Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ web: http://adiletgazeti.kz/
E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №15 (219) = 17 сəуір = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Елбасы Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан əрі нығайту, байланыстардың кең ауқымы бойынша өзара ықпалдастықты арттыру мəселелері талқыланды.
Біздің Бекең
Солтүстік Қазақстан облысына қызмет бабымен кімдер келіп, кімдер кетпеді дейсіз?! Бүгінде соларды қатар жүріп, бірге қызмет істегендер болмаса, былайғы жұрт жиі ауызға ала бермейді. Əрине, бұл қатарға белгілі мемлекет қайраткерлері Тайыр Мансұровты, Қажымұрат Нағымановты, Даниал Ахметовті, Қуат Есімхановты қосуға болмайды. Өңірді бірталай жыл басқарған олар қыруар іс тындырып, соңдарына жақсы із қалдырды, халықтың ризашылығына бөленді. Міне, осындай саусақпен санарлықтай азаматтардың шоғырына Бекет Тұрғараұлы Тұрғараевты да қоссақ, артық емес. Менің жерлестерім бастары қосыла қалған жерде ол кісіні де аса бір ризашылықпен еске алып, тындырған істерін, адамгершілік қасиеттерін жыр қылып айтып отырады. Мен Бекеңмен 2000-шы жылдың басында таныстым. Ол кезде облыстық телеарнада «Ойтолқын» деген бағдарламаны жүргізуші едім. Апта сайын эфирге шығатын хабарға қазақша ойын еркін жеткізе алатын адам таба алмай қиналып жататын кезіміз. Облыстық сотқа жаңа төраға келіпті, өзі Оңтүстіктің азаматы екен дегенді естігеннен кейін хабарға шақырмақ болсам да, ойланып қалдым. Өйткені, бұрын да біздің тарапымыздан ондай ұмтылыстар болған. Бірақ, сот қызметкерлері ат-тондарын ала қашпаса да, неше түрлі сылтау айтып ұстатпайтын. Ал хабарымыз тікелей эфирде жү-
ретіндіктен бізге сенімді адам керек. Қазір, неге екенін білмеймін, басшы қызметкерлердің ауысуы жиілеп кетті. Содан ба екен, кім келді, кім кетті, былайғы жұртта олардың жұмысы жоқ. Ал біздің кезімізде, əрі бармағанның өзінде осыдан он бесжиырма жыл бұрын, облысқа сырттан біреу келе қалса, əсіресе, журналистер арасында қызу талқыға түсетін. Қандай қызметке келсе де, руханиятқа жақын адам болса екен деп тілейтінбіз. Өйткені, ол кезде осы саланы басқарғандардың өзі ұлт мүддесіне қызмет етуді ойламайтын, олардың бар мақсаты – төрдегі орындықта отырған кісіге жалтақтап, жан сақтау. Облыстық соттың жаңа төрағасының өмірбаянына зер салдым. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тəмамдап, еңбек жолын Шымкент облыстық сотында тəлімгер болып бастапты. 1975 жылдың қазан айында облыстық соттың мүшесі, ал 1987 жылы Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық халық сотының төрағасы болып сайланады. Арада бес жылдай өткеннен кейін Шымкент облыстық сотының төрағалығына жоғарылайды. 1996 жылдың ақпаны мен 1997 жылдың қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығын, одан кейін Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің соттар қызметін ұйымдастыру департаментін басқарыпты. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгері. Байқаймын, осал адам емес. (Жалғасы 2-бетте).
Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері ынтымағы мен бірлігі жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тəтті өмір сүруде. Бұл ең алдымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының жемісі екендігі айдан анық. Еліміздегі сындарлы саясатты жүзеге асыруда Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Неге десеңіз, Ассамблеяның ең басты міндеті – мемлекеттегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау болып табылады.
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН – ҚАЗАҚ ЕЛІ
Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркəсіптік, көлік-транзиттік жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету жолдарын қараcтырды. Мемлекет басшылары халықаралық жəне өңірлік күн тəртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады. Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық жəне бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті. – Сіздің басшылығыңызбен Түркия соңғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан əлемде 16-орында, бұл – бүкіл халықтың еңбегі жəне Сіздің күш-жігеріңіздің нəтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес форумға қатысады. Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Р.Ердоған Қазақстан Президентіне былтыр Түркияға сапармен келіп, инаугурация рəсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. – Əлемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ мұнда таяуда президенттік сайлау өтеді. Мен Сізге зор табыс тілеймін, – деді Түркия Президенті. Akorda.kz
Заң саласында ширек ғасырға жуық уақыт бойы қызмет етіп, сондай-ақ қоғамдық мəдени жұмыстардан еш қол үзбеген Бекет Тұрғараевтың еліне сіңірген еңбегі ерен. «Құрмет», «Парасат» ордендері, республикамыздың «Құрметті судьясы», «Алтын барыс» төс белгісі жəне бірнеше мерекелік медальдармен марапатталғаны біздің сөзіміздің айнымас айғағы іспетті. «Жақсының жақсылығын айт» демекші, ҚР еңбек сіңірген заңгері, сот саласының ардагері, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев ағамыздың еңбектері біздің басылымның назарынан да тыс қалған емес. Тіпті, «Егемен Қазақстан» да «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Ботабековтың Бекең жайлы жазған мақаласынан үзінді келтіріпті. Еліміздің бас газетінде жарық көрген, заң саласы маманының келбетін аша түскен мақаланың толық нұсқасын оқырман назарына ұсынамыз.
Елiмiзде халық саны бiр жылда 250 мың адамға артты
Біздің Конституциямыз «Біз, Қазақстан халқы» деген сөздермен басталады. Қазақстандықтар бірліктің, ынтымақ пен келісімінің, татулықтың арқасында тəуелсіз мемлекеттің іргетасын қалады. Ел экономикасы нығайып, азаматтардың сенімді болашағы қамтамасыз етілді. (Жалғасы 2-бетте).
ЖЕҢІС КҮНІ – САН МЫҢДАҒАН ҰРПАҚ ҮШІН ОРТАҚ МЕРЕКЕ 1 418 күнге созылған, дүниенің 60 елін қамтыған, 120 миллионға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс адамзат тарихында болған емес. Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн. 366 мыңға жуық адам қатысып, солардан қанша қыршын болған боздақтар еліне оралмай шейіт болды, оларды күткен ата-аналары аңырап, жарлары жесір қалып, ізінде қалған тұяқтары жетім қалды. Ұлы Жеңіс мерекесі тек қана Қазақстан үшін ғана емес, бейбітшілікті сүйетін барша халыққа ортақ болуға тиіс болатын. Алайда, соңғы жылдары бұрынғы посткеңестік Прибалтика республикалары түгіл, осы қанды соғыстан орны толмас жапа шеккен – Ресей, Украина елдеріндегі мерзімді баспасөз беттерінде болған соғыс жайлы теріс пікір қалыптастыратын мақалалар жариялануда. Айбынымыз деп жүрген ала тақиялы өзбек бауырларымыз да 9 мамыр күнін Жеңіс Күні ретінде емес, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған күн деп, ал соғысқа қатысқан ардагерлерін – екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері деп атап жүргендері де жасырын емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық та сұрапыл соғыстың болып өткеніне, міне, 70 жыл толғалы отыр. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мəңгі жасампаздығын, Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған, теңдессіз ерліктер жасаған жауынгерлер мен тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мəңгі өшпейтіндігін дəлелдейтін белгі болып қала бермек. Біздің аталарымыз бен əкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Иə, оқ пен отсыз өткізген 70 жыл бізге тегін келген жоқ. Қанмен, көз жасымен келгенін бүгінгі ұрпақ жақсы
сезінеді. Құдайға тəубе, жеңімпаз ұрпақтың өкілдері қазір де арамызда жетерлік. Солардың бірегейін - қазір жасы тоқсаннан асқан, соғыс жəне еңбек ардагері, сот саласында 31 жылдан астам уақыт бойы мүлтіксіз қызмет жасаған - Айтжан Тоқсейтұлы Бекназаровты мақтанышпен атап өтсек артық болмас. Айтжан атамыздың «Сұрапыл жылдар» деген кітабын оқып отырып, онда келтірілген деректерден қазақ халқының сол жойқын соғыс жылдары бір-біріне мейірімді, тілеулес болғандығына жүрегің елжірейді. Сол кітапта – ардагер атамыз 1942 жылы қызыл вагонға тиеліп, Батысқа қарай жол тартқан. Олар мінген эшалон Шымкенттен өтетінін біліп, əкесін көріп қалмақшы болып, хат жазады. Əскери қызыл эшалон Шымкентке қас қарая келіп əкесін кездестіре алмай, перронда Зерайым апасын кездестіреді. Оның қатерлі сапарға кетіп бара жатқанын көріп, Зерайым апасы оған шын ықыласымен, мейірімді көзімен елжірей қарап, «айналайын, жолың болсын, аман барып, аман қайт, Құдай сені бəле-жаладан сақтай жүрсін!» - деп батасын беріп жəне шын ықыласпен 25 сом пұл берген. Айтжан ата өзіне ақшаның керегі жоқ екенін білсе де, апасының ықыласпен берген аманатын қабыл-
даған. Асыл ананың шын пейілмен берген батасы қабыл болып, Айтжан ағамыз сұрапыл соғыстан он екі мүшесі сау, аман-есен елге оралып, өзінің сот саласындағы жұмысына кіріседі. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында ардагер судья Айтжан ағамыздың ерлігін жалғастырып келе жатқан – Ауғанстанда болған соғысқа қатысып, ерліктерімен көзге түскен азаматтардың қатарында, Төлеби аудандық сотының төрағасы Түгел Бекбайұлы Бекімбетовті, Мақтаарал №3 аудандық сотының төрағасы Құнанбай Əбибуллаұлы Мұсаевты, облыстық сотының кеңсе басшысы Орынбасар Лесбайұлы Лештаевты Оңтүстік халқы мен сот саласында жұмыс істейтіндер үлкен мақтанышпен айтып жүреді. Ауғанстан жерінде болған соғыста көрсеткен ерліктері үшін – О.Лештаев «Айбын», екі дүркін «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, Т.Бекімбетов «Айбын» орденімен жəне бірнеше медальдармен, ал Қ.Мұсаев 4 медальмен марапатталған. Сонымен қатар, бұл азаматтар сот саласында атқарған мүлтіксіз еңбектері үшін, мемлекет жəне қоғамдық бірлестіктер тарапынан да бірнеше марапаттауларға ие болған. О.Лештаев, Т.Бекімбетов, Қ.Мұсаев ағаларының ерліктерін жалғастырумен қатар, өскелең ұрпақты əділдікке, батырлыққа, патриоттыққа тəрбиелейтін іс-шараларға да белсене қатысуда. Ұлы Отан жəне Ауған соғысындағы жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы еңбекшілердің ерен еңбектері ешқашан да ұмытылмауы тиіс! Бүгінгі біздің азаматтық міндетіміз – аға ұрпақтың ерліктерін үлгі ретінде айта отырып, болашақ ұрпақты елінің, жерінің адал патриоттары етіп тəрбиелеу. Осы болған жойқын соғыстың өрті шарпымаған қазақтың шаңырағы болмаған шығар, сірə. Ұлы Отан соғысына қатысқан əкемнің, жеңімпаздың ұрпағы ретінде алдымызда келе жатқан Ұлы Жеңіс мейрамымен барша қазақ елін құттықтаймын. Ыбырай МƏТІБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы
СЕЙДУӘЛИЕВ ПРОКУРОР МА, ӘЛДЕ ӘКІМ БЕ?
Биылғы жылдың 14 сəуірінде Шардара ауданына арнайы бардық. Соңғы жылдары аудан мектептерінде тəрбие жұмыстары ақсап, соңы оқушы өліміне дейін əкеп соқты. Осындай келеңсіздіктерден бөлек ауданның жетістіктері де бір төбе. Мақсатымыз - жақсылықтарын жарқыратып көрсетіп, кемшіліктердің астарына үңіліп, мəселені сырттан жазбай, бəрін де көзбен көріп, құлақпен естіп, ақиқатын айтып, əділетін жазу болатын. Фотоппарат, видео-камера, қалам-қағаз бəрі де өзімізбен бірге.
Шардарадағы алғаш жолыққан кісіміз аудан əкімінің орынбасары Бақтыбай Алипов бізді өте жылы қабылдады. Іс-сапар мақсатын айтқанымызда білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиеваны өзіне шақыртты. Екеуі де видеокамераға жазудан бастарын ала қашты. Мектептегі тəрбие жұмысының төмендігі, М.Əуезов атындағы №1 мектептегі қайғылы жағдай (былтырғы пышақтасу, биылғы бала өлімі), жақында ғана «Қазақстан» елді мекеніндегі «Каттабеков»
мектебінде орын алған оқушы өлімі жайлы сұрағанымызда əкім орынбасары мен білім бөлімінің басшысы «біткен жараның аузын тырнамайық, бəрі де Алланың ісі ғой» деген жұмсақ сөздермен жалтара жауап қатты. №1 мектеп бойынша бəріне шара көрілгенін, «Каттабеков» мектебі бойынша марқұм оқушының ата-анасы іс қозғау мен сот-медициналық сараптамадан бас тартқанын қосарлана жеткізді. Өз тарапымыздан осы істерге қатысты
көрілген шаралардың көшірмелерін сұрағанымызда «сіздер біз айтқан мектептерді аралап келгенше дайындап қояйық» деген жауап алдық. Сол күні түстен кейін білім бөлімінің басшысының кабинетінде жолығуға келістік. Біз барған мектептер шынында керемет. Ғимараттары жаңа үлгіде, оқушылары озат, ҰБТ-да 1-2 орын алған білім ұялары (Бұл мектептер туралы кейінгі нөмірлерімізде арнайы жазатын боламыз). (Жалғасы 3-бетте).
Биыл «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 10 мың қазақстандыққа үй беріледі