33 2015

Page 1


¦ÄIËÅÒ

АТА ЗАҢ

БИІККЕ БАСТАҒАН ЖОЛ «Есімханның ескі жолынан» – «Назарбаев Конституциясына» дейін

Əр адам Конституция қағидаларын қатаң сақтауға міндетті (Соңы. Басы 1-бетте). Үкіметіміз Қазақстанның зайырлы, құқықтық, демократиялық жəне əлеуметтік мемлекетке айналуына бағыт ұстап келеді. Осы жолда батыл қадамдар жасады. ТМД елдері арасында бірінші болып зейнетақы реформасын енгізді. Кəсіпкерлікке, бизнесті дамытуға, экономиканы өркендетуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аударылды. Халықты экономикалық қорғаудың əлеуметтік саясаты, жастардың болашағын кепілдендіру қалыптастырылды. Жекеменшіктің заңмен қорғалуы шетелдік инвесторлардың елімізде қаржысын қоса отырып, жұмыс істеуге деген қызығушылығын туғызды.

жасап келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып, он-сан мемлекетпен қарым-қатынас орнатылуы да Ата Заңымыздың арқасы. Заң үстемдігін дамыту бағытында əлемдік деңгейде жұмыс істейтін тəуелсіз халықаралық үкіметтік емес ұйымның əзірлеген рейтингі бойынша Қазақстан 71 орыннан бір жылда алты сатыға ілгерілеп, 65-ші орынға тұрақтаған. Бұл – құқықтық саладағы тегеурініміздің қаншалықты өскендігінің айғағы. Еліміздегі күллі оң істердің бастамашысы жəне жүзеге асырушысы болып келген Елбасымыздың болашаққа бағытталған «100 нақты қадам» атты еңбегінде заңның үстемдігін дамыта түсу тереңдетіле түскен. Бағдарламаның екі бірдей тетігінде сот

№33 (236) 28.08.2015 жыл

2

басқаруымен құрылған сот жүйесі төменгі сатыдағы соттардың қызметін бақылаудың заңды процессуалдық формаларын жүзеге асырып келеді. Сот билігінің шынайы төрелігін қамтамасыз етуге, осы орайдағы соттардың заңдылықты сақтаудағы жауапкершілігі күшейтіле түсті. Құқығы бұзылған азаматтар сотқа сенім артып, өз мүддесін сот арқылы қорғауға жүгінетін болды. Қазақстан Конституциясынан бастау алған нормативтік құқықтық актілер бұлжымас заң ретінде азаматтардың жүрегіне орнықты. Заң аясы мен ауқымы кеңейіп, нақтылығы артты. Биылдан бастап Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді. Осы Заңдарды

АТА ЗАЅЫМ – АЙБАРЫМ

«Бірлік» монументі жанында

(Соңы. Басы 1-бетте). Бірақ бəрі де ойластырылып қойылған екен. Техникалық көмек дер кезінде жетті. Сөйтіп алғашқыда іркес-тіркес көрінген көш біртебірте қайтқан қаздардай əдемі сап түзеп, Ордабасыға қарай жинақы, жедел жылжи бастады. Ең алдында Нұрсерік Кəрімұлы барады. Сықиған костюм-шалбар мен галстук адамның кемшілігін ғана емес, жетістігін де жасырып тұратынға ұқсайды. Велосипедті ауыздықтаған Нұрекең спорттық формада қоладан құйғандай мығым денелі болып көрінді. Тіл ұшына əзіл оралды: «Егер бала Нұрсерік заңгер атануды армандамай, велоспортқа басымен кеткенде Винокуровтың болмауы да мүмкін екен-ау өзі». Əзіліміз негізсіз емес екен. Жол бойы төраға қамшы салдырмай, қос дөңгелекті ұршықша иіріп, əріптестерін алға ұмтылдыра білді. Жол үстінде адамның басына түрлі ой келеді емес пе? Ойсыз жүре алмайтын қаламдастардың қиял құсы талай қиянға барып қайтқан шығар. Ал судьяларда, шамасы, көп ой өрбімесе керек. Бүгін бəрі демесек те, біразы, байқауымызша, бұдан былай қалай да уақыт тауып, спортпен жүйелі түрде айналысу керектігі, темекі деген бəледен аулақ болу қажеттігі жайында ойлаған шығар. Демек, іс-шараның тиімді жақтары көп. Бізге не, көлікте келе жатып, талай нəрсені көз алдымыздан өткіздік. Айтпақшы, велошеру Шымкенттен шыға бергенде ұзақ жаз бойы аспаннан тамшы тамбай, қатты ыстық болып, бүгін ғана шамалы салқындап тұрған табиғат кенет жаңбырын төгіп салды. Қалай тез жауса, солай тез тоқтады. Велошерудің көшіне бөгет болмайын дегендей... Ой-қиялға тосқауыл бар ма? Велошеру көшінен оза шауып, шығандап барады. 30-тамыз күні ҚР Конституциясына 20 жыл толады. Мемлекет пен бірге Конституция, ал Конституциямен бірге мемлекет дамиды. Тəуелсіздік тұсында қабылданған соңғы, жаңа Негізгі заңымыз еліміздің өсіп-өркендеуінде үлкен рөл атқарып отырғаны анық. Одан бұрын да конституциялар жазылған, қабылданған. Əрқайсысы өз заманына лайық жұмыс атқарды, əрине. Социализм кезіндегі заңдарымыздың негізі Мəскеуде қаланатын. Көп мəселе Кремльде шешілетін-ді. Алғашқыда, 30-жылдары Қазақ автономиялық социалистік республикасының астанасы ретінде Орынбор қаласы белгіленді. Қазақ үкіметін Сəкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов басқарған кезде Орынбор біраз уақыт астана рөлін атқарды да. Бірақ қазақ астанасы онда көп тұрақтай алмады, Ақмешітке көшірілді. Сөйтіп қалаға Қызылорда деген ат берілді. Бір қызығы, осы бір көшудің, астананы ауыстырудың сыры қалың көпшілікке кешегі күнге дейін белгісіз болып келді. Сонау тас дəуіріне дейінгі тарихымызды қазбалап жазған тарихшыларымыз бұл туралы жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Заман, қоғам өзгерген сайын конституция да жаңарып отырады. КПСС Орталық комитетінің Бас хатшысы Л. Брежнев те жаңа конституция қабылдаған. Ол есте. Сондай-ақ Леонид Ильичтің Қазақстанға деген ілтипатпен «Тың» деген кітап жазып шығарғанын да ұмыта қойған жоқпыз. Уақытында үлкен оқиға ретінде бағаланған сол кітапты Кентау қалалық партия комитетінің мəжілістер залында талқылағанымыз да жадымызда сақталып қалыпты. Сол жиында сөз алған бір білгіштің «Тың игергенге дейін Қазақстанда үлкен қалалар жоқ еді. Сол себепті Қазақстанның алғашқы астанасы Ресейдің Орынбор қаласында болды» деген пікірі бізді қатты ойландырған-ды. «Қазақтың астанасы ретінде неге Орынбор таңдалды?» деген сұрақ ұзақ уақыт ойдан кетпеді. Жадымда сақталған, көңілге түйген жайларды қанша ақтарсам да сұрақтың жауабын таппадым. Тарихи əдебиеттерден де кездеспеді. Сұрақ ұзақ уақыт көкейімде жүрді. Жауабы ақыры, кеш те болса, алдымнан шықты. Қазақстанда тұңғыш рет заң əдебиеттерін шығаратын «Жеті жарғы» атты баспа құрылғанда ойымызға еліміздің бұрын-соңды қабылданған конституцияларына бірнеше өркениетті елдің негізгі заңдарын қосып, жинақ ету идеясы келді. Жинадық. Сол шақта қолымызға ҚАССР конституциясының мəтіні түсті. Қызыға оқыдық. Сол конституция қабылданған тұста Орынбор қаласы да, оған қоса Орынбор губерниясы да қазақ жері деп мойындалып, Ата заңда солай көрсетіліпті. Кейін жарыққа біртін-біртін шыға бастаған

E-mail: adilet.media@mail.ru

Елдің жаңа саяси бағытын айқындайтын «Қазақстан – 2050» бағдарламасы қуаттылығымызды арттыру арқылы əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын алға қойды. Əр азаматтың тұрмыс дəрежесін жоғары деңгейге көтеріп, мазмұнды да, еркін өмір сүруіне берік іргетас қаланды. Əлемнің дамыған мемлекеттерінің тəжірибесіне негізделіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуде тұрғындардың ой-пікірі мен ұсыныстары ұлттық менталитетке сай сараланды. Нəтижеде Қазақстанда өмір сүретін 140-қа жуық ұлттар мен этностық топтар мүддесі біріктіріліп, өзара тату-тəтті, достық рəуіште

жүйесін дамыту, соттың ашықтығы мен əр адам үшін қолжетімділігі, судья кадрларының біліктілігін көтеріп, іріктеуді барынша жақсарта түсу сияқты көкейтесті мəселелер де қозғалған. Сонымен бірге ел алдындағы бес ауқымды міндет санамалап көрсетілген. Бұл міндеттерді мінсіз атқарудағы заң үстемдігін қалыптастыруға айрықша мəн берілген. Шындығында құқықтық теңдікке сүйенген қауіпсіздік орнап, заң үстемдігі салтанат құрғанда ғана ел дамып, азаматтар табысқа жетеді. Елімізде Конституциялық заңдылық жəне құқық тəртібін реттеудегі міндет сот жүйесіне жүктелген. Республика Жоғарғы сотының

жүзеге асыратын да, халыққа түсіндіретін де, жеткізетін де, заңның пəрменділігін білдіретін де судьялар екені белгілі. Конституция – егемен еліміздің тəуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айғақтайтын, дамуымыздың негізгі бағыттарын айқындайтын конституциялық саясаттың өзегі. Еліміздің жан-жақты өсіпөркендеуіне серпіліс берген Конституциямыздағы идеялар бізді асыл мұраттарға, жарқын болашаққа, мəңгілік ел болуға жетелер асыл қазына. Нұрғазы ШЕТЕНОВ, Сайрам аудандық сотының судьясы. Оңтүстік Қазақстан облысы

деректерден Орынбор губерниясын Қазақ автономиясынан алып, Ресей Федерациясына қосып жібергенін білдік. Н. Нұрмақов басқарған үкімет бұл шешімге өре қарсы тұрған. Үкімет басшысы «Орыстар бірыңғай тығыз отыр дейсіздер, онда Жетісуды да алыңыздар» дегенге дейін барған. Бірақ, амал жоқ, Нұрмақов өзі бастап, астананы Ақмешітке көшіріп əкелген. Кейін Ораз Жандосов Конституция Қазақстан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың астананы Верныйға көшіріп əкетіпті... Сол Республикасын демократиялық 30 тамызында Қазақстан РесОрынборда жап-жақсы конституция мемлекет деп жариялайды. Оның публикасының Конституциясы қабылданыпты. Негізгі заңда қазақ тілі демократиялылығы, ең алдымен, референдум өткізу жолымен мемлекет ішінде халық басқарубүкіл халықтық дауыспен мемлекеттік тіл ретінде бекітілген. Жақсы ын қамтамасыз етуінен көрінеді. қабылданып, азаматтардың конституцияның өзі орындала бермейтін қилы Ата заңның 3-бабының 1құқықтары мен бостандықтазаман ғой ол. Бір атап өтерлігі, қазақтың зиялы тармағында «мемлекеттік рының, заңды мүдделерінің азаматтары қазан төңкерісіне дейін-ақ ұлттық биліктің бірден-бір бастауы – мүлтіксіз қорғалуының, мемлекет құруды армандап, ұлттық халық» делінген. Бұл конституциқоғамда саяси тұрақтылықтың конституция жасауға талпынған. Солардың бірі ялық норма Қазақстанның сақталуының, еліміздің – аса білімді заңгер Барлыбек Сыртанов. Ол халықтық мемлекет екендігін əлеуметтік жəне экономикалық 1911 жылы «Қазақ елінің уставы» деген атпен білдіреді. Халықты жоғары əлеуеті өсуінің заңды кепіліне конституциялық заң əзірлеген. Осы құжат биліктің иесі ретінде тану халық айналды. қазақтың тұңғыш конституциясы аталып жүр. суверенитетінің көрінісі болып Бес жыл өткен соң «Сот жүйесі Шартты түрде болса керек. Əйтпесе, табылады. Халық өз билігін мен судьяларының мəртебесі «Есімханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа тікелей республикалық референтуралы» конституциялық заңы жолы», Əз-Тəукенің «Жеті жарғысы» қайда дум жəне еркін сайлау арқылы қабылданып, тəуелсіз елімізде қалады? Олар да өз заманының жүзеге асырады, сондай-ақ өз сот-құқықтық реформасы одан конституциясы емес пе. Сондай-ақ «Төрт би, билігін жүзеге асыруды мемлеəрі жетілдірілді. Аталған констибелгілеп алған еді. өміріндегі құндылығы, сондай-ақ, төре заңы», «Абай ережесі» атанған заңдар да кеттік органдарға береді. туциялық заң сот саласындағы Еліміздің Негізгі заңы жүздеген билік тармақтарының қоғамдағы өз заманының негізгі заңы ретінде ұсынылған Əрбір Қазақстан азаматы құқықтық реформа шеңберіне жылдар бойы қалыптасқан рөлі айқын тұжырымдалған. құжаттар емес пе... тəуелсіз мемлекетіміздің үлкен серпін берді. Судьялардың адамзат баласының жалпы Конституцияның негізгі қағидасы Ой үстінде отырып, əні-міне дегенше шаңырағын көкке көтеру үшін құқықтық мəртебесі көтеріліп, құндылықтарын өз бойына ретінде «адам мемлекет үшін Бадамға жетіп қалыппыз. Тізіліп темір жолды Конституцияны құрмет тұтуы олар сот төрелігін жүзеге сіңірді. Конституциямызда емес, мемлекет адам үшін жаралкесіп өттік. Ордабасы қол созымда тұр. қажет. Халықтың еркіндегі көрініс асыруда тəуелсіздігі нығайтылды. адамдардың табиғи құқықтары ған» деген тұжырымға келеміз. «Шабандоз» судьялардың жылдамдықты тапқан бұл құжат өзінің Жергілікті судьялар Презимен бостандықтары, билік Республика Конституциясыарттыра түскені байқалады. Жол біршама өрге нормалары мен принциптерінің денттің Жарлығымен тағайынинституттарын демократиялық ның қабылданған күні барша тартқанда заңға жүйрік, қара сөзден де ешкімге көмегімен ғана емес, бекітілген далды, ол судьялардың мəртежолмен қалыптастыру жəне Қазақстан халқы мерекелейтін дес бермейтін Н. Шəріповтың ұзақ жолдағы идеялары арқылы да қоғам мен бесін жоғарылатып, сот төрелігін дамыту, Қазақстан аумағында жалпы мемлекеттік мейрам. Бұл шеру мен жарыста да алдына жан сала мемлекетті өркениетті елдердің жүзеге асыруда тəуелсіздіктің азаматтық қоғам құру туралы күні ел азаматтарының мерейі қоймайтыны анық көрінді. Бұған аздап қатарына жетелейді. нығаюына жол берді. Тəуелсіздік дүниежүзі таныған прогрессивті конституциялық дəреженің жаңа ыстықтағандар да болған шығар. Ол да керек. Қазіргі кезде басты міндет – жылдарында еліміздің сот жүйесі идеялар бекітілді. Ол елімізде сатысына көтерілген болатын. Ол да жақсы. Онсыз іс-шараның қызығы бола жеке тұлғалардың, қоғамдық əлемдік талаптарға сай қалыптасан алуан идеологиялық, Мұндай тəжірибе, яғни халық пен ма? Ұзамай мəре сызығын да қиып өттік. ұйымдардың жəне мемлекеттік сып, халықаралық судьялар қасенімділік, ұлттық, азаматтық оның жекелеген мүшелері үшін Велошеруді Ордабасы ауданы органдардың республика уымдастығының құрамына енді. ұжымдар мен топтардың бірлесіп өте маңызды заң құжатын жұртшылығының өкілдері құрметпен қарсы Конституциясына деген дəстүрлі 30 тамызда Республикамыздабейбіт өмір сүруін қамтамасыз олардың тікелей қатысуымен алды. Белгілі айтыскер ақын Құрманəлі құрметін дамыту. Егер біз осы ғы негізгі мерекенің бірі – етуге бағытталған. қабылдау Қазақстан тарихында Жылқыбай жырдан шашу шашты. Құттықтау міндетті орындасақ, алдыңғы Конституция күні атап өтіледі. Конституциямызда бекітілген алғаш рет жүзеге асырылды. сөздер айтылды. Содан соң велошеруге Конституция мемлекетіміздің қатарлы Қазақстан мемлекетінің нормалар Қазақстан РеспубликаОған дейінгі Конституциялар қатысқандар жұптарын жазбаған күйі биікте тарихи дамуының негізі ретінде қалыптасқаны. сын гүлдендіру мақсатында болса, өкілді органдар арқылы орнатылған «Бірлік» монументіне көтерілді. ғана танылып қоймай, ол барлық еліміздің барлық азаматтарының қабылданған болатын. Осы Басқаларды қайдам, бүгін адам тағдырына Гаухар АЛПЫСБАЙҚЫЗЫ, заңдардың бастауы болып табыбірлесіп, «бір жағадан бас, бір Конституцияны қабылдай отырып қатысты шешім шығаратын, Қазақстан Түркістан қалалық сотының лады. Конституцияда адамның жеңнен қол шығарып» қызмет еліміздің халқы өзінің жəне келер Республикасы атынан үкім айтатын судьялар судьясы. жеке бас бостандығы, жеке етулері үшін жағдайлар жасайды. ұрпақтың болашақтарын айқын бір үлкен сыннан өтіп, бір биікке көтерілгендей, билердің, жалпы ұлт пен мемлекеттің тарихына қанығып,бұқара халыққа бір табан жақындап, шешім мен үкімнің жауапкершілігін жанымен сезіне түскендей-ау өзі. 1993 жылғы 28 мамырда Ордабасы тауында «Береке басы – бірлік» атты жиын өтті. Оған Н.Назарбаевпен бірге Өзбекстан мен Қырғызстанның президенттері де қатысқан. Ол кезде Ордабасыға енді-енді көңіл бөліне бастаған. Арада өткен жылдарда көп нəрсе Аталған жоспардың заң үстемдігін Биыл Астана экономикалық өзгеріпті. «Бірлік» монументі асқақтап тұр. Тау форумының жалпы отырысында қамтамасыз ету жөніндегі 2-тарауындагы 27етегіне ағаш, гүлдер егіліп, ескерткіш мемлекет басшысы «100 нақты қадам» қадамында жекеменшік сот орындаушылар нысандар тұрғызылып, жол салынып айнала Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы институтын одан əрі дамыту жəне сот абаттандырылыпты. Тарихи-мəдени қор жұмыс туралы баяндады. «100 нақты қадам» орындаушылардың мемлекеттік қызметін істейді екен. бұл жаһандық жəне ішкі сын біртіндеп қысқарту мəселесі қарастырылған. Ордабасыдағы «Бірлік» монументі жанында қатерлерге жауап, сондай-ақ бір Қазіргі таңдағы мемлекеттік сот велошерудің қорытындысы өтті. Мұнда сөз мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда орындаушылары атқарып жатқан жұмыстарға алған Ордабасы ауданының əкімі Самат елдің дамыған мемлекеттердің жəне олардың тарапынан орын алған заң отыздығына кіру жөніндегі жоспары. Сапарбаев, еңбек ардагері Рақышбай бұзушылықтар деректеріне қарағанда, жеке Битуғанов, сот саласы ұжымдарының сот орындаушылардың штаттық санын демократия принциптерін ұстана отырып, көбейтіп, мемлекеттік сот орындаушыларды халыққа жақындай түскеніне ризашылық біртіндеп қысқарту мəселесінің өте маңызды білдірді. Облыстық соттың судьясы Ақылбек қадам екенін түсінеміз. Елшібаевтың тау биігінде сіркіреген жауынмен Жалпы, тарих қойнауына үңілсек, жеке сот жарыса оқыған баяндамасын көпшілік орындаушылар ең алғаш рет Францияда сілтідей тынып, ықыласпен тыңдады. Одан енгізілген. Балтық елдерінде бүл жүйе өте соң Н.Шəріпов облыстық сот тарапынан жақсы жолға қойылған. Эстония мен атқарылып жатқан қоғамдық істерді Латвия елдерінде де жеке сот қысқаша баяндады. орындаушысы ерте пайда болған. Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Ауданның бас имамы Бастарбек Көптеген дамушы мемлекеттер ғимаратында ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекесіне Əшірбаев бабалар рухына құран үлгіні Франциядан алды. Балтық орай салтанатты жиын өтті. Жиынды облыстық сот төрағасы бағыштады. елдеріндегі заң Қазақстанда жеке сот құруды мемлекет басшысы 2005 жылы өткен ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Оңтүстік Аудандық мəдениет үйі орындаушылар институтын құруда судьялардың IV съезінде тапсырған болатын. Қазақстан Судьялар одағы филиалының төрағасы Т. Бекімбетов өнерпаздарының концерті де біршама жақын болды. Үлкен Қазіргі уақытта мұндай мамандар əлемнің 65 баяндама жасады. Сондай-ақ облыстық соттың Қылмыстық істер көпшілік көңілінен шықты. бастаманы сол елдің білікті мемлекетінде бар. Мысал ретінде Франция, жөніндегі сот алқасының төрағасы З. Пірнияз, облыстық сот суАбыройға да, құрметке де мамандары да қоштады. Болгария Белгия, Нидерланды, Италия жəне Грекия дьясы А. Елшібаев сөз алып, əріптестерін мерекемен құттықтады. бөленіп, өткен тарихы қайта секілді бірнеше мемлекеттердің секілді елдерді айтуға болады. Жиын барысында отставкаға шыққан судьяларды шығарып жаңғырған, əнұран мен құранның заңдарын да қарай отырып, шетел Еліміздің төрінен орын алған заң жеке сот салу, жаңа тағайындалған судьялар мен мемлекеттік əкімшілік əуезді əуені бойын балқытқан, қара мамандарымен бірлесе отандық жеке орындаушылардың құқықтық мəртебесін, қызметке тағайындалған мамандардың ант беру рəсімі жермен бірге жасасып келе жатқан сот орындаушылары туралы заң қоғамдық рөлін айғақтайды. Жалпы, заң жеке өткізілді. тау лезде жасарып, шөлеркеген жотажобасы осылайша дүниеге келген. сот орындаушылардың өкілеттілігін Ұлық мереке қарсаңында облыстық соттың бірқатар қыры, сай саласы нұрлы жаңбырмен Жеке сот орындаушылар институты нығайтуға, жан-жақты қолдануға бағыттап судьялары мен мамандары «Қазақстан Конституциятүрленіп, көз алдымызда биіктеп сала сот орындаудың деңгейін, сот отырады. сына 20 жыл», «Сот жүйесінің ардагерлері» медальберді. Таумен бірге көпшілік, əсіресе орындаушысы мамандығының беделін Ерлан РЫСБЕКОВ, дарымен, «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, судьялар биіктей түсті. қосымша бюджеттік шығындарсыз едəуір Еңбекші аудандық əділет сол сияқты Құрмет грамоталарымен, З. ҚЫСТАУБАЕВ, басқармасының жетекші маманы. көтеруге септігін тигізеді. Алғыс хаттармен марапатталды. Ж. ƏБУОВ (фото). Шымкент қаласы Жеке сот орындаушылар институтын «Əділет-ақпарат».

БАРША ЗАҢНЫҢ БАСТАУЫ

Ел Конституциясымен ўштасќан Ўлттыќ жоспар

МЕРЕКЕ. МАРАПАТ. МАҚТАНЫШ


ТАҒЫЛЫМ

¦ÄIËÅÒ

ҰЛЫ АҚЫНДЫ ҰЛЫҚТАДЫ Елордадағы Абай ескерткішінің алдында ұлы ақынның 170 жылдығына арналған «Абай жəне қазақ əлемі» атты поэзия мерекесі өтті. Ескерткіш маңына жиналған халық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Кемел ақын, кемеңгер ойшыл» атты кітап көрмесін тамашалады. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған шарада барша жұрт Абай рухымен тыныстады. Баладан бастап, басын қырау басқан ақсақалға дейін ақын өлеңдерін оқып, көрермен қауымды ондағы даналық ойларға тағы бір бас идірді. Белгілі əншілер Абайдың сырға да, назға да толы əндерін орындап, əсем саз əлеміне жетеледі.

Поэзия мерекесі Астана қаласының əкімі мен бас қаладағы мемлекеттік мекемелердің атынан ескерткішке гүл қою рəсімімен басталды. Одан кейін сөз алған қала əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Абай шығармаларының бүгінгі заманда да өзектілігін жоймағанын атап өтті. – Əр ұлттың, əр халықтың мəдени өмірінде, рухани болмысында іргелі тұлғалар болады. Біз үшін сондай тұлға – Абай. Абай мұрасы жыл өткен сайын жаңа қырынан ашылып, біздің бүгінгі өмірімізге тікелей үйлесіп жататыны – таңғажайып құбылыс. Өз кезеңінде жазған шығармалары мен өлеңдері қазіргі күнделікті тіршілігімізге ерекше əсер етуде. Абайдың өлеңдерін оқыған сайын іздеген сұрақтарға жауап тауып жатамыз, – деген қала əкімінің орынбасары Абайды қанша зерттесек те, оның түбіне əлі де жетпегенімізге назар аударып, жаңашылдығына тоқталды. – Қаншама ғалымдарымыз, əдебиеттанушылар Абай мұрасын зерттеп, Абайдың рухани өміріміздегі алатын орнын анықтап жатқанымен, Абайдың шығармашылығынан жаңа тыныс, жаңа тақырып тауып жатамыз. Бүгінгі қазақ əдебиетінің, бүгінгі мəдениетіміздің əлем таныған деңгейге жетуіне Абайдың қосқан үлесі зор. Мəселен, эссе деген жанрды алайық. Бұл бүкіл дүниежүзілік философиялық əдебиеттерде, əдеби өмірде үлкен арнаға, үлкен жанрға айналған құбылыс. Өзім зерттеп қарасам, Абайдың «Қара сөздері» сол эссе жанрының бастауы, яғни «Қара сөздерін» эссе жанрының алғашқы нұсқасы деп айтуға болады. Оны атақты эссеист Мишель Монтеньннің «Тəжірибе» деген еңбегімен салыстырып қарасаңыз, астарлас шығып отырады. Осы секілді жаңашылдықты рухани өмірімізге, əдебиетімізге, мəдениетімізге əкелген Абай ұлтымен бірге əрқашанда жасай бермек, – деп түйіндеді сөзін Ермек Аманшаев. Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалы қала əкімі орынбасарының сөзін толықтыра түскендей болды. – Абайды насихаттауға өмірін арнаған, Абайдың ұрпағы мен төңірегі туралы деректерді халыққа жеткізген ұлы суреткер Мұхтар Əуезов: «Абай – шексіз мұхит. Абайға осыншама өмірімді арнағанда мен тек бетінен қалқыдым» деп айтқан екен. Абай – бір адамның немесе бір топ қана игеріп кететіндей жеңіл-желпі адам емес. Менің ұғымымда Абаймен əлемдік əдебиетте тек екі-ақ адам ғана шендесе алады. Абайдың ақындық қуатын тек Шекспирмен, Гетемен ғана салыстыруға болады. Абай – біздің бүгінгі қоғамымызға да аса қажет адам» деген Сұлтан Оразалы Абайдың бірнеше өлеңін мысалға алып, оның өз заманында сынаған қазақтың бойындағы кеселдерден ұлтымыз əлі арылмай келе жатқанын, сондықтан өлеңдеріне бойлай түсуіміз керектігін айтты. Абайдың ұлылығын шыққан тегінен іздеген «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев арғы аталарын келтіріп, Шыңғыстау баурайында дүниеге келген Абайдың əлемдік тұлғаға айналғанын сөз етті. – Абай тек қазақ жерін ғана емес, дүниежүзін аралап кетті. Мəскеуде, Берлинде, Стамбулда, Тегеранда, Пекинде

Абайдың көшелері ашылып, тас мүсіндері бой көтерді. Лондонда Абай үйі ашылды. Пекинде Абай жылы жалғасып жатыр. Абай бүкіл дүниеге қазақты танытты, қазақ Абайды танытты. Бұл – егіз ұғымның бірі-бірінен ажырамайтынына мен сенімдімін, Абайдың сөзі, идеялары күллі əлемге бұдан да кеңінен тарайды, – деді Өмірзақ Озғанбаев. Елбасының Абай туралы айтқан сөздерін жаңғыртып өткен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов оқу орнында ұлы кемеңгердің мұрасын зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Оның айтуынша, университетте Абай аудиториясы бар. Онда академиктерден бастап, магистранттарға дейін іргелі зерттеулерін жүргізуде. «ХІХ ғасырдың күрделі де, жауапты кезеңінде тұрып, Батыс пен Шығыстың мəдени құндылығын тең меңгеруді ұсынған жəне оқып игерген білімді адамзатты алалауға емес, біріктіруге жұмылдырған Абай мұрасының тарихи мəні бүгіндері арта түсті» деген университет басшысы данамыздың мұрасын қазіргі саяси өмірімізбен байланыстырды. Мерекелік шарада Абай өлеңдерін оқығандардың арасында осы университеттің доценттері, филология ғылымының кандидаттары Омар Жəлелұлы мен Серікзат Дүйсенғазин болды. Белгілі əншілер Ерлан Рысқали мен Клара Төленбаева Абайдың «Сегіз аяқ» жəне «Желсіз түнде жарық ай» əндерін нақышына келтіріп орындады. Ұлттық өнер академиясының оқытушысы Тельман Нұркенов «Көзімнің қарасы» əнін салды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаймен бірге жиналған жұрт қосыла əн шырқады. П.Чайковский атындағы Мəскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыкалық мектептің оқушысы, жасөспірімдер арасында өткен П. Чайковский атындағы 8 халықаралық байқаудың алтын медаль иегері Руслан Тұрынтаев Абайдың «Айттым сəлем, қаламқас» əнін скрипкада сызылтты. Оны əкесі Мұсахан Тұрынтаев гитарада сүйемелдеді. «Алеф» еврей мəдени орталығының төрағасы, Пушкин медалінің иегері Моисей Гольдберг болса Русланға «Қай жерде жүрсең де Абайдың осы шығармасын орындауды ұмытпа. «Айттым сəлем, қаламқас» сенің бойтұмарың болсын» деген өсиетін айтты. «Кеудемдегі Пушкин медалі – Ресейдің жоғары наградасының бірі. Қазақстанда да осы дəрежедегі Абай медалі болса» деп, жақсы бір ойды жеткізді. Абай мерейтойына жас спортшылар да тарту жасады. Олар Жеңіс даңғылы мен С. Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің аралығында велошеру ұйымдастырды. Аманғали ҚАЛЖАНОВ

жайына кешенді кґзќарас Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттердің əлеуметтік мəселелеріне ұдайы қамқорлық жасалып отырады. Соның бір көрінісі 2015 жылы 26 тамыз күні студенттер жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығы туралы басқосуы. Алқалы жиынға ЕҰУ Əлеуметтік-мəдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дихан Қамзабекұлы мен «Студенттер Үйі» дирекциясының директоры Еркебұлан Нұғыманов қатысып, осы бағыттағы атқарылып жатқан істерді тілге тиек етті əрі студент жастардың сауалдарына жауап берді.

1 курс студенттері орналасатын болса, биылғы оқу жылында 1 курс факультет бойынша орналасу принципі сақтала отырып, бірінші кезекке қойылды. ЕҰУдің Əлеуметтік-мəдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлының мəлімдеуінше, Студенттер үйлеріне орналасуға алғашқы кезекте 1 курс грант иегерлері, жетімдер, мүгедек студенттер орналастырылады. Ақысыз түрде орын алатын топқа: мүгедектер, жетімдер жəне мемлекетаралық келісім бар Ауғанстан студенттері жатқызылады. Үстіміздегі жылдың тамыз айының соңғы күндерінде 1-3 курс, қыркүйектің бастапқы күндерінде 4 курс студенттерінің өтініштері əлеуметтік жағдайына қарай қарастырылады. Студенттер үйлері асхана жəне буфеттермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тегін интернет жүйесі, 230 адамдық кинотеатр, ойын алаңдары бар. «Отырар» кітапханасы жанынан 9 қабатты, 500 орындық студенттер үйінің құрылысы бой көтеріп келеді. Студенттердің талап-тілектеріне зор жауапкершілікпен қарауды жұмыс дағдысына айналдырған білікті де іскер басшы, «Студенттер үйі» дирекциясының директоры Еркебұлан Нұғымановтың айтуынша, бүгінгі таңда биіктігі бел ортадан асқан бұл баспананың жатақхана деген аты болмаса, заманауи үлгіде салынып жатқан кəдімгі секциялық үй. Екі блоктан тұратын оның тұрғынжайы 4890 шаршы метрді құрайды. Бірінші

E-mail: adilet.media@mail.ru

№33 (236) 28.08.2015 жыл

3

Үйдің кішісі өзінен үлкен ағаəпкелерінің «ескісін» кие салатын заман жоғалып бара жатыр. Мектеп жасындағы бес-алты баласы тетелес өскен отбасылардың көбі үшін бұл құбылыс – ностальгия. Ал, қазір ата-ана, əсіресе, қаладағы ата-ана əр баласын мектепке жеке-жеке дайындайды. Бұл бір жағынан елдегі əлеуметтік жағдайдың жақсарғаны, оның үстіне, мектептердегі жаңа тəртіптермен байланысты десек, екінші жағынан отбасында бір ұл, бір қыздан басқа сəби үні естілмей қалған бір кездегі демографиялық тежелудің белгісі де шығар.

Бір Б ір оқушыны мектепке дайындау үшін

ЖАТАҚХАНА

Жыл сайын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға келушілердің жəне студенттер үйлеріне тұруға ынта білдірушілердің саны артып келеді. Білім ордасында алты Студенттер үйі бар. Оқу орнындағы №2, 3, 6 жатақханаларда ақтау, сырлау, линолеум ауыстыру, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, №4 жатақхана күрделі жөндеуден өткен. Жатақханалардың бірінде кинотеатр, енді бірінде би залы, келесі бірінде спорт залы жұмыс істейді. Кинотеатрдағы фильм репертуарын студенттердің өзі таңдайды. Фильм тегін көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың 2015 жылғы 24 маусымдағы №799жс бұйрығына сəйкес Студенттер үйінде тұруға өтініштерді қабылдау комиссиясы өз жұмысын тыңғылықты атқарып келеді. Анығырақ айтқанда, еліміздің ертеңі саналатын жастарымызға əлеуметтік көмек көрсетіп, олардың алаңсыз білім алуына, толыққанды маман болып қалыптасуына мемлекетіміз бен Еуразия ұлттық университетінің ректораты бұрынғыдан да артық көңіл бөліп отыр. Себебі, университеттің алға қойған басты мақсаты – білім алуға келген студент жастарды мүмкіндігінше жатақханамен толық қамтамасыз ету. Сондай-ақ 2015-2016 жаңа оқу жылына студенттерді студенттік үйлерге уақытында орналастыру үшін, олардың алыс аймақтардан келетіндігін ескере отырып, мейрам, демалыс күндері студент үйлеріндегі қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Цеснабанк басшылығымен келісім жасалып, төлем қабылдау да мейрам жəне демалыс күндері жүргізілмек. Ректордың бекіткен кестесіне сəйкес биылғы жаңа оқу жылында өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс бар: бұрын алдымен жоғары курс, содан соң

Абай бүкіл дүниеге қазақты танытты, қазақ Абайды танытты

блокта 264, екінші блокта 236 орын бар: ертеңгі студенттер қысылыпқымтырылып жатпайды, əр бөлмеге үш студенттен ғана орналасады. Бірінші блокта үш орындық 88 бөлме, екіншісінде 78 бөлме болады. Осының өзі білім алушы жастар үшін үлкен əлеуметтік көмек. Сонымен қатар М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы өз жатақханасынан Еуразия ұлттық университеті студенттері үшін қазіргі таңда 225 орын бөліп отыр. Бұл да болса студенттер үшін əлеуметтік мəселені шешуде үлкен көмек. Жиынға қатысушылар көп жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істеп, мол тəжірибе жинаған «Астана – Автострой» құрылыс компаниясы салып жатқан жаңа жатақхананың жай-күйімен танысты. Қазір тоғыз қабатты жатақхананың сегізінші қабаты бой көтерген. Құрылыс учаскесінің бастығы Сергей Гербертович Булингтің айтуынша, салынып жатқан жаңа жатақхана келесі жылғы жаңа оқу жылына дейін аяқталмақ. Жиынға қатысушылар «Астана – Автострой» құрылыс компаниясының сапалы жұмыстарын көріп сүйсініп қайтты. Ең бастысы университет басшылығының білім алушылардың əлеуметтік жағдайына ерекше мəн беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды кешенді жүргізіп жатқандығы көңілімізге қуаныш ұялатты. Гүлмира МƏНШƏРІПОВА, Астана қаласы

ҚАНША ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ? Бірақ, біздің бүгінгі айтпағымыз демографиялық ахуал емес. Бүгінгі əңгіме – баланы мектепке дайындаудың арифметикасы туралы болмақ. Сондықтан, 1 қыркүйек қарсаңында, Астана қаласында бір оқушыны мектепке тас-түйін етіп дайындау үшін неше теңге кетеді деген мəселе төңірегінде əлеуметтік талдау жасауды жөн көрдік. Ең алдымен, баланың бойына білім сіңіретін – кітабы. Білім жəне ғылым министрлігі бұл ретте оқушылардың 98 пайызға жуығы мектеп бағдарламасындағы кітаппен толық қамтылғанын айтып отыр. БҒМ мектепке дейінгі жəне орта білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева 10 тамыздан бастап 1-сынып оқушыларына жаңа оқу жылының кітаптары үлестіріле бастайды дегенді хабарлаған болатын. «Барлық мектеп басшылары, қалалық, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары атааналармен бірге 10 тамыздан бастап 1-сынып оқушыларына оқулықтар тарата бастайды. 10 тамыз күні 1сыныптың оқулықтарын алу үшін атааналарды мектепке келуге шақырамыз. 11 тамызда 2,3-сыныптарға, 12 тамызда 4,5-сыныптарға, ал 18 тамыздан бастап 11-сыныптың балаларына оқулық таратылады», деген еді шілде айының соңында журналистердің сұрағына жауап

берген департамент директоры. Хош, мемлекет оқушыларды түгелдей кітаппен қамтып отыр делік. Бірақ, Жаңыл Жонтаева ескерткендей: «мемлекет оқулықпен қамтамасыз етсе де осы оқулықтарға қосымша жүретін дəптерлерді, атлас карталарын, өзге де қажеттіліктерді сатып алып беру ата-ананың мойнында». Ал, Астана дүкендеріндегі бағаларға сай, бір оқушыға қажетті кеңсе тауарларын алып беру үшін орташа 9000 теңге кетеді. Бұл 9000 теңге ішіне жоғарыда айтқан атлас карталар, қосымша дəптерлер мен жай дəптерлер, қалам, қарындаштың құны кіреді. Ал, осы кітап-құралдарын салатын сөмкелердің орташа бағасы елорда дүкендерінде 5000 теңгеден басталып, 25 000– 27 000 теңгеге дейін барады. Яғни, сапасы жақсырақ, сəні де келіскен сөмкелерді 8000-9000 теңгеге сатып алуға болады. Енді, киім-кешек құнына тоқталсақ. Жалпы, мектептердің өзі талап ететін арнайы форманы тіктіру үшін шамамен 15000-20000 теңге кетеді. Ал, егер, мектеп формасы болмаса, елордадағы ата-аналар ұл баласына костюмді орташа есеппен 6000 теңгеге, шалбарды 7000 теңгеге, ақ жейделерін 6000 теңгеге сатып алады екен. Ер балаларға арналған сапалы спорттық киімнің бағасы 10000-17000 теңге аралығында. Қыз балаларымыздың киімдеріне

де сапасы мен сатылып тұрған орнына қарай əртүрлі баға белгіленген. Қыз баланың белдемшесін Астана дүкендерінде 5000 теңге жəне одан да жоғары бағаға сатып алуға болады. Ақ жейделері 6000-7000 теңгеден сатылса, спорт сабағына арналған форманы 10 000 теңгеден бастап 17 000 теңге аралығында сатып алуға болады. Ал, оқушылардың аяқ киімдері сапасына қарай 5000 теңгеден басталып тіпті 20-30 мың теңгеге дейін барады. Ал, қарапайым халықтың қалтасы көтеретін баға шамамен 8000 теңге екен. Бірақ, қазір балаңызға бір аяқ киім аз болады, себебі, қазір қала мектептерінің барлығы екінші аяқ киім талап етеді. Сондықтан, бір баласына қос аяқ киім алатын ата-ана жеңілдік талап етіп, 5000-8000 теңгеге бір маусымға шыдайтын аяқ киім сатып алады. Осылайша, Астананың дүкендері мен базарларындағы бағаны біле отырып, бір баланың мектепке керекжарағы шамамен неше теңге болатынын өзімізше есептедік. Сөйте келе, ата-ана Астана қаласында бір оқушы баласын бастан-аяқ киіндіріп, керек-жарағын толық алып беру үшін ең кемінде 50 000 теңге жұмсайтынын анықтадық. Ата-аналардың айтуынша, дүниені ең арзан бағамен алдым деген күннің өзінде осынша қаражат кетеді екен. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТҚЫЗЫ

Сот мəртебесі жоғарылайды Елбасының бес институционалдық реформаны жүргізуге бағытталған 100 қадамнан тұратын Ұлт Жоспарының бірқатар бөлігінде елімізде заң үстемдігін нығайтудың жолдары қарастырылған. Заң үстемдігі – қоғамның, мемлекеттің дамуының бірденбір негізі. Заңның үстемдігін қоғамда орнататын бірден бір орган ол – сот органы. Сот – биліктің бір тармағы ретінде азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, оларды қорғаудың кепілі болып табылады. Сондықтан да сот жүйесін жетілдіруге, сотқа азаматтардың қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуге қоғамның өзі ұмтылып отыр. Сот жүйесінде бүгінгі күні атқарылып жатқан кешенді жұмыстар сотқа деген қоғамның, азаматтар сенімінің артуына ықпал етіп отыр. Азаматтардың сотқа жүгінуі көбейді. БҰҰ Даму бағдарламасының құқықтық саясатты зерттеу жəне қоғамдық пікірді зерделеу орталықтарымен бірлесіп жүргізген əлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша елімізде соттардың жұмысына тұрғындардың 71,3 пайызы қанағаттанатындарын білдірген. Сондай-ақ, 80 пайызы сотқа сенетіндерін көрсетсе, 83 пайызы судьялардың іс қаруға дайындығына қанағаттанатындарын білдірген. Сот жүйесіне байланысты жүргізілетін өзгерістер бойынша істерді қараудың үш сатысы бекітілмек. Бұлар: бірінші сатыдағы сот, апелляциялық сот жəне кассациялық

сот. Бірінші сатыдағы сот ретінде – аудандық жəне оған теңестірілген соттар, апелляциялық сатыдағы соттар ретінде – облыстық соттар, ал кассациялық сатыдағы сот ретінде – Жоғарғы сот істерді қарайтын болады. Жоғарғы сотта инвестициялық дауларды қарайтын арнайы алқа құру көзделіп отыр. Бұл инвесторлардың құқықтарын қорғаудың тетігі болмақ. Сонымен қатар Жоғарғы сотта халықаралық консультативтік кеңес құрылмақ. Судьялық қызметке алудың жаңа жолдары қарастырылуда. Судьялық қызметке тағайындалатын азаматтардың жасын ұлғайту, судьялық қызметке үміткерлерге шəкіртақы төлей отырып, тəлімгерліктен өткізу, бұл қызметке сот өндірісімен байланысты қызметте кемінде бес жыл істеген азаматтарды алу қарастырылып отыр. Жаңа тағайындалған судьяларға бір жыл сынақ мерзімі белгіленетін болады. Бір жылдан кейін судьяның жұмысы толығымен тексеріліп, Сот жюриі бұл судья жұмысты əрі қарай жалғастыруға қабілетті немесе жарамсыз деп танып, шешім шығаратын болады. Бұл шаралардың бəрі сот жүйесінің жұмысын одан əрі жетілдіріп, сот əділдігін атқаруға қабілетті, сауатты азаматтарды тарту арқылы сот билігінің мəртебесін көтеруге бағытталып отыр Асылзат СƏРСЕНБЕКОВА, Еңбекші аудандық сотының бас маманы. Шымкент қаласы

ЕЛОРДАДА ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ Астананың Сарыарқа ауданының əкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда «Астана – есірткісіз қала» атты 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы талқыланды. Қалыптасып отырған ахуал жөнінде құқық қорғау органдарының өкілдері – Астана қаласы прокуратурасының ІІ басқарма прокуроры Жандос Досанов, қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы Сергей Ильиных, Сарыарқа аудандық ІІБ əкімшілік полиция бөлімінің бастығы Армен Иманқұлов хабар берді. Олардың келтірген мəліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың жеті айында елордада 12 келіден астам есірткі тəркіленді. Ақшаға шаққанда, бұл – 2,5 млн долларға тартады. Жалпы, пайда əкелу жағынан есірткі бизнесі қару-жарақ саудасынан кейінгі екінші орынға шығып отырған көрінеді. Əрине, жауапты органдардың алдында аталған заңсыздыққа жол бермеу міндеті тұр. Бұл іске тəртіп сақшыларымен қоса қарапайым адамдардың арасынан

таңдалған қоғамдық көмекшілер де жұмылдырылған. Сарыарқа ауданында осындай 171 көмекші тіркелген екен. Мəселен, былтыр олардың көмегімен есірткі сатудың бес фактісі анықталған. Отырысқа олармен қатар қалалық Ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымдарының мүшелері, ПИК төрағалары қатысты. Бұл күндері есірткінің неше түрі бар. Соның синтетикалық түрлерін ажырату қиынға соғып отыр. Осыны жеткізген аудан тұрғындары осы жағынан көбірек мəлімет берілсе екен деген тілектерін жеткізді. Бұған жауап ретінде халыққа сəйкес бейнеролик

көрсетілді. Халық сондай-ақ, жақында бүкіл елді шулатқан оқиғаны еске алды. Елорда көшелерінде қарасора өседі деген жаңалық елді біраз дүрліктірген еді. Оған жауап берген Сергей Ильиных бұл фактіні растады. «Жангелдин көшесі мен «Бəйтерек» монументінің маңайында қарасора жабайы тұрғыдан өсіп шыққан. Ешкім оны арнайы еккен жоқ. Бұл сол жерлерге көңнің арасында келді. Алайда, мұның есірткілік күші жоқ. Қарасораның бұл түрі еш еліртпейді» деді ол. Осы жайттарға қоса халық тағы біраз мəселені көтерді. Соның ішінде «Сəлеметсіздер ме? Мен учаскелік инспекторыңыз боламын» атты акция жалғасын тапса екен деген тілектерін білдірді. Тəртіп сақшыларының жұмысына біраз сын айтқандар да табылды. Қала жастарының тəрбиесі де қозғалды. Аула клубтарын ашу жайы айтылды. Осыған жауап берген Сарыарқа ауданы əкімінің орынбасары Сəуле Нұрғожина жертөлелерде мұндай клубтарды ашуға заңмен тыйым салынғанын жеткізді. Ең соңында халық пен тəртіп сақшылары заңсыздықтарға қарсы бірлесіп қимылдауға уағдаласқандай болды. А. ШМИТҰЛЫ




¦ÄIËÅÒ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА - 550 ЖЫЛ XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында əрбір қазақ тайпасының өріс-қоныстары ұлан-байтақ жерді алып жатты. Атап-атап айтсақ, наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандардың көпшілігін қоныс етті. Қоңырат Түркістан мен Қаратау маңайларын мекен етті. Арғындар Ертістен батысқа қарай Орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны жəне батыс Жетісуды мекендеді. Керейлер Жетісу мен Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом жəне Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрді. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Ыстықкөлден оңтүстікке қарай жəне Оңтүстік Қазақстанды мекендеді. Қаңлылар Қаратау баурайы, орта Сырдария жəне Батыс Жетісуда болды. Үйсіндер

қолбасшысы қарақыпшақ Қобыландының да ханның қызын ұнатып оған үйленуді армандап жүргенінен көпшілік хабарланып үлгерген. Тұла бойын қызғаныш оты шырмаған Қобыланды бас уəзірлікке тағайындалмақшы болған Дайырқожаны өлтіреді. Əкесі Қотан жыраудың сүйікті баласының өліміне байланысты қайғылы жоқтауы сол кезде айтылыпты. Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді құлыным?! Сексен асып таяғанда тоқсанға Тұра алмастай үзілді ғой жұлыным. Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы ұлының... Керей мен Жəнібек сұлтандар Қобыланды батырды шариғат заңымен азаптап өлтіру үшін оны тұтқындауға мұрсат сұрайды. Бірақ екі сұлтаннан да

Қасым ханның тұсы – Қазақ хандығының №33 (236) күшейген жылдарының бір парасы 28.08.2015 жыл

ордасы болған Керегетаспен таныстыра алды. Кезінде мал мамандығы қызметін атқарған А. Мұқатаев бұл өңірдің тарихынан бір кісідей хабардар екенін танытты: - Біздің Құмөзек аймағы хандардан басқа да ел қорғаған батырлармен қатар əулие-əмбие, т.б. тұлғалардың қасиетті мекені. Атап айтсам, Айса, Өтелбай, Төлеубек Ақбас, Төртқұлақ Аралбай кесенелерімен қатар «Исақ мазары» сияқты киелі мекенжайлар орналасқан. Көпшілігі өте ертеде өмір сүргенімен, кесенелері 19-20 ғасырларда Кемпірбай ұстаның қолымен тұрғызылған. Өздерің танысқалы келген Керегетастың аумағы он шақырымға жуық жерді алып жатыр. Жиырма шақырымдай қашықтықтан «менмұндалап» көрініп тұрған Қаршығалы төбенің ерекше көз тартар

Әз-Жәнібек хан өздерінің байырғы заманнан бергі мекені Жетісу өңірінен табан аудара қойған жоқ. Тарихи деректердің айтуынша, Əбілқайыр хандығында да үйсіндер болған. Жалайырлар Қаратау баурайын, орта Сырдария өңірі мен Жетісуды қоныстанған. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы осы өңірдегі этникалық жағдайдың жоғарыдағыдай орналасуы Қазақ хандығының құрылуына тиісінше өз ықпалын тигізді. 1428 жылы көшпелі өзбектер мемлекетінің тағына жайғасқан Əбілқайыр жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и-Рашиди» кітабында: «Əбілқайыр хан бүкіл ДештіҚыпшақты билеп-төстеді. Жошы ұрпақтарының кейбір сұлтандары Əбілқайырдан арамдық əрекеттер мен соғысқұмарлығының иісі аңқып тұрғанын біліп, мұны болғызбауға талпынды», деп жазады. XV ғасырдың ортасында Əбілқайыр хандығындағы толассыз болған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын күшейіп, феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске ұшыратты. Аласапыран соғыстар салдарынан Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тəртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына жете алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына едəуір зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Əбілқайырдың əділетсіз үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті. Сондай-ақ «жанып тұрған отқа май құйғандай» əсер ететін мына жайлардың да туындағаны Əбілқайыр хандығының ыдырауына əсерін тигізгені айдан анық. Нақтылы деректерге жүгінсек, 1457 жылы жаздың соңында, Əбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін Керей мен Жəнібек сұлтандар қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға көшеді. Көшуге тарихи аңыз бойынша Қобыланды батыр мен Ақжол би (Дайырқожа) арасындағы дау-жанжал себеп болған. Жазба деректер мəліметі бойынша Керей мен Жəнібектің қалмақтарға қарсы əскер жию туралы Əбілқайыр ханның жарлығына құлақ аспауы жəне 1457 жылғы жеңілістен кейінгі жағдай, яғни екі сұлтанға Əбілқайыр хан тарапынан қауіп-қатердің төнуі Орыс хан ұрпақтарын өз ұлыстарымен бірге өзбектер мемлекетінен кетуге мəжбүр етеді. 1457 жылы күз айының соңында көшіп келген екі сұлтан ұлыстары Шудың төменгі бойын қыстап шығып, 1458 жылдың ерте көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. 1465-66 жылы Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жəнібек хандық билікке келеді. Тараз қаласынан 2007 жылы жарыққа шыққан «Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалары» кітабындағы 455-бетте «...халқымыздың ұлт болып ұйып өз мемлекетінің тұңғыш туын көтерген жері қазіргі Мойынқұм ауданына қарасты Қарабөгет ауылының аумағында жатыр. Əділ əрекет пен дана саясаттың арқасында ел жадында Əз-Жəнібек деген киелі есіммен қалып, аты аңызға айналған біртума ханымыздың тұрақ жайы – Керегетас деген жерде, күні бүгінге дейін «Хан қорасы» деп аталатын осы қасиетті жай Қарабөгет аулынан 15, Ақбақайдан 50 шақырымдай жерде жатыр», - деп анық жазылған. Осы жайға орай жуырда Шу қаласының тұрғыны, зейнеткер-инженер Берікбай Ержұманов Шу аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелде былай деді: - Мен бала күнімнен Қарабөгет ауылында өсіп, ержеткенмін. Жастайымнан үлкен кісілерге үйір болып, олардың айтқан əңгімелерін тыңдағанды жақсы көретінмін. Кейде ұйықтап қалатынмын. Аталардың айтуынша, біздің арғын руында Қотан би немесе Қотан тайшы деген атағымен ел-жұртқа мəшһүр кісі болыпты. Оның ұлы Дайырқожа Əбілқайыр ханның сүйікті соты əрі биі болыпты. Дайырқожаның əділдігін оң бағалаған халық оны Ақжол би деп атап кеткен. Ақжол би ханның қызын ұнатып екеуі астыртын кездесіп жүріпті. Бірақ Əбілқайырдың сенімді адамы əрі

E-mail: adilet.media@mail.ru

келеді. Жері шұрайлы, тірлікке қолайлы. Өзеннің бұл маңының ені қысқа, яғни ұрымтал тұс. Керей мен Жəнібектің көші, міне, нақ осы жерде мұз үстімен өзеннің теріскей бетіне өткен». Менің пайымдауымша, Əбілқайыр хан мен қолбасшы Қобыланды батыр бастаған қалың қолдан қауіптенген Керей мен Жəнібек сұлтандар бұл маңға көп аялдамай, тек қыстап шығып, қорғануға да, жан сақтап, күш жинауға да қолайлы, бұрын «Қозыбасы» атанған Хантауын таңдағаны шындық. Бұны жайдан-жай қозғап отырған жоқпын. Қазіргі «Қозыбасы» аталған биік төбе – Ақбақай мен Мирный кентінің аралығында. Ол төбенің тарихи маңыздылығын көпшілік біле бермейді. Көптен бері жүргізушітаксишілер төбені «Сапун қара» атап кеткен. Он шақты жылдың көлемінде ғана зерттеуші-ғалымдар мен кей қайраткерлер «Қозыбасы» осы болу керек деп жүр. Мұндай атау бекерден-бекер айтылмайды. Ханның ордасы тігілген, туы көтерілген жер болған соң

Керегетаста таққа отырған...

Үлкен Хантағы Қобыландыны өзінің қорғаушысы ретінде қолайлы көрген жəне де қалың қыпшақтан қаймыққан Əбілқайыр хан батырдың орнына оның құны ретінде қыпшақтардың үш адамын бергізбекші болады. Əбілқайырдың бұл əрекетіне сұлтандар келіспей, өз жақтастары мен екі жүзді ханның қарсыластарын соңынан шұбыртып, көш басын Шу өңіріне түзейді. 1465-66 жылдары Керей хан қайтыс болған соң аталарымыздың бабалардан қалған естеліктері бойынша Дайырқожаның баласы Қарақожа ұлы Құлбаба Жəнібек ханның шатырын көтеріп, керегесін қаласып, сенімді көмекшілерінің қатарында оның хан болып сайлануына белсене атсалысыпты. Бертінде, кейінірек Хантауында Керейдің ақ киізбен көтеріліп хандыққа сайланған жерінде Ағыбай батыр «Қазақта тағы да хан сайланатын күн туар ма екен?» деген құрбандық шалып, Биназар батыр мен Бөлтірік шешендей замандастарымен 34 айдай аялдапты...

көрінісімен бірге құпиялы-тылсымды сыры да бар. Осы маңда тастары кереге іспеттес қолмен қаланғандай төбешіктер көптеп кездеседі. Бір-бірімен екі бөлмелі етіп жапсарлас салынған «Айжігіт кəлпенің» (арғынның шұбыртпалы руынан) кесенесі көз алдарыңда. Аталардан қалған аңызда «Кемерінен аса ағып жатқан Шу өзенінің жағасында кəлпе 40 шақты өгіздерін асау өзеннен өткізе алмай тұрған құрдастарымен кездесіп қалыпты. Қылжақпастау бірі Айжігіттің шамына тие: «Сені ел жеркөкке тигізбей мақтап, əулие деп жүр ғой. Шынында да əулиелігің бар болса, мына өгіздерді өзеннен өткізіп бере аласың ба?» - деп, өзгелері де оны қоштай кетіп, қолқа салады. – Қоймай қойдыңдар ғой, енді бəрің тыныш отырып, көздеріңді жұмыңдар, деп, кəлпе зікір сала бастайды. Сəлден кейін əлгі құрдастары көздерін ашқанда өгіздер өзеннің арғы бетінде жайылып тұр екен. Сонда Айжігіт кəлпе: - Мен мұны істемеуім керек еді, тегі

Айжігіт кəлпенің кесенесі

Нұрымов Бейсенбек деген ақсақал Қарабөгеттің маңындағы Мерке ауданының бұрынғы Большевик кеңшарына қарасты жайлауында мал баққан. Елі арғын, шұбыртпалының сығаман-сарысы еді. Марқұм Бекеңнің айтуынша, қаралы нəубетті ашаршылық жылдарынан кейін болу керек, шұбыртпалылар Керегетаста колхоз ұйымдастырып, жиналмақшы болады, бірақ хандардың құтты мекені болғандықтан, өкімет тарапынан кедергі келтіріліпті... «Жүз рет естігенше, бір көрген артық» деп, бекерден-бекер айтылмағаны рас. Əз-Жəнібек ханның таққа отырған киелі мекені – Керегетаспен жүзбе-жүз танысып қайту көптен бергі арманым еді. Осы ниеттің жүзеге асуына Мойынқұм ауданы əкімінің орынбасары Бақытжан Есеев қолдау көрсетіп, Қарабөгет ауылдық округінің əкімі Сариев Əбдіқадыр мырзаның септігі тиді. Шілденің «ми қайнатар» аптап ыстығына қарамастан Құмөзек ауылы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Аманбай Мұқатаев ақсақал мен Ержан Момынқұлов інішек Əз-Жəнібек ханның

қоймай қойдыңдар ғой, - деп, өкінішпен қинала жейдесін түріп жотасын көрсеткенде қарая көгеріп, өгіздің тұяқ таңбалары бадырая түсіпті... Керегетасты айнала жан-жағында ескі қорымдар мен кесенелі күмбездер көптеп кездеседі. Баяғы заманда Шу өзенінің бір сағасы Шу ауданының Қоңдыбай (Прудхоз) ауылы маңынан бөлініп, Хантауына 15 шақырымдай төменде жатқан Жиек арқылы осы маңнан аққандықтан, қолмен қазылған ескі арналары айқын байқалады, бірнеше жүз мыңдаған халықтың мал өсірумен бірге егіншілікпен айналысуға қолайлы болған. Керегетас арқылы Арқаға Хан жолы өтеді екен. Жоғарыда аталған «Жамбыл облысы Топономикалық атауларының анықтамалығы» кітабының 531 бетінде былай деп жазылған: «Керегетаста Жəнібек қыстауы дейтін жер бар. Жəне бұл өңір Қайып хан мен Қасым ханның жайлауы болған... Ал, Кіші Қамқалы ауылының шығыс жағындағы Шу өзенінің Теріскей бетіндегі жер мыңдаған жылдар бойы «Қаратал» деп аталып

айтылады. Ол таудың басында немесе баурайында халық Керей мен Жəнібек сұлтанды ақ киізге салып хан көтермей тұрғанда, ол таудың аты «Қозыбасы» болған. Хан тауының басы шынында да қозының басына ұқсайды. Хан тауының үш биігі бар, ең биік шоқысы – Сұңқар, екіншісі – Көкшоқы, үшіншісі – Қызылшоқы. Сұңқар тура қошқар болатын қозының дөң маңдайы, ал Шуға қарай біртіндеп аласарып барып, көкжиекке бататын жотасы тура қозының тұмсығына ұқсаса, Сұңқар шоқысының ту сыртында тұрған Көкшоқы мен Қызылшоқы қозының екі құлағына ұқсайды» - деп жазылған біз екі рет дəйектер келтірілген кітапта. Расында да күре жолмен Шу қаласынан Мойынқұм ауданына қарай автокөлікпен жүргенде, Бəйдібек ауылынан өткеннен кейін оң жаққа зер сала қараған адамға солтүстік шығыстағы Хан тауының түстік беткейіндеі Сұңқар шоқысының қозыға ұқсас басы мен екі құлағы 50 шақырымдай қашықтықтан-ақ Айдарлы ауылына дейінгі аралықта анық байқалады. Хан тауының далалық бетіне жақын орналасқан «Ханның үлкен тағы», «Кіші тағы», «Ханның қорасы», «Ханның жолы», «Ханның өзені» деген атаулар бар. Бұған қосымша айтарым, айтулы ғалымдардың тұжырымы бойынша Керей хан қайтыс болғаннан кейін Хантауының етегіне жерленген болуы мүмкін. Мына жайды да қаперімізге алғанымыз жөн шығар. Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың Қазақ хандығы құрылған мерзімнен 40 жылдай уақыт өткен соң 1499 жылы дүниеге келгенін, тағы 40 жылдан аса уақыттан кейін «Тарих-и-Рашиди» кітабын (154146 жылдары) Үндінің Кашмир қаласында жазғаны белгілі. Бұл еңбегінде Хантауы мүлдем аталмайды. Өйткені Хантауы əу баста Қозыбасы аталды ғой. Дулати бабамыз сыртта жүргендіктен, əрі жас ерекшелігіне орай, Қозыбасының біртебірте «Хантауы» аталып кеткендігінен бейхабар қалған болуы керек. Ал, қазіргі Қозыбасы сол кезде (Хандық құрылғанда) «Қозыбасы» аталған болса, онда Дулати бабамыз «Шу бойындағы Хантауының маңындағы Қозыбасы» деп, анықтап жазатын еді ғой. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында киелі Шу өңіріндегі Хантауының құпиялы сырлары мен Керей ханның қай жерге жерленгендігін анықтап, оған кесене орнатып, «Үлкен хан тағы», «Кіші хан тағы», «Ханның қорасындай» қасиетті орындар мемлекеттің қамқорлығына алынып, аспан асты мұражайлары ашылса, сондай-ақ Қарабөгет ауылдық округі аумағындағы қасиетті Керегетас аймағына да жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жүргізілсе құба-құп болар еді. Бұл игі шаралар бұрыннан бұрмаланып келген, əлі де бір жүйеге түсе қоймаған тарихымызды əділетті де шынайы түрде таразылап, өскелең ұрпағымызға мұраға қалдыруға өзіндік үлес қоса алатынын ешкім жоққа шығара алмас... Мəкен УАҚТЕГІ, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы. Жамбыл облысы

6

ХАНДАР ТАРИХЫНА қысқаша тоқталсақ

Қазақ хандығы XV ғасырдың 50-60-жылдары дүниеге келгені белгілі. Əйтсе де, соңғы жылдары осы тақырыпқа қатысты даудамайлар туындап жүр. 1864 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі мəліметтерді ең алғаш орыстың шығыстанушы – ғалымы В.В.Вельяминов-Зернов «Қасым хандығындағы хандар мен ханзадалар туралы зерттеу» еңбегінде орыс тіліне аударып пайдаланған еді. Зерттеуші деректердегі кейбір оқиғаларға түсіндірмені жеке-жеке емес, зерттеу ішінде жалпылама беріп өтеді. Онда Əбілқайыр ханның Дешті Қыпшақта билік құрып тұрған кезі шамамен 1456 жыл делініп, жақша ішінде көрсетілген. Одан соң Керей мен Жəнібек сұлтандардың Əбілқайыр ханнан бөлініп кеткені айтылады. Кейін В.В.Вельяминов-Зернов тұжырымдамаларының барлығын өзге де авторлар қолданып, Қазақ хандығының құрылған жылы деп осы 1456 жылды көрсетеді. Осылайша, «Қазақ хандығы 1456 жылы құрылды» дейтін пікір 1950 жылдарға дейін жалғасып келді. Ал 1950 жылдардан бастап Ю.Семенов, А.Шахматов, Г.Ибрагимов секілді тарихшылар бұл мəселені басқаша түсіндірді. Алдыңғы екеуінің дəлелдеуінше, Қазақ хандығы XV ғасырдың 90-жылдары құрылған болса, Ибрагимов «XVI ғасырдың 30-40-жылдары құрылды» деген пікірді алға тартты. Ал 1980 жылдардың басында шыққан бес томдық Қазақ ССР тарихы энциклопедиясында «Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылған» деп жазылды. Сол кездері тарихшы Т.И.Сұлтанов: «Қазақ хандығының құрылуы бір оқиғамен, бір жылда жүзеге асқан жоқ. Дешті Қыпшақтан көшіп кету жəне қайтып келу бар. Керей мен Жəнібектің бөлініп кетуі Қазақ хандығының құрылу тарихындағы алғашқы қадам болса, Дешті Қыпшақта толық билік орнату Қазақ хандығының құрылуының аяқталуы», - деп түсіндірді. Əсте осы пікір дұрыс секілді. Себебі тарихқа жүгінсек, Керей мен Жəнібектің бөлініп кетуі 1457 жылы күз айларында болған. 1470-1471 жылдары арада болған бірнеше күрестерден кейін қазақ жерінен немесе Дешті Қыпшақтан Əбілқайыр ханның ұрпақтары қуылады. Шайбанилық əулеттің билігі Дешті Қыпшақ аумағында жойылады. Міне, осы кез Қазақ хандығының құрылуының аяқталған уақыты деп саналады. Жалпы, Қазақ хандығының құрылуы – этносаяси үдерістердің нəтижесі. Керей мен Жəнібек ата-бабалары ұлыс ретінде басқарып келген ру-тайпаларымен бөлініп кетеді. Олардың жартысынан көбі жергілікті арғын, қыпшақ, алшын, үйсін тайпалары болатын. Кейін XIII ғасырда монғол жаулап алуынан кейін уақ, найман, қоңырат, керей, жалайыр секілді қазақтың белді-белді тайпалары қосылған. Ордаежен əулетінің өкілдері – Керей мен Жəнібек сұлтандар атабабадан қалған билікті қалпына келтіру үшін күресті жəне олардың күресі жеңіспен аяқталды. Біз бұл екеуін «Қазақ хандығының негізін салған хандар» деп атаймыз. Қазақ хандығының XVI, XVII, XVIII ғасырлардағы тарихында Жəнібек ханның ұрпақтары билікте болды. Бұлардың ішінен атақты хандар, сұлтандар шықты. Тіпті Кенесары хан да Жəнібектің ұрпағы. Қазақ хандығының саяси тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Біріншісі – хандықтың құрылу кезеңі. Ол 1457 жылғы Керей мен Жəнібектің бөлінуінен басталады да, 1470-1471 жылдары олардың Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті толықтай өз қолдарына алуымен аяқталады. Екінші 1470-1471 жылдардан 1521 жылға дейінгі аралық «хандықтың күшею кезеңі» деген атауға ие. Үшіншісі – əлсіреу кезеңі, ол 1521-1537-38 жылдар аралығын қамтиды. Одан кейінгісі 1537-38-1598 жылдардағы қайта күшею кезеңі. Бұдан соң Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы текетірес кезеңі, жоңғарлармен алғашқы күрес кезеңі, Тəуке хан заманы сияқты кезеңдер жалғасады. Қазақтың ең алғашқы ханы – Керей. Одан кейінгі хандар – Жəнібек, Бұрындық, Қасым, Мамаш, Тахир. Тахир хан өлгеннен кейін Қазақ хандығында бір уақытта үш хан пайда болды: батыста – Ахмет хан, орталықта – Тоғым хан, Жетісуда – Бұйдаш хан. Барлығы 1534,1535-1537 жылдары дүниеден өтеді. Одан соң таққа Хақназар отырады. Хақназардан кейін – Шығай, Тəуекел, Есім мен Тұрсын, Жəнібек, Жəңгір (Жəңгірден кейін де хандар болған болуы мүмкін, өкінішке қарай, сол кезеңге қатысты тарихи деректер сақталмаған). Жəңгірден кейін – Тəуке хан. Тəукеден соң бір уақытта үш хандық салтанат құрды: Кіші жүзде – Əбілқайыр хан, Ұлы жүзде – Жолбарыс хан. Бас хан – Қайып хан. Одан кейін Тəукенің ұлы Болат хан билікке келеді. Оның билігі тек Орта жүз аумағына ғана тарады. Кейін Сəмеке хан билік құрды, одан соң Əбілмəмбет ханның, Абылай ханның билікте болғаны баршаға мəлім. Қасым ханның тұсы – Қазақ хандығының ең күшейген уақыты. Бұл – XVI ғасырдың бас кезі. Қасым хан билік құрған жылдары қазақтардың саны 1 миллионнан асып, əскері 200 мың адамды құраған. Ол мемлекетті бір орталықтан басқарып, «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін заңдар жинағын қалыптастырған. Оның атақдаңқы тіпті Еуропаға дейін жетеді. Одан кейін жойылуға жақын қалған мемлекетті қайтадан аяғына тік тұрғызған Хақназар ханды айтуға болады. Тəуекелдің, Есімнің, Жəңгірдің, Тəукенің де өзіндік орындары бар. Жалпы, қай ханның да Қазақ хандығына сіңірген өз еңбегі бар. Тақта ұзақ отырғандардың қатарына Бұрындық хан, Хақназар хан, Тəуке ханды жатқызамыз. Қазақ хандығы Тахир ханнан кейін құлдырай бастады. Бұйдаштың, Ахметтің, Тоғымның тұсында да солай болды. Егер бір орталыққа бағындырылған хандық турасында айтсақ, соңғы хан деп Тəуке ханды айтуға болады. Ал жалпы Қазақ хандығындағы соңғы хандар: батыста – Бөкей хан, орталықта – Кенесары хан. Біздің түсінігімізше, ресми түрде соңғы хан – Кенесары. Жалпы, Қазақ хандығы өзінің тарихи міндетін толықтай атқарды. Ортағасырлық мемлекеттерде қоғамдық қатынастар феодалдық жүйеге негізделді. Мұндай жүйе жаңа заманға сай келмейтін. Сондықтан осыған дейін өмір сүріп келген мемлекеттер міндетті түрде ыдырайтын, не оны басқа күшті елдер жаулап алатын. Ортағасырлық қай мемлекетті алсаңыз да, бұрынғы ескі қоғамдық қатынастар аясында қалып, жаңа реформалар жүргізілмегендіктен, олар міндетті түрде құлдырап, орнына жаңа басқарушы əулеттердің келгенін көресіз. Сол сияқты Қазақ хандығы да жаңа заман талаптарына дайын болмады. Айналып келгенде Ресейдің отарына айналды. Ресей оны толығымен бағындыру үшін хандар мен сұлтандар арқылы пайдаланып келді де, күшіне əбден мінгеннен кейін жойып жіберді. Қазақ хандығының дəуірі осылайша аяқталды. С. ТОҚБЕРГЕНОВ, Абай аудандық сотының судьясы. Шымкент қаласы


Назарбаевты жақыннан көрген кезде оның №33 (236) көзінен нұр шашырап тұрғандай ерекше əсер етті 28.08.2015 жыл

ӨНЕР

¦ÄIËÅÒ (Жалғасы. Басы өткен сандарда).

Зиялы қауым өкілдерімен, түрлі саланың басшыларымен жиі араласатын болғандықтан жоғары білім алуды ойлап жүрдім де, Шымкенттегі педагогикалық Мəдениет институтының сыртқы бөліміне түсіп алдым. Мұнда да топтың жетекшісі етіп сайлап қойды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстым. Оқу бітіретін жылы күтпеген жерден теңге ауысып жатқан кезде бір құлағым ауырып мазамды қашырды. Болмаған соң облыстық ауруханаға жатып, ота жасатуға тура келді. Ота сəтті шыққан сияқты. Еш жерім ауырып мазаламайды. Бірақ бетімнің бір жағы қисайып, бір жағы жансызданып, бір көзім жұмылмай қалды. Істемеген емім, бармаған тəуібім қалмады. Ине де салдырдым. Ешқайсысынан күткендей ем қонбады. Осылай басыммен қайғы болып жүргенде Шымкенттің жанындағы тарихи Ордабасы тауында үш мемлекеттің президенттері бас қосады екен деген

Елбасының шапағаты шығар... 1979 жылы маған бір бөлмелі пəтер берді. Оған дейін жатақханада тұрушы едім. Сол жылы директорымыз бен бас режиссеріміз менің басшылық қызметке өтуім керектігін айтты. Сөйтіп қойылым бөліміне меңгеруші етіп тағайындады. Сол жылы қараша айында Мəскеудегі білім жетілдіру институтына 15 күнге, Ленинградқа жарты айға, бас-аяғы екі үлкен қалаға 1 айға оқуға жіберді. Мəскеудің Үлкен, Кіші театрынан бастап бірқатар өнер ордаларын, циркті армансыз тамашаладым. Күн сайын бір театрда болып, тəжірибесімен танысып, кешке спектакль көріп өнер əлеміне ене бастадым. Ленинградта да осылай болды.

Жәнібек ӘБУОВ

Ґткен кїнде белгі бар Маған əсіресе Эрмитаж қатты ұнады. Оның өзіне төрт күн арнадым. Айтпақшы, 7 қараша күні Мəскеудің Қызыл алаңындағы шеруді тамашалаудың сəті түсті. Бізге бəрі қызық. Л.И.Брежневтен бастап Саяси бюро мүшелерінің бəрін сыртынан болса да көрдік. Осының өзі үлкен əсер етті. О заманда бұның өзі екінің біріне бұйыра бермейтін сəттілік еді. Мəскеуде жүрген кезімде ұлы көсем Лениннің мавзолейіне баруды алдыма мақсат етіп қойдым. Бұл оңай шаруа емес. Алғашқыда таңертең ерте барып, бірнеше шақырымға созылатын кезекке тұрдым. Бірақ бұл жолы дұрыстап көре алмадым. Өйткені, ол жерде тоқтауға, қолмен ұстауға, суретке түсіруге болмайды. Содан соң екінші рет тағы бардым. Бұл жолы анықтап əбден қарадым. Ленин тірі күйінде ұйықтап жатқан адам сияқты. Жалпы театр туралы, əртістердің өмірі туралы айта берсе əңгіме көп. Алайда оның барлығы бір естелікке сыймайтын болғандықтан көп нəрсені

кейінге қалдыруға тура келіп тұр. Мен театрда жүргенде екінші бажам көршілес бір ауданда əжептеуір бастық болатын. Сол кездескен сайын маған «театрды қой, менің қасыма кел» дей беруші еді. Ақыры солай еттім. Ол да сөзінде тұрып, мені жұмысқа алды жəне төрт бөлмелі үй алып берді. Сол жерде үш жылдан аса еңбек еттім. Бірақ уақыт өте келе бұрынғы еркін өмірімді аңсай бастадым. Тəуелділікке көп шыдай алмадым. Күндердің күнінде бəріне қолымды бір сілтеп, кеттім де қалдым. Содан Жетісайдағы педагогикалық училищеге 1,5 ставкамен жұмысқа тұрдым. Арада біраз жыл өткенде Кеңес одағы тарап, Қазақстан егемендік алды. Сол кезде біздің аудандағы көптеген немістер мен гректер өздерінің тарихи отанына көше бастады. Ауданда фотографтар қалмады. Себебі, аудандық тұрмыс комбинатында негізінен сол ұлттардың өкілдері жұмыс істейді екен. Мені бірде аудан əкімшілігінде өтетін жиналысқа шақырды. Суретке түсіретін адам таппай отыр екен. Менің сондай

өнерім бар екенін естісе керек. Сұранған соң қолымнан келгенінше көмектестім. Сол сол екен, мені түрлі жиындарға шақыру əдетке айналды. Облыстан, Алматыдан келген қонақтарды, тіпті Президент Н.Назарбаевтың өзін ауданымызға келген сапарында суретке түсіру бақытына ие болдым. Енді маған суретке түсіру туралы өтініштер тіпті көбейді. Аудандық газеттің де фототілшісі атандым. Сондай-ақ облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне штаттан тыс фототілші болдым. Сол тұста аталған газеттің бас редакторы Оразхан Жарқынбек ағамыз менің еңбегімді жоғары бағалады. Облыстық газеттің фототілшісі деген куəлікті аудан əкімдігінде өткен үлкен жиналыста, жұрттың көзінше табыс етті. Содан былай қарай «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Мақтарал ауданы бойынша меншікті тілшісі Əлмахан Исахов пен «Южный Казахстан» газетінің меншікті тілшісі Людмила Ковалёва менімен тығыз байланыс орнатты. Ендігі жерде мен түсірген суреттер облыстық газеттерде жиі жарық көретін болды.

хабар тарады. Соған біздің Мақтаарал ауданы да қызу дайындыққа кірісті. Бұл іске мені де тартты. Тіпті аудан əкімдігі ғимаратынан бір бөлмені босатып берді. Қолыма «аудан əкімдігінің фототілшісі» деген куəлік те беріп қойды. Ордабасыда өтетін жиынға баратындардың тізімінде мен де бар екенмін. Мен денсаулығыма байланысты бара алмайтынымды айтып едім, аудан басшысы И.Үмбетаевтың өзі маған «бармасаң болмайды» деді. Амал жоқ, көзіме қара көзілдірік киіп алып, көппен бірге Шымкентке тартып кеттім. Біздің аудан тіккен екі киіз үйге бүкіл республиканың ақын-жазушылары келді. Бұрын тек кітаптарын ғана оқыған, атақтарынан ат үркетіндер. Тілек айтса да, жай ғана сөйлесе де өлеңдетіп жібереді. Сол жолы Сырбай Мəуленов, Хамит Ерғалиев сияқты атақты ақындармен танысып, дастархандас болдым. Ұзамай Ордабасыға үш президент те келді. Бұл менің президентті алғашқы рет суретке түсіруім еді. Қолым қалтырайды, өзімді қоярға жер таба алмаймын. Бетімнің

қисығынан да ұялып тұр-мын. «Неге қара көзілдірік киіп алғансың?» деп ұрса ма деп те ойлап қоямын. Сөйтсем менде ешкімнің де шаруасы жоқ сияқты. Аздап денем үйрене бастады. Жиынның негізгі бөлігі біткен соң үш президент көпшілікке жақын келді. Нұрсұлтан Назарбаевты дəл жанынан бірінші рет көрдім. Оны суретке түсіруді де ұмытып кетіппін. Жиналған көрермен жұртпен бірге қол соғып тұра беріппін. Назарбаевты жақыннан көрген кезде оның көзінен нұр шашырап тұрғандай ерекше əсер етті. Күлкісі тіпті ғажап екен. Көпшіліктің ішінде дараланып, қай жағынан қарасаң да жарқ-жұрқ етіп көрінеді. Көп ұзамай президенттер өздеріне арнап тігілген үлкен ақ үйге қарай кетті де, біз қалып қойдық. Түс қайта театрдың автобусымен жолға шықтық. Рөлде менің досым Нышан. Ол да əртіс əрі жүргізуші болып істейтін. Автобусқа дастарханнан сыбаға ретінде қазы-қарта, басқа түрлі тағамдарды молынан салып беріпті. Көңілді жұрт жүз-жүзден ұрттап та келеді. Рөлдегі Нышанның да ішкісі бар. Қазығұрт асуынан өткеннен кейін ол автобусты тоқтатып, «дұрыстап тілек айтып ішейік» деген ұсыныс айтты. Бірекі тілектен кейін сөз кезегі маған келді. Мен енді сөзімді бастай беріп едім, бетім ду етіп, жан біткендей болды. Өзім қорқып кеттім. Тілек айтып тұрып, жайлап бетімді уқалай бастадым. Көзім де жұмылып ашылып жатқан сияқты. Тездетіп бəрімен стакан тоғыстырдым да, ішпестен автобусқа қарай жүгіре жөнелдім. Автобустың айнасына қарай беремін. Көзімді жұмып-ашып көремін. Көзім орнына түскен сияқты. Біреуге айтсам қайтадан ашылмай қалатындай қорқамын. «Мұндай да болады екен ғой. Өңім бе түсім бе?» деп қоямын ішімнен... Кейін үлкен кісілер көріп, «патшаның мейірім-шапағаты тиген ғой» деді. Мал сойып, құдайы бердім, құран оқыттым. Өмірім өз арнасына қайта түсті. Бірде ауданға облыс əкімі Б.Сапарбаев бастаған үлкен жиын өтіп, оған облыстан журналистер десанты келді. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Ильичбек Мұртазамен танысқанымызға біраз болған. Менің қолымдағы сандық фотоаппаратты көріп, таң қалды «қайдан алдың, қашан алдың?» деп. Аудандық салық комитетінің балансын-

7

дағы фотоаппаратты маған пайдалануға берген болатын. Толық меңгеріп кеттім десем де, əлі түсінбейтін жерлерім жоқ емес. Ильичбек достыққа адал жігіт екен, екеуміз жиналыстың орта тұсында сыртқа шығып, шешіліп əңгімелестік. Ол «сен не деген бақыттысың. Сандық фотоаппаратпен түсіріп жүрсің. Біздер, облыстық газеттегілер қашан сандыққа өтетініміз белгісіз» - дейді. Негізгі əңгімеміз фото жəне фотоаппарат жайында болды. Мен оған «сендер бақыттысыңдар ғой. Облыстық газеттің жұмысы да жауапты əрі қызық қой» дедім. Жиналыстан кейін екеуміз бірбірімізбен қимай қоштастық. Жазда Сүндет пен Əмзе ағалар мені Шымкенттегі «Денсаулық» шипажайына бірге демалуға шақырды. Келістім. Арада үш күн өткенде журналист достарға жолығып, сəлемдесіп қайтайын деп, облыстық телевидениеге бардым. Бірінші кездескен жігіттен Ильичбектің жақында көлік апатынан қайтыс болғанын естіп, есімнен танып қала жаздадым. Сол күні Темірланда жаназасына қатысып, соңғы сапарға шығарып салдық. Қырық күндік асына да келдім. Портретін шығарып, тойхана төріне іліп қойдық. Түстен кейін Жетісайға кетіп бара жатқан жолда Байдулла аға Қонысбеков телефон соғып, «ертең Əлмахан Исаховтың тойында жолығамыз, сол жерге келетін бол» деді. Ертесінде тойдан бір-екі сағат ертерек келген Байекеңдермен жолықтық. «Бас редактор Иса Омар сені жұмысқа шақырады. Егер істейтін болсаң, дүйсенбі күні жұмысқа кел бізге» деді. Сонымен 2003 жылдың қыркүйек айында «Оңтүстік Қазақстан» газетіне фототілші болып жұмысқа тұрдым. Алғашқы жұмысқа келген күнім əлі есімде. Таңертең ертерек шығып, 15 минут ертерек келейін деп, редакцияға жақындай бергенімде, алдымнан екі жігіт шықты. Олар «тездетіп былай жүр» деп, есік алдында қымыз сапырып отырған əйелге алып барды. Сөйтті де «ал, апай, енді құйыңыз бізге. Мына жігіт ақ ішіп, оң аяғымен аттап кірсін» деді. «Не деген керемет дəстүр мынау» деп, қуанып кеттім. Бірі екі кесе, екіншісі үш кесе, мен бір кесе іштім. «Енді апай, біз екеуміздің қарызымызды осыған қосып есептеңіз» деді екеуі қосарланып... (Жалғасы бар).

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

ДӘУЛЕТБЕКТІҢ ДАРЫНЫ БІР ТӨБЕ

E-mail: adilet.media@mail.ru

шамасындағы ұлы жүруші еді... * * * Қаладағы көп қабатты үйлер − кəдуілгі қағаз қорап сияқты. Сыбырласаң, сыбырың естіледі, əрлі-берлі жүрген аяқ тықырыңыздан, сіздің қай бөлмеде жүрген-тұрғаныңызды сіз айтпай-ақ, астыңғы-үстіңгі қабаттағы көршіңіз біліп отырады. Ыдыс шайсаң да, кір жусаң да, теледидар тамашаласаң да, үйде немен айналысып жатқаныңды, я сіздің бар-

Он бірінші

Ғасырда бір туатын ұлы сазгер Шəмші Қалдаяқовтың əндері əуен əлемінде мəңгі қалықтайтыны əмбеге аян. Шəмшінің авторлығымен шырқалатын əрбір əн тыңдарманның жүрек түкпіріндегі сезімдермен сабақтасып жататындықтан, оны жұрт ыстық ықыласпен, үлкен бір құрметпен қабылдайды. Туғанына 85 жыл толған композиторды бүгінде халық «Əн əлемінің патшасы» деп ардақ тұтады. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, қазақ елі үшін бөлекше бағалы болған Шəмші ағаның талантына тамсанып, өнеріне бас иетін дарындылар қаншама. Солардың бірі – Отырар ауданы, Шəмші Қалдаяқов ауылының тұрғыны Дəулетбек Олжатаев. Аталған ауылдың Абай атындағы жалпы орта мектебінде жұмысшы болып қызмет ететін ол томаға-тұйық, қарапайым, жуас жан. Жүктелген жұмысты тындырымды орындап, жұртқа жылы сөйлеп, жөнімен жүретін оның керемет əндерді дүниеге əкелетін дарын иесі екенін дүйім жұрт біле бермейді. «Əу» дегеннің бəрі əнші емес дейміз-ау. Бірақ, қазіргі таңда ұялмағанның бəрі əнші болып жатқаны рас қой. Бір-екі сөзге əн жазғандар, сазгермін деп кеуде керіп жүргенін қайтерсіз. Бірақ, бірқатар өлеңге əуезді əн шығарған Дəулетбек Садықбекұлы ондай мақтангершіліктен бойын аулақ ұстайды. Оның əндері мыңдаған тыңдарманның жүрегіне жол тартты. Бірталай жерлерде тыңдалып, көрермен зор қошемет танытты. Əннің авторына қызығушылық танытып, онымен танысып, тілдескен жандар Дəулетбектің өнеріне дəн риза екенін айтып, лебіздерін білдірді. Дегенмен, Дəулетбек осындай құрмет пен қошеметке өзгелер сынды мың құбылып өзгеріп, мастанған жоқ. Қарапайымдылық қасиетінен айнымай, жұртқа жылы күліп, жай ғана кете баратын. Бір сыдырғы мінезімен, тиянақты тірлігімен ұжымда өте сыйлы бола білген Дəулетбектің композиторлығымен шығарылған «Тəуелсіздік сəулесі», «Шəмші аға», «Шəмші ұраны», «Қасиетті Отырар» атты патриоттық бағыттағы əндерді естіген жанның өне бойын ұшса құстың қанаты талатын кең-байтақ қазақ елінде өмір сүріп жатқаны үшін мақтаныш сезімі кернеп, ерекше қанаттандыра түседі. Ал барлық адамзат үшін аяулы да ардақты аналарға арналып жазылған «Анашым» əні тыңдарманның жүрек түбіндегі анаға деген сағыныш отын маздатып, тебірентіп, көздерге жас алғызады. Дəулетбектің бойындағы сазгерлік өнері тек біздің ұжымда емес, көптеген жерде танылып, зор ықыласқа кенелген. Өзінің шығарған бірнеше əндерін түрлі аудандық, облыстық əн байқауларына ұсынып, жемісті жетістіктерге қол жеткізген. Оның «Үкілім-ай 2001» телебайқауында Оңтүстік Қазақстан телерадиокомпаниясы, облыстық мəдениет жəне жастар ісі жөніндегі басқармасының дипломымен марапатталуы осы сөзіміздің нақты дəлелі. Бұдан бөлек «Отырар таланттары - 2005»

Күнде мұндай демалыс қайда?! Таусылмайтын күйбең тірліктен қатты қажыппын. Бала-шағаның үйде жоғын пайдаланып, бір пəс көз шырымын алу үшін, жастыққа бас қойдым. Сілем қатып, тəтті ұйқының құшағында жатқан мені есік қоңырауы оятты. «Олар демде келіп қалған ба? Құдай-ау, сағат қанша болды?» «Қаладан шалғай жатқан Баян ауданына таң ата аттанған күйеуім мен балаларым, кеш қараңғысында бір-ақ келеміз деген еді...» Тапырақтап жүріп, есікті жылдам аштым. Қарсы алдымда қауға сақалды, орта жастағы бейтаныс ер адам тұрды: − Қарындас, асығыс едім. Бес жүз теңгені тезірек беріп жіберсеңіз. Мен: − Не қылған бес жүз теңге? − дедім таңырқап. − Қазір ғана балаңызды алып келген таксиспін. Он минуттай сыртта күттім. «Он бірінші пəтерде тұрам» деген... − Менің баламды əкелдім дейсіз бе? Ол дəл қазір əкесімен бірге ауылда жүр. Бейтаныс ашу шақыра бастады: − Елдер қызық осы. Шіреніп мінеді-дағы, төлеуге келгенде қиналады. Сенбесең, хабарлас, − деді көзімен атып жіберердей. Мына сөз мені пұшайман қылды. Үстел үстінде жатқан қалта телефоныма жүгіріп, күйеуіме звондадым. − Алло, қалайсыңдар?! − Жақсы, Жазира! − Балалар қайда? − Қайдасы несі?! Олар менімен бірге. Дəлірек айтсам, атасы жарған қауынды тапшан үстінде ауыздарының суы ағып, жеп отыр. − Қашан қайтасыңдар? − Күнде келіп жатқамыз жоқ қой, асықтырма бізді. Құдай қаласа, кешкі салқынмен жетеміз. − Мақұл онда... Бəріне сəлем айт! Қалта телефонымды өшіріп, қауға сақалдыға қарадым. Оның түрі түтігіп кетіпті. − Сізге мінген менің балам емес екен. Балам ауылда, əкесінің қасында. − Өтірік айтпа! Жаңа ғана тура саған ұқсаған қара бала «Он бірінші пəтерге келдім» деп, подъезден ішке кіріп кетті. Көрсет үйіңді. − Қызық адам екенсіз, ағай. Қара бала елдің бəрінде бар. Əлі де ұйқымды аша алмай тұрғанға, менің сөздерім нанымды шықпады ма, ол айтқандарыма құлақ аспай, өңмеңдеп ішке ентеледі. Мен ызадан жарылуға шақ қалдым. − Қайда барасыз? Үйде менен басқа ешкім жоқ. − Қазір көрейін. − Милиция шақырам, тез шығыңыз үйден! Табалдырықтан аттап, мойнын ішкі бөлмелерге созған ол: − Қайта милицияға мен беремін ол жүгермекті. Қарай гөр, он бес жасар жігіт əкесіндей мені алдайды. − Əй, ағай! Менің үлкен балам − тоғызда. Он бес жасар жігітті басқа пəтерден іздеңіз. Қабаттас көршілер есіктерін салдырлатып ашып, тəжікелесіп тұрған бізге бір-бір қарап, лəм-мим деуге жарамай, қайта жауып алды. Соңғы сөзім шымбайына батты ма, бейтаныс еркек табалдырықтан кейін шегінді. Басқа есікке барып, бас сұғуды намыс көрген болар, келген ізімен кері қайтты. Бірақ көлігіне жеткенше, аузы тынбады. «Өй, оңбаған ұятсыздар! Тип-титтей бастарымен əлден өтірік айтады, ə?! Бір жеріне қарамай, таксиге мінеді түге! О, жалаңаяқ, жүгермек! Милицияға беріп, көзінен сорасын ағызбасам, көр де тұр!» Пəлен-пəштуан деп, көршілерге ақталудың ретін таппай, зіл батпан ойдың құшағында, зілмауыр есікті əрең кілттедім. Онсыз да екеуара өрбіген диалогымызды үтір-нүктесіне дейін, толық естіп отырған оларға ақталу да қажетсіз. Төрт қабатты кірпіш үйдің əр қабатында екі-екіден сегіз көрші тұрамыз. Бірақ ешкімде он бес жасар бала жоқ. Келім-кетім, туған-туыс болмаса. Айтпақшы, үшінші қабатта, біздің төбемізде тұратын Оралдың жанында, қайынбикесінің он төрт-он бестер

ІІ халық өнер фестивалінде жоғары орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық табыстары үшін Отырар ауданы əкімінің ІІІ дəрежелі дипломын алған. Отырар ауданының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Елім менің» патриоттық əн байқауында үшінші орынды тағы олжалаған. «Отырар таланттары 2006» ІІІ халық өнер фестивалінде де жоғары орындаушылық шеберлігімен көрермен көңілінен шығып, аудан əкімінің Алғыс хаты табысталған. 2007 жылы өткізілген аталған фестивальде сазгер жанры бойынша шығармашылық табыстары үшін бірінші орынды иемденген. «Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалы ұйымдастырған «Отаным – менің жүрегім» атты патриоттық шығармашылық өлеңдер мен əндер фестивалінде сазгер ретінде ІІ-орын жүлдегері атанып, Құрмет грамотасын алған. 2008 жылы оған Отырар ауданының «Үздік сазгері» атағы мен куəлігі табысталды. Бойындағы тума таланттылықтың арқасында осындай атақтарға қол жеткізді. Бір өкініштісі ол құба тірліктің қамымен жүріп, музыкалық жоғары білімге қол жеткізе алмады. Əттеген тұсы да осы. Бірақ бұл олқылық дарындылықпен туатын дүниелердің өмірге келуіне кедергі бола алмады. Қазақ халқы өз өнерімен қалың көрерменнің көңіл төрінен орын алған таланттардан кенде емес. Соның бірі – Шəмші Қалдаяқов. Иə, Құдай оған ерекше қайталанбас, таңғажайып талант сыйлаған. Сол талантымен ол сезімге, сырға толы əндерді жарыққа шығарып, мыңдаған тыңдарманның жүрек қылын шерте білді. Қазақта дəл Шəмшідей сазгер жоқ. Ол қайталанбас тұлға. Бірақ соның ізін басып, өзіндік стилі қалыптасқан, өнері ешкімнен кем түспейтін жандар жетерлік. Солардың қатарында Дəулетбек Олжатаев та бар. Сөз соңында Дəулетбекке шығармашылығы құлдырамай, керісінше ілгері дамып, тамаша əндерді дүниеге əкелгей деп тілек білдіреміз. Айман МОМБЕК, Абай атындағы жалпы орта мектеп директоры. ОҚО, Отырар ауданы.

ПӘТЕР (Әңгіме)

жоғыңызды сұрамай-ақ, тың тыңдаса жетіп жатыр. «Қорап» деп, мұрын шүйіргенім жай əншейін, сөздің сыралғысы ғой. Əйтпесе, бір пақырларға бұл да арман. Жаманды-жақсылы осы баспанамыздың бір үйлі жанға пана болып тұрғанына шүкіршілік етемін. Бір шатырдың астында өмір сүріп жатқан соң, күнде көршілерді көріп тұрамыз. Бас изесіп, сəлемдескеніміз болмаса, бейсауат табалдырықтан аттау, немесе шай-пайға шақыру жоқ. Күн өткен сайын салқынқанды, еуромəдениетті сіңірген, қорап үйлердің тас жүректі адамдарына айналып бара жатқанымыз өтірік емес. Балаларымды аяймын да. Бар ермектері − теледидар, компьютер жəне қалта телефонын шұқылау. Ауылда асыр салып, қозы-лақ қуып өскен маған, олардың көк сандықтарға телміріп отырғандары ұнамай, кей-кейде далаға қуып шығатыным бар. Жаңа ғана оқушы екі ұлыма бес жасар Арманды қосып, аулаға жібергенмін: − Бір пəс далада ойнап келсеңдерші, төрт қабырғаның ішінде не бар?! Үй шаруасының ара-арасында лоджадан сыртта ойнап жүрген балаларға көз қырын салып қоямын. − Нұрлан, Ерлан! Арманға қараңдар! − Жарайды, апа. Біршама уақыт өткен соң, лоджаға тағы айналып келдім де, балаларды қарағыштадым. Арман əткеншекте отыр. Ерлан оны ойнатып, қасында жүр. Нұрлан өзі құралпы балалармен айфон тамашалап

тұр. «Қап, мына жүгермектерді-ай! Бала болып доп қуаласа, велосипед тепсе, алқын-жұлқын алысса ғой» − деп олардың отырысына сырттан кіжіндім. − Қарындас, а, қарындас! Сыпайы шыққан дауыс менің назарымды басқа жаққа аударды. Аулада, жол жиегінде тұрған шетелдік автомашинаның əйнегінен басын шығарып, маған əлдекім қарап тұр. Көліктің төбесіндегі сары жолақ белгіге қарап, оның такси жүргізушісі екені белгілі болды. − Қарындас! − деді ол көліктен түсіп жатып. − Мен бір жолаушы əкеліп едім. «Екінші қабатта, он бірінші пəтерде тұрам. Қазір ақыңызды əкелем» − деді де, жоқ болды. Сол əйел сіздің үйге келмеді ме екен?! − Жо-о-ға! Біздің үйге ешкім келмеді. Бірақ сіз іздеген он бірінші пəтер − осы. Диванда газет оқып жатқан күйеуім: − Кім ол? − деді таңырқап. − Білмеймін. Біздің подъезде таксимен келіп, ақысын төлемей, қашып кететін алаяқтар пайда болыпты. Əнеугүні де əкіреңдеп біреу келген. Үйде сен жоқ едің. − Ə-ə-ə... Олар неге мен жоқта, тек қана біздің үйге келеді? − ... Ас үйде тамақ пісіріп жатыр едім. Ауық-ауық лоджадан балаларды бақылаймын да, қазанға жүгіремін. Есік қоңырауы шырылдап, кіре берісте күйеуімнің əлдекіммен сөйлесіп жатқаны естілді. − Жазира, а Жазира!.. − Əу, − қолымды алжапқышыма асығыс сүртіп, ас үйден шыққанымда, табалдырықтың арғы жағында именіп тұрған манағы жігітті көрдім. − Менің жалғыз əйелім осы, інішек, жақсылап қара. Ал жаңағы өзің алып келген əйелдің түртұлғасы қандай еді? − деді менің күйеуім жігітке болысып. − Түріне де қарамаппын. Бірақ қолында торт болды. Ол түскен кезде, аулада ойнап жүрген бір топ қыздың ішінен, екі қыз бала жүгіріп шығып, əйелді құшақтай амандасты да, ал ол алма-кезек беттерін сүйгізіп, қуана секіріп, осы подъезге кіріп кетті. − Екі қыз алдынан жүгіріп шықса, біздің төбедегі он үшінші пəтерге келген болды. Сол үйдің кішкентай екі қызы бар. Іздеген адамыңызды сол арадан табарсыз... Таксист бізден кешірім сұрап, жоғарыға беттеді. Он үшінші пəтерде тұратын Оралдың қоңырауын бір емес, бірнеше рет басқаны бізге ап-анық естіліп тұрды. Он үшінші пəтерден дыбыс шықпады. Тым-тырыс. Əншейінде төбемізді ойып жіберердей, ойнақтайтын көршіміздің үйінде, өлі тыныштық орнай қалғанына сенбейсің. Оралдың келіншегі шақалағымен, бала күтіміне байланысты үйінде отырған. Демек, үйіне таксимен келген қонақ − қайынбикесі болды. Əнеугүнгі он бес жасар баланың шешесі. Ерсілеу киініп, бет-аузын əлеміштеп алатын ол əйел бұл үйге жиі келіп-кетіп тұратын. Кешкі ас дайын. Лоджаға шығып, балаларды шақырдым: − Нұрлан, Ерлан, Арман! Тез үйге келіңдер! − Қазір, апа! − деді үлкен балам ойынға деген қимастық раймен. − Əй, келін! Торт жейін деп жатырсыңдар ма?! − Əу?! Көрші подъездегі Тұрғынбай ағай маған қарап, кеңк-кеңк күліп, орындықта отыр. Жанында əлгі таксист пен сол подъездің тағы бір тұрғыны бар. − А-а-а, жоқ... Тамақ ішкелі жатырмыз, келіңіздер! − дедім сасқалақтап. − Жандос үйде ме? − Иə. − Айт, Жəкеңе! Тортты тығып, бір өзі жемей, бізбен бөле жесін! Таксист жігіттің əңгімесіне қаныққан-ау, сірə, күлкіден екі көзі жұмылып, жуан қарны селкілдеп, қолының ұшымен көзден аққан жасын сүртіп қояды. Мен əзілін түсіндім де: − Келіңіздер! − дедім жайдары. «Бұл əңгімені естіген төбедегі көршілерім тортқа түйіліп қалмаса болғаны да». Гүлдəрия ƏШІРБАЕВА


БҮГІНГІ САТИРА

№33 (236) 28.08.2015 жыл

Кімге күлкі, кімге түрпі

8

ЖАҚСЫБЕКОВ ЖЕЗӨКШЕЛЕРГЕ ТИIСТI Жезөкшелер əлімсақтан бар. Баяғы алғашқы адамдар арасында тұқымың жойылғыр жезөкшелік жоқ болған шығар, ал, ХХІ ғасырда жанып тұр! Таяқ лақтыра салсаңыз, жезөкшелердің маңдайына сарт ете қалады! Олардың арасында бəлкім сіздің қызыңыз жүрген болар, бəлкім қарындасыңыз... Кім білген? Жезөкшелік əсіресе Алматы, Астана Шымкент қалаларында бағдаршам сияқты жанып тұр... Ақшаңыз жоқ па, қызыл жанғандай. Ақшаңыз сəл жете ме, сары жанғандай, ақшаңыз

ҰСТАЛМАЙТЫН ҰЯТСЫЗ

Ол кабинетінде қышыған алақанын қасып отырғанда, қаржы полициясының жігіттері кіріп келді. Көзбояушылығы бар дарынды басекең алған парасын жəй бір бума қағаз ете қойған еді... Тергеуші «пара» деп жазылған ақшаны таба алмай зар иледі... – Бетсіз екенсіз! – деді ол қалшылдап. – Бетіңізден кесіп берейін деп пе едіңіз? – Доғарыңыз! – Кешіріңіз... – Не деген оңбаған

адамсыз! Ұстала салсаңыз, неңіз кетті? Ар қайда, ұят қайда? – Сейфте... – Сейфтің кілтін беріңіз! – Оны қайтесіз? – Ар мен ұятыңыз тығулы тұрса, көрейін деп едім... – деп кекетті тергеуші. – Өзім ашып көрсетейін, – деген шенеунік бұрышта тұрған кішігірім сейфті ашты. Тергеуші ішінен «Ар мен ұят» атты кітапты ғана көріп, қолына алды. – Шынында, «Ар мен ұят» деген кітап екен. Басқа ештеңе жоқ... Сені аңдығанымызға алты ай болды арыз бойынша... Ұстала салсаңыз неңіз кетті? Жетіп келеміз, алған ақша зым-зия жоқ болып шығады! Осы қазір ғана мына кісі сізге пара беріп шықты ғой! «Пара» деп жазылған ақша қайда? – Менде «Ар мен ұят» қана бар... Оқып жатырмын...

ХАБАРЛАНДЫРУ Ертеңнен бастап, Шымқалаға келген қонақтар еңіреп жылау керек. Еңіреп жыламаса, жібермейміз. Жылағанда отыра қалып аңырау керек. Сонда біз Шымқаланың ең көрікті, ең, сұлу қала екенін мойындағандарына сенеміз. Қаланың су жаңа əкімі Ғабидолла Əбдірахымов «Шымкентке келген қонақтарды «кетпеймін» деп жылайтындай етуіміз керек!» деген еді... «Айтқаны айдай келсін!» деп бет сипаңыздар!

«Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕК

Бас редактор Захардин ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ Бас редактордың орынбасары Салтанат ИБРАГИМОВА Орыс бөлімінің меңгерушісі Рамзия ЮНУСОВА Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ Тілші Ақжібек МҰСТАФИНА

қалтаңызды қалыңдатып тұр ма, жасылы жанып тұр! Желкеңізді қасымай-ақ, біртүрлі жасымай-ақ, желпілдеп жетіп барасыз. – Не ғой... – Айта беріңіз? – Дем алайық деп едік... – Шал екенсіз, шаршамайсыз ба? – Ақша бізден, шаршатпай сізден... Көрдіңіз бе, жезөкшелер майдай еріп, бетіңізге, ерніңізге еріксіз жағылады. Əсіресе, Астана темір жолы вокзалында өріп жүр. Жымисаң да, жымимасаң да жабыса кетеді... Осыны əбес көрген Астана қаласының əкімі Жақсыбеков жезөкшелермен күреске шындап кірісті. Құқық қорғаушыларға тапсырма бергізді. Астананың аты – Астана! Вокзал маңында тəнін саудалап жүрген жас қыздарға жаза күшейтілсін! Мұны естіген бір ақылы таяздау ағамыз: «Астана деп келеміз ғой... Астанадан жезөкше таба алмасақ, Астанада жөндеп демала алмасақ, несіне жер басып жүрміз?» деп ренжіпті. Астанаға жезөкшелер үшін баратын ағамыздың ақылы ағып кеткен екен де! Жақсыбековтің жаңалығы құптарлық іс! Бір қызығы, əкім айтпаса, құқық қорғаушылар қозғалмайды екен де... Шымқалада да жезөкшелер вокзалдан табылады. Сауналарда жеңгетайлар жүр желпініп. Тəнін сатушылармен полицейлер күрескендей-ақ болып жүр. Бірақ бой беретін емес. Ана жерден жапқан болса, мына жерден жылтыңдап шыға келеді... Жеңгетайлар да ақшаның астында жүр. Ақшаның иісі шықса болды, тіпті кəмелеттік жасқа толмаған жас қыздардың басын айналдырып, көздерін «касойландырып» жібере салады. Мəселен, Алматыда Айымхан Жаппарова ұсталды. Бір жас қызды «жирный» клиентке сатып тұрған жерінде... Астанада Гүлжан Сейітова да құқық қорғаушылардың қолында тыпырлады да қалды... Сонда да адам саудасы тыйылар емес. Неге дейсіз бе? Бізде заң əлсіз, əлжуаз, дімкəс. Бізде құқық қорғаушылардың өзі жезөкшелермен сыбайлас... Ақша көрсе, періште де жолдан таяды емес пе? Мынадай бір анекдот бар. Бір бай, миллионер жігіт ағасы кофе ішіп отырып əйеліне: – Жүргіштер кедейшіліктен, жоқтықтан сондай қадамға баратын шығар? – депті – Бай болғанымызға шүкір... – депті əйелі күрсініп. Күйеуі ішіп отырған кофесін төгіп ала жаздайды. – Өй, сен неге күрсінесің? – Жəй. Кедей болсам, мен де жезөкше болып кетер ме едім? Құдайдан сенің банкрот болмауыңды, не жемқорлықпен сотталып кетпеуіңді тілеймін! – деген екен əйелі. Сол айтпақшы, жезөкшелер тек жоқшылықтан түнде жортады деген қате түсінік тəпішкенің астында қалсын! Құдай өздерін ұрып қойған да. Шымқаланың су жаңа əкімі де сауналарды сүзгіден өткізеді, вокзал маңындағы «бөкселер» қуылады деген ойдамыз. Түнгі көбелектер қала тұрғындарының мазасын алмауы үшін құқық қорғаушылардың құлақтарына алтын сырға тағып жүрмейік. Қаламыз халал қала болсын, мырзалар мен ханымдар! Болат СЕМБИЕВ. Əуесқой сазгер.

«СІБЕЖИ» ƏКІМ КЕЛГЕН СОҢ...

Ескі əкім кетіп, «сібежи» əкімнің келгеніне біраз уақыт болып қалды. Соның өзінде, сөз көкпар аяқталар емес... – Қаланың əкімі облысқа секіріп кетіпті ғой! – Анау ма? – Иə, секіріп кетті ғой... – Қала əкімі болып мынау келді ғой... – Иə, секіріп келді ғой... – Тосыннан топ ете қалды десеңші! Тағы бір желдей ескен «гу-гудің» екпіні жаман. – Ішкі саясаттың бастығы «Нұр Отанға кетті... – Құтты болсын! – Мəледес «магнит!» – Немене? – Бұрынғы əкімнің магниті деймін. Соған жабысты да кетіп қалды. – Негізі көп жұмыс атқарды... – Солай-ау! – Орнына өзіміздің Өгізбай келеді деген сыбыс бар. – Қойшы? – Өгізбай болмаса, Танабай... Ал енді облыстық мəдениет басқармасы бастығы төңірегінде де миналар жарылғалы тұр!

– Жəмила ханым кетеді дейді... – Облыс əкімінің командасынан еді... – Орнына кім келеді дейді? – Орынбеков. – Е, жоға, Сағынбеков. – Қалымбетов! – Кім келсе, де мəдениеттің көсегесін көгертсе екен. Енді бір гу-гу əңгіме денсаулық басқармасы жағынан да шығып оны да орнынан «алып» тастаған... Жұрт айта береді, қала əкімі «гугуді» тыңдамай-ақ қойса еді... Одан да, мектептердегі айқайлаған ахуалдарға көңіл бөлсе екен. Күні кеше Шымкенттегі нөмірі 78-ші мектептің мұғалімдері мектеп директорына қарсы көтеріліске шықты ғой. Мектеп директоры Жеңіскүл Оспанова қызметінен кетіп, («сыбайлас жемқорлыққа күдікті» ретінде кеткен дейді ме...) əйтеуір, қайта тағайындалғанына мұғалімдер ашулы екен. Мүмкін мектеп директоры судан таза шығар? Кім білген... Дегенмен, қала əкімі мектептерді де бір сүзіп шықса дейміз... «Сібежи» əкім келген сəттен-ақ жел сөздер мен жын сөздер бірін-

бірі басып озып жатты. Қараданқарап отырып, қорқып отырған шенеуніктер де бар. «Ойпырмай, орнымнан сырғанап кетемін бе? Əлде «сібежи» əкімнің жылы қабағына жылынамын ба?» деп түнімен дөңбекшіп, түнімен шошып оянып, түнімен сандырақтап, алақжұлақтап, алас ұрып, шерменде күйге түскен бастықтарды аяп кетемін. Жүректеріне салмақ түсіріп... Ал, енді жүрегіне салмақ түсірмейтін кім? Қаймана қара халық. Халыққа əкім жайлы, халықтың ішкен-жегені майлы болса болды. Одан артық не керек? Міне, «бір адам атқа мінсе, жүз адам тақымын қысады» деген осы. Өз басым тақымымды қысайын десем, не бастық емеспін, не жастық емеспін... Қандай рахат! Жатысым жайлы, ішкенім майлы... «Анау кетеді екен, мынау келеді екен» деп күні бұрын былжырап, болжап та жатпаймын... Əркімнің пешенесіне əрқилы «шығарма» жазылған дейді, пешенесіндегілерін көреді де... Иə, сөйтейікші... Арман ТОҚҚҰЛИЕВ. Зейнеткер. Айтпақшы, сіз не дейсіз? Гу-гуіңіз бар ма?

ДЕПУТАТТЫ “ДЫХАЛКАДАН” ҰРҒАН БА, ҰРМАҒАН БА?

Баяғыда-а, ғашықтардың бірі «рəмəшка» гүлдің жапырақтарын біртіндеп жұлып жатып: – Сүйеді. Сүймейді. Сүйеді, сүймейді...– деп жататын. Павлодар облыстық мəслихатының депутаты Александр Терентьев кəсіпкер Сергей Глаголевті тура «дыхалкадан» бір ұрып... құлатыпты-мыс... Сергейекең солай деп сотқа арыз түсірген. Негізі екеуі 15 жылдай дос болған. Араларынан қандай албасты зу ете қалды екен? Кəсіпкер депутат досына автокөлік жуу орнының жартысын сыйға тартып, енді екеуі де еңіреп таласып жатыр... Қай бір жылы белгілі боксшымыз да бапкер нағашысына пəтерін сыйға беріп, артынан еңіреп жылаған еді ғой... Мынау да сондай... Енді жұрт базар ішінде «рəмəшка» гүлінің

жапырақтарын жұлып отырғандай: – Депутат «дыхалкадан» ұрып құлатыпты! – Жоға ұрмаған! – Ұрған! – Ұрмаған! Ұрайын, ұрайын деп қалған... Енді біреулер тағы да «байғұс» гүлді жұлып жатыр: – Депутат кəсіпкер досының шекесінен ұрыпты! – Жоқ, желкесінен! – Шекесінен! – Желкесінен! Павлодар көшелерінде ыбырсып жатқан гүл жапырақтары. Көше сыпырушылары да отыра қалып гүл жапырақтарын жұлып жатқандай: – Депутат Терентьевтің мойнында қанды ісік пайда болған!

– Жоқ, Глаголев жарақатымен ауруханаға жеткізілген! Олардың бұл болжамдарына қызыға кеткің келеді. Отыра қалып, өзің де гүл жапырақтарын жұлып отырсаң иə? – Биыл қыс болмайды екен. – Неге? – Қар қымбаттап кетіпті. – Өй, қыс болады. – Болмайды. – Болады. Қызық, депутаттарымыз осылай бұзық болып, масқара болып жатса, кімге өкпелейміз? Əлде, кəсіпкер жуан жұдырықты ма екен?

ЖЫЛАП ЖАТЫР! Көршім жылап келіп, əйелімді құшақтай жылағаны... Есіміз есікке қысылып қалғандай, жүрегіміз шымшықтар сияқты пыр-пырлап ұшқандай, біртүрлі болып қалдық... – Əй, əкең өлді ме? Не болды? – деп сұрады əйелім. – Қайғырып көңіл айтамы-ы-ыын... – Көтек! Не дейді? Біз жақтан біреу қайтыс болғандай ғой! – Арманда кетті-ау, арманда! – Айтсаңшы! – Жарық дүние қызығын көре алмай кетті-ау! Менің де денем түршікті. «Е-е, шешем байғұс қайтыс болған екен

ғой... Бірақ көрші əйелдің соншама аңырап жылағаны несі, көршінің шешесіне бола? Сосын жөткірініп алып: – Сəлима, кім қайтыс болды өзі? – деп сұрадым мен. Ол маған жалт қарап, өксігін баса алмай тұрды да, мені де құшақтай аңырады. – Сен оны жек көретінсің! Ұнатпайтынсың! Оны... Оны... Оны атып кетті! – Кім ойбай? – деп сұрады қатыным ұшып тұрып. – Білмеймін, біреу атып кетті... – Өлген кім? Біздің туыстар ма? – деп қайталап сұрады əйелім де оны құшақтап, көңілі босап.

Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК (Алматы қаласы) Гүлмира МƏНШƏРІПОВА (Астана қаласы)

Атқарушы директор Қайыржан СЕМБАЕВ Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ЖАУЫНБЕКҰЛЫ

– Жоға! Фериха өлді, Фериха! Аа-а! Құдайым-ау, түріктің сағыздай созылған, адамды аздыруға жақын тұратын «Фериха» сериалына бола (кез-келген киносында інісі ағасының, ағасы туысының əйеліне ғашық бола береді емес пе?) сонша аңырап! Қолымды бір сілтеп, жұмысқа асығып бара жатыр едім... Үй жақтан қос дауыс шықты... Жылап жатыр... Мен ҒОЙ. ПЫСЫ. Шынында түрік сериалдары бізге не береді? Өз сериалдарымызға неге қызықпаймыз?

Атахан МЕЙІРБЕКҰЛЫ. Сырттай болжағыш.

АНЕКДОТТАР Бір күні бір жынды шемішке шағып тұр екен. Қолынан бір шемішкесі түсіп кетіпті. Жынды тұрып: – Бері кел! – депті. Шемішке қайдан келсін? Жынды ашуланып: – Бері кел деймін! – депті. Шақырып шаршаған жынды қолындағы ең соңғы шемішкесіне: – Бар, ананы алып кел! – деп лақтырып жіберіпті... * * * Баяғыда қой мен ешкі сапарға шығыпты. Жолда келе жатып бір тоғанға кез болыпты. Сонда екеуі алдымен кім секіру туралы біріне бірі жол ұсыныпты. Сонда ешкі:

Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52 E-mail: adilet.media@mail.ru

Апталық Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады

– Мен секіріп үйренгенмін, алдымен секіру жолы сіздікі болсын, – деп жол беріпті. Сонда қой артына аз шегініпті де бар пəрменімен жүгіріп тоғаннан секіріпті. Секіргенде қойдың «абыройын» жауып жүрген доғал құйрығы көтеріліп, «абыройы» көрініп қалса керек. Оны көрген ешкі бергі жағаға өтпей ішек-сілесі қатқанша күліпті. Қой, ешкіден: – Жаңа неге күлдің? – деп сұрапты. Сонда ешкі: – Сен жаңа секіргенде «абыройың» көрініп қалды, – депті. Сонда қой: – Оған таң болатын дəнеңе жоқ қой. Сенікі күнде ашық жүреді ғой! – деген екен.

Газет Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы №14077-Г куəлігі берілген. Құрылтайшысы өзгеруіне байланысты қайта тіркелген басылым 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Əділет" ұлттық апталығы болып шығып келеді. Айына төрт рет жарық көреді. Таралымы - 15 000 дана. Тапсырыс - 2170.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.