№34 (194) = 26 қыркүйек = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Н. Назарбаев пен В. Путин XI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады 29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Астраханьда (Ресей Федерациясы) өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммитіне қатысады деп жоспарлануда.
Жетпістің желкенін желбіреткен! денсаулық, қажымас қайрат, баянды бақыт пен шат-шадыман қуаныш сынды барлық игі жақсылықтарды тілейміз. От ауызды, орақ тілді көптеген шəкірт тəрбиелеген Сағымбай Қабашұлы алғаш еңбек жолын 1974 жылы əлФараби атындағы ҚазҰУ-да аға оқытушы болудан бастайды. Содан соң аталған білім ордасында доцент (1979 ж.), журналистика факультетінің профессоры (1989 ж.), декан орынбасары, факультет деканы (1976-1978жж., 19851993 жж.) жұмыстарын абыройлы атқарды. 1981 жылдан бастап БАҚ жəне газет ісінің техникасы (1985 ж.) жəне халықаралық журналистик а кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалады (1993 ж.). Ал 1996 жылдан бастап журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі. Халықаралық Журналистер Федерациясының құрмет дипл омының иегері, сондай-ақ ҚР саяси ғылымдар Академиясының акаде-
мигі жəне оны ұйымдастырушылардың бірі. Оның бастамасымен Қазақстан журналистер Академиясы құрылған. Академия тағайындаған «Алтын Жұлдыз» жəне «Алтын Самұрық» номинациялары журналистиканың жоғары дəрежелі мемлекеттік сыйлықтары болып табылады. Сонымен қатар ол жұртшылық арасында Қазақстандық саясат энциклопедиясының авторы (1998 ж.), «Отандық журналистика тарихынан» - «Из истории отечественной журналистики» атты республикалық ғылыми-зерттеу журналының негізін салушы жəне бас редак торы (1997 жылдан бастап), «Справочник журналиста Казахстана» жобасының бас р е - д а к то р ы ж ə н е а вто р ы ретінде өте танымал. Оның Мəск еу қаласында радио жəне теле-дидар аймағында жарияланған жұмыстарын біріктіріп, ғылыми баяндама формасында ТМД-ғы бірінші
доктор-лық диссертациясын журна-листика саласында қорғаған ғалым екені үлкен мақтаныш екені сөзсіз. Оның ғылыми жетекшілігімен 18 кандидаттық жəне 2 докторлық диссертациялар қорғалған. 300-ге жуық ғылыми жарияланымның жəне 700-ден аса публицистикалық очерктер мен мақалалардың авторы. Жəне де «Слово, ковавшее победу», «Радио в дни войны», «Четвертый фронт», «Ядовитые стрелы», «Оборотни», «Очерки истории журналистики Казахстана», «Зеркало жизни», «Время – газет н о й с т р о к о й » , « М о я Ленсмена», «Д оброе имя народу», «Лики времани» жəне т.б тұщымды дүние мен тұжырымды ойға толы кітаптардың авторы. ҚР саяси Ғылым академиясының академигі, Қазақстан журналистика академиясының президенті. «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы.
Мерейімізді үстем етті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы Бимаханбетовтер отбасына Елбасы шағын автобустың кілтін табыстады 2-ÁÅÒÒÅ
Адам таєдыры – тəрбиеде Нұғман АРХАБАЕВ «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сəйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы» - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз – Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы – "Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында, олай болса тəрбие – өзекті мəселе.
ҚАЗЫНА Бүгін сағат 12.30-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет і н д е Қ аз а қ с та н н ы ң Білім тарихы мұражайы ашылады. «Астана» атриумына орналасқан бұл мұражай ҚР Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың идеяларынан туған. Оған педагогика ғылым-
Еуразия ұлттық университетінде Білім тарихы мұражайы ашылады
Іс-шараға сондай-ақ Əзербайжан Президенті Ильхам Əлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин жəне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатысады. 30 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, оның жұмысына Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады. «Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбындағы іс-шара аясында заманауи технологияларды мұнай-газ саласында қолдану, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мəселелерін талқылау қарастырылған. Форум кəсіпорындардың инвестиция жəне көмірсутек секторындағы инновациялар саласындағы қарым-қатыстарын кеңейтуге жəне жаңа байланыстар орнатуға, екі мемлекеттің іскер жəне қоғамдық топтарына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Akorda.kz
Қазақтың көрнекті көсемсөз шебері, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының негізін салушы, дүние жүзі ж урналистик асының тарихын зерттеуші, Қазақстан журналистер одағының бірнеше дүркін сыйлығының лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Сағымбай Қозыбаев бүгінде жетпіске келіп отыр. Осынау айтулы күнде редакция ұжымына оң бағыт бағдар беріп, ондағы журналистер шеберлігін шыңдауда ұстаздық кеңесімен ағалық қамқорлығын аямайтын ағамызға мықты
Ќытайдаєы ќазаќтар екі тїрлі Гиннес рекордына ќол жеткізді
П р ез и д е н т і м і з « е ң бе к қ о р ж ə н е білімді адам барлық жерде қажет, өмір бойы білім алу қазіргі таңда қажеттілікке айналып отыр», «деннің саулығын əрбір тұлға өзі қалыптастырады», «жұмыс адамның соңынан жүреді, ал адам жұмыстың соңынан жүреді» деген ойлары жастарды тəрбиелеуге бағытталған ұлағатты ойлар, бұл жастар, оқушылар арасындағы тəрбие жұмыстарын нығайтуға үндейді. Бүгінгі, ХХІ ғасырда «айна əлемінде» өмір сүрудеміз. «Бұл əлем-мөлдір жəне нəзік. Бұл жерде абай болып, оны сақтауға ұмтылу керек». Елбасының бұл сөздерін оқушылар, жастар, ата-аналар, ұстаздар өнеге-үлгі деп түсініп, жұмыстарында үнемі қайталап, басшылыққа алатын болса, артық болмайды. Баршамыздың басты мақсатымыз – ол тəрбиеге мəн беру, тəрбиелеуге үлес қосу. Тəрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұр-
пақтың тəжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тəжірибені, білімді жас буынға тəрбие процесі арқылы береді. Педагогика баланы оқыту, тəрбиелеу тəжірибелерін қорытып, тəрбие жəне даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Тəрбие – қоғамның тарихи əлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Қазақстан Республик асында халыққа білім, тəрбие берудің негізгі мақсаты – Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, олармен тең қарымқатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тəрбиелеу. (Жалғасы 3-бетте).
Мемлекет мол мүмкіндік беріп отыр 6-ÁÅÒÒÅ
дарының докторы, профессор К.Калкеева, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Ибраева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Айтмағамбетов, тарих ғылымдарының кандидаты, ұлттық сурет галереясының бас ғылыми қызметкері Б. Санақұлова сынды белгілі ғалымдар белсенді атсалысып, тұжырымдамасын жасады. Білім тарихы мұражайының ашылу салтанатына ҚР Үкіметінің вицепремьері Г.Əбдіхалықова, ҚР мəдениет жəне спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламент депутаттары мен белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, астана қонақтары, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде. Мұражайды ашудағы мақсат – мəдени-ағартушылық құндылықтарды инновациялық мұражай кешенін құру арқылы сақтап қалу жəне дəріптеу. Сонымен қатар елдің нағыз патриоттарын тəрбиелеу, тарихи құндылықтарды дамыту, сақтау, ғылыми тұрғыдан зерттеу. Мұражай халықтың барлық тобына арналған. Өзінің атқаратын қызметі, мұражайға келушілердің əлеуметтік жағдайы мен жұмыс формасы бойынша əлемдік мұражай орталықтарының қазіргі заман талабына сай үрдісіне
толық жауап береді. Е л і м і зд е а л ғ а ш р ет ашылғалы отырған Білім тарихы мұражайы экспозициясының композициялық құрылымы өзгеше: бейнелі, сюжеттік, жазба, көрнекі құрал-жабдықтар мен тарихи жəдігерлер молынан қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше бағалы мұражайлық заттар мен мəдени құндылықтар жинақтамасын көпшілікке көрсету арқылы өткен тарихқа оң көзқарас қалыптастыру. Экспозицияда макеттер, диорамалар, баға жетпес құндылыққа ие скульптуралар, граммафон, мөр, қабырға сағат, білте шам, сия сауыт, қыл қаламға дейін орын алған. Одан таңғаларлық жайларды байқауға болады: білім берудің əлемдік білім беру кеңістігіне енуі, əлемдік маңызы бар ауқымды реформалар – осының барлығы мұражайға келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Мұражай құрылымында «Түркі кезеңіндегі ҮІҮІІІ-ХІҮ ғасырдағы педагогикалық ескерткіштер: ХҮХ І Х ғ а с ы рд ы ң б і р і н ш і жартысындағы қазақ ақындары мен жырауларының ағартушылық көзқарасы, Қазақстанда ғылыми педагогикалық ойдың туындау кезеңі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы), Қазақстанның білім беру
мен ағартушылық саласына шет елдік ғалымдардың қосқан үлесі, «19171990ж. Кеңес кезіндегі ғылым мен білім берудің дам уы», 1991 жылдар мен қазіргі кезеңге дейінгі жаһандану жағдайындағы білім беру мен ғылым» секілді бөлімдер бар. Экспозицияға Д.Қамзабекұлы, С.Аққұлы, Н.Белекұлы, К.Шарипова, т.б.ғалымдардың жеке қорынан алынған суреттер мен құжаттар да алғаш рет ұсынылып отыр. Сонымен қатар Семей өлк етану мұражайы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қорынан сирек кітаптар мен мерзімді басылымдар алынған. Əсіресе қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларының түпнұсқасы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырда жарық көрген кітаптар, ХІХ ғасырдағы жазу машинкасы мұражайға келушілерді қызықтыра түседі. Білім тарихы мұражайы «Мəңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудың, тарихи-мəдени құндылықтарды насихаттаудың ерекше үлгісі. Ендеше, тарихта өзіндік орны бар алғаш рет ашылғалы отырған мұражайға асығыңыздар! Лəйлə РАХМАНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз қызметінің бас маманы
Лайықты құрмет көрсетілді Оңтүстік Қазақстан облысы мəслихатының депутаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, мықты дəрігер ретінде көп орталарда мойындалған, алтын қолды хирург – Мəди Бигалиев «Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағын алды. Денсаулық сақтау салысының жүйелі дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Мəди Хожаұлы медицина саласында 30 жылдан астам бойы адал қызмет етіп, Гиппократ антын бұзбай, өмір мен өлім арасында жатқан науқасқа қолдан келер жəрдем көмегін көрсетуден еш жалыққан емес. Өңірде оның басқаруындағы №2 Шымкент қалалық жедел жəрдем көрсету ауруханасы өткен жылы «Жылдың үздік медицина мекемесі» номинациясымен марапатталған болатын. Ол өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, ізденімпаздығымен, білік тілігімен, табандылығымен науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету жұмысын арттыруда тың бастамаларды қолға алып келеді. Медицина саласындағы осынау жансебіл еңбегі үшін Шымкент қалалық мəслихат депутаттары бірауыздан оған «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын берді. Өз кезегінде біз жүрегі шуақты, қолы шипалы, адам жанының арашасы Мəди Бигалиевті осы мəртебелі атағымен құттықтап, əрдайым биік белестерді бағындыра беріңіз деген игі тілегімізді білдіреміз. Халық қалаулылары сондай-ақ, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызына, жазушы драматург Серік Жанəбіловке, ОҚО
славян этномəдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юрий Кирюхинге, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің оқу əдістемелік комиссиясының мүшесі Ермек Келдебековке, қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Шерім Медеуовке, ҚР ҰҒА ОҚО өкілдігінің директоры Лесбек Тəшімовке жəне «Саутс- ойл» ЖШС-нің президенті Серікжан Сейітжановқа «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беруді лайық деп тапты. «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы.
Қыркүйекті 28-і күні Қазақстанда алғаш рет еңбек күні атап өтіледі
¦ÄIËÅÒ
ЕЛ ТЫНЫСЫ
Ел жаңалықтары Рафаэль Надаль Елбасымен теннис ойнағысы келеді Əлемнің бірінші ракеткасы, Үлкен шлемнің 14 турнирінде жеңімпаз атанған, Олимпиада чемпионы Рафаэль Надальдың арнайы баспасөз мəслихатында Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың теннис ойнаудағы тамаша қабілеттері туралы əңгімелеп берді. Ал Рафаэль Надаль егер Президент өзімен теннис ойнауға келіссе, қатты қуанатынын айтты. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев менімен теннис ойнауға келіссе, мен үшін үлкен абырой болар еді. Президентпен кездесуді асыға күтіп отырмын. Осы сəтті пайдалана отырып, Қазақстан Президенті мен бүкіл халықты осындай тамаша жетістіктеріңізбен құттықтаймын», - деді атақты теннисші.
Сенатор Алтынбаев Су-27 апатын жан-жақты зерттеуді талап етті ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев Алматы облысында Су-27 əскери ұшағының апақа ұшырауы сынды қайғылы оқиға болашақта қайталанбас үшін оны жан-жақты зерттеуді талап етіп отыр. Бұл пікірімен ол Сенат жалпы отырысының сыртында журналистерге берген сұхбатында бөлісті. «Бұл үлкен қайғы. Біз шебер ұшқыштарымыздан, қымбат техникамыздан айырылып отырмыз. Бүгіннен бастап комиссия өз жұмысын бастады. Сондықтан қандайда бір себептерді алдын ала болжау артық деп ойлаймын, жəне олай ету дұрыс емес. Комиссия өз жұмысын аяқтағаннан кейін себебін тауып жатса, бөліседі. Ең бастысы, «қара жəшікті» тауып, оны мұқият зерттеу, сонда ғана экипаждың қазасына не себеп болғаны анықталады», - деді ол. Сенатордың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғаны қайталамас үшін жан-жақты əрі мұқият зерттеу жүргізу керек. «Бұған дейін де орын алған əуе апаттарына қатысты жағдайларды тексеріп, авиациялық апатарды жəне оны туындататын жағдайларды болдырмас үшін жоғары дəрежеде тиісті іс-шаралар қабылдау қажет. Авиацияда мынадай заң бар: егер қандайда бір төтенше жағдай немесе апат орын алса, оның себептерін анықтап, жойып, ол себептердің алдын алу шараларын айқындау керек. Бізде, жақында Қарағандыда да апат орын алып, полк командирі көз жұмды, себебі белгісіз. Комиссия бəрін анықтап, Қорғаныс министрлігі тиісті шараларды қабылдайды деп сенемін», - деді Мұхтар Алтынбаев. Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте сағат 20.42-де оқужаттығу жұмыстарын жүргізу барысында Талдықорған əуе базасының Су-27 əскери ұшағы радардан жоғалып кетеді. Соңынан Қорғаныс министрлігі полиция мен ТЖ күштері ұйымдастырған іздеу жұмыстары барысында ұшақтың сынықтары Көксу ауданына қарасты Жаңалық ауылының маңынан табылғанын хабарлады. Ұшақты Денис Горбунов пен Дəурен Науанов басқарған. Қайғылы оқиғаны зерттеп, апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ұшқыштарды іздеу жұмыстарына əскери авиацияның 4 тікұшағы мен əр қайсысында 6 адам бар 10 іздеу тобы жұмылдырылды. Біраз уақытқа дейін ұшқыштар тірі болуы мүмкін деген үміт болған еді, бірақ кешке ол үміт ақталмай, жоғалғандардың мəйіті табылды.
Қытайдағы қазақтар екі түрлі Гиннес рекордына қол жеткізді Қытайдың Алтай аймағында ІІ кезекті егін-мал шаруашылық өнімдер жəрменкесі өтті. «Аталмыш ісшарада қазақ ұлтының киіз үйінде, көпшіліктің түрлі сүтті шайынан дəм татып, киім-кешек үлгісі таныстырылды», деп хабарлайды қытайдың «Алтай» ақпараттық сайты. Кигіз үйде дара қазақы ерекшелікке ие тары, қаймақ, сары май қатарлы өнімдер қосылған 56 түрлі ақ шай қойылды. Қалалық əлеуметтік куəландыру орны «Қазақ ұлтының алуан азық-түлігінен, əсіресе алуан сүтті шайынан дəм тату қимылына» бақылаушылық етіп, куəландырған. Шаңхай дүниежүзлік Гиннес рекорды қызметкерлері қазақ ұлтының 56 түрлі сүтті шай мəдениетіне жəне дəстүрлі дəмді тағамдарына Гиннес рекорды куəлігін табыстаған.
Елімізде 140 рұқсат құжаты автоматтандырылды Елімізде кəсіпкерлер үшін бар жағдай жасалады. Биыл тағы 140 рұқсат құжаты автоматтандырылмақ. Өткен 2 жылда 300 құжат сандық үлгіге көшірілген. Автоматтандырудың нəтижесі уақытқа үнем əрі жемқорлыққа жол берілмейді. Сондай-ақ мамандарға сертификат беру уақыты қысқарды. Бұрын бұл құжатты алуға 30 күн керек болса, қазір күту уақыты – 15 күн. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Елбасы бизнесмендердің əкімшілік жүктемесін азайту туралы тапсырма берген. Осыған орай 2 жыл бұрын лицензияларды тек электронды түрде беру жөнінде шешім қабылданған. «Біраз қағаздарды ақпараттық жүйелер арқылы қысқарттық, қалғанын декларация ретінде қысқартып, құжаттарды арызданушы портал арқылы бере отыра көрсете алады, қалған құжаттарды біз электронды копияға аудардық. Құжаттарды сканерлеп, сол порталға енгізуге болады», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ дамыту жөніндегі директоры Бағлан Бекбауов.
Еңбегімен ерекшеленгендерге тұңғыш рет «Еңбек ардагері» медалі табысталады Еңбек күні аясында 26 қыркүйекте өтетін республикалық форумда ерен еңбегімен ерекшеленгендерге биыл тұңғыш рет тағайындалып отырған «Еңбек ардагері» медалі тапсырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Дəулет Арғандықов мəлім етті. «Мемлекет басшысының Жарлығымен өткен жылы Еңбек күні бекітілді. Бұл мереке елімізде тұңғыш рет аталып өтіледі. Еңбек күні жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланатын болады. Бұл мейрам Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы аясында бекітіліп отыр. Аталмыш мереке қоғамда еңбек адамының беделін көтеру, өнімділікті арттыру, жұмысшы мамандықтарын үгіттеу, еңбек əулеттерін нығайтуды көздейді», - деді Д.Арғандықов. «Бұл мереке алғаш рет аталып өтетіндіктен, іс-шаралар жоспары құрамына ұлттық кəсіпкерлер палатасы, кəсіподақтар федерациясы кіретін републикалық үшжақты комиссия отырысында бекітілді. Осы жоспар аясында ұжымды ұйыстыра түсуді көздейтін спорттық, шығармашылық іс-шаралар, түрлі байқаулар өткізу қарастырылған», - деп толықтырды ол. Мұнымен қатар, еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, үздіктерін «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау жоспарланған. BNews.kz
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Мемлекеттік тілдің дамуын тек Үкіметтен күтіп отыру дұрыс емес
№34 (194) 26.09.2014 жыл
2
«Парламенттің өзінде заңдарды мемлекеттік тілде қарауға толық жете алмай жүрміз» ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг «Қазақстандық қоғамның рухани-мəдени дамуы» тақырыбында өрбіді. Тіл төңірегіндегі тақырыпқа тоқталған Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, бұл мəселеде ең алдымен мемлекеттің құзырлы органдары үлгі болуы керектігін атап өтті. «Елбасы өзінің əрбір сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің халыққа қатысты қызмет деңгейін сапаландыруды ұдайы айтып келеді. Бұл тұрғыдан алсақ, мемлекеттік тілге тек жиналыстар жүргізу деңгейінде ғана емес, халықпен байланысу, құжаттарды дайындау тұрғысынан да маңызды. Өйткені, біз қазіргі күні Парламенттің өзінде заңдарды мемлекеттік тілде қарауға толық жете алмай жүрміз», - деді Қ. Сұлтанов. Сонымен бірге, депутат мемлекет жұмысында рухани дəрежені көтеруге көптеген шаралар атқарып жатқанын, қыруар қаражаттар бөлінгенін де атап өтті. Оның пайымынша, мемлекеттік тілді дамыту, кеңінен пайдалану
жағымды көрсеткішке айналып барады. «Орыс тілі тұрғысынан Қазақстанда ешқандай қиындық та, мəселе де жоқ. Қазақтардың басым бөлігі «туа сала» орысша сөйлеп те жатыр. Шындығында, орыс тілі біздің рухани байлығымыз. Осы жағынан алсақ, қазақтар ешқашанда орыс тілінен бас тарта алмайды, олар орыс тілін, оның байлығы мен мүмкіндіктерін игеруді одан əрі жалғастыра береді. Бұған қосымша ағылшын тілін жастарымыз игеріп жатыр. Бұған да Президент назар аударған болатын. Жалпы, адам баласының тілі - оның анасының тілі. Ендеше, ана тілге құрмет көрсете отырып, қосымша тілдерді игеруге жағдай жасалуы шарт», - деді Қ.Сұлтанов. «Əлемде ағылшын тілінің үстемдігі болғандықтан, одан да бас тарта алмаймыз. Бұл тілді білу біздің азаматтарымызға өз елімізден тысқары жерлердегі биік деңгейге көтерілуіне ықпал етеді. Сондықтан да, бұл саясат дұрыс, одан пікірталастар жасай бергенше, жағдай жасаған лəзім. Сосын мемлекеттік тілдің дамуын тек Үкіметтен күтіп отыру да дұрыс емес. Оны кез келген адам өзінің санасымен түйсініп, жауапкершілік алуы керек.
Бауыржан Әбдішев абақтыға жеткізілді Биліктен кеткен соң бұғау салынды. Бұл жолы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құрығына Қарағанды облысының бұрынғы əкімі Бауыржан Əбдішев ілігіп отыр. Өңірді 1 жарым жыл басқарған эксшенеунікке екі бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол 3 тəулікке абақтыға жабылып, өзіне тағылған айыптармен танысып жатыр екен. Қашанда жүзінде жылы күлкі ойнап тұратын Бауыржан Əбдішев облыс əкімі қызметіне тағайындалғанда бақыттан басы айналмаған сияқты еді. Бірден жұмыс сапарымен өңірдің түкпіртүкпіріне барды, ауыс-түйістерді көп жасаған жоқ, есесіне тілшілермен сұхбатты жақсы көретін. Істегенінен əлі істеп үлгермегені көп сол Əбдішевті жылы орнында бір жарым жылға жеткізбей, биыл шілде айында орнынан түсіп қалған болатын. Алғашында, өзі арыз жазып кетті дегенімен, көп ұзамай жіктің мемлекет меншігіндегі жерге қатысты шыққаны əшкереленді. Яғни, облыс басшылары Қарағандының қақ ортасындағы 49 гектар жерді тамыр таныстарына үлестірген. Кейін бірнеше рет қымбат бағаға қолдан қолға өтіпті. Осы былықпен қызметінен алынғанда басына қара бұлттың үйірілгенін сезгенімен Бауыржан Əбдішев, басқа əріптестері сияқты шетел аспаған екен. Мəліметтерге қарағанда, экс-əкім кеше кешкілік (қыркүйектің 23-і күні) осы зəулім үйінде отырған жерінен уақытша қамау абақтысына жеткізілген. Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: - 2 қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысы бұрынғы əкімі Əбдішевке қатысты. Ол қылмыстық іспен танысып 132-ші бап аясында күдікті ретінде қамауға алынды. Енді 78 сағаттың ішінде біз айып тағуымыз керек. - Бауыржан Əбдішев орынтағынан тайысымен, қала əкімінің басына да күн туған. Өз еркімен жұмыстан кеткен Мейрам Смағұловтың үстінен лауазамын асыра пайдаланды деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Ол мемлекеттке үй салатын құрылыс фирмасына соқыр тиын төлемей жеке үйін жөндетіп қойғаны үшін басы бəлеге қалып жатыр. Ktk.kz
Сот жүйесі және Қазақстандағы МЕДИАЦИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тəрбиелеу жөніндегі 20092011 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыққа сай мінез-құлқына қол жеткізу. Сот жүйесі – мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің əлеуметтік, экономикалық жəне саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатынасы жəне қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пəрменді жəне тəуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың принципті кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады. Кешегі тоталитарлық жүйеден шыққан елдер тұрғындарының арасында демократиялық бастамалардың дамуына байланысты кез келген дауды сот арқылы шешу деп түсіну басымдылыққа айналуда. Қазақстан Республикасының 28.01.2011 жылғы «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасының
аумағында бітімгерлік рəсімдер институы қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді жəне медиатордың (бітімгердің) қатысуымен дауларды шешу жөніндегі қатынастарды реттейді. Медиатор (бітімгер) – тараптардың дауларын реттеу мақсатында олардың арасында бітістірушілік рəсімдерді (медиация) жүзеге асыратын дербес тұлға. Заңның 3-бабы негізінде бітімгерлік рəсімдерді жүргізетін медиатор тараптардың тең құқықтылығы мен əділеттілігін сақтауы тиіс. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рəсімдерді жалғастырудан бас тартып, жалпы тəртіппен сотқа жүгінуіне болады. Заңның құпиялылығы туралы 7бабы бойынша медиацияға қатысушы тұлғалар бітімгерлік рəсімдер барысында белгілі болған мəліметтерде осы ақпаратты берген тараптың келісімінсіз жария етуге құқысы жоқ. Медиа-
АЙМАҚ
Мерейімізді үстем етті
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған отбасылық құндылықты қорғау сынды үлкен іс-шара республикамыз бойынша өтіп жатқаны баршаға белгілі. «Мерейлі отбасы» атты ұлттық конкурсқа қаншама жанұялар қатысып, бақтарын сынап көрді. «Жүзден жүйрік шығады жарысқанда» дегендей, киелі Түркістан қаласының тұрғындары - Бимаханбетовтер əулеті осынау байқауда алдына жан салмай үздік шығып, бас бəйгені қанжығалады. Отағасы Елтай мен отанасы Елена Астанада Президенттің қабылдауында болып, құттықтауын естіп, сыйсияпаттарды иеленіп елге оралды. Бұл туралы БАҚ-ы жазды да, көрсетті де. Жерлестеріміз жеңіспен оралып келгенде олардың еңбегін елемеу азаматтығымызға сын ғой, əрине. Сондықтан, кешегі дүйсенбі күні ОҚО əкімшілігі Елтай атаның əулетін тегіс шақырды. Оның сегіз перзентінен өрбіген отыз шақты немерелері мен оншақты шөберелері думан залының тең жартысын алып отырды. Төрге жайғасқан ерлі-зайыпты Бимаханбетовтерге құрмет пен қошемет ерекше еді. Оңтүстік өңірінің абыройын асқақтатып, облысымыздың мерейін
Өзінің ата-анасына қандай жауапкершілікпен қараса, тілге деген жауапкершілік тура сондай болуы керек», - деді ол. Inform.kz
үстем еткен жандарға деген ілтипатын жасыра алмаған облыс басшысы Асқар Мырзахметов əуелі оларды шын жүректен құттықтап, жеңіл көліктің кілтін табыс етті. Соңынан қазақы дəстүрімізге тəн шапан жапты. Қуаныш иелерінің мерейіне ортақтасқандар гүл шоқтарын сыйлады. Өз кезегінде Елтай ақсақал да облыс əкімінің ілтипатына ризашылығын білдіріп: - Басшы өте сабырлы жəне ақылды болуы керек. Осы екі қасиет те сенде бар екенін білемін. Өйткені жұртқа сыйлысың. Сондықтан да облыс басшыларының ішінде осы лауазымда ең көп қызмет атқарған сенсің. Бес
жарым жылдан бері əкім болып елге қызмет етіп жүрсің, атқарған шаруаң да аз емес. Бізді сыйлапқұрметтегенің үшін алғысымды білдіріп, өзің басқарып отырған Оңтүстік өңіріне табыс тілеймін, деп ақ батасының соңын өлең жолдарымен аяқтады. Қазақстанға белгілі жазушы Мархабат Байғұт та өңіріміздің намысын қорғап, жеңіспен оралған отбасыға деген жылы лебіздерін білдірді. Осынау отбасының немерелері мен шөберелері де атаəжелеріне деген ыстық ықыластарын аямады. Сөзге шыққан басқа адамдар да жарасымды жанұяның отағасы мен «Батыр анаға» деген тілектерін риялық пейілдерімен білдіріп жатты. - «Алма жемісі алма ағашынан алысқа түспейді» дегендей Елекеңнің ұрпақтары да өзіне ұқсап салтдəстүрімізді берік ұстап, қазақи қағидадан жаңылыспайды деп сенемін, - деп жиынды қорытындылаған облыс əкімі А.Мырзахметов əкімшілік мекемесінің жанында иесін күтіп тұрған «темір тұлпар» жанында Бимаханбетовтердің əулетімен естелік суретке түсті. Мерейімізді үстем еткен отбасының жеңісін басқа жерлестеріміз де жалғастыра берсін! Рахым ҚАРЖАУБАЙ.
тордың өкілеттілігі туралы заңның 13-бабында медиатор тараптармен бірлескен немесе жеке кездесулерді өткізуге, қажет болған жағдайда медиатор даудың техникалық аспектілері бойынша сарапшының қортындысын талап етуге құқылы. Бұл ретте тараптар қорытындыны алуға байланысты шығындарды өтеуге келісуі тиіс. Егер медиатордың пікірі бойынша бітімгерлік рəсімдерді одан əрі жүргізу, яғни тараптар арасындағы дауды шешу мүмкін болмаса, медиатор істі жүргізуді тоқтатуға құқылы. Медиация тəсілінің артықшылықтары мен ерекшеліктері – таңдау еркіндігі, əділдікке сенім, шешім дайындауға жəне қабылдауға араласу, шешімге екі тараптың келісім беруі, уақыт пен қаржының үнемділігі, құпиялық, процестің икемділігі, сыбайлас жемқорлықтың болмауы болып табылады. Азаматтардың құқықтық мəдениетінің жоғары деңгейі жариялы жəне жеке мүдделердің құқықтық реттелу саласында ымыраға келуге мүмкіндік береді, мемлекет пен қоғамның құқықтық мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді, жеке бастың құқығы мен бостандығына кепілдік береді, осы құқық пен бостандықты құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғайды. А. МИЗАНБАЕВ, Қызылорда қалалық сотының судьясы.
Қауіптің алдын алу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен облыстық прокуратураның оқу-жаттығу бекетінде «Шабуыл жасау» жедел тактикалық оқу жаттығу іс-шарасы өткізілді. Оған Шымкент қалалық Еңбекші ауданы полиция бөлімі, Төтенше жағдайлар басқармасы, ОҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен жол-патрулдік полиция басқармасының сақшылары қатысты. Бас-аяғы 100-ге жуық полиция қызметкерлері қатысқан іс-шараға жедел жəрдем стансасының қызметкерлері де жұмылдырылды. Оны Еңбекші аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры А. Мырзахметов жүргізді. «Шабуыл жасау» жедел тактикалық оқу жаттығу іс-шарасының мақсаты – төтенше жағдайларды алдын алу мен онымен күресті тиімді жүргізу. Еліміздің Ішкі істер министрлігіның тапсырмасы аясында «Шабуыл жасау» жедел тактикалық оқу жаттығу атты бұл іс-шара аса маңызды мемлекеттік мекеме, стратегиялық мекемелер мен экономикалық салалардағы стратегиялық маңызы бар мекемелерде жоспарға сай өткізіліп тұрады. «Əділет-ақпарат».
ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың назарына!
Тергеу ісі неге тиянақсыз жүргізілуде
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы «Қайнар» шаруа қожалығының төрағасы Жəнібек Əбдібекұлы Түлкібас ауданының прокуроры Махат Зұлпыхаровтың (суретте) жұмысына мүлдем көңілі толмайтынын айтып, редакциямызға келді. Өз кезегінде ол: «Шаруа қожалығымдағы мал басын қыс мезгілінде қоректендіру үшін иелігімдегі шабындық жердің шөбін жыл сайынғы əдеттен жаңылмай орып, оны жинап алу үшін біраз уақыт күн көзінде болып кебуін күтіп жүргенмін. Түсім жаман болмады. Пішен болуға дайын болып қалған сол шөптерді Е. С. Көмеков ұйымдасқан топпен бір күнде үптеп кетіпті (Бұл туралы біз газетіміздің №26 (186) 25.07.2014 ж. күнгі шығарылымында жазған болатынбыз. Автор). Осылайша оңай олжаға тап болуды көздегендерді тез арада құрықтау үшін учаскелік полицияға арыздандым. Осы арыз негізінде
әлде мәселе прокурорлық қадағалаудың әлсіздігінде ме?
тексеру жүргізген полиция шөпті ұрлаған азаматтарды көп уақыт өтпей-ақ қолға түсіріп, біздің шабындық жерімізден ұрлап алып кеткен шөптің олардың үйінде жатқанына көз жеткізіп, айғақ зат ретінде оны бейнежазбаға түсіріп, осы ұрлыққа қатысы бар адамдардың бəрінен де түсініктеме алған болатын, - деп сөзін төмендегіше жалғады. – «Ұсталмаған ұры емес» деген. Бірақ құзырлы орган өкілдері «Қайнар» шаруа қожалығының шабындық жерінен шөп ұрлағандарды көзбен көріп, айғақ зат ретінде ұрланған шөптің олардың үйінен тəркілеп жатса да шөп ұрлаған азаматтарға тиісті жаза бермей, керісінше, уақыт оздырып, созбалаңға салуда. Бұны қалай түсінуге болады? Бұл құзырлы органның қызметкерлері мен шөпті қолды еткендер арасында бармақ басты көз қысты əрекеттердің
орын алғандығын білдіре ме? Осы іс жөнінде біз ОҚО прокуроры И.Имановқа хабардар еткенімізде ол аудан прокуроры Зұлпыхаровқа болған жəйтке прокурорлық тексеру жүргізіп, кінəлілерге заң шеңберінде шара көру туралы тапсырма берген болатын. Бірақ неге екені белгісіз, аудан прокуроры «барлығын анықтаймыз, заң аясында шара көреміз» деген шығарып салма жауаппен ғана шектелді. Нақты нəтиже жоқ, - деді. Осылай деген Жəнібек Əбдібекұлы өзгенің еңбегін бағаламай шөп ұрлап пайдаға кенелгісі келген азаматтардың заңды жазасын алып, əділдіктің салтанат құруы үшін бұл істі ендігі жерде жоғарыдағы құзырлы орган өкілдерінің назарға алып жəне істі қайта тергеуді сұранып отыр. «Əділет» - ақпарат».
Студенттерді кітаптан гөрі оқудың төлемақысы, №34 (194) жолақысы, пəтерақысы көбірек алаңдатады 26.09.2014 жыл
ҚОҒАМ
¦ÄIËÅÒ МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫ
КӨЗҚАРАС
Жуырда бірнеше газет бетінде көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Қалдаяқов екеуміз ұрымыз ба?» деген мақаласы жарияланды. Ш.Қалдаяқов пен М.Шахановтың бірлесіп жазған «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Өмірөзен», «Арайлым ақ Келес» т.б. əндерін білмейтін қазақ аз шығар. Нақ осы жылдың 13тамыз күні Қалдаяқовтың туған күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Мəдени ауылында Шəмші мен Мұхтар бірлесіп жазған «Ақсудан ұшқан аққуым» əніне арнайы фестиваль өткізілді. Өйткені, сазгер мен ақын 1968 жылғы сəуір айының басында, бұрын «Коммунизм» колхозы боп аталатын, іргесінен Ақсу өзені сарқырап ағып жататын, қазіргі Мəдени ауылына жергілікті тұрғындардың арнайы шақыруымен барып, екі күн қонақ болып, осы əнді дүниеге келтірген екен.
ЌАЗАЌ КІТАБЫНЫЅ ХАЛІ ЌАНДАЙ?
ҚАЛДАЯҚОВ ПЕН ШАХАНОВҚА ЖАБЫЛҒАН ЖАЛАНЫҢ ЖҰРТҚА БЕЛГІСІЗ ҚЫРЫ
Мəденидегі бір белгілі адамның үйінде шай ішіп отырғанымызда Шəмшінің аузынан «Ақсудан ұшқан аққуым» əнін үйреніп алған адамдар да табылды. Бұл əнді Шəмшінің өтінішімен алғаш рет Шымкент облыстық радиосында орындаған, қазіргі белгілі кəсіпкер Серікжан Сейітжанов та əннің тарихы жайлы ұзақ əңгіме өрбітті. Егер менің қолыма 2013 жылы Алматыдағы «Баянжүрек» баспасы шығарған Құдаш Мұқашевтің «Сөйлеп бір кетсе өткендер» кітабы түспегенде, маған бұл мақаланы жазудың тіпті қажеті болмас еді. Жинақты құрастырып, баспаға ұсынған Қ.Мұқашевтің жары Ақжолтай Жылқыбайқызы екен. Жазықсыз екі тұлғаға адамның сайсүйегін сырқырататындай жала жапқан бұл кітап М.Шахановтың қолына түспегендіктен, мұндағы жөнсіз айыптаулардан ақын ағамыз да, оқырман қауым да бейхабар. Жинақтың алғашқы беттеріне Ш.Қалдаяқов пен М.Шаханов жазған «Ақсудан ұшқан аққуымның» əні мен сөзі «Ақсудан ұшқан аққулар» деген атпен Қ.Мұқашевтің өз шығармасы ретінде ендіріліпті. Кітапқа алғысөз етіп «Құдаш (Құдайберген) Мұқашевтің бір өлеңі хақында» деген атпен арнайы мақала беріліпті. Оған Құдаш ақынның жерлестері Құдайберген Қабдолин, Шəкен Күмісбаев, Арасанбай Естенов, Егеубек Нүсіпов, Тұраш Шыныбекова, Гүлжи Мырзағалиева, Нүкен Бекежанова, Жолдыбала Бағаевалар қол қойыпты. Мақала бастан аяқ Ш.Қалдаяқов пен М.Шахановтың «ұрлығына» құрылған. Үзінді келтірелік: «Қалдыбек Құрманəлінің ұйымдастырумен өткізіліп жүрген Ш.Қалдаяқовтың əн кешінің жүргізушісі Болат Əбділманов: «Бұрын орындалмаған Шəмші əндері де бар, сол əндердің бірі – «Ақсудан ұшқан
3
аққуым», сөзін жазған Мұхтар Шаханов» – деді. Əн орындала бастағанда концертте отырған Талдықорған өлкесінің азаматтары орнымыздан қозғалып, тұрып та кете жаздадық. Осы концертті теледидардан көргендер де: «Бұл неғылғандары? Құдаш өлгенмен, біздер тіріміз ғой, бұл қиянатқа жол бермеуіміз керек», – деп, бірбірлеріне телефон шалысып, осы хатты жазуымызға түрткі болды. Нағыз əн жылдар өткен сайын өз өміршеңдігін көрсетіп, аты аталып, əуені айтыла салысымен бұрынғы тыңдармандарын селт еткізетіні баршамызға аян. Шын жүректен шыққан сөз бен саз бірлік тапса, жазылмаған заңменен, үлкен сахнада шырқалмай-ақ ел жадында жатталып қалары хақ. Сондай əндердің бірі – Құдаш Мұқашевтің «Ақсудан ұшқан аққулар» əні...». Бұл əннің қалайша «Шəмші мен Мұхтар Шахановтың қоржынына түсіп кету мүмкіндігі жайлы» Құдаш Мұқашевтің балдызы, яғни, Ақжолтайдың туған сіңлісі Майра Жылқыбайқызы өзгеше ой түйеді. Оның сөзіне сенсек «1971 жылдың июнь айының басында Құдаш өз үйіне Шəмші Қалдаяқовты ертіп келіпті-міс. Сол жолы Шəмші Құдаштың əні «Ақсудан ұшқан аққуларды» нотаға түсіріп алуы əбден мүмкін екен. Түптеп келгенде, «ұрлық» солай басталса керек. Мақала былай аяқталады: «– Оу, ағайын, бұл əннің сөзі менікі емес деуіне болады ғой Мұхтар Шахановқа. Ал Қалдыбек Құрманəлі бауырымызға айтарымыз, жер-көктегі үлкен сахнадан орындалмаған əнді Шəмші атына тели бермесеңіз де, ол кісінің өз əндері-ақ Шəмші атын шырқау биікке шығарып тастаған еді ғой». Мақала авторлары өздерін өздері ұстап беріп отыр. Егер Шəмші Қалдаяқов 1971 жылы Құдаш
Мұқашевтің үйіне барып, оның «Ақсудан ұшқан аққулар» атты əнін нотаға түсіріп алып «ұрлады» делік. Бірақ бұл əнді Шəмші мен Мұхтар 1968 жылғы сəуір айының басында Мəдени ауылында жазып, сол айдың 13-інде, Шымкенттен шығатын «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінде, Шəмшінің өз қолымен жазған нотасымен бірге жариялаған ғой. Сонда кім кімнен ұрлаған? Аныққанығына барып, зерттемей ұлтымыздың екі үлкен мақтанышын ұры деп айыптау нағыз масқарашылдық емес пе? Хатқа қол қойған 8 адамның бірі Шəкен Күмісбайұлы деген 20-дан астам кітабы бар балалар ақыны. Екіншісі Арасанбай Естенов. Ол да жұртқа таныс жазушы. Əрі Шəмші мен Мұхтарды ұрылардың қатарына қосқан, Құдаш Мұқашевтің кітабын шығарған «Баянжүрек» баспасының директоры. Екеуі де, Құдаштың жары Ақжолтай Жылқыбайқызы өтініш жасаған соң қол қоя салған болуы керек. Біздің адамдар ол екеуімен хабарласқанда Қалдаяқов пен Шахановқа қарсы орнықты уəж айта алмапты. «Ауылда өтіп жататын жиындарда «Ақсудан ұшқан аққуларды» ылғи да Құдаш Мұқашевтің əні деп хабарлайтын. Сол рас екен деп, қол қоя салғамыз» депті. Қ.Мұқашевтің жары Ақжолтай Жылқыбайқызы жəне кітапқа қол қойған алғысөз авторлары Қалдаяқов пен Шахановты орынсыз кінəлағандары, «ұры» атандырғандары үшін кешірім сұрауға міндетті. Егер олай етпеген жағдайда Төлеби ауданындағы Мəдени ауылының адамдары оларды сотқа беруге əзір отыр. Ал «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай...» бағдарламасы өз қателігін түзетіп, алдағы күндердегі бір санын осы мəселеге арнамақ.
1807 жылы алғаш қазақ кітабы «Сейфүлмəлік» баспадан шыққан екен. Содан бері қазақ кітабы қаншама заманды бастан өткерді. Кеңес үкіметі кезінде қазақ кітабы тапшы болса да оқырман іздеп жүріп оқитын. Бүгінде дүкен сөрелерінде қаптап тұрған қазақ əдебиетінің жауһарларына жұрт немқұрайды қарайды. Өйткені заман жаңарды, қоғам қарыштап даму үстінде. Компьютер мен ғаламтор басымызды торлап, өз тұтқынына алды. Қазір баспадан шыққан жақсы кітап жаңалық емес, ғаламтордағы күнде жаңарып тұратын онлайн ойындар үлкеннің де, кішінің де есін алып, санасын улап тұр. Қазақ классиктерінің шығармаларынан гөрі бүгінгі оқырманға ғаламторда басылатын «жұлдыздар» жайлы жалған ақпарат маңыздырақ. Көк жəшіктен көретін адамдардың жеке өміріндегі мəліметтер тіпті қызық. 1950-1980 жылдары кітап оқу сəн болған екен. Ал бүгінгі таңда Ресейден шығатын сəн журналдары жастардың да, кəрілердің де қолынан түспейді. Одан қалса косметика мен басқа да тауарлардың каталогтары. «Бүгінде
ешкім кітап оқымайды» десек артық болар. Дегенмен қазақ əдебиетінің оқырманы кеміп кетті. Есесіне, сөрелерде кітап емес дискілер, флешкалар жиналып тұрады. Алматы қаласындағы ірі кітап дүкендеріне бара қалсақ, қазақ кітаптары жоқ емес, бар. Өкінішке қарай, олардың көбісі дерлік бір əулеттің тарихы, жеті ата тарату, сосын тарихи еңбектер. Соңғы 5 жыл шамасында классиктерді қайта шығара бастады. Оның өзі жетім бала сияқты бұрыштағы сөреде елеусіз ғана жатады. Дүкендегі тауардың 10 пайызын да құрамайды. Таралымы аз. Кітапты қолыңызға алып соңғы беттегі мəліметтерге үңілсеңіз, мемлекеттік тапсырыс бойынша 1000 дана, баспа есебінен 100 немесе 200 дана деген жазуларды оқи аласыз. Сонда 1200 кітап бүкіл қазақ тілді оқырманға жете ме? Əрине жоқ. Бұл кітаптар əуелі оларды қажет ететін ауыл оқырмандарына жетпейді. Өйткені баспалар заман талабына сай кітап басу ісін жолға қойғанымен, тарату ісінде əлі де кейіндеп жатыр. Ауылдарда кітап дүкендері мүлде жоқ десек, қателеспейміз. Қазақ мектептері жаппай жабылып, Алматыда орыс мектептері басым болған уақытта да қазақ кітабының жағдайы дəл қазіргідей аянышты болмаған шығар? Сол кездің өзінде қазақ кітаптарының тұрақты оқырманы бар еді. 100 000-200 000 дана таралыммен шыққан кітаптардың өзі бүгінгідей сөрелерде шаң басып
жатпайтын. Бүгінде шытырман оқиғалы детективтер, фен-шуй, магия туралы, түс жору, сұлулық сабақтары, аспаздық кітаптар, бау-бақшаны, гүлдерді күту туралы, тағы да басқа орыстілді кітаптар қазақ кітабына қарағанда бақытты ма дерсің. Өйткені олардың аз да болса өз оқырмандары бар, іздеп жүріп алады, оқиды. Осыдан он-он бес жыл бұрын «қазақ кітаптарының сапасы сын көтермейді», «сатып алушыны тартпайды», «арзан қағазға басылады», «бояуы нашар» деген сияқты ескертулер жиі айтылатын. Ал қазір баспагерлерге мұндай сын айтудың өзі қиын. Қазақ кітабы мазмұны да, сапасы да, безендірілуі жағынан да Ресейден ағылып келіп жатқан кітаптардан бірде кем емес. Заман талабына сай. Нарықты зерттеп, сұранысқа ие дүниелерді басып жатыр. Негізгі кітаптың тұтынушылары оқытушылар, оқушылар, студенттер десек, оқытушылар білім жетілдіру үшін өзіне қажетті кітапты қалай да алып оқиды. Оқушылардың басым бөлігі оқулықтармен шектеледі. Ал біліммен сусындауға тиіс студенттерді кітаптан гөрі оқудың төлемақысы, жолақысы, пəтерақысы жəне тағы сол сияқты тұрмыстық жағдайлар көбірек алаңдатады. Бұрындары ақын-жазушыларға, ғылым соңында жүрген адамдарға кітап шығару арман еді. Оларды баспадан шыққан еңбектері танымал ететін. Ал қазір ше, ақшаң болса күніне бір кітап бастыр. Алайда онымен танымалдылығың арта қоймайды. Бүгінгі таңда танымал болу үшін токшоуларға қатысса жеткілікті. Сонда қазіргі халық ақпаратты тек көру немесе есту арқылы қабылдайтын болған ба? Мысалы, ертегілерді алайық. Біз ата-анамыздың оқып берген ертегілерін тыңдайтынбыз. Кейін өзіміз оқи бастадық. Ал қазіргі ертегі кітаптардан сурет пен музыка басым. Бала оқу арқылы емес, көру арқылы ертегіні қабылдайды. Ертегі кітаптың мультфильмдерден айырмашылығы аз. Ұзын сөздің қысқасы, қазақ кітабы басылмай жатқан жоқ, басылып жатыр. Сатылмай жатқан жоқ, сатылуда. Алайда кітап тарату ісі кенже қалып отыр. Баспадан шыққан кітаптар өз тұтынушысына жете алмайды. Алдымен кітап тарату ісінің қолға алынғаны абзал. Əрбір телеканалдың көрермені тəрізді əр кітаптың өз оқырманы бар. Тек сол оқырманды дəл тауып, қажеттісін жеткізе білген жөн. Оқырманды мектеп жасынан тəрбиелеп, кітаптың жанашыры ете білу керек. Кітапты тек қала тұрғындары емес, ауыл азаматтары да оқиды. Алайда олар жоқ кітапты қайдан алсын?! Бақтыгүл КƏДІРҒАЛИҚЫЗЫ. Алматы қаласы.
Қалдыбек ҚҰРМАНƏЛІ, композитор, шəмшітанушы.
БІЛІМ Ұйымдастырылған іс-əрекет барысында əрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларды сол қызметке деген ұнамды жəне шынайы адамгершілік қатынасқа қалыптастыру қажет. Келтірілген пікірлер, біздіңше, тəрбиенің мəнін жеткілікті əрі түсінікті ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін. Сонымен, тəрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тəжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-əрекет тəсілдерін, əлеу-
Нұғман АРХАБАЕВ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы
1. Барша тарихи кезеңдерде тəрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды жəне ол қоғамға қызмет етеді. 2. Тəрбиенің мақсаты, мазмұны жəне тəсілдері біртұтас байланыста, бір-бірінсіз нəтиже бермейді. Келтірілген заңдылықтар тəрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тəрбиелік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер: 1. Дамушы жеке адамның тəрбиесі сол адамды тікелей іс-əрекетке қосу барысында орындалады. 2. Тəрбие - ұйымдастырылған іс-
іске асырылуы қажет. 8. Тəрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының жəне қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет. Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардың жеке адами сапалары да осы заңдылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында "Өрлеу" Б.А.Ұ.О АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакованың жүйелі түрде жүргізіп жатқан басшылығы арқасында "Тұлғаны тəрбиелеу жəне əлеуметтендіру"
ашық сабақтар өткізілді. "Өрлеу"-дегі тəрбие-өрлегені тұлғаның" деп аталған апталық барысында «Тұлғаны тəрбиелеу жəне əлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары Бекболаева Гүлнар жəне ф.ғ.к Медетбекова Меруерт өзара бірлесе "Оқушылардың интелектуалдығын көтеру" флеш-тренингтік ашық сабағын өткізді. Сондай-ақ т.ғ.к Байназарова Бағлан жəне п.ғ.к. кафедра меңгерушісі Бəкіржан Айдарбек "Мəдени мұра" бағдарламасы аясында «Елжанды тұлғаны тəрбиелеу" тақырыбында диалог дəріс өткізді. Басқа да кафедраларымыздың аға оқытушылары көптеген ашық сабақтар мен түрлі іс-шаралар өткізді. Біздің кафедраның басты ұстанған мақсаты:
АДАМ ТАҒДЫРЫ – ТӘРБИЕДЕ (Соңы. Басы 1-бетте). Педагогика үшін жəне бір маңыздысы – жеке адамды тəжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сəттегі істе белсенділігіне, оның бағытбағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты. Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырған іс-əрекеттегі белсенділігінің бағытбағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділік пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
меттік жəне рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-əрекетін қолдап, қуаттаушы əрі ұйымдастырушы əрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды. Тəрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мəні: орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нəтижеге жеткізетін тəрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тəрбие жұмыстарын алдын ала болжауға жəне ол іске терең мазмұндық əрі əдістемелік мəн-бағдар беруге болады.
əрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор. 3. Тəрбие барысында тəрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті. 4. Тəрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, қуанышын бірге білуге көмектесу. 5. Тəрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет. 6. Тəрбиелеуде оқушылардың жастық жəне даралық ерекшеліктерін ескеру орынды. 7. Тəрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы
кафедрасы оқытушылары "Тəрбие үдерісін жаңғырту жағдайында сынып жетекшісі қызметін жетілдіру", "Жалпы білім беру мен тəрбие үдерісінде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі", "Сынып жетекші жұмысының ғылымиəдістемелік негіздері", "Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында патриоттық тəрбие беру жолдары", "Мектептегі оқу-тəрбие үдерісіне көптілділікті енгізуді басқару" секілді тақырыптарда курстар ұйымдастырды. Курстар барысында курс тыңдаушыларына кафедрамыздың аға оқытушылары тарапынан апталықтар жəне көптеген
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында оқушылар бойында патриоттық тəрбиені қалыптастыру болып табылады. Биылғы оқу жылы барысында «Тұлғаны тəрбиелеу жəне əлеуметтендіру» кафедрасы аясында 50-ден астам курс ұйымдастырылды. Курс барысында 1300-ге жуық тыңдаушы жаңа ақпараттық технология үлгілерімен, онлаин сабақ өту түрлерімен, иновациялық зерттеулермен, көпсалалы оқыту мен əлемдік бəсекеге шыңдалып төтеп бере алар озық тəрбие беру əдіснамаларымен қамтылды. Алдағы кезде де осындай ізгі шаралар өз жалғасын таба беретіндігіне сенімдімін.
Аусылмен ауырған малды емдеу шараларын №34 (194) дұрыс жүргізу арқылы аман алып қалуға болады 26.09.2014 жыл
АЙМАҚ
¦ÄIËÅÒ
Соңғы жылдары аграрлы аймақ саналатын Оңтүстіктің орталығы Шымкент қаласында аусыл ошағы мүлдем тіркелмеген. Бұл Шымкент қалалық əкімдігі ауыл шаруашылық жəне ветеринария бөлімінің ірі қара мен қойларда жиі кездесетін аусыл ауруын алдын алу бағытында жүргізілген жоспарлы жұмыстарының жемісті нəтижесі.
болады. Аурудың жасырын кезеңі бір тəуліктен 7 күнге дейін жалғасады. Аша тұяқты жануарлар аусыл дертіне шалдыққанда оның дене қызуы 40,5-41,5 градусқа дейін көтеріледі, күйі төмендейді, алдындағы шөп, суға қарамайды. Ауру басталғаннан кейін күлдіре-
ошағы анықталған тұста аймақтағы жануарларды айдау, тасумен қатар жануарлардан алынатын азықтар мен шикі заттарды дайындайтын, өндіретін жəне өңдейтін кəсіпорындар жұмысын белгілі бір мерзімге тоқтату керек.
4
аурудың кең тарауына жол бермейтіндігімізді білген абзал. Егер аусылдың ошағы анықталған жағдайда тиісті сала мамандары эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршап, ол жерге тəулік бойы күзетшілік бекет қойылуын жолға қояды. Қоршалған ошақтың кіре-берісіне бақылау өткізу пунктін қойып, оны залалсыздандыру кедергілермен
санитарлық киіммен, аяқкиіммен, орамалмен, сабынмен жəне қолды залалсыздандыруға арналған ерітіндімен сонымен бірге бірінші медициналық көмек беретін дəрі салатын қораппен қамтамасыз етілуі тиіс. Аусыл ошағы анықталған жерден қандай да болмасын заттарды, мүліктерді, жабдықтарды, азық- түліктерді, жəне жемді алып шығуға
жəне залалсыздандыру қондырғыларымен жабдықтайды. Ауру жануарларды күту үшін тиісті адамдар аурудың ошағынан сыртқа шықпайды. Оларға жататын орын мен тиісті тұрмыстық жағдайлар жасалады. Ал мұндай жағдайлар мүмкін болмаған жағдайда, ауру ошағында жұмыс істейтіндер үшін қатаң санитарлық өткізу тəртібі орнатылады. Ауру малды күту үшін арнайы бекітілген адамдар ауыстыратын
болмайды. Фермалар мен азаматтардың аулаларында кеміргіштерді жою ұйымдастырылады, сонымен қатар ит, мысық, құстар жəне басқа жануарлардың аусылмен ауырған жануарлар орналасқан жерлерге кіруіне жол бермеу шаралары қолға алынады. Сондай-ақ, карантин аясында ауырған жануарлар қатаң есепке алынып, оқшауландырылған қораға шығарылып, залалсыздандырылады. Жалпы аусылмен ауырған малды емдеу шараларын дұрыс жүргізу арқылы аман алып қалуға болады. Қауіпті індетті асқындырмас үшін жануарларды тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады. Күлдіреген бөрткен жараға сортаң балшық тартады, ыстық қара май құяды немесе қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын араластырып аузын қан аққанша үйкелеп ысады. Сала мамандары сыртқы ортаға тез тарайтын аусылдың таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын жоспарлы шараларды жүйелі түрде жүргізу арқылы экономикалық шығынның алдын алатынын ұмытпаған абзал. Ж. МҰСТАФИНА.
АУСЫЛДЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ АЗАЙТАДЫ – Ағымдағы жылдың 6 айында Шымкент қаласындағы 116528 уақ малға, 64109 ірі қараға жəне 12602 шошқаға аусыл ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Қауіпті індетке қарсы егу жұмыстарын ауыл шаруашылық жəне ветеринария бөліміне қарасты «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны жүзеге асыруда. Осылай деген Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбай үй жануарларын қауіпті індеттен алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасатынын да баса айтты. Аусыл ірі қара мен қойда жиі кездесетін, арнаулы вирус тудырып, өте жіті түрде өтетін жұқпалы індет. Ол осыдан 400 жылдай бұрын пайда болған. Алғашында ауру Азия елдерінде тараса, қазіргі таңда бұл індет əлемнің барлық өңірлерінде кездеседі. Қоздырғышы - рибонуклеин қышқылынан тұратын, сыртқы қабаты белок қабықшамен қапталған сүзілгіш вирус. Қоздырғыш антигендік қасиеттеріне байланысты 7 түрге, атап айтсақ, А,О,С,САТ-1,САТ-2, САТ-3 жəне Азия-1 болып
бөлінеді. Елімізде аталған ауру вирусының А, О типтері өте жиі, ал С типі аз кездеседі. Қауіпті індет жылдың кез келген мезгілінде пайда болады. Оның қоздырғыш вирустары ауа-райының кез келген қолайсыз əсеріне шыдас береді. Арнайы мамандар қоздырғыш вирустардың малдың қанында 150-170, қар астында қалған өсімдік бойында 215 күн бойы тіршілік ететінін анықтаған. Сонымен қатар, оның ауру малдың сүтінде жарты тəулік бойы, ал тұздалған жəне сүрленген етте екі айға жуық уақыттай сақталатынын зерттеген. Вирустың бірден-бір жауы – қышқыл. Яғни қышқыл көп болған жерде аурудың қоздырғыш вирустары тез өледі. Аусылға барлық аша тұяқты жануарлар шалдығады. Əдетте ірі қара малдар ветеринария бөліміне аусылмен көп тіркеледі. Əсіресе бұл ауру 2-3 айлық бұзауларға көп ауыз салады. Қауіпті індетпен адамдар да, əсіресе жас балалар да көп ауыратыны дəлелденген. Індеттің аусыл ауруымен ауыратын малдан жұғатыны белгілі. Аша тұяқты жануарлар аусылға шалдыққанда аурудың жасырын өту кезеңінде сыртқа сілекейі, нəжісі немесе несебі арқылы шығып, вирустың өрбуіне себеп
уіктер мөлдір суға, көпіршіктерге айналады. Мөлдір су деп отырғанымыз улы сұйық зат. Ауру зілді өткенде малдың тілі аузына симай, салақтап шығып аузынан көпіршіген шұбырынды сілекей ағады. Мал арасында аусыл шығатын болса, ауру шыққан жерге карантин жарияланады. Аусыл ошағы анықталған жерден мал шығарылмайды жəне басқа жақтан əкелінбейді. Аусыл індеті тез тарап кетпес үшін қандай да бір үй жануарының бойынан аурудың белгілері байқалған жағдайда шұғыл түрде округтік, аудандық, қалалық əкімшілік аумақтық ветеринария бөлімінің көмегіне жүгінген абзал. Аусыл ауруына күдікті жануарларды өзге үй жануарларынан оқшау ұстап, жайылымға шығуына жол бермеген жөн. Аусыл індетінің
Аусылдың эпизоотиялық қатерлі ошағы аумағынан жануарлардың жəне кез келген заттар мен жануарлардан алынатын шикі зат өнімдері мен жем шөптерді, жемшөп қоспаларын бас ветинспектордың рұқсатынсыз шығаруға, (алып шығуға) жол бермеу қажет. Қолайсыз пункттен залалсыздандырылмаған күйінде күнделікті тұтынатын сүт өнімін шығармау, жануарларды қолдан ұрықтандыруға шығармау арқылы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ 2014 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ Биыл қала аумағында эпизоотияға қарсы профилактикалық шаралар, диагностикалық зерттеулер бойынша «Эпизоотияға қарсы шаралар жүргізу» бағдарламасына сəйкес ветеринариялық препараттарды қолдану жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 69 343,0 мың теңге бөлінді. Эпизоотияға қарсы шаралар бюджеттік бағдарламасы шегінде қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына індетті ауруларға қарсы егу жəне қан сынамаларын алып диагностикалық зерттеу жұмыстары бойынша республикадан бөлінген қажетті биопрепараттар əр айдың атқарылатын жоспарына сəйкес толық алынған. Бүгінгі таңға игерілген қаржы көлемі 44 101,0 мың теңгені құрап отыр. Осы қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылған:
Профилактикалық іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстар:
2014 жылдың 8 ай жоспарына сəйкес диагностикалық тексеру (қан алу) бойынша атқарылған жұмыстар №
Ветеринариялық ісшаралардың атаулары
2014 жылдың 8 айлық жоспары
Орындалғаны
% №
1
Сарып(қан алу) ІҚМ
39003
39003
100
2
Сарып(қан алу) уақ мал
78447
78447
100
Сарып ІҚМ (ИФА)
7348
7348
100
3
Сарып(қан алу) шошқа
3716
3716
100
4
Сарып(қан алу) жылқы
68
68
100
347
347
100
Сарып(қан алу) ит
5
1
Ветеринариялық ісшаралардың атаулары Құтыру
2014 жылдың 8 айлық жоспары
Орындалғаны
%
ІҚМ
4783
4782
100
2
Құтыру
уақ мал
3743
3742
100
3
Құтыру
жылқы
466
466
100
3344
3344
100
3344 60 417
3344 60 417
100 100
107 070
107 070
100
4 5
Құтыру
ит
6
Құтыру мысық Сібір жарасы ІҚМ
7
Сібір жарасы уақ мал
8
Сібір жарасы жылқы
6319
6319
10 0
9
Сібір жарасы шошқа
10 908
10 908
100
Құс тұмауы
6310
6310
100
8260
8260
100
ІҚМ
82956
82956
100
шошқа
6500
6500
100
2324
2324
100
6
Хламидиоз ІҚМ, уақ мал
1633
1633
100
7
Жұқпалы эпидидимит (қан алу) уақ мал
1396
1396
100
8
Аусыл (қан алу) ІҚМ
871
871
100
9
Аусыл (қан алу) уақ мал
1586
1586
100
10
10
Аусыл (қан алу) шошқа
143
143
100
11
Эктима уақ мал
11
ИНАН жылқы
10
10
100
12
Туберкулез
12
Күл тексеру уақ мал
7
7
100
13
Туберкулез
56
56
100
14
Маңқа
8
8
100
15
Лептоспироз уақ мал
13497
13497
100
16
Лепто спироз ІҚМ
18738
18738
100
30
30
100
17
Лептоспироз жылқы
271
271
100
4
4
100
18
Лептоспироз шошқа
1060
1060
100
ІҚМ
20
20
100
19
Пастереллез ІҚМ
651
651
100
Бродзот уақ мал
10
10
100
20
Пастереллез уақ мал
1192
1192
100
21
Пастереллез жылқы
10
10
100
22
Пастереллез
40
40
100
122 846
122 846
100
27583
27583
100
41 567
41 567
100
13 14 15
Құс тұмауы Токсоплазмоз (барлық жануарлар түрі) Бакт.зерт. пастрел. барлық түрі
16
Туберкуллез ІҚМ
17
Қарасан
18 19
Листериоз барлық түрі
3
3
100
20
Бруцеллез барлық түрі
4
4
100
21
Сібір жарасы барлық түрі
80
80
100
23
22
Вирус. зерт. Құтыру барлық түрі
12
12
100
23
Губка тəрізді энцефалопатия ІҚМ
6
6
100
24
Анаэробная энтеротоксемия
8
8
100
25
Эпиз.лимфангоит (жылқы)
3
3
100
1
1
100
26
Оба етқоректілер (вирусологиялық зерттеу)
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
24
жылқы
шошқа
Күл уақ мал Қарасан
ІҚМ
25
Оба уақ мал
26
Листериоз ІҚМ
952
952
100
27
Листериоз уақ мал
443
443
100
28
Листериоз шошқа
741
740
100
29
Брадзот уақ мал
1309
1309
100
30
Шемендеу (эхинооккокоз)
9400
9400
100
¦ÄIËÅÒ ШЕЖІРЕ ШЕРТКЕН СЫР Дулат – Сиқым, Ботбай, Шымыр жəне Жаныстың атасы (əкесі). Қасиетті Қазығұрт тауы мен Əбілқасқаның (Үлкен Шымған) арасын мекен еткен Дулатқа Бақ қарап, Қыдыр дарыған. Біз Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Абай ауылының тұрғыны, шежіреші Құрбанəлі Түймебайұлының айтуынан Дулат баба жайында ел арасында тараған аңыз əңгіменің бір нұсқасын жазып алған болатынбыз. Ол ақсақалдың айтуына қарағанда, Дулат аузы дуалы, айтқаны тегін кетпеген əулие болған көрінеді. Əулие əзіз бабамыз төрт ұлының бойларына біткен қасиеттерін сынап, соған байланысты келешектерін болжап, өз ерекшеліктеріне қарай оларға бата берген. Сиқымның нəсіліне серілік, Ботбайдың ұрпағына батырлық, Шымырға байлық, Жанысқа бектік, билік мирас етіліп, нəсіп болыпты.
Ботбайдың ұрпағына батырлық нəсіп еткен
ШЕЖІРЕ жылы марттың (наурыздың) 28-і жұма күні жазылып аяқталған «Төле бидің тарихы» жыр-дастаны мен 1943 жылдың 11-12 декабрі (желтоқсаны) күндері хатқа түскен «Төле би» (оны тарихшы Əбілқасым Ділібаев «Төле Əлібеков» деп өзгерткен) шежіресінің туындыгері. Кейінгі «Төле би» шежіресінде Сəмен батыр əзіз бабамыздың айналасындағы батырлардың бірі ретінде аталған: «Төленің айналасында көп батырлары болыпты. Оның ішінде сенімді батырларының бірі – Өтеген батыр екен. Өтеген Өтеғұлұлы Жаныстың Жарлықамыс тарауынан... Өтегенмен қатар, көрнекті батырлар Қойгелді Сартұлы (Шымыр руынан), Шінет батыр (Сиқым руынан) болыпты. Шінет Əлібектің қызынан туған, Төленің жиені екен... Бұлардан басқа, Ботбай руынан шыққан Сəмен батыр, Қаңлы руынан шыққан Құнан батыр жəне өзінің жақындары Бəйтік Ақботаұлы, Құрманали (əсілінде Құрбанəлі-Е.Қ.) Өтебайұлы деген батырлар болған»
қырғыздың Садыр жəне Досқұл деген батырлары қазаққа тізесін батырмақ ниетпен келгенде, Сəмен батыр жекпе-жекке шығып, Садырды өлтіреді. Бұл оқиға аталмыш жырдастанда былайша бейнеленген: «Топышақтан ат сайлап, Ерден ерді таңдады. Аударылып ат шауып, Қарағай ұстап найзаны. Майданда Садыр ойнады, Көрініп жаулық бетінде. «Біріңді аман қоймаймын, Жетемін, – деді, – сертіме». ...Һешкім беттеп келмеді, Тайдырған Садыр көп елді. Елінде Ботбай Жанқойлық Сəмен деген ер еді. Атының басын ірікпей: «Көп үшін қидым жанымды, Əзіз Төле інісі, Бата бергін», – деді енді. Ұлы жүз түгел иіліп: «Абыройлы боп кел!» – деп Шулап бата береді. «Сəмен! Сəмен!» – деді де,
ақын: «Дулаттың кім білмейді Төле биін, Кейінгі Тойшыбек пен Сыпатайын. Ерлігі ел аузында ертек болған Қойгелді, Өтеген мен Молдабайын», – деген екен. Нақ осы арада Сыпатаймен бірге Ботбайдан шыққан Тойшыбек батыр да аталған. Сыпатай батыр Ботбайдың Шағай əулетінен. Шағайдан – Байкүшік, одан – Асан, одан – Еліс, Сүйіндік. Елістен – Қыдыр, Жəдік, Дəулет. Қыдырдан – Бура, Жарас, Өтеулі, Өтеп, Малғара, Мамыр. Өтеуліден – Қонақбай, Өмірбек, Əлібек. Осы Əлібектен – Аңдас, Сыпатай. Қазанқап ақын «Төле бидің тарихы» жыр-дастанының соңғы бөлімінде Жаныс Бəйтік батырдың қазасынан кейін қазақ пен қырғыздың арасы жақсы болмағанын сөз еткен. Ботбайдан шыққан батырлардың арасынан Сəмен, Сыпатай жəне Аңдас үшеуін атаған: «Бəйтік өліп кеткен соң, Қырғыз-қазақ жауласып, Бірнеше жылдар жүрді енді.
№34 (194) 26.09.2014 жыл
сайының қосылған жеріне барғанда Кене хан қолға түсіпті. Хан қолға түскен соң Наурызбай төре қырғыздарға өзі барыпты. Қалған батырлар соғыса жүріп, тау-тасқа шығып құтылыпты. Таятайдың өзінен басқа Саурық, Əуез, Атамқұл батырлар бар екен. Өштесіп жүріп, Саурықты кейін қырғыздар өлтіріпті. Сыпатай мен Рүстем Майтөбеден бөлінеді. Олар Шудың арғы оңтүстік жағымен кетеді. Ол жөнінде Мəдібек Бекқожаев былай дейді: «Сыпатай батыр мен Рүстем төре қолды Шудың арғы жағымен түнде қашырыпты. Қол келіп, Мықан суына тіреліп, өте алмай жүргенде, таң атып кетіп, оларды қырғыздар көріп, сол жерде соғыс болып, арты жау, алды су болып, көп адам өліп, көп адам қолға түсіп, қазақ көп шығынға ұшырапты» (ҚР ҰҒА, Орталық ғылыми кітапханасының қазақ əдебиеті, сирек кiтаптар жəне қолжазбалар бөлiмi, 833-бума, 5дəптер, 20-21 беттер). Тарихшы Əбілқасым Ділібаев бұл дерек мағлұматтарды 1944 жылы 20-
5
хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматия») кітабы жарыққа шыққан. Хрестоматияның 110-бетінде «Ботбай Сыпатай батыр сексен беске келіп, өліп еді. Сол Сыпатай батыр Қырғызға аттанып, ... ұрыс қылып, ерлік қылар еді. Осы Сыпатай батырды барша мұсылман баласы білер еді. Орыстың үлкен генералдары да ыңғай берген екен. Осыларын жоқтауға қосып жылағаны артында қалған қыз-қатындарының айтқаны осы», – делінген. Жоқтау былай болып келеді: «Сексен беске келгенде, Ағыбайға аттанған. Жолына жүз түйе алып, Боз балаға мақтанған. Арқаныңа алдың түйесін, Табушы ең сөздің жүйесін. Ұйлыққан қойдай қып кеттің, Дулаттың алып иесін! Он ердің құнын кессең де, Біреуінен билік алмаған. Ақыретте арам деп Аузына пара салмаған. Пара жеген билерден Малың сенің көп болған... Əруағың жұрттан асыпты, Сондықтан саяқ шауыпты. Сыпатай, Аңдас қос батыр Əбүйірді тауыпты» (110-111 беттер). Нақ осы «Қырғыз хрестоматиясы»
Расында да Ботбайдан батырлар көп шықса, Жаныс баба үрім ұрпағынан бектік, билік он бірінші буыны Қасымбек болысқа дейін үзілмеген. Ботбайдың жауынгерлік ұраны: Сəмен. Ботбай төрт əулетке бөлінеді: Құдайқұл, Шағай, Бұйдас, Қоралас. Шағайдан – Байкүшік, Көшпентай, Есенкелді. Байкүшіктен – Асан, Тайлақ. Көшпентайдан – Есенбай, Жанқойлық. Есенкелдіден – Ақша, Қожай. Бұлар: «Алты арыс Шағай», – делінеді. Сəмен батыр Ботбайдың Шағатай аталығынан өрбіп шыққан. Есенбайдан – Жанəлі, одан – Шағатай, одан – Өтеп пен Жауыш. Өтептен үш бала: Маман, Дəнен, Жолан. Дəненнен екеу: Əлмес жəне Сəмен батыр. Əлместің балалары ағалы-інілі Керім мен Тойшыбек «Қос батыр» атанған адамдар. Тойшыбектен – Байсейіт батыр. Ол патшаға да, Қоқанға да бағынбаған. Көп соғысқан. Сол соғыстардың бірінде жауырынына оқ тиіп, ол оқ сүйегінде тұрып қалып, содан өлген. Байсейіттің Əсел атты жалғыз қызы болған, ол Сырымбет ішіндегі атақты Ноғайбайға тиген. Ботбайдан – жоғарыда аталған Сəменнен басқа Қоралас аталығынан Жауғаш батыр, Сиыршы руынан Қоқ батыр, Жанқойлық руынан Толымбек батыр, Əлібек балалары Аңдас пен Сыпатай, Оразалы Қожамжарұлы секілді батырлар шыққан. Төлеби ауданындағы «Зертас» ауылының тұрғыны, шежіре мен тарихты көп жинаған, ғұлама молда Ереген Ағыбайұлының (қазір марқұм) сегізінші бабасы Төлеке батыр (ХVІХVІІ ғ.ғ.) атақты еңсегей бойлы ер Есім ханның уақытында жасаған. Төлекенің ағасы Қанай да батыр болған. Біздің қолымызда осы аталған қос батыр жайында өте құнды мəліметтер бар. Ботбайдың атақты ақыны: Қоралас руының Қарақосай атасынан өрбіген, қылыштай кесіп сөйлейтін Қылышбай Ержанұлы Қыстаубай немересі еді.
ТАМЫРЫ ТЕРЕЅ БƏЙТЕРЕК Халық поэзиясы өкілдерінің бірі, тарихи жырлардың жүйрігі Қазанқап Байболұлы (1891-1945) осы күнгі Оңтүстіктегі Төлеби (бұрынғы Ленгір) ауданының тумасы. Ол – 1941-інші
(ҚР ҰҒА, Орталық ғылыми кітапханасының қазақ əдебиеті, сирек кiтаптар жəне қолжазбалар бөлiмi, 833-бума, 5-дəптер, 30-31 беттер). Еңсегей бойлы ер Есім ханның уақытында жасаған Жаныс Құдайберді биден өрбіп шыққан Бəйтік батыр негізінде Ақботаның баласы емес, немересі болып келеді. Құдайбердіден – Əлібек, одан – Ақбота, одан – Ырысбай, одан – Бəйтік. Сəмен батырдан – Қапсалаң, одан – Диқанбай, одан – Тəспек, одан – Молдаш, одан – Қəдір. Тарихшы Əбілқасым Ділібаев 1943 жылдың мамыр айында Қəдір Молдашевтің айтуынан Сəмен батыр туралы мынандай құнды мəлімет жазып алған: «Бұрын қазақ пен қалмақ соғысады екен. Сол соғыстың бір жорығында Ботбайдың Сиыршы руынан шыққан Қоқ батырдың қолымен бірге Сəмен соғысқа барыпты. Соғыс өте қатты болып, Қоқ батырдың қолы шегініпті. Сонда Қоқ: «Өзіме серік болып жау тоқтатар адам бар ма?» – деп бір жолдасынан сұраса, ол: «Бір бала тоқтап-тоқтап ұрыс салып келеді. Сол болмаса», – депті. Сонда Қоқ батыр Сəменді шақырып: «Өз атыңды ұран етіп, жауға қарсы шауып, бетін қайыр», – депті. Сəмен сол жерде жауға қарсы шауып, қалмақтың туын жығыпты. Оның артынан Қоқ батыр өзі қолды бастап барлығы жауды жеңіп қайтыпты. Сөйтіп, Сəменнің батырлығы 14 жасында көрініпті» (ҚР ҰҒА, Орталық ғылыми кітапханасының қазақ əдебиеті, сирек кiтаптар жəне қолжазбалар бөлiмi, 833-бума, 5дəптер, 4-бет). Ботбайдан шыққан Сəмен өсе келе əзіз Төле биге барып, оның айналасындағы Жаныс Өтеген, Шымыр Қойгелді, Сиқым Шінет тəрізді батырлармен жолдас болып, əзіз бабамыздың сенімді серігіне айналған. Солармен тізе қосып, жауға қарсы жан аямай ұрысып, жүректі батыр екенін танытқан. Даңқы шығып, абырой-беделі асқан соң мұқым Ботбайға ата ұран болып көтерілген. Қазанқап ақынның «Төле бидің тарихы» жыр-дастаны кіріспеден жəне үш бөлімнен тұрады. Үшінші бөлімінде Төледен кейінгі оның баласы Қожамжар би кезіндегі оқиғалар жəне Қоқан дəуірі сөз етіледі. Қожамжар би мен Бəйтік батырдың уақытында
Сыпатай батыр
Ботбайдан шыққан батырлар Ат ойнатып жөнеді. Қарсыласа бастады, Көзін тайып саспады. Пайманасы толған соң, Төгіледі тасқаны. Абыройлы болып Сəмен ер, Көкіректен шаныштады. Бағы тайып басынан Садырды шаншып тастады. Туы құлап қырғыздар, Үрейлей қаша бастады. Көңілі өсіп айқайлап, Қазақтар қуа бастады, Досқұлды да өлтіріп, Қарық болды олжаға. Абырой тауып бұл түрлі, «Бөлінсе, бөрі жейді», – деп Əуелінде Ұлы жүз Алалықпен алдырды. Ынтымақ болып қосылып, Жайлады Досқұл, Садырды». Бұл арада ақын «Əзіз Төле інісі» деп қолды бастап барған Жаныс Бəйтік батырды айтып отыр. Сəмен батыр бата алып, өз атын ұран етіп шақырып, қырғыз батырын жайлаған екен. Тек батырдың Ботбайдың Жанқойлық руынан емес, Есенбай руынан екенін ескерте кеткеніміз жөн.
ЕР СЫПАТАЙ БАТЫРЫМ АСЫП ТУЄАН Қазақтың Дулат тайпасындағы Ботбайдан өрбіп шыққан ағалы-інілі Аңдас пен Сыпатай батырлар Қоқан хандығының басқыншылығына қарсы жан аямай күрескен. Содан екеуінің де даңқы шыққан. Бір жиында Майкөт
Сайрамдағы Ботбай ата мовзолейі
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Қуып, қашып шыдаған, Дерегі бар əркімнің. Ұзатсам һəрбір жердегі Жаңқараш, Жантай деуші еді, Қырғыздағы ерлерді. Атағы шыққан қазақта Сол шамада бұл еді. Үш жолбарыс атанған Ақайдар, Беласар, Тауасар Өтебайдан əйгілі. Ақпан батыр Шегірден Атақты Шымкент елдегі. Жанып шыққан Сиқымбай Есіркеп пенен Сəркелі. Ботбайда Сəмен əуелгі, Шудан əрі өрдегі Сыпатай, Андас дегендер Берігерек жердегі». Сыпатай батыр Кенесары ханның қозғалысына қатысқан. Ол туралы жазылып жүрген бір мəліметте былай делінген: «Арқадан ығысқан Кенесары хан Оңтүстікке келіп, Қоқан, Хиуа хандығының бекіністеріне шабуыл жасағанын естіп, содан рухтанып атқа қонған ел азаматтарын бастап, Сыпатай да көтеріліске шығады. Кейін Кенесарыға барып қосылады, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай одан бөлініп, өз əскерін бастап кетіп қалады. Оның өзіндік себебі де бар еді». Б.Əбділдаұлы өз кітабында Сыпатай батырдың Кенесары ханнан бөлініп кеткен себебін былайша ашады: «Жиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батыры – Аңдас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындары елін Қоқан басшыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қонысына жер береді. Қалың малын төлеп қыз əпереді. Қырғыздың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші əкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасап, екінші Отанына айналған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, əрі ата жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарымқатынасты бұзғысы келмейді». Кенесары қозғалысына қатысқан батырлардың бірі – Шапырашты Таятай болған. Сол батырдың айтқан əңгімесін жеткізуші Белқожа Жаманбасов тарихшы Əбілқасым Ділібаевқа былай деген екен: «...Қырғыздың Жантайы Сыпатай батыр мен Рүстем төреге сөз салыпты. «Қалағаныңды берелік, Дулаттың қолын қашыр», – депті. Кене хан алғаш келгенде Сыпатай батыр мен Рүстем төре барса, хан бас-аяғына жастық қойып жатыр екен дейді. Тұрмапты, [орнында] жатып жауаптасыпты (сөйлесіпті). Сонда Сыпатай батыр: «Бұл қай қорлағаны?» – деп өкпелеген екен. Содан манаптардың айтқанына көніп, қолды қашырыпты. Кейін Жантай: «Не қалағаның бар?» – деп сұрағанда, Сыпатай: «Алатаудың теріскейінен жайлау, бауырынан күздеу бер», – деп қоныс алыпты. Қол азайғасын қырғыздар кептей бастапты. Қазақтар Майтөбеден тауға қарай шегініпті. Алмалы мен Суалман
желтоқсанда хатқа түсіріп, Алматыдағы қолжазбалар қорына тапсырған екен. Тезек төренің баласы өлгенде, Сүйінбай ақын оның көңілін сұрай барыпты. Сонда ақыннан бұрын Тезек төре алдын-ала өлеңдете жөнеліпті. Сөйтіп, екеуі қақтығысып, айтысқа түсіпті. Сүйінбай мен Тезек төренің айтысын біз Ботбайдан шыққан Ереген Ағыбайұлының айтуынан жазып алған болатынбыз. Айтыстың бір құндылығы, Сүйінбайдың Тезек төреге арнаған кезекті бір жауап сөзінде Дулат тайпасынан шыққан төрт қабырға тіреуі жөнінде айтылған. Ер Сыпатай батырды сол төртеуінен де асып туған деп жоғары көтеріп бағалаған: «Хан ием, бір сөз айтсам сүйемісің, Сен-дағы өлмей тірі жүремісің? Дулаттың төрт қабырға тіреуі бар, Қай жерінен шыққанын білемісің? Біреуі төрт тіреудің Байзақ бай, Қара үңгірде Шəйбек бар жүзі нарттай, Келеді əлі маңға жауды артпай. Бөгдаңдайда Батырбек, батыр Аңдас, Болмады əлі күнге жауы жандас. Ең үлкені Сыпатай асып туған, Күші артық төртеуінен тасып туған. Толқынын Құдайымның тоқтатам деп Құрып кетіп жүрмегін сен антұрған. Сыпатай қара лəшкер қарагері, Қазақтан менмен деген асқан сері. Үш жүзге ортақ Абылайдың тұқымы едің, «Албан, Суанды Дулаттан жақын көр» деп Қайсы əулие түсіңде аян берді? Үш жүзді бірдей күткен хан Абылай, Атаң Əділ сұраған жұрт едім-ай. Албан, Суанды Дулаттан жақын көріп, Тақсыр хан, құрып кетіп жүрмегінай». Сол уақытта қарсы сөз айтқан Сүйінбайды байлап алыпты. Албан мен Суанның бетке ұстар билері: «Мұныңызды қойыңыз», – деп төреге бір ауыз сөз айтуға жарамапты. Төренің уағында Суаннан Қожамбет, Албанның Қашекей деген аталығынан Жайнақ деген билер болған екен. Соларға қарап Сүйінбай былай депті: «Сенімен түбім бірге баяғыда, Келмейді ешбір нəрсе қаялыңа. Сыпатай жасақ тартып келе қойса, Барасың Албан, Суан қаяғына? Алдымен мақтап жүрген төрең өлер, Кіреді қазған көрдің даярына». Бұл сөзден кейін Тезек төре қауіп қылып, Сүйінбай ақынның астына ат беріп, иығына шапан жауып, қасына екі жігітті қосып, Тараз қаласына жеткізіп тастаған екен». Бұл арада аталған Байзақ Шымырдан, Шəйбек пен Батырбек екеуі Сиқымнан, Аңдас пен Сыпатай Ботбайдан тарап шыққан. Қара үңгір – таудың аты, Сайрам ауданында. Қара үңгірдің төменгі сайын Құтырған, Сарыбұлақ дейді. Бөгдаңдай – Алматы облысының Қордай ауданы жері, ертеректе солай аталған екен. 1883 жылы Ташкент қаласында Я.Лютштің «Қырғыз (қазақ)
кітабының 114-бетінде «Майлы қожа ақынның Ноғай мырзаға айтқан өлеңі» бар. Ноғай мырза – Сыпатай батырдың баласы. Бұл өлеңнің мазмұнына қарағанда, даңқты Сыпатай батырдың асында үш Алаштың (жүздің) бар жақсылары бас қосқан. Сырдың арғы жағындағы қоңыраттар мен Майлы қожа ақын жолда (қонған жерлерінде екі-үш күннен аялдап қалатыны бар) басаяғы жиырма күн жүріп, жиын асқа келген екен. Сондағы Майлының айтқаны: «Ботбай деген туғаным, Мүбəрак болсын думаның. Атқа мінген жау болса, Соңынан іздеп қуғаның... Ер Сыпатай батырға Жолдас қылсын иманын... Киік атар сұр мерген, Дүние де өтпес кімдерден? Өкініші қалар пəнденің Өтіп кеткен күндерден. Өлген батыр Сыпатай Қайтып келіп, тіріліп, Қайта думан қылдырмас Бұл бір дəурен бір келген. Тегіс білген атыңды Жақын менен алысың. Үш Алашқа жайылды Жүз түйе тіккен дабысың. Саналы батыр деуші еді Бермеген жауға намысын. Мерекеңнің қызығын Бұ Дулаттан оздырдың. Есіткен жанның бəрінің Арқасын жаман қоздырдың. Жиырма күн жол жүріп, Келіп едім даңқыңа... Сыпатай ердің асына Сырдан арғы ел едік, Ер Ноғай деп кеп едік... Жеті атасы бек өткен, Немересі асылдың Қасымбек мырза кеп еді. Жеті атасы бай өткен, Қоңырат жұрттан даңқы озған Ергөбек ұлы Жамантай О да мұнда кеп еді... Жақсы, жаман айырған Сарап мырза деп еді. Мейман келсе алыстан Осылай ма еді жолыңыз? Ер деуші еді Дулаттан Ботбай деген тобыңыз. Мейманыңыз көп болып, Тимеді ме қолыңыз? Қаз ойламас тойғанын Хысап қылар орғанын Жиырма күнде дегенде Енді келдік ауылға Қоңыратқа еп пе еді, Бір үй бермей қойғаның?...» (114120 беттер). Көпшілік жиналған аста Майлы мен қоңыраттардың күтімі ойдағыдай болмағанға ұқсайды. Содан ол өз өлеңінде ішкі ренішін де жасырмаған. Майлы ақын Дулаттың ішінде Ботбай тобының өзгесінен гөрі батыр, ер екенін əдемі етіп айтып өткен. Сыпатайды «Ер Сыпатай батыр», «Батыр Сыпатай», «Сыпатай ер» деп көрсеткен. Жоғарыдағы келтірілген дерек мағлұматтарға қарағанда, Дулаттың Ботбайынан өрбіп шыққан ер Сыпатай батырдың атақ даңқы мұқым үш жүзге əйгіленіп, төрт тараптағы мұсылман баласы үшін орны үлкен болғаны көрінеді. Құралбек ЕРГӨБЕКОВ, Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.
ЖАРИЯ ЕТУ
¦ÄIËÅÒ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың заңды айналымнан шығарылған капиталға рақымшылық акциясын жасау туралы тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңы қабылдағаны белгілі. Бұл заң көлеңкелі экономиканы қысқартуға, ұлттық экономикаға қосымша қаражат тартуға жəне инвестицияларды ұлғайтуға ықпал ететін болады жəне мүліктерді жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығында өтеді деп белгіленген болатын. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Əбдірқызы Исаеваға аталмыш науқанға қатысты бірнеше сұраққа жауап беруін өтінген едік. – Қазақстанда рақымшылдық туралы науқанның екінші рет жариялануына қандай себептер болды? – Біріншіден, бұған Бүкілəлемдік даму банкінің бағалауы ықпал етті десек болады, онда Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі қаржы айналымының үлесі қомақты түрде жалғасып, 2012 жылдың қорытындысында 19,2% құрағаны көрсетілген. Сондықтан да, қаржы мен мүлікті жария етудің бірден-бір мақсаты «көлеңкелі» экономикадағы қаражатты жарыққа шығарып, экономиканың заңды жолына тарту Екіншіден, Қазақстан экономикасында шетелдік инвестициялардың қысқарып кетуі байқалуда, əлемде орын алып отырған осындай жағдайлар тиісінше Қазақстан экономикасын екінші деңгейдегі банктер тарапынан несиелеулердің төмендеуіне ықпал етті. Осынының есебінен жəне алдағы уақытта енгізілетін табыс декларациясын жариялау есебінен Қазақстан азаматтарына мүлкін, оның ішінде заңды айналымнан шыққан табыстарын, тиесілі емес тұлғаларға рəсімделген немесе ҚР заңдылықтарына сай рəсімделмеген мүліктерін заңдастыруға мол мүмкіндік туып отыр – Жария етуге нелер жатады? – «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 3 бабына сəйкес жария етуге: ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тиесілі емес тұлғаға ресімделген құрылыстар (ғимараттар),тиесілі жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын, олар орналасқан жер учаскелерінің мақсатты пайдалануына жəне құрылыс нормалары мен қағидаларына сəйкес келетін құрылыстар (ғимараттар), Қазақстан Республикасының шегiнен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктер жатады. – Жария ету науқаны кезінде қандай шектеулер белгіленген? – Қылмыс кодексінің бірқатар баптарынан басқа сыбайластық жемқорлық пен басқа да қылмыс жасау жолымен алынған мүліктер, кредит ретiнде алынған ақша, сондай-ақ сот тəртiбiнде оған құқықтары дауланып жатқан мүлік, Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқық беруге жол берiлмейтiн мүліктер; банктен кредит ретiнде алынған ақша, мемлекет пайдасына беруге жататын мүлік яғни қазына, иесі жоқ мүліктер рақымшылыққа жатпайды. Бұдан бөлек, мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы алынған мүліктер де жария етілмейді – Капитал мен жылжымайтын мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығы сақталатыны жарияланды. Яғни қылмыстық іс қоғалмайды, солай ма? – Заңның 5 бабына сəйкес мемлекеттiк органдар мен
ұйымдар мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл орайда мүлiктi
М
Мəліметтердің толықтығы мен дұрыстығына №34 (194) жауаптылықты жария ету субъектісі алады 26.09.2014 жыл
6
ақшаның есебін жүргізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. Ақша жинақ шоттарына салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі. – Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласындағы жария етуді өткізу жөніндегі комиссиялар қайда орналасқан? Олардың жұмыс тəртібі қандай? – Мұндай комиссиялар бүгінде облысымыздың барлық аудан, қалаларындағы əкімдіктер жанынан құрылған жəне бұл жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа кеңінен хабардар етілуде. Шымкентте жария етуге құжаттарды қабылдау əл Фараби, Еңбекші жəне Абай ауданы əкімі аппараттарының ғимараттарында жүзеге асырылуда. – Жария етуге жататын мүлікті тексеру жөніндегі сарапшыларды іріктеуді кімдер жүргізді жəне қалай жүргізілді? – Жария етуді жүргізу үшін арнайы сарапшылар іріктелген жоқ, бүгінде Қазақстан бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, нысандардың құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкестігіне сараптама жүргізетін
куəліктің көшірмесі, жылжымайтын мүлік жария етілсе, соған қатысты сарапшының қорытындысы мен мүліктің техникалық паспорты ұсынылуы тиіс. Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету үшін құжаттарды жария ету субъектісінің тұрғылықты жеріндегі жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға береді. Жылжымайтын мүлікті жария ету құжаттарын сол мүліктің орналасқан жеріндегі комиссияға беру керек. Комиссия барлық аудандар мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдарының жанында құрылып, жұмыс істеп жатыр. Шетелдердегі мүлікті жария ету үшін құжаттар Заңның 7 бабына сəйкес жария ету субъектісінің тұрғылықты жеріндегі салық органдарына беріледі. Берілген өтінішті комиссия өтініш ұсынылған күннен бастап
Роза ИСАЕВА, ОҚО қаржы басқармасының басшысы:
ЕМЛЕКЕТ
ОЛ МҮМКІНДІК БЕРІП ОТЫР
жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік əрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды немесе əкiмшiлiк жəне тəртіптік жазалау шараларын қолдануды жүзеге асыру жөнiндегi процестік əрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады. – Мүлікті жария еткені үшін алым мөлшері қанша жəне ол қандай жылжымайтын мүліктер үшін алынады? – Жылжымайтын мүлік Қазақстан Республикасынының аумағында орналасса, сондай-ақ жекешелендіру объектілерін алу жолымен Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялаған ақша сомасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық əлауқат қоры» акционерлік қоғамының активтері, «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберіндегі акцияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларына, қазақстандық қор биржасына орналастырылған басқа да бағалы қағаздарды жария еткені үшін алым салынбайды. Жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс орналасқан мүліктің бағалау құнының он пайызы мөлшерінде алым төленеді. – Жариялануға жататын мүліктерді рəсімдеуге (құқық белгілейтін жəне құқықты куəландыратын – жер актісін, техникалық төлқұжатты, пайдалануға беру, тіркеу актісін алу) байланысты шығындарды кім төлейді? – Жария етілген мүлікті рəсімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес төлейді. – Жария ету акциясын өткізудің тəртібі қандай? Құжаттарды қайда өткізу керек? – Жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтеді. Алайда, мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету үшін құжаттарды ұсыну мерзімінің 2015 жылғы 30 қарашада аяқталатынын есте сақтау қажет. Бұл үдерістерді жүзеге асыру үшін өтініш, жеке
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды жəне Заңда көрсетілген талаптар орындалған жағдайда мүлікті жария ету жөнінде шешім шығарып, оны жария ету субъектісінің қолына табыстайды. Жария етілетін мүлік бойынша ұсынылған мəліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауаптылықты жария ету субъектісі алады. Жария ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінде ашылған жинақ шотына ұлттық
жəне (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақшаны салған (аударған), жария етілетін ақша жинақ шотында, жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай жатқан кезде жария етуге жатады. Бұл ретте шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде ашылған жинақ шоттарына
салынған (аударылған), жария етілген ақшаның сақталуы Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасына сəйкес реттеледі. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің жинақ шоттарды ашу жəне жүргізу ерекшеліктерін, жария ету субъектілеріне жария ету үшін жинақ шоттарына ақшаны салғанын (аударылғанын) растайтын құжатты беру тəртібін, сондай-ақ жинақ шоттарындағы
Елдегі өткен жария ету қорытындылары Алдағы мүлікті жария ету қарсаңында өткен жылдардағы тəжірибе мен оның нəтижелерін ұсынамыз. Қазақстан Республикасындағы алғашқы ақшаны жария ету 2001 жылғы 14 шілдеден 14 тамыз аралығында өтті. Оны өткізу тəртібі мен мерзімдері «Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың ақшаны жария етуіне байланысты рақымшылық ету туралы» ҚР 2001 жылғы 02 сəуірдегі Заңымен реттелді. Ақшаны жария етуді өткізу кезінде ҚР азаматтары екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттарға ақшаларын енгізу арқылы біржолғы науқан ретінде өткізілді. Осы Заңға сəйкес, ақшаны жария етуді растау екінші деңгейлі банктермен оның арнайы есепшотына жария етілген ақшаны енгізгенін растайтын берілген құжат болып табылады. Заңмен ақшаны жария еткен субъектілердің жария етілген кірістерге салық төлеуден жəне тиісті жауапкершіліктен босатылуына кепілдік берілді. Рақымшылық нəтижесінде 3 мыңдай ҚР азаматы 480,0 млн. астам АҚШ долларын жария етті. 2006-2007 жылдардағы жария етуге тек ақша ғана емес жылжымалы жəне жылжымайтын мүлік те жатты. Осы ерекшелікті жəне мерзімдерді ұзартуды ескере отырып, науқан 2006 жылғы 3 шілдеден 2007 жылғы 1 тамызға дейін ұзақ сипат алды. Мүлікті жария етуді өткізу тəртібі «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР 2006 жылғы 05 шілдедегі Заңымен (бұдан əрі – Заң) реттелді. 2006 жылғы Заң нормаларына сəйкес, мүлкiн жария еткен азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар əкімшілік құқық бұзушылықтар мен тəртіптік теріс қылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылды. Сонымен бірге, 2006 жылғы Заңмен мүлікті жария етуді өткізу үшін мүлiктi жария еткенi үшiн жария етілген мүліктің құнынан 10% көлемінде алым көзделді. Осы науқанды өткізу нəтижесінде: - 844,7 млрд теңгеге, немесе 6,8 млрд АҚШ долларына (8,3% 2006ж. ЖІӨ) мүлік жария етілді, соның ішінде, – 538,4 млрд теңге (барлық мүлік-
тен 63,7%), жылжымайтын мүлік – 236,2 млрд теңгеге; - республикалық бюджетке 59,6 млрд. теңге, немесе 483 млн АҚШ доллары түсті (мүлікті жария еткені үшін алым). Қазіргі уақытта мүлікті жария ету жөнінде жаңа науқанды өткізу мəселесі өзекті болып саналады жəне оған бірнеше алғышарттар бар. Мүлікті жария ету жөнінде жаңа науқанды өткізудің бірінші алғышарты Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі айналымның елеулі үлесі болып табылады. 2012 жылы көлеңкелі экономиканың көлемі ЖІӨ-ге 19,2%, немесе 5,8 трлн.теңгені құрды (Бүкілəлемдік банкінің бағалауы бойынша). Екіншіден, шетел инвестициялары қысқаруының жəне ағымдағы операциялар есепшоты сальдосы төмендеуінің куəсі болудамыз: Осылайша, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының таза құйылуы 2013 жылғы 9 ай ішінде 8,1 млрд. $ құрды, 2012 жылы – 13,2 млрд. $, 2011 жылы – 13,9 млрд. $, 2010 жылы 11,5 млрд. $ құрды. Ал бұрынғы салынған шетел инвестициялары бойынша инвестициялық кірістердің жылыстауы 2013 жылғы 9 ай ішінде 17,7 млрд.$, 2012 жылы – 26,4 млрд.$ , 2011 жылы – 26,1 млрд.$ жəне 2010 жылы – 18,1 млрд.$ құрды. 2013 жылы ағымдағы операциялар есепшотының сальдосы 117,5 млрд.$ құрды жəне 2010 жылмен салыстырғанда 91,5% (1 385,7 млрд. $ 2010 жылы) төмендеді. Үшіншіден, банк секторы тарапынан экономиканы несиелендірудің төмендеуі байқалады. Осыған орай, экономиканы дамыту үшін қосымша ресурстар тарту мүмкіндігі туындауда. Жоғарыда аталған фактілер алдағы тұрған мүлікті жария етуді өткізудің оң нəтижелері туралы айғақ етеді.
400-ден астам сарапшы бар жəне оның 18-і біздің облыста. Сараптама қорытындысы жариялау жөніндегі комиссияға берілетін басты құжаттардың бірі болып саналады жəне мұндай қорытындыны тек қана аттестатталған сарапшы бере алады. – Жария етілетін мүлікті техникалық тексеруден өткізу құны қанша тұрады? Өлшеу, инженерлік сынама дегендер нені білдіреді? – Бұл дегенің ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру, нысандардың құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкестігін анықтауға келіп саяды. Тексеру мен анықтау құны сарапшымен бірге келісім-шарт негізінде белгіленеді. – Жария ету субъектісінің сарапшылармен өзара іс əрекеті қалай үйлестіріледі? – Мүлік орналасқан тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің əкім аппараты жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы субъектілерін жəне саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшы тартуды ұйымдастырады Өзге құрылыстың жария етілетін нысандарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшы тартуды өтініш беруші өз бетінше жүзеге асырады. Сарапшылардың тізімі облыстың аудандық жəне қалалық əкімдіктеріне жолданды жəне ол комиссия орналасқан барлық жайда ілулі тұратын болады. – Бұл жария ету науқанында сонау 90-шы жылдардағы ауыр кезеңде қараусыз қалған пəтерлерді иемденуге ұмтылу мəселесі қайта бой көтереді деушілер бар. Атап айтқанда, кезінде Леңгірдегі көпқабатты үйлер төңірегінде осындай жағдайлар болды ғой. Қазіргі қолданыстағы заңда иесіз жəне қарусыз қалған үйлерді есепке алу тəртібі қандай? – Жариялау жөніндегі комиссияға берілетін басты құжаттардың бірі жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты болып саналады. Ал бұл құжатты алудың нормативтік құқықтық актімен белгіленген өз ережесі бар. Сондықтан да егер нысанның техникалық төлқұжаты болмаса, онда жария ету субъекті иесіз немесе қараусыз қалған пəтерді заңдастыра алмайды. – Толыққанды жауаптарыңыз үшін рахмет! Слам НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ
100 мектеп, 100 аурухана
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына орай жалпы саны 48 мектептің құрылысы аяқталып, шəкірттерді өз бауырына алуға дайын екен. Ал Сарыағаш ауданында 6 бірдей білім ордасы ашылып, пайдалануға берілді. Дербісек, Жібек жолы, Құркелес, Жылға жəне Əлімтау ауылдық округінің оқушылары биылғы оқу жылын жаңа мектептерде бастады. Н.Ə.Назарбаевтың «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы аясында көптеген мектептер өмірге келіп жатқаны рас. Сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептерді жолға қою жəне жаңарту барысындағы Елбасы жарлығымен көптеген білім ордалары жаңадан салынып, тағы біразы күрделі жөндеуден өткізілді. Қыркүйектің 1-і күні облыс бойынша 21 жаңа мектептің тұсауы кесілсе, соның алтауы Сарыағаш ауданына тиесілі болды.
орынбасары Жорабек Жарилгановты сөзге тарттық. - Апатты мектептерді жаңарту есебінен салынған жаңа типтегі 3 қабатты мектеп құрылысына 445 миллион теңге бөлінген. Нəтижеде 4 гектар аумақты алып жатқан жаңа мектеп дүние есігін ашты. Мұнда 22 сынып бар. Соның екеуі компьютерлік дəріске арнайы жабдықталған, біреуі мультимедиа сыныбы, 2 ленгафон кабинеті тағы бар. Балалардың саулығын қадағалап, үнемі назарда алып отыратын медициналық кабинетке де бір сынып бөлінген. Еңбек сабағында шəкірттерді жұмысқа баулу дəрісін
ОҚО-да жаңа оқу жылына орай 48 мектептің құрылысы аяқталды мектеп сыртындағы спорт алаңы да əудем жерді алып жатыр. Бұл стадионның бір шетіне шағын саябақ ашу жоспарланып, соған даярлық жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Біз Сарыағаш ауданы əкімінің орынбасары Т.Смайыловты сөзге тартып, білім саласына байланысты ойын ортаға салуды өтіндік. - Президентіміздің тікелей жарлығымен жүзеге асып жатқан бағдарламамен қатар апатты жағдайлардағы ескі мектептерді жаңарту жарғысына орай облыста көптеген мектептер жаңадан салынып, тағы біразы толық
№34 (194) 26.09.2014 жыл
оқушыларының пəн олимпиадаларындағы көптеген жеңістері де жиілеген. Демек ұстаздардың да бұл салада еткен еңбегі орасан екені даусыз. Ал Сарыағаш ауданында 6 мектеп жаңа оқу жылына тарту етілді. Мұндай жағымды жаңалық ұстаздар мен оқушыларға рухани күш беріп, ауданымыздағы білім деңгейі бұрынғыдан да жоғарылай береді деген үміттеміз, - деді ол. Əр жылғы түлектер жыл сайын «Алғашқы қоңырау» рəсіміне қатысып, өздерінің шəкірттік ыстық лебіздерін білдіріп, кезінде қимай-қимай қоштасқан алтын
7
жаңартсақ деп жүрдік. Ақыры Президенттің жарлығына орай, талай сауапты істер жүзеге асып, біздің білім ордамыз да жаңарды. Бұл жаңа мектеп мұғалімдердің, шəкірттердің, ата-аналардың да көптен күткен арманы еді. Көрші ауылдағы мектептің жөндеу істері əлі бітпей жатқандықтан, ескі ғимаратымызда солардың оқушылары білім ала тұрады. Өзіміздің де біраз бастауыш сыныптарымызды қазірше сонда оқыта тұрсақ па деген ойымыз жоқ емес, - деді Н.Сламов. Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Жорабек Шаймерденұлының
АРМАН БОЛҒАН МЕКТЕП
Дербісек елді мекенінің территориясына орналасқан, Кеңестер Одағының Батыры атағын екі дүркін иемденген, ержүрек ұшқыш Талғат Бигелдиновтың есімі берілген орта мектептің салынғанына неше уақыт өткен. Апатты жағдайдағы білім ордасы тізіміне ілінген соң, жаңа мектеп салу жобаланып, ағымдағы жылдың ішінде құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылына тапсырылып, атааналар мен шəкірттерді мəзмейрам етті. Ал Жібек жолы ауылдық округінде қатарынан екі мектептің салтанатты ашылу рəсімі болды. Алдымен «Дихан баба» елді мекеніне орналасқан қазақтың көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп, соңынан «Жаңа тұрмыс» ауылындағы Кеңестер Одағының Батыры Мəлік Ғабдуллиннің есімі берілген мектеп ашылды. Күз айының басы болса да сол күні Панфиловшы батыр атындағы мектеп ауласы көктемгі кейіпке енгендей еді. Жүздерінде шаттық нұры ойнаған шəкірттердің жайдары жаз мезгіліне бергісіз қуанышты көңіл-күйлері жүректерге көктемнің лебін шашса, біркелкі киінген оқушы қыздар əсем гүлге ұқсап, бастарындағы бантиктері сол гүлдерге қонған көбелек секілді көріністі көз алдыңа əкеледі. Жаңадан пайдалануға берілген білім ордасының маңдай алдындағы алаңда мерекеге дайындалған ұстаздар мен шəкірттердің, ата-аналардың түрлерінде толқу табы мен қуаныш сезімдері қатар менмұндалап, ашылу рəсімін асыға күтіп жүрді. Көп кешікпей Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру департаментінің жауапты қызметкерлері, облыстық мəслихаттың депутаты, Сарыағаш ауданы əкімінің орынбасары мен аудандық білім бөлімінің өкілдері келіп жетті. Салтанатты ашылу соңынан мемлекетіміздің əнұраны орындалды. Сөзге шыққандар Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында, жыл сайынғы халыққа арналған дəстүрлі Жолдаулары негізінде қазіргі таңда білім саласына аса қатты мəн беріліп, мектеп құрылыстарына лайықты назар аударылып келе жатқанын айтып, облысымыздағы білім ордалары мен олардың жетістіктеріне тоқталып, Мəлік Ғабдуллин атындағы мектептің ұстаздары мен оқушыларын жаңа мектепте жаңа табыстарға жетіп, биіктерді бағындыра берулеріне тілек қосты. Солардың ішінде Сарыағаш ауданы əкімінің орынбасары Т.Смайылов мектеп ұжымын 1-ші қырқүйек күнімен, жəне жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтаса, облыстық мəслихаттың депутаты У.Жүнісбеков осы мектептің өмірге келуіне ұйытқы болған азаматтар - ауыл биі Атахан Тастанбеков пен аталмыш мектеп директоры Нұрлан Сламовтың табандылықтарына шын риза екенін жасырмады. Сондай-ақ сапалы ғимарат салып берген мердігерлік компанияға да алғысын білдірді. Көп жылдар бойы мектеп директорлығы лауазымын абыроймен атқарып, соңынан зейнеткерлік демалысына шыққан, аймаққа белгілі ақын Зұлпыхар Смайылов құттықтау сөзін өлең жолдарымен арнады. Ол Президентіміздің бастамасын қуаттаған, Жолдауы-
на қолдау танытқан, «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына ризашылық білдірген ойларын жыр жолдарына орап келіпті. Жаңа мектептің құрылысын мерзімінен бұрын бітіріп, пайдалануға берген «РемстройХХІ ғасыр» атты құрылыс компаниясының басшысы Аймырза Байымбетов білім ордасының директорына мектептің символикалық кілтін салтанатты түрде табыс етіп, атааналар мен мұғалімдерді мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа мектепте оқитын шəкірттерге табыс тіледі. Ашылу рəсіміне тартылған лента қиылған соң қонақтар сыныптарды аралауға кірісті. Жаңатұрмыс елді мекенінің орталығына орналасқан №53 М.Ғабдуллин атындағы бұл мектеп те апатты жағдайды жолға қою бағдарламасы негізінде ауыл шетіне жаңадан салынды. Жоғарыда аталған құрылыс компаниясы өткен жылдың шілде айында бастаған ісін ағымдағы жылдың тамыз айында сапалы түрде аяқтап та үлгерді. Мектеп директоры Н.Сламовтың айтуынша жаңа ғимарат дүниеге оңай келген жоқ. Кез-келген құрылыс нысаны сияқты бұл да көптеген құжаттарды реттеумен бастап, жобаны бекіттіріп, тиісті қаржыны аудартып, тендерді ұтып алған компания қашан жұмысты аяқтағанша бір тынбайтын шаруа екен. Осы іске ұйытқы болған ауыл биі А.Тастанбековтың есімін ол ерекше атап өтті. Кəсіпкер азамат мектеп
салынып біткенше талай есікті тықылдатып, талай табалдырықты тоздырыпты. Бұл жəйтті облыстық мəслихаттың депутаты да растады. «Ерінбей əр аптада Шымкентке келіп-кететін» дейді ол. Кезінде аудандық мəдениет саласына да елеулі еңбек сіңірген сол азамат енді жаңбырлы күндері оқушылар ауылдан мектепке дейін қиналмай баратын жаяу жүргіншіге арналған жол салдыруды жəне осы ауылды абаттандыруды, тұрғындар үшін мəдениет ошақтары мен кітапхана салдыру мəселесін қолға алып жүрген көрінеді. Біз іштей əр ауылда осындай азаматтар көбейсе екен деп тілеп, мектеп тынысы туралы толығырақ мəлімет алу үшін директордың шаруашылық жөніндегі
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
өткізу үшін бір сыныптағы парталарға түгелдей тігін машинкалары қойылған. Мұнда оқушы қыздар тігіп-пішу, құрау істерімен айналысып, қолөнерге бейімділік таныта алады. Тағы бір сынып ер балалар үшін жабдықталған. Онда еңбек дəрісі барысында ұлдар токарлық, слесарлық, ағаш ұсталығына қажетті құрал-саймандарды меңгеріп, өздері де осынау кəсіп иелеріне тиісті бұйымдарды жасап шығаруға оқытылады. Бір бөлмеге кітапхана жайғасқан, қалғандары оқу сыныптары, - деді ол. Директор бастаған азаматтар мектептің іші-сыртын тегіс аралап шықты. Үш қабатқа да түгел
көтерілді. Кеңселік заттар мен оқу құралдары сатылатын шағын буфетте үлкен үзілісте оқушылар жүрек жалғап алу үшін азын-аулақ азық-түліктер де сатылады екен. Ғимараттың бірінші қабатынан орын алған асхана да талапқа сай салыныпты. Мұнда тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақтанатын көрінеді, сондай-ақ оларға көмек ретінде киім-кешек те беріледі екен. Сан түрлі іс-шаралар мен мерекелер өткізетін 94 орындықты думан залы, қарлыжаңбырлы кездерде де оқушылардың дене шынығуымен айналысуына мүмкіндік туғызатын спорт залы да назардан тыс қалған жоқ. Волейбол, баскетбол, кіші футбол, тағы басқа да сайыстарды өткізуге лайықталған
күрделі жөндеулерден өткізілуде. Соның нəтижесі шығар, биылғы оқу жылына 48 мектеп іске қосылуға тиісті болса, облыс бойынша 21 білім ордасы ашылып, өз бауырына шəкірттерді тартып отыр. Білім саласындағы ресми мəліметтерге сүйенсек, облыс бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында биылғы білім деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда 7,6 пайызға жоғарылаған. Ағымдағы жылда мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан оқушылардың 436-сы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 198-ге арта түскен. Жаңа типтегі сапалы мектептар саны көбейген сайын білім сапасы да жоғарылап барады. Облысымыздағы мектеп
ұяларына естелік сый-сияпаттар тапсыратын дəстүр қалыптасқан. Аталмыш мектепті бітіргендеріне он жыл толып отырған түлектер Мадияр Насимовтың ұйымдастыруымен, өздері кезінде оқып, білім алған мектепке естелік ретінде Мəлік Ғабдуллиннің портретін арнайы тапсырыспен үлкен етіп салдырып, сыйға тартыпты. Ол сурет кіре берістегі орта тұсқа ілініп, табалдырық аттағандардың назарын өзіне аударып тұр. Мектеп директоры Нұрлан Дəулетбайұлы осы ауылда туылып, осы мектепте оқыған екен. Ұстаздар жолымен жүріп, шəкірттерге білім беруді армандаған жас жігіт 1985 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институтына құжаттарын тапсырады. Оны ойдағыдай аяқтаған соң 1989 жылы аталмыш мектепке алғашқы əскери дайындық пəнінің оқытушысы ретінде қызметке қабылданады. - Мені сол кезгі мектеп директоры Зұлпыхар Смайылов жұмысқа қабылдады, - деді Нұрлан Сламов өткен шақты еске алып. - Содан үш жыл тер төгіп, тəжірибе жинақтап, білімімді жетілдірдім. Кейіннен директордың оқу тəрбие ісі жөніндегі орынбасары болып, 11 жыл ұстаздық еттім. Ысылдым, өмір көрдім, іздендім. Еңбегім зая кеткен жоқ, мені аудандық оқу бөлімінің басшылары мектеп директорлығына лайықты деп, осы лауазымға тағайындады. Содан бері де алты жыл өтіпті. Бар ойымыз ескі мектепті қалай
айтуынша, 70 шақты мұғалім 610 оқушыға ұстаздық ететін жаңа мектептегі жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады екен. Үш қабатты ғимаратта бір қалыпты температураны ұстап тұру үшін көгілдір отын айдайтын қазандық орнатылған. Сондай-ақ мектеп ішінде ауыз су құбырлары тартылған. Таза су тасымалданып əкелінуде, əдейі жасатылған 15 тонналық ыдысқа құйылып, сол арқылы жүйелерге тарайды. Электр жарығын жүргізерде де өртке қарсы қауіпсіздік шаралары жан-жақты ойластырылған. Барлық сыныптарда плафондар қойылған. Сондай-ақ өрт сөндіру машинасы кіретін орындар мен сыйымдылығы 100 тонналық резервуар бар. Ол суға толтырылған. Ж.Жарилганов соның бəрін ерінбей көрсетіп шықты. Жаңа мектептің ашылу рəсімі мен алғашқы қоңырауға орай болып өткен салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ата-аналар мен ұстаздар қауымы осынау қуанышты бірге тойлап жатты. Тіпті іс-шара аяқталғаны хабарланып, оқушылардың үйлеріне қайтуларына рұқсат берілсе де, шəкірттердің шаттығы басылмай, жаңа мектепте оқитынына байланысты туындаған əсерлерінен айықпаған күйі сол маңнан кете алмай көп жүрді. «Көш жүре түзеледі» дегендей жаңа мектептің оншамұнша кемшін тұстарын шаруашылық жұмысымен айналысатын бағбан, еден жуушылар, күзетші, сантехник, іс жүргізуші секілді 18 техникалық кіші қызметкерлер бар, мектеп ұжымы бар, жұмылған жұдырықтай ұйымдаса жүріп ретке келтіріп алатын болар. Ең маңыздысы 2000-нан астам адам өмір сүретін Жаңатұрмыс елді мекенінің тұрғындары талайдан бері армандап жүрген жаңа мектеп ашылды. Облыстық мəслихаттың депутаты У.Жүнісбеков айтқандай, бұл мектептен де «Алтын белгі» иегерлері көптеп шығып, еліміздің абыройын асқақтата берсе, нұр үстіне нұр емес пе. Əйтеуір қыркүйектің 1-і күнгі мерекеге жиналған жұрттың қуанышында шек болған жоқ. Лайым сол шаттықты ұзағынан сүйіндірсін! Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ.
Мүлікті жария ету үшін алымды төлегенін растайтын №34 (194) құжат (алым 206110 БСК (КБК) бойынша төленеді 26.09.2014 жыл
ЖАРИЯ ЕТУ
8
Мүлікті жария ету мәселесі бойынша жиын өтті 2014 жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213-V ҚРЗ санды Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Оѕтїстік Ќазаќстан облысы тўрєындарыныѕ назарына!!!
Аталған Заң мемлекеттің бір реттік мүлікті жария етуі бойынша науқан өткізуге, сонымен қатар, бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаларды жария етуге арналған. Жария ету субъектілері əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жəне қылмыстық кодексте көзделген баптар бойынша əкімшілік жəне қылмыстық, сондай-ақ дəйексіз жəне толық емес ұсынылған декларациялар мен ақпараттар үшін тəртіптік жауапкершіліктен босатылады. Осы орайда, халық арасында қабылданған заң талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Əділет департаменті ОҚО бойынша мемлекеттік сəулет, құрылыс жəне лицензиялау департаменті, облыстық сəулет жəне қала құрылысы басқармасы, «ЖерҒӨО кадастры» РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы, ОҚО бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК, сондай-ақ Шымкент қаласы əкімдігі өкілдерінің қатысуымен жуырда бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізді. Брифингке республикалық жəне жергілікті облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара нəтижесінде БАҚ өкілдеріне мүлікті жария ету тəртібі туралы, сонымен қатар акцияға қатысу қағидалары бойынша пайдалы ақпарат беріліп, тілшілердің барлық сауалдарына жауап берілді. ОҚО Əділет департаментінің баспасөз қызметі.
Рақымшылық жасау туралы құқықтық түсіндіру ОҚО, Түлкібас ауданының Əділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласының ұйымдастыруымен 2014 жылы 30 маусымында ҚР азаматтарына, оралмандарға жəне ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлкін жария етуге байланысты рахымшылдық жасау туралы №213-V ҚРЗ санды ҚР ҚР Заңы туралы, ХҚКО-ның Түлкібас аудандық бөлімше ғимаратында аталған мекеме қызметкерлерінің қатысуында жергілікті халықпен кездесу өткізіліп, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында əділет басқармасының жəне ХҚКОның қызметкерлері осы заң 2014 жылдың 1-қыркүйегінен бастап қолданыста екенін жəне халықты толғандырып жүрген мəселелер бойынша азаматтар тарапынан түскен сауалдарға заң аясында мағлұматтар беріп, тиісті жауаптар қайтарды. Жиналған жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері Əділет басқармасы мен ХҚКО-ның қызметкерлеріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтты. ОҚО, Түлкібас ауданының əділет басқармасы.
Рақымшылық жасау туралы заң талқыланды Жақында ОҚО, Созақ ауданының Əділет басқармасында Созақ аудандық əкімдігінің тиісті мемлекеттік мекеме басшыларымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел отырысы барысында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 30 маусым 2014 жылғы №213V Қазақстан Республикасы Заңын жəне аталған Заңды іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 тамыз 2014 жылғы №959 Қаулысы талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға тапсырмалар беріліп, мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңын халықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу, сондай-ақ, тиісті комиссия құру қажеттігі айтылды. ОҚО, Созақ ауданының əділет басқармасы.
ХАБАРЛАНДЫРУ Кусебаева Дана Уалиханқызы жеке кəсіпкерлік жұмысын (мемлекеттік тіркеу куəлігі №0071932, серия 07915) тоқтататынын хабарлайды.
РОЛЛ ШТОРЫ — ЖАЛЮЗИ — — ДЕНЬ-НОЧЬ — — ГОРИЗОНТАЛКА — Тел.: 8 (7252) 97-56-32 Сот.: 8 771 322 11 32 8 702 570 00 60 tradetex@mail.ru Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ
ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ – ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА! Адамның жасы өскен сайын оның инсультке шалдығу қаупі арта түседі. Бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылып, ми қан тамырларының зақымдануы жəне қан тамыр жүйесінің атеросклероздық, гипертониялық бұзылыстары инсультке шалдықтырады. Аталған ауру геморрагиялық жəне ишемиялық болып екіге бөлінеді. Оның ең қауіпті түрі – геморрагиялық инсульт болып табылады. Мұндай кезде адам есінен танып қалады. Əдетте инсульттің бұл түріне шалдыққандардың 70 пайызы көз жұмады. Ал ишемиялық инсульт алған адамның миына қан дұрыс бармайды. Бірақ тез арада дəрігер көмегіне жүгінсе, аурудан құлан таза айығып кетуге болады.
Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. ҚАСҚАРБЕКҰЛЫ
Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ
Бақтыгүл МҰҚАШЕВА
Жалпы, инсульт өте тез пайда болады, оны алдын ала сезу қиын. Сондықтан қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығын күтіп, қан қысымын жиі өлшетіп жүргендері жөн. Инсульттің алғашқы бастамасында адамның көңіл күйі бұзылады, басы айналады, тілі күрмеледі, бір жақ аяқ-қолы жансызданады. Егер де сіз өзіңізден немесе жақын адамыңыздың бойынан осындай белгілерді байқасаңыз, шұғыл түрде жедел жəрдем көлігін шақыртқаныңыз абзал. Қол немесе аяқтың кенеттен əлсізденуі немесе ұюы, сөйлеу немесе оны түсінудің бұзылуы, кенет есеңгіреп қалу, координацияның бұзылуы, бас айналу, естен танып қалу, себепсіз немесе ауыр күйзеліс, артық күш жұмсаудан кейінгі кенеттен бас ауруы, ерін немесе беттің бір бөлігінің кенеттен ұюы, əдетте беттің "қисаюы" инсульттің белгілері.
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
Инсульттің алдын алу үшін не істеу керек? Ең алдымен зиянды əдеттерден бас тартқаныңыз (темекі шегу, алкоголь, есірткі, майлы тағамдарды тұтыну) абзал. Салауатты өмір салтын ұстанып, жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылдану, көкөністерді, майлы емес етті тұтыну. Дəрігердің кеңесін қатаң сақтап, қан қысымы көтерілгенде гипотензивті дəрілерді қабылдауды ұмытпау. Адам жүрек аритмиясы кезінде – аритмияға қарсы дəрілерді қабылдау, қант диабеті кезінде – гипогликемиялық дəрілерді қабылдау, бұрын инсультпен ауырған кезінде – тромбоцитке қарсы жəне антигрегантты дəрілерді қабылдау арқылы инсульттің пайда болу қаупінің алдын алатынын ұмытпаған абзал. Индира АБДИЕВА, Шымкент қалалық №2 жедел жəрдем ауруханасының медбикесі. Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2552.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады