Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ
web: http://adiletgazeti.kz/
E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №21 (224) = 29 мамыр = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Қытай астанасын 1215 жылы қазақ жобалаған
Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичті қабылдады
Президент РК Нурсултан НАЗАРБАЕВ:
«… никто не имеет права при запросе СМИ не давать информацию»
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, отынэнергетика салаларындағы өзара ісқимылын жандандыру мəселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тəртібіндегі мейлінше өзекті жайттар қарастырылды.
Қазақстан Президенті еліміз бен Хорватия арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті. – Мен тиімді екіжақты экономикалық байланыстар орнату үшін Хорватияға бірнеше рет бардым, өйткені біздің елдеріміздің арасында бұған ешқандай кедергі жоқ. Біздің елмен жұмыс істегісі келетін хорват компаниялары-
мен өзара ықпалдастық жөнінде менің тарапымнан тиісті тапсырмалар берілген, – деді Мемлекет басшысы. З.Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастың негізгі салаларына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. Akorda.kz
Отандық ғалымдар 1000 градус температураға төзімді беймата жасап шығарды Кеше Алматыда «Ғылымға инвестиция жұмсау - ғылыми қамтымды экономиканың драйвері» деген тақырыппен «Инвестициялық көпір: Ғылым жəне бизнес» атты Халықаралық диалог алаңының екінші отырысы болып өтті. Аталмыш форум аясында ғалымдар инвесторларға өздерінің 30 инновациялық жобасын таныстырды. Осыған орай ұйымдастырылған арнайы көрме барысында таяуда ғана елімізде тұңғыш рет 300 градустық температураға дейін төтеп беретін отқа төзімді беймата мамандардың жəне бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты форум аясында ҚазАқпарат тілшісі осы жобаның авторы жəне жетекшісі Алматы технологиялық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Раушан Жылысбаевадан сұхбат алған болатын. - Раушан Оразқызы, осындай ерекше материалды жасау идеясы қалай туды? - Мен ширек ғасырдан бері металлургия саласында арнайы киімдер дайындау ісімен айналысып келемін. Кезінде жүн талшықтарынан жасалған, ыстыққа төзімді жаңа материалдар əзірледік. Кейін, уақыт өте келе тəжірибенің арқасында білімімізді жетілдіре түскен соң, өрт сөндіру саласына қажетті арнайы киімдер əзірлеу ісіне кірістік. Содан міне тамаша нəтижеге қол жеткізіп отырмыз. - Бұл бейматаны жасап шығаруға қанша уақыт жəне қанша қаржы жұмсалды? - Екі жылға жуық уақыт жұмсадық. Маған əрі шəкіртім əрі докторантым Əсем Таласбаева көмектесті. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның Донгук университетінің белгілі ғалымдары атсалысты. Кейін өзіміздің университеттің базасында əзірленген бейматаны осы оңтүстіккореялық университеттің зертханасында термоманекенге кигізіп сынақтан өткіздік. Ол арнайы киімдердің астары ретінде 1000 градусқа дейінгі температураға, ал тікелей өртегенде 3 минут бойы Цельсий бойынша 300 градустық температураға төтеп берді жəне қалыбын сақтады! - Мұндай матаны енді нақты қандай мақсаттарға пайдалануға болады? - Өрт сөндіру саласында арнайы
киімдердің астыңғы төсемі, яғни астары ретінде, металлургия саласында тікелей өзін арнайы киім ретінде пайдалануға болады. Оған қоса, машина жасау саласында да қолдану мүмкіндіктері зор. - Бұл əзірлемелеріңіз патенттелген бе? - Иə, əрине патентін алдық. - Беймата қандай шикізаттардан жасалған? - Бұл тоқылып жасалмаған соң, беймата деп аталады ғой. Яғни былайша киізге ұқсайды. Оған белгілі бір шамада үй жануарларының, яғни
қой, ешкі, түйе жүндері жəне метаарамид синтетикалық талшығы пайдаланылады. Егер жүнмен метаарамидті жəй ғана араластырып, киіз секілді басып шығарсаңыз одан түк шықпайды. Бұл жерде басты құпия оның ерекше қабаттылығында! Яғни, жүн мен синтетикалық талшықтар белгілі бір мөлшерде, үйлесімді түрде қабатталып төселеді. Содан жылылықты өткізбейтін кедергі қалыптасады. Жалпы қалыңдығы қолдану аясына қарай 1 сантиметрден 3 сантиметрге дейін болады. - Раушан Оразқызы, бұл өнертабыстарыңызды ҚР ІІМ Төтенше
жағдайлар жөніндегі комитетіне құлаққағыс еттіңіздер ме? - Иə, хабарладық. Тіпті аталмыш комитеттің арнайы зертханасында сынақтан өткізіп үлгердік. Мамандар оң бағасын берді. Енді тапсырыстар түсер деген үміттеміз. Бұл бейматаның өндірісін жолға қою үшін алғашқы уақытта кем дегенде 50 мың АҚШ доллары қажет. - Ал бізде бүгінгі таңда өрт сөндіру саласында арнайы киімдер қайдан алынады? - Дайын күйінде Ресейден сатып алынады. - Сонда сіздердің дайындаған арнайы киімдеріңіздің отқа едəуір төзімділігімен қоса басқа қандай артықшылықтары бар? - Едəуір арзан! Егер біздің киімдердің бағасы 45 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін баратын болса, ресейлік арнайы киімдердің бағасы қолданыс аясына қарай 70 мың теңгеге дейін барады. Өйткені, бізде пайдаланылатын шикізат арзан. Бұған екінші сұрыпты жүндер де қолданыла беріледі. Өкінішке қарай қазіргі таңда малдың жүні мен терісі көп жағдайда кəдеге аспай жатыр. Ал ресейлік киімдерде астардың орнына резеңке қосылған арнайы маталар пайдаланылады. Оның үстіне қазіргі қолданыстағы арнайы киімдердің салмағы 4,5-5 келіге дейін баратын болса, біздің киімнің салмағы 3,5 келі. Өйткені жүн талшықтары ауа өткізгіш. Сондықтан жеңіл болады. Ал бұл, өрт сөндірушіге тез жəне ширақ қимылдауға, шаршамауға, адамдарды тез құтқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда жасалған өнімдердің саны мен сапасын арттыруға қатысты үндеуіне біз де атсалыссақ дейміз. Бүкіл əлем бойынша сұранысқа ие болып отырған өзіміздің отандық өнімімізді шығарғымыз келеді. - Əңгімеңізге рахмет. Жаппарберген Айбота ҚазАқпарат
Президент Казахстана Нурсултан Абишевич Назарбаев дал интервью телеканалу «Россия 24». В интервью программе «Мнение» с Эвелиной Закамской Глава нашего государства рассказал о дальнейших работах по демократизации общества, в частности о создании прозрачной политики, подотчетной народу в Казахстане, передает Informburo. «Все люди должны знать: если это не государственная тайна, то доступ к информации должен быть открытым! И никто не имеет права при запросе СМИ не давать информацию. И вообще это панацея, когда есть свободное общество, открытое для СМИ. Ничего не должно быть скрыто и ничего не должно быть сделано никому
неизвестным», — заявил Президент. Также Нурсултан Назарбаев сообщил, что это направление требует перераспределения властных полномочий в стране в целом — от президента к правительству и парламенту, от правительства к областным руководителям, от них — к местным органам. «Я жду большого сопротивления. Я специально перед выборами как платформу заявил, если народ поддержит меня в выполнении этих реформ. Ведь после стольких лет моего президентства и моих лет я на что-то серьезное решаюсь. И вот итоги выборов показали, что поддержка есть», — рассказал Назарбаев каналу «Россия 24». (Продолжение на 6 стр.)
ЖАЅА ЄИМАРАТ ЖЕТІСТІКТІЅ МЕКЕНІ БОЛЄАЙ
«Жердің сəні – егін, ердің сəні – білім» деген ұстанымда болған академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Əбдімұса Қуатбековтың тікелей басшылығымен негізі қаланған Қазақстан инженерліпедагогикалық халықтар достығы университетіне биыл – 15 жыл. Осы айтулы күнмен жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай аталған оқу орнында энергетика, инженерия, қаржы саласындағы қазақстандық жəне шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Инженериядағы инновациялық көзқарас – Қазақстан экономикасы дамуының негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті. Оған қатысушылар ең əуелі жыл өткен сайын құлашын кеңге жайып, топ жарып келе жатқан білім ордасындағы жаңадан салынған 6 қабатты оқу ғимаратының салтанатты ашылу рəсімін тамашалады.
Іс-шараға ОҚО əкімінің орынбасары Сəкен Қаныбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мəуленқұлов, ел ағалары, белгілі кəсіпкерлер,
ұстаздар, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. (Жалғасы 2-бетте).
Қазақ ғарышкері А.Айымбетовтің қыркүйек айында ғарышқа ұшуы ықтимал