07 2015

Page 1

№07 (212) = 20 ақпан = Жұма = 2015 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің ҮНДЕУІ Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ҚР Парламенті Мəжілісіндегі ҚХА депуттаттық тобына, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға жəне бүкіл Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге бастама көтеру туралы Үндеу жолдады. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, болашаққа деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жақтастары əрі Отанымыздың патриоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз. Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мəселе бойынша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды. Əлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.

Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет. Əлемде тұрақсыздық орын алған жаңа əрі күрделі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту жəне дүние жүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елбасы Н.Ə.Назарбаевқа сенім білдіру қажет. Сонымен қатар Елбасына сенім мандатын білдіру арқылы əлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңызды мəселелер-

ге ден қоюға мүмкіндік аламыз. Бүгінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын жəне «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру керек. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу арқылы еліміздің одан əрі қарқынды дамуы мен азаматтардың əл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз. Сондықтан осы күрделі заманда біз барша қазақстандықтарды Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың төңірегінде топтасуға шақырамыз. Президенттік сайлауды мерзі-

мінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға шын мəнінде басқа балама жоқ. Сонымен бірге ендігі 2016 жылы президенттік жəне парламенттік сайлаулар бір мезгілге сəйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды əртүрлі кезеңдерде өткізген жөн. Қазақстан халқы Ассамблеясы Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бастамаларды қашанда қолдап келді жəне болашақта да солай

бола бермек. Осы жалпыхалықтық бастаманы көтере отырып, қазақстандықтар тарапынан да, халықаралық қауымдастық тарапынан да қолдауға ие боламыз деген сенімдеміз, өйткені біз халқымыз бен еліміздің биік мүддесін көздеп отырмыз. Тəуелсіздігіміз мəңгі болғай! Қазақстан жылдан жылға гүлденіп, əлемнің белді əрі беделді мемлекетіне айнала берсін! Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттар тобына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтерсін деп үндеу жолдаймыз. Қазақстандықтар əлемнің экономикасы ең озық отыз мемлекеті қатарына енуге мүмкіндік беретін «Қазақстан-2050» Стратегиясын жалғастыруды қалайды! Қазақстандықтар «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын қолдайды! Қазақстандықтар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуды, одан əрі дамуды қалайды! Біз барша Қазақстан халқын, саяси партияларды, азаматтық секторды жəне еліміздің патриоттарын Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз! Астана, 2015 жылғы 14 ақпан

10 наурызға дейiн «Нұрлы жол» бағдарламасына түзетулер енгiзiлмек Күні кеше Шымкент қалалық медициналық жедел жəрдем ауруханасында 36-шы рет бүйрек ауыстырылды. Соның ішінде жергілікті хирургтардың жасаған 8-ші отасы. Бұған дейін біздің ауруханаға Оңтүстік Кореядан, Беларусьтен мамандар келіп, сол елдерге біздің мамандар арнайы барып ота жасайтын. Тəжірибе алмасу барысында біздің мамандар шетелдік оташылардан бүйрек ауыстыруды үйреніп, өз беттерінше ота жасауды меңгерді. Сөзіміздің дəлелі – əлемге əйгілі Əлиев Мұхтардың ең қабілетті шəкірттерінің бірі, бүгінде республикаға танымал, белгілі хирург Мəди Қожаұлы Биғалиевтің бүгінгі жасаған операциясы.

8-ші ота

Әбілхан ДАУЫЛБАЕВ:

«ЖАППАЙ КӨКПАРДА ЖЕҢІС ЖОҚ, ЖЕҢІЛІС КӨП...»

Кесек тұлғалы, қайсар мінезді, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, апайтөс, талай тартыстарда мерейі үстем болған наркескен Əбілхан Дауылбаевтай дарабоз шабандозды танымайтын қазақ жоқ шығар сірə. 1980 жылы Шымкент обкомының бірінші хатшысы А. Асқаров Қазығұрт ауданы «Күйік» кеңшарының директоры Беркін Тілешовке сол жылдың мамыр айында Алматы қаласында өтетін республикалық шопандар слетына көкпардан сайысқа түсетін облыстық құрама командасын жасақтауды тапсырады. Сонда сайдың тасындай іріктеліп алынған сайыпқырандар сапында Əбілхан да болады. Аз уақыт өтпей-ақ жаңадан құрылған команда Алматыда болған шопандардың республикалық слетында «Дегерес» ат зауытының ойыншыларымен көкпардан жарысқа түседі. Аталған зауыттың команда ойыншылары бұған дейін Бүкілодақтық ат ойындарында Қазақстан атынан шығып жүргенмен олжалы жеңістермен оралмаған. Əлгі шопандар слетында да олар ойсырай жеңіледі. Облыстық құраманың шабандоздары өрнекті ойын көрсетіп қарсыластарын тізе бүктіреді. Бұлардың шеберліктеріне қайран қалған ҚазССР ауылшаруашылық министрінің орынбасары оларға одақта қазақ елінің намысын қорғау туралы ұсыныс білдіреді. Шамасы сол кезде де шабандоздардың жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне шүбə келтірмесе керек. Жігіттер жағы бұл ұтырлы ұсынысты бірден қолдайды. Осылайша Əбілхан аға капитан болған команда 1980 жылдың күзінде Алматыда өткен Бүкілодақтық ат ойындары спартакиадасына қатысады. Бұған дейін мұндай бəйгелерде жеңісті қанжығаға байлау бақытына қол жеткізе алмаған бұл команда сол ойында қарсыластарын тізе бүктіріп, бірінші орынды олжалайды. Осылайша тарихта қазақ шабандоздары алғаш рет КСРО чемпионы деген мерейлі атақты алады. Əр екі жылда бір рет өткізілетін (1985 жылдан кейін жылына бір рет) Бүкілодақтық ат спортында Қазақстан 1986 жылға дейін үздіксіз үздік деп танылып чемпион болады. Одан кейін де желмен жарысқан бұл шабандоздар талай рет жеңіс тұғырынан көрініп, қазақ халқының абыройын асқақтатады. Бұл мəртебеге жетуде к о м а н д а к а п и та н ы болған Əбілхан Дауылбаевтың орны

алабөтен екеніне ешкім шүбə келтірмесі анық. Оның ат спорты түрінен КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы болғаны жəне мұндай атаққа сол кезеңдерде ешкім де қол жеткізе алмағаны сөзімізге дəлел. Иə, ат құлағында ойнауды өнер дəрежесіне көтерген бұл ағамыздың шабандоздық шеберлігі талайды таң қалдырып, таңдай қақтырған. Осыдан бірнеше жыл бұрын аймақта дүркіреп өткен бір көкпарда үкім айтушы Асан деген ақсақал Əбілхан ағаның өрнекті ойынын тамашалап отырып «бір ғасырда бір туатын палуан» деп баға берген екен. Таулы Түлкібастың табиғаты Қамбар ата түлігі – жылқы жануарын танып-біліп, күтіп баптауға өте жайлы жер. 2000 жылдары осыны ескерген сол кездегі Түлкібас ауданы əкімі Асқар Бейсенбаев жергілікті бюджет есебінен ат спорты мектебін ашуды қолға алып, Əбілхан Дауылбаевқа оған директор болып келуін сұрайды. Ə дегеннен-ақ əкімнің Əбілхан ағаны директор етуге көңілі құлағаны түсінікті-ақ. Əр істі өз ісінің білгірі атқарғаны абзал ғой. Сөйтіп мектеп ашылып, оның ма-териалдық-техникалық базасы жасақталып, жемісті жеңістерімен көзге көрініп, дамуы қар-қын алып келе жатқан кезде, дəлірек айтсақ, 2007 жылы «мектепке аудандық қазынаның қауқары жетпей жатыр, жабылады» деген сөз шығады. Бастаған ісін аяғына дейін апаруға бейімделген Əбілхан аға бұл мəселені сол кездегі облыс əкімінің орынбасары Дархан Мыңбайдың алдына көлденең тартады. Дəл сол уақыттарда дамуы кенжелеп қалған ұлттық спортты жандандыру жайы жер-жерлерде қолға алынып жатқан кез еді. Мұны ескерген Д. Мыңбай бұл мəселеге сергектік танытып, мектептің облыстық меншікке өтуіне сүбелі үлес қосады. Содан соң мектеп облыстық деңгейге ауысып, жұмысын жалғастыра түседі. (Жалғасы 6-бетте).

«ӘКЕМ – ОРЫС, ШЕШЕМ – КӘРІС,

АЛ МЕН – ҚАЗАҚПЫН!»

«Мен – қазақпын!» дейтін WBA, IBO жəне WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы əлем чемпионы Геннадий Головкин бұл сөзін іс жүзінде дəлелдеп келеді. Шаршы алаңға қазақы шапанымен шығып, əр жеңісінен соң көк туымызды көкте желбіретуде. «Қазақы шапан» дегеннен шығады, түк таппағандар осы Генаның үстіндегі киімін əңгіме етіп жүр. «Қазақтың шапанына ұқсамайды ғой» деген сөзді жиі құлағымыз шалғаны да рас. Біздіңше əңгіме шапанда емес, ниетте. Шаршы алаңға көтерілгенде ешкімге ұқсамайтын, қазаққа ғана тəн дүниені көрсеткісі келген ойының өзі бізге ұнайды. Ал жақында шапанға да қатысты ешкім сын айта алмайды деп ойлаймыз. Өйткені, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірінен шыққан кəсіпкер Əбдімəжит Сыздықбеков айтқыштардың аузына құм құймақ. Əбекең қазақы нақышпен тігілген шапанын (суретте) Генаның өзіне табыстамақ. – Қолымда Генаға сыйым ретінде алып бара жатқан арнайы тіктірген шапаным бар. Ол бұдан былай осы шапанды киіп шықса екен, – дейді Əбдімəжит Саттарұлы. Сыйын арнайы табыстау үшін боксшымыздың келесі жекпе-жегіне аттанып та кетті. Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Монакода ертең, яғни ақпанның 21-інен 22-сіне қараған түні өтеді. Тікелей эфирде НВО арнасы, ал елімізде «Қазақстан» телеарнасы көрсететін болады. Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.

МҮСІРӘЛІ ҚОЖА – қазақтың шежірелік зердесіндегі ірі тұлға 4-бетте

Қазақ хандығының кезеңдері ... əңгіме арқауы осы қазақ мемлекетінің əрі қарай дамуы мен ол мемлекетті басқарған тұлғалар туралы өрбиді 4-бетте

Қазақстанда пациенттерді қолдау қызметі 2015 жылғы шілдеде іске қосылады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.