Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ web: http://adiletgazeti.kz/
E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №19 (222) = 15 мамыр = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады
ҚР Мəдениет жəне спорт министрi А. Мұхамедиұлының назарына!
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖАҚСЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
Кездесу барысында К.Мəсімов Қазақстан Президентіне негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады.
АШЫҚ
Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның белсенді əрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтті. – Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн. Заңнамалық өзгерістер жобасының бір бөлігін Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін əзірлеу керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару ісіне атсалысу, елдің əрі қарай индустриялық-инновациялық дамуын, сондай-ақ оның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Akorda.kz
"ЕРЖҮРЕК" - АНТОЛОГИЯ ГЕРОИЗМА КАЗАХСТАНЦЕВ
Елордада өнертапқыштар арасында өткен «Шапағат-2015» жарысында əр сала бойынша оқ бойы озық шыққан 30-ға жуық өнертапқыштың мерейі үстем болып, марапатталды. Олардың еңбектері еленіп, қаржылай сыйлық табысталды.
4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының электронды нұсқасын жасаған қызылордалық Бағлан Төлебай «Жас дарын» аталымында алдына жан салмады. Ол ойлап тапқан тоғызқұмалақ ойынының 3D форматындағы əліппесінде керектінің
бəрі бар. Онда ойынның ережелері мен барысы түсіндіріледі. Оған қоса, жас өрен қойшылар алгебрасының тарихын да қосуды ұмыт қалдырмапты. Электронды əліппені кез келген адам компьютеріне жүктеп алуына болады. Мемлекет тарапынан патенттеліп, авторлық құқық берілген. - Алдағы уақытта бұл жобамды дамытып, осы тоғызқұмалақтың электронды ойынын жасағым келеді. Əртүрлі плеймаркет сияқты интернет дүкендеріне салып, халыққа тегін таратқым келеді. Тағы бір ерекшелігі - қазір екі тілде жасадым. Қазақ тілінде жəне ағылшын тілінде. Алдағы уақытта орыс тілін де қосу жоспарымда бар, дейді «Жас дарын» аталымының жеңімпазы Бағлан Төлебай. Мұнда келешегінен үміт күттірер жастармен қатар сайдың тасындай сайланып, берекелі іс көрсетіп жүрген жандар да бар. Айта кету керек, биылғы байқауға барлығы 281 адам қатысуға ниет білдірген. Алайда соның 30-ға жуығының жұмысы ғана жоғары марапатқа ие болды. Елубай ƏУЕЗОВ. ҚазАқпарат
ВНИМАНИЮ: Генерального прокурора РК Асхата Даулбаева Председателя Агентства РК по государственной службе и противодействию коррупции Кайрата Кожамжарова Прокурора ЮКО Ибрагима Иманова
Миллионы прокурора Сейдуалиева Почему чиновники так боятся ратификации статьи 20 Конвенции ООН «О борьбе с коррупцией»? Продолжение на 6 стр.
Т. Сейдуалиев
Қызылордалық оқушы тоғызқұмалақ ойынының электрондық нұсқасын жасады
Над выпуском трудился творческий состав во главе с известным академиком Сеитом Каскабасовым. Академик выра-
зил благодарность всем, кто внес свою творческую лепту в создание многотомника. Открыл презентацию ректор ЕНУ им. Л.Н. Гумилева Ерлан Сыдыков, отметивший актуальность и непреходящую ценность увидевшего свет десятитомника. Первые сто экземпляров книг будут переданы Министерству обороны Республики Казахстан. Выступающие подчеркивали важность выпуска многотомника, имеющего высокий историко-духовный смысл и эстетико-дидактический характер в воспитании патриотизма у граждан Казахстана, в первую очередь - молодежи. Как отметил академик Мырзатай Жолдаспеков, патриотизм каждого народа начинается с языка. И было время, когда военные отдавали, исполняли приказы только на одном языке - русском. И это была не их вина. Сегодня все обстоит иначе. И, тем не менее, есть еще над чем работать: молодежь еще мало интересует история, которая учит. (Продолжение на 6 стр.)
Фото из интернета
Уникальная антология казахских героических эпосов и поэм «Ержүрек», подготовленная Евразийским национальным университетом имени Л.Н.Гумилева совместно с Министерством Обороны Республики Казахстан в 10-ти томах, специально изданная к 70-летию Великой Победы, презентована 6 мая текущего года в ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.
Егемендік жылдары 956 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды
ХАТ
Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы! Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ең басты проблеманың бірі де бірегейі сыбайлас жемқорлық екенін Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап тынбай айтып келеді. Жəне құр айтып қоя салмай сол індетпен жүйелі түрде күрес жүргізді. Жемқорлықты ауыздықтауға бағытталған нормативтік-құқықтық база қалыптастырып, əрбір мемлекеттік шенеунікке қатаң талап қойды. Өкінішке қарай олардың бəрі бірдей өзіне сеніп тапсырылған қызметті адал атқара бермейтіні анықталды. Ант беріп, Елбасының қолынан жоғары мемлекеттік лауазымды атқаруға уəкілеттік алғандардың арасынан да антұрғандар табылды. Бұған дəлел – темір торға тоғытылған «тұлғалардың» тағдыры. Бірақ Елбасымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, мемлекеттік шенеуніктерге қойылатын талапты күшейтпесе жеңілдетіп отырған жоқ. Соның тағы бір айғағы кешегі ұлықтау рəсімінде мемлекетіміздің алдында тұрған бес өзекті мəселенің бел ортасында сыбайлас жемқорлықпен күресті атады. Ал өткен жылдың соңында ғана, дəлірек айтсақ 2014 жылдың 26 желтоқсаны күні «Қазақстан Республикасының 20152025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығына қол қойған болатын.
«Сыбайлас жемқорлық... оған ең алдымен шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануын жатқызады, ал оның неғұрлым таралған түрлері ретінде əдетте шенеуніктерді сатып алу, қызметтік өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану болып танылады» делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда (бұдан əрі – Стратегия). Мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық дертін жұқтыруының себептері неде? Стратегияда бұл сұрақтың да нақты жауабы берілген. «Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды мəселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдаған кездегі ашықтықтың жеткіліксіз болуы, мемлекеттік аппараттың қызметінде тиісті азаматтық бақылаудың жəне қоғамдық пікірді ескерудің болмауы артық төрешілдікке, əкімшілік кедергілер мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануға алып келеді, бұл жиынтығында сыбайлас жемқорлық көріністерінің өсуіне ықпал ететін келеңсіз факторларды қалыптастырады». (Жалғасы 2-бетте).
Ахат ақсақал Мәскеудегі шеруге қатысты 5-бетте
Қаһарман қария
Ардақты ардагер Өмірбай Сақұлының арамыздан кеткеніне екі жыл 7-бетте
Биыл мемлекет 320 мыңнан астам адамға жұмысқа орналасуға көмектеседі