№05 (210) = 6 ақпан = Жұма = 2015 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Елбасы Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдады Кездесу барысында Ə.Жақсыбеков Мемлекет басшысына қаланың əлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайы, сондай-ақ Астананың алдағы қоғамдық-саяси жəне мəдени-бұқаралық ісшараларға əзірлік барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті елордада ауқымды жұмыс атқару қажет болатынын атап айтты. – Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өті-
леді. Осыған байланысты Наурыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтастығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайластырып мерекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек. Тағы бір маңызды тұс – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме нысандарының құрылысы, бұған да ерте қамдану қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Астанаға айрықша маңыз берілген «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мəселелеріне арнайы назар аударды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұр-
Қаламгер қолбасшы «Мен солдаттан нəзік, биязы жан жер бетінде жоқ деп сенімді түрде айта аламын»
ғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады. Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын жəне орта бизнес субьектілерін ілкімді қолдау қажеттілігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев əлеуметтік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғасты-
5-бетте
ШОҢ БИ ТУРАЛЫ шындық қандай? руды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жылу беру маусымын кідіріссіз өткізудің, елорда тіршілігін сапалы қамтамасыз етуге барлық қалалық қызметтердің үйлесімді
қатыстырылуының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Аkorda.kz
«ЕЛ БОЛУДЫҢ АМАЛЫ – ІШКІ БІРЛІК» «Бірлік болмай, тірлік болмайтындығын» айтып, аманаттап кеткен Ата Қазақтың бүгінгі Көшбасшысы Тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында-ақ «Ел болудың амалы – ішкі бірлік» деп, мемлекетіміздің жүрер жолын, барар бағытын атап көрсеткен болатын. Елбасымыз Н.Назарбаевтың осынау бір аталы сөзі Ел дамуының, Қазақстан халқының бейбіт өмір сүруінің темірқазығы іспетті күн өткен сайын өзінің құндылығын дəлелдеп келеді. Бір ұлтты елдердің өзі түрлі топтарға бөлініп, құр бөлініп қана қоймай, бір біріне жау болып, атысып, шабысып жатқан заманда 130-дан астам ұлт, түрлі дін өкілдерінің басын қосып, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай еңбекке жұмылдырып, ұстап отыру тіпті айтуға да оңай емес. Осы бір өзекті мəселені іске асыру үшін Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жүйелі жұмысын бастағанына да міне, биыл 20 жыл толып отыр. Жəне осы 20 жылдыққа орай «2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланғаны
баршаға аян. 4 ақпан күні қасиетті Түркістанның төрінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 iзгi iс» республикалық эстафетасының бас белгiсi — Тайқазанды ұлықтау рəсiмi болып өттi. Қазақ «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек» дейді. Осы терең мағыналы мақалдың өзі-ақ қазан бірліктің символы екендігін көрсетіп тұр. Сондықтан да бүкіл түркі əлемінің жүрегі саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің төріне
Тайқазан қойылған. Сан ұлттың басын қосып от ы р ғ а н А с с а м блеяның да республикалық эстафетасының бас белгiсi етіп Тайқазанды алуы, Ясауи кесенесінің алдында өткен іс-шара-
ның «Тайқазан – игiлiктi iстердiң символы» деп аталуы біздің ұлттық ұстанымымызға дөп келетіндігін баса айтқымыз келеді. Тайқазанды ұлықтау рəсiмiне ҚР Президентi Əкiмшiлiгi Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушiсi Н.Шанаи, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерi, ҚР Парла-
ментi Мəжiлiсiнiң депутаттары Р.Халмұрадов, Н.Нестерова, облыс əкiмiнiң орынбасары Е.Айтаханов пен зиялы қауым өкiлдерi, облыстық этномəдени бiрлестiктерiнiң басшылары қатысты. «Елбасы Жарлығымен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басты мақсаты — халық арасында ауызбiршiлiктi нығайтып, ынтымақты арттыру. Ауызбiршiлiк — бұл iзгiлiк. Осы мақсатты iске асыру үшiн жыл бойы атқарылатын iс-шараларымызды «20 iзгi iс» деп белгiледiк», - деді іс-шараның беташар сөзінде ҚР Президентi Əкiмшiлiгi Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушiсi Нəзипа Шанаи. Түркістан қаласының əкімі Əлiпбек Өсербаев жүрекжарды лебізін білдіріп, Ассамблея мүшесi, ҚР Парламентi Мəжiлiсiнiң депутаты Р.Халмұрадовқа республикалық эстафетасының бас белгiсi Тайқазанның макетiн табыс еттi. Бұл Тайқазан бүкіл Қазақстанды аралап, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдыққа арналған сессиясында салтанатты жағдайда Ел Президенті Н.Назарбаевқа тапсырылады деп күтілуде. Н. ДҮКЕНБАЕВ, «Əзірет – Сұлтан» қорық-мұражайының бөлім меңгерушісі
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты толғауында «Біздің бабаларымыз тірі болу үшін бір болған, енді біз ірі болуымыз үшін бір болуымыз керек» деген пайымы біздерді, Егеменді елдің ұрпақтары өмірден озған даналардың ғибратын терең түсініп, оны іске асыруға байланысты істерді атқаруымыз қажет. Заманға қарай амал жасау дегеніміз ынтымақ, бірлік екенін естен шығармау керек екендігіне ерекше мəн беріп, ұлттық рух, ұлттық қасиет өмірден өткен тұлғаларға тəн, қазіргі таңда сол тұлғалардың сөзін, іс əрекетін дəріптеу арқылы тəуелсіздікті баянды етуге болатындығын еске салған.
Осындай тұлғалар қатарына 1824 жылы туған Телқозының Шоңын жатқызуға болады. Абай əкесі Құнанбайға «Тəте, қазақта өз тұстастарыңыздан сізден беделі асқан адам болды ма?» деп мазасын алғанда, «Балам менен беделі асқан үш адам болды. Оларға жеке-жеке тоқтала келіп, Қарпықтың Шоңы «Мизам сотында» сөйлегенде орыс қазақтан таң қалмаған адам қалмады, міне осы адамның беделі менен артық
болды» деген екен. Арқа өңірінде Шоң есімімен аталатын адам екеу, бірі Сүйіндіктің Айдабол тармағынан шыққан Шоң би болса, екіншісі – Қуандық Тоқасынан шыққан халық «Телқозының Шоңы» деп атап кеткен кісі. Шоң деген қырғыздың биік тұлғалы, алапатты деген сөзінің мағынасын береді. Телқозы баласының е сімін кезінде Баянауыл округінің аға сұлтаны болған замандастарынан шоқтығы биік болған Шоң бидей болсын деген ырыммен қойса керек. Ата-ананың бұл ниеті қабыл болып, «Əділдігімен қара қылды қақ жарған – дара Шоң. Көп сөйлемейтін, сөз кезегі өзіне келгенде ойланып, көп толғанып барып шешуін бірақ айтатын, оның айтқаны талқыға түспейтін – сара Шоң. Елу жыл ел билеген – дана Шоң» деген теңеуге лайықты болған. Те л қ о з ы н ы ң Ш о ң ы н ы ң өмірге келуі жəне атының Шоң деп қойылуы туралы бұл өңірде ел аузында айтылып көрмеген аңыз туралы материал Нұрша Какеновтің авторлығымен 1996 жылы «Шарапат» баспасынан шыққан «Сұлутерек» кітабына енеді. Осы кітапқа еңген Ібірахым (Жақан) Іслəмұлының «Телқозының Шоңы» деген материалы «Өмір» журналының 1993 жылғы 2-санында 28-44 беттерде жарияланған болатын. Бұл еңбекте Телқозының бəйбішесі Шоң бидің қараласына көзі тойып, бойы иіген екен, кідірмей бір ұл туып, атын Шоң қойған екен деген дəлелді келтіргенде, Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің «Шоң би» деп аталатын жазбасына сүйенгендігіне сілтеме жасайды. (Жалғасы 4-бетте).
АЯРЛЫҚ ПЕН ҚИЯНАТТЫҢ ШЕГІ БОЛА МА?
Тарихтың талай бұралаң жолдарынан өткен тағдырлы халқымыз қандай қиыншылық заман болсын, қарттар мен кемтар жандардың өзін қамқорлықсызқараусыз қалдырмаған. Оларға қарасып, əрдайым көмектесіп отыруды сауапты іс санаған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осы игі дəстүрлер бүгінде жаңаша өзгеруде. Олай дейтініміз алдағы уақытта медициналық-əлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан мүгедектердің зейнет жəне жəрдемақысы əжептеуір қысқартылуы мүмкін.
немесе Қапбарованы аяқтан шалу кімге керек?
ТАСЖЇРЕК БАЛА ҚАРТТАР ҮЙІНЕН НЕ ІЗДЕЙДІ? Бұл туралы осы жылдың 22-қаңтар күні өткен мəжілісте Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мəлімдеген болатын. Бұл өзгеріс «Мүгедектер құқығын қорғау жөніндегі» заң жобасында қарастырылған. Вице-министрдің айтуынша, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін мекемелерде тұратын жандарға базалық зейнет-
Қазақ хандығының 550 жылдығы шет елдерде атап өтiледi
ақы беру мүлдем тоқтатылады. Ал жасына қарай төленетін зейнетақының 30 пайызы ғана сақталмақ. Шенеуніктер мұны əлеуметтік теңдік орнату деп есептейді. Өйткені үйде тұратын зейнеткердің шығыны аз емес. Ал əлеуметтік мекемелерде тұратындар толықтай мемлекет қамқорлығында. (Жалғасы 2-бетте).
Шымкенттегі бірді-екілі басылымдарда кейбір журналистер Қазақстан Журналистер одағының ОҚО филиалының төрайымы Айгүл Қапбарованы қызметінен кетуі керек деп айды аспанға бірақ шығаруда. «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген осы екен-ау деп, əріптестері олардың бұл əрекетіне аң-таң болып таңданғандарын да жасырып жабуға болмас. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді. Бұл қалай болғаны?» деп өзіміз де əріптестеріміздің бұл əрекетін біразға дейін түсінбей, кейіннен оған «шала бүлінушілік» деген баға бердік. «Іштен шыққан жау жаман». Өзге емес, өз əріптестеріміздің одақ төрайымын газет арқылы «қызметінен кетсін» деп даурығуы буынсыз жерге пышақ ұрғандай екен. Ал мұндай қадамға бару жігіттікке жатпайтыны белгілі. «Ел құлағы – елу» деген. Сол газет арқылы
Қапбарованың жігерін жасытқысы келетіндер қаланың əкіміне барып қолға алған істерінен нəтиже шығаруға «атсалысуын»» сұранып та үлгерген екен. Ол кісілер «Бұларыңыз не? Бір кісідей жұмыс істеп отырған адамды аяқтан шалуларыңызға жол болсын!» деп ренішін білдіріпті. Сонда дейміз-ау, жастары «ердің жасынан» əлдеқашан асқан, өздерін «тəжірибелі де кəсіпқой» журналистерміз деп санайтындар (өздеріне салсақ, данышпандықтан да кет əрі емес), мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды ажырата алмағаны ма? Ажырата алмаса одақтың жарғысын қайта қарап шығуға кеңес береміз. Тек жергілікті басқару тұтқаларын ұстап отырған азаматтар ғана емес, елге белгілі журналистер де олардың бұл қылығын орынсыз деп танып, өз пікірлерін білдіріп отыр.
Байдулла ҚОНЫСБЕК, Қазақстанның Құрметті журналисі:
БІЛІМІ ДЕ, ТӘЖІРИБЕСІ ДЕ ЖЕТЕДІ – Қазақстан Журналистер одағының ОҚО бойынша филиалының төрайымы Айгүл Қапбарованың кəсіби шеберлігі ешкімнен кем түспейтінін айтқым келеді. Оның филиал төрайымы болып, қаламгерлерді басқаруын қолдаймын. Ол журналистиканың қыр-сырын жетік біледі. Атқарып жүрген жұмысына білімі де, тəжірибесі де жетеді. Əбден шыңдалған журналист. Журналист болғанда да ол базбіреулер сынды жолдан қосылған жоқ. Нағыз дипломды журналист. Ал əлгіндей пікірлерді басып шығарып отырған газеттерді өз басым оқығаным жоқ. (Жалғасы 3-бетте).
Кəсіпкерлік кодекс жобасы қолданысқа енгеннен соң 11 заңның күші жойылады