22 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ

web: http://adiletgazeti.kz/

E-mail: gazeta_adilet@mail.ru №22 (225) = 5 маусым = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы - 215 млн. гектар. Еліміз бір тұрғынға шаққандағы егістік алқабының ауданы жөнінен әлемде Австралия және Канадамен бірге алдыңғы қатарда тұр

Елбасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші жалпы отырысына қатысты Іс-шара басталмас бұрын Мемлекет басшысы елдің агроөнеркəсіп кешенінің инвестициялық жобаларымен танысты. Елбасы Қазақстанның күрделі сыртқы экономикалық жағдайлар мен геосаяси сын-қатерлерге қарамастан орнықты экономикалық өсімге қол жеткізіп, шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығымен танылып отырғанын атап өтті. – Биыл жалпы отырыстың тақырыбы Қазақстандағы агробизнестің дамуы туралы болды. Мұндай тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстан – аумағы жөнінен əлемде тоғызыншы орын алатын жəне ауыл шаруашылығының бірегей ресурстарына ие ел. Қазақстан дəстүрлі өңірлік нарықтарды, сондай-ақ Қытайдағы, Үндістан мен Таяу Шығыстағы жаңа нарықтарды қамтамасыз ету үшін географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқан. Ауыл шаруашылығы ресурстарының ауқымын ескерсек, елдің отандық жəне шетелдік инвесторлар үшін тартымды, бірақ əлі ашыла қоймаған əлеуеті бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті елдегі мүмкіндіктерді пайдалану үшін бірқатар шаралардың бірнеше бағытта жүзеге асырылып жатқанын айтты. Солардың қатарында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, трансұлттық компанияларды тарту арқылы өңдеу ісін дамыту, ғылымды, инновацияны жəне кадр даярлауды ынталанды-

ОҚУ ОРДАСЫ ОЗЫП ТҰР

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2015 жылғы мамандарды даярлау деңгейі мен бағыты бойынша Қазақстан жоғары оқу орындары ішінде алдыңғы саптан көрініп келеді.

ру, институционалдық реформалар жүргізу шаралары бар. Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды Қазақстандағы агроөндірісті дамыту үшін инвестиция салуға шақырды. – Бұл біздің бəрімізге пайдалы болатынына сенімдімін. Инвестициялық үдерісте қажетті қаржылық инфрақұрылымның болуы маңызды рөл атқарады. Осы мақсатпен «ЭКСПО-2017» базасында халықаралық қаржы орталығын ашу қарастырылуда. Сондықтан Кеңестің

келесі 29-отырысын «Астана – халықаралық қаржы орталығы» тақырыбына арнап, оны елордада өткізуді ұсынамын, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы қатысушыларға қызықты баяндамалары мен ұсыныстары, түсіндірмелері үшін ризашылығын білдіріп, кеңес жұмысына көп жылдан бері қолдау көрсетіліп келе жатқанына, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жетілдіруге қосылған үлеске жоғары баға берді.

Отырыс барысында Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің президенті С.Чакрабарти, Инвестициялар жəне даму министрі Ə.Исекешев, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының төрағасы У.Вокурка, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков сөз сөйледі. Сонымен қатар, «Бейкер жəне Маккензи Интернешнл» компаниясының бас директорының орынбасары Э.Шир, «Филип Морис Ин-

ЗАҢДАРДЫ ТЕРІС ТҮСІНДІРУ

АТА-АНАЛАРДЫҢ АШУ-ЫЗАСЫН ТУДЫРЫП ОТЫР Прокуратура органдары мен Дін істері комитеті теріс діни ағымдар алдында неге дәрменсіз?

«Жан шырылы» қойылымынан көрініс

Сақалдарын бей-берекет өсіріп, шалбарларының балағын қып-қысқа етіп шұнтитып кесіп тастаған азаматтардың қатары арамызда көбейе түспесе, азаймай отырғаны құпия емес. Олар өздерін ислам тазалығы үшін күресіп жүрген тұлғалар етіп көрсеткісі келеді. Шын мəнінде, «қысқа балақты, теке сақалдылардың» діннің атын жамылып, жұртшылық арасында қазақ халқының салт-дəстүрлеріне қарама-қайшы келетін, қазіргі қоғамымызды іштен ірітіп-шірітуге бағытталған теріс жəне заңсыз үгітнасихат жүргізіп жүргендерін бəріміз де жақсы білеміз. Мұндай адамдар өздері əртүрлі əдістермен алдап үйленіп алған қыздарды өз ата-аналарынан, туғантуыстарынан ажыратып, олардың өзара қарым-қатынас жасауына мүлдем тиым салып тастайды. Теріс діни ағым жолына түсіп, адасып жүрген ондай адамдарға демеушілік көмек жасап, қажет кезінде қаржымен қамтамасыз етіп, заңдық-құқықтық жағынан ақыл-кеңестерін беріп отырған арнайы

күштер бар екені жасырын болмай қалды. «Теке сақалды, қысқа балақты» осындай бір адамның заңсыз іс-əрекеттерінен барынша зəбір көріп, зардап шегіп отырған оқырманымыз өзінің ата-ана ретіндегі құқықтарын түсіндіріп беруді өтініп, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына арнайы хат жазып, мына мəселелер бойынша еліміздің Конституциясы жəне басқа да Заңдарының негізінде түсініктеме беруді сұраған екен: «1. Ата-ана ретінде тұрмысқа шыққан қызымызбен жəне оның кішкентай нəрестелерімен бізге жəне қызымызға қолайлы кез-келген уақытта ұялы телефон арқылы хабарласуға, кездесуге, əңгімелесуге жəне т.б. тұрғыда қарым-қатынас жасауға Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне басқа да Заңдарының негізінде құқығымыз бар ма? 2. Қызымызға алдап үйленіп алған адамның біздің ата-ана ретіндегі Конституциялық құқығымызды өрескел бұзып, туған қызымызбен ұялы телефон арқылы хабарласуымызға, сөйлесуімізге, өзара қарым-қатынас жасауымызға қасақана кедергі жасап, тиым салып отырғаны

Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне басқа да Заңдарына сай келе ме? 3. Бей-берекет сақал қойып, қысқа балақты шалбар киіп жүретін адамның біздің қызымызға алдап үйленіп алып, үстіне хиджап кигізіп, жоғары білімі бар екеніне қарамастан, мемлекеттік немесе жекеменшік мекеме, ұйымдарда жұмыс істетпей, үйінде отырғызып қоюы Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне басқа да Заңдарына сай келе ме? 4. Бір жылдан бері үйінде үйқамақта ұсталып отырған қызымызды бізбен, оның ата-анасымен мүлдем сөйлестірмеу Қазақстан Республикасы Конституциясына жəне басқа да Заңдарына сай келе ме? 5. «Теке сақалды», «қысқа балақты» адамның біздің өмір бойы əлпештеп өсірген қызымызды туған ата-анасынан ажыратуы жəне өзіміздің өмір бойы бағыпқаққан қызымызды бір жыл бойы іздеп, оның жағдайын білгісі келіп, іздестіру жұмыстарын жүргізген ата-анасы мен туыстарын сотқа беруі жəне олардың қызмет орындарына барынша дəлелсіз, жала жапқан, аты-жөні көрсетілмеген домалақ арыздар жіберуі – Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне басқа да Заңдарына сай келе ме?» Ата-аналардың осындай орынды сауалдарына ҚР Бас прокуратурасы Департаменті бастығының орынбасары болып табылатын лауазымды тұлға Н. Сүйіндіков мырзаның хат арқылы жолдаған жауабына құлақ түрейік. Бас прокуратура өкілінің жазбаша жауабы бойынша Қазақстан Республикасының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабына сəйкес əркім діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға жəне миссионерлік қызметпен айналысуға, ата-ананың кəмелет жасына толған, ресми түрде отбасылы қызы өз қалауына сай діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға құқылы екен. (Жалғасы 2-бетте).

тернешнл» компаниясының аға вице-президенті Н.Дэнис, «Ситигруп» бас атқарушы директоры Дж.Коулз, «Эрнст энд Янг» жаһандық басқарушы серіктесі К.Ди Сибио, «Дойче Банк АГ» басқарушы директоры П.Тильс, «Делойт СНГ» басқарушы серіктесі И.Коулберн, «Русские машины» директорлар кеңесінің төрағасы З.Вольф күн тəртібіндегі негізгі мəселе бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Akorda.kz

Аталған университет бакалавриат, магистратура жəне докторантура білім беру бағдарламалары мен жалпы жүлделі орындар саны бойынша бірінші орын алады. Бұл саралау Қазақстан Республикасының Тəуелсіз аккредиттеу жəне рейтинг Агенттігімен жүргізілген. Агенттіктің хабарлауы бойынша бағалау əрқайсысының 25% салмағы бар 4 индикатор, атап айтсақ, «Дарынды студенттер, мұғалімдер мен зерттеушілердің жоғары шоғырлануы», «Академиялық мобильділік», «Түлектердің бəсекеге қабілеттілігі» жəне «Мұғалімдер, магистранттар мен докторанттардың мамандық бойынша ғылыми мақалалардың бəсекеге қабілеттілігі» көрсеткіштеріне сəйкес өткізілген. Осы ретте бұл білім ордасы көптеген жылдар бойы Тəуелсіз аккредиттеу жəне рейтинг Агенттігі көрсеткішінде алғашқы көшбасшы үштікке кіреді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары 2014 жылы Тəуелсіз аккредиттеу жəне рейтинг Агенттігі жүргізген қорытынды бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары рейтингінің озық отыздығының тізіміне енді. Ал тізімді академик, профессор, «Жалпы жəне теориялық физика» кафедрасының меңгерушісі, ЕҰУ жанындағы Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығының директоры Рəтбай Мырзақұлов бастап тұр. Рейтинг бойынша белгілі ғалым ең жоғары балға ие болды жəне басқалармен салыстырғанда көп айырмашылықпен топтан озды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Баспасөз қызметі. Астана қаласы.

Кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдігінің мəжіліс залында, Облыстық ішкі саясат жəне дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі Марат Əзілхановтың қатысуымен «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші реформасын жүзеге асыру барысы бойынша, облыстық ұлттық-мəдени орталықтардың басшыларымен сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

рылып жатыр. Жұмыс топтарында барлық бағыттар бойынша белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық

100 НАҚТЫ ҚАДАМ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын. Кездесуде вице-министр «Жүз нақты қадам» жоспарының əрқайсысына тоқталып тұшымды ойларын айтты. Өз кезегінде ол Ұлт болашағының жоспары – 100 нақты қадамы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімді ынталандыруға даңғыл жол ашатынын баса айтты. Іс-шара барысында М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің кафедра меңгерушісі тарих ғылымының кандидаты, «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Əбдіғаппар Маймақов та өз ойын айта кетті. Марат Əзілхановтың айтуынша, бүгінде еліміз бес институттық ре-

форманы іске асыруға кірісіп кетті. Комиссиялар мен жұмыс топтары құ-

«Əділет-ақпарат».

ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨЗДЕГЕНІ ЗАҢДЫ ҚОРҒАУ МА, ХАЛЫҚТЫ ҚОРЛАУ МА? 3-бетте

Америкалық Daqri компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға əзір екенін мəлімдеді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.