№35 (195) = 3 қазан = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
атап айтты. - Алайда, дəрігер мамандармен қамтылу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 20 пайызға төмен. Балабақшадағы орын тапшылығы 12 мыңды құрайды, бұл – ел бойынша нашар көрсеткіштің бірі. Ал облыс басқа өңірлер мен көршілес мемлекеттерден келетін халық саны жағынан республикада алдыңғы орында, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы көші-қон ағынын басымдығы бар өзге өңірлерге бұру үшін Үкімет қажетті жағдайлар жасауы керектігін айтты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвестициялар тартудың маңызына тағы бір рет назар аударды, сондай-
Мемлекет басшысы өз сөзінде облыстың орналасу аумағын тиімді пайдалануға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына назар аудара отырып, өңірдің оң сипатта дамып келе жатқандығына тоқталды. - Менің тапсырмам бойынша, Ақтау теңіз портының жүк өткізу қуаты 12,5 миллионнан 16 миллион тоннаға дейін ұлғайтылды, ал 2020 жылға қарай оның көлемі жылына 22 миллион тоннаға дейін жеткізілетін болады. Иран жыл сайын 6 миллион тонна астық сатып алуға дайын. Олармен осы жəне басқа да салаларда қол жеткізілген уағдаластықтар сыртқы нарықтарға шығу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Жалпы алғанда, Ақтау теңіз портын ескерсек, біздің елі-
Елбасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлерімен және жұртшылық өкілдерімен кездесті
міздің экспорттық əлеуеті зор, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондай-ақ əзербайжандық капиталдың қатысуымен Ақтауда жүзеге асырылып жатқан логистикалық орталық құрылысының жобасы Қазақстанның барлық тұтынушылары үшін сапалы əрі арзан жеміс жəне көкөніс өнімдеріне жол ашатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы арнайы экономикалық аймақты əрі қарай дамыту мəселелерін де қозғады. - АЭА 2002 жылы құрылды, ал оның инфрақұрылымы тек 2009 жылы ғана салына бастады. Алғашқы алаңы 2012 жылы берілді, оған 7 миллиард теңге бюджет қаражаты жұмсалды. Алайда, АЭА аумағында тіркелген 31 жобаның бүгінгі таңда тек 5-еуі ғана жұмыс істейді. Ондағы кəсіпорындар 220 миллиард теңгеден астам соманың өнімін шығарып, 10 миллиардқа жуық салық төледі. Қайтарым бар, сондықтан олардың əлеуетін жүзеге асыруды жалғастырған жөн. Қалған барлық жобалар бойынша
жұмысты жандандырып, инвестор тартуды бастау керек, - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті облыстың өндіруші өнеркəсібінің мамандануын кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. - Маңғыстау облысында уранның, стронцийдің, марганецтің, мыстың, минералды тұздардың едəуір кені бар. Олардың көпшілігі барланған, бірақ өндіріліп жатқан жоқ. Түптеп келгенде, олар металлургиялық өнеркəсіптің бірқатар бағыттарына, жаңа индустриялық-инновациялық жобалар жасауға қажетті əлеует бола алады. Өңірдің экономикасы əзірге мұнай өндірісіне сүйеніп тұр, бұл ретте шағын жəне орта кəсіптің үлесі небəрі 18 пайыз ғана. Соған орай біз өзге салаларға да көбірек көңіл бөлуге тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Мемлекет басшысы мұнай өндірісімен байланысты емес салаларды, атап айтқанда, логистика, транзит, сервистік қызмет жəне туризмді
дамытудың қажеттілігін айтты. Қазақстан Президенті арнайы жұмыс тобын құрып, Үкіметте алдын ала талқылап алу арқылы Кендірлі аймағын жəне басқа да тартымды аудандарды дамыту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев облыстың аумағы шөлейтті өңірге жататынына, бұл ауыл шаруашылығын жүргізуді қиындататынына да тоқталды. - Облыс жылына 20 мың тонна ет тұтынады, ал өндіретіні 5,5 мың тонна ғана. Өңірде жылына 500 тонна балық ауланады, ал сұраныс – 5 мың тонна. Бұл ретте көрші Атырау облысы көкөніс, жеміс-жидек жəне етті қоса қамтығанда, барлық қажетті өнімдермен өзін өзі қамтамасыз етіп отыр. Өңірдегі аграрлық саланы даму мəселелерін кешенді түрде шешу қажет, бұған шағын жəне орта бизнестің өкілдері атсалысуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті облыста туу мен өмір жасының ұзақтығына қатысты жақсы көрсеткіштер байқалып отырғанын, ана мен бала өлімі төмендегенін
ақ облысты қарқынды дамыту үшін жасалған шарттарды белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында Маңғыстау облысының əкімі Ə.Айдарбаев өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, инвестиция жəне даму жөніндегі министр Ə.Исекешев облыстағы индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы барысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, кездесуде Мемлекет басшысына ұзындығы 13,8 шақырым болатын Боржақты – Ерсай жаңа теміржолының құрылыс жоспары таныстырылды. Сонымен қатар Боржақты стансасынан тікелей бейнетрансляция ұйымдастырылды жəне оның барысында Президент теміржол құрылысын бастауға рұқсат берді. Боржақты – Ерсай желісінің құрылысы Құрық портының жағалау инфрақұрылымының салынып жатқан нысандарына тұрақты жүк жеткізілімін қамтамасыз етуге, «Қазтеңізтрансфлот» АҚ, «Теңіз-сервис», «Глобал.Инк», «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-ларының дамуын қолдауға, Құрық порты арқылы мұнай тиеуге бағдарланған. Akorda.kz
ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЇКІМЕТІНІЅ НАЗАРЫНА!
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚЫМЫЗЫ МЕН ШҰБАТЫ Халықты қынадай қырған екінші дүниежүзілік соғыста неміс ұлтының бір сарбазы тағдыр тəлкегімен Қазақстандағы түрменің біріне тоғытылып, тұтқында болады. Абақтыдан қырым еті қалмай, қу жақ сүйегі қушиып шыққан ол дəрменсіз сол сəтте қайырымды қазақ отбасына тап болады. Қонағын құдайындай сыйлайтын, кеңқолтық əлгі қазақ отбасы тұла бойын дерт дендеген оны «фашиссің» деп бетінен алмай, керісінше құшағын жайып, жылы-жұмсағын беріп, бəйек болады. Онымен қоймай, тұла бойына мысқылдап кірген ауруынан арылту үшін оған биенің сүтін беріп емдейді. Əуелі құдай, содан соң сиқырлы сусынның арқасында кезінде айықпастай болған дертінен құлан-таза жазылған сарбаз «егерде еліме дін аман оралсам, осы кəсіпті қолға алатын боламын» деп іштей бекінген екен. Көп ұзамай, дəлірек айтсақ, 1949 жылы Германияға оралған ол сол асқақ арманын іске асыру үшін бие сатып алып, оны сауып, қымыз ашытады. Арада он жыл өткен соң, оның көптен бері арман еткен ізгі мақсаты жүзеге асып, қымыз ашыту мен қымыз баптау тəсілін өзінің қызы Гудрен мен күйеу баласы Ганске егжей-тегжейлі түсіндіріп, үйретеді. Содан бері 50 жылдан астам уақыт өтсе де, Гудрен мен Ганс осы істі тастамай, ілгерілетіп келеді. Бүгінде олар Германияның Хайделберг қаласының жанындағы бір фермада 200 бие ұстап, қымыз ашытып, кəсібінің құлашын кеңге жайып отыр. Бұл кəсіп иелері қазіргі таңда бие сүтінен косметикалық өнімдер, қымыз бен нəрестелер тағамын жасауда.
«Дүние алма-кезек». Бір кездері Гудреннің əкесіне қазақтар қымыз ұсынса, бүгінде біз сөз етіп отырған өндіріс орнындағы өнімді тұтынушылардың басым көпшілігін сонда мекендейтін қазақ тұрғындары құрайды екен. Иə, сол бір сұрапыл соғыс жылда-
рында тағдырдың айдауымен айдалаға атылған оқтай, желі шыққан доптай өзінің емес, өзге елдің абақтысынан бір-ақ шыққан Гудрен Цольманның əкесінің сол кездегі сұрықсыз өткен күндерінің соңы осындай игі істің арқауы болады деп кім ойлаған?! «Бір жамандықтың мың жақсылығы болады» деген сөз, сірə осындайда айтылса керек. Біз мұны не үшін айтып отырмыз? Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде ең құрметтісі – осы қымызды біз өзіміз қастерлей алып жүрміз бе? Иə, 70 жыл бойы Ресейдің отарында болып, одан шығып, бөлек ел болып, еншімізді алғанмен, етек-жеңімізді жинап, еңсе тіктегенге дейін біраз жылды артқа тастадық. Қазіргі таңда жоғалтқанымызды
тауып, барымызды барынша бағалап, сақтап қалатын қауқарымыз жетерлік. Сөзден нақты іске көшетін кез келді. Əншейінде ауырмайтын жамбасымызбен жатып, «Бұл – біздің ұлттық өніміміз. Қымызға тең келетін сусын жоқ» деп ауыз толтыра лепіреміз. Бірақ, қымыз
Каспийде Ќазаќстанныѕ кґк байраєын желбіреткен кемелер жыл санап кґбейіп келеді
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қайрат Cақ – ердің жасы елуде! Оңтүстік өңірінің тумасы Қайрат Сақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Журналистика саласының білгір маманы. Алаш идеясын насихаттауға атсалысып келе жатқан азамат. Алаш қайраткерлерінің жұмысын, маңызын ашуға көп үлесін қосқан. Тіл жанашыры. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде журналистика жəне саясаттану факультетінің деканы болып, абыройлы қызмет атқарып жүр. Таяуда ол Қазақстан журналистер академиясының академигі атанды. Ұлағатты ұстаз қасиетті қаламды серік ету кəсібін таңдаған қаншама шəкірттің шеберлігін шыңдап, тезінен өткізіп жатыр. Бүгінде журналистика саласында жүрген талантты тілшілердің дені Қайрекеңнің шекпенінен шыққанын да айта кетейік. «Əділет» редакциясына оның атына құттықтаулар көптеп келуде. Əсіресе ұстаздар қауымынан ыстық лебіздер ерекше қабылдануда.Солардың ішінде бəрімізге асыл ұстаз болған ағаларымыздың пікірлерін арнайы жариялап отырмыз. Елге елеулі қызмет етіп жүрген Қайрат Өмірбайұлын ердің жасы елуге толған мерейлі мерекесімен біз де шын жүректен құттықтай отырып:
Елу деген - ердің жасы еңселі, Елу деген - парасаттың өлшемі. Жарқылдасаң самғап ұшқан, Азамат деп мақтан тұтар ел сені. Елу деген - ес тоқтату, есею, Елу деген - елдің жүгін көтеру. Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді, Қанжығаңа ілінсін деп қос елу! деген ізгі тілегімізді жеткізуді жөн санадық. «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы.
Мəмбет ЌОЙГЕЛДІ, Тарих єылымдарыныѕ докторы, профессор: - Негізі Қайратты өз басым өте ізденімпаз, еңбекқор жігіт деп білемін. Алаш идеясын насихаттауға атсалысып келе жатқан азамат. Əсіресе Алаш қайраткерлерінің көсемсөздік мұрасын насихаттауын жоғары бағалаймын. Алаш мұрасын зерттеу өте маңызды жұмыс. Оқу барысында, өскелең ұрпақты тəрбиелеу барысында аса қажет мағлұматтар деп білемін. Жəне Алаштануға қосқан Қайраттың үлесі өте зор. Ол баспасөзде үнемі өз еңбектерін жариялап тұрады жəне теледидар арқылы да жиі-жиі Алаш қайраткерлері жайлы, Алаш публицистикасы жайлы пікірлерін айтып жүреді. Алаш қайраткерлерінің жұмысын, маңызын ашуда көп үлес қосты. Қайратты 50 жылдығымен құттықтаймын. Зор табыс тілеймін. (Жалғасы 2-бетте).
Хан-апа қос қуанышқа кенелді
біздің өз өніміміз екенін дəлелдеп, заңдастырып, оны ұлттық брендке айналдыруға асығар түріміз жоқ. Осы мəселенің өзектілігін терең түсінген Парламенттегі халық қалаулылары қымыз бен шұбат проблемасын көтеріп, ПремьерМинистр К.Мəсімовтың атына депутаттық сауал жолдады. Ішсең – сусын, əрі тағам, дертке дауа, бойға қуат беретін қымыз бен шұбаттың қадірін қазақ халқы жақсы біледі. Жылқы мен түйе малын асырап, олардың сүтінен қымыз бен шұбат дайындау жөнінде халқымызда ғасырлар бойы қалыптасқан бай тəжірибе бар. Бұл екі сусын адам ағзасына өте пайдалы екені ғылыми түрде дəлелденген. Ол туберкулез, бауыр, ішек жолдары, жүйке, жүрек, иммундық жүйе мен қан тамырларында кездесетін сан түрлі сырқаттарды сылып алатын қасиетке ие. Кешегі одақ тұсындағы орыс боданында болған 70 жыл осы істің өркен жаюына салқынын тигізгенін жасырып жаба алмаймыз. Сол кезде Қамбар ата мен Ойсылқара төлінен алынатын өнімдерге жасалған қиянат пен солақай саясаттың салдарынан қымыз бен шұбат өндіру ісі біраз бəсеңсіп, ұмыт бола жаздады. Енді өткенге салауат айтып, бүгінгідей егемен ел, дербес мемлекет болып отырған тұста ата-бабамыздан қалған кəсіпті жалғастырып, түйе мен жылқы шаруашылығын дамытуға, олардан алынатын шұбат, қымыз сияқты бағалы да құнарлы өнімдерді молайтуға, оны мақтаныш ететіндей ұлттық брендімізге айналдыруға мол мүмкіндігіміз бар. (Жалғасы 4-бетте).
Жыр дауылпазының бейнесі сомдалды 6-ÁÅÒÒÅ
Жекешелендіру – жалаң мақсат емес ол экономиканың өсуіне серпін береді 7-ÁÅÒÒÅ
Оңтүстікке ғана емес, республикаға танымал қазақтың ақын қызы, қоғам қайраткері Ханбибі Есенқарақызына «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Марапат иесін осы мəртебелі атағымен құттықтай барғанымызда, бұл жақсы жаңалықтың ақынның жаңа туындысы «Диалог» жəне «Егіз-лебіз» атты екі томдық кітабының жарық көруімен тұспа-тұс келгенін естіп, қуанып қалдық. Хан-апамыздың осы ауқымды жинақты баспаға əзірлеп жатқанынан бұрын да хабардар болатынбыз. Содан бері оның жырсүйер қауымның қолына тиюін асыға күтіп жүргеніміз рас. Себебі, оның қаламынан шыққан дүниелердің жүрек қылын шертер құдіретіне бас иген оқырманның бірі - өзіміз. Сондықтан, авторды төл перзентінің дүниеге келуімен жəне қаламыздың өсіпөркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін алған абыройлы атағымен жүрекжарды құттықтауымызды жеткізіп, өз газетіміз арқылы жаңа туындының тұсаукесерін жасауға асықтық. – Хан-апа, қос қуанышыңыз құтты болсын! – Рахмет. – Сіздің туған жерді түлету жо лында сіңірген еңбегіңіз көзіқарақты елге белгілі. Ал əлі кітапхана сөрелеріне жол тарта қоймаған жаңа т уындыңыз ж айлы білгісі келетіндер көп. Сондықтан, «Диалог» жəне «Егіз-лебіз» атты екі томдық кітабыңызды оқырмандарға таныстырып өтсеңіз. – Бұл дүниеде соңғы бес жылда жа-
зылған шығармаларым қамтылған. «Диалог», негізінен, қоғамдық пікірлерім мен жаһандық өзгерістерге көзқарасымды білдірген сұхбаттарым мен естелік-эсселерімнен тұрады. Əр жылдары жазылып, басылым беттерінде жарық көрген мақалаларымды енгіздім. Ал екінші кітаптың «Егіз-лебіз» деп аталуында үлкен мəн бар. Жалпы, мен поэзия мен прозаға қатар қалам тартып келе жатқан адаммын. Мен үшін екеуі – егіз əлем. Иə, егіз. Сондықтан, соңғы жылдары туған өлеңдерім мен қарасөздерімді бөле-жармай, екеуін бір кітапқа сыйғыздым. Бұдан бөлек, бұл кітапта оқырмандарымның маған арнаған жыр жолдары, қаламгер əріптестерім мен сыншылардың менің шығармашылығым туралы, қоғамдағы орным жайлы жазған дүниелері де қамтылды. Кітаптың өн бойындағы шығармаларда поэзия мен прозаға кезектесе орын беріліп, қосақтасып келіп отырады. Кітаптың «Егіз-лебіз» аталуының сыры да осында. (Жалғасы 5-бетте).
Қазақстан БҰҰ-ның «электрондық үкімет» рейтингінде 28-орында тұр
ЕЛ ТЫНЫСЫ
¦ÄIËÅÒ
Қаламгер қауымын баспанамен қамтамасыз ету №35 (195) кезек күттiрмес саяси-əлеуметтiк мəселе 03.10.2014 жыл
4 ќазан – Ќўрбан айт мерекесі!
Ұлы мерекеміз мүбәрак болсын! Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Қадірменді бауырлар! Алла Тағала нəсіп етіп, барша мұсылман қауымына ортақ Құрбан айт мерекесіне де жетіп отырмыз. Əлемдік деңгейдегі мəртебесі бар мерекеміз мүбарак болсын! Аллаға шүкір, Елбасының ұлттық мерекелердің мəртебесін көтеру бастамасының арқасында Құрбан айт мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Бұл ізгілік дүниежүзі мойындап отырған егеменді еліміздің шоқтығын биіктетіп, мерейін көтере түсуде. Араб тілінде «жақындау» деген мағына беретін Құрбан сөзінің шариғаттық мағынасы «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге келеді. Яғни, сауап істер арқылы Алла Тағалаға жақындау. Құрбан айттың құлшылығы тек мал бауыздаумен ғана шектелмек емес. Бұл ғибадаттың түпкі мəні Жаратқанның жарлығына бағынып, сауап жинап, разылығына ұмтылу болмақ. Бұл мереке қарсаңында мұсылманның пендешілігі, жомарттығы мен сараңдығы, мəрттігі мен мейірімі, жанашырлығы мен ниеті сарапқа түсер ұлы мереке болмақ. Құрбан айт қиналғандарға қол ұшын созуға, өзара татулық пен ізгілікке, тақуалық пен имани құлшылыққа жетелейтін мереке. Айт күндері құрбан шалу - ғибадат. Ал
құрбандықты Алла Тағалаға арнап сою ғибадаттың ең маңыздысы. Себебі Алланың разылығына бөлену арқылы құрбан шалудың бізге мəлім əрі беймəлім көптеген пайдалары мен хикметтеріне жетеміз. Мал шалғанда пенделердің ниетінің негізге алынатындығы Құран Кəрімде былайша баяндалған: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаһқа жетпейді. Оған жететін жалғыз нəрсе - жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаһқа деген құрмет» (Хаж сүресі 37).
Сондықтан жағдайы келгендер Он сегіз мың ғаламның Иесіне арнап құрбан шалса нұр үстіне нұр болмақ. Айт күні мұсылмандар жақсылап ғұсыл құйынып, əдемі, таза киімін киіп, хош иіс себініп мешітке айт намазына бару жақсы амалға жатады. Бұл күні көтеріңкі көңілкүйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілердің қайта табысуы, науқас жандардың көңілін сұрау, жетім, жесір, мұқтаждарға шамасының жеткенінше көмек беру, өте сауапты іс.
Əке-шешесіне, отбасына, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше сəлемсауқат, сый-сыяпат жасауға да болады. Бұл амалдар мұсылмандардың бір-біріне деген жылылықтары мен сыйласымдықтарын барынша арттырады. Биылғы жылы Алла Тағала нəсіп етіп, Оңтүстік өңірінен бірқатар бауырларымыз қасиетті қажылық сапарға аттанды. Аллаһ Тағала: «Əрі барша адамдарды қажылыққа шақыр, олар жаяу немесе ұзақ жерден арып-ашып, түйемен саған келсін. Келгесін олар мұның өздеріне тигізген пайдаларын көрсін» дейді Хаж сүресінде . Ұлы сапар кезінде бауырларымыз Жаратқан Иемізден жалбарынып еліміз үшін дұға тілеуде. Лайым дұғалары қабыл болып, Тəуелсіз еліміз гүлдене берсін!. Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқыған бауырларымыздың Алла Тағаламыз уəде еткен «пайдасына» тұтас ел болып бірге жетелік. Табалдырығымызды аттағалы отырған Құрбан айт мерекесімен барша мұсылман қауымын шын жүректен құттықтаймын! Жаратқан Ием құлшылықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей. Қасиетті орындарда қажылық парыздарын өтеп жүрген бауырларымызға дін аман елге оралуды жазсын. Əумин! Бақдаулет қажы АБДРАХМАНОВ, А. Қаттани мешітінің Бас имамы.
Халықаралық тілдер фестивалі өтті Өткен аптада Астана халқы айтулы оқиғаны атап өтті. Еуропалық Одақтың ресми бекітуімен дүниеге келген Тілдер күніне арналған осы шараға Ұлыбритания, Ресей Федерациясы жəне Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың «Өкпек жолаушы» атты спектаклі қойылды. Осы қойылымды көрермендерге үш күн бойы Лондон əртістері ағылшын, СанктПетербор əртістері орыс, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық театры қазақ тілінде ұсынды. Халықаралық тілдер фестивалі аясында "Royal Gift" кітап клубында "Ертегі мен əдемілік симфониясы" деп аталған шығармашылық кеш болып өтті. Осы кеште Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Нұрсұлу Шаймерденованың "The FlowerPrincess" ертегісінің тұсаукесері болып, оны ағылшын тілінде Лондон театрының актері Марк Стентон оқыды. Одан кейін француз дизайнері Зохра Докси өзінің əшекей бұйымдарымен таныстырды. Бұл кешке Лондондағы Айтматов академиясының директоры Рахима Əбдіуəлиева, Лордтар палатасының өкілдері Алисон Сати мен Мерлене Эмерсон қатысты. Тілдер Күніне арналған фестиваль
4Дизайнер Зохра Докси (Франция), Рахима Нуриден (Қазақстан), Баронесса Алисон Сати (Ұлыбритания) «Royal Gift» кітап клубында шеңберінде Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстандағы көптілділік: қазақ тілінің біріктіруші рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Университет оқытушылары мен студенттері, Ұлыбританиядан келген меймандар арасында пікіралысулар сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Кембридж университетінің профессоры Синх Саксенаға студенттер өздерін толғантқан сұрақтарды ағылшын тілінде қойды. Жиын соңында ҚГЗУ қазақ жəне орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.С.Бейсенованың ағылшын тілінде жарық көрген монографиясы
таныстырылды. Астанада өткізілген биылғы халықаралық тілдер фестивалінде қазақ тілімен қатар ағылшын тілі де кең қолданыс тапты. Жоғарыда атап өткеніміздей, Д.Исабековтың пьесасымен қатар жоғары оқу орындары ғалымдарының еңбектері де аударыла бастады. Осындай игі істің ұйымдастырушысы – Лондондағы халықаралық «Aitmatov academy» басшысы Рахима Мұсақызы Əбдіуəлиеваның еңбегі айтуға тұрарлық. Он бес жылға жуық Германияда Ш.Айтматовпен қызметтес болып, аты əлемге əйгілі жазушыға қызындай жақын болған Рахима Мұсақызы қазір Шыңғыстанушы. Жастайы-
нан Рахима Мəскеуде, Үндістанда, Еуропада білім алды. Бірнеше тілді қатар меңгерген ол филология ғылымдарының докторы, профессор. Еуропа елдерінің, соңғы жылдары біздің еліміздің университеттерінде дəрістер оқиды. Ш.Айтматовтың шығармаларын басқа тілдерге аудару арқылы кең насихаттаумен айналысады. Жазушының барлық шығармалары неміс тіліне аударылған екен. Ал, ағылшыншаға аудару үш жылдан бері қолға алынып, қазіргі күні Ш.Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ», «Балаларға жұмбақ» сияқты шығармалары жарық көріпті. Р.Əбдіуəлиева осындай орасан жұмыстармен қатар басқа да қаламгерлердің шығармаларын ағылшын тіліне аудартуды мақсат етіп отыр. Соның бір көрінісі ретінде Д.Исабековтың шығармаларын айтуға болады. Қазірдің өзінде жазушының «Гауhартас», «Қабылан», «Ескерткіш» сияқты əңгімелері аударылды. Ал, «Өкпек жолаушы» Лондон театрларында ағылшын тілінде алғаш рет қойылып, Еуропа жұртшылығына ұсынылды. Тілдер фестивалінде еліміздің көрермендері «Өкпек жолаушыны» ағылшын тілінде тамашалай алды. Алыстағы тұманды Альбионның тұрғыны Рахима Мұсақызы бұл елді бізге осылайша жақындата түсуге бел байлап отыр. Алдағы уақытта мəдени, əдеби, ғылыми өмірімізге ағылшын тілі етене ене бастаса, онда замандасымыз Рахиманың еңбегі бар деп біліңіз. Рахима НУРИДЕН, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.
ҚАЙРАТ CАҚ – ЕРДІҢ ЖАСЫ ЕЛУДЕ! (Соңы. Басы 1-бетте).
Саєымбай ЌОЗЫБАЕВ, Əл-Фараби атындаєы Ќазаќ ўлттыќ университеті журналистика факультетініѕ профессоры, Тарих єылымдарыныѕ докторы, Ќазаќстан журналистика академиясыныѕ президенті: - Қайрат бізде бірнеше жыл қызмет етті. 1998 жылы «Қазақ газетіндегі ұлттық-саяси мəселелердің жазылуы»- деген тақырыпта кандидаттық қорғады. Ғылыми жетекшісі мен болдым. Сондықтан мен Қайратты өзімнің шəкіртім деп білемін. Менен 26 адам ғылыми еңбектерін қорғады. Дегенмен Қайратты алдыңғы үштікте деп мақтанышпен айта аламын. Алаш қайраткерлерін, Алаш публицистикасын зерттеу 90-шы жылдары басталды, Қайрат алғашқылардың бірі болды. Қайраттың кандидаттық диссертациясы «Қазақ» газеті жөніндегі алғашқы ғылыми жұмыс. Кейіннен «Айқап» журналын, «Сана», «Шолпан» журналдарын, «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерін, Əлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Халел жəне Жəлел Досмұхаметовтарды, Міржақып Дулатовтың еңбектерін зерттеу жұмыстарына басқа да ғалымдар атсалысты. Ал Қайрат бұл жұмыстың бастаушысы болды. Кітапханадан шықпай төте жазумен жазылған еңбектерді аударып зерттеуде алдына жан салмады. Белгілі ғалым Үшкілтай Субханбердинамен жəне Сəрсенбі Дəуітовпен бірге «Қазақ» газетінде басылған материалдарды жинақтап кітап етіп шығарды. Бүгінгі таңда Алаштанушылар біршама көбейді. «Қазақ» газеті публицистиканың алғашқы қарлығашы десек те болады. «Қазақ» газетіндегі жер мəселесі, саяси мəселелер, əдебиет, мəдениет мəселелері жеке-жеке ғылыми тақырып болуға лайықты. Осы «Қазақ» газетінің кезінде 365 нөмірі шыққан екен, соңғы 5-6 жыл шамасында Қоғабай Сəрсекеев 366 нөмірінен бастап қайта шығара бастады. Сол сияқты «Айқап» журналы да 89 нөмірінен бастап жалғасын тапты. Бүгінде Қайрат Сақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде журналистика жəне саясаттану факультетінің деканы. Ердің жасы елуге де келіп қалыпты. Абыройлы еңбек еткен шəкіртіме тек жақсылық тілеймін. Биіктерден көріне берсін.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Ґмірхан ƏБДИМАНЎЛЫ, Əл-Фараби атындаєы Ќазаќ ўлттыќ университетінде филология, əдебиеттану жəне əлем тілдері факультетініѕ деканы, Филология єылымдарыныѕ докторы, профессор: - Алаш əдебиетін, Алаш азаматтарының қазақтың ой-санасын оятудағы қызметтерін қарастыру 1988 қолға алынды. Алаштықтар ақталған соң болмысына, қоғамдағы атқарған қызметіне, жалпы осы Алаш ұғымының айналасындағы мəселелерге терең зерттеулер жүргізуге бет бұрдық. Қайраттың 5 жылдық білім алып жүрген кезеңінің аяқтау тұсы осы кезге дөп келді. Ол студент кезінен осы мəселеге ден қойды. Сондықтан да ұстазы Тауман Салықбайұлы Амандосовтың қолдауымен дипломдық жұмысында «Міржақып Дулатовтың көсемсөздерін» зерттеуді қолға алды. Ол кез ұраншылдық кезең еді. Бəрі Алаштануға бет бұрған болатын. Қайрат та өзінің ой-пікірін жеткізуге қызығушылықпен кірісті. Ол осы диплом жұмысы арқылы Алаштанудың табалдырығынан аттады. Содан кейін «Шалқар» газетінде, Оразаев шығарған «Қазақ үні» газетінде қызмет істеді. «Қазақ» газеті - Алаштың ой-арманы, көзқарасы, танымы, Алаштың қоғамдық қызметінің алатын орны. Біз де сол кезде осы мəселелермен айналыстық. 1988 жылы мен «Ахмет Байтұрсыновтың əдебипублицистикалық мұрасын» кандидаттық диссертацияма тақырып етіп алғанмын. Жəне осы салада Қайраттың жасаған жұмыстарының нəтижесін білемін. 1998 жылы «Қазақ газетіндегі ұлттық-саяси мəселелердің жазылуы» деген тақарыпта кандидаттық қорғады. Осы еңбегінде «Қазақ» газетінің Алаш идеологиясының, Алаштық күрестің,Алаш қайраткерлерінің ой-танымын, қоғамдық-саяси мəселелерін жазу арқылы ашуға тырысты. Мұны «Қазақ» газеті туралы екінші ғылыми жұмыс деуге болады. Алдында менің еңбегімде «Қазақ» газеті арнайы бір
тарау болған еді. Кейін оны монография етіп шығардым. Бұдан кейін Қайрат «Ұлттық сана ұйытқысы» деген кітап шығарды. Мұнда «Қазақ» газетіндегі барлық мəселелерді қамтыған. Ғылыми тұрғыда тиянақты тұжырымдаған. 1998-99 жылдары Үшкілтай Субханбердина, Сəрсенбі Дəуітов, Қайрат Сақ «Қазақ» деген кітап бастырды. Бұл кітапта газеттегі материалдар арабшадан аударылып, жылдарға бөлініп берілді. Бұл еңбек алаштануға қосылған үлкен еңбек. Сонымен қоса Қайрат Алаш қайраткерлері, Алаштық публицистика, Алаштық көсемсөз жайлы бірнеше ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Жəне Алаш публицистикасын жинақтап, жариялау туралы үлкен ғылыми проект жасап, сол проект арқылы «Қазақ», «Айқап», «Қазақстан газеті», «Ақжол», «Шолпан» сияқты 20-30 жылдары жарық көрген газет журналдарды оншақты том кітап етіп басып шығарды.«Алаш мұрасы» жəне ұмытпасам «Алаш көсемсөзі» деген екі үлкен кітап жазды. Бұл Қайраттың Алаш мəселесімен ынта қойып жан-жақты айналысқанының белгісі. Қазір Алаштанушылар көп қой. Дегенмен соның ішінде бірегейі деп 5-6 ғалымды айтар едім. Мəмбет Қойгелді, Диқан Қамзабекұлы, Талас Омарбеков, дүниеден өткен Қамбар Атабаев, сосын, əрине, менӨмірхан Əбдиманұлы. 1993 жылы менің «Қазақ» деген монографиям шықты, 1995 жылы қазақтың керемет үлкен тарихшысы Кеңес Нұрпейісовтың «Алаш Һəм Алашорда» деген кітабы жарық көрді, 1995 жылы Мəмбет Қойгелдінің «Алаш қозғалысы» деген кітабы басылды жəне Қайрат Сақтың «Ұлттық сана ұйытқысы»деген кітабы Алаштану саласындағы алғашқы еңбектер болып табылады. Жоғарыда аталған ғалымдардың ішінде Қайраттың да Алаштануға қосқан үлесі зор. Қазір ол тыңғылықты түрде осы мəселемен айналысып жүр. Қайрат жас азамат, сондықтан əлі де талай еңбектер жазады деп сенемін. Дайындаған Бақтыгүл МҰҚАШЕВА, Алматы қаласы.
2
Ел жаңалықтары Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауының қорытындысын жариялады Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 1 қазанда өткен ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының қорытындысы шығарылды. Еліміздің Конституциясына жəне Сайлау туралы заңына сəйкес Парламенттің жоғарғы палатасына 16 депутат, яғни əрбір облыс, Астана жəне Алматы қалаларынан бір депутаттан сайланды. Сонымен, сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облысынан сайланған Рашит Əкімов сайлаушылардың 92,9%-ның дауысын жинады. Ақтөбе облысынан – Марат Тағымов (90,5%), Алматы облысынан – Аңсар Мұсаханов ( 88,8%), Атырау облысынан – Сəрсенбай Еңсегенов (87%), Батыс Қазақстан облысынан – Ерболат Мұқаев (94,8%), Жамбыл облысынан – Мұратбай Жолдасбаев (89,5%), Қарағанды облысынан – Сергей Ершов (94,1%), Қостанай облысынан – Серік Бектұрғанов (82,8%), Қызылорда облысынан – Бекмырза Еламанов (82,8%), Маңғыстау облысынан – Михаил Бортник (87,5%), Оңтүстік Қазақстан облысынан – Əли Бектаев (77,8%), Павлодар облысынан – Манап Көбенов (80,8%), Солтүстік Қазақстан облысынан – Ольга Перепечина (83,8%), Шығыс Қазақстан облысынан – Сергей Плотников (85,3%), Астана қаласынан – Серік Жақсыбеков (92%), Алматы қаласынан – Төлеубек Мұқашев (88,2%) Сенат депутаты болып сайланды.
Сенатор журналистерді баспанамен қамтуды ұсынды Кеше ҚР парламентi Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Премьер-министрi Кəрiм Мəсiмовтiң атына жолданған депутаттық сауалында Нұрлан Оразалин БАҚ, əдебиет пен өнердiң жас мамандарына арналған Астанада жатақхана қалашығын салуды ұсынды. Сенатор өзiнiң депутаттық сауалында бүгiнгi күнi Қазақстанда 252 электронды БАҚ, 146 теле-радиокомпания, 88 телекомпания мен 58 радиокомпанияның, 98 кабельдiк оператор мен 1364 газет жұмыс iстеп жатқанын атап өттi. «Ел өмiрiндегi саяси тұрақтылық пен рухани тiлеудiң баянды болуына өз үлесiн қосып келе жатқан қаламгер қауымын, сол санатта БАҚ өкiлдерiн, əсiресе мемлекеттiк арналарда қызмет жасайтын журналистердi баспанамен қамтамасыз ету кезек күттiрмес саяси-əлеуметтiк мəселе болып отыр. Елорда Арқаға көшкелi көш қатарын сапалы тұрғыдан молайтып, бiраз мемлекеттiк телеарналар да Астанаға шоғырлана бастады. Заман талабына сай жұмыс жасайтын қуатты Медиаорталық тəуелсiз елiмiзде ақпарат кеңiстiгiнiң еркiн əрi шапшаң қимыл жасауына мүмкiндiк тудырды. Бұл, сөз жоқ, жаһандану дəуiрi қалыптастырып отырған ақпараттық сұраныстарға жауап берер игiлiктi құбылыс. Осы орталық пен арналарда қызмет жасайтын мамандар мен журналистердiң денi – жас отбасылар мүшелерi. Жасыратыны жоқ, көбiнiң тұрмыстық-əлеуметтiк жағдайлары көңiл көншiрлiк емес. Көпшiлiгi пəтер жалдап тұрады. Астанада пəтердiң құны қымбат екенi белгiлi. Айлық табыстарының қомақты бөлiгi сол пəтер жалдауға кетедi. Ақпарат, əсiресе, электронды ақпарат кеңiстiгi саналарға тiкелей əсер етер бiрден-бiр ықпалды күшке айналып отырған қазiргiдей күрделi заманда қаламгер журналистерге жағдай жасау тəуелсiз елiмiздiң iшкi берiктiгi мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жүргiзiлер шара екендiгi айдан анық», - дедi Н.Оразалин.
Түркі тілдері үшін қолданылатын жинақталған әліпби әзірленедi Кеше парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар түркі тілдері үшін қолданылатын жинақталған əліпби əзірлеудi қарастыратын «Түркі академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын қабылдады. Заң жобасының мақсаты Түркiтiлдес мемлекеттердiң ынтымақтастығы кеңесiнiң қолдауымен халықаралық ұйым нысаны ретiнде Түркi Академиясын құру туралы аталған келiсiмдi ратификациялау. Түркi Академиясының негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары: - түркiтану саласындағы зерттеулердi үйлестiру мен оларға жəрдемдесу, жалпы түркi тарихы мен этнографиясын оқыту, əлемдiк қоғамдастықты түркi халықтарының жетiстiктерi туралы хабардар ету; - барлық түркі тілдері үшін қолданылатын жинақталған əліпби əзірлеу, барлық түркi халықтары үшiн ортақ əдеби тiл құру жəне тараптар мемлекеттерi оқу орындарының пайдалануы үшiн ортақ оқулықтар, əдiстемелiк материалдар дайындау мақсатында зерттеулер жүргiзу; - Түркi Академиясына жұмыс iстеу үшiн тартылған зерттеушiлерге арналған РһD докторантурасы бағдарламасымен түркiтанушы мамандарды даярлау жəне басқалары.
Бауыржан Әбдішевті қамауға алу шарасы күшінде қалды Қарағанды облысының сотында апелляциялық алқа отырысы өтіп, өңірдің бұрынғы əкімі Бауыржан Əбдішевтің ісі қаралды. «Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Жұмабай Əбішев апелляциялық инстанцияға түскен шағымды қарады. Қазыбек би аудандық сотының 2014 жылдың 26 қыркүйегіндегі Бауыржан Əбдішевке қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысы күшінде қалды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы əкімі Бауыржан Əбдішевке лауазымды қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Маңғыстауда тауарды кедендік рәсімдеу уақыты қысқарды Маңғыстау КБД тауарларды кедендік тексеру уақытын 16-дан 3 сағатқа дейін қысқартты. «Ағымдағы жылдың қаңтарында ішкі нарыққа арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізу үшін жұмсалатын уақыт шамамен 16 сағат 38 минутты құраса, тамыз айының өзінде ғана жалпы ортақ уақыт 3 сағат 21 минутқа дейін қысқарды, оның ішінде экспорттық тауарларды кедендік рəсімдеуге 1 сағат қана уақыт кетеді», - деп көрсетілген Маңғыстау облысы Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Оған қоса, қазірде халықаралық сəйкестік сертификаттарын мойындау үшін техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы Кедендік одақ келісіміне өзгеріс енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. BNews.kz
¦ÄIËÅÒ
АЙТПАЙЫН ДЕСЕҢ...
Сонда Еліміз Тəуелсіз Қазақстанда осындай №35 (195) басшыларға қарсы қолданатын шара болмағаны ма?! 03.10.2014 жыл
3
Дегенмен, журналисттік зерттеу барысында Лəззат Қашқымбаеваға қоғам назарын тартатын жəйттер табылғанына байланысты, құзырлы органдардың бақылауына, жіті тексеруіне жариялауды жөн санадық. Кезінде Елді дүрліктірген дерт Оңтүстік өңіріндегі «СПИД»тің шыққаны əлі ешкімнің жадынан кете қоймаған шығар. Сол кезде ОҚО денсаулық сақтау Департаментін белгілі дəрігер Нұрсұлу Тасмағамбетова басқарған. (2003-2006ж.) Ал, осы департаменттің ең маңызды əрі жауапты саласы дəрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметін Лəззат Қашқымбаева(2003-2006ж.ж.) атқарып, дəрілік заттардың «тендерлерін» облыс аумағында шешіп отырған. Ол өзіне сеніп тапсырылған басшылық қызметті атқару барысында қызметіне салғырт қарауымен (шприц, система, катеторларға) бөлінген қаражатты дұрыс пайдаланбау себептерінен ОҚО өңірінде «СПИД» індеті тарағанына қаншалықты үлесі бар-жоғына қайта
тексеру сұранып тұрған сияқты. Иə, бүгінде кінəлі-кінəсізі бар дəрігерлер өздеріне тиісті жазаларын өтеп жатыр, бірақ былықтың басында тұрғандар қайда? Соның ішінде Л.Қашқымбаеваның қызметі тексерілді ме, егер қаралған болса қандай шешім шықты. Əділетті болды ма? Сол іспен заңға сəйкес танысып шығу кезек күттірмес мəселе болып отыр қазір. Себебі ол жерде басты обьекті – адам өмірі. Ал, адам өмірі бəрінен маңызды, бəрінен де қымбат! Дүрбелеңнің дүрсілі басылмай жатып, Л.Қашқымбаева, «СПИД» көтерілісімен, “есің барда елің тап” дегендей, медициналық мамандығын экономикалық мамандыққа лезде ауыстырып, ОҚО қаржылық бақылау жəне мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекші маман қызметіне ауысқан. Оған себеп не? Сонымен өзінің ОҚО денсаулық сақтау Департаментінде жасаған былықпайларын құқық қорғау органдарымен бірлескен тексерулерінде барлығын жауып отырған деген мəліметтер қаншалықты
рас не негізсіз екеніне прокурорлық қадағалау арқылы шығарылған қорытынды шешімді күтеміз. Журналисттік зерттеу барысында тағыда сұрақ туады: Л.Қашқымбаева медицина саласына ОҚО қаржылық бақылау жəне мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекші маман қызметінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті директорының орынбасары, қала берсе Департамент директоры қызметіне оп-оңай ауысып келуіне кім себепкер??? Медицина қызметкерлерінің айтуына қарағанда Нұрсұлу Тасмағамбетова апамыз Қашқымбаеваның «қорғаушысы» көрінеді. Бірақ біз бұл мəліметке толық сенбейміз. Сене алмаймыз. Өйткені нақты дəйек жоқ. Бұрынғы министр, бүгінгі министр орынбасары Салидат Қайырбекованың бұл жəйттен хабары бар ма екен?! Алдағы уақытта бұл сұрағымызға да
С. Қайырбекова
Л. Қашқымбаева
Бұған дейінгі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің ОҚО бойынша Департаментінің басшысы Л.Қашқымбаева туралы жазылған материалдарымызды, ол өзіне сеніп тапсырылған басшылық қызметті атқару барысында қызметін асыра пайдаланып Қазақстан Республикасының Заңдарын белден басқандығы айтылды. Бүгінгі таңда ол “сезікті бұрын секіреді демекші” өзі туралы айтылған сын пікірлерді мойындамай (ол өз құқы əрине), мəселе көтерген журналисті жəне бұрынғы қызметкерін сотқа берген. Сот əлі жалғасуда.
Н. Тасмағамбетова
ҚАШҚЫМБАЕВАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАЙТА ҚАРАЛА МА?
Қайырбековадан жауап күтетін боламыз. Сонымен қатар, департаменттің басшысы Л.Қашқымбаеваның облыстағы медицина қызметкерлерінің 10 жалған сертификат иемденуіне жол бергендігі ағымдағы жылдың қаңтарында анықталып, мемлекеттің қаржысын желге ұшырғанын жазғанбыз. Бұл жағдайда Оңтүстік Қазақстанда анықталған жалған сертификат бойынша Комитет төрайымы Л.Ахметниязова жұмыстан кетеді, ал Л.Қашқымбаева əрмен қарай «мен аппақ қардай тазамын» деп жұмысын жалғастыруда. Л.Қашқымбаева Департамент басшысы бола тұра өзінің орынбасары Қ.Есенгалиеваға жоғары категория бергені үшін қатаң сөгіспен құтылып, ал Қ.Есенгалиева жұмыстан кеткен. Сонда бұл қалай болғаны? Балықтың басы шірісе, құйрығын кесу керек пе сонда шіріген бас сау денені ірітпей ме! Мəселе нысанасы Л.Қашқымбаева Қазақстан Республикасының заңнамаларын біле тұра бұзғаны үшін жазаға лайықты
ма, жоқ па? Қашқымбаеваның қызметіне сəйкес тағы бір маңызды жəйтқа назарларыңызды аударамыз. Газетіміздің өткен сандарында біз Момынованың мезгілсіз өліміне қатысты бірнеше сын мақала жариялағанбыз. Бұл мəселені Қашқымбаева өз саласы тарапынан арнайы тексеру жүргізіп, əділ шешім шығаруға тиіс болатын. Өкінішке орай, Момынованың өліміне біржақты шешім шығарғаны, яғни, облыстық кардиоорталықты кінəлаған қорытынды шығарған еді. Оған келіспеген жəбірленуші тарап жəне «Əділет» редакциясы, сонымен қоса кардиоорталықтың басшылығы келіспейтіндіктерін білдіріп, министрлікке арыз түсірген. Нəтижесінде Астанадан арнайы тексеру комиссиясы келіп, обьективті тексеру жүргізіп, облыстық кардиоорталықпен қоса облыстық клиникалық аурухана қызметкерлерінің де өлім алдында кінəлі екендерін дəлелдеп шешім шығарды. Егер Қашқымбаева өзін
əділетті санайтын болса, неге о баста бірінші тексеру кезінде əділ шешім шығармайды?! Міндетті түрде Астанадан ат арылтып арнайы келіп тексеру қажет пе еді? Əрмен қарай Л.Қашқымбаеваның өрескел істерін айтып шулаған медициналық бөлімнің мамандары Л.Қашқымбаева жəбірлік көрсетпесе бірінен соң бірі қалай «Өз еріктерімен» кетіп отырған? Яғни, «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің» тармақтары дөрекі бұзылғанын көре, біле тұра Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі қайда қараған? Сонда Еліміз Тəуелсіз Қазақстанда осындай басшыларға қарсы қолданатын шара болмағаны ма?! Қазақстан Республикасы Заңдарын белшесінен басып бұзып, Қазақстан азаматтарын жəбірлеп, қуғын – сүргінге айдап отыруында ол кімге сенгені жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы Л.Қашқымбаева қызметін жалғастыра бермек пе? Бұл жөнінде біз ең əуелі жаңадан тағайындалған министр Тамара Дүйсеноваға аса үлкен құрметпен жəне сеніммен осы мəселені заңға сəйкес əділ қарап шығып, тиісті шешім қабылдауын сұранамыз. Сонымен қоса, Мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Бас прокурор А.Дауылбаевтың назарына осы істі қатаң бақылауға алып, жіті тексеруін ашық сұрап отырмыз. Заңсыздыққа нүкте қоятын мезет жеткен сияқты. (Жалғасы бар). Сəуірбай ЖЫЛҚЫБАЕВ.
Генеральному Прокурору Республики Казахстан А.Даулбаеву Председателю Агенства по государственной службе и противодействию коррупции по Республике Казахстан К.Кожамжарову Министру здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Т.Дуйсеновой
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Назарларыңызға «Үміт» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері жазған хатты өзгеріссіз (орыс тілінде жазылған) ұсынып отырмыз. В общественную приемную общества инвалидов по трансплантации почки «Үміт» поступили заявления от больных. Это лишь часть, которая в письменном виде дошла до нашего Общества. А основная масса жалоб в течение продолжительного времени – в устном виде. Пациенты запуганы и всерьез боятся писать открыто. Многие заявления без фамилий с указанием лишь контактного телефона. Обращаюсь к вам от имени пациентов Южно-Казахстанской области, страдающих почечной недостаточностью. Мы долго молчали, думали что наша проблема решится и врачи уверяли нас. Однако наступило время, когда мы не можем болыпе молчать, потому что под угрозой наша жизнь. Мы получаем гемодиализ в областной больнице, где главным врачом является Егизбаев М.К., кто-то из нас уже перенес успешные операции по пересадке почки. У нас нет доноров, и поэтому мы вынуждены получать некачественный гемодиализ в областной больнице, и в последнее время мы, больные, боимся за свою жизнь. Дело в том, что в отделении искусственной почки областной больницы, которое возглавляет Болсынов Ы.Т., творятся ужасные безобразия. По- другому это не назовешь. Так, например, часто стали отключать воду во время процедур гемодиализа. Медсестры тогда голыми руками (без перчаток) вручную крутят аппарат. В результате вместо 4-х часового стандартного диализа мы получаем 2,5 - 3 часа, что не соответствует стандартам качества. Витамины и другие жизненно необходимые лекарства, за которые оплачивает государство, стали делать после многочисленных устных жалоб только где- то последние 2 месяца. Гемоглобин у нас низкий, не всегда делают рекормон, препараты железа
получаем редко, и то низкого качества, от которых бывает аллергия. По протоколу мы должны получать препараты от фосфора, от паратгормона, но их мы не видим. Выписку на руки должны давать каждый месяц, но не допросишься, Болсынов Ы. боится что мы уйдем в другие центры с этой выпиской и не дает нам. Во время диализа у некоторых падает давление, у некоторых повышается, но медсестры не подходят, врачи тем более. В апреле этого года одной пациентке два раза не смогли поставить катетер, пришпось из больницы ехать в Фосфорную больницу, там все сделали. Из-за некачественных растворов на гемодиализе у многих больных плохое самочувствие после процедуры. Многие больные из-за такого «качества» попадают в реанимацию, а некоторые и вовсе умирают. Был случай месяца 2 назад, когда один пациент, не выдержав такого отношения, взял на кухне нож и погнался за Болсыновым Ы., угрожая его убить, потому что все равно умирать при таком отношении. Потом Болсынов Ы. подрался со старшей медсестрой на глазах у пациентов, потому что она отказывалась брать в аптеке лекарства, которые мы требовали, так как ей запретил главный врач. Пациенты слышали их ссору. Две смены диализ не проводился, была драка в отделении. Мы сильно испугались, после этого многие больные ушли в другие центры. Однако, когда открываются частные центры, Болсынов Ы. не хочет нас отпускать. Недавно некоторые из нас хотели уйти в другой центр, но после звонка Болсынова Ы., нас туда не приняли. Мы в отчаянии и боимся что он
нам создаст такие условия, что мы будем тихо умирать. Мы хотим на пересадку почки, знаем что у нас наконец- то делают операции, но Болсынов Ы.нас отговаривает, угрожая тем, что без его визы никто нас на очередь не поставит. Он всегда говорит, что операции неэффективны, лучше ходить на диализ, «почка отвалится, если вовремя не примешь лекарство», и мы конечно боимся когда врач говорит такие вещи. Мы же ему верим. Некоторые дают ему взятку, чтоб на очередь поставил. Но многие может быть и не признаются, потому что мы мирные люди и зависим от врачей. На наши устные жалобы главному врачу Егизбаеву М. никакой реакции. Мы уверены, что от диализа остаются в экономии большие деньги, за это главный врач Егизбаев М. держит Болсынова Ы. и крышует его, несмотря на все. Господин Егизбаев М., как доверенное лицо от народа, депутат областного маслихата ЮКО, должен заботиться о нашем здоровье. Почему народную медицину он делает антинародной? Зачем Болсынов Ы., его доверенное лицо, агитирует больных, чтобы не делали операции по пересадке почки? Совсем недавно мы никому не нужны были. Благодаря грамотной политике Президента страны сейчас государство платит большие деньги за диализ и у нас появился шанс дожить до долгожданной пересадки. Те больные, которые после операции, уже работают, мы видим, что им действительно хорошо, и мы хотим дожить тоже до этого. Мы не обращаемся к Президенту Республики Казахстан, который поддерживает трансплантологию и с участием нашего Общества данное направление
М. Егізбаев
Мы, больные, боимся за свою жизнь М. Ускенбаев
«Үміт» бүйрек ауыстыру жөніндегі мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Өскенбаев редакциямызға арнайы келіп, бірлестік атынан ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың назарларына бағытталған хатын газет бетіне жариялауымызды сұранды. Хатта көтерілген мəселе жайында өзі былай деді: – Біз 2008 жылы құрылғанбыз. Бірлестіктің Астана, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент жəне Қызылорда қалаларында бөлімшелері жұмыс істейді. Бүйрек ауруына шалдыққан науқастарға психологиялық, медициналық, құқықтық жағынан көмек қолын созамыз. Нақты есімде жоқ, бірақ шамамен 3-4 жыл бұрын облыстық клиникалық ауруханада 14 гемодиализ аппараты болса, соның 8-і істен шығып, жарамсыз болып қалған. Сол кезде науқастар маған бұл жəйтті жөнге қою тұрғысында арыздарын жолдаған-ды. Жəне де аурухана қызметкерлерінің мүлдем сапалы қызмет көрсетпейтінін де тілге тиек етті. Сол уақытта «Орынбаев» атындағы жекеменшік клиникасы 25 млн. теңгеге су жаңа диализ аппараттарын сатып алған еді. Осыны алға тартып ОКА-ның бас дəрігері М. Егізбаевқа диализ аппаратына таңылған науқастарды «Орынбаевқа» ауыстыруын сұрандым. Бірақ мұным мұң екен. Ол мені кабинетінен қуып шықты. Не үшін? Өйткені аппаратқа таңылған науқас үшін Үкімет ауруханаға аямай ақша төлейді. Науқастарды өзге жаққа ауыстырса, сол қаржыдан қағылатындай болды. Бұл келеңсіздіктен кейін көптеген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, солармен Егізбаевтың қабылдауына қайта бардым. Міне содан соң барып біз оң нəтижелерге қол жеткізе бастадық. Көп ұзамай-ақ науқастар дəрігерлердің сапалы медициналық қызмет көрсетпейтіндігі жөнінде шағымдарын қарша бората бастады. Бірақ тиісті органдарға емес. Өзіме ғана жеткізеді. Неге? Бұқпантайлап, ойларын ашық жеткізе алмай кібіртіктеуінің себебі белгілі. Олар қорқады. Мысалы, осы қазір ғана сіздердің редакцияларыңызға қарай беттеп келе жатқанымда бір науқас қоңырау шалып, «Сізге шағымданғаным жөнінде неге айтасыз? Енді дəрігерлер маған қырын қарап жатыр. Медбикелер де жаныма жоламайды. Мұндағы ары өткен, бері өткеннің бəрі мені ала көзімен атып жатыр», -дейді. Енді осы дұрыс па? Бұл науқастардың намысын таптау ғой. Олар көңілдері алаң, жарымжан жандар ғой. Біздің хатты жазуымыздың негізгі мақсаты – аурухана мен ондағы дəрігерлердің науқастарға сапалы қызмет көрсетіп, толық дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етілуін жолға қою болып табылады. Мемлекет бізге барынша көмек көрсетіп жатыр. Оны мақсатты пайдалану, жүйелі түрде жүзеге асыру ақ халаттылардың қолында. Ал ондағы ақ желеңділерге Егізбаев сынды дəрігер басшы болып тұрғанда, сірə сол сапалы қызмет көрсетілмей ме деп те қорқамыз. Бұған неше жыл бойы жыр болып келген біздегі науқастардың жай-күйі дəлел бола алады. Жасырып жауып қайтеміз?! Бірақ біз Егізбаевтың қызметінен кеткенін қалаймыз. Мұны ашық айтуға науқастар қатты қорқады. Себебі, Егізбаевтың тарапынан оларға түрлі қысым жасалған. Сол себептен, науқастар ойларын толық айтуға бата алмайды.
развивается в Южном Казахстане. Управление здравоохранения области не раз выносило административные взыскания руководству областной больницы, но до сих пор господин Егизбаев М. прочно сидит, несмотря на то, что из государственного учреждения он сделал частную лавочку. Видимо, хорошая «крыша» у Егизбаева М.?! Уважаемые руководители! Когда наконец-то ведущей клиникой нашей области будет руководить порядочный и достойный врач? Мы от Вас ждем положительных решений. В первую декаду октября, если не решится вопрос, мы вынуждены будем провести прессконференцию с больными в эфире республиканского масштаба. На основании вышеизложенного ПРОСИМ: 1. Срочно разобраться в данной ситуации с привлечением независимых экспертов в области нефрологии и наказать виновных. 2. Рассмотреть вопрос на заседании областного маслихата ЮКО о соответствии занимаемых должностей господина Егизбаева М. М. УСКЕНБАЕВ, президент РОО «Үміт». P.S. Көтерілген мəселеге байланысты редакциямызға Оңтүстіктің тұрғындары қоңырау шалып, өз пікірілерін білдіруде. Олар ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Исмаиловтың облыстық клиникалық ауруханаға қатысты дауға осы уақытқа дейін нүкте қоймауын сыбайластыққа байланыстырып отыр. Сондай-ақ, ОҚО əкімі А. Мырзахметов халыққа берген соңғы есебінде облыстық клиникалық аурухананың бас дəрігері М.Егізбаевтың қызметін тікелей өзі бақылауға алып, осы мəселеге байланысты дұрыс шешім шығаратыны жөнінде уəде берген еді. Бірақ ол сөз күйінде қалған сияқты. Ескерте кетейік, М.Егізбаев та, оның басшысы Ж. Исмаилов та, оның басшысы ОҚО əкімі А.Мырзахметов те біз үшін алысберісі жоқ, қалыс азаматтар. Дегенмен қоғам пікірін биліктің назарына жеткізу, ақты ақ, қараны қара деп, əділетті жəне обьективті материал жариялау - біздің басты бағытымыз болып қала бермек.
¦ÄIËÅÒ
Көңіліңді шалқытатын, жан сарайыңды сергітетін ғажап сусын
ӨЗГЕ ПІКІР
№35 (195) 03.10.2014 жыл
4
ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЇКІМЕТІНІЅ НАЗАРЫНА!
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚЫМЫЗЫ МЕН ШҰБАТЫ
(Соңы. Басы 1-бетте). Осы мəселе төңірегінде ғалымдарымыз көптеген жерлерде дүркін-дүркін мəселе көтерсе де, ешқандай қолдау болмады. Сондай қолдаудың болмағанынан еліміздегі өкпе дерті ауыз салған ауруларды емдейтін шипажайлардың барлығы дерлік қазір жұмысын тоқтатқан. Кезінде олардың саны 15-ке жетіп жығылатын. Біз «қолдағы алтынды бағаламай» жатқанымызда, өзге елдер бұл өнімнің қадір-қасиетін əлдеқашан-
ақ біліп, оны өз пайдаларына асырып та қойған. Мəселен, Ресейде қымыз өндіретін 80-нен астам агрофирма, қымызбен емдейтін 48 шипажай жұмыс істейді. Ондағы ғалымдар қымыздың құрамындағы лактоферрин атты ақуыздан қатерлі ісікті емдейтін дəрі жасауды бастап та кетті. Қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттеріне Жапония жəне Батыс Еуропа елдері де көз жеткізді. Сөйтіп, Германия бие сүтінен қымыз дайындап, оның ұнтағынан түрлі тағамдар мен косметикалық заттар алу ісін ілгерілетіп тастаса, Түркиядағы қазақ қандастар Германияға жылына 1000 тонна қымыз экспорттауды жолға қойған. Ал біз əлі күнге дейін осы аса табысты салаға немқұрайдылық танытып жүрміз. Дəл осындай мазмұнда жазылған үшбу хатты сенатор Қ. Айтаханов былай деп түйіндейді: – Ата-бабамыздың аманатына адалдық танытып, ардақтаған асын, сүйсіне ішкен сусындарын ұлттық брендке айналдыру үшін қымыз бен шұбат жөнінде заң қабылдауымыз қажет. Ол заңда олардың классикалық дайындау үлгілері, сүтке қойылатын талаптар, стандарттар, физикалық-химиялық жəне иіс-дəмдік қасиеттері, сақтық шаралары жазылуы тиіс. Қымыз бен шұбат өндіретін фермерлерді ынталандыру үшін заңда мемлекеттік жеңілдіктер қарастыру қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһан-
Депутат сөзі ескерусіз қалмаса екен Жыр алыбы – Жамбыл бабамыздың: Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға ем, сауға қуат, дəрі қымыз. Елімнің сүйген асы, сіңімді асы, Шығаршы, тағы нең бар, кəрі қымыз, – деген өлең жолдарынан-ақ қазақтың сусынының қандай қасиетті екеніне көз жеткіземіз. Елге есімі таныс, аузы дуалы сенаторлардың бірі Қ.Айтаханов Парламент мінберінен қымыз бен шұбатты ұлттық брендке айналдыру туралы мəселені көтергенде, өз басым іштей қуанып қалдым. Өйткені, сол бабалар сусынын өзгенің меншігіне беріп қоямыз ба деген ішкі ой мені кейде қатты алаңдататын. Қымыз біздің ұлттық сусынымыз деп кеуде керіп жүретін заман емес қазір. Оны заңдастырып алатын уақыт жетті. Оны мемлекет деңгейінде қолға алып, жүзеге асыру керек. Іргемізді бекітіп, экономикамызды көтеріп алған мына заманда ата-бабадан қалған кəсіпке көп екпін беріп, оны одан əрі жаңғыртудың жолдарын қарастыру қажет. Ал қымыз бен шұбат дайындау – бізге көне заманнан, атабабадан қалған аманат. Иə, қымыз бен шұбат ата-бабамыздан келе жатқан қазақтың сусыны дейміз. Бірақ, қазіргі дүкен сөрелерінен қымыз бен шұбатты оңай таба қоймайсыз. Сөрелер əртүрлі бояу қосылып дайындалған, бірақ қаптамасына «табиғи шырын» деп жазылған өнімдерге сіресіп тұр. Арасында қымыз бен шұбат сияқты расымен де табиғи таза сусынның болмауы көңіл қынжылтады. Жалпы, өзім сауынды бие ұстап, одан балдай тəтті қымыз дайындаған отбасында туып-өстім. Марқұм шешем Бағира мен əкем Қабдолла өте еңбекқор кісілер еді. Əсіресе анам қымыз ашытуға барынша ынта-ықыласпен кірісетін. Таңмен таласа тұрып, қас қарайғанша, яғни биелерді өреден ағытқанша тыным таппайтын. Сауынды биелерінің саны бір емес, екі емес, 10-нан астам болса да, шаршағанын білдірмейтін, қабақ шытпайтын. «Күйсіз көңіл шаппайды» деген. Сол ісін ерекше бір ықыласпен атқарғаннан ба, оның баптаған қымыздарының дəмі тіл үйіретін. Анамның қолы ашық, меймандос екенін ауыл тұрғындары жақсы білетін. Сырттан келген қонақтар мен көрші-көлемдер үйдің төрінде отырып, сары қымызды сіміріп, маңдайлары тершіп отыратыны санамда ап-анық сақталып қалған. Бұрындары ауылда өкпе ауруына шалдыққан адамдар қымызбен емдейтін шипажайларға барып сауығып жататын. Қазір мемлекет тарапынан қолдау болмағандықтан, ол шипажайлардың барлығының дерлік жұмыстары тұралап қалып, кейіннен жабылып тынды. Депутат ағамыз осыны баса айтты. Бұл қайта қолға алынуы тиіс шаруа екені сөзсіз. Сөзі кесімді депутаттың қымыз өндірумен айналысатын адамдарға мемлекет тарапынан қолдау керек деген сөзі де өте орынды. Бəрімізге белгілі, қазіргі нарық заманында шөптің, жемнің бағасы уақыт өткен сайын шарықтап барады. Мұны сауынды бие ұстайтын кез-келген шаруаның қалтасы көтереді деп нық сеніммен айта алмаймыз. Егер бие сауып, қымыз ашыту мен оны өндірумен айналысатын адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлықтар болса, шаруа иелерінің сапалы қымыз өндіруге деген қызығушылықтары əдеттегіден анағұрлым арта түсер еді. Биылғы Елорданың туған күні қарсаңында Қызылжарда «Бал қымыз» байқауы өтті. Оған облыстағы 13 аудан қатысты. Солардың арасында қымыздың бабын білетін мамандар аз болған жоқ. Олар əділқазылар алқасының назарына жанға дəру, шипалы сусынның 12 түрін ұсынды. Ал өз басым қазақ этнографиясына тəн жазба деректерінен жəне ауыз əдебиетінен қымыздың 25 түрін кездестірдім. Мұны не үшін айтып отырмын? Демек, бүгінгі ұрпақ қымыздың қырсырына əлі толық қаныға қойған жоқ. Яғни ұлттық сусынымызды барынша ұлықтап, ол туралы толыққанды мəліметті ұрпақ санасына сіңіру жұмыстарын қолға алу керек. Жалпы, қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз, жазғы, күзгі, қысқы деп бөлген. Сонымен бірге, оның сары, түнемел, құнан, саумал қымыз, қысырдың қымызы деген де аттары бар. Тойларға арналып төрт тəулік бойы ашытылған дөнен қымыз, бес тəулік бойы ұсталған бесті қымыз, одан да күшті асау қымыз деген түрлері тағы бар. Оның «бал қымыз» деп аталатын түріне, аты айтып тұрғандай, бал, мейіз, өрік қосылады. Бал қымызды аяқ-қолын жаңа бауырына алған жас босанған əйелдерге, науқасқа, жас балаларға беретін болған. Күздігүні бие ағытылар кезде жиналған соңғы қымыз сірге жияр қымыз деп аталады. Салт бойынша көрші-қолаң, ағайын-туысқа ас асып, сірге жияр қымызынан дəм татырады. Бүгінде бабаларымыз сапырған сары қымыз Еуропа елдерінде дастархан сəніне айналып отырғаны белгілі. Тіпті неміс елінде қымыз өндірушілердің көбеюіне байланысты арнайы одақ құрылған. Іргелес Ресейде қымыз өндіретін 80 шаруа қожалығы бар. Олардың өнімдері ірі қалалардағы ең өтімді тағамның біріне айналып отырған көрінеді. Өзге жұрт осылай қасиетті тағамымызды қажетіне жаратып жатқанда, қымыздың отаны – Қазақстан қолдағы барын ұқсата алмай отыра бере ме? Мұның өзі ұлт намысына тиетін жай ғой. Үкіметтің осыны да ойлағаны, депутат көтерген мəселені ұзын арқан, кең тұсауға салмай, жедел қолға алғаны дұрыс болар еді. Зейнеп ТƏНІБАЕВА, зейнеткер-ұстаз, Ы. Алтынсарин медалінің иегері, мемлекеттік тіл жанашырларының бірі. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Прибрежное ауылы.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Инициатива сенатора воспринята с одобрением
дық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғыру керек. Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бəсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз», - деген міндет қойылған. Сондықтан, елімізде қымыз бен шұбат өндірісін мемлекеттік деңгейде қолға алып, дамытсақ, бұл Елбасымыз айтқан экономикамызды əртараптандырудың нақты көрінісі болмақ. Қымыз бен шұбат жөніндегі заңды қабылдау арқылы ата-бабаларымыздың аманатын ақтап, өмірлерінің нəрі болған сусындарының сапасын сақтап, келер ұрпақтарға мақтанышпен тапсырған болар едік. Құрметті Кəрім Қажымқанұлы! Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қымыз бен шұбаттың халқымыздың сан ғасырлық ұлттық дəстүрлі тағамы, сусыны
Ұлттық нәрмен сусындауымыз қажет Тарих беттерін парақтап отырсақ, ертедегі атабабаларымыздың арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты болғанына көз жеткіземіз. Етікпенен су кешкен сол асыл ерлердің арқасында қазақ осы төрткүл дүние көз тіккен ұланғайыр жерін, оның қойнауындағы ен байлықты қорғап, кейінгі ұрпағына аманат еткен. Жалпы, жауынгерлік, қайсарлық, алғырлық, адамгершілік, кеңдік пен бауырмалдық сынды жақұт қасиеттер бізге ата-баба арқылы қанмен берілген. Олардың өне бойындағы бұл ізгі қасиеттерді сол кездегі таза ауа, табиғи құнарлы тағам одан əрі шыңдап, толықтырып отырғаны жасырын емес. Ал қазіргі ұрпақ қандай? Сол баяғы біздің атабабамыздай нарқасқа деп атай аламыз ба? Əрине, бүгінгі ұрпақты осал деп айтуға ауыз бармайды. Бірнеше тіл үйреніп, технологияның жаңа жетістіктерімен қаруланған жаңа буынға артылар үміт үлкен. Дей тұрғанмен, олардың біздің бабаларымыздың болмысына жетуі үшін бəрібір бірнəрсе жетпей тұрғандай сезіледі. Ол ұлттық құндылықтарымыздан алыстап кетуіміз деп білемін. Сенатор Қуаныш Айтахановтың қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдау, оларды өндіруді молайту жəне ұлттық брендке айналдыру туралы сұранысы – өте орынды көтерілген мəселе. Оны өзге 13 депутаттың қолдауы да мұның ел игілігі жолындағы оң қадам, баянды бастама екенін көрсетеді. Кеңестік дəуірде мен Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданын басқардым. Ол кезде қымыз дайындау кəсібі бұрынғыдай емес, кенжелеп қалған. Əйтсе де жайлау төсіндегі əрбір үй шұбатсыз болмайтын. Ондай үйлерде мұздатқыш деген атымен жоқ. Əлеуметтік тұрмысы қазіргі жағдаймен салыстырғанда анағұрлым қиын болса да, ми қайнататын аптап ыстықта да шұбатты сынын бұзбастан ұстаған аналар болды. Яғни олар шұбат дайындау, оны табиғаттың кез-келген маусымдық мінез-құлқына сай күтіп-баптау, сақтау сынды халықтық технология əдістерін жетік меңгерген. Аудан шаруашылығында басым бағыт – қой өсіру болғанымен, жылқы, түйе фермалары да жұмыс істейтін. Сол түйе фермасынан сүт өнімдерін тасымалдауға арнайы көліктер бөлініп, алынған шұбатты мекемелерге, балалар оқитын интернаттарға тарататын. Сол шұбаттың əсері болуы керек, ол кездегі адамдардың арасында ауру-сырқау сирек болатын. Əдетте егде жастағылардың ыңқыл-сыңқылы көп болады ғой. Бірақ, сол кездегі аға-апаларымыздың ойы сергек, бойы тың, ертеңгі күнге деген сенімі күшті болатын. Өздерін тас жарып, тау қопарардай қуатты сезініп жүретін. Шұбат пен қымыздың денсаулыққа аса пайдалы екенін жұрт жақсы біледі. Бұл туралы мысалдар мен ғалымдардың зерттеулері көп жерлерде айтылып та жүр. Осы мəселеге қатысты халық қалаулыларының да үн қатуын сеңнің қозғалуы деп білеміз. Ендігі кезекте бұл бағыттағы өркенді жұмыстар мақсатты жалғасын тауып, өзге ұлттар қызығып та, қызғанып та қарайтын құнарлы сусындарымыз – қымыз бен шұбат арнайы заңмен қорғалар деген үмітіміз бар. Қымыз бен шұбат өндіру ісін заңдастыруды асыға күтіп жүргендердің бірі – Зұлхарнай Сейітұлы екенін бөле-жара айтып өткім келіп отыр. Осы бағытта қаншама дүниелерді зерттеп жүрген ғалым, профессор З.Сейітұлы қымыз бен шұбатты баптап əзірлеудің түрлі жолдарын, 10 айға дейін алғашқы дəмі мен сапасын сақтау технологиясын, оларды ұнтақ түрінде дайындаудың əдістерін ойлап тапқан. Осы сусын тағамдары бойынша Англиядағы Лондон университетімен, Израильдегі Бен-Гурион университетімен жəне Францияның Монпелье қаласындағы ғалымдармен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нəтижесінде Еуроодақтың халықаралық «Интас» грантына ие болған. Бұл ағамыздың осы жолдағы жансебіл еңбегін атап өтпеу ағаттық. Егерде ұлттық сусындарымызды ұлттық брендке айналдырсақ, талай есікті қағып, талай күнді торығумен батырып, талай таңды үмітпен атырған З.Сейітұлы мен ұлттық мұраларға əркез қолдау көрсетіп жүрген заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев секілді атпал азаматтардың жылдар бойғы еткен еңбегінің ақталғаны болар еді. Өзге елдердің қымыз дайындау ісін қалай алға сүйреп келе жатқанын барлығы айтып жатыр ғой. Иə, біз кешігіп келеміз. Бірақ, кеш қалып, бəрінен көз жазып қалғанымыз жоқ. Ендігі кезекте еңсемізді тіктеп, өзімізіге бір міндетті жүктеп, табиғи, құнарлы, дайындалу технологиясы таза қымыз бен шұбат өндірісін ұлғайтып, оны адал дайындайтын кəсіпкерлерге кең құшақ жайып, қолдау көрсетіп, бұл өнімдерді балабақшадан бастап тұтынуға жол ашу керек. Тіпті тұрғындар жұмыс арасында ішуді əдетке айналдырса, нұр үстіне нұр болар еді. Өнімнің қолжетімділігі де маңызды. Өзге елден тасымалданатын, тауар бағасына жол-жөнекейгі шығынның бəрі қосылып, құны аспандап шыға келетін «импорт» тағамды емес, өзіміздің даламызда өсіп-өнген түліктен өндірілген сусындардың құны халқымыз үшін өте тиімді болуын да назарға алу қажет. Дүйсенбі ƏРІПОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер. Маңғыстау облысы.
жəне денсаулыққа орасан зор пайдалы екенін, басқа мемлекеттер аса қызығушылық танытып отырғанын ескере келе, қымыз бен шұбат өндірісін мемлекеттік деңгейде қолға алып, оны ұлттық брендке айналдыру үшін тиісті заң жобасын дайындауға ықпал етуіңізді сұраймыз. Сенатордың бұл пікіріне 13 əріптесі қолдау білдіріп, хатқа қолдарын қойыпты. Іле-шала сенатордың бұл бастамасына өзге қоғам өкілдері де үлкен қолдау көрсетіп, бабалар сусыны туралы бұл орнықты ойын құп көріп, өз пікірлерін білдіріп жатыр. Осы бастама төңірегінде айтылған пікірлерді оқырмандар мен билік назарына ұсынғанды жөн көрдік. Дайындаған: С. ИБРАГИМОВА.
Ақ шұбат, сары қымыз... Еліміздің көпшілік аймақтарында түйе малына күні өткен көшпелі дəуірдің күш-көлігіндей қаралып, өгейсітілген кешегі кеңестік кезеңде Маңғыстауда түліктің бұл төресі қағажу көре қоймапты. Кен іздеп, жер кезген геологтарға жапан түзде адамнан гөрі өріс қуып, маңып бара жатқан келе-келе түйелер жиірек ұшырасады екен. Түбек мұнайының даңқы алғаш шыға бастаған тұста тұңғыш мұнай бұрқағымен, мұнайшылармен қоса мұнара жанында маңқиып тұрған, үйреншікті жайылымында ғайыптан бой көтере бастаған болашақ қалалардың көшелерінде алшаңдап жүрген түйелердің суреттері де одақтық, республикалық басылымдар беттерінен жиі көрінетін. Ишараға əуес əріптестеріміз Ойсылқара жануарды өлкенің өткеніне, жаңа өндірістердің жарқын болашағының кепіліне меңзегендей еді. Содан бері де жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Ел жаңарды, өніп-өсті, қазыналы түбектің ойы мен қырында осы заманғы өндіріс өркен жайды. Өзгермеген нəрсе болса, ол – түйелер. Ұзын сирақ жануар күнұзын өріс қуып, тісіне ілінгенді талғажау етіп жүріп-ақ кешке желінін толтырып оралады. Ақ білегін сыбанған бəйбішелер оны күрпітіп тұрып сауып алады. Шіркін, түйе сүті дегенің – əрі сусын, əрі азық, құдайдың бере салған мол ризық-несібесі ғой. Сүтін шайға қатсаң, алтындай реңк беріп, ішкен үстіне іше түскің келеді. Шикілей ішсең – тəнге қуат, дəрумен. Пісіріп, қайнатып, баптаса – балқаймақ болып бойыңды балқытады, ірімшік болып тіл үйіреді, үгітілген майлы құртқа айналып, таңдайыңа татиды. Ашытып, бабына келтірсе – құрсағыңды қытықтап, көңіліңді шалқытатын, жан сарайыңды сергітетін ғажап сусынға – ақ шұбатқа айналады. Бір түйенің нəрінен дастарханға қаншама жеңсік ас, шипалы дəм қойылады десеңізші. Күні кешеге дейін тұтынатын азық-түлігінің тоқсан пайызын сырттан тасымалдап келген елде заманнан заман озса да, қадірі қашпай, бəсі кемімей келе жатқандығының басты сырын да түйенің еті мен жүнін былай қойғанда, жалғыз сүтінің қоректік қасиетінің сан алуандығынан іздеген жөн. Бұрын да, қазір де де ауылдық жерде тұратын отбасылардың бірді-екілі сауын түйе ұстамайтындары некен-саяқ. Түйе сүті мен шұбатының азықтық құнары, дəрумендік шипасы сиыр сүтінен əлдеқайда жоғары. Біз сияқты түйе сүті мен шұбатын ежелден пайдаланатын Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Əмірліктері сияқты елдерде түйе сүтін өндіріп, өңдеу үшін арнайы тапсырыстармен жасалған еуропалық озық технологиялар қолданылады. «Корольдер сусыны» деп аталатын шұбат бүгінде фармацевтикалық тазалық жағдайында дайындалады екен. Ұлттық өнім ретінде мəртебесі бекітіліп, заңдастырылуы кешеуілдеп жатқанымен, ел арасында дəстүрлі шұбат пен қымыз өндіруді дамытып, игілікке пайдаланудың жақсы үлгілері бұрын да болған, қазір де бар. Мəселен, 1966 жылы Маңғыстауда ғалым-дəрігер Естөре Оразақовтың ұйытқы болуымен туберкулезден шұбатпен емдейтін «Тұщыбек» шипажайы ашылды. Ол əлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Жетпісінші жылдары экологиялық ауыр жағдайда жұмыс істейтін Жетібай мен Өзен мұнайшыларын таза шұбатпен қамтамасыз ету үшін «Қызылөзен» мамандандырылған түйе шаруашылығы құрылып, біраз жыл ел игілігіне қызмет етті. Бірақ, жекешелендіру жылдарында тарап кетті. Оған ілесе Бозашы мұнайшыларын шұбатпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Жаңажол» кеңшары, бүгінде «Таушық» ЖШС – республикадағы осы салада өнімді де өнегелі іс тындырып отырған бірден-бір шаруашылық. 2500-дей түйесі бар бұл серіктестік жылына 500 тоннаға дейін шұбат өндіріп, өткізеді. Оның 150 тоннасы мұнайшылар асханасына жөнелтіледі. Қалғаны бөлшек жəне көтерме сауда арқылы тұрғындарға сатылады. Түйе сүтін өңдеп, шұбатқа айналдырып, оны бөтелкелерге құю жұмыстарының бəрі осы заманғы технологиямен атқарылады. Серіктестікте өндірілетін құрт, балқаймақ, ірімшік сияқты дəмдерді тұтынушылар дүкен сөрелеріне жеткізбестен, тапсырыспен-ақ алып кетеді. Таушықтықтардың түйе сүті өнімдеріне Ресей, Қытай, Иран тарапынан да қызығушылық танытып отырғандар бар. Бірақ, серіктестік басшылары алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз ете отырып, өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізіп алуды жөн санайды. Жаңаөзен сүт зауытының шұбаты да республикаға танылып қалған өнім. Зауыттың өз түйе шаруашылығы бар. Оған қоса өңірдегі жеке шаруа қожалықтарымен шартқа тұрып, түйе сүтін өңдеуге алады. Ұлттық өнімді насихаттау, көлемін ұлғайтып, сапасын арттыруға қолдау көрсету мақсатында облыстық тарихиөлкетану мұражайының бастамасымен 2006 жылдан бері «Шұбат» фестивалі тұрақты өтіп келеді. Өндірушілер арасындағы бəсекелестіктің «отына май құятын» бұл игілікті шарада шұбат пен сүт өнімдері көптің көңіленен шығып, жоғары бағаланған шаруалар сый-марапатқа кенеліп, мəртебесі өседі. Бір Маңғыстауда емес, ұлттық сусындарымыз – қымыз бен шұбатты насихаттау, тұтынудың жарасымды да жақсы үлгілері еліміздің қай өңірінде де баршылық. Демек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановтың қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдап, оларды өндіруді молайту жəне ұлттық брендке айналдыру жөнінде ҚР Үкіметіне жолдаған сауалы – негізі ел арасында əлдеқашан қаланып қойған, көпшіліктің көкейінен шығатын мəселе. Оны тек қолдау керек. М. ҚОСЫМБАЙ, Қазақстанның құрметті журналисі.
В моем детстве в нашем ауле жил глубокоуважаемый аксакал, которого звали Ажигали. Был он высокорослым, богатырского телосложения мужиком. Всю жизнь пас скот. Односельчане почитали его за трудолюбие, высокое профессиональное отношение к своему любимому делу, доброту и мудрость. Он был известен также как большой любитель и ценитель кумыса. В то время мои родители держали и доили нескольких кобыл. К приходу к нам Ажигали ата моя мать с особым трепетом готовила кумыс. Мне четко запомнилось, как однажды вечером на топчане перед нашим домом за дастарханом аксакал выпил около десятка пиал кумыса. Пил он не залпом, а медленно, наслаждаясь, между разговором, особым вкусом напитка. Тогда ему было за шестьдесят, после прожил еще немало лет. И свою долголетнюю жизнь он связывал с кумысом. Кумыс на самом деле является не только жаждоутоляющим, но и питательным, и целебным напитком. Его целебные качества наш народ использовал с древних времен. Он является эффективным и безвредным средством лечения практически всех болезней, особенно туберкулеза, желудочно-кишечного тракта, нервной, иммунной и сердечно-сосудистой систем. В свое время благодаря кумысу избавились от своих недугов всемирно известные русские писатели Лев Толстой и Антон Чехов. В России сейчас производством кумыса занимаются свыше 80 фирм, действуют 48 санаториев, где лечат кумысом больных. Производство кумыса налажено даже в Германии и некоторых других странах Европы. Мой старый приятель Владимир Бротт, бывший управляющий делами ЦК Компартии Казахстана, почти двадцать лет тому назад переехавший на свою историческую Родину - Германию, рассказывал мне, что они регулярно покупают и пьют кумыс. С удовольствием его употребляют не только бывшие наши соотечественники, но и коренные жители Германии. Здесь производством кумыса в основном занимаются бывшие наши соотечественники. При этом мой приятель говорит, что вкусовые качества этого кумыса заметно уступают казахстанскому, но, как говорится, «на безрыбье и рак рыба». Примерно такими же жаждоутоляющими, питательными и целебными качествами как кумыс, обладает шубат - кисломолочная продукция из молока верблюдицы. Природно-климатические условия значительной части Казахстана удобны для развития коневодства и верблюдоводства. В разные годы в республике принимались меры в этом направлении. Принимались решения соответствующих директивных органов, ставились задачи по увеличению поголовья лошадей и верблюдов, были созданы специализированные хозяйства. Например, в нашей Мангистауской области - два верблюдоводческих и один коневодческий совхозы. В конце семидесятых годов впервые в бывшем Союзе, в совхозе «Кызылузенский», была организована электрическая дойка верблюдиц, с которой с большим интересом ознакомился тогдашний руководитель республики Динмухамед Кунаев. В Алматы, Бурабае, Семипалатинске, Уральске и некоторых других местах были созданы 15 кумысолечебниц. У нас в Мангистау успешно работал противотуберкулезный санаторий «Тущибек», в котором как лечебное средство использовался шубат. Сегодня многие из этих лечебно-оздоровительных учреждений прекратили свое существование, а действующие находятся в плачевном состоянии. Основная причина - отсутствие системного производства кумыса и шубата. После распада специализированных хозяйств приготовлением и реализацией кумыса и шубата в основном занимаются индивидуальные предприниматели или просто частные лица. Продают они их в неприспособленных помещениях, нередко прямо на улицах. Часто кумыс и шубат разбавляются коровьем молоком, а то и водой. Что будет в итоге - понятно, суррогат, который истинные любители кумыса и шубата ни за что не купят. Качество этой продукции никем не контролируется, отсутствуют утвержденные стандарты. В ресторанах и кафе, расплодившихся в наших городах, как грибы после дождя, днем с огнем не сыщешь кумыс или шубат. А если они появляются на каких-то торжественных столах, то гости в первую очередь накидываются на них. Недавно депутат Сената Парламента Куаныш Айтаханов обратился с депутатским запросом к Премьер-министру республики о необходимости разработки законопроекта «О производстве кумыса и шубата в Республике Казахстан». Под этим запросом подписалась группа его коллег-сенаторов. В этом документе четко были обозначены проблемы, тормозящие производство и реализацию кумыса и шубата. Принятие специального закона сняло бы все проблемы, с которыми сегодня сталкиваются производители этих традиционных национальных напитков, в целом дало бы мощный толчок в развитии коневодства и верблюдоводства в республике. Поэтому инициативу сенатора Куаныша Айтаханова все любители кумыса и шубата, особенно его производители, восприняли с большим одобрением. С Куанышем Айтахановым я знаком более сорока лет. В молодости были коллегами, начинали политическую карьеру в комсомоле. Он в разные годы успешно руководил сельскими районами Южно-Казахстанской области. Так что жизнь сельчан, проблемы сельских тружеников знает не по наслышке. Поэтому тема его последнего депутатского запроса к главе Правительства республики продиктована жизнью. Тем более прецендент принятия анологичного закона уже есть. В Республике Саха (Якутия) закон о производстве кумыса уже несколько лет успешно действует. Кумыс и шубат востребован как на внутреннем, так и на внешнем рынке. Они пользуются спросом в Израиле, Японии и еще в ряде европейских и азиатских стран. Кумыс и шубат вполне могут стать брендовой проукцией Казахстана. Тем более, что международный авторский патент на производство кумыса принадлежит нашему соотечественнику, доктору биологических наук, профессору Зулхарнаю Сеитову, посвятившему всю свою жизнь исследованию целебных свойств кумыса. Принятие закона, надеемся, позволит обеспечить государственную поддержку производства кумыса и шубата. Сегодня она практически отсутствует. Например, приказом Министерства сельского хозяйства от 23 мая этого года за № 1-1/277 утвержден перечень приоритетных направлений развития агропромышленного комплекса в регионах (не только в разрезе областей, но и в разрезе районов). В нем не учтено развитие верблюдоводства ни в одном регионе Казахстана. Минсельхоз планирует, что до 2020 года постепенно будет отменяться субсидирование развития отраслей АПК, не имеющих приоритет в данном регионе, следовательно, развитие верблюдоводства в стране остается без госфинподдержки. На сегодня производство шубата субсидируется на уровне коровьего молока - 55 тенге/литр. Надо понять, что шубат - это не молоко, а питательный и целебный кисло-молочный продукт, производимый по специальной технологии и требующий определенных дополнительных материальных и финансовых затрат. Поэтому, как показывает анализ работы действующих производителей шубата, норматив субсидий необходимо установить в размере не менее 150 тенге/литр. Надеемся, принятие Закона РК «О производстве кумыса и шубата в Республике Казахстан» позволит исправить эти перекосы, и наши традиционные национальные напитки появятся в рационе всех желающих казахстанцев и будут широко экспортироваться за рубеж. Понимая значимость поднимаемого сенатором Куанышем Айтахановым вопроса, Правительство республики, уверены, не будет откладывать в долгий ящик разработку законопроекта. Гани КАРИН, Заслуженный деятель Казахстана, Мангистауская область
¦ÄIËÅÒ
БОЛМЫС
Сөрелері араққа толы шөлмектерден сіресіп тұрған дүкендерге қазақтың қасиетті сусындары қымыз бен шұбатқа басымдық беретін кез келді. Ұлттық сусынымызды ұлықтап, оны алдыңғы сапқа шығарып, ұлттық брендке айналдырып, арнайы заң шығарып қымыз бен шұбаттың құжаттық əлеуетін арттыру қажет. Ұлы ойшыл, ғалым ƏлФараби «Ұлт тəрбиесінің бір ұшы оның ұлттық тамағында. Егер ұлттың өзінің тарихи тағамы жоғалатын болса, ол ұлт ауруға ұшырайды» деген. Кесімді айтылған сөз. Мұны əлемнің тірі ағзаларға тəн тұқымқуалаушылық пен өзгергіштерді зерттейтін генетиктері де дəлелдеп отыр. Қымыз біздің ұлттық сусынымыз деп кеуделегенмен оны əлі күнге дейін заңдастыра алмай отырғанымыз елдігімізге, ұлтымызға үлкен сын. Десек те бұған дейін де ұлтымыздың бірқатар азаматтары бабалар сусынын бағалап, ол туралы заң жобасын əзірлеу төңірегенде талай жерлерде бас көтеріп сөйлеп, ығыты келгенде мəселені тиісті орган өкілдері алдында төтесінен қойып та жүргенінен де куə болдық.
Қырық шырақты қазақ əйелінің жанының сірілігін №35 (195) оқырмандарға жеткізе алсам, арманым болмас еді 03.10.2014 жыл мамандар əр тоқсан сайын қымыздың құрамын менің көзімше тексеріп отырды. Белгіленген уақытта көздері жетіп, көңілдері сенген соң қорытындысын шығарып патент берді. – Жанға дауа, дертке шипа қымыздың емдік қасиеті төңірегінде бірер сөз айтып өтсеңіз... – Ана сүті мен бие сүтінің айырмашылығы аз. Осыдан-ақ қымыз құрамының құнарға мол екенін бағамдай беруге болады. Бірақ бұл жəй сөз емес. Ол əбден зерттеліп дəлелденген дүние. Ауыз толтырып айтар ең əуелгі нəрсе ол қымызда химиялық қоспаның жоқтығында. Қазіргі таңда дүкендердегі барлық сусындарға, тіпті лимонадта да химиялық қоспалар жетіп артылады. Тұрақты түрде
Төрткүл дүние қазақты қасиетті жылқының, құнарлы қымыздың иесі екенін əлімсақтан-ақ мойындап қойған. Бірақ дəмділігі өз алдына, берер қуаты да алабөтен осы бал қымызды ұлттық брендке айналдыру жолында тиісті заң жобасын жасай алмай жүргеніміз өкінішті. Осыны назарға алған халық қалаулысы Қ. Айтаханов сенатта өткен жалпы отырыста халқымыздың байырғы ас-сусыны қымыз бен шұбатты ұлттық брендке айналдыратын, «қолда бар алтынды бағалайтын» кез келгенін жəне ақ шұбат, сары қымызды ұлықтау төңірегінде тағы басқа ойдым-ойдым ойларды ортаға салған еді. Оның бұл бастамасын бірқатар сенаторлар да құптады. Сенаторлардың бұлай бас көтеруін осы салмақты мəселені сан жылдар бойы зерттеп жүрген Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, ғалым, биохимик, профессор Зұлхарнай Сейітов сеңнің қозғалуы деп жақсылыққа теліді. Бұл мəселені зерттеуде жылдар бойы жансебіл еңбек етіп жүрген ғалымның қымызды шөл қандырар сусын емес, дертке дауа, тəнге қуат беретін өнім екенін сөз еткен сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз. – Зұлхарнай аға ұлтымыздың жануар деп атамай қасиет тұтқан жылқының да, оның ауруға ем, сауға қуат, дəрі қымызының да иесі – қазақ. Қымыз патенті де өзімізде. Оны ұлттық брендке айналдыруымызға ешқандай кедергі жоқ сияқты... – Дұрыс айтасыз. Иə, қымыздың əлемдегі бірінші патенті қазақта. Сонымен қатар құрғақ қымыз ұнтағының, шұбаттың, қойытылған қымыздың, бие саумалының, шұбат ұнтағының, бие сүтін анықтайтын əдістің жəне қазақ бальзамының патенті біздің қолда. Жалпы осы қымызды зерттеп жүргеніме 60 жылдан аса уақыт өтіпті. Диссертациямның да тақырыбы қымыздың адам денсаулығына пайдасы туралы тұрғысында болды. Жылдардың құба жонның құланындай зымырап өткенін де байқамай қалыппын. Уақыт – құдірет деген осы екен-ау. Ұлттық сусынды ұлықтауда бармаған жерім, баспаған тауым қалмады деп асыра сілтемей-ақ қояйын. Бірақ талай емен есікті ашып, ұлттық қасиетті ұлықтайды ау деген азаматтардың алдына мəселені алға тарттым. Олар тарапынан «Болды ағасы, қолдан келгенше кірісеміз» деген сөзді естігенімде, төбем көкке жетіп, марқайып қаламын. Бірақ еңсем түскен, «ой қойшы осыны» деп, қолымды бір сілтеп, теріс айналған кездерім де аз болмады. Ондай кезде санасы сергек, түсінік пайымы терең, ұлттық рухы күшті азаматтарды тағы жолықтырып, жігерімді жанып, қайратыма қайта мінетінмін. Сенатор Қ. Айтахановтың халқымыздың санғасырлық, ұлттық дəстүрлі тағамы қымыз бен шұбат өндірісін мемлекеттік деңгейде қолға алып, оны ұлттық брендке айналдыру үшін тиісті заң жобасын дайындау туралы мəселе көтеруі өте орынды. Депутаттардың қоғамдық өмірдің қашанғы жұлыны – саясатты ғана қаузай бермей, ұлттық құндылығымыз қымыз төңірегінде келелі бастама көтеруі көңілімізді бір серпілтіп тастады. Түрлі дертке мың бір дауа қымыз бен шұбатты ұлттық брендке айналдыру елдік іс. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Бұл істі ел болып қолға алсақ бастаған ісіміз баянды болар еді. – Ұлттық құндылығымызды ұлттық брендке айналдыру үшін қандай істі қолға алу керек? – Ол үшін арнайы заң қажет. Яғни, ұлттық құндылықтарымызды шегелеп қоятын құжат қажет. Қисықты түземесең, қылмысты күземесең құрдымға батасың. Сол сияқты барымызды дер кезінде бағаламасақ, оны жоғалтып аламыз. Ал жоғалғанды қайта табу, бастан кеткен бақты қайта қондырудай өте қиын. Ең əуелі жылқы өсіруді мемлекеттік дəрежеге жеткізу қажет. Олардың санын көбейту керек. Қымыздың жақсы стандартын жасап, технологиясын жетілдіруге көп екпін бергеніміз абзал. Қазір қымыз, шұбат өндіруге, оны сатуға рұқсат алу оп-оңай беріліп жатыр. Осының салдарынан сары қымыздың сапасы бұзылып жатыр. Оның құнын түсірмей, қадірін асырамыз десек, осы істі бір жүйеге түсіру керек. Қымыздың жол жиегінде сатылып жатқанына талай
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Ғалым Зұлхарнай Сейітов «Самат» шаруа қожалағының қымыз дайындау зертханасында
ЌЫМЫЗ – ЎЛТТЫЅ ЌУАТЫ
куə болдық. Мұндай жабайы сауда ұлттық сусынымыздың көсегесін көгертпейді. Оған да тыйым салу керек. Сары қымыздың сапасын қатаң қадағалайтын лабораториялар жұмысын ұйымдастыруымыз қажет. Біз сырттан келген импорт өнімдерді тұтынғанымызға дəн ризамыз. Қолымыздағының қадіріне жете бойламай жатырмыз. Мəселен, неміс азаматтарының қымыздың патентін алмаса да, қымыз ашыту мен өндіру ісін алға сүйреп, қолдан келгенше құлашын кеңге жайып, əлемге танылып отыр. Ал біз ше? Ұлттық сусындарымызды дайындау мен сақтаудың сан түрлі əдісін білсек те, оны əлемдік деңгейде кəдеге асыра алмай келеміз. – Қымыз бен шұбатты баптап əзірлеудің 10 айға дейін алғашқы дəмі мен сапасын сақтайтындай технологиясын, оларды ұнтақ түрінде дайындаудың əдістерін ойлап тапқан ғалымсыз... – Омбыда жоғары білім алып, елге оралған соң жар құлағым жастыққа тимей, жатпай-тұрмай қымызды зерттеу ісін тереңдете бердім. Сөйтіп 1958 жылы қымыздың құрғатылған ұнтағын алуға қол жеткіздім. Бұл туралы мерзімді басылымдарда жарияланды. Бір күні маған Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы Ахмет Əділовтың шақырып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Ол: «Еңбегіңмен «Білім жəне Еңбек» журналы арқылы таныстым. Жақсы екен. Елге керек, қазаққа керек тағам ғой бұл. Осы істі дұрыс жолға қойсаң Алматының дəл ортасынан үй салып беремін. Күнделікті тірлікке қажеттінің бəрін айт», - деді. Сөйтіп қымызды кептіретін құралжабдықты Ростов қаласынан арнайы тапсырыспен алдыртып, енді ісіме бел шешіп, белсене кіріскелі жатқан кезде А.Əділов басқа қызметке ауысып кетті. Көңілім күпті болған күйі мен қала бердім. Жалпы құрғақ қымыздың бие сүтінен алынатынын, оның да құнары маусымдық бал қымыздан кем емес екеніне кепілдік беремін. Қымызды ұзақ сақтау əдісін зерттеу де оңай болмады. Оны зерттеу үшін жылқымен шұғылданатын үлкен шаруашылық қажет болды. Өйткені осы бағытта теория бар болғанмен, тəжірибе жоқ-тын. «Жүргенге жөргем ілінер». Бұрынғы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Жеңіс» кеңшарында бие байлап, қымыз баптайтын шаруа иелері бар болып шықты. Ондағы сауын биенің бас-аяғы 400-ден асып жығылады. Яғни, қымызды ұзақ сақтау əдісі олар үшін басты мəселе екен. Сол жерде қымызды бір жыл сақтаудың əдісін таптық. Оған шаруа иелігіндегі адамдардың да көмегі көп болды ғой. Негізінде, берекелі іс жұдырықтай жұмылып жұмыс істеген жерде ғана болады ғой. Қымыз сақтаудың əдісін білген соң 6 литр қымызды жұмыс бөлмеме əкеліп қойдым. Он ай өткен соң қымыздың дəмі сауын биеден енді алғандай тіл үйірді. Оған біреу кəміл сеніп жатса, ендібірі күмəнмен қарады. Содан соң бұл табысты зерттеуімді құжатпен делелдеуге бел будым да, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты стандарттау, метрология жəне сертификаттау комитетіне апардым. Оның басшысы иманжүзді адам екен, еселі еңбегімді елеп, оның құрамын тексеруге уақытты оздырмай-ақ рұқсат берді. Содан
қымыз тұтынған адамның иммунитеті артып, түрлі ауру-сырқаудан дін-аман болады. Сонымен қатар оның құрамында ағзадағы қан айналымын жақсартатын, пайдасы зор полиқанықпаған май қышқылдары болады. Бие сүтінде лактоферрин атты ақуыздар бар. Сол ақуыздың 1 грамы 4 мың АҚШ долларына тең. Ал ғалымдар бұл ақуыздан қатерлі ісікке дəрі жасап жатыр. Жалпы бие сүті сырып тастай алмайтын сырқат кемде-кем деп айтуға болады. Ол адамды ішекқарын, бауыр, өкпе сынды ағзаның ішкі құрылыс ауруларынан айықтыруға, иммундық жүйе, жүйке жүйесі мен жүрек қан-тамырлары дерттеріне мың бір дауа болатын касиетке ие. «Ауруын жасырған өледі» деген. Қазіргі таңда қазақ жігіттерінің арасында белсіздік белең алып барады. Осы қарқынмен кете берсек, бұл демографиялық тежелуге апаруы мүмкін. Бұл жай сөз емес. Терең ойланып, толғанатын мəселе. Яғни, бүкпелейтін тақырып емес. Ал таза қымыз бен шұбатты көптеп тұтыну, осы тығырықтан шығар басты жол екеніне кəміл сену керек. Негізінде қымыз бен шұбат медицинасын жаңғырту қажет. – Сан жылдар бойғы еңбегіңіздің ақталғанын анық көрсететін Ұлттық құндылығымыз – қымыздың ұлттық брендімізге айналар күннің ауылы алыс болмасын дегіміз келеді.
2017 жылы Астанада «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі өтеді. Онда дөңгеленген дүниенің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мəдени жетістіктерін көрсетеді. Сөйтіп жаһандық дамудың жаңа күн тəртібін қалыптастырады. Ауқымды іс-шараға төрткүл дүниенің ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Əрине онда біздің ұлттық ата сусынымыз қымыздың Қазақстан бойынша өндірілетін түрлері мол болады. Шіркін, ұлттың қуаты қымыз бен шұбатты бүкіл əлем халқының алдында мақтанышпен ұсыну «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрменің сəніне сəн, мəніне мəн қосатыны күмəнсіз. Біз бұны қазақ елі атынан бүкіл əлемге паш етуге ата-бабамыздың мұрагері ретінде міндеттіміз. Сөз соңында қымызды зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған біртуар ғалым ағамыз, асыл азаматымыз Зұлхарнай Сейітовтей қымызды əлемде ешкім зерттемегенін баса айтып өткеніміз жөн. Бақыт МЫРЗА.
5 Хан-апа қос қуанышқа кенелді
(Соңы. Басы 1-бетте). – Кітабыңыздың жарық көруіне қолдау көрсеткендер болды ма? – Енді моральдық тұрғыдан қолдау көрсеткендер болды. Ал материалдық тұрғыдан тек өз күшіме сенуіме тура келді. Кітапты таратуға көмектесеміз деген адамдар болды ғой, əрине. Бірақ, ол да жай сөз болып қала ма деп қорқамын. Уақыты келгенде көрерміз. Бірақ, бұл кітап өзімнің соңғы бес жылда атқарып, илеуі біткен шығармашылық жұмыстарымның жемісі болғандықтан, өз еңбегімді елге таныту үшін өзгенің көмегіне иек артпауға үйренген адаммын. – «Диалогтың» сұхбаттар бөлімінде журналистердің өзіңізбен болған əңгімелері жарық көрді дедіңіз. Барлық сұхбаттарды бастыңыз ба, əлде... – Жоқ, барлығын емес, ішіндегі тұщымдыларын алдым. Осы кітапты шығару барысында менің көптеген сұхбаттарды оқып шығуыма тура келді. Біразы көңілімнен шықпады. Қынжылтқаны, біздегі кейбір журналистер адамның көңіл көкжиегін ашу үшін дұрыс сауал бере білуді меңгермеген. Сұхбат ала білудің өзі де – үлкен өнер. Кейбір журналистердің сұрағы адамды қатты жалықтырады. Бірін-бірі қайталаушылық көп. Ал қайбірі тіпті құлаққа оғаш естілетін сұрақтарды қояды. Мəселен, мен алдияр жас – алпыстың үстіндегі адаммын ғой. Осыған дейінгі өмірім елдің көз алдында өтіп жатыр десем де болады. Ал маған келіп, «Өлең жазуды қай кезде бастадыңыз, неден бастадыңыз?» деген сұрақ қояды. Бұл сұраққа мен 40 жыл бойы жауап беріп келе жатырмын. Тілшілердің арасында Мəриям Əбсаттар деген журналист қыздың сауалдары өте жақсы. Адамның ішкі болмысын аша алады. Зарья Жұманова деген журналист сіңлімнің шеберлігіне де ризалығымды жасырмаймын. Бұдан бұрын да 60 жылдығыма орай жарыққа шығарған 6 томдығымның бір томын осындай сұхбаттарға арнаған болатынмын. Сондықтан, мен тіпті осы сұхбаттар жанрын көбейтіп жібердім бе деп те ойлаймын. Жалпы, сұхбат деген сенің ішкі дүниеңді еріксіз ақтарып, елге айтпайтыныңды, көлденең көзден жасырын ұстайтын сырларыңды айтқызады. Мұның кейде пайдасы бар, ал кейде зияны да жоқ емес. Сондықтан, сұхбат беруді қолай көрмейтін кездерім де болады. – Нағыз қаламгер үнемі ой үстінде, шығармашылық ізденісте жүреді. Бір дүниені жазып жатып, санада басқа тақырыпта қалам тербеу жайлы ой қылаң беретіні де рас қой. Осы кітапты дайындау барысында сіз де алдағы күнге тағы бір жоспар құрып үлгерген боларсыз? – Жазушы болып дүниеге келген соң, оның қолынан қаламы түскенше жазуы тоқтамайды. Менің де алдағы уақытта жазсам деген үлкен дүниелерім бар. Бұрынғы жазғандарыма тоқмейілсуді білмеймін. Өйтсем, орта жолда тоқтап қалатынымды білемін. Кейде «Мына кітабың жақсы екен. Оқырманның да жақсы бағасын алды. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынып көрмейсің бе?» - дейтіндер табылады. Мен: «Жоқ, мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын кітап жазылып жатыр», - деймін. Иə, ол енді жазылып жатыр. Сол кітаптың төңірегінде ойланып-толғанып жүргеніме, міне, жеті жыл болды. Сол кітапты аяқтау – арманым. Бұл туындымда кеңес үкіметі орнағаннан бастап, тəуелсіздік алғанға дейінгі өткелді бір қазақ əйелінің өмірімен көрсетсем деймін. Оның кейіпкері – менің нағашы əжем. Əжем – қарашекпенділердің кеңес үкіметін қандай жолмен орнатқанын өз көзімен көріп, көңіліне көп нəрсені түйген кісі. Ол заманда қорқыту-үркіту көп болғанын жиі айтатын. Мұның өзі - əлі көп жазылмаған тарих. Қазір кіммен сөйлесе қалсаң да, барлығының əке-шешесі текті, байдəулет жерден шыққан. Арғы бабалары батыр болған. Сонда кеңес үкіметі тұсындағы жарлы-жақыбайлардың ұрпағы қайда кеткен? Міне, осының бəрін тарата айтқым келеді. Менің əжем тағдырдың теперішін көп тартыпты. Байларды кəмпескелеу науқанына да, большевиктердің қара халыққа қалай тізесін батырғанына да тірі куəгер болған. Халықты қынадай қырған ашаршылықты да, қанқұйлы 37-38 жылдарды, одан кейінгі соғыстың нəубетін де бастан кешірген. Менің таң қалатыным, ол кісі осынша қайғы-қасіретті бастан өткерсе де, 90 жасады. Мен сол қырық шырақты қазақ əйелінің жанының сірілігін оқырмандарға жеткізе алсам, арманым болмас еді. – Бұл дүние өз оқырманын қашан табар екен? – Ол жағын əзірге тап басып айта алмаймын. Бұл мен үшін жауапкершілігі үлкен, өте бір ауыр тақырып болды. Бұл дүниені қаузағаныма жеті жыл болды. Аяғы көрінер емес, тастап та кете алмаймын. Санамның төріне орнығып алғаны сонша, ойымнан бір сəтке шықпайды. Тіпті бір ғана тақырыбын ойланып, түндер бойы көз ілмей шығамын. Əзірге пісуі жетпей жатыр ма, шет-шегі ұстатпай тұр. Осы жақында Бəйдібек ауданында болдым. Əжеміз сол Бəйдібек ауданының Шыбықбел деген жерінде өмір сүрген. Сол жерлерді əдейі барып көрдім. Сосын «Ақмешіт əулиеге» де жолай соға кеттім. Ондағы Ақмешіт əулие үңгіріне түсіп көрдім. Бұрын-соңды мұндай əулиелі орынды көрмеген екенмін. Кəдімгі жер астындағы үңгір таудың қия бетінен ойылып түскен тұмар сияқты. Сол үңгірдің ішіне түскенде, таң қалдым. Жердің асты мен үсті екі бөлек əлем сияқты. Сол жерге кезінде, сонау жоңғар шапқыншылығы жылдарында он мың адам еркін сыйып, сəждеге бас қойған екен. Бізге ол тарих күні кешеге дейін жабық тақырып болды. Қазір сол тарихтың шымылдығы түріліп, елге танытыла бастапты. Елдің іскер азаматтары үңгірдің түбіне түсетін сатылар орнатып, əулиелі орынға тəу етуге барған адамдарға жағдай жасап қойғанына риза болдым. Менің əжемнің жастық шағы өткен, қуанышы мен қайғысына куə болған осы қасиетті жерлерді көріп қайтқан соң, жаңағы кітапты қайткенде де
аяқтауым керек деп шештім. Қазақтың қай жері де қасиетті ғой. Ал енді Шыбықбел деген теп-тегіс жер емес, ойлы-қырлы сай. Үйлерді сайға салған. Əжем де осы құпиясы көп сайларда тұлымшағы желбіреп өскен. Өзінің жастай атастырған жігіті көкпарда мерт болған соң, жесірін жібермеуге шешім қабылдаған сол əулеттің бір ақсақалына тұрмысқа шығыпты. Бұл – қазақтың ежелгі əмеңгерлік салты. Бізге 70 жыл бойына осы салттың тек жаман жағын айтып келді. Бұл салт махаббатсыз шалға қосқан айуандық əрекетке баланды. Бірақ, ол кездегілер адамгершілік пен иманды махаббатан əлдеқайда биік қойған. Айталық, бүкіл туған-туыстары кəмпескеленіп, жер ауып, үдере қашып жатқанда, əжем күйеуінің денсаулығына қарайлап, көшкен жұртта жалғыз үй қарайып қалып кетеді. Сонда шалы сақалынан көз жасы сорғалап отырып: «Жібек, көштен қалма. Мен маңдайыма жазғанымды көрермін», - десе, əжеміз: «Жоқ, Құдай қосқан қосағымсың. Өмір сүрсек – бірге сүреміз, өлсең – өз қолымнан жерлеймін», - деп отырған орнынан тапжылмайды. Сол кезде əжемнің жасы небəрі 25-те екен. Сол жастығына қарамай, белін бекем буып, жалғыз үй қарайып тіршілік кеше береді. Көп ұзамай шалы қайтыс болады. Оны жер қойнына беріп болғанда, қаһарын төгіп қыс келіп қалады да, жалғыз өзі ешқайда көше алмайды. Айдалада жалғыз өзі қыстап шығады. Өзіңіз елестетіп көріңізші, 25 жастағы жалғызбасты əйел. АрыстандыҚарабастың азынаған желі қарды суырып, тоқал тамдарды көміп тастайды. Есігі ашылмай, күндізі мен түнін ажыратып болмас сүреңсіз күндерді жалғыз өткізген əжемнің жүрегінің мықтылығын айтыңыз. Күндердің күнінде қар басқан тамның төбесіне қасқыр шығып, ішінде тіршілік белгісі барын сезеді де, төбесін тырналап, аршып, ішіндегі адамды жеуге талпынады. Ол кездегі тамның төбесі, қазіргідей темір не шифер емес. Қаттырақ қаузаса, ашып алу оп-оңай. Бірақ, əйтеуір, сол жолы əжеміз бір құдіреттің күшімен аман қалыпты. Төбесінен ұлып, жақындап келе жатқан қасқырдың тықырын естіген сайын əжеміз құдайына жалбарынып: «Осынша нəрсені көрсеттің, Жаратқан. Енді алсаң ал, мен ырзамын. Тек ит-құсқа жем болмайын», - деп жылайды. Далаға шығып, қашайын десе, есік ашылмайды. Сыртынан қар басып қалған. Бірақ, құр отырмайды. Ол уақытта көрпе-жастықтың іші түйенің, қойдың жүнімен толтырылатын болған ғой. Көңілін аудару үшін сол көрпелердің ішін ақтарып, жүнінен жіп иіріп, өзіне киім-кешегін тоқып алады. Бір отырғанда керемет бір орамалды тоқып тастай салады. Айта берсеңіз, əжемнің қолының ісмерлігі де өз алдына бір əңгіме. Сонымен, солай көз жасын көлдетіп отырған бір күні Арыстанды-Қарабастың желі қайта тұрып, есіктің алдындағы үйме қарды ұшырып əкетеді де, терезеден күн сəулесі түсіп, үйдің іші жап-жарық болып кетеді. Сол сəтте қасқырдың үні де өшкен. Бір кезде терезенің алдынан біреу қорбаң етіп өткендей болады. Есікті итеріп көрсе, алды тазарып қалыпты, есік ашылады. Бірақ, ешкім жоқ. Ауыз бөлмедегі сиырын сауып, шелектегі сүтін қазанға құйып, астына от жағады да, үйге кіріп кетеді. Біраздан соң қайта шықса, пештің алдында қорбиып аю отыр дейді отқа жылынып. Сонда əжем одан қорқудың орнына, айдаладан бір тіршілік белгісін көргеніне қуанып, сасқанынан: «Əй, сен кімсің?» - дейді ғой. Сонда аю «ааа» деп, алдыңғы аяғын көтереді. Сөйтсе, аяғына жаңқа кіріп, іріңдеп кетіпті. Əжем дереу жағасының астында жүретін жуалдызын ала салып, аюдың табанындағы жаңқаны алып тастайды да, іріңін жуып, орамалымен таңып береді. Сол аю əжемді қорғап сол маңда жүреді. Міне, осындай қорқынышты сəттердің бəрін басынан өткізу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұны мен қазақтың əйелдеріне ғана тəн нағыз батырлық дер едім. Бұл – ойдан шығарылған нəрсе емес, өмірде болған жағдай. Дегенмен, бірнəрсені жазу үшін алдымен оның ақиқаттығын дəлелдейтін айғақтар іздеу менің əдетім. Сондықтан, түнеукүні Бəйдібекке барғанымда, Ақмешіттің шырақшысынан əдейі жолығып, «Осы жақта аю мекендеген бе?» - деп сұрадым. Ол кісі: «Қоңыр аюлар болған», - деді. – Расымен, жүректі селт еткізер оқиға екен. Бұйыртса, көп ұзамай қолымызға тиер бұл керемет туындыңызда бұдан басқа да қызықты сюжеттер көп болатынына сенімдіміз. Олай болса, қаламыңыз мұқалмасын, оқырмандарыңызды жаңа дүниелеріңізбен қуанта беріңіз. - Рахмет. Өздеріңнің де қаламдарың қарымды, еңбектерің жемісті болсын. Жазарларың көбейсін! С. СҰЛТАН.
¦ÄIËÅÒ
* * * Ақындарға Шəбден манап асында үшінші күні ғана кезек тиді. Қатарынан асып туған Еркебай мырза бұл жерде де саңлақтығын танытып, топ жарып кетті: – Қадірімізге жететін, бір-бірімізге сөзіміз өтетін, айналайын, қырғыз ағайындар! Алдына адам түспеген, аузымен құс тістеген шаһибоз Шəбден манаптың асының атағын ақындар аспандатады. Жарықтық Шəкеңнің əруағы мен дəулетіне сай бұл алқалы жиынды қазаққырғыз арасында Жəкең, біздің Жамбыл бастасын. Ол атақты қызыл жел Сүйінбайдан бата алған інісі, ақындары шалқыған дариякөлдей асып-төгілген қызырлы қазақ елінен. Бүгінде оған пара-пар ақын жоқ. Күні кеше құлан аян Құлманбетті, Сарбасты жеңген, көмейіне өлең-жыр ұя салған Жəкең бұл! - деп суырыла жөнелгенде бəрі мақұл десіп, той иелері де осыған тоқтам жасады.
жатқан нөпір қонақтарды рет-ретімен, жөнжоралғысымен қарсы алып, орналастырып жүрген аппақ айыр қалпақ, аппақ бешпент киінген күтуші қырғыз жігіттерінің ілтипат пейіліне разы боласың. Ақын, əнші, жыршыларды əспеттеп Шудың жоғары бойына, Шоң Кемін сайына кіре беріс тұстағы қалың қарағайлы беткейдің етегіне қоралана тігілген оншақты үйге алып келді. Көптен көріспеген аузымен құс тістеген небір дүлдүлдер бір-бірін сағынысып көрісіп, бөртіп қымыз ішісіп, боза шайқасып əңгіме-думанды қыздырды-ай дерсің. Міне, Жəкеңнен кейін қырғыздар комуз тартты. Қияқпен, сыбызғымен, сырнаймен сан түрлі ғажайып үндерді тудырып, күй шерткенде Алатау ақ сəлделі кəрі басын иіп маужырап, Ыстықкөл толқынын тиып, сабыр сақтап, жазғы дала ішін тартып тыңдады-ай дерсің! Екі күн бойы күй шертісті, сырнай тартысты. Шудың
Параны жалмап алатын. Манапты манап таниды, Нашарға құрық салатын. Ақынды ақын таниды Сөз қадірін аңдайтын. Тоқтағұл мен Жамбылдың Жырлары сел боп ағатын. Қиядан ұшса қос қыран, Бірін бірі табатын... Жамбыл ұзақ толғап, арғы-бергіні қайырып, Тоқтағұлдай досының ірілігі мен серілігі, ақындығы мен жақындығы жайлы тебірене сырын ақтарды, ақжарылқап пейілін білдірді. Тоқтағұл да жүзі шамырқанып, Жəкеңнің ниетіне разы пішінмен жадырап, қомузын алып, күйлеп шертіп-шертіп жіберді. Тыпыршыған ызғыған жорғадай қомузы қолдыаяққа тимей алып қашса да сабалап, жанды сергітер əуенге сала жауап қайырды.
4Тоқтағұл Сатылғанов
Жамбыл мен Тоқтағұл 4Жамбыл Жабаев
Түркі əлемінің өнері мен мəдениетінің жанашыры болып отырған «Түрксой» ұйымы биылғы жылды туғанына 150 жыл толып отырған Тоқтағұл Сатылғанов жылы деп жариялап, игі шаралар ұйымдастыруда. Тоқтағұл 1864 жылы Қырғызстанда Кетмен-Төбе алқабында кедей шаруа отбасында туған. Ол əн-жыр айтуды анасы Бүрмеден үйренеді. Он екі жасында байға жалшылыққа беріліп, ауыр тұрмыс тапшылығын ерте көреді. Жасынан комузымен күй шертіп, жыр жырлайды, төгілтіп əн айтады. Түрлі той-томалақтың гүлі болып, ел арнайы шақыра бастайды. Алғаш рет 1882 жылы Арзымат ақынмен айтысқа түсіп, бала қырандай от өлеңімен бүріп, жеңіп шығады. Барған сайын алысқа шабатын тұлпардай тынысы ашылып, өрісі кеңейіп, алыс-жақын ел-жұрт қаумалап, төріне шығарып, өнерін тамашалайды. Арыстанбек, Қалығұл, Молда Қылыш жəне басқа да ақындардың жырларымен танысып, ежелгі көне қисса-дастандарды жатқа айта бастайды. 1884 жылы 21 жасында Тоты деген қызға үйленеді, одан Топшыбай деген тұңғышы дүниеге келеді. Елін əн-жырымен еркелеткен Тоқтағұл ақынды патша өкіметі тұтқындап, 1898 жылы 3 тамызда Наманғанда сот өлім жазасына үкім шығарып, оны дарға асып өлтіру туралы ауыр жаза белгілейді. Кейін оны 25 жылдық каторгада жазалауға ауыстырады. Красноводск – Мəскеу – Иркутск арқылы жазалау орнына 17 ай жол жүріп, əзер азып-тозып жетеді. Жолда Тоқтағұл қашып шығып, ұсталып, қосымша тағы 12 жылға сотталып, жаза қосып алады. Екінші мəрте 1905 жылы каторгадан қашып, 3 айдан кейін қайтып ұсталады. Қолындағы балтамен қомуз шауып жасап, оған балалайканың қылын жалғап, зарлы да шерлі, елін жерін сағынған əнкүйлерін шығарады. Үшінші мəрте 12 жыл каторгада отырған соң қашып шығып, арнайы басқа жолмен, Сібірді аралап, көп тауқыметпен 1910 жылы еліне жетеді. Аңсап, сағынып жетсе – əйелі басқа біреуге тиіп кеткен, жалғыз ұлы қайтыс болыпты. Соңына түскен тыңшылар қоймай Наманған түрмесіне тағы қамайды. Бірақ бұл жолы бүкіл ел-жұрты дүр көтеріліп, Ешмамбет, Халық ақындар бас қосып, 20 мың сом қаржы жинап, ақынын түрмеден босатып алады. Қырғыз елінің ұлы ақыны Тоқтағұл 1933 жылы туған ауылында қайтыс болады. Т.Сатылғанов – ірі суырып салма ақын, əрі 50-ден астам əндері бар композитор, асқан күйші-қомузшы. А.В. Затаевич – 1928 жылы Тоқтағұлдың өз аузынан 18 əнін жазып алған. В.Виноградов оның ақындық, композиторлық, жыршылықтағы сан қырлы өнерін зерттеп «Тоқтағұл Сатылғанов жəне қырғыз ақындары» атты кітап жазып шығарған. Тоқтағұл қомузымен қырғыз, қазақ, өзбек, татар, тəжік, орыс əн-жырларының əуенін шертіп, əндерін айтқан бесаспап əнші. Оның «Кербез», «Арман», «Арман Кербез», «Əлімхан», «Терісқағыс», «Сен, сен дүние», «Көкейкесті», «Мың-толғау» тағы басқа да əн-жырлары түркі əлемінің інжу-маржаны , ортақ қазынасы. Тоқтағұл Жамбылмен бұрыннан таныс, жегжат, бір-бірінің өнерін қатты қадірлеген ірі ақындар. Каторгадан қашып келе жатып жолай Алатаудың теріскейіндегі Жамбылға жолыға кетейін деп келеді. Жамбыл ақын досын жібермей екі ай тынықтырып, үстіне киім, астына ат беріп, қасына кісі қосып еліне шығарып салады. Бұл жөнінде Тоқтағұл былай жырлайды: Міне, Жəке бұл күні, Мен бір байқұс сорлаған. Ел екенбіз əуелден, Қырғыз-қазақ бір туған. Ұзынағашта жатқанмын... Ризамын қазақ халқына. Үзақбай мен Сүлеймен, Жамантай, Жəке – бір туған. Құдай мені оңдырмас, Қасиетіңді ұмытсам! – дейді. Жыр алыбы Жамбылдың да Тоқтағұл жайлы бірнеше өлеңдері бар. Оқырмандарымызға осы екі елдің ұлы ақындарының бір кездесуі хақындағы əңгімемді ұсынып отырмын. Автор.
Екі ақынның құшақтары жазылмай төр алдында ұзақ тұрып қалды
РУХАНИЯТ
Жамбыл ұшатын қырандай екі иығын қомдап, дүр сілкініп қырланып, еңсесін тіктеп көтеріп алып, саңқ ете қалды. Қарт Алатаудың күнгей-теріскейіне аты аңыз болған Жантай хан, оның ұлы Шəбден манаптың ел алдындағы кісілігін тереңнен қайырып, меймандар атынан ас иелеріне ниет қабыл болсын, Шəкеңнің əруағы жəннатта шалқысын дей келіп, артындағы ұрпақтарына лайым береке-құт тіледі. Жақсыдан жақсы туады, сұңқардан сұңқар шығады, олар бұл елден шыққан талай бектер мен мырзалардай, жайсаң бабаларындай берекелі де мəртебелі болатыны хақ. Алатаудың күнгейіндегі қырғызбен тойымыз да, ойымыз да ортақ. Манас атамыздың ұрпақтары күндей күлсін, жаздай жадырасын... Ақын-жыршылар ортасында отырған Жəкеңнің өлеңді айтқан сайын шабыттана, табаны қызып, бауырын жазған тұлпардай қайраттана түсетініне, таңды таңға ұрып айтқан жыр-дастандарын бір мəжілісте ешуақытта қайталамайтынына, түпсіз мұхиттай бітпейтін қазына-кеніне ел қайран қалады. Үсті-үстіне тасқындап асып-төгілген кілең інжу-маржандай ғажайып əуені мен жыры келісім тауып, жағымды анық үнмен, домбыра əуенімен қабысып, бет-əлпеті ажарланып, шырайлана, бүкіл қимыл-болмысымен айтар ойы жарасып, жүрегіңді шымырлатады, шымылдатады, үлбірек сезіміңді əлдилейді, аққұстай қанат бітіріп, кеудеңді парлатып биікке, түу биікке көтереді-ау дерсің! Анау-мынауға тоқтамай айтқан сайын кеуде сарайы, үні ашылып, қыздар тіккен кестедей түрленіп, дауылша соғады, арғымақша көсіліп, бүркітше шүйлігеді, іле самал боп желпініп, жұлдыздардай жымыңдайды, сұлулардай сыңқылдайды. Таудың мөлдір сулы өзеніндей тасып-төгілген дария-жыр ынтықтырып, тереңіне сүңгітіп, тұнығын ішкізіп, жұпарын жұтқызып, басқа əлем – пейіш есігіне кіргізіп жібереді-ай! Тоқтағаннан кейін де манағы əдемі сезім, əсерлі жырдан арыла алмаған жұрт Жамбылға тебірене, ынтыға қарап тым-тырыс əудем уақыт отырып қалады. Домбырасын керегеге сүйеп, маңдайын жібек орамалмен сүртінген Жамбыл алдындағы шара толы қымызды ұрттай ішіп, кейін шегіншектей жастыққа жантайғанда барып, есін жиған жұрт кеукеулеп кетті. – Өлеңді айтса Жамбыл айтсын! – Жамбылды туған анасынан айналдық! – Жағына жыр, таңдайына өлең ұя салған екен! – Енді əнші-жыршылар кезекпен кезек тамаша ғып отырыңдар. Жəкең қазір «Манасты» бір бастаса ас біткенше ешқайсыңа кезек тимес. Асыл қазына, алтын көмбе ғой бұл кісі... – деп Еркебай өз қолымен Жамбылға қымыз ұсынды. Жəкеңнің дидары нұрланып, шырайы ашылып, тіпті жасарып кеткендей төңірегіне сынай қарайды. Бұрынғы атақ-дақпырты бар, оған манағы селдей тасқындатқан қырғыздардың мəртебесін көтере айтқан жырына бас ұрған жұртшылық алдында тіпті іріленіп, шалқақ отыр. Шу өзенінің бергі қапталындағы Шоң Кемін жазығында жағалатып бірнеше қатарлап кілең ақ жұмыртқадай үйлерді тігіп тастаған, санасаң ұзын санынан жаңыласың, арғы шеті мен бергі шеті көрінбейді. Тұс-тұстан ағылып келіп жатқан халықта есеп жоқ, құмырсқадай құжынап жүр. Жеті атасынан бері дəулеті үзілмеген атақты Жантай ханның ұлы Шəбден манап та, бүкіл Пішпек уезі ғана емес иісі қырғызда сөйлесе сөзі, айтса ісі жүріп тұрған, тасы өрге домалаған, атағы жер жарған асылзада ақсүйек. Айбыны асып, ақ патшадан полковник шенін алған Шəбден манаптың асына мына шеті сонау Петербордағы сарыала шенді ұлықтар, батыстан тақияларын біршекелей киген өзбектер мен - қоқандықтар, Алатаудың теріскейінен дөңгелек бөрікті қазақтар, арғы шығыстағы қалмақ, қытай, дүңген, ұйғырлардың да игі жақсылары мен сүт бетіне шығар қаймақтары-ау дегендері түгел жиналыпты. Осыншама толқыған судай үсті-үстіне келіп
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
сапырылған шуылы бəсеңсіп, жуасып, жағасындағы тал-шіліктер қайран қалып, жəймен сыбырласып, бастарын шайқасты. Төңірек күй сиқырына əлдиленіп, маужырай бөгіп, рахаттана тыңдады-ай. Бірінен бірі іліп алған бұларды тамашалаған карақұрым жұрт күні-түні бір үзілмеді. Кенен ə дегеннен балбыраған əнге көшті. Сыршыл да адуын Балуан Шолақ ағасының əндерінен кейін өзінің «Бозторғайы» мен «Көкшолағын» жұртшылық, қайта-қайта айтқызды. Асқа келгендер бұл əнді үйреніп, ауылдарына сыбаға олжа ғып ала қайтты. Қаршығадай қомданып кезегіне жете алмай отырған Айқым Үмбетəлі өлеңді кесеккесегімен тастап, селдей жауғызды. Мың түрленіп, сексен ширатылып, тоқсан тарқатылып термелей келіп, бір орнында отыра алмай арнауының өзі бір қисса дейтіндей болды. – Ой, пəлі ақын болсаң Үмбетəлідей бол! деп Жəкең көтермелеп еді жұлқынған жүйріктей тіпті ағызып кетті. Кəрібайдың мен ұлы Үмбетəлі Қиыспаса келмейді-ау сөздің сəні. Тең келер Тоқтағұлдай ер сұңқарға Қырғызда ақын бар ма айтшы қані, деген сəтте қырғыздың шұбар бет бегі орнынан атып тұрып: – Тоқтат! Бұл не сонда, жаман қашқынды сонша дəріптеп! —деп тепсініп шыға келді. Сол сəтте аты аталып жатқанын құлағы шалып қалған Тоқтағұл да үйге кіріп келді. – Шық үйден қане, қашқын! - деп жаңағы бек айқайлап, отырыстың шырқын бұзды. Үмбетəлі де сасып төр жағалай отырған Еркебай, Мұратəлі, Оразалы, Қалмырзалардың ортасындағы Жамбылға қарады. Жамбыл керегеге сүйеулі тұрған домбырасын жұлып алып Тоқтағұлға қарап өлеңдете жөнелді. Келдің бе, ақиығым алыс жерден Өтіпсің самғап ұшып асқар белден. «Алмас пышақ қап түбінде жатпас» деген Хан, төре айналмай ма сендей ерден. Ер ғана елін табар іздеп жүріп Жүрсе де ғұмырында қорлық көріп. Құландай-ақ бұғауын үзіп қашқан Жетіпсің енді міне, елге келіп! – деді де түрегеп құшақтап дəл қасынан орын берді – Əй, қазақтың ыршысы! Сен менің кім екенімді танымай тұрсың-ау деймін? Мен Бəйтік деген манаппын. Мына Тоқтағұл айыпкер, қашқынымыз. Əйелдің етегі көтеріле берсе, еркектің тілі ұзара берсе - басы кететінін білесің бе! Сен бұл іске араласпа! Бəрің меймансыңдар. Бұл тірлігіңде оңға қолын созса – күнге жететін, солға қолын созса – айды ұстайтын əмірі ақ патшадай қасиетті Шəбден манаптың асы. Сондықтан да қашқынды жақтамай жайыңа отыр, - деп екіленіп, ұмтылып еді, Мақыш орнынан атып тұрып, əлгінің қолындағы қамшысын жұлып алды. Үйдегілер өре түрегеліп, қазақтар жағы бізге қамшы сілтеді деп өршеленіп, намысқа басып ушықтырып ала жөнелгенде той басқарушы ақсақалдар келіп ат шапан айыбыңыз деп кешірім сұрап, дауды əзер тиды. Селкілдеп, қалшылдаған Бəйтікті қолтықтап дырылдап сүйрегендей қылып ала жөнелді. Жамбыл енді қасындағы Тоқтағұлға түгел бұрылып алды да, желдірте əуеніне басып, төгіп-төгіп жіберді. Тұлпарды тұлпар таниды, Ертеден шапса талмайтын. Сұңқарды сұңқар таниды, Ілерде жемін самғайтын. Батырды батыр таниды, Ұрандап жауға шапқанда. Жауған оқтан қайтпайтын, Жақсыны жақсы таниды, Сыртынан ғайбат айтпайтын. Ел бұлбұлы Тоқтағұл, Жырымен жауын жасқайтын. Пенде емес пе Тоқтағұл, Ордаға аяқ баспайтын. Қарғаны қарға таниды, Қарқылдап қағып қанатын. Құзғынды құзғын таниды, Өлексеге ауыз салатын. Болысты болыс таниды,
Қазақта Жамбыл сен едің Шалқып жатқан көл едің. Өлеңі оттай лаулаған Тасып бір өткен сел едің. Қырғызда бір бауырың Тоқтағұлың мен едім. Қай қырғыздан кем едім, Қарсы болып манаппен «Итжеккенді» көргенмін. Жаласымен бектердің Сібірде де өлмедім. Қорлық көріп жүргенде Өлең болып ермегім. Сағынып елге келгенде Намысты қолдан бермедім, — деп Сібірге айдалғандағы көрген құқайлары жайлы термелеп, аман-есен еліне келгенде əлі де болса соңынан қалмай өштесіп жүргендерге қарай қатулана айқай салды. – Ей, манаптар, манаптар Шəбденнің бұл асында Қырғыз бенен қазақтар, Бас қосады деген соң Жиналыпты санаттар. Болыс бенен билерің, Қазан аңдып бұл күнде Бұралқы иттей жалаңдар, — деген кезде Ешкібай деген қырғыз шыдамады: – Əй, Тоқтағұл ботам! Ақын деген - ер еркесі дегенге өкпеңменен қабынба, жөніңді біл! Сен бұралқы иттер деп елдің игі жақсыларына тіл тигізіп даттап тұрсың. Тағы да итжеккенге айдалып кетіп қап жүрме, адам бəлені қызыл тілінен табады. Қызыл тілге отыз екі тіс қамау болған жөн, - деп Тоқтағұлға қарап кіжіне, зіл тастады. Араға тағы да Жамбыл түсті. – Сабыр, ағайын! Араша беріңіздер бүгінше Тоқтағұлға. Ашынып келіп ақындарды көріп арқаланып артығырақ кетіп жатса өз тентектерің ғой. Ас - тамаша өздеріңдікі. Біздің көзімізше бір еркелікті көтерер деп айтып жатқаны ғой, ашу-дау абырой əпермес,- деп тоқтау сұраған. Үстіне қызыл атластан оюлы шапан киген Шəбденнің бел баласы осы ас иесі үйге кіріп: – Ал, айналайын ақын-жыршылар үш күн бойы өнер көрсетіп отырсыздар! Енді сіздерге сый-сияпат ұсынғалы тұрмыз. Бас бəйге қазақтың шоң ақыны Жамбылға беріледі, - деп жүні мың құлпырған құндыз тон беріп, есік алдына күміс ер-тоқымды төртөбел атты жетектеп əкеп табыс етті. Қырғыздың бас ыршысы Қалмырзаға - қасқыр ішік кигізді, Тоқтағұлға бес жүз сом берді. – Ал, біз асығыспыз, əлі талай тамаша бар, жата-жастанып қызығын көріңіздер, – деп ас иелері кетісімен Тоқтағұл шаршы ортаға шығып: – Бұлан мырза, сыйыңа көп рахмет. Көпшілік алдында мына бес жүз теңгені қалтама салып алып кетсем көргенсіздігім болар. Мына Жамбыл байекемнің жақсылығын бүгін айтпасам қашан айтпақпын. Ана бір жылы Сібірден жалаң аяқ, жалаң бас қайтып келе жатқанымда екі ай бойы қасына ұстап, мейман етіп, киіндіріп, тойындырып, астыма ат беріп құрметтеп шығарып салған еді. Бүгін міне қасынан орын беріп, көрінген итке талатпай арашаға түсіп жатыр. Иығымды Алатауға сүйенгендей болам Жамбыл байекем барда. Сіз біздің қадірменді қонағымызсыз. Мынау астыңызға мінгізген арғымағым деп біліңіз, - деп алған бес жүз сомды Жамбылдың алдына қойды. – Ниетіңе бек ризамын Тоқтағұл ботам. Алты жыл ашаршылық болса да ата салтын ұмытпайтын киелі елдің ұлысың, — деп Жамбыл əлгі ақшаны алды да елдің бəріне көрсетіп тұрып: – Мен ырымға деп жүз сомын алайын, қалғанын өзің игілігіңе жұмса. Алыстан ат арылтып, сүйегің жұқарып, табаныңнан сыз өтіп, маңдайыңнан күн өтіп жаңа келдің. – Сізге атадым ғой, Байеке, – деп Тоқтағұл ала қоймап еді, Жамбылдың жүйелі сөзіне тоқтап, разы пішінмен дидары ашылды. – Тоқтағұл - соңғы кездері сенің жолың болмай, еменге иір біткен бұтақтай, қара дауылға төтеп беретін бала қырандай бөтен кейіп танытып жүрсің. «Батыр қол бастайды, шапан - жол бастайды» – демекші қырсығың кесілсін. Аузыңнан інжу-гауһар төгілген ақынсың. Жырың мына Ыстықкөлдің толқынындай толқысын. Саған ырымдап мына бүгін маған кигізген құндыз тонды арқаңа жабайын деп отырмын. Жолың ашылсын, бəле-жаланы қашырсын, өлең-жырдың құты дарысын. Бұл жалғыз менің ғана емес мына қырғыз ағайындардан жақсылықты көп көрген осы отырған бүкіл қазақ бауырларыңның сый-сияпаты, жөнжоралғысы деп біл, - деп Жамбыл мана өзіне кигізген мың құлпырып, көздің жауын алған тонды Тоқтағұлға апарып арқасына жапты. Екі ақын төр алдында құшақтары жазылмай бірбірінің арқасынан қағып ұзақ тұрып қалды. Бүкіл ел-жұрт екі ақынның достығына қайран қалды. Ұлы ақын ұлылығын бұл жерде де көрсетіп кетті. Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, жазушы. Алматы қаласы.
№35 (195) 03.10.2014 жыл
6
Жыр дауылпазының бейнесі сомдалды Астана қаласы əкімдігінің Мəдениет басқармасының қолдауымен əнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің «Жас қала, жас қаламгер» атты шығармашылық апталығының аясында жиырма жетінші қыркүйек күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында Сəкен Сейфуллиннің 120 Қанат Жүнісов жылдық мерейтойына орай «Сəкен сұңқар» атты тарихи драманың премьерасы жоғары деңгейде өтіп, қалың көрерменге жол тартты.
Ұлт мақтанышы,сұңқар ақын,мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллинің 100 жылдық мерейтойында Жақып Омаров, 110 жылдығында ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Болат Ұзақов театр төрінде сахналаған болатын. Ал ақынның 120 жылдық мерейтойына орай осы жылы бұл үлкен іс-шараны ұйымдастыру драматург Қанат Жүнісовке бұйырыпты. Спектакльдің қоюшырежиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Əлімбек Оразбеков екен. Қазақ халқының атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматургі, білікті ұстазы, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сəкен Сейфуллиннің тағдыры аласапыран кезеңдермен тұспа-тұс болды. Қоғам қайраткері халқының болашағы жарқын болуын армандап, тəуелсіз өмір сүру үшін күресіп өтті. Бұл қойылым елінің құрметіне ие болған Сəкеннің өмір жолынан сыр шертеді. «Сəкен сұңқар» драмасында Алаш қайраткерінің рөлін – елімізге танымал актер Сырым Қашқабаев сомдады. Спектакль премьерасына көп адам жиналыпты. Сонымен қоса еліміздің түкпір түкпірінен қонақтар, танымал əншілер мен актерлер келіп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Болат Тойынбаев, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының тұрғыны: - Маған спектакль ұнады. Осының арқасында тарих қойнауына сонау Алаш өкілдері өмір сүрген заманға саяхат жасағандай əсерде болдым. Өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол дүние деп есептеймін. Медет Салықов, сазгер, əнші: - Əріптес досым Қанат Жүнісовтің бүгінгі тарихи драмасы жоғары деңгейде болып өтті. Осы спектакльдің премьерасымен Қанатты шын жүректен құттықтаймын. Өте сəтті шыққан. Халықтың ықыласына бөленеді деген ойдамын. Дəурен Серғазин, Астана Жастар театрының актері: - Спектакль өте жоғары кəсіби дəрежеде сахналанды. Əртістердің көп дайындалғандығы көрініп тұр. Осындай аз уақыттың ішінде қоғам қайраткерінің өмірін сахнада ойнап шығу оңай шаруа емес. Сондықтан Қанат Жүнісовті осы тарихи драманың сəтті шығуымен құттықтаймын. Спектакльде қазаққа тəн намыс, ержүректілік, батырлық жəне махаббат та қамтылған. Ең бастысы көрерменге керек тақырыптардың көбісі қамтылған. Бүгінгі күнге керек қойылым. Спектакль соңында сөз сөйлеген драматург Қанат Жүнісов: «Бұл спектакль көрерменге жол тартпастан бұрын алдымен академик Тұрсынбек Кəкіш, Əшірбек Сығай жəне сəкентанушы азаматтардың алдынан өтіп, талқыланып, содан кейін ғана театр төрінде сахналанған болатын» - деді. Спектакль аяқталғаннан кейін Қанат Жүнісов сөз сөйлеп, көрермендерге жəне əріптестеріне қадірлі қонағы болғаны үшін əрі қуанышына ортақтасу үшін келгендеріне алғысын білдірді.Академиялық театр басшылығы драматургтың сəтті туындысына шынайы ризашылығын білдіріп,үстіне шапан жауып құрмет көрсетті. Ерекше бір атап көрсетерлік жайт, «Сəкен сұңқар» спектаклі ақын, əнші, драматург, актер Қанат Жүнісовтың Астанада өткен өнер апталығының бір сəті ғана. Негізінен алғанда өнер жұлдызының апталығы 22 қыркүйекте елорданың «Оқушылар сарайы» атты зəулім ғимаратында көркемсөз шеберлерінің, қазақ театрлары актерлерінің, Қ. Жүнісов жəне оның шəкірттерінің қатысуымен өткен «Өнерге тағзым» атты поэзия жəне дəстүрлі əн кешімен басталған еді. Бұдан кейін Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Махаббат мелодрамасы», «Ғашықтар хикаясы», «Алғашқы махаббат», «Əншінің пірі Əміре» атты спектакльдері жоғары деңгейде өтіп, Қ. Жүнісовтің «Сөйле, сырлы сахна» атты кітабі мен «Əн қанаты» əн дискісінің тұсаукесері осы академиялық театрда оқырмандарға таныстырылды. Ал апталықтың жабылуы Астананың «Конгресс холл» атты зəулім сарайында Қанат Жүнісовтің эстрадалық əндерінің концерті болды. Оған Қазақстанның көптеген эстрада жұлдыздары қатысып, қалың көпшіліктің шынайы ықыласына бөленді. Кешті көптеген телеканалдар түсіріп жатты. Шынында да қазақ театр өнерінің тарихында бір драматургтың шығармашылығына бір аптаны толығымен арнау бұрын болмаған жайт. Ал Астана қаласы əкімшілігінің драматург Қанат Жүнісовке ерекше қамқорлық жасап, оның өнерімен қалың көрермендерді таныстыруы, шынайы талантты риясыз қолдауы еліміздің барлық əкім-қараларына үлгі болады ғой деген ойдамыз. Атам қазақ «Олар елдің балалары бірін-бірі батырым» дейді ғой. Сондықтан һас талантымен халқын тамсантқан дара тұлғаның өнер апталығы оның осынау қасиетті жолдағы қадамдарының бірі ғана. Ақын, драматург Қанат Жүнісовтің алар асқақ асулары алда деген ойдамыз. Сабина КƏКІМЖАН, Астана қаласы.
¦ÄIËÅÒ
Стратегиялық маңызы бар əлеуметтік №35 (195) нысандар жекешелендіруге ұсынылмайды 03.10.2014 жыл
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Жыл басында министрлер кабинетінің мүшелері Үкіметтің арнайы қаулысын мақұлдады. Соның негізінде жекешелендірілетін ұлттық жəне мемлекеттік компаниялардың, республикалық кəсіпорындардың тізімі түзіліп, ол халық пен кəсіпкерлерге арнайы жасалған келісім-шарт бойынша берілмек. Мемлекет меншігінен берілетін бұл үлес 2014-2016 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Жекешелендірудің екінші толқыны деп аталатын бұл ауқымды шараның негізгі ұстыны – еліміздегі жеке бизнестің дамуына жол ашу, экономикадағы мемлекет шығынын дамыған елдер деңгейіне дейін азайту болып табылады. Экономикалық маңызға ие бұл шара Елбасының тапсырмасы аясында қолға алынып отыр. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты стратегиялық маңызы зор биылғы Жолдауында елімізде жекешелендірудің екінші толқынын жүргізу жөнінде тиісті міндеттер қойғаны баршамызға белгілі. Ағымдағы жылдың тамыз айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Үкіметтің жаңа құрамының алдына жаңа міндеттер жүктеді. 90-жылдары белең алған жекешеліндіру кезінде кеткен қателіктерді қайталамауды қадап айтты.
О Т О
Ф
«Шымкент жасыл қала», «Тұран құрылыс» ЖШС-тері жəне т.б. бар. (Жекешелендіруге ұсынылған нысандар тізімі кестеде беріліп отыр). Сондай-ақ облыс бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі 28 ұйымның 6-ы 2014 жылы, 8-і – 2015 жылы жəне 14-і -2016 жылы жекешелендіріледі деп жоспарланып отыр. Осы ұйымдардың 19-ы квазимемлекеттік сектордағы ұйымдар болып табылады. Жекешелендірудің бұл кезеңінде квазимемлекеттік секторлар назардан тыс қалмады. Жалпы квазимемлекеттік сектор дегеніміз не? Алдымен осыған қысқаша түсінік беріп өтейік. Ол бюджеттен қаржыландырылатын,
7
бірақ мемлекеттік кəсіпорын саналмайтын ұйым. Еліміз бойынша осындай ұйымдардың бірден 782-сін бəсекелестік ортаға тапсыру, тағы 380 ұйымын қайта құру немесе жою көзделуде. Оларды жекешелендіру электронды аукцион арқылы сатылады. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген бірыңғай оператор қызметін атқаратын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ы жүргізетін оnLine тəртібінде қол жеткізу мақсатында www.gosreestr.kz веб-порталындағы мемлекеттік мүлікті электрондық сауда-саттық алаңында жүргізіледі. (Жалғасы 8-бетте).
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ – ЖАЛАҢ МАҚСАТ ЕМЕС ол экономиканың өсуіне серпін береді
– Бірінші жекешелендірудің қалай өткенін білеміз. Қазір берілген мүлікті де, жерді де қайтарып алуға мəжбүрміз. Өйткені заңсыз бөлінді. Билік кімнің қолында болды, сол алды немесе өзінің адамдарына берді. Енді мұндай болмауы керек. Біріншіден бұл – мемлекет қолға алып отырған үлкен шара. Екіншіден, барлық нысандар бəсекелес ортаға өтіп, іскер адамдардың саны өседі. Экономика жеңілдеп, бюджетке қаражат түседі. Жекешелендірудің екінші толқынындағы əрбір нысанның сатылуы ашық транспарентті түрде жүзеге асуы керек. Халық білуге тиіс. Конкурстың қалай өткенін, кімнің нені иеленгенін, кім не жасаймын деп уəде еткенін. Мұның бəрінен халық хабардар болуы керек, - деп шегеледі. Президенттің тапсырмасы негізінде Үкімет «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспар» бекітті. Осы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын жекешелендірудің екінші кезеңінің қазіргі жай күйі Оңтүстік Қазақстан облысында қалай жүріп жатыр? Облыстық Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Телғараевпен болған сұхбатымыз осы бағытта болды. – Төлеген Тұртайұлы, Елбасы осы жылы халыққа мемлекет меншігінен үлес беруді, дəлірек айтсақ жекешелендірудің екінші легін бастау туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысында қолға алынған жұмыстар қалай жолға қойылып келеді? – Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен 2013 жылдың 11 қазандағы мəжілісте жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін бəсекелестік ортаға беру бойынша тапсырма берген. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілерін жəне мемлекеттік жылжымайтын мүлік обьектілерін оңтайландыру мəселелері жөніндегі комиссия жəне республикалық сарапшы жұмысшы топ құрылды. Үкіметтің осы жылғы «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қаулысы қабылданды. Оны өңірде орындау мақсатында облыс əкімдігінің қаулысымен жекешелендіруге жататын
ұйымдарды айқындау үшін өңірлік комиссия құрылып, арнайы медиа-жоспар бекітілді. Жалпы жекешелендіру тыңнан басталған іс емес. Бұл Елбасының ой сүзгісінен өтіп, əбден елеп-екшеліп қолға алған баянды бастамасы. Өткен жылдың 14 қазанында мемлекет басшысының төрағалығымен өткен мəжілісте жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін бəсекелестік ортаға беру бойынша тапсырма берген болатын. Соған сəйкес жекешелендірудің екінші толқыны кезеңінде осы күнге дейін жұмыс жасап тұрған кəсіпорын, мекемелерді жекеменшікке жай бере салмайды оларды жаңа активтермен біртіндеп ауыстырады. Бұл туралы еліміздің Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев «Жекешелендіруге жеткілікті түрде орнықты компанияларды шығарып отырмыз. Оларда «жекеге берілгеннен кейін қандай да бір теріс жайттар болады» деген қауіп жоқ. Бұған қоса біз əлеуметтік тəуекелдердің де болуы мүмкіндігін түсінеміз. Сондықтан сатқан кезде сатып алушыға қойылар талапты тиісті шарттарды нақты жазамыз», деген болатын. Яғни нысанның негізгі мақсатқа сай қызмет етуі бойынша бақылау үдерісін мемлекеттің өз тарапынан жалғастыра беруі жолға қойылған. – Өңірде қандай нысандар жекешелендіруге ұсынылмайды? Осы тұрғыда тарқатып айтсаңыз. – Министрлер кабинетінің мүшелері Үкіметтің «2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» арнайы қаулысын қабылдау барысында Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев: – Коммуналдық меншік құрылымында 82 пайыз əлеу-
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
меттік сала ұйымдары бар. Оларды жекешелендірудің əлеуеті аз болып табылады. Сондықтан олар коммуналдық меншікте сақталады. Əкімдердің коммуналдық меншігінде білім беру ұйымдары (олар жалпы санның 52 пайызын құрайды), денсаулық сақтау (14 пайыз), мəдениет (10 пайыз) нысандары қалады. Яғни өңірлердегі мектептер, емхана-ауруханалар, ауылаудан клубтары жəне т.б əзірге жекешелендірілмейді, -деген. Біздің облыста да стратегиялық маңызы бар əлеуметтік нысандар жекешелендіруге ұсынылмайды. – Бұл ауқымды шараның мақсаты мен міндеті туралы айтып өтсеңіз. – Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберіндегі атқарылатын іс-шаралардың басты мақсаты мен міндеті – мемлекет пен бизнесті бөлу (ажырату). Яғни, нарықтық экономикада мемлекеттік монополияның үлесін азайту. Соның арқасында бəсекелестік артады. Ол ел экономикасының дамуына орасан зор оң əсерін тигізеді. – Облыс бойынша осы жылы (сондай-ақ 2014-2016 жылдары) қанша нысан жекешелендірудің екінші толқынына іліккелі отыр? Олардың қаншасы квазимемлекеттік сектордағы ұйымдар болып табылады? Жалпы нысандарды жекешелендіру, яғни, сатып алу қалай жүзеге асырылады? – Еліміз бойынша жекешелендірудің кешенді жоспарына сəйкес 2014-2016 жылдары коммуналдық меншіктегі 416, ұлттық компанияға қарасты 336 бас-аяғы 782 нысан бəсекелестік ортаға ұсынылып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі 28 ұйымды жəне «Шымкент» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚның құрамындағы 5 ұйымды бəсекелестік ортаға беру туралы шешім қабылданды. Олардың қатарында «Ордабасы» кəсіби футбол клубы» АҚ-ы, «Қыран» футбол клубы МКҚК, «ЛТД Тұрмыс», «Спорт сарайы»,
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖАТАТЫН КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ ҰЙЫМДАР ТІЗБЕСІ
№
Ұйымдар атауы
Жекешелендіру мерзімі
Оңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық меншігіндегі нысандар 1 «Жəрдем Шаруа» ЖШС-нің 100 пайыз мем. үлесі
2014
2 «Лыжная база «Алатау» ЖШС-нің 100 пайыз мем. үлесі
2014
3 "Оңтүстік көлік" (Южтранс) ЖШС-нің 100 пайыз мем. үлесі
2014
«Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кəсіпорны
2015
«Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық 5 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны
2015
6 «Ордабасы» кəсіби футбол клубы» акционерлік қоғамының 100 пайыз мем. үлесі
2015
4
7
«Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының «Қыран» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналык кəсіпорны
2016
Бəйдібек ауданы 8
«Бəйдібек аудандық білім бөлімінің «Болашақ» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны
9 «Шаян-Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 пайыз мем. үлесі
2016 2016
Сайрам ауданы 10
«Сайрам ауданы əкімдігінің «Болашақ» Сайрам балаларды сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны
2016
Ордабасы ауданы 11 «Қараспан лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны
2016
12 «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
2016
Мақтарал ауданы 13
«Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Мақтарал-Жасыл желек» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
14 «Жетісай» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
2015 2016
Төлеби ауданы 15 «Өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны 16
«Төлеби ауданы əкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кəсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
2015 2016
Отырар ауданы «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі жəне 17 автомобиль жолдары бөлімінің «Отырар-Көгалдандыру» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
2016
Шардара ауданы 18 «Шардара балық питомнигі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мем. үлесі
2014
Кентау қаласы 19 «Сəулет жəне қала құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 пайыз мем. үлесі 20
«Кентау қаласы əкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің «Жасыл Кентау» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
2014 2015
Түркістан қаласы 21 «Түркістан қаласының «Муниципалдық базар» ЖШС-інің 100 пайыз мем. үлесі
2015
«Түркістан қаласы əкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Түркістан 22 көгалдандыру абаттандыру» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны
2016
23 «Түркістан қонақүйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мем. үлесі
2016
Арыс қаласы 24 «Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 пайыз мем. үлесі
2016
Шымкент қаласы 25 «Техникалық инспекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 пайыз мем. үлесі
2014
26 «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 51 пайыз мем. үлесі
2015
27 «Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-інің 67,09 пайыз мем. үлесі
2016
28 «Шымкент жасыл қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мем. үлесі
2016
Олар айқындаған баға – сауда-саттыққа шығарылатын бастапқы баға болып табылады
ЖАРШЫ
№35 (195) 03.10.2014 жыл
8
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ – ЖАЛАҢ МАҚСАТ ЕМЕС
ол экономиканың өсуіне серпін береді (Соңы. Басы 7-бетте).
ТҮСІНДІРУ, НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың рақымшылық акциясын жасау туралы тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңы қабылдағаны белгілі. Осыған орай, жер-жерлерде түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Айта кетейік, заңнамада мүлік жөнінде ұсынылатын мəліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін азаматтардың жауапкершілігіне басымдық берілген. Мамандар осыған дейінгі мүлікті жария ету шарасында жіберілген олқылықтарды қайталамау үшін халықты мүлікті жария етуге мүмкіндік беретін заңнамалық талаптарды тыңғылықты түсініп алуға шақырады. Жария етілген мүлікті рəсімдеу қызметіне қатысты барлық шығынды жария етуші төлейді. Алайда, мүлікті жария ету шарасына қатысушылар мұндай міндеттемелерге əлі де түсіністік таныта алмай отыр. Заңға сəйкес, мүлікті жария ету үшін 2 дана өтініш, жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн, түпнұсқасын көрсету қажет, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген аттестатталған сарапшының қорытындысы, жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты комиссияға тапсырылады. Осындай комиссиялар Шымкент қаласы бойынша Абай, Əл-Фараби жəне Еңбекші аудандары əкімдіктерінде жұмыс істей бастады. Қала əкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Асқар Қайыповтың айтуынша, аудан əкімдіктерінде құрылған комиссиялармен мынадай жылжымайтын мүліктер жария етілетін болады: – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік жатады. Оған ғарыш объектілері жəне магистральдық құбырлардың желілік бөлігі кірмейді. Сонымен қатар, құрылыс нормалары мен қағидаларына сондай-ақ, өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сəйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар)
жария етіледі. Өтінішті комиссиялар өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Бұл тұрғыда, жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мəлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болатынын ескеру қажет, – дейді Асқар Қайыпов. Қазіргі таңда, қала əкімдігі мен аудан əкімдері тарапынан халық арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жеке жəне заңды тұлғаларға рақымшылық жасаудың тəртібі түсіндірілуде. Əкімдіктер жанынан құрылған комиссияларға құжаттарды қабылдау Абай ауданы бойынша – Республика даңғылы, 6А, тел: 21-48-74, Əл-Фараби ауданы бойынша - Тоқаев көшесі, 14Б, тел: 53-79-08 жəне Еңбекші ауданы бойынша – Сайрам көшесі, 190, тел: 57-10-36, мекен-жайлары бойынша аудан əкімдіктерінің аппараттары орналасқан ғимараттарда жүргізіледі. Бұл комиссия қаржыны жариялай алмайды, тек мүлікті жария етуге құжат қабылдайды. Қабылданған құжаттарды тəуелсіз сарапшылар тексеріп, қорытынды жасайды. Комиссиядан мүлікті жария ету турасында кеңес алуға болады. Сондайақ, жеріңіздің жəне үйіңіздің құжаттарын тексерте аласыз. Айта кетейік, мүлікті жария ету мерзiмi ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен 2015 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады.
РОЛЛ ШТОРЫ — ЖАЛЮЗИ — — ДЕНЬ-НОЧЬ — — ГОРИЗОНТАЛКА — Тел.: 8 (7252) 97-56-32 Сот.: 8 771 322 11 32 8 702 570 00 60 tradetex@mail.ru Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. ҚАСҚАРБЕКҰЛЫ Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА
– Жалпы жекешелендіруге жататын нысандарды сатып алуға тілек-талап білдіріп жатқандардың саны көп пе? Егерде жекешелендіруге ұсынылған нысандар өтпеген жағдайда не болады? – Бұл ауқымды шара туралы өңірдегі ресми жəне өзге де мерзімді басылымдарға мемлекеттік мүлік реестрінің сайтына осы бағыттағы ақпараттық хабарламалардың барлығы дерлік берілді. Жекешелендіруге ұсынылған нысандар бойынша сатып алуға ниет білдіргендердің санын дөп басып айту қиын, əрине. Оны электронды аукцион өткеннен кейін, яғни, аукцион өткен кезде ғана сатып алушылардың (əлеуетті) санын біле аламыз. Бірақ бізге келіп, осы мəселе бойынша сұрап, қызығушылық танытып жатқандардың саны көңіл тоғайтады. – Сатылымға шығарылған нысандарға баға қалай қойылады? – Сатылымға шығарылатын нысандардың нарықтық бағасын «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңының талаптарына сəйкес тəуелсіз бағалаушылар шығарады. Əрине, халықтың көкейінде «тəуелсіз бағалаушылар белгілеген баға тым төмен немесе өте жоғары болуы мүмкін ғой» деген сенімсіздік, дəлірек айтсақ, алаңдаушылық болуы мүмкін. Бірақ, сарапшылар нысанға сатылу бағасын белгілейтін кезде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдылықтар мен нормативтерге сүйене отырып орындайды. Яғни, жекешелендіруге ұсынылатын нысандар бəсекелестік ортаға əділетті түрде белгіленген бағамен ұсынылатынына сенім білдіргеніміз абзал.
«ШЫМКЕНТ» ƏЛЕУМЕТТІК-КƏСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
1 2
Жекешелендіру мерзімі
Ұйымдар атауы
№
«Тұран құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Құрылыс Сапа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
«Шымкент қалалық коммуналдық базарлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
«Автострой-Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
«Иран Бақ-Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Олар айқындаған баға – сауда-саттыққа шығарылатын бастапқы баға болып табылады. – Жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Бұл ауқымды шараның облыста жүзеге асу деңгейіне қандай баға бересіз? – Əлгінде өзіңізге осы шара аясында бəсекелестік ортаға ұсынылған коммуналдық меншіктегі 28 ұйымның 6-ы осы жыл аяғына дейін жекешелендіруге өтуі керектігін айтып өткен болатынмын. Сол 6 нысанның бірі Шымкенттегі «Техникалық инспекция» ЖШСнің 51 пайыздық үлесі ағылшын əдісімен өткізілген аукционда сатылды. Ендігі меже – жыл аяғына дейін қалған 5 нысанды сату болып табылады. – Алдағы уақытта осы бағытта атқарылатын жұмыстарға аз-кем тоқталып өтсеңіз.
20142016 20142016 20142016 20142016 20142016
– Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде Елбасы тапсырмасын дер кезінде талап деңгейіне сай сапалы орындап, сол мақсатта қажетті іс-шаралар атқарып, жекеменшікке өтетін нысандарды бағалау, есептерін жасау, электронды аукционға шығару бойынша жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмыз. Бұл сауда саттыққа еліміздің кез келген ниет білдірушісі интернет веб-порталы арқылы емін-ркін түрде қатыса алатынын тағы да айтып өткім келеді. Сөз соңында облыс тұрғындары мен халықтарды осы жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамын. Жекешелендірудің екінші легін өркениетті, əлемдік талаптарға сай жолмен өткізудің жолға қойылуынан оның барынша əділ əрі таза өтетінін болжау қиын емес. Сұхбаттасқан: С. ИБРАГИМОВА.
Кентауда төрт әлеуметтік нысан ашылды
Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі ‒ өңірлерді оның ішінде шағын қалаларды дамыту. Еліміздегі моноқалалар қатарына енген 27 қаланың бірі Кентауда қала күніне орай 4 əлеуметтік нысан ашылып, ел игілігіне берілді.
Бұл орта мектеп 1200 орынға есептеліп, заманауи үлгіде бой көтерген. Мектепте оқушылардың білім алуына қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, білім оша-
ғына автономды жылу жəне кəріз жүйесі де тартылған. Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған үш қабатты нысан құрылысы 2012 жылы басталып,
бүгін кентаулық оқушыларға есігін айқара ашты. Сонымен қатар, кеншілер қаласында үш балабақша ашылып («Айгөлек» 260 орындық, «Сəуле» 180 орын-
дық, Хантағы елді мекенінде 140 орындық) жас балдырғандарды қуанышқа бөледі. Жалпы Кентауда биыл жаңа 2 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға берілді.
Бұдан өзге 1 мектеп пен 60 пəтерлік көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі
«Еңбек күні» зейнеткерлерге құрмет көрсетілді Бастауыш кəсіподақ ұйымы жұмысшылардың құқығын қорғайтын сала болып табылады. Оның қызмет нысаны – өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау. Жалпы мəселелерді шешуде кəсіподақ мүшелерінің қызметін біріктіру жəне үйлестіру. Ұйымдарда еңбек заңдарымен нормативті актілер талаптарының сақталуын қадағалау, ересектермен балаларды сауықтыруды ұйымдастыруға көмектесу, əлеуметтік жəне экономикалық жағынан қорғау жөніндегі іс-шараларын əзірлеу, құқықтық көмек көрсету жəне кеңес беру негізгі мақсаттары болып табылады. Сол орайда біздің емханада көптеген мəдениет шаралары кəсіподақ тарапынан қолдау тауып отырады. Осы жылы біздің бастауыш кəсіподақ ұйымында жəне облыстық кəсіподақ комитетінің филиалында есеп беру, қайта сайлау жиналыстары болып өтті. ОҚО медицина қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымы-
Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы) Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)
Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ
ның төрайымы Агниязова Рита Сəкенқызы қайта сайланды. Ол кісінің тарапынан біздің бастауыш кəсіподақ ұйымында өткізілген мəдени іс-шараларда қолдау көрсетіліп тұрады. 2013 жылы ҚР Президентінің жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып жарияланды. Сол жарлыққа байланысты бірінші рет облысымызда ОҚО кəсіподақ ұйымы, облыс əкімшілігі бірлесе отырып облыстық Ш.Қалдаяков атындағы филармонияда 28 қыркүйекте «Еңбек күні» мерекесі аталып өтілді. Онда əр салада жұмыс істеп жатқан аудандар мен қалалардағы еңбек ардагерлері, еңбек үздіктері облыс əкімінің, облыс мəслихатының, «Нұр Отан» партиясының жəне облыстық кəсіподақ қоғамының мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен жəне бағалай сыйлықтармен марапатталды. Сол тарапта біздің ОҚО медицина қызметкерлерінің кəсіподақ филиалы атынан еңбек ардагері зейнеткер көп жылдар бойы медицина саласында қызмет атқарған
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
Т.Мухитдинов атамызға бағалай сыйлық табыс етілді. Осындай іс-шара біздің №8 қалалық емханада да болып өтті. Талай жыл еңбек етіп емханамыздан зейнеткерлікке шыққан қызметкерлеріміздің еңбектері лайықты бағасын алып, оларға арнап «Кəусар» мейрамханасында дастархан жайылып, сый-сыяпат көрсетілді. Игі іс-шаралар емханамызда жиі өткізіліп тұрады жəне оған облыстық кəсіподақ ұйымы тарапынан қолдау көрсетіліп тұрады. Бастауыш кəсіподақ ұйымы атынан кəсіподақ мүшелерін өндірісте зардап шеккендерге жəне мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына құқықтық жəне материалдық көмек көрсетуде. Бұл біздің 8-ші емхана мен облыстық кəсіподақ ұйымы арасындағы тығыз байланыстың барлығын көрсетеді. Л. Б. ЕРМАНОВА, №8 Шымкент қалалық емхананың бастауыш кəсіподақ ұйымының төрайымы.
Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2625.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады