Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ web: http://adiletgazeti.kz/
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru №13 (217) = 3 сəуір = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Жылдан-жылға мемлекеттік тілге деген қызығушылық пен оны меңгеруге ниет танытатындардың саны артып келеді Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде «Нұр Отан» партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан коммунистік халық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықовты жəне өзін-өзі ұсынған Əбілғазы Құсайыновты тіркегені белгілі. 26 наурыз күні осы үш кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары бастауын алды. 26 сəуірде өтетін сайлауда халық ел Президентін таңдайды. Бұл сайлаудың басқа сайлаудан ерекшелігін, оны ұйымдастыру шаралары қалай жүргізілгенін, саяси науқанның жалпы қалай өтетіндігі жөнінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВТАН білген едік.
Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мəселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тəртібіндегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті. – Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ жəне даму жолдары ұқсас. Венгрия – біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. – Бұл біздің бірінші кездесуіміз емес. Бұл байланыстар біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді. Біз Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жоғары бағалаймыз. Сіздің сапарыңыз нəтижелі болуы, ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді Мемлекет басшысы. В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқының сəлемін жеткізді. – Əлемдегі күрделі ахуал жағдайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перспективалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оның біздің ел сияқты сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси жəне мəдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз, – деді Венгрия Премьер-Министрі. В.Орбан сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысу туралы шешімі Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз етудің кепілі екенін айтты. Осыған байланысты Венгрия Премьер-Министрі өз елінің атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі. Аkorda.kz
Старт взят с Южного Казахстана ЮКО стала первым регионом, за поддержкой к которому обратился Нурсултан Назарбаев, начав предвыборную кампанию. Хотя поездка президента и носила рабочий характер.
Главное действо развернулось на новой площади «Наурыз алаңы», где собрались 11 тысяч южноказахстанцев. Свое выступление Елбасы начал с поздравления всех казахстанцев с наступлением Наурыза. – Этот древний праздник, имеющий многовековую историю, вернулся к нам вместе с независимостью. В Южном Казахстане праздничные мероприятия традиционно начинаются за девять дней до главного праздника. Хорошим начинанием является придание каждому дню своего значения и посвящение его добрым делам, благодаря чему Наурыз становится настоящим праздником доброты. Это хороший пример другим регионам страны, – сказал Нурсултан Назарбаев. – Большая часть собравшихся здесь сегодня – молодые люди, – отметил он. – Для того, чтобы они имели возможность получать качественные знания, строятся новые школы, университеты. Ведь за образованной молодежью – успешное будущее страны. Нурсултан Абишевич подчеркнул,
что, несмотря на кризисные явления во всем мире, Казахстан продолжает свое поступательное развитие, о чем говорят и высокие социально-экономические показатели региона. По территории области, где проживает 17 процентов населения республики, проходят крупные железнодорожные магистрали, участок международного транзитного автокоридора Западная Европа – Западный Китай, строится современная дорога в сторону Ташкента, реконструируется аэропорт. 35 процентов мировой добычи урана приходится на ЮКО. Президент поздравил жителей области и с 20-летием Ассамблеи народа Казахстана. Он подчеркнул, что все достижения Казахстана за годы независимости стали возможными только благодаря сплоченности и единству казахстанцев. За короткий срок Казахстан превратился в государство с сильной
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, Мемлекет және қоғам қайраткері, ф.ғ.докторы, профессор:
ЕЛГЕ ДЕ, ЕРГЕ ДЕ СЫН ТУАР...
Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ:
«Көздегенім – қалтаның қамы емес, қазағымның саулығы»
Шығыс-тибет медицинасы – адамзаттың мыңдаған жылдар бойы ғылыми-тəжірибелік зерттеулерінің негізінде қалыптасқан емдеу саласы. Бүгінде оның көптеген құпия сырлары бар. Алайда ол кəдімгі классикалық медицинаға қайшы емес, оны керсінше толықтырады. Шығыс-тибет медицинасының тəсілдері, соның ішінде ине терапиясы кəдімгі медицинада кеңінен қолданысқа енуде. Дейтұрғанмен, бұл емдеудің тəсіліне еліміздегі ғылыми – зерттеу деңгейі əлі де жеткіліксіз. Біз əңгімелегелі отырған Жасан Зекейұлы 1967 жылы Қытай Халық Республикасының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы медицина университетін бітіріп, Шыңжаңның Күйтін орталық қаласында еңбек жолын бастаған. Кейіннен Пекин, Тянь-Жин қалаларында білімін жетілдіріп, «жоғары дəрежелі аға зерттеуші-дəрігер» мəртебесіне ие болды.
Өткен ғасырдың 60-жылдары еді. Кеңшардың қойын бағып жүрген əкем аяқ астынан жиналып Атырау қаласына тартып кетті. «Қытай əйеліне барам, сол кісіден алтын ине алып қайтамын» деді. Арада 7-8 күн өткен соң əкеміз қайта оралып, жұмысына кіріседі. Артынан қытай əйеліне əжеміз де барғыш болып алды. Көктемде жəне күзде қытай əйеліне барам деп қапылып жүретін. Осының əсері ме, əлде денсаулықтары мықты ма, əкеміз 80, əжеміз 105 жасады. Шығыс-тибет медицинасы жөнінде жазуға оқталғанда, менің есіме осы жайлар түскен-ді. Сонау 5000 жылдық тарихы бар шығыс-тибет медицинасы халық арасында қазір де кең қолдау тауып отыр. Бірақ, уақыт ырғағына қарай, адамдардың басым көпшілігі дəстүрлі медицинаға ойысып кетті де, тарихы əріде жатқан медицина тасада қалып қоя жаздады. Бірақ, айта кетейік, еуропалық медицинаның жасы бар болғаны 300 жыл. Бұрынғы кездері ата-бабамыз антибиотик деген ұғымды білмейтін. Ал, қол-аяғын жарақаттап алса, жарасына жапырақ таңып, емделетін. Бүгінгі күнге дейін ең мықты медицина – Қытайда дегенді жиі естиміз. Біздің елде тұрмақ, Еуропада емделуге келмейтін науқастар аспан асты еліне барып айығып кетіп жатады. Егер сізде «шынымен де ем болады ма?» деген күмəнді сұрақтар пайда болса, онда осы орталыққа келушілер неге көп? Не себептен қарапайым халық түгілі, танымал тұлғалардың өздері Шығыс-тибет медицинасына келіп емделуде? (Жалғасы 7-бетте).
экономикой, стал полноправным членом международного сообщества, с которым советуются и к мнению которого прислушиваются. – Если мы хотим быть уважаемой и конкурентоспособной страной, мы должны оставаться единой и сплоченной нацией, – сказал Н. Назарбаев. – Сегодня успеха может добиться только страна, граждане которой работают на перспективу, не боятся новшеств. От имени южноказахстанцев Президента приветствовали председатель областного совета ветеранов Ж. Мауленкулов, член Ассамблеи народа Казахстана, главный редактор газеты «Южный Казахстан» М. Лимаренко, член Союза молодежи Ж. Осербаев. Торжественное мероприятие продолжилось театрализованным представлением и концертной программой. Рамзия ЮНУСОВА
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық ака-
демияның ректоры қызметтерін атқардым. Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР Президенттік мəдениет орталығының директоры болдым. Ата-бабам істемеген қызметті атқардым, олар көрмеген сый-құрметті, жақсылықты көрдім, олар жетпеген дəрежеге жеттім. Қай жұмыста да қазаққа қызмет етуден артық міндет жоқ деп білдім. Абыройсыз болғаным жоқ. Елімді таныдым. Елім мені таныды. Мырзекең атандым. Кезінде мені танып, елдіктің қызметіне жарайды деп сол лауазымды қызметтің бəріне тағайындаған - Нұрсұлтан Назарбаев. Осынысы үшін Нұрекеңе ризамын. (Жалғасы 3-бетте).
Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
САЙЛАУ ОРГАНДАРЫ ТРАНСПАРЕНТТІ ЖӘНЕ
АШЫҚ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ҮШІН БАР КҮШІН САЛАДЫ
– Қуандық Тұрғанқұлұлы, ел Президентінің сайлауын ұйымдастыру шаралары қалай жүргізілді? Ол жайлы басынан бастап айтып берсеңіз. – Біз өз жұмысымызды 27 ақпанда бастадық. Сол күні өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2015 жылғы 26 сəуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты төрт қаулы қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия құру туралы шешім қабылданды жəне оның құрамы бекітілді. Оның төрағалығына белгілі коғам жəне мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков тағайындалды. Сонымен қатар Ортсайлауком Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын сайлаушылардың дұрыс қолдарының саны кемінде 93 мың 012 қолды құрауы тиістігін белгіледі. Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сəуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куəлігі болған жағдайда, сайлауды байқауды жүзеге асыруға құқылы екенін белгіледі. Халықаралық байқаушы сауалнамасының мəтіні бекітіліп, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 2015 жылғы 20 сəуірде аяқталатыны шешілді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауын, оның қызметінің жəне сайлау процесінің барлық кезеңдерінің ашықтығын арттыруды, елдің сайлау заңнамасының ережелерін көпшілікке тарату мен түсіндіруде маңызды рөл атқаруды қамтамасыз етуге негізделген баспасөз орталығы ашылды. Осылардан бөлек Орталық сайлау комиссиясы мүшелері сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Виллемиен Анке Йонкер ханыммен, «Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Ерімбетовпен жəне осы комиссия мүшелерімен кездесті. БАҚ басшыларымен сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу жəне сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидаларын сақтау мəселелері бойынша семинар өткіздік. (Жалғасы 2-бетте).
ҚР Инвестициялар жəне даму министрi Ə.Исекешевтiң назарына!
«Мен не деймін, домбырам не дейді?!» Осы жағымсыздау сөз тіркесін тақырыпқа шығаруға мəжбүр болып отырмыз. Себебін төмендегі жолдардан біле берерсіздер. Биылғы жылдың 27-ақпандағы нөмірімізде «Көліктік бақылау комитеті қажет пе?» – деген ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі, Көлік комитетінің аумақтық көліктік бақылау инспекцияларының (бұдан əрі Инспекция) жұмысын сынға алған мақала жарияланған болатын. Алды 10 жыл, соңы 30 жыл үлкен көлікпен жүк таситын жүргізушілердің жанайқайы берілген мақаланы 4 сауалмен қосып Инспекцияға жолдаған болатынбыз. Көлік комитетінің
төрағасы Ə.А.Асавбаев мырзадан жауап келді. Жауап бізді қанағаттандырмады. Қойған сауалымыздың 1не ғана нақты жауап бар да, қалған үшеуіне лəм-мим ештеңе жоқ. Əдеттегідей сырғытпа жауап. Мақала жарық көргелі айдан асты. Не өзгеріс бар екен деп көлік тұрақтарына арнайы бардық. Шаруамызды айтқанымызда Инспекция қызметінен əбден зəрезап болған жүргізушілер іштеріндегі шемен боп қатқан шерлерін ақтара жөнелді. Константин Кравченко: – Осы үлкен жолда жүргеніме 20 жылдан асты. Өзбекстан мен Ресейге жиі қатынаймыз. Арагідік Еуропаға да жол түседі. Көп нəрсені көзбен көріп,
бастан өткердік. Біз баратын елдерде жүк салмағы 20 тонна деп белгіленсе, Қазақстанда 18 тонна. Көліктің өз салмағы 20 тонна. Барлығы 38 тоннадан аспауы тиіс. Өзбек кедені қатал. 1 кг артық салмақ болса шығармайды. Сондықтан біз 18 тоннадан артық жүкті өзіміз үшін алмаймыз. Бір қызығы Қазақстанға кірген соң осы жүгіміз «ауырлап» шыға келеді. Инспекция артық салмақ таппаса (38 тоннадан артық) əр оське түсетін салмақ əртүрлі деген сылтау тауып, айыппұл салуға дайын тұрады. Айыппұл көлемі үлкен. Сондықтан айтқан сомаларын беруге мəжбүр боласың. (Жалғасы 2-бетте).
С. Давыдов
Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады
4-5 сəуір күндері Алматыда «Киіз үй мерекесі» бірінші фестивалі өтеді