Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№29 (232) = 24 шілде = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ сейлік ресурстарды арзан бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай жағдай бізбен де болып жатқан жоқ па? Қытай экономикасы қаншалықты экспансивті? Батыс экономикалары сияқты үйлесімді дамымай, ол қаншалықты табысты? - Қытай – халқы мен əлеуеті өте көп ел. Халықаралық қаржы институттарының бағаларына сəйкес, қытай экономикасы дамып жатқандарға жатады. Əрине, қазір Аспан асты елінің бірқатар қиындықтары бар, бірақ үкімет оны шешіп жатыр. Қазір қытай экономикасы «Жаңа норма» деген атқа ие болған дамудың жаңа үлгісіне көшіп жатыр. Ол тек экспортты арттыруға ғана емес, ішкі сұранысты дамытуға да бағдарланған. Қытай – өте кеудемсоқ ел. Атап айтсақ, олар өз алдына 2020 жылға дейін дамыған елдер қатарына кіру міндетін қойып отыр, алайда олардың бір адамға шаққандағы ЖІӨ бізден төмен. Олардың экономикасы өте серпінді дамып жатыр. Əрине, ешбір қиындықтардың болмауы мүмкін емес.
Ираннан санкцияларды алып тастау, Грекиядағы қаржы дағдарысы, Қытай қор нарықтарының құлдырауы – бүгінгі таңда экономисттерді ғана емес, қатардағы қазақстандықтарды да толғандырып отырған басты жаңалықтар. Бұл түсінікті жағдай – Еуропа жəне Азия елдері Қазақстанның стратегиялық сауда серіктестері болып табылады, олар біздің шикізатты сатып алып, есесіне жабдықты жеткізіп, біздің өндіріске қаржы салады. Қытайдың экономикалық жағдайы Қазақстанға қандай қауіп төндіреді, грек дағдарысынан қандай сабақ шығаруға болады жəне ирандық «қара алтын» қайта оралғаннан кейін мұнай нарықтарына не болатыны туралы экономика ғылымдарының докторы, Экономикалық зерттеулер институты ғылыми кеңесінің мүшесі, Макроэкономикалық жəне қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеулер орталығының директоры Сара Алпысбаева айтып берді. - Сара Нұрбекқызы! Əлемде экономкиалық турбуленттілік жалғасып жатқаны
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БОЛЫП ҚАЛЫП ОТЫР
белгілі, Еуропа мен Азияның əр жерлерінде бұрынғы шешілмеген мəселелер қырларын көрсетіп жатыр. Əлемдік экономикалық қоғамдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан бұл үдерістен тыс қала алмайды, сондықтан тəуекелдерді жəне біздің еліміздің алдынан ашылатын мүмкіндіктерді дұрыс бағалау қажет. 2007 жылғы дағдарыс секілді қазіргі дағдарыс та біздің мұнай мен газға тəуелді ел болып қалып отырғанымызды көрсетті. Осы тəуелділдіктен қандай қарқынмен арылып жатырмыз? Инновациялық даму траекториясына көшу мүмкін бе? - Инновациялылық дəрежесі жайлы айтатық болсақ, əлемде тап осы инновацияларды құру арқылы дамып жатқан 10 мемлекет қатарына кіре алған елдер өте аз. Бұл, ең алдымен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, қазір оларға Қытай да жайлап қосылып
жатыр. Олар басында технологияларды көшірумен айналысса, одан кейін – өндірісті жетілдіре түсті. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің белгілі бір түрі қажет екені түсінікті. Аталған едердің ресурстары көп емес, бірақ шоғырлануы жоғары халқы көп. Азия халықтары еңбекті көп қажетсінетін өндірістерді бірден алып кетті. Алғышарттардың ішінде ерекше ұлттық белгілер де бар. Бұл аталмыш «күріш мəдениеті», ол адамдар өте мұқият, ұзақ, табанды жұмыс істейтінін білдіреді. Басқа да факторлар бар. Мысалы, қолайлы жағдайлар туғызатын үкіметтердің ұмтылысы. Қазақстанға келетін болсақ, бізде ресурстық экономика, яғни шаруашылық жүргізудің мүлдем басқа түрі – салыстырмалы түрде аз халық тұратын үлкен аумақ. Осы жағынан біз Канадаға жəне Австралияға жақынбыз. Біздің бəсекелестік артықшылығымыз, əрине,
бай табиғи ресурстар. Біз иннвоация өндіретін елдердің ондығына кіре аламыз ба? Бұл əлі шындыққа жанаспайтын сияқтв. Бізге инновацияларды ескіргенше өз бəсекеге қабілеттігімізді дамыту үшін пайдалануды үйрену керек. Сол инновацияларды сіңіріп, қарқынды алға қозғалу үшін. Бұл маңызды, бірақ көптеген шарттар қажет, ең алдымен – адами капиталдың дамуы. Осы ретте Қазақстанның жасайтыны əлі алда. Халықтың көп бөлігі ауылда тұрады, адамдар аса мобильді емес. Ел басшылығының саясаты осы мəселелерді шешуге бағытталған. Айта кетсек, «Нұрлы жол» бағдарламасында халықтың жəне жалпы экономиканың мобильділігін арттыруға үлкен назар бөлінген. - Көбісі Ресей санкциялар жағдайында өзіне Қытай тұлғасында серіктес іздеп отыр дегенді айтады. Ал ол кезегінде ре-
Қытай жеткілікті дəрежеде демократияшыл емес дегенде, осындай ауқымды ел үшін шаруашылық жүргізудің ерекше түрі қажет екенін айтуға болады, ал ол басқарушылықты білдіреді. Жəне бұл кемшіліктен гөрі, артықшылық. Оларда бақылануы тиіс нарық тетіктерінің үйлесімділігі өте икемді. Бірінші мысал – Қытай қор нарығындағы дағдарысты құбылыстар, ол кезде құнды қағаздар нарығы бір күнде құрдымға кетті, себебі ол шамадан тыс ырықтандырылды. Білімі жоқ көптеген адамдар нарықта ойнады, бұл рулеткаға айналып кетті. Шексіз еркіндікке, əрине, жол бермеу керек. Қиындықтар көп, бірақ олар үлкен экономикалық əлеует пен шетелге инвестициялар түрінде жіберілетін қомақты қорларды жоққа шығармайды. Қытай құрдымға кетпейді. Бұл шеберлікпен басқарылып, дамып жатқан ел. (Жалғасы 2-бетте).
«ҰЛЫ КӨШТЕН» - «МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ»
Сурет өнері арқылы Қазақ тарихында жасаған ұлы тұлғалар бейнесін жаңғыртқан адамдардың бірі - спортшы, суретші, сегіз қырлы бір сырлы азамат, марқұм Бексейіт Түлкиев екенін білеміз. Оның «Ұлы көш» картинасы осы тақырыптағы ерекше туынды екенін көпшілік мойындайды. Бұл картинада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жəне басқа да тарихи тұлғалар бейнеленген. Сəйгүліктерді тізгендеген сурет кейіпкерлері сонау ғасырлардан шығып, осы ғасырды аттап, болашаққа қарай қадам бастағандай əсер береді...
Осы сəрсенбіде ҚР Ұлттық музейінде «Мəңгілік ел» триптихының таныстырылымын тамашалағанымызда есімізге еріксіз жоғарыда аты аталған картина түсті. Біртұтас композицияны құрайтын үш суреттің біріншісінде Қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жəнібек хандардың үзеңгі қосқан сəті, екіншісінде Тəуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын қабылдаудағы көрініс жəне үшіншісінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кескінделген. Таныстырылымға ҚР Премьер-ми-
нистрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. «Бұл жыл – Қазақстан үшін ерекше жыл. Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Осы айтулы датаға байланысты жыл соңына дейін
еліміздің түкпір-түкпірінде 200-ден астам іс-шара өтеді» деген ол Қазақ хандығы мерекесі Астанада 11 қыркүйекте тойланатынын, ал 9 қазанда Тараз қаласында жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ Бер-
дібек Сапарбаев мемлекеттілігіміздің негіздеріне, Елбасының тəуелсіз еліміздің дамуына сіңіріп келе жатқан еңбегіне тоқталды. (Жалғасы 2-бетте).
Курсанттар АҚШ-тың Вест-Пойнт əскери академиясына аттанды Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Құрлық əскерлері Əскери институтының тоғыз курсанты АҚШ Құрлық əскерлерінің Вест-Пойнт əскери академиясына олардың күнделікті тыныс-тіршілігі, оқыту бағдарламасы, дене жəне жауынгерлік даярлығымен етене танысу үшін аттанды. Мұндай сапарлар қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығы шеңберінде жыл сайын ұйымдастырылады жəне екіжақты сипатқа ие. Осы жылдың маусымында Вест-Пойнттың тоғыз курсанты біздің Құрлық əскер-
лерінің Əскери институтында болып қайтты. Болашақ офицерлер үшін мұндай сапарлар үлкен тəжірибе болып саналады. Олар өзге елдерден келген қатарлас құрдастарымен танысады, болашақ əріптестерімен достық байланыс орнатады, əлемдік тəжірибені, əскери мамандарды оқыту жəне даярлаудың халықаралық бағдарламаларын зерделейді. Таяу жəне алыс шетелдің əскери жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасау əскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруде, Қазақстан Қарулы
күштерін құру мен сапалы дамытуда ерекше рөл атқарады. Бүгінде өздерінің өмірін əскери мансап жəне əскерде қызмет етумен байланыстыратын офицерлеріміз бен курсанттарымыз қазақстандық жоғары оқу орындарымен қатар Ресей, Беларусь, Украина, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай жəне Ұлыбританияның əскери оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда 400-ден астам қазақстандық əскери қызметші шетелде білім алуда. ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО мерейтойларының тізіміне енді
Қазақстан ТОП-50 экспорттаушы елдердің қатарына кірді
Қазақстан ТОП-50 экспорттаушы елдердің қатарына еніп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында ҚР Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев мəлім етті. «Бүгінгі таңда біз 850 экспорттық тауарды сыртқа сатудамыз. Олардың 160-ы бойынша Қазақстан ТОП-50 экспорттаушы елдердің қатарына кіріп отыр. Жалпы Қазақстан ТОП-50 экспорттаушы елдердің қатарына кірді жəне 49-орында тұр. Экспортымыздың географиясына келетін болсақ, ол шамамен 260 млн. халықты қамтып отыр. Негізінен ол РФ, Орталық Азия елдері, Иран, Қытай жəне басқалары», - деп атап өтті министр. Оның сөзіне қарағанда, əлемде Қазақстан сары фосфор мен уран экспорты бойынша бірінші орында тұр. Сары фосфор бойынша əлемдік экспортының 40 пайыз үлесі Қазақстанға тиесілі, ал уран бойынша - 46 пайыз. Қазақстан титан экспорты бойынша əлемде үздік үштікке енеді. Ал ұн тасымалы бойынша 2-орында келеді. Айта кетейік, Елбасы өзінің «100 қадам» Ұлт жоспары реформаларында экспорттық жəне импорттық кеден рəсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізуді, электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу), экспорт жəне импорт үшін құжаттар санын жəне оларды өңдеу уақытын қысқарту бойынша жұмыстарды тапсырған болатын. Жасұлан ЖОЛДЫБАЕВ
ЖАРТЫ ЖЫЛДА 95 млрд. 672 млн. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзінің жарты жылдық жұмысын қорытындылады. Жалпы алғанда, департамент өзіне жүктелген міндеттерді толығымен орындап шықты. Осы орайда біз департамент басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, қаржы полициясының полковнигі Алтынсары Дүйсенбекұлы ҮМБЕТƏЛИЕВпен сұхбаттасқан едік. – Алтынсары Дүйсенбекұлы, əр ұйым, мекеме жарты жылда атқарған жұмысын қорытындылады. Департамент жұмысына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қалай əсер етті? – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 5 институционалдық реформа шеңберінде жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік кірістер органының құзырына кіретін 9 қадам белгіленген болатын. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың аяғынан бастап, кеден, салық жəне экономикалық тергеу қызметтері бір ведомствоға біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер комитеті аясында толыққанды жұмыс істеп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында өзіне жүктелген міндеттерді нəтижелі орындап, мемлекеттік бюджет
жоспарының толығымен орындалуын қамтамасыз етті. Жалпы облыс бойынша жоспардың орындалуы 109% құрады, нақты айтқанда, бекітілген жоспар 87 млрд. 549 млн. тг. болса, мемлекеттік бюджетке 95 млрд. 672 млн. тг. өндіріліп, 8 млрд. 123 млн. тг. қаржы артығымен өндірілді. Бюджеттер кесіндісіне тоқталатын болсам, республикалық бюджеттің жоспары 105% орындалды, жоспарланған 47 млрд. 140 млн. тг. орнына, нақты 49 млрд. 382 млн. тг. өндіріліп, 2 млрд. 241 млн. тг. артығымен қамтамасыз етілді. Ал, жергілікті бюджеттің жоспары 115% орындалды, жоспар 40 млрд. 409 млн. тг. болса, нақты 46 млрд. 290 млн. тг. өндіріліп, жоспар 5,9 млрд. тг. артығымен орындалды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жергілікті бюджеттің кірістері 8,6 млрд. тг. немесе 23% өсті. (Жалғасы 3-бетте).
Экспортымыздың аясы əлем халқының 260 миллионын қамтып отыр