Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ
web: http://adiletgazeti.kz/
E-mail: adilet.media@mail.ru №23 (226) = 12 маусым = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
САЯСИ ҚАЙШЫЛЫҚТЫ КҮШ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ШЕШУ ӘДІСІНЕН БАС ТАРТУ ҚАЖЕТ Елбасы өз сөзінде Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезінің ізгі идеялары əлемдік қоғамдастықта, діни жəне саяси топтар арасында кеңінен қолдау тауып жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев тəуелсіздік жылдары Қазақстанда түрлі конфессиялардың қатар қызмет етуінің табысты үлгісі қалыптасқанын атап көрсетті. – Қазір елімізде жалпы саны 3312 мешіт, храм, мінажат үйі, синагога жəне өзге де діни ғимараттар бар. Діни бағыттағы 47 бұқаралық ақпарат құралы жарық көреді. Елімізде 500-ге жуық шетелдік миссионер жұмыс істейді. Елімізде қызмет ететін барлық діндердің жамағаты – қазақстандықтардың ортақ шаңырағының мүшелері. Біз бəріміз бірге жаңа ел құрып жатырмыз, онда талас-тартыс пен даудамайға орын жоқ, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру үшін кең ауқымды диалогтың маңыздылығына назар аударды.
– Теңқұқықтылық, өзара құрмет, бір-бірінің мүддесін мойындау, ынтымақтастық, толеранттылық жəне өзара түсіністік қағидаттары оның негізіне айналуы тиіс. ХХI ғасырда барлық саладағы – саяси, экономикалық, мəдени, рухани диалогқа ештеңе балама бола алмайды. Бүгінде адамзат материалдық, ғылыми-техникалық жəне зияткерлік тұрғыдан зор əлеуетке ие. Егер жұрт бір-бірімен татулықта жəне рухани келісімде өмір
сүруді үйренбесе, ешқандай ілгерілеу болмайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті рухани жəне саяси көшбасшылар бірлесіп, əлемді адамгершілік тұрғыдан мейлінше ізгі əрі толерантты ете алатынына назар аударды. – Қарсы тараптардың барлығы келіссөздер үстеліне отырып, зорлықты тыю, азаматтарды қорғау, барлық қайшылықты бейбіт шешу жөнінде келісім əзірлеуі керек.
БЮДЖЕТ ТҮСІМІ САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамның» мемлекет үшін өте маңызды екендігі белгілі. Еліміз осы идеялардың авторы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүгінгідей биік дəрежеге көтеріліп, əлемдік қауымдастықтың алдында зор құрметке ие болып отыр. 2-бетте
Əрбір елде жəне мемлекетаралық қатынастарда кез келген саяси қайшылықты күш қолдану арқылы шешу əдісінен бас тарту қажет. Жетекші державалардың саяси көшбасшыларын қазіргі замандағы өзара сенімсіздіктің белең алуына тосқауыл қоюға шақыру маңызды. Осының барлығы қауіпсіз жəне жарасымды əлемнің жаңа архитектурасының бөлшегіне айналуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев
қатысып отырған барша саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне сөз арнап, өз мүмкіндіктерін соғыс пен қақтығысты тоқтату, жаһандық саясаттағы сенімді қалпына келтіру үшін пайдалануға шақырды. Отырыс барысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Финляндия Президенті Саули Ниинисте, Қасиетті Тақтың дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан-Луи Торан, Дүниежүзілік Ислам Лигасы бас хатшысының орынбасары Абдрахман бен Абдаллла аз-Зейд, Франция митрополиті Эммануил Адамакис, Дүниежүзілік Ислам мəзхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Мохсен Мохаммади Араки сөз сөйледі. Сонымен қатар, Израильдің сефардтық бас раввині Ицхак Йосиф, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд Амин Мадани, индологияны жəне дінаралық диалогты зерттеу институтының төрағасы Самир Шантилал Сомайя, сондай-ақ Дүниежүзілік буддашылар қоғамдастығының бас хатшысы Фаллоп Тайиари жəне Марокко Корольдігінің ислам істері жөніндегі министрі Тауфик Ахмед күн тəртібіндегі негізгі мəселелерге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Akorda.kz
27 мемлекет пен төрт халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады
ң ы н ы ш у ң з ы а н ы Ж ш у з а Ж
БАЛАСЫ
«Түйенің арқалағаны алтын, жегені жантақ» деген сөз бар. Рас қой. Қазіргі жазушылар да дəл сондай күйге түскен, түйенің кебін киген. Бірақ біз бүгін жоғымызды тізбелеп, жыламсырағалы отырған жоқпыз. Ботаны алғаш көрген өзбектің «Кішілігі болмаса, құдды түйе екен» дегені сияқты қай заманда да желдің өтінде жүретін жазушы ағайынның тағдыры қиындау қалыптасатын балалары туралы аз-кем əңгіме өрбітсек дейміз.
Өткен ғасырдың бодандық қамыты тынысты буып тұрған кезе-ңінде Алматыдағы ең бір ғажайып ғимарат Қазақстан Жазушылар одағына беріліпті. Тегіннен тегін емес, əрине! Сол құтхана əлі де ең-селі. Онымен иық теңестірер кеңсе-жайдың қазір де табыла қоюы екіталай. Ал баяғы беделді одақты іздеп, əуре болудың қажеті ша-малы. Одақтың заманы өткен, əлде басынан бақ тайған. Алайда аталған ғимараттың кей-кейде «Құдайдың жердегі үйіне», яғни иман ұйыған мешітке жақындап баратын күндері болып тұрады. Одақта о дүниелік болған мүшелерін ақырғы сапарға шығарып салудың оңды дəстүрі қалыптасқан. Ондай қаралы күндері басшылықтың басы-қасында жүргендер қоғадай жапырылады. Алматыдағы ақын-жазушылар түгел дерлік жиналады... Сондай бір қаралы жиын еске түсіп отыр. Тіл жанашыры Шона Смаханұлы кенеттен дүние салған. Шөкеңмен қоштасуға халық көп келген-ді. Сонда ебіл-дебілі шығып, жылап тұрған жас əйелдің қолынан ұстаған 3-4 жасар сүйкімді ұл жұрттың көңілін қатты бо-сатқан. «Шона ағаның баласы ғой» деп еді қасымдағылар. Тағ-дыры қалай қалыптасты? Қайда жүр екен қазір сол балақай? Алмас кездіктей өткір сатириктің қанынан жаратылғаны рас бол-са, қын түбінде жатпауы керек еді. Тым жас қалды ғой, бірақ. Қанмен өтпесе, ұлтжанды етіп тəрбиелеуге үлгермеді емес пе. Иə, жазушының өзі ғана емес, баласы да бұл өмірде басқалардан көбірек қиналатын сияқты. Себебі сол – ұлтының болашағын ойлайтын əке ұл-қызын ұлтжанды етіп тəрбиелеуге ден қояды. Баласы қазақ мектебіне барса, əрине, бұл жақсы. Керісінше болса, онда бала екі оттың ортасында қалады. Шөре-шөре күй кешеді. Бір тілге, бір мəдениетке, бір болмысқа басымдық бе-рілмеген отбасында баланың белгілі бір ұлт өкілі санатында қа-лыптасуы қиын. Бұндай «ары тарт, бері тарт» ортада өскендердің көбі дерлік бірте-бірте азамат əрі ұлт өкілі ретінде өзін-өзі жоғалтады. (Жалғасы 5-бетте).
СЫН САДАҒЫНА ІЛІНГЕН Шәкірт құрметін ПРОКУРОР СЕЙДУƏЛИЕВ туралы шардаралықтар не дейді?
арқалаған жан 7-бетте
ЕЛІМ ДЕГЕН ЕЛЕКЕҢ ӨТТІ ӨМІРДЕН... 8-бетте
Əнеукүні бір адамға «əй осы сен неге мекемелердің үстінен арыз-шағым жазасың?» десем, «көкеу, маған прокурорлар «жаз» деп айтады ғой»,- деді.
Каспийдің толқын таулары
16-18 маусымда Оңтүстікте Атырау облысының мәдениет күндері өтеді
2-бетте
3-бетте
Ұлы Даланың киесіндей ақбөкендер қырылды.
ЕНДІГІ КЕЗЕК КІМДІКІ?
Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған космодром «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталып, қазір 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергі 60 жылда 1100 əртүрлі мақсаттағы космос аппараттары жəне 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракеталар ұшырылып, сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлі соғысқа қажетті, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерінің 80-нен астам модификациялары да сыналған.
Ресей космодромдары мен полигондары Жер Анамызды қашанғы қорлай бермек?!
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бірінші бөліктері Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екінші бөліктері сол облыстағы №4 зонаға, үшінші бөліктері де Қазақстанда орналасқан №310-шы зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсік, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан
ба с қ а о р м а н , д а л а ө рт те р і н д е көбейтуде. Радиоактивті улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсіп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар əкелуде. (Жалғасы 6-бетте).
Жаңа Еңбек кодексі мен жұмыспен қамту туралы заң жобалары 15 тамызға дейін əзірленеді