Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№27 (230) = 10 шілде = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
ҚР Президенті Уфада ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысуда Кеше Уфада Ресейдің төрағалығымен екі бірдей форум - Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС саммиттері жұмысын бастады. Форумдардың бағдарламасы бойынша шағын жəне кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланған. Мемлекет басшылары əлемдегі өзекті мəселелерді, соның ішінде Украина мен Грекиядағы ахуалды талқылайды, сондай-ақ күн тəртібінде ДАИШ террористік ұйымымен күрес проблемасы да бар. Бұдан бөлек, инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, халықаралық экономикалық ахуалды сауықтыру мəселелері қаралады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ШЫҰ саммитіне қатысуда, ал кеше БРИКС саммитіне шақырылған мəртебелі мейман ретінде қатысты. Сондай-ақ Елбасы Уфада бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Саммитте БРИКС-тің жаңа даму банкін құру мəселесіне ерекше назар аударылып отыр. «Біздің ойымызша, Жаңа даму банкі құрылып, БРИКС елдерінің валюталық резервтерінің пулы қалыптасқан соң əлемдік экономикада дағдарыс орын алған жағдайда ұлттық капитал нарығын тұрақтандыруға
мүмкіндік беретін ортақ тетіктер пайда болады. Сондай-ақ түрлі инвестициялық жобаларды бірлесіп несиелендіруге, жалпы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндіктер туады», - деді РФ Пре-
зидентінің көмекшісі Юрий Ушаков. Аталған шаралар 10 шілдеге дейін жалғасады. Кездесулердің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарланған. Атап
КӨРКЕМДІКТІҢ ШЫРАЙЫН АШҚАН ШЫНДЫҚ Қытай орталық телеарнасынан «Елбасы жолы» фильмі көрсетілді Елбасы өзінің 75 жылдық мүшелтойына үлкен абыроймен, беделмен жетті. Шынын айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев туралы көркем шығарма немесе мақала жазу мүмкіндігі қазақ қаламгерлеріне онша бұйырмай тұр. Соңғы жылдары Нұрекең жайында алыс шетелдердің қоғам қайраткерлері, қабырғалы жазушылары мен танымал журналистері жарыса қалам тербеп, бірінен бірі асыра кітап шығарып жүр. Əсіресе ресейліктер бұл орайда көп іс тындырды. Күні кеше Татарстан астанасы Қазандағы бір орталық көшеге Назарбаев есімі берілсе, В.Путиннің өзі телефон арқылы арнайы құттықтап, Уфадағы кездесу кезінде Александр Невский орденін тапсыратынын мəлім етті. Қырғыз Республикасының президенті А.Атамбаев «Манас» орденін Астанаға өзі əкеліп табыстады. Қысқасы, сонау алпауыт Америкадан бастап онсан мемлекет басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады. Біз «Тығырықтан жол тапқан» фильмін тамашалап, марқая түстік.
«Менің балалық шағымның аспанынан» басталған «Елбасы жолы» киноэпопеясы тағы бір фильммен толықты. Ол «Тығырықтан жол тапқан» фильмі. Оны жақында тағы да қайталап көрдік. Картина Елбасының Теміртаудағы металлургия комбинатының партком хатшысы қызметінен қалалық партия комитетіне ауысқаны, бірақ арада көп өтпей комбинатқа қайта оралуы кезіндегі оқиғаларды қамтиды. Бəрі де тарихи оқиғалар. Теміртау қаласы да, комбинат та, сол жерде қалыптасып, қызмет сатысымен өрлеп келе жатқан жас маманның өмір жолы да көпшілікке таныс. Алыс тарих емес. Кешегі күн. Көркемдеуге көне бермейді. Басты кейіпкерлерінің біразы арамызда жүр. Қала да, комбинат та орнында тұр... «Бұдан қалай көркем дүние шығаруға болады» деп те ойлайсың. Оның үстіне фильмнің басында, ара арасында экранға бүгінгі Елбасының өзі шығып, шығарманың шындығын қоюлата түседі. (Жалғасы 3-бетте).
Бекет ТҰРҒАРАҰЛЫ, ҚР еңбек сіңірген заңгері, құрметті судья, заң ғылымдарының докторы, профессор
айтқанда, БРИКС саммитінің қатысушылары Уфа декларациясы мен іс-қимыл жоспарын қабылдайды. ШЫҰ саммитінің негізгі тақырыптарының бірі – ұйымға жаңа мүшелердің қосылуы, соның ішінде Үндістан мен Пəкістан, кейін Иранның ШЫҰ-ға мүше атану мүмкіндігі қаралады. Саммиттерге қатысу үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары шақырылған. ШЫҰ саммитінің қатысушылары 14 шешім қабылдайды, соның ішінде ұйымға Үндістан мен Пəкістанның қосылу үдерісін бастау туралы шешім де бар. Басты құжаттар – Уфа декларациясы, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ даму Стратегиясын бекіту туралы шешім, Үндістан мен Пəкістанды қабылдау процедурасын бастау туралы екі шешім. Айта кету керек, Башқұрт елінің астанасына ауқымды шарадан хабар тарату үшін əлемнің түкпір-түкпірінен 1 мыңнан астам БАҚ өкілі қатысуда. БРИКС мүшелері - Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, РФ, ҚХР, Қырғыз Республикасы, Тəжікстан жəне Өзбекстан мүше. Сонымен қатар Үндістан, Пəкістан, Иран, Моңғолия жəне Ауғанстан бақылаушы мəртебесіне ие. Биылғы жылы Ресей Федерациясы екі ұйымға да төрағалық етуде. Inform.kz
Бұндай жиындар еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылған болатын. Алдағы қыркүйек айында, Астанада ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мəмидің қатысуымен сол аймақтық жиындарды қорытындылайтын басқосу жоспарланып отыр. Бүгін біз ҚР еңбек сіңірген заңгері Бекет Тұрғараұлының Түркістанда өткен жиында «Билер институтының тарихи маңызы» тақырыбында жасаған баяндамасының ықшамдалған нұсқас ы н о қ ы рма н д а р н а за р ы н а ұсынғанды жөн көрдік. Ұлы ойшылдар өмірден көріп, көңілге түйіп айтқандарындай: «Тарихсыз халық – тамырсыз ағаш тəрізді». Ол онсыз тереңнен нəр алып, еңсесін көтеріп, жапырақ жайып, жайқалып өсе алмайды. Əр халықтың тарихы – оның өмірбаяны, жүріп өткен жолы. Ал, тарихқа үңіліп, одан тағылым мен сабақ алу бүгін мен болашақ үшін керек. Ежелгі шумерлер, сақтар мен ғұндар заманын, бергі Алтын Орда хандығын айтпағанның өзінде, Шу мен Талас бойында Қазақ хандығы
БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ елінің құқықтық жүйесі және билер сотының төрелігі хақында Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көптеген маңызды іс-шаралар өткізіліп келеді. Үстіміздегі жылдың мамыр айында рухани астанамыз болып саналатын көне Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұйымдастыруымен «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі – Қазақ мемлекеттілігінің феномені» деген тақырыпта халықаралық ғылыми конференция өткізілген еді. Оның жұмысына Астанадан, Алматыдан, Шымкенттен белгілі ғалымдар, сондай-ақ сот саласының ардагерлері, көршілес жатқан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстық соттарының басшылары қатысты.
ірге қалап, ту тіккеннен бері қарайғы бес жарым ғасырлық тарихта қазақ елі қаншама даму мен өсу-өркендеу белестерін, қанды шайқастар мен кескілескен күрестерді, қайғы мен қасіретті, қуаныш пен жеңісті бастан кешірді. Тəуелсіз де егеменді ел болуымыздың ширек ғасырға жуық даму жолын басып өткен тұста Қазақ хандығының 550 жылдығын арнайы атап өту баба тарих пен ата тарихқа тағы бір үңіліп, бар мен жоғымызды түгендеп, кем-кетігімізді толтырып, əр саладағы көнеден қалған баға жетпес мұраларымызды қаттап, ортақ игілікке айналдыруға жол ашып, мүмкіндік беріп отыр. (Жалғасы 2-бетте).
Жыл соңына дейiн ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысуға тағы 30 ел келiсiмiн береді деп күтілуде Берлиндегі Қазақстан елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапатталған Германияның қоныс аударушылар жөніндегі ұйымдар Одағының Алтын белгісі мен Құрмет грамотасын табыс ету рəсімі өтті.
Германияның Алтын белгісімен марапатталды Миллиондаған неміс ұлтты бұрынғы Қазақстан азаматтарының атынан Бундестаг депутаты Генрих Цертик, Германияның қоныс аударушылар ұйымдары одағының төрағасы Вальдемар Айзенбраун, Қазақстан немістері қоғамының төрағасы Анатолий Граф «Қазақстанның миллионға жуық неміс ұлтты бұрынғы азаматтары туып-өсіп, білім алған елі – Қазақстанмен отбасылық, іскерлік жəне мəдени байланыстарды үзбей, оны мақтан тұтады», – деп атап өтті. Олар қиын-қыстау заманда қазақ халқының неміс халқын құшақ жайып қабылдағанын ешқашан ұмытпайтынын айтты. Қазақстанда қазіргі уақытта неміс диаспорасының əлеуметтікэкономикалық дамуы жəне мəдени ерекшелігі қамтамасыз етілген, неміс тілі белсенді дамып келеді, неміс театры, газет, радио жəне ТМД-ғы бірінші болып ашылған Алматы қаласында ҚазақНеміс университеті жұмыс істейді. «Осының барлығы тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сындарлы саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Германияда неміс халқының Қазақстанда қолдау тапқаны мен дамуы Нұрсұлтан Əбішұлының зор үлесі деп түсініп, жоғары бағалайды», – дейді олар. Бұрынғы отандастарымыздан Алтын белгі мен Құрмет грамотасын қабылдай отырып, Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Мемлекет басшысының ерекше еңбегінің бағаланғаны үшін алғыс білдірді. Ол мемлекеттік ұлтаралық саясаттың жетістігі биыл 20-жылдық мерекесін атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысымен қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы өңдеп, жүзеге асырған Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін əлемнің барлық жетекші елдері қолдап отыр. Неміс саясаткерлері «Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың кепілі» жəне болашақта Қазақстан осы рөлді əрі қарай атқарады деп сан рет атап өтті. Сондай-ақ қазақстандық дипломат Германияның қоныс аударушылар ұйымдары одағы Қазақстанмен ұзақ жылдар бойы жемісті қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтіп, екі ел арасын қосатын «жанды көпір» саналатын ҚР неміс ұлтты азаматтарын қолдау жөніндегі екіжақты ынтымақтастық ҚР мен ГФР арасындағы мəденигуманитарлық жəне сауда-экономикалық салалардағы қатынастарын жалғастырады деген сенім білдірді. bnews.kz
Ақынды Ақжайықша ардақтау 4Қадыр Мырза Əлінің мүсіні жанында. Суретті түсірген Рафхат Халелов
Шыңғыс МҰҚАН, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қазақ мəдениетінің тарихы əдебиетті мұншалықты қадірлеуді бұрын-соңды көрмеген болар, сірə. Халық жазушысы Қадыр Мырза Əліге Оралда екі күнде екі ескерткіш, бір орталық ашылды. Жалпы ақын-жазушыларын құрметтеу қазақта ертеден келе жатқан, қалыптасқан дəстүр. Қазақ поэзиясының классигі Абай Құнанбаевқа орнатылған ескерткіштер, оның есімімен аталған мектептер, көшелер, кітапханалар қаншама! Тіпті Абай атты қала да бар. Туған жерінде ақын музейі жұмыс істейді. Сол сияқты халық Мұхтар Əуезовтен тартып ондаған қаламгерлерге лайықты сый-құрмет көрсетіп отыр. Олардың есімдері мəңгілік сақталады. Шығармалары жүйелі түрде басылып тұрады. Міне, осындай ел, оқырман құрметі дүниеден өткеніне көп болмаған Қадыр Мырза Əліге де көрсетіле бастады. Көрсетілгенде бұрынғылардан басқаша. Жаңаша. Жаңа заманның лебі есіп тұр. Саралап көрсек, қаламгерге Орал қаласында ашылған орталықтай дүние Қазақстанда тұңғыш рет ашылып отыр екен. Маусымның соңғы демалысында руxанияттың раxатына бөлендік. Поэзия пырағы Қадыр Мырза Əлі арқылы қазақ əдебиетінің қалай қадірленгеніне куə болдық.
Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Əбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, сенатор Нұрлан ОРАЗАЛИН, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері Өмірбек БƏЙГЕЛДІ мен Парламент депутаты Қуаныш СҰЛТАНОВ жəне айтулы ақын-жазушылар бас қосқан Ақынның 80 жылдығына Атыраудан Илья ЖАҺАНОВ жəне Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ ағаларыммен бірге қатысып, көрген істі қаламға жегіп, түйген ойды ортаға салып отырмын. Қадыр ақын Мырза Əлінің туған жері Сырым ауданының орталығы Жымпитыдан бой көтерген ескерткішті ашу құрметіне ие болғанымды да айта кетейін. Осыдан төрт жыл бұрын Қадыр ағамыз ақтық сапарға аттанғанда қаралы делегацияны ордалы Оралдан аяулы Алматыға сол кезде Батыс Қазақстан облысының басшысы болған Бақтықожа САЛАXАТДИНҰЛЫ бастап барған еді. Сол тұста ортаға «Мырза Əлі үйін» ашу жөнінде ой тасталған-ды. Атыраудан барған делегация Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан НОҒАЕВқа халықтан шыққан орамды ойды іргелі іске айналдырғаны үшін Атырау облысының əкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ атынан алғыс айтты. Нұрлан АСҚАРҰЛЫ бастаған оралдықтар əдебиетке көрсетілер құрметтің градусын көтеріп тастады. Бұл күндері ауа райы да Ақынның еліне деген ыстық маxаббатындай қызу құшып, 40 градустық ыстық ықыласпен тіл қатып тұрды. (Жалғасы 7-бетте).
13 шілдеден бастап Қазақстанда жаңартылған жол жүру ережесі жұмыс істейді