26 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

Туған күніңмен,

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ

АСТАНА!

web: http://adiletgazeti.kz/

E-mail: adilet.media@mail.ru №26 (229) = 3 шілде = Жұма = 2015 жыл НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / 國家周刊 / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

БАРЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында Астанадағы «Көрме» орталығында «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілердің көрмесін аралады. Еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам компания өз өнімдерін осы көрмеге қойып отыр. Жалпы, көрме жұмысының аясында аталмыш ұлттық агенттік отандық тауар өндірушілермен бірыңғай логотип түсіру жөнінде 20 меморандумға қол қойды.

Еліміздің əлеуеті арта түсу үшін индустрияландыру саясатын жүзеге асырудың маңызы өте зор. Бүгін «Нұрлы жол» жəне индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығындағы шараларды талқылауға арналған жиын барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Біз еліміздің индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына кірісейік деп отырмыз. Оны баршаңыз білесіздер. Жаңа бесжылдық аясында бірнеше индустриялық жобаларды іске қосып жатырмыз. Алдымызда атқарылатын істер Қазақстанның экономикасын одан əрі дамытуға үлесін қосатын болады. Еліміздің əлеуеті арта түсу үшін бұл саясатты жүзеге асырудың маңызы өте зор. Бүгінгі басқосу барысында осы бағыттағы міндеттердің орындалу бағдарламасын қандай өндірістерді іске қосатынымызды, олардың сапасы қандай болатынын, қанша тауар шығарып, импорттың орнына өзімізде жасалған тауарлардың мөлшері қандай болатынын талқылаймыз», - деді Мемлекет басшысы

жиынды бастай отырып. Алғашқы өңір ретінде Қарағанды облысы байланысқа шығып, Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның реконструкциядан өткен №3 домна пешін қосуға рұқсат берді. «Ертең бірінші алғашқы шойын қорытпасын алғанымызға 55 жыл толады. Бұл жұмысқа мен өзім де қатысқан едім. Бұл оңай жұмыс емес, сондықтан ардагерлердің жиналғаны өте жақсы болды», - деді Мемлекет басшысы. Ұлттық телекөпір барысында Өскемен титан-магний комбинатының жұмысы басталды.

«Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының аясында біздің комбинат Қазақстанда алғаш рет титан өндірісіндегі озық технологияларды пайдаланып отыр. Біз бұл бірегей жобаға 1 млрд теңге инвестиция салдық. Осы жұмыстың арқасында өндірісті басқару жұмыстарын автоматтандырып, өзіндік құнды азайтуға жəне сапаны арттыруға мүмкіндік туады», - деген комбинат басшысы аталмыш нысанды іске қосу үшін Мемлекет басшысынан рұқсат сұрады. Өз кезегінде, Елбасы титан өндірісі Қазақстанның индустриялық дамуында зор орын алатынын айта келе, комбинатты іске

қосуға рұқсат берді. Сондай-ақ Отандық комбайн өндірісін дамытатын «ҚазТехМаш», Қостанайда сүт зауыты, Жамбыл облысында күн электр станциясы, Атырау облысында полимер өндірісі мен газхимиялық кластері, іске қосылды. Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «АлматыҚапшағай» автожолы, «Шатпақ» асуындағы тонель, Павлодардағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір мен «Орал-ТасқалаСаратов» автожол учаскелеріндегі құрылыс ұжымдарының жұмысына бастау бере отырып, жолдың сапалы болуын талап етті. «Боржақты – Ерсай» темір жолымен алғашқы пойыз аттанды. Еліміздің аймақтарындағы он жаңа нысанды іске қосып болған соң, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылдығын қорытындылады. «Бүгін өздеріңіз көргендей, Қазақстанның əр өңірінде, əр түпкірінде жұмыс атқарылып жатыр. Бұрын-соңды болмаған үлкен өндірістерді салып жатырмыз. Мұның барлығы Қазақстанның болашағына қызмет етпек. Бүгін салынып жатқан өндіріс ертеңгі күні экономикамызға үлкен тауар əкеліп, Қазақстанның экспорттық күшін ұлғайтады, елімізді тауарлармен қамтамасыз етіп, халқымызға жұмыс орнын береді. Алғашқы бес жылдық ішінде 33 млрд. доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған болатын. Соның жартысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына жұмсалды. Осы уақыт аралығында жаңадан 770 мекеме іске қосылды. Олардың өнеркəсіптегі үлесі 17 пайыз болды», - деді Н.Назарбаев. BNews.kz материалдары негізінде дайындалды

Бiздің отбасымыздың көшiн Астанаға түзеген отағамыз Жора Тойлыбайұлы болатын. Жөкеңнiң 1998 жылы наурызда «Асыл түлік» мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi болып сайлануына байланысты, отағасының артынан балашағамызбен iздеп бардық. Мұндағы қым-қуыт тiршiлiк, Астананың тұсаукесерiне қызу дайындық үстiндегi қала тынысы бiздi бiрден баурап алды. Сондықтан да, осында қалып, қандай да болмасын жұмыс iстеуге бел будық.

Оразкүл АСАНҒАЗЫ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

ҚАЛАДАҒЫ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ МЕНІ ШАБЫТТАНДЫРДЫ Содан Қазақстанның бас қаласында өсіп-өніп жатырмыз. Осында Құдай берген бес-алты немерем дүниеге келді, яғни Астана – олардың туған жері. Елбасының Жарлығымен 1998 жылы 6 мамырда Астана қаласында екi аудан – Алматы жəне Сарыарқа аудандары құрылды. Сарыарқа ауданы əкiмiнiң орынбасары қызметіне тағайындалдым. Мұндағы бой көтере бастаған құрылыс нысандары, сол жағалаудың жаппай алып құрылыс алаңына айналуы – шаһардың нағыз ел астанасы болатынына кəмiл сенiм ұялататын. Сол сенiм толығымен ақталды. Кешегi қарт Қараөткел, байырғы Ақмоланың орнына жаңа заманның тың технологиялық жетiстiктерiмен жасанған ғаламат сəулеттi ғимараттар салынды. Сол жағалау ғана емес, қаланың барлық бөлiктерi басқаша реңге бөлене бастады. (Жалғасы 2-бетте).

Ахметжан КЕРІМБЕК, ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы:

Астаанқа р-ух асқ

«ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН – ҰЛЫ ЖАРАТУШЫНЫҢ ПЕНДЕЛЕРІНЕ ТАРТҚАН ТЕҢДЕССІЗ СЫЙЫ» Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айы басталып, мұсылман қауымы Алла ризашылығы үшін ауыз бекітті. Осы мүбəрак айда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Пірəліұлы Керімбек мырзаны əңгімеге тартып, рамазан айының ерекшеліктері жайлы ойын білген едік. – Ахметжан Пірəліұлы, айлардың ең берекелісі қасиетті Рамазан айында əңгімелесудің сəті түсіп отыр. Əр мұсылман қайырлы іске ұмтылатын айда Оңтүстік өңірінде қандай қайырымдылық іс-шаралары жасалады? – Барлық мақтау мен мадақ Əлемдердің Раббысы Алла тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткенімізге жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Құрметті мұсылман бауырлар! Баршамызды мүбəрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Бақ қайда барады? – дегенде, – «Ынтымағы мен берекесі жарасқан жерге барады» деген аталы сөз бар халқымызда. Ал, енді қасиетті ата дініміз Ислам атауының өзіндегі «сəлам» сөзінің өзі тыныштық, бейбітсүйгіш дін екенін түсіндіреді. Демек, Ислам дінін ұстанған халықтардың да мақсаты мен мұраты да – сол бейбіт ғұмыр болуы керек. Осы себепті де біз мақтанып айтсақ та жарасады. Сұңқардың қанаты талатын, тұлпардың тұяғы тозатын кең байтақ жерді мекен еткен халықпыз, сол жеріміз секілді пейіліміз де кең, дархан мінезді, жомарт жұртпыз. (Жалғасы 5-бетте).

АСТАНА

философиясы

Біз жаңа заман арифметикасының есептерін шығаруға кірісіп жатқанымызда, жаһандану бізге өз алгебрасымен келіп жетті. Енді қоғамымыздың алдында осы екеуін қалайда қатар алып жүру миссиясы тұр. Ақпарат заманының бір жаман жері – жұбатуды білмейді. Жұбатуды білмейтіндігінің бір жақсы жері – əркім өз бойынан қуат көзін іздей бастайды. Іздей бастаған алғашқы кезде ел ішіндегі үміт те жаңаша еді, үмітсіздік одан да жаңаша болды. Жаһанданудан үрейлендік жəне одан «қашуды» ойладық. Бірақ «үрейлену» мен «қа-

шу» - жеңілудің басы екендігі ежелгі заңдылық. Соны ұғынғандықтан да жаһандануды өзімізге тиімді етіп қалай пайдалануға болатындығын сызып беретін теоремалар жасақтай бастадық. Сол теоремамыздың бір көрінісі – əлі кеңестік қирандыдан тұра алмай жатсақ та, жаңа астана салуға кірісіп кеткеніміз. Кірісіп кеткенімізге бірін-бірі аңдып отырған əлемдік қоғамдастықтың таң қалғаны былай тұрсын, бұған сол Астананы салып жатып өзіміздің де таң қалғанымыз шындық. Біздің сол жанкештілігіміздің бүгінгі нəтижесі күллі əлемнің назарын əлі де өзінде ұстап отыр.

Жаһандану Батыстан келе жатыр дегенмен де, кез келген үдерістің бір жақты дами алмайтындығы түсінікті. Ол міндетті түрде екінші бір үдерісті оятады. Біреу соғысты бастаса, екінші жақ аман қалу үшін одан да зор күшпен қарсы ұмтылатыны сияқты, жаһандану өзінің аса мықты екінші қанатын оятты. Ол – Шығыстық жаһандану процесі. Бұл – Батыстың жетістіктерін пайдалана отырып, өзін жаңа жағдайға бейімдей дамыту процесі. Сол үдеріс басталды. Қазір Батыстық дамудың тасқынын Шығыстық дамудың цунамиі қарсы алуға дайындалуда. (Жалғасы 8-бетте).

Астана, арман едің сан ғасырлық, Айтатын сазды əн едің таңға сыр ғып. Бабалар көз жасымен зəктенгендей, Сарыарқа төсіндегі жап-жасыл түк. Саралап барлаған соң оң мен солды, Елбасым ел ертеңін оймен шолды. Күніне он ойланып, тоқсан толғап, Таңдаған тəуекел деп осынау жолды. Ақмола берді атын Астанаға, Ілкіде таңданды қарт, жас бала да. Бұл күнде Орта Азия өңірінде, Астана айналды анық Бас қалаға. Түбіміз Сақ пенен Ғұн, Оғыз мықтың, Далам тұр тұғырында тоғыздықтың. Астанам ел Ордалар шоғырында, Орын табар ішінен отыз жұрттың. Ғаламға мақтана алам Астанаммен, Əр таңға жар сала алам асқақ əнмен. Арамзаға алдырмас ақ беренсің, Айнымайтын антынан досқа берген. Ел көрем қабақтары жадыраған, Төл көрем алқаптағы жамыраған. Сел көрем саған жетіп құйылмаққа, Екпіні басылмастай арындаған. Көргенде қара көзді күлім қаққан, Кеудемде елшіл жүрек атойлатқан. Самалы Сарыарқаның сипай сылап, Өпкені маңдайымнан майдай жаққан. Сақтауға Сарыарқаны пейілі жаттан, Кезінде Кене, Сыздық ат ойнатқан. Арпалыспен ат үстінде айқас салған, Ата-баба арманы – шамың шаңқан. Сан ғасыр армандаған бабаларым, Байтақты сендей қайдан таба аламын?! Өзіңе мінəжаттай арналады, Сағынып Сарыарқадан салған əнім. Таңданып бекзат Батыс, Шығыс мықтың, Айналып аймағына ырыс-құттың Ғаламдық ғажайыптың арқауы сен, Мəңгілік мəйегіндей тыныштықтың! Алты Алаш арманынан жаратылған, Бас қалам басқалардан дара тұрған. Бақытты болашаққа бағыт берген, Санада сақталады сара тұлғаң. Астана – ел тілегі, ел жүрегі, Ақ тілектен, етжүрек елжіреді. Астана – аласармас асқақ рух, Сен дегенде сезімде сел жүреді! Қабылбек ТӨРЕТАЙҰЛЫ

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлт жоспарын іске асыруға кіріседі


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.