Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ e-mail: adiletgazeti@mail.ru №10 (215) = 13 наурыз = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
web: http://adiletgazeti.kz/
Қазақстандықтар биыл Наурыз мейрамында 5 күн демалады
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өтті Партияның кезекті съезінің жұмысына 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында өңірлік конференцияларда сайланған 1200-ден астам делегат, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, ғылыми жəне шығармашылық зиялы қауымның, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Съезд делегаттары «Нұр Отан» партиясынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылдады. Сонымен қатар, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық тексеру-бақылау комиссиясының есепті кезеңдегі жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ олардың мүшелері сайланды. Мемлекет басшысы өз сөзінде қалыптасқан жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді атап көрсетті. – Біріншіден, мемлекеттік құрылысқа сыртқы ықпалдардың теріс əсер етуіне жол бермеу керек. Екін-
шіден, даму қарқынын сақтау қажет. Үшіншіден, əрі қарай өсуге қажетті жағдай жасау керек. Төртіншіден, əлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгерілеуді жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттігімізге төнген жаһандық сын-қатерлерге өзгеше жəне қуатты тойтарыс беру керектігін атай отырып, бес институционалдық реформа ұсынды. Олар – заманауи, кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қамтамасыз ету; индустриаландыру жəне əртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; сондай-ақ транспарентті жəне
есеп беретін мемлекет. Қазақстан Президенті аталған реформалардың жиынтығы мемлекетті нығайту жəне оны əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін жағдай туғызатынына назар аударды. – Бұл – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың жолы. Бес институционалдық реформаның əрқайсысы – зор міндет жəне ел үшін орасан жұмыс. Мұндай реформаның табыстылығы билік пен халықтың табанды ерік-жігері арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Ұсынылған шаралар қоғамдық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды жүргізу үшін мен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия құруды ұсынамын. Ол бүкіл реформа-
лар кешенінің жүзеге асуын үйлестіретін болады. Осылайша, біздің алдағы жылдарға арналған негізгі міндетіміз – осы бес институционалдық реформаны іске қосу жəне біртіндеп жүзеге асыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше күннің ішінде ел азаматтарынан, еңбек ұжымдарынан, білім мекемелерінен, қоғамдық бірлестіктерден кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірген жəне одан өзінің кандидатурасының ұсынылуын өтінген көптеген хаттар мен хабарламалар алғанын айтты. – Қазақстанның жəне қазақстандықтардың игілігі жолындағы менің еңбегіме берілген жоғары баға үшін барлығына көп рахмет айтам. Өз халқыңның мұндай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ. Бүгін съезд мінберінен менің атыма жылы лебіздер айтқан баршаға шын жүрегімнен ризамын. Мен алдағы сайлауға «Нұр Отан» партиясынан президенттікке кандидат ретінде түсуге келісім беретінімді мəлімдеймін. Мен Сіздерді, серіктестерімді – нұротандықтарды, барша қазақстандықтарды тағы да жұмылып, жеңіске жетуге шақырамын. Біздің ортақ рухани күш-қуатымыз бен биік мұратымыз – Мəңгілік Ел. Ол біздің XXI ғасырдағы дамуымызға прогресс қуатын дарытатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Съезде мемлекет жəне қоғам қай-
раткері К.Сағадиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, партияның Саяси кеңесінің мүшесі А.Башмаков, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстандағы бөлімшесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Бақтыгереева, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда облысының əкімі Қ.Көшербаев, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев, «Тайынша Астық» ЖШС бас директоры А.Рафальский, Алматы облысы Іле ауданының М.Мақатаев атындағы орта мектебінің директоры Г.Нəдірбекова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Ю.Пя, «Сəтбаев Оперейтинг» ЖШС-ның бас геологы А.Дəулетов, Павлодар облысының ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Э.Паули, айтыскер ақын Б.Шойбеков сөз сөйледі. Сөйлеушілер Қазақстанның Тəуелсіздік алуындағы, қалыптасуындағы жəне нығаюындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті. Олар сондай-ақ еліміздің басты құндылықтарын – егемендікті, тұрақтылықты, бақ-берекені, дамуды жəне болашаққа ұмтылуды да Мемлекет басшысымен байланыстырды. Akorda.kz
ГАЗЕТТІ ЖЕТКІЗУГЕ
Жангелді ШЫМШЫҚОВ, Экономика институтының Астанадағы филиалының директоры:
ҚАЗАҚСТАН АЛДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК – Бүгіндері жаһандық əлемдік дағдарыс туралы көп айтылуда. Ол жайлы, жəне бұл фактордың Қазақстанға əсерін айтсаңыз. – Ең алдымен жаһандық əлемдік дағдарыс бар ма деген сұраққа жауап берейін. Жаһандық əлемдік дағдарыс жоқ. Неге? Осы жылдың басында АҚШ президенті Барак Обама Конгрессте сөйлеген сөзінде «Біз əлемдік дағдарыстың бүкіл зардаптарының бəрін жойдық, біржола дағдарыстан шықтық» деп мəлімдеген болатын. Өйткені, 2014 жылғы экономикалық өсімі 3,6% құрады, бұл əлемдік қарқын 2,1% болатын болса, одан екі есе артық деп айтуға болады. Ал, Қытайдың экономикасына келетін болсақ, Қытайдың экономикасының өсу қарқыны 7%-дан астам. Ендеше дүниежүзілік орта есеппен алғанда 3 есе артық. Үндістанның экономикалық өсімі 2014 жылы 6% көрсетіп отыр. Басқа да мемлекеттерді, əсіресе Шығыс Азия елдерін алатын болсақ, олардың да өсімі 3-4%-дан кем емес. Қазақстанның өзінің экономикасы 2014 жылғы экономикалық өсім көрсеткіші 4,3% құрады. Сөйтіп, қайдағы жаһандық немесе əлемдік дағдарыс дейміз, егер де Қытай өсім беріп жатса, Америка, Үндістан, Қазақстанның өзі өсім беріп жатса, қайдағы жаһандық, жаһандық деген жаппай барлық елдерде немесе орта есеппен алғанда дүниежүзілік көрсеткіш төмендесе соны жаппай деп айтуға болады. Ал дағдарыс бар ма, бар. Дағдарыс, бірінші кезекте Еуропалық Одақта. Еуропалық Одақтың өзінің ішкі шиеленістері бар, ішкі шешілмеген мəселелері бар. – Сонда Еуропада қазір не болып жатыр? – Бірінші мəселе, Греция, Португалия, Италия, Испания сияқты елдердің еуропалық ұстанымдарын бұзу, ережелерін сақтамау нəтижесінде, əсіресе бюджеттік талапты ескермеуінен экономикасы кейін тартып жатыр.
МЕЦЕНАТТАРДЫҢ КӨМЕГІН ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 880 елді-мекендегі жұрағат үшін 360 пошта нысаны жұмыс істейді. Онда 500-ден астам пошта жеткізушісі қызмет етеді. Аймақта Созақ ауданынан басқа жерлердің барлығына дерлік газет-журналдар дер кезінде жеткізіліп тұрады. Облыстың орталығы болса да Шымкенттегі көпқабатты үйлердің есіктеріне орнатылған «домофон» қондырғылары пəтерлерге кіруге əжептеуір кедергі тудырып, белгілі мекенжай бойынша баспасөзді жеткізуге тосқауыл болатынын да жасыруға болмайды.
Ел тұтастығы жолындағы
жолға қоятынын, өйткені техника дамыған мына заманда газеттегі жаңалықтармен жұрт ол жарыққа шыққан күннен кейін-ақ танысуы тиістігін баса айтты. «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары К. Исмайлов елді-мекендердегі почтальондардың еңбекақысының тым аздығын (19 мың теңге) мəселе етіп көтерді. Бұған басқарма төрағасы Б. Мусин акционерлік қоғамның онсыз да газеттерді жеткізу жөнінен 3 млрд. теңге шығында отырғанын, яғни почтальондардың еңбекақысын көтеру қисынға келмейтінін, қиындықтан шығар жол қоғамдық почтальондардың қызметін пайдалану керектігін мəлімдеді. Яғни, ол ауыл дүкендерімен келісіп, газеттерді сол жердегі сатушылар арқылы тарату қажет деген мəлімдеме айтты. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы
КҮРЕСКЕР ТҰЛҒА
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханада 2015 жылдың 11 наурыз күні көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тəшеневтің туғанына 100 жылдығына арналған «ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕР ТҰЛҒА» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті. Конференция мақсаты: Кеңестік кезеңдегі ұлт қайраткерлерінің еңбегін зерделеу мəселелері; тəуелсіздікті нығайту, елдік, мемлекеттілік жəне жалпыұлттық тұтастықты сақтау идеясын насихаттау; ұлттық тарихтағы айтулы тұлғалардың өмірін өнеге ете отырып, жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм бағытымен тəрбиелеуге жұмылдыру болды. Конференция барысында көтерілген негізгі бағыттары: XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанға қатысты кеңестік саясат жəне оның мəселелері, Жұмабек Тəшенев - кеңестік дəуірдегі қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері,
ел тұтастығын қорғаудағы тұлға ерлігі ұрпаққа өнеге, азаматтың жарқын бейнесі мен есімі халық жадында. Конференцияға қатысқан қоғам қайраткерлері мен ғалымлар, тарихшылар, экономистер, студенттер Жұмабек Тəшеневтің тұлғасын жан-жақты аша білді. Ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Серік ТҰРҒЫМБЕКҰЛЫ Қазақ халқының қаһарман тұлғасы жайында естелік айтты. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, ҰОС-ның ардагері Сағындық Жүнісұлы КЕНЖЕБАЕВ өз дəуірінің ірі тұлғасын еске алды. ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының Астанадағы филиалының директоры, э.ғ.к., профессор, Жангелді Ерденұлы ШЫМШЫҚОВ өз баяндамасында Жұмабек Тəшеновтың 50- ші жəне одан кейінгі мақалаларын қарастыра келіп, ол кісінің экономикалық ұстанымы – оның таза тауарлық, ақшалық тетіктерге сүйенген экономикалық сауатты ұстанымда болғанын көрсетеді. Жұмабек Тəшеновтың мол ғылыми мұрасы əле де толық зерттеліп, зерделеніп, бүгінгі ұрпаққа ұсынылуға тиісті. (Ж. Тəшенев туралы мақаланы 2-беттен оқи аласыздар).
Бұл туралы «Алтын Орда» бизнес орталығында өткен дөңгелек үстелде «Қазпочта» АҚ ОҚОФ директоры Ермек Əжиев айтты. Жиынды «Егемен Қазақстан» АҚ МК, «Казахстанская правда» АҚ МК жəне «Қазпочта» АҚ ОҚО филиалы ұйымдастырды. Оған «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Ербол Садыр қатысты. «Қазпочтаның» Алматы, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарындағы филиал басшылары, облыстық газеттердің бас редакторлары, жазылымдарды мекенжайға жеткізетін жауапты мекемелердің өкілдері өзара пікір алмасқан іс-шарада газеттерді таратудағы өзекті мəселелердің өзегін тарқатудың жолдары айтылды. Мəселен, Бағдат Мусин автовокзалдар маңынан пошта бөлімшелерін ашу қажеттігін, сөйтіп ондағы қызметкерлер автобус жүргізушілері арқылы газеттерді ауылдағы ағайынға жөнелтіп отыру керектігін алға тартты. Өз кезегінде бұл ауылды жерлерге басылымдардың дер кезінде жетуін
əкімінің орынбасары Ербол Садыр Шымкенттегі көпқабатты үйлердегі «домофондар» газеттерді тиісті пəтерге жеткізуге қолбайлау болып жатса, ондағы үйлерге пошта жəшігін орнатудың маңызы зор екенін айтып, күн тəртібіндегі мəселеге бейжай қарамайтынын көрсетті. Бірақ ол пошта жəшіктерін орнату үшін қазынадан арнайы қаржы қаралмайтынын, сондықтан мəселені демеушілік жолмен яғни жергілікті меценеттар мен мекемені пайдаланып шешуге болатынын айтып өтті. Иə, бірді-екілі қайырымдылық жұмыстарын сүйіншілей жеткізуден жалықпайтын, ісі өрге басқан кейбір кəсіпкерлер облыс əкімінің орынбасары көтерген бұл бастаманы қолдап, игі іс тындырса, мұрттарын балта шаппайтыны айдан анық. Өз кезегінде біз жоғарыда сөз болған мəселелердің оң шешімін табуын жолға қоюда «Қазпочта» АҚ ОҚО филиалының директоры қызметіне кіріскеніне көп уақыт өте қоймаған Ермек Əжиевтің іскерлік қабілетінің толық жететініне сенім артамыз. «Əділет» - ақпарат».
Екінші мəселе жəне негізгі мəселе – саяси фактор. Мəселен, Украина мен Ресейдің арасындағы кикілжің. Ол кикілжің осыдан бір жыл бұрын Қырымды жаулап алу, тартып алу, Ресейдің аннексия жасауынан басталды. Ресей аннексиямен ғана тоқталған жоқ. Донбасс, Донецк жəне Луганск облыстарында яғни, шығыс Ресеймен шекаралас екі облыста сепаратистік қозғалыстар тудырды, сөйтіп сепаратистік бөлінушілік немесе Украинаның бір бөлшегін Ресейге қосып алу саясаты басталды. Сол кездегі Ресейдегі Жириновский, Лимонов сияқтылардың Украина ғана емес Қазақстанның да солтүстік жері біздікі деген даурықпа əңгімелері естеріңізде болар. Бұл жерде саяси текетірестің нəтижесінде Батыс Еуропа санкцияларын Ресейге жасады, Ресей өз тарапынан санкциялар жасады, сөйтіп екі экономика бір-бірімен сүзісіп жатыр деп айтуға болады. Ал, сүзіскен екі экономикадан екі жақ та ұтылып жатыр. Соңғы есеп бойынша Еуропалық одақ 21 миллиард евроға зардап шеккен, олардың есебінше Ресей де соншалықты зардап шегуге тиісті. Соның нəтижесінде Ресейдің экономикасы 0-дің айналасында тежелді, Еуропалық одақ ол да 0-дің айналасында. Еуропада екі себеп бар: бірінші себеп – ішкі себептер Греция, Португалияға байланысты деп бағана айтып өттім. Жəне екінші себеп – саяси себеп. Ресеймен қарым-қатынастың үзілуі, олардан келетін шикізат шектеліп жатыр, санкцияларға байланысты Еуропадан келетін тауарлар Ресейге өтпей, эмбарго қойып жатыр. Польшаның өзі зардап шегіп, қаншама фермерлері наразылық көрсетіп, көшеге шығып кетті. Өйткені, барлық өнімін Ресейге өткізіп жатқан ел енді санкцияға байланысты өткізе алмайды. Міне, осының нəтижесінде экономика екі саяси фактор негізінде сүзісіп отыр. Ал бұны дүниежүзілік дағдарыс болып жатыр деп айту экономика ғылымына, экономикалық теорияға қиянат жасау деген сөз. Себебі экономикалық дағдарыстар бірінші кезекте өзінің заңдылығымен келеді. Өзінің төрт фазасы болады: өрлеу, құлдырау, тоқырау, ояну, одан кейін қайтадан өрлеу. Құлдырау, өрлеу кезіндегі жиналған қаражатты қайда жұмсауды анықтап алу қажет. Ол қаражатты ғылымға, инфрақұрылымға, жолға т.б. салу керек. Бірақ, "жаздан кейін күз келеді" демекші, қыстан кейін көктем шығады, ал кез келген тоқыраудан кейін ояну басталады. Міне, сол ояну кезіне дайындық ретінде көп салаларды қамту керек. (Жалғасы 2-бетте).
Президенттікке кандидаттар саны 21 адамға жетті