Қ А З А Қ СТА Н
№02 (207) = 16 қаңтар = Жұма = 2015 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
өтті. – Барлық қиындықтарға қарамастан, біз 2014 жылды 4,3 пайыздық өсіммен аяқтадық. Бұл қазіргі жағдайда жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Ресейдегі жəне Еуропадағы ахуалдың өрбуін де бақылап отыру қажет. Халық табысының төмендеуі, көрші мемлекеттердегі əлеуметтік шиеленістің күшеюі бізге де əсер етуі мүмкін. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. Жылдың негізгі қорытындыларын біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында шығарамыз. Ол кезге қарай Үкіметте ахуалдың өрістеуінің барлық ықтимал жағдайына арналған нақты жоспар дайын болуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы ел ішіндегі маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ша-
Кеңес барысында өңірлік жəне əлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды. Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 20072009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары екеніне тоқталды. – Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, əсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті жəне қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал жəне соған
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға жəне тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соңында Үкіметке оқиғаның түрліше нұсқада өрбуінің сценарийлерін əзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканың өсім қарқынын төмендетпеу жəне негізгі əлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды. – Бюджеттің күрт қысқаруы
себепті Үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нəрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тəуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп жəне сонша аурухана салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң жалғастырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті жағдай осылай өрбитінін еліміздің болжағанын жəне жағымсыз құбылыстарды еңсеру үшін тиісті шаралар əзірленгенін айтты. – «Нұрлы жол» бағдарламасы елдің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға бағытталған, оның бүкіл экономикаға мультипликативтік əсері болады. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 75 нысан іске қосылуы тиіс, олардың негізінде 7500 жаңа жұмыс орны құрылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы қаражатты тиімді жұмсамау оқиғаларының байқалып отырғанын, мұны болдырмау қажеттігін айтты. – Атаулы əлеуметтік көмек, көпбалалылар мен тұрмысы төмендерге арналған жəрдемақы бақуатты адамдарға берілмеуі керек. Басты міндет – дағдарыстан қарапайым адамдардың жапа шекпеуін қамтамасыз ету. Мемлекет сауын сиыр емес, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда күрделі үрдістерді еңсеруге мүмкіндік беретін қажетті резервтің бəрі бар екенін атап
раларды қаржыландырудың негізгі көздері былтырғы жылы-ақ айқындалғанына тоқталды. –Үкімет пен оның əрбір мүшесі жұмыстың тиімділігі мен қаражаттың жұмсалуын бақылауға жауапты болады, – деді Мемлекет басшысы. Ұлттық экономика министрі Е.Досаев негізгі үш сценарийді əзірлеу барысында мұнай баррелі құнының түрліше нұсқасы қарастырылғанын айтты. – Бүгінде Мемлекет басшысының Жолдауда қойған міндеттерін жүзеге асыруға қажетті барлық құралдар бар. «Нұрлы
2017 жылдың соңына дейiн Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға жетедi
жол» бағдарламасы биыл Үкіметтің контрциклдық экономикалық саясатын іске асырудың негізгі «өзегі» болады. Сонымен қатар, практикалық сипаттағы шаралар жиынтығы, соның ішінде өнеркəсіп кəсіпорындарын қолдаудың 2015 жылға арналған жоспары, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту, жаңа жəне тұрақты жұмыс орындарын ашу шаралары əзірленді, – деді Е.Досаев. Өз кезегінде қаржы министрі Б.Сұлтанов бюджет саласындағы былтырғы жылдың алдын ала қорытындылары, фискальдық органдар алдында тұрған 2015 жылға арналған міндеттер туралы баяндады. – 2014 жылдың нəтижелері бойынша мемлекеттік бюджеттің өлшемдері орындалды. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бөлінетін қаражат жəне Ұлттық қордан алынған 1 триллион теңге көзделген мақсатқа жетеді. Бұл орайда бақылаушы жəне салық органдарының жұмысы қамтамасыз етіледі, – деді Б.Сұлтанов. Ұлттық банк төрағасы К.Келімбетов өткен жылдың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады. – 2014 жылы Қазақстан экономикасының беріктігі едəуір нығайды. Елдің алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті, соның ішінде Ұлттық қор 73 миллиард долларға дейін өсті. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырумен бірге алғанда, бұл 2015 жылға арналған экономикалық саясатты сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті, – деді К.Келімбетов. Akorda.kz
БІЗДІҢ КУРАТОР 4-ÁÅÒÒÅ
ДИМЕКЕҢНІҢ РУХЫ ЖҮРЕГІМІЗДЕ САҚТАУЛЫ 2-ÁÅÒÒÅ
Ертеден ата-бабаларымызбен бірге келе жатқан, құрт, айран, шұбат, қымыз тағы басқа ұлттық тағамдарымыздың орны ерекше. Солардың ішінде ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, дастархан дəмінің бірі – қымыз жайлы, оның адамның денсаулығына келтірер емдік қасиеті жайлы аз айтылып жатқан жоқ. Ұлттық құндылығымыз өзгенің меншігіне айналып кетпей тұрғанда ертерек заңдастырып алу қажеттігін бастама ретінде жиі көтеріп жүрген басылымдардың бірі «Əділет» ұлттық апталығы. Парламент төрінде үкімет басшысына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтахановқа да біздің басылым алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Біз осы тақырып аясындағы мақалаларды жариялауды тоқтатпақ емеспіз. Сол себепті де «Қадірі бар ел құндылығын жоғалтпайды» атты тақырыппен «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«АЯЗ БИ ӘЛІҢДІ, ҚҰМЫРСҚА ЖОЛЫҢДЫ БІЛ» немесе АСАУҒА ТҰСАУ САЛАТЫН СӘТ КЕЛДІ
- Көкесі болса менің палатама, болмаса...
ҚАДІРІ БАР ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖОҒАЛТПАЙДЫ
Анонс! Анонс! Анонс!
Дербес ел болғаннан кейін даралығымызды танытатын, адамзат тарихындағы орнымызды айқындайтын өзіндік ұстын, өзгеше келбет қашанда қажет. «Қилы заманнан өтіп, бүгінгі күнге жеткен жұрт келешекте қандай болмақ, кімбіз демек. Қазақтың ұлттық құжаты қандай болуы шарт?» деген көкейкесті сауалды тағы бір мəрте өзімізге жəне ел ағаларына қойып көрдік. Біздің бүгінгі сұхбаттасымыз – Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, елге белгілі азамат Серікбек Дəукей (суретте). Қоғамда қордаланған көп сауалды жадымызға түйіп, санамызға жиып ұсындық та, төмендегідей əңгіме барысында еркін ой, пайдалы пайымның нəтижесіне қанығып, оны оқырман назарына ұсынуды мақұл көрдік. – Серікбек Жүсіпбекұлы, кезінде
биліктің басы-қасында жүрген азамат ретінде өзіңізбен əңгіме құруды жөн санадық. Өзіңізге мəлім, қазірде ел ағалары халықтың үні ретінде қазақтың құндылықтарын, соның ішінде ұлттық сусындарымыз – қымыз бен шұбаттың мəртебесін анықтайтын заң шығару керектігін күн тəртібіне қойып отыр. Осы мəселеге орай қолда бар құндылықтарымыз жəдігерге айналып, жаңа заман қатпарында қалып қоймаса екен деген төңіректе əңгімелессек. – Қазақтың дəстүрі – тұнып тұрған философия. Ұлттық тағамдардың құрамын ғана емес, оның тұтыну, ұсыну тəртібінің өзі талай ғасырлар бойы қалыптасқан тылсым бір ғылыми негізге ие. Мəселен, қай тамақты қай кезде ішу керек, қай мүшені кімге тартады деген секілді дəстүрлі тəртіптің өзі бөгде елде жоқ салт-сана. Неге басты үлкенге тар-
тамыз, жамбас неліктен сыйлы мүше, əйелге қабырға, балаға сирақ беру секілді дастарқан жорасы қайдан шыққан? Міне, осының өзі терең зерттеуді талап ететін ғылыми жол. Ұлттық сусындарды алып қарастырайық, қымыздың 3 сапасы бар. Біріншісі – уыз, бие құлындағанда пайда болатын аса құнарлы нəр, ол тек құлынның ғана емес, адамның да денсаулығына пайдасы зор. Екіншісі – саумал, адам ағзасына мың да бір ем. Саумалды кесемен емес, əуелі қасықтап ішіп, кейін біртіндеп көлемін арттырып отыру керек. Үшіншісі – қымыз, оның да бірнеше түрі бар. Қымызды сапыру арқылы, шайқау арқылы оның күшін қолдан жақсартады. Күбіде пісу, күбінің өзін тобылғымен немесе қайыңның қожырымен ыстау арқылы дайындау технологиясын арттыруға болады. (Жалғасы 4-бетте).
АҚША ЖИНАҢДАР! «Жыл басы қаңтар, қаңтарда қалта қопарылар» деген əзіл-шыны аралас сөз бар. Бірақ мына мəселеден соң осы сөздің əзілінен гөрі шыны басым ба деп қалдық. Редакциямызға Шымкент Аграрлық колледжінің қызметкерлері қоңырау шалды. Аты-жөндерін айтпау шартымен, олар өздері жұмыс істейтін білім ордасында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының колледждерге жауапты бөлім қызметкерлерінің тексеру жүргізіп, соның негізінде қомақты қаржыны жинап беруді талап етіп жатқаны туралы ақпарат айтты. Бұл мəліметтің шындыққа қаншалықты жанасатындығын білу мақсатында облыстық білім басқармасына жол тарттық. Колледждермен жұмыс істейтін жауапты маман Рахия
Асанова есімді қызметкер болып шықты. Оған келген себебіміздің мəнісін айтқанымызда, ол «Кім айтты? Қайсысы ол? Арыздары қайда? Оған мүлдем қатысым жоқ» деп ат-тонын ала қашудан əрі аспады. Біздің бір білетініміз, расымен де қазіргі таңда аталған басқарма тарапынан колледждерге тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі. Шымкент Аграрлық колледжі қызметкерлерінің жанайқайын біз бұлайша жылы жауып қоя алмаймыз. Мұндай жағдай басқа оқу орындарының да басына түсіп жатқан болар. Өйткені «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген. Бұл туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақты – ақ, қараны – қара деп тануға кіріскелі отырмыз.
Жіпке тізіп айтсаң аурудың түрі көп. «Батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дегендей келген кеселдің кетуі де қиын. Арамызда кейбір адамдар қандай да бір ауруға шалдықса «маңдайға жазылғаны осы шығар» деп оған амалсыз көніп жүре береді. Мұндай бейғамдықтың соңы өкінішті жағдайлармен аяқталып жатады. Күнделікті күйбең тіршілікте тұрмыс қамын ғана ойлап, денсаулығын аса ыждағаттылықпен қорғауға аса қатты мəн бермеу, ағзамыздың əлсіреп, əртүрлі дертке шалдығуымызға апарып соқтырады. Кейбіріміз ауыз салған ауруды емдемей, бейғамдық танытып, денсаулыққа жүрдім-бардым қараймыз. Дерт əбден
асқынған кезде, оған дауа таппай əбіржіп қалатынымыз жасырын емес. Мұндайда адам баласына қолы шипалы дəрігерлер көп көмегін тигізеді. Олар науқастың бетін бері қаратып, ауруынан құлан-таза айықтырып жатады. Сізде жəне мына бізде ондай сəттердің көп куəсі болдық. Десек те дəрігердің де өлім аузында жатқан науқастың өміріне араша түсуі кезінде дəрменсіз күйге түсетін сəттері де болады. Əдетте мұндай жағдайлар дерттің ағзаға шамадан тыс дендеп кетуі кесірінен орын алады. Сондай сəттерде «Бізге тым кеш келді. Бірер сағат бұрын қолымызға түскенде науқасты аман алып қалуға болатын еді» деген дəрігерлердің сөзін естігенде, зымыраған минуттар мен
сырғыған сағаттардың қадірін кеш түсініп жатамыз. Жалпы кез келген ауруға жүрдім-бардым қарамай, ол біздің бойымызда қылаң бергеннен бастап, онымен күресуді бірінші орынға қою қажет. «Денсаулық – зор байлық». Қоғам арасында салауатты өмір салтын насихаттап, баға жетпес басты байлығымыз денсаулығымызды күтудің мəні мен маңызын терең түсіндіруді біз өзімізге азаматтық міндет деп табамыз. Бүгінде қандай жағдайлар өмірімізге үлкен қауіп тудыратынын жəне оны алдын алу бойынша адамзат ағзасын неден қорғауы қажеттігін оқырман арасында кеңінен түсіндіруді үнемі назарға аламыз. Əрине қандай да бір дерек-дəйексіз қолымызға қалам мен қағаз алып көлгірсуге де болмайды. Сол үшін де біз ауруханада орын алған өлім-жітім жағдайларының себеп салдарын анықтауды жөн деп таптық. Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының берген (12.01.2015ж. күнгі №02-06/192) мəліметтері бойынша ОҚО клиникалық ауруханасында жыл басынан бері (01.01.2015 - 12.01.2015жж.) яғни, бар-жоғы 12 күн ішінде 5 өлім-жітім жағдайының тіркелгені бізді бей-жай қалдырмады. Оның нақты себебін анықтап, мұндай өкінішті жағдайларды алдын алудың жолдарын мамандардан сұрау үшін аталған ауруханаға бет алдық. (Жалғасы 3-бетте).
2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана маңында этноауыл бой көтереді