Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті.
ÑӘÓІÐ
Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ web: http://adiletgazeti.kz/
E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №16 (220) = 24 сəуір = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
БІЗ БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ БЕДЕЛДІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРДЫҚ
Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік жəне келісім сарайында өткен сессия «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына арналды.
Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысты, олардың қатарында Ассамблеяның барлық өңірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық жəне өңірлік этномəдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бір-
Е.СЫДЫҚОВ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ БОЛЫП САЙЛАНДЫ ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов 2015 жылдың 15 сəуірінде Санкт-Петербург қаласында өткен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІІІ съезінде Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайланды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Университеттердің еуразиялық қауымдастығының вице-президенті болып сайлануы – ЕҰУ-дің халықаралық деңгейдегі рөлі жоғары екенін тағы бір мəрте дəлелдеді. Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1992 жылы алғаш рет 25 жоғары оқу орнының басын біріктірсе, қазір бұл 128-ге жетіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Əзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тəжікстан жəне тағы басқа елдердің оқу орындары бар. Қауымдастық президенті М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей Ғылым академиясының вице-президенті Виктор Антонович Садовничий. Жасыратыны жоқ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде ұсынған Еуразиялық одақ құру туралы бастаманың 20 жылдығынан кейін өтіп отырған бұл съездің символдық мəні бар. Өйткені, бұл басқосу Қазақстан Президентінің идеясының жүзеге асуының нақты көрінісі. Білім мен ғылым қай мемлекет үшін де ортақ, Санкт-Петербордағы жиынға бірінші проректор Жəмила Нұрманбетова қатысуда. Өйткені алдағы уақытта университеттер арасында білім мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, сапаны арттыру мəселелері осындай алқалы жиындарда шешіледі. Еуразия ұлттық университеті алғаш рет QS WUR рейтингісіне 2009 жылы қатысып, «500+» тобына кірген болатын. Бір жылды артқа тастап, 2010 жылы ЖОО үздік «451-500 тобына» табан тіреді, ал 2011 жылы «401-450» қатарынан көрінді, 2011 жылмен салыстырғанда білім ордасы 69 ЖОО-ның алдын орап, əлемнің 400 үздік университеттері қатарынан көрінді. Ерлан Бəтташұлы басшылық еткен жылдардан бері де университет бірнеше биік белестер мен асқар асуларды бағындырды. Айта
кетсек, 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кəсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанса, 2012 жылы ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінің қорытындысы бойынша 369-шы орынды иеленіп, үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті. 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, əлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-сатыдан көрінді. Мұндай жоғары дəрежедегі халықаралық мойындау университеттегі білім беру сапасының жоғары екендігін, сондай-ақ, əлемдік білім беру кеңістігінің жоғары стандартына сəйкес екендігін дəлелдей түспек. Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық жəне əлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылуда. Ғылыми-зерттеу жұмысының басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мəселелерін шешу болып табылады. Университеттің халықаралық қатынасы мен білім беру сапасы, ғылымы мен əлеуметтік-мəдени өмірі халықаралық деңгейде мойындалуы – Е.Б.Сыдықовтың маңдай тері мен ерен еңбегі деп айтуға толық негіз бар. Біз де Ерлан Бəтташұлын Университеттердің еуразиялық ассоциациясының вице-президенті болып сайлануымен құттықтай отырып, биік мақсаттар мен айқын нəтиже жəне кемел табыс тілейміз! Гүлжазира ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
лестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми жəне шығармашылық зиялы қауым жəне БАҚ өкілдері бар. Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтап, бұл мекеме ел үшін күрделі кезеңде құрылғанын айтты. – Біз республиканың тағдырын өз қолымызға алдық. Сөйтіп, бүгінде бүкіл əлемге беделді мемлекет қалыптастырдық. Біз мұны өзіміздің бақытымыз үшін жəне қазіргі, сондай-ақ келешек ұрпақтың игілігі үшін жүзеге асырдық, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында бүкіл ХХ ғасыр бойы көпэтникалық халықты қалыптастырған күрделі үдеріс жүргенін, соның нəтижесінде елімізге 5,6 миллион адам қоныстандырылғанын атап өтті. Қазақстан Президенті «Стратегия – 2050», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол» бағдарламасы, бес халықтық реформа, «Мəңгілік ел» сынды барлық бастамалар алдағы көптеген жылдарға есептелгеніне, оларды тек бүкіл халықтың пəрменді қуат-күші арқылы жүзеге асыруға болатынына назар аударды. – Бұған болашағы ортақ ұлт қана қабілетті. Біз халық бірлігінің бірегей əрі бұған дейін еш жерде қайталанбаған үлгісін қалыптастырудамыз. Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Екінші, біздің ежелгі жеріміздің тарихына жəне тілдерді дамытуға қатысты қоғамдық келісім. Үшінші, бүгінімізге жəне мемлекетіміз бен оның азаматтарының ұлы болашағына деген нық сенім. Біздің Мəңгілік еліміздің өзегі – осы, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланысты Ассамблеяның бүгінгі орталық міндеті бес реформаны жүзеге асыруға, бірінші кезекте, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыруға белсене қатысу болып саналатынын атап айтты. Akorda.kz
Əбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері:
БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – ЕЛ ЫНТЫМАҒЫ Ардақты ағайын! Бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығы бүгінде алып елге айналды. Мемлекеттің қалыптасуы – бұл барынша ұзақ əрі тым күрделі процесс. Өйткені, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен Ұлы көш əрқилы жымысқы саясаттың ықпалында қалып қойғандықтан, төл тарихымызды тереңінен тани алмай келдік. Ал тарих – халқымыздың өткен өмірі, атабабамыздың өмір жолы. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Демек, бүтін бір елдің рухымен қалыптасқан тарихты ешқашан өшіруге болмайды! Қазақ хандығына – 550 жыл! Айтулы шараны мерекелеу туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев астана активімен кездесу кезінде былай мəлімдеген еді: «Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бəлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл əлемге осынша танымал əрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезең-
дегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз...». Тарих – тағылым. Сондықтан, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы кезеңіндегі хандарымыздың дəуірін, сол тұстағы жыраулар мен абыздарды, билер мен батырларды бар болмысымен ұрпақ санасына сіңіру керек. Уағында: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Дəм-тұзды ақтай білген елміз», – деп толғаған Қазыбек би бабамыз секілді қазақ халқының қадір-қасиетін, ұлттық сипатын дөп басып бейнелеген ешкім болмаған шығар, сірə. (Жалғасы 2-бетте).
Еліміздің жарқын болашағы үшін Сіздің дауысыңыз маңызды! Әлемнің зор қызығушылығын оятып отырған сайлауға белсенді түрде қатысайық! Алатау батыр қолбасшы, саяси қайраткер, Қоңырат руынан шыққан, Тəуекел ханның Самарқан, Бұхараға жорығында бас қолбасшысы болған. Кейiн Есiм ханның құба-қалмақпен шайқасқан жорықтарында Қазақ жасақтарының құрметтi қарт ағасы атанған. Қырғыз, өзбек, түркiмен жасақтары арасында да танымал болды. Самарқан шаһарында /қала мемлекет/ статусын əперiп оған Жалаңтөс баһадүрдi əмiр етiп қоюда Алатау батырдың Бұхара, Хиуа хандары алдындағы беделiнiң көмегi тиген Алатау батырдың есiмi Қоңырат руының бүкiл Орта жүздiң ұранына айналды. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. I-том А-Ə. Ə.Хасанов. 245-бет. Қазақстан энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы 1998 жыл.
Алаштың Алатау батыры Ежелгі Сақ Бабаларымыз ғұмыр кешкен дəуірден бері қарай Ел қорғаған, қол бастаған, Отаны мен халқы үшін толағайдай тер төгіп, аттың жалында, түйенің қомында жүріп атажұртын жатжұрттық қан қ ұ й л ы ж а ул а рд а н сақтап қалуда жан қиярлық қаһармандық көрсеткен биік таудай батыр тұлғаларына халқымыз биік таулардың, алып дариялардың атын беріпті. Басын сонау Нұхтан алатын 21 дəуірге созылған сан мыңдаған жылдық тарихымыздың тірі куəсі іспетті киелі жер, су, тау атаулары осы бүгінге дейін сол байырғы аттарын қандай зұлмат замандар болса да сақтап қалған. Соның бірегейлері Алан тау, Алтай, Əлім тау, Қордай, Əмур дария, Суран дария, жəне Еділ мен Жайық атаулары. Орта ғасырлардың аяқталар тұсында сондай атауға ие болғандардың соңғы ілегін Қазақ Хандығын (астанасы Самарқан шаһары. Шығыс шекарасы «Ұлы Жібек қорғаны», түстүгі Əмудария өзені, теріскейі Тобыл өзені, батысы Кəсіп теңізінің арғы жағындағы Сарыатан қаһарлы (Саратов) болған) Берке Науан Хан Тəуекел басқарып тұрғанда «Дүрмəн - Дүрмахан» шеніндегі Ханның «Жалғызы», яғни соғыс жəне шекара уəзірі дəрежесіндегі Бас Батыры Əз Ғараб Бесайдарұлына халқымыз «Алатау» деген атақ береді. Алатау батыр жайлы ондаған дастан жырлар жазылады. Өкінішке орай соңғы 3 ғасырда түрлі нəубет замандарда халқымыз қаншама рет қырғын тауып, тарихатымыз да 20 рет өзгерістерге ұшырапты. «Жаппай ұлтсыздандыруға» ұшыраған 1929 -1940 жылдары бұрынғы империяның ұлттық аймақтарындағы басқыншылардың алғашқы қиратылуларынан аман қалған ескі қалалар мен ғажайып ғимараттар, кесенелер, медреселер мен мешіттер қиратылып жойылып, араб, парсы, шағатай тілінде жазылған, ұрпақтан, ұрпаққа сақталып келе жатқан небір құнды кітаптар мен дастандар мыңмыңдап тартылып алынып өртеледі. Соның бірегейлері Саурандағы биші мұнаралар мен Түркістандағы ауа ағынымен азан шақырып тұратын, күмбездері алтынмен қапталған, үстіндегі балконына адам шықса, бесікше тербелетін ғажайып «Алтын мешіт» пен Яссауи Бабамыздың жер асты қылуеті болған. Тіптен қиратуға оқ-дəрі қойып дайындалған Түркістандағы «Əзірет Сұлтан» кесенесі де 1934 жылы тек соңғы сəтте ғана Мəскеуден жіберілген комиссар Луначарскийдің телеграммасымен жарылмай аман қалған. Ішінара сақталып қалған қаншама кітаптар мен киелі жəдігерлерді Мəскеу мен Ленинградқа алып кетеді. (Жалғасы 5-бетте).
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А. Дауылбаевтың назарына!
СИҚЫРЛЫ ШЕҢБЕР немесе қойды қасқырға бақтыру Мен бұдан бұрын да табиғат пайдаланушы "Саодат" ЖШС-не кəсіби балық аулау үшін бекітіліп берілген Сырдария өзенінің жағалаулары мен су қорғау аймақтарынан "Куат-Капитал" АҚ-ы заңсыз карьер жасап, суға шайылған құмын қазып алып, сатып табиғатқа ірі көлемде залал келтіріп жатқаны туралы бірнеше рет аудандық, облыстық жергілікті атқарушы жəне құқық қорғау органдарына арызданған болатынмын. Осыдан соң, "Куат-Капитал" АҚ-ның атауы "Kazakh Construction industry" акционерлік қоғамы болып тез арада өзгертілді. Атауын өзгертуге бірден-бір себеп, мемлекетке төленетін салық төлемдерін жасырып қалу үшін, қасақана жасалған деп түсінемін. Бірнеше рет арыздануыма байланысты, жинақталған дəлелді құжаттар бойынша облыстық прокуратура тарапынан ҚР ҚК-нің 190 бабының 1-бөлігімен 05.04.2013 жылы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын жүр-
гізу үшін сол кездегі Сырдария аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасына қылмыстық іс жолдаған болатын. Алайда, қаржы полиция басқармасының аға тергеушісі, қаржы полициясының аға лейтенанты А.Тойшыбеков заңға қайшы келетін дəлелдерді негізге алып қылмыстық істі 2013 жылдың қыркүйек айында өндірістен заңсыз жəне негізсіз қысқарту туралы қаулы қабылдады. Бұл қаулымен келіспейтінімді көрсетіп, облыс прокуратурасына қайта арыздандым. Облыстық прокуратура тарапынан қаржы полициясының қаулысы бұзылмады. Маған да заңға сəйкес мерзім аралығында жауап берілмеді. Мен өзім бұл қаулы заңсыз жəне негізсіз қабылданған жəне келесі себептерге байланысты бұзылуға жатады деп есептеймін. (Жалғасы 3-бетте).
Сайлау-2015: Жастардың 85%-ы дауыс беруге ниеттеніп отыр