Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№31 (234) = 14 тамыз = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
АЛЫС-БЕРІС, БАРЫС-КЕЛІС ЖАНДАНА ТҮСЕДІ
Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы кедендік бақылау Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарт ережелері негізінде тоқтатылды. Елбасы шара барысында Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің маңыздылығын, мұның Қазақстан мүддесіне сай келетінін жəне екі республиканың экономикалық өзара ықпалдастығы аясын одан əрі кеңейтуге септігін тигізетінін атап өтті. Елдеріміздің арасындағы кедендік шекараны ашу – екі мемлекеттің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын, өзара сауданы жандандыратын айтулы оқиға. ЕАЭО аясында қол жеткен уағдаластықтың шарттарын орындай отырып, біз бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру бағытында ілгерілей түсетін боламыз. Мен бұдан нақты оң нəтижелер көретінімізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы əлемдік нарықтардағы күрделі ахуалға қарамастан, біздің елдеріміз саудаэкономикалық ынтымақтастықты
табысты дамытып жатқанын, Қырғызстанның түрлі салаларын дамытуға Қазақстан 1,5 миллиард доллардан астам инвестиция сал-
ғанын айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауданы одан əрі ұлғайту үшін əлі пайдаланылмаған
резервтер бар екеніне назар аударды. Атап айтқанда, электр энергетикасы, көлік, байланыс, агроөнеркəсіп кешені, сондай-ақ ту-
ризм сияқты көптеген салаға мультипликативті ықпал ететін бағыттарда ынтымақтастық күшейтілетін болады. Қазіргі уақытта сыртқы нарықтарда дағдарыс құбылыстары байқалуда, бұл тауар айналымын төмендету арқылы біздерге де əсер етпей қоймайды. Бірақ одақ аясындағы қызмет келешекте экономикалық көрсеткіштердің өсуіне алып келеді жəне халықтарымыздың əл-ауқатын жақсартады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қырғызстанның тұрақты əрі бейбіт дамуына тілектестік білдірді. А.Атамбаев ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастықты одан сайын нығайта түсетініне сенім білдіріп, болашақта бауырлас халықтарымыздың арасында ешқандай шекара болмауы тиістігін атап өтті. Ыстықкөл облысының тұрғындары үшін бүгін елеулі күн – Нұрсұлтан Əбішұлы Алматыдан қашықтықты екі есе қысқартатын, мейлінше төте жол салу туралы идеяны қолдады, – деді Қырғызстан Президенті. Akorda.kz
НЕ В СУММЕ ДЕЛО
Ғани КАРИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Биіктен көрінгіміз келсе...
Ғани Меңтайұлы Карин Батыс Қазақстан облысының тумасы. Атыраудағы педагогика жəне бертінде Ақтау университетін бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол 1969 жылы комсомол жұмысына ауысты. Кезінде Ембі аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, Маңғышлақ облысының комсомол комитетінің 2-хатшысы, Ералиев аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Біраз жыл Маңғышлақ облыстық партия комитетінің аппаратында, Маңғыстау облыстық кеңесінің жəне мəслихатының аппаратында жауапты қызметтерде болды. Облыстық «Огни Мангышлака» газеті бас редакторының орынбасары қызметінде жүріп, аймаққа журналист ретінде де кеңінен танылды. Жақында «Арыс» баспасынан сұхбаттар жинағы жеке кітап болып жарыққа шықты. Белгілі қаламгер, танымал қоғам қайраткері алдағы кезде біздің газетімізбен тығыз байланыста жұмыс істеуге ден қойып отыр. Бүгін «Айқын» газетінде жарияланған танымдық мақаласын оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. Алдыңғы жылы жазда жұбайыммен Чехияның əлемге əйгілі Карловы Вары курортында демалғанбыз. Қаладағы тұнып тұрған шипажай мен қонақүйлердің кіреберістеріне ілінген Чехия, Еуроодақ жəне дүние жүзіндегі алпауыт елдері туларының арасында Қазақстанның да көк байрағы көптеген жерлерде желбіреп тұрады екен. (Жалғасы 5-бетте).
Т. Сейдуалиев.
Поводом для тяжбы стала статья, в которой репортер поведала историю о том, как прокурор Шардаринского района Южно-Казахстанской области Талгат СЕЙДУАЛИЕВ взял в банке кредит и не смог его погасить. Как следует из статьи, Сарыаркинский райсуд г. Астаны обязал заемщика погасить задолженность. “Вот только интересно, откуда вдруг у прокурора возьмутся такие огромные деньжищи, чтобы оперативно погасить задолженность? Думаем, что это должно заинтересовать не только нас, но и соответствующие органы, отвечающие за борьбу с коррупцией. Или прокурора ЮКО Ибрагима ИМАНОВА… Ведь если человек при зарплате 200 тысяч тенге берет кредит на сумму порядка 70 миллионов тенге, это значит, что он либо живет не по средствам, либо имеет неучтенные источники дохода”, – написала журналистка. После выхода публикации прокурор подал на Рамзию Юнусову иск в суд за клевету. – Кредит в банке брал не я, а моя жена, и не 70, а около 30 миллионов, и было это в 2007 году, когда я работал в Астане, а не в Шардаре, – пояснил нашей газете суть иска Талгат Сейдуалиев. – Моя жена тогда занималась предпринимательской деятельностью и под развитие бизнеса
взяла кредит. В качестве залога супруга поставила наш дом в Астане. Однако свои силы не рассчитала и погасить кредит так и не смогла. В итоге в 2014 году пришлось отдать банку заложенный дом. На сегодня никаких долгов перед банком у нас нет. Я считаю, что журналист, не разобравшись в сути вопроса, оклеветала меня, и поэтому попросил суд разобраться в данном конфликте. И суд разобрался. 31 июля Аль-Фара-
Фото из Интернета
Шымкентская журналистка Рамзия Юнусова выиграла суд у прокурора.
бийский райсуд Шымкента оправдал журналистку в связи с отсутствием состава преступления. – Приговор считаю справедливым, – говорит Рамзия Юнусова. Ведь у меня не было цели оболгать господина прокурора. Никакой заинтересованности в том у меня не было, неприязни к нему не испытывала. Я вообще с ним не была знакома. Зауре МИРЗАХОДЖАЕВА, Шымкент “Время”. №117 (2051) 5 августа 2015 года
ТАҚЫРЫПТЫҢ ТҰЗДЫҒЫ
ТҮБІНДЕ ӘДІЛЕТ ЖЕҢЕДІ
Оған әл-Фараби аудандық сотының шешімі куә «Время» газетінде жарық көрген «НЕ В СУММЕ ДЕЛО. Шымкентская журналистка Рамзия Юнусова выиграла суд у прокурора» деген ақпараттың назарымызды ерекше аударғаны рас. Себебі, аталған материалда сөз болатын Талғат Сейдуəлиев біз үшін таныс кейіпкер. Сейдуəлиевтің немесе оның отбасының банктен пəленбай миллион теңге несие алып, алған ақшасын қайтармағанын, соның салдарынан Астана қаласындағы сотқа шақыртылғанын ең алғаш көтергендердің бірі – «Əділет» ұлттық апталығы еді. Мақаламыз шыққан соң аңқау басымыз облыс прокуроры Ибраһим Иманов «бізге көмектескендерің үшін Сіздерге көп рахмет!» деп алғыс айтады деп ойлап жүрміз ғой. Сөйтсек, алғысты айтасыз, тыныш күнге зар болып қалдық. Бүгінде бүкіл тексеру – «Əділеттің» үстінде. Тексерушілер біз атылып кететін ештеңе таппай əлек. Тексеріп болған соң «Тыныштық па, жігіттер? Осынша тексеретіндей бізден неге сезіктендіңіздер?» деп сұраймыз. Олар «Бізде тұрған не бар дейсіздер, ана кісі ғой жанымызды қоймай жатқан» деп, біз алғыс күтіп жүрген жақты иегімен нұсқайды. Құдай əділ пендесін сүйеді. Рамзия Юнусова əділетін жазды. Оған əл-Фараби аудандық сотының шығарған шешімі куə. Кім қайда барады дейсіз, түбінде əділет жеңеді ғой. Мұны айтып бір
жаңалық ашқалы отырған жоқпыз. Əділеттің жеңетіні – аксиома! Бірақ бізді екі мəселе ойландырады. Біріншісі – тракторшы, құрылысшы, күннің астында жол жөндеп жүретіндердің, тағы басқа қарапайым адамдардың əйелдері неге осылай банктерден пəленбай миллион теңге несие алып, бизнес бастамайды екен? Неге əкімдердің, прокурорлардың əйелдері шетінен бизнесмен болып келеді? Екінші ойландыратын мəселе – бұдан кейін облыс прокуроры Ибраһим Иманов банктен несие алып, оны уақытында қайтармай, біраз бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан, онысымен қоймай оны жазған журналисті сотқа берген жəне ол сотта жеңіліп қалған өз қызметкеріне қандай шара көреді екен?! Əрине, бұл сұрақты облыс прокурорының өзіне тікелей қоюға да болар еді. Бірақ сұрақ қоюға да қорқып қалған заман... Кім біледі, редакциямызға тағы бір бригада тексеруші келіп тұрса... тыныш жүрейік те əзірге. «Əділет» ұлттық апталығының редакциясы.
Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді
СОҢҒЫ АУЫС-ТҮЙІСТЕР НЕ БАЙҚАТТЫ? Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Алдын-ала болжамдарда бұндай қадам туралы айтылмаған еді. Соған қарағанда бұл көпшілік онша күте қоймаған шешім болды. Сол сияқты Президенттің Алматы қаласының əкімі, ұзақ жылдар бойы аттан түспей келе жатқан Ахметжан Есімовті Астанаға алдырып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне басшы етіп тағайындауы да көп адамның ойына кіре қоймаған тосын əрекет емес пе?! Мыр-
захметов те, Есімов те бұрыннан мемлекет басшысының командасында келе жатқан, бірі «көне», екіншісі «көнере бастаған» кадрлар ғой. Сондықтан ол екеуі қандай лауазымды қызметке барса да ешкім таңдана қоймас. Орыстар «Кəрі ат жүйрікті бұзбайды» деген сөз бар. Аталған азаматтар да ендігі жерде тау қопарып тастай ма, жоқ па, қайдам, бірақ ештеңе бүлдіре қоймас дейміз. «ЭКСПО-2017» де өтер, партия жұмысы да ырғағынан жаңыла қоймас. Ал енді екеуін алмастырған кадрлар ше? Олар Елбасы тарапынан жүктелген жоғары міндетті, сенімді ақтай ала ма? Президент А.Мырзахметовті «Нұр Отанға» апарып, 1-ші орынбасары етіп отырғызған-
да бізге Бауыржан Байбектің жүзі сынық көрінген. Н.Назарбаев ол жолы «Бауыржан Байбектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты» дегеннен басқа ештеңе ашып айтпаған. Сөйтсек, оны да, алматылықтарды да үлкен тосынсый күтіп тұр екен. Себебі бұл оның қызмет сатысымен қатты шырқауы еді. Алматылықтар болса қанша жылдан бері ауыр салмақты, тəжірибелі, атақты тұлғалардың əкім болып келетініне үйреніп қалған. Байбек болса, «Болашақ» бағдарламасының осындай үлкен қызметке тағайындалған алғашқы түлегі. Қалай дегенде де, Бауыржан бауырымызды еуропаланып кеткен кешегі астана-
ның біраз тосырқауы да, тіпті тасыраңдауы да мүмкін. Қанша дегенмен, мəдениет пен ғылымның ошағы атанған, қаржы орталығына айналған, мыңсан мықтылар мен қалталылар жиналған, бастан-аяқ дегендей Кеңес үкіметінің саясатымен қалыптасқан алып шаһар емес пе? Бəрі өзінде бар. Өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отырған қала. Тілі де сынып барып, қайта бəз-баяғы қалпына түскен. Айтпақшы, Б.Байбекті таныстырған жиында Елбасынан бастап, Есімов жалғап дегендей, бəрі де орысша сөйледі. Тек Бауыржан қазақша айтты. Бастамасы жақсы енді. Бірақ талайды көрген, талайды өсірген, талайды тайдырған Алматы жас əкімнің «айтқанына көніп, айдағанына жүре» қояр ма екен? Қысқасы, «Болашақтың» кадры нағыз сынға түскелі тұр. Неге екенін қайдам, осы жұрт, шымкенттіктер ғана болса бір сəрі-ау, батысы да, шығысы да, солтүстігі де Оңтүстіктің əкімін ауыстыруға құмар. Бұндай əңгіме жаңа əкім келгеннен бастап көтеріліп, қашан ол ауысып кеткенше Арыстанды-Қарабастың желі сияқты бір басылмайды. Шындығын айтқанда көпшілік Мырзахметов сияқты бірсыдырғы, эмоциясы жоқ сияқты көрінетін жалпы жақсы əкімнен жалыққандай еді. Жалығып қана қойған жоқ-ты, облыс əкімінің орнына талайларды ойша əкел-
ген. Ұзын тізімнің ішінде Бейбіт Атамқұлов жоқ-тын. Бұл Шымкент күтпеген тағайындау болды. Атамқұлов Алматы облысының тумасы дегенмен, Оңтүстік үшін жаңа адам емес. Өйткені ол 1986-1991 жылдар арасында Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебер, рафирленген цехтың аға шебері т.б. қызметтер атқарған. Бұдан соң елшілікте, Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінде жауапты қызметтерде болған. Байқап отырсақ, өмірбаянында Н.Назарбаевтың өмір жолына жақын барып қалатын бір-екі тұстары кездеседі. Балқыту цехының жəне сыртқы саясаттың ыстықсуығында шыңдалған. Оңтүстікте ыстықтан да ыстық, суықтан да суық жағдайлар болып тұратынын біледі, əрине. Елшілікте де, шетелде де, балқыту цехында да, министрлікте де қызмет етіп піскен азамат Шымкентте əкім болудың жауапкершілігін жақсы түсінсе керек. Өрлеу сатысының барлық баспалдақтарынан өткен азаматтың лауазымды қызмет атқаратын дер шағы. Халқым дейтін ер болса, Оңтүстікте азаматым, ардақтым дейтін халық бар. З. ҚЫСТАУБАЕВ
Атақты абыз, теңдессіз тәуіп
P.S. 2016 жылы барша əкімшілік мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтеді Журналист пен прокурордың сотқа жүгінуіне себепкер болған «Прокурорские миллионы» атты мақаланың толық нұсқасын 7-беттен оқи аласыздар.
4-бетте