08 2015

Page 1

№08 (213) = 27 ақпан = Жұма = 2015 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді

біздің жауапты таңдауымыз! Бұл біздің Отанымыздың табысты дамуының басты формуласы.

Құрметті қазақстандықтар! Ел ішінде биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мəселесі қызу талқылануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерген бастамаға қоғам өкілдері жан-жақты пікір білдіруде. Парламент депутаттары мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары өз пікірлерін айтты. Маған күн сайын еліміздің түкпіртүкпірінен жүздеген хаттар келуде. Барша жұрт кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде.

Қымбатты отандастар! Өткен 23 жыл – біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қазақ қазақ болғалы қазіргідей төрт құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мəртебе жоқ. Жер бетінде саны қанша миллион болса да туын тігер ұлтарақтай жерді, ұрпағына мирас етер елді арман еткен ұлттар қаншама! Елі болғанмен бағдары жоқ, бағдары болғанмен берекесі жоқ халықтар да көз алдымызда. Қазақстан даму көшіне ілескен елдерден суырылып шығып, көш тізгінін ұстаған елдердің санатына бет алды. Бірақ, біз өткенді ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Қазақ – тарихи жады мықты, соңына қарап тəубесін айтқан, жолына қарап тəуекел еткен халық. Əсіресе, осы күндері маған жүздеген хаттар келіп түсуде. Солтүстік Қазақстан облысының жасы тоқсаннан асқан тұрғыны Байқуаныш Сəрсембин ақсақал былай деп жазыпты: «Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардың бəрі менің көз алдымда өтті. Бірде құлдырап, бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ, дəл қазіргідей Алтын Ғасыр халқымыздың басында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орна-

Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы бірауыздан қолдау білдірді. Ол 6 саяси партияның, 18 республикалық қоғамдық бірлестіктің, 500 өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіреді. Аталған мəселе бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі бастамашылық жасады. Бұл күндері менің атыма кəсіпорындардың еңбек ұжымдарынан, ардагерлерден, студенттерден, жасы жəне кəсібі əртүрлі адамдардан көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Мұның өзі біздің азаматтарымыздың өсе түскен саяси белсенділігі мен олардың ел тағдырына шынайы қамқорлығын білдіреді. Барлықтарыңызға осы үшін зор рахмет. Біздің азаматтарымыз үшін бүгін не нəрсе аса маңызды? Біріншіден, маған арналған барлық үндеулерде ешқандай ішкі кикілжіңдер мен сыртқы жан-

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына ҮНДЕУІ

жалдар біздің елімізге кесірін тигізбесін деген бүкілхалықтық алаңдаушылық байқалады. Адамдар бұл үшін тұрақтылық пен қоғамымыздың бірлігін нығайту қажет екенін түсінеді. Екіншіден, əлемдік экономикалық дағдарыс белең ала түскен кезеңде халыққа ертеңгі күніне деген сенімділік керек. Бұл, ең алдымен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, əлеуметтік төлемдердің, жалақының, стипендиялардың тұрақтылығы. Үшіншіден, жаһандық геосаяси қарама-қайшылықтар ушыға түскен жағдайда, біздің азаматтарымызды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі алаңдатады. Сондықтан қазақстандықтар теңдестірілген ішкі жəне сыртқы саясат-

тың əрі қарай жалғастырылғанын қалайды. Бұлар оңай мəселелер емес. Оларды шешу барлық азаматтар мен барлық деңгейдегі атқарушы биліктен дағдарыстан шығу жөніндегі белгіленген бағдарламаларды орындау үшін күш біріктіруді талап етеді. Осылайша, барлығымыздың алдымызда аса ауыр жұмыс тұр. Маған Қарағандыдан Нина Алексеевна Мисоченко былай деп жазады: «Күн сайын балаларымның амандығы үшін, жеріміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін мінəжат етемін. Күн сайын Құдайдың алдында біздің үйлерімізге ешқашан ешқандай алауыздық пен ешқандай соғыс қатер төндірмесін, біз қашанда бейбіт жəне бақытты өмір сүрейік деп жалбары-

Астана қаласында 2015 жылғы 23 ақпан күні халықаралық құқықтық ынтымақтастық мəселелеріне арналған брифинг өтті. Аталған мəселе бойынша Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель сөз сөйледі.

намын. Қазақстанда барлық адамдар татулық пен бір-біріне сеніммен өмір сүріп жатса, бұл Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасы. Қазақстандықтар бірге еңбек етіп, бір-біріне қолұштарын береді, балалары мен немерелерін алаңсыз оқытып, өсіріп жатыр. Əрқашан жəне мəңгілік осылай бола берсін!». Рахмет, Нина Алексеевна! Бұл тек менің ғана емес, біздің бүкіл халқымыздың еңбегі. Тəуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың бойында бейбітшілік пен келісім – басты жалпыхалықтық игілігіміз деген даналық ұғым мықтап орнықты. Жəне оны əр күн сайынғы еңбекпен қорғау жəне нығайту қажет. Бүгінгі біздің қазақстандық мінез бітіміміз осындай! Бірлік пен Тұрақтылық – бұл

дағанымыз үшін біз америка тарапынан алғыс хат алдық. Өздеріңізге мəлім, осы жылғы 20 ақпанда Вашингтонда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында

ЌЫЛМЫС ТА ЎЛТАРАЛЫЌ СИПАТ АЛЫП БАРАДЫ ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель: - Есірткі тасымалы, адам сату, лаңкестік, діни экстремизм, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру жəне басқа да қылмыстар қазіргі заманда ұлтаралық сипатқа ие болды. Осыған орай халықаралық ынтымақтастықты құқықтық реттеу мəселесі ерекше маңызға ие, оның шарттары мен тəртібі тиісті келісімдермен анықталатын болады. Қылмысқа қарсы əрекет ету саласындағы халықаралық-құқықтық өрісті кеңейту үшін Бас прокуратура қылмыстық іс жүргізу бойынша халықаралық келісім-шарттарды жасасу бойынша шетелдік əріптестермен бірге тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Қазіргі таңда Қазақстан еуропалық елдермен 16, азия елдерімен 14 екі жақты шарт жасасқан жəне біз мұнымен ғана шектелмейміз. Сондай-ақ көршілес орналасқан елдерден басқа сауда-экономикалық қарым-қатынас реттелген, туристік əлеуеті жоғары жəне бизнес жүргізу үшін жеңілдігі бар салық қарастырылған елдерге басымдылық беріледі. Біздің серіктестеріміздің қатарында өзаралық қағидасы бойынша қылмыстыққұқықтық салада ұзақ уақыт бойы ынтымақтастық жүргізіліп келе жатқан Америка Құрама Штаттары ерекше орын алады. 2009 жылғы 17 қарашада Бас прокуратура мен АҚШ Федералды Тергеу Бюросы

арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы осындай ынтымақтастықты құқықтық реттеуде жасалған алғашқы қадам болып табылады. Біздің елдер арасында ұзақ уақыт бойы шарттар жасалмағанына қарамастан, біз тиісті өзара қарым-қатынас орната білдік, екі тарап та тексеру кезінде көмек көрсету туралы алынған сұрауларды қысқа мерзім ішінде орындап отырды. Өткен жылдың өзінде біз америка тарапынан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 8 сұрау алсақ, біздің тараптан олардың мекен-жайына осындай 4 сұрау жіберілді. Осыдан бір апта бұрын ғана Америкада салық жəне банктік алаяқтықпен жасалған қылмыстық іс бойынша АҚШ құзыретті органдарының құқықтық көмек көрсету туралы сұрауын жедел түрде орын-

қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Шартқа қол қойылды. Қазақстан үшін бұл оқиға үлкен жетістік болып табылады, өйткені Қазақстан Орталық Азия аймағында Құрама Штаттармен осындай Шарт жасаған алғашқы ел болып табылады. Осы аталған халықаралық акт негізінде, қазақстандық жəне америкалық құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы əрекет етуде, заңдылық пен құқық тəртібін қамтамасыз етуде, сонымен қатар азаматтардың заңды мүдделерін жəне құқықтарын қорғауда заңды жəне жедел түрде өзара іс-қимыл жасай алады. Сөзсіз, осы іспеттес халықаралық шартты жасау АҚШ билігінің Қазақстан құқықтық жүйесіне қатысты сенімінің артуына, елімізде халықаралық стандарттарға жауап беретін демократия институттары мен тəуелсіз əділ соттың құрылуына дəлел бола алады. Жақын келешекте біз құқықтық саладағы қазақстандық-америкалық қатынастарды одан əрі нығайтуға ниеттіміз. Соның ішінде, біз бүгінде 1992 жылғы 23 мамырдағы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы, 1933 жылғы 26 желтоқсандағы экстрадициялау жəне 1993 жылғы 9 маусымдағы сотталғандарды табыстау жөніндегі америкааралық конвенцияларға Қазақстанның қосылуы туралы мəселені қарау үстіндеміз, бұл жалпы алғанда америкалық континент елдері жəне Америка Құрама Штаттарымен қылмыстық сот ісі аясындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуге мүмкіндік береді. Аталған жұмыстың жүргізілу барысы Бас прокуратура басшылығының тұрақты бақылауында тұр.

тып, барша адамзат тағдырын шешуге араласып отырған қазақ баласы ешқашан болмаған», – дейді Байқуаныш қария. Мен жеткен абырой, мəртебе – барша Қазақстанның мерейі. Əрбір хат иесінің бүгінгі Қазақстанды мақтан етіп, марқаятынын көремін. Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағытталған кез келген ұсыныс мен үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайын мен осы тұрғыдан сараладым. (Жалғасы 2-бетте).

Беймәлім де мағынасыз СОҒЫС

Жапон езгісінен құтылып, ес жиған Қытай Үкіметі 1958 жылы Тайваньмен, 1962 жылы Индиямен шекара жөнінде дауға барып, соңы əскери қақтығысқа ұласқан. Содан кейін, жапон отарынан құтқарушы, кешегі одақтасы КСРО-ға да шекара жөнінде талап қоя бастады. 1964 жылы басталған келіссөздер нəтижесіз аяқталды. Сол кездері Қытайда жүзеге асқан «мəдени төңкерістің» салдарынан екі елдің іргесі ажырай түсті. 1968 жылы тарихқа «Прага көктемі» деген атпен енген оқиғадан соң, КСРО «социалистік империализм ошағы» деп танылып, көп ел КСРО -дан сырт айнала берген. Осы дүрмекке Қытай да ілескен еді. ...1919 жылы Францияда өткен «Париж бейбітшілік конференциясында» өзара өзенмен шектесетін мемлекеттер үшін, шекара өзеннің тура ортаңғы ағысымен белгіленсін деген ереже қабылданған болатын. Сондықтан да, халықаралық ережеге сай, арал қытайларға тиесілі. Екі елдің қақтығысуына себепкер болған - Приморск өлкесі, Пожарский ауданына қарасты Даманск аралы (қытайша атауы Чжэньбао) Уссури өзенінің қытай жақ жиегіне жақын орналасқан. Аралдың көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1800 метр, батыстан шығысқа қарай 600-700 метрге созылған (0,74 шаршы шақырымдай), қазақшалап айтсақ ұлтарақтай ғана жер. Осы арал үшін КСРО мен Қытай арасында үлкен əскери қақтығыс 1969 жылдың 2-наурызы мен 15-наурыз күндері болды. Мағынасыз соғыста кеңес əскерінен 58 жауынгар қаза тапса (оның 4-еуі офицер), 94 адам əртүрлі жарақат (9-ы офицер) алды. Осы қақтығыста «Град» РС30 (реактивная система залпового огня) тұңғыш рет қолданылды. Қытайлықтар атып, істен шығарған борттық номері 545 Т-62 танкісін Кеңес əскері қайтара алмады. Жойып жібереміз деп минометпен атқылағанда мұз жарылып, су түбіне кетті. Жазда қытайлықтар танкіні су астынан шығарып, Пекиндегі əскери музейге экспонат ретінде апарып қойды (суретте). 1991 жылы Даманск мен Киркинский (Цилициньдао) аралдары Қытай тарапына толық өтті. Жүздеген адамның басын жалмап, мыңдаған адамның тағдырын тəлкек еткен соғыста қандай мағына бар еді?! Даманскідегі қақтығысқа бірталай қазақ азаматтары да қатысты. Оқиға ортасында болған, көзі тірі куəгерлердің мақалаларын 4-ші беттен оқи аласыздар.

Еліміздің ең әуелгі қазынасы – адам өмірі «Əділет» ұлттық апталығының 2015 жылғы 23 қаңтарында жарық көрген №03 (208) санында «Ақталғандардың абыройы ешкімді алаңдатар емес» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда кінəсіз жандарға тағылған негізсіз айыптаулар мен олардың бүгінгі қоғамдағы жағдайы қозғалған-ды. Еліміздің ең əуелгі қазынасы – адам жəне оның өмірі деп білсек, оның құқының қорғалуы ең басты мəселе екені даусыз. Сол себепті де біздің басылым бұл тақырыпта бір ғана мақала жариялаумен шектелмей, ары қарай аша түспек. Осы мақсатта біз Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарының пікірін де білген болатынбыз. Рамазан СƏРПЕКОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты: – Өкінішке орай, шын мəнінде заңсыз тергеу əрекеттерінен жəбір көрген азаматтар тарапынан сотқа моральдық шығын өндіру туралы талап арызбен шағыну мəселесі өз деңгейінде емес. Алайда, ақталған адамдарға келтірілген зиянды өтеу мəселесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында толығымен қаралған. Дəлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 4-тарауы түгелдей осы тақырыпқа арналған. Қылмыстық-процестік кодекстің 39-бабына сəйкес қылмыстық процесті жүргізетін орган адамды толық немесе ішінара ақтау туралы шешім қабылдай отырып, оның зиянды өтеткізу құқығын тануға тиіс. Ақтау үкімінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшірмесі мүдделі тұлғаға табыс етіледі не почта арқылы жіберіледі. Залалды өтеткізуге құқығы бар, қайтыс болған адам мұрагерлерінің, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мəліметтер болмаған кезде оларға хабарлама қылмыстық процесті жүргізетін органға олар өтініш жасаған күннен бастап бес тəуліктен кешіктірілмей жіберіледі. Осы Кодекстің 38-бабының екінші жəне үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға жəне еңбек, зейнетақы, тұрғынжай жəне өзге де құқықтарын қалпына келтіруге құқығы бар. Соттың үкімі бойынша құрметті, əскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дəрежеден, біліктілік сыныптан, сондай-ақ мемлекеттік наградалардан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дəрежесі, біліктілік сыныбы қалпына келтіріліп, мемлекеттік наградалары қайтарып беріледі. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз əрекеттерімен келтірілген зиянды өтеткізу туралы талаптары осы тарауда көзделген тəртіппен құқықтарды қалпына келтіру тəртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін. Осы мерзім дəлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, оны мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот қалпына келтіру мүмкін. Осылайша ақталған адамдар заңмен қарастырылған бар мүмкіндіктерін пайдаланып азаматтық процесс тəртібімен сотқа талап арызбен жүгінуіне болады. Мемлекеттік органдар бұл сұрақпен айналыспайды деген мəселеге келсек, жоғарыда атап өткендей, қылмыстық процесті жүргізетін орган ақталған адамға зиянның өтелу тəртібі түсіндірілген хабарлама жібереді. Ал, заңда көрсетілген құқықтарды пайдалану немесе пайдаланбау адамның өз еркінде. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сəйкес əркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тəсілдермен қорғауға хақылы жəне оларды сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Осылармен қатар, мемлекетімізде азаматтардың өз мүдделерін қорғаудағы белсенділігінің төмен екендігін айта кеткен жөн. Қаншама жақсы заңдар қабылданғанымен, олардың орындалуы мен пайдалану дəрежесі төмен болса, пайдасы болмайтыны белгілі. Яғни, азаматтар өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алса жəне өзге азаматтардың да құқықтарын ескере білсе, соғұрлым елімізде құқықтық мəдениет жоғарғы деңгейде болады. Нəтижесінде мемлекеттік органдардың тарапынан азаматтардың құқықтарына деген назары, жалпы азаматтардың бір-біріне деген сыйластығы артып, мақалада көтерілгендей келеңсіз əңгімелер де жойылар еді. Сондықтан, бұл бағытта тек мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл қоғам, əрбір азамат жұмыс істеуі керек, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының да рөлі зор деп есептеймін.

«Бірлік болған жерде баянды тірлік болатынын ұмытпайық» 3-бетте

2017 жылға қарай елімізде мұнай өндіру 86 млн тоннаға дейін артпақ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.