28 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

web: www.adiletgazeti.kz

№28 (231) = 17 шілде = Жұма = 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

МЕН ҮШІН КӨПТІҢ ШЫНАЙЫ ЫҚЫЛАСЫНАН АРТЫҚ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ

Қадірлі қауым! Соңғы уақытта менің атыма Астана күніне жəне мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері жəне ел азаматтары бар. Жылы лебізді тілектер əлемнің түкпіртүкпірінен жəне еліміздің барлық өңірінен келді. Əсіресе, мені толқытқаны – жасөспірім мектеп оқушылары өз өлеңдерін, суреттерін, құттықтауларын жолдап жатты. Бұл адамның жүрегін тебірентеді. Биыл 17 жасқа толған Елорда – ел тағ-

дырымен еншілес менің өмірімнің мəнді бөлшегі. Астана күнімен қабат келген мерейтойыма арналған ең қымбат сыйлық – Қазақстанның жеткен жетістіктері. Өмірін мемлекеттің мерейлі, халқымның бақытты болуына арнаған мен үшін көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ. Осындай қолдау, əрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді. Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін! Əрқайсыңызға жеке-жеке ризашылы-

ОРАЗА АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН, БАУЫРЛАР!

ғымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан менің осы айтқан сөздерімді əрқайсыңызға айтқан ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер.

Өз тарапымнан баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Akorda.kz

Астанада Елбасы туралы кiтаптың тұсаукесерi өтті Кеше Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi – Ұлт Көшбасшысының кiтапханасында профессорлар Бүркiтбай Аяған мен Əлима Ауанасованың «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кiтабының тұсаукесерi өттi. Оқырман қауымға ұсынылған кiтапта тұңғыш рет Қазақстанның болашақ Президентiнiң қалыптасу жолының, оның əлемдiк қауымдастық мойындаған саяси қызметiнен көп мағлұмат беретiн еңбек жолының кезеңдерi сипатталған.

Алдағы 3 жылда әлемдегi дағдарыс Қазақстан экономикасында кезектi «шок» тудырмайды

«Аталмыш кiтаптың жаңалығы – бiз Елбасының бала күндерiнен, оның Темiртаудағы жұмыс жылдарынан бастадық. Бiздiң Президентiмiз КСРО секiлдi алпауыт империя құлаған кезде тəуелсiз мемлекетіміздің негiзiн қалаушы ретiнде əлемге танымал болды. Кiтап екi тарауға бөлiнген. Əр тарау бiрнеше параграфтан тұрады. Бiзге дейiн де Елбасы жайында көп адамдар жазды. Ал бүгiнгi кiтапты нағыз тарихшылар жазып шығарды. Кiтапты жазып шығуға нақты үш жыл кеттi деп айта аламын. Алайда, оның аясындағы жұмыстар сонау тоқсаныншы жылдардың ортасынан

басталған едi. Кiтапты жазу кезiнде бiз Мемлекет басшысының адамгершiлiк қасиеттерiне көп назар аударғанымызды баса айтқым келедi. Негiзi, Мемлекет басындағы адам жайында жазу оңай шаруа емес. Себебi, мұндағы барлық ақпарат дəл əрi нақты болуы керек», - дедi кiтап авторларының бiрi Б.Аяған. Ол туынды əзiрге шағын таралымда жарық көргенiн айтып, егер, қоғам кiтапты ұнатып жатса, оған деген сұраныс туындап жатса, тираж саны ұлғайтылатынын мəлiмдедi.

Құрметті бауырлар! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбəрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай, дархан мінезді мұсылман халқымыз Ораза айтты ерекше атап өткен. Биыл еліміздің мұсылмандары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма «Алла разы болсын» айтамын. «Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы Иеміз əрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірімшапағатын төгеді. Ораза айт бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла баршамызды мол сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосуын тілеймін. Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудан алдын құрмадан дəм тату пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сəлемі болсын) сүннет амалы. Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылы шырай танытып, тілеулестік білдіру де игі амал. Қадірлі ағайын! Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бірбірімізді кешіріп, өзара татулығымызды нығайтып, əуелі Алланың, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөленуге шақырамын. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, Елбасы бастаған егемен еліміздің болашағы баянды болғай! Ораза айт құтты болсын! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

БІР КІРПІШ ТЕ ОҢАЙЛЫҚПЕН ҚАЛАНБАЙДЫ

ЖАЌСЫНЫЅ ШАРАПАТЫ немесе Елбасы идеясын іске асырған атымтай жомарт жан Əр дəуір, əр заманның өзіне лайық дара туған тұлғалары болады. Халқына қызмет көрсету ісіне жанын салатын, ел мерейін өсірген ондай азаматтар ұлтымызда баршылық. Жақсы адамдар қашанда ардақты болмақ. Олардың ізгі-ниеттері, жылы ықыластары өз жанұясына ғана емес, айналасындағы жұртшылыққа да шарапатын тигізеді. Мұндай адамдарға қалай құрмет көрсетсең де жарасады. Осындай асыл жандардың бірі – Серікжан Сейітжанов. Ендеше еліміздің өркендеуіне бір кісідей қызмет етіп келе жатқан білікті маман, іскер азамат жайында қалың оқырманға əңгімелегенді жөн көрдік. Елі үшін туған, бүгінде алдияр жастан асқан Серікжан Сейітжанов та кемелді ісімен көпшілік құрметіне бөленген, халқымыздың өз заманына лайық туған азаматы. Өткен ғасырдың ортан белінде өмір есігін ашқан ұрпақтар ішінен бүгінде ол еселі еңбегімен ел мақтанышына айналған. (Жалғасы 4-бетте).

БЕКАРЫСҚА БІЛІМ САЛАСЫ ДА ТАҢСЫҚ ЕМЕС Өткен аптада елімізге белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Əдетте тəңір берген дарынымен ел алғысына бөленіп жүрген шығармашылық адамына жауапкершілік жүгі ауыр мұндай қызметтің көп жерлерде сеніп тапсырыла бермейтіні белгілі. Сондықтан да айтыс ақыны ретінде бүкіл Қазақстан мойындаған Бекарыстың лауазым иесі болғанына біз шын қуандық. Тартысты айтыстарда Түркістанның мерейін арттырып, талай рет топ жарған арқалы ақын Бекарыс Шойбековтың өмірі жайында оқырмандарға аз-кем ақпар беріп өтелік. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының тумасы. Жастайынан əдебиетке елікті. Қазақ ақын-жазушыларының таңдаулы жауһарларын оқып, қазақ əдебиетінің тамаша туындыларымен сусындап өсті. Сондықтан да 1997 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Оны бітірген соң, аталған оқу орнының магистратурасын, кейіннен аспирантурасын тəмəмдады. Бекарыс бала жасынан бастап аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып, жұртшылыққа өне бойындағы өміршең өнерін көрсете білді. (Жалғасы 4-бетте).

Тəуелсіздік алып, ұлттық экономиканы даңғыл жолға салған соң Қазақстан алып құрылыс алаңына айналды. Бұны айтқанда жаңа салынған Астананы айналып өте алмайтынымыз анық. Сол сияқты бүгінде көптеген қалаларда, облыс жəне аудан орталықтарында бұрын түсімізге кірмеген құрылыс нысандары бой көтеріп жатыр. Көне Шымкент қаласы да жасарып, ерекше қарқынмен дамып келеді. Əсіресе Елбасы Шымкент Қазақстандағы дамыған төрт қаланың бірі болуы керектігі туралы пікірінен соң тіпті қанатын кеңге жайды. Айналасындағы ондаған елді мекендер қала аумағына еніп, тұрғындар саны арта түсті. Əсіресе жаңа əкімшілік орталығын салу қолға алынғаннан кейін кешегі көзіміз үйренген жатаған үйлері, тар көшелері көп Шымқаланы мүлде танымауға айналдық. Құрылыстың қарқынды жүріп жатқаны соншалық, күні кеше ғана ештеңе жоқ жерге қайта айналып келгенде жаңа ғимарат бой көтеріп тұрады. Ал жаңа əкімшілік орталық болса, мəдениет ошақтары мен салтанат сарайларының, сондай-ақ тұрғын үйлердің жарыса тез əрі сапалы салы-

нуына игі ықпал етті. Айтуға ғана осылай. Əйтпесе бір үй түгілі, бір кірпіштің өзі оңайлықпен қаланбайды. Ол қаншама ұйымдар мен адамдардың қажырлы еңбегі арқасында ғана іске асады. (Жалғасы 5-бетте).

Əлемді тек қазақ əнімен таңғалдыруға болады Шетелдік байқауларға баратын қазақстандық əншілер ағылшын немесе басқа тілдегі əндерді емес, қазақ тіліндегі əндерді орындауы керек. Себебі, қазір əлемді ағылшын тіліндегі əнмен таңғалдыра алмайсың. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан қазақстандық жас орындаушы Димаш Құдайберген осындай ой айтты. «Шынымды айтсам, көрермендер қазақта осындай əдемі əн бар екеніне таңғалды ғой деймін. Себебі, домбыра үні шыққан сəттен-ақ оларды əн баурап алады. Көптеген шетелдік қатысушылар домбыраны танымаса да, əуені əдемі əн екенін бірден ұғынды. Сондықтан, қазақстандық орындаушылар бұдан да үлкен сахнаны бағындыра алады жəне ол сахналарды қазақ əнімен бағындыруға болады»,-деді Д.Құдайберген. «Елімізде вокал мектебі өте мықты, педагогтарымыздың деңгейі өте жоғары. Егер дайындалсақ, барлы-

ғына қол жеткізуге болады. MTV Music Awards сынды сахналарды бағындыруға өнеріміз де, талантымыз да, шеберлігіміз де жетеді. Тек қазақша əн шырқау керек. Себебі, қазір ағылшын тіліндегі əнмен ешкімді де таңғалдыра алмайсың. Ия, əрине,

əлем Бейонсе, Мэрайя Кэри сияқты жезтаңдай, кəсіби деңгейі жоғары əншілердің барын біледі. Бірақ, біз тек қазақ əнімен, қазақ колоритімен барша əлемді мойындата аламыз. Менің ойым осы», - деп атап өтті əнші.

16-22 шiлдеде Астанада Дүниежүзілік дəстүрлі музыка конференциясы өтеді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
28 2015 by MuraS - Issuu