20 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ web: http://adiletgazeti.kz/

E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №20 (223) = 22 мамыр = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

ҰЛТ ЖОСПАРЫ –

Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы. «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖƏНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП жəне соны-мен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс. 2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу жəне одан əрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖƏНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚ-

ТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу. 4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ

МЕРЗІМІ (тиісінше үш айдан кейін жəне алты айдан кейін сəйкестілікті межелік бақылау). 5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нəтижесіне байла-

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 15-орында

нысты ӨСІРУ. 6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НƏТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер жəне əкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикаторлар. 7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің Л АУАЗ Ы М Д Ы Қ Е Ң Б Е КА ҚЫ Л А Р Ы Н А ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу. 8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПƏТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ. 9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ – үш жылда бір рет олардың кəсіби шеберлігін арттыру. 10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту. 11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕ-

ЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар жəне лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық жəне бəсекеге қабілетті жүйе етеді. 12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мəселелері жөніндегі уəкілетті өкіл лауазымын енгізу. 13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар əзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері жəне жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу жəне сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру. 14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау. 15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кəсіби талаптарды күшейту жəне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу. (Жалғасы 2-бетте).

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа

Генеральному прокурору Республики Казахстан Асхату Кайзоллаевичу .Дауылбаеву

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ БІЗДІҢ ЖУРНАЛИСТІК ЗАҢДЫ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТIМІЗГЕ КЕДЕРГI ЖАСАП ОТЫР

ПРОКУРОР ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕПЯТСТВУЕТ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ГАЗЕТЫ «ӘДІЛЕТ»

Республикалық «Әділет» ұлттық апталығы ұжымы атынан Қазақстан Республикасының Бас прокурорына

АШЫҚ ХАТ

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы! «Əділет» ұлттық апталығы жарық көре бастаған алғашқы санынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған мемлекеттік салиқалы саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдап, сүйемелдеп келеді. Газетіміздің журналистік ұжымының шығармашылық деңгейі де оқырмандарымыздың талап-тілектерін орындауға қабілетті дəрежеде. «Əділет» ұлттық апталығының редакциясында Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты атанған жазушы-қаламгер, жоғары оқу орындарының ғалымдары, білікті журналистер еңбек етеді. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген газетіміздің таралымы қызметкерлеріміздің тұрақты ізденістері мен ерен еңбегі нəтижесінде бүгінде 15000-нан асты. Мұндай көрсеткіш аймақтардан шығатын мерзімді басылымдар үшін өте үлкен таралым болып табылады. Осы орайда, газетке оқырмандарымыз арнайы тапсырыспен ғана емес (разнарядка), ерікті түрде жазылатынын айтқымыз келеді. Сондай-ақ, олар өз пікірлерін, келелі елдік мəселелерді газет беттеріне жариялауға белсенді атсалысады. Осы мақсатта біз бір ғана жолды таңдадық. Ол – Елбасымыздың саясатына тұрақты түрде қолдау көрсетіп отыру! Осы жолда талай тар жол, тайғақ кешуден өтуге тура келді. Күнделікті кездесіп жататын жемқорлықпен, бюрократизммен күресудің оңай еместігіне көз жеткізген жайымыз бар. Алайда, қоғамдағы əділет үшін, Елбасы саясатының аймақтарда шынайы жүзеге асуы үшін тіршілік кешіп жатқан «Əділет» ұлттық апталығы ұжымы үшін орта жолдан кері шегіну жат қылық деп білеміз. Біз алған бағытымыздан еш уақытта қайтпаймыз. Өкінішке қарай, Елбасымыздың саясатын жүзеге асыруға мүдделі болуға тиістілердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшысы И. Иманов мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып отырған біздің газетімізге қолдау жасаудың орнына «Əділет» ұлттық апталығына қатысты жөнжосықсыз тексерулер жүргізіп, жұмыс істеуімізге кедергі келтіріп жатқаны бізді қынжылтып отыр. «Əділет» газеті кейінгі үш жылдың көлемінде Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында орын алған заң бұзушылықтар туралы қолдан келгенше мəселе көтеріп келеді. Əрине, біздің ол мекемеге немесе оның басшысына байла-

нысты ұзында – өшіміз, қысқада – кегіміз жоқ. Сын түзелмей мін түзелмейді – деген аталы сөзге жүгініп, əділетті сыни мақала жариялымдары игі мақсатқа жарар деген үміт қана. Бұл мекеме басшысының біздің журналистеріміз тарапынан көбірек сынға ұшырап жүргенінің себебі біреу-ақ. Аталған аурухана басшылығының іс-əрекеттеріне орай ауыл, қала тұрғындардан келіп түсіп жатқан арыз-шағымдарда есеп жоқ. Біз емделушілердің өкпе-реніштерін тиісінше тексеріп, мүмкіндігінше зерттеп, ол мəселелерге байланысты мақалаларды жариялап келеміз. ҚР БАҚ туралы заңға сəйкес бас дəрігердің қабылдауына барсақ түрлі сылтауларды сырғытып қабылдаудан бас тартуда. Сонымен қоса, аталған аурухананың бас дəрігері Мұқан Егізбаев мырза Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов мырзамен өте жақсы қарым-қатынаста екенін пайдаланып, газетіміздің орынды сынынан сытылып кеткісі келеді. Бізді таң қалдыратыны – бас дəрігердің бұл қылығы да емес. Себебі Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасындағы ахуалды бүгінде бүкіл аймақ жұртшылығы жақсы біледі. Біздің мүлдем түсіне алмай отырғанымыз – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасындағы науқастар мен емделушілерге қызмет көрсету сапасына қатысты тұрғындардың арыз-шағымдары арта түспесе, азаймай отырған аталған мекеменің бас дəрігеріне шаң жуытпай, оны барынша қолдап-қорғаштауы болып отыр. Сондай-ақ, Шардара ауданы прокуроры Т. Сейдуəлиевтің атына шардаралықтардың жанайқайы да асқынып барады. Прокурор Сейдуəлиевтің қызметі сын көтермес жағдайға жеткені жайлы тұрғындардан арыз-шағымдар жиілеп кетті. Ол туралы да бірнеше сыни мақалалар жарияланды. Тек қана біздің басылым емес бұл туралы прокурордың іс-əрекетіне наразы болған Шардара ауданы тұрғындары 2015 жылдың наурыз айының соңы сəуір айының басында прессконференция өткізіп, ол Республикалық «7 арна», «КТК» жəне «Отырар» телеарналарында халықтың назарына көрсетілді. Өкінішке орай мəселеге назар аударып, тиісті шара қолданатын облыс прокурорының сиқы мынау. Газетімізде Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының бас дəрігеріне байланысты сын мақалалар жариялана бастаған алғашқы кезде облыс прокуроры бас редакторды кабинетіне арнайы шақырып, М. Егізбаев мырза жақсы адам екенін айтып, сол себепті біз-

дің ол кісіні сынамай-ақ қоюымызды өтініп, екі тарапты «жарастырғысы келетіні» жөнінде ұсыныс айтқан болатын. «Əділет» – берік ұстанымдағы ұлттық апталық. Сондықтан біз облыс прокурорының бұл өтінішін қабыл алмадық. Міне, сол-ақ екен, өтініші өтпеген Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов мырза біздің газетіміздің соңына шырақ алып түсті деуге болады. Басқасын айтпағанда соңғы бір айдың өзінде ғана мекемемізді екі рет тексертіп үлгерді. Біз – шағын жəне орта бизнес өкіліміз. Елбасымыз құқық қорғау орындарына: «Шағын жəне орта бизнес өкілдерін жөнсіз тексере бермеңдер», деп тапсырма бергені жұртшылыққа белгілі. Тіпті сол үшін арнайы мораторий жарияланып, шағын жəне орта бизнес өкілдерін тексеруге тоқтау салынды. Ал облыс прокуроры «Елбасының өзі кім, сөзі кім?» дегендей, ақиқат жолында жүрген «Əділет» газетіне өршелене ұмтылып отыр. Бас редактордың қайда барғаны, не істегені, кіммен сөйлескені туралы мəліметтер жинап, тырнақ астынан кір іздеуін жалғастыруда. Ибраһим Иманов мырза өзінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып, арнайы тиісті органдарға «Əділет» ұлттық апталығының редакциялық ұжымы мүшелерінің байланыс телефондарын тыңдауды ұйымдастыру жөнінде арнайы тапсырма берген деген ақпарлар жиі аитылуда. Ол өзімізге де байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының пəрменімен газет журналистері мен қызметкерлерінің телефондары ешбір негізсіз бізге белгісіз тұлғалар тарапынан тыңдалып жатса, бұл – заңның сақталуын қадағалауға мүдделі лауазым иесінің жеке мүддесіне, өз қызмет бабын асыра пайдаланғандығының айқын көрінісі екеніне көз жеткізіп отырмыз. Əрине, түсінеміз, қажет болып жатса, заңды жолдармен телефон тыңдалуға да тиіс шығар. Алайда, телефон қандай жағдайда тыңдалады? Егер ол басылым мемлекеттің, мемлекет басшысының саясатына қарсы болса, онда əңгіме басқа. Ал жарық көре бастаған алғашқы санынан бастап Елбасымыздың саясатын насихаттап, мемлекетімізге ақпараттық қолдау көрсететін мақалалар жазып, жариялап келе жатқан баспасөз қызметкерлерінің телефондары не үшін тыңдалуы тиіс? Облыс прокурорының досын сынағаны үшін бе? Прокурордың орынсыз өтінішін орындамағанымыз үшін бе? Бізге облыс прокуроры мен облыстық аурухана бас дəрігерінің достығына қарағанда Елбасымыздың саясаты

ОБРАЩЕНИЕ

Коллектив республиканского еженедельника «Әділет»

маңыздырақ. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заңының 5-тарауында журналистің құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Біз Əділет ұлттық апталығының ұжымы осы аталған заң негізінде жұмыс жасап келеміз. Өкінішке қарай, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры жоғарыдағы Заңдарда көрсетілген мемлекеттік мүддені сырт қалдырып, сыннан сығылғандар мен өзінің жеке басының мүддесін шатастырып алған секілді. Құрметті Асхат Қайзоллаұлы! Жоғарыда айтылған жəйттарға байланысты біздің осы ашық хатымызды «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 Заңының «Прокурордың iс-əрекеттерi мен актiлерiне шағымдану» атты 8-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов мырзаның iс-əрекеттерi мен актiлерiне берілген шағым деп қабылдауыңызды сұраймыз. Сонымен бірге «Əділет» ұлттық апталығы ұжымының атынан жолданған осы ашық хатты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорының заңсыз актiлерiнiң күшiн жоюыңызды жəне тікелей Ибраһим Иманов мырзаға қатысты нақты шара көруіңізді өтінеміз. Біз өз құқымызды қорғау жолында бұл мəселені ҚР Президенті Н.Назарбаевтың назарына да ұсынатынымызды білдіреміз. Өзіңізге деген құрметпен, Қуанышбек БОТАБЕК, «Əділет» ұлттық апталығының президенті. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Уважаемый Асхат Қайзоллаұлы! Национальное еженедельное издание «Əділет» со дня своего основания поддерживает взвешенную государственную политику, проводимую первым Президентом Республики Казахстан Нурсултаном Назарбаевым. Высокий профессиональный уровень нашего журналистского коллектива позволяет удовлетворить взыскательные требования нашего читателя. В редакции трудятся известные журналисты, ученые, лауреат международной литературной премии «Алаш». Тираж нашей газеты (Свидетельство о регистрации в Министерстве культуры и информации №14077 от 27.12.2013), благодаря творческим поискам ее сотрудников и самоотверженному труду, на сегодняшний день превысил 15 000 экземпляров. Это очень высокий показатель для печатных периодических изданий. Тем более наша газета распространяется добровольно, а не по разнарядке. При этом мы – не оппозиционное издание и не относимся к так называемой «желтой прессе». Мы выбрали верный путь – это поддержка политического курса Лидера нации. На этом пути нам приходилось преодолеть немало трудностей. Мы на личном опыте убедились, насколько сложно бороться с бюрократизмом и коррупцией, которые, увы, часто встречаются в нашей повседневной жизни. Несмотря на это мы не намерены изменять своим принципам, осознавая общественную значимость данной миссии, обозначенной Главой государства. Однако с сожалением приходится признавать, что руководитель прокуратуры ЮКО вместо того, чтобы оказывать поддержку осуществлению обозначенной Лидером нации государственной информационной политики, проводит бесконечные и беспочвенные проверки национального еженедельника «Əділет». Эти про-

верки затрудняют работу нашей редакции. Газета «Əділет» в течение трех лет поднимала проблемы ЮжноКазахстанской областной больницы, вскрыла факты нарушения закона со стороны руководства данного лечебного учреждения. Надо отметить, что у нас нет личных счетов ни с данным учреждением, ни с его руководством. Мы лишь надеялись, что критические материалы нашей газеты позволят улучшить работу больницы. Причина, по которой мы подвергли критике руководство больницы, одна – это многочисленные жалобы со стороны жителей региона. Досконально проверяя и изучая жалобы пациентов, мы публикуем их на странице нашего издания. Главный врач областной больницы под разными предлогами избегает встречи с нашими журналистами. Вместе с тем главврач Мукан Егизбаев, пользуясь дружескими отношениями с прокурором области Ибрагимом Имановым, не обращает должного внимания на критику прессы. Но даже не это больше всего возмущает нас - о ситуации в областной больнице известно всему населению региона. Нам не понятно другое: почему прокурор Южно-Казахстанской области не реагирует на многочисленные жалобы со стороны пациентов больницы и так рьяно защищает главного врача этого лечебного заведения? Помимо этого, много нареканий со стороны жителей поступают в адрес прокурора Шардаринского района Т.Сейдуалиева. Участились жалобы, свидетельствующие о том, что его работа не выдерживает никакой критики. О работе Сейдуалиева мы опубликовали несколько критических статей. И не только мы. Недовольные действиями районного прокурора жители Шардаринского района в конце марта – начале апреля 2015 года собрали пресс-конференцию, которую осветили республиканские телеканалы КТК, 7 канал, местный телеканал «Отырар». Однако прокурор области не отреагировал и в этот раз. Когда «Əділет» только начал публиковать критические материалы о главном враче областной больницы, прокурор области пригласил главного редактора газеты в свой кабинет и попросил не критиковать его, уверяя, что главврач Егизбаев «очень хороший человек» и призвал к примирению. «Əділет» – принципиальная газета и поэтому не смогла удовлетворить эту просьбу прокурора области. И вскоре прокурор области Ибрагим Иманов начал открытую травлю против нашего издания. Только за последний месяц прокуратура дважды проверила работу нашей газеты. Мы – представители малого бизнеса. И общеизвестно, что глава государства призвал правоох-

ранительные органы воздержаться от необоснованных проверок субъектов малого и среднего бизнеса и даже объявил мораторий на проверки субъектов МСБ. Но, похоже, что прокурор ЮКО, игнорируя призыв Лидера нации, продолжает травлю газеты «Əділет». Мало того, он собирает сведения о главном редакторе издания: когда и где был, с кем встречался, что делал. По нашим данным, прокурор Ибрагим Иманов, пользуясь своим служебным положением, через спецслужбы организовал прослушку служебных телефонов редакции. И мы это чувствуем. Мы убеждаемся, что прокурор ЮКО, не имея на то никаких оснований, прослушивает телефоны редакции в нарушение закона в личных целях. Мы понимаем, что при необходимости можно организовать прослушку телефонов на законном основании. Но в каких случаях это делается? Если издание работает против государства, против политики Главы государства, то это другое дело. Но почему должны прослушиваться телефоны издания, которое с первых дней своего существования всячески и всемерно поддерживала политику Главы государства? Только из-за того, что мы подвергли критики друга прокурора области? Или потому что мы отказались выполнить его просьбу? Для нас важнее политика Главы государства, нежели дружба областного прокурора и главного врача областной больницы. Права и обязанности журналистов четко прописаны в 5 главе Закона «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года. И наш коллектив работает строго в рамках закона. К сожалению, складывается впечатление, что прокурор Южно-Казахстанской области, попрал Закон и поставил свои личные интересы выше интересов государства. Уважаемый Асхат Қайзоллаұлы! Просим Вас (согласно Закону Республики Казахстан «О прокуратуре») считать данное Обращение и изложенные в нем факты официальной жалобой в адрес прокурора ЮжноКазахстанской области Ибрагима Иманова. Вместе с тем просим Вас на основании Обращения коллектива национального еженедельника «Əділет» признать недействительными незаконные акты прокурора ЮКО Ибрагима Иманова и принять в отношении него конкретные меры. Мы оставляем за собой право обратиться в вышестоящие инстанции вплоть до Президента РК Н.Назарбаева. С уважением Қуанышбек БОТАБЕК, Президент национального еженедельника «Əділет», член Союза журналистов Казахстана.

23 мамырда астаналықтар Олимпиада күнін атап өтеді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.