14 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ web: http://adiletgazeti.kz/

E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №14 (218) = 10 сəуір = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

Мемлекет басшысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды Елбасы мұнда музей жəдігерліктерімен танысты жəне Семей қаласының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы мəдени жəне рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. – Шығыс Қазақстан – Абай, Шəкəрім, Мұхтар Əуезов туған киелі мекен. Олардың шығармаларында терең философия тұнып жатыр. Ұлы Абай барлық ұлттар бір əулеттің балалары екенін жүз жыл бұрын айтқан. Біз бүгін елдегі достықты, тұрақтылықты нығайтудамыз. Көптеген елдер 100 жылда да жетпеген нəрсеге біз небəрі 23 жылда қол жеткіздік. Егер тəуелсіздік сақталмаса, ел экономикасы дамымаса жəне əлеуметтік мəселелер шешілмесе, халық игілікке кенелмейді. Бүгінде барлық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұрын Семейде жылу беруге байланысты проблема болды, 200 қазандық қаланы түтінге орайтын. Қазір бұл проблеманың бəрі шешілді. Біз Семей ГЭС-ін салу мəселесін ойластырып жатырмыз. Жалпы, Қазақстан дұрыс жолда келеді, саяси тұрақтылықты, өзара түсіністікті жəне достықты сақтау қажет, – деді Қазақстан Президенті. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдаулары үшін кездесуге қатысушыларға алғыс айтып, еңбекте табыс

тіледі. * * * Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық музей-қорығы 1940 жылы құрылған.

20 мыңнан астам жəдігерлік сақталып отырған мекемеде 82 адам жұмыс істейді. Музей экспонаттары қатарында Абай дəуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын түпнұсқа құжаттар, этнографиялық жəне

мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерінің сирек кітаптары, батыс философтарының шығармалары, ақын замандастарының естеліктері бар. Akorda.kz

«Əділет» ұлттық апталығының 23 қаңтарда жарық көрген №03 (208) санында «Ақталғандардың абыройы ешкімді алаңдатар емес» атты мақала жарияланғаны белгілі. Аталған материалда автор қандай да бір қылмыстық, əкімшілік, азаматтық іс бойынша қамауға алынған жандардың сот залынан ақталып шыққаннан кейінгі жағдайының көлеңкеде қалып қоюы, яғни, құзырлы орган өкілдерінің олардың моральдық құқының қорғалуына аса қатты назар аудармайтынын сын садағына алған. Бұл мəселеге Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов төмендегідей пікір білдірді.

тік тексеру жүргізуді талап етуге, сондай-ақ осы баптың 11-1 тармағына сəйкес ол өзіне мəлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мем-

Президенту Казахстана Нурсултану Назарбаеву, Председателю Верховного Суда РК Кайрату Мами, Генеральному Прокурору РК Асхату Даулбаеву от матери 4 детей Аязбаевой Жанны Марксовны.

ОБРАЩЕНИЕ Я обращаюсь к Вам, не зная, как жить дальше и как бороться в сложившейся ситуации. Накануне выборов президента Республики Казахстан Глава нашего государства, являющийся в настоящее время кандидатом на должность президента РК, в своей предвыборной платформе на XVI Съезде партии «Нур Отан» призвал обеспечить верховенство закона, ужесточить требования к судейскому корпусу, к подбору и расстановке кадров. Более того Президент РК призвал ужесточить борьбу с коррупцией в судейском корпусе в целях отправления справедливого и независимого правосудия. Именно это обстоятельство стало лучиком надежды, что сдерживает меня от последнего в моей жизни отчаянного шага. Я мать четверых детей, граждан Республики Казахстан, на протяжении семи лет живу на улице, не имея никаких средств к существованию, так как обманута властьимущими людьми при молчаливом потворстве отдельных членов Верховного суда РК. В 2006 году мною была приобретена квартира у Канадовой Сауле Ергалиевны, дочери бывшего большого чиновника, экспредседателя суда одной из областей Казахстана Канаданова Ергали Бейсембаевича. Сама Канаданова С.Е. является профессиональным юристом, работает нотариусом в г. Алматы. Для покупки данной квартиры в банке был получен ипотечный кредит в размере 656 000 дол. США, который был выплачен Канадановой С.Е. в качестве основной части оплаты за приобретаемую квартиру. Однако в 2008 году Канаданова С. Е. обратилась в суд и, используя свои связи, умудрилась расторгнуть договор куплипродажи, при этом денег не вернув. Не подозревая об истинных намерениях с ее стороны, я поверила ее словам, что деньги, которые она получила, она обязательно вернет. Но каждый раз, когда я обращалась к ней с просьбой вернуть мне деньги, она, злоупотребляя моим доверием, а также отсутствием у меня возможности заниматься данным вопросом, так как в тот период у меня были сложные роды и как следствие слабое здоровье, выпрашивала у меня отсрочку. Так продолжалось до того момента, пока кредитор в лице банка не предъявил иск в суд и не взыскал с меня сумму 77 000 000 тенге. Теперь мне понятно, что Канаданова С.Е., являясь профессиональным юристом, заранее продумала свой корыстный план, в который входило обмануть меня, протянуть, как можно больше времени и в последующем использовать срок исковой давности, о котором я, не имея юридического образования, знать не могла. Учитывая наше бедственное положение с малолетними детьми, а также появившуюся возможность ходить по судам, так как дети уже подросли, я взяла денег в долг для оплаты государственной пошлины и, приложив максимум усилий, все же добилась справедливости, благодаря профессионализму судей Алматинского городского суда. Ведь указанные деньги не мои, это деньги банка, которые я должна вернуть кредитору. Изучив все обстоятельства дела, своим решением Апелляционная коллегия Алматинского городского суда, взыскала с Канадановой С.Е. незаконно присвоенные ею деньги. В последующем с выводами Апелляционной коллегии согласился суд Кассационной инстанции Алматинского городского суда. Однако Канаданова С.Е. вместо того, чтобы исполнить элементарно свой гражданский долг и просто по-человечески вернуть незаконно присвоенные деньги, пообещала мне расправиться со мной, используя все свои связи и связи своего отца Канаданова Ергали Бейсембаевича. При этом она без стеснений угрожала, что ее отец очень хорошо знает всех судей Верховного Суда, и он приложит все свои усилия для отмены состоявшихся законных решений суда г. Алматы. Угрозы не прошли даром, она действительно подала жалобу в Надзорную коллегию Верховного Суда РК. Мне до сих пор не понятно, почему Верховный Суд, попирая все законы морали и нравственности, пошел на поводу у семьи Канадановых и отменил законные решения судов г. Алматы. Ее угрозы сбылись, ее семье досталась и квартира, и деньги, которые она получила, продавая ее. В свою очередь мне не осталась ни квартиры, ни денег, но есть долг перед банком в размере 77 000 000 тенге.

Абай ТАСБОЛАТОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант:

«СОТ ШЕШІМІНСІЗ АЗАМАТҚА АЙЫП ТАҒУ АЗАЙМАЙ ТҰР» СҮЙІНБАЙ АҚЫН – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ Алматыда, Қазақстан Жазушылар одағында əдебиетшілер үйінде қазақтың ұлы ақыны Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына арналған үлкен əдеби-сазды кеш болып өтті. Кеш шымылдығын қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық академиялық оркестрі дүрілдеген күйлерімен ашты. Кешті академик жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Халықаралық Түркі əлемі академиясының президенті, филология ғылымының докторы Дархан Қыдырəлі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын Ғалым Жайлыбай, Жамбыл ауданының əкімі Жандарбек Далабаевтар сөз сөйлеп, Сүйінбай ақынның шығармашылығы жəне оның мұрасын зерттеу, зерделенуі жайлы ой бөлісті. Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, ұйғырдың дарынды қаламгері Абдолла Азнабакиев секілді ақындар өлеңдерін оқыды. Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетəлі музейлері мен «Таңбалытас» қорық музейі қызметкерлері «Сүйінбайдың елі мен жері» атты мазмұнды көрме ұйымдастырды. Халықаралық түркі мəдениетін дамыту ұйымы – ТҮРКІСОЙ басшылығы атынан белгілі публицист-журналист, «Əділет» ұлттық апталық газетінің президенті Қуанышбек Ботабеков ТҮРКІСОЙ-дың Тоқтағұл Сатылғанов атындағы медалімен марапатталды. Кешті жүргізген жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы Сүйінбай ақынның 200 жылдығына байланысты атқарылып жатқан игі істерді атап айтып берді. Кеш «Сүйінбай сазы» ансамблі, «Аманат» тобы жəне басқа да өнерпаздардың концертіне ұласты. С. ƏШІМОВА

- 2015 жылдың 15 қаңтарында «Əділет» ұлттық апталығы газетінде

жарияланған «Ақталғандардың абыройы ешкімді алаңдатар емес» деген мақаламен танысып шықтым. Автор көтеріп отырған тақырып өте орынды деп санаймын. Осыған орай, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы, 11-тармағында мемлекеттік қызметші егер өзіне негізсіз айып тағылды деп есептесе, қызмет-

лекеттік қызметшінің құқықтық тұрғыдан қорғалуға тиіс екені көрсетілген. Мақалада өз құқықтары мен міндеттерін жетік білетін мемлекеттік қызметшінің тергеу амалдарынан босап шыққанына тəубе айтып, бұзылған құқығын қорғауға енжарлық танытуын амалсыздың күні деп бағалауға болатыны жөнінде айтылған. (Жалғасы 2-бетте).

ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевтың назарына!

ЗАҢНАН ДА, ҚҰДАЙДАН ДА... немесе жазықсыздардың жанайқайы Бас Прокуратураға жете ме? Жұмыс іздеп Ақтау қаласында болып қайтқан сарыағаштық Умаров Бекнұр, 2013 жылдың ақпан айының 4-нен 5-не қараған түні сағат 12:30да таксимен Сарыағаштағы "Жібек жолы" ауылына келіп түседі. "Жібек жолы" бүкіл Қазақстан "Черняевка" деп атайтын, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы ең үлкен кеден бекеті орналасқан ауыл! Жыл 12 ай, күндіз-түні, тура бір құмырсқаның илеуіндей құж-құж болып жататын жер. Жақтары бір сембей сарнаған таксистер, бірінің үстіне бірі шыққан ақша айырбастайтын дүңгіршектер, алқа-салқасы шыққан уақытша шəйханалар, үйлердің ауласынан жабайы ашыла салған автотұрақтар тəулік бойы жабылмай жұмыс істеп тұрады. Бекнұрды достары Баққожа, Ердəулет, Абдулла күтіп алып, сол жердегі Азамат деген баланың гамбургер дайындайтын дүңгіршегіне барып тамақтанып, əңгімелесіп отырады. Бекнұр Атырауда жүрген кезде Азаматтың əкесі қайтыс болған екен, хабарын сол жерде естіп ол құран бағыштайды. Əңгімелесіп отырғанда уақыт та зыр етіп, түнгі сағат 2:30 болады. Төртеуі қайтуға жиналып жатып, Бекнұр Азаматтан "ақшасын ертең тастап кетемін" деп, қарызға тағы бір гамбургер сұрап алады. Сөйтеді де төртеуі жақын жердегі Баққожаның үйіне барып қонады! Бұл түн Бекнұр мен Ердəулеттің бостандықтағы соңғы түндері еді!

Азанда Ердəулет пен Абдулла өз жұмыстарымен кетеді де, Баққожа Бекнұрмен қосылып "Қарабау" ауылына қарай жолға шығады. "Қарабауға" келіп үйіндегілермен көріскен соң Бекнұр мен Баққожа "Сарыағаш-Ташқұлақ" автобусымен, шопырына "ақшасын қайтарда береміз" деп, орталықтағы халық банкіне дейін жетіп алады. Бекнұр банктен 11 700 теңге стипендиясын алып, базардан киініп, Баққожа екеуі "қайтардағысын да" төлеп, əлгі автобуспен Бекнұрдың үйіне кешкі сағат 5-6 шамасында қайта келеді. Тамақтанып болып, Бекнұр Баққожаны шығарып салып тұрғанда, бір топ полиция қызметкерлері сау ете қалып, əй-шəй жоқ Бекнұрға қарай ұмтылады. Сасып қалған Бекнұр, тұра кеп қашады. Бірақ полиция қызметкерлері оны қуып жетіп, желкелеп машинаға тығып, полиция бөлімшесіне алып кетеді. Сөйтсе түнде Бекнұр достарымен тамақтанып отырған Азаматтың дүңгіршегінен көшенің қарсы жағында орналасқан ақша айырбастайтын "обменныйдағы" 2 "валютчица" əйелді, беттеріне маска киген үш жігіт тонап, 850 мың теңге ақшаларын алып кетіпті. Учаскелік полиция инспекторлары түнде сол аймақта болғандарды сұрастырып, Бекнұр, Абдулла, Ердəулет, Баққожалардың Азаматтың дəмханасында тамақтанып 2 сағаттан аса уақыт отырғанын біліп, төртеуін де ұстап əкетеді. Күдік Бекнұр мен Ердəулетке түсіп қылмыстық іс қозғалады да, неге екені белгісіз Абдулла мен Баққожа босатылады. (Жалғасы 2-бетте).

Сегодня я опустила руки, не зная, как жить и кормить своих маленьких детей. Если государству не нужна здоровая семья, дети, которые смогут сказать слово «мама», то пусть государство заберет моих детей, как забрало веру в справедливость, потому что ее мамы могут лишиться из-за правового беспредела, творящегося в нашей судебной системе. Я давно потеряла покой, ведь меня беспокоит не только банк, чьи деньги нагло и бесцеремонно присвоила семья Канадановых, но и судьба моих 4-х детей. Сейчас я нахожусь в депрессивном состоянии, ни один мой день не обходится без успокоительных лекарств. Не могу смотреть, как мучаются мои дети. Мне стыдно и больно мириться с тем, что им приходится видеть тяжелую участь нашей жизни. Им давно нет покоя от беспокойств нашего дома представителями банка и людьми, которым я должна деньги. Я на грани от того, чтобы наложить на себя руки.... Обращаясь к Вам, прошу Вас восстановить справедливость, истребовать данное гражданское дело и отменить незаконное и не справедливое решение Надзорной коллегии Верховного Суда РК. Аязбаева Жанна Марксовна, мать четверых детей P.S. Редакция газеты «Адилет» надеется, что те, кому адресовано обращение, прореагируют на него, не дадут погибнуть женщине, примут соответствующие меры и известят об этом редакцию. Напомним, что в пяти новых реформах, предложенных нашим Елбасы и направленных на создание транспарентного государства, особое внимание уделено совершенствованию судебной системы. Он прямо говорит, что «сегодня самые слабые звенья судебной системы – отбор судей, неэффективность квалификационных требований к судьям, что приводит к коррупционным явлениям». Так может, уже пора нам серьезно задуматься над этим и исправлять ошибки, чтобы рядовые казахстанцы окончательно не утратили веру в торжество справедливости?

Астанадағы Жеңіс парадына 5 мыңнан астам қазақстандық əскери қызметші қатысады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.