32 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ web: www.adiletgazeti.kz

№32 (235) = 21 тамыз = Жұма = 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ

Астанада мектеп жасындағы оқушылардың саны 125 мың баладан асты

E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

ЕЛБАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеңес барысында əлемдік нарықтардағы ахуалдың нашарлауы жағдайында Қазақстан экономикасының өсімін қамтамасыз ету бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы келешекте ұзақ уақыт бойы Қазақстан экономикасына ықпал етуі мүмкін бірқатар теріс факторларды атады. – Біріншіден, сарапшылар пікірінше, мұнай мен металл бағасының төмендігі 5 жыл бойы сақталуы мүмкін. Екіншіден, дамушы елдердің инвестиция мен капиталға қолжетімділігі едəуір шектеледі. Үшіншіден, біздің негізгі серіктестеріміз, ең алдымен Ресей мен Қытай тарапынан сұраныстың азаюынан Қазақстанның өнімдерін өткізу нарығының аясы тарыла түседі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қалыптасқан жағдайда мемлекеттен теңгерімді бюджеттік жəне монетарлық саясатты қамтамасыз ету, сондай-ақ экономикалық өсімді қолдау мақсатында жаһандық сынқатерлерге қарсы тұру тұрғысынан тиімді сақтану шараларын жүргізу талап етілетінін айтты. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық жағдайды ескере отырып, мұнай баррелінің 30-40 доллар деңгейіндегі бағасына бейімделу қажеттігін атап өтті. – Бұған дейін біз көптеген құрылыстар салдық, штатты жəне еңбекақы деңгейін ұлғайттық. Бірақ қазір қаражат жетіспеушілігі байқалады, соған орай жаңа жобаларға арналған шығыстар табыс базасын кеңейту мүмкіндігіне байланысты қатаң шектелетін болады. Сондықтан түрлі бастамаларға 2018 жылға дейін мораторий қойған жөн. Бұл – бүгінгі нақты жағдайға байланысты туындаған мəжбүрлі шара, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджет тапшылығын 2018 жылға 1 пайызға төмендетуді тапсыра отырып, тапшылықты

қаржыландыру тек ішкі резерв есебінен іске асырылуы тиістігін атап өтті. Қазақстан Президенті экономиканың бəсекелестік жөнінен басымдығы бар негізгі салаларын қолдау басымдыққа ие болуы тиістігін айтты. – Қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңызды тұсы дамудың осындай жолынан өткен жəне экономикасының құрылысы бізге ұқсас елдердің нақты тəжірибелерін зерттеу болмақ. Бұл – Аустралия мен Канаданың соңғы 30 жылдағы тəжірибесі. Жаһандық тауар жеткізу тізбегіне таяу он жылда кірігу үшін Қазақстанның тəуір мүмкіндіктері бар, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық саясат қызмет көрсету секторының көлемін ұлғайтуды жəне ондағы өсім мүмкіндіктерін табуды талап ететін жаңа

жағдайға бейімделуі тиістігін атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев əлемдік экономикадағы ахуалдың күрделенуі жағдайында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша елдегі ІЖӨ-нің өсімі 1,5 пайызға төмендегенін атап өтті. Ресей рублінің девальвациясы отандық азық-түлік өнеркəсібі жəне ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін қосымша қиындықтар тудырды. – Осыған байланысты бұрын егін шаруашылығын дамытуға, сүт, құс еті, жұмыртқа, шошқа еті өндірісін субсидиялауға бағытталған 6 миллиард теңге көлеміндегі қаражат қайта бөлінді. Қорытындысында өндіріс көлемі 10 пайызға жəне одан да жоғары мөлшерге дейін ұлғайтылып, ал құс шаруашылығы бойынша біз осылайша 12 мыңнан артық жұмыс орнын сақтап қалған болып

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке келешектегі ортамерзімді кезеңде экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспарын қысқа мерзім ішінде əзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банкке қалыптасқан жағдайдағы экономикалық жəне валюталық саясат шараларын шұғыл əзірлеу тапсырылды. – Əрбір министрдің, елдің экономикалық саясатына қатысушының сапасы тексерілетін күрделі интеллектуалдық жұмыс уақыты келе жатыр. Бұл жолғы дағдарыс – іс жүзінде Қазақстанның барлық өнеркəсіптік кəсіпорындарын қамтитын секторалдық дағдарыс. Мұндай бізде болған емес, сондықтан ол мүлде басқа амалдарды қажет етеді. Бұл жағдайдан да бұрынғыша жол тауып шығатынымызға сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Akorda.kz

ТҰЛҒА

Бүгінде кез келген мемлекеттің өсіпөркендеуі үшін ең алдымен заңның үстемдігі қамтамасыз етіліп, оны қадағалап, жүзеге асыратын сот пен құқыққорғау органдарының қалтқысыз жұмыс істеуі қажет. Осыны мықтап ескерген Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауларында, заң мен құқыққорғау ісіне қатысты алқалы жиындардың бəрінде бұл тақырыпқа арнайы тоқталып, кемшіліктерді бүкпесіз ашып көрсетіп, алда атқарылатын істерді айқындап, бағытбағдарларды белгілеп беріп отырады. Мəселен, Нұрсұлтан Əбішұлы «Нұр Отан» партиясының биылғы өткен ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Бүгінгі күні сот жүйесінің ең осал буыны судьяларды іріктеу болып отыр. Судьяларға қойылатын талаптар тиімді емес. Соның салдарынан судьялар корпусында сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп жатады. Судьялар жабық корпорация іспет-

Бекет ТҰРҒАРАЕВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері

ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ Жүз қадамның он тоғыз қадамынан өрбіген ой Бекет Тұрғараев Республикаға танымал заңгер. Қырық жылдай судья болған білікті маман. Қазақтың арғы-бергі заңдарын, əсіресе сот саласын бес саусағындай жақсы біледі. Сондықтан болса керек, ол кісі Ұлт жоспары аясында сот саласының реформалау ісі бойынша Республика көлемінде жүріп жатқан бүкілхалықтық талқылау ісіне белсенді атсалысып келеді. Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде (№157, 2015 жыл) саланы білгірлікпен, ең бастысы жанашырлықпен талқылап, сот саласын реформалауға үн қосқан мақаласы жарияланды.

тес қоғамдық сыннан алшақ болмауы тиіс. Қоғамдық сын сыбайлас жемқорлық кеселіне ем болып табылады» деп сот саласына қатысты ащы сын айтты, аса бір маңызды мəселені көтерді. Осы сияқты жақында үкіметтің кеңейтілген отырысында жария етілген бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 қадам» деп аталған жоспарында құқықтық салаға: «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деген тұтас бір тарау арнап, алдағы уақытта атқарылуға тиісті нақты 19 қадамды атап көрсетті. (Жалғасы 4-бетте).

ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР «Ер – елдің келбеті» дейді халық даналығы. «Азаматына қарап ауылын таны» деген тағы бар. Қазақ жұртының өсіп-өніп, кең сахараның өзге бағыттарына қанатын жайып өрбіген өлкесі – Сыр бойының бүгінгі келбетін танығысы келген кісіге көлденең тартар азаматтардың бірі – Бақберген Сəрсенұлы Досманбетов. Ресми құжаттағы қызметінің «қалың қаймақтары», ірілері – ректор, əкім, Сенат депутаты. Ал оның тұлғалық келбетіне қарай «ұстаз, ғалым, қайраткер» деп берілген бағалар жұрт үшін атқарып жүрген қызметі, азаматтық ұстанымына қарай ел арасында ешбір ресми хаттамасыз, құжатсыз беріліп қойған құрметтер. Өмірдегі шынайы құрмет – халық бағасы. Біздің Бақберген Сəрсенұлы туралы айтпағымыз да, негізінен, сол бағаға сүйенген. «Халық бағасы» дегеніміз өз тарапымыздан айтар сөз жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, өзімшіл (субъективті) бағаның ауылынан алыс жүріп, əлеуметшіл (объективті) ойдың өрісінде қалуды қалағандық еді. Себебі соңғы кездерде айтулы кісілер туралы естелік, пікір айту онымен тікелей араласқан, қызметтес болған, болмаса əлдебір жақсылығын көрген немесе ағайын-туыстық жақындығы бар адамдардың пешенесіне жазылып қойғандай көрініс орын алып барады. Бұл елдік ұғым тұрғысынан келгенде дұрыс емес, бұрыс үрдіс. Мұндай үрдіс елді бірлікке, ірілікке шақырмайды: арзан мақтауға, берекесіз бірлікке, майда тірлікке тартады. Осы орайда хакім Абайдың атақты ғақлияларындағы «ақылға бірлік» керек деген

Б. Досманбетов

ҮНҚАТУ

шығамыз, – деді Б.Сағынтаев. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары салалық бағдарламалар аясында қаражатты игеру мониторингі өткізілгенін де айтты. – Біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 73 миллиард теңгенің игерілмей қалу қаупі барын анықтап, бұл қаражатты тиімді жүзеге асырылып жатқан бағыттарға беру жөнінде шешім қабылдадық. Мəселен, 8,8 миллиард теңге Астана-Павлодар-Өскемен жолының құрылысына бөлінетін болады. Тағы 6,6 миллиардты тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту аясында қайта бөлгіміз келеді, – деді Б.Сағынтаев. Кеңесте Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Инвестициялар жəне даму министрі Ə.Исекешев, Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов сөз сөйледі.

Д. Сатыбалды – облыс әкімінің бірінші орынбасары

өсиеті еске түседі. Естелік жазудағы түбі бірлік іске бағытталатын «ақыл іс» – əлеуметшіл ойды қозғайтын, тағылым алатын сөз жазу. Өз басым Бақберген Сəрсенұлымен тікелей араласпадым немесе қызметтес те болмадым, бірақ ол кісі жетекшілік еткен білім ордасында студент, кейін сол білім саласында əр қалада жүріп, «бір терінің пұшпағын» илеген əріптес болған жанмын. Сондықтан осы естелік жолдарына танымал тұлға туралы студент шағымызда көзбен көргенімізді, бір салада қызмет ете жүріп ол кісі туралы құлақпен естіген лебіздерді, сондай-ақ танымал қайраткердің БАҚ құралдарының бетінен таныған келбетін түсіргіміз келеді. (Жалғасы 5-бетте).

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары болып Дархан Сатыбалды тағайындалды, ол Берік Оспановтың орнын алмастырды. Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – экономист-менеджер, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1991 жылы Келес ауданы, «Келес» кеңшары «Коммунизм» бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. 19992011 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің жетекші бақылаушы-ревизоры, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қорғау ұйымдарында бюджеттік қаражаттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушыревизоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімінің экономикалық талдау жəне бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау жəне қаржылық бақылау бөлімінің мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі, Астана қаласының тұрғын үй департаменті «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны директорының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот əкімшілігі жөніндегі комитетінің сот орындаушысы, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Бюджеттік, Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. 2011 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Əлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары, 2013 жылдың 27 мамырынан Шымкент қаласының əкімі қызметінде еңбек етті.

Ғ. Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі Шымкент қалалық мəслихатының кезектен тыс сессиясында облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласы əкімі лауазымына Ғабидолла Рахматоллаұлы Əбдірахымовтың кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысты мəслихат депутаттары бірауыздан қолдап, Ғ. Əбдірахымов Шымкент шаһарына жаңа əкім болып тағайындалды. Ол 1975 жылы Мақтарал ауданының Киров ауылында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кеңесші, орынбасар, төрағалық қызметтерді атқарған. 2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының бəсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы. 2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Орынбасар деген қандай лауазым?

И. Əбішев

Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

3-бетте

Моғолдар дегеніміз кімдер?

7-бетте

20 тамыздан бастап Қазақстанда теңге еркін айырбас бағамына көшірілді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.