№04 (209) = 30 қаңтар = Жұма = 2015 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
ЕЛБАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙРАТ МӘМИДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Қ.Мəми Мемлекет басшысына соттардың 2014 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті бүгінде сот жүйесі алдында судьялардың VI съезінде белгіленген жаңа міндеттер тұрғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев республика соттары 2015 жылдан бастап азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін нығайтуға бағытталған жаңа қылмыстық заңнама аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот төрелігін атқаруды одан əрі жақсарту, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстанның судьялар корпусының кəсібилігін арттыру қажеттігін де айтты. Қ.Мəми соттарға 1,2 миллионнан астам арыз жəне іс келіп түскенін мəлімдеді. Ол азаматтық істердің саны шамамен 450 мың болуы Қазақстан азаматтарының сот жүйесіне деген сенімі артқандығының айғағы екенін айтты. Жоғарғы Сот төрағасы элек-
Халықаралық Түркі академиясы Қытай астанасы Бейжіңде биыл құрылғанына 550 жыл толатын Қазақ хандығының тарихына қатысты ғылыми жиын өткізді.
Белгілі тарихшы, професор Бай Цуй Циң соңғы жылдары Қазақстан тарихшыларының Цин мұрағатындағы Қазақ тарихына қатысты құжаттарды жинастыру, зерттеу жұмыстарын жоғары бағалады. Оның сөзінше, 1950-ші жылдан бері қазақ халқы мен тарихы, мəдениетіне қатысты қытай тілінде 2600-ден астам ғылыми мақалалар мен ондаған кітаптар жарық
Ғалымдарымыз Қытай жерінде Қазақ хандығына қатысты тарихымызды түгендеп қайтты
трондық сот өндірісін енгізу жұмыстары жөнінде де баяндады. Сонымен қатар, сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сегіз бағыт бойынша күшейту жөнінде кешенді ша-
ралар қабылданды. Солардың қатарында соттар қызметінің ашықтығын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеу жұмыстарын күшейту, тұрақты əлеуметтік зерт-
теулермен қамту жəне басқа шаралар бар. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Akorda.kz.
«ӘЛЕМ АЗАМАТЫНА» ТАҒЗЫМ Қытымыр қаңтар айында қазақ жұрты тағы бір арда азаматынан айрылды. Аталған айдың 13-і күні есімі елге таныс Халық Қаһарманы Мұхтар Əлиевті 82 жасында ажал арамыздан алып кетті. Көзі тірі болғанда ағамыз осы жылдың 2ақпанында 83 жасқа толар еді. Айтып келмейтін ажалға амал бар ма?.. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халықаралық медицина ғылымдары академиясының тұңғыш президенті, медицина ғылымдарының докторы Мұхтар Əлиевті ақтық сапарға шығарып салу рəсімі Алматыда Ғалымдар үйінде өтті. Қаралы жиында Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұмның туған-туыстарына, жақын-жуықтарына жолдаған көңіл айту жеделхатын оқыды. Онда «Академик Мұхтар Əлиевтің өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Мұхтар Əлиұлы өз мамандығының шебері, білікті дəрігер əрі дарынды оташы еді. Марқұмның топырағы торқа, жаны жəннатта болсын!» деп жазылған. Президентіміз Мұхтар Əлиевті
Биыл қазақ жеріндегі өте құнды 14 тарихи ескерткіш қалпына келтіріледі
ерекше құрмет тұтып, оның ерен еңбегін, медицина саласындағы жасаған тарихи дүниелеріне риясыз ілтипатын білдіргенінен-ақ марқұмның нағыз елжанды азамат болғанын аңғару қиын емес. Аптал азамат туралы сөз қозғамас бұрын оның өмірбаянына көз жүгірте өтуді жөн санадық. Мұхтар Əлиұлы Əлиев 1933 жылы – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бөртескен стансасында туылған. 1957 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеуші-дəрігер мамандығы бойынша бітірген. 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан
облысы Темір кеңшарында учаскелік аурухана хирургі жəне бас дəрігері болған. 1958 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатор, 1960 жылы Республикалық клиникалық ауруханасының хирургдəрігері, 1961 жылы Онкология жəне радиология ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері, 1963 жылы Алматы екінші қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі; Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты, 1966 жылы медицина ғылымдарының кандидаты, 1969 жылы Алматы дəрігерлердің білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі, доценті
болған. 1974 жылы «Қосылысқан сəулемен зақымданған жағдайдағы күретамыр арқаулығы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1976 жылдан бастап профессор атағын алған. Ол ҚР хирургтері ғылыми мектебінің негізін қалаушы əрі жетекшісі. 800 ғылыми еңбектің авторы. ҚР мен КСРО патенттері мен алдын ала патенттерінің 151 өнер табысы авторлық куəлігінің иегері. 30 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы. 1976 жылдан 1980 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институты хирургия кафедрасының меңгерушісі, 1978 жылдан 1982 жылға
дейін ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі, 1980 жылдан 1985 жылға дейін Ə.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық жəне эксперименталды ҚазҒЗИ директоры, 1982 жылдан 1987 жылға дейін ҚазКСР денсаулық сақтау министрі, 1997 жылдан Ə.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры қызметтерін жоғары деңгейде атқарған. 2001 жылдан бері Ə.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры. ХІ-ші, ХІІ-ші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кең ес і н і ң д е п у та т ы ( 1 9 8 3 , 1985), Қазақстан Компартиясы XVI, XVII съездерінің делегаты, ҚКП ОК мүшелігіне кандидат (1986), КОКП XXVIII съезінің делегаты (1990), Халық депутаты (1990), Ə.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ғылыми орталығы жанындағы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін ғылыми диссертация қорғау кеңесінің төрағасы (1988), Бүкіл одақтық хирургтер қоғамының басқарма мүшесі (1978-1982), ҚазКСР ҒА төралқасының мүшесі (1988, 1989) жұмыстарын жемісті орындаған. Халықаралық гастроинтестианалды хирургтер клубының (1996), Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциа-циясының (1996) мүшесі болған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1999), «Мамандық-Өмір» Халықаралық сыйлықтың (2004), «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты (2005). (Жалғасы 3-бетте).
Шараны құттықтау сөзбен ашқан Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырəлі Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша биыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтетінін атап айтты. «Елбасы Ұлытау төріндегі сұхбатында халқымыздың терең тарихы ғұндардан бастау алып, көк түріктерге ұласып, одан кейін Алтын Ордамен жалғасып, Тəуелсіздігімізбен сабақтасатынын ерекше атап өткен болатын», — деген ол өркениеттері иық тіресіп мыңдаған жыл көрші болған, Жібек Жолы арқылы қадым заманнан бері байланысы бекіген ежелгі елде Қазақ хандығы тарихына қатысты жиын өткізудің маңызына тоқталды. Қазақ тарихы, оның ішінде Қазақ хандығының мемлекеттік негіздері туралы жан-жақты мағлұматтар берілген алқалы жиынға қытайлық ғалымдардың қызығушылығы ерекше болды. Əсіресе Халықаралық Түркі академиясының ғалымы, профессор Бақыт Еженханұлының Қазақ хандығының тарихы туралы қытай-мəнжу мұрағат құжаттарына сүйеніп жасаған баяндамасын ықыласпен тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойды. Баяндамашы Қазақ хандығына қатысты ғылыми негіздегі жаңа деректер ұсынды. Өз кезегінде Қытай Қоғамдық ғылым академиясы Əлеуметтік зерттеулер институтының директоры, профессор Сун Чжунчжи, Бүкілқытайлық этникалық аз ұлттар тарихын зерттеушілер Қауымдастығының бас хатшысы профессор Лю Чжэньин, Қытайдың шекаралық аймақтарын зерттеу институтының бұрынғы басшысы, профессор Ли Цин Шэн жəне өзге де танымал қытай ғалымдары сөз сөйлеп, Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты өз пікірлерін білдірді. Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясына (CASS) қарасты Этнология жəне антропология институтының директоры Ван Яньчжун: «Бүгін қазақ тарихшыларының институтымызға келіп, баяндама жасап, пікір алмасуы біздің қазақ тарихы, жалпы қазақ еліне деген түсінігімізді тереңдетеді. Мұндай шаралар біздің стратегиялық маңызды көршіміз — Қазақстанмен гуманитарлық-мəдени байланысты тереңдетуге оң əсерін тигізеді», деді.
көрген. Бертінде бұл салада докторлық жəне магистрлік зерттеу жұмыстарының саны артқан. Олардың арасында жергілікті жас қазақ ғалымдарының да қарасы молайып келеді. Бай Цуй Циң сондай-ақ «тақырыптарды қайталамау, дереккөздерді тиянақты жинақтау мен терең талдау мəселесінде қазақстандық əріптестерімізден үйренеріміз көп. Сол себепті сіздермен ынтымақтастықты арттыруымыз керек», — деді. Тағы бір танымал ғалым Ли Цин Шэннің пікірінше, Қытай ғалымдары бұдан кейін Қазақстан тарихы мен мəдениетіне қатысты зерттеу жүргізгенде қазақ əріптестерінің сол саладағы еңбектеріне баса мəн беруі тиіс. Ғылыми басқосу соңында Қытайдың Қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты бірнеше институт Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын білдірді. Бірлесіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ортақ шаралар атқару жəне ғылыми жинақтар шығару туралы сөз болды. Ынтымақтастық шеңберінде Қытай мұрағаттарына жол ашылып, Қазақ хандығына қатысты тарихымызды түгендеуге мүмкіндік туары сөзсіз. Бейжің сапары аясында Халықаралық Түркі академиясының ғалымдары Қытайдың бірінші тарихи музейінен Қазақ хандығына қатысты бұрын жарық көрмеген құнды құжаттар тапқанын айта кету керек. Қазақ хан-сұлтандарының Цин патшалығына жолдаған шағатай жəне қалмақ тілдеріндегі хаттары, Қазақ хандығы мен Цин мемлекеті дипломатиясына байланысты мəнжу тіліндегі маңызды жазбалар табылып, көшірмелері алынды. Түркі академиясының ғалымдары Бейжің сапары аясында Қашқардағы мың жыл бұрын түрік сөздігін жазып, тіліміздің құдіретін дүниеге танытқан Махмұт Қашқари мен биыл мың жылдық мерейтойы аталып өтілетін Жүсіп Баласағұни бабамыздың басына барып, тағзым етті. Сонымен қатар Үрімшідегі қазақ ғалымдары мен зиялылармен кездесу өткізді. Түркі академиясының ұйымдастыруымен өтетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты халықаралық деңгейдегі мұндай ғылыми жиындар жыл соңына дейін жалғасатын болады. BNews.kz
Астанада 6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы өтеді