№33 (193) = 19 қыркүйек = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Қазақстандық ғалым барит минералын байытудың бірегей технологиясын ойлап тапты
ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОЗЫКӨРПЕШ ЖАҢБЫРШИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің биылғы негізгі жұмыс қорытындылары мен қаржылық бақылау органының алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың, Астана мен Алматы қаласының ревизиялық комиссияларының жергілікті бюджеттердің атқарылу тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс қорытындыларымен, сондай-ақ республикалық бюджеттің өңірлерге трансферттер мен субвенциялар түрінде келіп түскен қаражаттарының жұмсалу жайымен танысты. Мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлау сапасын арттырудың, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін үйлестіруді күшейтудің, сондай-ақ бюджет қаражаттарының тиімді пайдаланылуын қатаң бақылаудың маңыздылығын айтты. Қ.Жаңбыршин Есеп комитеті 2014 жылдың 8 айында 186 нысанда 16 бақы-
лау-талдау шарасын жүргізгенін мəлімдеді. Анықталған құқық бұзушылықтың жалпы сомасы 1,2 есе өсіп, 342,3 миллиард теңгені, соның ішіндегі қаржылық құқық бұзушылықтар 168,6 миллиард теңгені құраған. 77 лауазымды тұлға түрлі дəрежедегі жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, Қ.Жаңбыршин республикалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың жүйелі проблемалары туралы баяндады. Соның ішінде игерілмеген бюджет қаражатының көлемін анықтау əдістемесіндегі айырмашылықтар, сапасыз бюджеттік жоспарлауға тиісті жауапкершіліктің жоқтығы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарының келісілмеуі атап өтілді. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор нысандарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану деректері де бар. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруге жəне қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді. Akorda.kz
АУЫЗСУЄА ЌОЛЫ ЖЕТПЕГЕН АУЫЛДАР ЌАНША?
Өнегелі ісі – көпке ортақ Адал еңбек, кəсіби шеберлік жəне салауатты өмір салты кез-келген судьяның өмірлік ұстанымы болуға тиіс... 3-ÁÅÒÒÅ
Мұқағали Үмбетəлі ақынды іздеп келген Мүмкін екі ақын қос қыран болып туған елдің көгінде самғап жүрген шығар... 7-ÁÅÒÒÅ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында республика бойынша орташа алғанда ауызсуға қолжетімділік 2020 жылы 100 пайызға жуықтауы тиістігін атап көрсеткен болатын. «Қазақстанды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мəселесі – халықтың денсаулығын сақтаудың аса маңызды міндеті. Сондықтан, бұл біздің басымдығымыз болмақ. Республика бойынша орташа алғанда ауызсуға қолжетімділік 2020 жылы 98 пайызға жетуі тиіс», - деген еді мемлекет басшысы. Сол жылы қабылданған халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының іске қосылғанына да биыл 13 жыл болыпты. Елбасы белгілеп берген мерзімге дейін небəрі алты жыл қалды. Ал атқарылған жұмыс қандай? Биылғы жылғы тамыз айының басында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметовтың атына біраз сын айтқанды. «Ақбұлақ» бағдарламасының белсенді жүзеге асырылып келе жатқанына, осыған қаржының бөлінгеніне, медициналық тұрғыдан пайдалылығының дəлелденгеніне қарамастан, кейбір өңірлерде бағдарламаның орындалуы өте нашар. Мысал келтіремін. Оңтүстік Қазақстан облысында «Асар», «Қайнарбұлақ» су таратқыш жүйесінің құрылысына миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бəрі тұрғызылған, бірақ ол насос станциясы құрылғыларының қойылмауынан жұмыс істемейді. Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық ок-
ТАҒАЙЫНДАУ
Жаңа қызмет құтты болсын! Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі І проректоры қызметін бірнеше жыл абыройлы атқара білген Дінислам Болатханұлы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта білім жəне ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Қажетті кəсіби шеберліктері жоғары, білімі мен біліктіліктері талап деңгейінен табыла білетін педагог мамандарды даярлауда ОҚПИ ректоры Оңалбай Аяшевпен басқару мен ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізе біліп, тындырымды тірліктер атқарып, оқу орнының дамуына өзіндік із қалдыра білген, ізденімпаз, біліктілігі жоғары – Дінислам Болатханұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, оған толағай табыс пен сəттіліктер тілейміз. Дінислам Болатханұлы алғаш еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы болып бастайды. 2002-2007 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы, декан орынбасары болады. 2007 жылы ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Р.Бердібайдың жетекшілігімен «Қ.Жұмаділовтың “Дарабоз” дилогиясы (жанр жəне поэтика)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2007-2011 жылдары ҚР Білім жəне ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитетінде бас маман, Жоғары жəне Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінде сарапшы, бас сарапшы, Жоғары жəне Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау басқармасының бастығы, Жоғары оқу орындары қызметін координациялау жəне бақылау басқармасының бастығы, Жоғары жəне Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарады. Өз кезегінде біз еліміздің Білім жəне ғылым министрлігінің жауапкершілік жүгі аса жоғары қызметті орындауда Дінислам Болатханұлына сенім артуын дұрыс таңдау деп білеміз. «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы.
Қысқа қайырғанда СЕНБІЛІККЕ 95 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСПАҚ Ертең Астана қаласы аумағын санитарлық тазарту мақсатында өткізілетін «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты жалпықалалық сенбілікке шамамен 95 000 адам қатысады деп күтілуде. Аталған сенбілік 2014 жылдың 8 қыркүйегі мен 8 қазаны кезеңіндегі экологиялық айлық жоспары негізінде жүзеге аспақ.
ругі Ынтымақ елдімекеніндегі су жүйесіне облыстан 300 миллион теңге бөлінген. Ішкі су жүйелері орнатылған. Бірақ, су көзінің қайдан қосылатыны шешілмеген. Бұдан кейін қалай жұмыс болады? Үкімет ақша бөлді, жұмыс істету – сендердің қолдарыңда», - деген болатын ол.
Осылай Президенттің қатал сынына ұшыраған облыс əкімі көп өтпей-ақ осыған дейін сиырқұйымшақтанып келген өңірдегі ауызсу мəселесін өз қолына алып, бірқатар проблемаларды тез-ақ шешіп тастады. Бұл туралы Елбасының атына арнайы хат та жолдады. Онда Оңтүстік Қазақстан облысының 2,7 миллион адам тұратын 929 елді-мекенін сумен қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар қолға алынып жатқанын баяндай келіп, соңғы 5 жылда 253 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілгенін, нəтижесінде су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 412-ден 665-ке дейін өскенін баяндапты. Ал Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған «Асар-Қайнарбұлақ» суаққысы бүгінгі таңда сусорғы қондырғыларымен толық жабдықталып, 16 шақырым су құбыры мен 10,5 шақырым коллектордың құрылысы аяқталып, елді-мекеннің ішкі тораптарына қосылып жатқан көрінеді. Ал бұл іске жүрдім-бардым қараған тұлғалар жұмыстарынан қуылған. Жұмысты мерзімінен кешіктірген мердігерлер де жазадан қашып құтылмапты. Ал Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауы-
лына көптен күткен ауызсу жақында келіп жетті. Мұның бəрі, əрине, жақсы жаңалық. Бірақ, Елбасының қамшылауымен ғана іске асырылған бұл жұмыстарға тоқмейілсуге болмайды. Өйткені, қуаң далада қуарып отырған елді мекендер өңірімізде əлі де аз емес. Кейбір жерлерде қажетті қаражат бюджеттен миллиондап бөлінгенімен, жобаның дұрыс жасалмауынан немесе мердігерлердің салғырт-салақтығынан су жетер жеріне жетпей, есігінің алдына келіп тұрған құбырдың суын тата алмай отырған тұрғындар да аз емес. Мұндай мəжбүрлі мұқтаждық, əсіресе, халқы көп Сарыағаш, Түркістан, Сайрам, Қазығұрт жəне Ордабасы аудандарында жиі кездеседі. Жалпы оңтүстік өңірінің Мемлекет басшысы межелеген 2020 жылы халықты 100 пайызға жетеғабыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге шамасы келе қояр ма екен? Көкейімізді тескен осы сауалдарды тиісті мекеме басшыларына қойып, көңілге қонымды жауап алуға тырыстық. (Жалғасы 5-бетте).
ҚАЛАМГЕР ЖАЙЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ЕКІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ Кеше Астанада ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың, «Құрмет» жəне «Парасат» ордендерінің иегері, марқұм Дүкенбай Досжанға ас беріліп, қаламгер туралы Ақтөбе гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Алпысбай Мұсаев жазған «Қанатты қаламгер» мен жары Сəуле Досжан жазған «Құдіретті қалам иесі» атты екі кітаптың тұсауы кесілді. Дүк енбай Д ос жан еліміздегі ең оқырманы көп жазушы болып табылады.
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЗАН АЙЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ Қыр астындағы қысқа дайындық қазан айына дейін аяқталады. Кеше 2014-2015 жылдардағы күзгіқысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай мəлім етті.
2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер басшыларының съезі өтеді
¦ÄIËÅÒ
ЕЛ ТЫНЫСЫ
Үш Президент мəселе қараған кезде, біреуі №33 (193) қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды 19.09.2014 жыл
ЕЛБАСЫНЫЅ ЎЛЫТАУДАЄЫ СЎХБАТЫНДА АЌИЌАТ АЙТЫЛДЫ «Егемен Қазақстан» газетінде Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы ТарМУ-дің профессоры Тəуекелбек Жаңақұловтың «Ақиқат айтылды» деген тақырыппен Елбасының Ұлытауда берген сұхбаты туралы пікірі жарияланды. «Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатын газеттен де оқыдым, теледидардан да тыңдадым. Əрине, Нұрсұлтан Əбішұлының көрегендігін, сөзге шешендігін, ойының ұшқырлығын бəрі мойындайды. Бұл сұхбат ерекше қырынан танылды. Ел мен жер, тіл мен дін, тарих пен мəдениет, қазіргі саясат, экономикалық жағдай - бəрін жіліктеп, қолмен қойғандай етіп айтып берді. Ең бастысы, Президент елге өз ойын нақты əрі қарапайым тілмен жеткізе білді. «Біздің «теңізіміз» - Ресей территориясы. Біздің «теңізіміз» - Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз. Енді біз осылармен сауда-саттық жасамасақ, онда экономикамыз қалай өседі?» - деді Нұрсұлтан Əбішұлы. Шынында, Еуразиялық экономикалық одақты əр ел мен континенттерді саудасаттық жағынан байланыстырған Ұлы Жібек жолының бейнесі деп айтуға əбден болады. Жібек жолы - əлемдегі ең көне, жан-жақты дамыған, тұрақты, бейбіт өмір сүрудің символы болған экономикалықдипломатиялық байланыс қой. Еуразиялық экономикалық одаққа ене отырып Қазақстан Қара жəне Балтық
теңіздеріне баж салығынсыз шығуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда Владивосток арқылы Тынық мұхитқа да еркін өткел тауып отыр. Темір жол жəне автомобиль магистралі құрылыстарының аяқталуы елімізді Еуропа мен Азия арасындағы аса қуатты көлік дəлізіне айналдырады. Тарихшы-философтар ХІХ ғасырды Еуропа ғасыры, ХХ ғасыр - Америка ғасыры, ХХІ ғасыр - Азия-Тынық мұхит өңірінің ғасыры деп тұжырым жасауда. Шамасы, үшінші индустриялық революцияның жемісі де осы жаққа қарай ауыспақ. Заман талабымен даму қарқынына сай əлемдегі екінші жəне
АЙМАҚ
Отан тірегі отбасы
Облыс əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен Шымкенттегі халықтар достығы үйінде «Отан Отбасынан басталады!» деген айдармен «Отбасы күніне» арналған салтанатты шара өтті. Шараға комиссия жəне саясаткер əйелдер клубы мүшелері, облыстық этномəдени орталықтары мен аудан, қала əкімдіктерінің өкілдері, жастар қатысты.
Елімізде екінші рет аталып отырған «Отбасы күні» мерекесі отбасы құндылықтарын дəріптеп, жаңадан отау құрған жас отбасыларды Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырады, ұлттық салт-дəстүрлерді насихаттап, əрбір отбасының мемлекет тірегі екенін түсіндіріп, өскелең ұрпақты инабаттылыққа, татулыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тəрбиелейді, жас отбасылардың үлкенді үлгі, кішіні мақтан етіп, отбасының бірлігін сақтап, атаана алдындағы қарызын өтеуге, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға үгіттейді. Мерекелік шарада облыс əкімінің орынбасары Е.Садыр қатысып, үздік деп танылған 12 отбасыға сый-сияпаттар табыстады. Марапаттауға лайық деп ұсынылған отбасылардың барлығы өз жанұяларында ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар арасындағы қарымқатынастығы жоғары бағалап, өздерінің ұл-қыздарын, немерелерін барынша дұрыс тəрбиелеп, бірқатар біздің қоғамның дамып өркендеуіне елеулі үлес қосқан отбасылар деп табылады. Салтанатты шара қала жəне аудандардан келген өнерлі, өнегелі отбасылардың гала-концертімен жалғасын тапты.
үшінші (Қытай, Жапония) экономикалық державалар, аса жаңа технологиялар, əскери əлеует, саяси салмақ, идеология мен құндылықтар осы өңірге жайғасқан. ХХІ ғасырда ешқандай мемлекет оқшауланған жағдайда əлемдік бəсекелестіктің дамуына төтеп бере алмасы анық. Тек қана жер астындағы байлыққа иек артып, ғылыми-техникалық жаңа технологияға негізделген өндірісті дамытпай, əлемдік бəсекелестікке сай даму мүмкін емес. Осының тамырын дөп басқан Елбасы табыстан түскен қаржының біразын өндірісті əртараптандыру саласына пайдаланудың қажеттігін баса айтуда. Бұл
біздің стратегиялық бағыт - шикізат экспортынан дайын өнім экспортына көшу деген сөз. Жаңа интеграциялық бірлестіктер отандық кəсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Атап айтсақ, Қазақстан қазіргі кезде сыртқы нарыққа 700-ден астам тауар шығарып сатуда. Соңғы екі жылда қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына көптеп еніп жатқанын байқауға болады. Қоғам болған соң одақты, интеграцияны сынға алып жатқандар да баршылық. Əлеуметтік стратегия жəне саяси зерттеулер АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік жəне Орталық Азия елдері бойынша көмекшісі Р.Блейк осы интеграция туралы оң пікірін: «Түркиядан Каспий теңізі арқылы Оңтүстік Азияға дейін созылған динамикалық дамудағы аймақта тығыз ынтымақтастық пен интеграция өркендеу мен тұрақтылыққа алып келеді», - деген байламмен білдіреді", - деп жазылған мақалада. Елбасы бұл жөнінде «Біреулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды» деп қорқақтайды. Олай емес. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдері жиналып, үш Президент мəселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. Консенсус деген сол. Егер екеуінің шешімі жақпайтын болса, мен қарсы боламын, мəселе шешілмейді. Сондықтан, бəрінің құқығы бірдей», - деп əңгіменің ашығын айтты. Шынында, ЕАЭО-да ең басты мəселе Қазақстанның Тəуелсіздігі, бұл ылғи бірінші орында тұрады. ЕАЭО тек экономикалық одақ екенін естен шығармаған жөн. Inform.kz
«Ұлттық мұра» автошеруіне қатысушылар Шымкентке келді Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония «Ұлттық мұра» І автошеруі шеңберінде «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына 10 жылдығына жəне ҚР Ұлттық музейінің ашылуына арналған кездесу болып өтті. Шараға ғалымдар, мəдени мұра орталығы, мұражайлар мен кітапханалар қызметкерлері, оқу орындарындағы тарих факультетінің ұстаздары мен студенттері қатысып, модераторлық қызметті ҚР Ұлттық мұражайы директорының орынбасары Əзімхан Қойлыбаев жасады.
Автошеру музей қызметкерлерін шоғырландыру жəне олардың күшін мемлекеттік бағдарламаны одан əрі жүзеге асыру мақсатымен өткізіліп отыр. Алғашқы «Ұлттық мұра» автошеруінің
Негізгі мақсат - аудан, қалалық журналистермен тəжірибе алмасу, байланыс орнату мен кəсіби деңгейде ақпарат алуы мен таратуына жол ашу. - Алдағы уақытта журналистерге арналған семинар-тренингтер тұрақты өткізілетін болады. Облыстық ішкі саясат басқармасы бұл бағытта нақты жұмыстар жасауда. Мысалы, семинарға белгілі журналист, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Алаш айнасы» интернетгазетінің бас редакторы Серік Жанболат пен «Мінбер» журналистерді қолдау қоғамдық қорының директоры Есенгүл Кəпқызын арнайы шақырып отырмыз. Алдағы уақытта облыс журналистерімен «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакто-
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Ел жаңалықтары Үкімет штаты қысқармайды Орталық жəне жергілікті билікке бірқатар өкілеттігін бергенімен Үкіметтің штаты қысқармайды. Бұл туралы Сенатта «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы, «ҚРның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты. «Үкімет кеңсесінің штаты азаймайды», - деді ол сенаторлар тарабынан қойылған сауалға орай. Айта кетейік, бүгін Е.Досаев Үкіметтен 2442 функцияның 1606сын орталық атқарушы органдарға беру ұсынылатындығын жеткізген болатын. Осыған орай депутаттар Үкіметтің атқаратын қызметі 3 есеге қысқаратындықтан оның штат санын азайту көзделген-көзделмегенін сұраған еді.
Жер қойнауын пайдалану туралы кодекс алдағы жылы қабылдануы ықтимал Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жер қойнауын пайдалану туралы кодекс келер жылы қабылданады деп үміттенеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Тау-кен өндіруші жəне кен-металлургия кəсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, ҚР Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Кен-металлургия кешені комитетінің төрағасы Николай Радостовец мəлім етті. «Үкімет жер қойнауын пайдалану жөніндегі жаңа кодекс жобасына басымдық беретініне үлкен үміт артамыз. Осы саладағы бизнесмендер жер қойнауын пайдалану туралы жан-жақты қамтылған құжаттың болғанын қалайды. Ұлттық кəсіпкерлер палатасы осы кодекстің тұжырымдамасын əзірлеп шықты. Енді, 2015 жылы бұл кодекс қолданысқа енеді деген сенімдеміз», дейді Н. Радостовец.
Сочидегі Олимпиада ұйымдастырушылары «Астана ЭКСПО-2017» делегациясымен тәжірибе бөліседі Мəскеуге жұмыс сапарымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қазақстандық делегациясы келді. Делегацияны "ЭКСПО2017" мамандандырылған халықаралық көрменің комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев басқарды. Сапар аясында қазақстандық делегация Сочидегі 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің экспрезиденті Дмитрий Чернышенкомен кездесті. Онда "ЭКСПО-2017" комиссары Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне деген дайындық барысын баяндады. «100-ден астам ел, 10 млн-нан астам ұйым қатысады деп күтеміз. Сондықтан Ресейдің халықаралық шара ұйымдастырудағы тəжірибесі біз үшін маңызды, - деп атап өтті Р.Жошыбаев. Қазақстан да халықаралық шараларды ұйымдастырған. Біз Қысқы Азиаданы өткіздік. Енді алдымызда 2017 жылы «ЭКСПО2017» халықаралық көрмесін өткізу мақсаты тұр». Кейін тараптар Ресейдің Олимпиада өткізу тəжірибесін талқылады.
Әкім масамен күресуге 300 млн. теңге сұрады Атырау қаласының əкімі Нұрлыбек Ожаев қалалық мəслихат депутаттарынан масамен күресу шараларына 2015 жылға 300 млн. теңге көлемінде қаражат бөлуді сұрады. «Бұл қаражатқа біздің аймақта көп таралған маса жəндігімен тиімді күресу шараларын ұйымдастыруға болады. Оған ғылыми қызметкерлерді, биологтар мен энтомологтарды да тарту қажет. Əрі, мəселен, Павлодардағы тəрізді масалар көбейетін жəне жиналып тіршілік ететін жерлер дəл көрсетілген аймақ картасын жасау қажет», - дейді Атырау облыстық дезинфекция стансасының директоры Бауыржан Қосжанов. Масамен күрес мəселелеріне сондай-ақ Ұлттық дезинфекция мамандары қауымдастығының конференциясы да арналды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан жəне Астана, Алматы қалаларынан келген мамандар қатысты.
маршруты Қазақстанның оңтүстік жəне орталық аймақтарындағы мəдени-тарихи нысандар мен облыстық музейлерді аралауды жоспарлаған. «Ұлттық мұра» автошеруін ұйымдастырушы Ұлттық музей ұжымы осы шараны өткізу арқылы музей ісі бойынша тəжірбие алмасу, аймақтардағы музейлердің жетістіктерін, проблемалары мен келешектегі даму жолдарын талқылау, тарихи-мəдени мұраны көпшілікке таратудағы тиімді тəжірибені талдап, қорыту жəне тарату міндеттерін көздейді. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Негізгі мақсат – журналистердің кәсіби деңгейде ақпарат алуына жол ашу
Қыркүйектің 16-сы мен 17-сі күндері Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қалалық, аудандық БАҚ өкілдеріне арналған «Бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын арттыру жəне даму ерекшеліктері» жəне «Журналистік этика» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
2
ры Жанболат Аупбаев, «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова, «Астана» телеарнасының тележүргізушісі Жайна Сламбек жəне «Абай» ақпараттық порталының бас редакторы Дəурен Қуат өз тəжірибелерімен бөліспек, - деді, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уəли. Басқарма басшысы қазан айында облыс əкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізіп, интернет медиа-технологияны меңгеру тəсілдері (ақпараттық порталдар жəне блогерлер арасында өткізу), облыстағы этносаралық қатынастарды нығайтудың механизмдерін жетілдіру бойынша, «БАҚ жəне мемлекеттік мекемелер арасындағы байланыс» (экстремизм мен терроризмді, ұлтаралық жəне этносаралық келіспеушіліктердің алдын алу) тақырыптарында семинарлар өткізу жоспарланғанын айтты. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. «Əділет» - ақпарат».
Электронды жайнамаз бейненұсқасын қосумен жетілдірілмек Электронды жайнамаз ойлап тапқан алматылық азамат өзінің өнертабысын одан əрі жетілдірмекші. Оның заманауи құрылғысы намазды оқып-үйренуге ниет еткен жандарға арналған. Бес уақыт намаз бен үтір намазын оқуды үйрететін электронды жайнамазды ойлап табу үшін Алханбай Сатыбалды екі жыл бойы еңбектенген. Өнертапқыштың төрт ай бұрын жасап шығарған туындысындағы кішкентай ғана құрылғыға намазда оқылатын сүрелердің барлығы жазылған. «Намаз араб тілінде оқылады. Сондықтан көптеген кісілер жаттай алмайды. Есімізден шығып кетеді дейді. Соны жеңілдету үшін осындай жайнамаз жасадық. Мұнда бес парыз намаз бен үтір намаз жазылған. Мүфтияттың сараптамасынан өткен. Құлаққа құлаққап салып алып ілесіп оқи бересіз. Қабілетіңізге қарай үйренгенге дейін мұны пайдалануға болады», - дейді Алханбай Сатыбалды. Заманауи қондырғы орнатылған жайнамаз əсіресе, зағиптар мен тілінің мүкістігі бар жандарға тиімді екен. Оны өнертапқыш қазақи ою-өрнекпен көмкеріп, көрікті етіп жасаған. Сондай-ақ кілемшенің көлемі де біраз өзгертіліпті.
Қазақстанда көшпелілер тарихы туралы «History» телеарнасы іске қосылады Қазақстанда көшпелілер өркениеті тарихы туралы «History» телеарнасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Астанада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» бірқатар старт-ап жобаларын таныстыру кезінде «Z Industries LLP» компаниясының бас директоры Данияр Тебаев мəлім етті. Айта кетейік, бұл компания бүгінде аталған телеарнаны іске қосу жұмыстарымен айналысып жатыр. Оның айтуынша, телеарнаны құру идеясы үш жыл бұрын туындады. «Біз электронды телеарнамен хабар тарату құқығына лицензия алдық. Өткен жылы осы бағытта видеопорталды құрып, биыл оны жаңғырттық. Енді екі жыл бойы контент жинайтын боламыз. Қазіргі кезде Интернет-телеарна ретінде хабар таратудамыз. 2017 жылы алты тілде сандық арна ретінде жұмыс істемекпіз», - деді Д. Тебаев. «ҚазАқпарат» агенттігі тілшісіне берген сұхбатында компания басшысы бүгінде Интернет-канал жаңалықтарды, мұрағат құжаттарын салып жатқандығын атап өтті. Белгілі болғандай, телеарна болашақта барша түркі мемлекеттеріне хабар таратады. Қазақпарат
¦ÄIËÅÒ
ЗАҢ жəне ЗАМАН
«Сот кабинеті» - азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге бағытталған жоба
№33 (193) 19.09.2014 жыл
3
СУДЬЯЛАР ӘДІЛ БОЛУҒА АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
САННАН НАҚТЫ САПАҒА КӨШУ ҚАЖЕТ Жуырда Қазақстанның «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы келіп, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесті. – Біздің мақсат айқын. Басты міндетіміз қоғамды дамытуға, билік пен бизнестің арасында берік байланыс пен сенімді əріптестік қатынас орнатуға негізделген. Біз қоғамдық сектор сарапшылар желісін жетілдіре отырып, азаматтардың үкіметтік емес ұйымдар туралы толық білуін, қалаймыз. Біздің барлық жобаларымыз халықтың əлеуметтік көрсеткішінің көтерілуіне бағытталған, - деді Нұрлан Кенжебекұлы. Сонымен қатар ол Үкіметтік емес ұйымдарда (ҮЕҰ) ұйымшылдықтың өз деңгейінде емес екенін, олардың беделі төмендеп бара жатқанын да жасырмады. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін саннан нақты сапаға көшу қажеттігін қадап айтты. – Мəселен, елімізде 27 мыңға жуық ҮЕҰ тіркелген. Қазіргі таңда олардың көпшілігі жабылып қалған. Арасында тіпті бір күндік ҮЕҰ да пайда болған. Жалпы олардың ішінде нəтижелі көрсеткішпен жұмыс істейтіндері аз, дəлірек айтсақ 1500-2000 ҮЕҰ болса жақсы болар еді. Осылай деген Нұрлан Кенжебекұлы мемлекетттік органдар қызметінің бір бөлігін ҮЕҰ құзіретіне беру қажеттігін жəне аталған сала өкілдерін мемлекеттік шараға белсене араласуы қажеттігін жеткізді.
Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының мəжіліс залында өткен жалпы отырыста өңірдегі аудан, қалаларға жаңадан тағайындалған 21 судья салтанатты түрде ант қабылдады. Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шəріпов пен облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары қатысты.
Шындалиев, Сайрам аудандық сотына – Сапаралы Құрбанов, Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотына – Гүлиза Мамырова, Айнұр Оспанова, Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына – Самидин Темірəлиев,
Түркістан қалалық сотына – Дина Бейсембекова, Ахмаджон Иржанов, Түлкібас аудандық сотына – Ақмарал Мұханова, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотына Мұхтар Айменов, Лəззəт Əуелбекова жəне Жанғазы Ботабековтер ант қабылдай отырып, сот төрелігін Қазақстан Республика-
сы Конституциясы мен заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға, қызметтік міндетін орындауда бейтарап жəне əділ болуға салтанатты түрде ант беріп, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғау жолында өз міндеттерін адал атқаруға міндет алды. Ант қабылдау рəсімінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кəрімұлы жаңадан тағайындалған судьяларды жаңа қызметтерімен құттықтап, сəттілік тіледі. Ж. МҰСТАФИНА.
Қазақстан Республикасы Президентінің №839 Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандық жəне оған теңестірілген соттарына жаңадан тағайындалған судьялар: Шымкент қаласы Абай аудандық сотына – Еркін Отарбаев, Қанат Мылтықбаев, Шымкент қаласы Əл-фараби аудандық сотына – Гүлмира Мекембай, Кентау қалалық сотына – Ақылбек Дəуренбеков, Мақтарал аудандық сотына – Сейілхан Мұсабеков, Мақтарал ауданының №2 аудандық сотына – Абай Ниязбеков, Арман
ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ
Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мəжіліс залында «Сот кабинеті» атты электрондық қызмет көрсету жобасын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Оңтүстік Қазақстан облыстық кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының төрағасы С.Тулепбергенов, ОҚО сотының кеңсе басшысының орынбасары Н.Оразалиева, сот судьялары, балалар үйінің мамандары, адвокаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Өткен жылы Қазақстан Респуб-
ликасы судьяларының VI съезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобы қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарауы хаттамасын толық жəне сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот үдерістерінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Бірінші инстанциядағы барлық соттарды бейнеконференция байланысымен қамтамасыз ету қажет, бұл сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы жəне ұйымдастырылған кедергілерге тап болуға тиіс емес», - деген. Бүгінде «Сот кабинеті» атты электрондық қызмет көрсету
жобасы Елбасының бастамасымен қолға алынуда. Осыны алға тартқан судья Г.Саттарова жиынға қатысушыларға «Сот кабинеті» атты электрондық қызмет көрсету жобасының маңыздылығын тарқатып түсіндірді. – «Сот кабинеті» - сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жоба. «Сот кабинеті» атты электрондық қызмет көрсету жобасы арқылы талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру, өтініш, арыз,
шағым жəне электрондық түрдегі өтінімдерді əзірлеу жəне беру, мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау сынды əрекеттерді жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, кез келген Қазақстан азаматы өзіне қолайлы уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады, - деді ол. Сондай-ақ ол бұл жоба сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алуға үлкен септігін тигізетінін де айтты. Мамандар бұл жүйеге көшу қарапайым халық үшін өте тиімді болатынын алға тартуда. «Əділет-ақпарат».
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
ҐНЕГЕЛІ ІСІ – КҐПКЕ ОРТАЌ
Ата Заңымыздың алғашқы бабында еліміздің ең басты байлығы – жердің асты мен үстіндегі мол қазынасы емес, адам жəне оның өмірі екені көрсетілген. Ал адамзат үшін ең басты байлық – оның мызғымас мықты денсаулығы екені даусыз. Денсаулықты сақтаудың басты шарты – спорт. Осыны басшылыққа алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған кезекті дəстүрлі Жолдауында: «Халық денсаулығы Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы жəне халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мəселесі болуы тиіс. Туризм жəне спорт министрлігі əкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек. Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз. Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де», - деген болатын.
Осындай игі бастаманың нəтижесінде Қазақстанның барлық өңірлерінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған түрлі ісшаралар көптеп ұйымдастырыла бастады. Əсіресе, өскелең ұрпақтың спортқа бет бұруы көңіл құптарлықтай, кеуде керерліктей дəрежеде. Қуанарлығы, өз қаржысы есебінен туған жер, өскен ортасындағы ағайын-туыс, көрші-көлемдер үшін өте ыңғайлы, заман талабына сай лайықталған спорт алаңдарын тұрғызып жатқан кəсіпкерлер мен меценаттардың қатары көбейді. Бұл қаншама балаға шаттық пен қуаныш сыйлады. Олардың бос уақытын тиімді өткізіп, өмірде қия баспай, дұрыс бағыт-бағдар алуына үлкен септігін тигізіп жатыр. Жалпы, спортты дамыту бұл тек сала басшылығына ғана жүктелген іс емес. Бұл жалпыхалықтық ортақ міндет. Осыны назарға алған көптеген сала мамандары бұқаралық спортты дамыту ісіне барынша атсалысып, қыруар шаруалар атқаруда. Бұл игі істен еліміздің сот жүйесі де қалыс қалмаған. Бұл ретте еліміздің Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мəмидің қосып отырған үлесі орасан. Ол ҚР Судьялар Одағының VII спартакиадасы іріктеу ойындарының жабылу рəсімінде сөйлеген бір сөзінде аса бір ризалық сезіммен: «Спорт – адам денсаулығының, салауатты өмір салтының бірден-бір кепілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде спортты дамытуға барынша қолдау көрсетіп келеді. Мемлекет тарапынан бұл салаға жыл сайын мол қаржы бөлінуде. Оның тікелей
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
қолдауының арқасында бүгінде Қазақстан спорт державасына айналуда. Қазақстандық спортшылардың Лондон Олимпиадасындағы даңқты жеңісі – осы сөзімнің айқын дəлелі. Елбасының спортқа деген бастамаларын ілгері жылжыту, еліміздегі сот жүйесін дамытумен қатар, отандық спортты насихаттау жəне салауатты өмір салтын берік ұстану мақсатында Қазақстан судьялары зор үлес
қосып келеді. Өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарумен қатар, уақыт тауып, спортпен де шұғылданып, өзге əріптестеріне үлгі көрсетіп жүр. Адал еңбек, кəсіби шеберлік жəне салауатты өмір салты кез келген судьяның өмірлік ұстанымы болуға тиіс, - деген-ді. Осылайша ол Қазақстан судьяларына бұқаралық спорт түрлерін дамыту жолында үлкен міндет жүктегендей болды. Өңірдегі сот жүйесінің қызметкерлері Жоғарғы Сот төрағасының бұл орнықты ойын іске асырып, оған зор ынтамен кірісіп те кетті. Сондай белсенді ұжымның бірі – Нұрсерік Кəрімұлы Шəріпов төрағалық ететін Оңтүстік Қазақстан облыстық соты. Жалпы, «алтын бесік» – ауылдағы спортты дамыту сіз бен біздің азаматтық міндетіміз. Ал оны жүзеге асыру жаны жомарт ел азаматтарының қолында. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт аудандық сотының осындай жаны ізгілікке толы судьялар қауымының игі бастамасымен сот ғимараты жанындағы бос жатқан ашық алаңға кіші спорт алаңы салынды. Бірнеше айдың жүзінде-ақ бой көтерген бұл алаңға «Əділет» деген атау берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кəрімұлы құрметті қонақ болып шақырылды. Бұлай болатын да жөні бар. Өйткені, осыдан біраз уақыт бұрын аудандағы сот жүйесінің жұмысымен танысу мақсатында болған кезекті іссапарында облыстық сот төрағасы сот ғимаратының жанындағы бос жерді көріп, осы жерге аудан тұрғындарының игілігі үшін спорт алаңын салу
туралы идеясын тастаған болатын. Сол бастамасының аз уақыт ішінде жүзеге асқанын көріп, көңілі тасыған Нұрсерік Шəріпов: – Қазығұрт аудандық сотының қолға алуымен кіші спорттық алаң ашылып жатыр. Бұл, ең əуелі аудандағы аға буын ардагерлердің бір мезгіл тынығып, бой жазуына, орта буындағы тұрғындардың спортпен шұғылданып, өздерін сергек сезінуіне, əсіресе, жастардың, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың саулығы үшін өте қажет еді. Алаңның бой көтеруіне мұрындық болған Қазығұрт аудандық соты болса, оған белсенді атсалысқан – осы аудандағы құқық қорғау органдары. Бұл – сенбілік есебінде, қоғамдық жұмыс негізінде атқарылған іс-шара. Бұл үшін мемлекеттік бюджет есебінен ешқандай қаржы қаралған жоқ. Барлығы сол аудандық сот пен аудандағы құзырлы орган қызметкерлерінің өз есебінен, таза еңбегімен жүзеге асып отыр. Бүгінде ұлт саулығын жақсарту мақсатында Елбасының бастамасымен түрлі бағдарламалар қолға алынып жатыр. Ол бағдарламалардың басты мақсаты – халық денсаулығын жақсарту. Ал деннің сау болуы жолында спорттың атқарар рөлі ерекше. Сондықтан да мен осы аудан тұрғындарын, əсіресе жастарды жаңадан бой көтерген, қазіргі заманға сай лайықталып жасалған «Əділет» кіші спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын. Кіші болса да, заман талабына жай жарақталған спорт алаңы Қазығұрт ауданы тұрғындарының, əсіресе, жастардың игілігіне қызмет етер деген үміттемін, - деп ризалығын білдірді. Алаңның ашылу лентасын салтанатты жағдайда тоқсанның төріне озған 93 жастағы
қадірменді қария И.Телікбаев пен 2 сынып оқушысы қиды. Бұл атадан балаға аманат етілген ұрпақ жалғастығын танытқандай. Мерекелік іс-шара аясында мектеп оқушылары арасында кіші футболдан спартакиада ұйымдастырылды. Аяқдоп ойыны барысында өрнекті ойын көрсеткен өрендерге облыстық соттың төрағасы Н.Шəріповтың атынан арнайы Мақтау қағаздарымен қатар, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Ең үздік қорғаушы» аталымдары бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау салтанатында Нұрсерік Кəрімұлы жас спортшыларға талант кемелерінің қайырылмауын тілеп, келешекте қай кəсіптің құлағынан ұстаса да, ең бастысы, туған ел мен жерді өркендетуге барынша атсалысу қажеттігін айта келіп, қазіргі аға буын оларға үлкен сенім артатындығын, бүгінгі оларға табысталған марапаттар – соның жарқын белгісі екенін жеткізді. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кəрімұлы қай жерде жүрсе де, ел келешегіне иелік ететін жастардың ұлттық құндылықтар мен ұлттық тəрбиемізді жоғалтпауын, олардың рухани жан-дүниесін байытып отыруды үнемі ойда ұстап жүреді. Осыдан біраз уақыт бұрын Қазығұрт аудандық сотының жұмысымен танысу мақсатында барған кезекті бір сапарында аудандық соттың төрағасы Қ.Қоңырбаевқа сот ғимаратының ішінен мұражай ашу туралы идеясын ұсынған болатын. Сол кезде де ондағы судьялар қауымы төрағаның бұл ұсынысын құп алып, аз ғана уақыт ішінде құнды жəдігерлерге бай мұражайды ашуды бастап та жіберген еді. Осылай аудандық соттың құрылғанына 70 жыл толуына орай есік ашқан мұражайға 70 жыл ішінде аудандық сотты басқарған білікті заңгерлер – С.Əшімбетовтен бастап қазіргі төраға Қ.Қоңырбаевқа дейінгі судьялардың суреттері, олар тұтынған заттар мұқият жинастырылып, көздің қарашығындай сақталып отыр. Өнегелі өмір жолдарынан сыр шертетін бұл жəдігерлер жастарға патриоттық тəлім-тəрбие берумен қатар, оларды өз істеріне адал да берік болуға, абыройлы еңбектің жемісін татуға, халық игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуге баулып, қанаттандыра түседі. Бұл игі іс туралы біз газетіміздің осы жылғы бірінші санында «Естелікке толы екі күні» атты мақалада тарқатып жазған болатынбыз. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Нұрсерік Кəрімұлының оңтүстік өңірінің сот жүйесін дамытып қана қоймай, рухани-мəдени өмірі мен бұқаралық спортын өркендетуге де осылайша сүбелі үлес қосып жатқаны көпке үлгі болса игі. Елін сүйген, жерін сүйген, ертеңіне алаңдап, бүгінінің жыртығын бүтіндей алатын азамат қана абырой биігінен көріне алатынын осы бір қарапайым мысалдардан-ақ айқын аңғаруға болады. Лайым, ұлттың кемел келешегін көксеген осындай жүрегі кең, тілегі асыл азаматтарымыз көбейе бергей. Салтанат ИБРАГИМОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы.
Жаңа кəсіпорын өнімі Қазақстан ғана емес, №33 (193) Түркия нарығын да қамтамасыз ететін болады 19.09.2014 жыл
АЙМАҚ
¦ÄIËÅÒ
ЕРЛІК – БОЛАШАҚ ТҰҒЫРЫ «Отан алдындағы қызмет – азаматтық міндет». Халықтың бастан кешкені тарих бетінде алтын əріпті ізімен сайрап жатқаны анық. Бүгінгі ұрпақ баласының жадында да, тарихында да теңдік, тəуелсіздік, азаттық деп шарқ ұрып, бодандықтағы елдің бұғауын босатуға атсалысқан қайратты да жігерлі ерлердің еткен ісі жастарға үлкен өнеге. 1979 жылы Ауғанстан жерінде болған соғыста Кеңес əскері қайталанбас қайсарлық танытқандығы белгілі. Халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түзсіз жоғалып кетті. Кеңес Одағы халқына да бұл соғыс қасірет пен қаскөйліктің үлгісі ретінде жүректерге өшпес жара салды. Бірнеше жылға созылған зардапты соғыс зобалаңына 620 мыңға жуық кеңестік əскер соғысқа тартылса, оның ішіндегі 22 мыңы қазақстандық болған. Қазақ даласынан аттанған əскери қызметкерлердің ішінде 86 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, көпшілігі денсаулығы мен жүйкесіне орасан нұқсан келтіріп елге оралған. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – өткен тарих тұғырында өлшеусіз өзіндік ізі бар ауған даласындағы келеңсіздікке қайсарлық пен
жанқиярлық өжеттікті арнаған батыр азаматтарды жастарға таныту болып табылады. Шараға қатысқан ауған соғысының ардагері Ғалымжан Тастанбекұлы Майханов соғыс жылдарындағы бейнеттер мен қарулас достары, тəуелсіздік жайында кеңінен ой толғап, əңгіме өрбітті. Бейбітшілік жастар келешегі үшін де тұғырлы болатындығына, қазіргі белсенді де білімге құштар, санасезімі сергек жастардың қолдағы ту қадірін мəңгілік биік ұстауға қабілетті екенін ерекше ықыласпен айтып өтті. Осы орайда сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сейдахмет Кəденұлы Байдəулетов əрбір ардагерге құрмет – тəуелсіздік алдындағы ізет екендігін жеткізді. Қалалық ішкі саясат бөлімі «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ерлан Альжанов шараның маңыздылығы,тарихта сызы қалған ауған соғысы батырларымен жүздесудің берері мол екендігі жөнінде айтып өтті. Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімі «Шымкент жастары» КММ жəне Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің бірлесуімен өткізілген жиын жастар үшін маңыздылығын танытты. Белсенді жастар көкейдегі сауалдарын қойып, пікірлерін білдіріп жатты. Аз ғана кездесудің өзінде жан-жақты қозғалған
4
ОҚО-дағы бахил жасайтын өндіріс Түркия нарығын да қамтымақ мəселелерден ерекше əсермен тарқасқан жастар, жалынды күш-қайрат пен шынайы білімге жүгіне отырып, еліміздің көш арбасына өзіндік үлестерін барынша қосатындықтарын жеткізді. Жастар арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау, мейірімділік пен бауырмалдыққа, жаман əдет-жат қылықтан аулақ болуға шақыру бүгінгі күннің басты талабы саналады. Сондықтан да, белсенді жастармен бірлескен отырыстар тəрбие мен тағылымға негізделді. Бейбіт елде ғұмыр кешіп, ата-баба қолға ұстатқан ту астында оспадар қылыққа жол беру – тарихтың өзі кешірмес жағдай екендігі анық. Жастарды отансүйіштікке, мейірімділікке, елге, жерге, тілге деген құрметті арттырып, азаттық жолында жан аянбай ерлік көрсеткен батырларды ардақтауға баулуға септігі мол ісшаралардың жиі өткізілуі де тəрбие, таным үшін де маңызды. М. АЙТПЕНБЕТ, Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі «Шымкент жастары» КММ
«Шымкент инновация» ЖШС ұйымдастыруымен облысқа арнайы сапармен келген «Т&Т» түркиялық компаниясы мен оңтүстікқазақстандық кəсіпкерлер арасында кездесу өтті. Шетелдік кəсіпкерлердің өңірімізге келуінің басты мақсаттарының бірі – оңтүстік өңірінің кəсіпкерлерімен бахил жəне бахил кигізетін құрылғы шығару бойынша біріккен кəсіпорын ашу деп хабарлайды «Шымкент инновация» ЖШС баспасөз қызметі. Жобаны шетелдік компаниямен біріге іске асыратын оңтүстікқазақстандық кəсіпорын – «ЖилСтрой индустрия» компаниясы. Зауыттың іске қосылуы 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Ол жұмысшылар жаңа кəсіпорында қолданылатын жаңа технологияларды игеру мақсатында Түркия мен Ирландия елдерінде арнайы оқудан өтетін болады.
«Жуырда Түркияға сіздердің өңірлеріңізден облыс əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бастаған кəсіпкерлерден құралған бір топ делегация келген. Сол кездің өзінде осы өңірде сол жобаны іске асыру мүмкіндігін талқылаған болатынбыз. Келіссөздер барысында болашақ зауыттың құрылысын «Оңтүстік» индустриалдық аймағында жасау ұсынылды. Енді, осы келгенімізде біз айтылған жерді өз көзімізбен көрдік. Ол аймақта жасалған барлық қолайлы жағдайлар көңілімізден шықты» дейді Толга Хыдыроглу - «Т&Т» компаниясы басқармасының төрағасы. Жаңа кəсіпорында шығарылытын өнім тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Түркия нарығын да қамтамасыз ететін болады. Өндіріс қуаттылығы айына 4 миллион дана бахилді құрайды. 2015 жылы зауыт құрылысын оңтүстікқазақстандық кəсіпорынмен бірлесіп жүзеге асырмақшы. Ая ӨМІРТАЙ, Baq.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2010-2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ №
əйнек өндірісі (500 млн.теңге, 25 жұмыс орны); 7. «South Bags» ЖШС полипропиленнен жасалған қапшық өндірісі (100,0 млн.теңге,
жоба іске асырылады деп күтілуде, 6 жоба - 2015 жылға, 2 жоба 2016 жылға ауыспалы түрде өтуде. 2014 жылы инвестиция көлемі -
Бағдарлама аясында 2010-2013 жылдары инвестиция көлемі 39,3 млрд теңгені құрайтын 36 жоба іске асырылып, 3 257 жұмыс орны ашылды. Көрсеткіш
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
Барлығы
Жобалар саны, бірлік Инвестиция көлемі, млд. тенге Жаңа жұмыс орны, адам.
2 8,8
8 4,7
10 7,2
16 18,6
36 39,3
2014 жыл жоспар 24 54,6
427
611
675
1544
3257
2827
2014 жылы ОҚО əкімдігінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 54 қаулысына сəйкес аймақтық индустриаландыру картасына Шымкент қаласы бойынша жалпы құны 54 612,60 млн. теңгені құрайтын 24 инвестициялық жоба енген, 2827 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Соның ішінде инвестиция көлемі 18,6 млрд. тенгені құрайтын, 9 инвестициялық жоба Сайрам ауданынан өтті 945жаңа жұмыс орны ашылады. Шымкент қаласының кəсіпкерлік бөлімімен жобалардың іске асыруы жөнінде талдау жəне мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, ағымдағы жылдың басынан кəсіпорындардың жəне мемлекеттік органдардың қатысуымен 4 жиналыс өткізілді. Мониторинг жасау нəтижесінде 24 жобаның ішінде 16
22646,5 млн.теңгені құрайтын 16 жоба іске асу барысында 1512 жұмыс орындары ашылу жоспарлануда: 1. «South Textiline KZ» ЖШС – тоқыма фабрикасын кеңейту, тігін фабрикасының құрылысы (3 806,0 млн. теңге, 584 жұмыс орны); 2.«Заманауи құрылыс өнімдері» ЖШС – жылылықты өткізбейтін базальт талшықтарын өндіру (962,4 млн тенге, 80 жұмыс орны); 3.«ДДЭК» ЖШС – автокөліктерге арналған тежегіш колодкаларын өндіру (160,0 млн теңге, 47 жұмыс орны); 4. «Хадиша Отель» ЖШС - 186 орындық қонақ үй құрылысы (9 150,0 млн.теңге, 200 жұмыс орны); 5. "Karlskrona LB AC" ЖШС – бұрама дискілі қақпа өндірісі (1 400,0 млн.теңге, 20 рабочих мест); 6. «Фирма Дана» ЖШС – шыны
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
40 жұмыс орны); 8. «КазПромКирпич» ЖШС- қыш зауытының құрылысы (430,0 млн.теңге, 40 жұмыс орны); 9. «КазПромКирпич» ЖШС травертиннен жасалған плиталардың өндірісі (500,0 млн.теңге, 40 жұмыс орны); 10. «КазАгроном» ЖШС- 3,0 га жылыжай салу (1138,1 млн.теңге, 50 жұмыс орны); 11. «Аксу Энерго» ЖШС – қуаттылығы 1МВт құрайтын күн сəулесі электростанциясының құрылысы (370 млн.теңге, 4 жұмыс орны); 12. «Оңтүстік Газ» ЖШС – цементті каптайтын қағаз қапшық шығару цехының құрылысы (175 млн.теңге, 10 жұмыс орны); 13. «AQUALIFE» ФҚ – балық өндіру шаруашылығын дамыту (250,0 млн.теңге, 20 жұмыс орны);
14. «ҒӨБ «Зерде» ЖШС – логистикалық орталығының құрылысы (2 810 млн.теңге, 260 жұмыс орны); 15. «Арлан Юг Строй» ЖШС пенополистирол плиталарды шығару, пенопласт өнімдері (150 млн.теңге, 30 жұмыс орны); 16. «TRAFO.KZ» ЖШС алюминий, мыстан жасалған өнімдер (745,0 млн. теңге, 62 жұмыс орны).
2015 жылға ауыспалы 6 жобалардың инвестиция көлемі - 4 060 млн. теңге, жұмыс орыны - 248 адам: 1. South Textile ЖШС – түрлі – түсті махер сүлгілер өндіретін фабрика (750 млн.теңге, 49 жұмыс орны). Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталмаған, қаржы көздері қарастырылуда. 2. «Стекло Мир» ЖШС – шиша өнімін қайта өңдеу (2000 млн. теңге, 49 жұмыс орны) Жер учаскесінің құжаттамалары дайындалу үстінде. Құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың II - жартыжылдығында бастау көзделіп отыр, Германиядан əкілінетін құрал – жабдықтар 6 ай қаралады. 3. «NB Partners» ЖШС – травертин плита өндірісі (450 млн.теңге, 60 жұмыс орны) Зауыт құрылысын жүргізуге жер учаскесі
қарастырылуда. 4. «Компания Р.Э.Т.» ЖШС – керамикалық кірпіш зауыты (547 млн. Теңге, 50 жұмыс орны). Автоматтандырылған өндіріс желісі толық жабдықталмаған, құрал – жабдықтардың бір бөлігі Қытайдан əкелінді, екінші бөлігі Түркиядан əкелінеді деп күтілуде. Жобаны қаржыландыру мəселесі қаралуда. 5. «АВС» ЖШС – кірпіш
зауытының құрылысы (313 млн.теңге, 40 жұмыс орны) Зауыттың құрылысын жүргізуге жер бөлу мəселесін қарастыру қажет. 6. «Elimmed group» ЖШС-дəрі дəрмектердің өндірісі (4517,3 млн. тенге,144 жұмыс орны).3,9 га жер телімі бөлінді. Мемлекеттік актісі берілді. Бұл жобалар бойынша іске асыру мерзімдерін өзгерту жөнінде облыс əкімдігіне хат жолданды, жобаларды іске асырудың жаңартылған өндірістік кесттелер əзірленуде. 2016 жылға ауыспалы 2 жобалардың инвестиция көлемі – 23 927,9 млн теңге, жұмыс орын 920 адам: 1. «Шымкентцемент» АҚ – цемент зауытын жаңғырту (9 090,9
млн.теңге, 270 жұмыс орны) 2. «ЮТЕКС KZ» АҚ – «Оңтүстік» ЕЭА орналасқан тоқыма өнеркəсібі (14 837 млн.теңге, 650 жұмыс орны). Өңірлік индустриаландыру картасына жаңа 4 жоба енгізу бойынша ұсыныс берілген: 1. «Голд Алюминиум» ЖШС (алюминий профиль өндірісі, құны 1 173,0 млн.теңге, жұмыс орыны – 186 адам); 2. «МТС-Толеген» ЖШС (темірбетон өнімдерін өндіру, құны 300,0 млн.теңге, жұмыс орыны – 64 адам); 3. Арман Юг Групп" ЖШС (сауда-логистикалық орталығы, құны 2600,0 млн.теңге, жұмыс орыны – 70 адам); 4. «Темиршиков" ЖК (Наубайхана құрылысы, құны 114,0 млн. теңге, жұмыс орыны – 70 адам). Соның ішінде «Голд Алюминиум» ЖШС жəне «МТСТолеген» ЖШС-нің 2 жобалары 2014 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА «Шымкент мұнай зауытын жаңғырту жəне қайта құру» жобасы енген. «ПетроКазахстан Ойл продактс» ЖШС - мен 2011 – 2016 ж.ж. іске асыру мерзімімен жұмыстар атқарылуда Жобаның мақсаты жылына 6 млн. тонна жанаржағармай мен дизель отын өндірісін Еуро – 4,5 стандартына сəйкес өндіру. Жоба 2 кезеңге бөлінген. 1-ші кезең бойынша жылына 4000 тонна өндіретін күкірт жəне дизель отынын сумен тазарту жұмыстары жүргізілуде, іске қосу мерзімі - 2014 жыл Шикізат өнімін сумен тазарту бойынша жұмыстарды 2014 жылы бастап, 2015 жылы аяқтау көзделіп отыр. 2-ші кезеңнің жұмыстарын 2014 жылдың IV тоқсанында бастап, 2016 жылы аяқтау жоспарланған.
ӨЗГЕ ПІКІР
¦ÄIËÅÒ
Балаларымның денсаулығына алаңдағандықтан, суды №33 (193) сүзіп беретін «Аквафор» құрылғысын пайдаланып отырмыз 19.09.2014 жыл
5
АУЫЗСУЄА ЌОЛЫ ЖЕТПЕГЕН АУЫЛДАР ЌАНША? Ынтымақ елді мекенінде барлығы 1120 абонент бар. Оның тек 140-ы ғана ауызсу жүйесіне қосылмаған. Қазіргі таңда бұл Лесбек жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жақын Əуесханұлы күндері елді мекеннің барлық тұрғындары таза СЕРІКБАЕВ, ауызсумен толық қамтылады. Энергетика жəне Ал Бадам елді-мекеніне ауызсу жеткізудің тұрғын үйжобалау-сметалық құжаттамасы ескі құрылыс коммуналдық нормалары мен ережелеріне сəйкестендіріліп шаруашылық жасалған. 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламабасқармасы сы енгізілгенде ауызсумен қамту жұмыстарыбасшысының ның құрылыс нормалары мен ережелеріне орынбасары: өзгеріс енгізілген. «Ақбұлақ» бағдарламасы– Жалпы, ның талабына сəйкес, біз су құбырын елді «Ақбұлақ» бағдарламекеннің шекарасына дейін жеткізіп беруіміз масы екі кезеңнен қажет. Ал Бадам елді мекенін ауызсумен тұрады. Ол – 2002жабдықтау жобасы 2010 жылы жасалған. Ол 2011 жылдар аралығын қамтитын «Таза су» кездегі бағдарлама бойынша құбыр сулары жəне 2011-2020 жылдар кезеңін қамтитын көше бойына тартылуы тиіс еді. Бірақ, онда су «Ақбұлақ» бағдарламасы. Осы бағдарламалар есептегш құралын орнату жəне құбырды үй аясында облыстағы 929 елді мекеннің 665-і шекарасына дейін тарту жұмыстары қаралмабүгінде құбыр суымен қамтылған. Аталған 665 ған. Сондықтан, 1273 абонентке су есептегіш елді мекенде 2 млн. 300 мыңдай халық құралдары мен үйінің шекара аумағына дейін тұрады. су құбырын тарту жұмыстары жобадан тыс Өңіріміздегі 45 елді мекен шалғай орналасқалған. Бірақ, қайткен күнде халыққа суды қан ауылдар санатында. Мұндай ауылдардың жеткізу керек. Осы жұмысқа тапсырыс беруші кейбірінде екі-үш үйден ғана бар. Олар құбыр Шымкент қалалық əкімдігі болғандықтан, олар суы жүргізілген ең жақын елді-мекендерден халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын 100-150 шақырым қашықтықта орналасқан. жүргізіп, кестеге сəйкес есептегіш құралдарды Мұндай шағын ауылдарға ауызсу жеткізу үшін орнату мен су құбырларын шекара аумағына бюджеттен қаржы бөлу өте тиімсіз. дейін тартып беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, құбыр суымен қамтылмай Ағымдағы жылдың қазан айының 15-іне дейін отырған 219 елді мекен бар. Олардың барлығы бұл жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап дерлік өңірдегі 15 қала мен аудандардың жатырмыз. Қазір Бадамдағы 600-ге жуық аумағында орналасқан. Оның ішінде 64 елдіабонентке су беріліп жатыр. мекен Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бүгінгі таңда ауылдық елді-мекендерді қарасты Су ресурстары комитетінің топтасқан құбыр суымен қамту жұмыстарының жалпы су жүйесіне қосылатындықтан, бұл елді Шымкентте тіршікөрсеткіші 70,3 пайыз, қалалық елді-мекендер мекендерге дейінгі магистралдық құбыр 90,3 пайыз деңгейінде. Жоспар бойынша, біз лік көзі – судың бағасы қымбатсуларын аталған комитет тартып береді. Яғни «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауылдық қаржыландыру мен бағдарлама əкімшісі, тауы мүмкін. Өз кезегінде Шымкент мекендерді құбыр суымен қамту тапсырыс беруші сол комитет болып халқын ауызсумен қамтып, кəріз жү-йесінің жұмыстарын 2020 жылға дейін 80 табылады. Магистралды ауызсу құбырлажұмысын реттеп отырған "Су арнасы-Марпайызға, ал қалалық елді-мекендерді рын тартқаннан кейін ішкі жүйелерін біз кетинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайызға дейін орындауымыз керек. жүргіземіз. басшылығы журналистердің қатысумен өткен қоЯғни елді мекендерді ауызсумен қамту Сонымен қатар, 155 елді мекенге ғамдық тыңдауда көпшілікті жаңа тарифпен таныстырбойынша біз межеден көш ілгері келе əрқайсысына бөлек-бөлек, дербес су ды. жатырмыз. құбыры тартылады. Бұл үшін Осы жылдың басында жеке тұлғалар үшін судың ба«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Міне, сала басшысы осылай жерасты су қорларын анықтап ғасы 10 пайызға өскен еді. Келесі жылдан бастап 3 текше дейді. Оңтүстік өңірінде тіршілік алуымыз қажет. Оның мүмкіндіктерін метрге дейін суды пайдалану, яғни, əр адамға 40 теңге 13 нəрімен қамтудың межелі зерттеп, бекітіп алғаннан кейін, тиын деп белгіленген тариф қолданыстан шығарылады. міндетін мерзімінен бұрын жобалық-сметалық құжаттарын Егер су таратушылар ұсынып отырған баға қараша орындап жатқаны рас болса, бұл жасап, құрылыс жұмыстарын айында бекітілсе, судың бағасы 2015 жылы 14,3 парасымен көңіл қуантады. Бірақ, жүргіземіз. Жерасты су қорларын йызға көтерілмек. Яғни, бір текше метр суға тұтынужалпы көрсеткіш жекелеген ауыл анықтау – қазіргі бағдарламаның негізгі шылар 53 теңге 48 тиын төлейтін болады. тұрғындарының жанайқайын азайта шарты. алар ма екен? Мəселен, біз тілдескен Олар бағаны көтеруге жыл басында теңЖерасты су қорларын анықтау Шымкент қаласының іргесіндегі жұмыстарымен еліміздің Инвестициялар генің құнсыздануы салдарынан су құҚұрсай елді мекенінің бірқатар жəне даму министрлігіне қарасты Геология рылғыларының қымбаттауы себеп тұрғындарының да айтары көп. жəне жер қойнауын пайдалану комитеті болып отырғанын алға тарайналысады. Бұл комитет аталған елді туда. мекендердегі өз жұмысын 2014 жылы бастады. Тəртіп бойынша жерасты су қорларын анықтау жұмыстары екі жыл жүргізілуі тиіс. Екінші жылдың төртінші тоқсанында Комитет біздің қолымызға өзінің атқарған жұмыс-тары жөніндегі хаттаманы тапсырады. Онда судың көлемі мен сапасы туралы толық мəліметтер көрсетіледі. Осы мəліметтерге сай, біз ауызсуға мұқтаж елді мекендерді құбыр суымен қамту жұмыстарын бастаймыз. Яғни, аталған комитет су қорларын анықтап, бекітеді. Содан кейін тиісті мекемелер елді-мекендерді сумен жабдықтау жəне сумен қамсыздандыру жүйелерін жөндеу немесе салу бойынша жұмыстарын жүргізіп, суды тұтынушыға дейін жеткізе-ді. Біздің есебіміз бойынша, облыстағы 929 елді мекеннің барлығы дерлік таза ауызсумен 2020 жылға қарай толық қам-тылуы тиіс. Көзделген меже осындай. Əзірге жерасты су қорларын анықтау жұмыстарының біраз уақытты алуы бағдарламаның орындалуын сəл тежеп отыр. Қазір осының салдарынан шалғай ауылдар тұрмақ, қала аумағына кіретін құбыр суы тартылмаған елді мекендердің өзі біздің тізімімізде тұр. Бұл елді мекендерде де геологтар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жуырда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Сарыағаштағы Ынтымақ елдімекеніндегі, сонымен қатар Бадам елдімекендеріндегі су проблемасы туралы халықтар өз жанайқайларын жеткізіп жатты. Бүгінде ол проблемалар өз шешімін тауып жатыр. Мəселен, Сарыағаш ауданындағы
(Соңы. Басы 1-бетте).
Шымкенттегі «Құрсай» шағынауданының тұрғындары: Тимур ЖАЛҒАСОВ: – Мен бұл елді мекенге 2010 жылы отбасыммен көшіп келдім. Содан бері ауызсудың азабын тартып келеміз. Күнделікті тұтынатын суымызды су тасушы көліктерден сатып аламыз. 1 цистернасы – 4500 теңге. Күнде келіп, екі-үш шелек құйып беретін көлік қайда? Сосын бірден бір цистернасын сатып алып, үлкен бөшкелерге құйып қоюға тура келеді. Бірақ, ұзақ тұрып қалған соң су да құрттайды. Кейде иісі сасып, сарғайып кетеді. Болмаған соң, көлік жалдап, басқа жақтан тасып ішеміз. Осылай күнімізді көріп жатқанымызға төрт жыл болды. Мұндағы жарықтың қуаты да өте нашар. Электр бағандарын өзіміз ескі ағаштардан құрастырып, өз күшімізбен орнаттық. Қатты жел тұрғанда жарық жиі өшеді. Бұдан бөлек, біздің көшелерімізде көлік жүре алмайтын. Бəрінен балаларға қиын. Жазда топырағы көтеріліп, қыста қар мен жаңбырдан иленіп жататын жолдармен мектепке қатынау жатқан бір азап. Сосын болмаған соң, ауыл тұрғындарымен ақылдасып, ортадан қаражат жинап, тас төсетіп алдық. Бір сөзбен, қаланың іргесінде тұрсақ та, жағдайымыз алыстағы ауылдан да нашар. Жергілікті билік жарық пен жолды жөндемесе де, тым болмаса, ауызсу жеткізіп берсе де риза болар едік. Адам бəріне шыдар, тек сусыздыққа шыдай алмайды екен. Гүлзабира ƏЛЕУХАНОВА: – Құрсай шағынауданының біраз бөлігіне су тартылып қойған. Бірақ бізге əлі жеткен жоқ. Иə, біз суды тапсырыс беріп, арнайы су тасушы көлікпен алдырамыз. Бірақ, бұл суды қайдан əкеліп жатқаны бір Аллаға аян. Өйткені, ыдысқа құйғанда, оның сарғыш түрі көңілге күдік ұялатады. Бəлкім, ағып жатқан өзеннің тегін суын тартып əкеле салатын шығар? Ол бізге белгісіз. Əйтеуір, бір-
екі күн өтпей, ішінде жыбырлаған майда құрттардың пайда болуы тегін емес. Ал сол жəндіктерді байқағанша да біз қанша суды тұтынып қоямыз. Сонда ішімізге қанша микробтың кетіп жатқанын кім есептепті? Əйтеуір, амалсыздың күнінен ішіп жатырмыз. Балаларымның денсаулығына алаңдағандықтан, суды сүзіп беретін «Аквафор» құрылғысын пайдаланып отырмыз. Бірақ, бұл құрылғының сүзгісі де 1 айға жетпей толып қалады. Тазаланған су болса, бұлай толмас еді. Оны қайта-қайта сатып алып, ауыстыра беретін менің жағдайым жоқ. Жуған кіріңнің де өңі ашылмайды. Бірақ, басқа амалымыз жоқ. Бір аттап бассақ, қала бізге тиіп тұр. Бірақ, сол қала тұрғындарының көрген игілігін біздің көре алмай отырғанымыз мынау. Қала тұрғындарының ауызсуды қанша пайдаланса да, оның ақысы дəл біздегідей қымбатқа түспейді. Ал біз айына 4 мың теңгеден артық қаржы жұмсасақ та, суды тұшынып тұтына алмаймыз. Есігіміздің алдына егін еге алмаймыз. Бізде тіпті ағын су да жоқ. Бала болған соң, күнде топырақта асыр салып ойнап, үстін былғап келетіні бар. Оларды жуындырыпшайындырудың өзіне суды қалтырап, үнемдеп жұмсаймыз. Сырттан үйімізге қонақ келе қалса, суымызды ішкен соң, дəмінен жиіркеніп, іштері ауырып кетеді. Бірақ, күнделікті тұтынған соң ба, біздің оған ағзамыз үйреніп кеткен сияқты. Бірақ, күндердің күнінде денсаулығымыздың сыр бермесіне кім кепіл? Егер біздің күдігіміз рас болса, яғни, су тасушылар тегін олжаға қызығып, құбыр суын сатып алудың орнына өзен-арықтың суын əкеліп сатып жүрген болса, ол өзенге кімдер шомылмады, кім малын суармады? Осыны тексеріп жатқан кім бар? Үкімет ауылдарды ауызсумен қамту үшін түрлі бағдарламаларды жасап жатыр дейді. Мүмкін, сол бағдарламалардың шапағаты бізге де тиіп қалар деген үмітіміз де жоқ емес...
Иə, көңілдерде күдік те көп, үміт те жоқ емес. Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағында қоныс тепкен бұл тұрғындардың тіршілігін тозаққа айналдырған ауызсу мəселесінің қай кезде шешілетіні, ондағы тұрғындарды құбыр суымен қамту жұмысы қай жылдың жоспарына енгені тұрғысындағы мəліметті газеттің алдағы сандарында жариялайтын боламыз. С. СҰЛТАН.
«АЙ-ҒАСЫР» ДАУЫНА ҚАЙ ҒАСЫРДА НҮКТЕ ҚОЙЫЛАДЫ? Осы тақырыппен «Уақыт» газетінің 2 шілдедегі №21 жəне 15 шілдедегі №22 сандарында Сарыағаш ауданындағы «курорт Сарыағашқа» кіре берістегі «Ай-Ғасыр» қонақ үйіне қатысты бітпес дау туралы мақалам жарық көрген болатын. Мақалада, бұл даудың біздің оңтүстіктегі заң органдарының өздерінің заңды белден басуларының салдарынан 10 жыл бойы сағыздай созылып келе жатқаны мен оларды заңбұзушылыққа не итермелейтіні жайлы ойымды ортаға салғанмын. Сондай-ақ «Ай-Ғасырға» қатысты кезекті дауды судьямыз Нұргүл Лесованың қалай қарағаны, яғни ҚР-ның Заңын емес өз ойынан құрастырған заңды басшылыққа алып, сотты «Ай-ғасыр» қонақ үйінің егелерінің пайдасына оп-оңай ғана шешіп бере салғаны да жазылған. Егер оқыған болсаңыздар, мақаламды судья Нұргүл Лесованың ұйғарымына келіспей жазған шағымым облыстық соттың апелляциялық алқасындағы Серік Дзюлиев деген судьяның өндірісіне түскенімен бітірген едім. Бүгін соның жалғасын назарларыңызға ұсынып отырмын! Облыстық соттың апелляциялық алқасының судьясы Серік Дзюлиев сот отырысын маусымның 12-сі күніне тағайындаған екен. Апелляциялық шағымымда судья Нұргүл Лесованың үш тұжырымының үшеуінің де жалған екенін шұқып тұрып көрсеткенмін. Мен шағым жазған күні прокуратура да судья Нұргүл Лесованың сол ұйғарымына наразылық келтіріпті. Наразылықтарында олар да ұйғарымдағы тұжырымдардың негізсіз екенін фактілермен дəлелдеп-ақ жазған екен. Сол себепті судья Нұргүл Лесованың ұйғарымының бұзылатынына біздің күмəніміз жоқ еді. Апелляциялық сатыдағы сотымыз маусымның 12-сі күні сағат 15:30-да басталды. Сөйтсек ең басты жауапкер, яғни «Ай-Ғасыр» қонақ үйінің егелері прокуратураның келтірген наразылығын тіпті білмейді де екен! Сот үстінде олардың «прокуратура қашан наразылық беріп жүр, біз неге білмейміз?» деген сұрақтарына судья Серік Дзюлиев «ұялған тек тұрмас» демекші, алдындағы жатқан қағаздарды əрі-бері сапырыстырғаннан басқа мардымды жауап бере алмады. Не деп жауап берсін, əдеттегідей «біз пошта арқылы жібергенбіз» дей салайын десе, сотқа шақырған қағаз барып, наразылық қалай бармай қалады? Бір кезде судья Серік Дзюлиев «онда прокуратураның келтірген наразылығымен танысып алыңыздар» деп, сотты тағы бір аптаға сыдырып, үзіліс жасады. Ішім құрғыр тағы да бір жамандықты сезгендей, қылп ете қалды! Заң бойынша, бірінші сатыдағы соттың шешіміне əділ баға беру үшін келесі сатыдағы сот істі егжей-тегжей зерделеп, тараптардың міндетті түрде танысулары керек құжаттармен олардың танысуын қамтамасыз етіп, яғни болатын сотқа дайындау керек емес пе? Сол үшін заңменен оған белгілі бір уақыт беріледі. Бақандай бір ай бойы, прокурордың келтірген
наразылығымен тараптардың танысқанынан не таныспағанынан бейхабар бұл судья қандай əділ шешім шығармақшы? Сонда ол істі ашып қарамастан, тек «Сарыағаш аудандық сотының ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылсын» деген жаттанды сөйлемді айту үшін ғана отыр ма?! Сот барысында қатысушы прокурор екеуміз судья Нұргүл Лесованың ұйғарымындағы үш тұжырымының үшеуінің де жалған екенін қанша дəлелдермен көрсетіп жаттық, бірақ судья Серік Дзюлиев міз бақпады! Таңқаларлығы, ұйғарымдағы «Көктерек поселке əкімінің Айгүл Альдибаеваға берген жерінің шешімі мен мемлекеттік актісі əлі де заңды» деген шектен шыққан жалған тұжырымды жоққа шығаратын Сарыағаш Əділет басқармасынан əкелген дəлел құжатымды, тіпті керек те қылған жоқ. Бір жағынан қараса ол да дұрыс, қайтсе де өзгеріссіз қалдырғысы келіп отырған ұйғарымның заңсыз екенін дəлелдейтін құжатты алып, оны іске тігіп судья Серік Дзюлиев өзіне өзі жау емес қой! Апелляциялық соттың нəтижесі де күдіктенгенімдей болды, жалған үш тұжырымға негізделген ұйғарым судья Серік Дзюлиевтің «өтемөте əділ ішкі нанымымен» заңды күшіне енді де шықты! Біздің оңтүстіктегі əділдік іздеп сотқа жүгінген адамның тағдыры қалай ойыншыққа айналатынын қараңыздаршы! Көзіңді бақырайтып қойып, ақты қара дейтіндерді тағы да өзіміздің маңдай терімізбен төлеп отырған салығымызға асырап отырмыз-ау! Өз басым небір қиын істерге қатысып жүрмін ғой. Иə, «қара қылды қақ жаратын» төрелік айта алмай судьяның тығырыққа тіреліп, ішкі нанымына, яғни жүрегіндегі иманына жүгінетін кейбір күрделі істер болады. Ол істерде екі жақтың да уəждері бірбірінен асып түсіп, тайталасып
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
жатады. Ал енді мына істе қарасақ, қайдағы тайталасқан!? Мысалы сотқа қатысып отырған, заңдылықты қадағалаушы прокурор менің шағымымды қолдап наразылық келтіріп отыр. «Ай-Ғасыр» қонақ үйінің егесінен басқа жауапкерлер, яғни ауыл əкімшілігі, аудандық сəулет, жер қатынастары бөлімі, Сарыағаш жеркадастр филиалы, əділет басқармасы сияқты мемлекеттік мекемелер барлығы дерлік өздерінің кезінде жіберген қателерін мойындап, шешім қабылдауды соттың құзырына қалдырып отыр. Сот болып жатқан кезде судьяның ұйғарымымен шұғыл түрде құрылған кешенді комиссия да менің арызымдағы уəждерімнің негізділігін дəлелдеп қорытынды беріп отыр. Бірақ бəрібір судья Серік Дзюлиевтің сенімі мен нанымы еш иланар емес? Ең сорақысы, əлі бір жыл да өтпеген облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шəріповтің қабылдаған қаулысына, бұның да ішкі нанымы тура судья Нұргүл Лесованың ішкі нанымына ұқсап, сенбей масқара қылды! Ал енді осындай заңды сот актісі мен дəлелді уəждерге сенбеген судья Серік Дзюлиевтің ішкі нанымы «дау бойынша шешім шыққанына 10 жылдан астам уақыт өтіп кеткеніне назар аударуға жатады» деген судья Нұргүл Лесованың ойдан құрастырған заңына бірден, риясыз сене қалады! «Ойпырмай, «Ай-Ғасырымнан» айырылып қалам ба деген Айгүлдің айта беретін «қомақты ұсынысы» бұл жерде де өз дегенін істеп жатыр ма екен, а?» деген күдік, еріксіз ойға оралады. Айгүлдің айта беретін «қомақты ұсынысына» шыдас бере алмады-ау деген Сарыағаштағы судьялар туралы күдігімді баспасөз бетінде аз жазған жоқпын. Жазғанымнан не пайда не аудандағы, не облыстағы бастықтары селт етпесе? Былтыр дəл осы «АйҒасырға» байланысты дау бойынша заңсыз шешім шығарған Нұржан Жұмабаев деген судьямыздың, судья деген жоғары атқа ұят келтіргені өз
алдына, менің пікірімше қылмыспен ұштасқан əрекетке барғанын басшыларына жазған болатынмын. Басшылары əшейін «тоқетер» сияқты шарамен ғана шектелді де қойды. 2010 жылдары, біздегі Зəуре Алсеева деген тағы бір судья апамыздың осы «Ай-Ғасыр» дауын қарап, заңды белден армансыз басқанын дəлелдеген болатынмын. Сол кезде де басшылары əшейін ескерту сияқты бірдеңе берген де қойған. Мінекей, осындайдан кейін «ойпырмай осылар жең ұшынан жалғасып жатыр-ау» деп қалай күдіктенбейсің?! Былтыр судья Нұржан Жұмабаев туралы оқиғаға республикалық «Время» қоғамдық саяси газетінің азулы тілшісі Михаил Козачков əжептеуір қызығушылық танытып, тіпті керемет мақала да жазып, электронды пошта арқылы маған нұсқасын жіберген. Нұсқаны оқып шығып, бірақ оның жарық көруіне онша ықылас таныта қоймадым. Біріншіден, судья Нұржан Жұмабаевтың заңсыз шешімін облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шəріпов өзі бұзды. Əділ шешім шығарды. Екіншіден, судья Нұржан Жұмабаевқа менің арызым бойынша «тоқетер» болса да, шара көріліп қойған еді. «Время» газетінде жарияланған мақалаға жоғары жақтағылардың қалай селт ететінін көріп, естіп жатырмыз. Мақала жарық көрісімен, «Нұржан Жұмабаев деген қалай əлі күнге дейін судья болып жұмыс істеп жүр?»- деп, жоғары жақтан тексерулер басталып кеп кетсе, күніміз не болар екен? Он жылдан бері мұрты бұзылмай тұрған «Ай-Ғасыр» дауының шетін сетінеткен жаңадан келген төрағамызға да кесірі тиіп кетпес пе екен? «Əділдікке енді жететін болдым»- деген үміт оты жанғанда облысымызға қайтадан өзіміздің заңды белден басатын біреуі төраға болып тағайындалып, сорым сорпадай қайнай ма деген күдік де болды. Ал енді, шыны керек қой, судья Серік Дзюлиев үшін мен өзім қатты
ұялып отырмын! Қаулысының қарар бөлігін оқып жариялағаннан кейін орнына жайғасып, судья Нұргүл Лесованың ұйғарымын неге өзгеріссіз қалдырғанын түсіндірмекші болды. Бірақ менің қарсы уəждеріме дұрыс жауап бере алмай өз сөзінен өзі тосылып, сасқанынан «Батырбеков сіз енді заңды жақсы білесіз ғой» деген. Маған онысы «Батырбеков өзіңіз түсініп тұрсыз ғой, мен еріксізбін ғой» дегендей көрінді. Бірақ мен оған сенген жоқпын, себебі заңның қатал талабы бойынша судья шешім қабылдарда ешқандай төрағаны не болмаса бастықты тыңдамай тек ішкі нанымымен, жүрегіндегі иманымен қабылдау керек. Ал мына қаулыға иманның қатысы бар екеніне өз басым сене алмаймын. Иə, əрине мен мұнымен тоқтайын деп тұрғаным жоқ, тек істі өзі қарайтын келесі сот сатысындағы облыстық төрағамыз демалыста көрінеді. Мен де біраз дем ала тұрайын. «Ай-Ғасыр» қонақ үйінің егесі Айгүлдің айта беретін қомақты ұсынысы демекші, жақында облыс прокуроры «Ай-Ғасыр» қонақ үйіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатқанына байланысты осы «АйҒасыр» қонақ үйі 2009 жылы прокурордың санкциясымен Сарыағаш əділет басқармасында тоқтамға қойылған болатын. 2011 жылдың желтоқсан айының ақырында Сарыағаш аудандық əділет басқармасының сол кездегі бастығы Бегім Тасқұлов, ауданымыздың сол кездегі прокуроры Қанат Елшібаев, «Ай-Ғасыр» қонақ үйінің қазіргі таңдағы егесі Айгүл Альдибаевалар жең ұшынан жалғасып, «Ай-Ғасыр» қонақ үйін тоқтамнан қылмыстық жолмен шешпекші болып жатқанын естіп қаламын. Дереу прокурорымыз Қанат Елшібаев пен əділет басқармасының бастығы Бегім Тасқұловқа істейін деп жатқандарының қылмыс екенін ескертіп, екеуіне жазбаша арыз тастадым. Менің жазбаша ескертуімді ол екеуінің шыбын шаққан құрлы сезбегендеріне қарағанда Альдибаева Айгүлдің айта беретін «қомақты ұсынысы» көздеріне шел бітірген-ау шамасы! Не керек, əділет басқармасының бастығы Бегім Тасқұловпен прокурорымыз Қанат Елшібаев көзсіз батырлық танытты, нəтижесінде «Ай-Ғасыр» қонақ үйі тоқтамнан заңсыз шешіліп, қыруар ақшаға сатылды да кетті. Сол кездегі əділет басқармасындағы өзінің атын атамауды сұраған қатардағы бір қызметкері осы операцияның құны 35 мың АҚШ доллары деген жорамал
айтқан. Мүмкін, себебі менің арызым бойынша əділет басқармасын тексеріп барған, қазіргі таңда қаржы полициясынан қуылған Данияр Бадахов деген инспектор Бегім Тасқұловқа бірінші менің алдымнан өтуді ескерткен екен. Бегім Тасқұлов «арызыңызды қайтып алыңызшы, мен АХАТ бөліміндегі 3000 АҚШ доллары тұратын орынға сіздің адамыңызды орналастырып берейін» деп қиылды. Мен көнбедім. Сөйттім де əділет басқармасының бастығы Бегім Тасқұловпен прокурор Қанат Елшібаевтың іс-əрекеттерін осы «Əділет» газетінде «Сарыағаштағы сыбайластыққа қарсы күресу əдісі» жəне «Сарыағаштағы əділет басқармасы ма əлде əділетсіздік басқармасы ма?» атты мақалаларымда сынға алып, əшкереледім. Прокурор Қанат Елшібаев туралы сол кезде елімізде өтіп жатқан құқыққорғау органдарын жаппай аттестаттау комиссиясының төрағасы Аслан Мусиннің атына ресми хат жазып, менің уəждерім міндетті түрде ескерілетіні жайлы жауап та алдым. Көп ұзамай прокурор Қанат Елшібаев аттестаттаудан өте алмай ауданнан біржолата кеткен. Кейін естіп жатырмыз, қайын атасы Шымқалада су патшасы екен деп. Су патшасы болса су патшасы шығар, Елшібаев Қанатымыз Төлеби ауданына барып тыныш қана прокурор болып əрі қарай қызмет атқарып жүрген көрінеді. Менің пікірімше, ол заңсыз сияқты! Аттестаттаудан өте алмаған басшы қайтып басшы болып тағайындалмау керек, ол тек орынбасар ғана болып тағайындалуы мүмкін. Сондықтан ол туралы міндетті түрде ҚР Бас Прокуроры мен Президент аппаратына сұрау салынып, жауабы міндетті түрде баспасөз арқылы назарларыңызға ұсынылады. Ал енді прокурор Қанат Елшібаев пен əділет басқармасының бастығы Бегім Тасқұловтың «АйҒасыр» қонақ үйінің заңсыз тоқтамнан шешіліп, сатылып кетуіне жасаған қолайлы жағдайларын қанша «долларға» бағалағандары ҚР ҚК-нің 307 бабының 2-ші тармағымен қозғалған қылмыстық істің нəтижесінде белгілі болады деп сенемін. Егер ауданымыздағылар, айта беретін Альдибаева Айгүлдің қомақты ұсынысына тағы да шыдас бере алмай, ол қылмыстық істі қысқартып жібермесе! «Ай-Ғасыр» дауы əлі жалғасуда, əліптің артын бағайық, құрметті оқырман!! Амангелді БАТЫРБЕКОВ, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
¦ÄIËÅÒ Қазақ халқының біртуар қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні жазған бұл кітап – күнделік негізінде бұрын шыққан «Шуақты күндердің» жалғасы. Кітапта əке, ата, қайын ата – Бəукеңнің үлкен өмірінің отбасы, ыстық ұядағы тыныстіршілігі, қадір-қасиеті сөз болып, оның күрделі бейнесінің тағы бір жаңа қырлары көрініп, қайталан-бас тұлғасы толыса түскен. Сонымен бірге халқымыздың үлгі-өнеге, дəстүр-салты молынан қамтылған. Əсіресе, өсер ұрпаққа берері көп шығарма. Жақсы кітапқа қашанда қол жете бермейді. Ендеше оқырман назарына ұлттық құндылықтарымызға ерекше рең беріп, елеулі үлес қосатын аталмыш кітапты автордың рұқсатымен газет арқылы жариялауды мақсат еттік.
(Жалғасы. Басы өткен санда). – А-а-а, түсіндім-түсіндім! – деді Бəкең, – мысалы, иісі бұрқыраған дəмді қымызды ішіп рақаттанғандай ғой?! «Сөзін тұшынып тыңдады» деген сөздің əрі əдемілігіне, əрі мазмұнына риза болғаны, солай ма? – деп сұрағына жауап күтпей, – тағы екі сөзге көмек керек, «қолкесерін жақсылап салып берді» дейді, осындағы «қолкесер» деген немене? Ата бұған да тоқтаусыз жауап қатты. – «Қолкесер» – мал сойысқан адамға үй иесінің сол сойылған малдың етінен шикідей беретін сыбағасы. Соғым кезінде болсын, басқа уақытта болсын, мал сойғанда жаза басып қолын кесіп алуы мүмкін ғой. Əу баста қолын жарақаттап алған кісіге өтеу ретінде берілген секілді. Кейін келе мал сойысып көмектескен адамға алғыс айту ретінде дəстүрге айналған. Тіл зерттеуші ғалымдардың бұл сөздің шығу тегін қалай түсіндіріп жүргенін білмеймін. Мен тіл маманы емеспін. Тек өз білгенімді, өз пайымдауымды айтып отырмын. Осы «қолкесерді» кейбір жерде «қолүздік» деп те айтады. Тағы нең бар сұрайтын? – деді ата. – Қазір, қазір... – деп баласы қарындашын жорғалатып, бір нəрселерді қағазға түсіріп жатты. Жазуын жазып болған соң: – «Айырылысар көже берді» дейді. Қандай көже? Қазақ көжеге қонақ шақырушы ма еді? Негізін түсінбесем орысшаға аударғанда ұғымсыз болады, то есть, орысша мағынасы оңды шықпайды. Сөзбе-сөз «пригласил их на прощальную похлебку» дей алмаймын ғой. Əрине, оны «пригласил их на прощальный обед» деп орыс оқырмандарына ұғымды сөзбен аудара аламын. Бірақ неғылған көже бұл өзі? Соны білуім керек, – деді Бəкең. – «Айырылысар көже», «айырылысар аяқ», «көшерлік» беру – ертеден бері келе жатқан жақсы салт, – деп ата ықыластана сөзін бастады. – Мен саған мұны əріден түсіндірейін. Қанаттас қонған ауылдардың алғашқы келіп қоныстанғаны кейінірек келген ауылды ерулікке шақырады. Мал сойып, дастарқан жасап, дəм татқызады. Ерулікті апарып та беретін жағдай болған. Жаңадан көшіп келіп, үйлерін тігіп, желісін керіп, мамаағашын қағып дегендей, абыр-сабыр қарбалас тірлікпен қазан көтеруге мұрша болмай жатқан ауылға сабасымен қымызын, астауымен етін, дастарқанымен бауырсағын алып, көрші ауыл ерулік əкеледі. Еруліктің қандай түрі болсын – барыс-келістің басы, сыйластыққа салынған жол. Ерулік – құрметті, əдемі дəстүр. Сонымен, бұл ауылдар жайлауды бірге жайлап, жаз қызығын бірге көреді. Той-томалақ қуанышын бірге тойласып, өлім-жітімін бірге көтерісіп жатады. Осылай сыйласқан адамдар күздеуде не қыстауға көшерде, иə болмаса, басқа жаққа қоныс аударғанда тағы да бір-бірін дəмге шақырысады. «Көже» деп аталғанымен кəдімгідей мал сойып, қадірлі мүшелерді алдына тартады. «Ұрыспай айырылысқан – ұялмай қосылады» деген аталы сөз бар. Қоныстас болғандар бірбіріне игі ниет-тілектерін айтып, «алдағы уақытта да дəмдес-тұздас болуға тəңірі жазсын» деп қоштасады. «Айырылысар көже» дегеннің мен білетін мəні – осы. Қазір мұны «қоштасу шайы» деп жүр. Келісімді сөз. Қалай айтылса да, иманжапырақ секілді өміршеңдігімен тамыры қурамай, желісі үзілмей келе жатқан көне дəстүр, – деп ата кідіріс жасады да: – Айтса да, сен жаңа «қазақ көжеге қонақ шақыра ма» деп қалдың. Жылына бір рет шақырады. Ол – қасиетті Наурыз, Ұлыстың ұлы күні наурызкөжеге бірін-бірі шақырады. Бірақ мұнда да қадірлі мүшелер болады. Қысқы соғымнан арнап сақтайды. Бұл – бөлек тақырып, үлкен əңгіме, – деп ата сөзін кілт үзді. Бəкең онсыз да олжалы еді. Демнің арасында екі ауыз сұрағына көлдей көлемді деректерді алды. Рақметін үсті-үстіне жаудырып, көңілі толып шығып бара жатты. Табалдырықтан аттай бере қайта бұрылды жəне бірдеңе сұрайтын болар десем: – Оу, неғып түн күзетіп отырсыңдар? Мен ғой, жұмыс істеп жатырмын, – деді мардымсып. – Па, шіркін! Сенен басқа адам шошқа тағалап жатыр ма? Біз де жұмыс істеп отырмыз. Жұмыс болғанда қандай! Қисайған түзуді қайта жөндеп жатырмыз, – деді ата. Сол сəтте көзінде қуақы бір ұшқын пайда бола кетті. Тек атаға тəн сөз оралымының жұмбақты мəнін ұға алмадым. «Қисайған түзу» деп нені айтып отыр? Өзін бе, жоқ мені айтты ма – жіп тағу қиын. Бəкең иығын қиқаң еткізді. Түсінбедім дегені. – Бағана, – деді ата баласына қарап, – телефон шылдырлады. Барып алдым. Адам құсап «ал-ло» дедім. Сөйтсем ар жақтан, дауысына қарағанда əйел адам, аман жоқ, сəлем жоқ: – Мен қайда звондап тұрмын? – дейді сылдырлап. – Қайда хабарласуыңыз керек екенін өзіңіз білмесеңіз, мен қайдан білемін? – дедім. – Кімсің өзің? – дейді өңмеңдеп. Мынадан соң мен де қисайдым. – Сізге кім керек? – Ол болса: – Немене, атыңды айта салуға ерініп тұрсың ба? – дейді. Қайдағы бір инабатсыз əйелдің ырбаңын тыңдап тұрамын ба, телефонды орнына қоя салдым. Ата «қоя салдым» деп сыпайылап, жұпжұмсақ етіп айтты. Қалай қойылғаны əлі құлағымда. Сол телефонның бодауына кетіп, күні бойы кең дүние тарылып, ішім пəре-пəре сөгілген жоқ па?! Енді білсем, «кесірі қырық есекке жүк болатын» бір əйелдің кеудемсоқ жетесіздігі мені ортадан іліп əкеткен екен ғой. Бəкең күндізгі жайдан бейхабар болатын.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
РУХАНИЯТ
Зейнеп АХМЕТОВА
Өзін де, өзгені де сыйлай білетін тəрбиелі №33 (193) адам қай кезде болсын ізетті ұмытпайды 19.09.2014 жыл креслоға монтиып қана отырды. Мен ішімнен «тұра тұр, бəлем, сыбағаңды жақсылап береді, ет те жейсің, сорпа да ішесің» деп жұбайымның атадан сөз еститініне алдына ала сенімді болдым. Тіпті соны қалап тұрмын. Дəл осы жолы кеткен есемді ата алып береді деп дəмеленіп, алға қарай ұмсына түстім. Алайда менің мығым ойым орындалмады. Не айтатыны бар, бүгін Бəкеңнің жолы болып тұр. Ата сөзін баласын тықсырудан бастайды дегенім бекер болды. Ол кісі мүлде басқаша кетті. Қысқа жолдың ұзағына түсіп, сон-а-ау жер түбінен қозғады. – Ертедегі ата-бабаларымыз Тəңірге табынып, табиғатты өзінің асыраушысы, өмірінің мəні мен сəні ретінде қасиеттеп, кие тұтқан. Олар Табиғат-ананың тылсым тынысын тыңдап, үнін естіп, қат-қабат құпия сырларын ұғуға құлшыныпты. Əлемдегі ең ұлы кітап – Жаратылыстың өзінен оқып, тағылым алып, тəжірибе жинапты. Еш нəрсенің себепсіз жаратылмағанын, белгілі бір мақсат-міндетті атқару үшін келгенін түсінген. Көргенін, түйгенін жүрек көзінен өткізіп, ақыл тезіне салып, ой қорытқан, байламдар мен болжамдар жасаған.
жазғыра алмаймыз ғой. Əрбірден соң жылан уынан небір шипасы күшті дəрілер жасалып, талай дерттің дауасы табылып жатыр. Адамдар жыланды жек көріп жиырылады, уы бар, шағады деп көрген жерде өлтіруге ұмтылады. Қуып жүріп өлтіреді. Шындап келгенде, адам жыланнан сан есе улы, сан есе қауіпті. Адамзат тарихының басып өткен ұзақ жолының бірде-бір күні қантөгіссіз өтпеген. Əлемнің бір бұрышы тыныш болса, екінші жағы бүлініп жатады. Соғыс – адамзаттың өз басына өзі ойлап тапқан зауалы. Қиратады, өртейді, өлтіреді. Адам қаны судай ағады, көз жасы көлдей төгіледі. Ең сұмдығы, өткеннен қорытынды шығарып, сабақ алмайды. Əлі де алмай келеді. Сол жауыздықтың бəрі адам баласының белгілі бір тобының тойымсыздығынан, мансапқорлығынан, құдайсыз-дығынан туындайды. Қалғандары жапа шегеді, азап көреді. Алла тағала пенделеріне тіршілік етіп, өсіп-өнуі үшін Жер деген ғажайып мекенді игілігіне берген əрі жер бетінен қисапсыз ырыздық, несібені барлығына жетіп-артылардай көп берген. Бірақ пендеде қанағат жоқ, ынсап жоқ. Боқ итерген қоңыздай
Áàáàëàð àìàíàòû Атадан сөз естігеніме сүйінші сұрамаймын ғой. Оның үстіне кінəнің бір ұшы өзімде болса... Тағы бір себеп – «сөздің басы – бір пышақ, аяғы құшақ-құшақ» демекші, талай пəле үй ішінде қыбыр-жыбыр сөз тасудан бықсиды да, ары қарай өрт болып өршиді. Анам «тиімді жерде тіліңді тыймай, тиегін ағытып алсаң, өз сөзің өзіңе қақпан болады» дейтін. Өздігімнен қақпанға түсіп нем бар?! – Ой, папа-ай, онда тұрған ештеңе жоқ, телефон деген... – Бəкең əкесінің алдыңғы сөзіне орай əлденені айтпақшы болып еді, ата қолын сермеп, оны тоқтатып тастады. – Сөзімді бөлме! Ойымды аяқтап алғанша қайымдаспай тұра тұрғын. Қазіргі кезде адамдардың негізгі бір қатынас құралы – телефон. Онсыз күнделікті хабар-ошарды көзге елестету қиын. Айтайын дегенім, қажетімізден шығып жатқан жансыз телефон жайлы емес. Оны пайдаланатын екі аяқты жанды адамдар туралы. Бір жерге хабарласып тұрып, сөзді сəлемнен бастамау – əдепсіздік. Өзін де, өзгені де сыйлай білетін тəрбиелі адам қай кезде болсын ізетті ұмытпайды. Ол кімге, қайда телефон шалса да, алдымен амандасады. Сəлемдесіп болған соң тура түскеніне күмəнданса, «кешіріңіз, бұл пəленшенің үйі ме» деп немесе «түгеншені шақыруға бола ма» деп сыпайылап сұрайды. Сонда сөйлесіп тұрған адамы да жөні түзу жауап қайырады. Əйтпесе, мен секілді қисайған жағынан тұрмай қалатын біреу болса, барды «жоқ» дей салуы ықтимал. Телефонда сөйлесе білу де кісілікті көрсетеді. Қалтаңда он диплом болғанымен сəлем парызын білмесең, біліп тұрып оны өтемесең, жолын жасамасаң – нағыз мəдениетсіз адамсың. Мəдениетті болу – қаздиып қатып киініп, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес. Мұның бəрі – көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып үлде мен бүлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мəдениетті болмайды, бəрбір ол битін теріп жегенін қоймайды. Өйткені тегі солай. Мəдениеттілік адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қаныңда бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тəрбиең қандай деңгейде екендігінен мəдениетің көрінеді. Ал енді, жаңа не демекші едің, соны айтқын, – деп ата баласына кезек берді. – Не демекші едім? А-а, телефон звоноктарының күнде неше түрі кездесіп жатады Алдыңгүні біреу телефон соқты. Мен тұтқаны көтергенде, өзің айтқандай, аман-сəлем жоқ, ə дегеннен: – Мұқаттың үйі ме? – деді. – Жоқ, бұл – басқа пəтер, – деп едім: – Ондай болса, телефонды неге аласың? – дейді əлгі қасқа өзімді жазғырып. Тұтқаны қоюға зорға шамам келді. Ал кеп күлейін, ал кеп күлейін... Адамды еріксіз көңілдендіретін əпенде сөзге біз де күліп жатырмыз. Ауыздан-ауызға тарап, ел аралап жүретін анекдот дегендер осындайлардан шығатын болар. Атаның мəз бола күлгенін ары қарай жалғастырғысы келді білем, Бəкеңнің жанары жайнап, дауысы ажарланып: – Одан да қызығы бар. Өткенде телефон сылдырлағанда Зейнеп барып алды... – дегенде ішім қылп ете қалды. «Бəле-ай, соны айтпаса қайтер еді» деп қалақай шаққандай бетім дуылдап, қозғалақтап кеттім. Орта жолда тоқтайтын Бəкең бе, бастағанын айтпай тынбайды енді. – Келінің барып, телефон тұтқасын көтеріп: «Что-о-о?» – деді орысшалап... Бетіне қарасам байқұстың көзі бақырайып, өңі кенеп түстеніп кетіпті. – Не болды? Кім звондаған? – деймін. – Қайдан білейін, біреу «где ты ходишь, кобра» деп зіркілдеп берді ғой, – дейді келінің. – Астапыралла! Дауысыңнан қалай таныған?.. – деп едім, бала құсап жылап жіберді, – деп Бəкең масайрай сөйледі. Маған қатысты ілінетін бірдеңе болса, құдайы беріп қалады осылай. «Ата да қосыла күлер ме екен» деп сасқалақтап, онымен қоймай, бір сасқанда екі сасып, ортадан сөзге қыстырыла кеткенімді қайтейін... Аузымды ашпағаным-ақ жөн еді, іріген сүттей іртік-іртік бірдеңе шықты. – Қайдағы бір орыс... Қателесіп... Содан бері «кобра, кобра» деп күліп... Мені... – Ар жағы міңгір-міңгір. Не айтып, не қойғанымды айыра алмай, түйіліп қалдым. Төмен қарап тұқшиып, саусақтарымды мыжғылай беріппін. Аяғымның асты еден емес, сусымалы құм секілді сырғытып бара жатқандай. Атаның күлкісі келді ме, жоқ па – білмеймін, тек менің шоқ басқандай күйгелектенген сиқымды аяп кетті білем: – Отыр ана жерге! – деп баласына зекіп жіберді. О-о! Атаның зекуін естімеген, оның қандай құқай екенін шекесіне тимеген адамға сөзбен жеткізу қиын. Ал таңдайына татыған кісінің бірден түгі жығылатыны анық. Бəкең де езуін жия қойды. Жайшылықта болса: «Жұмысым тоқтап қалды, сендермен отыруға уақытым жоқ», – деп қайқайып шығар еді. Қыңырлығы бір басына жететін Бəкең атаның өктем де ызғарлы үні естілгенде қарсы дау айтуға кейде тайғанақ, əке ырқына көне кетеді. Қазір де екі сөзге келмей, ата нұсқаған
Сол күнделікті түйсінген ұғым-түсініктері негізінде əлем тіршілігі жайлы, болмыс туралы дүниетанымы қалыптасқан. Салт-дəстүрі, əдетғұрпы, ырым-тыйымдары, үрдістері пайда болған. Түп бабаларымыздың бізден артықшылығы – олардың табиғаттан бөлінбегендігінде. Адам мен Жаратылыс арасындағы көзге көрінетін-көрінбейтін тығыз байланысты бұзбаған. Табиғатқа зорлық жасап, «бермесін тартып аламыз» деп қатыгездік көрсетпеген. Табиғаттың тепе-теңділік заңдылықтарын сақтауды бізден артық білгеніне күмəнім жоқ деп сеніммен айта аламын. Табиғаттың алып тұлғасына, оның ғаламат күші мен керемет көркіне, жан-жануарлар мен өсімдік əлемінің бітіміне зор мəн берген атабабаларымыз өзгеше бір жан иесі – жыланның да қыр-сырларын жақсы білген бе деймін. Мысалы, қазақтар үйге кіріп кеткен жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып, шығып кетуіне мүмкіндік жасайды. Мұнда мына біз ұға бермейтін, əлі ешкім анық шеше қоймаған сыры ішіне бүгілген құпия бар. Сол секілді ордалы жыланға тиіспеген, тыныштығын бұзбаған. Қазақтар кішкентай сəбилерді тіл-көзден, сыртқы жағымсыз əсерден сақтайды деп баланың бесігіне, киіміне жыланның басын тігіп қойған. Алаш аруларының аса ардақты баскиімі – сəукелеге күмістен құйылған жыланбас бейне таққан. Жас келінді тіл тиюден, сұқ өтуден, басқа да кесір-кесапаттан сақтайды, жыланның киесі қорғайды деп сенген. Əсілі, қазақтың ешбір ырымы, таным-нанымы себепсіз шықпаған. Əрқайсысының түпкі бір мəнмағынасы болған. Өкінішке қарай, көбінің негізгі тегі ұмытылып, көмескіленген. Ал бүгінде біз бəрін соқыр сенімге апарып тірей саламыз. Тылсым иірімдерін іздеп, бас қатырғаннан гөрі өзімізді-өзіміз алдай салатын оңай жолды таңдаймыз. Жарайды, алғашқы əңгімеге қайта оралайық. Ата-бабаларымыз есте жоқ ескі замандардың өзінде-ақ жылан көп кездесетін жерлерде қазына, кен, əсіресе алтын-күміс, мыс, жез секілді түсті металдардың болатынын білген екен əрі айтқаны дөп басып келген. Мен осыны халқымыздың дара перзенті Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтан сұрағанымда ол кісі талай қызық деректерді айтып беріп еді. Ал кобраға келсек... Ата осы сөзді айтқанда Бақытжан мұрнының астынан күңк етіп: «Кезек саған келді», – деді қасында отырған маған. Өзіне дауа жоқ, қағытпа сөзден есе жібермейтін əдетіне тағы басты. – Əй, сөзді бөлмегін, – деді ата жай ғана ескерту жасап. Баласының жаңағы қитұрқы сөзін естіді ме, естісе де, əдейі елемеді ме, сөзін жалғастыра берді. – Ал кобраға келсек, оны жыландардың нағыз ақсүйек патшасы деуге болады. Оны қазақша «əбжылан» дейді. Қазақтың ауыз əдебиетінде ол туралы талай аңыз-əңгіме, ертегілер бар. Соның керемет бір үлгісі – «Ер Төстік» ертегісі. Оны өздерің де білуге тиіссіңдер. Əбжылан əлем халықтарының басым көпшілігінде даналық, парасат, денсаулық символы ретінде танылады. Медицинаның халықаралық эмблемасына əбжылан суреті тегіннен-тегін салынбаған. Үнді халқының бір топтары кобраға табынады. Арнап салған əсем храмдары бар. Ал ертедегі Мысыр перғауындары əбжыланды тіпті ерекше қастерлеп, қасиеттеген. Əбжылан бейнесін патша тəжінің қақ маңдайына бар айбарымен, суық сұсымен тікірейтіп тұрып жасап қойған. Бұл, бір жағынан, «патша – ақыл иесі», «патша – кемеңгер» деген мағынаны білдірсе, екінші жағынан, айналасына сес көрсетіп, кімді болса да тізе бүктіретін, басын идіретін пəрменділіктің белгісіндей болыпты. Бір сөзбен айтқанда, былайғы жұртты үрейлендіріп тұрады. Айтса да, сол патша тəжіндегі əбжылан бейнесін «Царский Урей» деп атаған екен. Египтология, яғни Мысырды зерттеген ғылыми кітаптардың барлығында бұл атау анық жазылған. Енді, мына қызықты қараңдар, біздің тіліміздегі «үрейі ұшты», «үрейленді» деп қатты шошынғанды, қорыққанды айтатыны мен перғауындардың «урей» дегенінің мағына жағынан да, дыбысталуы жағына да ұқсастығы бар екені анық. Бірақ кімнен-кімге ауысқан сөз екенін білмеймін, – деп ата сəл тыныстады. «Бір сайдың бір сай шығар желкесінен» болып жатыр. Сөзден – сөз, əңгімеден əңгіме өрбуде. – Бұрынғылар, – деп ата əңгімесін қайта сабақтады, – «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген. Білгендіктен айтқан. Жылан өздігінен тиіспейді. Өзін қорғау үшін шағады. Қарынын тойғызу үшін, құлқыны үшін емес, қауіпсіздігін қорғау үшін қарсы əрекет етеді. Мысалы, саған біреу бекерден-бекер, ешбір себепсіз тиіссе, сен де қарап тұрмай қарымтасын қайтарасың ғой. Бұл да сол секілді. Асанқайғы жарықтық «аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер» деп бекер айтты дейсің бе?! Адам құсап тебетін – аяғы, жұдырықпен ұратын қолы жоқ, тым құрыса, əкеден түсіп сықпыртып боқтап алатын сөзі жоқ. Боқтайтын да шығар, бірақ біз жыланның тілін түсінбейміз. Құйрығын басып не белінен жаншып кетсең, шақпағанда қайтеді?! Оның жаратылысы солай. Құдай оған өзін қорғайтын қаруды тісіне берген. Жыланның титімдей тісі өздігінен не істей алады дейсің, алайда сол тіс оған қорған болуы үшін бір тамшы уды қосып берген. Ол үшін Жаратқан иемізді «неғып бұлай жасадың» деп
қоқыс дүниеге көзі де тоймайды, көңілі де толмайды, – деп ата сөзін кесіп тоқтатып, темекіге қол созды. Атаның дамылдағанын баласы пайдалана кетті. – Қай журналдан оқығаным қазір есімде жоқ, осы кобраға байланысты қызықты деректерді кездестіріп едім. Мысырдың əйгілі əйел патшасы, талай аңыздарға аты арқау болған Клеопатра римдіктердің тұтқынына түспеуі үшін өзін кобраға шаққызған. Ақыры басын өлімге байлаған соң, ол неге бірден өлтіретін күшті у ішпеген немесе неге жүрегіне қанжар сұқпаған? Өйткені ақылды да білімді, өте əккі Клеопатра кобраның ерекше қасиеттерін жақсы білген. Кобра шаққан адам өлген соң, оның денесі көп уақыт бойы бұзылмай, бүлінбей сақталады екен. Тағы бір ерекшелігі, кобра шаққан адам қиналмай, көгеріп-сазарып азапқа түспей, тəтті ұйқыға кеткендей маужырап о дүниеге аттанады екен. Мынау да адамды білдіртпей шағады, бірақ уы жаман, – деп Бəкең мені көрсетіп қараа-а-ап отыр. Аузым аңқиып, əңгімеге елітіп отырғаным соншалық, тіпті жұбайыма «мұның не» дегендей белгі көрсетуге жарамадым. Есесіне, атаның шыдамы шытынап кетті. – Выйди вон! – деп ақырып жіберді. – Пожалуйста! – деді баласы іле-шала. Көзіндегі шайтан күлкісін жасырмаған күйі орнынан тұрды. Осындай бірдеңеге соқпай кетпесін алдын ала білгендей, соған əдейі дайын отырғандай, өңінде ешбір абыржу жоқ. Бағанадан бері кетуге сылтау таппай, енді соның орайы келгеніне риза секілді хош көңілмен емін-еркін айылын жимай, керенау басып, шығып кетті. Ата баласын айқаймен айдап шыққанымен маған ештеңе деген жоқ. Кетуім керек пе, жоқ, отыра берейін бе, білмеймін. Өздігімнен жол тауып, шешім қабылдамақ түгілі, тұяқ серпуге шамам келмеді. Бүгін онсыз да айдарымнан жел ескені шамалы. Сондықтан атаның қырына ілініп қалмайын деп шідерсіз байланып, қыбыр етпей отыра бердім. Ата қалың қасты қабағын қарс жауып, темекіні үсті-үстіне түтіндетті. Бастапқыда мүштегін күлсалғышқа жиі-жиі тоқылдатып еді, біртіндеп тықыл саябырсыды. Соған қарағанда тебінді келген адуын ашудың арыны қайтып, орнықтылық орнай бастаған тəрізді. Ақырын басымды көтеріп, көзімнің астымен қарасам, əлгіндегі қатпарланған маңдайы жазылып, шырайы жылынып келеді екен. – Балам, – деді бір кезде жұмсақ үнмен, – кейде əзіл де адамды өкпелетеді. Қалжыңға келгенде Бақыттың жатыпатар, жертесер екенін өзің де білесің. «Сөйлеп қалған ауыз жыбырлағанын қоймайды» – ол бəрбір қалжың мен қағытпасын тастамайды. Сондықтан сен оған қарсы қалқан қойғын. Қандай қалқан дейсің ғой?! Өзің қосыла күлгін. Сонда оның қолынан қаруы түсіп қалады. Өзіне-өзі күле алатын адам – ақылды адам. Əрине, ол оңай емес. Ар жағында ашытқы-мəйегі болмаса, кез келгеннің өресі жете бермейді. Сен «кез келген» болмағын. Осыны ойлан! Əйтпесе, ана менің черновигімнің əрбір қыршаңқы сөзіне жылай берсең, бетіңнің мөрі кетіп сүмірейе берсең, не тамтығың қалады?! Білемін, əдептісің. Бірақ əдептілік пен жасқаншақтықтың арасалмағы бөлек екенін түсінгін, – деді. Атамның мына сөздерінен кейін кəдімгідей өркештеніп тілім шықты. Тұтықпай, ап-анық сөйледім. – Ата, мен əзілге ренжімеймін. Реті келгенде əзілдескенді өзім де ұнатамын. Тек, ойламаған жерде көтеріп-соқпа қалжыңына төтеп бере алмай қаламын. Содан кейін сіздің көзіңізше қайдағы бəлені қойып қалғанда қысылып, не дерімді білмей тосыламын, – деп ағымнан жарылдым. Атам мені мұқият тыңдап, сосын өзі сөз бастады: – Көріп жүрсің ғой, ол менімен сөз қағыстырғанда да өткен-кеткен ескі жыны қозып кетеді. Қанжығасына оңай бөктеріле қоймайтынымды біледі, білсе де, əдейі бір жанап өтеді. Мен оған ренжімеймін. «Əзілің жарасса, атаңмен ойна» деген, тегінде əзіл үлкенге де, кішіге де керек. Алайда əзіл-қалжың зілсіз, астары кірсіз болса, дəмді болады. Жақсы əзіл жаныңды сергітіп, көңіліңді көтереді. Жарасымды, жағымды қалжың екі араға байлауы берік достық қарым-қатынас орнатады. «Əзілдері жарасқан жандар» деп жатады ондай кісілерді. Қалжыңды кек алуға, кекетіп келемеждеуге, кемсітіп сағын сындыруға қолданса, қадірі кетеді. Ол қалжың емес, төбелестің басы болады. Құрығанда көңілде дық қалады. Сондықтан əзілді орнымен келістіріп айта да білу керек, жүйесімен түсініп, қарымды жауап қайтара да білу керек. Əзілқалжыңның қасиеті – тапқырлық пен шапшаңдықта. Əдемі əзіл ақылдан шығады. «Аузында əзілі жоқтың қолында шоқпары бар» дейді. Əзіл-қалжыңды түсінбейтіндердің көбі ақ үстінен қараны ажырата алмайтын топастау келеді. Қалжыңға бола ерін бауырына алып, тік шапшитындарға сөзді қор етпеген абзал. Ал бірін мыңға балап жүретін көңілі көл, жаны жайсаң адамдар болады. Олар айналасына күлкі сыйлап, өзгені жадыратып, өзі жарқырап жүреді.
6
Мен өз өмірімде көптеген елде болдым. Талай жердің суын ішіп, дəмін таттым. Алуан түрлі ұлттың өкілдерімен араластым. Бірақ қазақ секілді қалжыңды шебер айтатын, ойып айтатын, тамырынан тартып айтатын халықтың сирек екенін анық білемін. Əсіресе «құрдас қалжыңы» деген ғұрып мен білетін бірде-бір ұлтта жоқ. Кездеспейді деп кесіп айтсам, құдайға күпірлік болмас. «Құрдастың құны – бір, шықса, жаны – бір» деп құрдастардың ерекше татулығын, өзгеше ынтымақ-достығын айтады. Құрдастардың əйелдері де жас ерекшелігіне қарамай, құрдас болып саналады. Оны айтасың, «əкесі құрдастың баласы да құрдас» деп, құрдастың баласы əзіл айтып жатса, оны қазақ сөкет көрмейді. Əрине, «жылқы жусайтын кезін біледі, сиыр күйсейтін кезін біледі» дегендей, əдептен аспай, ожарланып омырауламай сөйлеуді үлкен сыйлап өскен қазақтың қара баласы біледі, яғни қалыптан асып ауа жайылмайды. Содан кейін қалжыңға өкпелейтін құрдастың құны жоқ. Əзілге көзі ақшиып ренжісе, оның азаматтығына сын. «Сөз көтере алмайтын осал жігіт» деген мін тағылады. Ел ішінде құрдастар қалжыңының аңыз болып таралып кеткен небір қызық түрлері бар. Бұл өзі – ұзаққа кететін үлкен əңгіменің тақырыбы. Бүгін онсыз да əр төбенің басын бір шалдық. Осымен қалжыңды доғарайық, – деп ата тұруға ыңғайланды. Жедел қимылдап, орнымнан шапшаң көтерілдім. Үлкен кісі түрегелгенде жас адамның, оның ішінде келіннің жалпиып отырғаны ұят-тағы. – Балам, мен темекіні көп түтіндетіп жібердім, желорай жасағын, – деп ұзын шапанын иығына жамылып, есіктен ары аттады. «Желорай» дегенді атадан алғаш естігенде түсінбеп едім. Сөйтсем ол аузымызды бұрап айтатын «сквозняк» деген сөз екен. Қазір мен де əдемі «желорай» сөзіне үйреніп алдым. Ата темекіні көп шегетін болған соң, екі жағында қарама-қарсы терезелері бар осы бөлмені өзіне əдейі таңдаған болатын. Басқа бөлмелерге қарағанда желдету жеңіл. Қарсы терезелерді айқара ашып, есікті жауып қойсаң болды, шамалыдан кейін-ақ түтіннен ада болып шыға келеді. Бөлмені желдетіп, төсегін сілкіп салып, тағы қандай нұсқау болатынын күтіп тұрғанымда балкон жақтан ата көрінді. – Енді бара бергін. Түнің тыныш болсын! – деп тілек айтты. – Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз! – деп қоштасып, бері келдім. *** Ертеңгі шайдан соң ата жазуы бар, бірақ бүктелмеген бір парақ қағазды қолыма ұстатты да: – Мына телеграмманы салып келгін, – деді. Қағаз бүктелмеген соң оқуға болатынын түсініп, көз жүгірте қарасам: «г.Ташкент-51. Ул. Национальная 9. Г.Ф.Курганову. Вас, дорогой Георгий Федорович, ветерана Главной бомбардирской силы, поздравляю с днем Артиллерий! Ваш Баурджан. 17.ХІ.73г.» деп жазылған екен. – Неғып қасың керіліп таңғалып тұрсың? – деп сұрады ата. – Бомбардир деген сөзді естіп көрмеппін, – дедім мен. – Оны қайдан естисің?! Ол – артиллериядағы көне сөз. Қазір негізгі мағынасы архаизмге айналған. Сен тұрмақ əскерилердің өздері бұл сөзді жете біле бермейді. Мұның тарихы арыда жатыр. Бомбардир деген – І Петр патша тағайындаған əскери шен. Патша жас кезінде бомбардирлер ротасын құрған. Сол ротаның негізінде артиллерия офицерлерін дайындайтын өзінше бір дəстүрлі əскери мектеп қалыптасқан. Бомбардир деп артиллерияның маман офицерлерін атаған. Ал бомбардир сөзінің шығу төркіні – зеңбіректің алғашқы бір түрін «бомбарда» деп атағандығында. Оны XIV-XVI ғасырлар аралығында қамал қорғауға немесе қамал бұзуға қолданған. Бомбардаға біркелкі қашалған дөңгелек тастар мен шойыннан құйылған оқтарды пайдаланған. Бұл оқтардың түсу қашықтығы 500 метрдің ар жақ-бер жағында ғана болған. Əрі күніне 7-8 рет атуға күші зорға жеткен. Кейінірек мұндай зеңбіректердің пайдасы шамалы болған соң салмағы 16-дан 19 тоннаға дейін жететін ірі бомбардаларды жасаған. Оларды астау секілді арнайы ағаш қалыптарға орнатып, темір құрсаулармен бекітіп, аттармен сүйреп жүрген. XVIII ғасырдың аяғына таман мұндай ауыр бомбардалар қолайсыздығына байланысты қолданыстан біржола шығады. Орнына гаубица, мортиралар келді. Бұлар алдыңғы зеңбірекке қарағанда жеңіл де ыңғайлы, тез атылатын, оқтары алысқа түсетін сол заманның мықты қарулары еді. Бомбардалардың қатардан шығуымен бірге əскери шеннің атауы да, мағынасы да өзгерді. Енді бомбардир деп артиллерия офицерін емес, қатардағы артиллерия жауынгерін, ары кетсе, ефрейторды атаған. Уақыт өте келе ол да ұмытылған. Атам заманда болған, қазір ұшты-күйлі жоғалған атаудың полковник Кургановқа не қатысы бар деп тұрсың ба? Айтайын. Георгий Федорович Курганов – Бірінші жаһан соғысында патша армиясында батарея командирі, ал Азамат соғысында артиллерия девизионына командир болған адам. Бомбардир дегеннің кім екенін қазіргі əскерилерге қарағанда жақсы түсінеді. Ертеде бомбардир шенінің өте құрметті болғанын, тіпті І Петр патшаны өз дəуірінде «господин бомбардир» деп атағанын да біледі. Г.Ф.Курганов Ұлы Отан соғысы кезінде генерал Иван Васильевич Панфиловтың əскери кеңесшісі міндетін атқарды. Мен үшін ол кісінің орны бөлек. Адамгершілігі мол, арамға қолын созбаған таза, əділ жолдан таймаған турашыл, ақылгөй ұстаз болғандығы үшін құрметтеймін. Бүрсігүні – мейрам. Қария алдын ала құттықтау алып, қуанып қалсын. Енді жөнел! – деп сөзін үзді. Бір ауыз сұрағыма соншама ықыластана отырып мен біле бермейтін деректерден əңгіме айтып жіберді. Соған қарағанда атаның көңіл күйі бабында. Кездейсоқ бірдеңе килігіп кетпесе, бүгін күн «ашық» болар, шамасы... Осы сенім маған дем бергендей батылданып: – Сіз де бомбардирсіз ғой, – дедім. Ата менен мұндай сөзді күтпеді ме, сəл таңырқай қарады да: – Иə, мен де бомбардирмін! – деді көтеріңкі ашық үнмен. Артиллерия атаның негізгі əскери мамандығы екенін, соғыс кезінде жаяу əскерді басқарғанымен ат мініп, шпорын тағынып, қылыш асынып жүргенін, ал бұлай жүру тек артиллерия мен атты əскердің офицерлеріне тəн екенін өзінің кітаптарынан білетін едім. (Жалғасы бар).
¦ÄIËÅÒ Бірде Ұзынағаш ауылындағы Жамбыл мен Абай көшелерінің тоғысында көптен бері кездеспей жүрген Үмбетəлі ақынның тумасы Əділхан Өмірбаевпен жолығып қалғаным бар. Қазақ салтымен ол мені қайынаға, мен оны күйеубала санап əзіліміз жарасатын. Бір кезде Əділхан Үмбетəлі ауылындағы шаруашылықтың бас есепшісі болды. Өзі іске мығым, сөзге шебер. Кейде шабыты шалқып өлең жазатын өнері бар.
Мүмкін екі ақын қос қыран болып №33 (193) туған елдің көгінде самғап жүрген шығар... 19.09.2014 жыл
ТҰЛҒА жасынан ұстап келеді. Сені өте жақсы көргендігінен, жаңағы ақын жігіттерді сыйлағандығынан ғана беріп отыр. Есіңе салып айтарым, абайлап ұстасын. Себебі бұл домбырамен Үмбеттің жаны бір. Тоқашпен бірге келген ақын жігіттер атасына сəлем беріп бетінен сүйді. Ана қыран жанарлы, ұзын бойлы жігіттің ілтипаты бөлек. «Үмбет аға, мен Мұқағали деген балаңыз боламын. Талантыңызға бас иіп, сəлем бергелі келдім. Қатар отырып əңгімеңізді тыңдағанда тіпті керемет болатын еді. Бірақ оған қамықпаңыз. Əлі-ақ сауығып, бəйбішеңіздің қасында отырасыз», – деп Үмбеттің маңдайынан сипады. Сол бір ілтипатқа ақын аталарың ерекше ықыластанды, – дейді Мəрия апай.
қарайсыз?» дейді. «Қарағым, енді қалыптан артық ішуге болмайды» деген екен. Сол Жөкен қария айтқандай Шайбала апамның көжесіне қарық болдық, бірақ бізге де артық ішуге болмайды. Бұл сөзге бəріміз жабыла күлдік. Сөзді сөз тудырады. Əңгімеге апам да араласты. – Мен де бір естелік айтайын, ақын балаларым. Ілгеріде бір үйге қонақ келіпті. Отағасының бəйбішесі келістіріп тұрып кеспе көже жасаған екен. Бəрі таңсық асты сүйініп ішеді. Сонда отағасы «Ойпырым-ай, біздің бəйбіше бүгін жараған екен, мына кеспе көжең не деген дəмді! Кейінгі кезде кеспе көжені бұрынғыдан жақсы жасайтын болдың» деп бəйбішесін көтермелей түсіпті. Тіпті
бер. Біздің ыстық сəлемімізді жеткіз. Тезірек жазылып кетсін». Ақындардың айтқан сөзін сол күйінде жеткіздім. Ол кісі менің құлағыма сыбырлап рахметін айтты. Өйткені қария ақын сəл ғана жайланып, мызғып кеткен екен. – Бəріңе рахмет. Ақынды ақын іздеп келгені қандай жақсы. Атаңа ол кісілердің сөзін түгел жеткіземін. Мұқағали балама бізден де сəлем айт, – деді. Сол түні шөкім бұлт болған жоқ. Жымыңдаған жұлдыздардың жанарынан шуақ төгіліп тұрғандай болды. Мұқағали ағаның сөздерін тыңдап отырып маржан толған мынау зеңгір көкті өмірімде бірінші рет көргендей болып ерекше тебіреніске бөлендім, өйткені, ол кісінің айтқан
кісінің аты табылды. «Кел сұлуым таң ертең» деген əнді тебірене орындайтын Ертіс Мұсақұлов қой. Ол ақындар – Еркін Ібітанов, Нұрсұлтан Əлімқұловтармен жақын араласқан жолдас болатын. Сенің Шайбала апаң бағалаған көзі зағип өнерпаз менің досым əрі əнші, əрі сазгер Мəкен Əлиасқаров. Ол кісінің ақын Мұса Жанəділовтың сөзіне жазған «Қаратау сазы» деген əні кезінде талай тыңдаушыны тамсандырды. Мəкеннің өзі де əн айтқанда ерекшелігімен жұртты баурап алатын. Жүсіпбек Елебековтың шəкірті атанды. Қазір қазақ радиосының алтын қорынан Мəкен Əлиасқаров орындаған əндер ұдайы беріліп тұрады, – дедім мен. – Қайынаға, сөзіңізге қарағанда
7
өздеріңмен тілдесіп көңілім аспандап кетті ғой. Бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын, бұл домбыраны мен 15 жасымнан бері ұстап келемін. Не қасиеті бар екенін білмеймін, қара домбыраны қолыма алсам болды арқаланып кеткенімді байқамай қаламын, – деді Үмбетəлі ақын. – Ақын ата, домбыраңыз жай домбыра емес, мен бірдемені танысам бұл аспапта ерекше бір қасиет бар. Өйткені, домбыра деген – мына өзіңіз! – деді Мұқағали. Сөйтті де тау қырандай саңқ етіп, жыр жолдарын оқи жөнелді: Селт етіп төккен нөсердей, Ақпа да төкпе ақынсың. Алқалы топта дес бермей, Арыдан жеткен асылсың. Шамырқанғанда шабытсың,
Мұқағали Үмбетәлі ақынды іздеп келген Біз жұбайымыз ақын Қанипа Бұғыбаева екеуіміз 1967 жылдан 1972 жылға дейін осы ауылда тұрдық. Əділханмен жақсы араластық. Үнемі əзіліміз жарасты. Əділханның анасы Шайбала апайдың пейілі кең, мінезі жайлы, қонақжай кісі еді. Ағайынға бергісіз осындай адамдарды əрқашан көңіліңнің түкпірінде сақтайсың. – Қайынаға, сіздің «Жетісу» газетіндегі Мұқағали туралы естелігіңізді оқып шықтым. Жақсы жазған екенсіз, – деді маған жылы шыраймен қарап. – Пейіліңе рахмет. Əңгімеміз сабақтасып, өткен күндерді еске түсірдік. Ол Тоқаш Бердияров туралы сөз қозғады. Тоқаш ақын екеуі кеңінен араласқан екен. «Апам жарықтық кеспе көже жасаудың шебері еді ғой, сондай тағамды ақын ағамыз терлеп-тепшіп сүйсініп ішетін», – деді ол. – Бір күні Тоқаш аға «менің Алматыда тұратын Мұқағали деген досым бар. Үмбетəлі ақынға сəлем беруді өзіне парыз санап жүр. Ол кісімен сөйлессем, асыл домбырасының үнін естісем деп армандаушы еді. Қазір сол ақынға телефон шалдым. Келетін болды. Ұзынағаштан күтіп аламын. Шайбала апам келістіріп тұрып бір қазан кеспе көже жасайтын болды» депті. Бұл оқиға 1965 жылы болған екен. Əділхан əңгімесін одан əрі жалғады: – Екі ақынның жолын тосып елеңдеп жүрдім. Бір қарасам Үмбетəлі атаның үйі жағынан (ол кісі бізге көрші) Тоқашты жəне үстіне ақ сұр костюм киген шашы ұзын денелі жігітті көрдім. Өзара əңгімелесіп, біздің үйге қарай ақырын аяңдап келе жатыр екен. Ол кезде Үмбетəлі ақын науқастанып жүрген еді. Ол үйде көп аялдамағаны содан болар. Екі ақынды апам, мен үшеуміз құрақ ұшып қарсы алдық. Тоқаш аға Мұқағали ақынды таныстырып жатыр. Олардың қасында тағы бір өнерпаз əнші жігіт болды. Ақ сары жүзді, күлімсіреп сөйлейтін шырайлы адам екен. Мұндайда апамның да ықыласы түсіп, пейілі одан сайын кеңейетін. «Мұқағали балам, Тоқаш інім арқылы, жырларың арқылы атың мен затыңа қанықпын. Мен де өзіңе туыс болып келемін. Ысты деген рудың қызымын. Атым Шайбала, əкемнің аты Оразалы. «Қырықтың бірі қыдыр дейді» бұрынғылар. Сондай ақжол қонақ болыңдар. Кəнеки, төрге шығыңдар. Өз үйлеріңдей көріп, қысылмай отырыңдар», – деді. Алмабақтың ішіне текемет көрпе төселді. Сөйтіп ақын ағаларымызбен жақсы əңгімелер жалғаса берді. Шай үстінде Мұқағали аға маған қарап: «Əділхан інім, Үмбетəлі атаңның сөзін тыңдап, домбырасының үнін естуге құмарланушы едім. Мына кедергіні қарашы. Ақын ауырып қалыпты. Саған бір қолқа салайын. Атаңа барып домбырасын сұрап келші. Егер бермей қойса, онда өзім барамын», – деді. Ақын аға тілегін неге орындамайын. Үмбетəлі атаның үйіне қарай тұра жөнелдім. Қария ақын, ол кісінің жұбайы Мəрия апам мені туған баласындай жақсы көруші еді. Атам төсегінде жатыр екен. Əлсін-əлсін жөтеледі. Ауруы жанына батқаны көрініп тұр. Берген сəлеміме басын изеп жауап қайтарды. Мен Мəрия апайға қарап, атаға естіртіп, Мұқағали ақынның ол кісінің домбырасын сұратқанын айттым. Ақын ата бұған қарсы болған жоқ. Қайта жылы шырай танытып, кемпіріне иек қағып, өзім əрқашан көріп жүрген ағаштан шауып жасаған қалақтай домбыраны қолыма ұстатты. – Үмбетəлі атаң бұл домбыраны 15
Үмбетəлі КƏРІБАЕВ Апаның сөзін жеткізіп, домбыраны алып келгенде Мұқағали аға орнынан ұшып тұрды. Сол кезде ақынның тұлғасы самғайтын таудың қыраны секілді көрінді. Домбыраны қолына алып, құлағын жайлап бұрап, шертіпшертіп жіберді. Күмбірлеп тұрған үніне ерекше сүйінді. – Арқалы ақынның бұл домбыраны серік еткені керемет қой, – деп Тоқаш аға толқыды. – Қазір Үмбекең 75-тің қырқасына шығыпты. Əлі күнге дейін қара домбырасымен сырласады. Бұл нағыз қасиетті өнер аспабы болды ғой, – деді Мұқағали аға да Тоқаш досын қостап. Содан кейін қара домбыраны қасындағы өнерпаз жігітке ұсынды. Ол да дайын тұр екен. Əсем дауысымен əуелетіп Нұрғиса Тілендиевтің «Жан сəулем» деп аталатын əнін шырқата жөнелді: Жан сəулем, асыл бейнең көз алдымда, Көргенде нұр жүзіңді төзе алдым ба. Ай болшы аспанымда, Нұр толсын жас жаныма, Бақытым сенсің жалғанда, Шырқашы, сəулем, Шырқашы, сəулем, Əлемді əнмен таңданта. Шырқашы, сəулем, жан қалқа. Əсем əннің қайырмасына апам да, Мұқағали аға да қосылды. Тоқаш аға да, Раиса тəтеміз де қалыс қалған жоқ. Үйдің іші керемет думанға айналды. Бұдан кейін қанаттанып алған ақын ағалар өздерінің өлеңдерін оқыды. Анамның қуанышында шек жоқ. Біздің алмабақтың іші жазушылар одағына, консерваторияға айналып кеткен сияқты. Тоқаш ағаның тапсырысы бойынша дайындалған кеспе көже де ортаға келді. Мұқағали аға: «Түү, қазақтың кеспе көжесінің дəміндей дəм, иісіндей иіс бар ма! Сарайымызды ашып жіберді ғой», – деп ықыластана күлді. Бір-біріне үйлескен мына қимылдар сондай жарасымды. Біреуі іні, екіншісі əпке болып керемет сыйластықта отыр. «Шайбала апа, дəл қазір барлығымыз осы үйдің баласына айналып кеттік. Көжеңізден тағы бір кесені құйыңызшы», – деп ыдысын қайта ұсынды. Жасандылығы жоқ мына қимылдар ешқашан қайталанбайтын еді. Мұқағали аға да маңдайы тершіп, арқасын кеңге салып ерекше бір шешініп сөйледі: – Біздің мынау Нарынқол ауданында Көмірші деген жер бар. Сол жерде Жөкен деген қария кісі болды. Жаздың ортасындағы бір күні мал іздеп жүріп, өзен жағалап келе жатып бір үйге кездеседі. Есік алдында тұрған жас келіншекке: «Қарағым, сусын бар ма» дейді. Келіншек ашыған бидай көжені ұсынады. Мұздай суық көжеден үш шараны қатар-қатар ішіп алған соң, «Ой, шөлімнің қанғаны-ай» деген екен. Келіншек «Ата, шөлдесеңіз қымыз да бар. Оған қалай
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Мұқағали МАҚАТАЕВ қайта-қайта мақтай беріпті. Бəрін тыңдап отырған қонақ сонда былай деген екен: «Отағасы, бəйбішеңіздің жалт-жұлт еткен жас шағы сіздің көкейіңізден ешқашан кетпейтін сияқты. Əсерленуіңіздің себебін осы деп білдік. Ал көжеңізді қанша мақтасаңыз да, көженің аты көже ғой. Балбырап тұрып піскен қойдың етіне не жетсін», – деген екен. Тауып айтылған сөзге тоқтайтын қазақ емес пе, отағасы сөзден жеңіліп, түннің бір уағына қарамай арнайы қой сойдырып, ет асыпты. Біздің бүгінгі əрекетіміз де сол айтқандай болып тұр. Көжені қанша мақтасақ та, еттің жөні бір бөлек. Күн əлі ерте, енді арнайы қазан көтермесек болмайды, – деп апам кезекті жұмысқа ыңғайланды. Сонда Мұқағали аға орнынан қарғып тұрып: – Шайбала апа, сіздің кең пейіліңіз қазанға асқан еттен де бағалы болып тұр. Пейіліңізге басымызды иеміз. Əрқашан сау-саламат аман жүріңіздер. Үмбетəлі атамыз да жазылып кетсін. Дəм тартса, бұл ауылға талай келетін боламыз. Етті де сол кезде сөз жоқ жейміз. Қазір рахмет, – деп өз пікірін білдірді. Мұқағали ағаның баладай қуанатынын өз көзімізбен көрдік. «Ей, Тоқаш, менімен күресесің бе? Əзіретəлі Дариғаны аспанға лақтырғандай етіп, көкке қарай атып кеп жіберіп, қайтып алақаныммен тосып алайын ба?» – деп əдемі əзілмен елді қыран күлкіге батырды. – Тоқашжан, ананы қарашы, – деді апам зеңгір көкті нұсқап. Бəріміз аспанға көз салдық. Тоқаш «Ол қыран болар» деді. Апам қолымен аспанға маңдайын көлегейлеп көз салып: – Бұл құсты көптен бері көріп жүрмін. Бүркіт емес, нағыз қыранның өзгеше түрі болар. Денесі шағын көкшіл сұр құс. Анда-санда болмаса, назарға шалына бермейді. Бүгін Мұқағали баламның келгеніне орай қайтадан самғап жүрген сияқты, – деді ерекше бір ықыласпен жақсы ырымға балап. – Біз де көріп тұрмыз, сіздің жанарыңызға шалынған қыран сонау асқар тауларға қарай қияға самғап бара-бара көрінбей кетті. Соны айтты да Мұқағали аға қыран құстың соңынан тебірене қарап тұрды. Осы бір сурет мəңгі бақи есінде қалған Əділхан сондай бір сүйінішпен айтты. Сол сəтте мен де ойланып қалдым. Мұқаңның ойына əлдеқандай жыр жолдары оралған шығар деп топшыладым. Қос ақынмен дəмдестұздас болып дидарласқан Əділхан ініме ерекше қызықтым. * * * Əңгіменің жалғасын əрі қарай естігім келіп ертесінде Əділханға келдім. Ол да кешегі сөзін қайта сабақтады: – Сол күні қонақтар алмабақтың ішінде кешке дейін демалды. Біз де ақындарды жібергеніміз жоқ. Кешкілік Мұқағали аға «Əділхан, енді Үмбетəлі ақынның домбырасын өзіне апарып
əңгімелері ғажайып өрнекке толы еді. Ертесінде қонақтарды жылы шыраймен Ұзынағашқа апарып салдық. – Айтпақшы, Мұқаңның қасындағы өнерпаз жігіттің есімін ойыңа түсіре алдың ба? – Қайынаға, бұл жағынан ұяттымын. Сол жігіттің аты-жөні есіме түспей-ақ қойды. Одан кейін Əділхан 1963 жылы мамыр айында бір топ əртістің ауылға концерт қоюға келгенін айтты. Күндіз əртістер ауыл іргесіндегі көлге шомылып, сонда бір қыздың суға бата жаздап, оны тілі мүкіс жігіттің ажалдан аман алып қалғанын айтты. Соның құрметіне əртістер ауыл тұрғындарына тегін өнер көрсетіпті. – Осы ауылдың баласы Болат деген жігіт тілінің кемшілігі болмаса қолынан келмейтіні жоқ бесаспап еді. Сол күні сендер «Жəмила» деген спектакль көрсеттіңдер. Өнерлерің сондай тартымды. Қыз-жігіттердің барлығы жанып тұрған кілең мықтылар екен. Ана бір жігіт есімде, көзі жөнді көрмейді-ау деймін, əншілерді баянмен сүйемелдегенде оны сахнаға біреулер қолтықтап шығарып тұрды. Өзі домбырашы да екен. Дауысы қандай əдемі. Өнері естен кетпейді, – деп апамыз біздің əңгімеге араласып басын шайқап отырды. Апамның өнер танығыштығын Мұқағали аға да кезінде дəл байқап еді. «Шайбала апа, ақынды, əншіні бекер құрметтемейді. Оның өзі – өнерді бағалай білу. Өнерді тану деген екінің бірінің қолынан келмейді. Қане жігіттер, Шайбала апамыз үшін шапалақ ұрайық» дегені əлі есімде. Əділханның Шайбала апасы 1982 жылы 82 жасында дүниеден озды. Əділханның айтуынша Шайбала апа Мұқағалиды қайтып тағы келеді деп үнемі күтіп жүреді екен. Тіпті қаптағы ұнның ішіне сұр етті сақтап, сыбағасын дайындап қойған. «Бірде Мұқағали ағаның қайтыс болғанын радиодан естідік. Бірақ сол азалы хабарды апама айтпадық. Ол кісі бірекі күннен кейін біреулерден естіпті. Бірдемеге қапаланса немесе қайғырса астыңғы ернін демеп еңкейіп отыратын дағдысы еді. Біз үйге кірсек тура сол кейіпте отыр. «Сендер Мұқағали баламның қайтыс болғанын естідіңдер ме?» деді. Біз не дерімізді білмей төмен қарай бердік. «Өлім өтірік болмайды. Қайран ақын балам-ай! Асыл жан едің! Иманды бол!» деп бетін сипап, жанары жаспен шылана берді. – Апам əрқашан шелпек пісіріп əруақтарды еске алып Құран бағыштағанда, ең алдымен Мұқағали ағаның атын атайтын. «Өнерді бағалай білудің өзі де үлкен өнер» деп Шайбала апама Мұқағали бекерге баға бермеген екен. Ойлап қарасақ Шайбала апам өте зерделі, жүрегі кең, əн мен жырға өте жақын кісі еді. Ауыл үй арасындағы кішігірім тойларда абысын-ажындарын қасына алып, той-думанның əрін кіргізетін, – деді Əділхан. Айтпақшы Мұқағалидың қасындағы жігіт кім деген сұраққа жауап табылды. Өткен күндердің оқиғасын еске алып отырғанда бір əннің мəтіні менің ойыма сап ете қалғаны. Ол былай деп басталады: Қара бұлақ таудан құлап аққандай, Қос бұрымың құбылады мақпалдай. Сөйлесейік, тілдесейік жан ерке, Кел сұлуым ақ маңдай. Тілдесейік, сырласайық жан еркем, Кел сұлуым, су алуға таңертең. – Сонымен, кешеден бері кім деген
өзіңіз де сол өнерпаз азаматтармен қызметтес болған сияқтысыз ғой? – Дəл айтып тұрсың, Əділхан. Сол аталған азаматтар, бəріміз Нарынқол халық театрының əртісі атандық. Əлгі көлге абайсызда батып кете жаздаған қыздың аты Галя Тұрғанбекова. Оны Болаттың ажалдан құтқарғаны менің көз алдымда. Бұл күндері Болатпен кездесе қалсам, ол күліп отырып бəрін ыммен түсіндіреді. Əділхан, сен əңгіме айтамын деп талай нəрсені еске түсірдің. Мұқағали ақынның Үмбетəлі атаңды іздеп келгенін айттың. Не деген керемет. Қазір ойлап қарасақ, ақынды ақынның іздегенінде үлкен сыр жатқан секілді. Бірін-бірі бағалаған сол тұлғалар қазір өздері де аңызға айналды. Жасын ғұмырдай жарқ еткен Мұқағали есімі жыр аспанында жарық жұлдыздай жарқырап тұр. * * * Ойым ұйытқып, қиялым шалқып, көңілім биікке қанат қағып, жүрегім дүрс-дүрс соғады. Ойдан ой туады. Өткен күннің елестері кинолентадай бір-біріне жалғасып көз алдымнан өтіп жатыр. Ақын Үмбетəлі атамның бейнесі сол қалпында көрініс бергендей. Бірде ақын үйіне барған кезде ол кісі ерекше шабыт үстінде отыр екен. Сергек. Қалақтай домбыраны қағыпқағып жіберіп, сатырлап жауған бұршақтай етіп өлең шумақтарын төгілтіп отыр. Ол даладағы естілген дыбысқа көк тұйғындай жалт етіп қарады. Дабырлай күліп келе жатқан адамдарды көргенде одан əрі қуанды. Мəрия апа мен Шайбала апа алдарынан шығып қарсы алып жатыр. – Келіңдер айналайындар. Ана жылы ақын аталарың сондай қатты сырқаттанған кезде, Мұқағали балам «Ата, əлі-ақ жазылып кетесіз» деген еді. Аузы дуалы ақын жігіттің айтқаны келді. Қазір Үмбет құлантаза жазылды, – деп Мəрия апаның көңілі шалқып тұр. Үмбетəлі ақын домбыраны төгілте тартып, еті қызған жүйріктей өлеңді селдете төкті. Қонақтар ақынның қимылына сүйіне қарап қалыпты. Содан кейін мəресəре болып атасын құшақтап мейірленіп жатыр. Келген қонақтардың ішінен: Болғанда əн арманың, жыр мұратың, Даусыңа тау мен дала жаңғыратын. Атыңды «Қаражорға» атандырып, Бағаңды беріп кеткен Жамбыл ақын! Кез келді домбыраңды қолға алатын, Кез келді тебірентіп толғанатын. Семсердей сертке ұстаған жарқылдайды, Өзге емес, өзіне-өзі сенген ақын, – деп өлеңді төгілте жөнелді. Мына дауысқа екі апа да жалт қарады. – Кім екен десем, Қанипа қызым екен ғой. Ой, айналайын! Атаңды бір қанаттандырдың. Үмбетəлі ақын ақ батасын беріп қуанып қалды. Бұл келгендер Тоқаш пен Мұқағали бастаған бір топ өнерпаздар еді. – Үмбеке, өзіңіздің қанша жасқа келгеніңізді білеміз. Домбыраңыз да алпыстың о жақ бұ жағында шығар, – деп Тоқаш əзілдей тіл қатты. – Мен ана жылы ақын атаның осы домбырасын бір күн бойы күмбірлете тарттым. Үні қандай таза! Енді жаңа бір қырын байқап тұрмын, домбыраның сазы бұрынғыдан əрі ашылған сияқты, – деді əнші Ертіс Мұсақұлов. – Айналайын өнерпаз баларым,
Шарт ете түскен жасынсың. Сөз шындыққа келгенде, Үлгіміз болған нəсілсің. Көргендей болып алтынды, Аспаннан шолып тау, шыңды, Кеудеңнен ата, бір иіскеп, Басуға келдім мауқымды, Тыңдауға келдім даусыңды! – Рахмет, қалқам! Мұқағали деген атыңа лайық екенсің. Енді мен де өзіңе арнап жыр шалқытайын, – деп Үмбетəлі ақын домбырасын қағып жіберді: Қанатың талмай көкті шол, Жəкемдей сөзге текті бол! Хантəңірдің қыраны, Өлеңнің болғын ұраны, Өзіңе берген батам сол! Өзіңе берген бағам сол! Мына көрініске тебіренген көпшілік сатырлата қол соқты. Мұқағали: – Үлкенді де кішіні де толғандырған жырыңыздан айналдық. Сізге салған қолқам болсын, ақын ата, өзіңіздің «Ана» атты жырыңызды өз орындауыңызда бір тыңдатсаңыз, – деді. Көпшілік бұл сөзге де ерекше дуылдап кетті. Сол сəтте Үмбетəлі асқан бір шабыт құшағына еніп, сыршыл сезімге бөленгенін өз көзіммен көрдім. Мейірленіп, пейілденіп қоңыр дауысымен қоңыр домбыраға қосылып жырлай жөнелді. Мен кіммін деп мақтана алам, Талантты етіп тапқан анам. Ақ емшегін аузыма сап, Адал бол деп баққан анам. Бесігінде шошиды деп, Маған жарық жаққан анам. Оянғанда оянсын деп, Сылдырмақты таққан анам. Көз нұрым деп көңіл бөліп, Ұйқылы ояу жатқан анам. Тəтті шырын сəбиім деп, Жауырынымнан қаққан анам. Көпшіл болғын көкешім деп, Көп өсиет айтқан анам. Түн ұйқысын төртке бөліп, Талай мехнат тартқан анам. Сөйтіп баққан қызметіңді, Қайткенде мен ақтай алам. Жиналған жұрт өлеңді сілтідей тынып тыңдады. Бəрі жыр əлеміне кіріп кеткен секілді. – Мың жасаңыз, ақын ата! Бəрі бір ауыздан осы сөзі қайталап айтты. Нағыз ақынның арқалануының бөлек екенін көздерімен көрді. Мұқағали аға орнынан ұшып тұрып адымдай басып келді де Үмбетəлі ақынды қапсыра құшақтап бетінен сүйіп, кеудесінен иіскеп, қос қолымен төбесіне көтерді. Айтып тұр туған елің мың жасаған, Өшпейтін, ескірмейтін қай заманда. Ақынның мейірімінен жыр қашадың. Сол сөзді мен айтамын ақын ата, Аналар рухы қолдап, мың жасағын! Мұқаң ақын атасын жайлап қана жерге түсірді. Ешқашан қайталанбайтын сол көрініс менің есіме өшпейтіндей болып орнықты. Себебі, сол күні ақын ауылының аспанын бір ғажайып саз кернеп тұр еді. * * * Əділхан екеуіміз үнсіз тұрмыз. Шыңдары көкпен тірескен Алатауға қарадық. – Мұқағали ағаның бір сөзі есіме түсті, – деді Əділхан, – Үмбетəлі ақын сонау шырқау биікте қыран болып самғап жүр деп еді. – Əрине, – дедім мен де. Мүмкін екі ақын қос қыран болып туған елдің көгінде самғап жүрген шығар... Қанағат ҚАРАШЕВ, Алматы қаласы.
Қазақстан спортшыларының алдына жалпыкомандалық №33 (193) есепте 4-ші орынды иелену міндеті қойылып отыр 19.09.2014 жыл
СПОРТ
8
Қазақстаннан Инчхонға 420 үкілі үмітіміз аттанды спортшы 13 спорт түрінен бақ сынайтын болса, Қарағанды облысы 29 спортшысын спорттың 13 түрінен сынға түсуге аттандырған. Ал Павлодар облысы спорттың 8 түрінен 20 спортшысына үміт артып отыр. Төртжылдық доданың салтанатты ашылу рəсімінде Қазақстан Туын боксшы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Əділбек Ниязымбетов ұстап шығады. Мұндай ел намысы сынға түсетін байрақты бəсекелерде Мемлекеттік Туымызды кез келген спортшыға ұстата салмайтыны белгілі. Демек, Əділбекке артылған міндет те ауыр екені анық.
Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII жазғы Азия ойындары басталды. 19 қыркүйек күні басталып, 4 қазан күні аяқталатын сары құрлықтың басты бəсекесіне Қазақстан құрама командасы осымен алтыншы рет қатысқалы отыр. Ұйымдастыру комитетінің мəліметіне қарағанда, бұл жолғы Азия ойындарына құрлықтың 45 елінен 13 000 спортшы мен жаттықтырушы қатыспақ. Азия ойындары барысын бұқаралық ақпарат құралдарының 7000 өкілі қадағалайтын көрінеді. Осыдан төрт жыл бұрынғы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен ойындармен салыстырғанда жарыс бағдарламасына бұл жолы бірқатар өзгерістер еніпті. Айталық, биылғы бағдарламадан Қытайда өткен ойындарда қазақстандық спортшылар чемпион жəне жүлдегер болған спорт түрлерінен шахмат, спорттық би сынды түрлері алынып тасталған. Аталған ойындар бағдарламасына 41 олимпиадалық жəне 9 олимпиадалық емес спорт түрлері – барлығы 50 спорт түрі енген. Сонымен Инчхонда өтетін XVII жазғы Азия ойындарында жалпы 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан спортшыларының алдына жалпыкомандалық есепте 4ші орынды иелену міндеті қойылып отыр. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін кемінде 20-дан астам алтын медаль жеңіп алулары керек. Тағы бір атап өтерлігі, XVII жазғы Азия ойындарында Қазақстан командасы 11 спорт түрінен жарысқа қатыспайды. Оның ішінде 7 спорт түрі
біздің елде əлі таралмаған спорт түрлері. Олар - софт теннис, кабадди, крикет, сквош, сепактакроу, бейсбол, ВМХ. Осы аталған спорт түрлерінен 25 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Боулинг, бадминтон, суға секіру жəне футболдан (Қазақстан УЕФА-да өнер көрсетеді) 38 медаль жиынтығы ойналады. Осы спорт түрлерін есептегенде, сондай-ақ жүзу, жеңіл атлетика жəне басқа да спорт түрлері бойынша команда құрамдары толық жасақталмаған себепті қазақстандық спортшылар 120 медаль жиынтығы сарапқа салынатын сындарға қатыса алмайды. Сондықтан ел намысын қорғайтын спортшыларымыға қойылатын талап та ауыр. Жалпыкомандалық есепте 4-орын алу үшін бар өнерін салып, жанталасуы қажет. Қазіргі бізге келіп жеткен ақпаратқа сүйенсек, сапалы дайындалу мақсатында бүгінгі таңда 94 спортшы жəне жаттықтырушымен келісімшарт
жасалған. Бұлар Лондон Олимпиадасында жəне соңғы екі жыл бойы жоғары нəтиже көрсетіп жүрген спортшылар. Естеріңізге сала кетейік, Гуанчжоудағы өткен Азия ойындарында еліміздің намысын 36 спорт түрінен 362 спортшы қорғаған болатын. Онда спортшылар саны жағынан Азия елдері ішінде 9-көрсеткішке қол жеткізген еді. Бұл жолы Инчхонға біздің 420 спортшымыз 39 спорт түрінен ел намысын қорғауға аттанды. Олардың 207-сі ер спортшылар болса, 213-і нəзік жандылар. Биылғы Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларымыздың орташа жасы - 24.5. Ең жас спортшы - 15 жасар Ксения Кондратенко (ескек есу слаломы). Ең егде спортшымыз Нұрлан Мақұлбеков (гольф) - 59 жаста. Биылғы делегацияның құрамында 1998-2010 жылдардағы Азия ойындарының 17 чемпионы бар. Оның 7-уі Гуанчжоудағы чемпиондар: О. Рыпакова (жеңіл атлетика),
М.Мұқашева (жеңіл атлетика), Д.Карпов (жеңіл атлетика), Д.Елеусінов (бокс), Д. Асəділов (каратэ), Р. Сағындықов (каратэ), Н.Тынəлиев (грек-рим күресі). Инчхонда өнер көрсететін спортшылардың саны бойынша өңірлер арасында Алматы көш бастады. Бір ғана Алматы қаласының өзінен 111 спортшы (23 спорт түрі) өнер көрсететін болса, екінші көрсеткіште елордалық спортшылар тұр. Астана қаласынан 63 саңлағымыз 22 спорт түрінен бақ сынайды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысынан 56 спортшы спорттың 16 түрінен ел намысын қорғауға аттанып отыр. Алматы облысынан 38
№ XII XIII XIV XV XVI
1978 жылы, Бангкок (Таиланд) 25 ел, 19 спорт түрі; 1982 жылы, Нью-Дели (Үндістан) 33 ел, 21 спорт түрі; 1990 жылы, Пекин (Қытай) - 37 ел, 27 спорт түрі; 1994 жылы, Хиросима (Жапония) - 42 ел, 34 спорт түрі; 1996 жылы, Сеул (Корея) - 27 ел, 25 спорт түрі; 1998 жылы, Бангкок (Таиланд) 41 ел, 36 спорт түрі; 2002 жылы, Бусан (Корея) - 44 ел, 38 спорт түрі; 2006 жылы, Доха (Катар) - 45 ел, 47 спорт түрі; 2010 жылы, Гуанжоу (Қытай) - 45 ел, 57 спорт түрі. Бес жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан спортшылары жазғы Қазақстан құрамасының жеңіп алған медальдар саны: Азия ойындарына 1994 жылдан Жыл Қала Алтын Күміс Қола Барлығы ЖКЕ орыны бастап қатыса бастады. Содан бері 1994 Хиросима (Жапония) 25 26 26 77 IV бес Жазғы Азия ойындарына 1998 Бангкок (Тайланд) 24 24 30 78 V қатысып, жалпы командалық 2002 Пусан (Оңт. Корея) 20 26 30 76 IV есепте үш рет - төртінші орынға, екі 2006 Доха (Катар) 23 19 43 85 IV рет бесінші орынға ие болды. 2010 Гуанчжоу (Қытай) 18 23 38 79 V Күнсұлтан ОТАРБАЙ.
Салық төлеушілердің НАЗАРЫНА!
Курорт “САРЫАГАШ” санаторий “АЛТЫНАЙ” и “АЛТЫНАЙ ЛЮКС”
Əл-Фараби ауданы бойынша Салық басқармасы келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін жəне айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының (бұдан əрі Заң) 1-бабының 14) тармақшасына сəйкес пластикалық сауыт - полиэтилен, полистирол жəне өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы болып табылады. Заңның 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында алкоголь өнімін (шарап материалынан, сырадан жəне күштілігі он екі процентке жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде жəне пластик ыдыстарда өткізуге этил спиртiнің жəне (немесе) алкоголь өнiмiнiң айналымы кезiнде тыйым салынады деп көрсетілген. Сонымен қатар, Заңның 1-бабының 1) тармақшасына сəйкес экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме жəне бөлшек саудада өткізу айналым деп түсініледі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағында пластик ыдыстарында өндірілген сыраның айналымына тыйым салынады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 163-бабының 3-бөліміне сəйкес алкоголь өнiмiнің (сырадан жəне күштiлiгi он екi пайызға жетпейтiн, градусы төмен ликер-арақ бұйымдарынан басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі жəне пластикалық сауыттардағы айналымы үшін əкiмшiлiк жауапкершілік көзделгенін ескертеміз. Ербол СЫРМАНОВ, ОҚО, Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданы бойынша Салық басқармасының акцизделетін өнімдерді əкімшілендіру бөлімінің бас маманы.
Виды предоставляемых услуг в санаторном комплексе «АЛТЫНАЙ» ТОО «Отын» санаторный комплекс «Алтынай» предоставляет на основании Государственной лицензии Серии ЛП № 00052DX следующие услуги: Бесплатные услуги, входящие в стоимость путевки: 1. Орошение кишечника минеральной водой; 2. Гинекологическое орошение минеральной водой; 3. Промывание желудка минеральной водой; 4. Дуоденальное зондирование (желчь) минеральной водой; 5. Минеральная ванна, душ минеральной водой; 6. Лечебные бассейны с гидромассажем; 7. Парафино-озокеритолечение; 8. Очистительные клизмы минеральной водой; 9. Слепое зондирование (дюбаж) минеральной водой; 10. Физиолечение (УВЧ, ингаляция травами и маслами, электрофорез, дарценвал, УФО). 11. Фито чай, и т.д. Рекомендуем пройти полное лечение за 7 дней, так как Лечебный центр работает без выходных.
ЕНДІ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫНА КӨЗ ЖҮГІРТЕР БОЛСАҚ, АТАЛМЫШ ДҮБІРЛІ ДОДА 1951 ЖЫЛДАН БЕРІ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ: 1951 жылы, Нью-Дели (Үндістан) 11 ел қатысты, 6 спорттың түрінен; 1954 жылы, Манила (Филиппин) 18 ел, 8 спорт түрі; 1958 жылы, Токио (Жапония) - 20 ел, 13 спорт түрі; 1962 жылы, Джакарта (Индонезия) - 17 ел, 13 спорт түрі; 1966 жылы, Бангкок (Таиланд) 18 ел, 14 спорт түрі; 1970 жылы, Бангкок (Таиланд) 18 ел, 13 спорт түрі; 1974 жылы, Тегеран (Иран) - 25 ел, 16 спорт түрі;
Платные медицинские услуги: бассейн, душ шарко, циркулярный душ, грязолечение, СПА, жакузи, автоматическое массажное кресло. Диагностика: Инструментальные методы обследования – УЗИ внутренних органов, электрокардиограмма. Консультации врачей: невропатолог, уролог, гинеколог, терапевт, мануальный терапевт Иглорефлексотерапия, Медикаментозное лечение неврологических, кардиологических, урологических. Дополнительные платные процедуры: пантовые ванны, селеновые ванны, скипидарные ванны, пихтовые ванны, аппаратное кишечное орошение (гидроколонотерапия), иглотерапия, массаж (общий и точечный).
ПРИМЕЧАНИЕ: В стоимость путевки входит 4-х разовое питание, медицинское обслуживание. В номерах имеется холодильник, кондиционер, плазменный телевизор, душевая с водонагревателем и горячая вода.
Адрес: ЮКО, Сарыагашский р-н, п. Коктерек. Тел/факс: 8 (7252) 57-14-31, сот.: 8 701 738 37 17, Телефон: 8 (72537) 5-13-13, 5-13-73, сот.: 8 701 738 37 69 E-mail: otin_kz@mail.ru Web-сайт: www.altinai.com
Құрметті салық төлеушілер! Еңбекші ауданы бойынша Салық басқармасы Еңбекші аумағында орналасқан салық салу нысандары (тұрғын үйлері, көлікжайлары жəне жер телімдері) бар жеке тұлғаларға 1 қазанға дейін тиісті мүлік жəне жер салықтарын төлеулерін сұранады. Туындаған сұрақтар бойынша жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу бөлімімен 36-71-09 сымтетігі арқылы хабарласуларыңызға болады. ОҚО, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Салық басқармасы
Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ
Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. ҚАСҚАРБЕКҰЛЫ
Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ
Бақтыгүл МҰҚАШЕВА
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2490.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады