№06 (211) = 13 ақпан = Жұма = 2015 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
кеттік кəсіпорындарға қатысты. Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджетті 700 миллиард теңгеге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 10 пайызына дейін қысқартуды тапсырамын. Бұл ретте мемлекеттің халық алдындағы əлеуметтік міндеттемелері еш өзгеріссіз қалуы тиіс. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жəне аудандардың əкімдері де қатаң бюджет саясатын жүргізуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы ұлттық басқарушы холдингтер де тиісті шаралар əзірлегеніне тоқталды. – «Самұрық-Қазына» АҚ шығыстары 337 миллиард теңгеге немесе 7 пайызға дерлік, соның ішінде əкімшілік шығыстары 64 миллиард теңгеге, «Самұрық-Қазына» тобының күрделі шығыстары
Отырыста осы жылға жəне орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық саясаттың нақты шаралары айқындалды. Іс-шара барысында ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев, инвестиция жəне даму министрі Ə.Исекешев, энергетика министрі В.Школьник, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Алматы қаласының əкімі А.Есімов, Атырау облысының əкімі Б.Ізмұханбетов, Павлодар облысының əкімі Қ.Бозымбаев, Алматы облысының əкімі А.Баталов өткен жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған
АЛДА ТҰРҒАН БАРЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЕҢСЕРЕТІНІМІЗГЕ СЕНІМДІМІН
жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта елге жаңа жағдайға бейімделу керек болатынын, ол үшін экономикалық жəне заңнамалық сипаттағы жедел шаралар қажет екенін атап айтты. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Үкіметтің, Ұлттық банктің жəне əкімдердің алдына бірқатар міндет қойды. Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын құратын «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы тиімді құрал болып саналатынына назар аударды. – Бағдарлама Астанадан «шұғыла қағидаты бойынша» тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары 500 миллиард теңге бөлінеді, соның 180 миллиард теңгесі биыл пайдаланылады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бұл қаражат өңірлерде уақытылы игерілуі тиістігін айтты. – Барлық жобаларды осы айдан бастап қаржыландыруды тапсырамын, өйткені бұл біздің компанияларымыздың өнімдеріне ішкі сұранысты қамтамасыз етеді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі экономикалық ахуалды ескеріп, «Нұрлы жол» бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыру арқылы қолдау шараларының аясын кеңейткен жөн екендігін атап өтті. – Бұлардың қатарында отандық машина жасау саласын жəне экспортшыларды қолдау, шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары үшін инфрақұрылымдар жүргізу, АӨК-
ні мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қорғау шаралары жəне басқа да бағдарлар бар. Үкімет 250 миллиард теңге көлемінде шұғыл шаралар қабылдау үшін резерв жасақтауы тиіс. Бағдарламаны бір айда толықтыруды жəне бекітуге ұсынуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бюджет шығыстарын оңтайландыруды дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі элементтерінің бірі ретінде атады. – Басталған жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жаңа бастамаларды, ұсыныстарды жағдай жақсарғанға дейін шегере тұрамыз. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, əкімдіктерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен мемле-
240 миллиард теңгеге немесе 18 пайызға қысқарады. «Бəйтерек» холдингі əкімшілік сипаттағы шығыстарын жəне күрделі (негізгі) салымдарын 3,8 миллиард теңгеге немесе 11,8 пайызға оңтайландыруы тиіс. «ҚазАгро» холдингіндегі қысқарту 196 миллион теңге немесе 12 пайыз болады деп күтіліп отыр. Осының бəрі қадағаланады, қатаң сұрауы болады. Жалпы, Үкіметтің баяндамасына сəйкес, министрліктердің, ведомстволардың, холдингтер мен жергілікті атқару органдарының үнемдеуінен 4 миллиард доллар құралады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев əр өңірде жұмыспен қамтылуға ықпал ету бағдарламалары əзірленуі тиістігін айтты. Сондай-ақ тиімділігін
дəлелдеген жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі жол картасын сақтаудың қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында 2011-2014 жылдар аралығында 260 мың адам жұмысқа орналастырылды, 120 мың адам оқуға тартылды. Мемлекет басшысы еңбек дауларын дер кезінде шешу ісінің маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты əкімдерге ірі кəсіпорындармен меморандум жасау жəне босаған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мəселесін шешу тапсырылды. Қазақстан Президенті білім беруді жəне денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне тоқталды. – Бұл – болашақ экономикалық өсімге негіз қалауға мүмкіндік беретін адам капиталына салынатын ұзақмерзімді инвестиция. Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім бойынша жан басына қаржыландыру тəртібіне көшуді жəне 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп өтуді жалғастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті бүгінде Ресей рублінің əлсіреуі мен ресейлік тауарлар қысымының артуы жағдайында отандық өндірушілерге оның зияны тиіп жатқанына назар аударды. – Мұның Еуразиялық экономикалық одақпен еш байланысы жоқ. Біз бір бөлшегі болып саналатын əлемдік нарықтық экономикада мұндай ауытқулар болып тұрады. Бұл уақытша жағдай, оның шешімі табылады. Ресейде сұраныстың азаюы – Қазақстан экспортын əртараптандыру жұмысын күшейтуге ынталандырады. Сонымен қатар, арзандаған энергия ресурстары, құрамдас жəне қосалқы бөлшектер – өзге секторлар үшін игілік болып саналады. Өңдеу өнеркəсібін дамыту үшін осы мүмкіндікті пайдалану керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Жалғасы 3-бетте).
«ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА...»
немесе төрттіктің тілегі қабыл бола ма?
Ақпанның 11-і күні Беларусь астанасы Минскінің Тəуелсіздік сарайында «Нормандтық төрттіктің» кездесуі 14 сағатқа созылды. Ертеңіне өзін-өзі жариялаған Луганск пен Донецк Халық республикаларының басшылары Игорь Плотницкий мен Александр Захарченко да келіп жетті.
«Нормандтық төрттік» шекарадан басқа барлық мəселеде келісімге келгендей болды. Қатысушылар «Минск келісіміне» сəйкес, атқарылатын міндеттер жөнінде келісім жасап, қол қойысты. Төменде сол құжаттың негізгі мазмұны: · Украинада 15 ақпаннан бастап ұрыс қимылдары тоқтатылады. · Киевтің күштік құрылымдары бүгін бекітілген шептен аспауға, ал жасақшылар 19 қыркүйекте қабылданған «Минск меморандумында» көрсетілген шептен аспауға тиіс. · Украина үкіметі даулы аймақ пен мемлекеттік шекараны бақыла-
Балтабек ТЇЙЕТАЕВ ќамалєан! Республикалық «Еркін Ой» апталық газетінің соңғы нөмірлері ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбаровасыз шықпайтын болды, қазір. «Нөмір сайын мақтайды екен» деп ойламаңыздар. Нөмір сайын тиіседі. Əркім-əркімнің аузымен «Журналистер одағының басшылығынан кетсін!» деген талаптар қояды. «Жаман қатын бай таңдайды» деген мақал бұл жерге жүре ме, жүрмей ме, оны бізден бұрын филологтар жақсы білсе керек. Бізде «өзі еркек адам қыз баласының осынша соңына түсуінің себебі неде?» деген сұрақ бар. Оның себебін біз білмедік. «Бақсақ бақа екен» демекші, «Еркін Ойдың» редакторы Балтабек Түйетаев Айгүл Қапбарованың соңына бүгін ғана емес, бұрыннан түсіп жүр екен. Мысалы, 2014 жылы 19 қарашада «Нұр Отанның» ғимаратында өткен бір жиында Балтабек Түйетаев Айгүл Қапбароваға былапыт сөздер айтып, айқай-шу шығарған, осылайша қоғамдық тəртіпті бұзған.
Осыдан кейін Айгүл Қапбарова Балтабек Түйетаевты сотқа беріпті. Істі қараған Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік соты Балтабек Түйетаевты ҚР ƏҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен айыпты деп тауып, оған бір тəулік əкімшілік қамау жазасын тағайындапты. Яғни, Балтабек Түйетаев бір тəулікке қамалған. Осынша уақытқа отырып шығып, қоғамнан оқшауландырылған. Түйетаев ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының басқарма мүшесі. Қоғамдық орындарда былапыт сөз айтып, бір тəулікке болса да қамалған адамның басқарма мүшесі болуға, газет шығарып мемлекеттің идеологиясына араласуына моральдық құқы бар ма? «Еркін Ойдың» редакторына «Айгүл Қапбарова Журналистер одағының басшылығынан кетсін» дегенді ойлағаннан гөрі осы өзінің жағдайын көбірек ойлауға кеңес береміз. Бізге əділет керек. Əділдікті жазу біздің міндет. «Əділет» ұлттық апталығы.
уды қолға алады. Бұл жағдай жергілікті жердегі сайлаулар өткеннен кейін жəне осы жылдың соңына дейін саяси жағдай тұрақталған соң жүзеге асады. · Украинада конституциялық реформа жасалады. · 2015 жылдың аяғына дейін жаңа конституция күшіне еніп, Донецк пен Луганск облыстарының айрықша мəртебесі жөнінде заң қабылдау. · Украина аймағынан барлық шетелдік əскерлер шығарылуы тиіс. · Украинаның оңтүстік шығысында ені 50-ден 70 шақырымға дейін қауіпсіз аймақ құру.
· Донбасс тұрғындарының заңдық құқын сақтау. · Шекара аймағын ДХР жəне ЛХРмен келісе отырып шешу. Келіссөздер өте ауыр жағдайда өткені белгілі. Мұндай шешімге келу Украина президенті П. Порошенко мырзаға оңай соққан жоқ. Өзін-өзі жариялаған ДХР жəне ЛХР басшыларымен кездесуден бас тартып отыр. Ал Ресей президенті В. Путин Порошенконың ДХР жəне ЛХР басшыларымен көзбе-көз кездесуін жəне келісуін қалап отыр. «Əділет» - ақпарат.
Павлодар облысында 1200-ден астам өзге ұлт бүлдіршіні қазақ тілінде тәрбие алуда
САРЫАЄАШТА НЕ БОЛДЫ? Сарыағашта не болды? Бір аптадан бері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы барлық халықтың көкейінде тұрған сұрақ осы! Ақпарат жабық болған сайын, оны білуге құштарлық артатыны бес енеден белгілі. Адамзаттың жаратылысы солай. Осындай əрі-сəрі сəтті пайдаланып, өсек отын үрлей түсетін, сыпсың сөздерді өршітетіндер де көптеп табылатыны да өкінішті. Ақиқатқа көз жетпей тұрып «аттандау», ел ішін ала тайдай бүлдірушілер, жанжалдан жандары «лəззат» алатын, кісі өліміне қуанатындар да көбейеді. «Не болды?» деп құлағы елеңдеп отырған көпшілікке шынайы ақпаратты жеткізу үшін сол ауылда тұратын тілшіміз Амангелді Батырбековке арнайы тапсырма берген болатынбыз. Оқиға ортасында болып, бəрін өз көзімен көріп, өз құлағымен естіген тілшіміздің материалын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Бұл сұраққа басы-қасында жүріп, үндемей қалуға «Əділет» деген атымыз бен арымыз жібермей отыр, сондықтан Сарыағаштағы өткен аптадағы орын алған оқиға туралы өз пікірімізді ортаға салуға бел будық. Сарыағаш қазағы бар, тəжігі бар, өзбегі бар, орысы бар, түрігі бар, қырғызы бар небір ұлт өкілдері сүттей ұйып отырған, халықтың тұрмыс жағдайы тұрақты дамып келе жатқан, экономикалық потенциалы мықты аудан! Осындай мықты ауданымыздағы халық
санының көптігі жағынан 2-ші орында тұрған Жартытөбе ауыл округіне қарасты, шекараларын ажыратып болмайтын бір-бірімен жалғасып кеткен «Ынтымақ», «Бостандық» деген ауылдар бар. Кеңес дəуірінде ол екі ауылды бөліп жармай, «совхоз Ленин» немесе «тəжік ауыл» дей салатын. Себебі тəжік ағайындардың Сарыағаш ауданындағы ең көп шоғырланған жері осы «Ынтымақ», «Бостандық» ауылдары. (Жалғасы 2-бетте).
Абылай ханның арманы қандай еді? Абылай Қытай мен Ресей билеушілерінің қолына тізгінді бермей, жері мен елінің бүтіндігін сақтап қалды 8-бетте
РУБЛЬ, ТАУЫҚ, КӨЛІК... Соңғы уақыттарда, Ресей рублінің құлдырауы Қазақстанға да біршама қиындықтар туындатып отыр. Өйткені, көрші елдің арзан тауарлары елімізге ағылып, отандық тауар өндірушілердің өз өнімдерін өткізулеріне кедергілер келтіруде. Жалпы рубльдің құлдырауынан мемлекетіміз не ұтады, неден ұтылады деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Ресей рублінің девальвацияға ұшырауына байланысты оңтүстік қазақстандық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың жақсы пайда көріп жатқандары да, белшеден шығынға батқандары да баршылық. Талайлардың тасын өрге домалатқаны да, еңсесін төмен түсіргені де рас. Мəселен, Ресей тауарлары арзандай түсті. Біздің импортерлер болса, бағаны бірден реттей алмады. Себебі, бұрынғы бағамен келген тауарлар қоры жиналып қалды. Ал оны арзанға сатқан тиімсіз. Осыдан кейін қазақстандықтардың көбісі Ресейге жол тартып, төмен бағаға тауар таси бастады. Əсіресе, ресейлік нарықтан арзан автокөліктер көп
алынды. Былтыр қараша-желтоқсан айларында елімізге əкелінген көліктің саны 40 мың болса, биыл 100 мың данаға жетті деген бейресми дерек бар. Демек, алдағы уақытта отандық автосалондарда сатылатын көліктерге сұраныс болмауы да мүмкін. Оған тағы бір дəлел, жыл басынан бері тек Ресейден əкелінген көліктердің саны екі жарым мыңға жеткен. Тұрғындарды жергілікті автосалондардың өз бағасын жиырма пайызға төмендеткені де тоқтатпады. Себебі, Ресейдің көліктері салыстырмалы түрде бəрібір арзанға түседі. Ал, оның қазақстандық өндіріске кері соққы беретіні айтпаса да белгілі. (Жалғасы 2-бетте).
ЭКСПО-2017-ге дейін Астананың тұрғындары 900 мыңға жетеді