№01 (206) = 9 қаңтар = Жұма = 2015 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
ЕЛБАСЫ ФРАНЦИЯ ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ Жеделхатта террорлық əрекет салдарынан француз азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы үлкен күйзеліспен қабылдағаны жөнінде айтылған.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасының, мемлекетіміздің негізін қалаған қазақ ұлтының тарихы – сонау «Алты Алаштан», яғни осыдан 5500 жылдай бұрын басталатындығы – бүгінде баршамызға белгілі, көне, ұлы тарих.
йінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мəні – осы! 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау жəне бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы
Халықтың асыл да, ардақты перзенті
«Бүгінгі күні терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіпқатерге айналып отыр. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен туғантуыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына шын ниетпен көңіл айтты. Бүгін, 9 қаңтарда былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысында жасалған уағдаластыққа сəйкес, Қазақстан Президентінің Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен бейресми кездесуі жоспарланған. Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мəселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады. Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Мемлекет басшысының Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.В.Штайнмайермен кездесуі көзделген. Akorda.kz
«Алты Алаш» - Алтын тамыры Жұмыр бастың!.. Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады?! Сөзінде Кер Сақ Абтың бар ма жалған?! Басында Айыртаудың кеме қалған! Сөзінде Кер Сақ Абтың болса жалған, Тіршілік жер бетінде қалай қалған?! Алаша Қаһан «Танау» өзеніне табан тіресе, Қазақ Қаһан Жаһанның бəрін алған!!! О, киелі Айыртау Қазығұртым! Тектілердің Шаңырағы Атажұртым! Тоқымыңа бас иіп, бата тілесе ұрпағы жоғалмаған! Қарт Қазығұрт, көзбен көріп көрпеңе бас имесе, Көлденең атты сырыңды ұға алмаған... – деп, құйма құлақ, ғұлама Жүсіп Баласағұн бабамыз айтып кеткендей, осыдан 5 мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Ұлы Бабаларымыз Алаш Қаһан мен Созақ Қаһан туралы деректерді, Қазақ халқының шығу тегі мен ерте дəуірдегі ұлы оқиғалар тізбегін кешегі компартияның қылышынан қаны тамып тұрған тар заманда құйма құлақ, ұлы Ақпантайға: «Желбірете Ту көтеріп, Елші салып, желпіне сөйлер күн келер! Халқыма жеткіз аманатты: «Тарихат пен Ақиқатты!» - деп, өсиеттеп тапсырып кеткені де ақиқат. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаев өткен 2014 жылғы қараша айының 11 жұлдызында халқымызға арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты арнауында: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мəңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту жəне ке-
ЖОЛДАУДЫЅ ЖАРЌЫН ЖАЄЫ Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деген кезекті Жолдауының жарқын жағы жан сүйсінтеді. Олай дейтінім, біздің болашағымыз асқақ та нұрлы екені бұрыннан айқын. Айқын екеніне Жолдаумен танысып шыққанда тағы да көз жеткіздік. Ал, болашағы нұрлы ел – бақытты ел! Біз бақытты елміз! Ең бастысы – Тəуелсіз елміз! Ең бастысы – Мəңгілік Елміз! «Мəңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» делінген Жолдауда. Бұл теңеуге еріксіз бас иесіз. Одан əрі мемлекетіміздің мызғымас идеялық тұғыры екеніне тоқтала келе, «Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мəңгілік Ел» деп тұжырымдайды. Бұдан өткен қандай тұжырым қажет! Бақытты елдің, Тəуелсіз елдің төрт құбыласы сай болуы керек. Біздің төрт құбыламыз сай! Оған бірлік, татулық, бейбітшілік туын биік ұстауымыз дəлел. Ол да Жолдауда нақты айтылған. Нақты айтылған тағы бір күрделі мəселе – жол мəселесі. Жол – тіршіліктің күретамыры. Ол бізде ғана емес, бүкіл əлемде солай! Елбасымыздың өзінің де «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген нақылға жүгінуі тегіннен тегін емес. Астарында үлкен мəн бар. Ауыл мен қаланы, одан əрі шет елдің бір-бірімен қарым-қатынасы, достығы, экономикасының дамуы сол жол арқылы жүзеге асады. Ол ежелден белгілі жəйт. Ол ғасырдан ғасырға ұласқан өмір тынысы. Мəселен, көне дəуірдің куəсі – Жібек жолын өмір тынысы болмаған деу мүмкін емес. Жібек жолы бойында қаншама қала бой көтерді, қаншама ауыл қанат жайды. Сөйтіп, кең дала төсіндегі өмір тынысына айналды. Тіпті, бүгінгі таңдағы тасжол, теміржол, əуе жолы сол Жібек жолының өріс тартуынан бастау алды. Жібек жолы қаншама шет елмен сауда-саттық, басқа да байланыс орнатты. Байланыс орнатып қана қоймай, ел бірлігін арттырды. Міне, жол – тіршіліктің күретамыры
2014 жылдың 9 айында 7 мыңға жуық этникалық қазақтар тарихи Отанына оралды
Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» - деп қадап айтқаны бар. Біздің қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан құр қалған емес. Адамзат тарихының əр ғасырында өз дəуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан өшпес орын алған. Ал, қазақ халқының тарихындағы ХХ ғасырда болмысы бөлек, ақыл-парасаты өте терең, салиқалы, туғаннан аты – Дінмұхамед, өмірінің аяғына дейін тұла бойы тұнған нұрқуат, жаны жаз, рухы – пəк, кісілігінде мін жоқ Ұлы адам өмір сүрді. Ол адам – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. (Жалғасы 2-бетте).
АСЫЛ АҒА, ƏЗ АҒА! Алаштың айтулы азаматы Айтбек ағамызды, Айтбек Мұсаевты айтып келмейтін сұм ажалдың арамыздан алып кеткеніне де 40 күннің жүзі болды. деуіміздің түп мəні осы! Əрине, Жолдауда өзге де өзекті, көкейтесті мəселелер тілге тиек етілген. Сол өзекті де көкейтесті мəселелерді одан əрі жарқын жолға қою, биік белеске өрлету, ел игілігіне айналдыру түбегейлі мақсатымыз болмақ. Соның бірі де бірегейі білім саласы. Осы саланы өркендету ұстаздар қауымының басты міндеті. Өйткені, мемлекетіміздің күні ертеңгі тірегін тəрбиелеу үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл да Жолдауда нақты да дəйекті түрде айтылған. Ал, дамыған елдердің білім саласына инвестиция құятыны баршамызға аян. Оны талдап жатудың қажеті шамалы. Себебі, бізде де бұл салаға қыруар қаржы бөлініп, жас ұрпақты білім нəрімен сусындатуда орасан мүмкіндіктер туғызу үстінде. Елбасымыздың “Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен жəне мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды” деуінің өзі сол 10 ЖОО-ның əлемдік стандартқа сай етіп жасақтауды жандандыру жолында атқаратын игі істердің аз еместігін айқындап беруі дер едік.
Айқындап берумен қатар, аталмыш ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру үшін 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бөлінгені де білім саласының көкжиегі қазіргіден де кеңейе түсеріне нақты дəлел. Демек, осыдан-ақ тұғыры биік Тəуелсіз еліміздің де дамыған ел қатарына қосылып келе жатқанын аңғаруға болады. Дамыған ел қатарына қосылуға бет бұрған сайын болашақ ұрпақты тəрбиелеу ісі заман талабына сай өркендеп, қанатын кеңге жаярына шек келтірмейсіз. Жолдауда келер жылы қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетініміз айтылған. Бұл, əрине, ұстаз қауымына ерекше міндет жүктейді. Өйткені, сол тарихи кезеңдердің мəн-мағынасын жас ұрпақ санасына сіңіріп, оларды патриотизмге тəрбиелеу біздің басты бағытымыз, нақты мақсатымызға айналмақ. Оның өзі Жолдаудың жарқын жүзеге асуына бар күш-мүмкіндігімізді жұмсауға кең жол ашпақ. М. НЕГІЗБАЕВА, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің доценті.
8-ÁÅÒÒÅ
АРЫЗҚОЙЛАР АРАМЫЗДА, ЖАЛАҚОРЛАР ЖАНЫМЫЗДА ЖҮР «АУРУЫН ЖАСЫРҒАН ӨЛЕДІ» 3-ÁÅÒÒÅ
Арызбен арпалысқалы 5 жыл. Түрлі құзырлы органдар жүз рет тексерсе де, не арыздың иесі анықталмады, не арызда көрсетілген мəселелер дəлелденбеді. «Домалақ» арыздар ұжым атынан, ұжым мүшелері атынан да жазылып жатқан соң құқық қорғау органдарының, министрліктің өкілдері ұжымды жинап, арыздың мазмұнымен таныстырып, сіздер жаздыңыздар ма деп те талай тексерген. Нəтиже жоқ. Əуелде біздер – «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайының ұжымы мекеме басшылығының үстінен түрлі жалалы арыздарды күн құрғатпай жазып
келе жатқан жалақор жалмауыздар, сүттей ұйып отырған ұжым арасына іріткі салушы ылаңдар, ұжымның атына, Əзірет Сұлтанның атына кір келтіріп жүрген арамзалар арамызда жүр деп ойлағанымыз жоқ. Сырттағы белгілі бек-бикелердің лас əрекетіне санадық. Тек қорық-мұражай қызметкерлерінен өзге ешкім білмейтін мəселелердің өңі айналып, билік өкілдеріне жазылған арыз түрінде БАҚда жариялана бастағанда ғана арызқойлар арамызда, жалақорлар жанымызда жүр екен-ау деген ой түйдім. (Жалғасы 3-бетте).
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекс күшiне енді