, тағы да

«Əке, жаңа трактор сатып алайық, ескісі тозды» дегенде, көпке дейін келісімін бермей жүреді. «Бір істі бастайды да, тастайды» деп қабақ шытып жүргені сол. Байғұс əке баласын жек көрмейді ғой, «жақсы болса екен, қатарынан кем болмаса екен» деп тілейді де. Сөйткен Мəди бір досының арқасында алаяққа алданып, несиеге алған ақшасын рəсуə етіп алады.

«ҚАРА ШАҢЫРАҚ» Сосын шытырман оқиғалы «Спрут» шықты. Жұрттың бəрі «Біздің мілисаға осындай адам керек екен!» деп армандады. «Санта-Барбараның» соңғы сериясына жете алмай, о дүниеге аттанып кеткендер де болды. Кейін кəрістің «Ханзада Жумонгі» жүрек біткенді жаулап алды. Түріктің «Қыналы қары» мен «Бериваны» да өз алдына бір төбе... Қазір Үндістанның «Келіні» талайларды қартайтатын түрі бар. Аш ішектей созылып кетті тегі. Түрік сериалдарының сценарийлері бір сарында жазылған, келініне қайын ағасы ғашық болады, қайын атасы көз салады дегендей... «Осындай «үрдістен» үлгі аларсыңдар!» деп насихаттап жатқандай. Оның қасында кəріс сериалдары айналайын. Кейіпкерлері шеттерінен ізетті, үлкенді құдайындай сыйлайды. Ал, үндінің 31-ші арнадан көрсетіліп келген «Сен келерсің» сериалын кездейсоқ көріп шошынғаным соншалық, түнімен жаман түстер көріп шықтым. Бұрынғы əйелі бұрынғы күйеуін де, күндесін де, туыстарын да пышақпен бауыздап шығады. Осы «тəрбие» керек еді, біздің жастарға... Қанішерлікті насихаттайтын фильмдерді телеарналардың қандай мақсатпен көрсетіп жатқандарын түсінбей, көңілім алай-дүлей болды. Құдайға шүкір, сең қозғалды. Қазақ сериалдары көрермендерімен қауыша бастады. Ə дегеннен, əттегенайы сол, Ресей сериалдарының көшірмесін ала бастады. Тек бірді-екілі кейіпкерлерін өзгерте саламыз. Мəселен, орыстың «Сваты» сериалы негізінде «Құдалар» түсірілді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ой жұтаңдығы, идея тапшылығы осыдан-ақ байқалып қалды. Қазақ режиссерлері ізденуден қалды. Дегенмен, тəп-тəуір сериалдарымыз да баршылық. Соның бір мысалы ретінде «Қара шаңырақ» пен «Бажаларды» айтар едім. Қазір көрсетіліп жатқан «Сүрбойдақ» сериалы жақсы басталып, комедия жанрының қайталанбас детальдарын көз алдымызға əкеліп, қызықты оқиғаларды жайып салды. Алайда, кейінгі сериалары жайында айтар болсақ, жастар тілімен айтқанда «қуып» кетті. Мағынасыз оқиғалар, көрермен жалықтыратын баяндаулар, сүреңсіз көріністер... Басты рөлде ойнап жүрген Əбунасырдың кейіпкерін «есалаң» ба?» деп ойлап қаласың. Сендірмейді. Күлкі шақырмайды. Жасанды штрихтар. Схематизм басым. «Қара шаңырақ» сериалы туралы толғанар болсам, айтар ой көп. Ең біріншіден, оқиғалары нанымды, шындықтың ауылынан алыс кетпейді. «Қазақстан» ұлттық арнасында көрсетіліп жатқан аталмыш сериалдағы оқиғалар жаныңа жақын, кейіпкерлер көңіл түкпіріндегіні дөп басады. Қара шаңырақ əр қазаққа таныс. Өйткені əр қазақ баласы қара шаңырақтан өсіп-өніп, сол жерде балалық балғын шақтары өтеді. Ауыл мен қаланың өмірі жасандылықтан аулақ, сол біз көрген ауыл, сол сіз көрген қала, бəрі білетін тіршілік. Шаруа қожалығындағы күнделікті қым-қуыт жұмыстарды көресің. Бір шаңырақта тай-құлындай тебісіп өскен, кейін ер жетіп, жан-жаққа өмір-өзен ағысымен кеткен ағайындылар өмірі қандай нанымды! Шынында, келісетін

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

10

тыға беретіні өмірден алынған десе де болғандай. Ал, «Қара шаңырақтағы» əкенің орны бөлек əрине. Ермахан – əркімге асқар тауындай көрінетін əкелер жиынтығы. Саят Мерекеұлы сомдаған кейіпкерді жақсы көріп кетесің. Балаларына қамқор, жарына адал. Еңбекпен есейген азамат. Бір қырсықтығы бар – өз айтқанынан қайтпайды. Дімкəс, аурушаң адам бола тұрып, ауруханаға жатқанды жаны қаламайды. Еркіндікті, туған ауылының кең даласында емін-еркін тыныстағанды жақсы көреді. Балаларының бауырмал болуын шын жүрегімен қалайды. Жары ГауҺардың

КӘРІС ПЕН ТҮРІКТІҢ СЕРИАЛЫНАН ОЗЫП ТҰР

болады. Неге деймісіз? Кейіпкердің мінезін тапқан. Салмақты. Ойлы. Шындықты бетке айтатын бірбеткей. Ең бастысы – жұмысбасты жастардың жиынтық образын шынайы сомдаған. Ол бəріне үлгереді. Жұмысына тап-тұйнақтай, махаббатқа да уақыт табады. Əсіресе, бизнестегі іскерлігі кейінгі жастарға үлгі. Өндіріске керек құралжабдықтарды қарамағындағы қызметкерлер қымбат бағаға сатып алып, қарақан бастарын ойлап, əрі оны аяқтан шалу үшін қараулыққа барғанда да, күйгелектікке салынып, шыж-быж болмайды. Жүріс-тұрысы да, бастықтың орынбасары қызметі де көрерменді иландырады, сендіреді. Расында, қазақ сериалына жан бітіп келеді. Кезінде отандық «Саранча» сериалы сынның астында қалған болатын. Менің оған қосып айтатыным: актерлер өте жасанды ойнады. Өтірік күлді, өтірік жымиды. Штамп десе де болғандай. Ал, мына сериалдағы Азаматтан «ұлы тұлға» жасайын деп отырған жоқпын, бірақ əділін айтайық, өзіне берілген рөлді өте шынайы сомдады. Қараңыз, өзі жұмыс басты, өзі романшыл, өзі іскер Əлішер ата-анасын, бауырларын жақсы көреді-ақ, бірақ соларға көңіл бөлуге уақыты құрғыр жетпейді... Əкесі аурушаң, қалаға емдетуге шақырып алып, ертеңіне емханаға апарып салу үшін уақыт таппай қалады. Сүйіктісі келе

Əлішердің қолы тимейді. Қарап отырып, «жының» келеді. «Əне келемін, міне келемін» деумен зарықтырады. Дəулет те шыдамсыз. Кетіп қалмақ еді. Əкесі ренжіп, сабырға шақырады. Екеуі кездесті, алайда, шарт-пұрт кетіскендері. Айқайласып қалады. Мұндай жағдай əр қазақтың басында жоқ деңізші? Ағайындылардың ортаншысы Дəулет – бірсыдырғы жігіт. Үйленбеген, сүрбойдақ. Əділ Ахметов өз кейіпкерінің тұйық мінезін дəл тапқан. Сұрасаң ғана жауап береді. Былайынша сөйлете алмайсың. Тіпті, өзіне ғашық болған əнші қыз Линданың (Мəриам Думанова) сезімін де кеш түсінеді. Ол сондай-ақ, тағы бір жерде жұмыс істейді. Қосымша табыс табу үшін спорт клубында жастарды боксқа жаттықтырады. Осындағы Аян деген жасөспірімге ынта-ықыласы ерекше. Бірақ ол пақырың жаман жолға түскен нашақорлардың илеуінен шыға алмайды. Тіпті, төбелеске қатысып, тергеу изоляторына да қамалады. Дəл жарысқа баратын күні. Дəулет оны бұзақылық жолдан тайдырып, жақсы өмір сүруге көп күш жұмсайды. Сериалдың ұтып тұрған жері де осы көріністер. Қара шаңырақтың кенжесі – Мəди. Талантты жас актер Дəурен Серғазиннің Мəдиі. Бір қарағанда тұйықтау, момын жігіт көрінгенімен, істеген тірліктері нағыз «пысықтың» іс-əрекеті ме деп қаласың. Əкесі де сеніңкіремейді осы кенжесіне.

Ауылда, шаруа қожалығында түйеқұс өсіріп, «байлыққа батамыз, бизнесті жандандырамыз» деген досының да сөзі айдалада қалды. Айтпақшы, осы Мəди үндемей жүріп пəле... Қазекем «үндемегеннен үйдей пəле шығады» деп бекер айтпаған ғой. Қалаға трактор сатып алуға барғанда досының көршісі Нұргүлге ғашық болып, өзінше «движение» жасайды. Қалаға бара жатқанда саусағындағы алтын сақинасын шешіп қоятыны да бар. Өмірде осындай екіжүзді ер азаматтар жоқ деңізші? Мына Мəди солардың типінен. Образ өте сəтті шыққан. Таң қаласың. «Мынау не істеп жүр өзі?» деп. Нұргүлге биязы үнмен: «Үйленгенсіз бе?» деген сұрағына қипақтап барып: «Жоға..» деп жауап бергені де қызық. Ол, ол ма, жаңа тракторды ауылға алып келгені де қызық. Жұмысшысы тракторға мініп көрмек болғанда, оны итеріп жіберіп, өзінің ырғып мінгені, рулді сипалап, шаттыққа бөленгені, бəрі, бəрі ауыл жастарына тəн қасиет, ауыл жастарына тəн мінез. Құрғыр, өзі əп-əдемі, сүйкімді келіншегін ұнатпай, ұрысып қала береді. Ол байғұс үй тіршілігімен əуре. Іргедегі Астанаға қыдырып барғысы келеді-ақ. Күйеуі тыңдамайды. Сондай ерлі-зайыптылар кездеспейді дейсіз бе? Кездескенде қандай! Олардың ұсақ-түйекке бола ұрысып қалғандары, Мəдидің енесін жақтырмауы, ал енесінің болмайтын жерге тұмсығын

(Ғайникамал Байқошқарова) аялы алақанын маңдайына басып, сырқат болса да, тағдыр тауқыметін сездірмеуге, салмақ салмауға тырысқан жан. Гауһар болса, мейірімді ана, қайырымды ене. Əр қазақтың қызы: «Шіркін, менің енем де осындай болса екен!» деп армандаса да болғандай. Жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұрғаны. Келіні де ізетті екен. Алтынай – бір сыдырғы, жылайтын болса, жылап та, күлетін болса, күліп те алатын қарапайым ғана ауыл келіні. Үйіне келгендерге барын жайып салатын ақ көңіл, қонақ жайлылығы да бар. Атасын аялап күтіп, енесіне еркелеп жүргені сол. Тек көңіліндегі қаяу сол, Мəдиінің қалада біреуі бар. Сөйте тұра, кешірімшіл, баз біреулер сияқты баласын жетектеп, төркініне кетіп қалмайды. Істің ақырын ақылмен шешкісі келеді. «Қара шаңырақ» сериалының бар оқиғасын тізбелеп шығудан аулақпыз. Белгілі киногер Ақан Сатаев продюссер болған аталмыш сериалдың көрермен жүрегіне жол тартқанын, көрген сəттен баурап əкететінін ғана айттық. Бұл біздің де сериал түсіруге қиялымыз ұшқыр екенін аңғартады. Ендеше, кəрістің «Ханзада Жумонгы» мен түріктің «Бериванын» басып озатын қазақ сериалдары енді көптеп дүниеге келеді деген сенімдеміз. Мұхтар ШЕРІМ.

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ? Зухра ҚАЗАҚОВА, əлеуметтанушы: - Қазақстандық киноиндустрия əлемі өркен жайып келеді. Бүгінде көрермен көзайымына айналған отандық телехикаялар көбеюде. Бұл əрине, қуанарлық жағдай. «Қазақстан» ұлттық арнасында беріліп жатқан «Қара шаңырақ» атты көп сериялы фильм көптеген жанның жүрегіне жол тауып үлгерді. «Қара шаңырақ» ұғымы қазақ үшін қасиетті. Өзім қалада өстім. Сондықтан да ауылдың күнделікті күйбең тірлігінен бейхабар болдым. Дегенмен, ауылдан түлеп ұшқан ата-анамның тəрбиесі ұлттық болмысымды ұмыттырмауға сеп болды. Қалада туып өссем де, нағыз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылға келін болу бақыты басыма бұйырды. Иə, бұл

мен үшін үлкен бақыт. Сонда отыз екі жыл бойы қара шаңырақтың жүгін көтерген ата-енемнен көп тəлім алдым. Ауыл мен қара шаңырақтың бағасын ұқтым. Нағыз қазақы тəрбие мен болмыстың ортасына келдім. Сондықтан да «Қара шаңырақ» сериалын бірінші бөлімнен-ақ жаныма жақын тұттым. Осы сериалды түсірген барлық шығармашылық ұжымға алғысымды айтамын. Оны көре отырып мен ғана емес, əр қазақтың өзім сияқты ұрпақ тəрбиелеп отырған келіні жақсы үлгі алады деп ойлаймын. Сананы тұрмыс билеген мына уақытта «жұмыс жоқ, ақша жоқ» деген түрлі сылтаумен қалаға сабылып, қара шаңырағын иесіз тастап кетіп жатқандар жетерлік. Бірақ олар мұндай қадамға бару арқылы берекенің кіндігі саналатын шаңырақтың киесі мен наласы жақсылыққа апармайтынын ұғынса екен.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Айдар ƏЛАЙДАР, əскери қызметкер: - Осы сериалды отбасымызбен бірге басымыз қосылған кезде көреміз. Киносериалдың мақсаты да айқын. Ол киелі қара шаңырақ шырағының сөнуіне жол бермеу. Бүгінде барлығымыз жұмысбасты болып, бір-бірімізбен көп араласпай, тек жиын, тойда ғана бауырларымызбен жүздесіп, амандық-саулық сұрасып жатамыз ғой. Көпшілігіміз туып өскен сол алтын бесік ауылдан жырақта жүреміз. Дегенмен, қара шаңыраққа иелік жасау үлкен жауапты іс, салмағы ауыр жүк. Сондықтан да, ауылға шама-шарқымыз келгенше қолғабыс жасап, барымызбен көмектесіп тұруды парыз деп түсінемін.

Əулетіміздің, ата- бабамыздың атын жалғап, отын маздатып отыру кейінгі ұрпаққа артылған міндет қой. Хикаяның бір бөлімдерін көргенімде əкелерінің дүние салып, мал мүлікті ұлдарына өсиет еткен жері қатты əсер берді. Сондағы əкесінің əр баласының мінезіне сай əрекет етіп, мұра қалдырғаны адамға жақсы ой тастайды. Міне, Дəулет пен Əлішер өте еңбекқор, ал Мəди көп жағдайда өзімшіл, тəкəппар. Осы кейіпкерлер секілді балалар бір ата-анадан туса да мінез-құлқы əртүрлі болады екен. Əркім пейіліне қарай өз сыбағасын алады. Əрине, «атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген сөз бар ғой. Ең бастысы бұл емес. Əуелі бауырлар арасындағы татулық оты сөнбесе, береке де баянды болады екен. Фильм осы мəселені де толғайды. Өз кезегінде бұл көрерменді татулыққа баулиды.

Ақбаян ƏЛІПБЕК, психолог: - Қазақ шаңырақты, бесікті, босағаны қадір тұтқан. Ескіріп тозған бұл бұйымдарды өртеп, тіпті күлін де аяқ асты етіп тастамаған. Бұл ұғым біздің ата-бабаларымыздың оларды ерекше құрмет тұтқанын түсіндіреді. «Шаңырағыңның ортасы түспесін» деп жатады. Қазақ үшін шаңырақтың ортасына түсуі ең ауыр қасірет. Сондықтан қазақ кез келгеннің шаңырағын құрметтеген. Мейлі, досы болсын, дұшпаны болсын бір-бірінің шаңырағын сыйлаған. Жаугершілік заманда дұшпан ғана шаңыраққа қиянат жасаған. Ал бүгін ше... Қасиетті қара шаңырағының түтінін түзу шығарып, еңсесін биік ұстап отырған аға-жеңгелеріміз көп-ақ. Бірақ туып өскен жерінен, үйінен безіп, күнкөріс қамымен есікке қара құлып салып жатып, сандалған жастарымыз да аз емес. Тіпті, кейбірі киелі қара

шаңырақты несиеге тігіп, несібеден қағылуда. Заман ағымы осылай болған соң амал нешік? Бірақ мұндайларға осы «Қара шаңырақ» туындысы үлкен ой тастап, олқылықтарының орнын толтыруға ықпал етер деген үміттеміз. Бала тəрбиесі – жауапкершілігі үлкен іс. Тəрбие діңгегі əлсіз болса шаңырақтың ортасы осал болмасына кім кепіл. Мен де екі баланың анасымын, əрқайсысы шынымен де əртүрлі. Бірақ ұлттық құндылықтарымызды барынша құлақтарына құйып, салт-дəстүрімізді насихаттап отыруға тырысамыз. «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Қара шаңырақ» телехикаясы осындай қазақы болмысқа сусындап жүрген көрерменнің ойынан дөп түсіп отыр. Үш бауыр, үш түрлі мінез, үш тағдыр. Қартайып бойынан қуаты кеткен кемпір шалдың шарасыздығы мен үміт артып отырған кенженің ақылсыздығы. Осы жағдайлар көп көрерменге таныс əрі жанына жақын деп ойлаймын. Осындай қазақы менталитетке жақын туындылардың көбейгені көңілді қуантады.


КӨЗҚАРАС

¦ÄIËÅÒ

Сын түзелмей, мін түзелмес

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

Қазақстандағы Калачи «құпиясын» кім ашады?

Футбол – жер шарындағы ең бəсі биік саналатын аламан дода. Ол – бір жүрек, бір мақсат, бір мүдде! Жан алысып, жан беріскен ойыншылар ордасы. Футбол – ешқашан өлмейтін əрі өшпейтін спорттың айрықша түрі. Бірақ, қазақ топырағында аталмыш спорт түрі жарық дүниеге келмей жатып, бақилық болған. Тірі болған күннің өзінде ауыр науқас. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендейін, біршама уақыттан бері отандық футбол жайлы айтыпайтып біраз адамдар қажып кеткелі қашан! Тегі қазақ футболының бойына қан жүгірмей-ақ қойды. Шет ел футболына қарайсың да, қайран қаласың! Тепкендері гол, құлағандары «фол». Иə, бұл нағыз футбол, ағайын! Қашан өзгені емес, өзімізді мысалға келтіреді екенбіз? Құпияға толы қазақ футболының халі қалай? Отандық футбол тасын қалай өрге домалатамыз? Осы сұрақтар төңірегінде əңгіме өрбітіп көрелік. «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» деген қазақ. «Кубаньды» құрдымға кетіріп, «Теректің» түбіне жеткен Юрий Красножанға қалай ұлттық құрама тізгінін ұстатуға болады? Қазақстан футбол федерациясының ғана қолынан келетін кезекті сенсация. Шторк пен Беранектің күйін кешіп, ақыр аяғында қара шапанды арқалап кететіні анық қой. «Соқыр» бапкерден басқа не күтесің?! Ішкі біріншілікте біраз нəтижеге қол жеткізген ойыншылардан гөрі қосалқы құрамда тек орындық жылытқан жалқауларды артық санаған жаттықтырушыны сынамаған пенде жоқ. Красножан келгелі жасыл алаңнан қарадомалақтардың қарасын көру арманға айналды. Ұлтжанды емес, ұлтшыл орыс бапкерінің құрамасында тек өзге ұлт өкілдерінің ойнайтыны айдан анық. Негізгі құрамға ілінген қандастарымызды көріп қуанамыз. Бірақ, тізімге ілінетін бес қазақтың біреуін ғана негізгі құрамнан көресің. Жанға бататыны да осы. Бұл не деген сұмдық? Қазіргі өгізаяң қалпымыздан арылу үшін ұлттық құрамадағы қазақтардың шоғырын көбейту керек. Жеңіске жету үшін адам бойында ұлттық рух жоғары болуы тиіс, буырқанған намыс тыным бермеуі керек. Сонда ғана жеңістің тəтті дəмін татуға болады. Бұның жолында Красножан құрбан болуы тиіс болса, оған да барудан тайынбау керек. Өзіндік ойын тəсілін əлі қалыптастырмаған, тактикалық қателіктерге жиі бой алдыратын бапкерге де керегі сол. Жеңілуден шаршамаған Красножаннан, егемен елімізге жанашыр, қаны қазақ бапкердің баптағаны баршамызға тиімді. Тіпті болмаса талай команданың футболын ұшпаққа шығарған Моуриньо мен Хиддинк секілді білікті бапкерлерге арқа сүйеген абзал. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, соңғысы сонда жүретінін» естен шығармаңыздар! Сүреңсіз ойындарға тек бапкерді айыптау əбестік. Ойыншылардың кəсіби шеберлігі өте төмен. Физикалық тұрғыдан қарастырғанда да жетісіп тұрғандары шамалы. Жауырыны жерге тимеген, нар көтерген

қазақтың 90 минутқа шыдай алмағаны қай мазағы? Моральдық жағынан да дайындығы еуропалық ойыншылардың деңгейінен көш кейін. Алаңда бір-бірінің тілін түсінбейді. Соның салдарынан өзара доп алмасудағы қателіктері шаш етектен. Үреймен ойнайды. Сылбыр қимылдайды. Жан-жақты дайындықтың жоқтығы көзге ұрып тұр. Адам тойып семіреді, бұлар əбден ақшаға тойған жатып ішерлер өңкей! Мүлде ойнаудан қалды. Тіпті ойынды өз мойнына алып, дирижерлік ететін мықты бір футболшыны көрмейсің. Марадоннаға еліктеген кешегілер бүгін Месси болды. Қара қазағыма еліктеп, бой түзейтін бір қазақ футболшысының табылмағаны жүректі қан жылатады. Дегенмен, Исламхан, Қонысбаев секілді серкелер жүрекке аз да болса сенім ұялатады. Қазақстан құрамасы футболшылары, барлығы өз қолдарыңызда! Талай команданың обалына қалған қазақстандық арбитрлар алқасы жайлы да айта кеткен жөн. ФИФА мен УЕФА түзіп шыққан қағидалар кітабында төрешінің қателігінен матчты қайтадан ойнап шығуға рұқсаттың жоғы айтылған. Яғни, төреші 11 метрлік айып добын дұрыс белгілемеді немесе ойыннан тыс қалған сəтті дұрыс анықтамады деп, команда басшылары мен құзырлы органдардың матчты қайтадан ойнатуға хақы жоқ. Бұл қағида тура Қазақстанға арнап жазылғандай. Егер біздің елде төрешінің қателігінен кеткен ойынды қайта ойнайтын болса, біріншілік бел ортасына жетпей, бір маусымды 3-4 жыл ойнайтынымыз сөзсіз. Келісілген ойындарды да кездестірдік. ФИФА мен УЕФА-ның тізімінде бар бір қазақстандық төреші жоқ. Көрші ел – Өзбекстанның Равшан Ирматов бастаған төрешілер тобы Əлем чемпионатында қызмет көрсетеді дегенде, барлық БАҚ өкілдері бұл күтпеген оқиғаны жарыса жазған еді. Əйтсе де, өзбекстандық төреші дүбірлі доп додасының барысында өзінің білікті маман екенін дəлелдей білді. Алыстағы Африка мен Бразилияда міндетін абыроймен атқарған арбитр талайға үлгі бола білді. Ирматовтан үйрен, ҚФФ төрешілері! Жанкүйер! Жаныңды беріп, күйіп кету деген сөз емес пе? Күймек түгіл қарапайым ойынды көруден аулақпыз. Стадионда жанкүйерлердің аздығы бəрімізді қынжылтады. Орташа есеппен үш мың адам жиналады екен. «Бəрібір ұтыламыз» дейтін қазақстандық жанкүйерлер лапылдаған отқа қалай май құйып жүргендерін өздері де білмейді. Жанкүйерлер толы болса, футболшы да рухтанып, иығына үлкен жүк артылғанын сезер ме еді? Жанкүйер болмаса олар кім үшін ойнайды? Қазақстан командаларында фан-клубтың өзі толық құрылып біткен жоқ. Ал, Еуропаның командаларының басым бөлігінде «12» нөмір берілмейді. Оны арнайы жанкүйерлерге арнаған. Алаңдағы 11 ойыншы ғана емес, жанкүйерлерді де он екінші деп санайды. Еуропа жанкүйерлерінің мəдениетінің жоғарылығы соншалық, түрлі анимациялар жасап, клубтың əнұранын шырқап, үлкен-үлкен баннерлерге дем берер қанатты сөз жазып, қолдарынан келер көмекті аянбайды. Қазекең болса, отырып алып балағаттағаннан басқа белсенділік байқатпайды. Туған елінің футболын ары ысырып жүргендер қатары аз емес.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Қазақстанның атағын, абыройын, ар-ұятын əлем алдында қорғап жүргендер үшін қам жейтіндер аздығы жанымды жегідей жейді. Ұлттық құрамаға қолдау көрсетейік, ағайын! Комментатор мен асаба егіз ұғым. Тойды төңкеретін де, көмкеретін де асаба болса, матчтың мəні мен сəнін келтіретін комментаторлар. Жоғарыда айтылған дерт қазақ комментаторларына да жұқса керек. Бейдауа сырқат-ау шамасы. Тыңдаушының құлағына түрпідей тиетін орыс тілінен алынған жаттанды сөйлемдерді жиі қолданады. Футбол десе қаны қызбайтын, спорттан хабары шамалы адамның матч тізгінін ұстап, талқылағаны күлкілі естіледі. Жаттанды сөз, таныс трафарет, жанама əңгіме, артық күлкі – қазіргі қазақ комментаторларына тəн қасиет. Ойын біткенше миллион рет кешірім сұрайтыны да бар. Мағынасы майысқан сөйлемге əуес. Қазақтың осынау кеңпейіл, мейірбан, дархан даласы сияқты ұшан-теңіз бай, шешен де көркем тілін қолданбай, өзге тілден аударма іздеп, əлек-шəлегі шығатындай комментатор мырзалардың басына не күн туған? Қазақи қалжыңы мен тапқыр теңеулері, өткір сын, ирониясы қатар жүретін, спорт саласынан сауатты комментаторлардың аздығы көңілге кірбің түсіреді. «Дайын асқа тік қасық» болмай, ізденіп, талаптанып, жаңа леп, спорт санасына соны серпін сыйлаңыздар, комментатор көкелер! «Футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек» деп, шыр-пыр болған Мишель Платинидің сөзінде жан бар. Елімізде саясаттың спортқа ықпалы зор. Керісінше, өкімет футболға қолдау көрсетіп, дем беруі шарт. Осыдан бірнеше жыл бұрын бірлескен Спорт басқармасы футболды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жасады. Инфрақұрылымды жаңғыртуды бастамаға алғандарын жарияға жар салды. Нəтижесін көзбен көріп, құлақпен естіп жүрсіздер. Əбден былыққа батқан, жемқорлық белең алған, футболдан бейхабар басшылықтан кері кетпесек, ілгері жылжымаспыз! Мақаланың мақсаты көпке күйе жағу емес. «Айтпасаң сөздің атасы өледі» дейді ғой. Сын түзелмей, мін түзелмес. Жыртығымызды жамап, тыртығымызды түзеп, қалың қазағыма қозғау салу. Айтар дүние аз емес. Дегенмен, бұл күндері төрткүл дүниені өзіне иландыра білген, үлкен сұранысқа ие спорт түрін неге елімізге насихаттамасқа? Ахмет Байтұрсыновтың өлеңіндегідей масадай ызыңдап, халқын оң өзгерістерге бұрсын деген ақ ниетті дұрыс түсініңіздер, ағайын! Білікті бапкер өз бабында болып, дұрыс нұсқау берсе, ойыншыларымыз намысқа тырысып, қажымай тер төксе, төрешілеріміз əділдікті ту етсе, комментаторларымыз ойынды жүйелі жеткізсе, өкіметіміз «шабамын» деген жігітке ат берсе, футбол ойнамақ түгіл, əлемдік бəсекеде топ жарамыз! Ал, сен, жанкүйерлік ет те, нəтиже талап ет! Қашанғы өзгенің доп тепкеніне телміріп жүре бермекпіз. «Өзіміз дегенде өгіздей қара күшті» сарп етіп, күллі дүниеге қазақтың доп тебе алатындығын дəлелдейік, қазақ елі! Мұхтар ЖƏМІШЖАНОВ. Астана қаласы.

Калачи аномалия ма əлде... Бүгінгі күні бұл сұрақ бүтін елді мазалап отырған жайы бар. Халық арасында «ұйқы ауруы» атанып кеткен құпия дерт алғаш рет 2013 жылдың наурыз айында тіркелген болатын. Содан бері біраз уақыт өтсе де бұл дертке дауа табылмай келеді. Осы уақыт ішінде талай құзырлы органдардың өкілдері Ақмола облысындағы осы шағын ауылға ат басын тіреп, халықты толғандырып отырған осы мəселенің мəн-жайын анықтамақ болды. Бірақ... Бүгінгі күні жұмбақ ауруға шалдыққандардың саны 60-қа жеткен. Дəл қазір олардың қандай аурумен ауыратынын жəне оған не себеп болып отырғанын ашып айту мүмкін болмай отыр. Қазіргі медицинаның өзі аталған дертпен күресуге дəрменсіздік танытуда. Бір сөзбен айтқанда Есіл ауданындағы Калачи ауылында алаңдаған жұртты жұбатар жан болмай отырған жайы бар. Алдымен өткенге ой жүгіртіп көрейік. Ақмола облысының Есіл ауданындағы 680 тұрғыны бар Калачи елді мекені Красногор ауылдық округіне қарайды, ол бұрынғы қала тектес Красногор кентінің іргесінде орналасқан. Бұл қалашықта кезінде 6,5 мың адам тұрса, олардың басым көпшілігі - шахтерлер екен. Елді мекен КСРО-ның кен өнеркəсібі басқармасына қарады, 60-90 жылдары ауыл маңынан уран өндірілді. Уран өндірісі 1991-1992 жылдары тоқтап, шахталар жабылып қалды, тұрғындар жұмыс іздеп жан-жаққа көше бастады. Осыған байланысты Красногор кенті əлеуеті төмен елді мекендер қатарына енгізіліп, тұрғындарды аудан орталығы Есіл қаласы мен Калачи селосына көшіру қолға алынды. Алайда, 2013 жылдың наурыз айында Калачи тұрғындарының арасында алғаш рет бірнеше тəуліктеп ұйықтап қалу оқиғасы тіркелді. Алғашында дəрігерлер мұны көктемде адамның бойындағы иммунитеттің əлсіреуінен деп топшыласа, кейін тұрғындардың бірінен соң бірі ұзақ ұйқыға кетуіне алаңдай бастады. Сол кезде, жұмбақ дерттің себебін анықтауда дəрменсіздік танытқан дəрігерлер науқастарға «ұйқы ауруы» яғни, (этиологиясы беймəлім энцефалопатия) деген диагноз қоюмен шектелді. Ал, тұрғындар болса, ауылды дендеп бара жатқан түсініксіз құбылыс сол маңдағы ескі уран шахталарынан шығып жатқан радиацияның əсер етуі мүмкін деп шулады. Осыған байланысты биылғы жылдың 12-17 наурыз аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан тұрғындар арасындағы белгісіз аурудың себебін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, осы елді мекенде су, ауа, топырақ, тіпті тұрғындардың тырнағы мен шашына дейін зерттеліп, медициналық тексеруден өткізілді. Жалпы, 2013 жылдың наурыз айынан бастап «этиологиясы беймəлім энцефалопатияның» пайда болу себебін анықтау мақсатында 7 мыңға жуық зерттеу жұмыстары жүргізіліпті. Қазіргі таңда инфекциялық жəне бактериялық

факторлардың барлығы жойылды. «Ауыл аймағындағы гаммафон мөлшері қалыпты, тұз бен ауыр металдардың РШК-нен жоғарылауы байқалмаған» деген шешімге келген мамандар. Дегенмен, қанша рет зерттеу жұмыстарын жүргізсе де ғалымдардың еңбегі жергілікті тұрғындардың көңілінен шықпай отыр. «Комиссия келеді, өзара сөйлеседі де кетеді. Осында уран кенішінде жұмыс істеген 20-25 жыл тəжірибесі бар 40-тан астам шахтерлер тұрады. Ғалымдардың бірде-бірі сол адамдармен ақылдасқан емес», дейді Калачи селосының тұрғыны Виктор Крюков. Осыған байланысты ағымдағы жылдың басында облыстың бұрынғы əкімі Қосман Айтмұхаметов тұрғындары жұмбақ дертке шалдыққан елді мекенде болып, халықпен кездесті. Белгісіз сырқатқа шалдыққан жұртпен бетпе-бет жүздескен əкім бұл маңнан ешкімнің көшірілмейтінін, есесіне Калачидегі оқушыларды шипажайға жіберіп, олардың дəруменге бай азық-түлікпен қамтамасыз етілетіне уəде берген еді. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарының жан-жақты жүргізілмегенін естіген ол Курчатов қаласындағы Экология жəне радиациялық қауіпсіздік институты ұлттық орталығынан жылжымалы зертханасы бар бір топ ғалымдар келіп зерттеу жұмыстарын қолға алатынын мəлімдеген. Алайда, ғалымдар елді мекеннің суын, топырағын жəне ауасына дейін зерттеді, бірақ нақты қорытынды шешім шықпай отыр. Олар бұл жерден шамадан тыс радиацияны да, судан радонды да таппады. Əрине, тұрғындарды кез-келген уақытта қалғып кету қаупімен өмір сүру алаңдатады. Жұрттың сөзіне қарағанда, дерт шығыс жақтан жел тұрған кезде дендеп кететін көрінеді. "Шығыс бағыттан яғни, уран шахталары орналасқан жақтан жел тұрса болды. Адамдардың ұйықтауы басталады. Шахтада ураннан басқа, радон газдары да бар. Сондықтан радиация көзі ретінде осы газдың да зиянын ескерген абзал", дейді Красногор кентінің тұрғыны Григорий Солдатов. Ал, зерттеу жұмыстарының басықасында жүрген далалық жұмыс тобының

11

жетекшісі Виталий Романенко бұл пікірмен келіспейтіндігін айтады. Оның пікірінше, бұған радон газының еш қатысы жоқ көрінеді. "Біріншіден, радон газы - радиактивті газ. Бірақ, одан адамдар ұйықтап кетіпті дегенді бұрын-соңды естіген емеспін жəне білмейді екенмін. Адамды ұйықтату үшін, радонның көп мөлшері керек. Сондықтан, менің пайымдауымша "ұйқы дертіне" радонның еш қатысы жоқ", дейді Виталий Романенко. Қанша уəде берсе де, жергілікті жұрттың көңілі алаң. Себебі эпидемиологиялық ахуал жақсарудың орнына күн сайын ушығып бара жатыр. Атап айтсақ, аталмыш елді-мекен тұрғындарының естүссіз құлап, бірнеше тəуліктеп ұйықтап қалатын түсініксіз дертке шалдыққаны туралы талай рет жазылды. Тек соңғы бір-екі айдың ішінде 10-нан астам адам дəрігердің көмегіне жүгінген. Оған қараша айында бірден сегіз адам, кейін тағы 5 адамның қалғып кетіп аурухана кереуетінде оянғаны дəлел. Осы ретте, ғаламтор беттерінде пайда болған Ақмола облысы əкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың облыс əкімінің бастамасымен Үкіметте Калачи ауылының тұрғындарын көшіру туралы мəселе қаралып, онда осы мақсатта мемлекеттен 2 миллиард қаржы бөлінетіні жөніндегі ақпараты Калачи мен Красногор елді мекендеріндегі ұйқыдан көз ашпаған тұрғындарға сенім ұялатқандай еді. Бірақ тұрғындардың бұл қуанышы көп ұзамай су сепкендей басылды. Өйткені, аудан əкімі Қали Рахметов "жұмбақ ауру" дендеген елді мекендерден тұрғындарды көшіру туралы ешқандай ресми мəлімет болған емес жəне оған еш негіз жоқ деп отыр. Ал, өңірге жұмыс сапарымен барған қазіргі облыс əкімі Сергей Кулагин тұрғындармен кездесу барысында : "Біз қандай да бір шара қолданбас бұрын мұндағы жұртты дүрліктіріп отырған ерекше құбылыстың себеп-салдарын анықтап алуымыз керек. Алдағы уақытта қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғалымдар шақыртып, зерттеу жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Сондықтан, сіздердің пікірлеріңізді білу мен үшін маңызды", деген болатын. Осылайша, "ұйқы ауруы" алғашқы тіркелгеніне 1,5 жылдан астам уақыт өтсе де, бүгінгі күнге дейін оның себебін анықтау мүмкін болмай отыр. Жергілікті жұрт бұны жабылып қалған ескі шахталардан бөлініп отырған «радиация мен радонның кесірі» десе, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар жұмбақ дертті бұл жаймен байланыстырмайды. Дерттің қайдан шыққаны, оны не қоздыратыны əзірге жұмбақ күйінде қалып отыр. Сонда Калачи-аномалия ма əлде...Бұған əзірге жауап жоқ. "Ұйқы ауруының" құпиясын ашу алдағы уақыттың еншісінде. Денсаулық сақтау министрлігінің осы мəселеге назар аударатын кезі келген жоқ па? Аслан ОСПАНОВ, ҚазАқпарат.

ҚЫЗЫ ӘКЕСІМЕН БИЛЕГЕНІ ДҰРЫС ПА? «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» деген. Қандай болса да халқымыз қазынаға балаған сол жиынтой қазақтың əр шаңырағында бола берсін, бола берсін! «Айтпаса сөздің атасы өледі». Бірақ көңілдегі мына жəйтті айтпай да кетуге болмас. Бүгінде тойларды басқаратын асабалар «қызық» болып барады. Талай тойға, əсіресе, қыз ұзату тойларына барып, көңілге қаяу түсіретін көріністерді көріп жүрмін. Атам қазақ қашан жəне қай заманда өзінің туған қызымен билеп, белінен құшақтап, көптің көзіне түскен еді? Асабаның «жаңалығы» болса керек, қыздың əкесін ортаға шақырып, қызымен танго билетеді! Жараспайды-ақ. Күйеубала енесімен билеп жүр. Бұдан өткен сорақылық жоқ шығар? Ақша табудың амалы осы екен деп, асабалар ойына келгенін істей берсе, мəдениетіміз бен салт-дəстүрімізден не қалады? Бəрінен де мына көрініс жиренішті-ақ. Қыз ұзатылып, сыңсып жылап, тойханадан шығарда ағасы не бір туысы жерден көтеріп алады. Сосын табалдырықта тұрып, күйеубалаға береді. Күйеубала одан əрі көтеріп əкетеді. Ағасының мұнысы қалай? «Құтыла алмай жүр едік, қарындасым-ау, хош бол!» дегені ме? Той мəдениеті жетіспейді бізде. Тойға кешкі жетіде шақырылсақ, той міндетті түрде тоғыз жарымда, онда

басталады. Кешігіп бару–«ата дəстүріміз» сияқты. Сосын құдаларсыз да той басталмайды. Олар де кешігіп жатқаны. Сонша жұртты күттіріп қойып... Əйтеуір, бірімен-бірі жарысып жатқан жұрт. Үйлену тойларында жас жұбайлар тойханаға лимузинмен кіріп келетін болыпты. Бұл қай мақтанғандық? Тойға асаба жауапты. Жұрт тойға қуанышқа ортақтасу үшін, көңіл көтеру үшін келеді. Арақ ішіп алып, айқайлап жүру үшін немесе, егде жасқа келгеніне қарамай, жастармен жарысып, өрескел қимылдармен билеу үшін емес. Бұл көзге тым қораш көрінеді. Интернеттен ролик көріп, өз көзіме өзім сенбегенім де бар. Орта жастаға апталдай азаматтар тойдың «жұлдызына» айналып, шалбарларын шешкен күйде, лыпаменен ғана жалаңбұт билеп жүр... Масқара емес пе? Осыған жол берген асабаның мəдениеті қай деңгейде екен? Жалаңаш билеп жүрген масаң азаматтар келесі күні қыздары мен балаларының бетіне қалай қарайды? Араларында желпініп билеп жүрген əйелдерде де ұят қалмаған ғой деймін. Бұл нені көрсетеді? Асабаның бейшаралығын, тойды басқара білмейтінін көрсетеді. Асабалар əзіл айтқан болады. Жұртты күлдірмек болғаны. Бірақ сөздері түйеден түскендей. Ақ шашты аналарымен қалжыңдасып, сөз бергенде келемеждеп, сөздің өңін айналдырып тұратындарын да түсіне

алмадым. Рас, мықты асабалар бар. Бəріне топырақ шаша алмаймын. Асабалық та өнер. Бойыңда қабілетің жоқ болса, аузыңнан сөзің түсіп тұрса, тойды қалай басқара аласың? Мықты асаба деп «Базар жоқтағы» Тұрсынбек Қабатовты айтар едім. Ал, Оңтүстік өңірінде осындай əзілі əзір тұратын, сыпайы, мəдениетті асаба бар ма өзі? Əрине, бар. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, тойдың сəнін келтіріп жүргендерді көріп те жүрмін. Алайда, «аузына келгенін айтып, ойына келгенін істеп» жүрген асабаларға айтар өкпем көп. Оларды көргенде «Айналайын, алдымен өзің мəдениетті болып ал, жұртқа ақыл айта берме» дегім келеді. Қазір той көп. Той басталарда бата бергіш əртістерді көп көреміз. Фонограммамен. Көп уақыт алады. Əрі жасанды. Əрі жалықтырып жібереді. Сондықтан, той басталардан бұрын асабаның арнайы

жобасы, сценариі болуы шарт қой дер едім. Тойдың қызықты өтуі де, мылжыңдап, пəтуəсіз өтуі де асабаға байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде марқұм болғандардың қырқы да, жылдық асы да «той іспетті» өтіп жүр. Бұл – жарыс. Бірінен-бірі асып түсуі керек. Əсіресе, мықтылардың жылдық асында, марқұм туралы емес, оның қызметтегі ұлы немесе қызы туралы сөздер сөйленіп, мерейтойға айналып кететіні қисынсыз-ақ. Бұл жерде де асабалар марқұмның мықты қызметте болғанын көп мадақтап, қызметтегі ұлын көкке көтеріп жатады. О дүниеге кеткен соң, хан да қара да бірдей. Мақтадың не, мақтамадың не, бəрібір. Бұл менің жеке пікірім. Бəлкім қоштамайтын да шығарсыз. Ол өз еркіңіз. Бірақ сөзімнің басында айтып кеткенімдей, қызы мен əкесін құшақтастырып билетіп қоюды тыйған жөн сияқты! Ар ОЖДАНҰЛЫ.


БҮГІНГІ САТИРА

№46-47 (205) 26.12.2014 жыл

Кімге күлкі, кімге түрпі?!

12

Тура жаңа жыл қарсаңында моншадан шығып, шалқып, балқып келе жатқанмын, бір «джип» қақты да кетті! Атаңа нəлеттің баласы, Жаңа жыл өткеннен кейін қақса да болады ғой, аспаннан құлаған ұшақтай ұшып түстім де, қақпағы ұрланып кеткен жылу құбыры құдығына домалап түстім. «Ыңырсу» деген əнімді айтып, көзімді ашсам, бір қайыршы əйел бүрісіп отыр екен: «Жаңа жылыңызбен, ағай!» деп қояды ыржиып, қайтадан талып қалдым, қылжиып. Содан жыртиып көзімді ашсам, əлгі əйел мені құшақтап алыпты, ернін сүмеңдетіп, ернімнен сүймекші... Ұшып тұрғым келді, аяғым бастырмайды. – Ей, адамдар! – дедім, үн жоқ.

ӨТIРIК АЙТСАМ, ӨЛІ П КЕТЕЙІН

Қазақ пен орыс бiр бөлмеде жатады. Қазақ орысқа жұмбақ жасырады: «На букву П под кроватью лежить, дептi. Орыс ары-берi ойланып, «здаюсь» дейдi. Қазақ: «потинка ғой!» дептi. Орыс: «Не потинка а ботинка, дурак!» деп ашуланады. Қазақ қоймайды дейді: Сама дурак! Екінші жұмбағым бар: «На букву Ы тоже под краватью лежит». Орыс ойланып жатып: не знаю» дептi. Сонда қазекем: «Чо, не ызнайш? Ыптарой потинка!» деген екен. * * * Бірде мұғалім оқушыларынан еркін тақырыпта əңгіме құрастыруды сұрайды. Ең соңғы партада отырған оқушыны тұрғызады. Мұғалім: «Айта ғой...» Оқушы: «Қыста бір ит мұз үстінде дəрет сындырып тұр». Мұғалім: «Мынауың ыңғайсыздау болды ғой?» Сонда оқушы: «Əрине ыңғайсыз, аяғы тайғанақтап əрең тұр!» - деген екен! Анекдоттарыңыз болса, бізге жіберіңіз, хат күтеміз! Жиған ТЕРГЕНОВ.

«Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ

Күйеуім екеуміз кино көріп жатқанбыз... Біз өлгенде бітетін үнді сериалы «Келінді»... Бір кезде қарасам, томпиған қарным жоғары созылып барды да, оң жаққа қисая қалды... Айым-күнім жетіп отырған менде ес қалмады. «Таксилетіп» толғағым келіп қалғандай ма? Жоқ, олай емес сияқты, менің есептеуім бойынша əлі бір ай бар еді... Жаңа жылдан кейін... Күйеуім томпиған ішімді тыңдағысы келіп құлағын тосқан, бір аяқ қарным ішінен терімді соза бір «удар» бергені... Сасып қалдық... Ішімде екінші дүние жүзілік соғыс басталғандай ма? – Құлағыңды қарныма тосшы, күмбір-күмбір дауыс естілетін сияқты... – дедім аузы айқұшұйқыш болып, таңданып жатқан күйеуіме бұрылып. Ол құлағын тосты. Енді шақалақтарымның күйеуім арқылы естіпбілген əңгімелеріне құлақ салыңыздар! Менің ішімде бесем жатыр екен! Бесеу! – Келе жатқан жаңа 2015 жылдарыңмен, бауырларым! – деді бірі. – Тəуелсіздік таңымен құттықтағым келеді! – деді екіншіміз. – Желтоқсаншылар күні де құтты болсын! – деді үшіншіміз. – Жата-жата ішім пысты... – деді төртіншіміз. – Анекдот айтыңдаршы, а? – деп сұрады бесіншіміз. Сəл үнсіздік пайда болды. Кейін қайсысы кезекпен сөйлеп жатқанын да білмей қалдық. – Жаңа жылдан кейін далаға шығамыз ба? – Қойшы, шықпаймыз...

аяқтарымды қойып, сыртқа əрең шықтым. Сағатыма қарасам, жаңа жылға жарты сағат қана қалыпты. Қалайда үйге жетуім керек деп, көшенің арғы бетіне өте бергенмін, гүрілдеген ұшақтың қанаты тиіп, ұшып түстім. Сөйтсем, жаңа жыл қарсаңында ішіп алған ұшқыш көше бауырлай ұшып жүр екен. Соңында МАИ инспекторы, аспанға ала таяғын шошайтып, безіп барады. Жер бауырлап жатыр едім, қарсы келе жатқан «жедел «жəрдемді» көрдім. Жатқан күйі қолымды көтеріп едім, мені мыжып кетті... Қарным жерге жабысып қалды. Жаңа жыл қарсаңында өлген деген абырой емес, Құдай маған қуат беріп, шоқиып отырмын. Еш жерім ауырмайды. Құлағыма Алланың даусы келгендей: «Ей пендем, сені қанша машина қақса да, өлтірмеймін, сен қазақтың жаңа жылы Наурызды көруің керек!» дейді. «Жедел жəрдем» машинасы артқа қарай жүріп тоқтады да, дəрігерлер жүгіріп жаныма келді.»Неғып отырсыз, жол ортасында шоқиып?» – деп сұрады. «Шəй ішіп отырмын». «Мынау жынды!» – деген олар мені машинаға салып, жындыханаға қарай зулады. Қазір жындыханада жатырмын, ағайын. «Жаңа жылдарыңмен, есалаңдар!» деп қоямын жанымдағыларға. Наурызға дейін қашып кетсем екен! Жаңа жылдарыңызбен, сау адамдар! Мен ҒОЙ.

КЕТТІ !

– Ей, иттер! – деп едім, екі ит құйрығын бұлғаңдатып, төмен үңілді. Бірі арқан тістеп, төмен түсірді. Содан ұстап, иттер тартып дегендей, сыртқа əрең шықтым. Көшеге қарадым, жаңа жылға бір сағаттай уақыт қалса керек, үйлеріне асыққан адамдар. Бір əйел жанымнан өте беріп: «Бейшара, дəл жаңа жыл қарсаңында ішпесе болар ма еді?» деп мүсіркеп өтті. Тезірек үйге жетейін. Орнымнан тұрып, ақсаңдай, көшенің арғы бетіне кетіп бара жатқан едім, бір «Ауди» көлігі қақты да кетті. Доптай домалап, бағанағы құдықтың ішіне тағы түсіп кеттім. Бағанағы «бомж» əйел қуанып кетті: «Қайтып келуіңмен, жаным-ым!» деп қояды. Бет аузы ісіп кеткен. Қолында жартылай ішілген шарап бөтелкесі. «Жаңа жылды бірге қарсы алайық, мə, жұтып жібер!» дейді ұятсыз! – Ей, адамдар! Құтқарыңдар! – деп айқайладым. Басым меңзең. «Ей, адам сияқты адамдар!» Үн жоқ. Иттер де қашып кетіпті. Бомж əйелдің екі иығына

«КӨКЕМ КӨРСЕТЕДІ!»

Өтірік айтсам, өліп кетейін, 1945 жылы басталып, 1941 жылы аяқталған Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатыстым ғой. Шынымды айтсам, шешемнің құрсағында жата-жата ішім пысты. Жеті айлығымда шала туылсам да, «Хош бол, мама! Фашистерден кек алмай қайтпаймын!» дедім де, майданға көк есегіммен аттанып кеттім. Жолай көк есегім байқамай гранат жеп қойып, іші жарылып өлді де, жаяу əскер болып шыға келдім. Ол кезде қару-жарақ аз еді ғой, ышқырымнан резеңкені суырып алып, рогатка жасап алдым да, қақ маңдайдан қақырата атып, талай немісті жер жастандырдым. Өтірік айтсам, өліп кетейін, бір күні немістерді тырқыратып қуып келе жатып, бір километр алға озып кетіппін, дереу такси жалдап, қарсы шабуылға шықтым. Бір кезде танкім батпаққа тығылып қалды. Сосын айқай салдым: «Əй, фəшестер! Не деген ит едіңдер! Адам емес екенсіңдер ғой! Давай, танкімді итеріп жіберіңдер, ақысына он сотық жер беремін!» деп қазіргі əкімдердей алдап едім, жиырма шақты неміс жетіп келіп көмектесіп жібергені. Рахметімді айтып, бəрін қырып салдым. Бір кезде қарасам, жүз шақты неміс солдаттары шабуылға шығыпты. Атайын десем оғым таусылған. Менімен бірге өзбек келе жатқан. Əндетіп. Одан бір қапшық патрон сатып алдым. Атайын десем, о тоба, өзбек мені қатырыпты! Патрондардың ішіне насыбай салып жіберген! Автоматыммен атсам болды, «Əпчу, əпчу» деп түшкіре ұшады. Немістер де түшкіріп өліп жатыр. Жауыздарды қуалап жүріп, қытықтап өлтірдім. Бір генералын ұстап алып: «Қуыр, қуыр, қуырмаш, етегіңе бытыра шаш! Мына жерде мина, мына жерде Зина, мына жерде бомба, мына жерде сотка, мына жерде қытық, қытық!» деп едім, бейшараның аузы ыржиып, өзі қылжиып, өлді де қалды. Бірақ фашистер атқылауларын тоқтатпады. Үстімді шошқаның майымен майлап қойғаным мұндай жақсы болар ма, оқ дегендерің жылп-жылп етіп, сырғанап кете береді екен. Өтірік айтсам, өліп кетейін, 1943 жылы сұмдық соғыс болды! Аяз бет қаратпайды. Ұшқан оқтың өзі орта жолда мұз болып қатып жатты. Неміс ұшақтары тастаған бомбалар қатты аяздан жарылмай, көктемде, қар кеткен соң жарылып жатты. Өтірік айтсам, өліп кетейін, туған күнім еді, достарыммен көп ішіп қойыппын. Содан уралап, фəшістер жаққа өтіп кетіппін... Генералы ұстап алып əбден ұялтқаны...»Соғыс кезінде ішіп алғаның не, а? Атаң қазақ арақтан өліп пе еді? Сендердің түптеріңе арақ жетеді! Кəмəндіріңе хабарлайын ба?» деп ұрысты. Тіпті сөгіс жазып берді. Кешірім сұрап, кетіп қалдым. Келесі бір шабуыл кезінде сол генерал айқайлап жүр: «Ей, солдаттар! Сағат бірден асып кетті, обед, обед!» Өтірік айтсам, өліп кетейін, соғыста тəртіп қатаң еді! Любой соғыс таңертең таңғы тоғызда басталып, кешкі алтыда аяқталатын. Обед кезінде кафелерде отыратынбыз, лаваш жейтінбіз. Екінші смен бойынша соғысу деген атымен жоқ. Соғысқанымыз үшін айлық алатынбыз. Сенбі, жексенбі күндері Берлинге барып, немістердің қыз-келіншектеріне «движение» жасап қайтатынбыз. Вечер жасайтынбыз. Ауылға барып, ет жеп қайтатын едік. Маймылдан Өтірік айтсам, өліп кетейін, немістің Анна деген қызы ғашық адамға айналу бола берген соң, көңілін қимай, танкімен алып қаштым. Беташар қиын, адамнан жасадық. Келіннің бетін Гимлер ашты. Гитлердің өзі келіп, табаққа маймылға теңге тастады ғой! Арқамнан қағып, «Жарайсың, күйеу бала!» деді. «Екі жұлдыз» деген тойханада тойымыз өтті дүркіреп. айналу оңай! Сталин тамада болды. Берия күйеу жолдас болды. Я, біз не көрмедік? Жау самолеті тастаған бомбаларды шинеліміздің етегімен қағып алып, танкілерін таспен ұрып, Жұрт медальдарды тізелеріне миналарын металломға өткізіп жүре беруші едік. Қазіргі таға бастады. Құрметсіз құрметті жастар соғысты көрмесін! Елімізде тек тыныштық болсын! Сол САТИРИК. азаматтар көбейді...

П Ы Ж Ы М І МЕН

Бір-біріне «пах!» етті, Тасыр-тұсыр, тақ етті, Артынан бірі шиқылдап... Қаңғыр-күңгір шақ етті... Ыңырсып, бірі «бақ» етті, Есігін ашып еді, Тағы бірі жалп етті... Көліктер өстіп «сүйісіп», Тұмсықтары түйісіп, Бірі жанып кетті, Ішінде бес адам Құдай-ай, түрі жаман...

КҮЙЕУГЕ ТИГIМ КЕЛЕДI

Ыңырсып, қалып кетті! Ал, кінəлі маскүнемді, МАИ-лар алып кетті... «Көкеме айтып, көрсетем! Көкеме айтып көрсетем!» Деген мас бала, Жас бала, Талайды өлтіріп, масқара... Ойбайды салып кетті... Артынан кекеш «көкесі» келіп, Миымызды шағып кетті! Көкесі БАРОВ.

Қызда-ар, мына мені бар ғой, не бай алмайды, не құдай алмайды... Шын айтамын, осы жұрттың қалай күйеуге тез тиіп кететініне таң қаламын да... Бір танысым бар, түрі албасты-ы, аяғы маймақ, ерні қаймақ, көздері қысық, үсті басы құсық-құсық, ішіп жүретін, өзінше сауналарда ісіп жүретін, түнгі көбелек! Сол қыз бар ғой, тамаққа тыңқиып тойып алды да, күйеуге тиіп кетті-ей! Ваще жыным келеді де, «крутой» біреуге тиіп алыпты, өмірінде түк болмағандай! Мен жүрмін, қос тіземді құшақтап. Менің де күйеуге тигім келеді, қыздаар, айтыңдаршы, күйеуге тиген қандай болады өзі? «Нəрмəлні» шығар ə? Өткенде бір жігітпен таныстым. Кафеге шақырды. Тамақ ішіп отырып, кекіре бердім, темекі шектім, шарап іштім рахаттанып. Содан жігітім рахаттанып кетіп қалды. Ваще, ештеңе демесем де... Сосын тағы бір жігітпен танысқанмын.Он мың теңге қарыз

сұрап едім, «қазір əкеп берейін...» деді де, сол кеткеннен қайтып оралмады. Қайтыс болып кеткендей... Осы менің-ақ жолым болмайды тегі. Əйтпесе, небір жексұрын қыздар жүр ғой! Жігіттерді «как перчатка» ауыстырып. Сөйтеді де, бір миллионердің баласына жабысады да қалады! Дуалап алады ма, қуалап алады ма, білмеймін. Менің жасым жиырма сегізге келді. Былай əжептеуір түрім де бар. Мұрнымның ұшында сырға. Жазда кіндігімді көрсетіп жүремін. Бөксем де, өкшем де, бəрі жақсы, бірақ күйеуге тиіп алғым келгенімен, жолым болмайды! Не істесем екен-а? Қыс болса суық, пəтер азынап тұр, пока уақытша болса да, бірге жылынып жататын күйеу керек болып тұрғаны... Көктемде көреміз ғой, «поведениясына» қарап... «Запас» жігіттерің болса, көмектесіңдерші, қыздар! Сорлыгүл БЕЙШАРАБАЕВА.

ЖАТЫРДАҒЫ “ТӨБЕЛЕС” – Неге? «дармоед» болып, жатырда жата береміз бе, не? – Естімедің бе? – Не, жатырда теледидар, интернет бар деп пе едің? – Анамыз арқылы естідім. Сұмдық қой! – Айтсай, тəлпіштене бермей? – Ары жатшы, қысылып кеттім тегі... – Əке-шешеміз қысылмай– ақ, контейнерде тұрады ғой, аяғыңды тартшы өзің! – Ойбай, мұрным... Сол екен жатырдағы бесеу төбелесе кетті... Күйеуімнің айтысы енді... Байқауынша, құлағына бірнеше аяқ бірден келіп тиген көрінеді. Алысып-жұлысқандары құрысын, ішім ауырып кетті тегі... Құдай-ай, толғағым келіп қалмаса еді... Жаңа жыл жақын қалғанда... Бір кезде «перекур» болғандай, тым-тырыс бола қалды. Күйеуіме ым қақтым. «Тыңдашы» дегенім ғой. Ол байғұс қорқып қалған ба, басын шайқайды. Енді өзім ішіме еңкейіп, құлағымды тоса алмаймын ғой? Қалтыраған қорқақ байым қалқиған құлағын қайта тосты... – Тыныш жатыңдаршы! Жатыр ішінің астаңкестеңін шығардыңдар ғой! – деді біреуі.

Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты редактор Салтанат ИБРАГИМОВА Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ

Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК (Алматы қаласы)

Техникалық директор Константин МАРКОВ

Фельетон жəне сын-сықақ бөлімінің меңгерушісі Мұхтар ШЕРІМ

Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)

Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ

Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52

– Естігенімді айтайын, үкімет деген бар екен жарық дүниеде. Сол үкімет біз сияқты бесемдерге де, үшемдерге де кезектен тыс пəтер бермейтін болыпты дейді! – Форумдарға миллиардтап ақша шашады екен көкелеріміз. Бізге келгенде... – Форум деген не, а? – Мен қайдан білейін. Анамның түйсігі арқылы естідім ғой. – Жасыл шыршаларды безендіруге де миллиондар бөлінеді дейді... Ал, бізге келгенде... – Жасыл шыршалар деген не, а? Миллион деген не? – И, мен қайдан білейін, қарап отырғанша əңгіме болсын деп айтып жатқаным ғой... – Үкімет «қуады» ə? – Қазақ қайтып көгерер, қазақ қайтіп көбейер? Бір қарасам, күйеуім солқылдап жылап отыр... Оған қосылып, мен де жыладым... Неге жылағанымызды айтпай-ақ білесіздер ғой... Мұхтар ШЕРІМ. АШАЛАУ...

Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 3452.

Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.