09 2015

Page 1

наурыз Халықаралық әйелдер күні

№09 (214) = 6 наурыз = Жұма = 2015 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Елбасы G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербековті қабылдады Назарбаев G-GLOBAL коммуникативтік алаңын ілгерілету қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Көтерілген мəселелердің Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сəйкестігін қарастыра отырып, оны нақты мамандандыру мəселесін пысықтауды тапсырды. С.Нөгербеков интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан G-GLOBAL жобасы еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отырғанын айтты. Атап айтқанда, былтыр VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференцияны жариялап-көрсету жұмыстары аясында 400 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 15 мыңнан астам баяндама орналастырылған. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Akorda.kz

Елбасы G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербековті қабылдады. Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кездесу барысында С.Нөгербеков G-GLOBAL халықаралық жобасын ілгерілету жұмысының барысы туралы баяндады, сондай-ақ оны əрі қарай жүзеге асыру доктринасын таныстырды. Қазақстан Президенті G-GLOBAL жобасы аясындағы негізгі міндет өзекті экономикалық мəселелерді талқылау үшін қажетті алаң қалыптастыру, қатысушылардың кең ауқымын тарта отырып жаһандық дағдарыс көріністеріне қарсы амалдарды бірлесе іздеу болғанын атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан

ҚР Президенттігіне кандидаттар саны 9 адамға жетті

Елбасы өткен жылғы Жолдауында «... Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту жəне кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мəні – осы!» деген болатын. Бұл ретте ұлт-

«ТАРИХ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІЗ ТАҢДАМАЙМЫЗ»

ОЅТЇСТІК ЌАЗАЌСТАН – ЌАЗАЌ ФУТБОЛЫНЫЅ БЕСІГІ

Еуропа лигасында екінші рет ойнауға мүмкіндік алған «Ордабасының» ойынын Шымқалада тамашалау мүмкіндігі бұйыра ма? Дəл осы сауал жергілікті клубтың жанкүйерлерін мазалап жүрген-ді. 2014 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланған Ерлан Қожағапановты да бұл мəселе бей-жай қалдырмапты. Наурыздың 4-і күні УЕФА-ның арнайы өкілі Давид Петриашвилимен бірге Шымкентке арнайы ат басын бұрды. Бізге Қожағапанов мырзаның жұмыс істесем, қазақ футболының тасын өрге домалатсам деген ынтасы ұнады. Əлдекімдер ұқсап сыртын жылтыратып қойған ғимаратты бір айналып қайта салған жоқ, мəселенің шешімін табудың жолын іздеді. УЕФА-ның өкілімен бірге Қажымұқан Мұ-

ңайтпасов атындағы стадионды аралап, қазіргі жағдайымен танысты. Сондай-ақ осы саланың мамандарымен, футбол жанашырларымен, жергілікті жанкүйерлермен кездесу өткізді жəне бұл жиынға қатысқандардың қарасы аз болған жоқ. - Республиканы аралауды текке Шымкенттен бастап отырған жоқпыз. Өйткені, футбол десе «ішер асын жерге қоятын» жанкүйерлер осы облыста деп есептеймін. Оны білетінім, мен осында жұмыс істегенмін. Иə, оңтүстік өңірін қазақ футболының бесігі деуге болады. Бұл аймақтан шыққан талай футбол ардагерлерін білеміз. Қазір де талантты футболшылар еліміздің басқа командаларының құрамында доп теуіп жүр. Сондықтан оңтүстікте футболды одан əрі дамыта түсуіміз керек жəне ол үшін барлық жағдай бар. Тіпті, ауа райы да қолайлы, Шымкентте жылдың 11 айында футбол ойнауға болады. Реті келгенде, «Биік» футбол кешенін

салдырған Бауыржан Əбдубайытовқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бəкеңнің жасап отырған ісі басқа өңірлердегі кəсіпкерлерге үлгі боларлықтай. Əрине, пайда тапқысы келетіндер қаржыны табысты көп түсіретін салаға салғысы келеді. Бірақ, елдің игілігін де ойлау қажет деп ойлаймын. Осы жиынның алдында Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметовтің қабылдауында болдым. Жергілікті жанкүйерлердің «Ордабасы» ойынын өз алаңында өткізгенін көргісі келетінін жеткізбек едім. Асқар Исабекұлы бұл бағытқа қаржы бөлінгенін, жұмыстың қолға алынғанын айтты. Орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп қана қоймай, еуропалық стандарттарға сай келетін шатыр да салынбақ, - деді Ерлан Қожағапанов жанкүйерлермен болған əңгіме барысында. Негізгі сұраққа УЕФА-ның арнайы өкілі Давид Петриашвили жауап берді. Ол кісінің айтуынша, Шымкенттегі стадионда Еуропа лигасының алғашқы іріктеу ойындарын өткізуге «Ордабасының» мүмкіндігі бар. Ол үшін үлкен қаражаттың да қажеті жоқ екен. Тек аздаған кемшіліктер қалпына келтірілсе болғаны. Ол – стадионның қақпасы, командалардың киім ауыстыратын бөлмелері секілді ұсақ-түйек кемшіліктер. Айта кетейік, «Ордабасы» командасы былтырғы маусымда 4-орын алып, Еуропа лигасында доп тебу мүмкіндігіне ие болған. Ал 7 наурызда ашылатын жаңа маусымның алғашқы ойынын шымкенттік ұжым өз алаңында өткізеді. Бұл күні қонаққа павлодарлық «Ертіс» келмек. Мирас ƏСЕМ

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге шуақ нұрын төге келетін мейрамдарыңыз құтты болсын! ... Көктем. Тіршілік бастауы. Мереке. 8 – наурыз. Мейрам. Осының бəрі де Сіздер үшін. Асыл аналар. Ару қыздар. «Алып – анадан» дейді дана халқымыз. Иə, еліміздің тірегі, ұлтымыздың ұстыны болған көсендеріміз бен шешендерімізді, хандарымыз бен билерімізді, батырларымыз бен ақындарымызды дүниеге алып келген, қазақ халқын бүгінгі күнге жеткізген мына сіздерсіздер. Сіздердің бұл ерліктеріңізге тағзым ете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілейміз. Жаратушы иеміз əрбір əйелге ең игі тілек – əйел бақытын нəсіп еткей! Ана əрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана деген сөзді қанша айтсақ та жалықпаймыз. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тəрбиешісі. Халықаралық əйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге əрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Əрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер! «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы.

АЛМАС САДУБАЕВ – МИНИСТРДІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Аюбай ҚҰРАЛҰЛЫ:

тық тəрбиенің маңызы зор. Осыны терең түсінген Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, профессор Аюбай Құралұлы «Білім беру жүйесінде қазақстандық патриотизмді дамыту» атты бағдарламасын дайындап шығарды. Көп жылғы ізденісінің нəтижесі болып табылатын, 150-ге жуық оқу-əдістемелік құралдарды қамтитын бұл бағдарлама жайында ғалым сөзін былай бастады: – Білім беру жүйесінде қазақстандық патриотизмді дамыту бағдарламасы үлкен екі бөлімнен тұрады. Біріншісі «Ұлттық дүниетаным», екіншісі «Тұлғатану» деп аталады. Бұл жайында тарқатып айтпас бұрын алдымен сан жылдық табан ет, маңдай термен əзірленген дүниемнің өскелең ұрпаққа не беретінін айтып өтейін. «Мəңгілік Ел» болып қалуда ең əуелі елжандылық қасиет маңызды рөл ойнайды. Ал бүгінгі ұрпақ өзінің ұлты туралы толық мағлұматты көңіліне тоқып, санасына сіңдіре алған жағдайда ол нағыз патриот бола алады. Өкінішке орай бүгінгі жастар өз ұлтының болмысы туралы деректі түгел-тұтас білмейді. Бұл үшін оларға кінə артуға болмайды. Неге? Себебі қазақ халқының ұлттық болмысы туралы дүние осы күнге дейін топтастырылып берілмеген. Дегенмен де тəрбиелік бағытта біржақты жазылып, дайындалған көптеген бағдарламалар болған. Мəселен, қазақтың əдет-ғұрпы, салт-дəстүр т.т деген сынды. Ал менің бағдарламамда осының барлығы қамтылған. Яғни ол жерде қазақтың қолөнері, кəсібі, шаруашылығы, салт-дəстүрлері, тұлғалары жəне т.б барлығын қосып тұтас бағдарлама жасап отырмын.

Ардақты аналар, ару қыздар!

– Бағдарлама «Ұлттық дүниетаным» жəне «Тұлғатану» болып бөлінеді дедіңіз. Осы жайында айтып өтсеңіз... – «Ұлттық дүниетаным» 111 сынып оқушыларына арналып əзірленген. Оқыту құралдары сыныптарға байланысты 4 салаға бөлінеді. олар: Ұлттық дүниетаным (14 сыныптар үшін), Қазақ халқының қолөнері (5-6 сыныптар үшін), кəсібі мен шаруашылығы (8-9 сыныптар үшін), Салт-дəстүрлер (10-11 сыныптар үшін). Баланың өсу процесiне қарай əр сыныпта түрлi тақырыптар сөз болады. Мысалы 1-4 сыныптарға ұлттық дүниетанымды оқыту құралдарында ұлттық болмыс атауларының аттары, мəн-мағынасы туралы оқушының қабылдауына жеңiл етiлiп қысқаша түсiнiк берiледi. Айталық, 1-сыныпқа арналған оқу құралында əдептiлiкке үйрету, жақындық атаулары, бес саусақ бойынша негiзгi ұғымдар мен ұзындық өлшемдерi, санамақ ойындары, күн мен ай аттары, төрт түлiк пен жануар төлдерi жəне олардың дыбыстауы сияқты жəйттер қамтылады. 2-сынып оқушылары үшiн дайындалған оқулықта жетi ата, қазақша тəулiк жəне жыл мезгiлдерiн, туыстық атауларды, үй мүлiктерiн, төрт түлiк малға қатысты ұғымдарды, тереңдiк өлшемдерi беріледі. 3-сыныптағыларға қазақ халқының тарихи тегi, ұлттық тағамдары, ыдыс-аяғы, егiншiлiк құралдары, саз аспаптары, ұлттық ойындары түсіндіріледі. 4-сынып оқушысының түсiнiк-танымын тереңдете түсу мақсатымен қазақ мемлекетi, хандары, би-батырлары, шешендерi, ақынкүйшiлерi, қару-жарақ жəне ат əбзелдерi, аңшылық, ұлттық киiмдері жайлы мəлiметтер берiледі. (Жалғасы 2-бетте).

Белгілі журналист,білікті медиаменеджер Алмас Садубаев ҚР Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы – Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Алмас Садубаев 1984 жылы 25 қыркүйекте дүниеге келген. 2001-2005 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Журналистика факультетін үздік дипломмен тəмамдаған. 2005-2007 жылдары «Қайнар» университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы Абай атындағы КазҰПУ-да «Аймақтану» мамандығы бойынша əлеуметтік ғылымдар магистрі дəрежесін алған. Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы Облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 2004 жылдан бастап облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы, 2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы қызметін атқарған. 2008-2010 жылдары Алматы қаласында Республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналының бас редакторы, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының баспасөз хатшысы,2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы болып қызмет істеген. Алмас Кəдірбекұлы 2011-2015 жылдар аралығында «ҚР ІІО Медиа орталығы» ЖШС-нің бас директоры. 2015 жылдың 25ақпанынан бастап Министрдің баспасөз хатшысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігі Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры. Ұлттық "Əділет" апталығының шығармашылық ұжымы да талантты журналист, іскер ұйымдастырушы Алмас Кəдірбекұлына мемлекеттік маңызды қызметіне құтты болсын айтып, ел игілігіне талмай қызмет ете беруіне шынайы тілектестігін білдіреді. "Əділет" ұлттық апталығы

2017 жылдан бастап зейнетақы адамның еңбек өтіліне байланысты белгіленеді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
09 2015 by MuraS - Issuu