Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ
web: http://adiletgazeti.kz/
E-mail: adilet.media@mail.ru №25 (228) = 26 маусым = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
28 МАУСЫМ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ Екібастұз МАЭС-2 жұмысшысы жазған хатқа өзі жауап берді «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ жанармай құю машинисі Галина Михнованың ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатына Елбасының өзі жауап берді, деп хабарлады қала əкімінің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықова. Галина Михнова хатында өзі жайлы айта келе, Мемлекет басшысын кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен, сондай-ақ алда келе жатқан туған күнімен құттықтады. «Мен Қазақстанда туып-өскеніме, осы жерде тұрып жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Екібастұз МАЭС-інде жанармай құю машинисі болып жұмыс істегеніме 20 жылдан асты. Сіз көптеген жылдар бойы біздің Президентіміз болып келе жатқаныңызды мақтан тұтамын. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз», - деп жаза келе, Г. Михнова Елбасына өлең жолдарын арнайды.
ДАРА ДАРЫН, БИІК ТҰЛҒА Қазақ елінің абыройлы азаматы, белгілі қаламгер Нағашыбек Қапалбекұлы туралы көңіл сыры
Тау мен даланың жарасымды биіктігі мен кеңдігінің көз ұшына ілінер заңғарлығын, көңіл ұғынар сырбаздығы мен жайсаңдығын бір бойына жиып алып, Адами атты Ар шыңынан күлімсіреп қана қарап тұратын бір жан иесін білемін мен! Көңілімен күліп, жүрегімен қуанып, жанымен жадырап, құшағын ашып, қауышып құшып табысар да қарсы алар бір жан иесі бар менде! Ол – Нағашыбек Қапалбекұлы! «Артықша туған азамат, халыққа үлкен бел болар» – деп, сол Нағашыбектің өз ұлы бабасы, жыр атасы Жамбыл айтқанындай, бұл күндері еліне ес болып отырған азаматтың өзім танып-білген кісілік келбетін, қаламгерлік өресін айтуды парызым деп санадым. Адамды білу мен танудың ара-қашықтығында алыс та ұзақ жолдар, асу бермес жəне де бел талдырар, онан қалды ой шалдырар белестер мен адырлар жатуы да қажет те болар, бəлкім. Өмір атты сол көш керуеннің ұзына бойы керіліп жатар керегелі ғұмырының ғажайып та ғайып ғасырының талайғы бір тағдырының тарамдалған тармағы мен тамырында адам баласының жүгірген қаны мен тыныс алған жан дүниесінің сырын қолына ұстаған қаламымен ұғындыра білген жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы өмірінің де, шығармасының да бір-ақ тақырыбы бар, ол – Ар мен Адамгершілік! Жазушының бір ғана «Таудан түскен тұман» хикаятын оқыған сайын адам баласының ар дүниесін тұмшалай бастаған қайырымсыздық пен қаярлық, мейірімсіздік пен мұрт мерездік, өзінен басқа өзгеге жаны ашымастық пен жəдігөйлік, өресіздік пен көргенсіздік сияқты кесапаттардың қалың тұманынан жол тауып шығуды іздеген Ыдырыс атты жап-жас жігіттің бейнесінен Нағашыбектің өз бейнесі мен бітім болмысын, жан дүниесі мен ар дүниесін танығандай боламын. Жалған жаланың құрбаны болып айдалып кете барған сол Ыдырыстың əкесі Қали, қиянатшыл баукеспе ұры Дəуітəлі, балалышағалы бір шаңырақтың тауқыметін арқалап, имансыз ортадан əділдік іздеп, араша сұрап шырылдаған Зейнеп ана өмірінің айнала төңірегінде өрбитін оқиғалар арқылы жазушы өз парасат пайымымен Ыдырысқа қиянаттың қанатын қиғызып, арамдықтың ініне су құйғызып, дүниеге əділдіктің үкімін айтқызады. Ыдырыс бəрін де жеңеді, ойға алған бар мақсатына да жетеді. Сөйтіп, жазушы өз кейіпкерін ар шыңының биігіне көтеру арқылы өзінің адамгершілік те, қаламгерлік те болмысының биік шыңында қалып қояды. Бұл Нағашыбек Қапалбекұлының адам ретіндегі кемеңгерлігі болса, қаламгер ретіндегі шеберлігі деп бағалануға тиісті. Жалпы, Нағашыбектің «Жер ошақтың түтіні», «Өрік ерте гүлдеген жыл» атты хикаяттары қарапайым өмір тіршілігінің нəзік бір сырын шерте білген жаны бар жанды дүниелер. Бұл арада жаны бар дегенді əдейілеп айтып отырмыз. Сөз бен сөйлемге, айтар ой мен баяндар оқиғаға жан бітіре жазу əр қаламгердің талант қаламының ұшына іліне бермейтіні жəне де бар. (Жалғасы 6-бетте).
«Быть нашим Президентом Вам свыше суждено. И столько лет быть Лидером не каждому дано. Испытывает гордость за Казахстан народ, Дружнее и богаче стал казахстанский род!» Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап хатын Павлодар облысы əкімі аппаратының құжат айналымын қамтамасыз ету жəне бақылау бөлімінің жетекшісі Жанат Хамметов Г.Михноваға табыс етті. «Құрметті Галина Васильевна! Хатыңызда көрсеткен жылы лебізіңізге жəне менің қызметіме арнаған өлең жолдарыңыз үшін рахмет айтамын. Экібастұз қаласының жəне Сіз қазір жұмыс істеп отырған станцияның қалыптасуы менің қатысуыммен өтті. Бұл өндіріс алыптары - Қазақстанның мақтанышы. Өзіңізбен бірге жұмыс жасайтындарға сəлемімді жеткізіп, игі тілегімді қабыл алыңыз», деп жауап жазды Мемлекет басшысы. ҚазАқпарат
Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мəдени күндері
ТАБИҒАТҚА ТІЛ БІТІРГЕН АҚЫН
Қарт Каспий теңізінің жағасында дүниеге келген ақын, ұстаз Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан биыл мерейлі алпыс жасқа толды. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институтының филология факультетін бітірген ол еңбек жолын сол қаладағы Қазақ мемлекеттік Телерадио комитетінде режиссердың ассистенті қызметімен бастаған. Одан кейін Қарағанды облыстық Телерадиосында редактор-комментатор, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1990-1995 жылдар аралығында Алматы қаласында республикалық «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1997-2000 жылдары Алматыдағы республикалық «Қазақстан» баспасында редакторменеджер болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Телерадио жəне PR» кафедрасының доценті қызметінде. Филология ғылымдарының кандидаты, «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографияның, «Шерқала» (1998),«Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2005) атты өлең жинақтарының авторы. Стефан Цвейгтің, Зигмунд Фрейдтің еңбектерін қазақшаға аударған. Осы апта басында Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мəдени күндері өтті. Соның аясында «Шабыт» шығармашылық сарайында Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты əдебисазды-драмалық шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Мырзатай Жолдасбеков, Əбіш
Кекілбайұлы, Төлен Əбдік сынды ұлттық əдебиетіміздің абыздары қатысқан кеште ақын жөнінде жылы пікірлер айтылды. Оңайгүл Тұржанның өлеңдеріндегі ерекшеліктерге тоқталған Қазақстанның Еңбек ері Əбіш Кекілбайұлы: «Ақынның барлық жинақтарында бірінен бірі өрбіп, дамып отыратын тақырыптар бар. Монотема да бар, оның төңірегінде өрбитін политема да бар, сонымен бірге поэзиямызда жаңадан көрініп келе жатқан декаданстік сарын да бар. Оның өлеңдері адам сезімінің тазалығы үшін күресетін нағыз гуманистік поэзия, үлкен пафосқа толы азаматтық поэзия дер едім. Қазақ поэзиясын насихаттап, оны дұрыс талдай білетін адам болса, Оңайгүлдің шығармалары таптырмайтын туынды деп есептеймін. Оңайгүл əдебиет саласында үлкен болашағын жасаған ақындардың бірі. Енді бізге соны үлгеріп тану керек» деп, кеш иесінің мерейін асырды. Оның есептеуінше, ХХ ғасырда қазақ қыздар поэзиясын шарықтау көгіне жеткізген Фариза Оңғарсынованың жолын жалғастырушы ақындардың арасында осы Оңайгүл Тұржанның қолтаңбасы ай-
шықтанып көрінеді. Айтқандай-ақ, Фаризаның қолынан сусып кеткен қаламды ұстап қалған Оңайгүл бұл күндері ақын əпкесі шығарған «Тұмар» журналын басқарып, басылымның жабылмауына өлшеусіз үлесін қосып отыр. Оның өзі осы кештің қара тұтар əпкесінің көзі тірі кезінде жоспарлағанын айтып өтті. Алайда əпкесі ауыр науқасқа шалдығып жатқанда оны өткізуді ерсі көргендігін, соның сəті енді түскенін жеткізді. Сонымен, кештің негізгі бөлімі театрландырылған қойылым түрінде өтті. Табиғатқа тіл бітірген ақын оның кейіпкерлері – теңіз бен құмды, жусанды сөйлетті. Жай сөйлеген жоқ, халқымыздың басынан өткен ауыр күндер – Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заманы, өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін жөнінде баяндады. Тəуелсіздікті жырлады. Кешегі Сəкен Сейфуллин, Кəкімбек Салықов сынды ақындар өлеңге қосқан, бүгіндері өзекті болып отырған киіктер тақырыбын, Тұмар ханым бастаған амазонкалар ерлігін шолып өтті. (Жалғасы 3-бетте).
Сейітқазы МАТАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:
САН ЖЕТКІЛІКТІ, ЕНДІГІ КЕРЕГІ – САПА Журналистер қауымын, барша əріптестерімді 28 маусым – Баспасөз күнімен құттықтаймын. Кəсіптік мереке қарсаңында барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне шығармашылық табыс, баянды бақыт, зор денсаулық тілеймін. Бүгінде журналистер көтеріп отырған жүк жеңіл емес. Ауыр деуге болады. Қауіпті болатын жағдайлар да аз емес. Олар жаһанның жер-жерінде болып жатқан түрлі оқиғаларды оқырманкөрерменге əділ əрі шынайы жеткізіп, қалтқысыз сипаттау арқылы, билік пен халықтың арасында байланыс орнатады. Бұл ардақты, абыройлы міндетті орындау кез келгенге қол емес. Бұндай талаптың үдесінен шығу үшін талант пен табандылық қажет екенін жақсы түсінеміз. Қазіргі таңда осындай дара қасиетті бойына сіңірген журналистер жетерлік. Бұл мені қатты қуантады. Өз кезегінде олар саланың дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Біраз елді қыспаққа алған қаржылық дағдарыс еліміздегі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарына өз салқынын тигізіп жатқаны жасырын емес. Бірақ мұндай қиыншылықтар қағаз бен қаламды серік еткен əріптестердің шығармашылық ұшқынын өшірмесе екен деймін. Қолдан келсе, қоғамның зəру мəселелерін көтеретін журналистердің жұмыс орнының орнықты, əлеуметтік жағдайының жақсы болуына жағдай жасауымыз қажет деп білемін. Көп жерлерде маған «Бүгінгі журналистерге көңіліңіз тола ма?» деген сауал қояды. Жалпы қазіргі журналистердің беталысы, даму деңгейі жаман емес, жақсы. Бірақ кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында билікті шектен тыс мақтау немесе шектен тыс даттау, қолдан жасанды қаһармандар жасау жолында жарысу сияқты келеңсіз жайлар кездеседі. Бұл бағыттың ұнамайтынын ашық айтқым келеді. Сонымен қатар Қазақстан заңдарын, əсіресе соның ішінде өзіміздің күнделікті жұмысымызда жиі қолданатын бірқатар заңдарды жақсы білетін журналистер тапшы. Біле бермейді. Салдарынан сот орындарына сабылған журналистер саны артуда. Тағы бір еске сала кетер кемшілік – көрермендері миллиондап саналатын теледидарда жеңіл-желпі ойын-сауықтық бағдарламалардың көбейіп кеткені. Жалпы телевизияның мақсаты – көрерменге сенімді дерек көздерінен алынған ақпаратты жедел тарату, одан соң, меніңше, ағартушылық бағыттағы бағдарламаларды беру. Ал ойын-сауықтық сипаттағы түсірілімдер тым алға шықпауы керек. Бізде қазір керісінше. Көкжəшікті қоса қалсаңыз, сөзі көп, дерегі аз, берері тіпті болмашы бағдарламалар тым көбейіп кетті. Шоу-бизнес шектен тыс дəріптеледі. Екіүш əнімен танылып, «жұлдыз» атанған əнші-əртістердің өмірі, отбасылық жағдайларын жайып салуға құмарлық басым. Ол кімге керек?! Керек жерлері де жоқ емес, əрине. Бірақ сабан-топаны басым. Негізінен қалың көпшілікке ұсынуға тұрғысыз дүние дер едім мен. Олардың арқа-жарқа өмірін көрсеткенше, еліміздің кейбір жерлерінде ауызсуға мүлдем жарымай отырған жұрттың жағдайын неге көрсетпеске?! Жалпы өмірімізде мəдениеттің де, өндірістің де, əсіресе ауыл шаруашылығы саласының да проблемалары жетерлік. Ауылдық жерлердегі əлеуметтік мəселелердің шешілуі баяу. Ауызсу, жол, газ, жергілікті жердегі шағын жəне орта бизнестің түйінді мəселелері немесе жұртқа үлгі етіп көрсететіндей озат тəжірибелер аз ба?! Міне осындай маңызды мəселелерге биліктің назарын аударту қажет. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың талап-тілегін тиісті орындарға жеткізе білуі керек. Жеткізіп қана қою аз, мəселенің оң шешімін табуына атсалысқаны абзал. Реті келгенде əріптестерімді, барша Қазақстан журналистерін төл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, олардың халық сенімінен шығуына, халық құрметіне бөленуіне тілектестік білдіремін!
Шымкентті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Жылына бір рет келетін Байланыс жəне ақпарат қызметкерлерінің күні жылдағы дəстүр бойынша биыл да ерекше тойлануда. Жақында ғана Оңтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында спорттың кең тараған бірнеше түрі бойынша спартакиада өткізілді. Бұл тартысты жарыстарға «Əділет» ұлттық апталығының командасы да қатысып, жақсы нəтижелерге қол жеткізді. Жалпы, шыға бастағанына 5 жыл болған бұл ха-
лықтық басылым Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдап, əлеуметтік мəселелерді кеңінен толғап келеді. Енді міне, күні кеше Шымкент қалалық əкімшілігі журналистер мерекесіне орай арнайы дастархан жайып, биылғы мейрамның Рамазан айына тұспа-тұс келуіне байланысты ауызашар жасап, шығармашылық еңбегімен көзге түсіп дараланған бірқатар БАҚ өкілдеріне алғысхаттар, бағалы сыйлықтар,
түрлі марапаттар табыстады. Соның ішінде Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін бірнеше тұлғаға арнайы мемлекеттік төсбелгі тапсырылды. Оны тапсырған қала əкімінің орынбасары Қайрат Нұртай марапатталғандарды құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тіледі. Марапатталғандардың арасында біздің «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы Ботабек те бар.
Қытай Ұлы Жібек жолы бойымен теміржол салуды бастады