24 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

Ұлыбританияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кеш өтті

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ

web: http://adiletgazeti.kz/

E-mail: adilet.media@mail.ru №24 (227) = 19 маусым = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

АСТАНА ЕЛІМІЗДІҢ ШЫН МӘНІНДЕГІ БАС ҚАЛАСЫНА АЙНАЛДЫ

Наєашыбек ТАЄЫЛЫМЫ

Мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы жəне Нұрлы жол бульварының екінші кезегінің жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті. – Қалаға қажеттінің бəрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеңде Астананың дамуы жеке инвесторлардың қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы ең көп инвестиция ел-

ордаға тиесілі. Астананың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардың мақтанышы саналады, қонақтарын тəнті етеді. Халқының саны 900 мың адамға жетті, бұрын мұны болжаудың өзі қиын болатын. Қала еліміздің шын мəніндегі əкімшілік, мəдени, іскерлік, білім жəне меди-

цина орталығына айналды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу жəне абаттандыру жұмыстары жалғастырылатынын айтты. – Қандай кемшіліктер бар екенін, соның ішінде көліктер тұрағына қатысты мəселе туралы да білеміз, оның бəрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын су

сорғы кəріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мəселесіне де назар аудару керек. Қаланың əрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жа-

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ үлкен жанашыры еді Күні кеше Қазақстанның үлкен досы Түркияның эск-президенті Сүлеймен Демирел қайтыс болды. ҚР Президенті Н.Назарбаев Реджеп Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда түрік халқының ғана емес, барша түркі əлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси жəне мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Мен Сүлеймен Демирелді адал əрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде əрдайым есте сақтайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың жəне жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға жəне бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты. Сүлеймен Демирел (01.11.1924 17.06.2015) Түркияның Испарта провинциясы, Исламкой кентінде дүниеге келген. Түркияның мемлекет қайраткері, елдің тоғызыншы президенті. Ол түрік үкіметін 5 рет басқарып, Тұрғыт Озалдан кейін ел тізгінін 7 жыл ұстаған. Қазақстан мен Түркия арасында өте тығыз достық қарым-қатынас бар. Қазақстан өз тəуелсіздігін енді алған тұста Сүлеймен Демирел бастама көтеріп, Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде несие алып береді. Аталған қаржы өзінде болмағандықтан, Түркия өзгеден қарыз алады. Егер Қазақстан мерзімінде төлей алмаса, өзіміз өтейміз деген уəде береді. Бұл қадам Қазақстанның нарықтық экономикаға көшудегі алғышарттарының бірі болды. Несие уақытында төленді. Осылайша Қазақстан француздардың, жапондардың, американдықтардың сеніміне кіреді. Елімізге шетелден инвестициялар тартылуына жол ашылады. Осыдан 23 жыл бұрын, яғни 1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы-

ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жəне Түркияның Премьер-Министрі Сүлеймен Демирель Бірлескен мазмұндамаға, ал, Үкiмет басшылары Өзара жəрдемдесу жəне инвестицияларды қорғау туралы келiсiмге қол қойды. 1992 жылдың қазан айында үкімет басшысы түрік инженерлерінің үздік технологиямен жабдықталған кемесіне «Алматы» атауын бергендігін хабарлап, Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалады. Осыдан соң мемлекет басшысы сол кезде салынып жатқан ірі қонақ үйге «Анкара» атауын беру туралы шешім қабылдайды. 1997 жылы ашылған ол қонақ үй «Интерконтиненталь Алматы-Анкара» деген атау алады. Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылғы кездесу барысында екі елге бір университеттің аздық ететіндігін, ортақ академия құру керектігін айтады. Елбасының бұл ойын Сүлеймен Демирел де қостайды. Енді ол академия қайда болады деген сұраққа Назарбаев: «Халықтың салмағына қарасақ, сізде болуы керек, ал тарихтың салмағына қарасақ, бізде болуы керек. Басқаны айтпағанның өзінде, бүкіл түріктің рухани аталары Қорқыт пен Ясауи мазары қазақ жерінде ғой» дейді. Сүлеймен Демирельдің бұл уəжге: «Мұны түркітектес мемлекеттердің қайсысы болса да мойындайды» деп жауап қайтарады. Түркі академиясының халқының саны 70 миллионға жуықтайтын, бір кезде Осман империясының тұсында талай елді тітіретіп тұрған империя құрған Түркияда емес, тəуелсіздігін күні кеше ғана алған, өз еліндегі қазағының саны тоғыз миллионнан зорға асатын Қазақстанда құрылуы негізінен осылай шешілген болатын. ХХ ғасырдың соңындағы Еуропа қауіп-

сіздік жəне ынтымақтастық ұйымының соңғы бас қосуы Сүлеймен Демирелдің бастамасымен Ыстамбұлда өтіп, əлемдік тарихқа “Ыстамбұл саммиті” деп енді. Сүлеймен Демирел туыстас түркі халықтарының ынтымағы мен іс-қимыл бірлігін жетілдіріп, экономикалық, мəдени байланыстарын нығайтуға зор үлес қосты. Бұрынғы Кеңестік түркітілдес республикалар тəуелсіздіктерін алғаннан кейін алғашқы ресми сапарға Түркия премьерминистрі Сүлеймен Демирел бір неше айдан кейін шығады. Өзбекстаннан сапарын бастайтын ол Қырғызстан, Қазақстан, Тəжікстан, Түркіменстан жəне Əзірбайжанға барды. Əр елге 24 сағат уақыт бөлінеді. Сапарға нақты ұсыныстармен дайындалған бас министр түркітілдес республикалардан жыл сайын 10 мың студентті түрік жоғары оқу орындарына қабылдау шешімін шығарады. 1992 жылы 29 сəуір – 1 мамыр аралығында Сүлеймен Демирел ресми сапармен Қазақстанда болып, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетіне халықаралық қазақ-түрік университеті мəртебесін беру туралы бірлескен мазмұндамаға қол қойды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге университет қалашығының алғашқы іргетасын қалауға қатысты. Университет бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Н.Назарбаев жəне С. Демирелдің қатысуымен 1996 жылы 17 желтоқсан күні ашылған. Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Бұл оқу кешені 7000-ға жуық студентті заманауи оқу орны жəне жатақханамен қамтамасыз ету үшін бой көтерген. Кампустағы 4 факультеттің дəрістері негізінен ағылшын жəне қазақ тілдерінде жүргізіледі. 17 гектар аумақта жайласқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 120 аудиториясы, 3 зерттеу орталығы, 8 компьютер бөлмесі, 2 интернет кафесі, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 3 кітапхана бар. Университеттің ескі корпусы Торайғыров көшесінде болған еді. Ол ғимаратта қазір С. Демирел атындағы колледж орналасқан.

ңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады, – деді Мемлекет басшысы. Akorda.kz

ОРАЗА ҰСТАУ және НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСІ 8-бетте

Тəуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихында қайраткер-қаламгер тұғырында танылған замандастарымыздың қатарында жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының есімін мақтанышпен айта аламыз. Ол қазіргі кезде халықаралық Жамбыл атындағы жəне республикалық Төле би қорлары, Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. Сонымен бірге Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жəне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қарасай ауылының Құрметті азаматы, Халықаралық Экология Академиясының академигі. Оқырмандарының ыстық ықыласын иеленген көптеген кітаптары жарық көрген. Алғашқы əңгімелер жинағы «Еңлікгүл» (1980) кітабынан кейін «Дос жүрегі», «Таудан түскен тұман», «Қызыл елік», «Махаббатсыз өмір жоқ», «Жерошақтың түтіні», «Жамбыл ата», «Біздің ауыл тау жақта», «Мақыш балуан», «Ақ шымылдық», т.б. повестер мен əңгімелер жинақтары республикамыздағы жəне алыс-жақын шетелдердегі оқырмандарға кеңінен таралған. Қаламгердің «Қарасай-Қарасай!», «Киесі қызыл жолбарыс», «Қызыл жолбарысты Сарыбай би», «Ұлағатты үш ардақты», «Шамшырақ», т.б. тарихи-мəдени танымдық кітаптары да ғылыми-дерекнамалық құнды сипатымен маңызды. Қаламгер «Жамбыл əлемі» атты фотоальбомды, «Ата тағылымы», «Оспанханнан қалған сөз», «Іңкəр сезім-сыршыл əуен», «Қыз ғұмыр-жыр ғұмыр» жəне т.б. жинақтарды құрастырған. Драматургия саласында бір пьеса жазып, бірнеше телефильм мен видеофильмдерге сценарийлер жазған. Жазушылық шығармашылығы мен мəдени мұраны насихаттауды ұштастыруда өзі көп жылдар бойы директоры болған Республикалық Кітап музейінің іс-шаралары аясында ұйымдастырушылық талантымен танылды. Сөз арқауындағы көркем прозалық əңгімелері мен повестері негізінде жоғары оқу орындарын бітірушілерін дипломдық жұмыстары жазылып, шығармашылық зертханасы зерттеулердің тұрақты ғылыми айналымында қарастырылып жүр. (Жалғасы 5-бетте).

РАМАЗАН БІРЛІК АЙЫ

Қасиетті рамазан айы басталар алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халыққа үндеу жариялады. Онда бас мүфти көпшілік қауымды рамазан айының келуімен құттықтай отырып, бірқатар маңызды мəселелерге тоқталған. «Еліміз бойынша мешіттер мен медреселерде, діни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық ак-

циялар, игі жобалар ұйымдастырылады», - дейді ол. Жəне баршамызды осы ізгі іс-шараларға атсалысуға шақырады. «Елбасы Ұлытау төрінде ұлт туралы, дін, тіл жайлы берген ұлағатты сұхбатында асыл дініміздің тұрмысы төмен жандарға көмектесу, бауырмал болу, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету сынды асыл құндылықтарын сөз еткені есімізде. Осындай ортақ игі амалдар жұртымызды жақсылыққа, ізгілік пен бірлікке ұйыстырады. Қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен тойлар ауызашар уақытында ұйымдастырылса деген тілегімді білдіремін», - дейді бас мүфти. Ержан қажы Малғажыұлы барлық отандастарына ізгі тілектерін білдіре келіп, сауапты істердің көбейе беруіне, тəуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, мемлекетіміздің мерейі арта беруіне тілектестік білдіреді. «Əділет-ақпарат».

Мереке құтты болсын, ақ халатты абзал жандар! «Денсаулық – зор байлық». Бұған ешкім де дау тудырмайды. «Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде» дегендей, əсіресе жан қиналып, тəн ауырғанда денсаулықтың қызметтен де, байлықтан да, мансап пен атақ-абыройдан да бөлекше бағалы екеніне көз жеткіземіз. Сондай қысылтаяң сəтте бізге ең əуелі ақ желеңді абзал жандардың көмек қолын созатыны белгілі. Адам жанының арашашысы болып табылатын олар біздің дертімізге дауа тауып, алғысымызды арқалау үшін ертелі-кеш еселі еңбек етеді. Адам өміріне тіршілік нəрін беру үшін

барын салатын дəрігерлер осылайша өмірге деген құлшынысымызды арттыра түседі. Ұстаздық ету барлық мамандықтың анасы болса, «медицина кəсібі – адамгершіліктің асылы» деп тегін айтылмаған. Дəрігерлердің

кəсіби мерекесі қарсаңында барлық оқырман атынан оларға алғыс жаудыра отырып, ол кісілердің өз əріптестеріне ақтарыла айтқан ізгі тілектерін де жариялағанды жөн көрдік. (Жалғасы 2-бетте).

Биыл Елорда күніне орай Астанада 70-тен астам шара өтеді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.