30 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

web: www.adiletgazeti.kz

№30 (233) = 5 тамыз = Сəрсенбі = 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі хаттамаға қол қойды

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс тобының төрағасы, Финляндияның елшісі Веса Химанен келіссөздер үдерісі барысында Қазақстан 50-ден аса жаңа заң қабылдап, 10 халықаралық келісімге түзету енгізгенін, олар кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданғанын атап өтті.

шенді бағдарламасының қисынды нəтижесі, Қазақстанның бизнес ү ш і н а ш ы қ е к е н і т ур а л ы б ү к і л əлемге жолдауы. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып табылады. Қазақстанның қосылуы біздің пікірталастарымызға қуатты əрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның жүрегіне жақындатады» – деп атап өтті Р. Азеведо. Елбасы отырыста сөйлеген сөзінде ДСҰ-ға мүше барлық елдерге, Ұйым хатшылығына келіссөздер барысындағы сындарлы ұстанымдары мен қолдауы үшін, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобындағы төрағалықты қолдағаны үшін Финляндия Үкіметіне алғысын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер өткен аралықта Қазақстан экономикасының құрылымы ай-

тарлықтай өзгерді. «Экономика мейлінше қуатты əрі ашық бола түсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 18 есе ұлғайып, Орталық жəне Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард доллар деңгейіне шықты. Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 90 пайыздан астамы ДСҰ-ға мүше елдерге тиесілі. Сауда қарым-қатынастарының географиясы едəуір өзгерді. Қазақстанның сауда байланыстары 90-жылдардың ортасында бұрынғы кеңестік кеңістік елдерімен ғана жүргізілсе, бүгінде біз əлемнің 185 мемлекетімен сауда-саттық жасап отырмыз» – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сондайақ отандық экономика құрылымында болған елеулі өзгерістерге де назар аударды. Қазақстан Президенті теңізге

Қазақстан Республикасы 1996 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуға өтініш бергені мəлім. Əрине, тəуелсіздік алғанына бес жыл толар-толмас уақытта, Ата Заңының өзі енді ғана қабылданған, экономикалық қауқары зейнетақы мен жалақыны төлеуге əрең жетіп отырған Қазақстанның бұл ұйымға бірден мүше болмасы анық та еді. Дегенмен, əлем елдері саяси-экономикалық шекараларды енді шегінтпейтінін, басты саяси ұстаным ретінде ынтымақтастыққа беттейтінін түсінген Қазақ елі сол кезде дамушы елдердің, болашақта, дамыған елдердің көшінен қалмайын деп осы тəуекелге бекінді.

ДСҰ: 19 ЖЫЛҒЫ КЕЛІССӨЗДЕН НЕ ҰТТЫҚ? Аз ба, көп пе, арада 19 жыл өткен соң Дүниежүзілік сауда ұйымы Қазақстанды осы ұйымның бақылаушы елі ретіндегі статусынан ұйымға мүше елдің мəртебесіне шығару туралы шешім қабылдады. Жуырда Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі туралы қорытынды құжаттарға қол қойған соң Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та еліміздің 19 жылғы табанды еңбегін баса айтып, халқына арнайы үндеу жолдады. «Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи

оқиға қарсаңында тұр. Біз ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық. ДСҰ-ға мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кəсіпорындарымыздың шет ел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде саудасаттығымыздың 90 пайызы ДСҰ-ға мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды ел бола түседі. (Жалғасы 2-бетте).

шығатын жолы жоқ, планетадағы ірі мемлекет болып саналатын біздің республикамыз үшін инфрақұрылым мен көлік-логистика қызметінің басымдықта дамитынын айтты. Мемлекет басшысы өткен кезең ішінде Қазақстан инвестициялық əлеуетін айтарлықтай ұлғайтқанына да назар аударды. Жалпы алғанда, Қазақстан Президенті келіссөздер үдерісі кезінде республикамыз экономиканы жаһандық нарыққа ықпалдастыру үшін ұзақ жолды жүріп өткенін айтты. Ауқымды институционалдық жаңғыртулар жүргізу де дамуға жаңа серпін береді. Мемлекет басшысы еліміздің еркін сауда жəне ашық ықпалдастық қағидаттарына берік екенін айтты. «Қазақстан аз уақыттан соң ДСҰ

Akorda.kz сайтынан алынды.

Бұл кісінің Маңғыстауға келуі сол жылы орын алған атышулы Жаңаөзен оқиғасына қатысты болды. Шешімін таппаған əртүрлі мəселелердің ушығуынан орын алған оқиға елді есеңгіретіп кетті, ел ішін үрей жайлап, қайғы мен қорқыныш құрсаулаған кез еді. Осы кезеңдерде аймақ басшысы ауысты да, арада бір айдан астам уақыт өткенде жаңа əкімге кеңесші ретінде Бекет есімді азамат келді. Маңғыстаулықтардың аса қастерлі бұл есімді қызғыштай қоритындығы сондай, тіпті Пір атаның есімін өздерінің бауыр еті баласына да бұйыртпайтын. Маңғыстаудың байырғы тұрғындарының арасынан Бекет есімді бір ұлды таппайсыз, тіпті ақ жаулықты аналар əулиенің есімін тергеп сөйлейді. Сондықтан жаңа кеңесшінің есіміне алдымен назар аудардық, «ата шапағаты кімдерге тимеген, қай қиырға жетпеген, мүмкін бұл азаматтың есімі атаның құрметіне қойылды ма екен?» деген де ой болды...

«Сіздей жан керек еді-ау МАҢҒЫСТАУҒА..»

Сөйтсек, бұл азамат заң саласының білгірі, бірнеше жыл осы салада жоғары лауазымды қызметтер атқарған елге танымал, əрі тəжірибелі заңгер екен. Маңғыстаудағы оқиғаға орай облыстың жаңа басшылығына кеңес беру, күрделі жағдайда ел арасында болып, істі деп ұсталғандардың күйе жағылып, топырлай сотталып кетпесі үшін заңдық-құқықтық тұрғыда араласу үшін жаңа əкімнің ұсынысымен келіпті. Оқиғаға орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикалық деңгейде қоғамдық кеңес құрылған болатын, Б.Тұрғараұлы Ө.Озғанбаев басшылық ететін осы қоғамдық кеңестің жұмысына да бел шешіп, білек сыбана кірісті. Көгенделген қозыдай тергеуге іліккен қаракөздердің бұдан арғы тағдырын таразылауда тиісті орындармен байланыса отырып, қажетті жерінде азаматтық ақылын айтып, заңгерлік білім-білігін ортаға салды. (Жалғасы 5-бетте).

«АҚ БҰЛАҚТЫҢ» СУЫ ЛАЙЛАНЫП ТҰР «Су – ырыстың көзі» деп текке айтылмаған. Расымен де осынау тіршіліктің қайнар көзінсіз адам өмірін көзге елестету əсте мүмкін емес. Кез келген қоғамда су мəселесі өткір тақырыптарға арқау болып, өзектілігін жоғалтпаған. Осыдан бірнеше жыл бұрын, дəлірек айтсақ, 2009 жылдары Қазақстанда халықтың сапалы ауызсуға қол жеткізуі қиынға соқты. Көп жерлерде мұндай бақытқа кенелудің ауылы тым алыста болды. Сондықтан да қарашаның дені арнайы тазартудан өтпеген қара суды тұтынды. Ибн Синаның «ауру көбінесе ішкен астан, соның ішінде əсіресе ауыз судан болады» деп айтқанындай, емдеу мекемелерінде тіркелген ауру-сырқаттардың 80 пайызы күнделікті тұтынатын ауыз судың сапасыз болуынан бастау алды. Мамандар болса, əрбір екінші қазақстандық санитарлық-гигиеналық талаптарға мүлдем сай келмейтін суды қолданады деп дабыл қақты. Сол кезде жұрт көп үміт артқан «Ауыз су» бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асырылмай, көңілді күпті етті. 2010 жылдың өзінде ауыл халқының 40 пайызы сапалы ауыз судан мұқтаждықты сезінді. Сонымен қатар аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджеттік қаржыны тиімсіз жұмсау, яғни «бармақ басты, көз қысты» жəйттер, құрылысты сапасыз

Жергілікті билік өкілдері кінəліні сырттан іздеуге əуес Қ. Жаңбыршин

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жəне Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестерімен тығыз байланыста жүргізілген заңнамалық бағыттағы прогресс біздің жұмысымызды соңғы жылы едəуір жеделдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанның құжаттар топтамасы – бұл нарықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін жетілдіру ісіне қомақты үлес қосатын, сауданың көпжақты жүйесін жаңғыртатын жəне ДСҰ-ны нығайтатын жоғары сапалы құжаттар» – деді В.Химанен. ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо еліміздің Ұйымға кіру үдерісі барысындағы Қазақстан Президентінің көшбасшылығына жоғары баға берді. «Бұл – Қазақстан үшін де, ДСҰ ү ш і н де ш ы н ы ме н та р их и кү н . Ұйымға кірудің артықшылықтары – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту. Қазақстан үшін бұл сіздердің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріңіз бен жұмсаған күш-жігерлеріңіздің мойындалуы. Бұл – реформалардың ке-

нормаларымен жұмыс істей бастайды. Дейтұрғанмен, біз кедергілерді жойып, ашық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетіп, өңірлік ықпалдастық локомотиві бола отырып, экономикалық саясатымызды əуелден-ақ «ДСҰ рухында» құрып отырмыз. Бұл Ұйымның мүшелері арасында сауда-саттық кезіндегі кемсітуге жол бермеу – ДСҰ-ның басты қағидаты. Экономиканы саясатпен араластыратын санкциялық саясат саудаға кедергі келтіреді жəне ДСҰ қағидаттарына сай емес. Мұндай жайтты болдырмау біздің ортақ міндетіміз деп ойлаймын. Сіздерге бірлескен еңбектеріңіз үшін тағы да алғыс айтып, біз Ұйымның барлық мүшелерінің мүддесі, экономикаларымыз бен халықтарымыздың игілігі үшін ДСҰ аясындағы алдағы жұмысқа дайын екенімізге сендіргім келеді» – деді Қазақстан Президенті. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі Хаттамаға қол қойылды. Елбасы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің жұмысымен танысты. Бұл бөлімше маңызы жағынан БҰҰ жүйесіндегі екінші кеңсе болып саналады жəне 20 халықаралық ұйымның жұмысын үйлестіреді. Нұрсұлтан Назарбаев сондайақ Ұлттар Сарайын жəне ондағы «Қазақстан» залын аралап көрді. Қазақстан Президентінің шешіміне сəйкес 2013 жылы ашылған бұл көпфункционалды зал бүгінде БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пəтеріндегі техникалық жағынан барынша жабдықталған орынжай болып саналады.

Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада үздік ондыққа енді

орындау, нысанды дер кезінде тапсырмау сынды келеңсіздіктер көп кездесті. 2010 жылдың 9 қарашасында бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасында Үкімет бұндай олқылықтар мүлдем орын алмайтынын қадап айтты. Бірақ... Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райы құрғақ екені белгілі. Ал бұл ондағы халықтың суды пайдалану

Ғасырлар тоғысар тұсқа таяу, егемендіктің елең-алаңында елімізде түрлі дəстүрлі емес діни ұйымдар мен бірлестіктер қаптап кеткені жасырын емес. Бүгінде Қазақстанда тіркеліп, қанатын кеңге жайған діндердің атынан да, санынан да адам жаңылысатындай жайға жетті. Басқаны қойып, ислам халифатының өзі қырық тармаққа бөлініп, арбауына кəріні де жасты да іліндіріп, соңдарынан ілестіріп жүргенін көз көріп, құлақ естіп жүр. Жығылғанға жұдырық дегендей, ұлық дінімізге күйе жағылып, бұрын-соңды Ислам тарихында болмаған ұғым «жыныстық жиһадтың» жер жаһанды торлап жүргеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Қазірде қасіреттің қара түнегіне айналған жыныстық жиһадтың ғаламтор беттерінде, əлеуметтік желілерде, əр алуан бейресми жиындарда мұсылман қыздарды харам жолмен жиһадқа, сол арқылы жұмаққа шақырып жүрген көлденең көкаттылардың қарасы көбейіп кетті. Жазықсыз жандарды қойдай қырып, қан төгіп, бас кесуді «қасиетті жиһад» санайтын жауыздарға тəнін ұсынып, бірнеше күн əйел болуды бүгінгі содырлар қыз баланың «жыныстық жиһады» деп атап жүр.

көлемін арттыра түсетіні түсінікті. Қара судың қажеттілігін қатты сезінген облыс тұрғындары «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданғанда тіршілігіміздің сəні кіретін болды деп, қуанғаны көп жерлерде айтылып та, жазылып та жатты. Біз «көрмес, түйені де көрместің» керін кигелі отырғанымыз жоқ. Шынтуайтында шалғай елді мекендердің көпшілігіне су құбырлары тартылып, халыққа ауыз су жеткізілді. Алайда тиісті мамандардың өздеріне жүктелген жұмысты шала-шарпы орындауынан мұндай игілікке қол жеткізе алмай отырған тұрғындар легі толып жатыр. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бізге берген төмендегі мəліметі осы сөзімізді растай түседі. «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда Төлеби, Отырар, Түлкібас, Мақтарал аудандарының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімдері, Түркістан, Кентау қалалары мен Сайрам, Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Мақтарал аудандарының құрылыс бөлімдері Бюджет кодексінің 97-бабы, 6-тармағын сақтамаған. Соның ішінде төлемге қабылданған жұмыстардың растауын анықтау бөлігінде бұзушылыққа жол берген. (Жалғасы 3-бетте).

ТАРИХЫНА ТОҚТАЛСАҚ Жалпы, «жиһад əл-никах» əйелдердің «Ислам мемлекеті» жасақшыларына жыныстық қызмет көрсетуі дегенге саяды. Дінді жамыла отырып, олар жыныстық жиһадты уақытша неке негізінде көрсетсе керек. Жалпақ тілмен айтқанда, «заңдастырылған жезөкшелік». Аталмыш əлеуметтік феномен тек 2013 жылы кеңінен тарай бастады. «Ислам мемлекеті» идеологиясы бойынша, жыныстық жиһадтың түпкі мақсаты – əскери ер адамға уақытша тұрмысқа шығып, бала сүю жəне оны ислам шариғатымен тəрбиелеу. Ал, ең алғаш бұл сорақы əрекетті тунистіктер мен «Аль-Каида» террористік ұйымының өзара соғысының нəтижесінде тіркелгенін айта кеткен жөн. Дəл сол мезетте

тұтқынға түскен бірқатар тунистік бойжеткендер қара басын сауғалап қалу үшін өз еріктерімен жыныстық жиһадқа барған екен. Көрсетілген бұл қызмет дін атын жамылушылардың көңіліне майдай жаққан сыңайы бар. Көп ұзамай олар жыныстық жиһадты кең көлемде жарнамалап, жақын елдерден алдап-арбап арнайы қыз-келіншектер алдыртқан. Арасында құдай қосқан қосағын, өз кіндігінен өрбіген баласын тастап, «жұмақ» іздеген нəзік жандыларды да кездестіруге болады. Олар кемінде 50-ден аса əскери адаммен уақытша некеге отырып, жыныстық қарым-қатынасқа түскен. Мұндай мазақтың түбі көбіне жүктілікпен аяқталатыны анық. Алайда, кері қайтар жол жоқ. (Жалғасы 8-бетте).

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының алауы 2016 жылдың 21 сəуірінде жағылады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.