32 2014

Page 1

№32 (192) = 12 қыркүйек = Жұма = 2014 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Бүкіл қазақ баласы бəрі сырлас, Амандаспай, таныспай қарап тұрмас. Көрсетер сый-құрмет, мейір-ықылас, Қайтар деп қарымтасын талап қылмас.

«ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ПЕРЗЕНТ» атты жаңа кітап жарық көрді

«Президент пен перзент» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл - Президенттің баспасөз қызметі мен «Айқын» газетінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы.

Кітапта Елбасымен əр жылдарда өткен түрлі шараларда кездескен балалардың өмірінен алынған қызықты оқиғалар мен мектеп оқушыларының Мемлекет басшысы туралы шығармалары топтастырылған. Сонысымен-ақ оқырманды қызықтыратын жинақтың мазмұны тартымды əрі тағылымды болып шыққан. Жобаның орындаушысы – журналист Бейсенбай Дəулетұлы. Жалпы, қазір Президент туралы жазылып жатқан шығармалар аз емес. Жазылған жанрына, көздеген мақсатына қарай Елбасының қайраткерлік, көшбасшылық тұлғасын түрлі қырынан аша-тын туындылардың əрқайсысының а р - қ а л а ғ а н ж ү г і , о қ ы р м а н ғ а а й та р өзіндік ойы бар. Біз сөз етіп отырған, екі бөлім-нен тұратын «Президент пен перзент» атты жинақ осы қатарды толықтырған дара басылым екенін оқырман бірден-ақ аңғарады. Бірінші бөлімде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен, аз-кем болса да тілдесу мүмкіндігіне ие болған жəне соның өзі кейінгі өміріне зор ықпал еткен жас өрендер туралы баяндалған. Бір кездегі жеткіншектер – бүгінде түрлі саланың жалына жармасып, өз кəсібіндегі

«ҐНІМДІЛІК – 2020» – БƏСЕКЕГЕ ЌАБІЛЕТТІ ЗАМАНАУИ ҐНДІРІС ОРНЫН ЌЎРУДЫЅ БАСТЫ БАЄЫТЫ Қазіргі таңда ірі жəне орта бизнестің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қолда бар өндірістік жəне басқарушылық үдерістерді жаңғырту болып табылады. Менеджмент саласындағы инновациялық технологиялар кəсіпорындар жұмысының тиімділігі мен өнімділігін арттырып, отандық өндірушіге өз өнімімен əлемдік нарыққа шығуына зор мүмкіндіктер береді. Д ү н и е ж ү з і л і к ба н к т і ң əдістемелік қолдауымен ə з і рл е н г е н « Ө н і м д і л і к 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында қазіргі қолданылатын технологияларды, өндірістік жəне басқарушылық циклдерді жаңғ ы р т у, б а рл ы қ з а м а н у и əлемдік стандарттарға сəйкес келетін бəсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру қарастырылған. Айта кетейік, «Өнімділік2020» бағдарламасы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама құралдары жұмыс жасап тұрған кəсіпорындарды жаңғыртуға жəне жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты - еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларындағы өнеркəсіп кəсіпорындарының бəсекеге қабілеттілігін арттыру. М е м л е к ет т а р а п ы н а н қолға алынған бұл шара елі-

міздегі төмендеп қалған еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды көздеді. Орта есеппен ол бір адамға шаққанда 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 мың АҚШ долларына тең. Еліміздегі ең төменгі еңбек өнімділігі ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы н д а байқалады. Ол жылына жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3 мың АҚШ долларына жуық соманы құрады, ал дамыған елдерде - 50-70 мың АҚШ доллары шамасында. Қазақстанның машинажасау саласындағы бұл көрсеткіш небəрі 10-17 мың доллар болса, шетелдерде 90 мың долларға жеткен. Мұндай артта қалушылық өндірістегі қуаттылықтардың толық жүктелмеуі, негізгі қорлардың тым тозуы жəне өндіріс ошақтарының қазіргі заманғы технологияларды енгізе жəне қолдана а л м ау ы с ы н д ы б і р қ ата р факторлармен түсіндірілді. Табиғи əрі моральдық тұрғыдан тозған технологиялық жабдықтар мен тым көп шығындар көптеген отандық кəсіпорындарға өз өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мəселесін шешулеріне

мүмкіндік бермеді. Бірқатар кəсіпорындарға жүргізілген аудит нəтижелері бойынша көптеген өндірістердің дамуына бөгет болатын нақты кедергілер анықталды. Атап айтқанда, кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы, кəсіпорындағы алдыңғы жылдардағы үлкен б о р ы ш т ы қ ж ү к те м е с і н і ң олардың инвестициялық белсенділігін шектеуі, технологиялық жабдықтарды жаңартудағы жəне жаңғыртудағы инвестициялар деңгейінің төмен болуы, өңдеуші өнеркəсіп салаларының көптеген кəсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (ол машинажасау саласында - 56,7%, химия ж ə н е ф а р м а це вт и к а д а 45,3%, құрылыс индустриясында - 39% құрады), қазақстандық кəсіпорындардың жоғары технологиялы өнім импортына аса тəуелділігі, жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды енгізуге жəне жүзеге асыруға қабілетті техникалық бейіні жоғары кəсіби кадрлардың жетіспеушілігі, өндірістік үдерістерді жаңғыртуда жабдықтар мен құралдарға қызмет көрсететін

қызметкерлердің біліктілігінің төмен болуы т.с.с. Мұның бəрі барынша жоғары нəтижеге қол жеткізуге жол ашатын қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде енгізуді талап етті. Осы олқылықтарды жою мақсатында қолға алынған «Өнімділік-2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау шаралары ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды, білікті жобалық жəне инжинирингтік ұйымдарды тартуды, инновациялық гранттар беруді т.с.с. тəсілдерді жүзеге асыруды көздейді. Демек, бағдарлама аясында кəсіпорындарға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын əзірлеу немесе сараптауға шығыстарды төлеу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту, қазіргі заманғы басқарушылық жəне өндірістік технологияларды енгізу қарастырылады. Оған қатысуға ниет білдірушілер мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру немесе оны жоспарлау жəне инвестициялық жобаның қаржылық қайтарымдылығы, еңбек өнімділігін екі есе арттыру, ішкі жəне сыртқы нарықтарда өнімнің бəсекеге қабілеттілігі тəрізді көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейтін инвестициялық жобаның кешенді жоспарының болуы тəрізді талаптарға сəйкес келуі тиіс. (Жалғасы 2-бетте).

биіктерді бағындырып жүрген жастар Елбасымен болған сол бір жүздесулерді ықыласпен еске алады. Сондағы Президенттің ақ тілектері өмірлеріне ақ батадай əсер еткенін шын пейілдерімен əңгімелейді. Расында да, кітап кейіпкерлерінің өмірдегі жолдары да сəтті өрілген. Бүгінде экономиканың түрлі салала-

рында абыройлы жұмыс істеп жатқан немесе өнер əлемінде Қазақстанның атын дүниежүзіне п а ш ет і п ж ү р ге н олардың қай-қайсысы да ел жастарына үлгі боларлық азаматтар. Кітаптың екінші бөлімінің тартымдылығы да біріншісінен кем түспейді. Өйткені, мұнда мектеп оқушыларының Президент туралы қызықты ой-толғамдары жинақталған. Өздері тұрып жатқан бүгінгі Қазақстан мен оның бет-бейнесін қалыптастырған Н.Назарбаевтың еңбегін балалардың қалай бағалайтыны, елдің болашағын қалай елестететіні қазқ а л п ы нда берілген. Қорытып айтсақ, «Президент пен перзент» - Елбасының ел өміріндегі мəнмаңызын қаз-қалпында айшықтаған, шынайы мысалдармен əдемі өрнектеген, қалың көпшілікке арналған кітап. Қазақпарат.

Қазақ журналистикасына қазына сыйлаған академик 70 жаста 5-ÁÅÒÒÅ

РЕДАКТОР БАҒАНАСЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Газетті журналистер дайындағанымен, оның ғұмырлы да тұғырлы болуы оқырмандарына тікелей байланысты. Мəселеге осы тұрғыдан келгенде біздің өздеріңізге өкпеміз жоқ. Қайта айтар алғысымыз шексіз. Бүкіл əлемді билеген дағдарыс Қазақстанымызға да оңай тиіп тұрмағаны белгілі. Басқа салаларды айтпай-ақ қоялық, соңғы жылдар көлемінде көптеген газеттердің таралымының төмендеу процесі байқалуда. Ал, дəл осындай кезеңде «Əділет» газетінің таралымы жыл өткен сайын тек өсіп келеді. Мұндай оқырманның жолына топырақ болып төселсең жараспас па?! Біздің қолдан не келеді? Біз ең бірінші кезекте Сіздер қуансаңыз-

дар қуанып, Сіздер мұңайсаңыздар шын жүректен мұңаямыз. Сіздің қуаныш – біздің қуаныш, Сіздің проблемаңыз – біздің проблемамыз. Сізді не толғандырады, бізге соны білу маңызды. Сондықтан бүгінгі күннен бастап «Өзге пікір» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Өзіңізді не толғандырып жүр, қандай да бір келеңсіз көрініске куə болып қалдыңыз ба немесе бір жақсының кісілігін, жалпы жақсылық атаулыны насихаттағыңыз келді ме, ендеше, жазғаныңызды «Өзге пікірге» жолдай беруіңізге əбден болады. Редакциямен қалай байланыс орнатамын дейсіз бе? Түк те қиын емес, газеттің электронды нұсқасы www.adiletgazeti.kz,

Бабалар аманаты 6-ÁÅÒÒÅ ал, элекронды поштасы g a z e t a _ a d i l e t @ m a i l . r u б ол ы п айрықша белгіленіп қойылған. Сіздер осы электронды нұсқалар арқылы бізбен шығармашылық қарым-қатынаста болып, еркін пікір алмаса аласыздар. Сондайақ, (8 7252- 55-85-84; 8 702 273 17 17) телефондарымен тікелей хабарласуға болады. Сонымен, айтарыңыз бар ма? Мархабат, біз Сіздердің қызметтеріңіздеміз! Қуанышбек БОТАБЕКОВ, «Əділет» ұлттық апталық газетінің президенті.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ

ТІЗГІНДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМА Қазіргі дағдарысты жағдайға толы əлемде орын алған жұмыссыздық мəселесі күн тəртібінен түспей отырғаны шындық. Осыған орай, елдердің онымен күрестегі қолданып отырған амалдары да сан алуан. Бұл ретте Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін қысқартудың жаңа стратегиясы – «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» дер кезінде қабылданған бағдарлама дер едік. Əсіресе, болашақ елдің іргетасын қалайтын жастардың тегін де сапалы кəсіби білім алып, кепілдікті еңбекпен қамтылуын ғана емес, баспанаға қол жеткізуін де қамтыған бұл бағдарлама отандық бизнес пен қазақ тіршілігінің қайнары – ауыл-аймақтың дамуына да оң ықпал етіп отырғаны ақиқат. Үш бағытқа негізделіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба оңтүстік жұртшылығына қандай игіліктерін сыйлады? «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» жұмыссыздықты азайта алды ма? Оны жүзеге асыру жағы өз деңгейінде ме? Жалпы аталған бағдарлама бізге не берді? Осы мəселеге байланысты біз халық қалаулыларын, тиісті сала басшыларын жəне жастарды сөзге тартқан едік. Олардың бұл тұрғыдағы пікірі қандай? Оқып көрелік.

Құдайберген ЕРЖАН, ОҚО мəслихатының хатшысы: – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы Елбасының тапсырмасымен дер кезінде қолға алынған тың бастама. Бұл адам ресурстарының əлеуетін дамытудың жəне іске асырудың маңызды шарты, өмір сапасын арттырудың негізгі құралы болып табылады. Осы мүмкіндікті халықтың тиімді пайдалануын жүзеге асыру мақсатында біз, яғни халық қалаулылары қарапайым халық арасында түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жалпы, қазіргі таңда бұл бағдарламадан бейхабар азаматтар бар деп айта алмаймын. Өйткені, халықты бұл бағдарлама бағытымен таныстырып, ақпараттық құлақтандыру шаралары 2011 жылдан бері жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Бағдарламаның тиімді тұстары өте көп. Мəселен, белгілі бір азаматтың бұрын алған дипломы қазіргі еңбек нарығында ешқандай сұранысқа ие болмаса, оның «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша қайта даярлау курстарынан өтіп, өзге жұмыс тауып, ісін өрге бастыруына

мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жас мамандар алған білімі бойынша өз шеберлігін шыңдап, білгір маман болуға бейімделгенге дейін жұмыс берушінің қалтасына салмақ түсірмей, Үкімет өз есебінен оның тəжірибеден өту мерзімін қаржыландыруда. Бұдан бағдарламаның жан-жақты ойластырылып, елеп-екшеліп, əбден сүзгіден өткенін аңғаруға болады. Осы «Жастар практикасы» бойынша еңбекпен қамтылған көптеген жастардың қазір тəжірибесі əбден толысып, өз ісінің нағыз шеберіне айналғандарына да куə болып жүрмін. Сондықтан, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы қоғам арасында халықтың еңбек белсенділігін арттырып, тың серпін туғызды десем де болады. (Жалғасы 3-бетте).

Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 144 елдің ішінде 50-орында тұрақтады


Бүгінде қымыз бен шұбатты ұлттық №32 (192) брендке айналдыруға мол мүмкіндік бар 12.09.2014 жыл

ЕЛ ТЫНЫСЫ

¦ÄIËÅÒ

«ӨНІМДІЛІК – 2020» – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОРНЫН ҚҰРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ (Соңы. Басы 1-бетте). Бағдарламаның міндеттері - жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту, яғни техникалық қайта жарақтандыру жəне бəсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру мен кəсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысатын өңдеуші өнеркəсіп кəсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту; бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысушы кəсіпорындардың қуаттарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту; 10 кəсіпорын үшін жыл сайын еңбек өнімділігін ұлғайту жəне энергия тиімділігін арттыру мəселелері бойынша кəсіпкерлік субъектілерінің топменеджерлерін оқыту тəрізді нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда бағдарламаның аса қажетті əрі танымал құралы - ұзақмерзімдік лизингтік қаржыландыру болып отыр. Оны «Қазақстандық индустрияны

дамыту институты» АҚ (ҚИДИ) операторының бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы мəліметтері нақтылайды. Ол қазақстандық бизнестің негізінен техникалық қайта жарақталу есебінен еңбек өнімділігін арттыруға иек артатындығын білдіреді. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «ҚДБ Лизинг» акционерлік қоғамы. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Бұл тұрғыда бағдарламаның интеллектуалды сипатта құрылғанын жəне еңбек өнімділігін арттыру мен өндірістің энергиялық тиімділігін өсіру тəрізді негізгі мақсаттарды көздейтінін атап өткен жөн. Мұндайда кəсіпорын топ-менеджментінің өндірістік үдерістерді жаңғырту мен баптауға қатысуға əзірлігі негізгі шарт болып табылады. Мұның барлығы міндетті түрде соңғы өнімнің сапасы мен бағасына əсерін тигізбей қоймайды. Ал бұл өз кезегінде отандық тауар өндіру-

АЙМАҚ

технологияларды енгізу бойынша 8 жобаға қолдау көрсетті. Бұл тұрғыда жобаға өтінім берушілердің өз қаражаттарының көлемі мен екінші деңгейлі банктерден займдар 85 млрд. теңгеден астам соманы құрады. Аталған мемлекеттік бағдарлама елімізде екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Оның алғашқы кезеңі 2011-2014 жылдар аралығын қамтыса, екінші кезең 2015 жылы басталып, 2020 жылы аяқталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2011 жылғы республикалық бюджеттен 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы - 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы - 134 050 мың теңге, 2014 жылы - 225 187 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы - 225 187 мың теңге бөлу көзделген. Қазіргі таңда бағдарламаны жүзеге асыруда Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, сондай-ақ Ақтөбе жəне Алматы облыстары ең белсенді аймақтар болып қалып отыр. Гүлнəр ЖОМАРТОВА

Көне шаһарда тың жоба жүзеге асты

Аға буын өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов облыстық ардагерлер үйінде түрлі салада жемісті еңбек еткен ардагерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты. Аға буын өкілдері облыс басшысымен болған кездесуде суармалы жер көлемін ұлғайту, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығындағы өзекті мəселелерді қозғады. Жастар тəрбиесі мен денсаулық сақтау мекемелерінің, ішкі істер органдарының жұмысын жолға қою, ирригациялық жүйелер құрылысын жүргізу, ауылдық жерлерде мал шаруашылығын дамыту мəселелері де ардагерлер назарынан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар еңбек ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді де ортақ талқыға салды. Ардагерлер көтерген сауалдарға жауап берген облыс əкімі бүгінгі таңда суармалы жер көлемін қосымша 292 мың га. ұлғайту бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітілгенін айта отырып, өзен суларын тиімді пайдалану

бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар 8 ауданның 283 елді мекенін газбен қамту жоспарланғанын мəлім етіп, тозығы жеткен инфрақұрылымдарды қалпына келтіру бойынша нақты жоспарлар қабылданғанын айтты. Одан бөлек облыс əкімдігі тарапынан білім, денсаулық сақтау, өзге де халыққа қызмет көрсету салаларындағы жұмыстарды жүйелендіру бағытында нақтылы шаралар атқарылып жатқанын хабарлады. Ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайту мақсатында үш жылдық мал шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспары қабылданғанын тілге тиек етіп, бүгінгі таңда 1400 жобаға қаржылай қолдау көрсетілгенін атап өтті. Жиынды қорытындылаған облыс əкімі жергілікті атқарушы органдардың бастамаларына қолдау білдіріп, олардың нəтижелі іске асуына көмек беріп отыратын ардагерлерге өз алғысын білдіре отырып, мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

Оңтүстікте жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Оңтүстікте жас ақындар арасында облыстық мүшəйра өтеді. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мəслихатында мəлімдеді. Аталған кездесуде жылдың соңына дейін басқарманың өткізетін іс-шаралары таныстырылды. Онда облыстық жас ақындар арасында «Сен жанбасаң, лапылдап!» атты мүшəйра жəне «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығы мен Алаштың арыстары Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығына орай шағын

шілердің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізбек. Естеріңізге сала кетейік, «Өнімділік2020» бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері оған Қазақстанның 15 аймағынан 53 инвестициялық жоба мен 8 салалық өнеркəсіп енгізілді, оның ішінде 2013 жылы 2 жоба: «FosTech Data» ЖШС мен «РМЗ-Шапағат» ЖШС енді. Мұның алғашқысы машинажасау саласы бойынша, Алматы қаласындағы талшықты-оптикалық талшық өндіру зауытын кеңейтуді көздесе, екіншісі - құрылыс индустриясы саласына қатысты, яғни Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 35 мың шаршы метр тұрғын үй салуға жететін үй құрылысы комбинатын салуға жоспарланған. Бағдарлама аясында отандық кəсіпорындарымыз инвестициялық жобаларын əзірлеуге 63 млн. теңгеден астам қаражатты иеленді. Сондай-ақ «БРК-Лизинг» АҚында 15,3 млрд. көлеміндегі сомаға 12 жоба мақұлданды, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 28,9 млн. теңгеге басқарушылық жəне өндірістік

футболдан журналистер арасында республикалық турнир өтетінін хабарлады басқарма басшысы. Мүшəйраның ережелерімен таныстырған Берік Уəли қатысушылар 14-29 жас аралықты құрау керектігін айтты. Байқау үш тақырып тұрғысында жеңімпаздарды анықтайды: 1) Тəуелсіздік – тірегім. 2) Оңтүстігім – жыр елім. 3) Еркін тақырып. Сонымен қатар, сайысқа қатысушылардың өлеңдерін қабылдау бүгіннен басталып, 1-желтоқсанға дейін жалғасатындығын жеткізді. Ал қорытындысы

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

10-желтоқсан күні анықталып, бас жеңімпаздың өлеңдері «Тəуелсіздік күні» қарсаңында басылып шығарылады, деді басқарма басшысы. Конкурста 1-орын, 2-орын, 3-орын алған қатысушыларды қомақты ақша жəне басқа да белсенді жас ақындарымызды ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр. Аталған мүшəйраны «Жазушылар одағының» мүшелері Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Жанарбек Əшімжан жəне Қалқаман Сарин сынды елімізге танымал тұлғаларымыз сараптайтын болады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар шағын футболдан журналистер арасындағы республикалық турнир 27-ші қыркүйек күні өтетіндігін мəлімдеді. Аталған турнирге Астана, Алматы, Қызылорда жəне Тараз қалаларынан өтініштер түсті деді. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 27 іс-шара өтеді, деп хабарлады баспасөз маслихатында Берік Құрманғали.

Осы аптада Түркістан қаласында елеулі оқиға болды. Еліміздің рухани ордасына айналған киелі шаһарда ең маңызды жоба - сарқынды су тазартқыш стансасы іске қосылды. Заманауи су сорғы құралдары жəне су тазалау жабдықтарымен қамтылған бұл станса қала тарихында бұрын-соңды болмаған жоба ретінде бағаланып отыр. Сонау 70 жылдары салынған бұрынғы су тазартқыш стансасы халқы жыл санап өскен қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсете алмайтын еді жəне талай жылдан бері жөндеу көрмей тозығы жетіп тоқтап қалған болатын. Содан бері қаладан шыққан қалдық су шаһар сыртына төгіліп келген. Бүгінде осы көлшікте жиналған судың көлемі 5 мың м3 құрайды. Енді жаңа стансаның іске қосылуымен қалдық суды кəдеге жаратудың амалы табылды. Сарқынды су стансадағы жаңа техникалардың көмегімен бірнеше сүзгіден өтіп механикалық əдіспен тазартылады, əбден шайлып, тазартылған су көлемі 109 га. құрайтын су жинақтағышта тұндырылып, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдаланылатын болады. Бұл нысанның құрылысы 2010 жылы басталып, əр жылдарға бөлінген жұмыс кезеңімен жүзеге асты.

Түркістан қаласы əкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен құрылыс бөлімдерінің тапсырысымен «СМК и Ж-7» ЖШС мердігерлік еткен сарқынды су тазартқыш құрылымының қуаттылығы тəулігіне 20 мың метр куб сарқынды суды сүзгіден өткізеді. Сонымен бірге, қалада аталған нысанның сыңарындай сарқынды су жүйелерінің құрылысы да жүргізілген болатын. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Ақ Жол» ЖШС 17 сорғы стансасы мен 72 шақырым сарқынды су жүйелерінің құрылысын жүргізді.

Енді бұған дейін қолданыста болып келген 10 насос стансасы жəне 55,9 шақырым сарқынды су жүйелерінің қуаты одан əрі арта түспек. Сондай-ақ, бүгінгі таңға сарқынды су жүйелеріне қаладағы тұрғын үйлердің жəне əлеуметтік нысандардың 15 пайызы ғана қамтылған еді. Енді жаңа құрылыстың нəтижесінде қаладағы 250 мың жалпы тұтынушыларды толық сарқынды су жүйесіне қосуға мүмкіндік туып отыр. Жобаларды жүзеге асыруға жалпы 5,4 млрд теңге көлеміндегі қаржы жұмсалды.

Шуақты Оңтүстіктің өнімі Алматыға жол тартты

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысынан ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен Алматы қаласына жол тартты. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі 13 - қыркүйекте өтеді. Алматыға жол тартқан керуенде ет өнімдері, картоп, көкөніс, жеміс-жидек, бақша мен басқа өнімдер жөнелтілді. Алматылықтарға арналған жəрмеңке өнімі 221 тн. жəне бұл өнімдер нарықтағы құнынан 15-20 пайыз арзан бағада сатылымға шығарылады. Жалпы құны 98,4 млн. теңгеден астам қаржыны құрайды. Облыста жыл сайын 800 мың тонна көкөніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 80 мың тонна жеміс-жидек, 57 мың тонна жүзім өндірілуде. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан 6 есеге, жеміс жидектен, жүзімнен 3 есеге артық. Ағымдағы жылдың жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу келемі 64,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7% артты. «Облыс халқының қажеттілігінен артық

өнімдер Республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Сонымен қатар, облыста ауыл шаруашылығы саласы бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда елеулі жұмыстар, атқарылуда. Айта кетер болсақ егістікті əртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, мақта жəне бидайдың егіс алқаптары кемітіліп, көкөніс, картоп, бақша дақылдарының көлемі ұлғайтылып, жалпы егіс көлемі 794,0 мың га жетті. Озық технологиялар енгізу бойынша тамшылатып суғару əдісі 32,0 мың га, жылыжайлар 800 га жеткізілді. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы бекітіліп, осыған орай, ағымдағы жылы қосымша 10,2 мың тонна, сүт, 14,5 мың тонна ет, жұмыртқа 3,4 млн. дана өндірілетін болады»,-деді облыстық ауыл шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі.

2

Ел жаңалықтары 2015 жылы 1 маусымнан бастап Қазақстан Елтаңбасының жаңа стандарты күшіне енеді 2015 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандарты күшіне енеді. Бұл туралы Астана əкімдігі жанындағы Мемлекеттік рəміздер комиссиясының отырысында Қазақстан стандарттау институты директорының орынбасары Нұртас Өтешев мəлім етті. «Стандартқа өзгеріс биылғы жылы жазда енгізілді. 2015 жылғы маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл мерзім ішінде өнідірушілер өз өндірістерін өзгертіп, жаңғыртып үлгереді», деді ол. Оның айтуынша, Елтаңбаның түсі, көлемі жəне кей тұстары өзгертілетін болады. «Жылдар өте келе кез келген өнім өзгереді, ескіреді. Елтаңба да сондай өзгерісті қажет етуде. Тиісінше Мемлекеттік рəміздерді өндірушілерге шығарылып қойылған Елтаңбаға 3 жыл мерзімге кепілдік беру талабын енгізу ұсынылды», - деп түсіндірді Н.Өтешов. Оның айтуынша, Қазақстанда 40-қа жуық Мемлекеттік рəміздерді өндірушілер бар. Ол сонымен бірге Елтаңбаның ескі үлгісі 2017 жылғы жазға дейін ауыстырылатынын жеткізді.

Қымыз бен шұбат туралы заң керек Қазақстанда қымыз бен шұбат туралы арнайы заң керек. Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханұлы осы мəселені көтерді. «Қымыз бен шұбат - халқымыздың байырғы сусыны. Ғасырлар бойы қасиетті жылқы мен түйе малын асырау, қымыз бен шұбат дайындау жөнінен халқымызда бай тəжірибе қалыптасқан. Ұлттық сусын денсаулыққа аса пайдалы: туберкулез, бауыр, асқазан, жүйке жəне иммундық жүйелердің, жүрек жəне қан-тамырларының дертіне дауа. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес үкіметінің тұсында жылқы мен түйеге, олардан алынатын өнімге жасалған қиянат пен солақай саясаттың салдарынан қымыз бен шұбат өндіру ісі бəсеңдеп, ұмыт бола жаздады», - дейді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. Бұл ретте депутат егемен ел болып отырғанда атабабадан қалған кəсіпке басымдық берудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде қымыз бен шұбатты ұлттық брендке айналдыруға мол мүмкіндік бар. Сонымен қатар депутат кезінде елімізде өкпе ауруларын тек қымызбен емдейтін 15 шипажай болғанын, алайда үкімет тарапынан қолдау болмағандықтан, олардың жұмысы тоқтап қалғанын атап өтті. Ал көршілес Ресейде қымыз өндіретін 80-нен астам агрофирма, қымызбен емдейтін 48 шипажай жұмыс істейді. Сонымен қатар Ресей ғалымдары бие сүтінде болатын лактоферрин ақуызынан қатерлі ісікті емдейтін дəрі жасап жатыр. Ал Жапония мен батыс елдері қымыз бен шұбатқа ерекше қызығушылық таныта бастаған.

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының дәлізін кеңейтті Қазақстанның ұлттық валютасының ауытқу бағамы өзгерді. Бұдан былай теңге бағамының жоғарғы шегі өзгеріссіз - 185 плюс 3 теңге көлемінде қала береді. Ал төменгі шегі нығаю бағытына қарай минус 15 теңгеге кеңейтілді. Яғни, теңге бағамының дəлізі 1 АҚШ доллары үшін 170 теңгеден 188 теңгеге дейінгі аралықта болады. «Жалпы жыл басынан бері, валюталық бағамның ауытқу шегі 183,5 теңге мен 182 теңгенің арасында болып келгені мəлім. Ал соңғы үш аптада ұлттық валютаның бағамы 182 теңгенің айналасында болды. Демек, теңгенің əлеуеті жоғары деген сөз. Сəйкесінше, Ұлттық банк теңгені одан əрі нығайту, яғни дəлізді кеңейту керектігі жөнінде шешім қабылдады» - деді өз сөзінде Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов. Айта кетелік, бұған дейін теңгенің ауытқу бағамын Ұлттық банктің Басқармасы үстіміздегі жылдың ақпан айында 185 +/- 3 теңге көлемінде белгілеген болатын.

2017 жылы жол полицейлерін автоматтандырылған жүйе алмастырады 2017 жылы Қазақстанда жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі толығымен енгізіледі. Бұл туралы Астанада «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мəлім етті. Оның сөзіне қарағанда, көшедегі қозғалысты қолмен реттеуден басқасы автоматтандырылады. 2017 жылдан бастап полиция қызметкерлерінің жезлдері (ала таяқ) құрал ретінде жойылады. «Жалпы ұсынылған құрылымдық реформалар мемлекеттік басқару реформалары кешенінде жемқорлық белгілеріне ықпал ететін жағдайларды барынша төмендетеді», - деп атап өтті ол.

Түркияда «Қазақстан күндері» өткізілді Анкара қаласында 11-шы Халықаралық «Мəдениет жəне өнер фестивалі» шеңберінде Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан күндері» өткізілді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады. «Қаланың фестиваль алаңында құрылған «Қазақ үйінде» қазақ халқының ата-баба салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпынан көріністер беретін жəдігерлер, ұлттық костюмдер жəне баспа өнімдер қойылды. Келушілер назарына Елшілік ұжымы шығарған қазақ жəне түрік тілдеріндегі кітаптар ұсынылып, сыйға тартылды. «Қазақ үйімен» танысуға келген Анкара қаласының тұрғындары Қазақстан туралы ақпарат алуда зор қызығушылықтарын танытты. Сонымен қатар, «Көроғлы», «Əлқисса» күйлерін, «Елім менің», «Құралай» əндерін жəне қазақтың басқа да əйгілі шығармаларын орындаған қазақстандық шығармашылық тобының концерті өтті», - деп жазылған хабарламада. ҚазАқпарат.


Қазіргі жастарға "білімдінің мыңды жығарын" №32 (192) мұғалім емес, ең алдымен ата-ана түсіндіруі керек 12.09.2014 жыл

ӨЗГЕ ПІКІР

¦ÄIËÅÒ

3

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – 2020» (Соңы. Басы 1-бетте). «Ауруын жасырған ауырмай өледі» деген. Осы ретте таяқтың екі ұшы бар екенін де айта кеткім келеді. Жақсы көрсеткіштерді айтқан дұрыс. Бірақ, көңіл қынжылтатын тұстарды да жылы жауып кете салуға тағы болмайды. Бүгінде өңірімізде қарқынды жүріп жатқан құрылыс саласындағы жұмыстарды атқаруға жұмыс қолының жетіспей жатуы таңсық нəрсе емес. Мұндай жұмыстарға біз көбіне еңбек мигранттарын тартуға мəжбүрміз. Неге? Өйткені, екі қолға бір күрек таба алмай, бос жүрген өзіміздегі жұмыссыз ер-азаматтың ондай жұмысқа құлқы жоқ, шеберлігі де жетпейді. Құрылыс саласында, əсіресе, кəсіптіктехникалық білімді меңгерген

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ

азамат жолданып отыр. Ол жерде жұмыс істеу 1 айдан 4 айға дейінгі мерзімді қамтиды. «Жастар практикасы» бойынша 1000 азамат қатысу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1900 азамат жұмысқа тартылды. Ол жерде жұмыс істеу мерзімі алты айға дейінгі аралықты қамтиды. «Жастар практикасы» бойынша жұмыспен қамтылғандардың көрсеткіші неге екі есеге көп? Себебі, кейбір жастар 6 ай мерзімі бітпей жатып, жүктілік мерзімінің келуіне байланысты немесе басқа да түрлі себептермен жұмыстан кетіп жатады. Кейбірі жаңа жұмыс орындарында іскерлігімен ұжым арасында көзге түссе, бір аптадан кейін немесе бір айдан кейін-ақ тұрақты жұмыспен қамтылып жатады. «Жастар практикасына» қатысушыларға мемлекет тарапынан 33 мың теңге көлемінде айлық жалақы тағайындалады. «Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша жұмыс

жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нəтижелі қамтуға жəрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді. Осыған орай, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасына биыл облыс бойынша 29972 адамды қатыстыру жоспарланған болса, жыл басынан бергі 8 айда 22243 адам қатысып, жоспар артығымен орындалды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жұмысқа қабілетті азаматтар мерзімдік, уақытша жəне маусымдық жұмысқа тартылады. Айталық, бағдарламаның «Жастар практикасы» бағыты – оқуын жаңа бітірген жас мамандар үшін өте қолайлы. Бұл олардың жаңа жұмыс

үш-төрт облыстың əлеуметтік сала мамандары қолдады. Министрлік те мұны дұрыс көріп, мақұлдады. Бірақ, əлі бұл ұсыныс заңдық сипат алған жоқ. Егер заңмен негізделсе, міндетті түрде ол анықтаманы сұрауды тоқтатамыз. Биылғы жылдың маусым айында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 6 айлық жұмыс қорытындысы қаралған Үкімет сағатында министрлік аталған бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Бұл – ең алдымен, сала мамандарының ел арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын дұрыс жəне толыққанды жүргізуінің жəне еңбектің қадірін білетін, бейнетқор халқымыздың жұмыспен қамту бағдарламасын оң көзқараспен қабылдап, оған белсенді қатысуының нəтижесі деп білеміз.

ТІЗГІНДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМА мамандарға сұраныс жетерлік. Ал бізде қатардағы сылақшы мен кірпіш қалаушыдан жоғары білімді, бірақ жұмыссыз заңгерлер мен қаржыгерлер əлдеқайда көп. Ондай несібеңді тауып жеуге жарамсыз жоғары білімнің қажеті не? Сондықтан, біз жастар арасында осы кəсіптік-техникалық білімді жандандыру жағын назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Орайы келгенде басымнан өткен мына бір оқиғаны айтып өтейін. Бірде жұмыс бабымен шалғай елді мекендердің біріне жолым түскенде, бір жас жігіттің мал бағып жүргенін байқадым. 20-30 малға бас-көз болып жүрген əлгі жігіт жанымызға келіп, бізден темекі мен су сұрады. Біз күлдік. «Айналайын, темекі жоқ, бірақ су бар», - деп, оған барымызды ұсындық. Жапжас жігітке: «Қарағым, мына жүрісің не? 20-30 қойдан не пайда, неге 500 ұсақ мал бақпайсың? Мынауыңнан тапқан ырыздығың күнделікті шайпұлыңнан артылмайды ғой», - десек, ол: «Бұл – өзіміздің жекеменшік малымыз. Негізі, оқуым да бар. Қазір демалыс емес, сабақ уақыты екенін білемін. Бірақ, мұғалімдермен келіскенмін. Сабаққа қатыспауыма да болады», - деп қысқа қайырды. Оған не дейсің? Ол ертең қандай маман болады? Басында білім болмаса, «мұғаліммен келісіп» алған диплом нан бола ма? Қазіргі көп жастар «білімдінің мыңды жығарын» түсіне бермейді. Оған мұғалім кінəлі емес. Мұны ең алдымен ата-анасы түсіндіруі керек. Отбасында жүріп осыны жақсы түсінсе, келешек ұрпақ мемлекет тарапынан қолға алынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланатын болады. Яғни «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының өз деңгейінде жүзеге асуы тек сала мамандарына ғана емес, ол ең алдымен ата-анаға тікелей байланысты. Ата-ана баланы жастайынан кəсіпке бейімдеп, іске баулуы керек.

Айша ҚАМБАРБЕКОВА, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары: – Осыдан 4-5 жыл бұрын əлем елдерінде орнаған дағдарыстың салқыны сол елдердің өндіріс орындарының тоқтап, жұмыссыздар санының күрт өсуіне алып келді. Мұның соңы ызалы халықтың толқуларына ұласып, қарулы көтерілістер мен ереуілдер сол елдердің əлеуметтік-экономикалық дамуына кері əсерін тигізбей қоймады. Мұндай сұмдықтарды болдырмау үшін еліміздің бағына біткен Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, сол кездегі əлеуметтік қорғау министрлігіне жедел түрде халықты жанжақты əлеуметтік қолдаудың тиімді бағдарламасын əзірлеу туралы тапсырма берген болатын. Соның нəтижесінде 2011 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы іске қосылды. Сол жылдан бастап еліміздегі нысаналы топтың кəсіби білімі мен біліктілігін арттырып, жұмыспен қамтылуына қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Аталған бағдарламаның ең бір жарқын жетістігі – ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың тұрақты жұмыспен ғана емес, баспанамен де қамтылуы. Мəселен, осы жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты-

ның аясында Шымкент қаласының «Нұрсəт» шағынауданында салынған 6 көпқабатты үйге 480 отбасы қоныстанды. Ол пəтерлер жұмыссыз, аз қамтылған азаматтардың қатарынан əлеуметтік-экономикалық даму əлеуеті төмен елді мекен тұрғындарының, балалар үйлері түлектерінің, атаананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың өз еркімен жаңа қонысқа көшулеріне қолдау көрсетілді. Үй берілген азаматтардың ішіндегі жастардың барлығы дерлік тұрақты жұмыспен қамтылды деп айтуға болады. Бұл үйлердің барлығы қызметтік тұрғын үй болып табылады. Ол бес жылға жалға беріліп отыр. Одан кейін осы уақыт аралығында өздеріне қор жинап алса, бес жылдан соң оны өз аттарына жекешелендіріп алуға мүмкіндігі бар. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы – еңбекке қабілетті, бірақ қолында білімі мен біліктілігі жоқ азаматтарға үлкен мүмкіндік. Олар аталған бағдарлама негізінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстары жəне кəсіби оқытуға жолданады. Одан соң арнайы курстардан өткеннен кейін жұмыспен қамтылуы оңайға соғады. Жалпы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірнеше бағыты бар. Олар: «Инфрақұрылымды жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету», «Ауылда кəсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру жəне тірек ауылдарды дамыту» бойынша жəне «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту жəне қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жəрдемдесу» бағыттары бойынша. Шымкент қаласында екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған бағыттар бойынша қаламызда көптеген азаматтар жұмыспен қамтылды. Мəселен, жыл басында «Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 334 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса, бүгінде оған 317

істейтіндер жұмыс түріне қарай əртүрлі көлемде, шамамен 35-45 мың теңге аралығында еңбекақы алады. Бізде қазіргі таңда 2000 бос жұмыс орны тұр. Олардың дені – құрылыс саласындағы жұмыстар. Бірақ, оған баруға ниетті жастар аз. Қазіргі кезде жұмыс талғамау керек. Кабинетте отыру үшін де алдымен сондай ауыр еңбек майданында шыңдалып, өмір мектептерінен өту керек деп түсінемін. Соңғы үш-төрт жылда еңбек нарығында техникалық мамандықтарға сұраныс артып отыр. Жүк көліктерін жүргізушілерге де жұмыс көп. Еңбекақысы анағұрлым жоғары болғанымен, еңбек жағдайы ауырлау бұл кəсіптің тізгінін ұстауға жастар жағы құлықты емес. Бұдан бөлек, 200-ге жуық білікті медицина қызметкерлерінің жетіспейтіні анықталып отыр. Жалпы, бізде дəрігерлердің барлық түріне сұраныс бар. Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін мемлекет пен жергілікті оқу орындарымен өзара келісім жасалып, кəсіби білім алу мен тұрақты жұмыспен қамту тетіктері ұдайы жетілдірілу үстінде.

Сəтжан ПОЛАТОВ, ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: – Мемлекет басшысы өзінің 2011

орнында өз қабілет-қарымын танытып, кəсіби тəжірибе жинауына үлкен мүмкіндік береді. Олар мемлекет өзі қаржыландырып, өндірістік тəжірибеден өту мүмкіндігін беріп отырған алты ай мерзім ішінде іскерлік қабілетін таныта алса, сол мекеменің басшысы оны тұрақты жұмысқа қабылдауы мүмкін. Əрине, бəрі бірдей мұндай «бақытқа» ие бола алады деп айту қиын. Дегенмен, біздің есебімізше, жолдама алған жастардың 76 пайызы бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылып үлгерген. Ал енді əлеуметтік жұмыс орындарына келсек, бұл да жұмыс іздеушілерге жасалған қолдаудың бір түрі. Мұнда жұмысқа 1 жыл мерзімге жолдама беріледі. Мекеменің ұсынған жалақысының 35 пайызы мемлекеттен төленеді. Тағы бір айтарым, əлеуметтік жұмысқа барған маман 1 жылдан соң міндетті түрде сол жерде жұмыста қалуы керек. Қазіргі таңда əлеуметтік жұмыспен қамтылғандардың 87 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. Жақында біз министрлікте болып, жұмысқа қабылданатын жас мамандардың құжатын рəсімдеу мəселесін көтердік. Бұған себеп, талап бойынша жас мамандар жұмысқа қабылданар кезде жеке куəлігінің көшірмесін, арнайы білімі туралы құжатты, сонымен қатар 086 үлгідегі медициналық анықтамасын тапсыруы қажет. Бірақ, бұл анықтама ақылы түрде жүргізіледі. Құны 2000 теңгеге жақын тұрады. Өзіңіз ойлап көріңізші, енді ғана жұмысқа орналасқалы жүрген жас маман аз қамтылған отбасыдан шыққан болуы да мүмкін. Сондықтан, мұндай шығынды оның қалтасы көтермейтіні анық. Осылай бір жапырақ қағазды ала алмауы себепті берілген мүмкіндіктен қағылуы да ғажап емес. Сол себепті осы анықтаманы қажетті құжаттар тізімінен алып тастау керек сияқты. Бұл ұсынысымызды бізден бөлек, өзге де

Оксана ФОКИНА: – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту жəне қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жəрдемдесу» бағыты бойынша осы жылдың маусым айында «Нұрсəт» шағынауданынан бір бөлмелі үй алдым. Өзім І-топтағы мүгедекпін. Балалар үйінде өстім. Бірақ мен тағдырдың бұл сынағына шыдамсыздық танытып, салымды суға түсірмедім. Керісінше келешекке үлкен үмітпен қарап, əрбір атқан таң мен келген күнге тəубе етуден жалықпадым. Əр күннен жақсылық күттім. Соның бүгін жарқын жемісін көрдім. «Үйі жоқтың күйі жоқ» деген. Ең бастысы баспаналы болдым. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында баспаналы болумен қатар өзімнің сүйікті ісіммен шұғылдануға мүмкіндік алдым. Қазіргі таңда жекеменшік мекемеге бағдарламашы болып жұмысқа орналасып жатырмын. Жалпы тек «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы емес, Елбасының бастамасымен қолға алынған өзге де бағдарламалар арқылы мен мүмкіндігім шектеулі болғанға қарамастан білім алдым. Қоғамда емін-еркін жүруге қол жеткіздім. Жақын достар мен жақсы таныстарды жолықтырдым. Осы үшін ең əуелі Елбасыға шексіз алғыс айтамын. Жəне де маған өмірге бейімделуіме, қоғамнан өз орнымды табуыма сүбелі үлес қосып жатқан азаматтарға да разылығымды білдіремін.

ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТЕХБАЙҚАУДАН БОСАТЫЛА МА?

Келер жылдан бастап елімізде коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын жеке автокөліктерді жаңадан сатып алғаннан кейін жеті жылға дейін техникалық байқаудан өткізбеуге болады. Бұл жөнінде ҚР Президенті Н.Назарбаев V шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясында нақты тапсырма жүктеді.

- Жуырда ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында құзырлы органдар арасында елеулі өзгерістер жасауды бастадық. Мұның бəрі де басқару мен қызмет көрсету сапасын жоғарылату арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін оңтайландыру мақсатында қолға алынып жатқаны мəлім. Осы ретте қолданылып келе жатқанына жеті жылдан аспаған көліктерге міндетті техникалық байқауды алып тастауды ұсынамын, - деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Дегенмен, коммерциялық мақсатта пайдаланылатын көліктер бұрынғыдай жыл сайын тексеруден өтуі тиіс. Техбайқаудың бұл жаңа тəртібі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек. Бұдан бөлек, Елбасы сенімхат арқылы көлік басқару тəртібін алып тастауды жəне көлік жүргізуші куəлігін алу кезінде талап етілетін құжаттарды азайтуды да тапсырды. Елбасының айтуынша, қолға алынып жатқан бұл шараның бəрі көлік жүргізушілердің шенеуніктермен қарым-қатынасын азайтуға бағытталған. Ал еліміз соңғы уақытта əкімшілік кедергілермен барынша күресіп келе жатқаны белгілі. Дегенмен, бұл өзгерістер көлік жүргізушілердің өздеріне қаншалықты қолайлы? Осыны анықтау үшін көлік иелерінің өздерінен сыр тартқанды жөн көрдік. Əлиасқар ЖҰМАБАЕВ, ОҚО Адвокаттар алқасының төрағасы: – Жалпы бұл құптарлық бастама. Бұл туралы V шақырылған еліміздің Парламенттің 4-ші сессиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы өте орынды айтты. Алғаш естігенімде қатты қолдадым. Иə, расымен де зауыттан енді ғана шыққан көліктерде қандай техникалық ақау болсын?! Көліктерді жыл сайынғы міндетті

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Ə. ҮСЕНБАЕВ, Шымкент қаласының тұрғыны: - Ғаламтордан бұл хабарды оқып, қуанып қалдым. Расында бұл бізге қолайлы болар еді. Өйткені, өз басым өткен жылы ғана көп жылдар бойы жиған-терген ақшама су жаңа көлік сатып алғанмын. Сапасы жақсы, əлі көп жылдар сыр бермейтініне сенімдімін. Сөйте тұра жыл сайын тексеруден өткізіп, ақша төлеудің қажеті қанша? Техникалық байқаудан өткізу құны да аз емес. Əрі нақты белгіленген бағасы да жоқ. 2012 жылдан бері көлік жөндеу қызметін көрсететін орындарға техникалық байқаудан өткізуге рұқсат берілген. Олардың əрқайсысы өз бағасын өздері белгілейді. Оның үстіне қазір жанармайдың бағасы да барған сайын аспандап барады. Мұның бəрі көлік жүргізушілерге тым артық салмақ болып тұр. Сондықтан, су

техникалық байқаудан өткізу туралы бұл өзгерістер халықтың тұрмыс-тіршілігін оңтайландыру мақсатында қолға алынған орынды ұсыныс деп білемін. Көліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін де аз қаржы кетпейді. Ал жоғарыдағы бастаманы жүзеге асырсақ, бұл жүргізушілер үшін жасалған қолайлы жағдай болар еді. Алайда, «апат айтып келмейді» деген. Егер де зауыттан шыққанына көп уақыт бола қоймаған көліктердің иелері жол көлік оқиғасына тап болған жағдайда ол сол уақыттан бастап міндетті техникалық байқаудан өту керек деп білемін. Өйткені жол көлік оқиғасы кезінде көліктің құрылғылары істен шығып, ол басқа да бөлшектеріне зиянын тигізуі əбден мүмкін ғой. Сондықтан да осы жəйтті заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілсе бұл мəселеге де аса ден қойған жөн-ау

деп ойлаймын Сонымен қатар, өзіңнің жеке көлігіңді біреуге сенімхатпен беруге тиым салу туралы да бастаманың көтерілуі құптарлық жəйт. Себебі, жолда жүрген соң түрлі жағдайларға ұшырауың əбден мүмкін. Сол кезде көліктің иесі ретінде заң алдында жауап беруге тура келеді. Бұл əрекетті өз басым артық сабылыс деп есептеймін. Елбасының тиісті органдарға берген бұл тапсырмасы заңды күшіне енсе, мұны қазақстандықтардың көпшілігі қолдап қуаттайды деген сенімдемін. Мұндай жеңілдік кез келген елде қарастырылмаған. Сондықтан да мұны өте тиімді пайдалану керек деп білемін.

жаңа көліктерді жеті жылға дейін техникалық байқаудан өткізбеу заңмен бекітілсе, бұл бізге үлкен көмек болар еді. Өз басым өте ұқыпты адаммын. Ең алдымен, өзім мен отбасымның амандығы үшін көлігімде ешқандай ақау болмауын қадағалап жүремін. Бұл ең алдымен өзім үшін

керек. Сондықтан, егер өзгелер де осы сақтық шараларын қолға алып жүрсе, техникалық байқаудан өтпеудің ешқандай кері салдары бола қоймас деп ойлаймын.

Ж. ƏСКЕРБЕК, такси жүргізушісі: - Жақсы бастама екен. Бірақ, өз басым қуана қоймадым. Өйткені, бұл өзгерістің маған ешқандай да қатысы жоқ. Мен жеке көліктің иесі болғаныммен, осы көлігіммен жолаушы тасымалдап, несібемді тауып жүрген адаммын. Ал жаңа тəртіп бойынша коммерциялық мақсатта пайдаланылатын көліктер жыл сайын байқаудан өтуі тиіс екен. Бұл бір жағынан, əділетсіз деп ойлаймын. Мен жолаушы тасымалдаумен айналысқандықтан өзімнің ғана емес, жолаушылардың да амандығын ойлауым керек. Сондықтан, жыл сайын дерлік көлігімді жаңартып, ақауларын түгелдей дер кезінде жөндетіп отырамын. Бұл аз шығын емес. Сондықтан, мұндай жеңілдікті бөле-жармай, зауыттан шыққан жылы жеті жылдан аспаған барлық көліктерге бірдей қолдануы керек еді. Екіншіден, мені тағы бір қынжылтқаны, алдағы уақытта көлікті сенімхатпен жүргізуге тыйым салынуы да ғажап емес дегенді де естідім. Бұл да бізге қолайсыз болуы мүмкін. Мəселен, мен қоғамдық такси қызметін атқарудамын. Кейбір кезде түрлі себептермен жұмысқа шыға алмай қалатын кездерім болуы мүмкін. Сондайда өзімнің жақын туысыма сенімхат арқылы жұмысымды тапсыратын боламын. Əйтпесе, отбасымызды асырау қиынға соғады емес пе? Бұдан бөлек менің тағы бір танысым қазір қатты сырқаттанып қалғандықтан, көлігін əйелі сенімхатпен жүргізіп, оны ауруханаға емдетуге апарып-əкеліп жүр. Енді сенімхат беру тəртібін алып тастаса, олар қайтпек? Өз көліктері бола тұра күнделікті такси жалдай ма? Заңды қабылдайтын кезде осы жəйттерді ескерген жөн сияқты. Бетті дайындаған Салтанат ИБРАГИМОВА.


КƏСІПКЕР

¦ÄIËÅÒ

Көрме жеңімпаздары анықталды Жуырда Шымкент қаласының Көрме орталығында өңірдің ең үздік тауарлары анықталды. Шырайлы шаһарымызда жүзеге асқан «Қазақстанның үздік тауарлары» атты көрме-байқауында барлық тауарлар ел назарына ұсынылды. Отандық өнімнің сапасын арттыру мен қазақстандық нарықты бəсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған шарада 50-ден астам кəсіпорын өзара бақ сынасты. Көрмеге азық-түлікке байланысты отандық етсүт өнімдерінен бастап, өндірістік техника бұйымдарына дейін қойылды. Заман талабына орай көп жағдайда, көп нəрсені нарық шешіп келе жатқаны жасырын сыр емес. Сондықтан да нарықтың үздігі атағын сарапқа салған кəсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өз өнімдерін əкелді. Елуден астам

үміткерлер ішінен жеңімпазды бірден анықтау оңайға түспегені рас. Əйтсе де «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» дегендей жұрт назарына ұсынылған тауарлардың сапалары сараланып, үздіктердің үздігі анықталды. Солардың ішінде үздік деп танылған өндірістік мақсаттағы «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, халық тұтынатын тауарлар арасынан «Бал текстиль» жəне үздік азық-түлік тауарлары «PLANTA» компаниялары номинация бойынша

бірінші орынды иеленіп, оларға І дəрежелі дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар, екінші, үшінші орындардың жүлдесіне іліккен компаниялар да əр номинация бойынша ІІ жəне ІІІ дəрежелі дипломдармен марапатталып, оларға сый-құрметтер көрсетілді. Көрмеге қатысқан барлық кəсіпкерлерге Алғыс хаттар тапсырылды. Шымкент қаласында өткен сол өңірлік конкурста үш номинация бойынша жеңіске жеткен 9 кəсіпорын республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алды. Республикалық конкурста «Алтын сапа» сыйлығы үшін бəсекеге түсетін дипломанттар 4 жыл бойы конкурс эмблемасын жарнама мақсатында қолдану құқығына ие болады. Ендеше жерлестерімізге табыс тілейміз!

Қалалық кәсіпорындардың бірыңғай базасы

Шымкент қаласы кəсіпорындарының бірыңғай автоматтандырылған электрондық базасы - www.koldau.gov.kz. Бұл базаның пайдасы зор. Барлық нəрсе автоматтандырылған қазіргі компьютер заманында техникалық дамудан артта қалып қоюға болмайды. Əсіресе, бұл база өндірілген өнімдерінің, жасап шығарған тауарларының, басқалай да зат-бұйымдарының өту-өтпеуі жарнамаларға байланысты кəсіпкерлер үшін таптырмайтын жетістік екені анық. Кəсіпкерлер осынау жаңалық жаршысы арқылы бір-бірінің қандай шаруамен айналысып жатқанын, қандай тауар шығаратынын, өндірістік кəсіпорындардың, зауытфабрикалардың мекенжайы мен тіпті бағасын да базаларға кіру арқылы біле алады. Бір-бірінің жетістіктерінен тəжірибе жинақтап, кемшін тұстарынан сабақ алып, пікір алмасып, қажетті мəліметтер жинақтап, қолға алған өз ісін əрмен қарай өрлете түседі. Еткен ерен еңбектері зая кетпей, сол салада тапқан табысының толағай тұлғалы болуына, өндірісінің өркендеуіне, жұмысының жандануына, атқарған шаруасының алға жылжуына, ісінің ілгерілеуіне негіз қалайтын мұндай мүмкіндік заман талабы екені рас. «Қолдау» деген аты айтып тұрғандай, көп жағдайда оны қолдану сан түрлі қолдаулармен қауыштырады. Түсінікті тілмен таратсақ, бұл жоба Шымкент қаласының кəсіпкерлік бөлімімен арнайы, шағын жəне орта кəсіпорындардың өсу қарқынын дамыту үшін, кəсіпорындарды бір-бірімен ұштастыру арқылы қолдау көрсете отырып, сонымен қатар, қалалық кəсіпорындардың бірыңғай электрондық базасын жүргізу мақсатында құрылып отыр. Қашанда дамудың даңғыл жолын іздейтін кəсіпкерлер үшін аталмыш базаны дұрыс қолдана білгенде өндірістік жағынан болсын, қаржылық жағынан болсын, басқалай мəселе тарапынан болсын, əйтеуір осындағы мəліметтердің пайдасы қыруар екені көрініп-ақ тұр. Шымкент қалалық

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

кəсіпкерлер бөлімінің өнеркəсіп, шағын, орта бизнес жəне сыртқы экономикалық байланыстар секторының меңгерушісі Біржан Сатыпалдиевті сұхбатқа тартып, www.koldau.gov.kz базасы туралы қысқаша баяндап беруін сұрадық. - Бүгінгі таңға, заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сəйкес, Шымкент қаласы кəсіпорындары өзара іс-қимылдарын, халықпен жəне бизнеспен қарым-қатынасын жүргізе алады. Онда күнделікті валюта бағамын, кəсіпорындармен өндірілетін өнімдер түрі, тауар бағасы жəне кəсіпорындар бойынша тиісті мəліметтерді, сонымен қатар мекенжайы мен хабарласу сымтетіктерін пайдалануға болады. Ақпарат орналастыру үшін кəсіпорын өз бетінше тиісті мақалаларын ендіре алады, - деді ол. Шырайлы Шымқаламыздағы кəсіпорындардың бірыңғай автоматтандырылған электрондық базасына ақпарат орналастырып, тиісті мақалаларын ендіру үшін мына екі жəйтті білу шарт: 1. Ұсынылатын ақпараттың айқындығы мен толықтығы. 2. Ақпаратты ұсынуда үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін жəне құқығын сақтау принциптері. Осы негізді сақтай отырып, қосымша сайт арқылы əлеуметтік желілерге кіруге болады. Арғы жағы түсінікті, əрине. Əркім өз талғамы мен талабына орай қажеттісін іздейді, ақыл-кеңес алады. Оның үстіне тағы да қосымша мəліметтер, пайдалы деректер, бірбірімен хабарласуға болатын сымтетік нөмірлері мен кəсіпкерлерге тиісті өндірістік кəсіпорындар мен ірілі-ұсақты компаниялардың мекенжайлары менмұндалап тұрады. Іздегеніңді тауып, қалағаныңды қиналмай кездестіретін бұл жаңалық жаршысының арқасында ауырлықтар айтарлықтай азайып, қиындықтар саны кеми түскен. Сондайақ сан салада көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие еткізетін базаның кəсіпкерлерге тигізетін жетістіктері баянды бола бергей!

Жаңалық жаршысының арқасында ауырлықтар №32 (192) азайып, қиындықтар саны кеми түскен 12.09.2014 жыл

4

ДЕНСАУЛЫҚ Конго-қырым геморрагиялық қызбасы алғашқы рет 1944 жылы Қырымда жаңа жерді иелену мақсатында келген қоныстанушылар мен əскерлер ішінде болған ауру адамдар арасында зерттеліп, анықталды. Конго-қырым геморрагиялық қызбасы, вирусы бар иксодты кенелер арқылы жұғады. Кененің белсенділігі əсіресе еліміздің Оңтүстік бөлігінде көп байқалады. Осы қауіпті аймақта жалпы саны екі миллионнан астам халқы бар 995 елді мекенде орналасқан тұрғындар жеке бастың сақтандыру шарасын біліп, төніп тұрған жұқпадан қорғануы керек.

оны қолмен сығып алып тастауға тырысуға болмайды. Қан сорған кенені абайлап пинцетпен алып тастау шарт. Соның өзінде оның тұмсығын денеде қалдырмауды қадағалаған жөн. Денеңіздегі кенені байқасаңыз, май немесе керосин тамызып, мықты жіппен ырғау арқылы ақырын теріден шығарып

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ Жеке қорғану шараларынан басқа елімізде Үкімет тарапынан жалпы кеңесте кенеге қарсы күрес жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Аурудың алдын алу мақсатында биыл да Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы мекемелерінен кенеге қарсы залалсыздандыру шараларын, мал тұрақтарына, қолайсыз елді мекендерге санитарлық қорғаныс аймағын құру талап етіліп отыр. Республикамыздың Үкіметі эпизоотологиялық қолайлы жағдай жасауды жəне мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында үш жыл ішінде 61 миллиард теңге қаржы бөлуді жоспарлаған. Бұл шара іс жүзінде жергілікті əкімшіліктердің жəне ветеринарлық

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚЫЗБАСЫ – ҚАУІПТІ АУРУ

Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану үшін оның табиғаттағы сақтаушы көзі əрі тасымалдаушы болып табылатын иксод кенелерінің маусымдық өзгерістерін, ауру қоздырғышының жалпы сипаттамасын, клиникалық белгілерін, жұқпалылық негіздерін білу қажет. Əрине, зерттеу жұмысымен айналысып жатуға кезкелгеннің уақыты бола бермейді, əрі кейбіреулер кене шаққанға жеңіл қарайды. Шаруа қамымен жүріп, оны майда-шүйдеге теңеп, кейде қолын бір сермеп кете барады. Оның адам өмірі үшін өте қауіпті екенін, соңы қатерлі жағдайға алып баратынын да ойламайды. Бəлкім осынау жəндік туралы, оның өте қауіптілігі жайлы мəліметі аз шығар. Сондықтан арнайы мамандардың ақыл-кеңесіне сүйене отырып, біраз жəйттерді жұртшылық назарына сала кетуді жөн санадық.

АДАМ АУРУДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫН ҚАЛАЙ ЖҰҚТЫРАДЫ ЖƏНЕ ОДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ? Мысалы үшін, жайылымнан келген сиырдың желініне жабысқан кенені қорғансыз қолмен тергенде ол шағып алып, содан ауру жұқтырады. Сондай-ақ кенелері бар жануармен қатынаста болғанда, яғни оларды жайлағанда, жемшөп салып, суғарғанда, тіпті қораға кіргізіп байлағанда қоздырғышы бар кенеге тап келуі кəдік емес. Қой қырықтығы кезінде де сондай қауіптің болуы ықтимал. Жəне ауырған адамның қанын сараптама жасайтындар да абайсызда жұқтырып алады. Сондықтан кенесі бар жан-жануарларды бағыпкүтетін адамдар, далалық жердегі жұмыстармен айналысатындар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, кенеден қорғанатын арнайы киім киіп, ал жұмыс аяғында оны шешіп, қағып тастауы керек. Сол киімнің сыртқы жағын тексеріп жəне кенені үркітетін репелленттерді пайдалану қажет. Ауылдық немесе қолайсыз аймақтағы, далалық жерде тұратындарға қиын екені рас, əрине. Сонда да тазалықты сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұмытпай жүрсе əлгі қиындық азая түседі. Ал кене шаққан жағдайда,

тастаңыз. Егер теріде кененің тұмсығы қалып қойса, оны тікен алғандай денеден шығарып тастап, шаққан жерді йод тұнбасымен залалсыздандыру да қауіптің алдын алады.

АУРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ Адам конго-қырым геморрагиялық қызбасымен ауырғанда дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп кетеді. Ал келесі күні лоқсып, құсқысы келеді, іші өтеді. Содан кейін беті ісініп, қызарады. Тағы бір белгісі – тілінің ұшы ағарады. Осындай жəйттерге баса назар аударып, тездетіп алдын алу шараларын жасау керек. Бұл аталмыш ауруды жұқтырудың алғашқы белгілері екенін ұмытпаңыз. Сырқат басталғаннан екі-төрт күн аралығында науқастың мұрнынан қан кетеді. Ол үш күннен бір аптаға дейін созылады. Кейде асқазанға да қан құйылуы əбден мүмкін. Асқазан мен ішекке қан кеткенде үлкен дəрет қараяды. Содан да білуге болады ішке қан жайылғанын. Сондай-ақ тістерінің түптері босап, қанайды, тіпті аузынан бірнеше күн қатарынан қан ағады. Осындайда ауруды асқындырып алмай, дəрігерлердің, тиісті мамандардың көмегіне жүгіну керек. Өйткені əлгі құбылыстардың салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, əлсіреп, жүректің соғуы жиілейді. Бұндай халге жеткен адамды дер кезінде дəрігерге көрсетіп, емдетпесе оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталып, адам қазаға ұшырауы мүмкін. Жоғарыда ескерткендеріміз - конго-қырым қанды қызбасының ауыр түрінің белгілері. Негізі геморрагиялық қызбасының жеңіл түрі де болады. Оның алғашқы белгілері де ауыр түрімен сырқаттанған кездерге ұқсастау. Ондайда да адамның дене қызуы көтеріледі, бірақ ұзаққа созылмайды. Тері астынан қан кетіп, тіс түптері қанталайды. Бір-екі рет мұрыннан қан кетеді, содан кейін адам жеті-он күн ішінде жазылады. Əйтсе де бəрібір дəрігерге көрініп, сырқаттың қайталанбауының алдын алып, қажетті кеңестерге құлақ асып, тиісті дəрі-дəрмектерді пайдалану артықтық етпейді.

қызметкерлердің белсенділігі арқасында ғана іске асады, əрине. Геморрагиялық қызба байқалған жерде малға кене жабыспау үшін оларды міндетті түрде дəрілеп, тоғыту жұмыстарын жандандыру қажеттілік болып табылады. Негізі малды механикаландырылған шомылдырғыштарда тоғытқан дұрыс. Мал тұратын қораларды, сарайларды креолиннің 2-3 %, гексахлоринның 1 % жəне басқа да дəрілердің ерітіндісімен дезинфекциялау орынды. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылғаны абзал. Əсіресе ауру байқалған жерді, мал қоралары мен маңайын, үй ішін, ауланы, тағы басқа да тұстарды дезинфекциялау қауіптің алдын алу шараларына жатады. Сонымен қатар тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қадағалау, болдырмауды қарастыру өте қажет. Əрбір адам міндетті түрде өз денсаулығын ойлап сақтанса, дер кезінде медициналық көмекке жүгінсе, қажетті жағдайда кенеден қорғаныш құралдарының болуын қамтамасыз етсе, аулалардың таза болуына сүбелі үлесін қосса аталмыш аурудың ауылы алыс болуына септігін тигізері даусыз. Біз жазып отырған кеңес - шаққан кезде қауіпті ауруға душар ететін, тіпті кейбірде адам өліміне алып келетін қатерлі жəндік - кенеге қарсы алдын алу шаралары жайлы екені түсінікті. Сондай-ақ оны жұқтырмаудың амалын, ол үшін не істеу керектігін де санаға сіңіруге тырыстық. Сөйтіп, мал шаруашылығымен ғана емес, басқа салаларда жұмыс істейтін мамандардың өзіне қандайда бір себептермен жұғуы мүмкін болған кене кесепаты туралы ойланып жүруі керектігін еске салдық. Мақсатымыз конго-қырым қызбасы ауыр дерт екенін жалпы жұртқа түсіндіріп, оның зияндылығын паш ету еді. Əйтеуір сақ болыңыз, ағайын! Төрəлі ЖҰБАНОВ, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімі басшысының орынбасары.

ЖЫЛАУЫҚ ҚҰРТ (эхинококкоз) Жылауық құрт кеселі - адам мен мал ағзаларына құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын дерт. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан, ит, мысықтардан жұғады. Көзге əрең көріне-тін жылауық құртының ұзындығы 2 мм ден 1 см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дəреті ар-қылы суды, шөпті, жерді лас-тайды жəне қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, бұлақтар мен өзен суларын қайнатпай ішкенде адам ағзасына түседі. Асқазанға түскен жылауық құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып ішек қатпарларына енеді, содан əрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми жəне басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық құрт өсіп өне бастайды.Олар көп ұялы жəне бір ұялы болып бөлінеді. Жылауық құрт қалтасы өсіп,

сырқаттың белгісі біліне бастайды, құрт өскен жердегі ағзаның қызметі бұзылады. Егер науқас адам уақытында дəрігерге көрініп ауруын анықтап емделмесе, уақтылы ота жасатып тез арада жылауық құрт қалтасын алдырып тастамаса, ол ұлғая келе жарылып, науқастың өміріне қауіп келтіреді. Ал, енді осы ауруға шалдықпаудың жолдары бар ма? «Сақтансаң сау боларсың» дейді халқымыз. Тазалық мұқият сақталған жерде аурудың болуы мүмкін емес. Көп жылғы тəжірибелер-

ге қарағанда бұл ауру мал шаруашылығымен айналысатын кісілердің арасында жиі кездеседі. Аталған аурудың нағыз таратушы көзі ит пен мысықтар екенін жоғарыда айтып өттік. Бір ауру итте 200 мыңға жуық жылауық құрттың ұрықтары болады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға яғни үйдің айналасына, аулаға, сəкіге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт ұрықтарын шашады. Ол ұрықтар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы адамға жұғады. Ауру таратушы иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын

емес. Ол өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін, өкпе бауырларын ит, мысықтарға жегізбей терең шұнқырларға көміп немесе өртеп жіберген дұрыс. Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нəжістерін өртеп жіберу, жыл сайын мал дəрігерлеріне тексеріп тұру, дəрі беру арқылы құрттардан тазартып тұру керек. Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан барлық жерде тазалық сақтайық. Бетті дайындаған А. БАЙЖАУҚАР.


¦ÄIËÅÒ

ТҰЛҒА

Елеулі еңбектері Сағымбай Қозыбаев есімін №32 (192) күллі Кеңестер Одағына əйгілі етті 12.09.2014 жыл

Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ

Халық ақыны Үмбетəлі Кəрібаевтың туғанына – 125 жыл

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ

1921 жылдың жазында Қасым деген адам дүбірлі той жасайды. Бұл тойда Жамбыл бастаған бір шоғыр, кілең «Сен тұр, мен атайын» ақындар бас қосады. Өлең сөздің көрігін гулетіп, даладуманды бастап кетеді. Кез келген той – тамаша айтыссыз өтпейтіні белгілі. Сондықтан бұл қуанышқа арнайы Үмбетəлі КƏРІБАЕВ ат жіберіп Нұриланы да алғызады. Үмбетəлі мен Нұрила осы тойда айтысады. Тойға кешігіп келген ақын келіншекке домбыра ұсынылады. Сонда Нұрила іркілмей: Мен болсам Жантудағы Нұрила ақын, Шығандап шырқағанда шықсын даңқым. Құбылтып ырғағымен даусым əнді, Тыңдасын ынтасымен сүйіп халқым, – деп төгіле жөнеледі. Осындағы кез келген ақынмен айтысуға дайын екенін білдіреді. Нұриланың мысы басқандай Бармақ, Шүкітай, Кенен сынды ақындар айтысудан жалтарады. Шабыттанып, ширыға түскен Нұриланың «Əрине, айтыспаймыз Жамбылменен, Басқасының байқасам нарқы төмен» деген сөзіне шамырқанған Үмбетəлі бірден жауап қайтарады. ...Ала сөйлеп əркімді омырауға, Ұшырадың, Нүрік-ау, үлкен дауға. Аттан байтал аптығып озған емес Сұрамаспын сондықтан сенен сауға, – дейді. Əйел затының ермен тең болмайтынын тілге тиек етеді. «Əркімді омырауға алып» асқақтаудың артық екенін айтады. Нұриланы төмендете «байталдың бағасы кем» деген ескі əдетті алға тартады. Əйел басынан бір мін табуға ұмтылады. Енді бір кезегінде: Намыстанба, Нұрила, жаным оған, Өзіңнен кем еркегің, тидің соған, – деп сауал тастай сөйлейді. Бұл – қарсыласып тұқыртудың бір амалы. Бірақ бұл сөзге Нұрила тосылмайды, ұтымды жауап береді. Ей, Үмбет сенің өзің еркек пе едің, Білмейтін сөз нақылын тентек пе едің. Қағысып айтысудың ебін білмей, Аузыңа келген сөзді жентектедің. Бұл арада Нұрила сөздің нарқы мен парқын біліп, дəлел-дəйекпен сөйлеуді қолдағандай болады. Əрине, «аузыңа келген сөзді жентектедің» дегені ащы айтылған сөз. Сонда Үмбетəлі: Неғыпты қатыннан қап сонша маған, Емеспін оңай неме мен де саған? Алдымда жаңғалақтап сөйлей алмай Əр жерде қалушы еді сендей адам, – десе, Нұрила: Дəл өзі сен емес пе кеңкелестің, Болады сөзі осындай жарыместің... Бұл Үмбет ақын емес, анық шатпақ Ежелден ескі мінез сөзге тақпақ, – дейді. Нұриланың аузынан да «кеңкелес, жарымес» сияқты бейəдеп сөздер шығады. Айтыс басқа арнаға ауыспайды, екі ақын да бір-бірінің мінін қазбалайды. Нұриланың бұл айтқаны Үмбетəліге жақсы əсер етпесі белгілі. Сондықтан ол да ауыр сөзге барады. Ұят жоқ, иман жоқ та деген де сіз, Көрмедім бұл жалғанда сендей пірсіз. Шімірікпей, жүзің құрғыр не деп айттың, Бетіңнің қытығы жоқ, тіпті бүрсіз. Бұдан ары Нұриланы «бұлт етпе түлкі құйрық», «долы құйын секілді», «ысқырған оқ жыланға» балап ауырлау сөздер айтады. Ертеректе мұндай сөздерді ақындар айтыс үстінде айта беретін болған. Бірақ қанша қатқыл айтса да айып саналмаған. Академик М.Əуезовтің: «Əріптесіне қандайлық қатты сөз, ащы сөз, тіпті бас мінесу сияқты айтыстарда болатын тұрпайы ауыр сөздер айтса да ол кінə болып, айып болып саналмайды» (М.Əуезов. Шығармалар. – Алматы, ІІ-т, 427б.) – деген тұжырымына қарағанда ащы айтса да ағаттыққа саналмаған. Қайта Үмбетəлінің кейбір салыстыруларынан ақындық тапқырлық та танылып тұратынын айтқан жөн. Осы ретте талай шаршы топты жарып жүлде алған екі ақын да қатты қағысып, қарымта жібермеуді мақсат еткен сияқты. Басынан сөз асырғысы келмеген Нұрила өз кезегінде: Болғанда бетің тықыр, бойың шықыр, Қитықтау мінезің бар желкең шұқыр. Кескінің келісімсіз таңқы мұрын Торсықтай майлап қойған қара жылтыр, - десе Үмбетəлі: Өз басын тоқтай ма адам тасқа ұрғанша, Күнəға бойыңды арбап баттың қанша. Сөзіме айтпайтұғын асық болдың, Алысып албастыңды қақтырғанша, – деп қағыта жауап береді. Барынша шиеліністі өтіп жатқан айтыста екі ақын да ойдағысын ірікпей емін-еркін айтады. Тіпті бірбірінің түр-түстеріндегі, жеке бастарындағы кемкетіктерді тізбелейді. Бірін-бірі сөзден сүріндіргісі келген ақындар аянып қалмаған. Əншейінде айтыла бермейтін, көңілде болғанымен көп алдында ашыла бермейтін кейбір жайлар мін ретінде көрсетіледі. Сөзден тосыла қоймайтын Нұрилаға əріптесінің жоғарыдағы сөзі шымбайына батса керек, бір жағы өкпе-наз айтқандай болады: Ей, Үмбет, уға қостың, қуға қостың, Құйынға, түлкі, мысық, суға қостың. Сынапқа, сұр жыланға мені теңеп Өзіңді бозторғай қып жырға қостың Құлғана, мерез, кесел тұмақ болып Сырыңды зиянкестік шынға қостың... Сыпайы сөйлеймін деп тəтті тілмен Ит қылып ең соңында ырға қостың. «Жығылған сүрінгенге күлер» деген Өзіңе келер кезек өйтпе, досым, – деп бір сəт сабырға шақырғандай болады. Ақындар айтысында мұндай өткір сын аз

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

ұшыраспайды. Өйткені айтыста қандай ащы сөздер айтылса да көпшілік ақынның еркін айтуын, ойын бүкпей сөйлеуін қолдап отырған. Бұл айтыс өнеріне тəн дəстүр. Ақпа-төкпе имправизатор ақындар өнер сайысы – сөз қарымтасында өздерін асқақ ұстап көтере сөйлесе, қарсыласын жасыта сескендіре сөйлеген. Ақпа ақын үшін асқақ сөйлеу артықтық етпейді. Үмбетəлінің бірде: Өрен жүйрік өлеңге Үмбет едім, Жүрген-тұрған жеріме міндет едім. Түлкісін қызыл Алтай сөздің қуып, Апарып өз ініне індетемін, – деп шалқуы жарасымды. Үмбетəлі мен Нұриланың айтысынан да осы тəсіл анық аңғарылып отырады. Сонымен бірге бұл айтыстың бір ерекшелігі – əлеуметтікқоғамдық мəселе көтерілмейді, рушылдық та айтылмайды. Көбіне жеке бастарын сынап-мінеп қағысуға көбірек барғаны байқалады. Басқаша айтқанда, ақберен ақындық өнер ортаға түседі. Ақыры, екі ақынның айтысын тыңдап отырған Жамбыл: Бағы жанса байталдың бағасы зор, Адасқанын Үмбеттің байқады ол. Бұл жердегі айтыстың кезегінен, Нұрилаға беретін теңеуім сол, – деп Нұриланың үйіне қайтуына рұқсат береді. «Жамбылдың жасы жетті жетпістерге, мұндай бала көргем жоқ өткір тілге» деп өнеріне ризалық білдіреді. Бұл арада

Көңілде иман, кеудеңде жаның болса, – деп Нұрсапаның апшысын қуыра түседі. Бетің бар, жүзің бар демей, мінін тура бетіне басады. Бұл арада үлкен əлеуметтік мəселенің беті ашылады. Нағыз шындыққа табан тіреген ақын ел билеушінің озбырлығын шенейді. Бұл бір адамға қарата айтылғанымен, көп билеушілерге ортақ кемістік екені белгілі. Мұндай ащы ақиқатты жоққа шығару мүмкін емес еді. Бірақ Нұрсапа ақын да қарап қалмайды. «Суға кеткен тал қармайды» дегеннің кері келгендей былай дейді: ...Көлденең боп қайтейін, көп еркесің, Тапқан соң жұрт үстінен нəсібіңді. Қолыңа домбыра ұстап, өлең айтып, Қып жүрсің ел аралап кəсібіңді. Ақынның ел аралап өлең айтқанын кемсіте сөйлейді. Ел үстінен күн көріп жүрсің деген емеурін танытады. Өзіне кезек келгенде Үмбетəлі жоғардағы ойын тереңдете түседі. Басқаларға əсер етерлік орнықты ой айтады. Оның жемқорлығын əшкере етеді. Тəкаппарлық қылмағын төремін деп, Қаупің жоқ па құдайдан өлемін деп, Көзді жұмып сылқитып соғып жүрсің, Ақыретті мен бара көремін деп, – дегенде, Нұрсапа: Жөніңе, егесті ғой, келмейсің бе, Ел жеген жалғыз төре мен дейсің бе?

5

70

а н ы с а к и т с и л а н р у ж қ а з Қа қазына сыйлаған академик жаста Зеңгір көктің түпсіз тұңғиығына көз тіккен қаршадай бала көк аспаннан көзін алар емес, ол əлденені іздейтін сияқты. Иə, бұл баланың ойы, кезінде өмір ағымындағы қарапайым бір шаруа болып көрінгенімен кейін тарихқа енген оқиға турасында болатын. Əкесі соғыс кезінде əскери ұшақ жасатып, оны майданға жөнелткен. Осы оқиға сəби құлағына сіңіп қалған. Алқаракөк аспанда сол ұшақтың қалай самғап бара жатқанын көргісі де келетін шығар. Əлде қылыш қанаты ақша бұлттарды тіліп өткен ақиық қырандардың қалықтаған сұлбасын байқағысы келетін болар. Бəрі мүмкін...

4Жамбыл, Кенен, Үмбетəлі… ескерте кетер бір жай, Нұриланың атынан айтылатын мынандай жолдары бар: Байқаусыз қапелімде бір жеңілді, Əйтпесе ақын екен аса құнды. Тегінде оңайлықпен ақын болмас, Мылтықтың ағындай-ақ назасы ұрды, – деп Үмбетəлінің ақындығын бірден мойындап, оның өнерін аса жоғары бағалайды. Бұл айтыста жеке адам тағдырының қалтарыстары көбірек айтылған. Осыған қарамастан екі ақынның қиынды қиып түсер алғырлық, шешендік шеберліктері, тосын жайға тосылмайтын ақындық өрелерінің биіктігі байқалып отырады. Төгіп айтқан аршынды ақындардың аузынан небір айшықты сөздердің ажары ашыла түскендей. Мəселен: «Түлкісін қызыл Алтай сөздің қуып», «Шаңқан боздай сөзіме шаң жұқпайды», «Нар кескен өткір болат тілім – семсер», «Дүлділдей қызыл тілім сөйлер шағың», «Орданың сұр жыланы тəрізденіп» т.б. Осы тəрізді кестелі сөздер көп. Айтыс ақынынан пайым-парасатты, шешен-шеберлікті, талғампаздық пен тапқырлықты қажет ететін кірпияз өнер десек, осындай талапқа бұл айтыс толық жауап береді. Ал, Үмбетəлі мен Нұрсапаның айтысы ұзақ сонар айтыс емес, бас-аяғы жинақы. Мұнда бұлтартпайтын дəлел-дəйек басым. 1914 жылы Үмбетəлі ел аралап жүріп Қызылбөрік елінің төресі Нұрсапа Саябырұлының үйіне қонады. Нұрсапа бір жігітіне Үмбетəлінің құйысқанын тықтырып қояды. Ондағы ойы ақын құйысқанын қалай іздеп, сұрайтынын естімек болады. Оның үстіне Нұрсапаның өзі де ақын екен. Сондықтан көпке кеңінен танымал болған Үмбетəліні бір сынап байқамақ болады. Кетерінде құйысқанының жоғын білген Үмбетəлі ел алдында Нұрсапаға шүйлігіп: Уа, Нұрсапа! Үмбетті қасыңа алдың, Қарсы келген адамның басын алдың. Төре алды ма, білмеймін қара алды ма, Құйысқанын Үмбеттің қайсың алдың? – деп, тіке «шабуылға» шығады. Сонда Нұрсапа қолма-қол жауап береді. Отырғам жоқ мен саған жала жауып, Тамаша жүрген жерім күнде сауық. Наркескен өткір болат тілім – семсер, Сермесем сүйегіңді кетер қауып, – деген жолдар оның нағыз алғыр ақын екендігін айғақтай түседі. Айтыстың болуына құйысқан себеп болса да, екеуінің де бірдей төгіп айтуға қабілетқарымдарының жоғары екендігі таныла түседі. Үмбетəлінің бұл сөзіне Нұрсапа іркілмей жауап беріп, өзінің ата-тегін мақтан етеді. Таралған Бəйдібектен бабам Албан, Біздерді кем қылған жоқ бас пен малдан. Болсаң да он ауызды оралтар ем, Отырмын мейман ғой деп келіп қалған, Жеңіліп қайтсаң менен жердей болып, Өтерсің өміріңше қылып арман, – дейді. Бір жағынан сыпайылық сақтағандай болса, екінші жағынан, өзінің де ақындықтан қара жаяу емес екенін сөздіргендей болады. Бірақ айтыс біртіндеп басқаша сипат алады. Екі ақын да шабыттана-шамырқана түскендей болады. Үмбетəлі өткір де өктем сөйлеп: Аяма қомданып қал, барың болса, Мойныңда бір шабарлық жалың болса. Құйысқанды ұрлап ап айтысар ме ең, Абыройың, адамдық арың болса? Бұқарасы қорлықты көретұғын, Басшысы ел билейтін залым болса. Арамдықтан бойыңды тартар едің.

Мен жесем, өлең менен сен де жедің Жегенге сен де жауап бермейсің бе? – деп ымыраға шақырғандай болады. Екіншіден, елден жейтінін де мойындайды. Сондай-ақ Үмбетəліге ел бір нəрсе берсе, өнерін сыйлағандықтан береді. Бұл арада Нұрсапаның сөзі дəлелді емес. «Ұялған тек тұрмастың» ғана харакеті деуге болады. Бұдан кейінгі кезегінде Үмбетəлі: «Не қылсаң сол алдыңа келер» деген, Аты соғып жүрмесін кемге деймін. Қоймапсың елде жалды ат, қомды түйе, Мен емес, тоймайтұғын сен бе деймін, – деп сөз сайысын үдете, еселей түседі. Оның жөнсіз əрекетін көп алдында əшкере етеді. Кімнің сөзі дəлелді, өтімді болса, сол жеңіске жетеді. Енді айтысты ары қарай созудың қажеті жоғын сезген Нұрсапа: «Бұл өзі қызыл желдей есіп тұрған дүлділ ақын екен. Тасқа біткен шынардай талабың бар жігіт екенсің» – деп жеңілгенін мойындап, құйысқанын тауып береді. Ат-шапан айыбын тартады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Үмбетəлі кезінде өзі тұстас танымал ақындардың көбімен айтысқан. Бірақ соның бəрі сақталмаған көрінеді. Тіпті бір реті келгенде қаһарлы сөзімен қамал бұзған Жамбылмен де қағысып – қарпысын қалады. Жəкең сыныққа сылтау тауып, «Қара баланы» сынап көреді. Оның өткір, шымыр өлеңдеріне риза болады. «Жетісу ақындарының жұлдызы» деген баға береді. Жамбылдың ең талантты шəкірттерінің бірі болады. Айтыс – эстетикалық, танымдық-ақпараттық сипаты бар синкретті өнер. Көптің көңілінен шықпаған ақын «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлуі» əбден мүмкін. Үмбетəлі шабытты шағында терме өлең болсын, айтыс өлең болсын төгіп айтатын даңғыл жүйрік, ақберен ақын ретінде танылған. «Өлең-жырды айтқанда тау суындай тасыдым» деген сөзі нағыз шындық. Шын мəнінде Жетісу ақындарының ішінде Үмбетəлінің иығы қашанда озық тұр. Қорыта айтқанда, Үмбетəлі – ойы терең, қиялы ұшқыр, талай сөз сайысын да қынаптан суырған қылыштай жарқылдаған өнер иесі. Ғ.Мүсірепов: «Ақиық ақындардың тобында Үмбетəлі Кəрібаевтың орны өзгеше, жыр додасы десе арқасы қозып, елдікті бетке ұстап сөз маржанын барынша қастерлеп, айтар ойын байыппен толғайтын нағыз тарландардың дəстүрі кейінгіге үлкен сабақ» – деп орынды баға береді. Үмбетəліге тəн қасиеттің бірі – тосылмай төгіле айту. Оның айтыстарында келісті ой, кестелі сөз жиі ұшырасып отырады. Айтар ойын өтімді де өткірлей түсу үшін тапқырлықпен тауып айтқан айшықты, өрнекті сөз тіркестері көп. Сондықтан оның айтыстарын шеберлік шешендігі, көркемдік бейнелігі жағынан осы жанрдың татымды туындыларының қатарына қосуға болады. Айтыс өнерінің ұлт өміріндегі рухани қызметі бір сəтте бəсең тартпағанын ескерсек, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында ақпа-ақындық өнердің дамуына үлес қосқан ақынның бірі – Үмбетəлі. Ол талай-талай келелі кеңес пен салтанатты жиындарда алқалы топты аузына қаратқан, өрелі ой айта білген көрнекті тұлға, суырып салма айтыс өнерінің шашасына шаң жұқпайтын ақтангері десек артық айтқандық емес. Зуфар СЕЙТЖАНҰЛЫ, Əл-Фараби атындағы ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Қияға талпынған қара домалақтың қиялымен бірге көкірегіне асыл арман шынары алтын тамыр жайып та келе жатқан тұсы болар. Сол балғын дəурен кезінен дағдыға айналған əдет келе-келе қалам ұстауға мұрындық болған-ды. Адамзат өркениетінің тегершігі, өз дəуірінің асқақ мұратымен асыл аманатын арқалай білген тұлғалардың, айтып тауысқысыз үлестері арқасында алға дөңгелейді. Ұлт руханиятының көшін бастаған сол қанаттылардың қажымас рухы, қайталанбас қолтаңбалары тарих парағанда өз шұғыласын мəңгі шашып тұрмақ. Олар өткен күннің өздері жасаған заманасының заңғарынан қол бұлғап қала бермек. Солардың қатарынан ойып орын алатын бір тұлға – Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев. Ол еліміздің ғылым-білімінің қара шанырағы – ƏлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұзақ жылдар еңбек етіп келеді. Журналистика факультетінде баспасөз тарихы кафедрасын басқарумен қатар «Отандық журналистика тарихы» атты ғылымитанымдық журнал шығарады. Бұдан басқа шаруалар, атап айтқанда диссертациялық кеңестің мүшелігі, кандидаттық, магистрлік еңбектерге ғылыми жетекшілігі, докторлық диссертацияларға кеңесшілік пен оппоненттік болу секілді жұмыстарды атқара жүріп, арасында еліміздегі университтер мен БАҚ ұжымдарының, шетелдік əріптестерінің шақыруларымен жарты əлемді шарлайтын іссапарлары да баршылық. Бүгінгі тəуелсіз қазақ елінің журналистикасының қалыптасу һəм өркендеу үдерісін Сағымбай Қозыбаевтың есімінен бөле қарауға болмайды. Иə, осы қажырлы академик, қарымды журналист бір институттың жүгін бір өзі дара арқалап бүгінге жетті. Сағымбай Қозыбаевтың есімі аталарда ең алдымен ойымызға қазақ тарихы һəм дүние тарихы турасындағы еңбек оралары шүбəсіз. Себебі, ол тарих ғылымдарының докторы, отандық журналистика тарихын жəне дүниежүзілік журналистика тарихын зерттеуші. Зерттеу еңбектерінде ғалым, ХХ ғасырдағы ең айтулы оқиғалардың ақпараттық астарын ашуға тырысады. Ақпарат пен қоғамдық сана, ақпарат пен технология, геосаясат, ақпарат пен экономика сынды тақырыптардағы мəселелердің жайжапсарына үңіледі. Айталық, автор атап көрсеткендей, Ұлы Отан соғысы тұсындағы майдандық журналистиканы қазақ журналистикасының алтын парағы деуге болады. Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, Ə.Нұршайықов, М.Ғабдуллин сынды біртуар тұлғалардың майданда қаруы мен қаламын қоса жұмсағаны белгілі. Олар қаскөй дұшпандарына мылтық-

пен де, сөзбен де күресе білген ақынжазушылардың публицистикалық еңбектерін айрықша зерделеп зерттей білуі, оның тарих тағылымымен журналистикалық танымды бір арнада тоғыстыра білгендігін аңғартады. Өрт ішінде өлім мен өмір арпалысында жүріп, тарихтың парасат парақтарында өшпестей етіп өнеге қалдыра білген баһадүр бабалар рухына етілген адал перзенттік тағзым болатын. Ғалымның жаңашыл бағыттағы тың ізденісі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы «майдандық журналистика» мен «дүниежүзілік журналистика тарихын зерттеу» сынды елеулі еңбектері Сағымбай Қозыбаев есімін күллі Кеңестер Одағына əйгілі етті. Сағымбай Қозыбаев тəуелсіз қазақстандық БАҚ-тың қалыптасуына да қалтқысыз қызмет етті. Қазақ көсемсөзінің көсегесін көгертуге тер төкті. Еркін ел баспасөзінің бағыты мен тарихи міндетін айқындауды бір арнаға түсіру сияқты сындарлы белестерді ұлт ұпайына шешкен де осы – Сəкең болатын. Сағымбай Қозыбаевтың зерттеу еңбектерінде бүгінгі қазақ журналистикасы мен əлемдік журналистиканың ең өткір өзекті мəселелері туралы терең толғаныстар жасалады. Орта Азия мен Қазақ елдерінің БАҚ саласындағы дамуының ертеңі турасында болжамдар айтылады. Иə, журналистика академиясының алар орны ерекше. Еліміздің əр аймақтарынан жүлдегер атанған журналистер еңбегі академия белгілеген «Алтын жұлдыз», «Алтын самұрық» сыйлықтарын иеленді. Олар журналистика саласының жеңімпаздары еді. Сəкең бастаған журналистика академиясының жүлдегерлері биік-биік шыңдардан көрініп жүр. Аталмыш сыйлықтарды көптеген БАҚ ұжымдары алды. Шығармашылық шеберліктері үшін Дүкеш Байымбетов, Балғабек Қыдырбекұлы, Қуаныш Сұлтанов, Жанна Ахметова сынды танымал журналист-публицистер марапатталғанын білеміз. Қазақ журналистер академиясының президенті С.Қозыбаевтың самайын ағартқан сан жылдардың еншісінде қазақ журналистикасына сыйлаған қазынасы мол. Жеңісті де жемісті жетпіс жылың құтты болсын, қазақ журналистикасының тау тұлғасы. Ердің елі үшін еткен еңбегі мен төккен терін тəуелсіз елі есіне сақтап, есімін ертеңгі ұрпақ жаттап, Сағымбай Қозыбаевтың асқан асуы мен жеткен белесінің мерейін асырады деп сенеміз. Əмір МОЛДАБЕКОВ, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты.


¦ÄIËÅÒ Қазақ халқының біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні жазған бұл кітап – күнделік негізінде бұрын шыққан «Шуақты күндердің» жалғасы. Кітапта əке, ата, қайын ата – Бəукеңнің үлкен өмірінің отбасы, ыстық ұядағы тыныстіршілігі, қадір-қасиеті сөз болып, оның күрделі бейнесінің тағы бір жаңа қырлары көрініп, қайталан-бас тұлғасы толыса түскен. Сонымен бірге халқымыздың үлгі-өнеге, дəстүр-салты молынан қамтылған. Əсіресе, өсер ұрпаққа берері көп шығарма. Жақсы кітапқа қашанда қол жете бермейді. Ендеше оқырман назарына ұлттық құндылықтарымызға ерекше рең беріп, елеулі үлес қосатын аталмыш кітапты автордың ұсынысына сəйкес газет арқылы жариялауды мақсат еттік.

СӨЗ АНАСЫ – СӘЛЕМ – Сəлемдесе білесіз бе? «Осындай да сұрақ бола ма?» деп миығыңыздан мысқылдай күлеріңіз анық. Бір кезде тосыннан айтылған осы сөзге ойланбастан мен де күлгем... Бұл сонау 1973 жылы қараша айының 16 жұлдызы, жұма күні болатын. Түскі астың қамын жасап, нан илеп тұрғам. Көзім қолымның қозғалысында болғанымен, ойым қайдағы бір шырмауықтай ширатылған шытырманның ортасында еді. Кенет ту сыртымнан гүр еткен оқыс үн естілгенде шошынғаным соншалық, бір шетке ыршып түстім. Ебедейсіз қимылымнан қамыр илеп жатқан табағым үстел үстіне аударылып қалды. Бағыт-бағдары жоқ баянсыз ойға малтығып, айналамды ұмытсам керек, қапелімде шыққан дауыстан үркек жүректің тас төбеме ойнақтап шыға келгені сондықтан. – Қарағым-ау, не көрінді сонша зəрең ұшып?! Менің дауысыма үйренетін уақытың болған жоқ па? – деді ата. Зілсіз айтса да, жаратпай қалғаны сөз ырғағынан сезіліп тұр. – Кешіріңіз... Жаңағы қолапайсыз қылығымды ақтап, бірдеңе демекші болдым. Бірақ «кешіріңізден» ары қарай тілім оралымға келмеді. Аузымды қайтып аша алмадым. Ата алдында қысылып сасқанда не бір нəрсені бүлдіріп қойғанда быдықтап, кекештеніп, сөйлей алмай қалатын əдетім бар осындай. Дəл сол арада мені тар өткелден өткізіп, демегісі келгендей телефон деген айналайын сылдырлай жөнелді. Қолымның қамырын апыл-ғұпыл түсіре бастап едім, ата мен жаққа қарап: – Шаруаңды істей бергін, – деп асүйдің кіреберісіндегі бұрышта безілдеп жатқан телефонға бұрылды. Көрмесем де естіп тұрмын, əдеттегі «аллодан» соң: – Қайда хабарласуыңыз керек екенін өзіңіз білмесеңіз, мен қайдан білем? – деді ата. – Ар жағындағы адам құлаққа жайсыз сөз айтты ма қалай, енді атаның үні қоюлана шықты: – Өзіңізге кім керек? Əнтек үнсіздіктен соң телефон тұтқасының тарс еткен дыбысы естілді. Екпінмен оңбай түсті. Байғұс телефон! Ертелі-кеш шыр-пыры шығып шырылдап, алғыс дəметпей, адамдарды бір-бірімен жалғастырып, қызметін қалтқысыз жасаса да, осылай соққы жеп-ақ жатқаны... Басқаларды қайдам, біздің үйге телефон тұрақтамайды. Əсіресе кейінгі кездері шыққан əдемі пластмасса телефондарыңыз қол емес, атаның бір ашуына төтеп бере алмайды. Бірінен соң бірі шығынға шыға берген соң, қашан жасалғаны белгісіз, темір телефон тауып орнатқанбыз. Өзі қап-қара сырмен сырланған, қоқиған сыртқы бітімі де, үні де өзгеше. Көненің көзіндей жəдігер телефонның ең кереметі – лақтырса да былқ етпейтіндігі, шытынауды білмейтін бір мың болғыр! Ата телефонды «жазалаған» соң асүйдің алдынан жіті басып, өтіп кетті. Мен жаққа назар салып, мойын да бұрмады. Əлгінде асүйге неге бас сұққанын да айтпады. Не болды екен? Мұндайда өзі сөз бастамаса, жөн сұраудан құдай сақтасын деңіз. Қосақ арасында қоса кетіп, шыжықтай шыжғырылып қалуың ықтимал. Алайда «кетіп қалды» деген атам қайырыла қайтып келді. Жанары ұшқындап тұр. Келді де: – Сəлемдесе білесің бе? – деп мен күтпеген қызық сұрақты көлденеңдете салды. Түлен түрткендей қара басып, күліп жібердім. – Ақыл аялдайтын жерің жоқ! – Сұқ саусағын қадап, шекесін бір нұқыды да, шұғыл бұрылып шығып кетті. Ерінімді ауырта тістеп, мен қалдым. Жаңағы ойсыз күлкінің өзі түгілі ізі де ғайып болған. Оқтау жұтқандай илікпей қалшиып, бір орында əлі тұрмын. Қозғалуға шамам жоқ сияқты. Атаның ұшқындап тұрған жанарының тегін еместігін, бір тықырдың таянуы мүмкін екенін аңғардым, абайлауым керек еді-ау! Қайтейін, бейқамдығым омақастырып кетті. Енді өкінөкінбе, бармағыңды қалай тістесең де, болары болды. Баяғыда біреу: «Тарыны берген кісіден көрейін бе, жей алмаған тісімнен көрейін бе?» – депті ғой. Сол айтқандай, қайын ата сұрағына жауап берудің орнына өкпемнен жын қысқандай беталбаты күлгеніме ренжиін бе, əлде «ақымақсың» дегендей ишарасына ренжиін бе? Пенде шіркіннің ең көп қолданатын сөзі «мен» болғандықтан қашан да өзін ақтауға жанын салып, алдымен өзіне араша түсетін əдеті бар емес пе, менің де пенделігім алға шықты. «Кінəсіз сөз естідім» деген жасындай жалт еткен өзімшіл ойдың ұшқыны жеткілікті болды. Көмейіме кеспектей бірдеңе тығылып қалғандай, тынысым тарылып, бұрқ еткен ессіз ашудың тұтқынына түстім де кеттім. Кеудеме кептеліп қалған өксіктен құтыла алмай, не көзімнен жас шықпай, иегім құрдан-құр дір-дір етеді. Еріксіз билеп əкеткен ашу сыртқа шықпаған соң өшіңді кімнен аларыңды білмей, булығады екенсің. Осындай қыстығып қалған-

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

РУХАНИЯТ

Зейнеп АХМЕТОВА

«Ақылдың арты – сайран, ашудың арты – ойран» өзімше қолданатын бақай қулығым да бар. Ол – ата ашуланғанда сөз қайтармау, үндемеу. Кейде өңменіңнен өтіп кететін өткір сөз естіп, жарылуға шақ қалсам да, дымым ішіме түсіп, жағымды ашпай қоямын. Қиын. Бірақ құдай қуат беріп, соған үйрендім. Өйткені үндемеу мен үшін өте тиімді жол болды. Атаның алдында үндемегеннен өкінген жерім жоқ. Жалпы, үлкеннің алдында үндемегеннен ұтылған емеспін. Міне, бүгін де сыннан өткен сырдесте əдіспен үнсіз жүрмін. Ата да тым-тырыс. Əдетте аяқ астынан туындап қалатын, мен үшін ұғымсыздау жағдайды көп ұзартпай өзі тəптіштеп ұқтырушы еді. Бүгін басқаша. Бағанағы түсініксіз əңгіме болмағандай, бейтарап жүзбен сыр бермеді. Түскі ас кезінде тіпті соның бəрін ұмытып кеткендей сыңай танытты. Тығырыққа тірей тұрайын дей ме, күдіктен күпті бола түссін дей ме, шыдамы қай шамаға жетер екен дей ме, жоқ, əлде өткінші өмірдің көп көріністерінің біріндей аялдамай

төсегіне жайғасты. Төсекке қарсы қойылған қос креслоның біріне «отыр» дегендей маған иек қақты. Өзі «Қазақстан» темекісінің бір талын алып, ұзын мүштегіне баптап кигізді. Шырпысы соңына дейін жанғанша асықпай тұтатты. Түтінін будақтатты. Еңсемді төмен салып, жанарыммен жер шұқып, тырп етпей мен отырмын. Ата темекісін шегіп бітіріп, мүштегін күлсалғыштың ернеуіне қойғалы да едəуір уақыт өтті. Əлі үнсіз отыр. Үнсіздік созылған сайын бұйығы тыныштық дегбірімді кетіріп, менен екі елі ажырамай желімше жабысып жүретін үрей көзімді үлкейте бастады. Тағы біршама уақыт өткенде барып «енді бабыма келдім» дегендей, қоңыр дауыспен сөз тиегін ағытты. – «Əдепті адам – арлы адам, əдепсіз адам – сорлы адам» дейтін сөз бар қазақта. Тəлімтəрбиенің алтын діңгегі, қайнар бастауы əдептілікте екенін ата-бабаларымыз осылай түйіндеген. «Əдептілік белгісі – иіліп сəлем

Áàáàëàð àìàíàòû да жүйке-жүйкеңді еркіне жіберіп, ағыл-тегіл көлдетіп бір жылап алсаң ғой, шіркін! Іштегі қорғасын ауырлықтан жеңілденіп, қағынды ашу-ызадан босап, жаның терезе тауып, сергіп қалар еді. Бірақ көздің жасы деген қалаған уақытыңда керегіңше ағыза беретін құбырдың суы емес қой... Нақтылы не ойлап тұрғанымды білмеймін, жүйесі жоқ жүйіткіген бір есірік сезім,«буымды» бұрқыратып жатыр. Үстел үстіндегі əр затты бей-берекет ұстай бердім. Бір отырып, бір тұрып, əбден берекем кетті. Ақыры кесе толы суық суды ындыным кеуіп қалғандай сіміріп салған соң барып, əлгі санамды көлегейлеп, атойлап бара жатқан ашу-ыза сəл саябыр тапқандай болды. Аяқ астынан тап беретін қабаған ит секілді шаужайыма оратылған сүйкімсіз күйден біртіндеп арыла бастағандаймын. Əкем марқұм: «Ашу деген – еститін құлағы жоқ, көретін көзі жоқ, ойлайтын миы жоқ ессіз бір дүлей. Алды-артыңа қаратпай арандатып, орға жығуға асығады. Неге болса да сабыр сақта, сабырдың артында «ақыл» дейтін дана бар. Көңілді ашудың ырқына жеңгізбе, ақылға жүгін! «Ақылдың арты – сайран, ашудың арты – ойран» деген көне сөзді ұмытпай жүрсең, талай қателіктен аман өтесің», – деп құлағымызға құятын. Қазір менің жағдайымда сабыртағат сақтағаннан басқа лаж да жоқ, ұтымды жол да жоқ. Мен ғой өз көңілімді əлдилеп əлекке түстім. Ата не істеп жатыр екен, ол кісі де ашуланып кетті емес пе?! Бірақ ең дұрысы – атаның тасуы қайтып, қарқыны басылғанша көзінен таса бола тұру. Ата сабасына түскенше шыдасам, арты қайырлы болушы еді. Кейісе де кек сақтамайтын ерекшелігін түсіне бастағам. Бір жерден оқыдым ба, жоқ, өзім шығардым ба: «Иə, атаның қаһары қатты, мейірімі тəтті», – дедім іштей тақпақтап. Осылай жырымдалған көңілімді жақсы үмітпен жамап, қазан-ошақ басындағы үйреншікті күйбең тірлігімді істей бердім. Əйтсе де, істей бердім деп айтуға оңай болғанымен, құр аттың жүрісін жүріп, өгіздің жүгін арқалағандай, қараптан-қарап дəрменім құрып шаршадым. Бас деген мең-зең, қорғасындай зілмауыр тартып тұр. Көкейдегі көп түйткілдің жіп ұшы қайда екенін таба алмай, ойсоқты болдым да жүрдім. «Келін атанғаныма бес жылдың жүзі болыпты-ау...» деп ойладым. Атаның қолына көшіп келіп, бір шаңырақтың астында, бір дастарқанның басында шайын құйып жүргеніме де екі жылдай болыпты. Сонда да атаны түсіндім, мінезінің ығы-жығына үйреніп, саржілік болдым деудің ауылы алыс. Тіпті мен үшін өйтіп айтатын күн тумайтын шығар, сірə... Неге десеңіз, ата екі жағы бірдей қайралған өткір қанжар секілді, олай тайсаң да, былай қисайсаң да – осып түседі. Таразыдай тең басып, белортада қылдан таймай жүруге дəмем үлкен болғанымен, дəрменім шамалы. Жаратылысы бөлек, қайшылығы көп ерекше жанның бабын таба қоюға өмірлік тəжірибем жетпейді. Жүрегім көзден бұрын көруге əлі қауқарсыз. Ата табиғатының қыры мен сырын жете түсінбеген соң талай нəрсенің ретін білмей, қиюын қиыстыра алмай, сүрінемін де жүремін. «Атаның бетіне жел болып тимесем екен, көңіліне олқы соқпасам екен, қабағын шытқызбасам екен...» деп қанша тыраштанып тырыссам да, не сөзімнен, не іс-əрекетімнен жаза басып, жайрап қалам. ...Кішкене кезімде Қорғасбек дейтін көрші ағайдың ұстаханасы бар еді. Сол кісінің қасына барып, əр қимылын қалт жібермей қарап отырғанды керемет ұнататынмын. Қорғасбек аға пішін-пошымсыз қара темірді қып-қызыл шоққа салатын да, əбден ысталған қара көрігін гүрсілдетіп, тоқтаусыз басар еді. Ұшқыны жанжаққа шашырай жалын атқан оттың ортасында темір балқып қызатын. Сол кезде оны қысқышпен қысып əкеліп, төске қояды да, дəу балғамен соққылайды-ай келіп! Ұста өзіне керек затын сомдаған соң кеспектегі суға «быж-ж» еткізіп, тастап жіберетін. Сонда əлі пісіп-жетіле қоймаған шалабас бала болсам да іске татитын, қажетке жарайтын бұйымның оңайшылықпен жасалмайтынын, əйтеуір, бір түйсікпен аңғаратынмын. Қазір ата тарапынан əртүрлі кедергілерге кезігіп, сүрінген сайын, маңдайым тасқа тиген сайын өзімді бір кесек қара темірдей көретінім бар. Отқа да түсіп, суға да тұншығып, төс пен балғаның арасында жаншылып дегендей, мүмкін бір кəдеге жарайтын шығармын. Кім білсін... Қалай болғанмен сана-сезімі бар, оңы мен солын ажырата алатын адам болған соң атаның ноқта-жүген тимеген құр асаудай аумалы-төкпелі мінезінің кейбір қырларына көзқарақты бола бастағам. Əрі соған орай

өте шыққан татусыз бірдеңедей көре ме – ол жағы маған беймəлім. Əйелге тəн əуестігім бас көтеріп: «Ата, бағана неге ренжідіңіз?» – деп сұрағым келді. Əлденеше рет тілімнің ұшына ілінді де. Айтуға оқталсам да, өздігінен отқа қойып кететін көбелектің ерлігін қайталауға жүрегім дауаламады. Неде болса дегбірсізденбей бейқам, жайбарақат көрінуге тырыстым. Адам – ай мінезді, көлеңке жағын жасырып, жарық жағымен жылтырайды деуші еді, қаншалықты жылтырап жүргенімді қайдам, оған да қарымды қабілет керек қой. Əлденені күткен менің ала шұбар көңіл күйімнен бе, күздің қысқара бастаған күні бүгін ыбылжып, батып болмады. Үміт пен күдік тайталаса итжығыспен іңір шапағы жамыраған мезгілге зорға жеттім. Кешкі ас ішілген соң ата теледидардан соңғы жаңалықтарды көруге кетті. Бақытжан бір аудармамен айналысып жатқан, күндіз ұйқысын қандырады, түнде, тыныш кезде жұмыс істейді, «работать надо» деп бөлмесіне ол да жөнелді. От басын дабырлатып, шапқылап жүретін баламыз да бүгін үйде жоқ. Бағана сəске болмай апам келіп «төрт-бес күн қасымда болсын» деп алып кеткен. Өзім сол баяғы ошақ басының көзге көрінбейтін қарабайыр тірліктерін біршама тиянақтап, үйреншікті дағдымен бүгінгі күннің қалай өткенін күнделігіме түрте салмақшы болдым. Дəптерімді алдыма жайып «1973 жыл. XI. 16. жұма...» деп бастадым. Бастауын бастадым-ау, бірақ қайдағы бір запыран ащы сөздер бірін-бірі қуалап, «мені жаз, мені жаз» дегендей, лықсып берді дейсің... Тұнып тұрған көл бетін тұтқиылдан алай-дүлей жел шайқап жібергендей, лездің арасында аумалы көңіл астаң-кестең болды да кетті. Күні бойы ыңғайға аунап, іштегі қыжылды басып, сабыр сақтаған секілді едім, енді сол сабырлық дегенім жігерсіздікке ауысып, мынау жалпақ жалғанда менен өткен маңдайы тайқы бейшара жан жоқтай, күнде қаңқу естіп, құлағымнан дыңғыр кетпей қорлық көріп жүргендей қара басымды аяйын келіп... Аяған сайын жан дүнием құлазып, бордай үгіліп, босай бердім... Бұл енді жақсылық емес. Мұндай «гөйгөйдің» əуеніне төңкеріліп, жетегіне жібіңді бір ұстатсаң болды дей бер, иірімге түскен жапырақтай үйіріп əкетеді. Тура айдауылдың алдындағы тұтқындай еркіңнен айырыласың. «Қой, құрысын!» – деп орнымнан тұрып кеттім. Дəптердің бетін тарс жаптым. Əлгіндегі түйдек-түйдегімен қағазға төгілгелі тұрған сүреңсіз сөздер жазылмады. Ақ қағаз жарықтықтың ақтығы, пəктігі – өзінің соры. Кіршіксіз аппақ таза бетіне айғыздап не шатпақтасаң да, бəрін көтере береді. Бала кезімізде қариялар: «Қағаз – кұдайдың бір аты. Қағазды баспаңдар, былғамаңдар, жаман, нас сөз жазып қорламаңдар, күнə болады», – дейтін. Əттең-ай, сол күнəға батар кезде қолыңды кейін серпіп тастайтын, қаламыңды тежейтін құтқарушы бір күштің бола бермейтіні өкінішті! Күнəға батар кезде шиыршық ата орныңнан тұрып кетуге ылғи шама келмейтіні қиын. ...Сол күннен бері талай жылдар сынаптай сырғып, өң мен түстің арасында өте шығыпты. Баяны да, байлауы да жоқ, қас-қағымда тындым болатын шолақ жалған деген сол ғой. Ол кезде мен екі мүшелден жаңа өткен, қазіргі өз келінімнен де жас болатынмын. Көргенімнен көрмегенім көп еді. Айналама кең қарап, терең ойлауға өрем жете бермейтін. Келе-келе əр нəрсені байыппен барлайтын көкірек көзің ашылады екен. Сонда зерделеп қарасам, өзіңді аяп, мүсіркеу деген адамды обырдай обып, басыңмен жұтып жіберетін, көңіліңді күйттеуден басқаны көрсетпейтін нағыз тажалдың өзі екен. Адам бойындағы кесапаты үлкен бір дерт екен. Əркімнің ниет-пиғылы өзіне жолдас болатынын, ішкі жан дүниең қалай өзгерсе, əлем де солай өзгеретінін ойлы-қырлы өмір өткелдерінен өте жүріп түсінеді екенсің. .. .Жазылмаған күнделікті үстелдің суырмасына салып жатқанымда атаның: – Балам, қолың босады ма? – деген үнін естідім. – Иə, ата! – деп елпең еттім. Елпең етпей қайтейін, күн ұзаққа ойым – онға, санам санға бөлініп сарыла күткенім де атаның осылай арнап шақыруы еді ғой. – Ер соңымнан! Шегедей нық, қысқа қайырылған мұндай нақты бұйрық берілгенде созыла қимылдап, керіліп жүру қауіпті. Лəм-мим демей тепеңдеп, атаның соңынан ілесіп бердім. Бəлкім, ертелі бері көңілді қажап тастаған белгісіздіктің беті ашылып, түйіні шешілетін болар. Ата биік қойылған жастыққа жотасын сүйей

бергені» деп əдептілік əліппесі сəлемнен басталатынын жəне айтыпты. Тасқа таңба басқандай анық та айқын сөз. Ал сəлем беру – ізеттіліктің, кісіліктің баспалдағы. Сəлем беру – сөз бастаудың беташары. Сəлем беру – танысып-білісудің, достасудың дəнекері. Осыған келісесің бе? Атаның жайбарақат басталған дауысы соңына қарай екпіндеп, көтеріліп кетті. – Əрине, келісемін. Əлдебір бейсауатқа ұрынып қалмайын деген сақтықпен мүдірмей жауап бердім. – Е-е, келісемін де! Күні бойы отқа түскен қылдай жиырылып жүргенің менің аузымнан шыққанның бəрімен келіскендіктен екен ғой, солай ма?! – деп жастықтан басын жұлып алды. Жанары шоқтай жайнап, маған тіке шаншылды. Атаға тура қарау қайда-а-а! Көзімді тез тайдырып əкеттім. Мұндай да болады екен-ау! Өзі əдейілеп қасына шақырып алады. Салмақты да кешенді əңгіме бастайды, сөйте тұра адамды тергейді. Не деуім керек? «Отқа түскен қылдай жиырылғаным жоқ... Сізге деген көңілімде бүгін көлеңке болмады...» деп өтірік айтып, ақталуым керек пе? Онда қопаға от алып түстім дей бер. Жалған сөйлегенді, мəймөңкелеп жалынышты болғанды, мүлəйімсіп рақым күткенді суқаны сүймейді. Атаның алдында көз жасыңды көрсетіп босасаң да оңдырмайды. Ондайда есіркеп-мүсіркеудің орнына ес жиғызбай, баудай түсіреді. Атаның осындай мінездеріне кəдімгідей сыралғы болып қалғандықтан сең соққан балықтай мəңгіріп, тапжылмай отыра бердім. – Ал жарайды, – деді ата құрыстанған арқасы жазылғандай жай ырғаққа көшіп. – Ары қарай тыңдағын. Қазақ салтындағы атабабадан қалғаны бар, бұрын өткені бар, сəлем сөздің жолы мен жөнін, сəлем парыздары туралы білгенімді айтып берейін. Ата «тыңдауға дайынсың ба» дегендей мені көзімен бір шолып өтті де, əңгімесін бастап кетті. – Адам баласының бір-бірімен тіл қатысып, лебіз білдіруі əдетте сəлемнен бастау алады. «Сөз анасы – сəлем» деп Бұхар жырау бабамыз сəлем сөздің қасиетін əрі қысқа, əрі нұсқа етіп керемет тұжырымдапты. Сөзді сəлемнен бастамайтын халық жоқ. Əрине, əр халықтың өзіне тəн сəлемдесу салты, жөн-жобасы əрқалай. Сол алуан түрлі, басқаға ұқсамайтын өзгешеліктерінен ұлттық мінез-құлық, əдетғұрып, қалыптасқан қағидалар көрініп тұрады. Ол – заңды құбылыс. «Мынаның амандасуы менікіне неге ұқсамайды» деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ. Əр ұлттың өзінің тарихи қалыптасуы бар. Ал біздің қазақтың амандық-есендік сұрауға, сəлемдесуге деген ынта-пейілі мен оған зор мəн беруі тіпті ерекше. Бүкіл қазақ баласы бəрі сырлас, Амандаспай, таныспай қарап тұрмас. Көрсетер сый-құрмет, мейір-ықылас, Қайтар деп қарымтасын талап қылмас. Осы бір шумақ төрттағанды қара өлеңге зер салып қарашы! Халқымыздың кең пішілген бөлек болмысы менмұндалап тұрған жоқ па?! Адаммен танысып-білісуге деген жаны жайсаң мінезі аңқып тұр. Сəлемдесу жолына келгенде, əй, қазаққа ұқсай қоятындар кемде-кем шығар. Мен мұны айтқанда, əйтеуір, балта сабы – өзіміздің ағаштан деп бопсалап жатқаным жоқ. Халқымның қадір-қасиетін білгендіктен аузымды толтырып отырмын. Мен еңкейетін де, шалқаятын да жерімді білетін адаммын. Ұқтың ба? – Ұқтым... Неге ұқпайын, өзін қазақпын деп атайтын əрбір адам туған халқының болмысын атадай түсініп, ұлттық рухты атадай қастерлеп, ұлттық намысты атадай ту еткен болса ғой... – Ұққаның жақсы, – деп екпін алып бір арнаға түсіп келе жатқан əңгімесін жалғастыра берді. – Егер бүкіл адамзаттың тəлім-тəрбие үлгілерінің жиынтығын шалқып жатқан телегейтеңіз десек, теңізді жан-жағынан толықтырып, молықтырып тұратын арналы өзендер, арынды дариялар секілді сан түрлі халықтың əлемдік рухани теңізге қосар өз үлесі бар. Ал өзендер мен дариялардың өзінен-өзі дайын күйі пайда болмайтыны белгілі. Оларды құрайтын тұнба бастаулар, мөлдір бұлақтар бар бас жағында. Ол – отбасының, ата-ананың тəрбиесі. «Жасында көргені жоқтың өскенде айтары жоқ» дейді қазақ атаң. Сол үшін баласының тілі шығар-шықпастан əдептіліктің жол басы – сəлемдесуге үйретеді. Кішкентай бүлдіршіндерге «атаңа сəлем бер», «əжеңе амандас», «ағаңа қол бер» деген секілді сөздерді үнемі құлағына құйып, ізеттілікке ерте бастан баулиды. Кез келген ересек адам бала сəлемінің оңды бағыт алып, мінезіне сіңіп, саналы түрде дағдысына айналуына мұқият

№32 (192) 12.09.2014 жыл

6

қарайды. Жақсы үлгі көрсетеді, яғни тілі сөз құрауға зорға келетін кішкентай баланың былдырлаған сəлем рəсіміне байсалды жауап қайырып, сəлемін алады. «Бəрекелді, сəлем беруге жарап ержетіпті ғой!», «Міне, азамат, нағыз атасының баласы!» – деп қолпаштап көтермелейді. Сонымен бірге «Өркенің өссін!», «Өмірлі бол, бақытты бол!» – дегендей тілектерін бағыштайды. Сəлем бергеніне алғыс айтады. Сөйтіп, баланың əдепті, инабатты болуына дем беріп қанаттандырады. Қазақ ғұрпында кіші үлкенге алдымен сəлем береді. Жасы кішінің бірінші болып сəлемдеспеуі барып тұрған тұрпайылық саналады. Жас адам үлкеннің алдында амандаспай сөз бастаса немесе бедірейіп қарап тұрса, ондайларды «көргенсіздің баласы» деп, «тəрбие көрмеген тексіз» деп, оның өзінен бұрын ата-анасын кінəлайды. Əне, сондықтан əрбір ата-əже, əке-шеше баланы қарғадайынан сəлем жолын жасауға үйретіп, санасына сіңіреді. Ол – отбасындағы үлкендердің бір парызы. Жасы кішінің үлкенге құрмет көрсетуі – ата анаңның, ауылыңның, қала берді еліңнің абыройы. Өйткені ата-ана, ауыл-аймағыңа алғыс естірту немесе жағымсыз атқа қалдыру кейде бір ауыз сəлемнің берілу-берілмеуімен бағаланып кететіні бар. «Тексіз елдің баласы», «нұсқасыздың қызы», «тектемей өскен көргенсіз» деген секілді ауыр сөз есту кімге жеңіл дейсің?! Ал «өнегелі ауылдың баласы екен», «өсер елдін ұрпағы екен», «өнегелі шешенің қызы екен», «текті атаның ұлы екен» деген сияқты жанға жағымды, ауылыңа, атаанаңа алғыс əкелетін мақтау сөзді есту жас адам үшін бір мəртебе емес пе?! Қазақта жасы кіші өзінен үлкенге ат үстінде отырып сəлемдеспейтін. Жас кезімізде көлікпен келе жатқанда ересек кісілер ұшыраса қалса, атымыздан қарғып түсіп, қол қусырып амандасатынбыз. Ат үстінде қоқырайып отырып сəлемдесу өркөкіректік, надандық ретінде қабылданатын. «Шіріген шөпті мал жаратпас, шіренген жігітті ел жаратпас» деп ондайларды жағымсыз сөзге іліктіретін. Асылы, халқымыз ақ сақалды атаны, ақ шашты əжені, ақ самайлы əкені, ақ жаулықты ананы, жалпы, үлкенді құрметтеген. Алдынан кесіп өтпеген. «Сен» деп серейтіп сөйлемеген. Қазақтың ұлттық бітім-болмысын ажарлайтын ардақ бір қасиеті осы – үлкенді сыйлауы. Бұл – бабалардың салып берген сара жолы. Ұрпағына қалдырған өнегесі, – дей келе ата сөзін кілт үзіп, – өзім де бес саусақтай білетін екі де екі – төртті неге мыжи береді екен деп отырсың ба? – деп табан астында дауысы өзгеріп, маған шүйліге кетті. – Жо-ға-а-а! – дедім көзім атыздай болып. Əр сөзін бос жібермей, ықылас-ынтамен тыңдап-ақ отырғанмын. – Сүтке қаймақты қалың түсіру үшін не істеу керек екенін білесің бе? – деп тағы бірдеңенің ұшығын шығарды. Үстемелете қойылған мына сұраққа абдырап, аңтарыла атаға қарадым. «О, тоба! Қаймақ пен сүттің сəлемге не қатысы бар? Анау айтқандай ақылды болмасам да, сүт пен қаймақтың жайын білмейтіндей көкми емеспін ғой» деп іштей қыртиып, шекем тырысып қалды. Ата болса, қасын кере маған тесіле қарап отыр. Шамасы, үндемей құтылатын тəсілім осы жерге жүрмей тұрған секілді. Өрттен желге қарсы қашсаң құтыласың, тікесінен қойылған сұраққа төтесінен жауап бердім. – Сүтті қатты қайнатпай, баптап пісіру керек. Сүт піскен соң, астындағы отты басып, қайтақайта сапырады. Сонда қаймақ қалың түседі əрі сүт қою, дəмді болады. Бірақ нəрсіз көк сүт болса, қанша сапырсаң да, мардымды қаймақ тұрмайды, – дедім. Жай сыдыртып айтпай, əр сөзімді анықтап, таптай айттым. Қазан-ошақ басындағы əйел істейтін тірліктерден қара жаяу еместігімді, ол жөнінде сұраққа жауап беретіндей саңылауым бар екенін ұқтырған сияғым. Іштегі қарсылық белгісін бетіме шығарған «батырлығым» бұл! Ата мұртының астынан мырс етті. Менің ділмəрси қалғаным ұнамады ма, əлде басқа себеп пе – білмеймін. Білетінім – оп-оңай атаға ұнап, басын шұлғыта қою жеңіл шаруа емес екені. – Ендеше, «сүтімізді» ары қарай сапырайық, – деді ата. Мүлт кеткенімді енді ғана сезгендеймін. «Білетінің бар шығар, бірақ білгеннің үстіне біле түссең, сенің де қаймағың қалыңдайды» дегенді меңзегенін түсіндім. Түсіндім де сөз астарын аңдамай, қылт етіп іштей қырсыға қалғаныма ұялдым. Ата желісі үзілген əңгімені қайта сабақтап əкетті. – Адам сəбиінде – бір бала, қартайғанда – бір бала... – Атаның сөзі осы жерде тоқтады. «Сүтіміз əрі қарай сапырылмады». Қолында бір парақ қағаз бен қарындашы бар Бəкең кіріп келіп, əңгіменің желісін үзіп жіберді. – «Тұшыну» деген сөздің мағынасын айтып беріңдерші, – деді келе сала. Рұқсатсыз, кіріспесіз сөз бастады. Ата əңгіме ауанын ортадан киіп кетіп кимелей бұзғанды ұнатпайтын кісі. Қазір сазайын береді деген зымыран ой басыма келе қалды. Бірақ осы жолы бұлт үйірілмеді, баласына ашу шақырмады. Жайбарақат үнмен жауап қатты. – Тұшыну деген – иіс пен дəмді бірдей сезініп, сүйсіну, – деді. Бəкең қазақшадан орысшаға аударма жасағанда ұқпаған сөзіне түсінік алу үшін мені «тірі сөздік» етеді. Мақтанғаным емес, ол аударған үлкенді-кішілі əдеби шығармалардың барлығы менің қолғабысымды көрген. Қазақ тілінен Бəкеңе «ұстаз» болуға жарайтындай сөздік қорым бар десем де, атаға ілесе алмаймын. Таудың қасындағы жайдақ төбешік секілді болып тұрамын. Ол кісінің тақ еткізіп, бөгелмей жауап беретін сөзіне мен болсам «ол енді былай ғой...» деп алыстан орағытып, біраз сүйретіп, сөз көбейтемін. Міне, қазір де тек тұшынуды ойлап отырғандай зу еткізді. (Жалғасы бар).


Қазір отбасылы ерлердің 15-20 пайызы – №32 (192) белсіз. Бұл – ресми тіркелгені ғана 12.09.2014 жыл

ШАҢЫРАҚ

¦ÄIËÅÒ

БЕЛСІЗДІК БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ Бүгінде еліміздің дəрігерлері ер-азаматтарымыздың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қағып отыр. Медициналық статистикаға жүгінсек, Қазақстанда əрбір бесінші еркек əйел затына бала сүйдіртуге қабілетсіз екен. Ол аз десеңіз, ерлер əйелдерге қарағанда 12 жыл аз өмір сүреді. Неге? Бұл – ойландыратын сауал. Иə, расында, неге? Ащы да болса айтайық, бəленің бəрі жеңіл ойлы жігіттердің өздерінен. Темекі шекпесе, ішімдікті əйел-баласынан артық көрмесе, «түнгі көбелектердің» соңынан ермесе, бұл ауруға шалдықпаған болар еді. Өмірдің бар қызығын осылардан іздейтін кей еркектер қарттық ғұмырын жалғыз өткізсе, таңданбасын. Отандық урологандрологтардың есебінше, қазір отбасылы ерлердің 15-20 пайызы – белсіз. Бұл – ресми тіркелгені ғана. Ал ер-азаматтың дəрігер алдына барып, өз əлсіздігін мойындаудан қашатынын ескерсек, бұл көрсеткіш одан да асып кетуі мүмкін. Мұны айналдырған 16 млн.-ға жуық халқымыздың басына түскен ауыр қасірет деу керек. Жəне бұл қасіреттің «жасарып» бара жатқанын айтсақ, ертең ұлтымыздың түп-тұқиянымен жоғалып кету қаупінен қорыққанымыз жөн. Мамандардың айтуынша, ер адамдардың белсіздігіне, негізінен, жүрек ауруы, эндокринологиялық жүйе, жыныстық қатынастан берілетін инфекция, артық

күйзеліс, қара жұмысқа шектен тыс жегілу мен бір орында тапжылмай отырып жұмыс істеу себеп. Одан қалды, бүгінде Қазақстандағы əрбір 1 000 еркектің 214-і еркек безінің қатерлі ісігіне шалдыққан. Нəтижесінде еліміз бойынша некелі отбасылардың 16 пайызы балаға зəру. Ана үшін сəбиін құшып, тас емшегін жібіте алмау қандай қайғы болса, еркек үшін бұл одан да өткен қасірет. Ата-тегіңді жалғастырар ұрпақ сүйе алмау, махаббат лəззатынан айрылу қаншама отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, «күйеуден қайтқандар» мен «əйелі тастап кеткендердің» қатарын арттырып жатқаны бір Аллаға аян. Енді осы ұлтымызды іштен жойып бара жатқан індеттің түптөркініне үңілейк. Белсіздік, импотенция (латынша: impotentia – əлсіздік, дəрменсіздік) – еркектің жыныс қабілетінің нашарлауы немесе оған мүлдем қабілетсіз болуы. Мамандар белсіздікті дербес ауруға жатқызбайды, оны орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан, эндокриндік бездердің сырқатынан, ұзаққа созылған аурудың (мерез, соз, т.б.) салдарынан пайда болатын жағдай деп санайды. Белсіздік туғаннан жəне кəріліктен, маскүнемдіктен де, ретсіз жыныстық азғындау жолына түсушіліктен де орын алады. Егер адам миының қызметі бұзылса, оның жыныстық шабытының күшеюі немесе тежелуі мүмкін. Жыныстық шабытқа адамның көңіл күйі де əсер етеді. Халқымыз «Он үште отау иесі» деген. Бұл жасөспірімнің мүшел жасынан бастап есейіп, ержету жолына түсетіндігін білдіреді.

Дəрігер мамандардың айтуынша, дəл осы жаста жасөспірімдердің арасынла физиологиялық өзгерістер басталатын көрінеді. Ал оларда нағыз жыныстық жетілу жігіттерде – 25, бойжеткендерде – 21 жаста толық аяқталады. Яғни, ер адамдардың 25 жасқа дейін жыныстық гормондары толық пісіп жетілмейді де, оған дейін жұбайлық өмірді бастап кетсе, ағзасына салмақ түсіп, ерте үйленген жігіттерде белде орналасқан «С1» деп аталатын жыныстық қабілет нүктесіне зақым түсуі, содан ерте белсіздікке ұрынуы мүмкін. Қыздар ерте тұрмыс құрса, оларда түсік тастау қаупі өте жоғары болады. Ал 21 жастан кеш күйеуге тиген қыздарда қатерлі ісік ауруларына бейімділік молырақ. Мамандардың пікірінше, ерте басталған жұбайлық өмір, жыныстық қатынас – ерлі-зайыптылардың жүйке жүйесінің ерте тозуының

басты себептерінің бірі. Психологиялық тұрғыдан алып қарастырсақ, жасөспірім шақта адамның басқа жанды түсініп, бағалауы жеткілікті дəрежеде дамымайды да, ерте үйленгендердің некесі берік болмайды. Ең бастысы, олар отбасы атты шағын мемлекет жауапкершілігін атқаруға дайын емес. Сол себепті психолог, дəрігер мамандар көбінесе қыздардың жиырмадан, жігіттердің жиырма төрттен асқан соң үйленуіне ақылкеңес береді. Уролог мамандардың сөзіне сүйенсек, белсіздік атабездің қабынуы (орхит), тұмау, өкпенің қабынуы, туберкулез, сүзек, паразиттің асқынуынан да болады. Ал ең негізгі əсер етуші факторлар – шылым шегу, арақ ішу, қорғасын, сынап, аммиак, көміртегі, фосформен жұмыс істеу, олар тараған ауамен тыныстау. Ұрық жолдарының қабынуы, экологиялық

жағдайлар, тамақ сапасының төмендігі, кездейсоқ жыныстық қатынастар – мұның бəрі еркектің ұрық қабілетін бұзатын жағдайлар. Сонымен бірге, ұялы телефон жəне басқа да жиі қолданылатын электронды құрылғылар да еразаматтарды бала сүю бақытынан айыруға өз əсерін тигізеді. Дегенмен, мұны емдеуге болады. Белсіздікті емдеу отасыз да, ота жасау жолымен де жүргізіледі. Сондықтан, еразаматтарымыз қарақан басының жалған намысына бой алдырып, өз өмірін қор еткенше, дер кезінде дəрігерге қаралып, тиісті ем-дом қабылдағаны жөн болар еді. Денсаулығына жауапкершілікпен қараса, отбасының шырайы қайта кіріп, жары бақытты, балалары сүйкімді болар еді. «Еркек – үйдің егесі» дейді дана халқымыз. Ендеше, еркеккіндіктілер сол шаңырақтың тірегі екенін дəлелдегісі келсе, денсаулығын сақтаудың қамын жасағаны дұрыс. Жалпы, бұл дерт жеке адам не бір отбасына ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты маңызды мəселе болғандықтан, ерлер денсаулығын жүйелі түрде тексеріп, тиісті емшараларын қабылдауды мемлекет тарапынан міндеттеуді қолға алу керек. Ең бастысы, ірі қалалардағы орталық ауруханаларда болмаса, шалғай елді мекендердің емдеу мекемелерінде бола бермейтін уролог мамандарды гинеколог дəрігерлердің санымен теңестіріп, еркектер орталығын көбейту керек сияқты. Ер-азаматтарымыз аман болсын, ағайын! Мирас ƏСЕМ.

Жігіттер неге ұсақталып кетті? Ер-азаматтарымыздың көңіліне келмесін, менің олардан көңілім қатты қалды. Бұрындары «еріңді піріңдей сыйла» деген анамыздың тəрбиесімен өскен мен еркеккіндіктіні жерден алып, жерге салып жатқан замандас құрбыларымды көргенде, зығырданым қайнайтын. Қазір, қарап тұрсам, ол байғұстар да жанына батқан соң шырылдайды екен де. Рас, жігіттеріміз күннен-күнге ұсақталып барады... Мен де тұрмыс құрдым. Енді бала өсіріп, ерімнің қызметін жасап, шаңырағымның жылуын сақтап отырармын дегенмін. Анамның айтқан ақылының ешбірін ұмытпадым, жаңа босағамның отымен кіріп, күлімен шықтым. Күйеуіме қарсы келіп, бетіне жел болып тигем жоқ. Киімі жуулы, тамағы асулы, оты жағулы. Бірақ, түтінің түзу шығуы үшін бұл жеткіліксіз екен. Жолдасым жатыпішер жалқаудың өзі болып шықты. Ары-бері үгіттеп, жұмысқа шығара алмаған соң, өзім шықтым. Əншейінде «мен еркекпін» деп қоқаңдап шыға келетін отағасы əйелінің тапқанын ішіп-жеп жата беруге намыстанбады да. «Сен алаңсыз жұмысыңды істей бер. Балаларға өзім қараймын. Кешіксең, тамағыңды да дайындап қоямын», - дегенде жағамды ұстадым. Дегенмен, шыдадым. Берекеміз ұшпасын деп, үндемедім. Көп жыл жатақханада тұрдық. Күндердің күні мемлекеттен жер телімі беріліп, өзімізге баспана салу мүмкіндігі туды. Қатты қуандық. Бірақ... Еркектің қайрат көрсететін кезі осындайда болуы керек еді. Ал біздің отағасы: «Өзің реттей берсейші», - деп, бар шаруаны маған ысырып тастай салды. Содан екі жұмысты қатар істеп, ақшасын тірнектеп жиғаным былай тұрсын, цементін, тасын, кірпішін, шатырын өзім тасытып, ұсталарды да өзім жалдап, əйел басыммен күні-түні құрылыс басында, еркектердің жанында жүрдім. Біреуінің ойы бұзылмас па екен деп қорыққан кездерім де болды. Қорықсам да намысқа тырысып бақтым. Əйелдігімді пайдаланып, жұмыс ақысын асыра айтып, алдағысы келгендер де болды. Ондайда еркектік қайрат танытуыма тура келді. Кейде олар: «Күйеуіңізді жіберсеңізші,

əйел адам құрылыстан не түсінуші еді?» деп мысқылдағандарында жерге кіріп кете жаздайтынмын. Ондайда: «Ол кісінің жұмыстан қолы босамайды. Керегіңізді маған айта беріңіз», - деп, жауырды жаба тоқып құтылатынмын. Қойшы, не керек, оңаша бір жыл жылап, қайта өзімді жанып жүріп, ақыры кең, жайлы үйімізге де кіріп алдық. Дайынға тап болып, төрге шалқая жатқан күйеуім тым болмаса енді есік алдындағы бақшаға қарар деп едім. Жоқ, «баяғы жартас – бір жартас». Өзі сияқты бос сандалбай жолдастарын ертіп əкеліп, азаннан қара кешке дайін карта соғып, сыралатып, балалардың да əбден зəре-құтын ұшырып болды. Сосын шыдамадым, бір күні ата-енемді де, өз атаанамды да шақырып алып, бəріне жағдайды айтып, күйеуіммен заңды түрде ажырасатынымды, өз күшіммен салған

үйімде оның бір түйір де үлесі жоқ екенін, сондықтан, оған ешқандай мүліктің тиесілі еместігін айтып, күйеуіммен қош айтыстым... Менікі дұрыс па, жоқ па, оны өздеріңіз шешерсіздер. Бірақ, менің айтпағым бұл емес. Айтайын дегенім, бүгінгі қоғамның масыл еркектерді тəрбиелеп жатқандығы, əйелдердің отбасын асырау үшін көше кезіп, еркектің кешегі ел қорғаған рухы мен намысын жоғалтып, үйкүшікке айналғаны. Осыдан кейін неге əйелдер күйеуін тері ғып илеп, билеп-төстеп кетті, отағасы деп сыйламайды деп несіне ренжиміз? Мұның себебін əйелдердің көкбеттігінен емес, тəрбиенің солқылдақтығынан іздегеніміз жөн сияқты. Баяғыда біз мектеп қабырғасында жүргенде бізді оқытқан мұғалімдердің дені ер кісілер болатын. Сол ер мұғалімдердің қатаң тəртібі мен тəрбиесінің арқасында біздің

сыныптың ер балалары жақсы əдеттерге бет бұрып, жаман қылықтардан арылды. Сабақты да жақсы оқыдық. Қорыққанынан оқыды, бірақ, оқыды. Одан ешкім жаман болған жоқ. Сол сыныптас жігіттердің көбі қазір өмірде үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ, соңғы біраз жылдарда байқағаным, мектептерде сабақ беретін мұғалімдердің басым көпшілігі - əйелдер. Əйел мұғалім тəрбие бере алмайды деуден аулақпын. Бірақ, ер адамның тəрбиесі бөлек. Баланың да қорыққанын сыйлайтынын ұмытпаған жөн. Əрі еліктейтін, бой түзейтін адамы болғаны да дұрыс қой. Тек əйел мұғалімнің ақылын тыңдап, соның айтқанымен жүріп-тұрып үйренген ер бала ертең əйелінің тасасына жасырынып, соның «тұңғыш баласына» айналары анық қой... Айтпақшы, менің күйеуім əкесіз, анасының қолында өскен. Содан байқағаным, əкесіз өскен балалар жасық, қыз мінезді болып қалыптасатын секілді. Өйткені, үйдегі тəрбиені анасы берсе, мектепте оларды негізінен əйелдер оқытады. Сонда олар еркекке тəн тік мінезді, қайсарлықты қайдан үйренеді? Міне, бұл мəселе де бəрімізді де ойлантуға тиіс. Жігіттеріміз əлжуаз, намыссыз болмас үшін оларға тəлім-тəрбиені отбасында бергеніміз мақұл. Ол үшін алдымен əрбір ата-ана өздерінің перзенттерінің алдындағы борыштарын ұмытпаса екен. Əрине, осы ақылды айтып отырған өзімнің де балаларымның енді əкесіз, жасық болып өсуі мүмкін дерсіздер. Мүмкін. Бірақ, əкесі жанында болғанда тіпті қиын болар еді. Өйткені, оның үй шаруасымен айналысып, ас пісіріп, бала қарап, бос уақытында шалқайып жататынын көрген бала «еркек деген осындай болуы керек екен» деп ой түймей ме? Сонда менің де балаларым ертең біреуге масыл болып, əйелінің кірқоңын жуып жүруі керек пе? Міне, солай, «ары тартсаң, арба сынады, бері тарсаң, өгіз өледі» деген осы. Сондықтан, мен сияқты бармақ тістемес үшін ұл балаларыңызды үйде де, түзде де еразаматтан үлгі алуына жағдай жасаңыздар дегім келеді. Маржан АЙТУҒАНОВА, Шымкент қаласы.

7

а м ы Ұл хат

Ассалаумағалейкум, жөргекте жатқан жан балам. Алаңсыз ұйықтап жатырсың. …Біз қазір, Жаратқанның қалауымен егемен ел болып отырмыз. Шекараны сарбаздарымыз, ел ішіндегі тыныштықты сақшылар күзетуде. Оның бəрін Мемлекет бақылауда. Əуелі Алланың, одан соң осындай құзырлы органдардың себебімен сен тыныш ұйқыда жатырсың, мен болсам, ойланып, саған қарап отырмын. Мен туғанда атаң қандай ойда болды, атаң туғанда менің атам қандай ойда болды, оның əр жағындағы бабаларымыз кішкентай ұлдарына қарап не туралы ойлады, ол жағы маған беймəлім. Өз басым саған қарағанда, ең алдымен өз алдымызға мемлекет болып, тыныш отырғанымызға шүкіршілік етемін. Содан соң сен өсіп, азамат болғанда еліміздің жағдайы қандай болар екен деп, уайымға берілемін. Уайымның соңы арманға ұласып, тəтті қиялдарға жалғасады. Ол қиялдарым шындыққа айналар деген үмітім де зор… Мен көп қателік жасадым… Кез келген əке өзі жасаған қателіктерді баласы жасамаса екен деп тілейді. Менің де тілегім сол. Əкеңнің дінге келмей тұрып жіберген ағаттықтары мен дінге келген соң да жасаған білместіктерін қайталамасаң екен. Адамдарды ренжітпе. Мейлі, кіммен болса да барынша сыпайы қарым-қатынас жаса. Кім біледі, сен онымен соңғы рет кездесіп тұрған шығарсың? Қалған көңіл – шыққан жан дейді. Бір қалған көңілді қайта қалпына келтіре алмайсың. Құлы бол – бəрібір ол адам саған жібімейді. Бала кезде досың көп болады. Бірақ өсе келе сол көп достың біразы алыстап кетеді. Жаңа жолдастарың пайда болады. Кезі келгенде олардан да көз жазып қаласың. Бірақ, балам, сен адам біткеннен достық күтіп, күткенің болмай қалған сайын көңіліңді түсіре берме. Абзалы, Пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уа салам) бен оған ерген, сол кісі əкелген дінді таратқан, сол үшін соғысқан ізгі жандармен дос болуға ұмтылу, сондай достыққа лайық болу үшін тырысу. Жақсылыққа қанша қол созсаң да, өзгеру үшін қанша күш салсаң да, соңыңнан қалмай, өткеніңді еске түсіріп, істеген жамандықтарыңды ұмыттырмай отыратын біреу бар. Ол – сенің өзің. Сондықтан өзіңнің алдыңда өзің таза бол. Сонда Құдайдың да алдында таза боласың. Ауызыңның дуасы болады, адамдар арасында сыйың да төмендемейді. Сен менің жанымның бір бөлшегісің. Сен маған сондай жақынсың. Бірақ бəрібір бөлек адамсың. Сенің мендегі ақыларың бар. Міндеттерімді шамам келгенше орындап жүрмін. Ертең менің алдымдағы міндеттеріңді сен де лайықты түрде орында. Оны осы жасыңнан бастап түсіндіруге мен де барымды салайын… Сен қандай болып өсесің? Мен қанша тəрбие берем десем де, нəтижесін беретін бəрібір бір Алла ғой. Маған сені аманат етіп берген де Алла. Біз ананы істейміз, мынаны істейміз деп жанталасып жүреміз, бірақ не болса да сол Хақтың қалауымен болады ғой. Сол үшін де мен сен үшін дұға жасауым керек. Сен үшін, өзім үшін, жақындарымыз үшін, айналамызды қоршаған адамдар мен бір мемлекетте өмір сүріп отырған Отандастарымыз үшін, одан қалды барлық адамзат үшін. Өйткені адамдар бір-бірімен байланысты, сен де осы бір əлемнің бөлшегісің… Əбу-Нұрхаят.

ОРТАҢА СЫЙЛЫ, ҚАДІРЛІ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ... Қай жерде жүрсек те бəріміз де сыйлы болғымыз келеді. Əр адамның құндылығы əртүрлі. Біреудің сыйлауына сенің материалды табыстарың негіз болса, біреуге сенің кішіпейілдігің, ал біреуге талантың ғана маңызды. Əр адамның құндылығына икемделіп, көзқарасын қабылдаудың қажеті жоқ, алайда басқалармен тіл табысуда, оның неліктен басқаша пікірде екенін түсіну, өзіңді орнына қоя білу өте маңызды. Төмендегі қағидалар саған өзіңе лайық бедел-абыройға ие болуда көмегін тигізер еді. 1. СЫЙЛАСАҢ ҒАНА СЫЙЛЫ БОЛАСЫҢ Сыйластық деген біреуден аман-саулық сұрап, өз өмір салтыңды басқаларға бағынышты ету емес. Сыйластық, ең алдымен, басқаларды түсіне білуден басталады. Ал өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді əлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Жəне бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір арақашықтықта ұстағаның жөн.

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

2. ӨЗІҢНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІҢДІ БІР ҚАЛЫПТЫ КӨТЕРІҢКІ ДЕҢГЕЙДЕ ҰСТАУҒА ТЫРЫС Тіпті басқалардың ашуын келтіріп, өмірден түңілдіретін жағдайларда да. Басыңа түскен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі. Егер əлдебір іске көшбасшы болу бұйырса, ол істі маңғазданып, масаттанбай, барынша кішірейіп жүзеге асыр. 3. ДОСТАРЫҢА, ОТБАСЫҢА ЖƏНЕ БАСҚА ЖАҚЫНДАРЫҢА АДАЛ БОЛУДЫ ҮЙРЕН Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам — сенімді адам, жəне ол қасиетің аян болса, тіпті шала таныс адамдар да сізді жауапты, шынайы деп суреттейтін болады. Сыртыңыздан айтылған жақсы сөз сіздің беделіңізді одан əрі өсірмесе, ешуақытта түсірмейді. 4. БАСҚАЛАРДЫҢ СЫРТЫНАН ҒАЙБАТ СӨЗ АЙТПА Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын-пікірлерің болса, мүмкіндігінше ең алдымен өзіне жеке айт. Ол адам өз қателіктерін байқамай қалған немесе өзінің кемшін тұсын білмеуі мүмкін. Бірақ сын айтпас бұрын, жақсы

тұстарына да көңіл бөліп, оларды да барынша шынайы, зілді əзілсіз атап өтуге тырыс. Тек сынға дөрекі жауап алғанда немесе мүлде құлақ аспаған жағдайда, жеке сөйлескеннен нəтиже шықпағанда ғана оған деген наразылығыңды, келіспейтін жерлеріңді басқаларға жария етуіңе болады. Бірақ соның өзінде сыни пікірлер адамды сыртынан балағаттауға, өсек-аяң таратуға ұласпауы керек. Сонымен қатар біреу саған өзің нашар танитын адамды өсектеп, жамандап, не нашар пікір айтып жатса, оған қосыла жамандама, тіпті талқыға түсіп жатқан адам туралы теріс ой қалыптастыруға да асықпа. Біреудің жеке көзқарасына қарап, басқаға деген қарым-қатынасыңды өзгертпе. Біз бəріміз де ерекше жандармыз, əртүрлі дарын мен түрлі қасиеттерге иеміз. Адамның жеке басын емес, мəселені талқылауға бағыттайтын атмосфера қалыптастыруға талпын. 5. СӨЗІҢ ДЕ, ӨЗІҢ ДЕ СЫПАЙЫ БОЛУҒА ТЫРЫС Біреуді кемсітуден жəне балағат сөзден өзіңді қашық ұстауға тырыс. Сонымен қатар, киімге жақсы талғам қалыптастыр. Таза, əдепті жəне жарасымды киін. Бұндай сырт келбет пен əдептіліктің үйлесімі саған лайық дүниелерді тартады. Мəселеге жан-жақты қарай алатын кең көзқарас қалыптастыр, сыңаржақ пікірлерден

сақтан, жалған əсерге берілмей, обьективті шешім қабылдауға тырыс. 6. КЕҢ ПЕЙІЛ БОЛ, ЖАСАНДЫЛЫҚТАН ҚАШ Сөз жүзінде бір өмір, іс жүзінде басқа өмір сүріп өзіңді де, өзгені де алдама. Басқалар еліктеуге тырысатын жақсы үлгі бол. Кейде қара басыңның қаржылық қамы үшін ғана емес, жай көңіл-күй көтеру үшін де кісілер арасындағы дəнекер болуға тырыс. Əр ісіңді ойланып, əрбір мəселені бейбіт түрде, қақтығыссыз шешуге тырысып, өзіңнің жақсы қасиеттеріңді жан-жақты дамыту мен өзіңнің кемшіліктеріңмен күресу арқылы ішкі рухың мен санаңды шынықтыр. 7. ҚАЙ КЕЗДЕ СӨЙЛЕУ ОРЫНДЫ ЕКЕНІН БІЛ Басқаларды мұқият тыңдауға тырысып, олардан (не екенін анықтап айтпасаң да) əлдене үйренгеніңді білдір. Бəріне мүмкіндігінше қайырымды ықыласты бол. Өзіңе сенімді болып, қажет кезде кербездік те таныта біл. 8. Аса маңыздысы: уəдеңде тұра алмайтыныңды білсең, уəделеспе. Сөзіңе сəйкес əрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мойындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілдікпен алға қарай баса бер. beu.kz.


Теннис тек спорт қана емес, табыс көзі екенін де дəлелдеуде

СПОРТ

Жерлесіміз кубалық Олимпиада чемпионын жеңді

Қазақ қызы – ТОП-40 үздіктер қатарында

Қыркүйектің 9-ы мен 10-ы күндері Астанада WSB додасының былтырғы жеңімпаздары «Astana Arlans» пен биылғы үздіктер «Cuba Domadores» арасында жекпе-жек өтті. Бірінші күні қонақтар жеңіске жетсе, бəсекенің екінші күні біздің жігіттер басым түсті. Жарыстың алғашқы күні бірінші болып шаршы алаңға көтерілген Мардан Берікбаев қарсыласы Сантьяго Амадораны жеңіп, жергілікті жанкүйерлерді бір серпілтіп

Соңғы жылдары қарқынын арттырып, кез келгенін қарсыласын састырып жүрген Зарина Диястың деңгейі күн санап өсіп келеді. Қазақстандық теннисші WTA жаңартылған рейтингісінде бірден 8 сатыға жоғарылап, 40орынға ие болды. Қуанарлығы сол, Зарина соңынан ерген сіңлілеріне үлгі боларлық спортшыға айналып келеді. Теннис тек спорт қана емес, табыс көзі екенін де дəлелдеуде. Мысалы, ол аз ғана уақыттың ішінде, жеткен жеңістерінің арқасында 700 мың доллар пайда тауып үлгерген. Оның 500 мыңы биылғы жылға тиесілі. Яғни 8 айда жарты миллион долларға қалтасын қалыңдатқан. Өкінішке қарай, біздің спортшылар үлгі алсын деген ниетпен Ресейден алдырған легионерлеріміз қуанта алмай жүр. Керісінше, теннисті қалай ойнау керектігін үйретуге тиіс əпкелері төмен қарай сырғыды. 8 қыркүйектегі WTA рейтингісі: 40 (48). Зарина Дияс (Қазақстан) – 1087 63 (51). Ярослава Шведова (Қазақстан) – 1017 130 (129). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 438 148 (119). Галина Воскобоева (Қазақстан) – 483 195 (177). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) – 325.

Қыркүйекті 9-ы күні Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Латвия қомандасын қабылдады. Бұл қос құрама үшін де іріктеудің алғашқы ойыны болатын. «Екі ұпайдан айрылдық» дегенді бекер айтып отырған жоқпыз. Өкінетін жөніміз бар. Бұл күні жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бірінші таймда қонақтарға бас көтертпей, шабуылдаумен болған. Тіпті, бірнеше рет қақпа маңына еркін еніп барған. Бірақ соңғы сəтте қорғаушы немесе қақпашы сəтті қорғанып, есеп ашуға мүмкіндік берген жоқ. Ойынның екінші жартысында алаңға бой үйреткен қонақтар қарымта шабуылға иек артқан. Оларды орта жолдан тоқтата

тастаған. Бірақ одан кейін жарысты жалғастырған əріптестері оның жетістігін қайталай алған жоқ. Бағдат Əлімбеков, Асхат Уəлиханов, Ерік Əлжанов жəне Алмат Серімов те сүрінді. Осылайша, бəсекенің алғашқы күні кубалықтар 1:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал жарыстың екінші күнінде қалайда есе қайтаруды көздеген «арландар» бар білгенін ортаға салды. Бірінші жұдырықтасқан Мирас Жақыпов жеңіске жеткен. Одан кейін

жекпе-жек өткізген Роман Щегринов пен Хрвое Сеп сəтсіздікке ұшырады. Есесіне, соңғы бəсекелер бокс кешінің қызығын арттырды. Əлі көпшілікке танылып үлгермеген жерлесіміз Мадияр Əшкеев бұл күні ерлік жасады. Ол 2009 жылғы Əлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада жеңімпазы Роньель Сотолонгоға қарсылас атанған. Бар күшін сарқыған боксшымыз азулы қарсыласынан жеңісті жұлып əкетті. Ал соңғы кездесудің соңғы жекпе-жегінде Филип Хргович кубалықты сұлатып түсірді. Сөйтіп, жарыстың екінші күнінде 3:2 есебімен басым түстік. Айта кетейік, жалпы есеп бойынша 4:6 есебімен қарсыласқа жол бергенімізбен, «арландар» лайық өнер көрсетті деуге толық негіз бар. Себебі, кубалықтар жарысқа кілең мықтыларын əкелген. Əлем жəне Олимпиада чемпиондары өнер көрсетті. Арасында бұл биікті бірнеше рет бағындырғандары да бар. Ал «арландардың» мықтылары Самат Бəшенов пен Василий Левит жарақаттарына байланысты өнер көрсете алмады. Сондай-ақ Азия ойындарына дайындалуына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасындағы боксшыларымыз да бұл бəсекеге қатысқан жоқ. Егер олар құрамда болғанда, жеңіс кубалықтардың еншісінде кетпес еді. Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ.

Екі ұпайдан айрылдық білген футболшыларымыз қанша күш жұмсаса да, сəтті қорғанған Латвия қақпасының кілтін таба алмады. Осылайша, ойын 0:0 есебімен аяқталып, қос ұжымға бір ұпайдан бұйырды. Əдетте кез келген ұпай үшін қуанатын Қазақстан құрамасының ойыншыларын ойынның нəтижесі қанағаттандырған жоқ. Бұл күні біздің жігіттер жеңіске жетуге лайық болатын. Барлық көрсеткіш бойынша басымдық танытқанымен, нəтижелі соққының болмауы құраманы екі ұпайдан айырды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынды 10 қазанда сырт алаңда Голландияға қарсы өткізеді. Мирас ƏСЕМ.

8

«Көңіл күмбезі» атты алғашқы жыр жинағы арқылы өлең өлкесінде өзіндік өрнекті қолтаңбасы бар ақын қыз Роза Сұлтанəлиеваның жақында «Роза» атты екі бөлімнен тұратын кітабы жарыққа шықты. Ақынның таудан аққан бұлақтың суындай мөлдіреген поэзиясы жырсүйер қалың оқырманға арналған.

Роза

Роза Үшкенқызы Сұлтанəлиева Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданы, Шалдар ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Шымкент қаласындағы М.Əуезов атындағы педгогикалық институтты, 2003 жылы Түркістандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін үздік бітірген. Жоғары санатты мұғалім. Қазіргі таңда Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық етеді. Ұстаз-ақын «Арыс ақиқаты» газетінің шығарушы редакторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, отағасы Баймаханов Əбсадық екеуі төрт ұл-қыз тəрбиелеп өсіріп, перзенттерінің қызығын көріп отырған өнегелі отбасы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Тілге құрмет – елге құрмет» атты облыстық жыр мүшəйрасының жүлдегері. Арыста жазба ақындар арасында өткен жыр додасының жеңімпазы (1996 ж.), «Жыр толғау» (2011 ж.), «Менің Отаным – Қазақстан» атты ақындар байқауларының (2011ж.) жүлдегері. С.Адамбеков атындағы əдебиет жəне өнер бірлестігінің мүшесі. Сексенге жуық əндерге сөз жазған. «Арыс толқындары» жыр жинағына (1998ж.), «Құт қонған шаңырақ» (2009 ж.), «Əн арнаймын жүрегімнен» (2010 ж.), «Тағылым» (2011ж.), «Ауғанстанда от кешкен арыстықтар» (2011ж.) кітаптарына өлеңдері енген. 2002 жылы Ə.Нұрымбетовпен бірлесіп жазған «Қарашаңырақ» – білім ордасы атты кітабы, 2010 жылы «Асқаралы» баспасынан «Көңіл күмбезі» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Отан» қоғамдық бірлестігіне – 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне – 20 жыл» медальдарының иегері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ҚАЗАНАТ (топтама) Құйындатып жүйткіп желмен жарысқан, Сəйгүліктер ауыздықпен алысқан. Сонау ықылым замандардан бұл қазақ, Қазанатты тани білген алыстан.

Курорт “САРЫАГАШ” санаторий “АЛТЫНАЙ” и “АЛТЫНАЙ ЛЮКС”

Айтылады сан марапат, мақтаулар, Жылқы десе жүрегінде от лаулар. Үзілмейтін ертегінің желісі, Аңыздарға арқау болған жануар. Қазақ баптап бəйгеге атты жаратты, Батырларға айнымас дос санапты. Төзімді де, Жүйрік жылқы - қазанат. Жəй жылқы емес тұлпар нағыз қанатты!

Виды предоставляемых услуг в санаторном комплексе «АЛТЫНАЙ» ТОО «Отын» санаторный комплекс «Алтынай» предоставляет на основании Государственной лицензии Серии ЛП № 00052DX следующие услуги: Бесплатные услуги, входящие в стоимость путевки: 1. Орошение кишечника минеральной водой; 2. Гинекологическое орошение минеральной водой; 3. Промывание желудка минеральной водой; 4. Дуоденальное зондирование (желчь) минеральной водой; 5. Минеральная ванна, душ минеральной водой; 6. Лечебные бассейны с гидромассажем; 7. Парафино-озокеритолечение; 8. Очистительные клизмы минеральной водой; 9. Слепое зондирование (дюбаж) минеральной водой; 10. Физиолечение (УВЧ, ингаляция травами и маслами, электрофорез, дарценвал, УФО). 11. Фито чай, и т.д. Рекомендуем пройти полное лечение за 7 дней, так как Лечебный центр работает без выходных.

№32 (192) 12.09.2014 жыл

Қазақ халқы қастерлеген қазанат, Өрге шауып, төске өрлеген қазанат. Жылқы мінез, көшпелі ел қазақтың, Жауларына дес бермеген – қазанат.

Платные медицинские услуги: бассейн, душ шарко, циркулярный душ, грязолечение, СПА, жакузи, автоматическое массажное кресло. Диагностика: Инструментальные методы обследования – УЗИ внутренних органов, электрокардиограмма. Консультации врачей: невропатолог, уролог, гинеколог, терапевт, мануальный терапевт Иглорефлексотерапия, Медикаментозное лечение неврологических, кардиологических, урологических. Дополнительные платные процедуры: пантовые ванны, селеновые ванны, скипидарные ванны, пихтовые ванны, аппаратное кишечное орошение (гидроколонотерапия), иглотерапия, массаж (общий и точечный).

Жауды қуса жетіп барып тоқтаған, Алпамыстың Байшұбары - ақтабан. Қобыландының Тайбурылы - хас жүйрік, Ертарғын да өз Тарланын баптаған. Ат үстінде күн кешкен ер-азамат, Исатайдың Ақтабаны - ғажап-ақ. Махамбеттің серік болған тұлпары, Құлажирен - нағыз жүйрік қазанат. Қазанат ат жал-құйрығы өрілген, Сұлу мүсін, кермаралдай керілген. Ұшқыр, текті, қанатты ат - Құлагер, Қазақтың өр рухындай көрінген. Тек Көкше емес даңқы көкті шарлаған, Құлагердей, сірə, тұлпар болмаған! Асыл тұқым арғымаққа əйгілі, Ақан сері сұлу əнін арнаған.

ПРИМЕЧАНИЕ: В стоимость путевки входит 4-х разовое питание, медицинское обслуживание. В номерах имеется холодильник, кондиционер, плазменный телевизор, душевая с водонагревателем и горячая вода.

Арқау болған əн мен жырға көптеген, Қазақы ат Қазанатым көп пе екен?! Күлдір-күлдір кісінеген Қазанат, Қиялымда сұлу жыр боп көктеген.

Адрес: ЮКО, Сарыагашский р-н, п. Коктерек. Тел/факс: 8 (7252) 57-14-31, сот.: 8 701 738 37 17, Телефон: 8 (72537) 5-13-13, 5-13-73, сот.: 8 701 738 37 69 E-mail: otin_kz@mail.ru Web-сайт: www.altinai.com

Өр мінезді, берік əрі шыдамды, Қазанаттар аламанда сыналды. Кең сахара төсінде еркін құйғытып, Қазақ солай тарқататын құмарды. Бір ғаламат сезім кешіп толғатам, Қазанатты жыр етемін, болма таң. Теңдесі жоқ сұлу мəрмəр тас ойып, Жыр – ескерткіш Қазанатқа орнатам!

НАСЛЕДСТВО Умер Денисенко Юрий Николаевич 28.01.2014г. Обратится к нотариусу Алимова Акмарал по адресу г. Шымкент ул. Ташенова дом 12, кв. 1.

Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ

Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. ҚАСҚАРБЕКҰЛЫ

Бас есепші Айжан ҮРКІМБАЕВА

Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ

Бақтыгүл МҰҚАШЕВА

Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52

Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2426.

Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.